Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 14

Total number of words is 4011
Total number of unique words is 2393
29.3 of words are in the 2000 most common words
42.6 of words are in the 5000 most common words
50.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ізгілік істерім үшін таупиқсыздықпен жазаландым, ал жаңсақтықтарым
үшін мың түрлі лəззат рақатына баттым. Тым көңілсіз философия, бірақ
сайранқұмар адам үшін өте əділ! Оның үстіне, Теодора мені даңқ құмарлық
дертіне шалдықтырды, өзімнің жан жүйеме үңіліп едім, оның іштей шіріп,
бұзылып бара жатқаның айқындадым. Əзəзіл менің маңдайыма өзінің
зұлымдық таңбасын өшпестей қылып басыпты. Бұдан былай мен өмірдің
тəуекелшіл қылтың-сылтыңсыз байлықтың кесірлі кезбездігінсіз тіршілік
ете алмайтын күйге жеттім. Егер мен миллионер болсам, өмір бойы ойынкүлкімен, той-думанмен, сауық-сайранмен өтер едім. Менің енді ешқашан
жалғыз болғым келмейтін болды. Барлық қайғы-дертті ұмыту үшін маған
жезөкшелер, жалған достар, дəмді тамақтар, шараптар керек болды.
Адамды отбасымен байланыстыратын арқау менде мəңгілікке үзілді. Маған
лəззаттың сүргіні үкім етілді. Мен өзімнің жазмыштағы үлесімді, өзімдіөзім өлтіретін тағдырымды ақырына дейін жеткізуге тиіс болдым.
Байлығымның соңғы сарқыншақтарын мен адам айтқысыз артықша
құмарлықтарға жұмсадым, бірақ əрдайым таңертеңгілік өлім мені өмірдің
құшағына қарай итеріп тастай берді. Бейне бір таусылмайтын өмірлік
жарнасы бар адамдай, мен тіпті өртеніп жатқан үйге де аспай-саспай кіре
алатын жағдайда едім. Ақыр аяғында менде жалғыз-ақ жиырма франкілік
ұсақ ақша қалды, сонда ғана мен Растиньяктың оңай олжаларын еске
алдым.
– Еһе! деп кенеттен бойтұмары есіне түскен Рафаэль айқайлап жіберді
де, қалтасынан соны суырып алды.
Əлде осы ұзақ күннің талас-тартысы қажытып, арақ пен шараптың
толқыныңда өз ақылының тетігін билей алмай қалды ма, əлде ұзақ
естеліктер шабытын қоздырып, өз сөзінің тасқынынан байқамай өзі қызып
кетті ме, əйтеуір Рафаэль қайтадан көтеріліп, тіпті еліріп алды.
– Құрысын өлімі! деп айғайлады ол шегірен былғарысын бұлтаңдатып.
Енді өмір сүргім келеді! Мен баймын, демек мəртебелі қасиеттердің бəрі де
өзімнен табылады! Маған қарсы тұрар ешқандай күш жоқ. Тілегенінің бəрі
қолынан келетін болса, кім мейірбан болмайды? Еһе-һе! Э! Оһо-һо! Мен
жылына екі жүз мың франк табысты арман етіп едім. Енді соған қолым
жетеді! Қоңырсыған көңге аунағандай, кілем үстінде көсілген доңыздар,
маған табыныңдар! Қымбат бағалы асыл мүліктер, сендер менікісіңдер.
Мен баймын, мен сендердің бəріңді, тіпті анау қорылдап жатқан депутатты
да сатып ала аламын. Ал, кəнеки, мəртебелі қауымның сілімтіктері,
бағаларыңды беріңдер маған! Мен Римнің папасымын!
Үй ішіндегі үздіксіз қою қорыл бұған дейін Рафаэльдің өрекпіген
сөздерін есіттірмей, көмескілеп келсе де, дəл осы арада оның айқайын
кенеттен жұрттың бəрі естіп қалды. Ұйықтап жатқандардың көпшілігі
даурыға оянды; өздерінің ұйқысын бұзған адамның тəлтіректеп жүргенін
көріп, олар Рафаэльдің мастық қиқуына наразылығын неше түрлі балағат
сөздермен білдірді.
– Өшір үндеріңді! деп ақырып жіберді оларға Рафаэль. Орындарыңа
жатыңдар, иттер! Эмиль, мен кереметтей баймын, мен саған Ғаван
сиғарларын сыйлаймын.
– Менің құлағым сенде, деп ақын да бұған рай білдірді. Не Теодора, не
өлім əңгімеңді айта бер! Анау қисалаңдаған Теодора сені алдап соққан
екен. Əйел атаулының бəрі де Хауа ананың қызы ғой. Сенің оқиғаңда
пəлендей қапаланарлық ештеңе де жоқ.
– Ə, сен ұйықтап қалған екенсің ғой, сұмпайы?
– Жоқ... не Теодора, не өлім! Айта бер.
– Оянсайшы! Рафаэль Эмильді шегірен былғарымен осқылап ұрып
жіберді, бейне бір сол былғарыдан, электр қуатын шығарғысы келгендей.
– Бұл неткен күркіреуік! – деді Эмиль атып түрегеліп, Рафаэльді
құшақтай алды. Достым-ау, сұйық жүрісті сайқал əйелдер қауымында
отырғаныңды ұмыта көрме!
– Мен миллионермін!
– Миллионер боларсың-болмассың, əйтеуір, сен массың.
– Билікке маспын. Мен сені өлтіріп тастай аламын!.. Шығарма үніңді!
Мен Нерон! Мен Навуходоносормын!
– Рафаэль, біз нашар құлықты қауымда отырмыз ғой, сен тым болмаса
өзіңнің ар-намысыңды сақтау үшін үндемей тұра тұрсаңшы.
– Мен өз өмірімде тым ұзақ уақыт үндемей келдім. Енді мен бүкіл
əлемнен кегімді аламын! Жексұрын теңгеліктерді оңды-солды лақтыра
берудің енді маған қызығы жоқ, кішігірім түрінде мен өз заманымды
қайталаймын, мен адамдардың өмірін, ақылын, жаның жалмаймын жай
əурешілік емес, нағыз салтанат деген сол əне! Оба топалаңы кезіндегі
ойран! Сарысы ма, көгі ме, жасылы ма бəрібір; безгек атаулының бəрінен
қорықпаймын, əскерің де, жаңғырығың да маған түк емес. Теодораны да
иемдене аламын... Жоқ, Теодораның керегі жоқ, ол менің дертім, мен сол
Теодорадан өлер болдым! Теодораны біржола ұмытқым келеді!
Сен бұлай айқайлай берсең, мен сені асханаға апарып тастармын.
– Сен мынау былғарыны көріп тұрсың ба? Бұл Сүлеймен пайғамбардың
өсиеті. Осы Сүлеймен, сол сырбаз патша қазір менікі! Арабстан да,
үстеуіне Петрея да менікі! Бүкіл əлем менікі! Тілесем, сен де менікі
боласын. Иə, иə, тілесем деймін, сақтан! Журналист-ау. сенін бүкіл
дүңгіршегіңді сатып аламын. Сен менің малайым боласын. Маған елен
шығарып бересің, қағаз сызып бересің. Малай деген сол! "Оған бəрі де бір,
өйткені ол ештеңені де ойламайды".
Осыны айтып ауыз жиғанша Эмиль Рафаэльді ас үйге қарай жетелей
жөнелді.
– Жарайды, жақсы, достым, мен сенін малайыңмын, – деді ол. Ал, сен
газеттің бас редакторы боласын. Үндеме! Мені құрметтесең, өзіңді əдепті
ұста! Сен өзің мені жақсы көресің бе?
– Жақсы көремін бе? Мен мына былғарыға не болып тұрғанда, сенде
гавана сигарлары, сөз жоқ, болады. Бəрін жеткізетін осы былғары, достым,
құдіретті былғары бұл! Тамаша құрал, ең артысы қалдық мүйізін де жоқ
қылады. Сенде сүйелмүйіз бар ма өзі? Əпсəтте жойып берейін...
Сен мұндай есуастыққа бармаушы едің ғой бұрын!
– Не деп сандырақтап тұрсың сен!..
– Есуастыққа? Жоқ, достым! Менде қандай да бір тілек бола қалса,
мына былғары жиырылып, кішірейеді... Бұл, бейне бір, сауал-жауап.
Брамин... Бұған брамин араласқан94!.. Міне сол брамин сайқымазақ қу өзі,
əйтпесе, көріп тұрсың ба, тілек бойынша былғары созылуы керек...
– Не, əрине.; Менің айтайын дегенім...
– Иə, иə, дұрыс-ақ, мен де солай ойлаймын. Тілек ұлғая түседі ғой...
Менің айтпағым былғары ғой!
– Не, иə.
– Сен маған нанбаймысың? Мен сені білемін ғой, достым; сен таққа
жаңа отырған жас король тəрізді өтірікшісің.
– Өзің ойлашы, сенің мастық мылжыңбай сөздеріңнен не түсінуге
болады.
– Құдай ақы, мен саған дəлелдеймін. Өлшеп алайықшы өзін...
– Түу... Енді бұл ұйықтамайды! – деді Эмиль Рафаэльдің асхананы
айнала тінтіп шарлап жүргенін көріп.
Mac адамның кіресілі-шығасылы есіне кейде жарқ етіп бір сəуле түсе
қалатыны бар ғой, Рафаэль де дəл сондай бір маймылдың ептілігін
танытып, əйтсе де, сыя сауытпен жəне қол сүртетін сулық тауып əкелді.
– Өлшемін алайық! Өлшемін алайық! деп үздіксіз қайталай берді ол.
– Жарайды-ақ, – деді Эмиль, алсақ алайық өлшеуін! Екі дос сулық
орамалды үстелге төсеп, үстіне шегірен былғарыны жайып жіберді.
Эмильдің қолы Рафаэльдікіне қарағанда мығымырақ көрінгендіктен, ол
бойтұмардың жиегін сиямен айнала қоршап сызып жатқанда, досы өз сөзін
қайталап жатыр:
– Мен екі жүз мың ливр кіріс кіріп тұруын арман еттім ғой, рас па?
Ендеше, көрерсің, сол екі жүз мың маған келгенде шегірен былғары
кішірейеді.
– Иə, əрине, кішірейеді: Ал енді ұйықта. Өзіңді мына диванға
жатқызайын ба? Əне солай, жайлы ма?
– Иə, баспасөздің түлегі. Сен мені əлдилеп ұйықтат, масалардан қорға.
Қайғыда бірге болған досымның құдіретті кезімде де дос болуға қақысы
бар. Демек, мен саған га-ва-на-ның си...
– Жарайды, ұйықтаймын деп алтындарыңнан айырылып қалма,
миллионер мырза.
– Сен де мақалаларыңды ұйықтап жатып жазғайсың. Қайырлы түн!
Навуходоносорға да қайырлы түн тілесеңші, достым-ау!.. Махаббат!
Сусын! Франция!.. Атақ-даңқ, билік байлық... байлық...
Лезде екі достың қорылы қонақ үйден шулаған музыкаға жалғасты.
Тағылық қонцерті! Май шамдар бірінен соң бірі сөніп, кішкентай хрусталь
сылдырай бастады. Тым ұзаққа созылған азғындық зауықты қараңғы түн
түнегі өз құндағына алды, ал ессіздіктің жуан ортасында Рафаэльдің
жаңағы əңгімесі ешбір мəн мағынасы жоқ бір даңғазы сөз болып қала
берген.
Ертеңіне, сағат он екі шамасында, сымбатты Акилина сұлу, ұйқысы
қанбай есінеп оянды; жайдақ орындыққа басын төсеп ұйықтаған екен,
соның отырғышындағы бедерлі барқыттың өрнектері оның бетінде мəрмəр
тастың тамырындай тарам-тарам із қалдырыпты. Қасындағы сырласы
Евфрасия да даусы қарлығып орнынан қарғып тұра келді. Кешегі аппақ,
уылжыған сұлу ажары қазір сарғылт тартып, ауруханаға кетіп бара жатқан
бикештің кескініндей бозарып қалыпты. Қонақтар бірінен соң бірі ауыр
ыңыранып, еркін қозғала алмай, біреулерінің; қол-аяқтары ұйып қалған,
енді біреулерінің, бойлары жар бермей əлсіздік танытады. Малай келіп
қонақ үйдің əйнектерін ашып, перделерін көтерді, ұйықтап жатқандардың
беттеріне күннің қызу нұры төгіліп, бəрі де дереу орындарынан өре
түрегелісті. Əйелдер ұйықтап жатқанда аунақшып, дөңбекшіп, кеше түндегі
неше түрлі түйілген, буылған, қоқиған шаштарының сəні кетіп, əсем
көйлектері уқаланып, жұмарланып, қазіргі, күннің жарығында, əбден
берекелері кетіп қалыпты. Май шамның жарығымен жарқыраған ақ құба
жүздер сұрапыл сұрқай: ұйықтап жатқандағы аппақ, назды келбеттер бір
түрлі жасыл ғана өзгеріп; түндегі тамсандырған алқызыл еріндер қуарып,
кебір тартқан; кейбіреулерде мастықтың кісі ұяларлық таңбасы анық
білінеді. Түндегі ғашық жарларының көшеде салауат айтқан
намазшылардың табаныңда тапталған гүлдей солып, шала өлікке
айналғаның көріп, кейбір еркектер безініп қалғандай. Бірақ осы асқағы
маңғаз еркектердің өздері де оңып тұрған жоқ. Шүңірейген көздерінің
айналасы қарпылған осы адамдардың жүзін көрген көлденең жан қапы
түңіліп қалғандай. Бұл көздер ішкіліктің зардабынан жанары сөніп, бұлдыр
шыныдай салқын көрінеді. Адамды тынықтырудан мазасыз ұйқының
салдарынан кейбір көздер мүлдем топастанып, тіпті ештеңені көрмей
қалған тəрізді; осылай сүмірейген жүздерде əлденендей бір тағылық,
ызғарлы айуандық нышаны тағы білінеді; кейбір кескіндерде тəн
құмарлығы тырдай жалаңаш күйінде менмұндалап жар салады, біздің жан
сезімдеріміз зейнеттейтін поэзиядан мүлдем жұрдай күйінде əйгіленеді.
Кінəраттың осылайша жамылғысыз, безенусіз оянуы, кесепаттың осы
бір жұлмаланған, тоңазыған, қуарған қу қаңқасы, ақылдың қағидаларынан,
сəулеттің көріктерінен жұрдай осы қу сүйек, есерлік жын ойнаққа қаншама
бой үйретіп дағдылана тұрса да, мынау ер жүрек шомбалдардың өздерін де
үрейлендіріп, үркіте түсердей. Құмарпаздықтың өрті қаңыратып,
күйзелткен зəулім залдың ішіндегі жосықсыздықтарды адасқан көздерімен
шолып суретшілер, жезөкшелер үндемей тұнжырасты. Енді бір сəт
кенеттен ыбылыстың қарқылдаған көмей күлкісі жаңғырықты,
қонақтарының қарлығыңқы дауыстарын естіп, оларды əулікпе желікпен
құттықтаған Тайфер еді бұл оның тершіген, қаны сыртына тепкен арсыз
беттеріне қарағандарға мынау тамұқ сахнасының үстіне ождан құстанасын
білмейтін қылмыстың бейнесі шығып келе жатқандай көрінді. ("Қызыл
мейманхананы" қараңыз).
Сурет əбден кемеліне келді. Сəулетпен шендескен ластық көрінісі еді
бұл, сəн-салтанат пен адамның бейшаралығының жантүршігерлік қоспасы
еді бұл; қомағай шеңгелімен өмірдің барлық жемістерін сығып, өзінен
кейін жиренішті жемтіктер қалдыратын немесе өзі де нанбайтындай
өтіріктерді бəсегін зауық азғындығының ояну көрінісі еді бұл бейне бір оба
дертіне шалдыққан үй ішінде ажал күлімсіреп тұрғандай: хош иіс те, көз
шағылдырған жарық та, жайдары сауық та, ізгі тілек те, солардың бірдебірі жоқ, оның есесіне жүректі айнытып лоқсытарлық қоламса иіс,
қабындаған қанішерлік философиясы еді бұл. Ал мынау шындықтай
жарқыраған нұрлы күн, мейірбандықтай саф таза ауа зауық азғындығының
шірік мерездерінің сасық қоңырсығына қарама-қарсы қойылғандай!
Кінəратқа дағдыланғандарына қарамастан, бұл қыздардың бірі емес
талайы-ақ баяғы бір күндердегі оянар сəттерін еске алып, сағынбады дейсіз
бе? Күнəдан ада, кіршіксіз таза сол бір күндерінде олар да деревнядағы
кішкентай үйінің гүл бəйшешекке оранған əйнегінен қарап, боз тортайдың
шарықтата сайрауына мүлгіген, таңның тұманды тесіп өткен
бозқылаңымен рауандаған, таңғы шықтың гауһар тамшылары мен қылмаң
қаға безелген таңсəрідегі табиғатқа талай-талай сүйсінгенді. Кейбіреулері
үй-іші, от басының қарапайым ертеңгі асын өздерінің көз алдына суреттеді,
үстел айнала асыр салып, күнəсыз күлкіге батқан жайдары балаларды,
олардың əкесін, бəрінің де айтып жеткізе алмастық сүйкімділігін, үстел
үстіндегі тағамдарды елестетті. Суретші өзінің бейбіт шеберханасы мен
күнəсыздық мүсіні туралы жəне мұның өзін сурет нысаны ретінде тосып
отырңан сұлу қыз туралы ойлады. Жас адвокат бүкіл бір отбасының
тағдырын шешетін процесті ойына түсіріп, мұның қатысуын, ішінде
болуын қажет ететін маңызды келісім, тиімді байлау жайын еске алды.
Ғалым игілікті еңбекті күтіп отырған кабинетін есіркеп, кешітіп қалғаныңа
опық жеді. Жұрттың бəрі дерлік өзді-өзіне наразы еді.
Сол кезде сəнді тауарлар сататын дүкеннің ең сұлу сатушысына ұқсап,
алқызыл жүзі жайнап, күлім қатып, Эмиль кіріп келді.
Сіздер мүлік хаттауға қатысатын қу олардан да сүдінсіз екенсіздер! –
деді ол дауыстап. Бүгін еш нəрсеге де қабілетті емессіздер, күндеріңіз
бекерге өтеді; менің айтар ақылым: тамақ ішелік.
...Бұл сөздер айтылысымен Тайфер тамақ даярлау туралы өмір бергелі
сыртқа шықты. Əйелдер өздерін тəртіпке келтіру үшін бұрала басып
былқылдап, айнаның алдына келді. Бəрі де үсті бастарын қағып, сілкіністі.
Нағыз кінəратты азғындар ең даналарына ақыл үйретті. Жезөкшелер осы
өрескел той-думанды ұластыра беруге күші жетпегендерді келеке етті. Əпсəтте елестерге жан бітті, бəрі топ-топ болып жиналыса бастады, бір-біріне
сұраулар қойысып, жымыңдасуға айналды. Оңтайлы, шапшаң қызметшілер
бөлмелердегі жиһаздарды лезде орын-орындарына орналастырды. Буы
бұрқырап, тəтті иісі мұрынды жара таңертеңгі ас келді, алуан-алуан дəмді
тағамдар үстел үстіне тізілді. Қонақтар асханаға қарай лап қойды. Мұнда
кешегі зауық азғындығы таңбасының өшпес іздерімен қатар, жантəсілім
етушінің тамырлары құрысып ақырғы тұяқ серпуіндей, өмір мен ойдың
жарқ етер саңылаулары да əлі сақтаулы екен. Бейне бір қызды ұзату
карнавалындағыдай, маскүнемдер масқараға көмілулі, бұлар би билеуден
əбден қажып, мастыққа мүлде құнықса да, ештеңеге де қарамастан, тек
өздерінің əлсіздіктерін мойындамас үшін ғана, дəрменсіз лəззатты
ұластыра беруді тілейтін секілді. Ер жүрек қонақтар капиталистің үстелін
айнала қоршай отырыса берген мезетте, жарамсақты пішін, жағымпаздық
жымиыспен Кардо жетіп келді, ол кеше түнде зауықты өз зайыбының
төсегінде аяқтау мақсатымен тамақтан кейін ешкімге сездірместен,
жылысып кеткен болатын. Ол енді ауыз тұшырлық бір тəртіптің дəмін
сезгендей тамсанып, жəне хаттап алып, бөліске салуға боларлықтай бір
əжептəуір мұрагерлікті тіміскілеп тапқандай көңілді көрінді; əр алуан
нотариалдық актілер бірінен соң бірі жазылатын жəне мынау қонақжай
жомарт қожайын қазір де пышағын сұғып отырған майлы сүбедей, сілекей
шұбыртарлық шылқыма қаламақысы бар мұрагерлікті тіміскілеп келген
тəрізді еді ол:
– Е, олай болса, демек, біз нотариуспен табақтас боп, дəм татысады
екеміз ғой! – деді даурыға айқайлап де Кюрси.
– Сіз мынау тағамдардың бəрін нөмірлеп, белгі соғып шығу үшін дөп
келдіңіз ғой, – деді банкир, Кардоға үстел үстіндегі тойдың таңамдарын
нұсқап.
– Өсиет жаздыруға тура келмес, неке шарты болмаса, дегенді қоса
айтты бұдан бір жыл бұрын алғаш рет өте тиімді некеге отырған ғалым.
– Oho!
– Еһе!
– Сол сабыр етіңіздер, деп, əp түрлі сықақ əзілден құлағы тұнған Кардо
сөз бастады. Мен аса маңызды жұмыспен келдім.
Мен сіздердің біреуіңізге алты миллион франк ақша əкелдім. (Жұрт
тым-тырыс). Мархабатты мырза! – деді ол, сол кезде қаннен қаперсіз екі
көзін қол орамалдың шетімен сүртіп отырған Рафаэльте қарап, сіздің
анаңыздың қыз кезіндегі ныспысы О Флаəрти емес пе еді?
– Иə, дей салды Рафаэль аңғармастан. Варвара-Мария.
– Сіздің жəне де Валентен ханымның туу туралы актілері бар ма, ciрə?
– Əрине.
– Ендеше, мархабатты мырза, сіз мың сегіз жүз жиырма сегізінші жылы
Калькуттада қайтыс болған майор О' Флаəртидін бірден-бір жəне толық
қақылы мұрагерісіз.
– Калькутта байлығының калькуляция есебіне жете алмассыз енді! деп,
білгіш айқай салды.
– Майор өзінің өсиетінде бірсыпыра қоғамдық мекемелерге тиесілі
едəуір сомадан бас тартқан екен, сондықтан Франция үкіметі осы мұраны
Ост-Индия компаниясынан сұратып алдырған, – деді нотариус сөзін
жалғастырып. Қазіргі уақытта мұра борыш қарыздардан ада, сіздің оны
иемденуіңізге толық қақыңыз бар. Варвара-Мария О' Флаəрти ханымның
мұрасына мүдделі адамдарды іздеп екі жеті бойы əуреленіп едім, кеше
қапелімде дастарқан үстінде...
Дəл осы тұста Рафаэль орнынан атып тұрды, біреу денесіне бірдеңені
сұғып қалғандай шұғыл қимыл жасап. Үстел басында отырғандар, үнсіз
аңырып қалысты; қонақтардың санасына алғаш жеткен сезім меңіреу
қызғаныш сезімі болды; жан-жақтан оттай жайнаған көздер Рафаэльге
қарай қадалды. Содан кейін іле-шала ызығиқы-шу, қым-қуыт айқай шықты,
театрдың партерін басына көтергендей бір қатты шу болушы еді, дəл
сондай қиқу ұласа түсіп, толқу үдей берді, нотариустың əкелген орасан зор
дəулетіне құттықтау іспетті бірдеңені əркім-ақ айтқысы келді.
Тағдырдың тұтқиылдан бере салған олжасынан бірден-ақ айығып,
Рафаэль манағы шегірен былғарының өлшеуі сызылып таңбаланған сулық
орамалды үстелдің үстіне дереу жайып жіберді. Жұрттың дабыраған ушуыны құлақ салмастан, ол бойтұмарды жаңағы орамалдың үстіне қойды
да, былғарының жиектері мен орамалдағы сызықтың екі арасындағы
кішігірім айырманы байқап, селк ете түсті.
– Мына байғұсқа не болды? деп Тайфер айқайлап жіберді, дəулет
арзанға түсті ғой бұған.
– Ананы сүйей бер, Шатильон! – деді Бисиу Эмильге... Ол қазір
қуанышынан өліп кетуі мүмкін.
Мұрагердің аппақ құдай боп бозарған, тіпті өліктей қуарған жүзінде
əрбір бұлшық еті жыбыр-жыбыр етіп, кескіні бұзылып сала берді;
жұмыршақтары ақшыл тартып, ұңғыл-шұңғылдары қарауытып, бет əлпеті
көр тасындай сұп-сұр боп кетті, көз жанары қозғалыссыз бір орында қатты
да қалды. Ол өзінің алдында АЖАЛ төніп тұрғаның көрді. Жүздері солған
жезөкшелердің қоршауындағы зəнталақ заңғар банкир, түні бойғы ішуден
құмары қанған маскүнемдер осы қуаныштың жантəсілім етердегі азабының
бəрі – оның өмірінің жанды бейнесі тəрізді еді. Сулық ормалдың бетінде
сызылған мейірімсіз сызықтардың ішіне емін-еркін сыйып тұрған
бойтұмарға Рафаэль үш рет қарады; ол өз көзіне өзі сенгісі келмегендей,
бірақ əлде бір бұлтартпастай айқын бұйрық сезімі оның күдік-күмəнін
жеңіп бара жатты. Бүкіл əлем қазір оның билігінде, ол қалағанының бəрін
істете алатындай құдіретті, бірақ енді ол еш нəрсені қаламады. Шөл
сахарадағы жалғыз жолаушыдай, сусының қандырарлық суы тым аз қалған
еді оның, ендігі өмірі сол санаулы жұтым сумен ғана өлшенетін еді. Əрбір
жаңа қалауы неше күндік өмірін əкететінін ол енді айқын көрді. Ол шегірен
былғарының құдіретіне сене бастады; өзінің тынысына құлақ түрді, өзін
науқаспын-ау деп сезінді: "Осы мен құрт ауру емес пе екем? Анам көкірек
дертінен қайтыс болған жоқ па еді осы?" деген ойлар келді оған.
– Ой, Рафаэль, неше түрлі қызыққа батып, сауық-сайран ететін
болдыңыз ғой сіз! Маған не сыйлар екенсіз? – деді Акилина.
– Ал, кəнеки, оның нағашысы майор О'Флаəртидің қайтыс болғаны
үшін алып жіберелік! Міне мен мұны ұғамын, кісі-ақ екен-ау, сабаз!
– Рафаэль Францияның пəрі болады.
– Бəлі. Шілде оқиғаларынан кейін Францияның пəрі деген не, тəйірі!
деп білгіш те өз пікірін қыстырып жатыр.
– Италия театрында сенің өз ложаң болатын шығар?
– Əрине, сен біздің бəрімізді қонақ етесің деп сенемін! дейді Бисиу осы
жайды білгісі келіп.
– Мұндай адамда бəрі де жомарттық жолға қойылатын болады,– деп
тұжырды Эмиль.
Осынау сықаққой ауыз тобырдың құттықтаулары Валентеннің
құлағында ызындап тұр бірақ, ол бір ауыз сөзін ұға алған жоқ: баяғы көп
балалы Бретон шаруасының мақсатсыз, бағдарсыз өмірі жөніндегі көмескі
пікір оның миын шырмай берді: өзінің егістік даласын баптайтын, зығыр
жармасының ботқасымен қоректенетін, бəз баяғы бір құмырадан сусын
ішіп шел қандыратын, құдай анаға табынып корольді ардақ тұтатын, пост
ұстайтын, жексенбі сайын жасыл алаңда би билейтін, бірақ одағында өзінің
рухани ұстазының уағызын ұқпайтын осы шаруа оның ойынан кетпей-ақ
қойды. Көзінің алдындағы алтынмен өрнектелген панель, желіккен
жезөкшелер, тəтті тағамдар, сəн-салтанат осы көріністің бəрі оның
тынысын тарылтып, өңешін буып барады.
– Жидек суын қалайсыз ба? – деді банкир айғайлап.
– Мен ештеңені де қаламаймын! деп Рафаэль одан сайын ышқына
айқайлап.
– Бəрекелді! Тайфер мəз-мейрам. Сіз байлықтың мəнісін ұғады екенсіз!
Бұл өрліктің құқығы. Сіз біздік болдыңыз! Мырзалар, алтынның құдіреті
үшін ішіп жіберейік! Алты мəрте миллионер де Валентен мырза өктем
билікке ие. Ол король, оның қолынан бəрі де келеді, барлық байлар сияқты,
ол бəрімізден де жоғары. Заң алдында француздардың бəрі де тең, деген
сөздер осы сағаттан бастап Рафаэль үшін хартияның сөз басы ретіндегі
жалғаннама. Заңға ол бағынбайды. Заң оған бағынады. Миллионерлер үшін
жаңғырық та, жендет те жоқ!
– Иə, деп Рафаэль үн қатты, иə, миллионерлер өздеріне өздері жендет!
– Міне тағы бір соқыр сенім! деп банкир айқай салды.
– Ал, ішейік! – деді Рафаэль шегірен былғарыны қалтасына салып
жатып.
– Сенің тығып жатқаның не нəрсе? деп Эмиль оны қолынан шап беріп
ұстай алды. Мырзалар! – деді ол Рафаэльдің мінезін едəуір жұмбақ көріп
отырған қауымға қарап. Сіздердің бəріңізге мəлім болсын, біздің досымыз
де Валентен мырза... Ойбай-ау, мен не сандалып тұрмын? Иə, айтпақшы,
байлыққа жету құпиясы маркиз де Валентен мырзаның өз қолында. Ол
қандай бір тілекті тілесе де, онысы дереу сол мезетте-ақ орындалады.
Жарымаған малай немесе тас бауыр адам атанғысы келмесе, ол біздің
бəрімізді байытсын қазір.
– Сүйкімді Рафаэль, мен інжу-маржан моншақтар тілеймін! деп
айқайлады Евфрасия.
– Егер ол ізгі адам болса, маған екі əсем күймені арғымақ аттарымен
қоса сыйлайды, – деді Акилина.
– Маған жүз мың ливр кipic тілеңіз!
– Кашемир шарқат!
– Менің борыштарымды төлеңіз!
– Менің сімер сараң нағашыма талма дертін жіберіңіз!
– Рафаэль, маған он мың ливр кіріс тілесең болғаны, екеуміздің есеп
айырысқанымыз осы болсын!
– Түу, сый ақының өзі-ақ қаншама көбейіп кетті? деп нотариус та
айқайлап жатыр.
– Ол мені құян ауруынан ада қылуы керек.
– Рентаның құлдырайтын бір амалын істеңіз! деп банкир де
қосарланды.
Фейерверк аяқталарда халықтың лақтырған гүл бəйшешек будалары
фонтаннан шапшыған су нөсерінше жамыраушы еді ғой, дəл солай будақбудағымен ағылды мына сөздер. Осы аласұрған тілектер əзілден гөрі де
шын ниетпен көбірек айтылды.
– Менің ең сүйкімді достым! – деді Эмиль маңғаздана сөйлеп. Мен екі
жүз мың ливр кіріске де қанағат етемін, мейірімді бола гөр, маған да
осындай бір қайырым істей қойшы, достым!
– Эмиль, – деді Рафаэль. Бұл
орындалатының сен білмеуші ме ең?
тілектердің
қандай
күнмен
– Мəссаған ақталу! деп ақын ақырып жіберді. Біз достарымыз үшін
өзімізді де құрбан етуге тиіс емес пе едік?
– Мен сіздердің бəріңізге де өлім тілеуге əзірмін, деп жауап қайырды
Валентен, қонақтарды аса тұнжыраңқы, тұңғиық көзқараспен бір шолып.
– Жанашуы кезіндегі айуандар қатал келеді, – деді Эмиль күлкі аралас.
Мінекей сен бай болдың, деп байсалды пішінмен таты сөйледі ол Енді сен
əрі кетсе екі айда қаныпезер мен-мен боласын. Сен қазірдің өзінде-ақ
ақылыңнан айырылып, əзілді де түсінбей барасын. Ендігі жетпей тұрғаны
шегірен былғарының құдіретіне нануын ғой...
Рафаэль Бұл жиынның сықағынан қорқып, үндемей отырды да қойды,
шарапты шамадан тыс көп ішті, ең ақырда, өзінін қатерлі құдіреттілігін бір
сəтке болса да ұмыту үшін шарапты ішіп-ішіп, естен ғана мас болды.
ЖАН ТƏСІЛІМ
Желтоқсанның бас шенінде нөсерлете себелеген селебе жаңбырға
малмандай малшына, ор үйдің тұсында басын бір көтеріп, Варен көшесін
бойлай, жетпістер шамасындағы бір қария келе жатты; ол сəби балаша
аңғырттанып, ой түбіне үңілген философтай індете маркиз Рафаэль де
Валентеннің үйін іздестіріп жүр. Оның отқа құрысқан ескі тулақша қуарған
жүзінде зымыстан қасірет пен өктем мінез арасындағы күрес айқын
бейнеленген. Қара киімді қапсағай, арса сүйек арық осы бір одағай тұлғаны
əлде қандай бірер суретші кездестіре, қалса, өзінің шеберханасына келе
сала, ол, əрине, мұны альбомына түсіре қойып, суреттің астына: Ұйқас
іздеген атақты классик-ақын, деп жазар еді.
Іздеген нөмірді тапқаннан кейін, ол о дүниеден тіріліп келгендей, бұл
Ролан95 сəулетті оңаша үйдің есігін тықылдатты.
– Рафаэль мырза үйде ме? деп сұрады қария ливрей киген швейцардан.
– Маркиз ешкімді қабылдамайды, деп жауап қайырды швейцар кофеге
малып алған үлкен бір үзім нанды аузына тығындап жатып.
– Күймесі осында тұр ғой, деп қадала сөйледі қарт кісі күмбез тəрізді,
оюлы өрнектермен əшекейленген ағаш лапастың астындағы баспалдақ
алдында тұрған жайырақ күймені нұсқап. Ол қазір жүргелі жатқан болар
тоса тұрайын.
– Ей, атай, өйтсеңіз сіз таң атқанша тосарсыз, маркиздің күймесі
əрдайым дайын тұрады, деп ескертті швейцар. Зынһар, кете көріңіз, бір рет
те болса жат адамды үйге рұқсатсыз кіргізсем, өмір бойы алып тұратын
алты жүз франк зейнет ақымнан айырылам ғой.
Дəл осы кезде, киіміне қарағанда министрдің шабарманы дейтіндей
сұңғақ бойлы бір қарт, ауыз үйден шықты да, абыржыған сұраушыны зілді
көзқараспен бір шолып, төмен қарай жедел жүгіріп өтті.
– Əйтсе де, əнекей Ионафан мырза, – деді швейцар, сонымен сөйлесіп
көріңіз.
Бір-біріне əлде мейір, əлде əуестік еліктірген екі қарт кең ауланың
ортасында, тас тақталар арасынан көк шөбі қылтиған дөңгелек алаңқайда
кездесті. Үй жақта зəре кетерліктей тымтырыс. Ионафанта көз жіберуің-ақ
мұң оның кескінінен айқын аңтарылып, терең сырлы лебі соғып тұрған
тұңғиық құпияға еріксіз қанғың келгендей болар еді, өйткені, осы
тұнжыраулы үйдегі əрбір ұсақ-түйек атаулының бəрі сол құпияны сездіріп
тұрғандай. Нағашысының орасан мол мұрасына ие болғаннан кейінгі
Рафаэльдің ең алдымен қам еткені ол өзінің толық сене алатын, өзіне жантəнімен берілген мейлінше адал көрі қызметшісін іздеп тауып алды. Мəңгібақиға қош айтысып, біржолата айырылыстық қой деп есептеп жүрген жас
мырзасын көргенде, бақытқа кенелген Ионафан жылап жіберген; маркиз
отан іс басқарушының жоғарғы міндетін жүктегенде, Ионафанның
қуанғаны қандай десеңізші! Кəрі Ионафан Рафаэль мен Бүкіл əлемнің
арасындағы дəнекер болды. Өз қожасының ең дəулетінің ең жоғарғы əкімі,
соны пиғылдың соқыр құлы Ионафан, бейне бір жан сезімінің алтыншы
түйсігі тəрізді еді, тіршіліктің толқымалы тынысы Рафаэльге сол арқылы
жеткендей.
– Мен Рафаэль мырзамен сөйлесуім керек, – деді Ионафанта жанаты
қарт жауыннан қорынғандай баспалдаққа шығып.
– Маркиз мырзамен сөйлесуге дейсіз бе?.. деп басқарушы жұлып
алғандай, ойбай-ау, ол тіпті менімен де сөйлесе қоймайды, сəби күнінен
сүтпен ауыздандырған əкесіндей мына менімен де, білдің бе?
– Е, мен де оның сүтпен ауыздандырған əкесімін ғой! деп қария да
екілене сөйледі. Бір кезде сіздің əйеліңіз оған емшек емізген болса, мен оны
музалардың емшегімен көректендіргем. Ол менің тəрбиелеген түлегім,
менің перзентім, carus alumnus96. Мен оның ақылын шындадым, зейінін
баулыдым, оған данышпандық дарыттым жəне осының өзі мен үшін зор
абырой, атақ данқ деп айтуға батылым жетеді. Ол біздің заманымыздың
нағыз тамаша адамдарының бірі емес пе? Менің басшылығыммен ол
алтыншы сыныпта, үшіншіде жəне шешендік сыныбында оқыды ғой. Мен
оның ұстазымын.
– Ə, солай ма еді, тақсыр. Сіз Поррике мырза екенсіз ғой?
– Дəл өзі. Бірақ...
– Тс! Тс! Ионафан аспазшының екі баласына зекіп тастады, өйткені
олардың айғайы осы үйдегі монастырьдың тылсым тыныштығын Бұзып
жіберген-ді.
– Ал, бері қараңызшы, деп ұстаз өршелене түсті, маркиз науқас емес пе
өзі?
– Ей, қымбатты Поррике мырза-ай, маркиздің не күйге душар болғанын
бір құдайдың өзі ғана біледі, деп жауап қайырды Ионафан. Шыныңда,
Парижде дəл біздің үйдей екі үй де табыла қоймас. Ұғасыз ба? Екі үй де.
Құдай ақы, табылмайды! Бұл үй Бұрын герцогтың, пəрдің үйі еді, маркиз
осыны сатып ал деп маған əмір етті. Ішкі жиһазына үш жүз мың франк
жұмсалды. Ал, үш жүз мың франк дегеніңіз көп ақша! Оның есесіне
үйіміздің ішіндегі мүліктің əрқайсысы да керемет! "Бəрекелді! – дедім
өзіме-өзім осы зейнеттің бəрін көргенде. Дəл марқұм атасының
тұсындағыдай, жас маркиз Бүкіл қала жақсыларын, сарай санаттарын
қабылдайтын болады екен!"
Əттең, əсте де олай болмай шықты. Ол ешкімді де көргісі келмейді.
Өмірі тіпті қызық болып кетті, ұғасыз ба, Поррике мырза? Ешқандай
ауытқуы жоқ тəртіпті Күн сайын əрдайым бір ғана мезгілде тұрады. Менен
бөтен ешкім, байқайсыз ба, оның бөлмесіне кіре алмайды. Жаз болсын, қыс
болсын, мен сағат жетіде есік ашамын. Осындай бір ғажап тəртіп бар бізде.
Кіремін де: "Маркиз мырза тұрып, киінетін уақыт болды" деймін. Маркиз
төсегінен тұрып, киінеді. Үнемі бір ғана үлгі бойынша, бір түрлі ғана
матадан тігілген халатын əперемін. Ескі халаты тозса, мен жаңасын
тіктіруге міндеттімін, тек əйтеуір маркиз жаңа халат сұрап қалмайтын
болуы шарт. Өзінің ойлап тапқаны ғой!
Несі бар, сүйікті перзентім күніне мың франкты іркілмей-ақ жұмсай
алады, сондықтан ойына не келсе, соны істейді. Əйтсе де, менің оған деген
сүйіспеншілігім сондай, — егер он, жақ бетіме шапалақпен тартып жіберсе,
сол жақ бетімді тоса қоямын! Нелер қиын тапсырма берсе де, демде
орындаймын, ұғасыз ба? Ал маған жүктелген ұсақ-түйек міндеттер
соншалық, тіпті уақыттың қалай өткенін де байқамаймын. Ол, əрине, газет
оқиды. Бұйрық солай, газеттер бəз баяғы бір ғана орынға, бөз баяғы бір
тана үстелге қойылуы керек. Белгілі бір сағатта тана өзім оның сақал-
мұртын қырамын, оған тіпті қолым да қалтырамайды. Егер ешқандай
ауытқуы жоқ ертеңгі ас дəлме-дəл таңертеңгі сағат онда, түскі тамақ дəл
сағат бесте үстел үстінде тұрмаса, аспазшы маркиз қайтыс болғаннан кейін
өмір-бақи алуға тиісті мың экю зейнетақысынан айырылады. Күн сайынғы
берілетін тамақтың түр-түрі бір жылға арнап күн ілгері белгіленген.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 15
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.