Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 08

Total number of words is 4000
Total number of unique words is 2370
29.1 of words are in the 2000 most common words
40.2 of words are in the 5000 most common words
47.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қамалмадым ба, тек даңққа бөленетін өмірдің болашағы ғана мені
арқаландырған жоқ па? Қандай да бір қиыншылықты жеңген сайын мен өз
қиялымда құралай көзді, əсем киінген дəулетті əйелдің үлбіреген
мамықтай, назды қолдарын сүюші едім, күндерде бір күні сол əйел: "Сен
көп азап шектің ғой, байғұс періштем!" деп еркелей сөйлеп, менің
шашымнан сипар тəрізді еді.
Мен екі үлкен шығарма бастадым. Жазып жатқан комедиям көп
кешікпей-ақ менің атағымды шығарып, дəулетке, зиялы қауымға қолымды
жеткізуге тиіс еді де, данышпанның патшалық құқығымен пайдаланып, сол
қауымға аралассам деп тілек етуші едім. Бұл асқан шебер шығармадан
сіздердің бəріңіз де колледжді жаңа ғана аяқтаған жастың тұңғыш
қателігін, нағыз барып тұрған балалық сорақылықтарын əшкереледіңіздер.
Сіздердің сықақтарыңыз берекелі алданыш ғып қанатын қырықты, содан
былай ол алданыш қайта оянбады да. Басқалардың менің жүрегімді
тілкемдеген терең жарақатын, сүйкімді құрбым Эмиль, тек жалғыз сен ғана
ем– дедің. Менің "Ерік-қайрат теориясы" атты ұзақ шығармама тек сен тана
мəз-мейрам болып сүйсіндің; осы шығармаға бола мен күншығыс
халықтарының тілдерін үйреніп, анатомияны, физиологияны зерттеп,
уақытымның басым көпшілігін осыған бағыштаған едім. Бұл шығармам
Месмердің, Лафатердің, Галльдің, Бишаның еңбектерін толықтырады, адам
жөніндегі ғылымға жаңа жол ашады деп ойлаймын. Менің керемет өмірім
күн сайынғы құрбандығым, жібек құртының əлемге көрінбейтін еңбегіндей
ауыр бейнетім осы арада аяқталды, ол еңбек үшін бірден-бір сый, бəлкім,
сол еңбектің өзінен ғана табылса керек.
Алғашқы ойға үңілген күндерімнен бастап, ең артысы "Теориямды"
аяқтаған күніме дейін мен үнемі бақылау, зерттеу, жазумен, үздіксіз оқуға
салынумен болдым, сондықтан менің өмірім қалпетімен бір міндеткердің
өмірі боп алды. Шығыстың салдығына құмар өз қиялымдағы аруға ғашық
сезімтал, нəзік жан едім, тынығу дегенді білмедім, Париж өмірінің
лəззаттарынан бездім. Тəтті құмар едім ынсапты болдым; құрылықта да,
теңізде де саяхат етуді сүйетін алуан-алуан елдерді аралауды көксейтін, осы
күнге дейін жас балаша, суға тас лақтыруды ұнататын мен пақыр, бел
жазбастан, үстелге шұқшиюмен болдым; сөзуар едім, кітапхана мен
музейде көпшілікке арналған лекцияларды тіс жармай тыңдайтын болдым,
бейне бір бенедиктішіл сопы тəрізді, оңаша, жадағай төсекте жалғыз
ұйықтайтынмын, ал шыныңда əйел менің көкейкесті арманым болатын,
аңсаған, қиялымда əлпештеген, өмір бойы менен жылысып, сырғумен келе
жатқан тілеулі арманым еді ол! Қысқасы, менің өмірім қиюы қашқан
қырсықты, үнемі бір жалған өмір болды. Кəне, енді осыдан кейін адамдар
туралы билік айтып көріңізші! Кей-кейде менің табиғи қуатым сабырын
сарқып, ұзақ бықсыған өрттей үрдіс лаулап, кенет қозып кететін. Өмірімде
сұхбаттасып көрмесем де, əйелдерге соншалық ынтық болатынмын да,
студентше мансарданы мекен еткенмін-ді, сөйткен мен сорлыны, бейне бір
жалын шапағындай, бейне бір дерт сандыратындай, мауықтырғыш арулар
елегізітетін! Мен өз қиялымда сəулетті күйменің жұмсақ көпшіктеріне
отырып, Париждің көшелерін серуендейтінмін! Мені кінəрат, күнə-сұмдық
шырмайтын, азғындыққа сүңгіп, не тілегенімнің бəрін өтейтінмін,
құмардан шығатынмын, азғырындыға ертең, күнəға батқан əулие
Антонийдей ішпей мас болатынмын. Ырысыма қарай, жігерімді күл
қылатын осы қияли көріністерді ақыр-аяғында əйтеуір: ұйқы жарықтық
қана сөндіруші еді; ертеңіне ғылым, күлім қатып, мені қайта шақыратын,
мен де оған адал болдым. Менің ойымша, мейірбанды, таза нəпсілі жандар
деп есептелетін əйелдер де, сірə, осындай есуастық құйындар билігінде,
ықтиярымыздан тыс өз ішімізде қабындайтын ынтықтық, құмарлық
құйындарының құшағында жиі-жиі болатын шығар деймін. Бұл сықылды
қиялдар кейбір əсем көркемдіктен де емес, мұның өзі қысқы кештегі
əңгімені, ошақ басында отырып, Қытайға саяхат еткеніңді еске түсірмей
ме? Бірақ пікірің барлық кедергіліктерді жеңіп шыққанда, осы таңғажайып
саяхат кезіндегі мейірбандық не нəрсеге айналады? Тұтқындығымның
алғашқы он айы ішінде мен дəл осындай бейшаралықта, жалғыздықта өмір
сүрдім; күн сайын ертеңгілік, ешкімнің көзіне түспеуге, байқатпауға
тырыса жүріп, ішіп-жейтін бірдеңе сатып алғалы сыртқа шығатынмын;
бөлмемді де өзім жинастыратынмын; мырза да өзім, қызметкер де өзім
болдым, адам айтқысыз тəкаппарлықпен диогеншіледім!75 Алайда біртебірте үй иесі əйел мен оның қызы менің мінезімді, ғұрып-салтымды
зерттеп білді, менің қандай адам екенімді аңғарды, қандайлық кедей
екенімді ұғынды, бəлкім, олардың өздері де өте бақытсыз болғандықтан
шығар деймін, əйтеуір біз лажсыз жақындаса танысуға тиіс болдық. Жүрек
қылын шерттірерлік шырайлы жан, əлі кəмелетке толып үлгермеген,
аңғырт мүсіндігімен бірсыпыра ретте менің осында келуіме себепші болған
Полина маған қызмет көрсетіп тұрды, оның бұл ықыласын мен де
тойтарғым келмеді. Барлық мұңдықтар апалы-сіңлілі ғой, олардың
ұғынысатын тілдері бір, дарқандығы да бір, бұл басқа ештеңесі
болмағандықтан тек сезімге ғана жомарт болатындардың, өздерінің
уақытын, өздерін құрбан ететіндердің дарқандығы. Бірте-бірте,
байқатпастан Полина менің бөлмемнің үй бикесі болып алды, маған қызмет
көрсеткісі келді, шешесі де бұған əсте қарысқан жоқ. Полинаның анасы
менің іш киімдерімді жамап отырғанда оның бұл қайырымдылық ісінің
үстінен шығып қалғанымда, қызарып ұялғаның талай көрдім. Менің өз
ықтиярымнан тыс олар мені өздерінін қамқорлығына алды, мен де олардың
бұл қызметтерін қабыл алдым. Бұл ерекше дос-жарлықты ұғыну үшін ойпікір еңбегімен ғана тіршілік етуші адамның қандай тамаша еңбек
қуанышын, идеялардың нелер озбырлығын бастан кешіретінін, күнбе-күнгі
өмірдің ұсақ-түйектерін өзінің ішкі сезімдерімен жирене жек көретіндігін
айқын білу керек болады. Менің тіпті сегіз сағат бойына дəм татпағанымды
байқап, сыбыссыз-сыбдырсыз қадам басып, маған қара дүрсін ас əкелген
Полинаның əдепті ықыласына мен қарсыласа алармын ба? Маған назар
салмаңыз деген ұғымды анғартқалы ым қағып. Полина келіншектей
сымбаттылықпен,
нəрестедей
қарапайымдылықпен
күлімдейтін.
Шатырымның астына сильфше76 сырғанап кіріп, менің тілек ниеттерімді
алдын ала орындайтын Ариэль77 болды ол Күндерде бір күні кешкілік
Полина жүректі елжіретерлік аңғырттықпен маған өз тарихын айтып берді.
Оның əкесі император гвардиясының атты тренадерлар эскадроныңың
командирі болған. Березина өзенінен өтерде оны қазақтар қолға түсірген,
кейіннен Наполеон оны айырбастап алғалы ұсыныс жасағанда, орыстардың
өкімет орындары Полинаның əкесін Сібірден іздеп көп əуреленген; басқа
тұтқындардың айтуына қарағанда, ол Үндістанға өтуге əрекеттеніп,
тұтқыннан қашып шықса керек.
Содан бері менің пəтерімнің қожасы Годен ханымның жұбайы туралы
ешқандай хабар алуына əсте сəті түспей-ақ қойған. 1814-1815 жылдардағы
лаңдар басталған. Ешқандай қаражаты, сүйенер-сүйкенері болмай, жалғыз
қалған Годен ханым, қызын асырағалы, жиһазды бөлмелерге пəтерші
жіберу кəсібімен шұғылдануға ұйғарған. Годен ханым əлде де өзінің
күйеуімен көрісермін деп үміттенуде еді. Полина оқып білім ала алмай қала
ма деген ой оның өте-мөте шымбайына бағатын, Полинаға зор
жанашырлық білдіріп жүрген ұлы мəртебелі бір ханым Полинаның
болашағы тамаша жарқын дегенді болжаған, Полина осы болжауды ақтауы
тиіс еді. Годен ханымның маған өзінің мұңын шағып: "Мен Полинаның
Сен-Дениде78 тəрбиеленіп жүргендігін білетіндей халге жетсем, Годенді
барон атағына ие ететін бір жапырақ қағазды, Вичнаудан табыс алу
құқықтарымызды іркілмей-ақ сыйға тартар едім" деп жаныңды
жараларлықтай үнмен налығаның естігенде, мен селк ете түстім де, екі
əйелдің мен жөнінде соншалық жомарттықпен қамқорлық етуіне алғыс
ретінде өзімді Полинаға тəрбиешілікке ұсынуға ұйғардым. Осы ұсынысты
маған айтқызған менің аңқаулығыма пара-пар олар да менің ұсынысымды
жүректен таза ықыласпен қабыл алды. Сөйтіп менің де тынытатын
сағаттарым пайда болды.
Қыздың қабілеттері мол, зерек еді, үйреткеннің бəрін ол лезде-ақ қатып
алып отырды да, көп кешікпей фортепьянода менің өзімнен де жақсырақ
ойнай бастады. Мен барда да ойындағысын дауыстап айтуға дағдыланған
Полина жан сезімдерінің де таңғажайып сипаттарын аян етті, күн нұрынан
нəр алған гүл бəйшешектің кесенесі қауызын жарып, тарамдалғаны сияқты,
оның, жан сезімінің бұл қасиеттері де өмір үшін жайылып, жайраң қақты;
бейне бір күлімдеп тұрғандай тұңғиық қара көздерін менен тайдырмастан,
менің үйреткендерімді ол аса зейін қойып, құлшына тыңдайтын; берілген
сабақтарды сүйкімді, назды үнмен қайталайтын жəне оның оқуына менің
қанағаттанып разы болғанымды көргенде мүлде жас баладай қуанатын.
Əзірше тек сұқтанарлық сүйкімді сəби ғана бола тұрса да, күткен үміттерді
неғұрлым өскен сайын көпе-көрнеу ақтап келе жатқан жасөспірім қызға
төнетін қауіптерді қалай тойтару жөнінде анасы бұрын жиі-жиі ойланушы
еді, ал қазір қызының күн ұзаққа сабақпен шұғылданғаның көріп əбден
тынышталды, көңілі орнықты. Полинаның ермегі тек менің фортепьянам
ғана болғандықтан, оның мен жоқта ғана сабақта жаттығуына тура келетін.
Қайтсам,
бөлмемде
мейлінше
қарапайым
киінген
Полинаны
кездестіретінмін, көйлегі қанша қара дүрсін болғанымен сол ғана қимыл
жасаса да икемді қыпша белі, бүкіл тамаша денесі дөрекі мата астынан
айқын суреттелетін. Есек терісі жөніндегі ертектің қаһарманы сияқты,
оның мұнтаздай сұлу аяғына доғал кебіс кигізілетін. Бірақ жасөспірім
бикештің осы сүйкімді қазыналарының, байлық-дəулетінің бəрі, оның
сұлулығының барлық сəулеті мен үшін, бейне бір жоғалып кеткендей.
Мен Полинаны тек қарындасым ғана деп тануға өзімді-өзім көндірдім;
оның ардақты анасының сенімін алдау маған өте ауыр еді; жүрек сезімімді
сиқырлап, билеп əкететіндей ажарлы қызға мен тек суреттегі бейнеге
қызыққандай, қайтыс болған ғашық жардың суретіне сүйсінгендей
пішінмен ғана тамсана қарайтынмын; қысқасы, ол менің нəрестем, мүсінім
болды. Өзімді жаңадан пайда болған Пигмалион деп санап, тамырларында
қаны жүгіріп тұрған сезімтал, сөйлеп тұрған жан иесі тірі қызды мраморға
айналдырғым келгені ғой тіпті; мен оған өте қатал болдым, бірақ өзімнің
ұстаздық, өктемдігімді неғұрлым молырақ сездірген сайын, ол соғұрлым
биязы, көндем бола берді. Туысымнан текті болуым себепті сабырлы,
кішіпейіл едім, мен, бірақ дол осы арада прокурорға лайықты ой-
өрістерімнен, топшылауларымнан олқылық бола қойған жоқ. Пікірде
адалдық болмайынша, ақша істерінде адалдық болады дегенді мен өзім
əсте ұқпаймын.
Əйелді алдау мен үшін өзге біреудің дүниесін күйзелтумен,
жоқшылыққа душар етумен тең боп есептелетін. Жас қызды сүю немесе
оның махаббатын қоздыра түсу нағыз неке шартын жасау деген сөз, бұл
шарттың міндеттерін күн ілгері белгілеу тиіс. Жезөкше əйелді тастап кетуге
біздің қақымыз бар, бірақ жан тəнімен бізге берілген жас қызды қорлап
кетуге болмайды, себебі келтірген құрбандығының ұшы-қиыры жоқ, шексіз
екенін оның өзі де білмейді. Əрине, менің Полинаға үйленуіме де болатын
еді, бірақ мұның өзі ақылсыздық болмақ-ты. Сүйкімді, күнəсыз таза жанды
зəре кеткіш азаптарға душар ету болмас па еді мұның өзі? Менің кедейлігім
өзін-өзі сүйетін, "мен-мен" тілде сөйлеп, осы мейірімді жан иесі мен менің
арама өзінің темір шеңгелін үнемі сұғумен болды. Оның үстіне, ұят та
болса айтайын жоқшылықта қандай махаббат болатының мен тіпті ұға
алмаймын. Менің мұным жиіркеншектігімнен, бұзылғандығымнан-ақ бола
қойсыңшы, адам баласының мəдениеттілік деп аталатын дертінің кесірі ғой
бұл мінез, бірақ сымбатты Еленадай, Гомердің Галатеясындай-ақ қаншама
ажарлы, тартымды бола тұрса да, сол ғана нас əйел менің жүрегімді билей
алмайды. Түу, сəулеттің кереметіне бөленген, жібек пен торқаға оранған
махаббат жасасын да! Бұл сəулеттердің оны кереметтей зейнеттейтін себебі
де, бəлкім, махаббаттың өзі де сəулет болғандығынан шытар! Құмарлық
ынтығы үстінде кербездің əсем киімдерін жұмарлап, гүл бəйшешектерін
уқалау, хош иіс аңқыған көпіртпелі сұлу бұрым мұнарасы үстіне өжет
қолдарымды ұсыну маған өте ұнаушы еді. Зеңбірек түтіні арасынан
жайнаған жалындай, бүркеулі шілтерлі селдір арқылы өңменнен өте
шығатын отты көздер мен үшін қиялдағыдай тартымды болатын.
Менің махаббатым жібек баспалдақ тілейді, өйткені осы баспалдақпен
қысқы түнде үнсіз жоғары өрлеу керек болады. Осының өзі неткен тамаша
лəззат үсті-басың қар болып сен ішінде түндік шамдары əлсіз ғана
жылтыраған, безекті жібекпен қапталған бөлмеге кіресің де, үстінен ұлпа
қарды сілкіп жатқан əйелді көресің, ақша бұлт арасынан елестеген
періштедей, үлбіреген нəпсіқұмар денесі жұқа ақ жібек жамылғы астынан
əрең бейнеленгенін, осы жамылғыдан құтылғалы серпіп жатқаның
көргенде, оны да аппақ қармен қалайша теңемессің! Жəне тағы маған
қажеттісі қорғалауық бақыт пен өжет сенім. Ең ақырда, мен осындай құпия
сыры бар əйелді мейлінше сəулетті кезінде жарқылдақ қауымда, жұрттың
бəрін табынтатын ізгі жан есебінде, үлде мен бүлдеге оранған, гауһар
моншақтары жарқыраған, бүкіл бір қалаға өмірі жүріп тұрған күйінде
көрсем деймін; жоғары дəрежеге ие болғандығы, орасан зор құрметке
бөленгені сонша, тіпті ешкім батылы жетіп оған өзінің сезімдерін айта
алмайтындай күйде болғаның көрсем деймін. Нөкерлерінің ортасында
отырып астыртын маған көз қырын салса, осы шартты дəстүрлердің бəрін
жоққа шығаратын, бір мен үшін жарқылдақ қауымды да, адамдарды да
құрбан ететін көз қырын салса! Өзінен-өзі белгілі, блонд, барқыт, жұқа
батист дегендерге, шаштараздың өнерлеріне, май шам, күймелі арбаға,
тектілік атағына, хрусталь, алтын, күміс заттардағы тəж белгілеріне
құштарланушыларды
қысқасы,
өнерлерінің
бəріне,
əйелдердегі
тұрпайылық, қылықсыздық атаулыға құштарланушыларды мен талай рет
келеке етіп күлетінмін-ді; мен өзімді осындай құштарлықтардан айнытқалы
өзімді өзім талай рет мысқылдап, келемеж– дедім де, бірақ бəрі бекер
болды! Ақсүйек əйел, оның нəзік күлімдеуі, аса əдепті қылықтары, өзінің
адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалауы менің есімді алып, жүрегімді
билейтін; ондай əйелдің жоғарғы қауым мен өзінің арасында сəл ғана
кедергі қойып, оқшаулануы-ақ мұң, дереу менің атақ құмарлығым қоза
түседі, ал осының өзі шала махаббат қой. Жұрттың бəрінің күншілдігін
туғызатын болғандықтан, менің рақатым өзім үшін ерекше тəтті болуға
тиіс. Менің сүйген жарымның істетен ісі басқа əйелдердің ісіндей болмаса,
оның жүріс-тұрысы, тіршілігі өзгелердің өмірінен басқаша болса, оның
үстінде өзге əйелдер кие алмайтын манто79 болса, одан тек оның өзіне тана
хас жұпар иісі анқып тұрса, ондай əйел маған анағұрлым артығырақ
ұнамды болмақ; махаббатта дүниелік тіршілікке байланысты нəрселер бар
болған күнде де, тіпті соның өзінде де менің сүйген əйелім дүниеліктен
неғұрлым аулақ болса менің көзіме ол солғұрлым сымбатты көрінер еді.
Бірақ, ырысыма қарай, Францияда жиырма жылдан бері король əйелі жоқ
қой, əйтпесе мен тіпті корольдің əйеліне де ғашық болғандаймын! Ханзада
мінезді болу үшін байлық керек. Осындай романтикалық қиялға батып
жүргенімде Полина мен үшін кім бола алмақ еді? Күлді өмір құныңа
татитын бір түнді ол маған сата алар ма еді; адам баласының барлық
қабілеттерін өлтіретін жəне сарапқа салатын махаббатты ол маған бере
алар ма еді? Біздің құмарымызды тарқатуға көнген кедей қыздарға бола біз
өле қоймаймыз ғой. Мұндай сезімдерді, осындай ақындық армандарды мен
өз мінезімде əсте жоя алмай-ақ келемін. Мен өзгеше махаббат үшін
жаралған жан едім, бірақ уақиға менің тілегенімнен мүлдем басқаша,
керісінше қалыптасты, тағдыр маған арнап, тіпті, мен тілемеген қызметті
атқаруды жөн көрді. Мен жиі-жиі өз қиялымда Полинаның құрттай
аяқтарына атлас туфлилер кигізіп, иығына жеңіл бөкебай тастай салып, жас
теректей талдырмаш денесін үлпілдеген таз көйлекке жасандыратынмын,
оның өзінің дербес отауына кілемдер төсеп, оны əшекейлі, сəулетті күймелі
арбада қыдыртушы едім. Егер ол дəл осындай болса, мен оны тəңірі тұтар
едім. Мен оны өз қиялымда оның өзінде жоқ тəкаппар, асқақы мінезді
еттім; оны өзіміздің кінəраттарымыздың кəусар Стиксіне80 сүңгітіп, оған
мызғымас тас жүрек бітіргелі оны өзіміздің қылмыстарымызбен безеп,
одан салонның содырлы қуыршағын, төсекке таңертең жатып, кешкілік май
шамдар таңында оянатын үлпілдек жан иесін жасағалы мен оны барлық
қасиеттерінен, сымбаттылығын-ақ аңғал мінезінен, туа біткен
сүйкімділігінен, қарапайым күлімдеуінен жұрдай ететінмін. Полина бүкіл
аза бойымен сезім тұлғасы еді, аза бойымен уылжыған жастық тұлғасы еді,
мен оны қуарған кебір, тоңазыған тоң мінез еткім келді. Жадымызда
балалық шатымыздың уақиғалары суреттелгені сияқты, есуастығымның
соңғы күндерінде жадымда Полина қайта тіріледі. Таң-тамаша
минуттарымыз еске түскенде талай рет жүйкем босады: біресе мен осы,
үндемейтін, сабырлы ой теңізіне шомылған жас қыздың менің үстелімнің
жаныңда іс тігіп отырғаның көруші едім, менің мансардамның əйнегінен
түскен күннің көмескі жарығы оның əсем, қою қара шашында жеңіл, күміс
өрнектер суреттеуші еді; біресе мен оның жайдары жас күлкісін еститінмін,
өзінің ойынан оп-оңай шығара салатын мүлəйім өлеңдерін сыңғырлаған
дауыспен құйқылжыта шырқағаның еститінмін. Көбінесе менің Полинам
музыка ойнап отырғанда тым шабыттанып кететін. Ертеде Қарло Дольчи
бір асыл текті əйелдің бас пішінін Италияның жанды бейнесі етіп суретке
салуға əрекеттенген-ді. Музыка ойнап отырғанда Полина осы ардақты бас
пішініне керемет ұқсас болушы еді. Менің қатыгез жадым бұл жас қызды
сорлы тіршілігімнің сорақылықтары арасында нендей де бір өкініш, опық
ретінде, мейірбандықтың бейнесі есебінде көз алдыма елестететін. Жо,
жетер енді, байғұс қызды өз тағдырыңа тапсыралық. Кейіннен ол қандай
бақытсыз болатын болса да, мен, ең құрығанда, оны сұрапыл дауылдан
бүркеп қалдым ғой, мен оны өзімнің тозағымның отына шарпымадым.
Өткен қысқа дейін мен байсалды, еңбек тіршілігімен өмір сүрдім,
жаңағы айтқандарымның бəрі саған сол өмірімнен сəл ғана түсінік беру
əрекеті болатын. 1829 жылғы желтоқсанның алғашқы күндерінде мен
Растиньякті кездестірдім, ол менің костюмімнің аянышты күйде екеніне
қарамастан, мені қолтығымнан алып, шын мəнісінде туысқандық
жанашырлықпен менің жай-жағдайымды сұрастырды. Мен бұған көңілім
босап, оған өзімнің тұрмысым туралы, үміттерім туралы жасырмай айтып
бердім: ол қарқ-қарқ күліп маған: "Сен əрі данышпан, əрі ақымақ екенсің" –
деді. Оның тіліндегі гаскондық сарын, жарқылдақ қауымды білуі, өзінің
тəжірибелілігі арқасында қолы жеткен дəулеті осының бəрі маған бұлтара
алмастай əсер етті. Жұртқа танылмаған аңқау, мəжнүн күйіңде өлесің сен,
деп тұжырды мен жөнінде Растиньяк; ол соның өзінде-ақ мені шақпа
тілмен шенеп, менің табытымды ұзата шығарып, сүйегімді қайыршыларға
арналған молаға көміп те қайтты. Оның өзіне ғана тəн, оны сондайлық
сүйкімді ететін таңғажайып алғырлықпен ол, данышпан адамдардың бəрі
де бəдік екенін дəлел– деді. Егер бұрынғыша Кордье көшесінде
жалғыздықта тіршілік ете беретін болсаң, дене мүшелеріңнің қандай да
біреуінен айырыласың, яки біржолата мүрдем кетесің, деп жариялады ол
маған. Сен жарқылдақ қауымға араласуың керек, өзіңнің есіміңді атауға
жұртты дағдыландыруың қажет, ұлы адамға лайықсыз, намыс келтірерлік
кішіпейілдіктен безуің міндет деп бағдарлады ол.
Ақымақтар мұндай мінезді шəлкем-шалыстық деп атайды, – деді ол
екілене, моралистер мұндай мінезді қатты мінеп, жазғырады, мұны
берекетсіз өмір деп атайды. Адамдардың айтқаныңа құлақ қоймай-ақ,
өзімізден-өзіміз-ақ сұрап көрейікші: осының нəтижесі қандай? Мінекей сен
еңбек етудесің, сонда да, бірақ, еш уақытта ешқандай мұратқа жете
алмайсың. Ал, менің қолымнан келмейтін өнер жоқ, бəріне де шебермін,
бірақ түкке жарамайтын, жалқаудың жалқауымын, сонда да ойлаған
мұратымның бəріне жетемін, мен кимелеп, итермелеп өтіп кетемін;—
маған бəрі де жол береді; мен мақтанамын, маған бəрі де нанады; мен
борышқа батамын; оны да жұрт төлейді. Берекетсіз өмір, шыратым, бұл
тұтас бір саяси жүйе. Өзінің дəулетін сауық сайранға шашумен
шұғылданған адамның өмірі көбінесе жалдаптық саудаға айналады: ол
өзінің капиталын достарына, лəззатқа, жанашырларына, тамыртартыстарына орналастырады. Айталық, саудагер бір миллион сом дəулетін
саудаға салуға тəуекел еткен екен делік. Ол жиырма жыл бойына тыныш
ұйқы көрмейді, тамағын дұрыс ішпейді, сауық-сайран, көңіл көтеру дегенді
білмейді, ол өзінін миллионың жұмыртқаша шайқаумен болады, оны бүкіл
Еуропаны аралатып, айналымға жүргізеді; оның күні қараң, көңілсіз, онда
маза жоқ, ол адам баласы ойлап тапқан барлық əзəзілдердің билігінде;
ақыр-аяғында саудасы күйрейді де, мен өзім мұндайды бір емес, талай
байқағанмын, саудагер соқыр тиынсыз, дос-жарсыз қалады, ардақты
есімінен айырылады. Ал дүние шашқышың ісі мүлдем басқаша: ол өз
рақаты үшін ғана өмір сүреді, кедергілі шабыстардан лəззат табады. Тіпті
капиталынан айырылып қалған күнде де қазынаның алым-жиымдарын
басқарушының лауазымынан, тиімді қалыңдықтан, министр немесе елші
маңындағы орыннан дəмете алады ол. Капиталы құрығанмен оның
достары, жақсы атағы өзінде қалады, сондықтан ол үнемі ақшалы. Ол
жарқылдақ қауымның барлық серіппелерін білгіш, қайсысы тиімді болса,
сонысынан басып қалады. Кəне қалай, менің жүйем қисынды ма əлде мен
алжасып тұрмын ба? Жарқылдақ қауымның күнбе-күн ойнап жүрген
комедиясының моралі осында емес пе?
– Сен шығармаңды аяқтадың, – деді ол содан əрмен қарай, біраз
үндемей тұрғаннан кейін, сенде орасан зор дарын бар. Демек, сен менің
бастау алған жерімнен бастауың керек. Енді сен өзіңнің табысқа жетуіңді
өзің қамтамасыз етуің керек, ең дұрысы сол сен əр алуан үйірмелермен
одақ жасағайсың, көк мылжың бөспелерді өзіңе қаратып алғайсың. Мен де
сенің данқыңа ортақтасқым келетіндіктен, сенің тəжіңе тағатын, гауһардың
зергерлігі міндетін алайын... Болар істің басы деп ертең кешкілік осы араға
кел мен сені бүкіл Париж, біздің Париж, жарқылдақ қауым
арыстандарының Парижі, миллиондаған дəулеті барлардың, атақтылардың
Парижі жиналатын, ең арғысы, əр сөзі мыңға баланатын адамдардың бас
қосатын үйіне енгізейін. Егер осы мырзалар қандай да бірер кітапты
мақұлдаса, ол кітап сəнге айналады; егер кітап шыныңда да жақсы болып
шықса, онда олар, өздері де сезбестен, оған данышпандық патентін бергені.
Егер ақылдан құралақан болмасаң, қалқатайым, сенің "Теорияңның"
бақыты өз қолында, тек бақыттың теориясын жақсылап ұғып алуың ғана
керек. Ертең кешке сен сымбатты жұрт алдында сəнге айналған əйелді
графиня Теодораны көресің.
– Ол туралы əсте есіткен емеспін...
– Беу көпір-ай, Растиньяк сақ-сақ күлді. Теодораны білмегенің! Ойбайау, оған үйленуге де болады, оның жыл сайын сексен мың ливр кіріс
кіргізетін дəулеті бар, ол ешкімді жақсы көрмейді, бəлкім, оны да ешкім
жақсы көрмейтін шығар! Өзінше бір жұмбақ əйел, Париждің шала орыс
падишасы, орыстың шала париждік аруы! Баспадан шықпайтын
романтикалық шығармалардың бəрі осы əйелдің салоныңда басылады,
бүкіл Париждегі ең сұлу əйел, нағыз, арбағыш əйел! Жоқ, сен тіпті көпір да
емессің, сен кəпір мен айуанның екі ортасындағы бірдеңесің ғой, тегі... қош
боп тұр, ертеңге дейін!
Ол башпайының ұшымен бір айналып шықты да, жауабын күтпестен,
есі бар адам Теодораға таныстыруды тілемеуі мүмкін деген пікірді ойына
да жолатпастан, дереу ғайып болды. Əйел есімінің сыйқырлы өктемдігін не
деп түсіндіруге болады? Бейне бір сүйіспеншілік келісімін жасағалы
ниеттенген қылмысты пікір сияқты, Теодора жөніндегі ой менің қыр
соңымнан қалмайтын болды. Əлдеқандай бір үн: "Сен Теодораға баруың
керек" дегенді құлағыма сыбырлай берді. Мен бұл үнмен қанша күрессем
де, өтірік айтып тұрсың деп оған қанша ақырсам да, үн жаңағы Теодора
деген жалғыз есіммен менің барлық дəлелдерімді күйрете берді.
Апыр-ау осы есім, осы əйел менің барлық тілектерімнің символы емес
пе еді, менің өмірімнің мақсаты болмап па еді? Осы бір ғана есімнің өзінен
менің қиялымда жарқылдақ қауымның жасанды сəулеті қайта тірілді,
Париждің мəртебелі қоғамының мерекелік оттары жайнады, салтанатты
өмір əбігерінің оқа-шашағы жарқырады. Мені елірткен құмарлықтың
барлық мəселелері тоғысқан əйел көз алдымда елестеді. Жоқ, бəлкім, əйел
емес, есім емес, мені қайтадан аздыру үшін менің барлық кінараттарым
жан сезімімде қайта тірілген шығар? Ғашық жарсыз Париждің аздырғыш
қуларына бой бермейтін дəулетті графиня Теодора, менің үміттерімнің,
менің елестерімнің тұлғасы осы емес пе? Мен осы əйелдің бейнесін
туғыздым, өз пікірімде оны суреттедім, оны арман еттім, көз алдыма
елестеттім. Түн баласына ұйқы көргенім жоқ, қиялымда мен оның ғашық
жары болдым, аз уақыттың ішінде тұтас бір өмірді, махаббат өмірін
қамтыдым, осындай өмірдің өртті лəззатын молынан таттым. Ертеңіне таң
атысымен, кешке дейін күтудің ұзақ азабына төзе алмай, ештеңе де
ойламай, қалай да уақытты өткізу үшін кітапханадан роман алып оқи
бердім. Теодораның есімі менің ішімде алыстан естілетін, өзіңізді
үрейлендірмегенмен, құлақ тігуіңізге мəжбүр ететін үн сияқты
жаңғырықты да тұрды. Абырой болғанда, менде əп-əдемі қара фрак жəне ақ
жилет сақтаулы еді, сонсоң барлық дəулетімнен отыз франк қалған-ды, мен
бұларды үстелдің жəшіктеріне, комодтағы іш киімдерімнің арасына бөліпбөліп тығып тастаған едім, ондағы ойым: жүз су мөлшеріндегі теңгелік пен
өзімнің қиялымның екі арасына іскекті сымнан қоршау қойып алып, содан
кейін ал іздеу, бөлменің ішін айнала шарлап жүріп əлдеқалай
кездейсоқтықпен үстінен шығып қалып, əрең тауып алатындай болу.
Киінерде мен өзімнің қазыналарымды бұрқыраған көп қағаздардың ішінен
қуалай іздестіремін. Əрине, теңгеліктер өте сирек кездеседі. Перчатка
алуға, фиакр жалдауға қанша көп қаражатым ұрланғаның сен осыдан-ақ
жорамалдауыңа болады, олар менің бір айлық нанымды жеп қоятын.
Шіркін, нəпсі тілегін өтеуге келгенде, бізден қашан да болса ақша табыла
береді ғой, тек пайдалы, қажетті нəрселердің бағасы жөнінде ғана
таласамыз ғой біз. Биші əйелдерге біз алтынды санамастан лақтырамыз да,
үйінің іші ашытып үміттене күтіп отырған жұмысшымен сəл нəрсеге
саудаласамыз-ау. Нарқы жүз франк тұратын фрак киініп, таяғының алтын
шүйдесіне гауһар тас орнатқан талай мырзалар жиырма бес судың тамағын
ішіп жүрген жоқ па? Атақ құмарлық сезімін қанағаттандыру үшін, сірə,
қымбат баға жоқ болса керек.
Уəдесіне əрдайым берік Растиньяк мені көргенде күлім қақты, менің
кенет өзгергенімді келеке де етті, алайда өзінің мейірімді мінезі бойынша
жол-жөнекей маған графиняның алдында өзімді қалай ұстауым керектігі
жөнінде бірсыпыра ілім үйретті; оның айтуынша, бұл əйел сараң,
атаққұмар, кісіге сенбейтін адам екен, бірақ сараң болғанмен сəулеттен құр
емес; атаққұмар болғанмен қара дүрсін кішіпейілдіктен құр емес; кісіге
сенбейтін секемшіл мінезді болғанмен мейірімді жан сезімдерінен құр емес
көрінеді.
–Менің міндеттемелерім саған мəлім, – деді Растиньяк, махаббатым
түскен жаннан безсем, қаншалық көп зиян көретінімді де білесің. Мен
Теодораны бейтарап қалыстықпен, сабырлы салқын қанмен байсалды
түрде бақылағанмын, сондықтан менің мінездемем əділ болуға тиіс. Менің
сені оған таныстыруға ойланғандағы бірден-бір себебім саған бақыт
тілегендіктен. Сонымен, сен өзіңнің əрбір сөзіңді қатты аңды; оның ойы
өткір, жадым, қатыгез, ол дипломатты да састырарлықтай айлакер,
дипломаттың қай уақытта шының айтып тұрғаның ол əрдайым анық тани
біледі. Екеумізден басқа ешкім білмесін, менің түсінуімше, оның
некелесуін император қабылдамаса керек, əйтеуір мен осы əйел туралы
айта бастағанда, орыс елшісі мырс етіп күліп жібергені тегін болмаса
керек. Елші мұны қабылдамайды, Булон орманыңда кездестіре қалса,
болар-болмас қана бас изейді. Алайда бұл əйел де Серизи ханыммен
жақын, де Нусинген, де Ресто ханымдардың үйлеріне жиі барып тұрады,
Францияда оның абырой-атағына дақ түскен жоқ. Бонапартшылар
үйірмесіндегі нағыз сылқым əйел, маршалдың жамағаты, герцогиня де
Карильяно жаз айларын Теодораның орам-жайында жиі-жиі тынытады.
Көптеген жас серілер, тіпті Францияның бір пəрінің баласы да өздерінің
есімдерін, оның дəулетіне айырбасқа салуды яғни оған үйленуді ұсынған
еді, ол сыпайы əдептілікпен бұл ұсыныстардың бірін де қабылдамай, бас
тартты. Мүмкін, граф атағынан төменгіні ол менсінбейтін де шығар. Сен
маркиз емессің бе?! Егер ол саған ұнаса, іркілмей батыл алға ұмтыл! Мен
нұсқау беру деп осыны айтамын.
Растиньяктың қалжыңы мені келеке етіп əдейі қызықтыру үшін, сөйтіп
ерегістіре түсу үшін айтып отыр-ау деген ой туғызды, сондықтан менің
қиялымдағы құмарлық, құштарлық сезімі шын мəнісінде асқынған дертке
айналған деп еді, міне дəл осы арада біз, ақыр-аяғыңда, гүлдермен
зейнеттелген сыртқы басқыш алдына кеп тоқтадық. Кілем төселген жалпақ
баспалдақпен жоғары көтеріліп келе жатқанымызда-ақ ағылшындық сəнсалтанатының барлық сəулеті ерекше көзге түсті, менің жүрегім аттай
тулап, өзім бір қызарып, бір бозарып, бүкіл ата-тегім үшін, өзімнің барлық
сезімдерім үшін ұялдым, өзімнің тəкаппарлығымды ұмытып, бір есалаң
тоғышар кейпіне түскеніме қорландым. Əттеген-ай, мен үш жылғы ұдайы
жоқшылықтан кейін мансардан түсіп, сəулетті ортаға келдім ғой, ғылым
бізді саяси күреске күн ілгері əзірлейтіндіктен, өкімет билігі ешбір
мүшемізді күйретпестен қолымызға тие қалған мезетте өзімізді байытатын,
дəулетті ететін қазыналарымызды, үш жылғы қажырлы еңбек арқылы ие
болған орасан зор ақыл капиталын тұрмыстың ұсақ-түйектерінен жоғары
қоюды мен əлі үйреніп жетпеген екем деп өкіндім. Үйге кірісімен жасы
жиырма екілер шамасындағы, үстіне ақ киім киінген, қолында қауырсын
желпуіші бар, еркектердің ортасында отырған орта бойлы жас əйелді
көрдім. Растиньяктің келгенін байқап, ол орнынан түрегелді де, бізге қарсы
жүрді, жайдары күлімдеп, сүйкімді дауыспен, сөз жоқ, күн ілгері əзірленіп
қойған қошемет сөзін маған арнады; ортақ досымыз менің дарынды адам
екенімді жариялағандықтан оның ептілігі, гаскондықтарта хас өзіне-өзі
деген сенімі арқасында менің құрметпен қабыл алынуым қамтамасыз
етілді. Мен жұрттың ерекше назар аударған кісісі болдым, бұл ілтипат мені
абыржытты да, бірақ, абырой болғанда, Растиньяктің сөзінен
мұндағылардың бəрі де менің қарапайым кішіпейіл екенімді біліп алған.
Мен мұнда "оқымыстыларды, əдебиетшілерді, қызметтен босатылған
министрлерді, Францияның пəрлерін кездестірдім. Мен келгеннен кейін
көп кешікпей, əңгіме қайтадан басталды; атағыма сай болуым керек екенін
сезіп, мен өзімді-өзім қолға алдым да, маған сөз берілген кезде, қауымның
ілтипатына қиянат етпестен, аз ба, көп пе, өткір тілді, терең мағыналы,
ұшқыр ойлы сөздермен егесті қорытындылауға тырысып бақтым. Менің
мұным сондағы жұртта əжептəуір əсер туғызды. Растиньяк өз өмірінде
мыңыншы рет пайғамбар болып шықты. Халық көп жиналып, əркімдер
еркінсуге айналған кезде қамқоршым мені қолтықтай жөнелді де, екеуіміз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 09
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.