Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 07

Total number of words is 3981
Total number of unique words is 2433
27.9 of words are in the 2000 most common words
40.6 of words are in the 5000 most common words
47.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кейін он айдап соң əкем қайғының құсалығынан қайтыс болды: ол мені
тəңірі тұтып, əлпештеймін деп жүріп, жұрдай ғып жұтатып кетті. Оны
келтірген де осы жөніндегі ауыр ой. 1826 жылғы күздің аяқ кезінде,
жиырма екі жасар күнімде, жападан-жалғыз өзім ең бірінші досымның өз
əкемнің табытын ақырғы сапарға ұзаттым. Жалғыз өзінен, жалаң айынан
басқа ешкімі жоқ, Парижде қаңғырып қалған қаражатсыз, болашақсыз жас
жігіттің өлік табыты артынан ілесіп бара жатқаны кемде-кем-ақ шығар.
Жанашыр қоғамның тəрбиесіндегі жетімдердің ең құрығанда күрес
майданы сынды болашағы, үкімет сынды немесе корольдің прокуроры
сынды əкесі, мейірімхана сынды панасы бар ғой. Ал менде түк жоқ! Үш
айдан кейін делдал маған əкемнің дүние-мүлкін сатқаннан қалған небəрі
бір мың екі жүз жиырма франк əкеліп, қолыма ұстатты. Аласысы бар
адамдар мені үй мүлкімді сатуға мəжбүр етті. Жастайымнан маңайымдағы
зейнет мүліктерін жоғары бағалауға əдет алып кеткен сорлы басым, ең
дəулеттің мұншама жұпыны сарқыншағын көргенде, таңданбай да қалған
жоқпын.
– Несін айтасың, бəрі əншейін сілімтік екен! – деді делдал
Осы жексұрын сөзден балалық шағымның барлық нанымдары түршікті,
алданыштарымның ең алғашқылары, нағыз қымбаттылары біржолата
күйреді. Ендігі менің бар дəулетім сатылған бұйымдардың тізімі ғана,
менің бүкіл болашағым мың бір жүз жиырма франк ақша салынған кенеп
дорба, маған деген қоғам өкілі басынан қалпағын да алмастан сөйлесіп
тұрған жалғыз делдал ғана болды... Мені жаныңдай сүйіп мəпелеген
қызметшіміз Ионафанға бір кезде менің анам жылына төрт жүз франктен
өмірбақи пенсия тағайындап кеткен екен. Сол Ионафан, менің жас кезімде
жиі-жиі күймелі арбамен серуенге шығатын үйімнен біржолата кетіп бара
жатып:
– Тақсыр, өте ұқыпты болыңыз! – деді. Өзі еңіреп жылап тұр, мейірбан
байғұс.
– Сүйіктім Эмиль, менің тағдырымды талқандап, жан жүйемді
жасытып, жастайымнан əлеуметтік жəбірлі жайға түсірген жексұрын
оқиғалар осылар, – деді Рафаэль біраз тұнжырап отырғаннан кейін
əңгімесін соза түсіп. Алыс-беріс арқауымыз əлсіздеу болса да, туысы
жақын дəулетті ағайындарымыз бар еді; менен жиреніп, немкетті қарап,
есіктерін тарс жаба қоймаған күнде де, бұларға жалынуға өзім де
намыстанар ем. Беделі аса күшті, жатқа қамқорлық жасауға құлшына
түсетін мəртебелі адамдардың туысы болсам да, мен ағайын-туысқансыз,
қамқоршысыз қалдым. Қасіретін төгуді аңсаған жан жүйем, үнемі
кедергілерге кездесе бергендіктен, ақырында, өзімен-өзі ғана мұңдасатын
болды. Бұрын ашық мінезді, турашыл болсам, енді тұнжыраңқы, тұйық
болып көрінуге тиіс болдым; əкемнің қаталдығы мені өзіме деген сенім
атаулыдан да бездірген екен; мен жасқаншақ, икемсіз болып қалдым, тұла
бойымда ешқандай күш қалмағандай сезіндім, өзіме өзім жексұрын
көріндім, өзімді-өзім зағып деп есептедім, жұртың бəріне қараудан қалдым.
Дарынды адамдардың ішкі жан-жүйесінде оны күресте қуаттап жебейтін
қасиетті үн болады ғой, сондай үн маған да: "Батылырақ! Алға!'" деп
айқайлайтын. Осы ішкі үнге қарамастан, жалғыздығымда қуат-қайраттың
тұтқиылдан пайда болатыныңа да қарамастан, жана авторлардың
жұртшылықты таңдандырған шығармаларын өз қиялымдағы елестермен
салыстырған кезімде шабыттандыратын жалынды үміттеріме де
қарамастан, мен, жас баладай кібіртіктеп, өз күшіме сене алмай қалдым.
Мен шамадан тыс намыскерліктің құрбаны болдым, өзімді ұлы істер үшін
туғанмын деп жорушы едім, енді бишаралықта күн кешіп жүрдім. Мен
адамдармен араласуға ынтықтым, бірақ ешқандай дос-жараным болмады.
Жарқылдақ қауымға ену үшін өзіме-өзім жол ашуым керек еді, бірақ
қорқақтығымнан емес, ұялшақтығымнан ол тəуекелге батылым бармай,
жалғыздықта қапа болдым. Əкем үлкен қауымның серілік думаныңа
киліктірген сол бір жылдың ішінде мен отан кіршіксіз таза жүрек,
уылжыған жайдары жан сезіміммен кіріп едім. Барлық бозбалалар сияқты,
мен де тамаша махаббатты аңсап, ішімнен күрсінетінмін. Құрбыларымның
арасында қуыс кеуде, құрғақ мақтаншақтар тобын кездестірдім, бұлар
танауларын шүйіріп жүретін; тантып жоқтан өзгені айтып мылжыңдайтын;
мені маңына дарытпас деп ойлаған əйелдердің жаныңа олар жасқанбай-ақ
отыра кететін; сəнді таяқтарының тұтқасын тістелей отырып, жұрттың
бəріне əдепсіз сөздер айтатын, өтірік қылымситын; тым тəуір əйелдерді
сыртынан өсек қылатын; кімнің болса да төсегіне қымсынбай бара аламыз
деп бəсетіні өздері сондай лəззаттан тойтансып, жалған пішін көрсететін;
нағыз ұстамды, нағыз ұялшақ əйелдерді бір ауыз сөзге келмей көне
салатын, сол ғана өжет тегеурінге де төтеп бере алмай, алғашқы арсыз
ойнақы көзқарастан қалмай беріле салатын оңай олжа деп қараушы еді
олар! Мен саған кіршіксіз ар-ожданыммен, жүрегімді ұстап тұрып
қалтқысыз шын сырымды айтайын: жоғарғы қауымнан шыққан жас,
ақылды жəне келбетті əйелді көндіру мен үшін билікті қолға алудан немесе
ірі əдеби атаққа ие болудан анағұрлым қиын көрінетін. Қысқасы, менің
жүрегімнің өрекпуі, менің сезімдерім, менің мұраттарым жарқылдақ
қауымның ережелеріне қабыспады. Мен батыл едім, бірақ менің
батылдығым қарым-қатынаста емес, ішімде ғана болатын-ды. Əйелдердің
махаббатта жалынышты ұнатпайтының кейін аңғардым; мен көптеген
əйелдерге сырттан, алыстан ғашық боп жүрдім: олар үшін өз жүрегімді
қандай сынға болса да көндіретіндей едім, жанымды қандай азапқа болса
да тосардай едім, ешқандай құрбандықтан, қайғы-қасіреттен тайсалмай,
барлық күшімді сарп етердей едім, ал олардың таңдап сүйгендері менің
есігімді күзетуге жарамайтын ақымақтар екен! Балға барғанда, өзім, арман
еткендей небір тамаша əйелдерге құмартып, көз ала алмай, үнсіз-тілсіз
талай мөлиіп тұрушы едім; өмірімді ой жүзінде мəңгі еркелікке бағыштай
отырып, мен барлық үмітімді жалаң көз жанарым арқылы білдіруші едім,
алданышқа қарсы лаққан жастық махаббатымды оған сұқтана ұсынғандай
болушы едім. Кейбір сəттерде мен өзімнің бүкіл өмірімді жалғыз түнге
айырбастап жіберердей едім. Ал бұдан не шықты? Өзімнің ынтыққан жан
сырымды тыңдайтын құлақ, көңілімді жай тапқызатын көзқарас, жүрегіме
сай жүрек таба алмай, əлде батылдығымның жеткіліксіздігінен бе, əлде
кезеңі келмегендіктен бе, əлде өзімнің тəжірибесіз тоғышарлығымнан ба,
əйтеуір өзін-өзі жегідей жеген əлсіз жігердің барлық азабын бастан кешіріп
жүрдім. Бəлкім менің жан сырымды ешкім түсінбес, деп, бар үміттен күдер
үзген шығармын немесе менің жан сырымды біреу-міреу тым асыра, артық
ұғынып қалар деп қорыққан шығармын. Қалай болғанда да бөгде арудың
маған арналған алғашқы сүйкімді көз қиығынан-ақ жан жүйем дауылдай
ұйтқитын. Сыртқы сипатында икемді рай білдірген бұл көзқарасты немесе
жылы лебізді елжіреген нəзік сезімнің қабыл алған шақыруы шығар деп
жорамалдауға əзір тұрғаныма қарамастан, соның өзінде не тіл қатуға да
немесе сөзді дер кезінде тоқтата қоюға да батылдығым жетпейтін. Сезімнің
тасып төгілген күштілігінен менің сөздерім түкке тұрғысыз болып
шығатын да, үндемегенім одан да ебедейсіз тонмойындыққа ұқсайтын.
Əлбетте, көрініс үшін ғана өмір сүретін, өз пікірлерін ишаралы мақамдар
арқылы тана білдіретін немесе сəнге айналған жаттанды сөздер арқылы
ғана білдіретін жасанды қауым алдында мен тым аңқау едім. Оның үстіне
мен мағынасыз көп сөзділікке де, өте мағыналы үнсіздікке де мен мүлде
қабілетсіз болып шықтым. Қысқасы, мен тұла бойымды жандырған жастық
жалынымды іште сақтасам да, əдетте əйелдердің іздеп таба алмайтын нəзік
жан сезімі менің көкірегімді кернеп жүрсе де, менің мінезім əйелдер
құмартатындай шамадан тыс шат-шадыман, жайдары болса да, мен кейбір
есуастар мақтан ететін қайрат-жігерге толы болсам да, əйтеуір əйелдердің
бəрі маған келгенде, тым қатал болды. Міне сондықтан да мен өзіммен
достық сыр айтысқанда жігіттердің өз жеңістері туралы көкіген сөздеріне
аңғырттықпен сүйсінуші едім, оларды өтірік айтады-ау деп əсте
күмəнданбайтынмын. Əрине, мұндай ортада жүріп, шынайы сезімге
ұшырасамын деп үміттенуім, жеңіл мінезді, қуыс кеуде сəн-салтанатқа
құмар, жарқылдақ қауымның сергелдеңіне мас, əйелдердің жүрегінен күшті
жəне терең ынтызарлық табамын деп үміттенуім, менің жүрегімдегі ұшықиыры жоқ ынтызарлықты, сондағы толқыны тулаған махаббат мұхитын
табамын ба деп дəмеленуім қателік еді. Əттеген-ай, өзіңнің сүйіспеншілік
үшін туғаныңды, қандай да бір əйелді бақытты ете алатыныңды сезіне
тұрып, жұбай таппау, тым болмаса өжет те ізгі мінезді Марселинаны72, тым
болмаса қайдағы бір кəрі маркизаны да кездестіре алмау неткен сұмдық
десеңізші! Көтеріп келе жатқан қоржын толы қазынаңа қызығарлық бірдебір бөбек, бірде-бір əуесқой қыз кездессейші! Түңіліп торыққан кейбір
кездерімде мен талай рет өзімді-өзім өлтірмекке де оқталдым.
– Қандай қайғылы кеш болды бүгін? – деп қалды Эмиль.
– Түу, менің өз өмірімді айыптауыма бөгет болмашы! – деді Рафаэль
кейін. Егер менің мұңымды тыңдауға сенің достығыңның қуаты жетпесе,
егер сен мен үшін жарты сағат зеріге алмасаң, онда ұйықтай бер! Бірақ
олай болса менің неге өзімді-өзім өлтіргім келетінін сұрама: ажал маған
ренжіп, көз алдымда көлеңдеп жүр, мені өзіне шақырады, мен де оны
құттықтап қарсы аламын. Адам жөнінде пікір айту үшін, ең болмаса, оның
ақыл-ойының құпия қоймаларына, азап-қайғысына, жан сезімінің
күйзелісін үңілу қажет. Оның өмірінің тек сырт құбылыстарымен ғана
шұғылдану шежірелер кестесін жасағанмен, есуастықтардың талабы мен
талғамына лайықтап тарих жазғанмен бірдей.
Рафаэль үніндегі күйініш Эмильді қайран қалдырғандықтан,
жаутаңдаған екі көзін Рафаэльден аудармай, оның аузына қарап қалды.
– Бірақ қазір, – деді əңгімеші, – Бұл уақиғалардың бəрі басқаша пішінде
көрінеді. Бұрын бақытсыздық деп қараған жайттарым, бəлкім, менде
тамаша қабілеттер өршітсе керек, кейіннен осы қабілеттеріме масаттанып
та жүрдім. Сіздің айтуыңызша, егер осы сөзіңізге нанатын болсақ, мен
өзімнің идеяларымды шеберлікпен сипаттай білетін сияқтымын жəне
адамзат білімінің ұлан-асыр кең жазирасында сондайлық жеңіл адымдап
алға басатын сияқтымын; осының бəрі философиялық білмекке
құмарлығымның,
еңбекке
төтенше
қабілеттілігімнің,
оқуға
ынталылығымның, қысқасы, жеті жасар кезімнен бастап жарқылдық
қауымның табалдырығын алғаш аттаған кезіме дейінгі өмірімнің өрісі
болған осындай қасиеттерімнің арқасы емес пе екен? Жалғыздық зарын
тартқандығым, өзімдегі сезімдерді булықтырып, іштен тына өмір сүруге
дағдыланғаным менің салыстыру жəне ойластыру қабілеттерімді дамытқан
осылар емес пе? Қауымның өміріндегі əбігерліктер тіпті аса тамаша
жандардың да құның кетіріп қайдағы бір сорлыға айналдырады ғой, менің
сезімталдығым осы əбігерлік ішінде адаспай, өзімен-өзі орайлас сыр мінез
болып алғаны сонша ол құмарлықты аңсағаннан гөрі, одан анағұрлым
асқақ ерік-жігердің жетілген бір мүшесіне айналған жоқ па? Əйелдер мені
менсінбегендіктен, оларды тойтарысқа ұшыраған сəтсіз махаббаттың
көрегеншіл қырағылығымен ұзақ бақылағаным əлі есімде. Менің айласыз
адалдығым еш əйелді өзіне тартпағаның мен енді ғана түсіндім.
Əйелдердің алдында сол сұрқиялау болу керек екен, солай емес пе? Бір
сағаттың ішінде мен сан құбылып, біресе ересек ер кісі, біресе нəресте,
біресе надан, біресе ойшыл, біресе ескі нанымдардан ада, бірақ
ырымдылыққа берілген болуым мүмкін; кей кезде əйелдердің өздерінен
гөрі де нəзік жанды, бола қаламын ал солай болған соң, менің
аңқаулығымды залымдық деп, пікірлерімнің кіршіксіз тазалығының өзін
азғындық деп есептеулеріне негіз жоқ па еді? Менің оқымыстылығым
олардың көз алдында, кісіні жалықтыратын көңілсіздік қыз мінезді
биязылығым дəрменсіздік болып көрінуші еді. Менің қиялымның төтенше
шапшандығы, ақындардың осы бір бақытсыздық қасиеті, сөз жоқ, мені
терең сезімге қабілеті жоқ, тұрақсыз, ынжық деп есептеуге ырық беретін
секілді. Үндемей отырсам миғұла болып көрінемін де, əйелдерге ұнайын
деген талабыммен оларды үркітіп алатын болсам керек, əйелдер менен
азарда-безер болатын. Қауымның қатал үкімі көзімнен қанды жасымды
талай ағызды. Бірақ бұл сын жеміс те берді. Мен қоғамнан кек алуға бел
байладым, əйелдердің бəрінің жан сезімін билеп, баурап алуға, олардың
ақыл-ойын өзіме бағындырып алуға ұйғардым. Салонный есігі алдында
дəйекші менің есімімді атап, келгендігімді білдіргенде, жұрттың бəрі маған
жалт қарап, көз тігетіндей еткім келді. Мен бала кезімнен-ақ ұлы адам
болуға дайындалдым, өз маңдайымды өзім шертіп, Андре Шенье сияқты,
"мынада бірдеңе бар!" деуші едім. Мен бойымда дамытарлық ой,
дəлелдеуге лайықты жүйе, айтып бере аларлық білім дарыны барын
болжайтын сияқты едім. Ой, бауырым Эмиль, енді міне, жиырма алты
жасқа келген шағымда, арманымдағы əйелдің ғашық жары бола алмай,
атаусыз өлетініме көзім жеткен шағымда, өзімнің есуастық істерім туралы
баяндауыма рұқсат ет! Біздің қай-қайсымыз, азды-көпті дəрежеде, өзіміздің
тілегімізді өмірдегі шындық болмыс деп ұқпадық дейсіз? Беу, өз қиялында
түлден венок тоқымаған, өзіне мəрмəр тастан тұғыр қаламаған, көңілшек
ашыналар қауымында лəззат алмаған жас жігітті мен өзіме дос еткім
келмес еді! Мен өз қиялымда жиі-жиі генерал, император да болушы едім;
Байрон да болушы едім, ақырында ешкім де болмадым. Адамзат даңқының
шыңында асыр салып жүріп, асқар тау, надан қиыншылықтың бəрі
алдымда екенін байқаушы едім. Ішімде қайнаған осы шексіз менмендік,
өзімнің талабыма деген тамаша сенім осының бəрі мені аман сақтап қалды;
жанасып кеткен қойдың жабатысын бұтаның тікенектері оп-оңай жұлып
алып қалады ғой, егер адам да өзінің жаның тұрмыстың ұсақ-түйектері
осылай оп-оңай парша-парша етуіне жол бермесе, оны кейде данышпан да
ететін тамаша сенім еді бұл мен өзімді даңққа бөлеуге бел байладым,
болашақ ғашық жарыма бола тыныштықта енбек етуге ұйғардым. Əйел
атаулының бəрі мен үшін бір ғана əйелде тұрғандай көрінді де, алғашқы
кездескен ұрғашыны мен нақ сол əйелдің өзі болар деп үміттендім: мен
əрбір əйелді падиша деп білдім, сондықтан өзінің ашыналарына қарай
алғашқы қадамды падишаның өзі жасайтын болғандықтан, менің падишам
да мына момын мен бейбаққа қарай өзі келуге тиіс деп ойладым. Ой, мені
есіркеген əйел заты үшін менің жүрегімнен, махаббатпен қатар, алтыстың
да мол табылатыны соншалық, мен оны өмір бойына тəңіріме балар едім!
Бертін келе бұл бақылауларым маған қатыгез ақиқатты ашып берді.
Сондықтан мен, қымбатты Эмиль, мəңгібақи жалғыздыққа душар болу
қатеріне киліктім. Əйелдер өз ақылдарының əлде бір ерекше қалыптасуы
салдарынан, əдетте дарынды адамның бойынан оның тек олқы жақтарын
тез көреді де, ақымақтың тек жақсы қасиеттерін ғана көреді; əйелдердің
ондай ақымақтарға көбірек аңсары ауады, өйткені ақымақтың қасиеттері
əйелдердің өз бастарындағы ақау кінəраттарына жел береді, ал əйелдердің
өздерінен ақылы жоғары, дарыны мол еркектің оларға беретін бақыты
əйелдердің бұл жетімсіздігінің орның толтыра алмайды. Дарын дегеніміз
бұл кезектесіп келетін безгек, сондықтан оның ауыртпалығын көтеруге
əйелдердің ықыласы жоқ, олардың бəрі де өз ашыналарына өздерінің
арамза атақ құмарлығын қанағаттандырудың құралы деп қана қарайды.
Өздерін-өздері сүю міне еркекті сүйгендегі махаббат əйелдерге осы үшін
керек! Ал əйтпесе кедей адамда, өнер туғызуға қабілетті тəқаппар суретінде
өзін-өзі сүю намысы жоқ па? Оның айналасының бəрі құйындай ұйытқыған
пікір, ол айналасындаты адамдардың бəрін, тіпті өзінің ашынасын да сол
құйынның тозанымен тұмшалайды, сонда жұрттың бəрі өзіне табынып
қалған əйел осындай адамның махаббатына сене алар ма еді? Мұндай
адамды ол іздер ме? Мұндай еркектің диванда шалқалап жатып назды
еркелікпен айналысуға уақыты жоқ, ал əйелдер осындай ерке-назды өте
жақсы көреді жəне ондайға суайт, сезімсіз еркектер шебер келеді.
Дарынды адамның енбек етуіне уақыты жетпей жатқанда, ол əсте
орынсыз жайраңға, салдық кербездікке уақыт өткізіп тұрар ма? Мен
емірімді түгелдей құрбан етуге өзір едім, бірақ оны ұсақтап, арзанға
айырбастай алмас едім. Қысқасы, қайдағы бір сылан қаққан қылмақайдың
тапсырмаларын орындайтын биржа делдалының жарамсақтығы суретшіте
жат. Кедей де болса ұлы адамға жартықеш махаббат жеткіліксіз, ол
түгелдей құрбандықты талап етеді. Бүкіл өмірін тал бойына кашемир
шарқатты телумен өткізіп, өзігі сəнді бұйымдар ілетін адалбақанға
айналдырған болмашы адамдарда өзін-өзі құрбан ету деген болмас болар,
олар өзін-өзі құрбан етуді өзгеден талап етеді, олар махаббаттан табынудың
емес, талапшыл өктемдіктің лəззатын іздейді. Задында зайыптыққа
жаратылған жан ғана, өзінің өмірін, қуатын, даңқын, бақытын күйеуімде
деп есептейтін шынайы зайып қана соның соңынан көнгіштікпен ерер
болар. Дарынды адамдарта шығыс əйелдері керек, бұлардың бірден-бір
мақсаты күйеуі тілектерінің алдын алып, солардың қапы жібермеу, неге
десеңіз оның арманы мен сол арманды жүзеге асыру мүмкіндігі
арасындағы алшақтық ол үшін үлкен бақытсыздық болып табылмақ. Ал
мен, өзімді данышпан деп есептегендіктен, дəл манағы сəнқойларға құштар
едім! Жалпы қағидаларға мүлдем қиғаш келетін соншалық қарама-қарсы
идеяларды баста пісіре жүріп; аспанта баспалдақсыз тұтқиыл шабуыл
жасағалы жүріп; өтімі жоқ қазынаға ие бола отырып: зейінімде сабығын
салғанмен əлі, жүйеге келмеген, сондықтан əлі өзім де терең меңгеріп бола
алмай жүрген білімдермен қарулана жүріп; қасымда туыстарым да жоқ,
достарым да жоқ, зəре кетірерлік жапантүз шөлейтте, шөлейт болғанда да
тас төселген, жаны бар, есі бар, ойлай алатын нағыз құла дүзде, жұртының
бəрі сізге жау, ол тұрмақ бəрі сізге немқұрайлы қарайтын шөлейтте
жападан-жалтыз жүріп, есуастау болса да əбден табиғи бір шешім
қабылдадым; ол шешімде мүмкін болмастық əлде нендей бірдеңе бар еді,
осының өзі маған қайрат берді. Мен, бейне бір өзіммен-өзім бəс тігіскен
кісі болдым, бəстесуші де өзім, бəске тіккен аманат та өзім болдым. Менің
жоспарым мынадай еді. Бір мың бір жүз франк менің үш жыл өмір сүруіме
жететін болуға тиіс, өзіме-өзім тағайындаған осы мерзімде мен
жұртшылықтың назарын аударатын шығарманы жарыққа шығаруға тиіспін,
осының арқасында мен дəулетке немесе үлкен атаққа ие болуға тиіспін.
Фивы дуаналары сияқты, тек қана нан мен сүтті көрек етіп, думанды
Парижде кітаптар мен идеялар дүниесіне, жұрттың қолы жетпейтін, еңбек
пен үнсіздік аймағына сүңгімекпін; көбелектің құртындай, сəулетке, даңққа
бөлене қайта тірілетіндей болып, өзімді-өзім табытқа салмақпын:осы
пікірлерімнің бəрі мені қатты қуантты. Өмір сүру үшін сол өмірді
құрбандыққа шалуға тура келді. Өмір сүруге керек болатын ең зəру
қажеттерімді өтеумен тана қанағаттана отырып, мен мейлінше қара дүрсін
тіршілік үшін жылына үш жүз алпыс франк əбден жетеді-ау деп таптым.
Осындай шын мəнісіндегі монастырь ережесін мүлтіксіз қолданып
отыртанымда, бұл болмашы сома шыныңда да менің тіршілік етуіме əбден
жеткілікті болды.
– Бұл мүмкін емес қой! – деді Эмиль дауыс көтеріп.
– Мен осылайша үш жылдай өмір сүрдім, – деп Рафаэль бір түрлі
масаттана, жауап берді. Қане, есептеп көрейік? Үш су73 нан, екі су сүт, үш
су шұжық; аштан өле қомайсын, бірақ рухың бір ерекше айқын күйде.
Маған нануына əбден болады, мен тағам түрінің қиялға қандай керемет
əсер ететінін өз тəжірибемде сынадым. Пəтерге күніне үш су төледім,
түніңе үш судың майын жақтым, бөлменің ішін өзім сыпырып
жинастырамын, кір жуушыға күніне екі судан артық жұмсау үшін
фланельден көйлек кидім. Пешке тас көмір жақтым, мұның құны жыл
ішіндегі күн саныңа бөлгенде күніне екі судан əсте артпайтын. Сырт
киімім, іш киімім, аяқ киімім үш жылға жетуге тиіс еді, өйткені мен
көпшілікке арналған лекцияға немесе кітапханаға барарда ғана киінуге
ұйғардым. Осының бəрі бас-аяғын жиып-тергенде он сегіз су болды, сонда
болжаусыз шығындар үшін маған тағы да екі су қалатын. Жұмыс істеген
осы ұзақ дəуірімнің ішінде Өнер көпірінен өткенім74 немесе ішермендік
сусын сатып алтаным тіпті есімде жоқ. Шермендік су алу үшін күнде
ертеңгілік Грэ көшесінің мүнісіндегі Сен-Мишель алаңындаты фонтанға
барамын. Оу, мен өзімнің кедейлігіме асқақ өркеуделікпен төтеп бердім.
Кімде-кім тамаша болашағын болжай алса, кінəсыздың жазаға іркілмей
мойынсұнғаныңдай, қайыршылық өмірді қиналмай өткізеді, оған оның
ешқандай ұяттығы жоқ. Науқастың болатының болжағым келмеді. Акилина
тəрізді, мен де аурухана жөнінде байсалдылықпен ойлайтынмын. Өзімнің
сəлəметтігім туралы мен бір минут та шүбə келтірген емеспін. Айтпақшы,
кедейдін өлер алдында ғана төсек тартып жатуға хақысы бар ғой. Мен
шашымды да тықырлап алғызып жүрдім, қашан махаббат пен мейірімділік
періштесі... Əйтсе де уақиғалардың алдын орамайын, оларға өзіміз де көп
кешікпей жетеміз ғой. Тек мынаны байқа, сүйкімді досым, менің сүйген
əйелім болмағандықтан, мен ұлы пікірмен, арманмен, алғашқы кезде өзіміз
азды-көпті сеніп келген жалған тіршілікпен өмір сүрдім. Осы күні өзімдіөзім келемеж етемін, бəлкім, қасиетті жəне əсем көрініп келген, бірақ осы
күш мұлде жойылып кеткен "менмендігімді" келекелеймін. Жақын жүріп
байқауымның арқасында біздін қоғам, қауым мінез-құлық, салт-дəстүр
дейтініміз менін бейкүнə нанымдарымның мейлінше қауіптілігін, менің
қажырлы еңбегімнің мейлінше жеміссіз екенін маған айқын көрсетіп берді.
Баққұмарға ондай сақтыққажет емес. Бақыт қуған адамның жүгі жеңіл болу
керек емес пе? Дарынды адамдардың қателігі сол олар тағдырдың
қайырымына лайық болғысы келеді де осыған өздерінің жастық шағын
сарп етеді. Шеңгелінен жылысып, суысып кете бсретін құдіреттіліктің
жүгін қиналмай көтергелі кедейлер күш пен білім жинағанша: сөзге бай,
пікірден жұрдай қулар ақымақтарды қармағына іліндіріп, аңқаулардың
ішіне кіріп алады; біреулер зерттеп жүргенде, Бұлар алға баса береді;
аналар кішіпейіл, мыналар жаужүрек; данышпан адамдар тəкаппарлығын
ішіне сақтайды, қулар онысын үнемі сыртқа жариялап, көрсетіп жүреді,
өйткені қайтсе де олар дегеніне жетуі керек. Өкімет билігіне ие
болғандарға тəн бір мінез: айрықша көзге түсетін енбекке, арсыз талантқа
нанғысы келетін қажеттілік оларда өте күшті болады демек, мұндай
қасиеттері жоқ шынайы ғалым күллі адамзаттың алтысынан дəме ететін
болса онысы балалық болар еді. Əлбетте, мен мейірбандық, ізгілік
жөніндегі жауыр болған жалпы сөзді қайталағым келіп тұрған жоқ,
танылмаған данышпандардың өмір бойы əндететін гөй-гөйін де
безілдеткелі тұрғаным жоқ; мен көбінесе тоғышар адамдардың жиі-жиі
табысқа қол жеткізуінің еебебін логиқалық жолмен айқындағым келеді. Аһ,
дариға! Ғылым дегеніңіз ақ сүтін емізген анадай мейірімді ғой, өзінің
ұлдарын ол кіршіксіз таза, сабырлы қуанышпен ғана көректендіреді ғой,
осы қуаныштардан өзге сыйлықтарды одан талап ету, бəлкім қылмыс та
болар еді. Əйнек жаныңда таза ауаны сіміре жұтып, бір түрлі шат көңілмен
сүтке нан батырып жеп отыратыным əлі есімде, осы əйнектен үйлердің
күрен, сұрғылт, қызыл, шымқай қара қаңылтырлы жəне сұрғылт немесе
жасыл мүк өскен жұқа шатырлары көрінетін. Алғашқы кезде
жаратылыстың бұл көрінісі маған көңілсіз көрінді, бірақ көп кешікпей-ақ
мен оның өзіне тəн өзгеше əсем сымбатын айқындадым. Кешкілікте
нығыздап жабылмаған терезе қақпақтарын саңылауы арасынан шашырағап
жарық сəуле кейкейде бұл ерекше дүниенің қараңғы шыңырауын
алашабырлап, жандандыра түскендей. Кей-кейде тұман арқылы төмеңгі
жақтан шамдардың солғын нұрлары өзінің сарғылт жарығын күңгірт қана
жылтыратып, жыпырлаған үй төбелерінің иірім иректерін мүлгіген
толқындар мұхитын көшелерде көмескі ғана бейнелейтін.
Оқта-текте осы тұнжыранқы шөлейтте бірді-екілі сүдіндер көріне түсіп
жоқ болатын: ауалы қайың бағының гүлдері арасынан настурций гүлдеріне
су құйып жүрген кемпірдің доғадай иіліп бүкшиген тұлғасын байқап
қалатынмын; немесе шатыр терезесінің шіріген жақтаулары арқылы, ешкім
де қарап тұрмаған шығар деп қаннен қаперсіз өзініғң бой-басын
əдемілеумен шұғылданып тұрған жас бойжеткеннің тамаша ақ мандайын,
сүйріктей сұлу саусақтарымен жоғары көтере тарқатқан қолаң шаштарын
көретінмін. Суағар қобылардағы қылтиған өсімдіктерге, кешікпей дауыл
ұшырып əкететін бейшара шөптерге қызыға сұқтанатынмын! Мүктердің
жауыннан кейін жарқырап шыға келетін, ал, күн көзінде қуарып
құбылмалы құрғақ қоңыр мақпалға айналатын бояуларын зерттеуші едім.
Ең ақырда, күндізгі жарықтың өткінші əсем əсерлеріне, мұнардың
мұңдылығына, күн кезінде тұтқиылдан пайда болатын таңбаларға,
маужыраған түннің сиқырлы тыныштығына, таң сəрінің құпия сырларына,
əр үйдің мұржасынан шыққан түтінге қысқасы осы əдеттен тыс табиғаттың
барлық құбылыстарына мен əбден дағдыландым, олар менің көңілімді
сергітуші еді. Мен өзімнің абақтымды жақсы көріп кеттім, өйткені онда өз
ықтиярыммен отырған адаммын ғой. Алқаптай теп-тегіс, бірақ астындағы
жұрт мекендеген шыңырауларды жауып тұратын үй төбелерінен құралған
Париждің осынау жоғарғы кеңестігі менің жаныма жағып, пікірлеріммен
қабысты. Ғылым сүйреп шығарған тəңірі шыңынан түсіп, кенеттен
дүниелік абыр-сабырмен бетпе-бет айқасу ауыр-ақ, сондықтан да мен
монастырь тұрғындарының жалаңаштығын сол шақта асылына жете
аңғардым. Жаңа жоспар бойынша тіршілік етуге ұйғарғаннан кейін мен
өзіме керекті бөлмені Париждің нағыз қаңыраған шеткері махаллаларынан
іздей бастадым. Бір күні кешкілік, Эстрапададан үйге қайтып келе жатып,
Кордье көшесінен өте бергенімде, Клюни көшесінің мүйісінде он төрт
жасар бір қызды көрдім, ол өзінің құрбысымен екеуі сырнай тартып,
өздерінің ойын-күлкісімен көршілерінің көңілін жадыратып, оларға ермек
болғандай. Күн райы тым тəуір, тамылжыған жылы кешқұрым еді бұл кез,
əлі қыркүйектің аяқ шені ғана болатын. Есіктердің алдында əйелдер
тізерлесе отырып, кəдімгі алыс провинцияның қарапайым қаласындағы
мереке күніндегідей əңгіме-дүкен құруда. Мен əуелі қызға көз жібердім:
тартымдылығы жөнінен аса бір тамаша келбеті, дене бітімі, бейне бір
суретшінің қаламына арналып жаратылғандай екен. Таңғажайып көрініс еді
бұл. Парижде мұндай риясыз қарапайымдық қайдан пайда болғайын
анықтатым келіп əрекеттеніп ем, бірақ бұл жер көшенің тұйықталған басы
екенін, сондықтан көшеде əрлі-берлі жүрген адамдардың сирек екенін
аңғарып қалдым. Жан-Жак Руссоның осы маңдарда тұрғанын есіме түсіріп,
"Сен-Кентен" мейманханасын тауып алдым; мейманхананың көнерген
көрінісі арзандау баспана табам ба деген үміт туғызды да, мен оның ішіне
кіріп көруге бел байладым.
Аласа төбелі бөлмеге кіргеннен кейін, бөлмелердің кілттері үстіндегі
тақтайшаға ұқыптылықпен тізіліп қойылған май шамдардың көркем жез
шамдалдарына көзім түсіп, бұл залдағы тазалыққа қайран қалдым, əдетте
мұндай залдар онша таза бола қоймайтын, ал мұндағының бəрі, сəулетті
суреттегіше, тілмен жалап жылтыратқан сияқты. Ақшыл көк кереуетте, үй
жиһаздарында шартты көркем суретке хас бір түрлі қылмандық бар тəрізді.
Мейманхананың иесі қырық жастар шамасындағы əйел екен, кескінді
қайғы-қасірет белгісін білдіргендей, көз жанары жылай-жылай
күңгірттенген тəрізді, ол орнынан түрегеліп менің қасыма келді, мен қанша
пəтер ақы төлей алатынымды кішіпейілділікпен оның қарауына ұсындым;
сəл таңырқап ол, кілтті іріктеп алды да, мені шатырдағы мансардаға
апарды, көршілес үйлердің əйнектері, төбелері көрініп тұратын бөлмені
нұсқады, үйлердің əйнектерінен ұзын сырықтар көсіліп, жуылған кірлер
ілулі тұр екен. Жоқшылық иісі аңқитын, аңқау ғалымдарды ғана азғырып
шақыра алатын сарғылт лас қабырғалы мансардалардай зəре кетірерлік
баспана сірə де табылмас! Еңкейе біткен жатаған шатырдың жұқалтай
кірпіштерінің ара-арасынан жарықшақ білініп, саңылауларынан аспан
жұрнақтары көрініп тұр екен. Бұған бір ғана төсек, үстел бірнеше орындық
сыйғандай. Төбенің қыр өркешінің астында менің фортепьяиом сиятын
орын бар. Венецияның "қорғасын камераларымен" олқы соқпайтын бұл
шытырманды жиһаздауға дəулеті жетпегендіктен, байғұс əйел мұны
ешкімге де пəтерге бере алмаған екен. Мен осының аз-ақ алдында белгілі
бір дəрежеде өз меншігім болып саналатын бірсыпыра мүліктерімді сатуға
берген жерімнен қайтып алып едім, сондықтан үй иесі əйелмен лезде-ақ
келістік. Келесі күні сонда көшіп келдім.
Мен осы аспандағы қиыста үш жыл тұрдым, күні-түні тынбастан
дамылсыз, рақаттана еңбек еткенім сонша, маған бұл қызмет адам баласы
өмірінің аса бір игілікті ісі, өмірдің міндеттерін өтеудің нағыз бір сəтті
тұжырымы болып көрінді. Ғалымға қажетті байсалдылық пен тыныштықта
да махаббат тəрізді назды, лəззатты бірдеңе бар. Ақылға жанасымы бар
адамдардың бəрі сықылды, зейін-зерде қызметі, идеялар іздеу, сабырлы
ғылыми топшылаулар бізді ауызбен айтып жеткізе алмастық, жазып
көрсете алмастық рақатқа бөлейді. Ақыл-ой қызметін біздің сыртқы
сезімдеріміз байқай да алмайды. Сондықтан біз қашан да болса pyx
сырларын заттық теңеулермен дəлелдеуге мəжбүр боламыз. Жан сезімдерім
əлденендей жарық нұрларға шомылған кездегі, шабыттың қаһарлы, көмескі
үндерін тыңдаған кездерімдегі, тебіренулі миыма белгісіз бұлақтан
бейнелер құйылып тұрған кездердегі менің бастан кешірген бақытымды
ғылымға жат адамдар, тегі, түсіне алмас; жылы желдің лебін сіміре жұтып,
жартастар, ормандар мен гүлдер арасынан, мөлдір сулы көл бетінде
жападан-жалғыз жүзгендегі алатын лəззат менің əлгі айтқан бақытым
жөнінде, тегі, ғылымға жат адамдарға тым-ақ əлсіз ұғым бере алар.
Адам баласының дерексіз ой-өрісінде таңертеңгі алтын арай күндей
туып, көтерілетін, ол тұрсын, бейне бір нəрестедей өсіп есейетін, біртебірте ержететін идеяны ойша аңғарып, меңзеу бұл жер үстіндегі барлық
қуаныштардан да артығырақ қуаныш, дұрысын айтқанда, бұл тəңірінің
берген лəззаты. Ғылыми еңбек біздің айналамыздың бəріне нендей де бір
сиқырлы пішін береді. Менің жазу жазатын бейбақ бюром, оны қаптаған
қоңырқай сақтиян, фортепьяно, төсек, кресло бөлменің қабырғаларына
жапсырылып, өңі кеткен тұсқағаздар осы нəрселердің бəріне бір түрлі жан
біткен тəрізді, бəрі де менің момақан достарыма айналды, болашағымның
үнсіз ортақтастары болып алды; оларға қарап отырып, мен талай рет жан
сырымды ақтармап па едім? Кенеуі кеткен оюларға көз жүгірте отырып,
кейде жаңа, соны жолдар тауып кетуші ем, қолданып отырған жүйемнің
таңғаларлықтай сипаттамаларын тауып ала қоюшы ем, мүлдем дерлік
айтып жеткізе алмастықтай пікірлерімнің бақытты бейнесі болып
саналатын келелі сөздер табушы ем. Айналамдағы заттарды ұзақ уақыт
шолу, байқау арқасында олардың əрқайсысының өз кескінің айыра
бастадым, олар менімен жиі-жиі тілдесетін. Күн батардағы қиғаш сəуле
зəулім үйлердің төбесінен асып, менің тар терезем арқылы бөлмеме
шұғыла шашқан кезде ол заттар сан құбылып безелетін, біресе
көмескіленіп, біресе жарқырайтын, үнемі жаңа əсерлерімен мені қайрап
қалдырып, не мұңаятын, не жайдарылана жайран қағатын. Əбігерлі зиялы
қауымның назарынан сырт сырғанайтын оқшау өмірдің осы ұсақ
уақиғалары тұтқындар үшін зор жұбаныш. Ендеше мен де идеяның
тұтқыны болмадым ба, белгілі бір көзқарас жүйесінің қапас абақтысына
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 08
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.