Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 16

Total number of words is 4031
Total number of unique words is 2233
32.8 of words are in the 2000 most common words
46.6 of words are in the 5000 most common words
54.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
құмарлық сезім түйсіндіреді, бірақ Рафаэль батырсынып, бұл сезімге бой
бермеуге жанталасуда; кешікпей ол нəзік шілтердің биязы жанасымын
сезді, əйел киімінің назды сыбдыры — сиқырлы лəззат шырыныңа
бөленген майда діріл естілді: ең ақырда, осы сұлу əйелдің омырауын,
арқасын, киімдерін, оның бүкіл сүйкімді денесін байқатпай толқындатқан
дем-тынысы Рафаэльдің тұлабойын электр ұшқыныңдай жайлады; кесте
мен шілтер иығын қытықтап, бейне бір əйелдің жалаңаш ақ жонының
лəззатты жылылығын Рафаэльге жеткізгендей еді. Сыпайыгерлік салт
ажыратып, өлім шынырауы бөлектендіріп отырған осы екі жан, табиғаттың
қалауы бойынша, екеуі де дəл бір мезетте күрсінді, бəлкім, дəл сол сəтте
олар бір-бірі туралы ойлаған да шығар. Үндістан қалампырының қышқыл
иісі Рафаэльді біржолата мас қылады. Арадағы кедергі, бөгеттің
салдарынан онан сайын өршелене ынтыға түскен қиял бір мезетте-ақ
жалынды от өрнегімен əйелдің бейнесін оған суреттеп берді. Ол дереу жалт
бұрылды. Сірə, жат адамға жанасып қалғаныңа ыңғайсызданса керек, əйел
де дəл сондай қимыл жасады; бір ғана ойды білдірген екі көзқарас тоғыса
кетті.
– Полина!
– Рафаэль мырза!
Бір минут екеуі де тастай қатып, бір-біріне үнсіз қарай қалысты.
Полинаның үстінде қарапайым, бірақ аса əсем киім. Əдептілікпен кеудесін
бүркеп тұрған биязы жұқа көйлектің ар жағынан тəжірибелі кез оның ақ
гүл бəйшешектей аппақ тəнін, əйел атаулының бəрі күндескендей дене
бітімін бірден-ақ болжарлық еді. Бəз баяғысындай бейкүнə кішіпейілділік,
аспан жүзіндей кіршіксіз тазалық, өзін-өзі ұстаудағы ғажайып
қылықтылық! Денесінің қалтырағаның көйлегінің жеңі білдіріп тұр
жүрегінің лүп-лүп қаққаны да содан байқалған.
– Ертең келіңіз, – деді қыз, ертең "Сент-Қантен" мейманханасына келіп,
қағаздарыңызды алып кетіңіз. Мен түсте сонда болам. Кешікпегейсіз.
Полина дереу түрегелді де, кетіп қалды. Рафаэль соңынан ергісі келіп
еді, бірақ оның абыройын төгуден қорқып, орнынан қозғалмады. Теодораға
көз жіберіп еді, ол бұған зағып болып көрінді де бір музыка ырғағын ұғуға
шамасы келмеді, осы залда отырып тұншықты, ақырында, жүрегі алыпұшып, сыртқа шықты да, үйіне қайтты.
– Ионафан, – деді ол қарт қызметшісіне, өзі төсекке жатқаннан кейін,
бір түйір қантқа, бір тамшы апиын тамызып əкеліп бер, ертең сағат он екіге
жиырма минут қалғанда оят...
– Полинаның мені сүюін тілеймін! деп айқай салды ол таңертең, айтып
жеткізе алмастық мұңмен бойтұмарға қарап тұрып.
Былғары қозғалған жоқ кішірею қабілетінен айырылған тəрізді. Ол,
əрине, бір рет орындалған тілекті қайыра жүзеге асыра алмайтын болса
керек.
– А! деп, айқайлап жіберді Рафаэль, бойтұмарды сыйлыққа алған
күннен бастап үстіне киіп жүрген қорғасын желеңді шешіп тастағандай
сезініп. Сен өтірік айтады екенсің ғой, маған бағынбайды екенсің ғой, енді
шарт бұзылды. Мен азатпын, мен өмір сүретін боламын. Демек, мұның бəрі
зұлымдық əзіл болғаны ма?
Бұл сөздерді айтуы айтқанымен, ол өзінің ашқан жаңалығына сене
алмады, оған жүрексінді. Ол баяғы бір кездерінде киінетініндей қарапайым
ғана киінді де, бұл дүниенің қуаныштарынан лəззат алмай тұрғандағы
кездерін, көкейін тескен арман-тілектердін қандайын да сескенбей аңсай
алатын сол бір бақытты күндерін ойша шолуға əрекеттеніп, өзінің бұрынғы
мекеніне жаяу бармақ болды. Ол кетіп бара жатып, көз алдына "СентКантен" мейманханасындағы Полинаны емес, кешегі Полинаны: қиялында
соншалық елестеген арудың арманды бейнесін; ғашықтық отына
шарпылған ақылды, жас жұбайды; ақын сезімін, поэзияны ұғынуға
қабілетті суретшіні; сəулетті салтанат ішінде тіршілік етуші қызды;
қысқасы қазіргі Теодорадан тек қана жан сезімінің тамашалығы жөнінен
артық болатын Теодораны, немесе, Теодора сияқты графиня жəне
миллиондаған дəулеті бар Полинаны көз алдына елестетті. Қажалған
табалдырықты аттап жарықшақты тақтайға аяқ басқанда, талай рет түңіле
торыққанда сүйенетін үйреншікті есігінің алдына келген кезінде, залдан бір
кемпір шығып:
– Рафаэль де Валентен мырза сіз боласыз ба? – деп сұрады
– Иə, шеше, – деді бұл
– Өзіңіздің бұрынғы пəтеріңіз есіңізде ме? – деді тағы да кемпір. Сізді
онда күтіп отыр.
– Мейманхана əлі де Годэн ханымның қарауында ма? деп сұрады
Рафаэль.
– Жоқ. тақсыр! Годэн ханым бүгінде баронесса. Ол Сенаның арты
бетіндегі өзінің сəулетті əсем үйінде тұрады. Оның күйеуі аман-есен елге
келген. Оның əкелген ақшасы ұшан-теңіз, атамаңыз!.. Егер тілесе Годэн
ханым бүкіл Сен-Жақ кварталын махалласын қалпетімен сатып алуға
шамасы келеді, деседі жұрты. Ол кісі шарттың аяғына дейін мейманхананы
барлық мүлкімен маған тегін беріп кетті. Қалай десеңіз де ол мейірімді
əйел ғой. Əлі баяғысындай кішіпейіл.
Рафаэль баяу аттап өзінің мансардасына көтерілді, баспалдақтың
ақырғы сатысына аяқ басқан кезде фортепияноның үнін есітті. Полина оны
күтіп отыр екен: үстінде жаңа үлгі бойынша тігілген қарапайым перкаль
көйлек, төсекке елеусіз тастай салған перчатка, қалпағы мен мойныңа
ораған шарқаты байдың қызы екенін айтпай-ақ танытулы.
– Ой! Сіз де келдіңіз-ау ақыры! деп айқайлап жіберді ол мойнын бұрып,
ақ жарылқап қуаныш үстінде орнынан тұра беріп.
Рафаэль жақын келіп, өзі қып-қызыл боп ұялып, бақытты пішінде
Полинаның жаныңа қатарласа отырды; тіл қатпастан Полинаға үнсіз қарай
берді.
– Бізді неге тастап кеттіңіз? – деді де, Полина қып-қызыл өрттей болып,
төмен қарады. Сізге не жағдай болды?
– Беу, Полина! Мен мүлде бақытсыз адам болдым, əлі де сондаймын.
– Əттең! – деп Полина жүрегі елжіреп, дауыстап жіберді. Мен кеше-ақ
бəрін де түсінгем; байқаймын өте əсем киініпсіз, дəулетті тəріздісіз, ал іс
жүзінде бəрі бұрынғысынша, солай ма, Рафаэль мырза?
Валентеннің көзіне еріксіз жас моншақтары іркіліп келіп қалды.
Рафаэль тебірене сөйледі.
– Полина. Мен...
Ол сөзін аяқтай алмады, жанарында махаббат оты жайнап, екі көзі
елжіреген назға толы еді.
– О, сен мені сүйесің, сен мені сүйесің! деп Полина айқайлап жіберді.
Рафаэль тек қана басын төмен салбыратты, бір ауыз сөз айтуға шамасы
жоқ.
Қыз оның қолдарын қысып алып, біресе күлді, біресе жылады.
– Дəулеттіміз, баймыз, бақыттымыз, дəулеттіміз! Сенің Полинан да
дəулетті... Мен... мен бүгін кедей болуым керек еді. Ол мені сүйеді деген
жалғыз ауыз сөзге дүниенің барлық қазынасын берер едім деп, өзіме талай
серт айтып ем. О, менің Рафаэлім! Миллиондаған дəулетке иемін мен. Сен
сəулетті сүйесің ғой, енді риза боларсың, бірақ сен менің жас жанымды да
сүюің керек, ол саған деген махаббат сезіміне толы! Білесің бе, менің əкем
қайтып келді ғой. Мен бай мұрагермін. Менің əкем мен шешем менің өз
тағдырымды өзім шешуіме толық ерік беріп отыр. Мен еріктімін, ұғасың
ба?
Рафаэль Полинаның қолдарын ұстап отырып, осы қолдарды, соншалық
құштарлана соншалық құмарта сүйді; сүйгенде тіпті бүкіл денесі дірілдеп
сүйгені сондай, Полина қолдарын ажыратып, Рафаэльдің иығына салды да,
оны өзіне қарай тартты; екеуі құшақтасып, бір-біріне көкірек түйістіріп
тұрып, ұзақ сүйісті; əлде бір тұрпайы ниеттерден таза, нағыз қасиетті, тəтті,
ыстық сүйіс еді бұл; тек жалғыз ғана, ең алғашқы сүйіс қана осындай
болатын, тек осындай сүйістің арқасында ғана екі жанның бір-біріне иелік
ете алмақ бір-біріне билік жүргізе алмақ.
– Аһ! деп Полина орындыққа отыра беріп. аһ ұрды. Мен сенсіз өмір
сүре алмаймын... Мұншалық батылдық маған қайдан пайда болғаның
білмеймін! – деді ол қызарақтап.
– Батылдық дейсің бе, Полина? Жоқ, сен қорқатын түк те жоқ, Бұл
батылдық емес, махаббат, дəл менің махаббатымдай шынайы, терең,
мəңгілік махаббат, солай емес пе?
– Иə, сөйлеші, сөйлеші, сөйлеші! – деді ол. Сенің тілің маған дегенде
соншалық ұзақ уақыт мылқау, күрмеулі болып еді ғой...
– Солай ма еді, сен мені сүйiп пе едің?
– О, құдай-ай! Сүйіп пе едің дейді ғой! Бері қарашы, сенің бөлмеңді
жиыстырып жүргенде, сен екеуіміздің кедейлігімізге налып, мен қаншама
көз жасымды төктім. Сенің уайымыңды серілтсем ғана екен деп, мен тіпті
əзəзілге сатылуға да əзір едім. Енді менің Рафаэлімсің, сен менікісің ғой, ə?
Мынау тамаша бас менікі ғой, сенің жүрегің де менікі болды ғой. Иə,
əсіресе жүрегің, мəңгілік байлық осы ғой!., иə, не айтып келе жатыр едім?
Сол тым-тырыстан кейін Полина сөзін жалғастыра берді. Не, айтпақшы!
Біздің үш-төрт миллиондық дəулетіміз бар, бəлкім, бесеу де боп қалар. Егер
мен кедей қызы болсам, бəлкім, сенің əйелің деп аталу үшін мен сенің
фамилияңда болуды тілер едім, ал қазір сен үшін мен бүкіл дүниенің
байлығын берер едім де, өмір бойыма қуана-қуана сенің малайың болар
едім. Сондықтан, мінеки, Рафаэль, мен саған өзімнің жүрегімді, өзімді,
өзімнің барлық дəулетімді ұсына отырып. осының өзінде де мен мынаған
үстелдің тартпасын нұсқап, жүз су теңгелік салған күнімнен артық беріп
отырғаным жоқ. Ойпыр-ай сенің сол күнгі шаттығың мені қандай күйзелтіп
кетті десейші!
– Сен неге дəулетті болдың? – деді Рафаэль леппен сөйлеп. Сенде неге
даңқойлық жоқ? Сен үшін мен енді ештеңе де істей алмайтын болдым ғой!
Жүрегің бақыт, торығу, махаббат кернеген Рафаэль дал болды.
– Аспанның перзенті-ау, сенің мінезің маған аян: сен маркиза де
Валентен болғаннан кейін, менің атағым да, дəулетім де сен үшін түкке
тұрмайды.
– Сенің бір тал шашыңа да, деп аяқтады Полина.
– Менде де миллиондаған дəулет бар бірақ, не керек, дəулет деген қазір
біз үшін не, тəйірі! Менің өмірімді ал міне менің саған ұсына алатыным
осы, ал соны!
- О, сенің махаббатын, Рафаэль, сенің махаббатыңның өзі ғана мен үшін
бүкіл дүниеден қымбат. Солай ма, сенің пікірің де менікі ғой? Онда мен
нағыз бақыттылардың ең бақыттысымын.
– Біздің сөзімізді біреулер тыңдап тұруы мүмкін, деп ескертті Рафаэль.
– Жо-жоқ, мұнда ешкім де жоқ! – деді Полина, бұйра шашын наздана
бір сілкіп.
– Келші бермен қарай! деп Валентен екі қолын созып, дауыстады.
Полина оның тізесіне қарғып мініп, мойнынан құшты.
– Құшақтаңыз мені. Маған келтірген талай қайғы-қасіреттеріңіз үшін, –
деді ол, мені азапқа салған талай қуаныштарыңыз үшін, желпуіштерді
бояумен өткізген талай түндерім үшін...
– Желпуіштер дейді?
– Қазір біз дəулеттіміз ғой, асылым, олай болса, мен де саған бəрін айта
аламын. Қарағым-ау! Ақылды адамдарды алдау қандай оңай десеңші? Кір
жуушыға айына 3 франк төлеп тұрғанда, сенің жетісіне екі рет киетін ақ
желеткең, таза жейделерің болуы мүмкін бе еді? Сенің ақшаңа сүтті екі есе
мөлшерде ішіп тұруын мүмкін бе еді? Мен саған үнемі өтірік айтушы едім
ғой: отын жөнінде де, май жөнінде де, тіпті ақша жөнінде де. Оу, менің
Рафаэлім, мені əйелдікке ала көрме, – деді Полипа сықылықтан күліп, мен
өте айлакермін.
– Осының бəрінің сəті қалай түсіп жүрді?
– Мен таңғы сағат екіге дейін жұмыс істеймін, желпуіш сырлаудан
өнген ақшамның жартысын шешеме, жартысын саған беретінмін.
Қуаныш пен махаббаттан естері шығып, бұлар бірер минуттай бірбіріне көз айырмай, қарап қалысты.
– Ой, күндердің күнінде, сірə, осы бақытымыз үшін біз қандай да бір
сұрапыл қайғы тартамыз-ау! – деді Рафаэль қынжылып.
– Сен үйленіп пе ең? деп сұрады Полина. Мен сені ешкімге де бере
алмаймын.
– Менің басым бос, қымбаттым.
– Бос па? Полина қайталап сұрады. Бос болса менікі!?
Полина тізерлеп отырып, екі қолын қусырып, дұға оқығандағыдай
ыстық сезіммен Рафаэльге қарады.
– Мен ақылымнан адасып кеттім бе деп қорқамын. Сен неткен көркем
едің? деп сөзін жалғастыра берді Полина ғашық жарының ақ шабдар
шаштарын қолымен тарамдап. Неткен есуас, анау сенің Теодора графиняң!
Кеше жұрттың бəрі мені құттықтағанда мен қандай тамаша лəззат алдым
десейші! Ал оны еш уақытта да олай қарсы алған жоқ-ты! Бері қарашы,
сəулем, мен арқаммен сенің иығыңа жанасып кеткенде, маған бір дауыс
сыбыр етті: "Ол осында!"– деді. Жалт бұрылып ем, сені көрдім. Сонсоң,
мен қаша жөнелдім. Жұрт алдында сенің мойныңа асыла кетермін деп
қорықтым.
– Бақыттысың сен, осылай сөйлеуге шамаңның келіп отырғаны
бақыттылығың ғой! деп Рафаэль дауыстап. Ал менің жүрегім өрекпіп
тулауда. Жылар едім, бірақ жылай алмаймын. Қолыңды алмашы менен.
Өмір бойы осындай бақытты, мұңсыз күйде саған үнемі қарасам да
отырсам.
– Қайталап айтшы осы сөздерді, менің махаббатым!
– Біз үшін сөз деген не, тəйірі! деп жауап қайырған Рафаэльдің көзінен
ыстық жас Полинаның қолына тамып кетті. Күндерде бір күні мен де
өзімнің махаббатым туралы саған айтармын, қазір мен тек махаббатты
сезініп қана отырмын...
– О, керемет жан, керемет данышпан, маған қашаннан мəлім ғажайып
жүрек, – деді Полина, осының бəрі менікі ғой, мен де сенікімін ғой, солай
емес пе?
– Мəңгілікке, жасағанымның нəзік жаратқан жан сəулесі, – деді жүрегі
толқып, тебіренген Рафаэль. Сен менің жұбайым боласың, менің мейірімді
кемеңгерім боласың. Сен барда əрдайым менің барлық қайғы-қасіреттерім
таралушы еді, жаным жай тауып, қуаныш кернеуші еді, қазірде сенің
періштедей күлімдеуің мені бейне бір, күнəдан арылтып, тазартып
шығарғандай. Өткендегі бастан кешкен сұм, қатыгез өмір, қайғылы
есуастықтарым осының бəрі маған үрейлі түс іспетті болып көрінуде. Мен
тек сенің қасында тана кіршіксіз таза болғандаймын, бақыт лебін енді тана
сезгендеймін. О, мəңгі-бақи осында қалсаңшы! – деді Рафаэль лүпілдеген
жүретіне Полинаны қысып тұрып.
– Қашан келем десе де, ажал енді келе берсін, деп əбден шабыттанған
Полина айқайлап жіберді, мен өмір сүрдім!
Бұлардың осы қуанышын ұққан жан иманды, демек оған да аян болғаны
ғой мұндай қуаныш!
– Қымбатты Рафаэль, – деді Полина бірнеше сағатты екеуі де үнсіз
өткізгеннен кейін, біздің осы сүйкімді мансардамызға ешкім де келе
алмайтын болуын тілер едім.
– Есігін бітеп, терезелеріне темір тор қаққызу керек, сонсоң осы үйді
мүлдем сатып алайық, деген шешімін айтты маркиз.
– Жарайды, – деді Полина. Бірер минут үндемей отырғаннан кейін сөзін
қайта жалғастырды:
– Сенің қолжазбаларыңды іздеуді ұмытып та кетіппіз ғой!
Екеуі де мейірімді, күнəсыз күлкімен қарқылдап күлісті.
– Мен қазір ғылым атаулының бəрін жек көремін! – деді Рафаэль
ышқына сөйлеп.
– Ал даңқ қалай болады, мəртебелі тақсыр!
– Менің бірден-бір атақ-даңқым мына сен.
– Мына шимайларды жазып отырғанда сенің жаның ауыр күйзелісте
болған-ау деймін, – деді Полина қағаз беттерін аударыстырып отырып.
– Менің Полинам....
– Əриие, сенің Полинаң... Болса ше?
– Сенің үйің қайда?
– Сен-Лазар көшесінде. Сенің үйің ше?
– Варен көшесінде.
– Ойпырмай, екеуміз бір-бірімізден өте алыс болады екенбіз ғой!
Қашан...
Сөзін аяқтамай, қыз өзінің сүйгеніне еркелей, наздана көз қиығымен
қарап қойды.
– Несі бар, ең əрісі екі апта ғана бөлек тұрамыз ғой, – деді Рафаэль.
– Рас па? Екі аптадан кейін үйленеміз, иə?деп Полина қуанғаннан жас
балаша секіріп кетті. Түу, мен неткен мейірімсіз қыз едім! – деді; сонсоң ол.
Мен тіпті əке-шешем туралы ойламаппын да ғой, дүниенің бəрін
ұмытыппын ғой. Білесің бе, достым, менің əкем қатты науқас. Ол
Үндістаннан өте қатты ауырып келді. Біз оны қарсы алғалы Ғаврға барып
едік, ол сонда қайтыс бола жаздады. Түу, құдайым-ай! деп Полина сағатқа
қарап, айқайлап жіберді. Сағат үш болып қапты той. Мен үйде болуым
керек, ол сағат төртте оянады. Мен үйдің иесімін ғой. Анам менің барлық
тілектерімді орындайды, əкем мені тəңірі тұтады, бірақ мен олардың
мейірімділігіне қиянат жасағым келмейді, мұның өзі асылық болар еді.
Байғұс əкем, кеше мені Итальян театрына жіберген де сол еді... Сен онымен
көріскелі ертең келесің бе?
– Маркиза де Валентен маған мархабат етіп, қолтықтасып баруды
тілемес пе екен?
– Мына бөлменің кілтін өзім ала кетемін! деп жариялады Полина. Бұл
біздің сəулетті сарайымыз, қазынамыз емес пе!
– Полина, тағы бір сүйіс?
– Мың сүйіс! Құдайым-ай! – деді ол Рафаэльге қарап, үнемі осылай
бола берер ме екен? Осының өзі маған түс сияқты көрінеді.
Олар баяу аттап баспалдақтан түсті; содан кейін қатар адымдап, бір
бақыттың салматына екеуі де бірдей тербеліп, қос кептерше бір-біріне
жымдаса, жанаса жүріп, ынтымақты осы жұп Сорбонна алаңына жетті,
Полинаның күймесі осы алаңда тосып тұрған-ды.
– Мен сенің үйіңе соға кетейін, – деді Полина. Сенің бөлмеңді,
кабинетіңді көргім келеді, сенің жұмыс істейтін үстеліңнің қасында біраз
отырып кеткім келеді. Осының өзі бұрынғымыз сияқты болар, деп тағы
қосты, қызарыңқырап. Жозеф, – деді малайына, мен Варен көшесіне соға
кетемін, содан кейін үйге барамыз. Қазір сағат үштен он бес минут кетті.
Мен сағат төртте үйде болуым керек. Жорж, аттарды айданқыра.
Бірнеше минуттан кейін ғашықтар Валентеннің оңаша үйіне жетті.
– О, мен осындағының бəрін де қарап шыққаныма қандайлық разымын!
– деді Рафаэльдің кереуетінің етегіне ұсталған перденің жібегін уқалап
тұрып Полина жігерлі үнмен. ұйықтап бара жатқанымда да енді менің
ойым осында болады. Сенің жастыққа қойған ғазиз басыңды көз алдыма
елестетермін. Айтшы, Рафаэль, сен үйіңе жиһаз жиыстырғанда ешкіммен
ақылдасқан жоқсың ба?
– Ешкіммен де.
– Рас па? Əйелдер болған жоқ па?..
– Полина!
– О, мен сұмдық қызғаншақпын! Сенің талғамың жақсы екен. Ертең-ақ
мен де осындай кереует сатқызып алайыншы.
Бақытқа бөленген Рафаэль есін жия алмай, Полинаны құшақтады.
– Ойбай, менің əкем, есіл əкем! – деді Полина.
– Мен сені шығарып салайын, мүмкін болғанша, сенсіз өткізілетін
мезгілдің неғұрлым аз болуын тілеймін! – деді Валентен де екпінді үнмен.
– Сен қандай сүйкімді едің! Осыны ұсынуға менің батылым жетпеп еді.
– Е, сен менің өмірім емеспісің?
Ғашықтардың осылайша мылжындасқаныңың бəрін бұл арада келтірісі
жату жалықтырар еді, тек бұл сөздердің шынайы бағасы олардың айтылу
мəнері, айтылған кездегі көз, қол қимылдары арқылы ғана жандана түсер
болар. Валентен Полинаны үйіне дейін ертіп апарып, адам баласының
осында, жер үстінде, қолы жете аларлық, бастан кешіре аларлық қуаныш
сезімдерінің бəріне бөленіп қайтты. Өзінің армандарының тұтқиылдан
толық жүзеге асқаныңа ой жіберіп, оттың алдындағы жұмсақ орындыққа
отыра бергенінде-ақ суық пікір оның миын, тұп-тура кеудені тескен
қанжардың жүзіндей, тіліп өтті; ол көзінің қиығымен шегірен былғарыға
қарап еді, былғары сəл жіңішкере түсіпті. Ол өзінің ана бір анайы сөзді
былш еткізді де, жұмсақ орындықтың арқасына шалқайып, есік пердесінің
бекітілген тұсына бұлдыраған көз жанарларын қадап, сіресті де қалды.
– Ой, құдайым-ай! деп Рафаэль қатты налыды. Бұл қалай? Барлық
тілектерім, барлығы да... бейшара Полина!
Рафаэль қолына циркуль алып, бүгінгі таңсəріден бергі өмірінің құны
қаншаға түскенін өлшеп байқады.
– Екі-ақ ай өмірім қалыпты! – деді ол
Тұла бойынан салқын тер сорғалады, кенеттен қатты ашу-ыза үстінде
Рафаэль шегірен былғарыны жұлып алып, ақырып жіберді:
– Неткен ақымақпын мен!
Осы сөздерді айтты да ол үйден жүгіріп шықты да, бақты кесіп өтіп, сол
жүгірген бойымен құдыққа барды, сөйтті де бойтұмарды құдықтың түбіне
лақтырып кеп жіберді.
– Не болса о болсын... – деді ол. Құрысыншы осы əypешілік!
Сөйтіп, Рафаэль махаббаттың бақытына бөленіп, Полинамен жан
сезімдері жараса, қызғылықты өмір бастады. Бірер себептермен
кешіктірілген үйлену тойлары (оның себебін бұл жерде баяндап жату
қызықсыз болар еді) наурыз айының бас шенінде өткізілмек болды. Олар
өздерін-өздері əбден тексеріп, өз сезімдеріне енді əсте шүбəланбады. Бақыт
олардың бір-біріне ынтызарлығының күшті екенін бұрынғыдан да айқын
дəлелдегендіктен, бір-бірімен құштарлық арқылы жалғасқан Рафаэль мен
Полинадай екі жан, мұндайлық біте қайнасқан екі жүрек бүкіл дүниеде жоқ
дерліктей еді. Екеуі бірі-бірінің мінез-құлқын, сырын неғұрлым жақсы
ұғынысқан сайын, солғұрлым олардың сүйіспеншілігі үдей түсті: екеуінің
тарапынан да бір-біріне деген сергектік, ұялшақтық, құштарлық нағыз таза
періштедей күнəсыз құштарлық сезімдері терең қалыптасты; олардың
аспан əлемдер бұлт шалмастай ашық, бірінің тілегі екіншісі үшін
бұлжымас заң боп алды. Екеуі де дəулетті, қай нəпсісін болса да
қанағаттандыруға толық мүмкіндіктері бар; сондықтан оларда ешқандай
нəпсі де, арман да жоқ. Нəзік талғампаздық, əсемдік сезімі, ақиқат
ақынжандылық жас арудың көрінеу қасиеттері болып алды; əйелдерге тəн
жылтыраққа əуестік сияқтыларға ол немқұрайды қарады; сүйікті адамының
бір күлімдегені оған не бір асыл моншақтардан қымбат та қадірлі болды,
жұқа ғана кездеме мен райхан гүл ол үшін ең сəулетті зейнет саналды.
Рафаэль мен Полина қауымға араласпады: өзді өзі оңаша болу олар үшін
сондайлық тамаша, сондайлық жемісті көрінді.
Қызықшыл сауық құмарлар əзірше заңды түрде некеленбеген сымбатты
жұпты кеш сайын Итальян театрында немесе Операда кездестіретін болды.
Алғашқы кезде өсекке үйір зəрлі тілдер салондарда олар жөнінде лақап
таратып көріп еді, бірақ кешікпей Париждің үстін көктеп өткен уақиғалар
тасқыны жазықсыз ғашықтарды естен шығара тұруға мəжбүр етті; ең
ақырда оларды жоғарғы құлықты, əдепті адамдар алдында ақтауға тиіс
болған той да жария етілді; олардың қызметшілері де өте момын, кішіпейіл
адамдардан құралған еді, сөйтіп олар жөнінде ешкім де ерекше жайсыз
өсектер таратқан жоқ, сондықтан олар өз бақыттары үшін ешқандай
жаманат көрген жоқ.
Ақпанның аяқ шенінде, көктемнің жадыраған жайдарман күндердің
бірінде Рафаэль мен Полина кішігірім гүлзарда сəскелік ас ішіп отырған:
Бұл гүлзар неше түрлі, гүл бəйшешекке толы қонақ үй іспетті болатын.
Париждің өзге тұрғындары қөңілсіз ошақ басында жылынып жатқанда,
мына жас жұбайлар шай жапырақ, жуагүл, арша шырпыларынан
құрастырылған отауда сайрандап отыр. Нəркес, інжі гүлі, бенгал розасы
арасынан олардың жайдары, қуанышты жүздері көрінеді. Нəпсі
құмарлығын қоздыратын осы бір сəулетті гүлзарға көгал алаңы түсінде
өрнектелген африкан алашасы төселген. Жасыл текпен қапталған
қабырғаларында ешқандай сыздың ізі де жоқ. Ішіндегі жиһаздары
дөрекілеу ағаштан жасалғанымен жылтыраған үскі қабаттары мүсіндей
таза. Сүттің иісін сезіп, орындыққа келіп отырған мысық баласының
аузына Полина кофе жақты: соны əурелеп, біраз ойнады.
Табиғи ықыластының бəрі сықылды, бұл таңертеңгі көрініс те суреттеп
жеткізе алмастық бақыттың бейнесі еді. Рафаэль газет оқығансып отырса
да, қабағының астымен мысық баласымен асыр салып жатқан Полинаға
ұрын қарап отырған-ды; бар денесін толық бүркеп жетпеген ұзын іш
көйлек киген Полинасына, оның дударланған шашына, қара барқыт биязы
туфлиіне, көкшіл тамырлары білеуленген аппақ сирақтарына қарап отырды.
Полина үйде киінетін осы əсем киімдерін кигенде бұрынғыдан да бетер
көрікті, Вестолдың қиялдағы кейіпкеріндей ес кетіргіш тартымды еді, оны
бойжеткен бикеш деп те, келіншек деп те ойларлықтай, тіпті келіншек
дегеннен гөрі де бикеш дерліктей; ол шын, таза бақыттан лəззат алып,
махаббаттың əлі алғашқы қуанышын ғана татуда. Рафаэльдің баяу ғана
қиял дариясына біржолата шомылып, газетті есінен шығарып жіберуі-ақ
мұң екен, Полина лып еткізіп, газетті жұлып алып, жұмарлады да, əйнектен
бақтың ішіне қарай лақтырып жібергенде, өз төңірегінде шыр көбелек
айналатын саясаттың құралын əлгі мысық баласы қуа жөнелді.
– Мен сені газеттен де қызғанамын, – деді Полина көз жанарының
алдында мөлтілдеген жас тамшыларын сүртіп тастап, нақ балаша
жайдарылықпен ішек-сілесі қата, сықылықтап күлген...
– Мен оқып отырғаным жоқ, періштем, мен саған қарап отырдым.
Сол минутта гүлзар маңында бағбан бабайдың ауырлай басқан
қадамының тықыры естілді, тағалы табанынан жолдың құмы сықырлады.
– Маркиз мырза, сіздерге кедергі қылғаным үшін кешірім өтінем,
ханым, сізден де солай, бірақ оның есесіне мен сіздерге бір керемет
ғажайып зат əкелдім, мұндайды өмірімде көріп тұрғаным. Айтуға рұқсат
етіңіздер, мен жаңа ғана құдықтан бір шелек сумен бірге сирек кездесетін
теңіз өсімдігін тартып шығардым. Мінеки! Суға мықтылығы сондай, тіпті
дымданбапты да, су өтпепті де. Бейне бір ағаштан істелгендей құп-құрғақ
жəне жып-жылтыр. Əрине, маркиз мырза мендей емес, оқымысты кісі ғой,
сондықтан мұны сол кісіге апарайын, бəлкім, отан қызығы болар деп
ойладым.
Бағбан бабай Рафаэлге мейірімсіз шегірен былғарыны көрсетті,
былғарының көлемі алты шаршы дюймнен да аспайтын болып қалыпты.
– Рахмет, Ваньер, – деді Рафаэль. Қызықтарлық зат екен.
– Саған не болды, періштем? Боп-боз боп кеттің ғой! деп Полина
тіксініп қалды.
– Барыңыз, Ваньер.
– Сенің даусың менің зəремді ұшырды ғой, – деді келіншегі, даусын бір
түрлі өзгеріп кетті ғой... саған не болды? Көңіл күйің қалай? Бір жерің
ауыра ма? Науқаспысың? Докторды шақырыңдар! деп Полина тағы
дауыстады. Ионафан, жəрдемге кел!
– Керек емес, Полина, – деді Рафаэль; өзіне-өзі келе бастап. Кетейікші
бұл арадан. Осындағы бір гүлдің иісі тым ащы екен, ол вербена гүлі
шығар?
Полина түк жазығы жоқ өсімдікке бас салып, түп тамырымен қопарып
алды да, бақтың ішіне лақтырып тастады.
– Туу, менің періштем-ай! деп еміренді Полина ыстық құшағына
Рафаэльді қысып алып, нəзік наздылықпен сүйдіргелі алқызыл еріндерін
тосып. Сен боп-боз боп кеткенде, сенің артында тірі қала алмайтынымды
түсіндім: сенің өмірің менің өмірім. Рафаэль, арқамды ұстап қарашы, əлі де
сұп-суық, бейне бір өлімнің əлдиіндей. Еріндерің күйіп барады ғой. Ал
қолың ше?.. Мұздай!
– Оқасы жоқ! дей салды Рафаэль.
– Көздеріңнен жас сорғалағаны несі? Əкелші, жұтып қояйын!
– Полина, Полина, сен тым құштарланып барасың!
– Сенде, бір жайсыздық бар ғой, Рафаэль... шыныңды айтшы, бəрібір
мен сенің құпия сырыңды білмей қоймаймын. Маған берші мынаны, – деді
де, Полина шегірен былғарыны қолына алды.
– Сен менің жендетімсің! – деді жігіт, зəресі ұша бойтұмарға қарап.
– Не дейсің? деп күбірлеген, Полина тағдырдың киелі нышанын
қолынан түсіріп жіберді.
– Сен сүйемісің мені? деп сұрады Рафаэль.
– Сүйемін бе? Осындай да сұрақ бола ма екен?
– Олай болса, мені жалғыз қалдыр да, кете берші.
Байғұс қыз кетіп қалды.
– Бұл қалай? деп күңіренді Рафаэль оңаша қалғаннан кейін. Біздің
мəдениетті ғасырымызда, алмас дегеніміз көміртегінің кристалы екенін
анықтаған заманымызда, не нəрсеге болса да дəлел таба алатын дəуірімізде,
жаңа пайғамбар шықса, оны полиция сотқа тартатын, оның жасаған
кереметін тылым академиясының қарауына тапсыратын шақта, жұрт тек
нотариустың шимайшатпатына ғана нанатын кезде мен осыған наныппынау! Мен қайдағы бір "Манэ-Текел-Фарес"' жазбасына наныппын ғой! Құдай
атымен ант етейін, ізгі тəрбиелі пендені азаптау жаратқанға жараса қояр
деп əсте ойлаған емеспін... Ғалымдармен сөйлесіп көру керек.
Кешікпей ол кеспектердің алып қоймасы шарап базары мен
маскүнемдіктің орасан зор ордасы Сальпетриер мейірімханасы арасындағы
кішігірім көлге келіп жетті; көлде үйректердің өте сирек кездесетін
нəсілдері шалшықтай жүзіп жүр: шіркеудің түрлі түсті əйнектеріне ұқсас
алуан іспетті қауырсын, мамықтардың құбылысы күн нұрына шағылысып
құлпырады. Бүкіл əлем жүзіндегі үйрек атаулының тұқымы осында
жиналған; өздерінің ықтиярынан тыс шақырылып, бір тəуірі хартиясы,
саяси ұстанымдары жоқ үйректер депутаттарының палатасы тəрізді қауым
құрастырған бұл жазғандар қырқылдасып, домаланып, құлай сүрініп
жапырласа, аңшылардың көзіне түсуден қауіпсінбей, тек қана жаратылыс
зерттеушілерінің бақылауы астында өмір сүруде еді.
– Əнеки Лавриль мырза, – деді сақшы зоологияның ұлы абызын іздеп
келген Рафаэльге.
Маркиз терең ой дариясына шомған пішінде екі үйректі зерттеп тұрған
аласа бойлы мырзаны көрді. Ғалым орта жастағы кісі екен; шадыман
шаттық шырайы оның жағымды кескінінде ерекше жұмсақтық белгісін
білдіргендей, оның бүкіл келбетінен тылымға шексіз берілгендік сезіледі:
ол жасанды шаштарын тоқтаусыз қасып, əлденендей ермек үшін ширатып
тұр; паригінің астынан жаңалық табуға құштарлығын əшкерелейтін тарамтарам бурыл шаш талдары көрінеді; асылында, басқа құмарлықтар сияқты,
өктемдікпен кісіні сыртқы əлемнен оқшаулап, адамның өзін-өзі ұмытып
кетуіне көндіретін сипат еді бұл құштарлық та. Рафаэльде де талымның
жəне зерттеушінің сезімі қозды, сондықтан ол адам баласы білімінің
шеңберін кеңіту үшін түн ұйқысын төрт бөлетін, тіпті қателіктерінің өзі
Францияның даңқын арттыратын бұл жаратылыс зерттеушісіне тым-ақ
сүйсінді; əйтсе де, кербез, сəнқой əйел, бəлкім, талымның шалбары мен
жолақ жилеті арасындаты саңылауды көріп, келеке еткен де болар еді,
айтпақшы, сырт жейдесі бұл ұятты саңылауды бүркеп тұрған-ды, өйткені
жануарлардың ұрпақ өршітуші жолдарын зерттеуіне сəйкес ғалымның
біресе еңкейіп, біресе шалқаюына байланысты, сырт жейдесі қыртыстанып
қала беретін.
Лавриль мырзамен амандасып, сыпайы əдеп сөздерін айтысқаннан
кейін, Рафаэль үйректер жөнінде ғалымға дағдылы қошемет арнауды өзіне
борыш санаған.
– О, біз үйректерге баймыз, – деді жаратылыс зерттеушісі. Тегінде,
өзіңіз де білетін шығарсыз, жарғақ табандылар отрядындағы нағыз көп
таралған түрі осы. Бұлар аққудан бастап зензен үйретін қоса есептегенде,
бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар жүз отыз жеті салаға бөлінеді; əр
саланың өзінің атауы бар, мінез-дағдысы ерекше, мекендегі басқа-басқа,
сырт пішіні де өзгеше; Бұлардың бір-біріне ұқсастығы ақ өңді адамның
негрге ұқсастығынан артық емес. Шыныңда да үйректің етін жеп
отырғанда біз əсте байқамаймыз, қаншалықты таралған...
Дəл осы мезетте жағаға қарай көтеріліп келе жатқан бір сұлу құсты
талымның көзі шалып қалды.
– Қараңызшы, мінеки мынау ала мойын аққу, Канаданың пақыр
перзенті, қоңырқай-сұрғылт мамығын, мойнындағы қара сақинасын
көрсеткелі алыстан ұшып келген. Қараңызшы, қасынып тұр... əнеки анау
кəдімгі мамыр қаз немесе, басқаша айтқанда, үйрек, біздің əсемпаз
сəнқойларымыз осы үйректің мамығын көрпе орныңа қолданады;
қараңызшы, неткен сұлу-ақ, қызыл аралас бауыр жүні, жасыл тұмсығы
қандай əсем! Мен жана ғана жақындасқан сəттерін көрдім, Бұрын ол тіпті
ойымда жоқ еді, деп ғалым өзінің сөзін ұластыра берді. Жұптасу сəті
ойдағыдай өтті, нəтижесін асыға күтемін. Үйрек нəсілінің жүз отыз
сегізінші тұқымын туғызам ба деген де үмітім бар; ол бола қалса менің өз
есіміммен аталуы мүмкін, міне, мынау жұбайлар, – деді ғалым екі үйректі
нұсқап. Мынасы күлегеш қаз (anas albifrons), анасы ысқырғыш үлкен үйрек
(anas ruffina Бюффонша айтқанда).
Шағылысқа не ысқырғыш үйректі, не аққабақ үйректі, немесе жалпақ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 17
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.