Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 04

Total number of words is 3924
Total number of unique words is 2479
29.0 of words are in the 2000 most common words
41.0 of words are in the 5000 most common words
48.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бет алып бара жатсақ керек! Бұл күнге дейін заңсыздықты біз думанды екі
мəжіліс, ішкілік арасында жасап келген едік, мас боп отырып, өмір туралы
ойлаушы ек, тамақты сіңіре отырып, адамдар мен оқиғаларға баға беруші
ек. Іс жүзінде қыздай күнəсыз болсақ та, біз тілге содыр болдық. Енді
саясаттың қызыл шоқта балқыған қызу темірімен таңбаланған біздер тəтті
қиялдарымыздан арылу үшін ұлы сүргінге сапар шеккелі барамыз. Кімдекім албастыға ғана сенсе, оның жастық жұмағын жоқтап жас төгуіне
рұқсат; Айса мың қасиетті тəнінің дəмін татқалы мейірімді священникке
діндарлықпен аузымызды ашқан күнəсыз кезімізді жоқтап, жас төгуіне де
рұқсат. Беу, қымбатты достарымай, егер біз алғашқы күнəларымыздан
сондай лəззат алған болсақ, ол кезде сол күнəларымыздың өзіне көрік
беретін, оларды үшкірлеп, қызғылықты, дəмді ететін ардың өкініші
болушы еді бізде, ал қазір ше...
– Уа, қазір, деп қыстырылды əңгімені əуелі бастаған жігіт, бізге бір-ақ
нəрсе қалды...
– Ол не? деп сұрады екіншісі.
– Қылмыс...
– Дар ағашындай биік, Сена өзеніндей терең сөз, міне осы, деп Рафаэль
де қосарланды.
– Ой, сен менің сөзімді түсінбепсің ғой!.. Мен саяси қылмыстар туралы
айтып келемін. Бүгін, таңертеңнен бері, саяси қаскүнемдерге ғана
қызықтым. Қиялымның бұл шарықтауы келесі таңертеңге дейін жетер ме,
жоқ па, білмеймін біздің өркениетіміздің жағдайындағы сүренсіз
өміріміздің темір жолдың табаны сияқты бір сарынды өмірдің
пақыршылық өмірін ойға алғанымда жаным күйзелді, мені Мəскеуден
шегініп келе жатқан француздардың машақат бейнеті, "Қызыл
корсардың"38 қорқынышы, шекара қарақшыларының өмірі сияқты
бақытсыздық жағдайлар тебірентеді. Францияда енді қартезиандық
сопылар қалмағандықтан, мен ең құрығанда Ботани-бэйге39 жіберуді
көксеймін. Бұл түскі тамақты ішіп болғаннан кейін жұмарлап тастай
салатын орамалша, өз өмірлерін жұмарлап, енді өз елінде өрт салушы,
өзінің маңдайына оқ жіберуден, республикашыларша қастандық жасаудан
немесе соғысты талап етуден басқа түк жұмыс жоқ деп есептейтін
кішігірім лорд Байрондарға арналған өзінше бір емхана ғой...
– Эмиль, деп бастады сөзін Рафаэльдің екінші жолдасы қызу түрде,
шының айтқанда, егер Шілде революциясы болмаса, мен священник болар
едім де, қайдағы бір меңіреу деревняда малша өмір сүрер едім жəне...
– Жəне күн сайын дұғалық оқыр ма едің?
– Иə.
– Мақтаншақ!
– Е, газет оқып жүрген жоқпыз ба?
– Журналист үшін жаман əдет емес! Əйтсе де сөзді тоқтат, біздің
айналамыздағы тобыр өзіміздің оқырмандарымыз ғой. Байқайсың ба,
журнализм деген қазіргі заманымыздағы қоғамның діні жəне бұл жерде
едəуір алға басқандық бар.
– Қалайша?
– Бас священниктер дінге сенуге міндетті емес, халық та солай...
De viris illustribus40-ты оқып алған зиялы жастар сияқты əңгімелесе
отырып, олар Жубер көшесіндегі оңаша əсем үйдің қасына келді.
Басқалардың аты сəттілік арқылы шыққан, Эмиль түк істемей жүріп-ақ
олардан анағұрлым артық атақ-даңққа ие болған журналист. Ол ұшқыр
ойлы, шақпа тілді батыл сыншы. Оның мінез-құлқының кемшіліктерінен
ақыл-парасаты басым. Сықаққой жəне ашық, жайдары жігіт болғандықтан,
ол досымен жүзбе-жүз сөйлескенде оны əжуалап, еш нəрсені жасырмай
бетке айтып, мыңдаған эпиграммаларымен түйрейтін де, сыртынан оны ақ
көңілімен батыл қорғайтын. Ол барлық нəрсені, тіпті өзінің болашағын да
келемежге айналдыратын; өмір бойы ақшадан тарығып жүреді; іскерлік
қабілеттен құр алақан емес адамдардың бəрі сияқты, ол да ұйқысы
ашылмас жалқаулықтан арылмайтын. Сөйтіп жүріп, ол өздерінің
кітаптарына ауыз тұшырлық бірде-бір сөз енгізе алмайтын мырзалардың
намысын келтіре, өзектерін өртеп, тұтас бір кітапқа татырлық жалғыз ауыз
сөз айтатын да қарап отыратын. Ол уəде беруге жомарт еді, бірақ онысын
еш уақытта орындамайтын. Өзінің сəтті істері мен атақ-даңқын жұмсақ
жастықтай жастанып, тыныш ұйықтауды дағды етті, қартайған шағында,
көрілер үйінде оянудан да сескенбеді. Осындай бола тұрса да, ол достары
үшін басын балтаға тігіп, жаңғырықтың астына баруға пейіл, өзінің ий
ауыздығын мақтан етеді жəне жас баладай ақ пейіл жұмысты тек
еріккеннен немесе бір үзім нан үшін ғана істейді.
– Мэтр Алькофрибастың41 сөзімен айтқанда, думанды тойдың нəпақасы
бізге де тиеді-ау,
шамасы, – деді ол Рафаэльге, басқышты жап-жасыл түрге бөлеп, хош
иісті аңқытып тұрған гүлді жəшіктерді нұсқап.
– Ауыз бөлменің жып-жылы болып қымбат кілемдермен əсемделгені
жалғанда жаным сүйетін бір жайт, – деді Рафаэль де. Дəл босағасынан
басталатын сəн-салтанат Францияда некен саяқ. Мен мұнда қайта
жасаратынымды сезіп келемін.
– Несін айтасың, анау үстіңгі бөлмелерге барған соң арақ-шарапқа
қанып, əзіл-күлкіге кенеліп, сайран саламыз əлі, байғұс Рафаэлім менің.
Сайрандағанда қандай жəне! – деді Эмиль əңгімесін жалғастыра. Біз
ішімдікке бəрінен де басым шықсақ керек. Осынау бастардың бəрінен
басым түсерміз деп үміттенемін.
Айтқанындай-ақ алтын əшекейлері шам сəулесімен қоса жарқыраған
сəулетті қонақ бөлмеге кірісімен Рафаэльдерді сол сəтте Париждің ең əйгілі
жастары қоршап алып, шүйіркелесе кеткенде, Эмиль мысқылшыл
ишаратпен қонақтарды нұсқады. Қонақтардың бірін жұрт жаңа дарын
деседі екен. Алғашқы жасаған суретінің өзі-ақ оның есімін Империя
тұсындағы таңдаулы суретшілермен бір қатарға шығарыпты. Екіншісі
осыдан сəл ғана бұрын тың кітап жазып шығаруға батылдық етіпті де,
онысы өзінше бір əдебиетке деген жиренішті бейнелейтін жəне қазіргі
заманның əдеби мектебіне жаңа жолдар ашып беретін соны сарын деп
танылыпты. Ызғарлы кескіні ер жүрек даналығын əйгілеп тұрған əлгі
атақты мүсінші сол кезде, жағдайға қарай, біресе ешбіреудің ештемеден
басымдылығын мойындағысы келмейтін, біресе кез келгеннің бəрінен
артықшылық қасиет тани қалатын самарқау сықаққойлардың бірімен
əңгімелесіп отыр екен. Біздегі сықақ сурет ұсталарының арасындағы осы
бір жəдігөй көзқарасты, шақпа тілді, ең өткір ойлысы қаламының ұшымен
əр жерден сызып қалып-ақ тамаша бейнелер жасайтын эпиграммаларына
тақырып іздеуде. Саяси идеялдардың мəнін басқалардан гөрі жақсырақ
аңғаратын, қайдағы бір еңбекқор автордың шығармаларының ішкі сырын
əзіл-қалжыны аралас екі-үш ауыз сөзбен тұжырымдай білетін өжет жас
жазушы кексе ақынмен кеңесіп отыр. Бұл ақын да олқы емес-ті, егер
ақындық дарыны оның өшпенділік күшіне сай келген болса, онда мұның
жазғандары өткен замандардағы шығармалардың бəрін жоққа шығарар еді.
Бұл екеуі шындықты да сездірмеуге, өтірік те айтпауға тырысып, бір-біріне
тəтті, жарамсақ сөздермен жауап қатысады. Атақты музыкант даусын сəл
төмендете сөйлеп, жақында өзіне ешқандай зиян келтірместен, тағынан
тайған жас саяси қайраткерді əзілмен қағыта жұбатып отыр. Стилі жоқ жас
жазушылар идеясы жоқ жас жазушылармен, шығармалары поэзияға
татитын шебер прозашылар өлеңді проза сияқты етіп жазатын дарынсыз
ақындармен қатар тұр. Өзінің құрғақ қиялға негізделген іліміне сенген
мейлінше аңғырт сенсимоншыл бейбақ жанашырлығы ұстап, жаңағы
дүмбілез байғұстарды татуластырып жатыр. Сірə, ол бұларды өз орденіне
сопы етіп қабылдамақ болса керек. Мұнда, ақырында, əңгімеге азот
араластырып отыру үшін жаралған екі-үш оқымыстылар да бар; жарық та
болмайтын, жылу да бермейтін алмас ұшқындары сияқты жылтырауық,
мағынасыз жел сөздерді қай минутта болса да əңгімеге араластырып
жіберуге дайын тұратын күлдіргіштердің де бірнешеуі отыр. Адамдар мен
жағдайларға деген жирену немесе сүйсіну көзқарастарын дəріптейтіндерді
астыртын қажуалай отырып, бірнеше парадоксшылар бірде-бір жүйені
жақтамастан, барлық жүйе атаулыға қаскүнемдік жасауына көмектесетін
екі ұшты саясатын жүргізіп жатыр. Еш нəрсеге таңырқамайтын, Итальян
операсының ең қызғылықты жерінде мұрның тартып сіңбіретін, браво деп
жұрттан бұрын айғайлайтын, өзінен бұрынырақ пікір айтқан адамға дау
соға түрегелетін білгіш те осында екен, ол ділмарлардың өткір сөздерін өз
сөзі етіп көрсетпек болып тырысады. Бұл қонақтардың ішінде бесеуінің
болашағы бар, тағдыр жазса, оны өмір бойы қандай да бір атақ-даңққа
қолы жетуі ықтимал, ал қалғандарына келетін болсақ, олар тоғышар
жабының қай қайсысы да сияқты, Людовик XVIII-нің бірігу жəне ұмыту42
детен атақты өтірігін қайталап айтарлық қана халде.
Меймандос үй иесі осы той-думанға екі мың экю жұмсаған адамның
қам көңіл, жайдарылық қиянатында болатын. Көп кешігіп, зарықтыра
күттірген қонақтардың атын атап шақырғандай, үй иесі тықыршып, есік
жаққа жиі-жиі қарай береді. Көп ұзамай, жұп жуан бір адам кіріп келді.
Үйдегілер оны жарамсақтықпен жапырласа қарсы алды. Жаңа газет
шығару жөніндегі бітуана келісімді сол күні таңертең тындырған нотариус
еді Бұл Қара киім киінген малай ас ішетін зəулім бөлменің есігін ашты.
Жұрттың бəрі, кəде жоралғы сақтап іркілместен, соған қарай ағылып,
орасан зор үстелдің айналасынан орын ала бастады.
Рафаэль қонақ бөлмеден шығарда төңірегін тағы бір шолып өткен.
Оның тілегі шыныңда да дəлме-дəл орындалды. Қай жағына қараса да
қаптап тұрған алтын мен торқа. Үйдің іргесін көмкерген алтын жалатулы
бедерлер, қоладан нəп-нəзік етіп құйған асыл бұйымдардың мəнерлері жəне
үй жиһаздарының сəнді бояулары сансыз көп май шам орнатылған асыл
шамдалдардың сəулесімен жарқырайды. Бамбук ағашынан аса шеберлікпен
тоқылған кəрзеңкелердегі сирек кездесетін гүлдер жанға жайлы тамаша
хош иістерін аңқытып тұр. Үй ішіндегі жасаулардың бəрі ең артысы
шымылдық, перделерге дейін пəлендей көз шағылдырмаса да, сəн
сымбатымен асыл бұйым екенін аңғартулы. Барлық заттарда поэзиядай
жүрек тебірентерлік, əсіресе, кедейдің көкейіне күшті əсер етуге тиісті
сондайлық бір керемет бар сияқты.
– Жүз мың ливр табыс катехизиске тым əдемі түсіндірме-ау өзі, əдеп,
мораль дегендеріңізді өмірде іс жүзіне асыруымызға мұндай қаржы
кереметтей-ақ көмектесер еді! – деді күрсініп Рафаэль. Уай, несін айтасың
енді, менің мейірбан басым жаяу жүре алмас. Мансарда көне киім, қысқы
сұр қалпақ, есік күзетушіге берешек борыш менің мінім осылар... Дариға,
мынадай сəн сəулет, ең дəулеттің ортасында бір жыл, тым болмаса жарты
жыл дəурен сүріп барып өлер ме едім, шіркін! Ен құрығанда мың өмірдің
рақатын көріп, лəззатын сарқа сіміріп, қызығын айызым қана жұтар едімау!
– Е, онда сен алыпсатардың күймесін бақыт деп есептейді екенсің ғой! деп кескестеді оның сөздерін тыңдап отырған Эмиль.
– Сөзіме илан, байлық сені тез-ақ зеріктіреді: ол сенің көрнекті адам
болу мүмкіншілігіңді жоятының сен өзін-ақ сезесің. Байлардың кедейлігі
мен кедейлердің байлығының қайсысын таңдауға келгенде суреткер əсте
қобалжып көріп пе еді? Біз сияқты адамдарға өмір бойы күресу керек
болатыны бекер ме? Ендеше, асқазаныңды дайындай бер. əне көрдің бе, –
деді ол рақатта өмір сүрген мол дəулетті капиталист асханасының,
жаныңды жұмақтай жай таптырарлық берекелі көрінісін ыммен нұсқап.
Құдай ақы, ол осынша дəулетті біз үшін ғана жиғалы арпалысқан болса
керек. Табиғатты зерттеушілер ұсақ су жəндіктерін зерттегенде,
көпірткішті олардың қатарына қосуды ұмытып кетіпті ғой. Мынау мырза
сол көпірткіштердің алуан түрлерінің бірі емес пе? Мирасқорлары сорып
алып қоймай тұрғанда, өзіне тиісті көпірткішті сытып, алған дұрыс шығар!
Қарашы үй қабырғаларын зейнеттеп тұрған бедерлі əшекейлер қандай
тамаша! Шамдалдар мен суреттер ше, неткен сəн-салтанат, қандай талғам!
Егер күншілдерге жəне тұрмыстың тетігін білемін деп жүретіндердің сөзіне
илансақ, Тайфер революция кезінде бір немісті жəне екі адамды жұрттың
айтуына қарағанда, өзінің таңдаулы досын жəне сол таңдаулы досының
анасын өлтіріпті дейді. Ал кəне, қазірде ақ шашты бəтегөй болып отырған
Тайферді қылмыскер деп көрші! Түріне қарасаң мейірбан адам.
Қарашы əне, күміс бұйымдар қалай жарқырап, ұшқын атады... Соның
жалт еткен əрбір шұғыласы соның жүрегіне пышақ боп қадала ма екен
шынымен-ақ? Қой, шырағым! Бүйте берсек Мұхаммедтің шариғатына да
нанып кетерміз, тегі. Егер осы қауесет рас болса, онда жаны сезімтал,
дарыны мол мынау отыз адам бүтіндей бір үйлі жанның ішек-қарның
жалмап, қаның ішуге келген болады да... ал біз, кіршіксіз таза көңілді,
албырт екі жас, біз де сол қылмысқа ортақ болғанымыз ғой! Біздің сол
капиталистен: Адал адамбысың сен өзің? деп сұрағым келіп отыр.
– Қазір қоя тұр, – деді Рафаэль. Ол өлердей мас болғанға дейін күте
тұрайық. Алдымен тамақтанып алайық та.
Екі дос жайраңдап күліп, келіп жайғасты. Əрбір қонақ əуелі сөзден
бұрын көзге кезек беріп, ұзын үстелдің салтанатты көрінісін тамашалап
өтті. Үстелдін үстіне жаңа жайғап аппақ қардай дастарқан жайылыпты,
текшеленіп, тəртіппен тізіліп тұр. Крахмалмен қатырған салфеткалар əр
жерде жұлдыздардай нұрланған хрусталь алуан түсті шұғыладай ұшқын
атып тұр, шырақтардың сəулелері бір-бірімен айқыш-ұйқыш астасып, үстіүстіне тоғыса берулі, күміс қақпақтар астындағы табақ-табақ тағамдар
жұртты ынтықтырып, шабытын қоздыруда. Ешкім тіс жарып аузын ашқан
жоқ. Көрші отырғандар бір-біріне қарап қойды. Даяшылар мадера құйып
жатыр. Содан кейін нағыз дəмді, мақтаулы бірінші табақ та келіп жетті. Бұл
табақты топырағы торқа болғыр Камбасарес43 марқұмға да ұялмай-ақ
тартуға, одан да абырой алуға болар еді. Брийа-Савареня44 да
мадақтарлықтай еді бұл табақ. Бордоның, Бургундияның ақ жəне қызыл
шараптары корольдердің мырзалығындай жомарттықпен атыл-тегіл беріліп
жатты. Тойдың осы бірінші бөлегін, барлық жағынан алып қарағанда да,
классикалық трагедияның экспозициясына теңестіруге боларлықтай еді.
Екінші көрініс ептеп мылжыңдау болып шықты. Қонақтардың бəрі де
өз нəпсісіне қарай шарап түрін ауыстыра отырып, жетерліктей қылғып
алды, тамаша тамақтың сарқытын алып жөнелгенде, қызу таластар
басталып-ақ қалған болатын, кейбіреулердің ақшыл маңдайлары қызара
бөртіп, кейбір мұрындар қызыл шулан түске енді, дидарлар оттай дуылдап,
көздер ойнақшып, жалт-жұлт етті. Мастықтың осы таң шапағында əңгіме
əлі сыпайыгерліктің шегінен шыға қойғанжоқ-ты, алайда əзіл мен сықақ
бірте-бірте барлығының ауыздарынан да андыздай бастаған-ды, содан кейін
зəрлі сөздер ақырын-ақырын жыланша бас көтерді де, бал тамыза
маймаңдап жөнелді. Салмақты, тұйық мінезді сабырлылар естен айырылып
қалмайық деген үмітпен əңгімені зейін қоя тыңдасып, бой тежеп отырысты.
Тамақтың екінші табағы келгенше-ақ ақылдылардың бəрі де қызып алды.
Бəрі де тамақ жей отырып, сөз сөйлеп, сөз сөйлей отырып тамақ жеп,
сұйық заттардың көптігінен шімірікпестен шарапты сіміре тартты.
Шараптар сондай тəтті, хош иісті, тіпті ішпеске қоймайтындай еді.
Қонақтардың желігін қоздыра түсу үшін Тайфер қуатты рона шарабын,
қанды қыздыратын тоқай шарабын, миға шабатын ежелгі русильон
шараптарын əкелуге əмір етті. Асыға күткен, бірақ сонысына қарай мол
құйылған шампан шарабының ұшқын шашқан көрінісіне желіккен жас
жігіттер, бекеттеп аттантан пошта күймесінің шыға шапқан аттарындай,
өздерінің ақыл зерделерін ешкім құлақ салмайтын құрғақ топшылаудың
қуыс кеңістігінде желдірте бастады, ешкім тыңдамайтын тарихтарды
айтып, ешқандай жауап қайтарылмаған сауалдарды жүзінші рет қайталап
жатты. Россинидің желдірмесі сияқты барған сайын өрши түскен, көптеген
ұғынықсыз айтайлардан құралған алып дауыспен зауық азғындығы дара
лепіруде еді. Одан кейін жалған құттықтаулар, мақтаныш, сайқымазақ
басталды. Бəрі де ақыл-ой қабілеті жөнінен даңқын шығаруға тырыспай-ақ
күбі, кеспек, чан тəрізді үдемелі ыдыстардың ішіне сыяғын шарап
мөлшерімен бəстескелі өршеленді.
Осындағылардың бəрінің де бейне бір екі даусы бар секілді. Думанның
нағыз қызатын кезеңі туды. Мырзалар бірін-бірі кимелей, бəрі жаппай
дабырласты да, мұны көрген қызметшілер езу тарта жымнысты. Алайда,
осы сөз ботқасында айқай-шудың арасынан, соттағыдай дербес ұйғарулар
мен тұжырымды үкімдердің арасынан, əp қилы сорақылықтар арасынан,
майдандағы айқас кезінде зеңбірек доптарының, үлкенді-кішілі оқтардың
сапырылысқаны сияқты, күмəнды көрікке бөленген оқыс, қайшы пікірлер,
дуана тойын жамылған ақиқаттар бір-бірімен соқтығысып жатты; шүбə
жоқ, мұндағы пікір ерсіліктері философты да қызықтырар еді, қоғамдық
құрылыс жүйелері жөніндегі керемет жобалары саяси қайраткерді де
еліктірер еді. Мына көріністі əрі сурет, əрі кітап деуге боларлық.
Философиялар, діндер, əдеп-пиғыл ілімдері, əр елдегі əр алуан үкіметтер,
қысқасы адам ақылының бүкіл қызметінің барлық нəтижелері уақыттың
ұзын шалғысымен қырқылып жатты. Ол шалғы мас болған даналықтың
қолында ма, əлде дана, айқын болжампаз настықтың қолында ма, тегі, оны
шешу қиын. Өзгеше бір дауылдың екпінімен желпінген бұл ақылдар, бейне
бір жартасқа соғылған толқындардай, барлық заңдарды, олардың арасында
жүзіп жүрген мəдениетті де шайқалтқысы келетін тəрізді, не істегенін
өздері де білместен, табиғатта жақсылық пен жамандыққа орын қалдырып,
бірақ бұл екеуінің арасындағы үздіксіз күрестің құпия сырын өзі үшін ғана
сақтайтын құдайдың құдіретін жүзеге асыруда еді олар. Осы өршеленген
есуастық талас бірсыпыра дəрежеде ақыл-ойдың тоқырауы, тұралауы боп
табылады. Революция ұлдарының газет шығарардағы осы мұңды əзілдері
мен жайдары маскүнемдердің Гаргантюа туарда айтқан топшылауларының
арасында он тоғызыншы ғасыр мен он алтыншы ғасырдың жігін бөліп
тұратын түпсіз шыңырау шатқал жатқан сияқты, сонау ғасыр күле отырып
бүліншілік дайындаса, біздікі бүлінген дүниенің күйзелісі ортасында күліп
отыр.
– Анау жігіттің аты-жөні кім? деп сұрады нотариус Рафаэльді нұсқап.
Оны Валантен деп атағандай болды ма, əлде маған солай естілді ме?
– Сіздіңше, ол жай ғана Валантен бе? – деді Эмиль күліп. Жоқ, бұл
Рафаэль де Валентен! Біздің гербіміз басында күміс тəжі бар, тұяқтегеуріңдері, тұмсығы қызыл, тұғыры қара жалау үстіне орнатылған алтын
қыран жəне Non cecidit animus45 деген тамаша ұран! Біз жетімек емеспіз,
біз барлық Валентинуалардың түпкі атасы, француз Валенсі мен испан
Валенсиясының негізін салушы, Шығыс империяның заңды мұрагері
император Валенттің ұрпағымыз. Егер біз Константинопольде Махмудтың
патшалық дəурен сүруіне рұқсат еткен болсақ, мұнымыз өзіміздің ізгі
ниетімізден жəне ақшамыз бен жасағымыздың жоқтығынан болып отырған
жайт.
Эмиль Рафаэльдің төбесіндегі ауаны сызып, ас айырымен тəждің
суретін бейнеледі. Нотариус бір минуттай ой түбіне үңілді де, қолдарымен
əлденендей ишарат етіп, қайтадан іше бастады, осы ишаратымен ол
бейнебір Валенсия, Валенс, Константинополь, Махмуд, император Валент
жəне Валентинуа нəсілі дегендерді өзінің істес адамдарының қатарына
қосуға құдіретінің келмейтінін мойындаған тəрізді.
– Жолаушы алыптың аяғының астында езіліп қалған Вавилон, Тир,
Карфаген немесе Венеция деп аталатын осы құмырсқа илеулерінің
қиратылуын адамдар қандай да бір мысқылдаушы күштің сақтандырған
ескертуі деп тануы керек емес пе? – деді Клод Виньон, Боссюэні бейнелеу
үшін қолжазбасының əp жолына он су төлеу шартымен сатып алынған осы
бір сорлы құл – Моисей, Сулла, Людовик XIV, Ришелье, Робеспьер,
Наполеон, бəлкім осылардың бəрі, аспандағы құйрықты жұлдыздай əp
алуан өркениеттің тұсында жаңадан пайда болатын бəз баяғы бір адам
шығар, деп те үн қосты əлдеқандай бір Баланшист46.
– Жазмышты тергеп керегі не? деп ескертті баллада жаудырушы
Каналис47.
– Пəлі, жазмыш болсашы! деп білімпаз қосарлана айғайлады, оның
сөзін бөліп, дүниеде жазмыш деген ұғымнан артық созылмалы, даулы еш
нəрсе жоқ.
– Бірақ алым-салықты кімге бөліп салу жөнінде əділдік ету үшін,
заңдардың бірыңғай болуын белгілеу үшін, мұраны мемлекет мүлкіне
айналдыру жəне тең болу үшін күрескен Конвенттен гөрі Людовик XIV
Ментенон су құбырын саларда халықты көбірек қырды ,ой! деп даурықты
Масоль, аты-жөнінің алдында бір демеу жетпегендіктен республикашыл
бола қалған осы бір жас жігіт.
– Қан дегеннің өзі сендер үшін шараптан да арзан ғой, деп оған
Уазаның ірі помещигі Моро қарсылық білдірді. Бірақ, дəл осы жолы
жұрттың басын иығында-ақ қалдыратын шығарсындар?
– Неге? Əлеуметтік тəртіптің негізін орнату үшін бірнеше құрбандық
көп пе?
– Бисиу! Естисің бе сен? Мынау республикашыл мырза анау отырған
помещикті құрбан болуға лайық деп есептейді, – деді тағы бір жас жігіт
көршісіне.
– Адам да, уақиғалар да түк емес! республикашыл ықылық тигеніне
қарамастан, өз теориясын дамыта түсті. Тек саясат пен философияда ғана
принцип пен идеялар бар.
– Неткен сұмдық! Қайдағы бір "иə" деген жалғыз ауыз сөз үшін
өздеріңнің достарыңды өлтіре беру аянышты емес пе?...
– Е, ожданның өкінішін, құстанасын ұғынуға қабілетті адам нағыз
қылмыскер, əнекей, сол өйткені ол мейірбандылықтан аздап хабардар, ал
ұлы Петр немесе герцог Альба өздері тұтас бір-бір жүйелер, ай теңіз
тонаушысы Монбар жеке ұйым48.
– Əйтсе де қоғам осы сендердің жүйелеріңсіз-ақ, ұйымдарыңсыз-ақ күн
көре алмас па екен? деп сұрады Каналис.
– Е, əрине, – деді республикашыл өзеуреп.
– Сендердің ақымақтық республикаларың мен ұйымдарыңнан менің
жүрегім айниды.
Тыныштықпен каплун49 да соя алмайсың ішінен жер жөніндегі заң
шыға келе ме деп.
– Сенің нанымың керемет екен, саңырауқұлаққа мелшие тойған
сүйіктім Брут! Бірақ сені көргенде менің үй қызметшім есіме түседі: ол
ақымаққа ұқыптылық жыны қағылған ба дерсің, егер киімімді оның өзінше
тазартуына рұқсат етсем, тырдай жалаңаш жүретінмін түгі.
– Бəрің де хайуансыңдар! Сендер ұлтты тіс шұқуышпен тазартасыңдар
ғой, сірə? деп республикашыл мырза кейіп қалды. Сендерше, əділетті заң
ұрыдан да қауіптірек болғаны ғой, тегі.
– Ее! деп мекіренді адвоқат Дарош.
– Осылар-ақ саясаттарымен басты ауыртып болды! – деді нотариус
Қардо. Есікті жабыңдаршы. Бір тамшы қанға татырлық не білім, не
мейірбандық жоқ. Ақиқаттың əлеуетін есептей бастасақ, əрі-беріден соң
оның халі мүшкіл болып шығар.
– Əрине, ашық жанжалдан аяр тыныштық деген той, анық өзі тиімді
болар, сондықтан мен өзім қырық жыл бойы мінбеден сөйленген сөздерді
бір қылатай балыққа, Перроның50 бір ертегісіне немесе Шарленің51 бір
сүйкеген суретіне айырбастар едім.
– Сіздікі дұп-дұрыс... Ана бір бусандырылған тамыржемісті бері
жіберіңізші... Өйткені, ақыр-аяғында бостандық бассыздықты туғызады,
бассыздық озбырлыққа əкеліп соғады, озбырлық бостандыққа қайта
оралтады. Осы айтылған жүйелердің бірде бірінің салтанат құруына жете
алмай, миллиондаған тірі жан қаза тапты. Ішінде рухани дүние мəңгілік
шыр айналып тұратын кінаратты дөңгелек осы емес пе? Ал егер кімде-кім
жетіліп болдым деп ойласа, онысы шыныңда, тек орын ауыстырғаны тана.
– Oho! – деп водевильші Кюрси айғайлап жіберді. Олай болса,
мырзалар, мен бостандықтың атасы Карл X үшін шарап көтеремін!
– Неге солай болмасқа? – деді Эмиль. Заңда озбырлық болғанда, мінезқұлықта бостандық болады жəне керісінше.
– Ендеше, біздің ақымақтарға билік жүргізуімізге осынша мүмкіндік
беріп отырған өкімет билігінің ақымақтығы үшін ішіп жіберелік! деп
ұсыныс енгізді банкир.
– Ей, сүйіктім, Наполеон бізге ең болмаса атақ-даңқын қалдырып кетті
ғой, деп өңешін созды, еш уақытта Бресттен ормен жүзіп көрмеген теңіз
офицері.
– Қойшы сол атақ-даңқты, ол өтпейтін тауар ғой. Өзі əрі қымбат, əрі
сақтауы киын. Бақыт ақымақтардың өзімшілдігі болса, атақ-даңқ ұлы
адамдардың өзімшілдігінің нышаны емес пе?
– Сірə, сіз өте бақытты шығарсыз...
– Өзінің иелігіндегі меншігін алғаш қоршап алған кісі, күмəн жоқ, əлсіз
болған болса керек, өйткені мүсəпір адамдарға ғана қоғамнан пайда түседі.
Пиғылы жағынан айырмашылығы жер мен көктей жабайы адам мен ой иесі
дананың меншіктен шошыну дəрежесі бірдей.
– Өте сүйкімді! Нотариус та айқайлап жіберді. Егер меншік болмаса, біз
ақтыларды қалай жасар едік?
– Ойпырмай, мына бұршақтың дəмдісін-ай!
– Сөйтіп, священник ертеніне төсегінен өлі табылыпты...
– Кім ол өлім туралы сөйлеп отырған?... Өліммен ойнамаңдар! Менің
нағашым...
– Əрине, сіз оның бəрібір өлетініне мойынсұндыңыз ғой.
– Əлбетте...
– Тыңдаңыздар Мырзалар!.. НАҒАШЫСЫН ӨЛТІРУДІҢ ТƏСІЛІ. Тсс!
(Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!) Ен алдымен кемінде жетпіс жастағы əрі
жуан, əрі семіз нағашыны алыңыз, нағашылардың ішіндеті ең таңдаулы
сорты осы. (Жұрттың бəрі көңілдене түсті). Қандай да бір сылтаумен оны
аса майлы бүйректен пісірілген қуырдақты жеп тауысуға көндіріңіз.
– Бірақ менің нағашым ұзын бойлы, сыйдаң, саран жəне ұстамды адам.
– Ой, мұндай нағашылар өмірді қимайтын мақұлықтар ғой нағыз!
– Сонсоң, нағашылар туралы əңгіме қозғаған мырза сөзін ұластыра
берді, тоқтығын басып жатқан кезінде оның банкирінің дəулеті күйрегенін
жариялаңыз.
– Егер одан өлмей қалса ше?
– Онда əдемі бір қыз əкеп беріңіз оған!
– Ал, егер ол.. – деді екінші біреу басын шайқап, "жарамаса" дегенді
ыммен білдіргендей.
– Онда ол нағашы емес... Нағашы дегеннің асылы шаһуат қой.
Малибранның даусы қарлығып қалыпты.
– Жоқ!
– Иə.
– Бəсе, бəсе, Жоқ пен Иə діни, саяси немесе əдеби тақырыптардағы
топшылаулардың бəрінің түйіні ақыр-аяғыңда осы екі сөз арқылы
шешілмей ме?
– Адам дегеніңіз шыңырау құздың ернеуінде билеп жүрген дуана ғой!
– Сізді тыңдап отырған мен ақымақпын ба?
– Жоқ, керісінше, тыңдамай отырғандықтан солай боларсыз.
– Білім дегеніңіз сорақылық! Гейнфеттермах мырзаның кітапханасында
миллиардтан астам баспадан шыққан томдар бар, ал адамның өмірі тек жүз
елу мың кітапты оқуға ғана жетеді. Сөйтіп енді сіз маған осы "білім" деген
қандай сөз екенін түсіндіріңізші. Біреулер Александр Македопскийдің
тұлпарының есімін немесе Дезаккорд мырзаның52 төбеті Бересилло деп
аталғаның білсе, соны да білім деп санайды, ал ағашты сумен ағызу,
фарфор жасау жөнінде біздің кімге борышты екенімізден ешқандай ұғымы
жоқ екені ойына кіріп те шықпайды. Кейбіреулер үшін білімді болу
мұрагерлік өсиетін ұрлап алып, жұрт қадірлеген, беделді, адал адам
атағына ие болу деген сөз. Ал, кінəсын бес есе ауырлататын жағдайда екі
қайтара сағат ұрлап, сол үшін жұрттың өшпенділігі мен жиіркенішін туғыза
отырып, Грев алаңында өлім жазасын тартуға жөнелтілу əсте білімділік
емес, əрине.
– Натан қала ма?
– Е, оның қызметтестері ақымақ халық емес қой.
– Ал Каналис ше?
– Ол ұлы адам, ол туралы айтпай-ақ қояйық.
– Сіз мас екенсіз!
– Конституцияның жедел зардабы ақылды тұрпайыландыру. Өнерді,
ғылымды, ескерткіштерді бəрін де қазіргі заманның сұрапыл құлғанасы
өзімшілдік кеулеген. Үш жүз буржуй палатада отырып тек терек егу туралы
ғана ойласатын болар. Озбырлық заңсыз түрде ұлы істер істеп жатқанда,
бостандықтың ең болмаса азғантай ғана заңды қарекет жасауға да мұршасы
келмей отыр.
– Сіздердің өзара үйрету дегеніңіз адам етін де ақшаға айналдырып, əр
қалжасын жүз су етіп шығаратын ілім ғой, деп килікті абсолютист. Білімі
теп-тегіс бір дəрежеге келтірілген халықта дараның өзіне тəн сыйпатбейнесі жойылмақ.
– Алайда қоғамның мақсаты əрбір адамның ауқатты тұрмысын
қамтамасыз ету емес пе? деп сұрақ қойды сен-симонист.
– Елу мың ливр табысыңыз болса, сіз халық туралы ойламаған да болар
едіңіз. Сіз күллі адам баласына көмек көрсетіп, ізгілік жасау ниетіне
бүтіндей берілгенсіз ғой, солай ма? Ендеше Мадагаскарға барыңыз. Онда
сіз əлі тың, кішкене ғана халықсымақты кездестіресіз, соларды сенсимондандырып көріңіз, тапқа жіктеңіз, шыны қалпақтың астында ұстап
байқаңыз, ал мұнда əрбір адам қаққан қазықтай өз ұясына ене қалады.
Мұндағы швейцар швейцар қалпында, ақымақ сол ақымақ қалпында
қалады, сондықтан мұндай атақ тату үшін оларға əулие қариялар
алқасының қажеті жоқ.
– Сіз карлист екенсіз!53
– Болса қайтеді? Мен озбырлықты сүйемін, бір есептен озбырлық
дегеніңіз белгілі дəрежеде адамнан жиренушілікті бейнелейді. Мен
корольдерге қастық ойламаймын. Өздері бір түрлі қызық. Күннен отыз
миллион миль қашықтықта тұрған палатада отырып, патшалық ету
дегеннің аз да болса мəні бар шығар!
– Өркениеттің барысын жалпы сипаттары тұрғысынан қорытып
көрейікші, – деді алаңдап отырған скульпторды ақылға келтіру үшін адам
баласы қоғамының дамуындағы бастапқы дəуір мен алғашқы тұрпайы
қауым халықтары туралы ұзақ сонар кеңеске кіріскен ғалым. Халықтар
пайда болған кездегі күш белгілі дəрежеде материалдық, бірыңғай, дөрекі
күш болды; соңынан, ірі бірлестіктердің пайда болуына байланысты,
бастауыш билік орындарының элементтерін азды-көпті айлалы амалдармен
алмастыру арқылы үкімет пайда болды. Сөйтіп, ежелгі көне заманда күш
дін иелерінің қолына топтасты: абыз сапысы мен хош иісті шайыр құтысын
өз қолында қатар ұстады. Содан кейін жоғарғы дəрежелі рухани екі əмірші:
бас священник пен патша шықты. Қазіргі уақытта өркениеттің шарықтау
шегі боп саналатын біздің қоғамымыз өкімет билігін жаңа қарымқатынастардың салдарынан туған айла-тəсілдердің саныңа сəйкес, бірнеше
жікке бөлді. біз қазір өнеркəсіп, ақыл-ой, ақша, сөз дарыны деп аталатын
күштермен істес болып отырмыз. Бірліктен айырылған өкімет билігі
қоғамды бытыраушылыққа қарай бастап отыр. Əркімнің өз олжасын, тиімді
пайдасын көздегені ғана қоғамды бұл ыдыраудан тежеп тұрған бірден-бір
кедергі болып табылады. Сөйтіп біз дінге де, материалдық күшке де
сүйенбейміз, ақыл-парасатқа ғана сүйенеміз. Бірақ, білімнің күші мен
семсердің ұшы, ой мен əрекеттің нəтижесі бірдей бола ала ма? Мəселе міне
осында.
– Ақыл-парасат өзгенің бəрін құртты! – деді карлист ышқына айғайлап.
Абсолютті бостандық ұлттардың өзін-өзі құртуына əкеп соғады, жеңіске ие
болғаннан кейін ұлттар, миллионер ағылшынға ұқсап, зеріге бастайды.
– Сендердің айтар жаңалықтарың қайсы? Бүгін сендер өкімет билігінің
барлық түрлерін кекетіп, мазақ еттіңдер, бұларың құдайдан безгендік
сияқты тұрпайылық қой! Сендер ештеңеге де иланбайсыңдар, түге! Біздің
ғасырымыздың зинақорлықтан мерт болған кəрі бекзадаға ұқсайтыны да
сондықтан ғой! Сендердің лорд Байрондарың ақындық торығудың ең
төменгі сатысына түсіп, ақыр-аяғында қылмысты жырлайтын болды.
– Мен сіздерге бір қызық айтайын, – деді шіп-шикі мас Бьяншон,
фосфордың мөлшері аз немесе көп болуы адамды не данышпан, не жауыз,
не ақылды не аусар, не мейірбан, не қылмыскер етеді.
– Мейірбандық туралы солай айтуға бола ма? деп өңештеді Кюрси,
барлық театр пьесаларының тақырыбы, барлық драмалардың түйіні,
барлық сот мекемелері жұмысының негізі болған мейірбандық туралы
осылай деуге бола ма екен?...
– Үніңді өшір, найсап! Сенің мейірбаның өкшесі жоқ Ахиллес қой, –
деді Бисиу.
– Ішіп жіберейік!
– Бос тітісесің бе, мен бір шыны шампанды бір тартқанда-ақ сіміріп
саламын?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 05
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.