Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 20

Total number of words is 3089
Total number of unique words is 1872
36.2 of words are in the 2000 most common words
51.0 of words are in the 5000 most common words
58.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Өйткені, министр де, оның орынбасарлары да күні бойы киностудиядан
шықпайды.
Айына бір рет «Советтік Қазақстан» атты киножурнал жасалынады.
Омы министр өзі келіп қабылдайды. Орынбасарлары шұбап соңында.
Олардың соңында біздің өз басшыларымыз.
Хроникер — операторлар колхоз - совхоздардан, завод - фабрикалардан
сюжеттер түсіріп алып келеді. Оны қарап, талқылауға да министр Жақыпов
өзі катысады. Өзгелерді бас басына түгел сөйлетіп, ең соңынан шіреніп өзі
сөйлеп, пікір айтады.
Түсіріліп жатқан көркем суретті кинофильмнің материалдарын министр
күн ара өзі келіп көреді.
Дубляж жасалған фильмді өзі қабылдайды.
Бəрін де министр өзі... өзі... өзі...
Министрлікте бас редактор, жай редактор деп аталынатын
творчестволық қызметкерлер жеткілікті. Солар атқаруға тиісті жұмыстың
бəрі - бəріне Жақыпов өзі араласады.
Бұл оным, іскерлігінен туған нəрсе емес еді. Басқадай істейтін іс
болмағандықтың салдары еді. Көзі қара дені сау адам ұзақ күнге кеңседе
қол қусырып, қалай қарап отырсын?
***
Дубляж жасалынатын фильмнің қазақшаланған текстін əуелі
министрліктің бас редакторы қарайды. Сосын министр өзі қарап, бекітеді.
Министр бекітпейінше текстің өндіріске жіберуге болмайды.
Жақыпов бұған ерекше мəн беруші еді. Есігінен төріне ат шаптырым
зор кабинетте екеуден-екеу ғана отырмыз. «Біз бітпейінше, ешкім кірмесін»
деп, есік алдындағы хатшы қызға ескертіп қояды.
— Ал, оқы.
Мен қазақшаланған тексті жайлап оқи бастаймын. Жақыпов оның
орысшасын қуалап, қарап отырады. Күдік алған тұста «Тоқта!» дейді.
Тоқтаймын. «Осы өзі қалай? Дұрыс аударылған ба?» «Дұрыс». Қолындағы
добалдай қызыл қарындашпен жаңағы күдікті сөзді министр дөңгелектеп
қоршайды. Ал қоршауға келмейтін бүтін бір сөйлем болса, астын қалыңдап
тұрып сызады да, ойланады.
Не ойлайтынын құдайым өзі білсін.
Əлден уақытта:
— Қара! Осы араны жəне бір рет дұрыстап қара — дейді.
Мен тек көңіл үшін:
— Мақұл! — деймін.
Əйтпесе қарайтын түгі де жоқ.
Жақыновтың жасы елуді орталаған. Бет-жүзі ысталған балық тəрізді caп
сары, үлкен картоп мұрынды, шегір көзділеу адам. Мінезі бұйығы, жабық.
Сөзді ыңыранып, бəсең дауыспен айтады. Өзгенің де сабырмен, бəсең
сөйлегенін ұнатады. Біреу дабырап, қатты сөйлей бастаса, маңдай терісі
қатпарланып жақтырмайды. «Жай, жай сөйле» деп, қолымен басып, ескерту
жасап отырады.
Бip фильмнің текстін қарап шыққанша бір күн уақыт кетеді. Министрге
есінеп зерікпеу үшін бір күндік жұмыс табылады.
Əбден соңынан:
— Қара! Жəне бір рет жақсылап қарап шық. Қате кетіп қалып жүрмесін,
— деп, ескертеді министр.
Мен тез кетуге асық боп:
— Мақұл, — деймін.
***
Ақтақаштай бастығы бар адамда, шіркін, арман жоқ. Қызметке ерте
келдің, кеш келдің демейді. Бір жерде шаруаң боп, кетіп қалсақ, неге кетіп
қалдың деп, тексергенді білмейді.
Өйткені, Ақтақаш өзі солай.
Кеңседе қадалып отырып алу ол үшін жат. Жазылып, талқыланып
жатқан сценарий, бірінен соң бірі түсірліп жатқан кинофильм болмаған
соң, несіне отырады? Сағат ертеңгі он - он бірде кешегі ішкен арақтан басы
мең-зең болып, көздері қызара ісіп, кеңсеге қызметке əйтеуір келген
болады. Сосын, осындағы өзіне ұқсап, екі қолы алдына симай, не істерін
білмей зеріккен режиссер, операторлардың бірімен кабинеттің есігін тарс
жауып, отырып алады да, шахмат ойнайды.
Уақыт зымырап етіп жатады.
Жалақы тоқтамай, ол да жүріп жатады.
Сағат түскі бір болады. Үзіліс. Шахматтан жалыға бастаған Ақтақаш
көзінің қиығымен маған қаранды. Редакторым, қалың қалай? Бас жазатын
бірдеме - сірдемең бар ма дегені.
Мен бар, жоғын білдіремін. Ақтақаш өзі де құр қалта емес, əрине.
Кеңседен былай таман оңаша шыққаннан кейін екеу ара бюджеттің
нақтылы көлемі айқындалады. Тартып жөнелеміз. Сол маңға жақын көк
базарды төңіректей қонған ресторан, сыраханалардың бірінен бір-ақ
шығамыз.
Қазіргідей түс кезінде қалтаңдағы ақшаға тамақ тауып ішу азаптың
азабы. Қайда барсаң қаптаған халық. Есіктен кіру кезек. Столға отыру
кезек. Заказ беру кезек.
Киім шешу, киіну ол да кезек.
Бөтекені томпитып, əлденіп шыққанша, қызметтің соңы болады.
Ақтақаш та, мен де кеңсе барып енді ұмытамыз. Əрқайсымыз өзімізге
тиесілі автобус аялдамасына қарай, жүгіре басып, алды-артымызға
қарамай, асығып кетіп бара жатамыз. Осындай адам аздау кезінде қала
шетіндегі үйімізге аман-есен жетіп алуға тырысамыз.
Əйтпесе, енді аз кешіксек, жұрт жұмыстан жаппай шыға бастайды. Сіз
сол кезде Алматының трамвай, автобусына отырады екем деп, ойламаңыз
да, дəмеленбеңіз. Күшіне, шынтағының үшкірлігіне сенгендер ғана
отырады. Пальтоларының түймелері тас болып, мықты қадалғандар ғана
бұл кезде трамвай, автобусқа қорықпай міне алады.
Шынымды айтсам, кинодағы қызметім көңілімдегідей болмады. Бұдан,
қайта, журналым тəуір еді. Бірақ, жан бағу, семьяны асырау қажет.
Жұрттың бəрі - ақ сол үшін жұмыс істеп жүрген жоқ па?
Ақтақаштың «пəтер алып береміні» құр сөз болды.
Кииоға қызметке келгенде керген бір ғана жақсылығым — ол үлкен
қызым Жамалды мекеменің балалар бақшасына орналастырдым. Соған да
рақмет. Жанаржаным əлі сол Павлодарда əжесінің қолында. Біз, Зағипа
екеуміз, Жанаржанды əбден сағынып біттік. Енем күшпен тартып алып
кеткендей қайғыланып, əзер шыдап жүрміз. Ерте де, кеш те Жанарды
əңгімелейміз. Шыбыным, не қып жүр? Науқастанып қалмады ма? Папасы
мен мамасын ойлай ма екен? Əй, қайдан ойласын.
Осы жазда, демалыс алысымен, Зағипа екеумізде Павлодарға Жанарға
тартып жөнелуден өзге арман да, жоспар да жоқ.
Көк пен жердің арасын жаңғырықтырған тын, жəне тыңайған жерлерді
игеру дейтін ұран шықты. Жазушыға қатысы жоқ ұран болмайды. Жазушы
білек түріп араласпайтын науқан болмайды.
— Ал, жазушылар, аттаныңдар! Қазақстанның тың игерілетін
облыстарына барып, очерктер, өлеңдер, əңгіме - суреттемелер жазып
əкеліңдер!
Жазушы партияның солдаты. Бұндайда қолды шекесіне алады да:
— Құп! — дейді.
Жүрексініңкіресем де, бұл кезде мен де өзімді жазушымын деп, айта
бастағам. Жазушылық билетке қолым жеткен. Жұқалтаң да болса екі-үш
кітаптың авторымын. Əдебиетке, əдебиетшілерге қатысы бар дүрмек іске
өңмендеп, өзім тіленіп араласатын мінезім де жоқ емес.
Мен де барайын! Мен де жазып əкелейін!
Meн Павлодар облысына баратын болдым. Əдейі аттай қалап, сұрап
алдым. Өйткені, онда Жанаржаным бар. Нағашыма да барайын, тайымды
да үйретейін демекші мынадай сəті келіп қалғанда екі шаруаны бірден
тындырып қайтпақшымын. Əрі Жазушылар одағының тапсырмасын
орындаймын. Яғни, очерктер жазып əкелем. Əрі сағыныштан өле жаздап
жүрген Жанаржанымды көріп, сүйіп-құшып, мауқымды басып қайтам.
***
Жиырма күн зымырап өте шықты. Тыңға келудегі Жазушылар одағы
жүктеген міндет біршама орындалды. Жалпы атын «Тыңға сапар» деп атап,
тарам-тарам келемді очерктер жазуға кірістім. Біткен бас жағы облыстық
газетке басылып та шықты.
Алматыға «Қазақ əдебиетіне» жəне жібердім.
Ендігі беталыс Жанар.
Бір жарым жылдай көрмей, сағынған қызыма базарлықты үйіп-төгіп
апармақшымын. Павлодарда араламаған дүкен қалдырмадым. Кəмпиттің
түр - түрінен көтергенше алдым. Үлкендігі кішігірім баладай, кеуде
тұсынан қысып қалса, аюша гүж ететін, көкжасыл мауытыдан істелген
ойыншық аю сатып алдым.
Павлодардан ауданға почта таситын жүк машинасымен тартып келе
жатырмын. Ой, қандай бақытты едім. Арада төрт - бес сағат өткенде, түс
ауа, Жанаржанымның қасында болам.
Əне, ауыл қарасы да көрінді. Машина енемнің үйінің алдына тоқтады.
Жанарға деп алған базарлық бір топ нəрселерімді артына - тартына
құшақтап, кабинадан түсейін деп жатырмын. Бүкіл өн - бойыммен
күлімсіреп, шексіз бақытты едім.
Алдымнан Жанарым жүгіріп шықпағанына таңырқағандаймын...
Есік алдына біраз ауыл адамдары жиналып қалған. Əйел, бала-шағалар.
Meн бұған мəн бермедім. Бұндағы жұрт əлі көріп, білмеген алматылық
күйеу баланың, яғни, менің келе жатуымды естіп, əуестікке жиналған
көрші-қолаң болар деп, ойладым.
Япыр - ау, енем мен Жанар неге көрінбейді? Үйге тығылып, отырып
алғандары несі?
Көктем шығар кезде Жанарға посылкамен капюшонды қызыл мауыты
пальто жіберген едік. Жан - жағыма алақтап қарап, қызыл пальтолы бала
іздеп, таба алмаймын.
Miнe сырт есіктен кіруге тақадым. Маған жол беріп, босағаның екі
жағына екі жарылып, үнсіз тұрған əйелдердің біреуі сол кезде алдымды
орап, менің қолымдағы заттарға келіп жармасты. Əлгінің қарасам, өң-түсі
суық. Көздерінде мөлтілдеп, жабыса қалған жас бар. Жүрегім су етті де,
үйге тез адымдап, кіріп келдім.
Төр үй бос. Төр алдына қонақ келетінін біліп, текемет, көрпе төселген.
Жан алғыш əзірейілден қашып тығылғандай босағадағы бір кісілік төсектің
үстінде енем жалғыз өзі бір уыс боп, бүрісіп, үнсіз отыр.
Жанар көрінбейді...
Сорлағанымды жаңа білдім. Жанарды құшуға дайындап келген
құшағыммен қара жерді құша өкіріп, төр алдына құлай кеттім...
Қызылша шығып ауырып, Жанар осы жуырда содан қайтыс болыпты.
Суық хабар сумаңдап Алматыға жеткенде, мен мұнда тың аралап жүрмін.
Арада бірнеше ай өткен.
Бір күні кеңседе кызмет істеп отырсам, «Қазақ əдебиеті» газетінің
редакторы, ақын Сарыбаев телефон соғып
— Əй, сен бізге келіп кетсең, қалай болады? — дейді.
— Барайын.
Келдім. Сəлемдестім. Отыр деп, бет алдынан орын ұсынды. Амандық
сұрасты. Сосын, тегенедей үлкен бетіне жалпия қонғaн жұмсақ май
мұрнының танау - танауын шұқып, созғылап алды да:
— Сенің осы оңтүстікпен қандай байланысың бар? — деп сұрады.
— Қай оңтүстік?
— Осы өзіміздің, Қазақстанның оңтүстігі.
— Ешқандай да байланысым жоқ.
Сен ел жақта болмап па едің?
— Болғам. Бұрнағы жылдың арғы жылы, институт бітіргеннің соңынан,
бір жылдай барып, мұғалім болғам.
— Е! Қай жерде мұғалім болдың?
— Қорған дейтін ауылда.
— «Достарың» көп болды ма сонда?
— Адам болған соң досы да, қасы да болатын шығар.
— Ендеше сол Қорғаннан сені «жақсы көретін» бір топ мұғалім сенің
балаларға арналған өлеңдер жинағыңа сын жазып жіберіпті. Мə, оқып көр.
Дəптердің төрт бетіне əдемі жазумен тасқа басқандай етіп жазылған,
ұзақ хат. Ынтығып, көзімді жылдамдата жүгіртіп, оқи бастадым. Біз пəлен
ауданның педагогтері, пəлен дейтін ақынның балаларға арнап басылған
пəлен дейтін кітабын оқып таныстық. Kiтап бізді таң қалдарды. Балаларға
ешқандай тəлім – тəрбие бермейтін зиянды кітап екеніне көзіміз айқын
жетті. Қай өлеңін алсақ та идеялық қатеге толы. Біздің советтік өміріміздің,
бақытты өміріміздің, бақытты оқушы - пионерлеріміздің образы
көрінбейді...
Хат сөзінің сарыны міне осылай. Салған жерден-ақ менің кітабымды
төлеп, жамандау болып барады. Азды-көпті қисындырып, дəлелдеп те
жамандау емес. Тисе терекке, тимесе бұтаққа ден, қара күйе балшықты
шеңгелдеп аң мен жаққа үстін - үстін атқылау. Шығармадан гөрі оны
жазған авторға өшігіп, бəлем, сені ме деп, тістеніп, кіжінген біреулердің іс қылығы.
Бұны кім жазды екен деп, хатты оқып бітірісімен, соңына қарадым.
Сөйтсем, біреу емес, екеу емес, бақандай. жеті адам к,ол қойыпты. Жеті
мұғалім. Катардағы жай мұғалімдер емес, кіл атақ - лауазымы бар
«мықтылар». Мектеп директорлары, завучтар...
Ең бірінші фамилия «Ш. Əлібеков. Мектеп директоры. Республикаға
еңбегі сіңген оқытушы».
Оу, тоқта! Əлібеков? Таныс фамилия ғой! Əлгі... əлгі Көкөзектегі
Əлібеков емес пе? Басы жыланның басына. ұқсайтын? «Шырақ, Албанға
да, басқаға да біздің ауылда орын жоқ», деп, Зағипа екеумізді қабылдамай
қоятын Əлібеков емес пе?
Иə, сол. Соның тап өзі.
Хаттағы екінші фамилия «Ж. Жақыбаев. Мектеп директоры». Бұл да
таныс.
«Р. Ільясов. Мектеп оқу ісін басқарушы». Бұл да таныс, Бəрін де білем.
Бəрін де танимын. Өзімнің бір кездесі айтысып, тартысатын жауларым.
Мені мұғалімдік қызметтен солар қуған.
— Мен мына адамдардың бəрін де білем, — дедім Сарыбаевқа.
— Қалай білесің?
Қалай білетінімді айтып бердім. Ақын - редактор қабағы салбырап, ерні
дүрдиіп, соғыста жарқышақ тиіп, кемтар болып қалған қолымен иегін
тіреніп, ұйып тыңдады. Сосын, таңдайын тілімен шық-шық қағып, басын
қинала шайқап айтқаны:
— Бəсе. Тегін хат емес екенін мен бірден біліп едім. Енді бəрі де
түсінікті болды. Əй, пəлеқорлар əлі де көп - ау!
Əлгі хат менің басымнан талайға дейін шықпады. Ойлап кетсем, не
күлерімді, не ашуланарымды білмеймін. Ойпырай, қандай лас нəрсе! Кім
ұйымдастырды екен? Əлібеков пе? Əй, сол шығар. Əдебиетші. Көркем
шығармаға дөрекілеу болса да, азды көпті талдау жасау қолынан келеді.
Жақыбаев, Ільясовтардың қолынан келмей қалсын.
Сол Қорғандағы аудандық оқу бөлімінін меңгерушісі Əміровтың
шешесінің маған: əй, балам, Əлібеков ол жаман адам. Оған жолама, аулақ
жүр деп, зарлап, айтып отыратын сөздері есіме келеді.
Кемпір сөйтсем, бірдеңені біліп зарлайды екен ғой.
Əлібековтер жамандайтын жинақта бас-аяғы екі шумақ «Маса» дейтін
əзіл өлең бар-тын.
Болаттың бетіне
Бір маса қонды.
Тырсиып, тойып,
Қып-қызыл болды.
Тістеніп тұрып,
Шертіп кеп қалдым.
Маса өлді,
Болатты
Жылатып алдым.
Пəлеқорлар осы өлеңді былай талдайды: Болат ол совет баласы. Ал
оның, совет баласының, қанын сорушы кім? Кəдімгі жай маса ма? Жоқ,
жай маса емес. Автордың маса деп, бүркеп айтып отырғаны қанаушы тап
— капиталистер. Екі беті торсықтай совет баласының қанын ақын жауыз
капиталистерге сорғыздырып қойған.
Өлең Болаттың жылауымен бітеді. Осында қандай тəрбиелік мəн бар?
Совет баласын жайнатып, күлдіріп көрсетудің орнына оның көзінен
сорасын ағызып, ботадай боздатып қою авторға не үшін қажет болғанын
біз. педагогтар түсіне алмадық.
Арада бір жыл өткен. Көктем. Май айы. Менің қызмет орным бұл кезде
тағы өзгерген. Қазақстан Жазушылар одағының органы «Қазақ əдебиеті»
газетінде бөлім бастығымын. Киностудиямен хош айтысқам. Қара! Тағы
бір рет жақсылап қарап шық. Қате кетіп қалып жүрмесін деп, өзінің
көлеңкесінен қорқып, пəле жоқта пəле күтіп отыратын Жақыпов
министрмен қош айтысқам. Біз, жас талап əдебиетшілер, Қазақстан
Жазушылар одағы аталатын мекемеге студент кезімізден əуес едік. Осы
босағада өтетін əдебиетке қатысы бар жиналыс - талқылаулардың бірін құр
жібермейміз. Іздеп, сұранып жүріп қатысамыз. Əлгі аталған, біз үшін
беделі зор мекемеде қызмет істейтіндерді нағыз бақытты жандар санаймыз.
«Қазақ əдебиеті» газетінің редакторы Сарыбаев бізге қызметке келесің
бе дегенде мен, шынымды айтсам, төбем көкке жетіп, қуандым. Өйтпей
ше? Өзім арман ететін, əр келгенде табалдырығын жүрексіне аттайтын
мекеменің төл қызметкері болудан артық мен үшін дəреже бар ма?
Газеттің бөлім бастығына шақырды. Ризамын. Одан үлкенді өзім де
дəметпеймін.
Сөйтіп, «Қазақ əдебиеті» газетінде қызмет жасаймын.
Таңертеңгілік уақыт. Бөлмеде жалғыз өзім. Жайлап есік ашылды.
Кепкасын шешіп, қолына ұстап алған, толықша, қызыл шырайлы балан
жігіттің жүзі көрінді. Аяғын қорына батылсыздау басып кіріп келеді. Маған
жақындап, күлімсірей түсті де:
— Аға, саламатсыз ба? — деді.
Редакцияға күніне талай адам келіп, кетеді. Соның біреуіне санадым да,
мен онымен ресми амандастым.
Кең балақ шалбарын түріңкіреп, менің бел алдымдағы орындыққа
жайлап отырып жатып:
— Аға, сіз мені танымадыңыз ба?
Мен елең етіп, жас жігіттің жүзіне қайта қарадым. Бірақ есіме түсіре
алмадым.
— Мен Қалимын ғой...
— Қай Қали?
— Қаныша жеңгемнің тəтесінің баласы... Балжанның.
— Өй... ей... сен сол Қалимысың?
Жас жігіт одан бетер ыржиып күледі.
Менің көз алдымда соғыстан бұрынғы сонау жылдар: арбамен Сəрсебек
ағайым, Қаныша жеңгем, мен үшеуміз Бөген ауданына, Қаныша жеңгемнің
əпкесі Балжандарға қонаққа барғанымыз елестеп келді. Қалиды алғаш рет
сонда көргем. Бес-алты жасар кішкене бала болатын. Бірақ пəле бала еді,
Мені Ғалияға жолатпай, екеумізді сөйлестірмей, жынымды келтіруші еді.
Енді міне, зіңгіттей жігіт.
— Ой, Қали - ай, ə! Қалай тез өскенсің?
— Өстік қой, аға.
Қалидың сол бала кездегі мінез-құлқын есіме алып, басымды еріксіз
шайқап, күлемін.
— Əке - шешең аман ба?
— Аман.
— Не істейді?
— Не істесін. Екеуі де қартайды.
— Ғалия қайда?
— Ғалия тəтем мына Жамбыл ауданында мұғалім ғой...
Осыны айтып, Қали құнжаңдап, педжагінің ішкі қалтасына қол сала
бастады. Конвертіне адрес жазылмаған хат алып, маған ұсынды:
— Мынаны Ғалия тəтем беріп еді.
Жүрегім шымыр ете қалды. Таныс жазу көзіме жылы ұшырай кетті.
«Еркін, амансың ба?
Мен сенің газетте қызмет істейтініңді білетін ем. Əңгіме,
мақалаларыңды оқып тұрам. Мына бала менің інім, білетін шығарсың.
КазПи - дің тіл - əдебиет факультетіне оқуға түскен. Өлең жазумен
əуестенеді екен. Саған алып барып, көрсетейін десе, ұялатын тəрізді.
Бірдеңеге жарайтындары болса, ақылыңды айтып көмектесерсің.
Ал мен жайлы білмек болсаң, мен осы маңда мұғаліммін. Жалғыз
тұрам...
Басқа жаңалықтарды Қалидан естіп білерсің.
Ғалия»
Хат сөзі осы.
Жалғыз тұрамы қалай? Күйеуі қайда?
Калидан бірден сұрауға ыңғайсыз көрдім де, басқа жақтан орағыттым:
— Ғалияны ЖенПИ - де оқиды деп естіген ем. Ол оны бітірген екен
ғой?
— Бітірген. Күйеуі мен екеуі қызметке бір жерге барған. Жуырда бір
айдай болды, күйеуінен ажырасып кетті.
— Неге?
Кали қиналған түрмен айта бастады:
— Кінəлау екі жақтан да болса керек... Ғалия күйеуіне ішесің дейтін
көрінеді... Ал анау бала таппайсың дейтін секілді...
Түсінікті. Енді қазбаламасам да болады. Бақытсыз семьяларда жиі
кездесетін драманың бір түрі.
Ғалияның хатты тектен тек жазып отырмағаны белгілі еді. Қалидың
ақындығына ақыл айт, көмектес деуі, əрине, сылтау. Маған өзінің қазіргі
жай-жағдайынан хабар бергісі келген ғой. Жалғыз екенін, баяғы қыз
кезіндегідей басы бос екенін білдірмек...
Мен оның күйеуінен ажырасқанына, шынымды айтсам, ренжігем жоқ.
— Ғалия кəзір қай жерде?
— Шілікті дейтін қыстақта.
— Сен барып тұрамысың?
— Демалыс сайын барам.
— Бұл арадан онда автобус қатынай ма?
— Ұзынағашқа қатынайды. Ал одан ары сол жердің өз автобусы жүріп
тұрады.
— Тамаша. Сен алдағы демалыста барасың ба? Екеуміз бірге барсақ?
Кали қуанғаннан еңсесін көтеріп алды:
— Мақұл. Бірге барайық.
Кали екеуміз Ұзынағаштамыз. Осы араның Шіліктіні басып өтетін
жалғыз есікті салдырлақ кене автобусына таласып - тармасып, əзер міндік.
Бүгінгідей демалыс күні жол жүрушілер көп. Көпшілігі аудан орталығында
базар базарлап, кайтып бара жатқан, кіл қоржын - кешек, буыншақтүйіншек арқалағандар. Автобустың қарасы көрінген кезде қаңтарда пішен
көрген аш қойларша жапа-тармағай лап қойысты. Кезек быт - шыт болды.
Күші, ебі жеткендер мініп жатыр.
Əуелде сасқалақтасақ та, жағдайды тез барлап алдық та, біз де қарап
қалмадық. Жас екенімізді, күш-қуатымыздың молдығын біз де көрсеттік.
Автобустың арт жағынан болса да, қысылысып, орын алып үлгердік.
Дүние жүзіндегі ең көнбіс, ең демократияшыл автобус, сірə, осы болар.
Бір де адам қалмастан түгел мінді. Кейбірі мүлдем жабылмайтын болған
кемтар терезелерден шаң бұрқ - бұрқ кіріп, даланың бұралаң жабайы
жолымен, міне енді, ор қояндай орғытып келе жатыр. Біреу түсем десе, кілт
тоқтай қалады. Жол бойы адам кездессе, отырғызып алады.
У - шу нағыз базар автобустың ішінде.
Біз де құр қол емес едік. Ауылдық жердің сырын білетін мен мана жолға
шығар алдында Алматының Калинин көшесінде жуырда ашылған,
қаладағы ең мақтаулы гастрономға соққам. Ғалия біз барғанда аяқ астынан
қонақ күтудің қамын істеп, асып-саспасын деп, бір қойдың санын, бірнеше
бөтелке тəуір шараптар сатып алғам. Ішінде не барын, əзірше, тек өзім ғана
білетін зілдей кішкене қара чемодан осы келе жатқанда Қалидың қолында.
Мынау міне Шілікті.
Автобусқа мінер кездегі азаптан түсер кездегі азап кем болған жоқ.
Ғалия совхоздың мұғалімдер үшін салған, əрқайсы екі пəтерлі, каркас
үйлерінің бірінде тұрады екен. Қыстақтың шеті. Сыртта есік алдында
балтамен тоңқаңдап, отын жарып жатқан үстіне келдік. Мені керіп, көздері
жылтырай күлімсіреді:
— Е, сені мұнда кім шақырды?
— Шақырмаса, келмей ме екен? Саған қонаққа келдім.
— Біз бұл күнде қонақ қабылдамайтын болғанбыз.
Баяғыда, студент кезімде, Ғалияның үйінен сен менің еркіме көнбедің
деп, ашуланып кеткенім есіме келді.
— Бұрын да қонақ қабылдап қарық қылғаныңды көрмеген тəріздімін, —
дедім.
Қай мағынада айтылған сөз екенін Ғалия, əрине, түсінді.
Баяғы Еркін, баяғы Ғалия емеспіз. Қалидың көзінше ашық, еркін
қалжыңдасамыз. Қали да: «Сен аулақ жүр. Əпкеме жаман сөздер айтасың»
деп Ғалияны менен қызғыштай қоритын баяғы қызғаншақ бала емес.
Есейген, енді өзі жігіт болған. Ғалия екеуміздің қалжыңымызды кайта
құптап, қуанғандай өңін төмен салып, жымиып күліп қояды.
Ғалия бұрынғысынан көп өзгеріпті. Бойы аласарып, белі жуандап,
салпы етек ауыл əйелдерінің біріне айналыпты. Үстіне киген киімдері де
тым жұпыны. Ерні шыт-шыт жарылып, бет-жүзін ұсақ əжім баса бастаған.
Баяғы мен білетіннен өзгермеген оның ақылды көзқарасы мен əдемі
күлкісі.
Маңайда бөгде ешкім болмаған соң:
— Сен өзің не боп кеткенсің? — деп, Ғалияның белінен қапсыра
құшақтап, сілкіп - сілкіп қойдым. Оны сағынып, алып ұшып жеткенімді
осылай білдірдім. Дегенмен, бұлшық еттері тығыз. Əлі қаны суымаған
салмақты ыстық дене...
— Сен осы күйеуіңе сүйіп қосылдың ба? Тек шын айт?
— Жоқ, сүйген жоқпын.
— Сүймесең неге тидің?
— Оған тосын бір жағдай себеп болды.
— Қандай тосын жағдай?
— Жəй... ақымақшылық...
— Дəлірек?
— Дəл айтсам: оның армиядан жаңа келген кезі. Салт атқа мініп алатын
да, ағасы жылқы ферманың бастығы, ауыл арасында шапқылаумен жүретін.
Бір күні маған тауға рауғаш теруге барайық деді. Мен келістім. Екеуміз бір
атқа міңгестік те, бардық. Елсіз тау. Белуардан шалғын. Маңайда жан адам
жоқ. Біраздан соң ол маған көңіл білдіріп, жабыса бастады. Мен, əрине,
көнбедім. Екеуміз сол арада əбден алысып - жұлыстық. Киімдеріміз далдұл болды. Оның əрекетінен, əрине, түк шықпады. Ауылға мен ашуланып,
жаяу қайтып келдім. Ол келген соң, жігіттерге өтірік айтып, мақтаныпты.
Мен Ғалияны тауға алып бардым, сөйттім - бүйттім депті. Жігіттер қандай:
шетінен əумесер. Мені көрген жерде алдымды орап, күлетінді шығарды.
Сенсең, міне сол себеп болды. Əлгі өсек елге жайылады екен, апам естиді
екен дедім де, тие салдым.
— Тек сол ма?
— Сол.
- Дура!
***
Ертесі. Таңертеңгілік мезгіл. Осы арадан бірінші өтетін автобуспен
Қали екеуміз Ұзынағашқа, одан Алматыға қайтпақшымыз. Селоның дəл
орта тұсындағы автобус аялдамасында тұрмыз. Үстіне пальто ма, плащ па
көне бірдеңе кие салған, ұйқысы онша қанбаған Ғалия кірбиіп, бізді
шығарып салып тұр.
Мен оның бетін оңаша бұрып, сыбырлап:
— Келіп тұрам, — деймін.
Жауап беру орнына Ғалия таңертеңгі салқын ауадан тоңазыған түрмен,
екі қолын жеңіне тыға түсіп, тітіркенеді.
Кешегі көңілді автобус келе қалды. Адам тағы да толы. Орын арт
жақтан əзер табылды. Жайғасып отырып жатып, артыма бұрылып қарадым.
Ғалия сол орнында əлі тұр. Көзі бізде — ұзап бара жатқан автобуста. Неге
екенін қайдам, ол маған дəл осы сəт жапан дүзде немесе елсіз-күнсіз аралда
жалғыз қалып бара жатқан панасыз жандай тым аянышты көрініп кетті.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.