Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 13

Total number of words is 4230
Total number of unique words is 2243
35.6 of words are in the 2000 most common words
50.0 of words are in the 5000 most common words
58.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
та жүргендігі сезілгендей.
Сол маңда, халық аз жүретін, оңаша көшенің бірінде əрлі - берлі
қыдырыстап, бірқауым əңгімелестік. Ішімде талайдан жинақталған оған
деген өкпе-назым да, орны толмас өкінішімде көп екен. Соның бəрін
армансыз ақтарғандай болдым.
Біз көріспегелі есептесек, екі жылдан аса уақыт өтіпті, Бұл екі жылдың
ішінде талай -талай су ақты. Талай-талай жел соқты. «Ой, Ғалия - ай,
күйігің сонда да басылатын емес, Ойласам, жүрегім қайнап кетеді».
— Еркін, қойшы, бəрі өтті-кетті. Енді айта бермеші, — дейді Ғалия.
Тыңдау оған да жеңіл тимейтін тəрізді.
Қыз кезінде Ғалия шашын иығына келтіре дөңгелентіп қиып қоятын.
Бұрымы болмайтын. Басын оңға - солға оқыс бұрып қалғанда, желпең ете
қалатын сол шаш кəзір жоқ. Оның орнында білектей екі бұрым.
Иə, адам өзгереді екен.
Көңілімді түйнеген жайтқа қайта ораламын:
— Күйеуің кім?
— Ғалияның екі беті, маңдайы қызарып кетті.
— Кім болушы еді, адам. Менің көз алдымда бұрнағы жылы алдында
онымен ат үстінен алысып ойнайтын үйінің шашы желп – желп еткен,
үстінде солдат киімі бар талдырмаш жігіт. Мен анадай дөң үстінен ішім
қызғаныштан қыз – қыз қайнап, қарап тұрған едім. Ғалияның күйеуі міне
сол жексұрын болуға керек.
Бақытымды тартып алған сүмелекті жексұрын демей не дейін?
Сенің күйеуге шыққаныңды Қаныша жеңгемнен алғаш естігенде, аттан
құлап қала жаздадым ғой. Ауылдан былай төмен оңаша шығып алып, əкешешем қабатына өлгендей боздап, жылағанымды көрсең!
- Ту, Еркін, тіпті бірін де ұмытпайды екенсің!
- Бұның бəрі мен өлгенде ғана ұмыт болады.
***
Ғалиядан естіген жаңалықтарым: Ысқақ əлі сол Қарағандыда: Енбек
армиясынан қайтпаған. Балжан ферма бастықтығынан босаған.
Ғалия ЖенПИ - дің жатақханасында тұрады екен. Ал күйеуі мал
дəрігерлік институтының жатақханасында. Екеуі екі бөлек. «Пəтер іздеп
едік, ыңғайлы пəтер таба алмадық» — дейді.
Маған олардың осысы — бөлек тұрғандары ұнайды.
Бұрынғыдай емес, батылмын.
Ғалия, мен саған енді барып тұрам.
— Қой, Еркін, ұят емес пе?
— Несі ұят?
— Менің күйеуім бар екенін қыздардың бəрі біледі. Не деп келесің?
— Танысым, жерлесім еді деп келем.
— Қой, ұят болады. Өйтіп бала болма. Өткендегінің бəрін де ұмыт. Сені
мен біз енді тек жекжат адамдармыз,
- Көресің, бəрібір барам.
Көне дерт қайта қозғалды. Жараның аузы қайта тырнап ашылды.
Күндіз-түні Ғалия басымнан шықпайтын болды.
ЖенПИ — қаладағы атақты оқу орындарының бірі, Мен ол туралы
буған дейін де талай қытықты сөздер естігем. Бірақ өзім барып көрген
емеспін.
Қалада ЖенПИ - ді білмейтін, оны сөз етпейтін студент аз.
Сезімтал бір жас ақынның газетте ЖенПИ туралы жазған өлеңін оқыған
едім. Онда ол оны «сұлулар галереясы» деп атаған.
Галереядағы кеп сұлудың бірі — Ғалия.
ЖенПИ — өзінше бөлек тəртібі бар оқу орны екенін білетін ем. Онда
тек қыздар, келіншектер оқиды. Жатақханасына кім көрінгенді, əсіресе,
жігіттерді кіргізбейді. Кешке қарай жатақхананың алды қыз, жігіттің
базарына айналады деп, еститінмін.
Осындай атағы зор ЖенПИ - ге жолы түспей жүргеннің біреуі мен едім.
Міне енді жүрегімнің жүр, жүр деп, маза таптырмай сүйрелеуімен мен де
келіп тұрмын.
Келме, бала болма десе де Ғалияға келіп тұрмын.
Бала емес, соқтауылдай жігіт болғандықтан келіп тұрмын.
Екі қабат сары үй — жатақхана тақтай қоршаудың ішінде.Қолында
кезей ұстаған қаруы болмаса да, ақырған дауысы анау-мынау қаруға,
бергісіз, зор денелі əйел күзетші, Ол сені ішке кіргізбек түгіл, қақпадан
қаратпайды.
Сұлу іздеп келгендер жатақханаға қарай өтіп бара жатқан қыздардан
қажет еткен адамдарының аты-жөнін тұратын бөлмесін айтып, шақыртып
алып жатыр.
Ана жолы менен бір қателік өткен. Ғалияның қай бөлмеде тұратынын
сұрамаппын. Тек аты-жөнін, оқитын факультетін білем.
Ол кəзір кімнің фамилиясында? Өз фамилиясында ма? Жоқ, күйеуінің
фамилиясына көшті ме?
Қақпаға онша жақын жоламай, шеткерек тұрмын. Бұрын базар базарлап
көрмеген, базарға тұңғыш келген адам тəріздімін. Əуелі мұндағы жағдайды
барлап, біліп алуым керек. Жанатай адам неге де болса қорыншақ. Бұл бір.
Екінші жүрексінетін себебім: мүмкін, мына тұрғандардың ішінде
Ғалияның күйеуі де бар шығар? Мен оны танымаймын. Ойламаған жерден
арандап қалып жүрсем ше?
Жуан қара теректі паналап, біраз тұрдым. Осы араны тақырлап, əккі
болған қулар мендей емес, батыл. Көше жақтан келе жатқан қыз қарасы
көрінсе - ақ алдын көлденеңдеп, тосып тұрады. Қарындас, бір минутке деп,
жанасып, шоқайнаша жабыса кетеді. «Пəлен бөлмеден пəлен деген қызды
шақырып жіберсеңіз».
Шақырылған сұлу иіс майы бұрқырап, іш жақтан жасанып шығып келе
жатады. Анау оны қақпаның дəл көзінде тосып ап, басқалардың алдында
бақыты жанған пендеше кеудесіне нан пісіп, қолтықтап тайып отырады.
Көз байлана бастады. Мен əлі тұрмын. Не істеймін? Шақыртам ба, жоқ
па? Ғалияның келме деген сөзі есімнен ол да шықпайды.
Əлдекімнің əйеліне əлдекімнің сүмпиіп келіп тұруы, шынында да, əбес
жағдай. Ғалияны, оның күйеуін білетін қыздар, сосын не ойлайды?
Қалың топқа жоламай, əлгі арада жападан жалғыз кеп тұрдым. Қылмыс
істеуге келген адам тəріздімін. Өз өзімнен абдырап, берекем қаша берді.
Түк бітірмей, жатақханаға қайта қайтты.
***
Шіркін-ай, көзсіз батыр болып кететін де кездерім болады - ау менің.
Ондайда ештеңеден тайсалуды білмеймін. Айтам деген сөзімді, кімге де
болса, басы - көзің демей, айтып салам. Істеймін дегенімді істеймін. Жер
қайысқан қалың қолға жалғыз өзім қарсы шабудан тайынбаймын.
Бұл үшін тек бөртіп ішіп алсам болғаны!
Бүгін міне сондаймын - батырмын. Ана жолы Ғалияға барып оны
шақыртып ала алмағаным үшін өзімді өзім жеп қоюға дайынмын. Не деген
жасықтық! Не деген су жүректік! Мені де жігіт дейді-ау. Жігіт болмай
қалайын.
Не тұр онда? Шақыртып aп, сөйлескенде тұрған не бар? Күйеуі көрсе,
көрсін. Ұрдым мен оны. Ғалия одан бұрын мені сүйген болатын.
Miнe, ЖенПИ - дің жатақханасына тағы да келіп тұрмын. Əлі күн
батпаған ерте уақыт. Менен басқа жатақхана торыған ешкім жоқ. «Базар»
əлі басталмаған.
Бұндағы тəртіпті қасақана білмеген боп, қақпадан ішке кіріп бара
жатырмын.
— Куда? Куда? — дейді күзетші əйел жеп отырған тамағын тастай
салып, асып - сасып.
— Как куда? Туда, — деймін ауланын ішін нұсқап.
— Онда өтуге болмайды.
— Неге?
— Азамат, тəртіп солай, шығыңыз. Қажет еткен адамыңызды сыртта
тұрып, шақыртып алыңыз.
Тəртібі қызық екен дегендей басымды шайқап қоям.
Көше жақтан сұңқиған қара қыз келе жатыр.
— Қарындас... Сіз осында оқисыз ғой. Кешіріңіз. Маған Ғалия дейтін
қыз қажет еді. Геофактың бірінші курсында оқиды.
— Ғалия? Ғалия кəзір мұнда тұрмайды. Күйеуі мен екеуі пəтер жалдап,
шығып кеткен.
Мелшиіп тұрдым да қалдым. Қыз менің бас - аяғыма дүдамал көзбен
шола қарап алды да, өз жөніне кете барды.
Бөксе деген бар - ақ. Аяқтары да түп - түзу. Толық, күшті аяқтар.
Осының өзін айналдырсам ба екен?
Жəне бір қыз келе жатыр. Бойы маған лайық шағын, Е, осыны
айналдырайын. Жатақханаға бостан-бос қайтпақпын ба? Алдын анадайдан
бөгеп, тосып тұрдым.
— Қарындас.
Қыз қалт тоқтады.
— Сіз осында оқисыз ғой?
— Айта беріңіз?
— Сəл... қыдырып қайтпайсыз ба былай қарай?
— Рақмет.
Қыз менен қорыққандай орағыта етіп кетіп барады.
— Қарындас! А, қарындас!
Қарындас бұрылып та қарамастан аяғын жеделдете басады.
Бірінші семестрдің оқуы аяқталып та қалды. Аз күнде қысқы емтихан
тапсыру науқаны басталады. Емтиханды мерзімінен бұрын тапсырып,
ауылға барып келсем деймін. Тек стипендиямен күн көріп оқу қиын. Ет,
май, үн тəрізді біраз азық-түлік қамдап əкеп, сүйеніш етпесем болатын
емес. Бір ғана семестр оқығанда міне екі жағым суалып, көздерім бозарып,
көтерем дейтіндей халге жеттім.
Ауылда біраз күп əлденіп, тамағымды тойғызып қайтсам да мен үшін
үлкен олжа.
Емтиханды мерзімінен бұрын тапсыру үшін деканның рұқсаты қажет.
Дəулетбаев өтінішімді тыңдап болып:
— Сенің ауылың бай ауыл, — деді, — қой көп. Ет көп. Қазір соғым
сойып болған кез. Барасың да, қалың еттің ішіне кіресін де кетесің. Солай
ма?
Мен тек көңіл үшін:
— Солай, — дедім.
Декан рұқсат етті. Ол жазып берген рұқсат қағаздарды қалтама салып
алып, енді кетпек болғанда:
— Мен саған бір қызық айтайын, — деді Дəулетбаев кенет есіне бірдеңе
түсіп кеткендей. Не қызық екенін білмекке мен қалт тоқтап, құлақ тостым.
— Біздің үйдегі кəрия бар ғой, қызық адам. - Дəулетбаев өзінің дағдылы
өтірік күлкісіне салып, кеңкілдеп күліп алды. — Магазиннен, базардан
əкелінген етті жемейді. Маған қолдап coйған малдың етін асып беріңдер
дейді. Ал қалада, өзің айтшы, ондай ет табыла бере ме?
Даулетбаев айтқан қызықтың түрі осы еді. Мен не дерімді, мына сөзді
табан астында қалай түсінерімді білмедім. Былай шығып, ойға қалдым.
Декан əлгі сөзді неге айтты? Менен, сірə, бірдеңе дəметкені емес пе?
***
Жиырма күндей елде болдым. Енді қалаға қайта қайтуға машина іздеп
жүрмін. Олжасыз емеспін. Ағайын - туысқанның жəрдемімен бір қойдың
еті, бір қап үн, бірер килодай тоң май дайындап алдым. Сарымай
оңайлықпен табылмайды. Сарымайды Нұрəлі секілді қолы жеткендер
жейді. Нұрəліге сарымай сұрап баратын мен емеспін.
Жолаушы таситын автобус қатынамайды қалаға. Мен тəрізді киімі
жұқалтаң жанға қыс көзі қырауда ашық жүк машинасының үстіне отырып
сапар шегу оңай шаруа емес,
Бірақ одан басқа шара жоқ.
Кузовына толтырып қой тиеген бір машина кезікті. Қаланың, қалың
қойдың арасына отыр деді шофер. Ойланып тұратын, машинадан машина
таңдайтын кез емес. Келістім. Арқамды кузовқа тіреп, астыма ет салған
жəшікті қойып, отырып алдым.
Машина ызғытып келе жатады. Даланың ойқы-шойқы жабайы қара
жолы. ІІІофер тормозды беріп келіп қалғанда, кузовтағы қалың қой үстіме
опыр - топыр құлайды, Біреуіне біреуі соғылысқан, үстері шуаш, тер
сасыған қойларды əлсін - əлсін кейін қарай тықсырып, итерумен болам.
Қой ол адам емес. Түзге шыққым келді деп, айтпайды, Қоюын да,
сұйығын да тұрған -тұрған жерінде еркін жібереді. Түргенге жеткенше
былғанып та, қиналып та біттім. Түргенге жеткенше шыдай алмай, түсіп
қалдым. Қалаға дейін қалғаны, небəрі, жетпіс шақырымдай. Машина бұдан
əрі жиі қатынайды. Бірдеңе етіп жетермін.
Күн кешкіріп барады. Машина жоқ. Шоферлар мұнда бір создай етпес ау деп, аудандық шайхананың алдында тұрмын.
Үстіне биік етіп, текше - текше буған пішен тиеген əскери жүк
машинасы келіп тоқтады. Кабинада солдат шофер мен капитан. Шайханаға
тамақтануға кірді. Қалаға ала кетулерін өтініп ем:
— Шөптің үстінен құлап қалмайсың ба? — деді.
— Құламаймын.
Жол ақыма деп, мен төлеген ақшаға солдат пен капитан буфеттен бірбір стаканнан арақ қағып салды.
Олар да көңілді, мен де көңілдімін. Көңілді адам басқарған машина ор
қояндай зымырап келеді.
Алда үлкен құлди еңіс. Жол асфальт емес, төсеген бұжыр - бұжыр тас.
Сайдың дəл табаны су жырған жыраша екен. Шофер оны алыстан
байқамады ма, қайдам, машинаның жүрісін баяулатпады. Екпіндеген
қалпында жырашаны соғып етті. Жардай боп жүк тиелген ауыр кузов бір
жағына теңселіп, оқыс ауып келіп кетті. Мен шөп үстінде екі аяғымды
қатарынан көсіп салып отырғам. Жантая тырмысып, шөпке жабыса
түскеніме қарамастан, қалпақтай ұшырды да жіберді. Ет салған қалың
тақтай жəшік қолтығымның астында еді. Сенен қалмаймын, өлсем, бірге
өлем деп, əуеде менімен катар бірге ұшып келеді. Дəл астымдағы бұжырбұжыр тастарды көріп, қазір соған бырш ете қалатынымды, құритынымды
ойлап үлгердім.
Бітті!
Дəл қасымнан бомба жарылғандай тарс еткен дауыс шықты. Бұл,
сөйтсем, быт-шыт болған жəшік екен. Жол үстіне шашылып, жайрап
түскен мүше - мүше ет көрдім. Жəшіктің сынықтары аралас.
Өзім саумын. Аяғымды көсіп салып отырған қалпымда тікемнен тік дік
ете қалғам. Қирап, мертіккеннен аманмын. Тек оң қолыммен жерді тірей
құлаған екем. Қолымның білезігі ғана ісіп, ауырып қалған.
Бұл деген шыбын жанның садақасы.
Аман екеніме қуаныштымын.
Машина анадай барып тоқтады. Шоферда да, капитанда да ес қалмаған.
Маған қарай қалбалақтап жүгіріп келеді,
Аман екенімді көріп, көңілдері жай тапқандай.
***
Институтқа кіре берісте сыртта Дəулетбаев кездесіп қалды. Мені
кергенге қуанғандай қалт тоқтады:
— Оу, ауылыңа барып, келіп те қалдың ба? Қалай, ел - жұртын аман ба
екен? Əке -шешең, іні - қарындастарың... сенің осы кімің бар? Мен тіпті
білмейді де екем ғой... Иə, тегіс аман ба екен? Аман болса, болды... Өзін
былай аздап... оңалған тəріздісің. Ел іші кəзір жақсы шығар. Соғым сойған
кез. Қалай, ет - майды көп əкелдің бе?
— Əкелдім...
— Дұрыс, енді оқы. Оқысаң, адам боласың. Мен саған мынадай бір
қызық айтайын: ауылдағы көп жұрт оқуды азап деп түсінеді. Қалада
көпескенің көк сорпасын ішіп, көзімді көгертіп, оқу оқығаннан да, ел
ішінде ет, майға тойып жүрсем, сол рақат деп қарайды. Бұл деген нағыз
артта қалған, кер тартпа, тоғышар адамның пікірі...
Жатақханаға келіп, жəне де ойға қалдым. Дəулетбаев менен шынында
да, бірдеңе дəметеді екен. Əйтпесе, ет туралы неге айта береді? Ет - майды
көп əкелдің бе деп, неге сұрайды? Əнеу күні əкесінің базар еті мен
магазиннің етін жемейтінін, қолдан сойған малдың етін аңсап тұратынын
ол маған тегіннен тегін айтқан жоқ. Əдейі құлақ қағыс етіп айтты.
Дəулетбаевтың үйі институтқа жақын көшенің арғы бетінде. Көне
особняк үйдің жарым бөлегі. Есік алды көше жағын тақтаймен бітеу етігі
қоршаған шағын аула. Күзде, біз оқуға жаңа келген кезде, сол ауланың
ішінен жіп керіп, боршалап жайып қойған ет көретінбіз. Киімі жүдеу,
ілмиген арық сұр шал еттің астына бықсытып түтін салып, қонған
шыбындарды қуалап отыратын.
Кейін білсек, ол біздің деканымыздың əкесі екен. Ет жайында маған
Дəулетбаевтың тегін айта бермейтінін міне сол да растағандай.
Мен де пендемін, алдағы уақытта деканға əлі талай ісім түсетіні даусыз.
Ендеше, осындай сəті келіп, ол өзі емеуірін білдіріп тұрғанда, маған бұны
неге пайдаланбасқа? Дəулетбаевтың көңілін тауып, қолтығының астына
неге кіріп алмасқа? Одан мен пайдадан өзге қандай зиян шегуім мүмкін
деген oйға келдім.
Жатақханадан орын алуым да Дəулетбаевтың арқасы емес пе?
Алдағы уақытта жатақхананың бұрынғы үйлері босай бастайды.
Дəулетбаев оң көзімен қараса, алдыңғы топтың қатарында, тəуір деген
бөлмелердің бірінен маған орын тиеді.
Жəшіктегі еттен қойдың бір қол, бір санын таңдап алдым. Жолға
шашылып түсіп, былғанған жерлерін əбден жақсы тазаладым. Сосын
газетке орап қолтығыма қысып алдым да, кешкі шам жаңа жанған уақытта
Дəулетбаевтың үйіне келдім.
Өкінішке орай, деканым үйде жоқ екен. Əйелі де жоқ. Ac ішетін үйде
төргі бұрышта, аласа диван керуеттің үстінде, ата-анасы жазғырып, үйге
қамап кеткен кінəлі балаларға ұқсап тек кемпір, шалы ғана монтиып отыр.
— Ағай үйде жоқ па екен?
— Жоқ, — деді екеуі қабатынан.
Жүрегім лүпілдеп, өзім де əрең кіргем. Алып келген нəрсемді бере сап,
қайта қайтқанша асық едім.
— Мынау біздің ауылдың дəмі еді...
Осы сөзді міңгірлеп зорға айттым да, ораулы етті ортадағы ас ішетін
үлкен столдың шетіне қоя салып, тайып тұрдым.
Кемпір, шал ештеңе де айтқан жоқ. Менің бар қимылыма бағжиып
қараған күйлерінде қала берді.
Сыртқа шығып, бойымды жинағаннан кейін өкінейін енді. Менің осым
дұрыс болмады -ау, ə? Кемпір, шал ғой менің кім екенімді білмейді. Түстеп
танымайды. Осындағы келіп-кетіп жүрген көп студенттің бірі деп қарайды,
Мен пəлен деген баламын, пəлен ауылданмын деп, анықтап неге айтпадым?
Дəулетбаев сонда басқа емес, мен əкелгенімді білер еді. Енді қайдан біледі?
Қап, еңбегім де, етім де зая кеткендей болды-ау.
Ертесінде Дəулетбаев мені көріп, жоқ бұрынғыдан да жылы амандасты.
Хал-жайымды тəптіштеп сұрап, іші бауырыма кіріп барады. Көздерімен ет
əкелген екенсің ғой, білдім деп тұрғандай.
Мен де қуаныштымын. Кешегі ет апарып берген өзге емес, мен екенімді
көзіммен де, бет-бейнеммен де білдіріп, сездіріп жатырмын. Кемпір - шал
аты - жөнімді айтпағанмен, түр -түсімді сыпаттап айтқан болар-ау.
Дəулетбаев, сосын, бірден - ақ сезген болар.
«Ағай, кеше кеште сіздің үйге барып едім» деп айтуға да аузым
бармады.
Біздің курста Дəулетбаевқа ең жақын деген студенттің біреуі менмін. Ол
менің атымды да атамай, көбінесе, «шырақ» дейді. «Шырақ, хал қалай?»
«Шырақ, ел - жұртың аман ба?» деп тұрғаны.
Институт қабырға газетінде менің «Достық» атты өлеңім жарияланған.
Дəулетбаев əлгіні оқыпты. Мені көріп,
— Оу, сен ақын екенсің ғой. Молодец! Өлеңің маған ұнады, — деді.
Тағы бір күні институт пен жатақхананың екі аралығында кездесіп
қалып:
— Қолың бос па сенің? — деді.
— Бос.
— Бос болса, жүр біздің үйге.
Дəулетбаев мені үйіне ертіп келді. Кабинетіне кіргізді. Екеуден екеу
ғанамыз. Есікті қымтап, жауын қойды. Кітап шкафынан мектептерде
болатын класс журналы тəрізді сырты қатқыл, үлкен дəптер алып:
— Мен саған өлеңдер оқып берейін, тыңдайсың ғой? — деді.
— Тыңдаймын.
Дəулетбаевтың да өлең жазатынын бұрын білмейтін ем. Баспасөз
бетінен көрген емеспін. Ынтыға тыңдадым.
Ол жайлап өзіндік мəнерге салып, оқи бастады. Шынымды айтсам,
бірінші өлеңнің бірінші шумағынан - ақ ұнамады маған. Жақсы өлең, ағып
тұрған ақындық талант бірден белгілі. Ал мынау болса, қара Дүрсін
бірдеңе. Көңілге қона кетер əдеміліктен жұрдай. Ұйқастары шалажансар.
Не болса, соған арнап жазылған арзан өлеңдер.
Мынау «Ақбайға» дейтін өлең. Осыны тыңда, — дейді Дəулетбаев.
Оқымас бұрын ол өлеңнің туу тарихын баяндайды. — Ақбай дейтін менің
досым. Өзі тағы құрдас. Сенің бер жағыңда Бөген ауданында тұрады.
Бұрнағы жылы демалысқа барған едім. Сонда Ақбай үйіне қонаққа
шақырды, Қозы соймай. лақ сойыпты. Мына өлең соған шығарылған.
Сен Ақбай, қозы соймай, лақ сойдың,
Оның өзін қиналып, жылап сойдың.
Бір жылда ауылыңа бір келемін,
Қиналсаң, ол лақты несін сойдың?
Өлең ұзақ — он шумақтай.
Бір жолдасы ғылыми советте сынап сөйлесе, Дəулетбаев оған да өлең
шығарған. Əйелі түскі тамаққа ет аспай, картоп қуырса, оған да өлең. Əкесі
магазиннен сүт əкеле жатып, есік алдында тайып кетіп, сүтін төгіп алса, ол
да өлең.
Əй, əке, аяғыңды жөндеп баспай,
Тəлтірек - тəлтірек етесің арақты ішкен мастай,
Колхоздың сен секілді кəрі шалы
Пып - пысық, жып-жинақы, мəрмəр тастай...
— Осы өлеңді кəрияға оқып беріп ем, жат та кеп ашуланды. Содан бері
магазинге сүтке бар десең бармайды.
Дəулетбаев өлеңді, өзінше, Абайға еліктеп жазатын көрінеді. Бірақ
онысы анау жаман, мынау жақсы, анадай болма, мынадай бол деген тəрізді
жадағай құр ділмарсу. Терең ой, терең пікір кездесе қоймайды. Бала екеш
бала білетін тым арзан қағидалар.
— Мынау міне сендерге, жастарға арнап жазылған өлең. Жөндеп тыңда,
құлағыңа құйып ал:
Жас адамға əуелі талап керек,
Содан кейін тырмысып оқу керек
Халқыңа, отаныңа қызмет қыл,
Құр далада қалмайсың болсаң зирек.
Əр өлеңді оқып боп, менен пікір сұрайды.
— Қалай?
Мен, əрине, мақтаймын. Жақсы өлең, терең философияға құрылған
өлең деймін. Өйткені, ол мені мақтасын деп ертіп келді.
Бір кезде қасақана:
— Ағай, сіз бұл өлеңдеріңізді неге бастырмайсыз? — дедім.
Дəулетбаев бұған көтеріліп қалды.
— Шырақ, мен бұны ақын болу үшін жазып жүр ғой деймісің? Өзім
үшін жазам да, тастай берем. Қажет еткен адам бір кезде тауып алып,
бастыра ма, зерттей ме, өзі білер, — деп бір қойды.
Яғни ол өзінің поэзиясымен тарихтан орын алуға дəнекер.
Сосын:
— Былтыр осы өлеңдерімді Сабитке оқып беріп ем. Ой, Əлеке, сіз ақын
екенсіз ғой. Мықты ақын екенсіз деп, мақтады. Өлеңдеріңізді машинкаға
екі дана етіп басқызып бізге беріңіз. Газет-журналға басқызайық жеке кітап
етіп шығарайық деді. Жарайды берейін дедім. Бірақ, соңынан айнып
қалдым. Ол оны ақау бер жағындағы бала-шағаға берер. Олар оны
талқылаймыз дер. Соған сол табанымды тоздырып жүрем бе? — деді.
Иə, мықты ақындар табан тоздырып жүрмейді. Атақ-даңқтың, ақшаның
соңынан жүгірмейді. Оның бəрі оған өздері іздеп келеді.
Ұстазымды бұдан бұрын азын-аулақ сыйлайтыным бар еді. Осы жолы
оның жəне бір қырымен — ақындық өнерімен танысқаннан кейін соны да
жоғалтып алған тəріздімін. «Ой ақымақ. Мұндай да ақымақ. болады екен ау!» деп шықтым Дəулетбаевтың үйінен.
Өлетін бала молаға қарай қашады. Мен енді түлен түртіп, əр жерде
ұстазымды келеке ететінді шығардым. Студенттердің алдына шығып алып
Дəулетбаев болып, сарнап ақыл соғам. Ол болып өлең оқимын.
Үзіліс кезі. Дала тұман. Жер балшық көңілсіз. Студенттер дүр етіп
сыртқа шығып жөнелмей, ұйлығып аудиторияда отыр. Кіре берісіп кітап
шкафтарымен бөліп, факультет секретары отыратын шағын қуыс бөлімше
жасап қойған, өзіміздің алтыншы аудитория. Meн еріккеннен алға шығып,
мұғалімнің орнында Дəулетбаев болып, қолымды сермеп тастап, сарнап
тұрмын:
— ...Сендер бірі қойшының, бірің сиыршының, енді бірің трактиршінің
балаларысыңдар. Қалаға жоғары дəрежелі білім алу үшін, сөйтіп, халқыңа,
отаныңа пайдалы азамат болып шығу үшін келіп отырсыңдар. Бұл əрине
жақсы. Білім алма, халқыңа, тəрбиелеп өсірген еліңе пайда тигізбе деп,
ешкім де айтпайды. Оны айтқан адам ол совет адамы емес. Ал бірақ сендер
мынаны есте ұстаңдар: оқуды қанша жақсы оқығанмен инстөтті үздік!
Тіпті ерен үздік бітіріп шыққанмен, одан соң аспирантураға түсіп, оны да
үздік бітіріп, ғылым кандидаты, одан соң ғылым доктары, тіпті академик
болып шыққанмен, ғылымда нелер ғаламат жаңалықтар белгілі бір
мақсаттарың болмаса заманға, дəуірге сай сана -сезімдерін болмаса, түйсік,
түсінігің болмаса, түкке де аспайсыңдар.
Оңбайын, осының бəрі əр кезде лекция басталар алдында
Дəулетбаевтың пулеметтей боратып, бізге арнап айтатын ақыл - нұсқа
сөздері. Мəн жоқ, мағына жоқ, біріне бірі қайшы келетін құр сылдыр.
Қарнымды жоқ та болса Дəулетбаевша шартитып, алға жіберіп,
Дəулетбаевтың өз дауысына салып, бірден бірге екіленіп, бөсіп тұрмын.
Студенттер рақатқа батып, күлісіп, тыңдап отыр.
Кенет, ойламаған жерден:
— Айт! Айта бер! Бөгелме!— деп, есік жақтағы қуыстан нағыз
Дəулетбаевтың өзі шыға келсін.
Менің көзім бақырайып, тілім байланды да қалды. Кіріп кетуге жер
тесік емес. Мен түгіл, бүкіл курс сасып қалды. Ешкім бұны күтпеген.
Дəулетбаев аудиторияға мана кірген екен. Есік жақтағы қуыста, кітап
шкафтарының тасасында менің ол болып сарнаған бар сөзімді тыңдап,
естіп тұрған.
— Айт! Тағы нең бар! Қалдырма!—деп, маған тақап кеп, қадала
қарағанда, мен шыдай алмай, жерге қарадым. Деканның өң-түсі ашудан
жаман бұзылып кеткен екен.
Сен өзің артист көрінесің ғой. Артистің оқуына түспей мұнда неғып
жүрсің? Жоқ қателескенсің! Сен оқитын оқу бұл емес!
«Бітті. Құрыдым. Оқудан шықты деген осы»
Тапайдың тал түсінде ұрлығымен колға түскен адам есінен танып қалса
керек. Менің халім дəл соған ұқсас. Тіпті бір ауыз кешірім өтінуге де тілім
келетін емес. Не істесеңіз де көндім деген түр білдіріп, мелшиіп тұра
бердім.
Осы уақиғадан кейін талай уақытқа дейін Дəулетбаевтың жүзіне қарай
алмай жүрдім.
Əйтеуір мені келеке еттің деп, ол мені институттан қуып шыққан жоқ.
Сол жолғы кездескеннен кейін Ғалияны көрген жоқпын. Бірақ, ылғи да
ойлаумен болам. Қайдағы пəтерге шықты? Күйеуі мен екеуі ғана ма?
Жалғыз отырған кезінде салаң етіп жетіп барсам, қайтер еді?
Біз бұл кезде институттың ішіндегі актовый залда жатпайтын
болғанбыз. Одан кеткенбіз. Институтқа жақын, Совет көшесіндегі
жатақхананың үйлері босап, соған көшкенбіз. Бір бөлмеде небəрі алты
студент, рақат.
Көктем шығып қалған. Көшедегі кар кеткен. Бірақ ағаштар əлі бүршік
жарып үлгермеген. Күндіз кəдімгідей күншуақ, жылы, жеңіл киіммен
жүруге болады. Ал кешке қарай салқын.
28 гвардияшылар атындағы парк жатақхананың бет алдында, көшенің
арғы бетінде. Оның ішінде Алматы кинотеатры бар. Біз көбінесе, киноға
осында келеміз. Осы кезде кинотеатрларда соғыста қолға түскен олжа
фильмдер жүріп жатыр: «Тарзан», «Менің қиялымдағы қыз» т. б.
Киноға ертіп апаруға қыз деген аяқ астынан табылады. Ал бірақ ақша
табыла бермейді.
Кешке қарай жалғыз өзім «Алматыға» кино көрейін деп келдім. Күн
бүгін сенбі. Институттың оқу залында отыра - отыра жалыққан едім.
Касса жабық. «Барлық билет сатылып бітті» деген хабарландыру
ілінген. Соған қарамастан, кассаның алдында он шақты адам иіріліп тұр.
— Билет жоқ па, немене? — деп, жақындай бердім.
— Сізге қанша билет керек еді?
Таныс дауысқа жалт бұрылып қарасам... Ғалия! Ана жолы көшеде бір
рет кездестіріп, зым-зия жоғалтып алған Ғалияшым. Ой, мұндай
қуанбаспын! Ол мені анадайдан көріп, қарап тұрған екен. Мəре-сəре
амандасып жатырмыз.
Ғалияның қасында сұңғақ бойлы, талдырмаш, бетінде аздаған шешек
дағы бар жүзі жылы сұрша жігіт. Ғалияның күйеуі екен.
Ғалия бізді дереу таныстырып жатыр:
— Мынау əлгі өзіңе айтып жүретін Еркін. Қаныша əпкемнің қайнысы.
Ал мынау менің жолдасым. Танысып қойыңдар.
— Жексен, — деп, ақсұр жігіт қолын бірінші болып ұсынды.
— Еркін.
Сыртынан бір көрмекке ынтыққан ата жауыммен осылай кездесіп,
таныстым.
Мен туралы Жексеннің не біліп, не қоятыны маған, əрине беймəлім.
Бірақ көзқарасынан жаусынған түрі байқалмайды. Қайта, менімен кездесіп,
танысқанына бір түрлі қуанышты тəрізді. Дəл бір өзінің ескі досын
кездестіргендей өңінде жылы күлкі! Мінезі ашық -жарқын жігіт секілді. Екі
сөзге келместен ағынан жарылып, достық құшағын айқара ашып:
— Ғалия бір рет көшеде кездестірдім деп келді. Екеуің де сонымен тым
- тырс болдыңдар, Жекжат адамдар деген сөйте ме екен. Бірін бірі қайдан
да болса іздеп тауып, араласып -құраласып тұрмайтын ба? Біз жуырда
пəтерге шыққанбыз. Жатсынбай, келіп тұруыңа болады — деп жатыр.
Адрестеріне дейін айтты. Мен оны қуана дереу жазып алдым.
Жексеннің ашық-жарық мінезі мені өзіне жақын тартып айтып жатқан
сөздері де ұнайды. Ұнамайтыны тек Ғалияны менен тартып алуы. Бірақ ол
өзі солай деп, ойлай ма екен? Ғалия екеуміздің арамыздағы басталуы бар
да, аяқталуы жоқ там - тұм махаббат уақиғасын біле ме екен? Сөзіне, маған
деген бейіліне қарағанда, əй, білмейді - ау деймін. Ғалия оған ол жайында
айта қойды деймісің. Əйел заты еркектей ашық ауыз емес. Олар өздерінің
ішкі сырларына берік келеді.
Жексеннің ештеңе білгенінен де, əрине, білмегені жақсы.
Ғалия мен Жексен де киноға билет алуға келген екен. Билет жоқ.
Сыртқа шықтық.
— Ал не істейміз? Киноға кірсек болатын еді, — деп, Жексен Ғалияға
қарап, мұрнын уқалап, сəл тұрды. Сірə, тегін уқалау емес тəрізді. Əлде
ненің иісін алыстан сезгендей құшырлану бар өңінде. Сосын:—мына
арадан бір-бір кружкадан сыра ішсек қалай болады? — деді маған.
Мен қарсы емеспін дегенді түріммен білдірдім. Ал өзім мырзалық
жасауға қалтам таяз, дəрменсіз едім.
Ашық эстраданың сырт жағында, сырахана бар. Үшеуміз соған келдік.
Буфетші Миша ағай өз адамымыз. Стипендия алғанда, қалтамызға
ғайыптан тиын - тебен түсіп қалғанда, біз мұнда бір соқпай кетпейміз.
Мені сыраханаға алдымен кіргізіп жіберді де, Жексен есік алдында
Ғалиямен күбірлесіп, бөгеліп қалды. Ғалияның «сен байқа, бұдан басқа
бермеймін» деген сөзі, қағаз ақшаның сыбдыры маған анық естілді.
Жексен заказ бере бастады:
— Екі кружка сыра тіркемесімен. Жəне бір кружка.
— Мен ішпеймін,— деді Ғалия басын тыжырына шайқап.
— Онда екі кружка тіркемесімен.
«Тіркеме» сырахананың бұралқы сөзі. Оны мұнда түсінбейтін жан жоқ.
Екі стаканға жүз грамнан арақ, екі кружка сыра құйылып, сырғып
алдымызға келді. Стаканның бірін Жексен қолына алды:
— Кəне, таныстығымыз үшін!
Мен əлі қолыма алып үлгермеген стаканның төбесімен Жексен тасты
тасқа ұрғандай тарс еткізіп, қойып қалды.
— Жігітім, байқа, сындырасың. Онсыз да стакандар шақ келмейді,—
деді буфетші.
— Қам жемеңіз, түк те болмайды.
Жексеннің арақты соғыстыруы ғана емес, ішуі де ерекше. Басын əнтек
шалқайтты да, жүз грамм арақты ыдыстан ыдысқа қотарғандай өңешіне
сылқ еткізіп, бірақ құя салды. Тіпті ашырқанып қоймайды. Кенезесі кеуіп
келіп, мұздай суды тартып жіберген адамша рақаттанып, кекірініп қойып
тұр.
Мен де кеттім. Бірақ Жексенше өнер көрсетіп іше алмаймын. Ғалияның
біздің не істеп, не қойып жатқанымызда жұмысы жоқтай. Бір қолымен
есіктің тұтқасынан ұстап, сыртқа қарап, осы арадан тезірек кетуге ынтық
болып тұр.
Жексенде асығатын түр жоқ. Қалған-құтқан ақшасын есептеп жəне бірбір кружкадан сыра алды. Сыртқа шықтық.
Жоқ жомарттың қолын байлайды. Қалтамда бірдеңем болса, мұндайда
мен де тартынбас едім. Өзімді сыйлаған жанға борышты болып қалмас
едім.
Парктен шығып, Карл Маркс көшесін өрлеп келе жатырмыз. Екі кеш
аралығында дəл осы тұсқа, көше шетіндегі жүзжылдық зəулім биік
ағаштардың басына, қайдан ұшып келгенін, қаптаған қара торғай жиналған.
Бейне бір құс базарынша, өздерінің тілдерінде у – шу болып жатыр.
Төменде тротуармен өткен жұрт жоғарыға бір қарамай өтпейді.
Дəу де болса, күн райы бұзылады. Жауын жауады, деді Жексен, Сосын
бетін маған бұрып: — Бүгін сенбі, не бітіресің. Одан да жүр, біздің үйге
барайық, — деді.
Мен бұған қуанышты едім. Ғалияның бетіне қарадым. He айтар екен
ол?
- Жүр, біздің қаңдай тұрмыста тұрып жатқанымызды көресің.
Келістім.
Төртінші трамвай Комсомол көшесінің бойымен батысқа қарай
салдырлап, алды да жөнелді. Адам əуелде көп еді. Сосын біртін-біртін азая
берді. Трамвай қаладан шығып кетті.
— Оу, біз қайда кетіп барамыз?
— Тастаққа.
Өзім бір кезде армияда қызмет еткен Тастақ.
Трамвайдан түсіп, төмен қарай үш көшедей жүрдік. Шатырын
шифермен жапқан шағын особняк үй. Көше жағын тақтаймен жымдай етіп
қоршаған. Адам кіретін кішкене есікті Жексен тықылдатып қаға бастады.
Ар жақтан əйелдің шаңқылдаған ұнамсыз дауысы естілді:
— Кто там?
— Бұл біз ғой, Маша апай.
Семіздігі ме, жоқ екі қабат па қарны шермиген, үстіне салтақ-салтақ
ескі сұр фуфайка кие салған, өңі жап-жас, тіпті сұлуша деуге болатын сары
əйел есік ашты.
Негізгі үйге тіркеп салған бір бөлме аласа нашар үй. Есігі өз алдына
бөлек. Сығырайған жалғыз терезе. Жексен мен Ғалия осыны жалдап
тұрады екен.
Бұл, сірə, əуел баста времянка болар. Негізгі үй біткен соң үй иелері
оны бұзып, алып тастауға қимаған. Қалада пəтер тапшылығы сұмдық
екенін көріп, тегін ақша табудың көзіне айналдырған.
Едені жермен жер, алакөлеңке тапал бөлмеге кіріп келген бетте
погребтегі шіріген картоп иісі тəрізді ұнамсыз иіс мұрынға лап ете қалды.
Ғалия шырт еткізіп шам жақты.
— Төрлет, жоғары шық, — деп, мені алдына сала кірген Жексен құрмет
көрсетіп жатыр.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 14
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.