Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 04

Total number of words is 4107
Total number of unique words is 2373
33.8 of words are in the 2000 most common words
48.0 of words are in the 5000 most common words
54.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қонып қалмауы. Нағыз келмейтін кезде дүбірлетіп жетіп келуі. Тым құрса
енді біраз кешіккенде, енді сəл ғана уақыт келмей, тұра тұрғанда...
Өзімнен де болды. Онша батыл болмадым, көп уақытымды текке
өткізіп алдым.
Темір жол бойы, əсіресе, станциялардың басы мазасыз, у - шу. Арлыберлі сапырылысып ағылған эшелондар, Əскери эшелондар кеп ұшырасады
— майданға кетіп бара жатқан солдаттар. Қару - жарақ, оқ-дəрі тиеп,
сыртынан брезентпен бүркеп, жауып алған, күзеті мықты составтар.
Соғыс жақтан жаралыларды, жау басып алған өлкелердің босқын
адамдарын тасып əкеледі.
Əскерге шақырылушылар.
Біреуді біреу біліп болмайды.
ФЗО - ға бара жатқан балалардың арасында əр қилысы кездеседі.
Біреулер бар — моп-момақан қозы тəрізді, ата-аналарының бауырынан ұзап
шығып, əлі ештеңе кермеген, ысылмаған. Дүниедегінің бəріне аңқау сəби
көзбен қарайды.
Енді біреулер бар — екі иығын жұлып жеп, ұрынарға қара таппай
жүрген. Сөздерінше тұздықтап, боқтық араластырып сөйлейді. Онсыз
сөздерінің сəні кірмейтін тəрізді. Жетекшілерімізден жасырып, бұл қулар
арақ та ішеді. Шылымды тіпті жасырмай-ақ бұрқыратып тартады.
Ұрысса тыңдамайды.
— Мұрныңыз қаңсып барады,—деп əуелі келеке етеді.
Табиғатым солай ма, білмеймін, шылым мен араққа құмартқан жан
емеспін.
Жаман əдет жұқпалы деген сөз рас. Алғашында сұмдық болып
көрінетін боқауыз лас сөздерге біраздан соң құлағымыз үйір бола бастады.
Ол түгіл, ана балаларға еліктеп, біз де «тұздықтап» сөйлейтінді шығардық.
Онсыз ауылда өскендігіміз, ашық ауыздығымыз білініп, көрініп тұратын
тəрізді.
Қарағандыға поезд бір жеті жүріп барады екен. Күндіз-түні вагонда
қамалып отырған адамға бұл аз уақыт емес. Əрі - беріден соң кісіні
бойкүйез етеді, жалықтырады:
Өзіңе өзің ықтиятты болудан да қаласың.
Бір күні Ілияс, Нұрымбай үшеуміздің нормалы бір бөлке нанымызды
қас пен көздің арасында ұрлап əкетті. Вагонға сырттан бөтен адам кірмейді.
Ішімізден ФЗО - ға кетіп бара жатқан балалардың біреуі ұрлады.
Үйден əкеле жатқан азық-түлігіміз əлі де жеткілікті, сондықтан
пəлендей зардап шеге қойған жоқпыз. Бірақ ауылдағыдай алаң - ашық
жүруге болмайтынын аңғардық.
Петропавлдың
вокзалында
шалбарымның
қалтасынан
менің
əмиянымды ұрлап қойды. Буфеттен тамақ алған едім де, тамақ ұстаған
қолдарымды төбемнен тік көтеріп, қалың жұрттың арасымен жарып өткем.
Сол кезде лып еткізіп, алған да қойған. Вагонға кеп, алған тамақтарымды
стол үстіне қойғаннан кейін бір-ақ жоқтадым.
Қалтам босап қалғанын көрдім. Буфетке ақша төлегеннен кейін
əмиянымды ішкі төс қалтама салып жатуды əуре көріп, əншейінде
салмайтын шалбарымның қалтасына сала салған едім.
Енді бұл да сабақ болды. Орыстың: «Алысқа тықсаң, жақыннан
аласың» деген мақалы осындайдан шыққан.
Əмияным жаңа, əдемі еді. Ішінде жол-жөнекей ұстауға деп, бөлектеп
салған азырақ ақшам бар. (Ұрланатынын білген тəріздімін.) Документтерім
бар (паспортым мен комсомолдық билетім), Соның бəрі кетті.
Жəне бір қымбат нəрсем кетті, ол Ғалияның былтыр маған ескерткішке
деп, хатпен жіберетін кішкентай суреті.
Ішім көптен-көп осы суретке ашитын тəрізді.
Meн өзімді ауылдың пысық балаларының бірінен санайтын едім.
Сөйтсем, оным асылық екен. Өмірге бейімі жоқ, ашық ауыздың бірі
болармын деген ойға келдім.
Шикілігім көп екен.
Қарағандыға кешке қарай келдік. Көмір қаласынын сырт көрінісі біз
көріп келе жатқан басқа қалалардан өзгеше. Шахталар египет
пирамидалары тəрізді шоқы - шоқы үйінділер. Мен бұл үйінділерді кемір
екен десем, көмірдің шығарылып тасталған қоқыстары екен.
Мұнда аспан да, жер де көмір сасиды.
Айқайын салып, сықыр-сықыр қозғалған көмір тиелген составтар.
Түтін, шаң...
Қара киімді шахтерлер.
Бізді алып келген эшелон бұдан əрі бармайды. Жолаушылар түсіп түсіп, кетіп жатыр. ФЗО - ға əкелінген балалар ғана қалдық.
Басшыларымыз бір жерлерге барып, сөйлесіп, қайта кайтып келді.
— Бүгінше осында — вагонда түнейсіңдер, ертең сендерді қабылдайды,
— деген сөзді айтты.
Біз мінген вагондарды темір жолдың шеткері бір тармағына сүйреп
алып барып қойды.
Келер жерімізге келдік, енді ертеңге дейін істейтін іс жоқ. Зерігіп
вокзалға барамыз, қайта қайтып келеміз. Қала аралаймыз.
Вокзалдың буфетінде шарап сатылады екен. Ішкіш қулар шарап сатып
əкеп, іше бастады. Қызыл алған соң олардан көңілді, олардан батыр халық
жоқ, шулап өлең айтады, би билейді, басқаларға тиісіп, басынғандық
көрсетеді.
Олар енді жетекшілерімізді тыңдауды мүлдем қойып алды. Тілдерін
шайнап, қолдарын былғаң еткізіп, бір-ақ сілтейді:
— Бəрібір соғыс,— дейді.
— Бəрібір соғыс!
Тоғышарлар мен ұстамсыздар үшін осындай бір топас сылтау табылған.
Ойларына не келсе, соны істейді де, жаласын соғысқа жаппақ болады.
Оларша, соғыс жүріп жатқан кезде адамша өмір сүріп қажеті жоқ.
Түнге қарай шарап ішушілер тіпті көбейіп кетті. Үш вагонның үшеуінің
іші де айғай-шу! Жетекшілеріміз көрінбейді. Бір жеті бойына бізбен
асаумен алысқандай алысып, сірə, шаршаған болар. Осы пəлелерден аулақ
болайық, деп, бір жерге жан тыныштық іздеп, тайып отырған тəрізді.
Көп жындының ішінде сау отырған əрі жаман екен, əрі жараспайды
екен. Біздің де жынданғымыз келді. Ақшамыз бар. Біз немене, мына
шалқып жүргендерден кембіз бе? Жоқ əлде бұлардай бола алмаймыз ба?
Іше алмаймыз ба?
Ілияс, Нұрымбай, мен үшеуміз бардық та, «Вермут» дейтін жазуы бар
үлкен қара бөтелке сатып əкелдік. Əрине, бос бөтелке емес, ішінде қыл
мойнына тақап құйылған шарабы бар. Тəуекел деп, үш стақанға бөліп құя
бастадық. Бұдан бұрын арақ-шарап ішкен жандар емеспіз. Тек кейде
қандай болады екен деп, оңашада бөтелкенің түбін аузымызға сарқып
көретінбіз.
Ендігі жағдай басқа. Жасырынбай, ашық ішуге, дəмін ғана татып
көрмей, сылқия тойып ішуге болады. Тізгін қолда, өзімізге өзіміз қожамыз.
Əй дер əже, қой дер қожа жоқ.
Арақ ішу арқылы адам боп, есеюдің жаңа бір бел-белесіне көтерілетін
тəріздіміз.
— Қане, кел!
— Кел!—десіп, көтерісіп қойыстық.
Жұрттан көргеніміз бойынша, басытқылап нан жеп жатырмыз.
Сиқыр су кімді арбап уысына түсірмеген, кімді жынды етпеген. Тамыр тамырымызды қуалап, бусандырып, дүние — əмір əдемі болып барады.
Тағы ішкіміз келеді. Бөтелкені тауысып жəне бірін алып келдік. Оны да
іштік. Енді біз де батырмыз, біз де шат көңілдіміз. Сырдың суы
сирағымыздан келмейді.
— Тағы ішеміз бе?
— Е, ішпей! Ішеміз. Мə, əкел мынаған.
— Менің өзімде де ақша бар,
— Бар болса, əкел.
Біреулер қасымыздан өтіп бара жатып:
— Мыналарды қара, бұлар да дөй дөйге басыпты,— дейді.
— Е, баспай! Біз немене, біз адам емеспіз бе?
— Мыңқылдатпай, өзін желкеден түйіп жіберші!
Ертесінде түске дейін басымды көтере алмай, ауырып жаттым. Өмірі
басым мұндай қатты ауырып көрген емес. Енді арақты татып алмасқа өзіме
өзім ант бердім.
Ауыздан шыққан анттың бəрі орындалса, адам адам емес, баяғыда-ақ
періште болған болар еді.
№ 1 ФЗО мектебінде оқып жүрміз. Алты ай оқып, шахтаға жұмысшы
болып барамыз. Жиырма - жиырма бес баладан топ - топқа (бригадаға)
бөлген. Əр топтың басында жетекші мастер. Оқытатын да, тəрбиелейтін де
міне сол.
Біз, Ілияс, Нұрымбай, мен үшеуміз тіреу қоюшылар тобындамыз,
Шынымды айтсам, ФЗО - ның оқуы бірінші күннен бастап-ақ менің
көңіліме толмады. Оқытатын. үйрететін нəрсесі шамалы. Жуандығы
телеграф бағанындай бөренені шахтаға тіреу етіп қоямыз. Бұның пəлендей
бас қатырып, ақыл жұмсап үйренетін түк те қиындығы жоқ. Тек тер төгіп,
еңбек ете біл.
ФЗО - ны бітірген соң шахтада ең кемі төрт жыл жұмыс істеу шарт, заң
бар сондай. Төрт жыл толмай ешқайда жібермейді. Бұл өмір бойы шахтер
бон қаласың дегенмен бірдей.
Ал менің арманым шахтер болу емес, басқа. Жазушы болу, немесе
журналист болу.
Екеуінің арасы жер мен көктей.
Шахтерлерді армияға алмайды, брон береді.
Алса, қуана-қуана кетер едім.
Көңілім қаламайтын, сүймейтін іспен шұғылданғаннан да соғысқа бару
маған мың есе артық көрініп тұрады. Онда не болса да тез болады, тез
шешіледі.
Өлсең де, жаралансаң да, батыр атансаң да қолма-қол.
Біздің тіреу қоюшылар тобының мастері Ахметов дейтін жасы қырыққа
кеп қалған адам. Орта бойлы, жауырынды, тығыз, мығым денелі. Жарау
аттай сергек жүріп, сергек тұрады.
Ахметовтың үйі осы Қарағандыда. Күндіз бізбен бірге болады да, кешке
қонуға үйіне кетеді.
Мастеріміз жайма-шуақ жақсы адам. Мені ол бірінші күннен ұнатып
өзіне орынбасар етіп тағайындады.
Ахметов жоқта бригаданың қожасы менмін.
Қаладағы өмір қайнаған қазан тəріздес. Жұмысшы батальонына, ФЗО ға, əртүрлі еңбек училищелеріне халықты əкеп төгіп жатыр. Жау басып
алған Донбастан кешіріліп əкелген шахтерлер.
Олардың семьялары.
Осының бəрі жергілікті халықпен араласып, миқойыртпақ.
Сол кездегі қиыншылық жағдайды ескергенде біздің тұрмысымыз
жаман емес. Екі этажды кірпіш үйде тұрамыз. Төсек - орнымыз таза, үш
мезгіл тамақ береді.
Мені о баста бір қызықтырғаны ФЗО - ның форма киімі еді, оны əлі
берген жоқ. Тек мұқтаж болғандарға іш киім, аяқ киім тиді. Форманы əне
береді, міне береді деп созбаққа салып жүр.
Біреуінен біреуіне ететін шағын екі бөлмеде он екі бала тұрамыз. Он
екі. темір кереует, алты тумбочка, Нұрымбай екеумізге бір тумбочка ортақ.
Бірақ оны менен гөрі Нұрым-байдың пайдалануы көбірек. Күнде
кешқұрым тумбочкаға жабысып, басын бір жағына қисайтып, хат жазып
отырғаны.
Жазу жазып отырғанда, Нұрымбайдың бетіне қарап тұру біртүрлі
қызық. Еріндері қисаң-қисаң етіп, жазған əріптерінің ыңғайына қарай
қыбырлап, ылғи да қозғалумен болады.
Өзге дүниенің бəрін ұмытып, хатты ол соншалық беріліп, құмарланып
жазатын еді.
Мен хат жазуға салақпын жəне сөз тауып жаза алмай көр болам.
Аманмын, оқып жатырмын деген соң парақтың қалған жерін немен
толтырарымды білмей қиналам.
— Тағы не жазам?—деп кейде Нұрымбайдан ақыл-кеңес сұраймын.
Үйден үзбей хат алып тұрам. Жазатын жеңгем. Өздерінің халдерін, ел
ішіндегі жаңалықтарды тізіп жазумен болады.
«Сəрсебектен хат-хабар əлі келмеген.
Ағайымның тағдыры мені ойға батырып күйзелтеді,
Жеңгем Нұрəлі үйімен қатыспайтынын жазады. Сəуле ауруханада
бірғауым жатып келген. Бірақ оңалып кете алмаған көрінеді, Оқта-текте есі
ауып жығылатын талма ауруына ұшыраған.
Нұрəлі азғынға тежеу жоқ, оның көңіл - хошы сол əлгі завхоз Зейнекүл.
Екеулері ел-жұрттан қымсынуды мүлдем қойып алды деп жазады.
Сабақтан тыс уақытта балаларды масақ теруге алып барамын. Колхоз
ештеңе бермейді, біз ештеңе сұрамаймыз да, өздігімізден амалдап күнімізді
көріп жүрміз:» дейді.
Ғалиямен де хат алысып тұрам. Ол биыл оныншы оқиды. Бірақ оқулары
əлі басталмаған. Колхоздың егін жинау науқанында жұмыс істеп жүрміз
дейді.
Демалыс алып келер болсаң, жолдан бізге соң. Келмей, өтіп кетіп жүрме
деп жазады.
Мен бұған қуанамын. Ғалия енді мəңгі-бақи мендік болғаны ғой,
қараптан-қарап, бұлай деп жаза ма?
Ғалиямен жолығысқанда не қаласам сол болатынына ешқандай шəк
келтірмеймін...
Бұрынғыша Ғалияның бірде-бір хатың жыртпай, жоғалтпай, сақтап
жүрмін.
Үйден хат алдым.
Сұмдық хат!
Қаныша жеңгемді мұғалімдік кызметінен шығарып жіберіпті.
Бір күні аяқ астынан мектепке аудандық оқу бөлімінің инспекторы
келеді. Екі-үш мұғалімнің сабағына кірген болады. Оның бірі менің
Қаныша жеңгем.
Сосын, педсовет шақырылады.
Мектеп директоры Несіпбаев дейтін топас адам.
— Күн тəртібіндегі мəселе Қаныша Асылбекованың жеке бас ісі,— деп,
қарап отыр дейді.
Қаныша үшін бұл төбесінен жай түскеңдей оқыста, күтпеген жағдай,
«Менің қандай ісім болуы мүмкін?» деп, таң-тамаша қалады.
Сөз инспекторға беріледі.
— Аудандық оқу бөліміне Қаныша Асылбекова турасында бірнеше
арыздар түсті,— деп бастайды ол сөзін.— Арызды жазғандар балалардың
ата-аналары, мұғалімдер...
Жеңгемнің екі көзі шарадай болады.
Инспектор қызыл сөзді төпей береді. Асылбекова жолдас педучилище
бітірген жас кадр бола тұрып, өкімет пен партияның сенімін ақтамаған.
Мұғалімдік іс - қылыққа жатпайтын өрескел мінездер көрсеткен...
Пəлси баланы ұрып-соққан, пəлен оқушының дəптерін жыртқан, пəлен
жерде мектеп директорының бетінен алған. Яғни, беделін түсірген.
— Бұның бəрін тексергенде, рас болып шықты.
Біз совет мектебін, совет мұғалімдерінің қатарын Асылбекова тəрізді
жат адамдардан тазартуымыз керек! — дейді инспектор.
Қанышаның төбе шашы тік тұрады.
Өйткені, бəрі де адам жаны түршіккендей жала!
Бəрі өтірікші!
Мұншама жаланың қайдан шыққанын Қаныша бірден түсінеді.
Мектеп директоры Алыбайдан, Нұрəліден шыққан.
Екеуінің астасып бірігіп алып істеп отырғаны.
Нұрəлінің үлкен қызы Сара сабақты нашар оқиды. Қағаз - қаламына
ұқыпсыз. Үйге берілген тапсырманы бір-екі рет дəптерім жоғалып қалды
деген сылтаумен бір парақ, жарым парақ кездейсоқ қағаздарға жазып
əкеледі,
Əрі лас, əрі қате жазып əкеледі.
Қаныша оған бұл үшін ұрсады, əрине.
Жаман қағаздарды төрт бүктеп, жыртып тастайды.
— Қызымның дəптерін жыртыпсың, ұрыпсың, соғыпсың. Мен саған
көрсетем!—деп жекіреңдеп, Нұрəлі мектепке келеді.
Мұғалімдердің көзінше Қанышаны тілдеп, балағаттайды.
Miнe осындай бір оқиға болған.
Дəптер жыртты, оқушыны ұрып-соқты деген сөздердің төркіні сонда
жатыр.
Директордың бетінен алды. Иə, бұл бір шама шындыққа жанасатын
жай.
Тұйық жетіжылдық мектебінің осы күнгі директоры Несіпбаев Алыбай
өңі апиыншының өңіндей сап-сары, өндіршегі сорайған көксау біреу. Қора
толған қойы бар.
Тіршілік қалыбы бұрынғының пасық байларынан аумайтын, шалағат
дүмше біреу.
Он жыл сырттан оқып, педучилищені əлі бітіре алмай жүр.
Оның мұғалім боп жүруі де, директор болуы да қора толы қойының
арқасы екенін жұрттың бəрі біледі.
Сол Несіпбаевты Қаныша əуелден, Тұйыққа келген кезден жек көретін.
Несіпбаев ол кезде директор емес, қатардағы жай оқытушы.
— Осындай топас, дүмше адамның қалай мұғалім боп, бала оқытып
жүргеніне таңым бар,— деген сөзді əр жерде - ақ ашық айтатын.
Соғыстың арқасында Несіпбаев мұғалім түгіл, директор болды. Тік
мінез Қанышадан өш алатын кез келді.
Сұмдық хаттың мазмұны міне осындай.
Арада төрт-бес күн өткенде жеңгемнен жəне хат алдым. Он бес
шақырым жердегі ауданға арызданып, итшілеп жаяу барған. (Нұрəлі оған ат
бере ме?) Бірақ əділдік таба алмаған. Аудандық оқу бөлімі өзінің
инспекторын қолдайды, мені тіпті тыңдағылары келмейді. Аудан
басшыларына жолыға алмадым, арыз тастап кеттім. Бірақ одан да үмітім аз
деп жазады.
Жеңгем оншалық күйреуік жан емес еді. Хатынан аса күйзелгені, көп
нəрседен күдер үзе бастағаны байқалады.
Бұл соңғы хатта баяндалатын жəне бір масқара жай: жеңгемді ауыл
совет шақырып: «Колхозға жұмысқа шығыңыз, болмаса жеке меншік
ретінде салық саламыз» депті. Міне, мəселе қайда жатыр!
Нұрəлінің кездеген түп мақсаты да осы емес пе? Мұғалімдік қызметінен
қуылған Қаныша жан бағу үшін енді колхозға келмегенде қайда барады?
Нұрəліге келмегенде қайда барады?
Жалына қол апартпайтын асауды Нұрəлі көзіне көк шыбынды
үймелетіп жұмыска салмақ. Міне солай, күшпен жуасытпақ.
Ырысты Нұрəлі не айтса, соны орындайтыны белгілі.
«Жаным Ерка, ақылдасар бір жан жоқ. Не істерімді білмеймін.
Сəрсебектің түтінін түтетіп, өлермен кемпірге қарайламасам, екі етегімді
беліме түріп, Тұйықты желкемнің шұқыры көрсін деп кетер едім. Екі қолға
бір жұмыс қайдан да табылады ғой. Қалаға барып, бір заводқа жүмысшы
болып кірсем де өлмес едім».
Жеңгемнің торығу сөздері міне осындай.
Ашудан бомба болып жарылуға дайынмын.
Егер қол жетер жерде болса, Нұрəліні де, оған қолшоқпар болып жүрген
көксау Несіпбаевты да барып, жарып тастар едім.
Ол үшін маған не істейді. Он жылға соттайды да, соғысқа жібереді.
Жұрт соғысқа сотталмай да кетіп жатқан жоқ па?
ФЗО мектебінің оқу бөлімін басқаратын татар əйелге келдім.
— Мені босатыңыздар. Оқымаймын, үйге кетем,— дедім.
— Неге?
— Шешем ауру көрінеді,— деп сылтау айттым.
— Сен барғанда не істейсің? Емдеп, жазасын ба?
— Бəрібір кетем, оқымаймын,
— Балалық сөзді қой.
Жеңгемнің қудалауға ұшырау себебін бұларға қалай айтам? Біртүрлі
ұят.
— Тағы да басқа себептер бар. Босатсаңыздар екен.
— Қазір соғыс кезі екенін білесің ғой. Біз ешкімді де босата алмаймыз.
Семья жағдайың келіспесе, ауылыңнан келмеуің қажет еді.
Оқу бөлімінен одан бетер ызаланып шықтым. Тəуекел деп ауылға
қашып кетпек болдым.
Оңбағандар, еркегі жоқ үйді, соғысқа кеткен азаматтың əйелін
басынғандары ғой. Мен оларға көрсетемін əлі! Əділдік таппай қоймаймын!
Шынымды айтсам, қалай көрсететінімді, əділдікті қалай табарымды
жөнді ойлаған да жоқпын. Əйтеуір ашуым алқымыма тығылып, шексіз ыза
болуда едім. Ауылға мен барсам, бəpі орын - орынына түсе қалатын тəрізді.
ІІІешімім тым қызбалықпен жасалған шешім екенін соңынан білдім.
— Сен кетсең мен де кетем, қалмаймын, — деді Нұрымбай.
— Екеуіңнен қалып, мен жындымын ба? Мен де кетем, — деді Ілияс.
Сонымен үшеуміз де қашпақшы болдық.
Дайындық жасай бастадық.
Жолаушы поезына отырып, ашықтан - ашық кете алмайтынымыз
белгілі. Жүк поезына жабысып, жасырын кетпекшіміз. Амалдап Алматыға
жетсек, ар жағы уайым емес.
Алматыға құрығанда бір жеті жүріп барамыз. Олай болса ең кемі, бір
жетіге жетерлік жол азық керек. Күнделікті беретін нанымыздың жарым жартысын жемей, кептіріп, жинап жүрміз. Осылайша бір - бір дорбадан
кепкен нан жинап алдық. Əрқайсымызда бірнеше жүз сомнан үйден
əкелген ақшаларымыз бар.
Бүгін күн сенбі. Кешқұрым. Жатақханаға шахтадан əлгінде ғана
келгенбіз.
Мастеріміз Ахметов арамызда.
Ол екі қолын плащының қалтасына салып, шешінбей, есік алдында тұр.
— Ал, балалар, ертең ғой демалыс, мен келмеймін. Сендер мына
старосталарыңды тыңдап, жақсылап демалып, уақыт өткізіңдер. Қалаға
киноға барғыларың келсе, төрттен -бестен бірігіп, топтанып барыңдар. Тек
кеш қалмай, ерте қайтатын болыңдар.
Ахметов айтып тұрған староста — менмін.
Ол балалармен қош айтысып, кетіп бара жатып, мені есік алдына аулаға
ертіп шықты.
— Еркін қалқам, мыналарға бас-көз бол. Қайда жіберсең де,
ұйымдастырып, топтастырып жібер. Балалық істеп, біреу - міреуі қашып
кетіп жүрмесін. Онда ертең сен екеуміз басымызбен жауап береміз, —
дейді.
Ахметовты тыңдай түскен сайын ішім қыпың - қыпың етеді. Өйткені,
дəл бүгін бірнеше балаға бас болып мен езім қашуға əзір тұрған адаммын
да. Ахметов оны қайдан білсін.
Айсыз түн. Тас қараңғы. Ілияс екеуміз станция басына қарай жолсызбен
келе жатырмыз. Арамызда Нұрымбай жоқ.
Жатақханадан сыртқа шығар есіктің алдында кірген - шыққандарды
бақылайтын, балалардан қойылған күзет бар. Сол күзет сезік алмас үшін
біз əлгінде бір-бірлеп шығуға келіскенбіз. Нан салған дорбаларымызды,
біріміз сыртта тұрып, терезенің желдеткішінен тастағанбыз.
Сол маңға таяу тас көмір төгетін қойма бар. Бəріміз соның түбінде
кездеспек болып, уəде байласқанбыз.
Бірінші боп Нұрымбай, одан Ілияс кеткен. Ең соңғы мен едім.
Қараңғыда қармана басып уəделі жерге келдім. Қалбиып жалғыз тұрған
Ілиясты көрдім.
— Нұрымбай қайда?— деймін сыбырлап.
— Білмеймін, жоқ.
Біз кеп іздедік, көп тостық. Нұрымбай келмеді.
Белгі беріп, дауыстап шақырып та қарадық. Ешкім де үн қатпады. Біз
кереметтей таң қалдық. Япыр - ау, бұны жер жұтты ма?
Жоқ əлде қашатынын сезіп қап, ұстап əкетті ме? Енді не істейміз?
Жатақханаға қайтып бару ыңғайсыз. Балалармен қоштасып біржолата
шыққанбыз. Олар əлгінде кешкі тамақтың үстінде бізге жарты - жартыдан
нандарын берген.
Нұрымбайдың табылмасына көзіміз жетті. Тəуекел, шешінген судан
тайынбайды дедік те, Ілияс екеуміз станцияға қарай тартып жөнелдік.
Болған жағдай осы.
Көмір тиелген ауыр состав жүруге даяр тұр екен. Маңайда адам
болмауын аңдып, бағып тұрдық та, құйрық жақтағы вагонның біреуінің
үстіне өрмелеп мінін алдық, Біреу-міреу көріп қалмас үшін тас көмірді
құшақтап жата - жата кеттік.
Қашқынның нағыз өзіміз.
Паровоз аспанға пыс-пыс етіп бу атқылап, оқта - текте өңешін созып,
ақырып қояды. Даусы ащы - ақ, ышқынып, ақырып келіп қалғанда, бүкіл
қала шошып, селк ете қалғандай болады. Құлақ тұнып кетеді.
Составты қараушылар жолға шығардағы ең соңғы дайындықтарын істеп
жүр. Қолдарындағы шамдарын шырақ етін, пагонның ауыр шойын
дөңгелектерін таңқ - таңқ ұрып көреді Бірдеңелерін бекітіп бұрағандай
болады. Біз бəрін естіп, біліп жатырмыз,
Қазір түн ортасы шамасы.
Паровоз бір кезде өңешін жырта ақырып, ақырып алды да, жұлқып
тартып кеп қалды. Бірінші вагон екіншіні, үшіншіні, сөйтіп - сөйтіп
жұлқыған сыңғыр үн составтың өн бойымен жүгіріп құйрықтан бір-ақ
барып шықты. Біз жайлап қозғалып бара жатқанымызды сездік. Үйлер мен
телеграф бағаналары сырғып қалып барады.
— Қош, Қарағанды!
Поездың жүрісі үдей түсті. Қала артта қалып барады. Əлгінде
қозғалмай тұрғанда, жел жоқ тынық еді. Енді поездың екпінімен
алдымыздан үріп жел тұрды. Тас көмірдің жел суырған шаңы ұшқындап
көзімізге, мойнымызға құйылады. Жағамызды көтере бүркеніп,
мойнымызды ішімізге тығып алып жатырмыз. Оқта-текте қайда келе
жатқанымызды байқау үшін басымызды көтеріп қараймыз, Жан-жағымыз
меңіреу түнек, бес қадам басып кірсең, жұтып, жоқ ететіндей. Алдан əр-əр
жерден семафордың жол ашық екенін білдірген көк жасыл көздері
жылтырап көрінеді. Сонау артта электрі самсаған түнгі қала қалып барады.
Күндіз-түні жүрек дүрсілі бір тоқтамайтын өмірлі қала.
Өзінің жуырда келіп қосылған, əлі стена боп үйреніспеген екі жаңатай
тұрғыны келген ізімен безіп, қайта қашып бара жатқанында қаланың
жұмысы жоқ. Іздеп əбігер боп жатқан түрі байқалмайды.
Қазір күз ортасы, түн салқын. Біраздан соң кəдімгідей жаурап, тоңа
бастадық. Көмірдің артқы ықтасы жағын үңгіп, ұя жасап алып, соған
тығыла түсіп жатырмыз.
Баста əр алуан ой.
Мен мастеріміз Ахметовты ойлап жатырмын. Мінезі біртоға, жақсы
адам еді, маған өзіне сенгендей сенуші еді. Староста осы бала болсын деп,
көп баланың ішінен мені таңдап қойған өзі болатын.
Жақсы адамның сол үмітін ақтамай, ыңғайсыз халде қалдырып бара
жатқаныма қиналамын да, өзімді өзім əлдекімге опасыздық жасағандай
сезінем.
Ертең, жоқ, ертең емес бүрсігүні, таңертең Ахметов күндегі əдеті
бойынша біздің жатақханаға келеді. Демалысты жақсы еткізіп тыныққан,
сергек. Қабағы жадыраңқы. Шəкірттерім қалай демалды екен, оны-мұны
оқиға болып қалмады ма екен деген ептеген елегізу бар көңілінде.
Міне ол басқышпен екінші этажға көтерілді. Біздің бөлменің есігін
қақты. Іштен бірнеше дауыс қатарынан:
— Да!—деді.
Ахметов үйге кірді.
— Балалар, саламатсыңдар ма!—деп, ойында ештеңе жоқ, самбырлап
амандасып жатыр.
Əншейінде жамырап үн қататын біздің балаларға бірдеңе болған, міңгір
- міңгір етіп, мастерге жүздері төменшектеп қарайды.
Ахметов аң-таң, əлдеңеден секем алғандай.
— Сендерге не болған? Староста қайда?
Біреулер тілдері күрмеліп, міңгір - міңгір етіп, апта бастайды:
— Еркін де, Ілияс та жоқ...
— Жоғы қалай?
— Сенбі күні біз бəріміз киноға кеткенбіз. Олар үйде қалған. Келсек,
жоқ...
Ахметовтың өңі күлгін тартып, бұзылып кетеді. Бұзылмай қайтсін, ол
енді бізге бола талай əурешілікті бастан кешеді. Мектеп дирекциясының
алдында жауап береді.
— Қарауыңдағы шəкірттеріңе не болмай, не қарап жүрдің, ай қарап
жүрдің бе?—дейді ғой директор оған.
Ахметов не айтсын?
Жастарға тəрбие бере алмадың деп, Ахметовты орнынан алып тастауы
да мүмкін-ау. Алып тастамаған күнде, ескерту ме, сөгіс пе, бір жаза қалай
да қолданады.
Ахметовты шындап аяғандықтан, қап,бекер қашқан екенбіз деп, өкініп
те келем.
Нұрымбайдың уəделі жерге неліктен келмегені біз үшін тас-түйін
жұмбақ.
Оның қолында кішкентай чемоданы бар-ды. Ғалияның өзім жиып
жүрген бүкіл хаты, менің бірталай уақыттан бері жазып жүрген күнделік
дəптерім бəрі сол чемоданда болатын. Өзімдегі нан салған дорбаға салсам
тозып қалар деп, сонда салған едім. Нұрымбаймен бірге соның бəрі қалып
қойды.
Бұлай болатынын мен қайдан білейін.
Нұрымбайдың қалып қойғанына емес, енді сол нəрселеріме ішім ашып
келеді.
Осы келе жатқанда менде де, Ілияста да ешқандай документ атаулы жоқ.
Менің документтерім ұрының қолында кеткенін оқушы біледі. Ал Ілиястың
документтері ФЗО -ның сейфінде қалды. Қашан оқу бітіргенше, ФЗО
оқушыларының документтерін қолдарына бермейді.
Егер жол-жөнекей біреу-міреу ұстап, жөн сұраса, Қарағандыға қолөнер
училилщесіне оқуға барған едік, науқас болған себепті оқуға қабылдамады,
үйімізге қайтарды демекшіміз. Документ сұраса, екеу ара бір чемоданымыз
бар еді, барлық документіміз, поезға алған билетіміз сол чемоданда еді,
вокзалда ұрлап кетті демекшіміз.
Сөзіміз аша шықпас үшін бұның бəрін егжей-тегжейіне дейін
ойластырып жаттап алдық.
Поезд жүйткіп келеді.
Түн мұнша суық болар деп, ойламаған едік. Үстіміздегі күздік
пальтоларымыз қауқар болмай барады. Желдің ызғары етімізден өтіп,
сүйегімізге жетеді.
Поезд енді бір тоқтағанда, түсіп, вокзалға барып, жылынып алмасақ,
болатын емес.
Эшелон шағындау бір станцияға тоқтады. Секіріп-секіріп жерге түстік.
Станцияның аты Шоқай екен.
Таң бозғылданып атып келеді.
Шағын вокзалдың жолаушы бөлмесіне кірдік. Аяқ басар жер жоқ.
Чемодандарын, жүктерін жастанып, біреуіне біреуі сүйеніп, бастары
салбырап, əрқайсы əр түрлі тұрпатта қор-қор ұйықтап жатқан адамдар.
Еден лас.
Бөлменің күлімсі жылы ауасы қалшылдап тоңып келген біздер үшін
əуелде сүйкімді боп сезілді. Қор-қор еткен көп жұрттың арасынан орын
қарастырып, біз де қисайдық. Поезда тоңын келе жатып, ұйықтай
алмағанбыз. Жылы иіске тұмсығымыз іліккен соң теп - тез-ақ көзіміз
жұмыла бастады.
Ұйықтап кетіппіз.
Жұртты дүрліктіріп тұр-тұрлаған дөрекі дауыстан оянып кеттік. Үйдің
іші жап-жарық. Таң атпақ түгіл, күн шыққан, Ауыр кирзо етігін тарп-тарп
басқан төртбақ қызыл сары кемпір үй сыпырғалы келіпті. Қотанда жусап
жатқан сиырды айдап өргізгендей əркімді аяғымен бір теуіп, сыпырғымен
ұрын, оятып жүр.
Оянып алып, бірімізге біріміз қараған кезде Ілияс екеуміздің көздеріміз
атыздай болысты. Түсіміз адам шошырлық екенін жаңа байқадық. Беті басымыздан, киімімізден тас көмір жұғып, былғанбаған жер қалмаған.
Құдды батпаққа аунап тұрған немесе тұмсығымен жер қазған шошқалар
тəріздіміз. Күлсек, тістеріміз бен көздеріміз жылтырап көрінеді.
Дереу сыртқа зытып жөнелдік. Үйдің артына аулағырақ барып,
киімімізді шешіп қағып, қудықтан су алып жуынып, түр-түсімізді тəртіпке
келтіріп жатырмыз,
Қарағанды жақтан ентіге келіп, жүк поезы тоқтады, Кейбір вагондары
бос екен. Ебін тауып, бос вагондардың біреуіне кіріп алдық. Төбеміз ашық
— көк аспан, жан-жағымыз бітеу. Ішіне кепкен нан, оны - мұны салған
дорбашаларымызды басымызға жастанып, тырайып – тырайып, жатып
алдық. Дəл бір нағашы атамыздың төрінде жатқандаймыз. Поезд сақылдап
жүріп келеді.
Түндегі көмір тиелген вагонның үстінде, уілдеген зəрлі желдің өтінде
жатқандай емес, мына жатысымыз рақат. Тек астымыздан тақтай ғана
батады.
....Петропавлға күн батпай келдік. Вагонның сырғымалы есігін сызаттап
қана ашып, сығалап қараймыз. Жұмыс киімін киген, əр қайсы өз жеңімен
қарбаласып, аяқтарын тез-тез басып, кетіп бара жатқан адамдар. Сырты
кірлеп кеткен, шаңға малынған кірпіш үйлер, ағаштар. Паровоз мен келдім
дегендей өңешін созып, ақырып - ақырып қояды. Келсең, қайт дейсің, келе
бер дегендей боп басқа паровоздар ақырады. Тарам-тарам жолдың ен бойы
қаптаған жүк поездары. Кейі бос, кейінің үстінде тиелген əр алуан
нəрселер. Қайсысы қайда бет алады, біліп боларлық емес.
Станция бас( ына жақындай түскен сайын эшелонның жүрісі бəсеңдей
берді. Енді міне баяу ғана жылжып келеді. Есіктің сызатынан сығалап, біз
бəрін көріп келеміз, бізді ешкім көрмейді.
Кенет, алдыңғы жақ төбемізден жарқ етіп, аспалы көпір шыға келді.
Үсті толған арлы-берлі жүріп жатқан адам. Эшелон көпірдің астымен өтіп
барады. Біз жаман састық, не істерімізді білмейміз. Қазір біз мінген вагон
көпірдің дəл астына келгенде, ана жұрт бізді көреді. Саңғыраған бос
вагонның ішінен жасырынар қуыс таппай, бірімізге біріміз ұйлығып,
тыпыр-тыпыр етеміз.
Сөйткенше болмады, көпір біздің дəл төбемізге келіп те қалды. Жұрт
көрді бізді. Аналарды қара, анау екеуін қара деп біреуіне біреуі айтып,
нұсқап, көрсетіп жатыр. Біз оларға ыржия қарaп күлгенді ғана білеміз.
Абырой болғанда, эшелон əлі де тоқтамай, қозғалуда. Аспалы көпір де,
соның үстіндегі төбемізден төне қарап, шу-шу еткен жұрт та сырғып арт
жақта тасаланып, қалып қойды.
Петропавл бұл үш сала темір жолдың торабы. Бірі батысқа. екіншісі
шығысқа қарай кетеді, Үшінші жолмен Қарағанды жақтан біз келіп тұрмыз,
Эшелон тоқтап тұр.
Ілияс екеуміз кеңесудеміз. Не істейміз? Мына поездан түсеміз бе,
түспейміз бе? Бұл енді қалай қарай жүрер екен? Бізге керегі шығыс жақ —
Новосибирь жақ. Олай қарай жүрсе, онда құба-құп, Ал егер олай қарай
жүрмей, батысқа қарай жүрсе ше?
Түспей, токтай турайық, қалай қарай жүретінін байқайық. Батысқа
қарай бет алса, онда келесі тоқтаған жерде түсіп қалармыз деп келістік.
Қазір түскенмен жəне бір поезға отыруымыз керек. Оның қалай қарай
жүретінін біз қайдан білеміз, пəлен жаққа барады деген маңдайында жазуы
жоқ.
Əрі үйреніп қалған жайлы вагонды қалдырғымыз келмейді. Бір поездан
түсіп, басқа біреуісіне мінеміз деп жүргенде, ұсталып қалуымыз жəне
мүмкін.
Тəуекел.
Эшелон көп бөгелген жоқ. Сықыр-сықыр етіп жəне қозғалды. Есіктің
сызатына жабысып, бақылаудамыз. Бұл күн батып бара жатқан кез. Жат
қаланың жер, көше жағдайы бізге таныс емес. Поездың қалай қарай бет
алатынын күнге қарап ғaнa тұспал етеміз.
Е, құдай, айналайын ием, шығысқа қарай жүргізе гөр деп, ішімізден
жалбарынып, тілек етеміз.
Қаладан шыға беріп, эшелон қабырғадай иіліп, маңдайын батып бара
жатқан күнге қарай бұрып алды,
— Ойбүй!
— Қап, мына ит қатырды –а у, ə!
— Енді қайттік!
Қолдан келер қайрат жоқ, ызаланып, вагонның есігін тарс - тарс
тепкілейміз. Қырсық поезд бізді мүлдем басқа жаққа əкетіп барады.
Бəлем, қайтер екенсіңдер деп, əдейі егесіп алған тəрізді, жуық маңда
тоқтар да емес. Ызғытып ұрып келеді. Орман, тоғай, шабындықтар, егінін
орып əкеткен аңыздар дөңгелене сырғып, артта қалып барады.
Күн батып кетті. Түн. Кешегідей айсыз қараңғы түн. Қырсық поезд əрең
дегенде бір станцияға келіп тоқтады.
Əжептеуір үлкен станция.
Бізден бұрын келген бірнеше жүк поездары тұр екен, Біздің поезд
солардың сырт жағынан қатарласып тоқтады. Есікті сырғытып ашып
жібердік те, жерге секіріп-секіріп түстік, Күні бойғы қорегіміз құр нан,
шөлдеп өліп барамыз, тіліміз аузымызға сыймайды. Əуелі вокзалға барып,
асханасы болса, тамақтанып, сусындап ес жимақ - пыз. Содан соң ағылып
жатқан көп эшелонның біреуімен келген ізімізбен кейін қарай қайтамыз.
Вокзалға төте тартып, қатар тұрған составтардың біреуінің астынан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 05
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.