Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 03

Total number of words is 4196
Total number of unique words is 2306
34.6 of words are in the 2000 most common words
49.8 of words are in the 5000 most common words
57.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жерлерде Абай былай деген деп, бірер шумақтан жатқа айтып та жүреді.
Бірақ оның Абайды ұғынуы тым таяз, үстірт ұғыну. Тереңде тұрып
жатқан асылына жолай алмайды.
Жұрт көзінше қарғаша шоқыма боқ,
Білдірмей, еппен жесең залалы жоқ,—
деген Абайдың мысқыл сөзін Нұрəлі дəл мағынасында, өзі үшін
айтылған ақыл-қағидаша қабылдап түсінеді. «Əй, Абай пəле - ау, білмейтіні
жоқ» деп, басын шайқап, мəз боп күліп отырады.
Ұлы ақын Нұрəліге колхозды жесең білдірмей же деп, сол үшін айтып
отырғандай көреді.
Нұрəлінің сəнденуі де, жасара бастауы да кездейсоқ тегін құбылыс
емес-ті. Кəрі көңілін кеулеп, есірік - желік кіре бастаған.
Тұйықта Зейнекүл дейтін əдеміше бір қызыл келіншек бар. Күйеуі
армияда. Өзі басқарма болған соң біраз уақыттан кейін Нұрəлі Зейиекүлді
завхоз етіп қойды. Жұрт мм... десті.
Нұрəлі ауданға жиналысқа барса, немесе жайлау араласа, Зейнекүлді
секеңдетіп ертіп алатынды шығарды...
Үйіне қонбауы жиіледі...
Ел білгенді Сəуле де біледі, ел көргенді Сəуле де көреді. Бірақ бомба
болып жарылып, Нұрəлі мен Зейнекүлдің шамын қағатындай мінез одан
шықпайды. Мықтағанда бырқылдап, бірдеңе - бірдеңе деп, күйеуінің
құлағын қажайтын шығар. Нұрəлі оны тыңдай ма? Томырық, топас
мінезінен бір-ақ түседі. «Оттама! Жап аузыңды» дейді. Сəуле сосын,
амалсыз жабады.
Жаппаса тісі түсетінін жақсы біледі.
Бара-бара Нұрəлі жұрттан қысылып-қымтылуды мүлдем қойып алды.
Зейнекүлмен некелескен əйелінше ашық жүретін болды. Сəуле үйде жатып,
шапанын басына бүркеніп, пыш - пыш жылағанды ғана біледі. Бұрыннан
басының сақинасы бар, дымкес адам. Екі күннің бірінде басым, ойбай
басым дейді де, тырп етпей жатып қалады.
Бауырмал Қаныша жеңгем Сəулені кереметтей аяйды. Əлгіндей ол
науқастанып қалғанда, көбінесе Нұрəлі үйінде болып, Сəулеге қолдан
келген шапағатын істеп бағады.
Қалқиып, əрең жүрген Сəуле бейшараны Нұрəлі:
— Кет! Жоғалт көзіңді!—деп, ұратын мінез тапқан.
Жазғы уақыт. Бір жағынан шөп орылып бітпей, екінші жақтан егіннің
иісуі таяп, мұрыннан су кетіп жатқан тығыз шақ. МТС - тен арбамен
жанармай тасимын, ерте кетем, кеш келем.
Бір күні үйге ел орынға отыра келдім. Шешем жалғыз, қабағы біртүрлі
қату.
— Азғын ит, бұл азғын Сəулені өлтіріп тыныш табады ғой,— дейді.
Кімді айтып отырғанын бірден білдім. Не болды деп сұрадым.
Сөйтсем, Сəулені ауданға ауруханаға əкетіпті. Күндегі бас ауруы емес
көрінеді. Кəдімгі қояншық болған адамдай аузынан ақ көбігі ағып, талып
жығылыпты.
— Бейшара, аман болса игі еді,— деп, шешем қатты қайғырып отырды.
— Жеңгем қайда, сол үйде ме?
— Сонда.
Біз шайымызды іштік те, Қаныша жеңгемді алаңсыз күтіп отырдық.
Нұрəлінің үйіне қонып қалмасын білеміз. Əсіресе, бүгінгідей əйелі жоқ
үйге қонып, жынданып па?
Жеңгем жуық маңда келмеді. Кешіге берді. Май шамды жылтыратып
жағып, біз тосудамыз. Сыртта ит үрсе, елеңдеп, құлақ түреміз.
— Қонақ бірдеңе келіп қалды ма, неғып кешікті?— дейді шешем.
Жеңгем кешіге түскен сайын мазасызданып отырмын. Басқарма үйіне
келетін қонақтардың сыры мəлім. Қайсыбір шітірейген əкімсымақтар жөні
түзу қыз-келіншек көрсе, естерінен танатын əдеті.
Енді болмаса жеңгемді барып ертіп келмек едім.
Сырт есік салдыр етіп ашылды. Бұл жеңгем еді. Ауыз үйдегі бізге
қарамай, бөгелмей бірден төр үйге өтіп барады. Ашулы ма, бұнысы несі?
Шешем жеңгемнің соңынан кірді. Сосын мен кірдім. Жеңгем төсегінде
киімшең күйі етбетінен түсіп, солқылдап жылап жатыр. Апамның да, менің
де зəреміз ұшып кетті. Сəрсебек жайлы жаманат хабар естіп, соған жылап
жатыр екен деп, ойлап қалдық.
Басқадай ой жоқ.
Апам байқұс дір-дір етеді:
— Жаным Қанышжан, бұның не? Не болды?
Жеңгем жауап бермейді, бетін қолымен басып алған.
— Ойбай-ау, сырыр құдай, айтсаңшы, немене естіп келдің? Нендей
сұмдық естідің?
— Жай, сіз қорқатындай ештеңе де жоқ.
— Енді немене? Аяқ астынан не боп қалды? Əлде аузына пəлен
етейіндердің біреуі бірдеңе деп, көңіліңді қалдырды ма?
Айтпасына қоймаған соң:
— Мен оны əкемдей көріп жүрсем... азғындаған ит... шошқа... хайуан...
— деп, жеңгем ызаланып, əлдекімді балағаттай бастады.
— Ол кім? Қай жауыз?
— Нұрəлі...
Бақсақ, оқиға былай болған екен: Нұрəлі ауырып отырмын дейді де,
Қанышаға ет асқызады. Ет үстінде су қосып, спирт ішеді. Қамышаны да іш
- іш деп зорлайды. Қаныша ішпейді. Содан бір кезде балдыз деп,
қалжыңдаған болып, кездерінде пəленің ұшқыны ойнап, жеңгеме қол
жүгірте бастайды. Жеңгем ашу білдіреді.
Еліріп алған Нұрəлі тыңдамайды, шамды үрлеп өшіреді де, қараңғы
үйдің ішінде жеңгемді төсекке қарай сүйрейді.
Жеңгем оны шапалақпен беттен шарт еткізіп бірді тартады.
Сыбағасын алған Нұрəлі қала береді.
— Əкеңнің аузын... басынуын! Мен қазір барып, балтамен басын шауып
тастайын!
Ыза болуымда шек жоқ, ауыз үйден қарбаласып балта іздеп жүрмін.
Шешем де, жеңгем де мінезімнің шатақ екенін біледі. Бір шұрқан
шығаратыныма көздері анық жетті. Екеуі екі жағымнан келіп жармасып,
қой-қойлап жүр.
— Құрысын, шу шығарып қайтесің. Басқа ешкім білмесін, қалсын осы
күйде. Мастығы шығар. Бетің күйгірдің беті күйіп, енді өзі де жетіспес,—
дейді шешем.
Менің қойғым келмейді, қаным қайнап барады. Жалғыз жеңгеме пана
бола алмасам, жер басып жүргенім құрсын да!
...Алтыншы оқып жүрген кезім. Əкем жуырда қайтыс болған. Қысты
күн. Топ бала жар қабақтан сырғанақ теуіп жүрміз.
Нүсіпбай дейтін менен екі-үш класс алда оқитын, сотқарлау жуан білек
бір баламен жанжалдасып қалдым. Екеуміз боқтастық. Нүсіпбай:
— Əкеңнің аузын... жетім,— деді.
Жетім деген сөзі етімнен өтіп, сүйегіме жетті.
Екеуміз жат та кеп төбелестік. Нүсіпбай менен əлді, күшім келмейді.
Таяқты көбірек жеп қалдым.
Өшім кетіп бара жатыр.
Жетім деп қорлағаны тағы бар.
Сазарып үйге келдім. Нүсіпбайдан қалай да өш алуым керек. Қалай
алам?
Ет кесетін мүйіз сап қара пышағымыз бар. Əлгіні жеңімнің ішіне тығып
алдым да, сырғанақтың басына қайта бардым. Үн-түнсіз кеп, Нүсіпбайдың
бетінен пышақпен көлденеңдей тартып жібердім...
Нүсіпбай баж етіп, бетін басып, тұрып қалды. Қара қан қолының
сыртын жауып кетті.
Осы күні Нүсіпбайдың қабағының үсті ұп-ұзын тыртық сызық. Мен
салған ескерткіш таңба.
Шешем мен жеңгем ерік бергенде, Нұрəлі азғынға да естен кетпес бір
таңба салатын едім.
Таңертең есік алдында арба жегіп жатсам, Сəлімжан дейтін кішкене
бала келіп:
— Аға, сізді кеңседе Нұрəлі шақырып жатыр,— дейді,
Түндегі ашуым əлі тарқамаған:
— Нұрəлі шақырса, айтып бар, əкесінің тап аузын... Осылай деп, мына
мен айтты деп туралап айт. Мақұл ма.
Сəлімжан момындау бала.
— Мақұл,— деп, бұрылып кете барған.
Соңынан білдім, кеңседе бір топ адамдар отырады. Солардың көзінше
Сəлімжан менің айтқан сөзімді Нұрəліге айнытпай сол қалпында жеткізеді.
Нұрəлі жаман сасады:
— Өй, мына ит не оттайды? Не тантып тұр — дейді де, Сəлімжанды
кеңседен қуып шағады.
Нұрəлімен арамызда оңай сөнбес бір от тұтанған еді.
Арада бірнеше күн өтіп кетті. Нұрəлі үйіне баратын жолымыз мүлдем
қырқылды. Ал Нұрəлі болса, тіпті біздің көшеден өтуді қойып алды. Атты
болсын, жаяу болсын, тас мүсіндей бедірейіп біздің үй жаққа бұрылып та
қарамастан, анау арғы көшемен кетіп бара жатады.
Не бетімен жоласын енді бізге.
Сəуле Қарасазда ауруханада. Басқарма үйінің сиырын біреу сауып
береді, үй жұмысын біреу істейді. Оған қызметші табылмасын ба?
Бір күні біздікіне ауыл советтің атқарушысы келіп тұр.
— Еркін, сені кеңседе ЬІрысты шақырып жатыр,—дейді.
ЬІрысты дейтін момындау шалағат əйел. Нұрəлі басқарма боп
ауысқанда, ол оның орнына ауыл совет председателі болған.
Келдім. Келсем, Ырысты хатшысымен екеуі ғана.
— Еркін, отыр, шырағым. Халдерің қалай? Сəрсебектен хат жоқ па əлі.
Келіп қалар. Апаңның денсаулығы жақсы ма?...
Ырыстының сөзді тым мəймөңкелей бастауы маған ұнамай барады.
Айтатынын тезірек айтса екен.
— Еркін...аудан осында...саған повестке жіберіпті: ФЗО - ның оқуына
барасың,—деген сөзді Ырысты кебек жұтқандай қиналып əзер айтты.
Күзден бері ФЗО - ға бала алу дейтін шыққан. Бірақ бұл армияға алыну
тəрізді міндетті нəрсе емес. Мұндағы тəртіп басқа. Аудан əр колхоз, əр ауыл
советке ФЗО - ның оқуына пəлен бала бересің. Жас мөлшері пəлен болсын
деп бөледі. Оған кімді беру керектігін жергілікті басшылар жұрттың жайжағдайына қарап, өздері шешеді.
Қыс басында біздің колхоздан ФЗО - ға Əкпар дейтін бала алынған.
Нұрəлі Əкпарды жек көретін. «Бұзық немені əдейі жібердім. Барсын, көзі
жойылсын» деп, айызы қанып, айтып отыратын. (Нұрəлі ол кезде бізден
сыр жасыра ма?)
Сонда Нұрəлі мен Ырысты Əкпарға да:
— Сені аудан шақыртып отырса, біз не істей аламыз? Біздің
қолымыздан келері жоқ ,— деп сылтау айтқан.
Əкпар қоржынын арқалап кете барған.
Енді мен Əкпар болғалы отырмын. Бұл Нұрəлінің ісі екенін бірден
білдім. Нұрəлімен ақылдаспай Ырысты бұл ауылда ештеңе де шеше
алмайды.
«Аудан саған повестке жіберіпті» деулері өздерін арашалап қалу үшін
айта салған жадағай, арзан айласымақтары.
Қысқасы, бəрі айқын, бəрі түсінікті.
Не істеймін деген оймен кеңседен шықтым. Барып Нұрəліні алқымынан
ала түскеннен ештеңе де шықпайды. Ал кешірім сұрап, аяғына жығылу —
ол менің қолымнан келмейді.
«Кетсем кетейін ФЗО - сына. Тəуекел. Енді маған мұнда жүргенмен
Нұрəлі күн көрсетпейді. Қыр соңыма осы түскеннен түсіп алады».
Шешімім осы болды.
Шешем бұл хабарды тулап қарсы алды.
— Тұйықта сенен басқа бала құрып қалып па? Бармайсың,
жібермеймін,—деп Ырыстыға кетті.
Ырысты менің қолымнан ештеңе келмейді, аудан біледі депті. Апам
одан шығып, Нұрəліге барады. Бұрынғы Нүрəлі жоқ, сұрланып, қанын
ішіне тартып алған. Шешеммен кейуана қазақтың біреуімен сөйлескендей
сөйлеседі:
ФЗО – ға бала жіберу ол колхоз араласатын іс емес, сіз бұл мəселемен
бізге келмеңіз,—депті.
Апамның жүгіргенінен түк шықпады.
Мен ауданға комиссияға келдім.
Шешем де, жеңгем де қақсап қалған: «Комиссияға жағдайыңды айт,
ағайым армияда. Шешем аурушаң, менен басқа шаруаға қарар адам жоқ.
Сол себептен мені қалдыруларыңызды өтінем» де деген.
Мүмкін сонда қалдырар деп үміттенген.
Бірақ мен комиссияға бұл сөздің біреуін де айтқан жоқпын. Қайта,
бірдеңем тура келмей, жарамай қалмасам екен деймін. Осы өмірімнің
ішінде ешқайда ұзап шыққан емеспін. Жұрт барып-келіп жататын
Алматыны да көрген жоқпын. Темір жол, поезд дегендерді кітаптан ғана
білем. ФЗО - ға алыну арқылы ел көріп, жер көрсем деген көңілімде
құштарлық бар.
Қалаға өздігіңнен бармақ болсаң ол оңайға түспейді. Ендеше, былайғы
кең дүниеге шығуыма, бұдан бұрын көрмеген, көрсем-ау деп арман еткен
жерлерді көруіме бұл қайта сəті түскен іс тəрізді. Тым құрыса, мектепте
оқып жүрсем екен. Оқуды тастап, ФЗО - ға кетуім ақымақшылық болар еді.
Қазір енді нем бар қарайлайтұғын? Айдап жүрген арбам ба? Екі қолға
бір күрек қайдан да болса табылады.
ФЗО оқуының жай - жадағайымен газет арқылы азды - көпті таныспын,
онда алты ай оқу керек, содан соң заводта немесе фабрикада жұмыс
істейсің.
Маман жұмысшы болып шығасың. Колхозда жұмыс істегеннен жаман
ба?
Басқасын былай қойғанда, ФЗО киім береді. Онысы əскери форма
тəрізді əсем. Азды-көпті оған да қызығамын. Форманы киініп, суретке
түссем. Ол суретті Ғалияға ескерткішке жіберсем. Ғалия төр алдына
əйнектеп іліп қойса.
Комиссия:
— ФЗО - ға барғың келе ме?—деп сұрады,
Мен ойланбастан:
- Келеді,— дедім.
ФЗО - ға небəрі он бала алынған екенбіз. Алты қазақ, үш орыс, бір
татар. Алматыға бізді машинамен жөнелтті.
Ол кездегі машиналар бұзылғыш, көксау болған адамдай қақалыпшашалып, оп-оңай тұрып қала береді. Трт - трт еткен ескі газик кеш түсе
Бөген ауданының орталығына əзер жеткізді.
Енді осында қонбақшымыз.
Бөгеннен, небəрі он шақырымдай жерде «Ақжол» колхозында Ғалия
бар. Біз жүретін үлкен жолдың үсті емес, бұрыс.
Ғалия менің ФЗО - ға кетіп бара жатқанымды да, дəл қазір Бөгенге
қонып отырғанымды да білмейді. Хабар бергенім жоқ. Бөгенге
тоқтамаспыз, зыр етіп өте шығармыз деп ойлағам.
Ғалиямен хат алысуым соңғы уақытта сиреп кеткен. Бұған кінəлі
жұмысбастылық. Хат жазайын деп ойлағанмен, қол тимейді.
Мен өзім, жалпы, хат жазуға салақ та адаммын.
Менің оқу тастағанымды, колхозда жұмыс істеп жүргенімді Ғалия
біледі.
Бөгенге қонатын болған соң мен қинала бастадым. Ғалияның тап
іргесіне келіп жатып, онымен хабарласа алмай кетуім біртүрлі өкініш еді.
Көрмегелі көп болды. Сағынып жүрмін, бұл жолы көріспесем, қашан
көрем? Қайта айналып келгенше кім бар, кім жоқ.
Мынау жап-жақын, қол созым жерде тұрған аласа қара тауды Құлықтың
тауы деп атайды. Соның анау қылта кезеңін асып түссе, ар жағы «Ақжол»
колхозы. Ғалияның ауылы. Сол жап-жақын жерге жете алмай, қор болып
тұрмын.
Əттең құс тəрізді канатым болар ма еді.
Бөгендегі біз қонғалы отырған үй шофердің танысы. Бұнда осы
мандаты колхоздардан келген жəне үш жолаушы бар. Үшеуінің мініп келген
бір-бір салт аттары бар. Ол аттар ауланың түкпір жағында аш қаңтарылып
байлаулы тұр. Аудан басы қу тақыр, ат жайылар жер жоқ. Үш жолаушы да
осында қонбақ. Əлгілер кешке аттарды қалай етеміз деп, уайым соға
бастады.
— Маған беріңіздер. Мына арадағы «Ақжол» колхозына барып қонып,
аттарыңызды тойындырып, таңертең ерте алып келіп берейін,—дедім.
— Онда кімің бар?
— Жеңгемнің туған əпке - жездесі бар,
— Кім дегендер?
— ЬІсқақ, Балжан дегендер.
— Ысқағың əлгі жылқышы керең. Ысқақ па?
— Балжаның ферма бастық Балжан ба?—деп, мал иелері шұр ете
қалды. Бəрі осы ауданның адамдары, Балжан, Ысқақтарды жақсы біледі
екен.
— Ысқаққа бізден сəлем айт,—деп, қуанысып қалды. Үш аттың үшеуін
де менің билігіме берді.
Ой мұндай қуанбаспын. Көктен тілегенімді құдай жердей тап қасымнан
бере салғандай болды.
Тағдырдың маған деген əжуасы əрқашан осылай — бір нəрсеге
қолымды жеткізбей, зарықтырған болады да, сосын алдыма салаң еткізіп
тастай салады.
Жүрісі тəуір деген бір атқа қарғып мініп, басқа екі атты қабаттап
жетекке алдым да, «Ақжол» қандасың деп, тартып жөнелдім. Былтырғы
өзім жүрген жолды жақсы білем. Жер жағдайы, бəрі таныс болып қалған.
Аш аттар аяқтарын ытырыла басады, cap желіп келе жатып, жердегі
шөптен қарпып, үзіп қалуға тырысады. Ақшам жамыраған кезде, баяғы
өзім көрген ауылға дүбірлетіп келіп те қалдым. Əне, анау көрінген Балжан
үйі. Көктен түскендей болып жетіп барам. Мені көріп, көздері шарадай
болады. Мұншама аттары несі жетектеп алған?.
Ғалия қайтер екен?
Міне қызық, Балжан үйінде бөтен біреулер, Сасыңқырап қалдым.
— Сізге кім керек еді?—дейді.
— Ысқақ, Балжан деген кісілер...
— Олар жоғарыда, фермада, сонда көшіп кеткен.
— Алыс па?
— Жоқ, онша алыс емес. Сайды өрлеп, жүре берсең, алып барады.
Жаппалары, киіз үйлері бар малды ауыл алдыңнан шығады,—деп сілтеп
жіберді.
Ауылдан тік жоғары созылған сай бар, сонымен келе жатырмын. Тарамтарам соқпақ жол. Сай табанында азғантай су ағып жатыр, жол кейде суды
жағалап, кейде олай-былай кесіп өтеді.
Бұл кезде көз байланайын деп қалған. Бет алдымнан қарауытып, оттары
жылтылдап, малды ауыл көрінді. Иттер үріп шықты. Қараша мықыр
жаппалардың арасында жалғыз ғана боз үй. Бұл, сөз жоқ, ферма
меңгерушісінің үйі.
Қызметі биіктің үйі де биік.
Боз үйдің бет алдындағы мама ағашта ерттеулі ат байлаулы тұр.
Ысқақтың құранды ерін мен бірден таныдым.
Сауыншы əйелдер қарбаласып, сиырларын сауып бола алмай жатыр.
Үстіне бірнеше қалайы фляг тиелген екі аттық арба тұр. Сауылған сүтті
ауылға маслопромға əкетеді.
Боз үйдің алдына кеп, аттан түсіп жатырмын. Жүрегім дүрс-дүрс.
Аттарды мама ағашқа байлап жатып, екі көзім киіз үйдің есігінде.
Кенет киіз есік желпең етіп ашылды да, шашы дөңгелене тігілген
Ғалияның басы көрінді. Мен оны бірден таныдым, ол таныған жоқ. Есікті
қиғаштай ашып əлі қарап тұр. Miнe, мен ақсия күлімсіреп оған жақын келіп
қалдым. Əбден қасына келгенімде, Ғалия бір - ақ таныды.
— Еркін!—деп дауыстап жіберді.
Қуанғаны, таңырқауы бəрі аралас.
— Еркін, қайдан жүрсің? Мынау үш атың не? Сонау Тұйықтан атпен
келдің бе,— деп сұрақты жаудырып жатыр.
Төр алдында бір тізерлеп Ысқақ отыр, қасында Қали. Сəлем беріп
кірдім. Мен дəл бір көктен түскендей Ысқақ та таң-тамаша. Қысқашалап
жөнімді айттым.
Балжан үйде жоқ екен. Осы кеште колхоздың партия ұйымының
жиналысы болмақ, соған кетіпті.
Шай іштік, былтырғы ағыл-тегіл молшылық байқалмайды. Соғыс
бұларды да тұтамдап қысып тастаған. Шай соңынан қазан асылмады. Осы
тамақпен жататын түріміз бар.
Ысқақ, жылқы бағуға баратынын айтып, дайын отыр. Үш атты ала
кетіп, таңертең жеткізіп бермек. Шоқша сақалын сығымдап ұстай отырып:
— Соғысың жуық ар ада бітпейтін болды, апатқа айналды,—деп бір
қойды.
Мен ішімнен мырс етіп күлдім. «Соғысын», Менің соғысым тəрізді.
Сенің оның, сенің мұның деп екінші жақпен сөйлейтін əдетінен танбаған.
— Мына жақтағы Жапоның қалай, тыныш па? Оныңның Қытаймен
соғысы не боп жатыр?
Мен білгенімді айтып, жауап қайырып отырмын.
Бір кезде Ысқақ жылқыға бармақ болып, киіне бастады. Баллон əлі
келген жоқ. Жиналысы кеш бітсе, мүмкін келмес. Туысқандардың біреуінің
үйіне қонып та қалар дейді.
Ауылда жиналыс болса ұзақ болатыны маған мəлім. Ысқақ кетті. Біз
Ғалия, Қали — үшеуміз қалдық.
Əлі жататын кез емес.
Ін ауызын баққан мысықтай Қалидың баққаны Ғалия екеуіміз. Осы не
айтып, не қояр екен деумен бетімізге жалтақ-жалтақ қарайды. Бір минутқа
болса да тысқа шықпайды.
Қалидың жиып жүрген асығы бар екен, үшеуіміз біраз уақыт хан
ойнадық. Балжан əлі жоқ.
Түн бүгін ерекше əсем, ай жарық. Шаңырақтан жұлдыздары самсаған
көк аспан мөлдіреп көрінеді. Əсем түн желіктіріп сыртқа шақырады.
Ғалияға:
— Ақсүйек ойнасақ қайтеді? Бұл ауылда ақсүйек ойнайтындар бар ма?
— дедім.
— Бар, ойнайық. Мен шақырып келейін, — деп Ғалия лып ете қалды.
— Мен де ойнаймын,—деді Қали.
Мен ағаштан жонып, ақсүйек жасауға кірістім. Ғалия бірнеше сауыншы
қыз-келіншектер шақырып келді. Бес-алты адам болдық. Ауылдың бет
алдындағы қырат жазықтың үстіне шықтық. Ай сүттей жарық, аяқ астына
ине түссе табылғандай. Жанға жайлы майда қоңыр жел еседі. Жусанның
ашқылтым иісіне жел жақтағы қотаннан малдың жас қиының иісі
араласып,желмен бірге бұрқырап, желпіп өтеді.
Екі бөлініп одақ болып, ойнай бастадық.
Біреу ақсүйекті құлаштап тұрып лақтырды. Бəріміз дүркіреп, солай
қарай жүгіріп келеміз. Ғалия менің қасымда. Екеуміз қатар жүгіріп келеміз.
Ақсүйектің түскен жері осы ара.
Жұрт еңкейе қарап, қарбаласып іздеп жүр, Мен де іздеген болам. Бірақ
аңдыған -баққаным Ғалия.
Біреу жырыла беріп, таптым деп, айқай салды да, сөреге қарай қаша
жөнелді. Басқалар жапырлап қуып берді. Маған керегі де осы еді. Жүгіре
берген Ғалияның білегінен шап беpiп ұстай алдым.
Ғалия іркіліп тоқтай қалды.
Екеуміз тым-тырыс тұрмыз.
Не деп, Ғалия айтпады. Не айтарымды мен білмеймін,
Ғалиямен оңаша болуды арман ететін едім. Сол арманыма жарты
минутке болса да жетіп тұрмын. Бірақ пайдалана алмай тұрмын.
Басқалардың бізде шаруасы жоқ, ақсүйекті қуалап, жүгіріп барады.
Қали араларында. Ол біздің қалып қойғанымызды байқаған жоқ.
Байқаса жүгірмес еді, бізбен бірге қалар еді. Мeнен үн шықпасын
көрген Ғалия кенет:
— Аналар біліп қояды, ұят болады,—деді.
Осы сөз маған төбемнен суық су құйып жібергендей əсер етті. Есімді
тез жиып алдым. Ғалиямен оңаша қалған уақытым минуттап та емес,
секундтап саналатынын, соның бəрі текке өтіп жатқанын жана ұққандай
болдым.
Тезірек қимылдауым керек.
Ғалияның тоңазыған бетінен шөп еткізіп сүйіп алдым...
Болды бітті. Əлі де сөреге жете коймай, үйдек-түйдек жүгірген жұрттың
соңынан алды-артыма қарамай замғап келем.
Тілмен айтып жеткізгісіз бақытты едім.
Балжан келген жоқ, біз жатып қалдық.
Енді келмейтін болар.
Қали екеумізге төсек төр алдына катар салынған. Ғалия шешесінің екі
кісілік темір кереуетінде жатыр. Түндік түсірілген, киіз үйдің іші көзге
түртсе көргісіз қараңғы.
Ұйқы келу қайда. Əлгіндегі батырлық қылығыма масаттанып, риза
болып жатырмын. Мұндай істе батылдық керек. Батыл болмасам Ғалияның
бетінен сүйе алам ба? Əне, ол ашуланған жоқ қой. Яғни, ол да мені сүйеді.
«Қап жəне бір сүймеген екем».
Төсегін сықырлатып Ғалия арлы-берлі аунай береді. Соған қарап оның
да ұйықтай алмай жатқанын сезінем. Бірдеңе деп тіл қатуға қасымда
жатқан Қалидан жасқанамын. Ол залым естіген – көргенін таңертең əкешешесіне тақылдап сарнап беруден тайынбайды.
Тақауымды пыс-пыс тартып, ұйықтамай жатқанымды Ғалия да сезінеді.
Шіркін-ай, мына Қали да үйде болмаса, қандай жақсы болар еді. Ғалия
екеуміз ғана болсақ!.. Бір кезде қасымдағы Қали пырылдап ұйықтап қалды.
Ғалияға не айтсам екен? Əлде барсам ба екен? Ұят - ау... қасыңа жата
тұрайын десем...
Қой, масқара! Ғалия ашуланып жүрсе, ертең бетіне қалай қараймын?
Қиналып ұзақ жаттым.
Қалидың ұйықтап қалғанын Ғалия да білді.
«Батылдық керек. Ал мен болсам жасықпын, ынжықпын» деп, өзімді
өзім қайрап, ұрсамын. Қайрағанмен өтпеймін. Мұндай түн енді қайтып
оңай қайталанбасын өте жақсы түсінем. Үйдің іші біртін-біртін салқындап
барады. Бір кезде Ғалия:
— Еркін, ұйықтаған жоқсың ба?—дегені,
— Жоқ,—дедім жұлып алғандай етіп.
Ғалиямен əлдене турасында уəделесіп, манадан бері сарғайып жауап
күтіп жатқан адам тəріздімін.
— Тоңбайсың ба? Тоңсаң сыртыңнан киім жабайын,—деді Ғалия.
— Жап.
Ғалияның керуеттен түскен дыбысы естілді. Əне, ол мен жатқан жер
төсектің шетін аяғымен барлап, байқап алып, дəл қасымнан жүкке қарай
өтіп барады. Жүк жақты сипалап шапан ба, шекпен бе, салмақты бір зат
тапты. Соны көрпемнің сыртынан ықтияттап жауып жатыр.
Аяғымды, жан-жағымды қымтап, мені тоңып қалмасын деп, барынша
қамқор болып жатыр.
Мен шалқамнан жатыр едім. Екі бірдей қолымды көрпеден шығардым
да, Ғалияның білегін тауып, ұстай алдым. Топ-толық əсем білегі ып ыстық.
Өзіме қарай тарттым. Ғалия үнсіз бағынып, сылқ етіп, көрпе сыртына
қисайып отыра кетті. Тоңазығандықтан ба, білмеймін дір-дір етеді. Мен
енді батылданып кеттім. Ғалияны құшақтап, бауырыма басып, қаттым да
қалдым. Көзімді тарс жұмып алғам. Маспын.
Ғалия тек іш көйлекшең. Лебі өрт болып, бетімді шарпиды. Бір сөз
айтылмай-ақ баяғыдан бергінің бəрі түсінікті болғaндай.
Ғалия бір кезде дір-дір етіп, жалаңащ білегі тобарсып, шындап тоңа
бастады.
— Ғалия, тоңдың ғой, бері көрпеге кіріп жатшы.
Ғалия үнсіз, тек басын шайқады, көрпеге кіргісі келмейді.
Құшағымыз айқасып жəне біраз жаттық. Мен енді біртіндеп саналы
қимылға көше бастадым Көрпе шетін мүмкін болғанынша ашыңқырап,
Ғалияны бауырыма тарттым.
— Ғалия, бері кіріп жатшы?
Ғалия тағы басын шайқады.
— ...Тоңасың ғой, қарашы, иықтарың сұп-суық;
— Тоңбаймын,
Ғалияны сүйіп-сүйіп алдым.
Ғалия басын шайқады.
Ғалияның астынан көрпе шетін күшпен жұлып ала бастадым. Ғалия
шынтағымен нығарлап босатпауға тырысады. Көрпе шетінен айырылса,
бəрінен айырылуы мүмкін екенін жақсы біледі...
Кенет, сыртта иттер шулап үріп қоя берді. Еңіс жақтан ат тұяғының
дүбірі естілді.
— Апам келді!—Ғалия осыны айтты да, ұшып тұрып, төсегіне жөнелді.
Мен болсам басыма бүркене жамылып, өтірік ұйықтаған болып, қаттым да
қалдым.
Бұл келген, шынында да Балжан еді. Үзеңгісі шылдырап аттан түсіп
жатты.
Таңертең оянғанда түндегінің бəрі есіме бірден келді. Арқа-басым
шымырлап кеткендей болды. Қали сұм өтірік ұйықтаған боп, бəрін естіп,
біліп жатқан жоқ па? Қазір тұрған соң, aпa, түнде Еркін бүйтті, бүйтті деп,
Балжанға сарнап айта бастамай ма?
Балжан мен Ғалия сиыр саууға ерте тұрып кетіпті. Ысқақ əлі келмеген.
Қали пырылдап ұйықтап жатыр. Ішіне не түйіп жатқанын құдайым білсін.
Аттар келсе, Қали оянбай, зып жөнелгім келеді.
Еш қылмысым болмаса да Ғалияға көрінуден жəне жүзім жанады.
Жоқ, сезікті ешнəрсе байқалмайды. Мен бұл үйден абиырым айрандай
төгілмей аман аттандым.
Осының өзіне шексіз қуанышты едім.
Алматыға түнде келдік.
Қала атаулыны менің тұңғыш рет көруім. Бірақ астананың түнгі көрінісі
пəлендей мықты əсер қалдырмады. Бізді əкелген кеңседе, облыстық атқару
комитетінде, күзетшіден басқа адам жоқ екен.
Ол бізді кіргізбей, көп əлек жасады. Басқадай барар жер, басар тауымыз
жоқ екенін айтып Жатып, əрең кірдік.
Бірінші этаждағы бір бос бөлменің есігін ашып:
- Осында дыбыр етпей, шуламай жатыңдар,—деді,
Үйдің едені паркет екен. Бұл біздің бұрын көрмеген нəрсеміз. «Ой,
сұмдық - ай! Кішкентай - кішкентай жаңқадан ерінбей құрап салғаны - ай,
ə? Одан да бүтін тақтайдан неге салмаған» дейміз.
Мынаны еріккеннің ермегі тəрізді көреміз.
Осы келе жатқанда менің бірге ішін, бірге жейтін екі досым бар. Олар:
Ілияс, Нұрымбай деген балалар. Қарасазда үшеуіміз бір класта оқығанбыз.
Əкеле жатқан азық-түлігіміз үшеумізге тең ортақ, сенікі, менікі демейміз.
Нұрымбай орта бойлы, қара торы, бет сүйегі шығыңқы, пысық. Ептеген
жылпостығы бар.
Ілияс сұңғақ бойлы, танауы жалпиған, момындау сары бала. Бір сөзді.
Нені де болса, төбесінен тоқ еткізіп тура айтады. Іш қатпары аз, пəлендей
қулық-сұмдық бүкпесі болмайды.
Үшеуміз тірі болсақ, бір төбедеміз, өлсек бір шұңқырдамыз деп келе
жатырмыз.
Ауылдан шығар-шықпастан Нұрымбайдың бір оғаш мiнeзi көзге түсіп
қалды. Кеше Бөген ауданының орталығына келген бетте машина үстінде
чемоданын дізесінің үстіне қойып, құнжаңдап бірдеңені сүйкетіп жазып
жатыр. Ей, не жазып жатырсың деп, қарасақ, үйіне хат жазып отыр екен.
Əкесі мен шешесін, туыстарын талайдан көрмей сағынып, зарыққан адам
тəрізді. «Амандық хат. Қымбатты жəке, апа, қалай денсаулықтың арқасында
жүрген боларсыздар. Біз де аманбыз. Міне Бөген ауданының орталығына
келіп жеттік. Бүгін осымда қонбақшымыз» деп, сықпыртып барады. Əлгі
арада Нұрымбайды əжуа етіп, күлді - ай, кеп! Хатты тым құрса, Алматыға
кетіп алып жазсайшы. Үй іргесінен ұзаған да жоқпыз ғой.
Асылы, Нұрымбай бір жаққа жолаушы шығып, үйіне хат жазуды арман
етіп жүрген тəрізді.
Сол күлкі еткеннен біз Нұрымбайды Алматыға жеткенше күлкі етіп,
мазақтаумен болдық. Жол бойындағы жана бір поселкке келген кезде, қане,
суыр қағаз - қарындашыңды. Осы арадан амандығыңды білдіріп, əкешешеңе жəне бір хат жазып жібер дейміз. Нұрымбай ыза болады.
Біз бəріміз сырт киімдерімізді астыларымызға төсеп еденде тырайып тырайып, демалып жатырмыз. Қай – қайсымыз да машина соғып,
шаршағанбыз. Жатпай отырған тек Нұрымбай. Чемоданын алдына алып,
бір жамбастап, үйіне хат жазып отыр.
Қазір енді мазақтамақ түгіл, мойнына мініп алсаң, тыңдайтын емес.
Дəптердің екі бетін толтыруға тақады. Соншама не жазатынына мен
таңданамын.
Үштен-төрттен топ болып қаланы аралауға шықтық. Ауыл балаларына
мұндағының бəрі соны, бəрі қызық. Біз Нұрымбай, Ілияс үшеуіміз. Жақын
маңдағы көк базарға келдік. Құжынаған халық. Құмырсқаның илеуі,
Осыншама халықтың бір араға үйіліп-төгілгенін өмірі көрген емеспіз,
Арасына кіріп кетсек, бірімізден біріміз адасатын тəріздіміз.
Базар шетінде екі аяғы дізеден, екі қолы шынтақтан жəне домаланған
біреу отыр. Əлгіге қараудың өзі соншалық аянышты. Домаланған құр кеуде.
Ұйпаланған жирен шаштың арасы кір-кір.
Қол орнына шолтаң-шолтаң еткен, томырылып біткен ет жілік — қызыл
ет.
Соғыстан мұншалық қор болып қайтқан адамды мен бұрын көрген жоқ
едім. Құйқа терім шымырлап, бір түрлі болып кеттім. Əттең, барсам - ау
деп құлшынатын соғысты енді тым жақын, əрі айқын танып тұрғандаймын.
Ол тануым:
Соғыс деген ол сұмдық!
Соғыс ол апат!
Соғыс адамды қор ету!
Əлгі тəрізді адамның жаны түршігетін мүгедектер базарда біреу - екеу
ғана емес екен. Əр жер, əр жерден ұшырасып қалады.
Трамваймен жүргенді қызық көріп, трамвайға отырдық. Таңырқайтын
түгі де жоқ, салдырлаған темір арба.
Дүкендерге кірдік. Ақ нан, əр алуан бөлкешелерге дүкеннің сөрелері
сықап, толып тұр. Алып жатқан адам аз. Алматыда азық-түлік тапшы деп
еститін едік, бұнысы қалай деп, таңырқаймыз. Ақ бөлкешелерден сатып
алмақшы болдық. Ақша берсек, бермейді, «карточки давайте» дейді. Біз
бірімізге біріміз қараймыз, карточкасы несі дейміз. Карточка деген сөзді
сурет деп ұғып, қалталарымыздан сурет іздестіріп жатырмыз.
Сөйтсек, нан карточкасы деген болады екен. Оны біз қайдан білейік,
ауылдық жерде ол жоқ.
Бір жерде көшенің бұрышында бір əйел алма тəрізді, бірақ алмадан гөрі
басқа қып-қызыл бірдеңелер сатып отыр. Бағасы онша қымбат емес.
— Бұл не?
— Помидор.
Біздің Қарасаз ауданы салқын, таулы аудан, жеміс атаулы өспейді.
Овощтан картоп пен капуста ғана өседі. Помидор дегенді бұрын естігенмен
жеп көрген емеспіз.
— Бұны қалай жейді? Осы күйде жей беруге бола ма, жоқ əлде пісіріп
жей ме?
— Помидорды пісіріп жегенді қай ата - бабаларыңнан көріп едіңдер?
Алыңдар да, жей беріңдер,—дейді сатушы.
Үйіп - үйіп қойған помидордың бір үймегін сатып алдық. Бір-бірден
ұстап, қызықтап қарап келеміз. Саусағымызға алма тəрізді қатқыл емес,
жұмсақтау болып сезіледі. Сыртын киіміме үйкеп сүрткен болдым да, алма
тəріздендіріп тістеп кеп қалдым. Бырш ете қалды. Жылымшы сұйық
бірдеңелері бетіме, омырауыма шашырап, жауып кетті. Дəмі де дəн емес,
жексұрын бірдеңе.
— Жеміс болмай, құрып қалсын, — деп жемей, арыққа бір-бір аттық.
Қалада солдат көп. Төрт-төрттен сапқа тізіліп, жейделерінің арқасына
сортаң терлері шығып, аяқтарын сарт-сұрт басып, кетіп бара жатады.
Көшені жаңғырықтырып, өлең айтып өтеді:
Вставай, страна огромная,
Вставай на смертный бой!
Темір жолды тұңғыш рет көруім. Поездға тұңғыш отыруым. Керуендей
шұбалған ұзын состав Сибирьді бетке алып, ұрып келеді. Барар жсріміз —
Қарағанды.
Темір жол Новосибирск — Омск — Петропавл қалаларын басып,
Сибирь айналып жүреді.
Қазақстанның оңтүстігін солтүстігіне жалғайтын төте жол ол кезде жоқ.
Жолаушы поезының үш вагоны толы ФЗО балалары. Он төрт - он жеті
жастың арасындағылар. Əр ұлттан, бірақ негізгісі орыс пен қазақ. Бастап
алып келе жатқан жетекшілеріміз, тəрбиешілеріміз бар. Күн сайын
нормалап нан береді, үлкен қалаларға аялдағанда ыстық ас ішкізеді.
Жас адамда уайым-қайғы аз болады, ақылдан албырт сезім басым. Жер
керіп, ел көргенге мəз болып келеміз.
Поезд үстінде келе жатып үйге бір рет, Ғалияға бір рет хат жаздым.
Бізді оқуға Қарағандыға жөнелткенін хабарладым.
Қарағанды олар үшін жер түбі.
Əнеугі Ғалиямен бірге еткізген түнім есімнен мəңгі шықпақ емес. Мен
бір нəрсеге қап деп, ете қатты өкінемін. Ол — Балжанның темен поселікте
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 04
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.