Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 11

Total number of words is 4294
Total number of unique words is 2313
35.2 of words are in the 2000 most common words
50.2 of words are in the 5000 most common words
58.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
үйде отырғанды біледі. Əлдекімше көстеңдеп, көшеге көп шықпайды да.
Бұл екеуінің ар жақтарынан қалай екенін кім білсін, ал бер жақтарынан
тату əзірінше. Сегізбай барда да, жоқта да шайды шошайып, бірге ішіп
отырады. Кішісі үлкенін əменде сыйлап, сіз деп сөйлейді. Білмейтін адамға
бірі жеңге, біреуі келін тəрізді.
Күндес екі əйелдің арасында болатын бірін бірі азуға салып, шайнап
тастасам дейтін кіжінген долы араздық бұл екеуінен, əзірінше,
байқалмайды.
***
Алтынға үйленді де, Секеңнің мінезі күрт өзгерді. Арқандалған атша үй
маңынан ұзап шықпайтын болды. Бұрын екі күннің бірінде арба - шанасын
жегіп алатын да, тері-терсек жинауға ел аралап кететін. Кейде бір қонып,
кейде екі - үш қонып, ауылға содан соң оралатын.
Кəзір ол ел аралауға тым сирек шығады. Қонып қалу дейтін енді
болмайды. Екі атты тер -тер етіп, түнделетіп болса да Сарыбелге қайтып
оралады. Сұлу тоқалды қолтығына қысып жатып ұйықтамаса, көңілі
көншімейтін тəрізді.
Секеңнің үйіне жиналып, карта ойнауымыз да азайды. Оған картадан
гөрі қызығырақ басқа ермек табылды.
Жұмыс соңынан бала, жүр, шай іш деуді де ол маған енді сирек айтатын
болды. Менің ол үйде бұрынғыша қалаған уақытта еркіндеп. кіріп
баруымды да оншалық жаратпай тұратын тəрізді.
Мен осының бəрін көре тұра, көрмеген, байқай тұра, байқамаған болам.
Мен үшін Секең сол бұрынғы Секең. Оның үйі сол бұрынғы емін - еркін
араласып, кіріп-шығып жүрген үйім. Сабаққа ертелеу келсем, сыртта тоңып
тұрмаймын. Осында кіріп, уақыт өткіземін.
Бұндайда Алтын кейде жалғыз отырады. Күйеуі бар кездегіден өзгеше
еркін де, жылы қабақпен қарсы алады. Екеуміз оны-мұны əзіл сөздер
айтысып, жараса қалатындаймыз. Бұрын бұндайды басымнан көп кешпеген
ұяңмын. Нағыз айтқым келген сөзімді айта алмай, уақытты текке өткізіп
алғанымды соңынан бір-ақ біліп, қап деп, бармағымды тістеп, өкінумен
болам.
Үш адам Секеңінің үйінде карта ойнап отырмыз: мен, Секең жəне осы
«Карл Маркс» колхозының завхозы Əбдібақас шолақ Əбдібақас оң қолын
соғысқа беріп қайтқан. Бары тек сол қолы. Жалғыз қолмен ол бəрін де
істейді: өзі киініп, шешінеді, атты өзі ерттеп мінеді.
Жалғыз қол карта ойнауда да ешкімге есе жібермейді.
Соған қарағанда, бір қол кімге де болса жеткілікті тəрізді.
Алтын карта ойнамайды. Əкесіне еркелеген жас балаша ол менің тура
бет алдымда, күйеуінің дөңбектей үлкен тізесіне бір жамбастап сүйеніп,
карта ойнаушыларға мөлдіреп қараумен отыр.
Менің ой - зейінім ойыннан гөрі Алтында. Қолымдағы картаға қараған
боп, картаның асты үстінен Алтын жаққа сығалап, көз тастаймын. Допдомалақ бұлтиған, көйлекшең, əсем бөксе, сəл ғана бүгіп алған түзу толық
аяқтар тамсанып, елтіп, кейде тіпті, өзімді өзім ұмытып қарамасыма
қоймайды. Парталас əріптестерімнің өзіме арналып айтылған сөздерін
естімей қап, дəл бір шошып оянған адамдай селк ете қалатын кездерім
болады.
Алтынның да назары менде болуға керек. Ұрлана қарасқан көздер,
кейде, бір бірімен тоқайласып қалады. О, көздер! Тіл айтын жеткізе
алмайтынды жалт еткен бір ғана қараспен ақтарып, айтып салатұғын
сыршыл да, сиқыр көздер! Еркек пен əйел арасының сан қилы құпия
пəлекеті ең əуелі осы сендерден басталады. Өрт сендерден басталады.
Үлкен өрттің шығуына көздердегі жалт еткен жалғыз ұшқын себепші.
***
Арада біраз күн өтіп кетті.
Бір күні мектепке сабағыма келсем, Секең есік алдында өзінің таңдаулы
аты қара кер жорғаны көк қашабаға жеккелі жатыр. Онда екі ат, екі шана
бар. Бəрі қазынанікі. Кəртаң жуан бақай жирен ат пен қанатты жайдақ
шананы ол оны - мұны жұмыс үшін, айтайық, тері-терсек жинауға немесе
отын - суға жегеді. Ал қара кер жорға мен көк қашабаны олай - былай бой
жазып шыққанда, мырза жүрістерге жегіп, пайдаланады. Əр аттың əр
шананың қызметі бөлек-бөлек.
Жолаушы жүргелі жатқанын білдім де, қасына кеп, сəлем бердім:
Секе, бір жаққа барғалы жатырсыз ба?
Ауданға бармағалы талай болып еді... — деп Секең сөзін екі ұшты етіп
тоқтады.
Менің ішім қуанғаннан қып ете қалды. Бірақ оны сездірмеуге тырысып,
класқа кіріп кеттім.
Шаттық кернеген жүрегім апай-топай. Иə, ауданға Секең бармағалы,
шынында да, көп болды. Енді ол аз шаруамен бармайды. Істеп жүрген
жұмысының бір айлық па, екі айлық па есеп-қисабын апарады. Оны онда
тапсырып, өткізеді. Банктен ақша алады. Живсырьеден жаңа товарлар
алады. Бұның бəрі біздің мынау қағазбастылық заманда оп-оңай тез біте
қалмайды. Құрығанда, бірнеше күнге созылады. Бұл уақыттың ішінде
Алтын мұнда жалғыз өзі...
Енді қалай қуанбайын?
Класта сабақ оқытып тұрып, екі көзім терезеден сыртта, жол жүруге
қамданып, үйге бір кіріп, бір шығып жүрген Сегізбайда. Тезірек кетсе екен!
Кетсе екен деп тілеймін. Айнып қалмаса екен.
Қап, əлгінде қайда баратынын бекер сұрадым - ау. Ол пəле, сезік ойлап
қалуы əбден мүмкін.
Ура! Сегізбай пальтосының сыртынан етегі жерге шұбалған қара сеңсең
ішік киіп, қолына ұзын арба қамшы ұстап, шығып келеді. Бұл енді кетпек
болғаны. Əне шылбырды мама ағаштан шешіп ала бастады. Аттың басын
көшеге қарай бұрды. Менің қуанышымды сезгендей қара кер тыпыршып,
шананы алып жөнелуге ол да асық. Аюдай қорбиып, бірі өзі шанаға əзер
сыйып, отырып жатыр Сегізбай.
Ол енді айнымайды.
Ой, мен қандай бақытты едім.
***
Бір сабақ біткен. Үзіліс. Үйінде жалғыз отырған Алтынға жетіп барғым
келеді. «Ұрының арты қуыс» деген рас-ау, Жан - жағыма сезіктене
жалтақтап қарап, əзер батып кірдім.
Алтын ауызғы бөлмеде от жағатын плитаның түбінде астына кішкентай
тапал орындық қойып, сымтемірмен шұлық па, қолғап па, бір нəрсе тоқып
отыр. Тап кəзір менің келуімді күтпегендей таңырқап, бағжия қарап қалған.
Неге келдің! Сенін жайдан жай келмегеніңді сеземін деп тұрғандай кез
қарасы.
Өңінде таңырқау мен абыржу аралас.
Оның жалғыз екенін көріп, қуандым. Іздегенім табылғандай қасына
арсалақтап, жетіп бардым. Бірақ жаттап келген сөздерімнің аузыма бірі
түсетін емес.
— Неғып отырсың? — деп, дəл бір бұрыннан алысып ойнап жүрген
жолдасымша иығынан екі қолдап басып, төне түстім.
Алтын тым жуас, өзімсінген дауыспен:
— Ары тұр, біреу-міреу кеп қалады, — деді.
Əдемі үлкен көздерінде балқыған жылы нұр бар.
Тап сол кезде сырт есік ашылып келіп кетсін. Жауқазын еді кіріп келе
жатқан.
Жауқазын ол да жаман састы. Дəл мұндай əбес те,тосын жағдайдың
үстінен түсермін деп, ол, əрине, ойламаған. Не үйден кайта шығып кетерін,
не сол кіріп келген бойда бермен қарай жүрерін білмей, есік алдында бетін
теріс бұрып, еңкейіп, өзімен өзі болып, құнжыңдады да қалды. Сосын,
ақыры, бізге қарауға жүзі шыдамаса керек, үйден кайта шығып кетті.
Алтынға созған қолымды тағдырдың қағып тастап, жасаған ескертпесі
еді бұл. Мен оны тыңдамадым.
Түн. Аяз. Сарыбелдің халқы отынды, шамға құятын жер майды
үнемдеп, бұл кезде ерте жатады. Бір де бір үйдің терезесінен жылтыраған
жарық байқалмайды.
Бос көшемен шыны карды сықыр - сықыр басып жалғыз өзім келе
жатырмын.
Суықтан қорынған иттер де өздерінін, жылы ұяларынан шыққылары
келмейді. Бейсауат көше кезген бұл кім-ей дегендей, жатқан орындарынан
бастарын да көтерместен, əр жерден маңқ - маңқ етіп, жалқау үріп, тез
басылады.
Мынау міне өзім сабақ беретін, қазақ кластары оқитын мектеп. Əуелі
сырттай шолып, айнала қарап өттім. Біреу-міреу түнделетіп, мектептің
отынын ұрлап, бірдеңесін бүлдіріп жүрген жоқ па? Тексеруге, қарауға
толық қақым бар адаммын.
Мектеп аман. Терезелер бүтін.
Мектептің есігіне құлып салынбайды. Дыбырсыз еппен ашып, ішке
кірдім. Класс іші ала көлеңке, жылы. Ең артқы парталардың біреуінде
отырмын ойға батып. Не істеймін? Барам ба Алтынға? Қалай барам? Не
айтам? Есігін ашпай қойса, қайтем?
Жоқ, ашпауы мүмкін емес.
Мүмкін, жалғыз емес шығар? Қорқам деп, Жібекті қойнына бірге алып
жатқан болса ше?
Көп отырдым қиналып. Міне осындаймын. Батыл болатын жерде батыл
бола алмаймын да, соңынан опық жеп, өкініп жүрем. Ертең де сөйтпесем
неғылсын!
Дəл қазір Алтын екеуімізді бөліп тұрған бір ғана там қабырға. Ар жақта
ол да, бер жақта мен. Қол созым жерде, өзінің жылы төсегінде, ештеңеден
қаперсіз пыр-пыр ұйықтап жатыр. Менің мұнда мысым құрып, күйзеліп
отырғанымды ол білмейді де.
Қабырғаны тықылдатып ұрсам ба екен? Мүмкін, мен екенімді біліп,
есік ашар? Сыртқа шығар?
Түнделетіп Сегізбай келіп қалса ше? Жоқ, келмейді. Қырық шақырым
жердей шаруасын бітірмей, неге келсін.
Қиял келеді басыма. Қабырғаны, əне, ана арадан, іргеден адам денесі
сыятындай етіп, үңгіп тессем. Сол тесіктен Алтын жатқан бөлмеге зып
етіп, кіріп барсам? Тесіктің арғы аузы Алтын төсегінің астында болса. Ол
екеуімізден басқа ешбір жап білмесе бұл тесікті. Қалаған уақытта кіріпшығып жүрсем. Дəл бір мың бір түн ертегісіндегі тəрізді. Шіркін, қандай
рақат болар еді.
Өзімді өзім қайраумен желкеден бүріп ап. тұрғыздым да, сыртқа
шықтым. Төңіректі жақсылап қарап алдым да, Алтын үйінің есігіне келдім.
Терезе перделер түсірулі. Есік берік. Жүрегім кеудеме сыймай, дүрс-дүрс
етеді.
Есікті қақпас бұрын қора жақты жəне бір айналып, қарап өттім. Иə,
Секең келмеген. Келсе, қара кер жорға қорада шөпті бырт-бырт жеп тұрар
еді. Қара кер де, көк қашаба шана да көрінбейді.
Тəуекелге бел байладым — есікті саусағымның сыртымен ақырын тықтық қағып, ар жақтан не дыбыс естілер екен деп, құлақ тостым.
Сол-ақ екен, төр үйдің есігі ашылды:
— Бұ кім?—деген Алтынның сүйкімді дауысы естілді.
— Мен...
Сөз бітті осымен. Жүрісі білінер-білінбес болып, Алтын бері ауыз үйге
шықты. Есіктің ілгешігін сықыр еткізіп, ашып жіберді. Мен келетінімді
біліп, ұйықтамай тосып жатқандай еді.
Аласа, іш жағы шұңғыл есіктен үн түгел кіріп келе жатырмын. Істің
басталуы əрі оңай, əрі сəтті болғанына қуаныштымын. Алтын да үнсіз.
Менің соңымнан есіктің ілгешегін қайта іліп жатыр.
Алтын мені орағытып, төр үйге өтіп барады. Лəм-мим деп, бір ауыз сөз
айтпайды. Мен оның соңынан ілесе кірдім.
Алтын төсегіне жатып жатыр.
Менің не істеуім керек екені өзінен өзі түсінікті болып қалды. Төр
алдында, төсектің қасында тікемнен тік тұрып, шешіне бастадым. Алтын
бұның не демейді. Менің шешініп болуымды күтіп қана жатқандай.
Түннің талай уақыты болған. Алтын екеуіміз жай тауып, сабасына
түскен көңілмен құшағымыз айқасып, əңгімелесіп жатырмыз. Əйелдің еркі
өз қолыма көшкен соң мен оны тергеуге ала бастағандаймын. Өзіңе тең
емес, шал адамға неге тидің деп сұраймын. Алтынға бұл сұрақ ұнамайды.
Балаша бұртиып, өй, қойшы, тигім келді, тие салдым. Колхозда кетпен
арқалап жүрмекпін бе дейді.
«Тигім келді, тие салдым» Алтындай тартымды сұлу əйелдің аузынан
мұндай сөз естігеніме қынжылатын тəріздімін.
— Сегізбай сені қалай көндірді?
— Өй, қойшы. Мен онымен сөйлесті ғой дейсің бе? Тері - терсек жинап,
ауылға келіп-кетіп жүретін. Əйімхан дейтін жақын жеңгем бар еді.
Шығаннан шыққан жылпос. Қайдан тапқанын, сопы тауып алыпты. Сол
Əйімхан күндіз - түні басымды ұршықтай айналдырып, қалай тиіп
қалғанымды өзім де білмеймін.
Бұл сөзден Алтынның жалпы өмір атаулыға, оның ішінде өз өміріне де,
жеңілдеу қарайтындығы байқалатын еді. Бұл күнде ондайлар бір ол емес,
көп. Соғыс жұрттың болашақ үмітіне дейін азайтты.
Алтын бір үйде бір өзі ерке болып өскен екен. Жеті кластан кейін
оқымаған. Орта мектеп өз ауылдарында жоқ. Ал басқа колхозға қыз бала
сыртқа шықса, бұзылып кетеді деп, ата -анасы жібермеген. «Бұзылмай
тұрғанда» жасын өсіріп, күйеуге берген. Күйеуі сол ауылда өзін оқытқан
мұғалім екен. Соғыста ол қаза тапқан.
Ендігі тағдыры мынау.
Таң атпай, ел аяғы қозғалмай, мен тайып отырдым. Бұл жолы өзіме өзім
ризамын. Міне, осындай батыл болу керек деп,өзімді өзім арқаға қағып,
мақтап келе жатырмын.
Күн артынан күн өтіп жатты.
Секең ана жолы ауданға бір қонып, қайтып келген. Содан бері ешқайда
ұзап шыққан емес. Маған бұл ұнамайды. Секең бірдеңеден сезік алмас
үшін мен енді ол үйге аяғымды тарта басуға тырысам. Осы күні Алтыңмен,
көбінесе, алыстан, қас - қабақпен ұғынысам. Əнеугі түн — бақыт түні бір
көрген түсім ғана тəрізді. Жатсам - тұрсам соның тағы да қайталануын
арман етем.
Ол үшін Секең кету керек бір жаққа. Қонатын болып, ұзап кетуі керек.
Күндіз - түні Алтынды ғана ойлаймын.
Махаббат жоқ дейді кейбіреулер. Махаббат жоқ болса, бұл не енді?
Алтынды көргім, онымен бірге болғым келіп, ынтығып тұруым неліктен?
Махаббат бір-ақ рет болады дейді. Бұл да жалған. Мен өзім талай қызға
ғашық болдым. Соның бəріне де өліп-өшіп, шын ғашық болған едім.
Ғалияны қалай сүйсем, Алтынды одан кем сүймейтін тəріздімін.
Мүмкін, қыздар да, əйел заты да солай шығар?
***
Əйел мен еркектің бастаңғысын бір күн туырлық жасырады, бір күн
үзік жасырады. Үшінші күні, бəрі бір, жария болады дейді қазақ. Сол рас.
...Түн. Ел жатып қалған. Дəндеп алған əдіспен тағы да Алтынның есігін
тық-тық қағып тұрмын.
— Бұ кім?
— Мен...
Есіктің ілгешегі ашылып жатыр.
Тағы да сол тер алдында, тікемнен тік тұрып, шешініп жатырмын. Бəрі
сол ана жолғыдай.
Түннің бірталай уақыты болған. Алтын да мен де ояумыз. Өліп-өшіп,
зарығып кездескенде, дені дұрыс адам ұйықтай ма?
— Таң атып қалды, бар енді. Біреу - міреу көріп қойса, ұят болады, —
дейді Алтын.
Мен қазір кетем деймін де, жата түсем. Алтынның ыстық құшағын
қимаймын. Бұдан соң қашан тағы да кездесудің сəті келгенге дейін жəне
зарығып бітетінім сөзсіз.
Кенет, сыртта ат тұяғының қарды сықыр - сықыр басқаны, шана
табанының сырғанаған дыбысы естілгендей болды. Алтын да, мен де елең
ете қалдық. Дыбыс бірден бірге айқындалып, осы есіктің алдына қарай
жақындап келеді. Қара кер жорғаның пысқырғаны ап - анық танылды,
— Келді! — деді Алтын үрейі ұшып...
Кім келгені былай да белгілі еді.
Атып тұрып, жалма-жан киініп жатырмын. Киімдерімді көрегендік
жасап, бірінің үстіне бірін реттеп, үйіп қойғаным қандай жақсы болған.
Сырттағы шана бұл кезде терезенің дəл тұсына келіп тоқтады. Сегізбай
екені даусыз. Ап -ауыр денесімен қашабаны сықырлатып, əне, жөңкіліп
түсіп жатыр. Қарағайдай сірескен пима, оның сыртынан галош киген
аяқтарын біреуіне біреуін торсылдатып соғып қояды. Шыны қарды шықыр
- шықыр еткізіп, бері есікке қарай келе жатыр.
Есік қағылды. Алтын ұйқысынан жаңа оянған адам боп:
— Бұ кім? — деді.
— Мен.
Секеңнің күжіл жуан дауысы.
Алтын екеуміз тілсіз ұғынысып, біріміздің соңымыздан біріміз
қабаттасып, ауыз үйге шықтық. Ол алда, мен арттамын. Алтын есіктің
ілгешегін ашып жатыр. Мен оның қалқасында бұрышта байқалмастай
болып, тығылып тұрмын.
Есік бері ішке қарай ашылатын. Сегізбай үнсіз жөңкіліп кіріп келе
жатыр. Оны қасынан өткізіңкіреп жіберді де, Алтын ым жасап, мені
шынтағымен қағып қалды. Ал жөнел дегені. Алтын мен есіктің арасынан
зымп беріп, зытып жөнелдім. Сегізбай байқамай, сезбей қалған тəрізді.
Артымнан Алтын есікті қайтадан жауып жатты.
Аман - сау құтылғаныма қуанып, көшенің басына дейін жүгірдім.
Ол кезде шылым шегем. Жігіт боп, өз тізгінімді өзім қолға алғанның
белгісі деп, бұл кəсіпті армияда үйренгем. Папирос, сигарет табылатын кез
емес. Сасытып, бұрқ - бұрқ соратынымыз қолдан туралған көк темекі,
махорка.
Үйге кеп, жүрегім орныққан соң шалбарымның қалтасына қол салып,
портсигарымды іздедім. О, сұмдық! Портсигарым жоқ! Мана Алтынға бара
жатқанда бар болатын. Жолда шылым орап шеккем.
Жүрегім су етіп, бірден білдім — портсигар əлгінде қарбалас киініп
жатқанымда, Алтынның үйіне түсіп қалған.
Енді оны Сегізбай тауып алмаса неғылсын?
Су ете қалған жүрегім мұзға айналып бүкіл арқа басым шымырлап бара
жатыр.
Өйтпей ше? Сегізбай ол портсигарды жақсы біледі. Менікі екенін
күншілік жерден керіп, таниды. Қарта ойнаған кезде мырзасынып, ылғи да
столдың үстіне қойып қоятынмын. Секең одан сан рет шылым орап шегіп,
қақпағаның сыртына бізбен шұқып, қиғаштап жазылған «Кемелханнан
Еркінге ескерткіш» деген жазуын талай оқыған.
Кемелхан əскерде бірде қызмет істеген жолдасым. Судағы малта тас
тəрізді сырты жып -жылмағай осы бір қалайы портсигарды армиядан
босап, елге кетігі бара жатқанымда ескерткішке сол сыйлаған болатын.
Құрыдым. Секең тауып алса, анық құрыдым. Бəтшағар, қалтамнан ылғи
да түсіп қала беретін еді. Қап, осынын, осылай боларын алдын ала неге
ойламадым екен? ішкі қалталарымның біреуіне ықтияттап, неге салып
қоймадым?
Кемелханнан осыны аттай қалап, атандай сұрап алған, тіпті, өзім едімау. Сөйтсем, басыма пəле болу үшін алған екенмін ғой.
***
Менен кейін Сегізбай үйінде не болып, не қойғанын қиялыммен көріп
білем: сырт есікті бекітіп болып, Алтын шам жақты. Төр алдында, төсекке
таяу жерде көкала текеметтің үстінде аппақ боп, жарқырап жатқан
портсигарды көрді Сегізбай. Портсигар емес, жылан, айдаһар көргендей
болды.
— Мынау кімдікі?
Алтында үн жоқ. Өңі қашып, зəресі ұшып барады.
— Бұл мұнда қайдан жатыр?
— Білмеймін...
— Heгe білмейсің, бұзылған қаншық? Сен білмегенде, мен білем бе?
Айт, мына үйде кім болды?
Бұдан кейінгіні қиялдаудың өзі қорқынышты.
Таңертең төсегімнен ауырып ояндым. Етім ысып, екі шекем лық - лық
етеді. Басымның сақинасы ұстаған.
Осы ауру менде бала кезден бар. Күн өтсе, ұйқым қанбаса, бір нəрсеге
қатты толқып күйзелсем, қайғылансам, алып ұратын əдеті.
Ауырып қалғаныма, сөйтіп, мектепке бара алмайтын болғаныма, дəл
осы жолы қуандым.
Қазақ кластарын оқытатын екінші мұғалім Сақыш дейтін момындау,
жөні түзу келіншек. Соған ауырып қалғанымды айтып, менің кластарымды
сен оқыта тұр деп, қағаз жазып жібердім.
Міне енді басымды таңып алып, төр алдында ыңқ-ыңқ етіп жатырмын.
Ойымда Сегізбай, Алтын, портсигар.
Бұдан да жазылатын шығармын - ау. Сосын, мектеп жаққа қалай барам?
Сегізбайдың көзіне қалай көрінем?
— Бала, бері кел. Мынау сенікі ме?— дейді де, қалтасынан портсигарды
жарқыратып суырып алады...
Одан да қара жерге кіріп кеткенім артық емес пе?
Нұрила жеңгей не білсін, түк те білмейді. Айланқастап, күлімдеп,
қасымнан шықпайды.
— Суық тигізіп алғансың ғой. Сорпа қайнатып берейін, Терлеп іш, тəуір
болып кетесің,— дейді.
Аңқаусың - ау, жеңеше. Суық тисе, дəл мұнша күйзелермін бе? Мынау
сүттей ұйыған тыныш дүниені бүлдірді «директор» балаң. Өзіне оңай
айықпастай ауруды қолдан жасап алды. Содан енді қалай құтылудың
жолын іздеп жатыр.
Ой, дүние-ай! Баянсыз, сұм дүние. Кеше Алтынмен құшақтасып
жатқанда менен бақытты жан жоқ еді. Бүгін енді менен сорлы, менен
бақытсыз жан жəне жоқ. Тағдырды мен қырсық тағдыр дейтінім міне
осыдан ғой, Уайымсыз, қайғысыз рақат өмірді ол маған ешқашан да
баянды етіп көрген жоқ. Мені, қалай да, бірдеңеге ұрындырып жүрмесе,
сүріндіріп жүрмесе, тағдырдың іші кебеді.
Жоқ, мен бара алмаймын мектеп жаққа. Ертең түгіл, бүрсігүні де, тіпті
ешқашан да бара алмаймын, Өшіремін қарамды. Суға батқан тасша зымзия жоғаламын.
***
Тағы да Қарасаздамын. Аудандық оқу бөлімінін кеңсесін сыртта торып,
батып кіре алмай жүргеніме бір сағаттан асты. Не айтам? Мұғалім болғым
келмейді деймін бе? Жоқ, əлде басқа мектепке сұранам ба?
Қандай себеп-сылтау ойлап табамын?
Қолына портфель ұстаған, шұбалған қара тон, қара малақай киген, бойы
аласалау біреу көшемен маған қарама-қарсы келе жатыр. Танитын
сияқтымын. Иə, иə, əлгі... сол... Қаратоғанда тұратын... Əлімғожа. Соғыстан
бұрын ары өтіп, бері өткенде біздің үйге келіп-кетіп жүретін, Сəрсебек
ағайымның тəуір жолдастарының бірі.
Əлімғожа да мені бірден таныды. Екеуміз шұқырасып амандастық. Халжай сұрасып жатырмыз.
— Əскерден қашан келдің?—дейді менің бас-аяғыма көз жүгіртіп.
— Екі айдай болды.
— Қайдасың кəзір? Нe істеп жүрсің? Сəрсебек қайда? Хат-хабар бар
ма?
Мен бəрін айттым. Сəрсебек армияда. Талайдан бері хат жоқ. Өзім
Сарыбелде мұғалім едім. Енді онан кеткім келіп жүр дедім.
— Неге? Сарыбел ұнамады ма?
— Үйден шалғай. Ауылға келіп - кетіп тұруым қиын... (Табан астында
ойлап тапқан сылтауым өзіме ұнап қалды.)
Соғысқа Əлімғожа да барған екен. Бір қолының басынан жарадар
бопты. Кəзір өз ауылында, жеті жылдық мектепте директормын дейді.
— Сарыбелден кеткің кеп жүрсе, онда бізге кел. Бізге военрук керек, —
деді Əлімғожа.
Қарманатын тал таппай тұрғанымда, мынау енді жақсы болды:
— Жарайды.
Екеуміз жəне біраз сөйлесіп, сөзімізді пісірдік те, аудандық оқу бөлімі
меңгерушісінің кабинетіне кірдік. Əлімғожа мендей емес, еркін. Мекеменің
шалдау бастығымен мəре-сəре ұзақ амандасты. Əлімғожаны көріп, анау да
бір жетісіп қалғандай болды.
Мен анадайда ескі диванның шетінде тəйт десе, ұшып кететіндей боп,
əзер ілініп отырмын. Əңгіменің тезірек маған ауысуын күтудемін.
Кенет Əлімғожа:
— Сүке, мен өзіме таптым военрукті,— деді.
— Кім ол?
— Міне, мына бала.
Сүкесі мені енді ғана көргендей сүзе қарады.
— Біз бұны Сарыбелге жібермеп пе едік?
— Сүке, мен сізге бұл баланың жағдайын айтайын,— деп Əлімғожа
бастырмалата жөнелді, — бұл əлгі Тұйықтағы Мамырбай дегеннің баласы
ғой. Əкесі момын, жақсы адам еді. Сəрсебек дейтін ағасы баяғыда мектепте
менімен бірге оқыған. Кəзір армияда. əкесі соғыстан бұрын қайтыс болған.
Кəзір үйінде аурушаң шешесі, жеңгесі ғана. Сарыбел бұл баланың
жағдайына келмейді екен, шалғай. Демалыс - демалыста үйіне барып,
отын-суға жəрдемдесіп тура алмайтын көрінеді. Бұны сіз военрук етіп,
бізге жіберіңіз.
Əлсіз ғана бұлтақтап көрді де, Сүкең:
— Жарайды, — деді.
Мəселе көрген түстей тез шешілді.
Сөйтіп, Қаратоғанға военрук болып баратын болдым. Ойламаған
жерден Əлімғожаны кез келтірген құдайға мың рақмет айтып жатырмын.
— Рас - два! Рас - два! Пірəм шəгім арш! Ыстой! Нəлеуі! Волна!
Солдаттың ботқа - көжесін үш ай бекер ішіп-жемеген тəріздімін.
Орысша сөздерді белден басып, сындырып, əлдекімдерге еліктеген шақ шақ еткен дауыспен балаларға команда беріп жүрмін.
Əскерде мықты командир — қатал командир деген ұғым бар. Мендағы
өз əлімше соған ұқсауға тырысам.
Соғысқа дейін мектептерде əскери сабақ болмаған. Соғыс шыққан соң
енгізілген. Оқулық бұл пəннен атымен жоқ программа жəне жоқ. Мұғалім
өзі не білсе, балаларға нені үйренгісі келсе, соны үйретеді.
Толық анархия.
Meн өзім физкультура мен əскери ойындарға жасымнан құштар жанның
бірі едім. Жаңа кызметімді сүйемін. Сабақты шамам келгенінше,
қылылықты етіп өткізуге барымды салам, Одан - бұдан іздестіріп, пəніме
қатысы бар біраз кітап, брошюралар тауып алғам. Жатпай-тұрмай оқып,
білмегенімді білуге тырысам,
Бірақ, əлгідей əдебиеттің бəрі дерлік орысша. Қиналып, əзер оқимын,
жөнді түсінбеймін. Көп сөзін жобамен ұғам. Ал жобамен ұғылғанының бірі
дұрыс болғанмен бірі теріс.
Іс жүзінде дұрысым да дұрыс, терісім де дұрыс. Өйткені, қатем болса
көрсетіп, мынауың былай дейтін білімі өзімнен озық адам мектепте
шамалы. Директор да, завуч та талай жыл қоржынын салақтатып,
педучилищеге сырттан оқуға барып жүріп, азаппен əзер бітіргендер. Ол
екеуінің орысшасы менен де төмен.
Менің жұмысымды тексеріп, жөн айтуға олар ниет те білдірмейді.
Мен мұнда мектеп директоры Əлімғожаның үйіндемін. Aнa жолы
онымен бірге келіп түскеннен осындамын. Жамбас ақы, құрсақ ақы төле
деп, қазақ айтпайды. Өзім біліп бірдеңе берсем, мүмкін, алар еді. Бірақ
беретіндей менде не бар? Ac тегін, төсек-орын тегін. Директор жолдас,
мені өзің алып келдік, өзің бак, деп, үн-түнсіз жүріп жатқан жайым бар.
Сарыбел, онда аз уақыт мұғалім болғанда басымнан кешкен уақиғалар
ойымнан шыға қоймайды. Портсигар жайы əлі де болса мен үшін жұмбақ.
Оның тап сол түні сол үйде — Сегізбай үйінде түсіп қалуы ақиқат. Ал
бірақ, кім тауып алды? Сегізбай ма, Алтын ба? Мүмкін, Алтын тауып алып,
күйеуіне көрсетпей, тығып қойған шығар? Секең ештеңе де білмейтін
шығар? Онда менің күйзеліп, қайғы-қасірет шегуім бекершілік.
Сарыбелден ат тонымды алып, артыма бұрылып та қарамай, безіп отыруым
ол да бекершілік.
Осынын бəрін қалай білуге болар екен?
Сарыбел Қарасаз ауданының бір шеті, Қаратоған екінші шеті. Бұл
арадан Алтынмен тілдесу, хабар білу мен үшін оңай шаруа емес.
Мүмкін, өмір бойы біле алмай, ішқұста болып өтермін?
Көктем. 1945 жылдың көктемі.
Фашизм бұл кезде бел омыртқасы мертіккен жыртқыш тəрізді, Өзінін
ойран салып шыққан бастапқы апанына қарай бас сауғалап, шегіншектеп
барады. Азаттық алған қалалар мен елдер саны күн санап көбеюде.
Даңқты Қызыл Армия езінің алты айға демалыс беріп босатқан ұлын —
мені іздей қойған жоқ əлі. Соған қарағанда, жарадар жауды біржолата жоқ
етуге енді оның күші мен араласпай да жететін тəрізді.
Тұйықтағы үйге көктем шыққалы барған жоқ едім. Қатынаған біреуден
жеңгем хат жазып жіберіпті. Оқыдым да, ызадан қалшылдап кеттім.
Ауру шешем мен жеңгемді Нұрəлі сиыр саууға шығарыпты. Бұл осы
кезде колхоздағы жұмыстың ең ауыры. «Ауру түгіл, сен кемпірдің түгің
жоқ. Қақшаңдап өз жұмысыңды істегенде, тажалдайсың. Ауру болсаң төсек
тартып жатар едің ғой» дейтін көрінеді. «Мен сорлы неге көнбегем? Бəріне
де көнермін. Мына сырқат та, кəрі шешеңе обал болатындай түрі бар. Ерка
кел де, көшіріп əкет» деп жазыпты жеңгем.
Атана нəлет Нұрəлі, қайтсем екен? Сенің - ақ ызаң өтіп бітті - ау.
Meн енді шешем мен жеңгемді осында, Қаратоғанға көшіріп əкелсем
деген ойға келдім. Бұл ой басымда бұрын да бар болатын. Əлімғожаға
айтып едім, бірден қостады.
-Е, несі бар. Көшіріп əкел. Бұнда да ел бар, жұрт бар. Бірдеңе етіп күн
көрерсіңдер. Отын-суларыңа, мүмкіндігінше мектеп көмектесіп тұрады.
Директорым былай деген соң мен енді қозып кеттім. Шешем мен
жеңгемді Қаратоғанға көшіріп əкелетін болдым. Мұнда келген соң кіретін
үйде оп-оңай табыла кетті. Қаратоғанда малшылардың қаңырап бос тұрған
үйлері көп.
Əлімғожа колхоздан бір күнге деп, екі атымен арба сұрап алып берді.
«Бар, көшіріп əкел. Көңілін орнына түссін».
Екі аттық бос арбаны салдырлатып айдап, міне Тұйыққа келіп отырмын.
Бұл сəскелік кез. Көше қаңырап бос. Кəзір көктем егісінің нағыз
қарбаласқан қызу кезі. Жұрттың бəрі жұмыс басында.
Əдейі колхоз кеңсесінің алдынан өтпей, орағытып келіп, арбаны
өзіміздің үйдің қалқасына тоқтаттым.
Есік берік. Терезе перделер түсірулі. Талайдан жөндеу көрмеген байғұс
там үй сыртының əр - əр жерінің сылағы омырылып, жүдеп тұр. Көптен
бері адам тұрмайтын, иесіз үйге ұқсайды.
Шешем мен жеңгем қайда екенін білмекке көрші Мақпал кемпірдің
үйіне келдім. Сырт есік ашық. Табалдырықты аттап, кіре бергенімде, ар
жақтан бүйірі қабысқан арық қара ит мені соға - моға алдымнан атып
шықты. Сасып, қорқып қалдым. Үйде ешкім жоқ шығар деп едім. Сөйтсем,
төрдің қақ төбесінде, бетін құбылаға беріп, Мақпал намаз оқып отыр.
Ит бұза алмаған намазды бұзуға батылым жетпей, сілейіп тұрып
қалдым.
Əлден уақыттан кейіп бетін ең соңғы рет бір сипап, намазын аяқтаған
Мақпал орнынан тулай түрегелді:
— Ауызыңа пəлен етейін! Қарашы - eй, тіпті адам екен демейді. Үйдің
ішін айнала тіміскілеп, кезіп жүр.
Мен алғашында Мақпалдың кімді ұрысып жүргенін білмеп ем.
Сөйтсем, сұғанақ итті ұрсып жүр екен.
- Ит кіріп келе жатқанда, кет деп, қуып жібермейсіз бе?
- Намаз бітпей, қалай қуамын. Намаз бұзылады ғой, — дейді Мақпал.
Мен күліп жатырмын. Бұл қараңғылық дегенді қойсаңшы, Дінге шын
берілген адамдар намаз үшін жауынан жазым шегеді деп те еститін едім.
Мақпалдың мына қылығына қарағанда, сол рас секілді.
— Шешең де, жеңгең де сиыр сауатын болған. Кеше бригадир арба
əкеп, тауға фермаға көшіріп əкеткен. Нұрəлі дейтін құдай шықты бұл
күнде. Ауру - сырқауыңа қарамайды. Бетіне тура қараған жан болса,
төбесіне əңгір таяқ ойнатып бітеді. Шешең жарымжан екенін айтса,
тыңдамапты, — деп, Мақпал өз мұңын шаққандай күрсініп тоқтады.
Өрге қарай жүру ауыр болса да, аттарды тырқыратып айдап, міне енді
таудағы фермаға келе жатырмын. Нұрəліге деген ашу-ызамды екі аттан
алатын тəріздімін. Тал түсте сиырды иіріп қойып, сауып жатқан үстілеріне
келдім.
Бұ не? Күндіз сиыр сауылатын ба еді?
Қотанның тау жақ шетінде, осындағы жалғыз киіз үйдің қасында,
қолындағы таяғына сүйеніп, қарауылдай қаздиған ферма бастық
Ошақбайды анадайдан таныдым. Тік мінез, қатал адам. Өзін көп жұрттан
жоғары ұстайды. Мен оны онша ұнатпаймын. Киіз үйден төмен қарай
бұлақты жағалай қонған алты жеті қараша жаппа үйлер. Соның бірі шешем
мен жеңгемдікі болар деп ойлап, арбаны сол тұсқа қалдырдым да,
Ошақбайға жаяулап кеп сəлем бердім.
— Əй, Еркінбісің?! Қайдан жүрсің? Мына арбаң не? — деп, Ошақбай
бір дегеннен тікірейе қарады.
Мен шешем мен жеңгемді көшіргелі келгенімді айттым.
Ошақбай одан бетер тікірейіп, бес тал шоқша сақалы шолтаңдап:
— Колхоз рұқсат етті ме? — деді.
— Колхоздың бізде не шаруасы бар?
— Е, колхоз рұқсат етпей, қалай көшпексіңдер? — деді Ошақбай. Бұл
сөзді сиыр сауып жатқан əйелдер түгел естісін дегендей шаңқылдап, қатты
айтты. Бір-бір сиырдың бауырына сүліктей жабысып алған, үстері кір-кір,
өңшең қара əйелдер елең етіп, құлақ түре қалысты,
— Кəзір баяғының басы байлы шаруалары жоқ. Əркімнің өз еркі өзінде,
— дедім мен.
— Əй, сен заң соқпа маған. Мен заң - паңыңды түсінбеймін. Одан да
Нұрəліден рұқсат қағаз алып кел. Онсыз мен ешкімді ешқайда
жібермеймін. Сол.
Ошақбай екеуіміздің əңгімеміз осымен бітіп қалды
***
Бұрын мұнда осындағы барлық колхоздар секілді сиыр күніне екі мезгіл
сауылатын. Май жоспары орындалмай, колхоз басшыларының жандары
мұрындарының ұшына тірелген кезде енді үш мезгіл сауылатын бопты.
Сиыр саууға қосымша адамдар шығаруы да содан екен.
Мал арық. Итеріп қалса, құлағалы тұрған, ыңыршағы айналған, кілең
дерлік көтерем. Қыстан қысылып, жүдеп шықса, əлі көкке тойып
қоңаймаса, арық болмай, қайтеді?
Сауыншы əйелдердің түрлері сауып жатқан сиырларынан да аянышты.
Бəрінің дерлік үстінде, қолдары қалт еткенде, жүннен өздері тоқып киген,
баяғының батырларының оқ өтпес темір сауытына ұқсайтын, əрі қалың, əрі
тұрпайы бір-бір қап көйлек. Жөнді жуылып, таралмаған дудыраған кір
шаштар. Кір орамалдар.
Бір жаппаның алдында тақыр жерде қол-аяғы шидей жас сəби манадан
бақырып жылап отыр. Үстінде ит көйлектен өзге лыпа жоқ. Əуелде астына
тоқым төсеп, есіктің көзіне отырғызған. Сиыр сауып жатқан шешесіне
бармақ боп, талпына - талпына сəби жерге түсіп кеткен. Кəзір енді тоқым
бір жақта, өзі бір жақта. Оны жұбатып, мұрны - басын тазалауға шешесінде
мұрша жоқ.
Жəне бір жаппадан сілелеп шыр-шыр етіп жылаған бесіктегі баланың
даусы естіледі.
— Бол! Болыңдар? Күн кешкіріп барады. Сиыр жайылып үлгермейтін
болды!— деп Ошақбай сауыншы əйелдерге дігір салып қояды.
Сиыр сауылып болысымен біз көш қамына кірістік. Қалқиған жаман
жаппаны жыға бастадық. Аялдауға уақыт тар. Колхоз ат-арбасын бүгінде,
бір ғана күнге деп берген.
Менің оны тыңдамасыма көзі жеткен Ошақбай:
— Нұрəлі рұқсат етсе, көшесін. Рұқсат етпесе, көшпейсің — деп атын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 12
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.