Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 17

Total number of words is 4279
Total number of unique words is 2393
34.3 of words are in the 2000 most common words
48.8 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
екен деп, өтірік баға қоя алмаймын. Бұған менің педагогтік ар - ұятым
жібермейді.
...Директор шақырады дейді. Келдім. Мен тапсырған тоқсандық есеп
алдында жаюлы жатыр. Қық... деп, тыржиып, кекіре жаздап:
— Мамырбаев жолдас, мынау не?
— Ол менің тоқсандық есебім болар.
— Мм... жиырма төрт оқушының қық... оны үлгермейді. Солай ғой?
— Бəрі сонда жазылған.
— Жазылғанын көріп тұрмын. Менің білгім келетіні сіз бір тоқсан
бойына не бітірдіңіз? Бала оқыттыңыз ба, жоқ əлде өкіметтің ақшасын
текке алып, сандалып бос жүрдіңіз бе? Мұнша бала сабақтан неге
үлгермейді?
— Оны əуелі мына сіздерден сұрау керек. Мен бұл балаларды бір
тоқсан ғана оқытсам, сіздер жылда оқытып келесіздер. Өкіметтің ақшасын
текке алушы мен емес, сіздер болуларыңыз мүмкін. Өйткені, балалар
шетінен сауатсыз.
Мына сөзді естіп, Жақыбаев санына шок түскендей болды. Кəдімгі
қызыл өңеш көрісу басталды. Екеуміздің шаңқылдасқан дауысымыз дəлізге
шығып кетті. Аяқ астынан бұнда не боп қалды дегендей əркім - əркім есікті
ашып қарайды.
Айқаймен жəне алмасын білген ол үнін қайта бəсеңдетті:
— Қой, бала болмаңыз, түзеңіз.
— Жоқ түзей алмаймын.
— Онда біз сіздің өзіңізді түзеуге мəжбүр боламыз. Сіздіңше бір тоқсан
бала оқытқан сіз ғана адал адамсыз. Басқалардың бəрі арам, жау. Өкіметтің
кезін бояушы болғаны ғой. Жоқ, олай емес шығар. Сіз келмей тұрып та осы
мектеп тəп - тəуір мектеп болатын. Қырық екі мұғалімнің қырық бірі
оңбаған да, тек біреуі оңған дегенге сірə, ешкім нана қоймас.
Керіс енді біздің үйге — Зағипа екеуміздің арамызға кешті.
— Құрысын, тақаспашы солармен. Түзе дегенін түзей сал. Өтірік баға
қойып жатқандар сен ғана емессің ғой, бəрі, — дейді жұбайым.
— Өй, сен қызық екенсің. Жұрттың бəрі ұры болды екен деп, мендағы
ұры болмақпын ба?
Өмір құбылыстарына маған ұқсап ысып - суымай, байсалды қарап
топшылайтын Зағыш:
— Боласын. Болмасаң, олар сенен одан жаманын жасайды, — дейді.—
Кешегі Көкөзекті ұмытқан екенсің. Əлібековті ұмытқан екенсің. Адам
жаны - төзбейтін топастық, сорақы рушылдық көріп келдің. Күйіп-пісіп
айттың бəріне. Əне, содан не шықты? Түк те шыққан жоқ. Үріп - үріп қала
берген күшік тəрізді болдың. Мақтасаң бұны да айтып жазарсың. Бірақ
оныңнан да түк шықпайды. Ең соңында арызшыл, жікшіл атанып, өзің
жаманатты боласың.
Бұның бəрі құлаққа кіретін сөздер еді.
Мен көп ойландым. Ақыры, қолымды бір - ақ сілтеп, ымыраға келуді
жөн деп таптым. Қашанғы тақасайын. Темір екеш темір де тозып
шаршайды. Ал мен адаммын ғой. Бұл болмаса, күл болсын. Түзет
дегендерінің бəрін түзетіп берейін.
Тағы да Ільясовтың алдында отырмын. Көңілдімін. Ол қалай қисай
десе, солай қисаямын.
Тіл табысып отырмын.
— Есебім енді қалай?
— Енді тамаша.
— Бұндай есеп үшін районо басымыздан сипайды ғой?
— Сипап қана қоймайды. Əлі дүйім жұрттың алдында үлгі етіп,
мақтайтын болады. Суретіміз құрмет тақтасына ілінеді.
Мəселе міне қайда жатыр!
Жақыбаев, Ільясовтарға керегі міне осы — мақталу. Дүйім жұрттың
алдында — мұғалімдердің аудандық жиын, конференцияларында жақсы
аталу. Құрмет тақтасының бетінен əрі өткен, бері өткен жұртқа ұялмай
жымиып, күле қарап тұру.
Қандай жолмен болса да осыған қолдары жету.
Əлгіндей, балаларға өтірік баға қою секілді, былықшылық мектепте көп
- ақ. Онымен күресуші аз. Кейбірінің буған еті өліп кеткен. Байқаса да,
байқамаған болады. Барлық жерде осылай деп қарайды. Ал енді бірі сен
тимесең мен тимен бадырақ көз дейді. Өзінің қара басының қамын,
тыныштығын ойлайды. Енді біреулер күрестің əуресінен, машақат
қиыншылығынан қашады. Жалғыз өзім коммунизм орнатпаспын дейді.
Əйтпесе, білімді, ақылды мұғалімдер мұнда да жоқ емес, бар.
Əділдік үшін күресіп, дауыс көтергендерге арызқой жікшіл деп, ат
қойып, айдар тағып алатындары жəне рас. Былайғы даурықпа жұрт не
біледі.? Түк те білмейді. Біреуге əлгідей жаманат тағылса, ерт шыққандай
еліріп, даңғаза қылып əкетеді. Көшеде жайыңа кетіп бара жатсаң: əне, анау
арызқой. Əне, анау жікшіл деп, көзіңе шұқып көрсетіп, қанынды қарайтып,
жүйке тамырыңды тоздыратын болады.
Осыдан соң сен не істесең де ең əуелі, жікшілдіп, арызқойдың ісі болып
шығады.
Иə, күрес жолы қиын жол. Екінің бірі оған түсе бермейді. Тек жүрегінің
түгі барлар түседі. Тоғышарлар өзі түспей, езге түссе екен дейді. Отты өз
қолымен емес, басқаның қолымен көсеуді тəуір кереді.
Оқудың жарты жылы зымырап өте шықты.
Қысқы демалыс. Тағы да біраз жол азабын шексем де, Алматыға келдім.
Баспаға жазда тапсырған өлеңдер жинағым бар, соның тағдырын
білмекпін. Бұл бір шаруам.
Екінші, бұл жолы да құр қол емес едім. Балаларға арнап, спортшы
өмірінен шағын повесть бітіріп əкелдім. Соны «Пионер» журналына
ұсынбақпын.
Төрт жыл өмірім еткен астанамен əлі суысып үлгермегендіктен оны
сағынғаным жəне бар.
Институтта өзіммен бірге оқыған Мұқамеди бұл күнде аспирант.
Студенттер жатақханасының бір бөлмесінде тұрады. Былтыр, оқу бітер
кезде, алған əйелінен ажырасып, екінші əйел алып үлгерген. Жоражолдасқа бейілі кең жігіт. Қысылғам жоқ сонда келіп түстім. Мұқамеди де,
оның бұралған жас əйелі до жылы қарсы алды.
Аспирант Мұқамедиде кешегі студент Мұқамедиге ұқсамайтын
мінездер пайда бола бастапты. Тамақты талғап ішіп, талғап жейтін бопты.
Арақты тастап, шарапқа көшіпті. Дастарқанға кезге оғаш қыпша бел,
шілтиген нəзік рюмкалар əкеліп қойды.
Мен қырлы стаканның, өзін тəуір көріп отырмын.
Оймақтай нəзік рюмкаларға ауыз жарымады. Шыдамым жетпеді де,
ашық кеттім:
— Осы үйде стакан бар ма? Маған стаканға құйып бер, — дедім.
Мұқамедидің мəдениетті бола қалуы əншейін екен. Қырлы стаканға ол
да көшті.
Түннің бір уақытына дейін екеуміз кагор ішіп дуылдастық.
Баспаның директоры аты республикаға белгілі ақын еді. Ол мені
студент кезімнен біледі. Бұрнағы жылы институттың мен басқаратын
əдебиет үйірмесінде біз онымен мықтап тұрып дуылдасып, кездесу кешін
өткізгенбіз. Бірге суретке түскенбіз. Соның бəрі ол кісінің есінде екен.
Жастарға қамқоршыл мінезімен ол мені өте жылы қарсы алды. Баспаға
қатысты шаруаларымды ешқандай əуре-сарсаңсыз тындырып берді.
Бүгін қаламақы төлейтін күн.
Бақандай тоғыз мың сом алады екем?
Қуаныштан жүрегім жарылып кетпесе неғылсын.
Бұрын-соңды біздің тұқымда осынша мол ақшаны қолына бірден
ұстаған адам, сірə, болды ма екен.
Əй, қайдан болсын.
Жүрегім аттай тулап, қолдарым дір - дір етіп, мен əлгі аталған ақшаны
əзер санап алдым. Жоқ, санап алдым дегенім өтірік. Кассаның алдындағы
топырлаған жұртқа көз етіп, бұрын мұншама мол ақшаға қолым жетіп
көрмеген бейбақ екенімді оларға сездірмеуге тырысын, əйтеуір санап алған
болдым.
Бірақ, бұндай қулық маған оңайға түспеді. Төбеммен бақайыма дейін
малшымын терлеп кеттім.
Уһ деп, сыртқа шықтым. Қалта - қалтамның бəрі ақша. Буын буынымнан əл кетіп, аяғымды əзер басатын тəріздімін.
Бүгінгі күн мен үшін байитын күн екенін айтып, Мұқамедиді ерте
келгем. Ол ішке кірмей, қолын артына ұстап, сол арада дəлізде жүр.
«Алдың ба?» «Алдым».
Енді кете берсек те болады.
Жоқ, бірден тартып отыруға батылсызбын. Оным əбестік болатын
тəрізді. Тегіннен тегін қыруар ақша қалтама өзі келіп түскен жоқ қой.
Немесе көшеде келе жатып, тауып та алған жоқпын. Өзіме тіл жеткісіз
жақсылық, қайрымдылық жасаушы адамдардың арқасында алдым. Ендеше
жақсылықты жақсылықпен қайтаруым қажет секілді. Турасын айтсам,
ішкізіп, жегізуім керек.
Менің бұрын - соңды байқауымша, жұрттың бəрі солай етеді.
Бəрі болмағанмен көпшілігі.
Сонда кімге ішкізіп, жегізем?
Мен үшін ен бірінші қымбат адам — ол баспаның директоры.
Алған қаламақымның ол тең жарымын ішіп - жесе, өкінетін мен
жоқпын.
Егер реті келсе, батылым жетсе, мен оны Алматының ең мынау деген
ресторанына шақырмақпын.
Аяғымды қорына басып, баспа директорының кабинетіне кірдім. Біраз
бөгде адамдар отыр. Олардың көзінше ештеңе айта алмасымды сезіп, одан
бетер қысылдым.
Дегенмен отырып жатырмын.
Баспа директоры:
Ақшаңды алдың ба? — деді.
- Алдым. Рақмет.
Басқа түк айта алмадым. Біраз отырдым да, сыртқа шықтым. Тағы да
айналсоқтап кете алмаймын. Осыншама мол ақшаны қалтама тығып aп,
тайып отыруым тіпті де жөн емес тəрізді.
Жəне бір ой қинайды. Баспа директоры маған қарағанда жасы ересек
адам. Əдебиетте аты, орны бар. Мен жүріңіз дегенмен ол жүре қоя ма?
Мынау неткен жағымпаз, қу бала деп, жаман ойлап қалмай ма?
Ал шақырмасам, ниет білдірмесем, ол мен туралы сараң бала екен деп
ойлап қалатын секілді.
Сонымен, екі оттың ортасындамын,
Ақыры, шақыра алмадым.
Баспаның көркем əдебиет бөлімінің бастығы жастау жігіт, Менің
жинағымның тағдыры тікелей соның қолында. Алдағы уақытта да оған ісім
талай түсуі даусыз. Енді, тым құрса, соны сыйлау, будан гөрі жақындасу
ниетіндемін.
Бірақ қолыма белім бастығы да оңайлықпен түсетін емес. Менен гөрі
ысылған, менен гөрі, арынды біреулер оның столын манадан қоршап алған.
Үйірлі балық тəрізденіп, дүр етіп, бəрі сыртқа бірге шығып кетеді. Дүр
етіп, бірге қайтып келеді. Кеткендегіден келгендегі түрлері көңілді, шатшадыман. Сірə, сол маңдағы көк үйшік - сырахананы бір сүзіп оралатын
тəрізді.
Келісімен желдей есіп, жаңа өлендерін оқысады. Желдей есіп, бірін-бірі
арқаға қағып, мақтасады. Байқаймын, бүгінгі Пушкин, бүгінгі Абай
осылар.
Кіл классиктер қоршап алған бөлім бастығынан да күдерімді тез үздім.
Мұқамеди екеуміз өзіміз тартып жөнелдік.
Үйге қарай емес, əрине. Бұндайда кел, кел деп, қол бұлғап жібермейтін
ресторанға қарай.
«Пионер» журналы Алматыдағы газет-журнал редакцияларының ішінде
маған ең жақыны. Олай болатын жөні бар. Институттың бірінші курсында
оқып жүргенде, тұңғыш өлеңім осында басылған. Тиесілі азын-аулақ
қаламақысын журнал қызметкерлерінің əлде кімдерден сəлем айтып,
шақыртуымен ұялып, əзер барып алған едім. Ол менің тұңғыш қаламақым
болатын. Сөз сатып тапқан ақшаға тұңғыш ауыздануым.
«Пионерді» менің біржола даулап алуым міне солай басталған. Содан
бері өлең, əңгімелерім журнал бетінде үзбей басылатын болған.
Басқа редакциялардай емес, мен мұнда еркін кіріп, еркін шығам.
Бұлардың өз адамы тəріздімін. Келген шаруамның жайын ешқандай
қысылыссыз еркін отырып айтам.
Енді міне соқтауылдай повесть əкеп отырмын.
Журналдың көркем əдебиет бөлімін белгілі жазушы Мұқан Иманжанов
басқарады. Адамшылыққа, мінезге бай тамаша мəдениетті жап. Бұдан
бұрын да ол маған талай қамқор болған. Балаларға арнап повесть жазып
əкелдім дегеніме ол менен бетер қуанды.Не жөнінде? Спортшы өмірінен
деймісің? О, тамаша. Біздің қазақ балалары үшін нағыз қажет, тың тақырып
екен деп, табанда редакция қызметкерлерін жинап, повесті дауыстап оқуды
ұйымдастырды.
Журнал редакторы ол да мінезі ашық - жарқын адам. Мұқанмен дос.
Екеуі бір - бірін бүкпесіз шын құрметтеп, сыйлайды. Менің алыстан
келгенімді ескеріп, өзге жұмыстарын былай сырып қойды.
Өзіме осынша достық бейіл көрсетілуіне мен дəн риза едім. Бас - аяғы
жетпіс беттік шағып повесті ақ өлең оқығандай судыратып, шабыттанып
тез - ақ оқып шықтым. Жұрт зерікпей, көңілді отырып тыңдаған секілді.
Ара - тұра күлісіп қойып отырды. Мен, əсіресе, редактор мен Мұқанның
қабағын бағам, Ол екеуі күліп, масайраса, ішімнен мен де күліп, масайрап,
жетісе түсем.
Шығарманың тыңдаушыға жақсы, жаман жетуі, белгілі бір дəрежеде,
оны оқуға да байланысты екенін сездім.
Үзіліс. Жұрт шылым шегіп, кеукілдесіп, басқа жайларды сез етісіп
кетті. Ал менің ойымда повестің тағдыры тұр. Не болар екен? Қабылдана
ма? Жоқ па?
Мұқан не айтса, сол болары даусыз. Оның өң - реңінен қауіп көлеңкесі
сезілмейді.
Міне енді повесті талқылау басталды.
Отырған ат тəбеліндей шағын топты көзімен шолып алды да:
— Ал кім сөйлейді?—деді редактор. — Мұзафар, сөйледі.
Музафар тайқып шықты:
— Əуелі прозаиктер сөйлегені жөн ғой.
— Олай болса, мен айтайын, — деді Мұқан.
Бірінші боп өзге емес, Мұқан сөйлегеніне мен қуандым,
Бірқыдыру мақтады.
Түзеу үшін айтылған жеңіл - желпі сыны да бар.
Келесі сөйлегендердің бəрі дерлік осы ізбен кетті: Өйткені, бұл
отырғандардың ішінде Мұқанды сыйламайтын, оның пікірін бедел
тұтпайтын ешкім жоқ еді.
Повесть, журналда басылатын болды.
***
Кеудеме нан пісіп, жер мен көктің арасына сыймай жеттім Қорғанға.
Алматының жарым бөлегін көшіріп əкелген адамдаймын. Үстімде келіскен
қара драп пальто. Жағасына барқыт ұсталған. Дəл осындай пальто
институтта оқып жүргенімде профессор Жұмалиевте болушы еді. Мен
қызығатын едім. Енді міне мен де киіп үлгердім.
Қолыма су жана қызғылт чемодан ұстап келіп тұрмын. Құлыбы шіреп
əрең жетіп жабылған. Іші толы əртүрлі буйым, шай - шамалақ, кəмпит...
Мал сатып, базар базарлап оралған жолаушы тəріздімін.
Жинаққа алған ақшаның тоз-тозы шыққан. Біразын Тұйыққа шешеме
жібердім. Байғұс анам, менің адам боп, ел қатарына қосыла бастағанымды
біліп, қуанып, бір жасап қалсын. Іші тар туысқанның іші күйсін. Осы үшін
əдейі жібердім.
Зағышқа біраз базарлық заттар алып келдім.
Ақшаның дені, шынын айтсам, Алматының ресторан, сыраханаларында
қалды. Баспа менен журналдың бірінші басшыларына қолым жетпесе де,
оларға сый - сыбаға көрсете алмағам да, оларды жоқтатпайтын зерделі
азаматтар əлгі аталған мекемелердің төменгі қатардағы қызметкерлерінің
арасынан, құдайға шүкір, мол табылды.
Тіпті, мен қажет еткеннен де артық табылып жүрді.
Ішіп, қызып алғанға дейін осы көңілділіктің себепшісі болғандықтан,
əуелі, мені мақтасады кеп. Мен жазған азын-аулақ дүниелерді əдебиет
аспанының сонау төріне алып барып қояды. Ал қызыңқырап алған соң
əрқайсы өзді - өзін мақтайды.
Көңілді оралғанымды Зағыш түрімнен көріп
— Қалай, жақсы барып қайттың ба?
Мен бас бармағымды көрсетем:
— Мынау!
Желдей есіп айта бастаймын: Кітабым басылып шығатын болды.
Баспамен шарт жасастым. Алпыс процент ақша алдым қаламақысына.
Повесімді «Пионер» ұнатып, қабылдады. Келесі номерінен бастап
томпылдатып баса бастайды. Ай сайын қыруар ақша домалап одан келіп
жататын болады...
Бұны естіп, Зағыштың жүзі қуаныштан гүл жайнайды. О, тағдыр, бізді
де жеткізейін дедің бе, бұныңа құлдық деген ризашылық сезімі көзінен ап айқын көрінеді.
— Еркін, амансың ба? Ат - көлік аман, жақсы барып қайттың ба?
Бұл келген Жаңабай көрші, біз жалдап туратын мынау бір бөлме жаман
там үйдің қожасы. Аудандық ақша бөлімінде агент болып істейді. Дүниеде
ақшадан құдіретті, ақшадан күшті нəрсе бар деп, ойлай қоймайды.
Жаңабайдың соңында шұбаған қатын, балалары. Осындайдан
қалмайтын, белі бүкшиіп жазылмаса да, сау адамға бергісіз зыр жүгіретін,
ауылдағы айтулы желаяқ жаяу почтаның бірі — оның кəрі шешесі.
Бұлар жаңа есіктерінің алдында шаруаларын істеп жүріп, менің
келгенімді көрген. Кеткен кездегіден өзгешелеу түрмен оралғанымды
байқап қалған. Осынау күндері тек мені ойлап жүрген адамдарша бəрі
жамырап жөн сұрап жатыр. Қайда болдың? Не бітірдің? Сапарың оңды
болды ма?
Əлгінде Зағышқа айтқанымды бұларға одан да гөрі өсіріңкіреп айтам.
Мол іс бітірдім, мол ақша тауып қайттым.
— Ол ақшаң қайда? — дейді Жаңабай жұлып алғандай.
Тəйірі, ақша тұратын ба еді? Оңды - солды шашып, жоқ еткенімді
айтам. Шашпай ше? Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көр деп, нағыз кеп
ақшаға қолым жетер кезі əлі алда деймін.
Жаңабай мен бүкіш кемпір ауыздарын ашып, іштері күйіп тыңдайды.
— Əкем - ау, сонша ақшаны сосын, не істемексің? — дейді бүкіш
кемпір.
— Кəрия, аманшылық болса, үй салам. Осы көктемде үй салуға кірісем.
***
Бұл сөз менің аузымнан оқыс шығып кетіп отырған жоқ. Маған үй
жалдаушы, дүние қоңыз Жаңабайға көрсеткен қырым да емес. Бұл менің
талайдан көкейтесті боп жүрген, ең мықты арманымның бірі. Шіркін - ай,
кең, қолайлы етіп, үй - жай салып алсам. Бау-бақша өсіріп, ат, сиыр
ұстасам. Тұрмысымды түзеп алып, сосын, алаңсыз отырып жазсам!
Осы арман менің көкейімде талайдан, тіпті, студент кезімнен жүр.
Атақты жазушылардың бірталайы деревяда тұрғанын білем. Лев
Толстой, Тургенев. Қазіргі кезі тірілерден Шолохов.
Абай да бар ғұмырын ауылда еткізбеді ме? Жүйрік ат, құмай тазы
ұстады. Аңшылық, саятшылық жасады. Соның бəрін жəне дəріптеп
жырлап кетті.
Неге екенін, мені де қала емес, дала қызықтырады. Даланың кеңдігі,
табиғат, аң аулау, балық, аулау көңілімді өзіне көбірек құштар етеді. Мен
даярға маяр боп өскен жан емеспін. Өмірде кездесетін қара жұмыс
атаулының бəрін дерлік атқардым. Өзімнің рақатым үшін əлгідей үй
маңындағы шаруа - кəсіппен шұғылдануды ешқашан да ар санамаймын.
Қайта, бас - қаға үлгі болуға жарайтын абыройлы іс деп білем.
Сөйтіп, енді жатсам - тұрсам үй салуды ойлайтын болдым. Біреудің бір
бөлме тар үйінде қашанғы қысылын отырмақпын.
Зағыштың болса аяғы ауыр. Ай - күні жақындап келеді. Ертең нəрестелі
боламыз. Оны дұрыстап өсіру үшін де жағдай керек.
Өмірдегі ең жаман нəрсенің бірі өзімдікі дейтін баспанаңның болмауы.
Біреуге кірме болу. Есіктен еркін кіріп, еркін шыға алмайсың. Жүрсең,
тұрсаң қорынып, қор боп бітесің. Мына біз тұрған бір бөлме үйдің едені
тақтай да емес, жер. Жуып алуға келмейді. Сыпырса бұрқырап шаң
көтеріледі.
Өз үй, өлең төсегімнің болуы бір күн өмір сүрсем де рақат емес пе?
Егер, оны - мұны жағдаймен, бұл арадан кетер болсам, сатам.
Өз үйім — ол кассаға салып қойған ақшамен тең.
Қаладағыдай мұнда ет, сүт сатылып тұрмайды. Өз үй, өз аулам болса,
мал да, құс та ұстар едім.
Ең бір құштар нəрсем, шіркін, бір тəуір ат ұстау. Бұл енді бар
арманымның ішіндегі биік шыңы. Қазақ емеспін бе, сылаң ұрған жақсы ат
көрсем, көзімді ала алмаймын.
Жақсы, жүйрік атқа тақымым тигенде, бір жасаймын.
Қоғамдық жылқы малына деген көзқарас соңғы кезде күрт өзгерді. Оны
жаппай қыру, етке өткізу жүріп жатыр. Жоғарыдағы бір мықты жылқы
өнімді аз беретін мал десе керек. Оның бұлай деуі жекеменшік жұртқа
онша теріс болмады. Колхоз, совхоздарда жылқы малының бағасы арзандап
кетті. Жақсы ат, жақсы бие тауып алудың жолы жеңілдеді.
Əйтпесе, бұған дейін, бұл жақта атақты жақсы аттың бəсі жеңіл
машинамен бара - бар еді.
— Ағай, қазақ əдебиетін бізге сіз неге оқытпайсыз? Сіздің оқытқаныңыз
жақсы еді ғой.
Мен жұқашалап жауап берем:
— Бұл менің еркімдегі мəселе емес.
Түйсінгіш балалар қазбаламайды. Кімнің еркіндегі мəселе екенін олар
сезбейді емес.
Жарқырап көктем келді. Поселкіде жаңа үй салушылар көбейді. Анда
да, мұнда да тыраштанып, кесек құйып, үй қалап жатқан халық.
Бүл өлке ағашқа тапшы. Құрлысқа қажет ағаш мұнда өспейді. Жұрт
үйді, негізінен, қам кесектен тұрғызады. Əдемілеп қалап тұрғызса, кесек үй
де қатып шығады.
Үй салуға мен де кіріспекші болдым. Əрине, өзім салмаймын. Кісі
жалдаймын. Оған мүмкіндік бар. Жалданып үй салатын чечендер көшеде
жұмыс іздеп, шұбап жүр. Олар еңбек сүйгіш, қол күшіне берік халық.
Келіссең болды, істе дегеніңді істеп береді. Чечендердің семьялары, əдетте,
үлкен болады. Қатын-балаларымен жабыла түгел қимылдағанда, жапырып
жібереді. Бірер жетінің ішінде бір үйді тұрғызып, іші-сыртын сылап, дайын
етіп шығарады.
Əуелі үй салатын участок алуым керек. Оны кім береді?
Біреулер сельсовет береді деген сөз айтты.
Сельсоветке келдім.
— Біз бұл мəселемен шұғылданбайтын болғанбыз. Аудандық атқару
комитетіне барыңыз. Сонда құрылыс бөлімі дейтін бар, егжей - тегжейін
сол айтады, — деді.
Ішектей созылған ұзын коридордан мен бұл бөлімді əзер іздеп таптым.
Өйткені, есігінің сыртына бір парақ қағазға жазған жазуын əбден кір басып,
көрінбейтін болған. Үңіліп, əрең танып оқыдым. Оқығанмен не пайда. Есік
қашан келсем жабық тұрады.
Бір күн, екі күн келейін. Ылғи жабық.
Жəне бір күн келіп, тұтқасынан тартып келіп қалғанымда, есік ашылып
келіп кетсін. Мен бұны күтпеген едім. Əрі қуанып, əрі таңғалғандай
болдым. Сопақша күңгірт бөлме ішіне толған темекі түтінінен одан бетер
күңгірт тартқан. Төрде терезенің алдында бір тумбалы бір ғана стол.
Шылымды бұрқыратып сорған біреу отыр. Мен аудандық ресми бір кеңсеге
емес, оның жеке басынын ұйықтайтын бөлмесіне баса-көктеп кіріп
келгендей ол маған бақырайып қарап қалған.
Төңірегімнен отыратын орындық іздеп, таба алмадым.
Бөлмедегі жарыққа сəл көзім үйренген соң байқасам сақал - мұрты
тікенек боп, өсіп кеткен біреу екен. Үстіне кигені тік жаға көне сарғыш
китель. Жас шамасын мөлшерлеу мүмкін емес. Мүмкін, жиырма бесте
шығар. Мүмкін, елу бесте.
Отыратын орын болмаған соң, шаруамды түрегеп тұрып айттым:
— Мен осындағы орта мектепте мұғалім едім. Үй салсам деген ой бар.
Соған участокті қалай алуға болады?
— Үйді неден салмақсыз? Қанша бөлме етіп салмақсыз? Қашан бастап
салмақсыз? — деп, ежелегі сұрап алды да: — сіз бұл мəселемен колхозға
барыңыз, — деді əлгі.
— Колхозға?
— Бұл жерде колхоз қожа. Колхоздың жері. Сіз арызды участок сұрап,
колхозға жазыңыз. Олар қаулы шығарады. Сосын, сол қаулының
көшірмесін жəне салатын үйіңіздің жобасын алып бізге келесіз.
Үй салу үшін де біраз машақатты бастан кешу қажет екенін енді білдім.
Тəртіп солай болғасын амал нешік. Көнуге тура келеді.
Арыз алып, колхозға келдім.
— Арызыңызды тастап кетіңіз. Қазір науқан кезі, қарбалас. Бүгін-ертең
қарай алмаспыз. Науқан біткен соң қарармыз. Əуелі колхоздың басқарма
жиналысында қаралады. Сосын жалпы жиналыс қарап шешеді, — деген
сөз айтты.
Қиын емес шаруаны осынша қиындатын қойғанға басымды таңырқай
шайқап, сыртқа шықтым.
Күндер зымыран өтіп жатыр. Қаралған арыз жоқ.
Олардың науқаны біткенше, жаз да бітетін түрі бар. Мен асықты екен
ден, асығатын колхоз көрінбейді.
Тіпті бара-бара председательді мезі етіп біттім. Соңғы бір барғанымда
ол маған қатаңдау сөз айтты:
— Шырақ, сенің арызыңды қарамақ түгіл, өзіміздің басымыз қатып,
мұрнымыздан су кетіп жатыр. Арызың қаралады. Айтамыз өзіміз, — деді.
Менен басқа үй салмақ болғандардың бəрі - ақ қимыл үстінде.
Поселкенің ана шет, мына шеті бірі құр емес. Қаптап кесек құйып, үй қалап
жатқан халық.
Мен таңмын. Олар рұқсатты қашан, қалай алып үлгерді? Əлде алдын
ала қам істеп, қыста алып алды ма?
Жақынырақ маңдағы үй салып жатқан біреулердің қасына келдім.
Сыпайы сəлемдесіп, сосын, жұқалап сұрастырып көрсем, үй салуға рұқсат
қаулы, жоба дегеннен əлгі дым білмейді. Meн тап бір шүршітше сөйлеп
тұрғандай бетіме бажырая қарап: Неғылған қаулы? Неғылған жоба? Ол
кімге қажет? — дейді.
Маған ұқсап, үй салатын орын сұрап, ешкімнің алдына мөлиіп
бармаған. Осы араны өзіне ұнатқан да, бірден үй салуға кіріскен. Жоба да
өзінікі. Білетіні осы.
Жəне біреулерге барсам, ол да солай.
Үшінші, төртінші үй салушылардың бəрі солай. Əлгілердің көпшілігі,
тіпті, ауданда құрылыс бөлімі дейтін мекеме барын білмейді. Естімеген.
Естісе, осы қазір ғана менен естіп отыр.
Мен ақымақ болып жүргенімді емді білдім. Заңда, тəртіпте не шаруам
бар еді? Қазіргі жылы кездің əр күнін пайдаланып, іс тындырудың орнына
өзімнің мазам кетіп, өзгелерді қоса мазалап, кеңсе - кеңсенің
табалдырығын тоздырып, уақытымды текке өлтіріп, сандалумен
жүргенмін.
Колхоздың рұқсат қаулысымен, типтік жобамен үй салып жатқан бір
жан көрсем, көзім шықсын.
Заңды бұзба, тиме оған, айналып өт деген сөз осындайдан айтылса
керек.
Айналып етіп, енді мен де іске кірістім.
Поселкенің дəл орта тұсында, мектеп пен аудандық кітапхананың екі
аралығында ешқандай пайдаға аспай, бос жатқан жер бар. Он сотықтап кем
емес. Мен үйді поселкенің шетінен емес, осы арадан салуды лайық көрдім.
Орталық Мектепке жақын. Шылдыр еткен қоңырау дауысын естіп үйден
шықсам да, сабағыма дəл барамын.
Заңмен, тəртіппен жүріп үйренгендіктен əлі де қашасоқпын. Ешкім
ештеңе демес пе екен деп, əуелі, бір демалыста, үй салар жерді қадалар
қағып, иемденіп қоршаған болдым.
Жоқ, тыныш. Қол қағар ешкім көрінбейді.
Будан соң қоршалған жердің бір шетінен кесек күю үшім балшық
жасайтын шұқыр қаза бастадым. Ауыз ашқан жан жоқ.
Батылдығым артып, үй салатын кісі жалдап, кесек құйғызуға кірістім.
Ешкім ештеңе демейді.
Жұмыс қызып жүріп берді. Ахмет дейтін чеченді жалдап едім. Бір қора
қатын-бала, қарындас - інілерін ертіп келеді. Таңның атуынан күннің
батуына дейін істейді. Күн шуақ, жауын-шашын жоқ. Құйылған кесек
тобарсып тез кебеді. Үйді қалап, іші-сыртын сылап, ақтап беруді Ахмет
мойнына түгел алған.
Ахмет арақ ішпейді. Бес уақыт намаз оқып, тамақ ішкенде ғана
жұмыстан қолы қалт етеді. Басқа кезде тыным алғанды білмейді.
Бас-аяғы бір жетінің ішінде үйге қажетті кесек түгел құйылып бітті.
Жəне бір жетіде үй қаланды. Үшінші жетінің аяғында төбесі түйе тайлы
боп жабылған, есік терезе орнатылып, іші-сырты сыланып, ақталған, екі
бөлме алдында кіре беріс шағын кілеті бар жаңа үй даңғырап шыға келді.
Ағаштың тапшылдығынан шатырлы үй бұл жақта сирек. Жəне жауын
да аз.
Ал еденін тақтайлау ол кейінгінің жұмысы. Taп қазір менің қалтам оны
көтермейді.
...Біздің үйде той — жаңа қоныс тойы.
Өзім өз боп өмірімде тұңғыш рет баспана салып кірдім. Өзімдікі дейтін
түңғыш шаңырағым. Қуанышым зор - ақ.
Қоңақтарымның бəрі дерлік мұғалімдер. Ішінде аудандық оқу бөлімінің
меңгерушісі Əміров бар.
Көңілім қаламаса да, мектеп директоры Жақыбаевты да шақырдым.
Тастап кетудің ретін таба алмадым. Келді. Тек сыпайыгершілік үшін
шақырып отырғанымды ол, əрине, біледі.
Қой сойылған. Бір бөшке бал сыра. Арақ.
Шарап мұнда сəн емес. Шараптың бұндағы аты қызыл арақ. Қызыл арақ
десе, жұрт тыжырынып қарайды. Əйел де, еркек те ауыз былғап ішкен соң
ақаңның қызылын емес, мөлдіреген тап - тазасын ішуді тəуір көреді.
Əуелі арақ жол салып береді. Сосын, сыра сорапталады.
Қонақты, мүмкін болғанынша, мас етіп, үйін таба алмайтын етіп жіберу
— ол енді мақсат.
Бұл демалыс күні болатын. Ет жегеннің соңынан, екінші рет шай
ішілердің алдында, бəріміз сыртқа есік алдына шығып, бой жазып,
кеукілдесіп тұрмыз. Нағыз орталық кешеден бұл ара қаға беріс. Көшемен
өтіп жатқан жұрт аз.
Бір кезде мектеп жақтағы көшенің мүйісінен аяғын тəлтіректеп басқан
біреу көрінді. Аяғына етік, галифе шалбар, китель киген. Кителінің бар
өңірін ағытып, ашып қоя берген. Көшенің кеңдігінен екі жақтағы үйлерге
соғылмай, əрең жол тауып келе жатыр.
Ол анадайдан шоғырланған бізді көрді. Бізге қарай ойыса жүрді.
Таныдым — сол əлгі ауаткомнің құрылыс бөлімін басқаратын жігіт, өзімнің
ескі досым.
Біздің дəл қасымызға келіп тоқтады, Əркім - əркімге үңіліп қарап,
амандасқан болады. Бір кезде қолын маған ұсынды. Көздерін жыпылық жыпылық еткізіп, мені жөндеп тани алмай тұр. Таныса да, есіне түсіре
алмай тұр.
«Анаң сырқат. Тез жет!»
Телеграмма сөзі қысқа. Қысқа да болса, айқын.
Қайтейін, қанатым жоқ. Қанатым болса ұшар едім. Апыл - ғұпыл
жиналдым да, станцияға қарай жүретін машина іздеп, тартып жөнелдім.
Зағипа ай - күніне тақап отыр. Жол жүруге жарамайды.
Жолшыбай машина тауып, екі жүз шақырым жердегі Темір жол
станциясына, одан поезбен Алматыға, Алматыдан жəне машина іздеп,
Қарасазға, Қарасаздан Тұйыққа үйге жеткенімше бес күн өтіп кетті.
Мүмкін болған жағдайдың бəрін пайдаланып, ақшаны бетіне қарамай
шашып жұмсаумен құс болып, ұшып жеткен түрім осы. Анашым ауыр
халде екенін естігенде, жан шыдасын ба? Одан қымбат, одан құрметті кімім
бар? Бізді, Сəрсебек екеумізді, өсіріп, адам етуден басқа ол өмірде не
ойлады? Осы жолда тартпаған азап - мехнаты қалды ма? Не қызық көрді
бейшара жан?
Жас кезімде үлкендердің аузынан алдамшы өмір, опасыз ит өмір деген
секілді сөздерді көп еститін ем. Бірақ қандай мағынада айтылады деп, маң
беріп, ойлана қоймайтынмын. Енді осы жолы ойландым. Осы жолы бар
жан-тəніммен шамырқана сезініп, ұққандай болдым. Иə, адам өмірі деген
тесік шелекке құйылған су тəрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны
шаруа - қамымен күйбеңдеп, басып қатып жүргенде, бір күні, сарқылып
бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің.
Алдамшы емей, немене? Опасыз емей, немене?
Тұйықтың да төбесі көрінді - ау. Ауыл сол баяғы орнында. Баяғы ел.
Күйбең - күйбең баяғы күйпі тіршілік. Ештеңе де болмағандай. Ешкім өліп
- жітілмегендей. Байқасаң, өмірлік алдамшылығының бұл да бір қыры.
Мені анамның ыстық құшағының орнына жаңа қазылып көмілген түсі
суық, томпиған қабір қарсы алды. Бір ауыз тілдесіп, қоштасып та
үлгермедім асыл жанмен. Өмірдің опасыздығы емей, немене бұл?
Қаныша жеңгем аңырап жалғыз отыр.
Анам көп ауырмапты. Кешқұрым ойбай басым, басым деп жығылған
төсегіне. Ертесі дүние салған. Жарықтық: а, құдай! Алар болсаң, жанымды
қинамай ал. Бала-шағаға масыл қылмай, қор қылмай ал деп, ылғи да
жалбарынып, тілеп отырушы еді. Құдай оның дəл осы тілегін айнытпай
беріпті. Бейшара жан, арманыңа бір жетіп өтші дүниеден деп, жанын
қинамай алыпты.
***
Анамнан өлі айырылсам, Қаныша жеңгемнен тірі айырылып, қайғы
үстіне қайғы арқалап қайттым.
Қаныша да менің анам еді. Кіші анам еді. Қиын-қыстау кездердің
бəрінде бір дəнді бөліп жескен, ыстық - суықты бастан бірге кешкен
қимасымның нақ езі еді ғой. Біз үшін, Сəрсебектің оты өшіп, шаңырағы
құламау үшін, ол не керіп, неге көнбеді? Бəріне де көніп еді.
Енді сол аяулы жеңгем оқу жылы аяқталған соң келіп, қорғанға көшіріп
əкетейін десем, бас шайқайды. Айтатыны:
— Ерка, сен мені көшіріп əкеткенде не істейсің, қалқам? Арбаның
бесінші дөңгелегі секілденіп сендердің соңдарыңа жармасып алғаным
жараспас. Жылы орнымды суытып, тағы да кімнің алдына барып, қызмет
сұрап тұрмақпын? Одан да ол күнімді өзім көрейін. Тағдырдың маған деген
де бір жазуы бар шығар. Сəрсебек кебін киіп кетпеп еді. Кебенек киіп кетіп
еді. Үмітімнің шырағын, шамам келгенінше, əлі де өшірмеуге
тырысармын... Еңкейген, етегіне сүрінген кəрі емеспін. Өз жанымды өзім
баға алатын шығармын. Менің бұдан былайғы өміріме сен енді ерік бер,
қалқам.
Жеңгемнің бұл айтқан сөздерінде қаншама терең мағына, астар жатыр.
Лебі қаңтардай қатал болғанымен қаншама бас бұрғызбас өмір
шындығы жатыр. Кеше болып кетпесем, мен бəрін де түсінемін. Иə, ол жас
əлі. Өмірімнің алды анау, арты анау деп, тоқыраған жан емес. Əлі де үміті
бар болашақтан. Сондықтан да, өзі айтқандай, арбаның бесінші дөңгелегі
болып, өмір-бақи бізге тіркеліп жүре алмайтыны белгілі.
Осынын осылай екенін іштей мойындасам да, сыртымнан бір ауыз,
жеңгем, сөзін дұрыс деп айту мен үшін қиын. Мен тек еріксіз егіліп,
жылағанды білдім. Əлім ə дегенде өзімнің екі көзіме ғана жетті. Екінші
анамдай болған аяулы жеңгемнен ажырау бұл мен үшін тым қиын жағдай
еді. Өзімнің төрт мүшемнің біреуін өз еркіммен кесіп тастағанмен тең еді.
Қайтейін, қиналып, күйзелсем де, көнбеске шара жоқ.
Ой, ит тағдыр-ай! Кейде пендеңді аяу дегенді білмейсің - ау!
Қорғанда екінші жыл мұғаліммін. Мектеп басшылары сол бұрынғылар.
Мұғалімдердің ішінде бірлі-жарым кеткендері, келгендері бар.
Шынымды айтсам, беті ашылған келіндей, мен бұл кезде мектеп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 18
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.