Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 15

Total number of words is 4185
Total number of unique words is 2370
33.6 of words are in the 2000 most common words
48.7 of words are in the 5000 most common words
56.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
күнде ол да оқуын бітіреді, өзінің Павлодарына жолдама алады.
Алматымен хош айтысып кетеді.
Маржанға ұқсап, сол кеткеннен мол кетіп жүрмей ме?
Бір жылға дейін кім бар, кім жоқ?
Төсегінің үстінде жастығын жұмарлап арқасына тіреп, еңсесі түсіп
отырған Мұқан, оның сондағы аянышты түр-түсі кез алдымнан кетпейді...
Зағыш енді мен үшін айықпас уайымға айналды.
Иə, ел ішінің жайы өзіме белгілі. Алматыдан оқу бітіріп келген
сереңдей бойжеткенді ондағы жұрт өз еркін өзіне беpiп, жайқандатып қоя
ма? Тіпті де қоймайды. Үйден кадам аттап шығып көрсін, бұғалықты анаң
да, мынан да лақтырушылар табылады. Соның бірі болмаса, бірі Зағыштың
нəзік қылмойнына тұзаққа сап етіп ілігеді. Болды — бітті, тулағанмен енді
ештеңе шықпайды. Маржанға ұқсап, Зағыш та сатып алған малша
əлдекімнің жетегінде томпаңдап кете барады. Ең мықтағанда маған көз
жасын сорағытып: «Ал, кеттім мен... Кеттім су түбіне. Мəңгі-бақи қайта
шықпас болып кетіп барам...» деп, дəрменсіз хат қана жазып үлгереді.
Уəдеге берік қыз ана Маржандай-ақ болар. Əне, не келді соның
қолынан? Түк те келген жоқ.
Бірін бірі шынайы сүйді деген жандар. Мұқан мен Маржандай-ақ болар.
Иə, бір жыл ол айтуға ғана оңай. Əйтпесе, аз уақыт емес.
Ойлай берсем, күдік үстіне күдік жамала береді. Жəне бəрі де қисынды.
Мұқанға туған қайғылы күн ертең маған да туатыны сөзсіз тəрізді.
Зағышты уысымнан шығарып, еліне жібермеуім керек секілді. Егер
сүйетінім рас болса, осы биыл, қалай да, үйленуім керек. Əйтпесе,
басымды бекерге қатырмай, ол жайлы мүлдем ұмытуым қажет.
***
Шешем мен жеңгемнен өзге кімім бар ақылдасар? Қысылып,
қиналыңқырасам да Зағыштың жайын оларға айтпақ болдым. Не дер екен?
Бір күні кешкі шайдың үстінде əзіл шыны аралас етіп:
— Апа, осы үйленсем қайтеді? — дедім.
— Үйлен, — деді шешем менен тек осы сөзді күтіп жүргендей іліп
əкетіп.
— Жоқ шын айтам.
— Е, мен қалжың айтып отыр ғой деймісің? Үйлен. Үйленетін уақтың
баяғыда болған. Сен құралпы балалар осы күні бəрі үйленді. Алды əкешеше болып, бала сүйіп отыр. Сен солардан кембісің?
Баласының ер жетіп, үйленуін қазақ қуаныш көреді. Адам болғанның
белгісі осы деп біледі. Сол мінез, сол түсінік менің шешемде де бар. Бір
кезде Сəрсебек ағайыма да үйлен, үйге бір шүйкебас кіргізіп бер деп,
құлағын қажап маза таптырмайтын.
Қаныша жеңгем шешемді қостады:
— Жақсы адам болса, біріңді бірің шынайы сүйсеңдер, бар да алып кел.
Ендігі жылға қарататын түк те жоқ. Сен оқуыңды бітіргенше осында болар.
Менімен бірге қызмет істер.
Қашайын деген қоянға тəйт деген себеп, мен енді үйленуге бел
байладым. Зағышпен бұрынғы жасаған уəде - жоспар тас талқан бұзылды.
Алматыға оған тығыз телеграмма жөнелтілді: «Күт мені. Келем!»
***
Тұйықтың халқы Нұрəліден құтылған. Колхоз председателі бұл кезде
Ақжігітов дейтін ындыны жуас, адал, өте бір қарапайым, жақсы адам.
Қарасаздан келген. Мен оны бұрыннан білем. Соғысқа дейін ауданда
колхоздың бастығы болатын. Сол Ақжігітов менің үйленгім келетінін біліп,
есімнен кетпейтіндей жақсылық жасады.
Бірнеше айдың жалақысын құрастырып, осы көктемде жеңгем біреуден
бір ұрғашы тана сатып алған екен. Өссін, сауын болсын деген үміт тағы.
Ақжігітовтың жəрдемімен соны енді колхозға өткіздік те, орнына мынау
деген əрі үлкен, əрі семіз нілдей көк өгіз алдық. Оны Қарасазға апарып
сойып, етін қасап етіп саттым. Еттің əрі зəру, əрі қымбат кезі. Жарты күнге
жеткізбей талап əкетті. Түскен ақшаны қалтама салып алдым да, Алматыға
Зағышқа тарттым.
Институттарда оқу жылы аяқтала қоймаған. Менімен бірге оқитын
студенттер əлі демалысқа тарап үлгермеген.
Зағыш менің не оймен шұғыл келе жатуымды, əрине, түйсінеді.
Міне, ол екеуміз тағы да біргеміз.
— Неге келдің?—деп күледі.
— Сені алып кетуге келдім.
— Уəде қайда?
— Уəде бұзылды.
Ресторан жалдап, той жасап үйленуге шама келмейді. Ен жақын деген
бес алты жолдастарыммен Зағипаны ортаға алып, парктегі ашық асханаға
келдім. Манты, сыра, арақ алдық. Біздің ерлі - зайыпты болуымызды
осылай атап өттік.
«Той» соңынан жолдастарым жатақханадағы бөлменің кілтін маған
беріп, қолымды үнсіз қысып, таңертеңге дейін сау болыңдар деп, өздері
басқа жақтан орын тауып түнемекке тайып отырысты.
Зағышты қолтықтап, жатақханаға алып келдім. Шам жақтым. Біреуіне
біреуі тақала қойылған алты төсек. Соның терезе жақ бұрыштағы біреуісі
менікі. Осындағы басқа төсектерден ешқандай да айырмасы жоқ.
Тап кəзір қолым жаңа жеткелі тұрған жар сүюдің қуанышын ойлап,
жүрегім атша тулап, есікті ішінен кілттеп, бекітіп жатырмын.
Шам сөндірілді...
Сөйтіп, бас - аяғы бір түннің ішінде семьялы адам болып, шыға келдім.
Көк өгіздің біраз ақшасы қалтада. Зағыш екеуміз оған көк базардағы
дүкендерді аралап, екі кісілік темір кереует, жамылғы - төсеніш тəрізді
біраз заттар сатып алдық. Өзіміздің ауданның жолшыбай бір машинасы
кездесіп, ешқандай əуре - сарсаңсыз Тұйыққа жеттік.
Есіктің дəл алдында дыр ете қалған машина дауысын естіп, үйден
шешем атып шықты. Соңында көрші əйелдер. Келген біз екенімізді көріп,
шулап үйге қайта кіріп кетті. Дайындаған шашулары бар екен. Машинадан
түсіп те үлгермеген Зағыштың төбесінен қант, кəмпит, құрт аралас нөсер
тасырлап жауды да кетті.
Шофердан бастап, талапайлап теріп жеп жүр.
...Күз. қалаға кайтып келдім. Əлі бір курс оқуым бар. Зағипа өзіміздің
ауылдағы мектепке бастауыш кластардың біріне мұғалім болып
орналасқан.
Тек шешем ауырып қала береді.
Көктем. Лекция баяғыда тоқтаған. Мемлекеттік емтиханға бас алмай
дайындалу үстіндеміз. Қаныша жеңгемнің қолымен телеграмма алдым:
«Ұлды болуыңмен құттықтаймын!»
Ура! Мен əкемін! Əке қандай қуаныш!
Ұл тапқызған əкемін. Бұл енді мақтануға тұрарлық жай.
Жатақханада өзіммен бірге тұратын жолдастарым түйгіштеп жүр:
— Ұлыңды жуасың, — дейді.
Е, жумай ше!
Сыраханада гу - гу етіп, менің ұлымды жуып отырмыз,
— Бейшара, бойдақтар, ішіңдер менің арқамда.
Мұқан да осында.
— Сен дұрыс істедің. Былтыр үйленбегенде, Зағипа саған жоқ еді, —
дейді. Өзінің басқа біреуге, көлденең көк аттыға бұйырған Маржаны есіне
түсіп, бір сəтке тұнжырап, сұлық отырып қалады.
— Оу сəбиге ат қою керек емес пе?
— Атты, мүмкін, қойып та қойған шығар?
— Жоқ, қоймайды. Əкесінің еркінсіз балаға ат қойылмайды.
— Онда ат табыңдар. Мынау деген əйдік ат болсын. Адам аттары қарша
борап жауып кетті: Бақыт, Серік, Қуаныш, Мұрат, Арман... Біреу тізіп
жазып отыр.
— Тағы қандай?
— Дарын, Мақсат, Жігер...
Əркім дүниедегі ең соны, ең əсем атты айтпаққа тырысады. Сəбидің
алдағы уақытта кім болып шығатыны оған бүгін қойылмақшы атқа тікелей
байланысты тəрізді.
— Соны, соны ат болсын.
Соны ат оңайлықпен табыла ма? Сау да емес, кілең ішіп алған мас
бастар. Mac кезде адам ойлап жарыта ма? Тіліне бірінші оралған атты айта
салады:
— Есіл болсын.
— Есіл ол өзен аты.
— «Есіл ер» дейтін де сөз бар емес пе?
— Есіл ер деп, өлген адамға айтады
— Тəйт, жағың қарыссын!
Өңешті жырта - жырта, ақыры, «Қуаныш» деген атқа тоқтадық. Ата анасының тұңғыш қуанышы, кəзіргі нақ көңіл күйі.
— Идея!
— Айт!
— Осы отырған бəріміз де бір кезде үйленеміз. Бəріміз де ерлі зайыпты боламыз.
— Мына мен үйленбеймін!
— Үйленбесең, өзіңмен кет! Тыныш отыр, мына менде мынадай бір
ұсыныс бар: Тұңғыш туған балаларымыздың атын қай-қайсымыз да
Қуаныш деп қояйық! Өйткені...
— Ура! Мен қолдаймын!
Өйткені, Қуаныш деген ат ұлға да, қызға да бірдей жарасымды.
— Табылған ақыл!
— Мынау тарихта қалатын нəрсе!
— Əй, осы өзі тегін емес. Осының басы бас - ақ!
Бəріміз серт байласып, қол алыстық.
Арада екі-үш жылдай уақыт өтеді. Осы отырғандардың бəрі семьялы
болады. Дүниеге тұңғыш балаларын əкеледі. Бəрінің аты Қуаныш.
Қазақстанның түкпір-түкпірінде кілең Қуаныш атты балалар мен қыздар
томпаңдап жүгіріп жүреді.
— Қане, сол үшін!
Кілең Қуаныштар үшін!
Осы отырған бəріміз де сертімізде тұру үшін!
Қызмет десе Зағипа өзін - өзі ұмытатын əдеті.
Тірі ойыншық тəрізді тырбаңдаған, шала туған Қуанышты ендігі бағып
- қағушы өзі аурушаң шешем. Түнде ол бесікті төсегінің қасына алып
жатады. Сəбидің қыңқ еткен дауысы естілсе, тұрып тербетеді. Асты су
болса, жаялығын ауыстырады. Күн ара темір пешке от жарып, легенге су
ысытып шомылдырады.
— Өс! Өс! — деп, аяғынан, қолынан салбыратып ұстап созғылайды.
Маған сол кезде сəбидің əлі бекімеген нəзік аяқ-қолы үзіліп кететіндей
көрінеді. Ол шыр -шыр етіп жыласа, жаным ашып:
— Апа, ауырттыңыз ғой, ақырын, — деймін.
— Тəйт! Маған ақыл айтпай, аулақ кет. Өзің қалай өскеніңді білемісің?
Үйде апам барда мен Қуанышқа онша көп жоламаймын. Анадай жерде
столда бас алмай, емтиханға дайындалумен болам. Апам оны-мұны
жұмыспен үйден шығып кетсе - ақ, бесіктегі сəбиге жетіп барам.
— Қуаныш! Əй, Қуаныш.
Бет-əлпеті əлі қалыптасып болмаса да, сəбидің аумаған өзім екені
селтиген танауынан, жұп-жұқа қызғылт еріндерінен, қас-қабақ бітімінен
бірден танылғандай. Соған біртүрлі ішім жылып, қызықтап қуанып
қараймын.
Мектеп көшенің ең шетінде, дөң үстінде. Соған қарай аяғымды жайлап
басып, келе жатырмын. Ең соңғы балаларға дейін қасымнан өтіп кетті. Ал
Зағипаның қарасы көрінбейді.
Жүре - жүре мектепке де жеттім. Ішке бала көтеріп кіруді ыңғайсыз
санап, сол арада сыртта тағы бірталай тұрып қалдым. Жер жұтқандай
Зағипа əлі жоқ.
Сəби безілдеп, тағы жылай бастады.
Мен оны жұбатпақ боп орауымен секіртіп аспанға атам. Сəби
жұбанбайды одан бетер шыр - шыр етеді. Тəжірибесіз қолмен алқам салқам орала салған көрпеше əлсін-əлсін орауы жазылып, сəбидің жалаңаш
тəні көрініп те қалады. Мен маубас бұған мəн бермеймін. Уыздай нəзік
нəрестеге суық тиюі мүмкін - ау деп, ойлап та қоймаймын.
Бір кезде, əрең дегенде, мектептен Зағипа шықты. Мұнша неге кешіктің
десем, директор шақырып, отырып қалдым дейді.
Мектептен шыға суық жел азынаған төбешіктің үстінде отырып, ол
шыр-шыр еткен Қуанышты емізе бастады. Сəбиді мүлдем өлтіруге ол
маған солай көмектесті.
Үйге келісімен шешем баланың бетін ашып, қарап жіберді де:
- Тұқымдарың құрып кеткірлер - ай! Сендер мына баланы
құртыпсыңдар ғой! Қырқынан шықпаған нəрестені қылтанақтай етіп
көшеге желге алып шыққан кімді көріп едіңдер? Балаға суық тигізіпсіңдер
ғой — деп жылап жіберді.
Екі өкпесі сыр-сыр етіп, еті күйіп - жанып жатты да, Қуаныш сол түні
ел жатар кезде қайтыс болды.
Ең соңғы рет ышқына демалып, ап-айқын сəби көздерін кең етіп ашып,
маған жəудірей қарағанын айтсаңыз. «Əкем, қайтейін, хош бол. Дүниеге
келмей жатып кетуіме себепкер өзің болдың» дегендей адамның ішібауыры елжірегендей күнəсіз ауыр мұң, наразылық бар еді көз қарасында.
Сəбидің сол кейпі есімнен өмір-бақи кетпек емес.
Мемлекеттік емтиханның болғанынан боладысы қорқыныш.
Осыншалық жауапты үлкен сыннан бір де бір студент сүрінгенін мен
өзім көрген жоқпын. Тіпті, аузың қайсы десе, мұрнын көрсетіп, қасақана
сүрінгісі келсе де, сүріндірмейтін тəрізді. Комиссия мүшелерінің бірі
қолынан, бірі қолтығынан демеп дегендей, асудан қалай да, асырып əкетеді.
Олар тек осы үшін — ешкімді емтиханнан құлатпау үшін отырғандай.
Шынтуайтқа келгенде мемлекеттік емтиханның
жарамайтын маубастар біздің курста бар болатын.
маңын
көруге
Ондайларға комиссия мүшелерінің айтар сөзі. мынадай секілді:
— Шырақ, мемлекет сені төрт жыл бойы тегіннен тегін оқытты. Қоғам
үшін қажетті білімді маман етіп шығару жолында қыруар қаржы жұмсады.
Енді кеп, маман болмаймын, надан болам, институтты бітіргім келмейді
дейсің. Жоқ шырақ, оныңнан түк шықпайды. Маман болсаң да боласың,
болмасаң да боласың. Институтты бітірсең де бітіресің. Бітірмесең де
бітіресің. Бұл үшін мына отырған комиссия мүшелері тиісті орындардың
алдында бастарымызбен жауап береміз.
Дəл осылай дейтін тəрізді.
Онысы рас-ау деп те қаласың.
Ал білімсіз нашар маман даярлағаны үшін оқу орны жауап беріпті
дегенді мен өзім естіген жоқпын.
...Ең соңғы мемлекеттік емтиханды «беске» тапсырып, арқамдағы ауыр
жүктен біржолата құтылып, шығып келе жатырмын. Есік алдында дəлізде
əлі емтихан тапсыруға кірмеген топырлаған өзімнің студент жолдастарым.
— Қалай тапсырдың?
— Қандай сұрақтар келді?
Мен жауап беру орнына əлгілердің қоршауынан шеткерірек сытылып
шықтым. Сосын шекемнен ежірейе қарап:
— Ей, байғұс, студенттер - ай, жаным ашиды. Сендер де маған ұқсап
институт бітіретін күндерін болар ма екені—дедім.
- Жолдастарым еріксіз күлісіп жатыр.
***
Мемлекеттік емтихан басталмас бұрын бізді, институт бітіретіндерді
кызметке бөлу болған. Аспирантурада оқуға қалу, астанада кызметке қалу,
басқа қалалардағы жоғары оқу орындарына, техникумдарға мұғалім болып
бару секілді болашағы бар, мəнді қызметтер яғни жіліктің майлы басы күні
ілгері əркім - əркімше меншіктеліп, атап-атап қойылған. Ол«əркім - əркім»
оқуды озат оқитындармен катар жоғарыда сүйеніші барлар, тоқпағы
мықтылар. Ал менде тоқпақ та, сүйеніш те жоқ. Бірақ оқуды мен де озат
оқимын. Төрт жылдың ішінде бір ғана пəнді «төртке» тапсырдым.
Қалғанының бəрі «бес». Мемлекеттік төрт емтиханның бірін «төртке»,
қалғанын «беске» тапсырдым. Соған қарамастан маған жіліктің майлы
басы түгіл жай басы да бұйыратын емес. Қызметке бөлетін комиссияның
алдында тұрмын. Тым құрыса, Алматы облысына қалдыруды өтінем.
Біріншіден, осында туып-өстім. Өз облысым. Екіншіден, əдебиетпен
əуестенуші жас ақынмын. Өлеңдерім газет-журнал беттерінде басылып
жүр. Балаларға арналған тұңғыш өлеңдер жинағымды жуырда баспа
қабылдап алды. Астанадан ұзап кетсем, бұндағы өзім жаңа үйір бола
бастаған əдеби қауымнан қол үзіп алам ғой деймін. Мұның бəрін комиссия
мүшелеріне əрі мақтан етіп, əрі бүйректері мен жаққа бұру үшін айтам.
Сөйтсем, менің өзіме де, талантыма да пысқыратын жан көрінбейді.
Комиссия председателі Оқу министрлігінен келген, қамбала балық тəрізді
қарны қампиған тапал сары шал:
— Мылжыңдамай бол, аталған мектептердің біреуін таңда, — деп, əуелі
зекіп, ұрса бастады.
Ол атап, ұсынып отырған мектептер Қазақстанның қайдағы-жайдағы
қиыр түкпір -түкпірінде.
Шырт етіп, қырсығым ұстап:
Мен ол аталған мектептерге бармаймын, — дедім.
Сары шал қасындағы институт директорына бұрылып: Осындайлар
институтқа қалай түсіп кетіп жүр? Қуу керек қой! Институт есігіне бір
шақырым жерден қуу керек бұндайларды! — деді.
Болар іс болғасын мен де тартынбадым. Енді мені Камчаткаға айдаса да
бəрі бір еді:
— Сіздер қызметке дұрыс бөліп отырған жоқсыздар — дедім.
Сары шал шат - шəлекей болды:
Сен бізді тексергің келе ме? — деп, столды быртық жұдырығымен
қойып келіп қалды.- — Қара! Қара мұны! Анкетасының түрі болса
мынадай сатпақ – сатпақ... сөйте тұрып тағы өзі...жіберген мектепке
барғысы келмейді. Олай болса, біз саған мүлдем жұмыс бермейміз! Ал
онда қайтер екенсің? Иди куда хочешь. Жалуйся кому хочешь. Ишь ты!..
Ашуы алқымына тығылған сары шал сөзінің соңын айта да алмай
қалды. Бүкіл мойны -басы, үш этаж боп қатпарланған бұғағы піскен шаян
тəрізді қып-қызыл болып кетті.
Meн оның сөзін үнсіз тұрып тыңдадым Ішімде бомба жарылуға дайын
еді. Бірақ жарылмады. Ғажап ұстамдылық көрсеттім. Бəрінен де сары
шалдың менің баяғыда екі рет сотты болғанымды есіме салып жатуы етім
түгіл, сүйегімнен өтетін тілдеп, жəбірлеу еді.
Осы бір жексұрын атақ сөзден менің құтылатын күнім бола ма, жоқ па?
ҮШІНШІ ДƏПТЕР
Тулағанмем ештеңе тындыра алмадым. Менің тағдырым Оқу
министрлігінің қолында еді. Оларсыз барар тау, басар жерім жоқ жəне де
өмірдің осынау кең жолына қадам аттап шығар кезде артыма бірқыдыру
бықсыған шала байланарын сезгендіктен, ақыры, əлгі аталған мекемеге
сүмірейіп, қайта қайтып келдім. Сырт тұлғасы камбалаға ұқсайтын нені
иттен жек көріп үлгерген быртық сары шалдан — министрліктің кадрлар
бөлімі бастығының алдынан қайта шығуға мəжбүр болдым.
Алысқа ұзай қоймайтынымды ол білген. Мойнымдағы бұғалықтың бір
ұшы шеңгелінде ененің оны үзіп жөнелуге дəрменім жоқтығын ол білген.
Көнбіс болған мəстекше ерте ме, кеш пе ноқтаға басымды өзім əкеп
тығатын кезімді күтіп отырған.
Кеспелтек семізше денесін орындықтың арқалығына мығымдай тіреп,
мен жеңілген, ол жеңген тəкаппар пішінде мысқылмен сөйледі:
— Кел, қол, бунтарь жігіт. Қалай, ақылын, кірейін деді ме? Алыс
облыстардың біpіне қызметке баратын болдың ба? Жоқ əлде...
Жуасып келіп тұрғанымды түрімнен байқаған ол сөзінің соңым
айтпады.
— Бармасқа лажым жоқ.
— Өкімет сендерге қыруар қаржы жұмсап отырады. Білім береді. Ал
сендер мемлекет алдындағы борыштарыңды ұмытасыңдар... — деп, сары
шал жаттанды сөздерімен тағы біраз қажай түсті.
Екі иығым салбырап, тілімді тістеп, тұра бердім. Бір ауыз қарсы
сөйлесем, өзіне қарсы қол көтерген қабаған итше өшіктіріп алам. Ол маған
тап қазір зиян. Өйткені, алыс облыстардың да күн көруге қолайлы
дұрыстау, бұрыстауы бар. Соның дұрыстау біреуіне жіберсе екен деп,
тəуелдімін.
Бағамды онша түсіргім келмей, кергіген болдым да, келістім, ақыры.
Ендігі дəм маған кең байтақ Қазақстанның оңтүстік батысынан, өзім бұрын
болмаған, көрмеген Н. облысынан бұйыратын болды. Бұрын тек сырт
естумен білетін бейтаныс өлке. Бейтаныс адамдар.
Министрлік əйеліме де осы арадан жолдама беріп жіберетін болды.
— Шет облыстарға сендер бармағанда, кім барады? Білім мен
мəдениеттің ұрығын ауылдық жерде сендер сеппегенде, кім себеді? Алыс
облыстарда осы күнге дейін əлі де бір жоғары дəрежелі білімді мұғалімі
жоқ орта мектептер бар. Қалай ойлайсың, осы жарай ма?
Сары шалдың бұл айтып жатқандары, əрине, қисынсыз емес еді.
Поезд үсті. Плацкарт вагон. Оңтүстік қайдасың деп, Зағыш екеуміз
жолға шыққан бетіміз.
Бір айдан аса Тұйықта, елде болдым. Ол менің үлкен еңбек жолына
аттанар алдында демалып, күш жиғаным іспетті еді.
Шешем мен Қаныша жеңгем бізге ілеспеді. Жылы орындарын əзірше,
суытпауды, Тұйықта қала тұруды лайық көрді. Қандай ел, қандай жер кез
келерін кім біліпті. Əуелі өздерің барып көріңдер. Жайғасыңдар.
Жағдайларың келісіп, сол араны түпкілікті жерсінгендей болсаңдар, біздің
баруымыз қашпас деген сөзді айтты шешем.
Мекенсіз, елсіз біреулерше бір - екі бөстек көрпе-жастығын арқалап, бір
дегеннен біздің соңымыздан ұбап - шұбағанды жөн көрмеді.
Бұнысы жөн еді.
Поездың жүрісі біртін - біртін үдей түсті. Алматы бұлдырап арпа қалып
барады. Өзіміз пəлен жыл оқу оқып, білім алған, туған аулымыздай етене
болған бауырмал қала бізбен қош айтысып, артта қалып барады.
Қызығы, шыжығы мол ұмытылмас студенттік өмір артта қалып барады.
Алда буалдыр басқа өмір, басқа тірлік. Ыстық - суығы барабар қастерлі
ұстаздық қызмет.
Терезенің ар жағы дала. Етек-жеңі далиған, көз тоқтар бұлдыры жоқ.
Қазақтың жайдақ кең даласы. Жер танабын қуырған жүрдек поезд даланың
осы кеңдігін жеңе алмағанына ыза болғандай оқтын-оқтын құлақ тұндырып
ақырады.
***
Төменде бізге қарама қарсы орында, түр-түсі бір көргеннен есте
қаларлықтай, басы өгіздің басындай үлкен, көз қарасы ойлы да байсалды,
ақ бас орыс шалы келе жатыр. Бүкіл бетін, мойнын, мұрнының танау танауына дейін айғыздап əжім басқан. Қызарған екі көздің, алды
салбыраған екі ісік дорбаша. Қысқасы, талайды көрген, от пен суды талай
кешкен адамның сыңайы.
Манадан Зағипа екеумізге барлап көз тастаумен отырған ол бір кезде
сəл ыңыранып, біздің назарымызды өзіне аударып алып, қоспасы жоқ таптаза қазақ тілінде:
— Балалар, жолдарың болсын. Қайда кетіп барасыңдар? — деді.
Мен Алматыда оқу бітіргенімізді, өзіміз бұрын болмаған оңтүстікке,
Қорған дейтін ауданға, мұғалімдік қызметке кетіп бара жатқанымызды
айттым.
Шал тағы да ыңыранып қойып:
— Өз еріктеріңмен бара жатырсыңдар ма? Болмаса, зорлап жіберді ме?
Мен мырс еттім;
— Е, неге зорлайды? Өз еркімізбен.
— Жақсы. Қорғанға да жоғары білімді адамдар баратын болған. Бұл
енді өте жақсы.
Міне, облыс орталығындамыз. Күн күйіп тұр. Жеміс - көктің бəрі дерлік
піскен.
Вокзалдың алды-арты түгел базар. Он адам бас қосқан жер базар.
Қазағы өзбек, өзбегі қазақ болып кеткен. Бастарындағы ала тақияға
қарап, ажырату қиын.
Шеттен келген адамды сонадайдан таниды. Жақындай бастасаң:
— Əке, ал, алың — деп, шоңайнаша жабысады.
Жүгімізді сақтық камерасына қалдырдық та, қалаға келдік. .
Облыстық оқу бөлімінің кеңсесін тауып алдық. Қорғанға бармас бұрын
əуелі осынан бұйрық алуымыз қажет.
Бізге керегі кадрлар бөлімі. Дəу де болса анау қаңылтырмен қапталған
қара есік. Иə, қателеспеппін.
Мекеме атаулының бар құпиясы, сірə, осы кадрлар бөлімінде сақтала ма
деймін. Өйткені мен көріп жүрген кадрлар бөлімінің бəрі дерлік темір
есіктің ар жағында болады. Бөгде адамды онда кіргізбейді. Темір есікке
қатарлас немесе темір есіктің дəл орта тұсында адам басы сыяр - сыймас
үңірейген тесікшесі болады. Сол арқылы сөйлесіп, тіл қатысады.
Бұнда да солай. Есікті тартып көрсем, мызғымайды. Сөйткенше
болмады, есіктің орта тұсындағы төрт бұрышты тесікше əрмен қарай
ойылып, ашылып кетті. Түр-түсі егде тартқан сары əйел отыр.
— Сізге не керек?
Ерлі - зайыпты екеуміз осы облысқа мұғалім болуға келген адамдар
екенімізді айттым.
— Жолдамаларыңыз бар ма?
— Бар.
Тоқымдай екі жолдама тесіктен ары сүңгіді. Тесік сарт етіп, қайта
жабылды. Күтудеміз. Шын жолдама ма, өтірік жолдама ма анализ алып,
зерттеп жатқан тəрізді.
Тесік кайта ашылғанда, кадрлар есебінің терліктей екі листогі менің
мұрнымның астында тұрды.
Мынаны толтырасыздар. Өмірбаян жазып, қосып, алып келесіздер.
Таныс əуен.. Таныс сөз. Зағипа да, мен де бұған шеберміз. Сол арада
отыра қалдық та, жаздық. Толтырдық.
Қағаздарды қайырып берін жатып, даусымды барынша биязылап:
— Біз сізден өтінеміз: мүмкін болса, сіз бізді қаладағы немесе қала
маңындағы мектептердің біріне қалдырсаңыз екен, — дедім.
Сары əйел қарсылық айтуға болмайтын, кесіп-пішкен үнмен бірақ
қайырды:
— Министрлік қайда жіберсе, сонда барасыздар.
Міне поезд келер уақыт тақады. Касса жабық. Жұрт енді мазасыздана
бастады. Кассаның терезесін тоқпақтап ұру көбейді.
Касса ашылды. Ар жақтан: — Билет сатылмайды. Поезда орын жоқ деп
хабарлады.
Мəссаған!
Жұрт у - шу, опыр - топыр болды. Күйініп, ұрсып, боқтап жатыр.
— Бұлар ылғи да өстеді.
— Адам емес...
— Əдейі өстеді!
— Жулики!
Манадан кассаның тесігін баққан халық ұбап-шұбап, буыншақтүйіншектерін арқалап, сыртқа перронға қарай лап қойды. Біз де ілестік.
Ысылдап-пысылдап, салмағымен темір жолды майыстырып, Алматы
жақтан поезд, келіп тоқтады. Жұрт вагон - вагонға ұмтылысты. Проводник
билет сұрайды. Билет жоқ.
Байқасақ билеті жоқтар қайтып кетпей, вагон - вагонға тырмысып мініп
жатыр. Проводникпен күбірнесіп сөйлеседі. Көз қысып, иек қағысады да,
лып етіп, мініп алады.
Мен - дағы тез түсіндім. Жас жігіт проводниктің құлағына қайда
баратынымызды айтып, сыбыр еттім. Ол маған сыбырлап, төлейтін
ақшамыздың санын айтты.
Сонымен шаруа бітті.
Ішке кірген соң қарасақ вагонда бос орын көп.
Он екі-он үш жасар қыз ерткен қазақ кемпір кіріп келе жатыр. Иығына
артып алған қоржыны бар. Басында кимешек, терлеп - тепшіп кеткен.
Əлгінде кассаның алдында өшіретте ол да тұрған.
Кемпір менің тұра қарсыма келіп отырды. Вагонда бос орынның көп
екенін көріп, күйіп-пісіп жатыр:
— Қараң қалғыр неме, орын жоқ дейді. Енді қара, мынау - мынау
орындар түгел бос. Одан да билет сатса, несі кетеді?
Кемпір басы - көзінің терін сүртіп, ентігіп басыңқыраған кезде:
— Шеше, билетсіз қалай міндіңіз? — дедім.
Пысық қу кемпір екен:
— Өзің қалай міндің?
— Біз прводникке көрінбей, зып етіп, кірдік те кеттік.
— Зып еткізіп кіргізер ол сені!
— Ал сіз қалай міндіңіз?
— Қалай мінуші ем. Ақша бердім.
— Қанша ақша бердіңіз?
— Əй, балам. Тексеруші құсамай жөніне отыр.
Поезд қозғалды. Жол жүрмек болғандардан перрон жым - жылас
тазарды. Қалып қойған бір жан жоқ. Сатылған бір билет жоқ.
Ермек болсын дедім де, кемпірмен сөзді қайта жалғастырдым.
Сыпайылап жөн сұрастым. Біз түсетін Шұбардан ол түседі екен. Осы
өлкенің байырғы тұрғылықты адамы. Қаладағы ұзатқан қызына барып келе
жатыр.
Кішкене шошақ иегімен Зағипаны нұсқап:
— Мына бала кім, зайыбын, ба? — деді.
Мен əзілмен жауап бердім:
— Есебі, солай десе де болады.
— Екеуің де барып, мұғалім болмақсыңдар?
Мұғалім етпей, директор етіп қойса да қарсылық жоқ.
Кемпір онша ұнатпаған түрмен:
— Əйтеуір, оқу бітіргеннің бəрі осы жаққа келеді, — деді.
— Еліңізге оқыған, білімді адамдар келуінен сіздерге не зиян бар?
— Е, зиян болмай. Өзіміздің балалар қызметке тұрайын десе, тұра
алмайды.
Кемпірдің қызық кемпір екенін байқаған соң, Үлкен кісі, айтыңызшы.
Осы жақта əлі. күнге қызына қалың мал шаруашылық бар дейді. Мүмкін,
сіз де алған боларсыз. Осы рас па? - дедім.
- Е, алмай. Пəлен жыл асырап, азаптанып өсірген баласын кім бекер
бере салмақ!
Еліңізде əлі күнге көн əйел алушылық бар дейді?
— Бұл енді өтірік. Көп əйелді неменесіне алады? Бұрынғыдай мал
береді дейтін, мал жоқ. Көп алғанда екі - ақ əйел.
Кемпірдің мына сөзіне Зағипа да, мен де күліп жібердік. Жас қыз
жымиып, ол да күлді. Бейқам отырған сөз иесінің өзі ғана.
Əй бірталайды көрген пəле кемпір боларсың-ау!
— Əлі күнге қыз алып қашу бар дейді еліңізде. Сол рас па?
— Қыз алып қашу деймісің? Ол енді бар. Балам, байқа. Əйелің тым жас
көрінеді. Біреу-міреу қыз екен деп ойлап, алып қашып кетіп жүрмесін. Сақ
бол. Қасыңнан екі елі шығарма.
Тауып айтылған əзілге біз тағы да жамырай күлдік.
ІІІұбарға түнде келіп түстік. Бізді қарсы алған ешкім жоқ. Біз танитын
мұнда бір жан жоқ. Күндізгі қапырық ыстық қайтқан. Оңтүстіктің желең
жүруге болатын жып - жылы қоңыр кеші.
Поезд сəл кідірді де, ал енді қош болыңдар дегенде өңешін жыра бір
айқайлап, кетіп қалды.
Вокзалдың күту залына кірдік. Адам аз. Пəлендей қауіп - қатер төнетін
орын емес. Сонда да болса сақпын - ақ. Осындай жол жүрген кезде бір
шоқып, екі қарау қажеттігін Зағипаға да қайталап айта берем. Өйткені, аузы
күйген үріп ішеді деп, аузым талай жидіген. Ауылда аңқау өскендіктің
салдарынан жылмақай ұры-қарыға талай рет оңайдан олжа болғаным бар.
Бірде қалтамдағы ақша салған салдарынан, енді бірде дорба толы кепкен
нанымнан тағы бірде (түрмеде) аштықтан өліп - талып, əзер қолым
жеткенде паек нанымнан айрылып, жігерім құм боп, зарлап қалып
сормаңдай өзге емес, мен екенімді оқушы, сірə, ұмыта қоймаған да болар.
Менде əкесінің өші бардай ұрысқан, маған талай рет ауыз салған. Бүкіл
өміріме ұмытылмастай мықты сабақтар берген.
Біріміз чемодан мен буманы бауырымызға басып жатып, көз шырымын
алғанда, енді біріміз қарауыл қараймыз. Вокзал басындағы түнді осылай
өткердік.
Күн шығысымен ауа тағы ыси бастады, Вокзалдың маңайындағы тас
төселген жерден былайғының бəрі толарсақтан шаң. Қурай, шөп
бұталардың бəріне сүмеленіп шаң қонған. Тиіп кетсең бұрқ ете қалады.
Біздің Жетісу өлкесінің шаңы бозғылт - қоңыр болады ғой. Бұл араның
шаңы үй ақтайтын əк тəрізді аппақ. Киімге жұқса, оңайлықпен кетпейді.
Майлы бояу тəрізденіп жабысып ,сіңіп қалады.
Зағипаға тағы да дүние - жиһазды күзеттіріп қойып, Қорғанға қарай
жүретін машина іздеуге кірістім.
Қудай оңдады. Қорғанның тура өзіне баратын жүк машинасы кезікті.
Бірақ кабинада орын жоқ. Ал кузовына кілең арбиған шөп машина, шөп
тырмалар тиелген.
Мейлі. Қайсы бір сəніміз келісіп жатқан жандармыз. Əйтеуір жетсек
болды да. Арбиған қалың кек темірдің арасына жайғасып, отырып алдық.
Даланың жабайы жолымен зымырап келеді машина. Шан көкесі
осында. Керуенше шұбалған қою бұйра шаң машинаны өкшелеп қуып
келеді. Машина жеткізбеуге тырысып, безіп қашып келеді.
Алдан оқта-текте арық - арна кездеседі. Машина амалсыздан кілт
бөгеледі. Өкшелеп қуып келе жатқан қою шақ сол кезде əп бəлем дегендей,
үстімізден басып қалады.
Қорғанға кешке қарай жеттік. Аман-сау машинадан түсіп жатырмыз.
Ерлі - зайыпты екеуміз бірімізге біріміз қарап, ыржиямыз. Мені қайдам,
Зағипаның тұла бойынан жылтыраған көзі мен аппақ тістерінен өзге
ештеңе көрінбейді.
Қонақ үй бар екенін біліп, қуанып қалдық. Осындағы кеп үйлердің
біріндей соқпа там үй. Төңірегі көң-қоқыр. Бізге түнеп шықсақ болды емес
пе?
Жалпақ жуан бөксе қара əйел жүк артқан өгізше пышылдап еден жуып
жатыр. Бастық та, үй сыпырушы да бір езі көрінеді.
— Орын бар ма?
— Неше адам?
— Ерлі - зайыптымыз.
Еден жуған шүберегінің суын сорғалатып, сəл-пəл ойланып тұрды да:
— Мына төр бөлме қатындардікі. Əзірше, соған орналасыңыздар. Ал
тағы да əйел қонақ кеп қалса сіз босатып, ауыз үйге шығасыз,— деді.
— Əйелдердің арасында жата берсем де болмай ма?
— Жатқызса, жата бер.
— Басқалар жатқызбағанмен өз əйелім жатқызар.
Сөйтін, тер бөлмеге жайғастық. Төрт төсек. Ауыз бөлмеде де төрт
төсек. Бұнда да біреулер бар секілді. Бір-екі төсектің үстінде шашылып
жатқан киімдер, заттар.
Үстіміздің шаңын қағып, жуынып-шайынып, асханадан тамақтанып
келгенімізше, ел орынға отыратын кез болды. Енді жатып, тынығуға
құштармыз. Машина мықтап соққан — діңкелеп қаппыз.
Ауыз үйдегілер де оралыпты. Мосқал тартқан екі еркек. Ауыл
адамдары. Екеуі де масаң. Үйдің ішін кек түтінге толтырып, таяқтай өтіп
қолдан ораған шылымдарын бұрқ - бұрқ торып, кереуеттерінің үстінде
отыр.
Амандасып едім, жауап қайыру орнына алая қарасты.
Төр үйге өтіп, есікті қымтап жауып алдық. Мен шылым шекпеймін.
Шылымды тастағаныма жарты жыл. Мемлекеттік емтиханға дайындалу
кезінде шылым шексем, басым айналып, көзім қарауытып, жөтелетін
болдым. Сосын, пəлендей қиналмай - ақ тастап кеттім.
Содан бері шылымды да, шылым шегушілерді де иттей жек көремін.
Егер тер үй оңаша болмай, маған орынды ауыз үйден, мына екі
темекішінің қасынан бергенде, сорлайды екем.
Шылымның иісі мен түтіні тер үйге де еніп алған.
Терезелерді ашып, үй ішінің ауасын тазартып алмақ болдым.
Сөйтсем, бөлмедегі екі терезенің екеуі де тарс бітеу. Ашылмақ түгіл,
желдеткіші де жоқ. Мен шошып кеттім. Мынадай ыстықта қапырық бітеу
үйде қалай ұйықтап, қалай демалуға болады?
— Құдайдың нағыз азабы емес пе!
Ұйықтамақ түгіл, отырып та шыдамаймын. Жаздыгүні терезені ашып
қойып ұйықтауға əдет алғам.
Жəне екі терезенің екеуі де бір емес, екі қабаттан. Сірə, қысқа
бейімделіп орнатылған да, мызғымаған.
Бөлмедегі ауа енді маған өмірі тазармаған, үйдің бүкіл қабырға төбелеріне əбден сіңіп алған қоңырсық болып сезіле бастады.
Сыртқа шықтым. Жиналып, үйіне кетпек болып жатқан жалпақ қара
əйелді тауып алдым.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 16
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.