Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 14

Total number of words is 4222
Total number of unique words is 2331
34.2 of words are in the 2000 most common words
48.9 of words are in the 5000 most common words
56.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Оң жақта бір кісілік арзанқол темір кереует. Сол жақта шағын тақтай
стол. Екі ескі ағаш орындық. Есік жақ босағадағы керогаз, ыдыс-аяқты
айтпағанда, үйдегі көзге түсер мүлік -мүкəмалдар осылар. Жоғары өтпес
бұрын əуелі сырт киімімді шеше бастадым.
Кереуеттің аяқ жағына қабырғаның дəл орта тұсына ат байлайтын
қазықтай дəу қара шеге қағылған. Менің шинелім мен кепкамды Жексен
соған іліп қойды. Екі орындықтың бірін Ғалия маған лайықтап, төрге таман
сырғытып:
— Осы бір аядай қуыс үйде тұрған болып жатырмыз. Шынымызды
айтсақ, біз мұнда тек түнеу үшін келеміз. Пəтер табу қалада пəле екен.
Оңайлықпен табылмайды, — деп өздерінің мынадай жайсыз тұрмыстары
үшін менен кешірім өтінгендей, орынсыз ақталғандай болып жатыр.
— Бір жақсысы əйтеуір трамвайға жақын, сол үшін кірдік. Əйтпесе,
кірмейтін едік, — дейді Жексен. — Ал, Еркін, сен енді зерікпей, отыра тұр.
Сені зеріктірмеуді мына құдашаңа тапсырам. Meн мына араға барып келе
қояйын. Қаланын ортасындағыдай емес, бұл араның магазиндері ерте
жабылады. Кемпір, сен от аса бер. Əлгі тор қайда? Мына қонақтан ұят
болып қалмайтындай етіп, сараңдығын ұстамай жəне бірдеңелер бер.
Тілеуіміз мұндай дұрыс болар ма, бүгін дəл сенбі күні кездесуімізді
қарашы. Жақсылап бір демалайық.Мен тек сыпайыгершілік үшін:
— Жексен, осы əуре болудың қажеті не? — деп жатырмын.
— Несі əуре, əуре болатын түк те жоқ, — деп, Ғалия сумкасынан
Жексенге ақша алып беріп жатыр.
Көкшіл жіп торды қалтасына умаждап салып алды да, Жексен тайып
тұрды.
Міне енді Ғалия екеуміз ғанамыз. Əңгімені неден бастасам екен?
— Ғалия, білесін бе, мен сені ЖенПИ - ге іздеп бардым ғой?
— Қашан?
— Жана жылдың алдында. Сөйтсем, пəтерге шығып кетті дейді.
— Алдайсың.
— Оңбайын, рас.
— Meн саған келме дегенім қайда?
— Мен бəрібір келем демедім бе?
— Еркін, сен бала емессің ғой, түсінуің керек. Болар іс болды, бояуы
сіңді дегендей... Мен сенен өтінемін: анау-мынау ойың болса, таста енді.
— Faлия, сен не деп тұрсың?
— Сол. Мен турасып бір-ақ айтам. Бекер ұят болады. Саған да, маған да
абиыр əпермейді.
Meн қасақана ренжіген боп, орнымнан тұрдым:
— Кетем.
- Heгe?
Сол, кетем, деп қазықтағы шинеліме қарай жүрдім.
Ғалия күлімсіреп, алдымды бөгеді.
Қой, отыр. Сұр ет бар ауылдан келген, ет асам.
Ғалияны қапсыра құшақтадым да, бетімді мойнына құшырлана басып,
қаттым да қалдым, Əрі наз, əрі өкпем.
— Еркін, не болған саған?
Ой, Ғалия - ай! Өлдім ғой сені ойлап.
Еркін, қой, жарамайды. Мен саған ұмыт дегенім қайда?
Ұмыта алмасам, қайтем?
Ұмыт ұят болады. Сенімен біз енді тек жекжат адамдармыз.
Бұл cөзi маған бетіме суық су шашып жібергендей əсер етті, есімді
бірден жиғызды.
Miнe Жексен де жетті асып-сасып. Қолында торға сап, ұстап алған бір
бөтелке арағы, бір банк камбала консервісі қағазға оралған жəне
бірдеңелері бар. Басындағы қоңыр малақайды төсек үстіне қарай бірден
атты, терлеп кетіпті. Оңға қарай жатқыза тараған сусылдаған қара қоңыр
шашы маңдайына төгіліп, желпең, ете қалды.
Тоқта! Таныс бір сурет менің көз алдымнан елестеп өткендей болды
ғой. Иə, иə, осы шаш! Бұрнағы жылы сиыр фермада дөң үстінде тұрып
көретінім желпеңдеген осы шаш емес пе еді? Шаш иесі жас жігіт ат үстінен
Ғалиямен алысып ойнап жатқан. Иə, иə, сол» Тап өзі.
Ойпырмай, сол жолы қызғаныштан не істерге білмеп едім - ау! Сол
сурет, желп-желп еткен сол шаш содан бері менің көз алдымнан кетпейтін.
Ғалияны алған, дəу де болса, сен шығарсың деп ойлаушы едім.
Жексен пальтосын төсегінің аяқ жағына артып тастай салды.
«Стакандар қайда? Əкел, Нан əкел. Ет піскенше қаужаңдай тұрайық», деп
пышақпен консервіні аша бастады.
Ғалия бұл кезде керогаз жағып, су жылытып, ет асудың қамын істеп
жатқан. Үйдегі ұнамсыз сыз иісіне енді қоңырсыған жермай иісі араласып,
тынысты мүлдем бітеп барады.
Терезеде желдеткіш жоқ. Сырттан ептен таза ayа кіріп тұру үшін
Жексен есікті сызаттап ашып қойды.
Жексен екеуміз арақ ішіп отырмыз. Ғалия ішпек түгіл, жоламайды.
Жексенге қарап, əлсін - əлсін: «Болды енді. Қалғанын ертең ішіңдер» деп,
ескерту жасап қояды.
Ет піспей-ақ жартылық сап болды.
Жексен масаң. Тілін шайнап сөйлеп, Ғалиядан арақ əкелуге тағы да
ақша сұрай бастады. Ғалия ақша жоқ дейді.
— Өй, əкел деймін - ей. Өлмейміз. Өлетін халден кеткенбіз. Немістің
оғынан да құдай сақтаған. Əлі де сақтайды. Ертең стипендия аламыз.
Ауылдан азық келеді. Бұл əйелің жылаңқы болатыны жаман екен ғой, —
деп, Жексен сөзінің соңын қалжыңға айналдырып, күлген болады.
Ғалияда күйзеліс бар, өңінен беп - белгілі.
— Бұл енді өстеді, бір ішсе, тоқтамайды, — дейді маған шағынғандай
боп.
Meн Ғалияны аяп:
— Жексен, бармай-ақ қой. Осы ішкеніміз де жетеді,— деймін. Бірақ бұл
бер жағым. Ар жағым «бар» дейді. Оның үйден кетуі маған тек арақ ішу
үшін емес, негізінен, басқа үшін — Ғалиямен оңаша қалу үшін қажет еді.
Арақтың буы енді мені құтыртып, желіктіріп барады.
Жексен пальтосын киіп алған. Ғалияға қадалып: «мен білем. Сенде
ақша бар. Көрсетші сөмкеңді» дейді.
Ғалия бір күліп, бір ашуланады. Күлгенде де көзінде қайғы тұнып
тұрады.
Əнe, ол төсектің ірге жағына, матрастың астына тығып қойған
сумкасын алып шықты. Ішінен бір уыс ақша алды да, санамай дəнеңе
етпей, есік жаққа күйсуіне қарай лақтырып жіберді:
— Мə! Іш!
Он сомдық, бес сомдығы аралас бірнеше көкала қағаз Жексенге жетпей,
екі ортаға шашылып түсті.
Бұл Ғалияның ашынуы. Менің одан бетер жаным ашып кетті.
Енді Жексенге шынайы жалбарындым:
— Жексен, бармай - ақ қойшы!
Сөз ұғатын Жексен көрінбейді. Жердегі ақшаларды қарбаласып, тез тез жинап алып жатыр. Əйтпесе ақшалар торғай болып, пыр-пыр ұшып
жөнелетіндей.
Жексен тайып тұрды. Кəзір кеш. Мұндағы магазиндер жабылған кез.
Араққа ол сонау қаланың өзіне кетті.
Ғалия көзін сұлық төмен салып, ойға батып, тұрып қалған.
Мастықтың мен де о жақ бұ жағындамын. Көңілімде аранын ашқан
жастық желік. Ғалияны тарпа бас салуыма тек оның көңілсіздігі бөгет боп
тұр.
Əуелі оны жадыратып алуым керек.
— Ғалия, не ойлап отырсың?
— Жай, əншейін...
Ғалияның иығына қолымды салдым:
— Жаным менің...
— Meн ешкімнің де жаны емеспін.
— Мына менің жанымсың. Жаным бола да бересің.
- Еркін, мен ет түсірейін,— деп, Ғалия керогаз жаққа жүре берген кезде,
мен босағадағы кнопканы сырт еткізіп басып қалдым. Көзге түртсе көргісіз
қараңғы.
— Еркін, бұның не?
Үнсізбін. Шамды қайта жақпақ болған Ғалияны бет алдынан құшақтап,
ұстап алдым.
— Еркін, қой деймін.
— Ғалия, жаным...
Ғалияны төсек жаққа тықсырып əкеле жатырмын.
— Еркін, өкпелеймін.
— Алтыным, Алтынтайым...
— Бəрі бір түк шықпайды,
Төсектің аяқ жағынан шап беріп, ұстап алған Ғалия айрылатын емес.
Күшке салып, жұлып əкетейін десем, темір кереует салдырлап қоса
қозғалады. Көршілер естіп, не боп жатыр, төбелесіп жатыр ма деп, келулері
мүмкін.
— Ғалия!
— Еркін, əуре болма.
— Ғалия, ренжимін...
— Мейлі!
— Ендігəрі мен сені көрмеймін.
Ғалия үнсіз. Мен шамды жағып, киіндім де, хош та деместен өкпе мен
ызаға қабат сыздап, тайып отырдым.
Уақыт зымырап өтіп жатыр. Институтта оқу дегенді бір кезде дүниенің
қиыны шығар дейтін ем. Сөйтсем, қиын түгі де байқалмайды. Басқа
факультеттерді қайдам, біздің тарих - филология факультетінде аузың
қайсы дегенде, мұрнын көрсететін иіс алмастар оқып жүр.
Мұртына қарай іскегі деп, дүмшелер оқытушылардың ішінде де
баршылық.
Он сегізінші, он тоғызыншы ғасырдағы қазақ əдебиетінен ғылым
кандидаты Беделбаев сабақ береді. Жасы қырықтар шамасында, əйелдерше
қасын қырып, үстіне иіс су сеуіп əдеміленіп жүретін қызық адам.
Мұқабасының сыртынан газетпен бірнеше қабат етіп, қаптап алған бір
кітапты алдына бүркемелеп, жайып қойып, тек бас алмай оқығанды біледі.
Біз оның аузынан шыққанның бəрін сықпыртып жазып алғанды білеміз.
Лекцияның түрі осы.
Үзіліс кезінде Беделбаев кітапты портфеліне салып, портфельдің аузын
ықтияттап бекітіп кетуді еш ұмытпайды.
Біз ынтық бола бастадық. Соншалық құпиялап ұстайтын ол қандай
кітап? Heгe көрсетпейді? Heгe портфеліме тығып кетеді? Мүмкін, біз де
тауып алар ек. Мұғалімнің аузынан шыққанның бəрін сықпыртып жазып,
əуре болмас едік.
Бір мұны Беделбаев үзіліске сыртқа шығып кеткенде, біз білмекке
құштарлықтың салдарынан портфельдің аузын ашып, өзіміз ынтыққан, біз
үшін жұмбақ кітапты алып көрдік. Көрдік те, бірімізге біріміз бағжия
қарап, бетімізді əйелдерше шымшып - шымшып алуға пəс қалдық. Өйтпей
ше? Кітаптың құпия түгі де жоқ еді. Өзіміз баяғыда орта мектепте оқыған,
тоғызыншы класқа арналған əдебиет оқулығы! Авторы атақты жазушымыз
Мұхтар Əуезов.
Мəссаған керек болса!
Қазақ тілінен сабақ беретін декан Дəулетбаев та солай. Қалыңдығы екі
елі, парақтары ескіріп, кірлеп кеткен, əлдекімнің қолымен баяғы бір
заманда жазылған көне конспектіні алды па жайып қойып, оқығанды
біледі. Ал ғылымға қатысы жоқ сылдыр сөзге, сарнап жайдақ ақыл айтуға
келгенде автомат. Тек трибуна болсын ол үшін. Азды-көпті тыңдаушылар
болсын. Үні бітіп бара жатса, бір ұрттап, тамағын жібітіп алуға графинге
құйылған салқын су ғана болсын.
Дəулетбаев екеуміз бұл кезде тағы да жақсымыз. Ана жолғы ыңғайсыз
уақиғаны ол да, мен де ұмытқан тəріздіміз. Мен енді сақ болуға тырысам.
Декан жайлы бір ауыз сөз айтсам да аузымды бағып, байқап айтам.
Екі жылдық мұғалімдер институтының бір курсы шолтаң етіп бітіп те
қалды. Оқудың тең жарымы аяқталды. Демалысқа елге келдім. Бұл кезде
біздің ауданнан қалада жоғары оқу орындарында оқитындар аз. Кездескен
ағайын - туысқандар, таныстар:
— Ненің оқуын оқып жүрсің? Бітіріп шыққан соң кім боласың? — деп
сұрайды.
— Мұғалімнің оқуын оқып жүрмін.
— Е - е, — дейді əлгілер. Көңілдері толмай қалады.
Ел адамдарының мəртебе санайтыны сот, прокурор дайындайтын
оқулар. Оқыған соң міне соны оқыса деп, арман етеді. Дүниеде сот,
прокурордан өткен үлкен де, құдіретті кызмет бар деп, ойлай қоймайды. Ел
ішінде сот, прокурордан ықпайтын жан жоқ.
Əйтеуір менің көңілімді аулап:
— Оқы, шырағым. Оқыған жақсы. Оқысаң адам боласың, — дейді...
Онысына да рақмет.
***
Мен келсем, Тұйық астан-кестең. Облыстан біздің ауданға комиссия
шығып келген. Соның үш адамы Тұйықта. Колхозды тексеріп жатыр.
Ешкімнің үйіне қонаққа бармайды. Ешкіммен ымы-жымы сөйлеспейді.
Кеңседе жатып, кеңседе тұрады. Тамақты осында алдырып ішеді. Өрістегі
мал, қамбадағы астық бəрі - бəрін жіпке тізіп, түгелдеп жатқан көрінеді.
Ұзын құлақ бұндайда бəрін біле қояды. Олардың сыбыр - сыбыр сөзіне
қарағанда Нұрəлі мен бас бухгалтер Жүністің шыбын жандары
мұрындарының ұшында. Өйткені көп мал, астық кем. Колхоздың бұрынсоңды əлгі аталған екі қорқаудың өңешінен əрі кеткен қыруар қаржысының
ізі де жоқ.
Тағы да сол ұзын құлақтың айтуынша, осы арада осындай түпсіз
былықшылық бар - ау деп, комиссия Тұйыққа өздігінен көргендік іздеп
келмеген.. Əлдекімнің осы ауылдан, дəл жоғарыға қарай домалатқан
арызымын ізін қуалап келген.
Нұрəлі шынында да, бұрынғы жалы күдірейген Нұрəлі емес. Ері
мойнына түсіп кеткен. Үй ішінде де береке шамалы тəрізді. Күзде қарт
əкесі өлген. Сəуле соңғы уақытта сал ауруға ұшырап, төсек тартып жатып
қалған. Бүкіл бір қапталы паралич болған. Қыздары көтеріп тұрғызып,
көтеріп жатқызатын көрінеді.
Нұрəліні иттей жек көре отырып, жеңешем Сəулені ылғи да аяумен
болады:
— Байғұс, қор болды ғой,— дейді шешем, — төрт аяғы Нұрəлінің
төбесінде ойнар - ау. Сол иттің кесір - кесапаты ғой оны қор еткен.
Əйтпесе, қандай еді бір кезде. Баяғы Зейнекүл бар емес пе? Нұрəлі завхоз
етіп, қайда барса да қасына секитіп ертіп алатын Зейнекүл сұлу. «Түйені
Жел шайқаса, ешкіні көктен көр» деп, зобалаң оның басына да туып жатқан
көрінеді. Қамбадағы тұқым бидайды өлшегенде, кеп кем шығыпты деген
сөзді осы күні Тұйықтың халқы біреуіне біреуі «əй, əйелің ұл тауыпты»
дегендей қуана хабарлап айтады.
Зейнекүлдің күйеуі соғыстан оралмаған. Оралмағаны ол үшін онша
теріс іс болмаған. Өйткені, құдіреті күшті ием ерігіп - зеріккенде ермек
болсын, есе келе қолқанат, жəрдемші болсын деп, осы соңғы күйеуі жоқ үш
жылдың ішінде Зейнекүлге балпанақтай етіп, екі қыз берген. Жəне бір
ғажабы, айна - қатесіз Нұрəліге ұқсатып, оның көшірмесі етіп берген.
Беттері табақтай, пысық екі қара қыз осы күні бірі мен бірі жарыса өсіп
келеді.
Aз күнде комиссия өз жұмысын аяқтап, тайып отырды.
— Нe болар екен? Немен тынар екен?—деп, ел болып аудан жақтан
хабар күтудеміз.
Бір күні біз күткен хабар да келіп жетті. Аупартком бюросында біздің
колхоз туралы мəселе қаралған. Нұрəлі мен Жүністі кызметтерінен алып,
істерін заң орындарына тексеруге берген.
— Шоқ-шоқ! Kөп асқанға, бір тосқан! — деп, ел іші айыздары қанып,
қуанысып жатты.
Сол елдік қатарында мен де бар едім.
...Биыл міне үшінші курстамын. Мұғалімдер институтының бірінші
курсын бітіріп, төрт жылдық пединститутқа ауысқам. Оқыған соң жөндеп
оқиын, жоғары дəрежелі білімді қалтама бөлмей - жармай, толық салып
алайын дедім.
Декан Дəулетбаев, обалы нешік, барынша жəрдем етті, қолдады.
Бірнеше пəннен қосымша емтихан, зачет тапсыруыма тура келді.
Үшінші курста педпрактика басталады.
Қалада Мəншүк Маметова атында қыздар педучилищесі бар. ЖенПИ дей атақты болмағанымен, өзінше, бұл - дағы «сұлулар галлереясы».
Училищеге негізінен жетінші бітіргендер түседі. Сондықтан, ЖеиПИ ге қарағанда, бұндағы қыздар уылжыған жас келеді. Бұл оның ЖенПИ - ден
артықшылығы.
Ара-тұра сақа боп қалған қыздар да кездеседі.
Біз мұнда айдан аса уақыт педпрактикада болдық. Талай мұғалімнің
сабағына қатыстық. Өзіміз де сабақтар өткіздік. Қыздарға сабақ беру,
қыздардың арасында болу көңілді. Қыздармен жұмыс істеу көңілді.
Күлкіге, құдай жазса, махаббатқа да қарық боласың...
Жатпай - тұрмай бақылайсың, психологиялық мінездеме жазасың деп,
əр қайсымызға бір -бір қыздан бекітіп беріп қойды. Сосын, қыздар
жатақханасына қашан барсаң жол бос. Ешкім ештеңе демейді.
— Неғып жүрсін? Бұның не? — десе:
— Психологиялық мінездеме жазу үшін зерттеп жүрмін, — дейсің.
Маған бекітіліп берілген оқушы — үшінші курс студенткасы Зағипа.
Орта бойлы, ашаң жүзді қараторы қыз Зағипа оқу озаты. Əрі осындағы
комсомол ұйымының секретарь!. Пəлендей сұлу деуге келмес. Бірақ бет-
əлпетінде кісіні өзіне үйір етіп, тез тартып алатындай ойлы да, қарапайым
жылылық бар. Өзі кедей семьядан шыққан. Өмір көріп ысылған, салауатты.
Мен алғаш көріп, танысқан кезден - ақ Зағипаға селқос бола алмадым.
Бірақ əуелгіде өзімді өзім тежеп, салқын ұстауға тырыстым. Практикант
болсам да, тəрбиеші деген атым бар. Оны ұмытуға, ұстаздық беделіме
нұқсан келтіруге болмайды деп қарадым. Бір ауыз да қиғаш сөз, жеңіл
мінез сездірген емеспін.
Айдан аса уақытқа созылған педпрактика аяқталды.
Бүгіп педучплищеде бізбен — практикант студенттермен, қоштасуға
арналған сауық кеші. Бүгін енді, реті келсе, Зағипамен басқаша сөйлесуге
болады. Ол үшiн ешкім де кінəламайды.
Əуелі кештің ресми бөлімі болды. Училище директоры біздің
адресімізге жылы-жылы сөздер айтты.
Декан Дəулетбаев еркінше кесіліп жауап сөз сөйледі:
— Бұл өмір деген өзі қызық нəрсе. Қызық болатын себебі...— деп,
біздің құлағамызды əбден сарсытып біткен; ал бірақ бірінші рет тыңдаған
адамға су жұқпас шешендік тəрізденіп көрінетін, өзінін дағдылы сылдыр
сөзін түйдек - түйдегімен ағытты..
Сосын ойын-сауық, би.
Менің бір кемтарлығым — би білмеймін. Сондықтан осындай сауық
кештерінде, көңілді бас қосуларда би болғанын жаратпай тұрам. «Би» деген
сөзді естісем, жүрегім мұздап қоя береді.
Институтта би үйірмесі жұмыс істемейді. Істесе, лекцияға барамасам
да, соған барып, би үйреніп алар едім. Би білмеудің азабын, əсіресе, қалаға
келіп абден тартып жүрмін. Қыздармен танысуға, жақындасуға биден
артық, биден қолайлы не бар?
Жайшылықтa сенің қасыңда жіп есе алмайтын біреулер би
білетіндігінің арқасында осындайда шырқап жүріп береді. Би
музыкасының үні естілер естілместен арқасы қозып, қас - қабағы
қылмаңдап, тіріліп шыға келеді. Жайшылық уақытта сен бар жерде шеніне
жолай алмайтындар не бір қыпша бел, нəркес көздің белінен қымқыра
қысып алып дөңгеленіп кете барады. Рақат! Одан өткен рақат не болсын.
Би білмейтін сен сорлы ішің қызғаныштан қыж - қыж қайнап, көзіңді
салып, тек анадайдан телміріп қарағанды білесің де. Басқаның қуанышын
өз қуанышыңа санағандай арсыздықпен ыржиып, күліп те қоясын.
Музыканың сиқыр үні тамыр - тамырды балқытып, түгел билейді.
Қанатсызға қанат, тілсізге тіл бітіреді. Əуелде бойларын жинақы ұстап,
аяқтарын əдеппен қозғауға тырысқан бишілерден бір кезде ерік кете
бастайды. Жаратылғаннан бір туып, біте қайнаған өгіздерше біреуіне біреуі
тақалып, жабысып алады. Төске төс, ауызға ауыз тиермен болып, күбіркүбір сөйлесіп, күле беретіндерін қайтерсің. Не айтып, неге күледі екен?
Алпыс екі тамырдан ерік кеткенде айтылар соз белгілі ғой: махаббат,
біреуіңе біреуі өліп-өшу...
Сен осының бəрінен де қаға беріс, аулақсың. Қотыры бар адамша
ешкімге жолай алмайсың. Ешкімнің қыпша белінен құшақтап, төсіне
төсіңді тақап махаббат тақырыбына сыр шертісе алмайсың. Соның бəрі тек
би білмегендіктен.
Зағипа менің қасымда қатар отыр. Ол би біледі. Мен білмеймін. Əркім əркім Зағипаны биге шақырады. Рұқсат етесіз бе дегендей ол сол кезде
маған қиыла қарап алады.
— Бар, билей ғой, — деймін.
Біреуге жүрегімнің жарымын кесіп бергендей бұндай ерлікке əзер
барам.
Зағипа бұны түсінеді. Би бітісімен дереу менің қасыма қайта келіп
отырады.
Бүгін мен оған ұстаз ретінде келіп отырғанымды Зағипа жəне түсінеді.
Педпрактика біткен, психологиялық мінездеме жазылып біткен. Енді менің
ойымда басқа практикаға бастау бар. Ретін тауып, Зағипаның қолын
қысыңқырап қоям. Зарина шошыған түр көрсетпейді. Күлімдеуі одан бетер
сүйкімдене түседі.
Жəне бір ыңғайы келгенде сыбырлап: Сауық кештің соңынан азырақ
қыдырайық, — дедім,
Зағипа кешіге берді. Қалайша шықпас екен ə?
Кеш біткен. Жұрт тарап кетіп жатыр. Бұл көктем кезі. Қалың киім
үстімізден баяғыда түскен. Есік алдына шығып, онша ұзап кетпей,
Зағипаны күтумен əрлі-берлі қыдырыстап жүрмін. Екі көзім қақпада шығар
ма екен? Шықпас па екен?
Кешіккен сайын күдігім ұлғайғандай.
Шықпаса, бітті осымен. Онда ол мені сүймегені. Бұдан соң, мен мұнда
келмек емеспін.
Зағипа кешіге берді. Қалайша шықпас екен, ə?
— Мен сізді кетіп қалған шығар десем.
О, тəңірім! Дауыс Зағипанікі. Meн күткен қақпа жақтан емес, басқа
жақтан келіп тұр.
— Неге кешіктің?
— Тайбағарова апай шығарып сал деген соң сол кісіні үйіне шығарып
салып, келе жатырмын,— дейді.
Тайбағарова педучилищенің директоры.
Зағышты қолтықтап алдым да, көшенің қараңғы жағына қарай тартып
отырдым.
Оқу жылы аяқталуға жақын Зағипа биыл педучилищені бітіреді. Ал
маған институт бітіруге əлі де болса бір жыл бар.
Ол екеуміздің достығымыз ермек үшін болмай шықты. Мен сендік, сен
мендік деген пəтуалы сөздер əлдеқашан шынайы бейілмен шегеленін
айтылды. Енді қалып отырғаны соны жүзеге асыру, яғни, семья құру.
Осы күні біздің алдымызда тұрған сұрақ — «не істейміз?» Зағипа
оқуын бітірген соң, қосыламыз ба? Қосылсақ қалай күн көреміз?
Зағипа сонау қиырдағы Павлодар облысынан. Үйінде жесір шешесі,
үйелмелі - сүйелмелі үш оқушы інісі бар. Күндерін əрең көріп отырған
кедей жандар. (Шешесі кеңсе сыпырады.) Оларға алақан жайып, жəрдем
күту біз үшін қиын болар еді.
Біздің үйдің халі жəне белгілі.
Қысқасы, Зағипада да, менде де сүйенер ешкім жоқ. Екеуміз де нағыз
сіңірі шыққан кедей табынын өкілдеріміз.
Көп ойлап, көп толғандық. Жауапкершілігі күшті мұндай істе тəуекел
мен көз жұмбай дұрыс ақылшы бола алмайтынын екеуміз де түсінетін
тəріздіміз.
Ақыры: туғалы дара жүріп шыдадық қой. Осы сопа бас күйімізге жəне
бір жыл мен оқу бітіргенше шыдайық деген мəмілеге келдік. Сосын, өз
жанымызды өзіміз бағатындай халге жетіп, қосылатын болдық.
— Бір жыл да болса елге барып, қызмет істейін. Ақ сүтін беріп, азабыма
көніп өсірген анама азды - көпті себімді тигізейін. Сенің де болса ел жұртың бар. Айдаладан келген секілденбей, өсімді жиынқырап барайын, —
деген сөздер айтты Зағипа. Бұл ақылсыз қыздың аузынан шығатын сөздер
емес.
Келер жылы оқуым бітісімен Павлодарға күйеу кəде істеп, Зағипаны
іздеп бармақпын да, үйленбекпін.
Ар жағы белгілі: екеуміз де қызмет істейміз. Тату-тəтті семья құрып,
балалы-шағалы боламыз. Семьяда баланың көп болуын мен өзім
қаламаймын. Бір ұл, бір қыз жетеді. Ұлым, сөз жоқ, өзіме тартады. Сөз жоқ,
ақылды болады. Мектепте сабақты озат оқиды.
Қызым, мүмкін, өзіме тартар. Мүмкін, шешесіне тартар. Бірақ ол да
ақылды болады, сабақты ол да озат оқиды. (Балаларым осал болатын
шығар деп ойлайтын ата ана бар ма екен?)
Бір бөлмеде жататын студенттердің бір бірінен жасырар сырлары
болмайды. Кім кімге қырындап жүр? Кім кіммен кездесіп жүр? Қандай
оймен қырындап, қандай оймен кездесіп жүр? Кімге кім ғашық? Шын
ғашық па, өтірік ғашық па? Олар бұның бəрін де біледі.
Менімен бірге Мұқан дейтін студент оқиды. Дербес стипендия, ақылды,
тура сөзді тəуір жігіт. Өзінің күн көріс есебіне берік, тəртіпті. Бір кеште
сырттан тасыр-тұсыр кіріп келсем, бөлмеде Мұқан жалғыз екен. Өз
төсегінің үстінде жастығын арқасына жұмарлап тіреп, екі бүктеліп, еңсесі
түсіп отыр. Осы бөлмедегі алты студенттің ішінде ең бір жабырқауды
білмейтін өзің əрқашан сабасында ұстайтын бекем жанның біреуі осы еді.
Бел ортасынан машина басып кеткендей қирап отырған түрі маған бір
дегеннен оғаш көрінді:
— Мұқан, не болған саған?
Жауап беру орнына томпақтау үлкең көздерімен маған бағжия қарап,
сəл отырды да:
— Сен осы биыл Зағипаға үйленетін болдың ба? — деп, өзіме қарсы
сұрақ қойды.
- Жоқ, Оған жағдай келетін емес.
— Енді пе істемексіңдер?
— Зағипа оқуын бітіріп, ауылына барады. Бір жыл сонда қызмет
істейді, Ендігі жылы институт бітірген соң мен іздеп барам да, үйленем.
Мұқанның көздері одан бетер мөлиіп кетті. Күдер үзген дауыспен:
— Қо – о – о - й!—деп, қолын бір - ақ сілтеді.
— Ендеше бітті!
Менің жүрегім су ете қалды:
— Неге бітеді?
— Ауылыңа кетті дегенше, Зағипа сенен мүлдем кетті дей бер.
Зағипа туралы Мұқан жаман бірдеңе естіп, білген екен деп, менде енді
одан бетер зəре қалмады,
— Неге олай дейсің?
- Мə, оқы мына хатты.
Аузы ашылған конверттің ішінде кереге көз дəптердің екі парағына
сықап тұрып жазылған төрт бет жазу. Мен оны бір емес, екі қайталап
оқыдым. Өз көзіме өзім сенбегендей, міне, енді тағы да үңіле қарап
отырмын. Не деген сұмдық! Маржан, мен білетін Маржан, бүйтеді деп, кім
ойлаған?!
***
Менің көз алдымда сұңғақ бойлы, келбетті, мінезі ауыр қара қыз. Бойын
тік ұстап, жан -жағыма аққуша паңдана қарап жүреді. Мұрнының сəл ғана
картопқа ұқсайтындығы болмаса, өзге бет-əлпеті келісті. Ата - ана
тəрбиесін, айрықша мəпелеу көріп өскен əдепті, нəзік мінез иесі. Бұл
Маржан еді.
Мұғалімдер институтының бірінші курсында Маржан екеуміз бірге
оқығанбыз. Біздің курстағы ең ақылды да, көрікті қыз осы болатын.
Сабақты жақсы оқитын. Дəмелі жігіттерден Маржанның соңына шам алып
түспегені кем де кем.
Бір ұмтылып, жолы болмай қалғандардың қатарында, шынымды
айтсам, мен де бармын. Бұған бірақ қыздан гөрі өзім көбірек кінəлі
тəріздімін. Батыл бола алмадым, жас -қаншақтық істедім.
Кім біледі, құдай бойды бұдан гөрі ұзынырақ етіп бергенде, жолым əлде
болып та қалар ма еді? Бəрі осы бойдың шағындығының кесірі.
Мен бір рет Маржанды киноға шақырдым. Ол оп-оңай келісті. Маржан
пəтерде тұрушы еді. Уəделі мерзімде, уəделі жерде сап ете қалды. Сұғанақ
жігіттердің талайына пысқырып қарамайтын Маржанның бұл қылығы мені
шексіз қуантқан еді.
Міне, Маржан екеуміз киноға келе жатырмыз. Қолтықтап ұстап алсам,
қатып-ақ, кететіндей. Бірақ оған батылсызбын. Жоқ. Маржан қолымды
сілкіп тастар деп, қорынғаннан емес. Оның бойының маған қарағанда аздап
ұзындығынан...
Қап деп, ызаланам ішімнен. Тым құрса, бойымыздың тең болмағанын
көрдің бе?
Ал кинода қатар отырғанда батылдаумын. Маржанның иығына
иығымды тақай түсем. Жоқ, Маржан кет əрі емес.
Отырғанда бойдың ұзын - қысқалығы онша білінбейді. Ех, шіркін, бүкіл
өміріміз естіп отырумен өтсе.
Менің Маржанға қырындауым бітті осы кешпен. Енесіне ілескен тайға
ұқсап, елге күлкі болармын дедім де, енді қайтып жоламадым. Ішімнен оны
қимай тұрсам да, екеуміздің арамызды жаңа жалғай бастаған махаббаттың
нəзік жібін біржолата үздім өз қолыммен.
Осының бəрін - бəрін де Маржан түсінген тəрізді.
Келер жылы мен кеттім ол курстан, төрт жылдық пединститутқа
ауыстым.
***
Өткен жылы бір күні Маржанды осы Мұқанның қасынан көрдім. Мұқан
мендей емес, биік. Ішім қызғаныштан бұлқан - талқан болды. Сонда да ол
екеуі біреуіне біреуі тек, екенін амалсыз мойындаған едім.
Құдай Мұқанға бойды да, мұрынды да аямай бере салған.
Содан кейін Маржан мен Мұқанның жұптары жазылмайтын болды.
Жұрт оларды Қыз Жібек — Төлеген деп, атай бастап еді.
Өткен жыл Маржан екі жылдық мұғалімдер институтын озат бітіріп,
өзінің Гурьевіне қызметке кеткен. Ал Мұқанның оқу бітіруіне əлі болса бір
жыл бар.
Ақылды жігіт Мұқанның институт бітірмей үйленгісі келмейтін.
«Институты бітірем. Сосын, Гурьевке Маржанды іздеп барам, үйленем»
дейтін. Уəделері құдды біздің, Зағипа екеуміздің, уəделеріміз секілді
болатын.
Содан бері
Мұқанжаным..»
Маржаным» деп
жылының бітуін
Маржаннан Мұқанға хат үзбей келуші еді. «Менің
деп басталатын хаттың сөзі. Ал мынау болса «менің
бастайтын. Бірін бірі елжірей сүйіскен екі жүрек тек оқу
армандаумен болатын. Біз бұлардың уəдеге берік жандар
екеніне шек келтірмей, сенетін едік.
Енді міне, адал деген қазаннан шошқаның басы шықты. Ойламаған
жерден Маржаннан мынадай сұмдық хат келіп жетті...
***
«... Мұқанжан, кінəлі менмін. Тек мен ғанамын... Иə, иə,
мен...мен...мен... сенің таза, ақ жүрегіне тіке қарар бетім болмай отыр...
...Ал мен кеттім... Мəңгі-бақи кайта шықпас болып кетіп барам...
Ата - апам зорлаған жоқ. Бұрынғының қызынша атқа мінгестіріп, қолаяғымды таңып беріп отырған жоқ. Мен ынжық болдым. Өзімнің өмір
жоспарым бар екенін дер кезінде оларға білдіре алмадым. Кеш қалдым...
Серт байлапты, бəрін де менсіз кесіп-пішіп қойыпты. Енді əке-шешемді
жерге қаратып, бүкіл ел-жұртқа күлкі етіп, жаралмағыр қу жалғыз, неге
жаралдың дегізіп, тізгінді қолыма жиып алу ерлігі менен шықпауға
айналды...
Хош, Мұқанжан, бұл біздің ең соңғы хатымыз».
Маржан хатының сөздері міне осындай. Япыр - ау, сенем бе, сенбеймін
бе? Сенбейін десем, таныс жазу. «С. Шортанбай, семилетняя школа »деген
таныс адрес.
Жазу да, адрес те Маржандікі.
Хатты маған беріп қойып, Мұқан мойны салбырап, əлі отыр.
Шаршаған. Түні бой ұйықтамаған адамша көздері қызара домбығып ісіп
кеткен. (Кім біледі оңашада, мүмкін, боздап, жылап та алған болар!) Бүкіл
өміріне тірек еткен махаббаты ойламаған жерден күл болып, қирап
түскенін көріп, азаматым есінен біржолата танып қалған тəрізді. Түңілген
секілді бəрінен. Өмірлік айнымас дос болатынынан да, бұзылмас серт
болатынынан да күдер үзіп, тоқырап тынған тəрізді.
Мұқан ішіндегісін көп ақтара бермейтін ұстамды жігіт. Əлгінің бəрін
өзі айтпайды, көзі айтады, тентек болған танадай меңірейген түр - түсі
айтады. «Сен бұған қалай қарайсың?» деп, менен пікір сұрамайды. Оған
енді пікірдің де, түктің де қажеті жоқ.
Мен Мұқанды ғажап аяп кеттім.
Қыс бойы жарым құрсақ жүргендіктен мен, əсте көктемге көтерем
болып жетем. Күн жылып, жер аяғы кеңісімен қаладан кеткенше, елге
жеткенше асық болып тұрам. Өйткені жазбен бірге ел ішіне береке келеді;
айран - сүт молаяды, аш арыққа əрі ас, əрі шипа, өзім ғажап жақсы көретін,
бар тамақтың төресі қымыз айналайын шығады.
Декан Дəулетбаев, баяғыда арамызда аздап құйын ұйтқып өткеніне
қарамастан, өз адамым. Кезекті емтихандарды менің, қашан да, мерзімінен
бұрын тапсыруыма ол əбден үйреніп алған. Титтей де қарсылық
жасамайды. «Сенін. елің бай. Ет көп, қымыз көп. Барасың да, рақатқа
батасың» дей отырып, емтиханды мерзімінен бұрын тапсырудың рұқсат
қағаздарына дереу қол қойып береді.
Оның бұл жақсылығын мен əрқашан да ұмытпауға тырысам. Соңынан
елден келген соң өзіне əдейілеп сəлем беріп, аман - есен келіп қалғанымды
айтып:
— Мынау біздің елдің дəмі еді, — деп, газетке оралған бірдеңелерді ас
ішетін столдың үстіне қойып кетуге мен де үйреніп алғам.
Биыл да елге жазғы демалысқа басқа студенттерден бір айдай бұрын
келдім. Зағыш қалада. Мемлекеттік емтихан тапсырады.
Ел іші соғыс кезіндегідей емес, тəртіптеліп, түзеле бастаған. Машина,
тарктор қайтадан көбейейін деген. Қол еңбегінің үлесі азаюға бет алған.
Бұл соңғы екі жылдың ішінде біздің Тұйықта будан да басқа бірсыпыра
айтулы өзгерістер болған.
Нұрəлі түрмеде. Бұрнағы жылғы комиссиядан кейін колхоз дəулетін
талан - таражға салғаны үшін алты жылға сотталған. Қазір Іле бойында
енбек түзеу лагерлерінің бірінде қой барады деп естимін.
Бас бухгалтер Жүніс сотталудан аман. Қазір басқа колхозда, жай
бухгалтер.
- Əділдік ақыр түбі оңға басып, жақсылықтың ақ мамық қанаты біздің
босағаны да шарпып өткен. Былтырғы оқу жылының басынан Қаныша
жеңгем мұғалімдік қызметіне кайта тұрып. Осы күні өзіміздің ауылда жеті
жылдық мектепте орыс тілінен сабақ береді.
Ауданға Ахметов дейтін жаңа секретарь келеді. Жұрт оны əділ,
қарапайым, іскер адам ретінде жер-көкке сыйғызбай мақтай бастайды.
Əділдігін көрейін дейді де, Қаныша жеңгем соған барады. Өзінің бір кезде
Нұрəліден шеккен зəбір - жапасын, мұғалімдік қызметтен жазықсыз
босағанын тəптіштеп түгел айтып береді.
Ахметов ұйып тұрып тыңдайды. Нұрəлі болса, əне, анадай болды, өзі
қазған орға омақаса өзі құлады. Табан аузында аудандық оқу бөліміне
телефон соғып:
— Асылбекова жолдасқа өзіне лайық қызмет тауып беріңдер, — деп,
тапсырады секретарь.
Ахметовтың айтқаны мұндағы жұрт үшін бұлжымайтын заң.
Miнe, бір жыл болды Қаныша жеңгем езінің сүйетін жұмысында кайта
істеп жүр.
Нұрəлі қамалған соң аз күннен кейін Сəуле де қайтыс болған. Екі
қыздың екеуі осы күні Қарасазда интернатта. Бір кезде Тұйықтың халқына
жарты патша көрінген Нұрəлі əулетінің топырағы осылайша тоз - тоз
болған.
Демалысым демалыс болатындай түрі жоқ. Ойымнан əнеугі Мұқан
көрсететін Маржан хаты шықпайды. Сол арқылы өзімнің қалада қалған,
осы кезде мемлекеттік емтихан тапсырып жүрген Зағышым шықпайды. Аз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 15
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.