Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 09

Total number of words is 4180
Total number of unique words is 2374
34.0 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
56.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Мұсаның шешесі Қалампыр дүниеге тек ақшаның көзімен қарап,
бағалайды. Ақшаны көп тапса, ол жақсы, адам, аз тапса, жаман адам.
Мен таудан тас тасып жүргенімде Қалампыр күн сайын қанша
əкелгенімді сұрайтын. Ең аз əкелушілердің қатарында екенімді естіп,
қоңырайып қалатын. Айдың аяғында табысың аз болады, түк те алмайсың
деп, жыныма тиіп қажап отырады.
Атпен ағаш таситын жаңа жұмысқа ауысқалы бері Қалампыр маған
тəуір қарайды. Өйткені мұнда маған жазылатын еңбек мол, яғни табыс мол.
Қалампыр оны жақсы біледі.
— Ағаш тасушылар ақшаны қырып алады. Айдың аяғында əлі қарық
боласың, — дейді.
Бұрынғыдай емес, асты-үстіме түсіп, елпілдеп тұрады, шай ішкенде,
нан, қантты алдыма сырып қойып отырады.
Осы жасымның ішінде өзім өз боп жалақылы жұмыс істеп, санап ақша
алып көрген емеспін. Айдың аяғындағы еңбек ақы беретін күнді
шыдамсыздана күтудемін. Қанша алуым мүмкін екенін күні бұрын есептеп
шығарамын.
Жұмыстың соңынан қолым бостa күнде магазинге бір кіріп шығам.
Колхоздағы дүкендерде баяғыда қарасы өшкендер қилы кездеме, бітулі
киім, қант-шай мұнда сықап тұр. Соларға көзім қызығып қараймын. Ертең
жалақы алған кезде не сатып алатынымды ойластырып, қиялыммен
байимын. Ананы, ананы алсам деп, көңілімде тізім жасумен болам.
Ол тізімім дүкенге жада бұйымдар түскен сайын өзгереді.
Өзімнен гөрі Тұйықтағы шешем мен жеңгемнің қамын көбірек
ойлаймын. Адам болып, мал тауып, əуелі соларды қуантуға асықпын.
Шешеме жаңа мəсі, оның сыртынан киетін азия галошын сатып алуды,
жеңгеме көйлек, əдемі салы орамал сатып алуды арман етем.
Өзіме жаңа кирзо етік, мақталы жылы шалбар, жылы фуфайка сатып
алсам деймін. Бір жолғы жалақыда бұның бəрін сатып ала алмаспын.
Жуырдағы екі-үш айға түзетін жоспарларым осындай.
Міне, ай аяғы болды. Жиырма екі сомның алтын талоны тиді. Бұл
бірқауым ақша... Жарым - жартысына келесі жалақыға дейін күн көруіме,
жарым - жартысына дүкеннен нəрсе алуыма болады.
Өмірде азап қана емес, рақат та бар екенін мұңдағы жұрт жалақы алған
күні біледі Қолдарына талондары тиер-тиместен үй іштерімен магазинге
жүгіреді.
Қазекем саудаға, есеппен, үнеммен күн керуге ебетейсіз халықтың
біреуі ғой. Қейбіреулер ақшаларын сарп етіп бірден жұмсайды да, ертеңгі
шай - нанына елден қарыз сұрап жүреді.
Немесе алсам деп, зəру болған затын алмай, көзіне бірінші іліккен
бірдеңе сатып aп, қап деп, не істерге білмей, өкініп жүреді.
Қайтып берсе, магазинші алмайды.
— Мына.зат кімге қажет?—деп, базар жоқта базар ашып, айқай салып
жүргені.
Үй-үйді, барақ – барақты қыдырып, алушы іздейді
Біреу алсам ба екен деп, алмай қойса, онымен табан астында жауығып
бүйткен адамшылығыңды ұрайын деп, ренжісуге дейін барады.
Ақымақшылығы үшін өзін сабап алуға кісі жоқ.
Жылпос магазиншіге алданып қалғанын соңынан үйіне келіп, сатып
алған нəрселерін жайып салын, саусақпен санап есептегенде бір-ақ біліп,
дүкенге қайта жүгіріп кеп:
— Сен менің пəлен тиынымды жеп қойыпсың, қайтар,— деп, шу
шығарып жүргендер жəне кездеседі.
Қазақ жұмысшыларына тəн бір жақсы қасиет, əйтеуір, олар араққұмар
емес.
Арақты мүлдем дерлік ішпейді.
Арақ ішушілерге жұрт жиренішпен қарайды.
Маған екінші айда тигені отыз бес сомның талоны.
Бұл тас таситын білдей жігіттердің табатын табысымен қарайлас.
Қалампырдың «ағаш тасушылар ақшаны қырып аладысы» міне осы.
Үй ішіміз бен (Мұса семьясын жəне өзімді айтам) дүкенге сауда жасауға
келіп тұрмыз. Бұл мұндағы жұрттың əдеті. Сауда жасарда, бүкіл
семьяларымен түгел келеді. Ешқайсылары қалмайды. Біреуі саудаласушы
болғанда, басқалары ақылшы.
Өткен айда шешеме деп мəсі, галош алғам. Олар қазір Қалампырдың
сандығында сақтаулы. Жəне сол жолы өзіме кирзо етік алып кигем. Бұған
дейін киіп жүргенім бəтіңке еді, атқа мінгелі бері тобығымды үзеңгі қажап,
əуреге салған.
Бұл жолы жеңгеме деп көйлектік сатин, сары ала салы орамал, өзіме
мақталы жылы шалбар алдым .
Біраз қант, шай алдым.
Қалампырға сыйлық ретінде орамал алып бердім. Қара кемпір бұл
күнде маған жақсы қарайды. Қөңілін аулап, риза етіп қоюым өзіме
пайдалы.
Ал бүгін менен қуанышты, менен бақытты жан жоқ, Өйткені ертең
Тұйыққа жол жүрмекшімін. Үйге барып келуге үш күнге рұқсат сұрап
алдым.
Артельдің басшылары мініп барып келуіме астымдағы атыма дейін
беріп отыр.
Шешем мен жеңгеме алып баратын олжам қаншама!
Бейшара ғаріп жандарды қуантуға жарайтын кезім келген тəрізді.
Мен мұнда бас-аяғы екі-ақ ай еңбек еттім. Соның, өзінде əлгіндей
табыс таптым. Басшыларға да, өзге жұртқа да жағымдымын.
Басшыларға жағатыным: жұмысты жақсы істеймін, адалмын. Қайда
жұмсаса да, елгезектеніп ұшып тұрам.
Үлкен барақтағы жұмысшыларға бекітілген үгітшімін. Парторгтің
тапсыруымен оларға газет, журнал оқып берем. Қабырға газетін шығарам.
Майданда не боп жатқаны турасында əңгімелер өткізем.
Өзге жұртқа жағатыным тағы да осы мінезім. Бұған енді күнде
кешқұрым тыңдаушы елдің құлақ құрышын қандырып, артисте мың
құбылтып қисса оқитынымды қосыппыз. Қисса тыңдауға кейде Дүйсен де,
артель директорының орынбасары Əміржан да келеді. Менің оқығыштық
өнеріме олар да риза болады. Мақтасады.
Басшылардың мақтауы ол ете маңызды нəрсе.
Əйтпесе, қазіргідей қиыншылық кезде үш күнге жұмыстан мұрсатана
алу, артелдің екі-үш атының бірін сұрап алу ол кім көрінгеннің қолынан
келмейді. Бұл арада менің əлгіндей көзге түсіп жүруімнің себі тиіп отыр.
Таңертеңгі уақыт. Күн əлі шықпаған. Түйедей қызыл аттың үстінде
Тұйық қайдасың деп, тау ішімен жалғыз соқтырып келе жатырмын. Жолға
жақын тұрған қарағайлардың дəл төбемде қырау басып салбыраған
бұтақтарын ойын үшін қамшымен тартып етем. Сап-салқын қылтанақты
қыраулар басыма, атымның жалына сау етіп құйылады. Жалаңаш мойныма
да кіріп кетеді.
Күн бүгін сəл ғана шытқыл, ауада білінер - білінбестей аяз бар. Бірақ
мен оны елемеймін. Кеудеме толқын атқан қызулы қуанышым тұрғанда,
омырауымды аңқитып ашып тастауға бармын.
Сіз менің осы келе жатқанда атқа отырысым қалай екенін көрсеңіз.
Өзімді бейне бір парад қабылдауға шыққан биік қолбасыдай сезінем. Карсы
беттегі анау самсаған қалың қарағай сап түзеп тізіле қалған солдаттарым.
— Смирно! Равнение на середину!—деп айқайлаймын.
Таңғы тұнық ауада дауысым жаңғырығып бүкіл орманды кезіп кетеді.
— Жолдас маршал! Гвардия полкының солдаттары парадқа шығуға
даяр!—деп, өзіме өзім рапорт берем.
— Сəлемет боларсыңдар, солдат жолдастар!
— Сəлемет боларсыз, маршал жолдас!
Əне, Совет Одағы гимнінің құдіретті үні шалқып естілді, Менің қолым
шекеде. Сап түзеген мың сан солдаттарым қыбыр етпейді...
Адам болу неткен бақыт!
Өмір сүру қандай көңілді!
Бір кезде мен өзімнен өзім тастан құлап, өлмекші де болдым - ау. Тфу,
неткен ақымақпын! Нағыз дорақтың өзі екенмін ғой!
Қызыл атты тер - тер етіп, Тұйыққа қараңғы түспей, көз байланбай
жетіп келдім. Анада келгендегідей құбыжық сорлы халде емеспін. Түйедей
қызыл аттың үстінде бүгінде кім болып оралғанымды жұрт көрсін қайта!
Жауым Нұрəлі көріп, іші күйсін.
Ау, халайық! Үйлеріңнен неге шықпайсыңдар? Маған неге таңырқап
қарамайсыңдар? Менің мынау арт жағымдағы қомақты бөктеріндімді
көрдіңдер ме? Сендер оның ішінде не барын білсеңдер етті.
Маңдай тер, табан ақыммен тапқан, шешем мен жездеме желе жатқам
бағалы, асыл бұйымдарым бар.
Жаңa мəсі, жаңа галошты «алтын кеннен балам əкеп берді» деп, ;əлі
шешем жарқыратып киіп шыққан кезде, жеңгеме жаңа салы орамал, көйлек
əкелгенімді, өзім де бірсыпыра жаңа киімдер алып кигенімді көргенде,
сендер қайтер екенсіңдер!
Ау, балақайлар? Сəбилер! Жүгіріңдер, біздің үйге келіңдер! Менің
сендерге беретін базарлығым — тəттілерім бар. Қолдарыңа бір - бір шақпақ
қант ұстатам. Еркін ағам əкеп берді деп, қажалап жеп жүріңдер.
Шіркін-ай, менің осы келген түрімді Ғалия көрер ме. еді!
Ех, Ғалия мен үшін сен айықпас қайғыға айналдың, дертке айналдың.
Жүрегімнен мəңгіге сызып тастайын десем де, дəрменсізбін. Неге. олай?.
Не себептен сызып тастай: алмаймын?
Негe ұмыта алмаймын?
Ғалия, сен мені бір емес, екі өлтірдің. Екеуі де өле.өлгенше есімнен
кетпес; сірə.
Біреуі — үйге бір қайыршы бала кіріп кетті деп, қорлап айтқан сөзің.
Екіншісі — мен тау жақтан сейілден қайтып келе жатқанда, есік
алдында салт атты жігітпен ыржақтасып тұруың.
Сондағы іс мінезің...
Сонда мен «Ақжолға» не үшін бардым? Бір сен үшін еді ғой, Ғалия. Ал
сен мені қалай қарсы алдың?
Қайыршыға теңедің...
Қас қылғандай, мен келгенде, Тұйықтың көшесінде бірде - бір адам
қарасы көрінсеші. Бұл кім деп, біреу есігін ашып қарасашы.
Тым - тырс.
Мынау там үйлерде тірі адамдар тұратынын мұржалардан шығып
жатқан түтіндерге қарап білмесең, бəрі түгел : қырылып қалған екен дерсің.
Біздің үйге төтелеп анау шет жақпен барса да болушы еді, Мен əдейі
орталық көшені қақ жарып келе жатырмын. Бір кезде дəл алдымнан, үйдің
қалқасынан қалың киінген, соқтауылдай екі еркек қарсы шыға келді.
Бұлар Нұрəлі мен бас бухгалтер Жүніс еді.
Екеуі де мені бір дегеннен танымай; тоқтап,. мойындарын бұра
ошарыла қарап қапты; Meн дəл қатарынан үзеңгіммен қаға өтіп бара
жатырмын. Биік аттың үстінде кеудемді, одан бетер биік ұстап, көзімді
жоғарыдан қиғаштай тастап, əдейі амандаспадым.
— Өй, мынау Еркін ғой.
— Сəрсебектің інісі ғой,—десіп, артымнан күңкілдеп, айтып жатты.
Айтса, айта берсін. Еркінекең енді олардың сөзі түгіл өздерін елей қояр
ма екен!
Біздің үйде мереке!
Біздің үйде шаттық!
Менің алтын кеннен қуанышты олжалы оралуым шешем мен жеңгемнің
төбелерін көкке жеткізді. Бақыттың ауылы дəл мұндай қол созым_жақын
болар деп, олар ойламаған да, күтпеген.
Кешегі Сəрсебек ағайым бар кездегі берекелі өмір бір кеште біздің үйде
қайта орнады. Иісі мұрын жарған қызыл шай, мол, дастарқан. .Қазанда
бүлк - бүлк қайнап, пісіп жатқан сурет.
Ертегілерде айтылатын ақ таяғын қолға ұстап, үйінен бақыт іздеп кетіп,
талай қиыншылықтарды бастан кешіп, ақыры бай болып оралатын жетім
балалар болушы еді ғой. Мен осы отырғанда дəл сол секілдімін.
Дүйсен Дауылбаевты Қаныша əйбат біледі екен. Иə, ол сондай, көңілді,
жақсы жігіт деп, қосыла мақтап отырады.
Таңертең оянғанда мен шешемді төрдегі аузы өтсe сирек ашылатын
қоңыр сандықтың қасында көрдім. Бұл сандықта Сəрсебектің бар киімі
сақтаулы. Шешем үшін дүниеде ол киімдерден қымбат мүлік жоқ.
Қаншама таршылық кезді бастан кешіп, аш - жалаңаш болса да, ол
ағайымның бір киімін сатып немесе азық-түлікке айырбастап, қажетке
жаратқан емес.
Ондай ой шешем мен жеңгемнің басына кіріп те шықпаған.
Шешем Сəрсебектің қисық жағалы қара сатин жейдесін екі иығынан екі
қолымен жазып ұстап, үнсіз кемсең - кемсең жылап тұр.
Менің оянғанымды көрді де, көз жасын сүртіп, тежеле қалды.
— Шыбыным, ағамның мына жейдесін сен ки. Тірі келсе, киім табылар.
Сəрсебектің қара былғары қолғабы бар-ды. Атқа мініп жүрсің, қолың
тоңбасын деп, соны да маған берді.
Ауылда бір күн болып, оның ертеңінде алтын кенге қайтайын деп
жатырмын.
Шешем мен жеңгем аттандырып салып тұр.
— Қош сау болыңдар.
— Қош, шыбыным. Қайда жүрсең, аман жүр.
— Ерка, қош.
Ат басын бұрып, енді жөней бергенімде, жеңгем:
— Ерка, тоқташы, — деп қалды. Тізгінді тежеп, кілт тоқтадым. Жеңгем
қасыма келді. Мен əкеп берген əдемі салы орамалдан самай шашын түзей
тұрып:
— Ерка, Ғалия күйеуге тигенін есіттің бе?
— Жоқ!
— Əнеу күні хат келген. Күйеуге шығыпты.
— Кімге?
— Сол өз ауылдарында, армиядан келген біреуге.
Аттың басын тез бұрып, жөнеле бердім. Көңілім босап, ішім у боп еріп
барады.
Қалампыр мені өз баласы жолаушы кетіп оралғандай қуанышпен қарсы
алды. Ұзақ жол шаршатқан болар, қарның ашқан болар деп, қалбақтап,
жаны қалмайды.
Шешемнің, жеңгемнің амандығын тəптіштеп сұрап жатыр.
Шай үстінде қабағым кірбің екенін байқап қалды.
— Сен неге көңілсізсің?
— Жай.
— Бір жерің ауыра ма?
— Ат соғып, шаршағандық болар...
Қалампыр мені соңғы кезде ете сыйлағыш - ақ.
Жатар кез болды. Сыртқа шықтым да, бараққа қайта кірдім. Жатып
қалдым.
Менің қасыма, əдетте Қалампыр жататын. Қалампырдың ар жағында
Бəтима. Бəтиманың ар жағында Мұса.
Неге екенін білмеймін, ол тəртіп бүгін өзгеріпті. Бəтимаға төсек
менімен қатар салыныпты.
Маған бұл ұнамады.
Ішім қып ете қалды.
Қалампыр соңғы кезде бір əңгіменің шетін шығаратын болған. Кейде
екеуміз оңаша отырғанда, іс - міс жоқ, Бəтиманы мақтай жөнеледі. Қыз
болса, менің қызымдай болсын, майлық - сулыққа бірдей. Ақшаны
соқтауылдай жігіттеріңнен кем таппайды. Бұған серік болған адамның
маңдайының бағы бар дейді.
Мен үндемеймін. Бұл əңгіменің маған қатысы жоқ дегендей қалып
білдірем.
Бəтимадан кейін Қалампыр мені мақтайды:
— Сен де жаман бала емессің. Бəтиманы қалай көрсем, сені де солай
көрем. Біреуіңнен біреуіңді алаламаймын,— дейді.
Кемпірдің түтіні қалай қисаятынын мен түсінем. Сіз ойлағандай бола
қоймас деймін.
Мен Бəтиманы адамшылығы жағынан сыйлаймын. Ал бірақ сүймеймін.
Сүймеген соң басыма ақыр заман төнсе де, мен оған үйленбекші емеспін.
Қара кемпір бұны білмейді.
Төсекке жатқан бетте əдейі кемпірге қарсылық мінез көрсетіп, Бəтимаға
дөңкиген арқамды беріп, көрпемді басымнан асырып бүркеніп алдым.
Ал енді қайтер екен?
Мұса керемет жуас адам. Ештеңеде шаруасы болмайды. Мынау неге
былай деп бір ауыз сөз айтпайды.жұмыс істеп, ақша тапқанды ғана біледі.
Ол ақшаны ұстайтың да, жұмсай тын да Қалампыр.
Келіні қара кемпірдің өзім билеймін мінезіне төзбегендіктен кетіп
қалды деген сөз бар.
Бұл əбден мүмкін нəрсе.
Бір күні екеуден екеу отырғанда:
— Еркім балам, мына жұрт өсек айтып жүр ғой,— деді қара кемпір.
— Не деп?
— Сен түн ішінде Бəтимаға қол салады деп...
Мен жаман ыза болдым:
— Кім? Кім оны айтқан?!
Қалампыр пəлен айтты деп, ешкімнің атын атамады.
— Сондай бір қаңқу сөз естідім. Өсек айтпай жүрсе, бұл жұрттың іші
кеппей ме? — деді.
— Сіз Бəтимаға төсекті неге менімен қатар саласыз? Енді қатар
салмаңыз.
Төсек қатар салына берді...
Əлгі сөз, шынында да, жұрт аузынан естілген өсек пе, жоқ əлде
Қалампырдың өзі ойлап тапқаны ма, мен біле алмай, дал болдым.
Төсек қатар салына берді...
Шарапты сүйіп ішсең де мас етеді, сүймей ішсең де мас етеді. Əйел
заты тап сол секілді — жолап кетсең қауіп.
Біріңе бірің тақалып қатар жату — ол енді шектен шыққандық.
Төсекке ұйқыға жатқан сайын мен Бəтимаға сол дөңкиген арқамды
беріп, көрпемді бүркеніп алып жатамын. Қара кемпірге, барақтағы өзге де
онымен тілеулес əйелдерге көрсеткен қиястығым. Таңертең жəне осы
жамбасымнан, осы жатқан қалыбымнан түрегелем.
Ал түн ішінде... түн ішінде жатысымды аздап өзгертетін кездерім
болады. Бір жамбаспен жата беріп кісі шыдай ма?
Бəтима көбінесе шалқасынан жатады. Маған ауыр денесімен тақалып
алады. Онша көп қимылдамай, тым-тырыс жатады да қояды. Не ояу, не
ұйқылы екенін білу қиын.
Міне мен ақырын, еппен аунап, бетімді Бəтима жаққа бұрып алдым.
Ұйқым шайдай ашылып кеткен. Енді қыбыр етпей жатып тын тыңдаймын.
Үй ішінде қорыл көп, бірі ана тұстан, бірі мына тұстан естіледі. Тыңдап
жату қызық — қорылдың неше түрін естисің. Сенін қорылың қандай, менің
қорылым қандай деп, жұрт жарысқа түскен секілді.
Қорылға қосыла жəне бір анайы дыбыстар да естіліп қалады.
Meн өтірік ұйықтаған болып, «пысынап», көрпемнің кеуде тұсын ашып
тастаймын. «Ұйқысырап» қолдарымды бейберекет жайып жіберем.
Жайылған қолым Бəтиманың жалаңаш иығына тиеді немесе оның
кеудесінің үстіне барып құлайды.
Бəтима шошыған мінез көрсетпейді...
Бір күні түс көрдім. Түсімде Балжан үйіне барған екенмін. Түн.
Қараңғы. Төр алдында жатырмын. Қасымда көрпенің сыртында менімен
құшақтасып Ғалия жатыр.
— Ғалия, бері кіріп жат, тоңасың ғой,— деймін.
Ғалия үндемейді.
— Қарашы, иықтарың сұп - суық, — деймін де, көрпенің Ғалия жақ
шетін ашып, оны өзіме қарай тартам. Ғалияда қарсылық жоқ, женіл
жылжып келе жатыр. Міне ыстық бауырыма еніп, жабысып алды...
О, ғажап! Шынында да біреуді құшағыма қысып алыппын.
Сөйтсем, Бəтима...
— Еркін, хал қалай?
— Хал жақсы, Дүйсен ағай.
— Сол хал дегенің жақсы болмайын деп тұр - ау, Еркін шырақ. Колхоз
сенің соңынан қуғын қағаз жіберіпті.
Арқам мұздай болып кетті.
— ...Осындай біздің бір колхозшымыз қашып кетіп, сіздерде жұмыс
істеп жүрген көрінеді. Сол адамды жұмыстан шығарып, өзімізге
қайтарсаңыздар екен депті.
Бұл қуанарлық хабар емес - ті.
Соңғы кезде алтын кенге колхоздардан жан бағыс іздеп келушілер
көбейген. Соған байланысты аудан: колхоз мүшелері алтын кенге жұмысқа
алынбасын деп қаулы етіпті деген сөз шыққан. Артынан қуғын келген
бірнеше адам жұмыстан босатылған.
Бұның бəрі маған мəлім жай.
— Мен колхоз мүшесі емеспін ғой, — дедім.
— Бұл сеніңше. Ал олар əке-шешең колхоз мүшесі болғандықтан сені
де колхоз мүшесі деп есептейді.
Ойламаған жерден басыма қара бұлт қайта үйірілді.
Бұл да Нұрəлінің ісі. Ана жолы менің ауылға шікірейіп барғанымды ол
керді. Қандай олжамен оралғанымды естіді.
— Жарайды, алан, болмай, жұмысыңды істей бер. Мен директормен
сөйлесіп керейін. Мүмкін, сені шығармас.
Он күндей құлағым тыныш болды, Содан соң кеңсеге шақырады.
Қуғын қағаз тағы кепті.
Артельдің директоры Иванов дейтін қазақшаға судай адам. — Сен
жақсы жігітсің, бізге керексің. Қолымнан келсе, сені алып қалар едім. Бірақ
ол қолымнан келмейді. Аудандық атқару комитетінің қаулысын бұза
алмаймын, — дейді.
Артельмен қош айтысуыма тура келді.
Қара кемпір менен бетер қиналып, Нұрəліні сыртынан қарғап-сілеп
жүр. Қарғамай ше! Ол мені өзіне күйеу бала етудің бар айласын істеп-ақ
баққан еді. Еңбегі зая кеткелі отыр.
Бəтима түнде құлағыма сыбырлап:
— Еркін, мен сені сағынамын, — дейді.
Оның бетіме оқыс тиіп кеткен самай шашынан үркіп, басымды аулақ
алып қашамын.
Нұрəлінің қол астына барғанша мен қаңғып кетуге əзірмін. Тұйыққа —
үйге соқпастан, бірден Қарасазға военкоматқа келдім.
- Не айтасың?
— Мені соғысқа жіберсеңіздер екен.
Мен кірген кабинетте бір əйел, екі еркек — үш адам отырған.
Барлықтары маған таңырқап қарасады. Дені сау ма, сау емес пе, шыны ма,
тəлкегі ме дейтін тəрізді.
Саумын. Шын сөйлеп турмын. Бірдеңе сұраған адамша жалынамын.
Өтінішім орындалмаса осы арадан кете қояр түрім жоқ.
Отырғандар:
— Əскери билетіңді көрсет, — деді.
Менің қалтамда əскерге жарамсыз деп, үш ай мерзімге берілген ақ
билет. Ол мерзім өтіп кеткен. Комиссияға қайта түсетін кезім болған.
Денім де, сөзім де дұрыс екенін білген соң:
— Жақсы, пəлен уақытта комиссияға келесің, — деп қолыма повестка
жазып берді.
Күздегідей түрінен адам шошырлық тірі əруақ емеспін. Кəдімгідей
етейіп, оңалдым. Күн сайын ерінбей-жалықпай иіліп, созылып, жаттығудың
арқасында дізелерімнің күдістеріне дейін жазып алдым. Енді əскерге
қалайда жарауға тиіспін.
Колхозда Нұрəлінің тепкісінде жүргенше, майданға барып, не ерлік
өліммен өлейін, немесе Отан алдындағы борышымды азаматша атқарып,
еңсемді жоғары ұстап, арымды, анкетамды тазалап, қайтып келейін. Екінің
бірі.
Əрі-сəрі болудан тойдым, қажыдым.
Міне, тағы да əскери комиссияның алдында тұрмын. Дені сау, сергек
болып көрінуге тырысамын,
— Ауруың бар ма?
— Жоқ.
Шешім біреу:
— Годен к строевой службе! Ертесінде арбамен Алматыға жүргізді.
Нұрəліден айламды асырғаныма қуанып, кете бардым. Қош, туған
ауылым!
— Қош, аяулы алтын анам! Қаныша жеңгем, қош!
Отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын жаны сірі Еркіндерің есенаман əлі-ақ қайтып келеді.
ЕКІНШІ ДƏПТЕР
Сонау соғыс жоқ бала кезде мен əскердің сурет боп, қатып тұратын
киіміне, астындағы сəйгүлік атына, асынған мылтық - қылышына
қызығатын едім .Қызыл əскер болуды арман ететінмін.
Сол кезде солдат болдым екен деп, бірден жаңа киім бермейді.
Майданға жөнелтілгендердің иығынан сыпырылған көнетоз ескі киімдер
береді. Оны киіп, сурет боп, қала қоймайсың.
Солдаттың да қолының қалт ететін кездері болады. Əркім оны əрқалай
пайдаланады: біреу үзілген түймесін қадайды, біреу ел-жұртына хат жазып
жатады. Енді біреу аяғына жайлы -жұмсақ болуға сірне - сірне шұлғауын
уқалап əлек. Тірі жанның тіршілік əрекеті біткен бе?
Төс қалтамнан тастамай салып жүрген, қатқыл тысты дəптершем бар
менің. Ұзындығы сом дəптершенің бойына лайықталған, дəптершемен
жұбы жазылмайтын бір сүйем қара қарындашым бар, екеуі де бағалы
мүліктерім. Əлгідей өз еркім өзіме тиген шақтарда, бетімді қасымдағы
жолдастарымнан теріс бұрып, сүйкетіп жазып жатам.
Өлеңдерді, реті келсе, газет-журналға басқызу, сөйтіп, ақын атану үшін
жазам.
Пилоткам он шекемде жыпырмалы,
Арқамда жүк қапшығым сыпырмалы,
Сары сым, сары жейде, кенеп белбеу,
Бəтеңкем аяқ бассам сықырлайды...
«Мен солдат» дейтін өлеңім міне осылай басталатын.
Бұл өлеңді мен өзіміздің ауылға, аудандық газетке жібердім. Газет
қасқайтып бірінші бетіне жариялапты. Бір номерін хатпен маған жіберіпті.
Содан бері қасымдағы қазақ жолдастарым да, орыс жолдастарым да мені
«ақын», «біздің ақынымыз» дейтін болып жүр. «Жас Жамбыл»,
«Жамбылдың мұрагері» деп те атайды. Осынын бəрінде де: байқаймын
олардың мақтауынан гөрі келемеж етулері көбірек.
Мейлі поэзия оларға келемеж болғанмен мен үшін тіпті де келемеж
емес.
Құпия қалта өлеңдердің жайы бұдан өрі бөлегірек. Meн оны газетжурналға ұсыну үшін жазбаймын, тек өзім үшін жазам. Өзімнің ең жақын
сырлас адамдарым үшін. Бұл өлеңдерді кім көрінгенге оқымаймын да.
Адам өзінің ішкі сырын кез келгенге ақтарып, жайып сала бере ме? Бұл
да сондай. Бұл тəрізді өлеңдерде баяндалатындар өзімнің бастан
кешкендерім, ішіме сыймай жүрген мұңым мен зарым. Əлі қолым жетіп
үлгермеген армандарым. Ол тəрізді өлеңдерді газет-журнал жаратпайды.
***
Менің де өзімше қулық есептерім бар.
Құпия - қалта өлеңдерімнің тəуір - тəуір дегендерін көшіріп, хатпен
үйге жіберем. Олар да оқысын. Екінің бірі, егіздің сыңары емес екенімді,
біліп, ақындық талантым барын біле берсін ел-жұртым. Бүгін болмағанмен
ертең соғысқа мен де баратын шығармын. Тағдырым қалай боларын кім
білсін. Мүмкін, қаңғыған бір түйір қорғасынның кесірінен елге тірі
оралмаспын. Ер атанып, даңқымды жайып үлгермеспін. Міне сонда
артымда батырлық даңқым қалмаса да, əлгідей бес-алты ауыз сөзім —
өлеңдерім қалады ғой. Менен барған өлең, хаттарды шешем дүние астынүстін болса да жыртпай сақтайды. Қалтасына бой тұмардай салып жүріп
оқытатын болады. Ел оны біреуінен біреуі естіп көшіріп алып, таратып
əкетеді. Біреуден біреуге жаяды. Əлі, «Еркіннің əскерден жазған хаты» деп,
жиын-тойда домбырамен əндетіп, айтып жүретіндер де табылады.
Осынын бəрі ел арасында менің атымды шығарады.
Əлгідей, соғыстан тірі оралмасам, ел-жұртым оқта-текте еске алып,
айтып отырмай ма:
— Шіркін боздақ, арманда кетті ғой! Əйтпесе, адам болатын баланың
бірі еді!—деп.
Бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ редакциялардың біразымен хат
алысып-берісуді кəсіп етіп үлгерген едім. Сол əдет солдат болғанда да
қалмаған.
Қырсық тағдыр менің ақын атануымды сірə қаламайтын болса керек.
Бір де бір өлеңім басылмайды. Ал басылғанын көруге құштар - ақпын.
(Аудандық газет мен үшін таң болудан қалған.)
Бүкіл ел болып, казак, халқы болын оқитын газет-журналдарға басылса
деп, арман етем.
«О, құдай, жаратқан ием. Бұныңа да шүкір!»—деп елдегі шешем байғұс
бір жасарым қалар еді.
Нұрəлінің іші у жұтқандай күйер еді.
Хат танитын қазақ атаулы түгел жапырлап оқып жатқан өлеңді, сөз жоқ
Ғалия да оқыр еді-ау. Өлең соңында «Еркін Мамырбаев. И. бөлімшесінің
курсант - жауынгері». Ғалияның көзіне менің аты-жөнім оттай басылуы
сөзсіз.
Жүрегі кеудесіне сыймай, тулап қоя берер: сол... сол..« Еркін...
Өскенде жазушы болам дейтін еді. Бола бастағаны ғой...
Ех, Ғалия... Ғалияшым менің. Басқаға бұйырсаң да, Ғалияшым деуді
қоймаймын - ау əлі де. Қайтейін, қимаймын ғой. Қимаймын. Сені есіме
алсам, іші-бауырым өртеніп кеткендей болады. Миыма қан құйылғандай
екі шекем зырқ ете қалады.
Өзіңді көретін күн болар ма екен, Ғалия? Ішімдегімді армансыз бір
ақтарып, сөйлессем. Кінə кімнен болды? Менен бе, жоқ сенен бе? Білсем.
Менің кінəм бір жылға зым-зия жоғалып кетуім. Ал сенің кінəң одан
гөрі көп те, басым. Сен мені ақырына дейін күтпедің. Табандылық
көрсетпедің. Бірін бірі шынайы сүйетін адамдар, Ғалияжан, олай болмауы
керек еді.
Зым-зия жоғалайын деп жоғалдым ба, мен бейбақ? Алапат соғыс
шықты да, өмірдің астын үстіне келтірді, бірді бірге бытыстырды. Сеп
болсаң, басыма іс түскен кезде ұмыттың мені. Жүрегіңнен өшіріп, сызып
тастадың.
Мүмкін, бəріне соғыс кінəлі шығар?
Мен сені, бəрі бір қия алмаймын, Ғалия. Өзіңді бір көріп сыр шертуге
құштармын.
Білгіштер қайда да болса бар. Əскерде де жетерлік. Менің газетжурналдарға өлеңдер жіберіп, басқыза алмай жүргеніме олар күледі:
— Шырақ, сен əлі бала екенсің,— дейді.— Бір жапырақ қағазға
сүйкетіп, өлең жаза салдым да, қырық тиынның маркасын жапсырып,
жібердім. Енді ол басылуға тиіс дейсің. Жо – о - қ, оған ол басылмайды.
— Қалай етсе басылады?
— Алматы деген міне мынау — үйдің қасы. Жарты күн мұрсатана сұрап
ал да, редакцияға өзің бар. Өлеңіңді көзбе көз отыр.ып, көрсет. Құр қол
жəне барма. Қалтаңда редакция қызметкерлерін сусындатқандай міне
мынауың болсын...
Білгішім бұны айтқанда, үш саусағының басын уқалап көрсетеді. Мен
бірден түсінем — ақшаң болсын дегені.
— Сосын мен көрейін өлеңің басылмағанын...
Мен ойланып қалам. Өмірде көп нəрсе əлгідей қиғаш жолмен жүзеге
асатынын білетін тəріздімін. Бірақ, талант жүрген жерде де еп жүруі керек
дегенге иланғым келмейді.
Дүниедегі ен əділ, ең турашыл нəрсе баспасөз жəне онда қызмет
істейтін адамдар деп ұғатыным жəне бар.
Бұл үшін білгіш мені маубас санайды да, өз айтқанын дəлелдеп,
өршелене түседі:
— Қазақта екінің бірі өлең жазатыны рас па?
— Рас.
— Егер соның бəрі басыла берсе, не болар еді?
Мен иығымды қомпаң еткіземін. Не болатынын қайдан білейін?
— Егер соның бəрі басыла берсе,— дейді білгіш тəптіштеп сөйлеп, —
жұрт өзге кəсіпті түгел қойып, шетінен ақын, шетінен жазушы болып
кетпей ме?
Мен тағы ойланам. Бұл сөзде қисын бар тəрізді.
— Əлгідей жолын тауып, ебін тапқандар ғана басылады, яғни, ақынжазушы болады.
Аяқ астынан, ойламаған жерден, киноға түсу деген əуре табылды. Ол
болмаса мен, мүмкін, ауырмас едім. Ауырмасам, Қызыл Армия
жасақтарының сапынан мəңгі-бақи шығып қалмас едім. Біріне бірі себеп.
Соғыс кезінде «Мосфильм» Алматыға көшіп келген. Атақты
«Броненосец»,
«Потемкиннің»
авторы,
кинорежиссер
Сергей
Эйзенштейнді сіздер білесіздер. Ал оның қызмет орны «Мосфильм» екенін,
Алматыға ол да кешіп келгенін білмеулеріңіз айып емес.
Бір күні біздің батальонды киноға түсесіңдер деді де, сапқа тұрғызып,
алды да жөнелді. Қаскелең ауданы, «Политотдел» дейтін шағын колхоздың
қасына алып келді.
Жаз уақыты. Үлкен аңғар өзек. Шағын қара су. Қара судың бойына
қатар-қатар шатыр тігіп, лагерь жасап алдық.
Біреу тоймен əлек, біреу қоймен əлек, Эйзенштейннің «Иван Грозный»
атты кинофильм түсіріп жүрген кезі екен. Бізді, бір батальон атты əскер, бір
батальон жаяу əскерді, патшаға жасақ болу үшін алып келген.
Күндіз. Ашық аспанның асты. Шөбі қалың теріскей беткей жерге
солдаттар біреуіне біреуі тақала жайғасып отырысқан. Алда аппақ шашы
жалбырап мойнына түскен, келбетті шалдау адам таныстыру ретінде
болашақ фильмнің сценариінен бізге үзінді оқып тұр.
Ұлы кинорежиссер аталынатын Сергей ағамыз міне осы кісі.
Taп сол кезде мен оның əлгідей тарих үшін қажетті, құрметті адам
екенін біліппін бе? Білсем, осы жүрген кино қызметкерлерінің біреуі
ретінде мен оған селсоқ қарамас едім. Мүмкін болған сəттің бəрінде де
қасынан екі елі шықпай қояр ем. Көрген - білгенімді бір түйірін қалдырмай,
қағазға жазып отырар ем. Міне, қазіргідей сəті келіп қалғанда, куəлі сөздің
өтірігі жоқ деп, ол туралы оқушыға майын тамызып, ұзақ əңгімелеп айтқан
болар едім.
Бірақ амал қанша, ондай көрегендік ой ол кезде менің мынау ылғи
кешігіп ойлайтын басыма кірмек түгіл, жақын жоламаған. Сол себептен,
тек сол себептен, ұлы адамның көмескі түр-түсінен өзге ештеңе менің
есімде қалмаған.
Бұл үшін, егер қажет болса, оқушыдан да, Сергей Эйзенштейннің мəңгі
өлмес рухынан да, кешірім өтінуге мен дайын.
Ұлы суреткермен істес болып жүргенімді мен маубас, қара басын
білмегенмін ол кезде.
Қалың солдаттың сонау шет жағында, орысша оқылған сценарийді
шала ұғып, сонда да зейін сала ұйып тыңдап отырған, беті - басын
шытынап күнге күйген кішкене қара солдат — болашақ дырдай қазақ
жазушысы екенін сірə, Эйзенштейн де білмесе керек.
Анадай дөң үстінде тақтайдан, фанерадан Қазан қаласының үлкен
макеті жасап қойылған. Біз, Иван Грозный патшаның атты жаяу жасақтары,
соған шабуылдар жасаймыз. Режиссер дауыс ұлғайтқышпен айқай салады:
— Стоп!
Шабуыл басынан бастап, қайтадан жасалады.
Иван Грозный ролінде артист Черкасов.
Халыққа аты кең тараған күлдіргі артист Жаров ол да осында. Ұлы
Эйзенштейннен гөрі, біз қолымыз боста, ұлы емес осылардың қасынан
шықпаймыз.
Бала кезімізде мұғалімдерден, үлкендерден сұрайтын ек:
— Кинодағының бəрі шын болған ба? Адамдар шын өле ме? Кеме суға
шын бата ма? Үйлер шын өртеніп, шын қирай ма?
— Жоқ оның бəрі жасанды, жалған, десе, киноға деген ынтығымыз
суып қалушы еді.
Ондай ұғым тамаша өнер — кинематографияның ерекшелігін бізге
жеткізіп, түсіндіріп айта алмаудан туады екен.
Түс кезі. Күн ыссы. Қазанға шабуылды жасай - жасай титықтап,
демалып отырмыз. Ыстық шекеден етіп, ми қайнатады.
Жымпиған солдат пилоткасындай жексұрын бас киімді мен өмірі
көрген емеспін. Нe ыстықтан, не суықтан ғана боп жарытпайды.
Өзен бойы бұл арада жалаңаш, ағаш - бұта өспейді, демалған кезде бас
сауғалар көлеңке табылмайды - ақ.
Қақтаған ыстықтан жан таппаған соң қасымдағы бір түп қызыл
қурайды басыма пана етіп, көк шөпке бауырымды төсеп, жата кеткем. Жер
сыз. Лезде көзім ілініп, ұйықтап кетіппін. Қанша жатқаным белгісіз.
Бip кезде сатырлаған көп дыбыстан оянып кеттім. Сөйтсем, киноға
түсуге дайындалыңдар деген команда болған екен. Бой жазып тұрайын
десем, тұра алмаймын. Кеудемнің іші толы инелер. Тікейіп, бойымды
жазбақ болсам, əлгі инелер екпеме, қолқа - жүрегіме оңдырмай сұғып сұғып алады. Кеудемді қолыммен басып, бүгіліп, тынысым тарылып:
— Ойбай... ойбай...—дедім де, қайта құладым.
Он солдаттың үстінде едіреңдеген бір текешік — отделние командирі.
Əлгінің сене қойғысы келмейді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 10
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.