Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 07

Total number of words is 4305
Total number of unique words is 2349
33.5 of words are in the 2000 most common words
47.9 of words are in the 5000 most common words
55.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Кімсің, қайдан келесің?
Екі ауыз сөзбен жайымды айттым. Көп сөзге дəрменім жоқ.
Əйел өрешені ашты да үлкен кесеге жартылай айран құйды. Оған
қазандағы пісіп, суып тұрған сүттен араластырып, шалап тəрізді
сұйқылтым жасады. Сіміруге оңай болсын дегені тəрізді. Сосын маған
ұсынды. Екі қолдап ұстаған кесені басыма бір-ақ көтердім.
Баяғы əлгі Ысқақтың өзімді таң қалдыртып қымыз ішісі бар емес пе?
Сол құсатып, сімірмей, жұтпай, өңешіме сылқ еткізіп қотара. салдым.
Бұдан соң есімде қалғаны: кесені əйелге қайыра ұсынып жатырмын.
Басым шырқ көбелек айналып барады. Бір кесе айран емес, бір кесе у
сіміріп салғандаймын. Өзімді өзім ұстауға əлім келмей, жантайып, құлап
барам.
Əйел маған бірдеңе айтып жатыр. Дауысын естимін, бірақ сөзін ұға
алмаймын...
Оянсам, түн. Үй іші толған кісі. Қазандықтың астында лапылдап
жанған от. Мен кісілердің арт жағында іргеде, бағанағы орнымнан жоғары
таман жатырмын. Сірə, қылжия кеткен қалпымнан қозғап, жайғастырып
жатқызса керек, астыма бірдеңелер төсепті. Басыма тері жағын сыртына
қарайтын тон жастапты. Ашық тұрған шаңырақтан жылтылдап жұлдыздар
көрінеді.
Бір кесе айран мені бір күн кешке дейін мас етіп ұйықтатыпты. Аш
өзегіме түсіп кетті деген, сірə, осы болса керек.
Қалқиып басымды көтердім. Отырған жұрт менің оянғанымды көрген
соң, айтып отырған əңгімелерін доғарып, бəрі түгел мойын бұрып қарап
қапты. Араларын ашып, былай -былай сырғып, маған қастарынан орын
босатысты. Жөн сұрай бастады.
Осы үйде қонып шықтым.
Малшылар Бөген ауданының малшылары. Қой бағады, қойды сауып,
мемлекетке сүт тапсырады. Таңертең екі дөңгелекті арбамен Жалаңашқа
сүт алып жүрді. Мен жарбиып бірге келе жатырмын.
Қазекем жөн сұрасқанда қазбалап түгел сұрайтыны белгілі. Кеше кеште
мұндағылар менің кім екенімді біліп алған. Осы ауданның «Ақжол»
колхозында тұратын Ысқақ, Балжандардың бізге жекжат екенін де айтқан
едім. Ысқақты да, Балжанды да мұндағылар біледі екен. «Ақжол» колхозы
Жалаңаштың ар жағында жап-жақын. жекжатыңа жетсең, өлмейсің деген
сөздермен аттандырып салды.
Балжан сол бұрынғы кызметінде көрінеді — сиыр фермасының
меңгерушісі. Ысқақты осы қыста еңбек армиясына əкетіпті. Ғалия колхозда
кассир болып істейді дейді.
Мұндағылардың аузынан білгенім осылар.
Meн енді ойға қалып келемін. Жалаңаштан ар қарай Балжандарға барам
ба? Жоқ па? Осыны шеше алмаймын. Барсам өз үйіме келгендей болар
едім. Ендігі жол азабынан, аштықтан құтылар едім. Олар мені төбелеріне
көтеріп алатыны даусыз.
Ең бастысы Ғалиямды көріп, біраз күн онымен бірге болам. Бұның бəрі
жақсы-ау. Сонда енді баруыма ие бөгет деп сұрамақсыз ғой. Бөгет бар,
мықты бөгет. Ол əлгі намысқойлығым.
Жерден шыққандай боп, жұрттың зəресін алып, қалай жетіп барам?
Міне мен Жалаңаштамын. Балжанның жақын туыстары табыла кетті.
Солардың біреуінің үйінен шай іштім. Меніңкі екенім оларға мəлім болды.
Əлгі үйдегі жас келіншек даладан қуанып жүгіріп кірді:
— Бір машина «Ақжолға» барады екен. Мен тоқтаттым. Сонымен
кетсең, Балжанның тура үйіне апарады.
Токта, ойланайын деп қалай айтайын. Дорбамды көтеріп, тысқа
шықтым. Бензин таситын машина екен. Шофердың жалғыз өзі. Кабинаға
отырдым да, тартып отырдым.
Оным ыю-қию, сезімім əңкі-тəңкі.
Мынау міне баяғы өзіме таныс, езім бір емес екі рет келген «Ақжол».
Ғалияның ауылы. Машина колхоз қамбасының алдына тоқтады.
Мынау өзіме таныс Балжан үйі. Қазір Ғалиямен кездесем - ау дегенде,
жүрегім толқып, бойым шымырлап келеді.
Тағы да бөтен адамдар.
Балжандар мұнда емес екен. Жоғары сайда фермада. Былтырғы
орындарында дейді. Оны да өзім білемін. Былтыр ФЗО - ға кетіп бара
жатып келіп қонбап па едім.
Сайды өрлеп жаяу тартып жөнелдім.
Ауылдан былай таман шыққан соң жолдан бұрылып, əлі де болса
ойланып-толғануға əдейі елсізбен келе жатырмын. Жол үстінде біреу-міреу
кездесуі, тіпті Балжан мен Ғалияның бірі кездесіп қалуы ықтимал.
Фермадағы ауылды сыртынан шолып, қарап алып, барар - бармасымды
содан соң шешпекшімін.
Барсам, қалай барам?
Үркердей боп шоғырланған фермалы ауыл бір кезде табанымның
астынан жарқ ете қалды. Сол ел алты-жеті мықыр жаппа, бір ғана киіз үй
Балжанның үйі.
Жер шолып, ел торыған ұры тəріздімін. Биік дөңнің үстінен
бұғыншақтап қараймын.
Қазір түс ауып қалған. Ферма басы тыныш. Жаппалардан кіріп-шыққан
бірлі-жарым əйелдер, бала-шағалар байқалады. Бірақ дəл қарадан олардың
кімдер екенін жыға тану қиын.
Менің көзім үйде, Балжан үйінде. Ешкім шықпайды, ешкім кірмейді,
тым-тырыс.
Адам жоқ болуы ықтимал.
Ғалияны кассир деп еді ғой, мүмкін, кеңседе кызметінде шығар. Балжан
да жалпиып қазан бағып отырған əйел емес, бір жаққа шаруа қамымен
кеткен болар.
Кали қайда екен? Залым Қали..,
Қалиға деген өшпенділігім өлі де айықпаған.
Не істеймін? Барам ба Балжан үйіне, бармаймын ба?
Барам ба, бармаймын ба?
Ойлап-ойлап келдім де, кешке қараңғы түсе бармақ болдым. Күндіз
жетіп баруға бетім шыдайтын емес, Қараңғыда барсам, тым құрса, былайғы
жұрт байқамай қалады ғой.
Оған дейін осы кең далада, елсізде аунап-қунап, уақыт өткізбекпін.
...Соғыстың алдында, 1940 жылдың күзінде күн тұтылғаны есімде. Жердүние қап-қараңғы болды да кетті.
Міне, сондай болып дəл қазір аяқ астынан күн тұтылса. Айсыз қараңғы
түнге айналса. Онда мен Балжан үйіне батыл жетіп барар едім.
— Амансыздар ма?
— Аманбыз. Бұл кім келген?
— Meн ғой, Еркінмін.
— Қай Еркін?
— Еркін Мамырбаев, Сəрсебектің інісі,
— Еркін!
— Ғалия
Түрімнің албастыдай екенін қараңғыда қайдан біледі...
Шіркін, жер бетінде тек түн ғана болса. Адамдар тас қараңғы түнекте
өмір сүрсе. Біреудің арық, біреудің семіз екені, біреудің киімі бүтін,
біреудің киімі жыртық екені сонда байқалмас еді ғой.
Біреу өзін артық санап, мақтанбас еді. Енді біреу кемдігіне қорланып,
күйзелмес еді.
Түн қойнында, түн құшағында бар адам бірдей болып теңелер еді.
О, түн! Қара түн! Meн тəрізді түрінен адам шошитын сорлыларға неге
бүркеніш болмайсың?!
Əлгі арадан сəл былайырақ арықта сыбдырап ағып жатқан мөлдір су
бар екен. Соған беті -қолымды жуған болып жатырмын. Ғалияға, мүмкін
болғанынша тазарып бармақшымын. Бірақ сабынсыз жуынғанға тазарғысы
келетін қол байқалмайды.
Құммен ысып жуам деп, қолымның сыртын тырнатып қанатып алдым.
Құм ыдыс жууға жарағанмен, беті - қолды жууға жарамсыз екен деген
қорытынды жасадым.
Шіркін, бір айна болып түр-түсіме бір шолып қарап өтсем күнə болмас
еді. Мұндай жерде айна табылар ма. Айна орнына суға еңкейіп қараймын.
Су түбінен өзімнің самай шашым өсіп, құлағын жауып кеткен ұсқынсыз
арық бейнемді көрем.
Су — айна дір-дір етіп, онсыз да оңып тұрмаған түр - тұрпатымды одан
бетер мазақтап, бұзып көрсетеді.
Парктерде болатын күлдіргі айнаның алдында тұрғандаймын.
Кеш те түсті, көз байланайын деп қалды. Мен бұл кезде дөңнің ең биік
төбесінде, бір түп шиді паналап, етпетімнен түсіп жатырмын. Екі кезім
табаным астындағы сиырлы ауылда. Екі кештің арасында қарбаласып сиыр
сауып жатқан сауыншыларда.
Қас қарая түсуін тосып жəне біраз жаттым,
Miнe, ферманы төмен жағынан орағытып, дыбысымды білдірмей келе
жатырмын. Ешкімнің кезіне, шалынбай, иттерді шулатпай, киіз үйге зып
беріп кіріп кеткенше асықпын. Бұл кезде киіз үйдің ішінде жарық бар.
Малды ауылдың иттері сақ келетіні белгілі, көлеңкедей қозғалып,
ешқандай дыбыс бермей жеткенім соншалық, солардың өзі сезбей қалды.
Жүрегім кеудеме сыймайды, апай-топай.
Есік түсірулі, бір шетінеп ұстап, тез аштым да, ұрыдай сумаң етіп кіріп
келдім.
Қазандықтың, астында маздап жанған от, үйдің іші жап - жарық. Ғалия
мен Қали бар екен.
Қали төрге таман, құрым киіздің үстінде отқа қыздырынып отыр да
Ғалия өреше жақта түрегеп тұр. Сол бұрынғы мен білетін əсем Ғалия.
Желкесінен келтіре дөңгелентіп қиып қоятын шашы ғана ұзарып өсіп,
иығына түсетін бопты.
Ғалия да, Қали да маған бажырайып қарап қалыпты. Аузыма сөз түспей,
мендағы сілейіп тұрмын.
Кенет Ғалия жалт бұрылды да, сыртқа атып шықты.
Сиыр сауып жатқандар үйдің дəл іргесінде. Ғалия солай қарай кетіп
барады.
— Aпa, əй aпa? — деді.
— О не?—деп, жауап қатқан Балжанның үні естілді. Тыстағы сөйлеген
сөз киіз үйдің ішіме бөгеліссіз жетеді.
Апа, үйге бір қайыршы бала кіріп кетті,— деді, Ғалия мемі танымаған
екен.
Төбемнен бақанмен салып жібергендей болдым.
Бұл сөзді естігенше, жерге батып жоғалғаным артық еді. Не өлі, не тірі
емеспін, қалшиып қаттым да қалдым.
О кім, түнделетіп қайыр тілеп жүрген қандай адам?— деп Балжанның
келе жатқан дыбысы естіледі.
Үйге əуелі Балжан кірді, соңында Ғалия.
Амансыз ба, бұл мен ғой,— деп күлімсіреп, жөн айтқан болып
жатырмын. Балжан да танымады. Сырттан өңін суыта келген қалпымен:
— Кімсің?—деді.
— Еркінмін ғой...
— Қай Еркін?
- Сəрсебектің інісі.
Шешесінің артына таман тұрған Ғалия аса бір жат дауыспен:
— Еркін!— деп шыңғырып жіберді.
«Үйге бір қайыршы бала кіріп кетті!»
Ғалияның аузымен айтылған бұл қорлық сөз — шемен боп жүрегімде
байланды да қалды. Енді оны балталап алып тастау мүмкін емес. Ғалия
менің қазіргі шын халімді туралап, көзге шұқып айтқандай еді.
Шоқ, шоқ! Өзіме де сол керек. Осында coл сөзді есту үшін келген
екенмін ғой.
Таңертең Балжан маған біраз дені дұрыс киімдер берді. ЬІсқақтың
киімдері, кең. Онысына қарауға, киім таңдауға — менде қазір шама бар ма.
Рахмет .айтып, ;киіп алдым.
Ысқақтың бұзаубас ауыр жұмыскер етігінен .ғана бас тарттым. Аяғыма
іліп, көтеріп жүре алатын емеспін. Жəне дұрыс келсін десем — əр аяғыма
ең кемі, бес .метрдей шұлғау шұлғануым керек. Ағаш табан бəтіңкемнің
.саудасы біткен болатын. Етіктен бас тартқан соң Балжан лайықты өзге
нəрсе қарастырып, таба алмады. Қонышы балтырға жететін өзінің ескілеу
əйел бəтіңкесі бар екен, түсі күрең. Жалаң аяқ қалай жүрмексің, мынаны да
болса киесің бе деп, соны ұсынды.
Бітім - сəні əйелге арнап тігілген киімді еркектің киіп жүруі сөлекет.
Сонда да болса, лажсыздықтың салдарынан əлгі бəтіңкені киіп көріп
жатырмын. Аяғыма шап-шақ, жеп -жеңіл. Сұлуынан жылуы дедім де,
тəуекел деп, киін алдым. Отырған кезде болмаса, əйел бəтіңкесі екені
түрегеп жүргенде шалбардың балағының ішінен .онша байқалмайтын
тəрізді.
Ғалияның. бетіне қарағым.келмейді.
Ол да маған біртүрлі селқос, үйір - шүйір, жарқын қабақ көрсетпейді.
Менің мұндай нашар халде келуімнен шошынатын тəрізді.
Жоқ əлде мені танымай қап, кеше əлгі қорлап айтқан сөз үшін күйзеле
ме?
Əйтеуір, қалай болғанда да, Ғалия маған бұрынғыдай емес. Өзгерген.
Жат болған.
Бұрынғы достықты ұмытқан. Үйде екеуден екеу оңаша қалсақ Ғалия
менен үркіп тұратын тəрізді. Бір ауыз тіл қатқысы келмейді. Бойын аулақ
ұстайды.
Балжан үйіне кісі көп келеді Əр алуан адамдар келіп, кетіп жатады. Кім
келсе де сал ауру тəрізденіп отырған маған бірден назар аударады.
Балжаннан мына бала кім, неге бұлай деп сұрай бастайды.
Маған бұл ұнамайды.
Сондықтан да мен үйде көп болмауға тырысамын. Сыртта жүрем.
Ферма басынан аулаққа, жұрт көзінен тасаға қыдырып кетем.
Табиғат анам мынау неге бұлай деп сұрамайды, жатсынбайды. Қойнын
ашып кел, кел деп, шақырып, тұрады.
Қыдырыстап жүре-жүре, тауға дейін барам. Сайдың бергі аузында
итмұрын, қарақат, ұшқат тəрізді жемісті бұталар өседі. Бұл кезде жеміс
қайдан болсын, баяғыда пісіп, ағып кеткен. Азын аулақ кепкендері ғана
сақталған. Қақ болып кепкен жемістерді уысым толғанша теріп алып,
жеймін.
Қапас маған. бір нəрсені мықтап үйретті. Ол жер бетінде адамға: азық
болатын тамақтық заттың соншалық көп екендігі. Əр алуан нəрлі шөптер,
шөптің тамырлары, жуалар, жеуге. жарайтын жапырақтар, бұталардың
басында, ағашта өсетін əр қилы жемістер, саңырауқұлақтар,бүлдіргендер,
— осының бəр-бəрі көл-көсір тамақ емес пе?
Судағы балықтар?
Ұшып жүрген алуан құстар?
Аңдармен жəндіктер?
Не деген мол дүние! Не деген ұшан-теңіз зор байлық. Мұншама дарқан
байлықты белшеден кешіп жүріп, адамның неге аш болатынына мен қазір
түсінбеймін.
Ал басы бос адамның аш болуы ақылға сыймайтын іс.
Маған осы кезде қолыма бір сүйем үшкір темір беріп, басқа ешқандай:
қару-құрал бермей, орманға қуып жіберсе, өлмес едім, жанымды баққан
болар едім деп ойлаймын.
Бір күні таңертеңгі шайдай кейін қыдырыстап тауға кеттім. Түс қайта
үйге қайттым. Тағы да бір шай ішер кез болғанын асқазаным есіме салып
келеді.
Meн дөңнің үстімен келе жатыр. едім. Қабақтан, сиырлы ауылдың дəл
төбесінен қылт ете қалдым:
Тоқта! Өз үйлерінің есігінің алдында Ғалия салт атты біреумен
қылжақтасып, ойнап тұр.
Мен оларға өзімді байқатпас үшін еңкейіп отыра қалдым. Тышқан
аңдыған мысық тəріздімін. Иə, қайтер екен?
Екеуінің қылығы нағыз қылжақ.
Салт аттының үстінде шинель, басы жалаң бас. Еңкейіп, шалқайғанда,
шашы желп-желп етеді.
Енді байқадым, оның кепкасы Ғалияның артқа ұстаған қолында екен,
Ғалия бермей тұр. Анау еңкейіп алмақ болғанмен ала алмайды. Жігіт
өтімдірек қимылдап бара жатса, Ғалия серпіле қашып, үйдің ашық тұрған
есігіне кіріңкіреп кетеді, сосын қайта шығады.
Кепкасын бере салса, анау кетер еді, бірақ Ғалия бере салмайды, əдейі
кетірмейді.
Жігітті қылжаққа өзі шақырады.
Е, Ғалияның өзгере қалу себебін мен енді білдім, енді түсіндім. Бəсе,
бұл маған неге жат бауыр болады деп таңырқап едім. Мен азап шегіп
жүрген бір жылдың ішінде ол рақат шегіп жүрген екен ғой.
Əскерден қайтқан жігіттермен қылжақтасуды білген екен ғой.
Кеудем отқа толып барады — қызғаныш. оты.
Балжан қазір, сірə, үйде жоқ-ау, Ол болса, мыналар есіктің дəл көзінде
бүйтіп тұрмас еді.
Қали қайда? Оу, пəле бала, əпкеңді кім көрінгенмен жыртақтатып
қойып, қайда қаңғып кетті екенсің! Мені Ғалияның қасына жолатпайтын
едің? Мынауың не енді? Көзіңді шел басты ма, мыналарды кермей?
Анау ақ бақанды қолыңа неге алмайсың? Мынау жүгенсіз кеткен
жігіттің атының басына құлаштап тұрып неге салмайсың! О, елік Қали!
Бұдан да өлсең етті!
Ат үстіндегі жігіт бір кезде шап беріп, Ғалияның білегінен ұстап алды.
Ғалия торға түскен қояндай тыпырлап бұлқынып жүр, бірақ босана
алмайды. Ана пəле тағы да жармасып, жіберетін емес. Талдырмаш денесі
жыланша бұратылып, шиыршық атады, ат үстінен құлай жаздап созылып,
пружинадай серпіліп, бұрынғы қалыбына кайта кайтып келеді.
Ғалиядан айырылмайды.
Бір кезде ол Ғалияны өзіне қарай күшпен тартып алды да, бетінен
зорлап сүйе бастады. Тапайдың тал түсінде біреу - міреу көреді-ау деп
именбейді. Ғалия басын олай-былай алып қашқан болады. Сықылықтап
күле береді.
Анау Ғалияны сүйіп-сүйіп алды да, жібере салды. Ғалия сонда да
кететін емес. Ұйпа -тұйпа болған шаштарын түзейді де, ойыны қанбаған
балаша, ат үстіндегі жігітке кайта ұмтылады . Əттең, мылтығым болар ма
еді. Ойланбастан, екеуін екі басып сулатар ем. Үшінші оқты өзіме жұмсар
едім.
Сонымен бұл драма трагедияға айналып бітер еді.
Мен өлуге бел байладым.
Өмір сүрудің мен үшін ешқандай да қызығы қалмаған тəрізді.
Бір қорлықтан соң бір қорлық бір күйініштен соң жəне бір күйініш.
Төзе алатын емеспін. Бүйтіп адам боп, жер басып жүргеннен де, өлген
артық.
Ғалияның мендік емес екеніне көзім анық жетті. Менің оған түкке де
қажетім жоқ. Жатпын, бөтенмін.
Ол енді мені сүймейді.
Керек десең, бір ауыз сөйлескісі келмейді.
Мен осының бəріне төзуім керек пе? Жоқ, төзе алмаймын, өлемін!
Өзімді жұрттың қоры санап жүре алмаймын!
Ауылға барғанмен де табатын қызығым шамалы ғой. Не қызық табам?
Нұрəліге көз түрткі, тəуелді болармын, сол ма? Мен бір нəрсеге қатты
өкінемін. Қап деп, бармағымды тістеймін.
Өмір бойы өкініп өтуімде дау жоқ.
Ол — былтыр ФЗО - ға кетіп бара жатқанда осында келіп қонуым, сол
түннің оқиғасы.
Қали қорылдап ұйықтап қалған соң, Ғалия менің еркімде еді ғой. Мен
сол мүмкіншілікті пайдалана алмадым.
Ит үрді, Балжан келіп қалды.
Енді ойласам, ит боппын. Ақымақ боппын. Балжан келгенге дейін де аз
уақыт өткен жоқ еді.
Иə, өкініш! Орны толмас зор өкініш.
Сол түні Ғалияға өктемдік жасай білгенімде, ол бүгін менен теріс
айналып, жат қабақ көрсетер ме еді?
Менің ұпайым түгел болмас па еді?
Шіркін-ай, сол түн тағы да қайталанса!
Қайталанар, бірақ мен үшін қайталанбас...
Маған өлгеннен басқа жол жоқ.
Үйге бармай, қайтадан тауға келе жатырмын, қалай өлсем екен?
Шіркін, жақын маңда ағып жатқан терең су болар ма еді. Мойныма
ауыр бір затты, айталық, добалдай тасты байлап алып, қойсам да кетсем.
Болды, бітті. Су беті шымыр-шымыр қайнайды да, жым болады. Мен де
жым болам.
Су түгілі бұл маңайда құдық та жоқ.
Қарағайдың бұтағына белбеуімді байлап, асылын өлсем бе екен? Бұл
ыңғайсыз, салбырап тұрған жерімнен жұрт оңай тауып алады. Масқара
өлімім бүкіл елге əйгілі болады.
Жұрт ештеңе білмейтіндей, өлігіңді таба алмайтындай болып өлсең.
Тағы да тауға келдім. Жоғарырақ барып, биік жартастардың біреуінің
басынан құлап өлмекшімін.
Қапталдағы соқпақ жолмен өрлеп келе жатырмын.
Əне, əне бір тастың басынан секірсем. Аяқ жағым шыңырау құз, түгім
қалмайды. Ешкім биік құздан азаптанып түсіп, менің мылжа-мылжа
өлігімді іздеп таппайды. Мықтаса, бір -екі күн осы арада аспанда шулап
құзғын ұшып жүреді. Оңай азық табылғанға қуанып, той жасайды.
Көздеген жеріме жетіп, биік тастың басына шығып тұрмын. Астым
үңірейген құз жар. Япырмай, мынадан құлау деген қандай қорқынышты.
Анау дөңбектей қара тастардың біреуінің үстіне барып түседі екем. Түгім
қалмайтыны даусыз.
Не істеймін, өлем бе? Жоқ əлде қоя тұрам ба? Ауылға барып, сағынған
шешемді, жеңгемді көріп, содан соң өлсем?
Дəл төбемде, сонау заңғар биікте жападан-жалғыз түз қыраны қалықтап
ұшады. Көк қожасы, көк тəңірісі бір өзім, менімен теңесер кім бар дегендей
биіктің биігіне шырқап шығып алған. Қара кұстай қалбақтап канат қағу
дегенді білмейді.
Бір шеңбердің бойымен жұлдыздай зулап ағады. Таудың өзі түстес
қарасұр шоқы шыңдарымен деңгейлескен кезде сіңісіп көрінбей кетеді.
Сосын екінші жақтан көк айдынның бетіне зу етіп жəне шыға келеді. О,
шіркін, өмір деп, еркіндік деп міне осынікін айт.
Егер қанатым боп, құдіретім жетсе, мен де заңғар көкке шығып алар ем.
Мынау азабы, былығы көп дүниемен біржолата хош айтысып, кетер ем.
Неше түрлі елдердің үстінде қалықтап ұшып жүрер едім.
Кенет өр жағымнан бірдеңе тысыр еткендей болды. Селк етіп,
мойнымды бұрып қарадым. Ат тұяғының тысыры. Қаптал жолмен біреулер
келе жатыр. Əне, ат пысқырды.
Бұрылыстан əуелі екі аттың басы, одан соң басқа денелері көрінді. Ат
жетелеген қартаң адам.
Мен жолдың шетінде тұрмын.
Міне ол жақын келіп қалды. Мінгені биік көк ат, жетегінде ерттеулі,
құлынды қара кер бие. Ат жетелеуші маған жылы ұшырап барады —
Дүйсекең? Біздің ауылдағы почта таситын Дүйсенбай қарт.
— Салаумалейком!
- Əлеки салам, о балам, қай ауылдың баласы боласың?
— Дүйсеке, мен Еркінмін ғой.
— Еркін!
Дүйсекең екеуміз мəре-сəре табысып жатырмыз.
Дүйсекеңнің сонау Тұйықтан маған ат алып келе жатқан беті екен. (Мен
мұнда екенімді үйге телеграмма беріп, хабарлағам).
Өлім енді жайына қала тұрды.
— Балам - ау, жападан-жалғыз бұл арада неғып жүрсің?— дейді
Дүйсекең. Өлгелі жүр едім деп қалай айтайын.
— Жай, бой жазып, қыдырып жүргенім ғой,— дей салдым.
Дүйсекең екеуміз фермаға Балжан үйіне келдік. Бүгін аттарды
тынықтырып, осында боламыз. Ертең амандық болса, таңертең жолға
шығамыз.
Үйде Ғалия ғана.
Ол бізге шай қойып берді. Үшеуміз шай ішіп отырмыз. Ғалияның сол
бейқам салқын қалпы. Өзінше мені ештеңе көрген жоқ, ештеңе білмейді
деп ойлайды.
Ғалияның қолынан мен шай емес, у ішіп отырмын.
Иə, таңертең кетем. Ғалия қалады. Енді кайтып Ғалияны көрмеймін, хат
та жазыса алмаймын.
Бəрі бітті, сенді...
Манағы ат үстіндегі шашы желп-желп еткен жігіт қалады. Ол Ғалияға
əлі талай келеді, талай қылжақтасады.
Шай соңынан Дүйсенбай сыртқа шығып кетті. Ғалия ыдыс - аяқ жинап,
өрешенің маңында жүр.
Үйде екеуміз ғанамыз.
Ең соңғы бірме-бір оңаша сəт. Бірдеңе айтып қалуға, сөйлесуге болатын
ең соңғы мүмкіндік осы. Бұдан соң мұндай мүмкіндік ешуақытта
болмайды.
Мен орнымнан тұрып, есіктің алдына таман келдім. Сырт жақты бір
көзіммен бақылай тұрып:
— Ғалия,— дедім.
Арт жағынан тарс етін мылтық атылғандай Ғалия селк ете қалды.
Маған жалт бұрылып қарады. Əлі бір ғана сөзді айтуым мұң екен, неге
екенін білмеймін, көңілім босап жүре бергені.
— Ғалия, сен неге...
Осыны айтуға шамам əрең келді, үнсіз егіліп, жылап жібердім.
Ғалияның жүзіне лықсып қаны теуіп, қып-қызыл болып кетті.
— Еркін, жыламашы, неге жылайсың?—деді.
Жыламашы деген сөз көңілімді одан бетер босатты.
— Еркін...
— Мен бағана бəрін де көріп тұрдым...
— Нені керіп тұрдың?
Осы кезде үй сыртынан Дүйсенбайдың:
— Ерке - ең аттарды отқа қояйық,— деп дауыстаған үні естілді. Көз
жасымды жеңіме апыл-ғұпыл сүрттім де, сыртқа шықтым.
Ғалиямен бар тілдескенім əлгі болды.
Біз атқа ерте қондық.
Күн бүгін бұлыңғыр, көңілсіз. Аспанда беймаза шулап, қарқ-қарқ етіп,
тобымен құйғытып ұшқан қарғалар. Тегіннен - тегін ұшып жүрген жоқ, ауа
райы бұзылатынын хабарлап, белгі беріп жүр. Дүйсекең кəрі көзін
сығырайтып, қарғаларға ұнатпаған қабақпен қарайды.
Дүйсекеңнің астындағы жалы шошқаның жалындай күжірейген күйлі
қара көк ат оның жекеменшігі. Мем ес білгелі бері бұл адамды осы көк
аттың үстінде көрем. Не қыста, не жазда бір түспейді.
Мен ес білгелі Дүйсекең осы өз атымен колхоздың почтасын тасиды.
Мен ес білген кезде Дүйсекең осындай шал еді, көк ат жалы күжірейген
үлкен ат еді. Əлі де сол.
Мен атты да, Дүйсекеңді де ылғи бір қалыпта көрем.
Бір ғажабы, жылына он екі ай мініліп жүрсе - дағы көк аттың жалы
қисаймайды, қоңы ортаймайды. Дүйсекең қандай тың, қунақ болса, көк ат
та, əменде, сондай тың, қунақ.
Дүйсекең өзін қалай күтсе, көк атты солай күтеді.
Тіпті атын өзінен асырып күтеді. Өзі аш қалуға бар, ал көк аттың
қарнын ешуақытта ортайтпайды.
Көк аттың қыстай жеп шығатыны көк жоңышқа, жем. Дүйсекең
жонышқаны жазда егін -егіннің арасындағы арықтың жағасынан орып,
жинап алады.
Жемді таппайтын жерден табады.
Ұнның кебегі, дастарқандағы тамақтың қалдығы, қазанның
қырындысы, аршылған картоптың қабығы тəрізді нəрселердің Дүйсекең
үйінде бір түйірі босқа тасталмайды. Арпаға, сұлыға қосылып, көк атқа
жем боп жатады.
Ат иесінің жасы бұл күнде жетпісті алқымдаған, сонда да болса, тың.
Тек үстіндегі киімі ғана бұрынғыдай емес, жүдеу. Бұл Дүйсекеңнің
ұқыпсыздығынан емес, соғыс уақытының тапшылығынан. Əйтпесе, бұл
кісі бір басын күте білетін жинақы адам.
Көк аттың қалып алған қатты аяқ жүрісі бар, біз соңымен келе
жатырмыз. Қаракер бие аяңымен кейде ілесіп, кейде ілесе алмай, бүлкең бүлкең желеді. Бірақ желісі түйгіштеп, шек - қарынды үзіп жібере
жаздайтын қатты желіс емес, жағымды майда желіс.
Ұзақ жолдың үстінде Дүйсекең ауыл-аймақ жаңалықтарынан көп-көп
əңгіме айтып, сусындатып тастады.
Араға бір қонып, ертесінде кешқұрым Тұйыққа келіп те қалдық.
О, туған жер! Сені де көретін күн болады екен-ау!
Тұйыққа көз байланған қараңғы кезде келдік. Жұрт байқай қоймайтын
елеусіз кезде келгенімізге мен өте қуанышты едім. О, жұртым,
армысыңдар! Мінекей, мен келдім деп, қасқайып жар салып келетіндей
менде түр бар ма, абырой бар ма?
Мынау міне туған ауылдың көшесі. Қалбиған қараша там үйлер көзіме
оттай басылады. Мынау алдымыздағы біздің үй. Əкем салған өз үйім, өз
босағам. Төр үйдің терезесі қараңғы да, ауыз үйде солғын қызғылт жарық
бар. Жүрек шіркін еріп, балқып, бірдеңе боп барады.
Есіктің дəл кезіне келіп, аттан түсіп жатырмыз. Сол уақытта есік
ашылды. Жауырыны шодырайған ұсқынсыз арық кемпір көрінді. Менің
шешеме əрі ұқсайды, əрі ұқсамайды.
— Апа!
— Еркін! Қоз-е-е-мм!..
Шешем ойбаймен кеп бассалды.
Сағынысқан құшақтар айқасып, қатты да қалды.
Анам, асыл анам! Сағындым – ау, аяулым!
Шешемді құшақтап тұрып байқағаным бойы бұрынғысынан кішірейіп,
өзі сұмдық жүдеп кеткен. Бұрында ілбиген қу жаны еді, қазір енді
сүйектерін бір-бірлеп киімінің сыртынан санап алғандай.
Бір кезде анамды құшағымнан босатайын десем, сылқ етіп құлап
барады. Шап беріп, əрең ұстап қалдым. Сөйтсем, талықсып шала өлік боп,
мені сүйеніш етіп əзер тұр.
Шешемді Дүйсекең екеуміз екеулеп сүйемелеп, үйге кіргіздік. Төсекке
жатқызып қойдық.
Қайран ғана апатайым, жарықта түр-түсін анықтап байқап, шошып
кеттім — түрмеден келген менен де жаман. Қараймын да егіліп,
бассаламын. Қараймын да егіліп, бассаламын.
Құшақтасам, құшағыма толмайды— бір уыс.
Бұл кезде маңайдағы үйлерден жүгіріп бала-шаға, əйелдер келіп қалды.
Біреулер шешемнің орамалын ағытып, бетіне суық су бүркіп жатыр.
Қаныша жеңгем көрінбейді.
— Жеңгем қайда?
Дəл осы кезде мойны - басын киіздей қалын қара орамалмен орап,
байлап алған, бұтына еркектің галифе шалбарын киген бір қара əйел
есіктен ентігіп кіріп келе жатты. Маған оның жүріс қимылы мен от шашқан
жігерлі көздері ғана таныс.
Күлімсіреуі таныс .
Есіктен шат-шадыман жайнап кірген жеңгем ол дағы мені өкіріп жылап
келіп бассалды...
О, алтын жеңгем, аяулым! Не боп кеткенсің сен - дағы!
Жыласып - сықтасып болып, жасқа шыланған көздерімізбен біреумізге
біреуміз қараймыз. Мен оған, ол маған таңырқаулымыз. Құдай біледі, мына
киім, мына түрмен жеңгемді басқа жерде кезіктірсем, танымай қалуым
даусыз. Кешегі өзім білетін, қаладан келген, аршыған жауқазындай Қаныша
сылқым бұл емес. Беті-қолы тілім-тілім жарылған, үстіне не болса, соны
киген.
Бірімізді біріміз көрмеген бір жылдан аса уақыттың ішінде жеңгемнің
басынан аз азап кешпегені бет-жүзінде сайрап, жазулы тұр.
Өңі ұсталған ақшадай көне тартып, маңдайына қатарынан екі əжім
сызығы түсіп қапты.
Қаныша жеңгем көзінің жасын жеңіне, көйлегінің кір-кір етегіне сүртіп
отыр. Маған бұл да жат. Кешегі мұғалима Қанышада мұңдай əдет
болмайтын, оның қалтасынан тап-таза кішкентай қол орамалы түспейтін...
Жеңешетайым - ау, кім боп кеткенсің!
Түннің көп уақытына дейін біз ұйқыға жатпадық. Бірімізден біріміз
адасып қап, əр қиырдан əрең келіп табысқан жандармыз. Кеудемізді
кернеген мұң, зарымыз да, сағынышымыз да көп екен. Соны қанша ағытып
ақтарғанмен тауыса алатын емеспіз.
Менің бастан кешкендерім шешем мен жеңгем үшін ғажайып ертегі
тəрізді. Ауыздарын ашып, жандары керемет күйзеліп тыңдайды. Ал
олардың бастан кешкендері мені күйзелтеді.
Киім-кешектері тозып біткен,. адал етті малдан бір сиырдан өзге ештеңе
де қалмаған.
Жеңгем колхозда жұмыс істейді екен, істемеске шарасы жоқ.
— Екі етегімді беліме түріп алып, қалаға тартып отыруға
талай.оқталдым. Бір заводқа жұмысшы болып кірсем де өлмес едім.
Жанымды бұндағыдан жақсырақ. бағар едім. Бірақ жіпсіз тұсалып, кете
алмадым,— дейді жеңгем.
Қандай тұсаулар, екені белгілі. Сəрсебектің отын өшіріп қалай кетсін?Өлмелі кемпірді қайда тастап кетеді?
Қаныша жеңгем неге де болса шыдап, ақырын күтуге белді бекем
байлаған, Ол осы кезде шарбақты өгіз арбамен базға шөп тасиды екен.
Адам көнбейтін, адам,үйренбейтін не бар десеңізші.
Елдің халі жүдеу
Тым жүдеу.
Кешегі тыныштылық кезде қолдың саласындай болып, көшеге сыймай
жүретін жігіт -бозбалалар қазір көрінбейді. Бəрі дерлік əскерде.
Қайтқандары аз.
Cay кетіп, ақсақ - тоқсақ мүгедек болып қайтқандар.
Ауылда бұралқы иттер көбейген. Адам тұрмайтын жаман тамдарды
мекендеген кісі көрсе безіп жөнелетін жабайыланған мысықтар пайда
болған.
Есіктерінің алдына қазан асып, жалындатып арпа,бидай қуырып, келіп
тулап жатқандар.
Майданнан қара қағаз алып, боздап қалған үйлер де аз? емес екен.
Колхоздағы жұмыстың бар ауыртпалығын əйелдер мен қарттар, жас
балалар көтеретін болған.
Əсіресе; əйелдер Менің Қаныша жеңгем тəрізді жас келіншектер.
Əйел затын, жалпы, нəзік деп атайды ғой. Бос сөз. Мықтының ең
мықтысы; көнбісе əйелдер екеніне мен кіммен де дауласуға бармын:
Еркектер зорығып өлетін ауыр жұмыстарды бұл күнде қынқ деместен
əйелдер атқарып жүр. Оның сыртында, үй ішінің тіршілігін істейді, бала
өсіреді, кəрі ата-енелерін күтеді.
Құдай біледі, еркек бұған төзбеген болар еді.
Соғыс бітуге соғыс болса біреуге ырыс.
Нұрəлі, Жүністер үшін ырыс:
Басқарма мен бас бухгалтер екеулері бұл күнде көкте құдай, жерде
өкімет бар екенін мүлдем ұмытқан. Колхоздың қоң ет, майлы сүбесіне
тұмсықтарын қадап қойып, сорып жатқан сүліктер. Екеуі де əбден байып
алған, Дүние, мүлікті бірі мен бірі жарысып, бəсекелесіп жинайтын болған.
Шаладан Нұрəлі кілем сатып əкелсе, Жүністе кілем сатып əкеледі. Нұрəлі
кілем сатып əкелсе, Жүніс те соны əкетеді.
Нұрəлі генерал пальто алып кисе, Жүніс, тым құрығанда, генерал
костюм алып киеді.
Екі қорқау сен көп жейсің бе, мен көп жеймін бе деп қомағай жарысқа
түскен.
Жемқорлығы жағынан біреуінен біреуі қалыспаса да, көзге көбірек
түсетіні Нұрəлі. Жүніс айламен бүркеңкіреп жейді де, Нұрəлі ашық асайды.
Нұрəліде бұл күнде атақ та, абырой да жетерлік. Аудан көлемінде ең
мықты, ең азулы председательдердің бірі .болып саналады екен.
Басшылардың алдында беделді. Пленум, конференцияларда ылғи
мақталады, газет ылғи мақтап жазады.
Miнe сондықтан да ауылда Нұрəлінің бетіне тіке келер бір жан жоқ. Ар
жақтарынан атарға оқтары болмай тұрса да, Құреке. Нұреке, деп, алдында
құрдан жорғалайды.
Егер көкте құдай бары рас болса, Тұйықтың халқы үшін жол құдай
Нұрəлі. Жерде өкімет бары рас болса, ол да Нұрəлі.
Нұрəлісіз Тұйықта таң атып, күн шықпайды.
Нұрəлі осы көктемде жүз мың сомның соғыс заемына жазылған. Жүніс
елу мың сомға жазылған.
Бұл оларға атақ үшін қажет.
Бəрі бір өз қалталарынан төлемейді, колхоздың қойы мен майын сатып
төлейді.
Өзге жұрт жан баға алмай отырған кезде Нұрəлі ауылдың бас жағынан
оңаша дөңес жерден төрт бөлме етіп, шатырлап жаңа үй тұрғызып жатыр.
Қалауы, ішкі-тысқы сылағы түгел біткен. :Пеш салу, еден төсеу, есік-терезе
орнату ғана қалған. Ауылдағы ең биік, ең əдемі үй болмақ.
Ол үй бітіп, дайын болған кезде хозяйкасы кім болады?
Сəуле бола ма? Əй қайдам. Сəуленің талма ауруы соңғы уақытта
асқынып кеткен. Кəдімгі жындыға айналған. Нұрəлі оны Шелекке бақсыға
апарып тастапты. Сауығып келе ме, не болады?
Үйде бір жетідей тынықтым да, ауданға келдім. Милиция мен
военкоматқа есепке отыруым, паспорт алуым қажет. Кешіктіре беруге
болмайды, соғыс уақытының заң – тəртібі қатал.
Запы болып қалғандықтан да, Милиция кеңсесі жаққа жолағым
келмейді. Барсам, ұстап алады да қамап қоятындай жүрегім дүрс-дүрс
етеді.
Паспорт столының кішкентай ойық терезесінен жүрексіне сығалап
қараймын. Қандай адам отырғанын байқамақпын. Сөйтсем, бір кезде
осындағы мектепте өзіме орыс тілінен сабақ берген Нағима дейтін əйел бар
еді, сол отыр.Көңілім жадырап, жылып қоя берді.
— Тəтей, амансыз ба?
Нағима мені танымай барып, əзер таныды.
— Қайдан жүрсің? Не боп кеткенсің?—деп, сұрап жатыр.
Meн қысқашалап жай-жағдайымды айттым. Енді паспорт алуым қажет,
түрмеден босаған куəлігімді көрсеттім.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 08
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.