Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 08

Total number of words is 4111
Total number of unique words is 2343
34.0 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
55.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Тоқта... тоқта... Сен бұрын осында жүргенде паспорт алған ба едің?
— Алғам.
— Ол паспортың қайда?
ФЗО - ға кетіп бара жатып, жолда, Петропавлда ұрлатып алғанымды
айттым.
Нағима сол жағында қасында тұрған үлкен сейфтің астыңғы бөлегін
ашты да, бір паспорт, бір комсомолдық билет алып шықты. Екеуін де əуелі
өзі оқып, қарап алды. Содан соң маған ұсынды:
Мыналар емес пе?
О ғажап! Баяғы сол менің паспортым! Менің комсомолдық билетім! Еш
жеріне дақ түспеген. Комсомолдық билеттің арасында Ғалияның маған
сыйлаған кішкентай суретіне дейін жүр.
Бұлардың мұнда қайдан келіп қалғанына аң-таңмын.
Түсінсем , бұйырмасын.
Ұрлатқанда ақшаң да бар ма еді?
— Азырақ бар болатын.
— Ұрлаған адам ақшаңды алған да, документтеріңді паспорттағы
адресің бойынша конвертке салып, бізге жіберген,— дейді Нағима.
Мұндай да болады екен.
Тағы да бір жетідей уақыт өтті, үйдемін. Таза арық, таза көтерем болсам
керек, өзімді сергек сезінем. Ас болса, тəбетімде мін жоқ. Көз жанарым
тіріліп, бетіме кəдімгідей қан жүгіріп, адам қатарына қосылайын деп
қалдым.
Бір күні атқарушы келіп тұр:
— Еркін, сені ауыл совет шақырады,— дейді,
Сол баяғы Ырысты.
Келдім. Ырысты қинала отырып:
— Қарағым Еркін, сені əскерге шақырған повестка кепті,— дейді.
Міне мен Қарасазда военкоматтамын. Тырдай болып шешініп, əскери
комиссияның алдында тұрмын. Арықтығыма комиссия мүшелері таңырқап
қарасады.
— Аурусың ба?
— Саумын.
— Мұнша неге арықсын?
Жарамадым.
Жарамауым тек арықтығымнан емес. Екі тізем екеуі бірдей күдіс,
аяқтарым толық түзеліп, жазылмайды.
Жарағанда, əскерге қуана-қуана кететін едім.
Мен жігерлі, күшті болып өсуді жасымнан арман етуші едім, Мектепте
оқып жүргенде дене шынықтыру сабағын жəне спортты өте сүйетінмін.
Қолыма түскен спорттың түрлерінен мен шұғылданбаған, мен қызықпаған
біреуі жоқ. Шамам келсе, бəрін де игеруге құштар едім.
Волейболды жақсы ойнаймын, шаңғыны тəуір тебем. Суда тəуір жүзем.
Жақынға жүгіруде алдыма жан салмас желаяқтың бірі едім.
Турникке де жаман ойнамаймын.
Жасымнан нəзік, арық бала болдым да, қара күшке онша жарымадым.
Бірақ оның есесін əлгідей спортпен шұғылдану, өзімді шыңдап жетілдіру
арқылы толықтыруға тырысатынмын.
Дене тұлғасы сымбатты, бұлшық еттері түйін - түйін ойнап тұратын,
қыңқыл сыңқылды білмейтін, денсаулығы күшті адамдарға əрқашан
тамсанып, қызығып қараймын. Қолымнан келсе, солардай болу асыл
арманымның біреуі.
Əл-қуаты нашарлық ілмигендік, тағдырдың адам бойына жапсырған зор
міні, кемшілігі деп қараймын. Өмірде ондайлардың талай жерде есесі
кететінін өз көзіммен көрдім, басымнан да кешірдім. Қиын - қыспақ
уақытта алдымен қаусайтындар жəне осындайлар. Əлжуаз нашар кісі
ыстық - суыққа төзімсіз, дене енбегіне шалағай келетіні даусыз нəрсе.
Ең аяғы біреумен төбелесіп қалса да, таяқ жейді.
Meн өзімді осы кезде əлгідей арық та дəрменсіздігім үшін адамның
қоры санаймын. Оған қоса екі тізем күдіс. Көзге қораш бейшара біреу
болып қалғанымды, əсіресе, əскери комиссиядан өткен кезде тіпті анық
байқадым.
Комиссиядан қорланып, ыза болып шықтым.
Жоқ мен қалай да, оңалуым керек!
Тіземнің күдістігін жоюым керек.
Осыны алдыма ең бірінші мақсат етіп қойдым.
Күнде таңертең керіліп, созылып, неше алуан дене шынықтыру
жаттығуларын жасаймын. Шаңғы тебем (уықтан шаңғы жасап алғам).
Коньки тебем.
Тізелерімнің күдісін жазу үшін тіземді бүкпей тұрып еңкейіп, қолымды
жерге тигізуге тырысамын. Əуелгіде жетпек түгіл, жоламайтын. Сосын
біртін-біртін жерге қолымның үші тиетін болды.
Мен бұл жаттығуды қашан талғанша, шаршағанша елу рет, қайталап
жасаумен болам.
Апам ылғи да ренжиді:
— Балам - ау, өзін болсаң, көтеремсің. Бекерден бекер азаптанып,
жаныңды мұнша неге қинайсың? — дейді.
Ауданнан қызмет тауып алмақшы болдым. Колхозда Нұрəлінің қол
астында жұмыс істегім келмейді.
Қызметке орналассам, үйді көшіріп əкетпекшімін.
Мен тəрізді азды-көпті оқуы бар адамға бұл күнде қызмет оңай
табылуы тиіс.
Қарасаздамын.
Танитын біреулерден госбанкке қызметкер керек. Инспекторлық орын
бар. Жұмысы ауыр емес, оп-оңай үйреніп кетесің деген сөз естідім.
Келдім. Сөйлестім. Бастығы Мирошниченко дейтін тəпелтек жуан адам.
Кадрлардың есебін алатын листок берді, «осыны толтыр. Өмірбаяның мен
арызыңды жазып, қосып əкел» деді.
Листокта жүректі дір еткізетін бір жаман сұрақ бар екен.
Сотталдың ба? Не үшін сотталдың?» дейді.
Маңдайымнан терім бұрқ ете қалды.
Менің госбанкке кызметке алыну, алынбауым ғана емес, болашақ бүкіл
өмірім осы сұраққа тіреліп тұрғандай еді. Не деп жазам. Өтірік жазуға
болмайды. Ал сотталдым деп жазуға қолым бармайды.
Сен өзің совет мекемесіне қызметке алуға болатын дені дұрыс адамсың
ба? Жоқ, қауіпті біреусің бе деп, сұрап отырғанмен бірдей еді. Кісінің өз
кемшілігін, басқалардан жасырғысы келетін жан жарасын өзіне
мойындатып айтқызғандай ар - намысқа тиетін дөкір сұрақ.
Қиын бір есеп шығарғандай немесе жұмбақ шешкендей ойланып көп
отырдым. Содан соң листокты төрт қабаттан бүктедім де, ортасынан қақ
бөліп жəне жырттым.
Екі бөлекті қабаттап салып жəне жырттым.
Осымен менің анкета толтыруым. бітті.
Көрмегенім кеңселер, мекемелер болсын дедім де, ауылға кайта қайтып
келдім.
Дəл сол күні біздің үйде бір қонақ қонып отыр екен. Жасы қырықтар
шамасында, жіңішке қияқ мұрты бар, маңдайы қасқалау сұрша жігіт, аты
Мұса. Осыдан елу - алпыс шақырым Жарқұлақ деп аталынатын алтын
кенінде жұмыс істейді. Шешем жағынан бізге жекжат шалыс. Өзі домбыра
тартып, əн салады. Мінезі жұмсақ кісіге жұғымды тəуір адам көрінеді.
Осы Мұса өзі жұмыс істейтін алтын кенін кеш бойына мақтап
сөйлеумен болды. Жұмысы ауыр болғанмен, табысы жақсы.
Əр айдың аяғында сол айда бүкіл алтын кені бойынша алынған
алтынның мөлшеріне қарай енбек ақы төлейді. Енбек ақыны алтынның
талоны түрінде береді. Бір сомның талоны жай ақшаның құнына шаққанда
он сом боп бағаланады. Дүкенде кездеме, бітулі киім, қант-шай секілді осы
кезде басқа дүкендерде құрып кеткен нəрселер сықап тұр. Талоның болса,
не алам десең аласың, жай ақшаға сатпайды. Күніне нормалап нан береді
дегенді айтты.
Қазіргі колхоздағы тұрмыспен салыстырғанда., Мұсаның айтып
отырғандары коммунизм еді.
— Мен барсам, жұмысқа ала ма?—деп сұрадым.
— Алғанда қандай, əке дейді.
— Оған да өмірбаян жазып, анкета толтыру керек пе?
— Қаңдай анкета?
— Қайда тудың, қайда өстің, əкең кім, шешең кім деген тəрізді...
— Түктің керегі жоқ. Барасың да, істей бересің. Бітті.
Ертесінде таңертең Мұсаға міңгестім де, Жарқұлақ қайдасың деп,
тартып жөнелдім.
Жолы əрі алыс, əрі ауыр екен. Тянь - Шаньның Қытайға қарай сұғынған
ең бір шалғай түкпірі, көк жалтыр жалаңаш шыңдардың дəл түбі. Аттың
мықтылығынан бір күнде əзер жеттік.
Екі жағы қысаң келген шұңғыл шатқал сай. Көбігін аспанға атқан асау
өзен. Алтын кені өзеннің жағасына таяу төскей жүрекшеде. Бөренеден
қиған үш-төрт ағаш үй, ағаш барактар жəне он шақты жер үй, жеркепелер.
Бары осы.
Біз мұнда кешке қарай келгенбіз. Тау ішінде күн ерте батып, кеш ерте
түседі. Мұса семьясымен жалпы барақта тұрады. Семьясы дегенде өзі, кəрі
шешесі, қарындасы үшеуі ғана. Əйелі жоқ, əйелінен ажырасқан болған
керек.
Барақтың есігінен:
— Кеш жарық!—деп, Мұса бастап, кіріп келдік.
Ұзын барақтың іші алакеугім. Тақтай сəкінің үстінде əр - əр жерде
сықсиып жанған білте шам, əр шамды қоршап алып, кешкі шайға бас
қойған жұмысшылар. Бəрі мойындарын «бұрып бізге қарасты.
— Ешкің арық!
— Уа, Мұса, ат-көлік аман ба?
— Қалай, төменгі ел-жұртың тыныштық па екен?
— Армиядан кімдер келіпті?
— Армияға кімдер алыныпты?
Осы секілді сұрақтар жауып кетті.
— Қасыңдағы бала кім?— деп сұрап жатыр.
— Біздің Тұйықтағы жекжат еді, осында жұмысқа келді.
— Е - е.
Тротуарша созылған ұзын сəкінің үстінен Мұса семьясына тиген орын
барақтың кіре берісіне жақын екен. Біз сол арада тұрмын сырт
киімдерімізді шешініп жатырмыз. Мұсаның шешесі мен қарындасы менің
бұрын көрмеген адамдарым. Екеуі де маған бұнысы кім, масыл етіп, тағы
кімді əкеліп отыр дегендей тосырқап қарасады.
Мінекей біз шай ішіп отырмыз. Ортамызда төңкерулі кесенің түбіне
жаққан сығырайған білте шам. Шайды Мұсаның шешесі Қалампыр құйып
отыр. Пісте мұрын, бетінде шешек табынан пайда болған бұжыр
шұқыршалары бар қатпа қара кемпір, Маған ол əлсін-əлсін барлап көз
тастап қарап қояды.
Мұсаның қарындасының аты Бəтима, жасы мен шамалас. Не шешесіне,
не Мұсаға тартпаған, аяқ-қолы жуан, жуан бел, болбиған сары қыз. Шешесі
мен Мұсаның екі аралығында менімен бетпе-бет отыр.
Неге екенін қайдам, осы қыз маған бір көргеннен ұнамады. Былайша
алып қарағанда, түр-түсі таза, ықтиятты, киім киісінде де оғаш ешнəрсе
жоқ. Аз сөйлейтін, мінезі салмақты жақсы ұқсайды.
Бірақ қараптан қарап отырып, əлгіні суқаным сүймейтінін сезінем.
Күрең сарғыш шашына əлдеқандай жылтырауық май жағып, маңдайынан
қақ жара жабыстырып тарапты. Бетіне қараған сайын шашының əр жерінен
байқалатын қайызғақ пен əлгі майдан жүрегімді айнытып, күлімсі бір иіс
келгендей болады.
Денем өз өзінен тітіркеніп, Бəтимаға қарамауға тырысамын.
Дастарқанға бөлке туралған, азырақ шақпақ қант шашып тасталған.
Мұндағы өмірдің басқашалығы осыдан да байқалғандай бөлке нан мен
қантты колхозда екінің бірі жемейді.
Барақ тұрғындарының жалпы саны жиырма бес - отыз адамдай.
Семьялы, семьясыздары аралас. Барлығына үй ортақ, ауа ортақ, жататын
ұзын сəкі ортақ.
Пысқырып, түшкірулері де ортақ.
Шай ішіліп болды. Əйелдер ыдыс-аяқ жуып, жинауға кіріскенде,
еркектер өздерінің еркектік артықшылықтарын көрсетуге кірісті. Ол — бірі
мен бірі жарысып, біреуінен біреуі темекі, газет сұрап алып барақтың ішін
ащы көк түтінге толтырып, шылым шегу еді.
— Өмірəлі, қалайсың, ей?
— Жақсымын, Əбеке.
— Жақсы болсаң, бастамаймыз ба?
— Баста деп бұйрық берсеңіз, бастаймыз.
Бұл шылым тартылып болғаннан кейінгі əңгіме.
Əбекеңі барақтың арғы түкпір жағын мекендеген қара мұрт, қара сақал
адам. Сірə, осындағы жұрттың жасы үлкен отағасы сол болар.
Ал Өмірəлі сəкінің орта тұсында, бізбен қанаттас отырған жастау, шілпі
сары жігіт.
Барақтағылар Өмірəлінің айналасына сырғып, жинала бастады. Əр топ
өз орталарындағы шамдарын ала келіп жатыр.
Өмірəлі жастығының астынан бір қалың кітап алып шықты. Мұқабасын
газетпен қаптаған, парақтары жұлымданып тозып кеткен бұл кітап
батырлар жыры екен.
— Нені бастаймыз?
— «Қыз Жібектен» баста.
— «Қыз Жібек» кеше оқылды ғой. Басқа біреуін.
— «Қозы Көрпешті» баста.
— «Қобыландыны» баста,—деген сөздер естілді.
Көпшіліктің қалағаны «Қозы Көрпеш» жыры болды.
Өмірəлі малдас құрып, жайғасып отырды. Білте шамның екеуін
қатарынан алдына жақындата қойды да, кітап бетін жарыққа бұра ұстап,
басын да солай қарай қисайтып ап, дағды болған мақаммен əуендетіп оқи
жөнелді:
Кемел ақын келтірер сөздің түрік,
Оған да заман өткен бір ықылым.
Кешегі ол бір қатар заманында
Өтіпті екі байың бізден бұрын.
Мұндағы жұрттың қолы боста, əсіресе, осындай кешкі уақытта ермек
етіп, көңіл көтеретін ойын-сауығы да, кинотеатры да осы кітап екен. Соның
ішіндегі қиссаларды он, жиырма қайта оқытқанды, басқалар ұйып
тыңдағанды біледі. Оқитын ылғи да Өмірəлі болса керек. Біртүрлі сыңсып
əуендеткен тəрізді төселген мақамға салып, оқта-текте ернін жалап қойып,
теңеп отыр. Тыңдаушы жұрт бəйге атына дем беріп, қоздыра түскендей əр
кезде еліре үн қосып, мəз боп, жырғап қалады.
Қиссаны мен де жақсы оқимын. Өмірəліден əрі тəуір, əрі тез оқимын.
Менің де төселген мақам - əуендерім бар. Соған салып, құбылтып, əсерлі
етіп оқуға шебер - ақпын.
Он бір буынды қара өлең түріндегі қиссаны бір басқа, жыр түріндегі
қиссаны жəне бір басқа əуез - нашпен, əлқисса деп басталатын қара сөзі
болса, оны тағы да бөлекше дауыспен неше саққа жүгіртіп оқи алам.
Шіркін маған оқытар ма еді деп, аркам қозып, əзер отырмын.
Өмірəлінің оқығаны көңіліме толмайды. Бір сарынмен сылбыр оқиды екен,
сөз бен сөздің арасында ыңылдап созып тұрып алады.
Бір кезде Өмірəлі талып шаршағандай болды. Тамағы кеберсіп, үні
шықпауға айналды. Соны пайдаланып:
— Беріңіз, мен оқиын,-—.дедім,
Берді.
Көрейік, қалай оқыр екенсің дегендей жұрт маған трасты. Араларынан
орын босатысып, мені шамға жақынырақ жіберді. Көкпарға тыңнан
қосылған жүйріктей ешқандай мүдіріссіз - заулай жөнелдім:
Тал шыбықтай бұралған өзі керім,
Мінекей, оны айтатын келді жерім.
Қыпша бел, алма мойын сұлу Баян,
Сипаты жаннан асқан ол бір серім...
Өмірəліден асырып, құлшынған шабытпен оқып жөнелдім. Əр сөзім
анық, айқын, əсерлі шығып жатқанын өзім де аңғарамын. Жұрт менен
мұндай өнер күтпесе керек. Бəрі жым боп, бір сəтке тым - тырс тынды да
қалды. Сосын, кітаптың бір беті таусылып, екінші бетке ауысарда, сол
кездегі үзілгендікті пайдаланып:
— Ой, азаматым!
— Мынау бір өнерлі бала ғой!
Қатырып оқиды екен!
Тамаша оқиды екен — деп, жамырап, мақтай жөнелісті.
Төбем көкке жеткендей болды...
Мақтау сөздер шабытымды одан бетер тасытты. Жер танабын қуырған
тарлан бозша бауырым еркін жазылып, нағыз бабыма түсе бастағандаймын.
Маңдайымнан бусанған тер шықты. Жыр мазмұнының жұрттың жүрек
қылыш шертіп өтеді-ау деген тұстарына келгенде, дауыс нашымды
құбылтып, түрленте түсумен қабат, қас-қабақ, бет-бейнемді де бейімдеп,
өзгерте қоям. Жырда айтылып жатқанның бəрінің тірі куəсі тəріздімін, өзім
бірге араласып, басымнан бірге кешіп жүргендеймін.
Мінекей, жыр оқылып бітті. Тез оқылды. Жұрт қалай аяқталғанын
сезбей қалған тəрізді.
— Ой, көп жаса!
— Бір жасың мың болсын!
— Жасың ұзақ болсын!—деген тəрізді мақтау сөздер.
Өнеріме сүйсінген жұрт:
— Қане, енді Қобыландыны оқы,— деп, өтініш жасай бастады.
«Кемеші келсе, қайықшы судан шығады» дегендей, Өмірəлі далада
қалып қойды. Өзге жұрттың ішінен оны Өмірəлі атандырып, биіктетіп
тұрған басындағы азғантай бақ-дəрежесін түтін қалдырмастан мен тартып
алғандай болдым.
Жыр қиссаларының ішінде Қобыландыны ерекше сүйем. Өзім жəне
түгел дерлік жатқа білем. Кей жерін кітапқа қарамай да заулатам.
Тайбурылдың шабысын сыпаттайтын жерде жыны қозған бақсыдан
өрепкіп өзімді - өзім ұмытып, қалыбымнан шығып кететін тəріздімін..
Қысқасы, ғажап оқыдым.
Жұрт бір ауыздан:
— Мына бала артист екен,— десті.
Осыдан былай күнде кешкілік қиcca оқу менің міндетіме айналды.
Үлкен барақтың бет алдында бағанға сыммен салбыратып байлап
қойған рельс сынығы. Ертемен таң қараңғысынан соны біреу білектей
сойыл темірмен бүкіл тау - құзды жаңғырықтырып даң - даң соғады. Бұл
ұйқыларыңнан ояныңдар, тұрыңдар дегені. Ұзын сəкінің үстінде қаз-қатар
тізіліп сұлаған адам денелері. дабыл үнін естіп, қауырт қозғалысқа келеді.
Əр-əр жерден жылтырап, тағы да. білте шамдар жанады.
Шаштары ұйпа – тұйпа болып, есінен тұрып жатқан, əйелдер.
Тұрғысы келмей, қыңқыл-сыңқыл білдірген балалар.
«Əй, түр. Шай қайнат» деп, əйелдерін жұлқыған еркектер.
Алтын кендегі негізі қауырт жұмыс өзеннің арғы бетіндегі таудың сонау
биік жал басынан қаппен кен арқалап түсу. Тіп - тік қия беттен иректеп
қашап, жол жасаған. Жұрт тауға сонымен жаяу шұбап шығады, жаяу
түседі.
Көлік шыға алмайды.
Төменде су бойыңызда бөренеден қиып жасаған шағын ағаш үй. Іші
диірмен құсап күндіз-түні дүрсілдейді де жатады. Жұрттың тау басынан
азаппен арқалап түскен кенін ұнтақтап, алтынын айыратын завод міне сол.
Оған кім болса, соны кіргізбейді.
Шатқалдық ішін жаңғырықтырып дабыл екінші рет соғылғанда, жұрт
жұмысқа шығулары керек.
Қолтықтарына бір-бірден бос қап, мешок қысып алып, жаяу шұбырған
халықтың арасында міне мен де келе жатырмын.
Қасымда Бəтима.
Ол маған бір семьяның адамдарында болатын үйірсек жылы көзбен
қарайды. Егіз қозы тəрізденіп жанамалап бірге жүргісі келеді. Бəтиманың
ол мінезі маған онша ұнамайды. Жолап кетсе, бірдеңесі жұғатындай бойым
дір ете қалады.
Судан ары өткен соң-ақ жол тіке өрге тартады. Тауға өрмелеп шығу
басталады. Үйренбесең адамға бұл нағыз азап болады екен. Жолдың бір
ирегін жүрмей-ақ тізем салдырап талып кетті.
Ал үйреніл, дағдыланып алғандар бірін-бірі қуалай, басып - озып, тау
ешкіше зырлайды...
Жұрттың ең соңында қалып қойдым..
— Алғашында жұрттың бəрі өстеді. Таудан тас алып түспек түгіл, шыға
алмай қиналады. Əлі біраз күннен кейін үйреніп кетесің — дейді Бəтима.
Бүйткен біраз күні құрып қалсын.
Əлсін-əлсін тоқтап, дем алам.
Бəтима да аналардай шаршау білмес көнтерінің біреуі. Бірақ оның мені
жалғыз тастап кеткісі келмейді. Маған қарайлап, мен тоқтасам, ол да
тоқтайды.
Кейбір өте-мөте тік жерлерде қолтығымнан сүйемелеп, қамқор болады.
Бұнысы адамшылық екенін мен ішімнен жылы қабылдап, əйел заты
ретінде ұнатпасам да, жолдас ретінде, жерік ретінде өзін тəуір көре
бастадым.
Басқалар бізден ұзап кетті.
Маған тау басына шығудың өзі мұң болды. «О, бүйтіп тапқан табысы
құрысын! Мынау жұмыс емес дозақ қой!» деген сөзді тоқтап, демалған
сайын айтам.
Ирек - ирек болып, тіке кетіп жатқан жол тіпті таусылатын емес. Əр
ирегін жүріп еткен сайын енді қанша қалды екен деген оймен жоғарыға кез
салып қарап қоям. Əлі көп, əлі ұзақ.
Бір иректеп соң бір ирек.
Əнe, əуелгі озып кеткендер таудың ұшар басына жетіп те үлгерді. Ол
арада кен қазатын шахта бар. Мұса тəрізденген əулетті жігіттер сол
шахтада жұмыс істейді. Тасты бұрғымен ұрып теседі де, дəрі қойып
жағады. Кенді солай қопсытады.
Түстен кейінгі сменаға баратын болғандықтан Мұса қазір үйде.
Біз таудың ортан беліне əзер деп жеткенде, алдыңғы озып кеткендер кен
алып, кайтып та үлгерді.
Алтынның кені киыршық тасы аралас, дымқыл сарғыш құм болады
екен. Ауырлығы керемет — тұзбен бірдей. Содан қаптарының түбіне зілдей
етіп шылқытып салып алған əйелдер мен балалар ауыр жүктің салмағымен
жаншылып екі бүктеліп, еңіске қарай дедектеп жүгіріп кетіп бара жатады.
Арт жақтарында апат болып, содан қашып келе жатқан адамдар тəрізді,
ештеңеге бас бұрып қарамайды. Біреуіне біреуі бір ауыз сез айтпайды,
айтуға мұршалары да жоқ.
Əлгідей қатты жүріспен келе жатып, жазатайым сүрініп кетіп жығылса,
не боларларын білмеймін. Бірақ, бір ғажабы, бірде-біреуі жығылмайды.
Əлдері бітіп, демалғылары келгенде, жолдың биік жар ернеуіне
арқаларын сүйеп, тікелерінен –тік шалқайып, құлай кетеді.
Сосын тағы жүгіреді.
Өлдім-талдым дегенде таудың басына да шықтым - ау! Шахта
дейтіндері міне мынау. Алтынның жылғасын қуалап, жақпар тастың өзегін
үңгіп көлбей қазылған, іші ала көлеңке үңгір Əуесі себездеп жаңбыр жауып
тұрғандай дымқыл, аяқ асты шылқыған су. Тас қабырғалардан жорғалап
аққан мөлдір тамшылар.
Аяқтың дəл астында үйіліп жатқам кеп.
Бəтима екеуміз ғанамыз.
— Ұста қабынды,— деді Бəтима.
Мен қабымның аузын ашып тұрдым.
Алақаны шұқырайған мешкей күрекпен Бəтима төрт-бес күрек кен
салып берді де:
— Осы жетеді, будан артық апара алмайсың,— деді,
Салынған кен қабымның түбінде ғана, маған тым аз көрініп тұр.
Əркімнің күнбе-күн алып барған кенін таразыға жекелеп өлшеп
қабылдайды. Соған сай еңбек жазады. Еңбегі көптің табысы да көп. Еңбегі
аздың табысы да аз.
Сондықтан кенді, мүмкін болғанынша, мол етіп апаруға əркім мүдделі.
Бəтима кенді өзіне менікінен екі еседей мол етігі салып алды.
— Қане, көтеріп көр.
Е, көтерсе несі бар деген оймен қабымды жерден жұлып алмақшы
болдым. Сөйтсем, зіл батпан. Оңайшылықпен көтере алатын емеспін.
Жерге жабысып қалған тəрізді. Бəтиманың жəрдемімен əзер деп арқама
салдым.
Кен емес, қорғасын. Бөксемді жаншып сындырып барады. Осыны
сезген Бəтима:
— Қалай екен?— дейді.
— Ауыр екен.
Мен алда келе жатырмын, Бəтима менің соңымда. Тізелерім қалтырап,
мас адамдай тəлтірек - тəлтірек етем.
Шахтаның шығар аузындағы көлбеу жолмен келе жатқандағы халім
осы.
Енді міне құлди еңіс жол басталды.
Ауыр жүкпен еңістен төмен түсу — бұл дозақтың дозағы екен.
Жұрттың əлгінде дедек қағып жүгіріп бара жатуының сыры маған енді
мəлім болды. Жүгірмеске лажым жоқ. Шаршағанға дейін жанталасып біраз
жерге жетіп қалуың керек.
Мен жолдың бір ирегінің басынан аяғына дейін əзер жетем. Сосын,
жұрттан көргенім бойынша, жол шетіне шоңқиып құлай кетем.
Мені тастап Бəтима тағы да кетпейді. Қасымда жүгін арқалаған қалпы
күтіп, тосып тұрады.
Мен бес рет отырып демалғанда, ол бір рет отырып демалады.
Бəтиманың неге шаршамайтынына менің таңым бар.
Менде əл қалмады, отыруым жиілеп кетті.
— Қашан үйренгенше, жұрттың бəрі өстеді, Бұл бұл ма, ертең əлі
беліңнен шойырылып, қозғала алмай қаласың, — дейді Бəтима.
Қап, бекер келген екенмін. Колхозда жұмыс істеуім бұдан мың есе
артық еді ғой деп, ішімнен бас шайқап өкінудемін.
Бəтима бір кезде:
— Тым ауыр болса, азырақ төгіп таста,— деді.
Мұндай ақыл басыма неғып келмегеніне таңмын. Қуанып кеттім де,
кенімнің біразын төгіп тастадым.
Сай табанына дейін енді аз қалғанда, менің халім мүлдем бітті. Кірпігім
əрең қыбырлап, жол шетінде демалып отырмын. Менен төмен дəл қасымда
Бəтима отыр.
Бəтима да шаршаңқыраған, бірақ мендей əлсіз емес.
Бізден басқалар заводқа баяғыда барған. Алды кендерін еткізіп үйдіүйлеріне тарап кетті де, арты өткізіп жатыр.
— Ал жүрмейміз бе?—дейді Бəтима.
— Бəтима, мен қатты шаршадым. Жүруге халім жоқ.
Кенімнен жəне біраз тегін тастайын десем, сонша жерден азаптанып
көтеріп əкеп, енді төгуге обалсынам.
Ішім ашиды.
Бəтима мен күтпеген ғаламат бір ерлік шешім жасады. Менің қабымды
өз қабының үстінен көтермек болды. Мен əуелде шошып қалдым. Екі
адамның жүгін бір адам қалай көтереді?
Бұл мүмкін емес нəрсе!
Мінекей, Бəтима екі қапты бір өзі арқалап келе жатыр. Мен арт жағында
бос келем. Бəтиманың күштілігіне əрі ғажаптанып, əрі оның не белі, не
аяғының бір жері бырт етіп сынбас па екен деп, қауіп ойлаймын.
Сынбақ түгіл, қыңқ демейді. Үстінен жəне осындай жүк артсаң да, жүре
беретіндей.
Күш деп міне осыны айт.
Еркек басыммен жүгімді қызға арқалатуым жəне оның өз жүгіне
қосымша етіп көтеріп қойып, өзім бос келе жатуым көлденең жұрт көрсе,
арыма таңба боларлықтай ұят іс. .Мен бұны жан-тəніммен шамырқанып
терең сезінемін. Біреу-міреу байқамаса екен деймін.
Жолдасқа Бəтимадай қайырымды адам, əй сірə, дүниеде кездеспес!
Көпірдің қасына келгенде,Бəтима уһ деп, дем.алуға бірақ отырды. Енді
қалған жол аз ғана. Мен өз қабымды өзім алдым.Өлдім-талдым дегенде,
таразының басына жеттім.
Бұл кезде та разы басында адам қарасы жоқ еді. Қабылдаушыда біз
жаққа кетіп қалған. Бəтима екеуміз.демалып, тосып отырмыз.
Қалай, қатты шаршадың ба?
— Құрысын, тауға енді шықпаймын. .Кетем ауылға.
Қой, кетемі несі елден ұят емес пе? Алғаш рет шыққанда жұрттың бəрі
өстеді. Əлі үйренесің.
Менің кетемін — шын сөзім.
Басында қара былғарымен тысталған малақайы, үстінде су жаңа қара
көк қыстық пальтосы бар, орта бойлы, толықша денелі, əдеміше қара сүр
жігіт іші дүрс-дүрс еткен завод үйінен шығып, аяғын жайлан басып, бізге
қарай келе жатыр. Екі қолы қалтада..
— Сен қызға бүгін не көрінді жұрттың ең соңында қалып? Бұрын ең
алдымен келетін едің? Бұл Мырқымбай кім?
Бəтима менің кім екенімді айтып жатыр.
— Құдай біледі, колхоздан қашып келдің ғой...
— Мен колхозға мүше емеспін,— дедім.
— Колхозға мүше болмай, аспаннан түскен шығарсың.
Əуелі Бəтиманың.кенін өлшеді, елу килограмм шықты.
Менікі отыз сегіз ақ.
— Өзің жігіт:емес.екенсің ғой, қыз ғұрлы көтеріп əкелмепсің — деп
қабылдаушы мені мазақ етіп жатыр.
Кітапшаға жазбақ боп:
— Фамилияң кім? — деп сұрады.
— Мамырбаев.
— Мамырбаев!—деп, қабылдаушы елең ете қалды. —Сен Сəрсебек
Мамырбаевтың інісі емессің бе?
— Иə, інісімін.
— Туған інісімісің?
— Туған.
— Сəрсебек əскерде ғой?'
— Əскерде.
— Қашан алынып еді?
— Екі жылдай болды.
— Хат келіп тұра ма?! Қай жерде?
— Былтырғы март айынан бері хат жоқ
— Соғысқа барып па еді.
— Барған.
— Мм....
— Менің ағайымды сіз қайдан білесіз?:—деп сұрадым.
— Е, білмей. Сəрсебек екеуміз Алматыда бухгалтерлік курста бірге
оқығанбыз. Бір бөлмеде жатқанбыз. Ағаңның əйелі Қанышаны да білем.
Екеуінің қалай танысып қалай қосылғаны бəрі мына. менің алақанымда.
Қаныша. қайда, сол өз ауылдарында мұғалім бе?
Бұл жігіттің аты Дүйсен, фамилиясы Дауылбаев екен. Жеңгем жайлы
айтқандарымды өте ыждағатпен тыңдады. Оның əлдекімдердің
қудалауымен қызметінен босап колхозда қара жұмыс істеп жүргенін
білгенде, кереметтей күйзеліп, мынау. сұмдық екен дегендей басын бірнеше
рет шайқап қойып тұрды.
Мұндағы алтын кенді артель деп атайды. Дүйсеннің қызмет лауазымы
есепші - бухгалтер.
Басқарушылардың біреуі.
Бұл адамның менің Сəрсебек ағайыммен əлгідей жақын жолдас болып
шыққанына, сол арқылы маған да сұхбат білдіріп, жылы сөйлескеніне
ішімнен қуанышты едім. Жұмыстың ауырлығынан ауылға қайтып кетсем
деген ойымнан енді айни бастағандаймын. Шыдап, тағы біраз істеп
көрмекпін.
Дүйсен маған қолдан келген жақсылығын істеуге дайын тұрған адам.
Сəрсебектің інісі екенімді білген соң ол менің əкелген кенімді отыз сегіз
килоның орнына түзеп, қырық сегіз кило етіп жазды.
Өсіріп жазды.
Бір бүгін емес, күнде сөйтеді.
Таудан күнде дерлік мен жұрттың соңы болып келемін.
Таразының басында Дүйсеннен өзге ешкім қалмайды.
Бəтима болса, ол өз кісіміз. Он түгіл, жиырма кило қосып жазса да,
қуанғаннан өзге бір ауыз сөз айтпайды.
Дүйсен бір күні:
— Əй, қара тəмпіш, реті келсе мен сені басқа бір жеңілірек жұмысқа
ауыстырамын.
Нe жұмысқа ауыстырар екен деп, жаным тақат таппай күтіп жүрмін.
Дүйсен маған өз ағайымдай болды. Кезіккен жердің бəрінде тəптіштеп
хал-жайымды сұрап жатады.
Басқалардың алдында менің төбем көкке жеткендей болды.
Тауға шығуға, таудан түсуге бұрынғыдай емес, аздап үйренген
тəріздімін. Кенді де, намысыма тырысып, көбірек көтеріп əкелем. Бірақ
азап екен, азап. Əр шығып түскенде, ғұмырымның жармысын
жоғалтқандай болам.
Жанбағыс адамға не істеткізбейді! Ақша адамға не істеткізбейді. Таудан
бір центнерге дейін тіпті одан асырып кен көтеріп əкелетіндер бар.
Күніне өлімтіктеніп екі шығып түсетіндер бар.
Бұндайлардың көпшілігі жас балалар. Əке-шешелері олардың табыс
тапқанына құнығып алған. Біздің пəленше шаршау білмейді, тауға екі рет
шығып түсу оған ойыншық деп, қолтығына су бүркіп, мақтап қояды.
Бала неме, шынында да сондаймын деп ойлайды.
Дүйсен аға, көп жаса! Бір жасың мың болсын!
Meн міне басқа жұмысқа ауысып отырмын.
Рақат жұмыс.
Алтын кені тұрған сайдың бойында, он шақырымдай төменде, қалың
қарағайдың арасында пилорам бар. Содан екі адам атқа артып, сүйретіп əр
түрлі тілінді ағаш, тақтай тасимыз.
Қасымдағым Əлім дейтін шал.
Жол бұл арада нашар, машина, арба жүре алмайды.
Қажет нəрсенің бəр - бəрін төмен жақтан атқа артып жеткізеді.
Əлімнің мінгені өзінің жеке меншік аты. Ақы өзіне жəне атына
төленеді.
Менің астымда артельдің түйедей биік, күйлі қызыл аты. Ер-тұрманым
былғарыдан істелген əдемі базар ер-тұрман.
Күніне бір ғана.рет барып əкелеміз. Қалған уақытта боспыз. Екі баруға
біз шыдағанмен, ат шыдамайды.
Жазылатын енбегі тас тасушылардан кем емес,
Жекжатына жолаушы шеккен адамдай Əлім екеуміз таңертең шайдан
кейін атқа қонамыз да, əңгімелесе отырып, аяңмен пилорамға келеміз.
Аттың əр қапталына екіден - үштен тақтай теңдеп аламыз да, қайта
қайтамыз. Қатар жүруге жол тар, біріміздің соңымыздан біріміз шұбап,
жүріп отырамыз. Қыстыгүні орман іші. Мөлдіреген саф ауа. Тыныштық
Қардан үкі тағынған ағаштар. Тағалы аттар жолдың шыны қарын сықырсықыр басып, оқта-текте пысқырып қойып, келе жатады, Бет-жүзіміз
аяздан албырай түсіп, малақайды шекеге салып қойып, ерге бір жамбаспен
отырып, ыңылдап өлең айтқанды ғана білеміз.
Рақат жұмыс емей, немене?
Əкелген ағаштарымызды өлшеп, қабылдайтын Дүйсен.
Дүйсен мұнда салт бас. Артель директорының орынбасары Əміржан
дейтіннің үйінде пəтерде тұрады.
Бұл адамның бойындағы тамаша бір қасиеті — күлдіргі əзілқойлығы.
Айналасын күлкіге тоғытып, басқалардың ойына келмейтін неше алуан
қызықты əңгімелерді жанынан шығарып айтып жүреді.
Бір күн Дүйсен:
— Қара тəмпіш, мектепте жағырапия пəнін сүйетіп бе едің?— деп,
сұрады, Мен «иə» дедім.
— Олай болса, айтшы, Американы ашқан кім?
— Колумб. Христофор Колумб,— дедім білгіштігімді көрсетіп.
— Дұрыс емес. Африканы ашқан кім?
— Африканы кім ашқаның білмеймін. Ал Американы...
— Тоқтай тұр. Жапонияны ашқан кім?
— Білмеймін.
— Сүйетіндігің осы ма, түк білмейсің. Мен саған айтып берейін, біліп
ал, дүние жүзіндегі елдердің көпшілігін біздің қазақтар ашқан. Оған дəлел:
көп ел, көп жердің аты қазақша. Мəселен, «Азия» деген атау қазақтың «əз
ұя» деген сөзінен шыққан. Яғни, ата мекен деген сөз. Ұқсай ма?
Мен ұқсайды екен дедім.
Дүйсен əрмен қарай түсіндіре бастады:
«Африка» қазақтың «қапырық» деген сөзінен шыққан, яғни ыстық,
деген сөз, «Жапон» халқы «жұпыны» халық дегеннен, «Бразилия»
«мынауың біраз ел, ə» дегеннен шыққан. «Европа» ол да қазақ сөзі,
«жауропа» дегеннен шыққан. Көрдің бе, бəрі де қазақ сөзі. «Пекин»
қазақтың «бекін»деген сөзі. Жау келе жатыр, қаланың қақпасын жап, бекін
дегеннен шыққан. Қазақта қызың Қырымға, ұлың Ұрымға кетсін» деген сөз
бар. «Қырымы» кəдімгі өзіміздің Қырым, Қара теңіздің жағалауы. Ал
«Ұрымы» Рим. Итальяның астанасы. Қазақтар Римге тілі келмеген соң
«Ұрым» деген.
Дүйсен осы тəсілмен дəлелдеп, «Американы» да қазақ сөзі етіп
шығарады. (Қағаз бетіне түсіруге ұяттау.)
Мен бұл əңгімені алғашында шын көріп тыңдасам, сосын біртіндеп
қалжың екенін білем. Дүйсеннің өзі ойлап тапқан өте бір қисынды, тапқыр
қалжың. Əдемі қалжың. Оқуы аз ада адамдар сеніп те қалатындай.
Дүйсеннің тапқырлығына мəз болып, рахаттанып күлемін.
- Қазақтар ашқан жəне қандай жерлер бар?- деймін.
- Көп, - дейді Дүйсен. Өзі күлмейді, шын сөйлегендей етіп айтады.
Монғолияны да қазақтар ашқан. «Монғол» қазақша «мың қол» деген сөз.
«Корея» қазақша «қария» деген сөз. « Чили» қазақтың «шилі» деген сөзі,
жерінде ши көп өсетін болғандықтан солай атаған. Міне, тəмпіш бала
түйеге, атқа мініп алып біздің ата-бабаларымыздың бармаған жері
қалмаған. Мына шеті Жапония, мына шеті Америка бəрін аралаған.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 09
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.