Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 01

Total number of words is 4172
Total number of unique words is 2294
35.1 of words are in the 2000 most common words
50.3 of words are in the 5000 most common words
58.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БІРІНШІ ДƏПТЕР
I
- Еркін, сүйінші! Оқудан ағаң келді, əйел алып келіпті.
Мен бұл қуанышты хабарды Жабырда шөп орағында жүріп естідім. Ат
тырмамен шөп жинаймын. Қашан жазғы демалысымыз біткенше, біз
оқушы балалар, колхозда жұмыс істемейміз.
Əуесқой қыз-келіншектер бригадир Бекбосыннан:
- Кімді əкепті?
- Қандай əйел əкепті?
Əкелген əйелі сұлу ма екен? — десіп, жамырап сұрап жатыр,
Ал сөзді Бекбосын аузын бұртитып:
Miнe, мынау, — деп, басбармағын көрсетеді.
- Е, ол не дегенің?
- Сұлу десең, сұлу! Оқыған десең, оқыған...
Əңгіме менің Алматыдағы алты айлық бухгалтерлік курсқа оқуға кеткен
Сəрсебек ағайым жайлы. Соңғы кезде жазған хатында ол: апa, ciзге келін
алып барам, той қамын жасай беріңіз деп, жазған болатын. Бұл хабарды
естіп, шешемде ес қалмаған. «Қарағым балам, мен болсам қартайдым.
Оның үстіне денсаулығым нашар, дымкес адаммын. Екі күннің бірінде
ауырып қалам. Сенің мені аяйтын күнің бола ма? Неге үйленбейсің? Өзің
құралпы жігіттердің бəрі - ақ үйленіп жатыр. Солардан кембісің? Əңгімені
қой да үйлен, үйге шүйке бас біреуді кіргізіп бер» деп, ағайымның құлағын
дамылсыз қашай беретін оның өзі еді.
Келін түсіру шешемнің айықпас арманы болатын.
Міне енді
апатайымның сол арманы орындалған екен.
Жеңгелі болғаныма, сөз жоқ, мен де қуаныштымын. Бекбосынның мен
əлі көрмеген жеңгемді мақтап айтқан сездері жаныма жағып барады. Үйге
тез жетуге, мен үшін жер түбі саналатын ту сонау Алматыдан əкелінген
нəркес көз, жас жеңгемді тезірек көріп, танысуға ынтықпын.
Мінекей, жұмыс соңынан астыма тоқым салған жайдақ атпен Тұйық
қайдасың деп, құйғытып шауып келем.
Есік алды абыр-сабыр көп кісі. Əйелдер, балалар. қазан асылған, қой
сойылған. Қатарынан қойылған қос самауырдың лапылдаған жалыны
аспанға атады. Қора жақтан келіп, аттан топ етіп түсіп жатырмын.
Қазан басындағы əйелдер өзімнің көршілес жеңгелерім. Біреуісі мені
көріп:
— Еркін келді! Сүйінші! Сүйінші аламыз!—деп жүгірді.
Соңынан жəне бір əйел жүгіріп келеді.
Екеулеп бас сап, қалта - қалтамды ақтарып, жұлмалап жүр. Нең бар, нең
жоқ демейді. Өзім оқушы болсам, өзім жұмыс басынан келсем, нем
болушы еді. Үстімдегі киімдерім жамаулы, ескі жұмыс киімдері.
Шалбарымның бір қалтасы үңірейген тесік. Жеңгелерімнің біреуінің
əумесерлене сұққан қолы сол тесіктен сумаң етіп ары өтіп кетті. Жалаңаш
санымды бір-ақ барып қапты. Ойбай деп, қолын жылан шағып немесе
əлдене тістеп алғандай бақырып, қайтадан суырып алды...
Мен мəзбін, күлкіге қарық болып жатырмын...
Бір жағымнан сап етіп шешем пайда бола кетті. Қозғалған сайып ойбай
деп, ілмиіп қалған, күндегі қалпы жоқ. Қуанышын қоярға жер таппай
қалбалақтап, ұшып жүр.
— О, шыбыным, келдің бе!—деп қолымнан жетелей жөнелді. Ауыз
үйдегі көп адамдардың арасын жарып өтіп, бірден төр үйге əкелді. Мұнда
да бірсыпыра кісі отыр.
Менің келуімде зор мəн бардай-ақ:
— Мынау менің кіші балам Еркін,— деп əлдекімдерге дабыра сап,
таныстырып жатыр.
Төр үйдің оң жағында шымылдық құрылған кереует — ағайымның
кереуеті. Мен жаңа түскен жеңгемді ауыл дағдысы бойынша сол
шымылдықтың ішінде, қыз-келіншектердің қоршауында, басына бөртпе
шəлі жамылып, сызылып отырған болар деп ойлаған едім. Сөйтсем,
шымылдық түрулі, төсек жинаулы.
Ол маңда ешкім де жоқ.
Төсекке қарсы, терезе жақта өз алдарына оқшау топ боп шүйіркелесіп
бірнеше қыз-келіншектер отырған. Солардың арасынан мен бұрын
көрмеген, үстіне қонымды су жаңа көкшіл костюм, аппақ ақ кофта киген,
басына бір байлам үлбіреген жұп-жұқа орамал байлаған, тіп-тік сұңғақ
бойлы, күлім көз, қара торы біреуісі орнынан өте сыпайы түрегеліп, маған
қарай жүрді.
— Жаным, жеңгең осы бала, аты Қаныша, — деп, шешем бізді
таныстырып жатыр.
Жеңгем маған бір көргеннен ұнады. Бекбосынның сұлу десең сұлу,
оқыған десең оқыған деп, мақтауына тұрарлық адам тəрізді. Көркі де, киім
киісі де əсем, осы биыл педучилище бітірген. Оны да мен бағана
Бекбосыннан естігем. Қалада оқыған, мəдениет көрген жан екендігі былай
да көрініп, білініп тұр. Қасындағы ауыл қыз-келіншектері бір төбе
болғанда, ол өз алдына оқшау бір төбе.
Жас жеңгем орнына қайта барып отырды. Əдемі түзу аяқтарын біреуіне
біреуін қатар жанастырып, еңсесін тіп-тік ұстап, мойнын жан-жағына
аққуша сəнмен бұрып, көзін жұртқа қиғаштай тастап отырысы соншалық
керім - ақ еді.
Meн ішімнен қуандым да сүйсіндім. Жарайды Сəрсебек ағайым! Бұл
маңайдағы талай мынау деген қыздарды жаратпай, менсінбей жүруші еді.
Өзіне нағыз серік асыл жар, өмірлік дос тапқан екен!
Бұл бөлмеде мен танымайтын жəке екі адам отыр. Екеуі де əйел жандар.
Бірі төрдің қақ төбесінде, ауыл совет председателі Нұралымен қатарлас,
еркекше малдас құрып отырған жалпақ кеуделі, денелі, мосқал жасты қара
əйел. Аты Балжан, Қаныша жеңгемнің бірге туған əпкесі.
Екіншісі, Балжанның төменгі жағында енесін жанамалаған құлынша
оған еркелікпен сүйене түсіп отырған, қасы, көзі қап-қара, еліктің лағындай
сүйкімді жас қыз. Көмірдей қара шашын желкесіне төгілдіре қырыққан.
Бұл Балжанның Ғалия дейтін қызы екен. Жасы мен шамалас. Маған ол кез
алмастан қарай береді.
Жас жеңгем Қанышада əке де, шеше де жоқ. Екеуінен бірдей жас
айырылған. Жан ашыр жақын туыстан бары осы Балжан көрінеді.
Балжан бізбен көрші Бөген ауданында тұрады.
Сəрсебек пен Қаныша Алматыда мен сендік, сен мендік деп, қол
алысып болған соң өзара кеңесе кеп, былай етеді. Мұнда біздің ауылға тіке
тартып келмей, жолдан Балжандарға соғады. Қаныша əке орнына əке, шеше
орнына шеше болған əпке - жезделерінің алдынан өтіп, бір ауыз
ризашылық сөздерін алады. Содан осында келеді.
Балжан мен Ғалияны қолқалап өздерімен бірге ертіп келеді.
Біздің үйде той.
Үйлену тойы.
Бибісара шешемнің талайдан арман еткен тойы. Той десе, Тұйықтың
халқы бір жырғайды. Шақырған - шақырмағаны есеп емес, шұбап келіп
жатады. Кемпір-шалдар немере -шөберелеріне дейін тастамай, арқалап,
немесе қолдарынан жетелеп, ертіп алады.
Ауылдың бар тұрғыны түгел бітпей, той тарқаған болып саналмайды.
Бола береді. Құтты болсын айтып келген жұртқа қашан келсе - дағы есік
ашық.
Дастарқан жаюлы.
Қазақ асықпай-саспай, бабымен тойлағанды ұнатады.
Осы кезде біздің үйдегі шаңырақ иесі үлкен адам— шешем Бибісара.
Əкеміз Мамырбай бұдан үш жыл бұрын жылқы бағып жүріп, суық тиіп,
қайтыс болған. Құтты болсын айтып келушілер бірінші сөзін əуелі үй
қожасы шешеме бағыштайды.
— Құс құтты болсын, aнa!
— Шеше, келін құтты болсын!
— Жастар бақытты болсын,— дейді,
Үлкен, кіші бəріне бірдей қалбалақтап, апамның жаны қалмайды:
— Айтқандарың келсін!
— Үйге кіріңдер! Төрлетіңдер!—дейді. Өзі есік ашып, қызмет етіп,
аяғының үшінен жорғалайды.
Бибісара шешем аумалы-төкпелі заманды көп көрген, қайғы-қасіретті
басынан көп кешірген. Өмірдің өзге тауқыметін былай қойғанда, тоғыз
құрсақ көтерген адам екен. Содан бары Сəрсебек екеуміз ғана.
Қалғандарын өзі берген алла тағала өзі алған. Шешем байқұсты жылатып –
с ықтатпай, қапаландырмай, қайбір жайдан-жай ала салды ғой дейсің.
Əйтеуір қыбырлап тоқтамай, шала-жансар жүріп тұратын бір сағаттар
болады ғой. Шешемнің денсаулығы сол тəрізді. Байқұстың ауырмайтын
жері жоқ, тұла бойы толған ауру.
Басым дейді, белім дейді, аяғым дейді, тізем дейді... іші - сырты түгел
ауырады. Ауылда дəрігер болмағандықтан, ол аурулардың бəріне де емші
өзі.
Апамның сандығының бір бұрышы толған дəрі-дəрмек, Кейбірі қағазға
оралған, кейбірі шүберекке түйілген, кейбірі былайша тастай салынған. Бір
жері ауырса, содан кеңілі түскен біреуін алып, ішіп жатады. Кейде тəуір
боп жазылады, ал кейде бұрынғысынан бетер ауырып қалады.
Көп дəрінің ішінде аптекадан алынғаны қанша болса,қолдан істелгені,
жұрттың бергені жəне сонша. Біреу бірдеңені дəрі екен деп айтса, апам
соны қалай Да таппай тынбайды. Көкемарал, бұғының мүйізі, адыраспан,
жыланның басы, у қорғасын деген секілді не ғаламат дəрілері бар,
Бүгінгі мына тойдың үстінде шешемнің дымкестігінен түк қалмаған.
Бүкіш белі түзеліп, арық бетінің үшінде қызғылт нұр пайда болған. Келінкепшіктерімен қатар қимылдап, қонақтардың асты-үстіне түсіп, жан таппай
жүр.
Сəрсебекте де мұрша жоқ. Той малын сойысып, арақ - шарапты
дүкеннен өзі əкеліп, қара терге түсіп жүр. Бірақ жиырма үш жасар қаблан
жігіт бұған мойымайды, шаршау дегенді білмейді. Не істесе де істеген ісін
жапырып жібереді.
Ел іші ағайымды жақсы көреді: ешкіммен қақ-соғы жоқ, жұмысына
тыңғылықты. Ешкімнің ала жібін аттамайды, мас боп арақ ішпейді.
Үлкенді аға, кішіні іні деп тұрады.
Мен ағайыма қарағанда басымнан сөз асырмайтын қызба, шатақтаумын.
Ал ағайымда ол мінездің жұрқасы да жоқ.
Сəрсебектің білімі, небəрі, төрт қана кластық. Бірақ ол əрмен қарай
жалқауланып оқымай қойған емес. Ол кезде бұл маңайда одан жоғары
мектеп болмаған.
Ағайым өздігінен көп оқиды, қолынан газет-журнал түспейді.
Сондықтан көп біледі. Ағымдағы саясат, халықаралық жағдай жөнінде
сөйлескенде, немесе өзінің бухгалтерлік жұмысына қатысты мəселені
əңгіме еткенде, ол он класс бітіргендердің өзін қанжығасына байлап
əкетеді.
Ауыл қыздарының біреуіне үйлене салмай, əйелді ту сонау Алматыдан
əкелуі де ағайымның талғампаздығы күштілігінен болса керек. (Басқаларды
қайдам, мен өзім солай ойлаймын).
Ағайымның үйлену тойында мен - дағы жанымды салып қызмет етіп
жүрмін. Елгезек пысық баланың біреуімін. Қайда жұмсаса да ұшып тұрам.
Ал қолым қалт етсе, қонақ қыз Ғалияның қасынан шығам.
Ғалия екеуміз теп-тез - ақ үйір бола кетістік. Ол менімен түйдей жасты
— құрдас болып шықты. Оқуымыз жəне бірдей —Ғалия да биыл жетінші
бітіріпті.
Ғалиямен əңгімелесе отырып, қиялдаймын: Оныншыны қатар бітіреді
екенбіз. Содан соң институтқа бірге барып түссек. Оны да бірге бітіріп
шықсақ. Сосын Қаныша мен Сəрсебекке ұқсап үйленіп, той жасасақ.
Ғалиядан кім болғысы келетінін сұраймын. Дəрігер болсам дейді. Ал
менің арманым журналист болу. Ол аз болса, жазушы болу.
Оны - мұны шаруамен, үлкендердің о жақ, бұ жаққа жұмсауымен
Ғалияның қасынан кетіп қала берем. Міне сол кездерде Ғалия жалғызсырап
қалатын тəрізді. Үйге, шешесінің қасына бармай, көше жақтағы жалғыз түп
нəн бəйтеректік саясына орнатылған тақтай орындықтың үстінде жалғыз
өзі отырған күйінде қалады. Əлсін-əлсін бұрылып қарап, менің келуімді
күтіп отырады,
Мен келгенде сергіп, көңілденіп қалады.
Екеуміз жаңа таныс болғанға еш ұқсамаймыз. Бірін-бірі талайдан
білетін, үйреніскен адамдар тəріздіміз. Ескі достар тəріздіміз.
Ертесінде кешке қарай Тұйыққа арбасын салдыратып көшпелі кино
келе қалар ма! Анда-санда бір келеді. Сондықтан, əсіресе, балалар үшін бұл
деген қуанышты оқиға «Кино!», «Кино кепті!» деп, азан-қазан шапқыласып
жүр.
Ғалияны бір жаққа ертіп əкетуге сылтау таба алмай отыр едім. Бұл енді
жақсы болды. Екеуміз киноға барып келуге үлкендерден рұқсат сұрадық.
Екі күнге созылған молшылық тойдың бұл кезде ауыр жұмысы
аяқталған. Келім-кетім кісі азайған. Осы тойдың негізгі себепкері
болғандар жəне біраз сыйлы адамдар отыр. Оларға біздің қажетіміз
шамалы. Апам да, Балжан құдағи да:
— Барыңдар, барып келіңдер,— деді.
Міне, енді Ғалия екеуміз киноға келе жатырмыз.
Киноға жалғыз келу бір басқа да, қыз ертіп келу бір басқа екенін мен
бірінші рет осы жолы сезінген тəріздімін. Кеше ғана бала едім, бүгін
бозбаламын. Өзімді соған лайық сылқым да байсалдырақ ұстауға
тырысамын. Аяғымды əлдекімдерге еліктеп ширата басам.
Осы келе жатқанымды көлденең жұрт, əсіресе балалар көрсе екен деп
тілеймін.
Ол кезде Тұйықта клуб дейтін клуб жоқ, тек аты ғана. Бір кезде ішінде
адам тұрған, қыстақтағы көп үйлердің біреуіндей аласа тоқал үй. Кино
сонда болады. Есік алдына біраз бала - шаға жиналып қалған. Іштерінде
менің кластас, мектептес достарым бар. Олар бізге едірейіп қарасады.
Бірін-бірі түртпектеп бірдеңелер айтады. «Еркінді қарай гөр, жаман неме,
қасына əп-əдемі қыз ертіп апты» дейтін тəрізді.
Ғалия екеумізді көздерімен ішіп-жеп барады.
Жайшылықта болса, қастарына жетіп барып, жамыраса кетер едім, ол
заман өткен. Анадайдан бас изеп амандасып, Ғалиямен оқшауырақ
тоқтадым.
Клубтың есігі аласа. Қисайта киген кепкасының астынан тоқпақтай боп
шашы дудырап шыққан, ұзын мойын киномеханик жігіт тапал есікті тұла
бойымен бүгіле тіреп, билет сатып тұр. Кассир де өзі, тексеруші де өзі,
Жұрт жəне біраз жиналғанша біз əлгі арада тосып тұрдық. Көп тұрсаң,
орыннан құр қаласың. Киноны қақиып түрегеп тұрып көресің.
Немесе малдас құрып кір еденге отырасың.
Бүгін мен баймын, мырзамын. Он сомдық көкала қағазды қалтамнан
жарқыратып суырамын.
— Два билет,— деймін орысшалаған боп.
Бір сомдықтан бір уыс ақша қайырып берді. Мен оны санап, əуреленіп
жатпақшы емеспін, қалай болса солай умаждап, қалтама сала салдым.
Артық немесе кем беріп жатуынан мен үшін келіп-кетері шамалы тəрізді.
Қыз алдында шұқшиып ақша санап, ұсақшыл болып көрінгім келмейді.
Менімен бірге оқитын балалар бұның бəрін байқап, жіпке тізіп қарап
түр. Əдейі қасымдағы Ғалияға естіртіп:
— Мынау бүгін не боп кеткен?
— Өзі байыпты.
— Қайырып берген ақшаны тіпті санамайды,— десіп, сөзбен шабақтап
қояды.
Мен естісем де, естімеген болам.
Тұйықтың киносы нағыз демократияшыл кино. Үлкен-кіші, бала-шаға
деп, талғап, сорттап жатпайды. Кім ақша төлесе, сол кіре береді. Орын жоқ
деп, кіргізбей қоюшылық болмайды. Əуелгі кіргендер орындыққа, соңғы
кіргендер жерге отырады. Немесе тікелерінен тік түрегеп тұрады.
Киноның орта тұсынан келіп те кіре беруге, қалаған уақытта шығып
кете беруге болады.
Əйелдер емшектегі балаларын ала келіп, жыласа, омырауларын
жарқыратып ашып, емізіп отырғанын көресің. Екі жұмыс бірден бітіп
жатады: анасы кино көрсе, баласы торсықтың рақатын көреді.
Картинаның əр бөлімінен кейін шам жанып, пленка ауыстырылады.
Кино қайта басталғанда:
— Əй, беркінді ал!
— Мынау қодырайған кімнің басы?
— Əй, отыр!
— Басыңды ал!—деген секілді улап-шулаған дауыстар жамырап кетеді.
Кішкентай үйдің іші адамға лезде толды. Орта шеннен орын алған
Ғалия екеумізді жұрт бірімізге бірімізді жапсырып қысып тастады. «Əй,
əрменірек отырыңдар! Қысып жібердіңдер» деген болам. Бұл бер
жағымнан. Ар жағым, қайта қыса түссе екен деймін. Ғалияның бүйіріне
бүйірім жаншылуынан оның жүрегінің лүп-лүп соққан қимылын анық
сезіп, содан өзіме тілмен айтып жеткізгісіз лəззат алып отырмын.
Кино бітті. Жұрт қапырық үйден таза ауаға шыққанша асық болып, тар
есіктен таласып -тармасып, шыға бастады. Құдды моншадан шығып
жатқан адамдар тəрізді — бастары бұрқыраған бу, тер. Біз де солаймыз.
Менімен бірге оқитын балалар кетпей, былайырақ барып, шоғырланып
тосып тұр. Бізді тосып, пəле ойлап тұрмаса неғылсын. Біреуісі мені
шақырды:
— Еркін, бері келші!
— Не?
— Келсеңші, немене, біз сені жеп қоямыз ба?
Бармаймын десем; шабақтап жəне бірдеңелер айтулары мүмкін. Ал
барайын десем, Ғалияны жалғыз қалдыру ыңғайсыз. Ғалияның оларға
жолағысы келмей тұр.
— Не, не айтасың? Осы арадан да естимін,
— Қасыңдағы періштеңнен айрылып қаламын деп, қорқамысың?
Мен не айтарымды білмей қысылып қалдым,
Ғалия жалт бұрылып:
— Ұятсыз!—деді.
Біз ауыл совет председателі Нұрəлінің үйінде бүкіл үй ішімізбен, Бөген
ауданынан келген меймандарымызбен бəріміз қонақ болып отырмыз.
Нұрəлі əдейі арнап қой сойғaн, арақ-шарапты мол алған, Аянбай, ағынан
жарылып күтуде.
Тұйықта негізінен Айт, Құрман аталатын ағайындас екі атаның
балалары тұрады. Біз Құрманбыз. Ал Нұрəлі болса, Айтқа да, Құрманға да
жатпайды, сырттан келген кірме.
Нұрəлі баяғыда, колхоздасудың əуелгі жылдарында Бөген ауданында
қызмет істепті. Біздің Балжан құдағимен ол сол кезде жақсы таныс екен.
Оның үстіне Нұрəлінің əйелі Сəуле Балжандардың руынан, яғни
Қызылбөріктің қызы.
Балжан мен Қаныша да Қызылбөріктің қызы.
Қарға тамырлы қазаққа бірімен бірі жақын бола кетуге, туыс бола
кетуге осы да жеткілікті. Əйтпесе, Нұрəлі үйі бұған дейін бізбен онша көп
араласпайтын. Сəрсебек ағайым Нұрəліні онша көп ұнатпайтын.
Қаныша Қызылбөріктің қызы екенін білген бетте-ақ Сəуле оны бас
салады.
— Өзімнің сіңлім екенсің ғой, Жалғызсырап жүр едім, жақсы болды
ғой!— деп қуанады. Содан ол үш күн бойы қашан той тарқағанша, біздің
үйден шыққан жоқ, Аяғынан тік жүріп, кісі күтісті.
— Сəрсебек екеуміз бажа болдық енді,— деп бұрын онша көп
араласпайтын Нұрəлі де бұл күндері біздің үйді жанамалап алған. Тойдың
оны - мұнысына жəрдемдесіп, жаны қалмаған.
Осы жақындығымыз баянды болсын, бұдан былай екі үйіміз бір үй
болып жүрейік деген ниетпен енді міне Нұрəлі бізді шала шабылып, қонақ
етіп отыр.
Нұрəлі жалпы ішкі есебіне мықты жан. Мынадай сəті келген кілтіңді
пайдаланып, тасы өрге домалаған жас жігіт Сəрсебекпен жақын боп ала
қойса, ол одан зиян шеге ме? Шекпейді.
Сəрсебек қазірдің өзінде колхозды құлағынан ұстап отырған екі
адамның біреуі, Ал ауылдық советтің председателі деген лауазымы дардай
болғанмен колхозсыз Нұрəлінің күні жоқ.
Сəрсебексіз күні жоқ.
Апам болса ішімдікті татып алмайды.
Мен əлі баламын, ішпеймін. Ғалия да солай.
Қаныша жеңгем аздап қызыл ішеді.
Ақтан кетіп отырғандар Нұрəлі, Сəрсебек, Балжан құдағи үшеулері.
Нұрəлі жасының ұлғайып қалғанына қарамастан арақты тəуір ішеді.
Етті де тəуір жейді. Балуан денелі, беттері былшиған, қара мұрт, қара сұр
адам. Бір көзінің ағы бар. Рюмкадағы арақты қағып салғанда. бөренедей
жуан мойны жыбыр етіп қоймайды. Бет-бейнесі ешқандай қиналған нышан
білдірмейді. Арақ емес, жай су ішіп отырғандай. Ішіп-жеген сайын
бусанып, беттері қызыл қошқылданып, қарқ-қарқ еткен қарға күлкісі одан
бетер еркіндеп баптана түседі. Еттің қайдағы семізін, майлысын теріп
асағанда, жемей қарап отырған менің жүрегіме кілк етіп май тигендей
болады,Сəрсебек араққа құштар емес. Нұрəлінің əлсін-əлсін:
— Кел, бажа, алып қой,— деп, зорлауымен ғана ішіп отыр.
Балжан бірінші құйғанды еркектерден қалыспай қағып тастап еді. Одан
кейінгісі жай демеу ғана: «Ал, мен де.алдым»,— деп, рюмканы көтерген
болады да, ернін тигізіп, қайта қояды.
Нұрəлінің əйелі Сəуле кішкентай ғана шүйкебас ақсұр адам. Қой
аузынан шөп алмас момын. Күйеуінің бетіне тура қарап сөйлегенді
білмейді. «Əке, менің кеселім бар, жақпайды» деп, ішімдікті алдына
жолатпайды.
Сəуле, шынында да, науқасшаң.
Кеш бойына Сəуле бізбен қатар отырып, бір шыны шап ішкен жоқ. Тек
құрдай жорғалап күтуді біледі.
Əйелдің өз үйінде дəл мұнша төмен етек болуы Қаныша жеңгеме оғаш
көрінсе керек. Ол бірнеше рет өрі наразылық білдірген, өрі қатты өтінген
дауыспен:
— Əпке, бері қатарға отырсаңшы.
— Тамақ алсаңызшы, — деп еді. Сəуле əр түрлі сылтаулар айтып,
дастарқанға сонда да жоламай қойды.
— Жеңдер, əке. Тамақ қайда қашар дейсің. Өзім ұстап жүрмін ғой,—
дейді.
Нұрəлі бір кезде:
— Əй, қатын, сорпа əкел,— деді.
Сəуленің атын атамай, əй қатын деп сөйлеу оның əдеті. Қаныша
Нұрəліге тіксіне қарады:
— Жездеке, бұныңыз қалай? Ол кісінің тамаша аты бар емес пе? Атын
неге атамайсыз? Мал қайырғандай «ей!» дейсіз.
Қысылатын Нұрəлі емес.
— Балдызжан, сен бізді түзей алмайсың. Үйреніп кеткен ауыз ғой,—
дейді.
Ауыл дағдысы бойынша екі шай, бір етпен түн ортасын ауғызып, үйге
қайттық. Нұрəлі бұл кезде қатты қызу. Есік алдына шыққасын ол ағайымды
жіберсейші. Біз анадайда күтіп, қарап тұрмыз. Нұрəлі тілін шайнай сөйлеп:
— Сəрсебек, мен сені бұрын да өз інімнен кем көрмейтін едім. Енді
міне бажа болдық. «Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бажа тату» деген
мақал бар. Менікі, сенікі демей араласып тұрайық. Мақұл ма?
— Мақұл, Нұреке,— деп Сəрсебек бас изегенді біледі,
— Айналайын, келші сол үшін,
Нұрəлі Сəрсебекті мойнынан қапсыра құшақтап алып, сілемейлеп сүйіп
жатыр.
Еркек пен еркектің сүйісуін сөлекет көрген Балжан құдағи:
— Кім білген, бажа деген немелер күшік тəрізді болады екен ғой,— деп,
мысқылдап күліп қояды.
Төрт-бес күн қонақ болды да, Балжан мен Ғалия қайтамыз десті.
Бөген ауданынан келген құдағи көрген - түйгені мол, кісілікті, арналы
адам көрінеді. Оқуы жоқ болса да, көптен ауылда басшылық қызметтер
атқарып келеді. Бірнеше жыл ауылдық советке председатель болған. Осы
кезде колхозда сиыр фермасының меңгерушісі. Балжан деп, атын айтса,
бірсыпыра жұрт білетін беделді сыйлы адам көрінеді.
Біздің үйдің іші Балжаннан тағы біраз қонақ боп жата түсуін өтінді,
Бірақ Балжан Қазір шаруа кезі екенін айтып илікпеді.
Оның жата түсуін тілеушінің бірі менмін. Ғалия кетпесе екен деймін...
Біздің үйдің іші шамалары келгенше, Балжан құдағиды сыйлап, риза
етіп аттандыруға барын салды. Бұрынғының кəдесі деп, көйлек кигізіп,
шапан жапты,
Ғалияға көйлек кигізді.
Балжан кейбіреулер тəрізді дүниеқоңыз адам емес екен. Ұсынған
нəрселерді қиналып əзер алды. Аға, жеңгеме өте байсалдылықпен
бірсыпыра өнеге, ақыл сөздер айтып аттанды.
Əне, олар мінген жүк машинасы артында шаңы шұбалып, ұзап кетіп
барады, Мен көзімді алмай, қараумен тұрмын. - Кузовта кабинаға арқасын
беріп отырған жалғыз қара — Ғалия, Балжан кабинада.
Менің көзім Ғалияда.
Жүрегімнің бір тал нəзік қыл тамырын ол өзімен бірге ауырта жұлып,
суырып алып кетіп барады.
Ғалия екеуміз хат жазысып тұрмақ боп келіскенбіз. Ендігі жұбанышым
сол ғана.
Хатты дəл қазір — Ғалияның қарасы көзден ғайып болысымен отырып
жазар едім. Бірақ бұл тым тез. Арада, сыпайыгершілік үшін болса да, төртбес күн өтуі керек. Мен соған қалай да шыдауым керек.
Төрт-бес күн емес, төрт-бес жыл өткендей болды.
Он ойланып, жүз толғанып дегендей өнерімнің бəрін салып хат жаздым
Ғалияға. Оны əдемілеп бүктеп, əдемі конвертке салып жөнелттім. Марка
жапсыруымда, хаттың аузын желімдеуімде иненің жасуындай мін болмаған
шығар - ау.
Енді жүрегім аттай тулап жауап күтудемін. Ғалия не жазар екен дегенді
ойлағанда, төсекте жатып, ұйқым шайдай ашылып кетеді.
Бір күні кешке жұмыстан келсем, Қаныша жеңгем күлімсіреп:
- Ерка, биле,— дейді.
Бұның не ырым екенін қайдан білейін.
- Неге?,— дедім.
- Билесең, сеп қуанатын бір нəрсе берем.
«Биленің» сырын мен енді түсіндім.
Ішім бірдеңені сезгендей жылып қоя берді.
Жеңгем маған аузы ашылмаған бір хат берді. Ғалияның хаты еді.
Ой қуанғаным –ай!
Хатты оңашаға алып кетіп оқыдым, Іші толған басқа жұртқа сездіруге
болмайтын құпия болып көрінді маған. Сөйтсем, жай ғана амандық,
есендік.
Құпия түгі де жоқ.
Менің жазған хатымды алғанын, өздерінің қалыпты тіршіліктерін
жазады.
Уақа емес, бұл тек бастамасы ғой, Жұртқа көрсетпей, жасырып оқитын
хаттарды да жазысатын кез болар.
Сол күні Ғалияға тағы бір хат Жаздым, Оныма жəне жауап алдым.
Ғалиядан келген хаттарды бір емес, бірнеше қайтадан оқимын.
Оқи – оқи жалыққанда, жазуын тамашалап қараймын. Жазуы
маржандай əдемі.
Анық.
Өзі тəрізді ап-айқын.
Ғалияның бір де хатын жыртпаймын,
документтеріндей əдемілеп бүктеп сақтап жүрмін,
Өмірімнің
ең
асыл
Оқу басталар кез болды,
Биыл аудан орталығы Қарасазға барып оқымақпын, Тұйықта енді мен
оқитын класс жоқ. Мұндағы мектеп жетіжылдық. Мен болсам, сегізінші
оқуға тиіспін.
Қарасазға Сəрсебек ағайым езі алып келіп аупарткомде нұсқаушы
болып істейтін, өзінің жақын жолдасы Есіркеп деген адамның үйіне
орналастырды. Семьясы шағын, тəуір адамдар көрінеді. Есіркеп өзі, əйелі,
емшек жасында бір ер баласы ғана.
Менімен төртеу.
Оқып жүріп жаттым.
Бөтен ел, бөтен мектепке алғаш келген кезде езіңді кірмедей сезінетінің
болады. Ауыл итінің құйрығы қайқы, мұндағы бұрыннан оқитын балалар
шекелерінен қарап жүреді. Бірақ бұл уақытша ғана. Сабақты жақсы оқып,
өзіңді таныта білсең, кірмелігің тез жойылады.
Мен Тұйық жетіжылдық мектебін мақтау грамотасымен бітіріп
келгендердің бірімін. Мұнда да бір дегеннен тəуір оқып, кезге түсіп
жүрмін. Сондықтан беделсіз де емеспін.
Біздің колхоздың мұнда бірталай баласы оқиды. Біразы, тұрмыстары
нашар, жетімдері интернатта жатады. Біразы мен құсап əркім - əркімнің
үйлеріне орналасқан. Сенбі сайын жаяу - жалпылы шұбап, он бес шақырым
жердегі Тұйыққа — үйлерімізге келеміз. Адамның өз үй, өлең төсегі деген
сиқыры бар нəрсе ғой, магниттей тартады да тұрады. Бір қонып, кір қоңымызды жуғызып, аунап-қунап, Қарасазға көбенденіп қайта қайтып
келеміз.
Жас жеңгем өзіміздің ауылда мұғалім. Орыс тілінен сабақ береді.
Мектепте орыс тілін одан жақсы білетін адам жоқ.
Оқытатын сағаты көп болғандықтан жеңгемнің жалақысы да мол.
Бұрын біздің үйдегі табыс табатын адам тек ағайым еді. Енді екеу
болды. Ақшаның күшті кезі. Тұрмысымыз кəдімгідей оңалып, аз уақыттың
ішінде үйімізге дүкеннен бірсыпыра бағалы заттар кіріп үлгерді.
Қиім - кешегім бүтінделіп, дастарқанымыз қорабаланып қалды.
Аға, жеңгем ғажап тату. Екеуі біреуінсіз біреуі тұра алмайды. Біздің
үйде кітап, жаздырып алатын газет-журнал көбейген. Кəдімгі көзі ашық,
мəдениетті семьяға айнала бастаған.
Жасынан қалада тəрбиеленіп өскендіктен жеңгем алғаш келген кезде
ауыл тіршілігіне ептеп орашолақ еді. Сиыр саууды білмейтін, атқа мініп
жүре алмайтын. Мінсе, он, теріс деп талғамай, кез келген жағынан мінетін.
Осы үшін жұрт оны күлкі, əжуа етіп жүрген кездер болған.
Қаныша қазір олай емес, көп нəрсені үйренген.
Қажет болса, сиыр да сауады.
Салт атпен ауданға да барып келеді.
Бұл жағынан ол ауыл əйелдерінен қалыспайды.
Ауыл əйелдеріне ұқсамайтын бөлектеу де жағы бар. Ол жеңгемнің киім
киісі.
Қаныша киімді қаладағыша киеді. Көйлектерінің көпшілігі жағасыз,
жеңсіз, етегі қысқа болып тігілген. Күн ыссыда киіп жүруге қолайлы.
Ал ауыл əйелдері мұндай көйлектер кимейді. Олардың көйлектерінің
етек, жеңі ұзын, жағасы бітеу болып келеді. Құдай жаратқан дене
мүшелерінің бет пен қолдан өзге еш жерін жарнамалап ашық қалдыруды
олар қаламайды.
Мұны өздерінше, əдептіліктің нышаны деп ұғады.
Қанышаның аяғында үстіңгі жағын таспамен үш-төрт шандып қойған
кəдімгі жеңіл босоножка. Жеңгемнен басқа мұнда сіз бір де бір əйелдің, не
еркектің аяғынан ондай киім таппайсыз. Біздің ауылдың қыз-келіншегі бұл
тəрізді киімді бекер берсеңіз киер ме екен? Тарт əрі. Киім болмай əдірам
қалсын. О жағынан кірген шаң-топырақ бұ жағынан төгіліп, бұның киімге
не сəндігі бар? Бұдан да жалаң аяғым артық емес пе дейді.
Ауылдағы кейбір ескілікті кісілер осы үшін —«тылтитып» қаладағыша
киінетіні үшін жеңгемді əлі де сынап-мінейді. Жап-жақсы адамды киімнің
қор етуі - ай дегендей сөздер айтады.
Жеңгем күледі де қояды, өзіне ұнағанын істейді.
Бір жақсысы, біздің үйде мынауың былай болса қайтеді деп, Қанышаны
беттен қағар ешкім жоқ. Апам екеш апама дейін, балам, езің біл, өзіне
ұнағанын істе, айтқан жұрт айта берсін дейді.
Сондықтан да біз татумыз. Жас жеңгемді біз қалай сүйсек, бізді ол да
солай сүйіп, сыйлайды.
Біз бақытты едік.
Ғалия екеуміздің арамыздағы почта байланысы гүлденіп тұр. Бір хат
онда кетсе, бір хат мұнда келеді. Ізі суымайды.
Хаттарымызда жазатынымыз, əзірше, кəдімгі белгілі жəйттар: үй ішінің
амандығы, оқу жайы, мектеп жайы, т. т. Комсомолға қалай кірдім,
райкомолдың бюросында қандай сұрақтар берді, БГТО - ға норманы қалай
тапсырып жүрмін. Осыларды тізіп жазумен болам. Ғалияның жазатындары
да сол тəрізді.
Бірақ бұл мені онша қанағаттандырмайды. Қызға жазатын, қыздан
алатын хаттар басқашалау болуға тиіс қой. Сол «басқашаны» қалай бастап,
қалай жасауға болады.
Кім бастауы керек?
Əрине, жігіт бастауы — мен бастауым керек.
Кім көрінгенге айтуға болмайтын, тек Ғалияға айтқым кеп ынтығатын
сөздерім бар. Соларды хат бетіне түсіре алмай қор болып жүрмін. Жазбақ
боп оқталсам, жүрегім дүрсілдеп, қолдарым дірілдеп кетеді. Дəл бір
қылмыс істеуге əзірленген адамша ішімді үрей кернеп, өз-өзімнен берекем
қашады.
Жарайды «басқаша» хатты жаздым - ақ дейін. Жөнелттім. Сомда ол
хатым Ғалияның өз қолына тура барып тие ме?
Ғалиялар тұратын «Ақжол» колхозындағы мектеп те жетіжылдық.
Ғалия қазір аудан орталығы Бөгенде орта мектепте оқып жүр. Meн тəрізді
əлдекімнің үйінде пəтерде тұрады. Meн оған хатты мектепке жазып жүрмін.
Ал мектепке жазылған хаттарды почташы қалай жеткізетіні ол маған мəлім
дүние — мұғалімдер бөлмесіне əкеліп, стол үстіне шашып тастай салады.
Кім көрінген талап əкетеді.
Менің бар тапқан айлам Ғалияға ескерткішке суретіңді жібер деп
жаздым. Ғалия бұның мəнін түсінуге тиіс қой. Жігіт қыздан (мен өзімді
жігіт қатарына қосамын) қараптан қарап ескерткішке сурет сұрай ма?
Miнe, Ғалиядан хат алдым.
Ерекше хат!
Конверттің оң жақ шекесінде астын үш қайтара сызып анықтап, ірі етіп
жазған «осторожно, фото!» деген екі сөз.
Қуаныштан жүрегім жарылып кете жаздады.
Конвертті ашып жіберіп, фотоны іздедім. Жарқ етіп хаттың арасынан
шыға келді — документ үшін түскен, бір шеті ақ, кішкентай сурет.
Ғалияның дəл өзі.
Менің Ғалияшым!
Суретке ие болған соң-ақ енді менің солай деуге қақым бар тəрізді.
Ғалия тəрізді əсем қыздар кім көрінгенге сурет сыйлай ма?
Екі көзі күлімсіреп маған қарап қалған.
Суреттің сыртында сиямен «Еркінге ескерткіш» деп жазған жазуы,
Ғалияның қойған қолы бар.
Мен бұл күні шексіз бақытты едім. Суретке əлсін-əлсін үңіліп қарай
берем. Кешеде келе жатып та, үйде отырып та қараймын. Сабаққа
əзірленген болып, кітаптың арасына салып қараймын.
Мен үшін бұл суреттен қымбат еш нəрсе жоқ еді.
Өзімнің жақын-жолдас балаларымнан мақтаныш көрсетпеген, əй, ешкім
қалмаған болар. Бəріне көрсетіп шықтым. Жəне əр қайсысы оңашалап,
құпия етіп көрсеткен болам. Хат жазып, сұрап едім, жіберіпті демеймін.
Ғалия маған өзі жіберіпті деймін.
— Қалай ойлайсың, суретімді мен де жіберуім керек қой деймін?—деп,
əр көрсеткен баладан ақыл сұраймын,
Ал өзім осы хатты алған заматта - ақ Ғалияға бір суретімді жіберіп те
қойғам.
Күншілдік деген жаман нəрсе ғой. Жолдастарымның
қуанышымды қалай да жоққа шығаруға тырысады.
кейбірі
— Сен бұл суретті жазда келгенде Ғалиядан ұрлап, немесе тартып алған
шығарсың,— дейді.
Мен ыза болам:
— Мына сыртындағы жазуын оқысаңшы, өзіңнің көзің бар ма?
— Жазуды өзің жазып алдың.
— Қарасаңшы мынау менің жазуым ба?
— Басқа біреуге жазғыздың.
Мен одан бетер ашуланып, күйіп-пісем...
Уақыт зымырап өтіп жатты.
Оқу жылы аяқталуға жақын қалды.
Бəрі бұрынғыдай.
Сыртқы кең дүниеде нендей оқиғалар болып жатыр? Нендей оқиғалар
болуға ықтимал? Тұйық пен Қарасаздың халқы бұған бас қатырмайды.
Олардың бас қатыратыны күнделікті күйбең тіршілік: мал бағу, егін салу,
амалдап жан бағу.
Киімін бүтіндеу, қарнын тойғызу, баласына қатын алып беру...
Аға, жеңгем осы жаз Бөген ауданына Балжандарға бармаққа талайдан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 02
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.