Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 18

Total number of words is 4170
Total number of unique words is 2359
32.0 of words are in the 2000 most common words
46.1 of words are in the 5000 most common words
53.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
басшыларын онша сыйлай қоймаймын. Көбінесе, өзім мен өзім болып,
жеке жүрем. Мектептегі сабағымды, өзіме тапсырылған қоғам жұмыстарын
білем.
Өзі шақырғанда болмаса, директор кабинетінің есігін ашу дегенді
қойғам.
Жақыбаев, Ільясовтар көшеде кездессе, байқамаған адам болып,
шекемнен қарап өтем. Былық пенен шылыққа белшеден батқан, тоғышар
арзан жандар екенін көріп, біліп отырып, қалай ғана сыйларсың? Қалай
ғана бас иіп, амандасарсың?
Педсовет болса қаралып жатқан мəселеге менің қатысым жоқтай бір
шетте кітап, немесе газет оқып отыру əдетіме айналған.
Институтты осы биыл бітіріп келген, көзі ашықтау, тауы шағыла
қоймаған бірді-екілі жас мұғалім жігіттер бар. Олар маған үйір, мен
жағында. Менің сөзімді сөйлеуге бейім.
Ал кəртамыш мұғалімдер Жақыбаев пен Ільясов жағында.
Осы жікшілдік, осы бөліну, əсіресе, педсовет болған кезде ашық
байқалады. Meн жағындағылар өз алдымызға өкшелеп бөлек отырамыз да,
мектеп басшыларының сойылын соғатындар ым - жымдары жарасып, бірін
- бірі қас-қабақпен ұғысып, олар да бөлектеу отырады.
Кейде ымыраға келмей, екі жақ боп айтысып, тартысу əдетке айнала
бастаған.
Жоғарғы кластарға қазақ əдебиетін, бұрынғыша биыл да Қасымова
оқытады. Meн алтыншы, жетіншіге қазақ тілін оқытам. Жетісіне жиырма
төрт сағаттан артық сабақ беріп көрген емеспін. Мектептегі жүгі ең аз
мұғалімнің бірімін. Бұл мені мектеп басшыларының, өздерінше, шөміштен
қысқан түрлері.
Бірақ мен қыңқ демеймін. Сабақ беретін сағатымды өсіруді өтініп,
ешкімнің алдына мөлиіп барып тұрмаймын. Алматыда шығармаларым,
кітабым басылып жатқанда, шөміштен оңайлықпен қысыла қоймайтыным
белгілі.
Бұны Жақыбаев пен Ільясов та біледі.
***
Қорған орта мектебіндегі жағдай айтарлықтай емес. Мұғалімдер
арасында жікшілдік бар. Соның кесірі бүкіл оқу - тəрбие жұмысына тиіп
отыр деген қаңқу сөз биыл ұлғайған.
Содан ба, қайдам, бір күні мектепте өзгеше бір педсовет шақырылды.
Аудандық партия комитетінің бірінші секретары Алдажаров, аудандық
атқару комитетінің председателі Құсайнов келген. Əміров, болсынболмасын, осында. Бірінші басшылардың алдында ол аяғын үшінен басып,
құрдай жорғалайды. Өзі де бір мекеменің əміршісі екенін мүлдем ұмытқан.
Күн тəртібіндегі мəселе біреу: Мектептегі оқу-тəрбие жұмысының халжағдайы жəне оны жақсарту шаралары,
Осында келгелі бері көріп, білгендерім ішімді сақардай қайнатып, зорға
жүрген адаммын. Бұндайда сайрамағанда, қашан сайрайын. Жарыс сөзде
бірінші болып сөйледім. Жақыбаев пен Ільясовты аяусыз сынға алдым.
Былық пен шылықтың неше түрі осы екеуінен өрбитінін бас бұрғызбас
дəлелдер келтіре отырып, тілімнің жеткенінше дəлелдеп айттым.
Жұрт ұйып тыңдады. Кебінің қышуы қанып отырғаны белгілі еді.
Директор мен завучтің мойындарынан су кеткен. Төмен қарап, мөлиіп тек
тыңдаумен отыр.
Кейбір тым сорақы фактілерге тоқтаған кезімде Алдажаров сөзімді
бөліп:
— Жақыбаев жолдас, осы рас па?
— Ільясов жолдас, осы шынында да осылай ма? — деген секілді киме
сұрақтар беріп отырды.
Рас демеске ана екеуінің əдісі жоқ.
Мені жақтайтын жас жігіттер бұндайда үн берін, менің сөзімді қостап,
масайрап қалады. Бірақ бір де бірі жарыс сөзге сұранбады. Əлгіндей
орындарында отырып қоқаңдаудан əріге бара қоймады. Əлсіздік атаулыға
атой сап, қарсы шапқан, сонда негізінен мен ғанамын.
Дон - Кихот мен ғанамын.
Жақыбаев та сөйледі бұл жиында. Бірақ маған қарсы келмеді. Менің бір
де бір сөзімді теріске шығармады. Кəдімгі көпшілік жиындарда көп
айтылып, мезі қылған жалпылама жауыр сөздер. Өйтейік, бүйтейік деген
ұран - шақырулар. Тату болайық, біріміздің білмегенімізді біріміз айтып,
көмектесейік. Мүмкін, кемшілігіміз де бар шығар. Кемшіліксіз адам
болмайды деп, ұлы көсеміміз Ленин өзі айтқан. Кемшілігіміз болса
түзейміз. Жолдастардың айтқанынан қорытынды шығару ол біздің
борышымыз деген секілді құр сылдыр, жуып - шаю.
Ең соңынан аупартком секретары сөйледі. Ол не айтса заң бұнда.
Секретарь күмпілі кеше ғана басылған апат соғысты еске салды.
Халқымыздың өмірінде соғыс кеселдік келтірмеген сала жоқ. Соның бірі
халық ағарту ісі. Бəрі соның зардабы. Біз ол зардапты жоюымыз керек. Осы
кездегі жаңа талаптарға еңбек етуіміз керек деді. Коллективті бірлікке,
татулықққа шақырды.
Біз Жақыбаевтарға қарсы жақ бұл педсоветтен сөзіміз өрге басқан
жеңген боп, масайрасып тарастық.
Нағыз айқас əлі алда екенін нағыз жеңіп, жеңілу
айқындалатынын, сөйтсек, білмеппіз де болжай алмаппыз.
сондай
Ақыр түбі сойылға кім жығылатынын, кімнің мерейі үстем боп,
мұртынан жымия қарап тұрарын болжай алмаппыз.
Мен əкемін. Жамал атты алты айлық өзіме тартқан тəмпіш мұрын
қызым бар. Зағыш көктемде аман-есен босанған. Бұдан былайғы бір
алданышың енді осы болсын деп, жас нəрестені маған сыйға тартқан.
Балажан əке болатынымды бұрын да сезетін едім. Енді одан асып
түстім. Қызымды бір сағат керіп, иіскемесем, тұра алмаймын.
Шіркін, күн, ауа, жөргек иісі араласқан сəбидің жас иісінен асқан
сүйкімді не бар екен!
Ұнатпайтыным сəбидің жылаған кезі. Əсіресе, түнде жылағаны. Тəтті
ұйқымды бұзғанына зығырданым қайнайды.
Бірақ мен тұрып, жұбатпаймын. Жұбатып, емізетін Зағыш. Meн
көрпемді одан бетер бүркеніп, екі құлағымды тығындап, бұдан былай
ештеңе естімеуге тырысам.
Таңертең ұйқым қанып тұрған соң, енді, жыласа жылай берсін...
Өсе бастаған балаға ақ қажет болатыны белгілі. Ал сүт мұнда еш жерде
сатылмайды. Колхоз сауған сүтін маслопромға өткізеді. Мал шаруашылығы
ауданында, қалың малдың ортасында отырып ет, сүт сатып ала алмау бұл
енді ақылға сыймайтын іс.
Сарымай да солай. Өздері мал ұстамайтын қызметкер, жұмысшылар ет,
майды мүмкіндіктері болғанда, сонау алыстағы облыс орталығынан, темір
жол станциясынан тасиды.
Сүмеңдеп, көршілерден сүт сұрап жүрмейін деп, біреудің бір жаңа
туған құнажынын сатып алдым. Сөйтіп, біртіндеп малды бола бастадым.
Бір жақсы ат ұстау арманым еді. Ол да орындалды. Түр - тұлғасы
келіскен, жүрісі де, жүйріктігі де бар бір денең шығар сары ат сатып алдым.
Бақпаса мал, қарамаса қатын кетеді деген мақал бар. Ол рас. Баға білсең
ғана мал құтаяды. Малға жем-шөп, тұратын қора жай қажет. Мал-жан
көбейген соң енді маған істер іс те, шаруа - тіршіліктің қамын ойлау да
көбейді.
Бірнеше күн əуреленіп, үйдің бет алдынан ат пен сиырға арнап қора
салдым.
Жем-шөп табылуы да оңай емес. Еш жерде ашық сатылмай діңкелетеді.
Ашық сатылса, алар едің ақшаңа. Жұрт жем - шөпті малдарына əрқайсы əр
түрлі қиғаш жолмен, əр түрлі амал-айламен, əлде кімдермен жең ұшынан
жалғасып табады. Мүмкіндігі барлары ептеп-септеп өздері дайындайды.
Амалдауға ебім жоқ адаммын. Ондайды ойыма алсам, жиреніп, үркіп
тұрам. Біреуден бір екі дөңгелекті көдек арба сатып алдым. Мектепке сабақ
беріп келгеннен кейін, қолым боста, соны сары дөненге жегіп алам да,
тартып жөнелемін. Колхоз егісінің ара -арасынан, арық - арықтың бойынан
жекешеге рұқсат етілетін жерлерден малыма пішен орып əкелем.
Қысқасы, осындағы нағыз шаруақордың біреуіне айналдым. Қолымнан
айыр, күрек, балта түспейді. Малымды уақтылы жемдеу, суару, қора
тазалау. Ойлайтыным тек осы.
Майлыаяқ атты қарала күшік асырап жүрмін. Өзі сондай ақылды,
құймақұлақ. Айтқаныңның бəрін түсінеді. Жамалжаным екеуі дос. Қолына
кəмпит, нан ұстатсаң, Жамал күшігімен бөліп жеп отырғаны.
Жамалдың омырауына төгілген айран, сүтті Зағипадан бұрын байқап
керсе, Майлыаяқ жалап тазартады.
Əрине, бұл да аз көмек емес.
Жаңа үйдің əлі бітіп болмаған жұмыстары толып жатыр. Оны да
шетінен өзім бітіре жүрем. Қолымнан келсін - келмесін бірдеңе істеуге,
тұрмысты жеңілдетуге себі тиетін бірдеңелер ойлап табуға құштармын - ақ,
Үйімнің айнала сыртын шарбақтан, əп-əдемі етіп, қоршап алдым. Енді
қақпа орнатуды ойлап жүрмін.
Тек бір жұмысым қозғалыссыз қалып қонды. Сонымен шұғылдануға
ғана уақыт табылмайды. Ол — жазу. Творчество.
Жұмыстарымның ішіндегі ен, бастысы, құдіреттісі.
Үй салып, шаруа құрып алған соң алаңсыз отырып, жазармын - ау деп,
ойлаушы едім. Сөйтсем, оным бекершілік екен. Өзің жалғызілік болып,
шаруамен басың қатса, жазу жайына қалып қояды екен.
Шынымды айтсам, қызыл сиыр мен сары ат жазатын да кəсібім бар
екенін маған ұмыттыра бастады.
Таңертең оянғанда бүгін бірдеңе оқу, жазу тұрмайды басымда. Үйдің
отын-суы, сары ат пен қызыл сиыр, бұзаудың жем-шөбінің қамы тұрады.
Жоқ, бұл болмайды екен деген қорытындыға келдім. Жазушы болуды
бала кезімнен армандайтын едім. Енді міне кім боп барам? Мына хал, мына
тұрмыспен, байқасам, алдыңғы уақытта да жаза қояр түрім байқалмайды.
Қолым боста ұстайтыным қалам емес, айыр, күрек. Төр үйдің есігін
тарс жауып, столға жабысып, отыра қалу орнына мал қорадан шықпаймын.
Шаруамен айналысқалы өзімді өзім күтуден де қала бастадым. Қара
жұмысқа не ыңғайлы болса, соны кием. Ұзақ күнге үстімнен салтақ салтақ
қара фуфайка, аяғымнан тарп - тарп еткен кирзо етік түспейді.
Қайта, студент кезімде ықтиятты, өзімді өзім күтінгіш едім.
«Екі кеме құйрығын ұста жетсе бұйрығын» деп, əрі шаруа, əрі
творчество екеуін бірдей қабат алып жүру ол менің қолымнан келмейтін
əрекет екеніне көзім анық жетті.
Сары ат, қызыл сиыр, қызыл бұзау маған жазу жазғызбайтынына көзім
анық жетті.
Екеуінің бірін қалауым керек тəрізді.
Əдебиетті қаладым.
Ендігі жоспар мынау: оқу жылы аяқталысымен үй-жайды, малды сату.
Сосын, Алматыға кету.
Сары ат, қызыл сиыр, қызыл бұзаудан сөйтіп құтылу.
Жақыбаев, Ільясовтардан құтылу.
Толстойға ұқсап деревняда тұрып көрдім. Бірақ Толстойша жаза
алмадым. Мүмкін, қалаға барсам жазармын.
Алматыдан шеттеп, алыстауым — əдебиеттен шеттеп. алыстау
болатыным бір кезде жөнді ескермеген тəріздімін. Ескерсем, нем бар мұнда
келіп. Қалаға немесе қала маңына жабысып, жатып алар едім ғой.
Уақасы жоқ ештен де кеш жақсы.
Сөйтіп енді, орысша айтқанда, чемоданное настроениенің
адамдарымыз. Зағыш менің еркімнен шықпайтыны белгілі.
Өзің біл. Тышқандай бір баламен қайда барсақ та жан бағатын
шығармыз деп қарайды.
Көңіл күйім əлгідей болған соң мен енді тіптен еркінсіп кеттім. Мектеп
басшыларын адам екен деп көзге ілмеймін. Қолдарыңнан келетіні болса,
бір емес, екі істеңдер. Тіреп тұрған аспандарың болса, төбемнен тастап
жіберіңдер деген сөзді керіс - талас туа қалса, ашық айтам.
Сөйтсем, бұным əрі асығыстық, əрі астамшылық екен. Пəлеқор
дұшпандарымның қолынан əлі де талай нəрсе келетінін болжай білмеуім
екен.
Ақыры, бір күні, ойламаған жерден қатырды олар мені. Мықтап
қатырды. Мойнымды астыма қайырып, омақастырды десем де болғандай
еді.
Ə десең мə деді де, аспанды төбемнен, шынында да, тастап келіп
жіберді.
Шынымды айтсам, бұл жолы да бəріне өзім себепшімін. Бетегеден биік,
жусаннан аласа болып, аяғымды үшінен басып, жайына жүре алмайтын ит
мінезім себепші.
Ақжүрек партизандығым себепші.
Осы қыста мектепте Манабаев дейтін шəнтік, есерсоқ біреу пайда
болған. Хим – биологиядан сабақ береді. Өзінің оқытатын пəнін де
білмейтін дəрменсіз дəлдір біреу. Сабақ үстінде оқушылармен базардағы
былапыт əйелдерше салғыласып ұрсатын көрінеді. Балаларды тілдеп,
боқтауға дейін барады. Осы мектепке не сен тұрасың, не мен тұрамын.
Басыңды кесіп алып, он жыл арқалап кетуге бармын деген секілді дөрекі
сөздер айтады оқушыларға.
Манабаев туралы мəселе бірнеше рет педсоветте қаралған. Неге екенін
мектеп басшылары оған тым ымырашыл. Педагогтік мінезге еш
жараспайтын сорақы қылықтары атой сап, көзге ұрып тұрса да
мəймөңкілеп қарайды. Көзін алартып, кеңірдегін сығып алудың орнына
сауырынан сипап, ескерту, қатты ескерту сияқты жұмсақ шаралар
қолданған болады. Одан əріге бармайды.
Бұны жаза екен деп сезінген, түзелуге бет алған Манабаев жоқ,
Егep Манабаевтан зəбір көрген жоғарғы класс оқушылары шағынып
маған келеді. Ағай, осы туралы газеттердің біріне қатырып жазыңызшы
деп, өтінеді.
Жаздым, Фельетон жаздым: «Манабаевтың масқара қылықтары» деген.
Аудандық газеттің редакторы Мейрамов түзу жігіт. Өзі менімен достау.
Фельетонымды соған оқып беріп ем,
ұнатты.
Фельетон газетке жарияланды.
Қорғанда жер сілкіну, менің төбемнен аспан құлау міне осылай
басталды.
Мен фельетонға герой етіп жазып отырған Манабаев, сөйтсем, бұнда
жел айдап, қаңғып келген əлдекім емес екен. Аудандағы тфу десе түкірігі
жерге түспейтін екі дөкей басшының бірі — ауатком председателі
Құсайыновтың əйелінің жақын туысы болып шықты. Ол мұнда жайдан жай
келе салмаған.. Құсайыновты сағалап, соны арқа тұтып келген.
Мен бұны қайдан білейін. Егер білсем, арты қалай болады деп, ойланам
ғой.
Сөйтін, пəленге тағы да өзіме өзім тауып алдым. Бауырын күнге қақтап,
манаурап тыныш жатқан қара шұбар жыланның құйрығын өзім барып
бастым. Жылан басын бұрып алды да, тісінде қанша уы болса соның бəрін
аямастан төгіп, мені шақты - ай кеп! Дұшпандарым жетісіп, шоқ, шоқ!
Өзіңе де сол керек деп, табалап күледі. Ал достарым...
Бұндайда, басына іс түскенде, мен осының досы едім. Не көрсем де
бірге көрейін деп, қасыңда кім қалады?
Фельетон жарияланғанына бір жетідей уақыт өткен.. Манабаев
қалшылдан күйіп-пісуде. Бір күні, аяқ астынан мектептің бір топ мұғалімін
ауаткомның мəжілісіне шақырады. Мен де бармын шақырушылардың
ішінде. Тізімнің жуан ортасындамын. Аңқау басым ештеңеден сезік ала
қоймадым. Бардым, Отырдым. Районо меңгерушісі Əміров, мектеп
басшылары бəрі отыр.
Ауатком мəжілісінде қаралмақ мəселе тағы да Қорған орта мектебіндегі
оқу-тəрбие жұмысының жайы туралы екен. Мен бұны жаңа естіп. білдім.
Жұрттың қас - қабағын аңғарып, енді ғана ішімнен сезік ойлай бастадым.
Онымды білдірмеуге тырысып, жағамды жайлауынан салып отырмын.
Сөз əуелі мектеп директоры Жақыбаевқа берілді. Оның айтуынша:
бұрынғы жылдар Қорған орта мектебі үшін қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған тамаша жылдар болған. Мектеп аудан бойынша ең
алдыңғы қатардағы мектеп еді. Мұғалімдер коллективі сүттей ұйыған тату
болатын. Біреуге біреу нағыз досша, нағыз большевикше көмектесіп, ауыз
жаласып енбек ететін. Оқу-тəрбие жұмысының дəрежесі балалардың
сабаққа үлгерімі қазіргі кездегіден пəленбай есе жоғары болған.
Ол заман, алтын заман, енді жоқ. Өтті-кетті. Мектеп бүліне бастады.
Сүттей ұйыған мұғалімдер коллективінің арасына жік кірді. Бұған кінəлі
кім? Кінəлі мектепке былтыр, биылдар келген жас мұғалімдер. Атап
айтқанда Мамырбаев....
Төбемнен зу еткен суық сезім табанымнан бір - ақ барып шықты.
Мені қаралап, жамандауға Жақыбаев сөзді аяп қалмады.
Əбден дайындалып, мені тұқыртуға болады - ау деген көр - жер
фактысымақтарды жіпке тізіп, алып келген. Астанада институт .бітірген
жас кадр бола тұрып, өкімет пен партияның сенімін ақтамаймын. Мектеп
басшыларының сенімін ақтамайды. Өзімді коллективтен жоғары бөлек
ұстаймын. Коммунистік идеяға жат жекеменшік идеяны уағыздаушының
бірімін. Өзге мұғалімдер бұған күш-жігерін мектептегі оқу - тəрбие ісіне
жұмсап жүрген кезде мен тек өзімнің қара, басымның қамын ойлап,
жекеменшік үй салумен, жекеменшік мал жинаумен болған.
Осы қыста соғымға бие сойған едім. Жақыбаев оны да маған пəле етіп
жапты. Аналық малды жойды. Сол арқылы ауданымызда мал басының
көбеймеуіне себепші болды деп, қаралады. (Биені колхоздан сатып алғаным
есеп емес.)
Моральдық бейнем де айтарлықтай емес екен. Былтыр педагог
Қасымованы айналдырғам. Ол көнбеген соң жау боп алғам. Бұны осында
отырған Қасымова өзі растайды.
Оқушыларды мұғалімдерге қарсы айдап салам.
Пəлен - түлен деген оқушылардың дəптерлерін жыртқам.
Қысқасы, педагог болуға мүлдем лайықсыз, оңбаған біреу екем.
Ойпырмай, ақты — қара, қараны — ақ етіп сыпаттаудан оңай ештеңе
жоқ екен-ау деп, ойлап қалдым.
Кімді де болса жамандауға сөз табыла береді екен.
Маған енді бəрі де түсінікті еді. Ауатком мəжілісі тек мен үшін
шақырылған. Менің көзімді Қорған орта мектебінен жою үшін. Бəрін
алдын ала тəптіштеп ойластырған. Бəрін келісіп алған.
Кімдер сөйлейді? Қандай ұсыныстар жасалынады? Оны кімдер қостап,
кімдер қостамаған болады. Осының, бəрі - ақ алдын ала əзірленіп, кесіппішіп қойылған.
Ауатком председателі Құсайынов сөйледі. Осындағы совет өкіметін бір
өзі сүйреп жүрген адамдай, мен оның жолына көлденең тұрғандай столды
тоқпақтап, аузынан түкірігі шашырап, қалш-қалш етті. Бұл секілді жат
мінез бұзақыны мектепке жақын жолатуға болмайды. Қуу керек деп,
тоқтады?
Аупарткомнан үшінші секретарь Сырғажанова дейтін қызыл бет əйел
катысып отырған. Байы жоқ. (Мен көріп жүрген əкім əйелдердің көпшілігі
неге екенін, байсыз болады.) Оның сөзі Құсайыновтың сөзінің жаңғырығы
тəрізді болды.
Газеттегі фельетон туралы бір ауыз сөз айтылмады.
Бұл да алдын ала ойластырылған нəрсе. Фельетон жайлы айтылса, онда
сөз басқа жаққа ауады. Жұрттың назарына бірінші боп, Манабаев түседі.
Ауатком председателінің кімді қызғыштай қорғап, кім үшін күйіппісетіні белгілі болып қалады.
Ең соңынан маған сөз берілді. Ыза буып, жиреніп, кетіп қалғым келіп,
əзер шыдап отыр едім. Орнымнан асықпай түрегелдім. Төрдегі
Құсайыновқа қарап:
— Спектакльді жақсы əзірлеген екенсіздер. Өз рольдеріңізді бəрлеріңіз
де тəуір атқарып шықтыңыздар. Өтірік пен жалақорлық əбден кəсіптеріңіз
болып алған екен, — дедім.
Ешқандай толқымай, өрепкімей, жайымен айттым. Ар жағы таза, адал
адам, қашан да, өзін мығым ұстайды.
Есікке таяу отыр едім. Шығып жүре бердім.
— Мамырбаев! Тоқта! Қайда!..
Мамырбаев тоқтаған жоқ. Неменеге тоқтасын? Сөз ұқпас қорқаулармен
керісу үшін бе?
Маған енді бəрібір еді. Онсыз да құйысқаным көтеріліп, бұл арадан
кетуге əзірленіп жүрген адаммын. Қашайын деген қоянға тəйт деген себеп
деп, мыналар соны тек тездетті.
Соңынан естідім: мен кеткен соң Құсайынов одан бетер шат - шəлекей
бопты. Ол, сірə, мені ұзақ сөйлеп, ақталар. Жалынып-жалбарынар деп
ойласа керек. Мені Қорғаннан басқа мектепке ауыстырмақ ниеттері бар
екен.
Мен əлгіндей мінез көрсеткен соң ауатком председателі табан астында
басқадай шешімге келеді. Жергілікті өкіметті, оның мəжілісін
сыйламайтын бұл кім өзі? Қайдан шыққан əулие? Оның көзін ертеңнен
бастап жою керек! Мұғалімдік қызметтен мүлдем шығару керек. Қаңғып,
кететін жағына кетсін біржолата! — депті.
Мəжіліс мені мұғалімдік кызметтен босату туралы қаулы қабылдапты.
Қырсыққанға кейде мен де қырсығатын жыным бар. Жоқ, олай болса,
жайдан жай кете салмаспын. Арамзаның біразының мойнын астына
қайырып, еш алып, содан кейін ғана кетермін деген ойға келдім. Өйткені,
ісім де, арым да ақ адаммын. Неден қорқам?
Жайдан - жай кете салсам, жеңіліп кеткен болам. Яғни, кінəм бар.
Көлденең жұрт солай ойлап, солай топшылайды.
Тоғышарлар пəлен өстіп бүлдірді мектепті. Сол үшін қызметінен
қуылып кетті демей ме?
Мешкей деген жаман ат. Бұл сөз, сосын, Қорғаннан басқа жерге
жайылады. Əлі Алматыға жетеді. Мені танитын танымайтындардың
арасында жаман пікір тудырады.
Кетерде мұнан еңбек кітапшасын алуым керек. Оған бұлар өздігінен
тəуір сөздер жазбайтыны белгілі.
Жоқ, үн-түнсіз кете салуым жарамайды. Жігіттік ар-намысым буған
жіберетін түрі жоқ. Мен күресемін. Ісім мен арым адал екенін дəлелдеп,
содан кейін ғана кетем. Əділдік, қашан да жеңуге тиіс.
Енді менің жауыздықпен күресуім басталды.
Оның жолы біреу ғана — жоғары орындарға арыздану.
***
Басына іс түспеген адамның заңда шаруасы бола қоймайды. Ал
бірдеңеге ұшыраса, ең əуелі, заңға жүгінеді. Заң - еке, бұған сен не
айтасың?
Ісіме қатысы бар заңның біразымен танысып қарасам, заң мен жақта
көрінеді.
Жоғары дəрежелі білімі бар мұғалімді аудандық жер қызметінен босата
алмайды. Тек облыс босата алады. Онда да республиканың оқу
министрлігіне хабарлай отырып дейді заңның сөзі.
Оу, мыналардың істеп отырғаны, ендеше, барып тұрған заңсыздық қой!
Жүгіріп прокурорға барайын. Айналайын, сен мені мына заңсыздықтан
қорға.
Кəне, қандай заңсыздық деп əлеп - жəлеген прокурор көрінбейді.
Тыңдауы да, жауап беруі де самарқау:
— Болар іс болған екен. Біз оған ештеңе істей алмаймыз. Сотқа беріңіз.
Сот қарап шешеді, — дейді.
Сот мұнда Қасымов. Сол əлгі сабақ, оқытуда өзіммен бақталас
əдебиетші Қасымованың күйеуі. Əділдік іздеп, арыз айтып, соған баруым
керек.
Жоқ, бара алмаспын мен оған.
Жоғарыға томпылдатып арыз айдағаннан өзге енді лаж жоқ.
Білгіштер қайда да болса бар. Ауылда да жетерлік. Менің тағдырым
секілді тағдырды бастан кешіп, сауаты ашылғандар жан-жақтан ақыл бере
бастады:
— Сен арыз жазар болсаң, жоғарғының жоғарғысына жаз. Аудан,
облысқа жазып əуре болма. Оныңнан түк шықпайды. Əділдік тапсаң,
жоғарыдан ғана табасың. Ал бергі, төменгі жақ, сенің сөзіңді ешуақытта да
сөйлемейді. Құсайынов, Жақыбаевтардың сөзін сөйлейді. Өйткені сенен
гөрі олардың қолы ұзын. Əділдік айтқысы келіп, ашыла бастаған
ауыздарды олар сенен бұрын тығындап қояды.
Білгіштің бірі емес, бəрі осыны айтады.
Жəне бір білгіш:
— Құдайға шүкір, біздей емессің, азын-аулақ орысшаң бар. Сен арызды
орыс газеттеріне жаз, — деген кеңес береді.— Орыс ол əділдігі мол жұрт.
Қазақ газеттеріне жазғаныңнан пайда аз. Казак газеттерінен келетіндер
мұнда кімнің үйіне түнеп шықса, ертеңінде соның сөзін сөйлейтін болады.
Біз Оны көріп жүрміз, шырақ.
Шығарма жазу орнына арыз жазғыш, болып алдым. Таңертеңгі
шайымды ішісімен, басымның тың кезінде, столға жабысып алам. Бір ғана
жазып қоймаймын. Көшіремін.
Арыздың бірі емес, бірнешеуі жөнелтілді. Барсын, бара берейін.
Артықтығы болмас. Бірнеше парақ қағаз бен конверт, маркалардан өзге
менен не шығып жатыр. Қолым бос, уақыт деген жетеді.
Не арзан — қағаз, конверт арзан.
Қол арыздың бəрі бірдей аяқсыз қалмас. Бірі. болмағаны мен бірі
тексерілер.
Е, Еркін шырақ, дүниеде жұмыссыздық дейтін пəле барын бұған дейін
сен газеттерден, кітаптан оқып білетін едің. Енді өз басыңа келді.
Айтса, айтқандай азап екен ғой бұл. Төрт мүшең сау, ақыл - есің дұрыс.
Тепсең темір үзетіндей күш-қуатың бар. Ал істейтін іс, баратын жұмыс
жоқ. Мен бұның қандай азап екенін осы жолы басыма түскен соң анық
білдім.
Мен тағдырдан денім сау, көзім қара кезінде қиыншылық бəрін бер деп,
тілер едім. Тек жұмыссыз қалдыра көрме. Дүниеде бұдан өткен қорлық бар
деп ойламаймын.
Зағипа таңертең ерте мектепке сабағына кетеді. Жамалды, бұрынғыша
көрші орыс семьясы бағады. Meн үйде жалғызбын. Бұрынғыдай ермек етіп
қарайтын мал да жоқ. Ақыр бұл арадан кететін болғандықтан, ретіне қарай
атты да, сиырды да сатып үлгердім. Əзірше сатылмаған тек үй, Оны да
саудалаушылар аз емес.
Енді міне екі қолым алдыма сыймайды. Істерге іс таппай, қамаудағы
адамша төрт қабырғаның ортасында сенделіп, жүрем де қоям.
Көңілім орнында болса, тым құрыса, отырып бірдеңе жазар едім. Соны
ермек етер едім. Көңілім орнында емес. Басым толы қайнаған ыза.
Бұндайда кісі столға отыра ала ма?
Жазу үшін бап керек. Адам өзгенің бəрін ұмытуы керек. Дүниеде тек
сен ғана барсың. Қолыңдағы қалам, алдыңдағы ақ қағаз, басындағы жазбақ
ой ғана бар. Іске татыр бірдеңе сонда ғана жазылмақшы.
Сенсеңіз, көшеге шығудан да қорқатын болдым. Мектепті бүлдірген,
қызметінен қуылған мұғалім, əне, анау деп, жұрт мені қолдарымен нұсқап,
күлетін тəрізді. Əменде солай. Біреу сүрініп, қуласа, біреудің үйі өртенсе,
басқалар үшін ермек, күлкі емес пе?
Күн соңынан күн өтіп жатыр. Ар.ыздардан жауап жоқ.
Мұғалімдердің ішінде бірлі-жарым менімен пікірлес, дос сымақтар бар
еді. Осы күні солардың бірі жоламайды. Үйімде дуылдасып, талай бірге
болып еді. Талай-талай бөтелкелерді бірге босатысып еді. Солардың бірі
келіп, халің қалай демейді. Иə, мен оларды түсінемін. Өмір сүру керек
оларға да. Мен болсам, ойыннан шығып қалғам адаммын. Менен енді
оларға пайда аз.
Пайда келсе, Жақыбаев, Ільясовтардан келеді.
Достардан да, бəрінен де түңілетін кездерім болады. Адамды ой да
қалжыратады. Сондай кезде жақын маңда азық - түлік дүкеніне барам.
Жынды судың бір шөлмегін қойын қалтама салып, алып келем. Жалғыз
өзім отырып, іше бастаймын. Осындай бір ермек «дос» таптым.
Босаған шөлмекті төсектің астына лақтырамын.
Енді міне, сырдың суы сирағымнан келмейтін балырмын. Жауларымды
шетінен бураша тарпып тастамай, үйде неғып қамалып отырғаныма таң
қаламын. Ақырын, столды қойып келіп қалам:
— Мен оларға көрсетем!
Адам, сірə, осылай жынданатын болса керек.
Мектептен Зағипа келеді. Торға жаңа қамалған арыстанша ұрынарға
қара таппай, үй ішіне сыймай жүрген түрімді көрсе еді. Сыртқа шықсам
біреумен, шынында да байланысуым мүмкін. Содан қауіп ойлаған ол жұп жұмсақ алақанымен басымнан сипап, тыныштандырмақ болады:
— Еркін жаным, жатшы.. Жатып демалшы.
Мен бұған одан бетер құтырып кетем.:
— Айтшы, не істедім мен оларға! Не істедім? Жазығым қызметіме адал
болғаным - ба? Жауыздарға мен əлі көрсетемін! Тектен тек кете салмаймын
бұл арадан. Егер əділдік таппайтын болсам, шетінен үйін өртеп, өздерін
бауыздап өлтіремін! Бұл менің қолымнан келеді.
Келмей қалсын.
Мастың сөзі құрсын. Ертесінде, есім қайта кірген кезде, кешегі
бақырып айтқан сөзім, ісім үшін өзімнен өзім ұялам. Өзімді езім жерлеп
басым салбырап, отырып қалам.
— Сізді аупартком шақырады.
— Кімі?
— Үгіт-насихат бөлімі.
Неге шақырады екен деген дүдамалмен келдім. Сол əлі кертпек мұрын
сары жігіт. Бөлім бастығы. Сол əлгі денесімен дене боп сірескен қара
костюм.. Мойнын қылғындырып байлаған қара галстук. Темекісін ең соңғы
рет үстемелей сорды - сорды да, күлсалғышқа мыжып - мыжып өшіріп
жатып:
— Отырыңыз, Мамырбаев жолдас.
Отырдым. Жігіттің өңі де, сөзіде жылы.
— Хал қалай?
— Шүкір.
— Үйдесіз бе?
— Əзірше үйдемін.
— Мына арызды сіз жаздыңыз ба?
Өзім жазған жазу көзіме жылы ұшырай кетті:
— Иə, мен.
— Арызыңыз бізге келіп түсті, — деп қағаздың ар жақ, бер жағын
аударып қарап, ыңыранып сəл отырды.— Ал не істейміз? Тексереміз бе?
— Оны мен қайдан білейін. Өздеріңіз білесіздер де.
— Менің сізге мынадай бір замешание айтқым келіп отыр. Сіз деген
оқыған азаматсыз. Такт дейтін болады, сіз оны білуге тиіссіз. Жергілікті
партия, совет орындарының басынан асырып, арызды ту Москваға
жазғансыз. Осыңыз жарай ма? Əлгі айтқан тактіге жата ма осы?
— Қайда жазсам да еркім емес пе?
— Əрине, еркіңіз! Москва түгіл одан əрі... Бірақ такт, такт болу керек.
Ал ендігі əңгіме былай: мен арызыңызбен мұқият таныстым. Сіз, əрине,
бəрін өз көзқарасыңыз тұрғысынан баяндайсыз... Арызыңыз тексеріледі,
тексерілмей қалмайды. Бірақ, ол үшін біраз уақыт қажет. Мүмкін, сіз де
кінəсіз емес шығарсыз. Сіз жолаушы жолдастардың да артық кеткені бар
шығар. Оның бəрі сарапқа салынып, тиісті қорытынды шығарылады. Ал
оған дейін біз ие істеуіміз керек? Сіз қазір қызметсіз жүрген секілдісіз. Бұл,
əрине, жарамайды. Біз сізді əзірінше, басқа бір мектепке кызметке жіберуді
дұрыс көріп отырмыз. Бұндағы мектептің басшыларымен енді бəрі бір,
сыйысып қызмет істей алмайсыз. Солай ғой? Солай. Бір бет жыртысқаннан
кейін... Сіз бұған қалай қарайсыз?
- Жоқ, мен ешқайда да бармаймын. Үй-жайымды сатып, Алматыға
кетем.
— Алматыға?
— Иə.
— Онда өзіңіз біліңіз. Маған Алдажаров жолдастың берген тапсырмасы
əлгідей — сізді қызметке орналастыру.
— Кетуін кетем. Оған белімді бекем бұған адаммын. Бірақ мынадай
жаман атақпен кетпесем деп едім. Жауып отырғандары түгелдей жала.
— Сіз жас адамсыз, талантыңыз бар. Өлең жазасыз. Газет - журнал
беттерінде жарияланған дүниелеріңізді мен оқып тұрам. Кітабым шығады
деймісіз? Прекрасно! Сізге не керек бұдан артық? Шынымды айтсам, мен
сіздің Алматыға кетем деген ойыңызды құптаймын. Мұнда, былық шылықтық арасында, не бар сізге? Айтыс-тартыста не шаруаңыз бар?
Жалақ сары ақылсыз жігіт емес тəрізді. Екеуміз бірқауым əңгімелестік.
Құлаққа кіретін, арналы сөздер айтады. Пікірінде əділдік, дұрыстық бар.
Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей, екі арадан бітімнің тура жолын
тапқысы келетін тəсілшеңдігі жəне байқалады.
Біз тіл табысып, келісіп тарастық. Оқу жылы аяқталуына аз ғана уақыт
қалды. Meн енді қызметке тұрмаймын. Өйткені, Қорғаннан бəрібір кететін
адаммын. Арызымның жуық арада тексеріліп, тексерілмеуі жəне шарт
емес. Оның есесіне еңбек кітапшама «қызметінен өз еркімен босады» деген
жазу жазылатын болды. Бұны жалақ сары өз мойнына алды.
Əңгіме осымен тынды.
Пəледен машайық қашыпты деген сөз бар, Сол жолды енді мен де
қуайын дедім.
Үй де сатылды. Поезда алып жүруге болмайтыннан сатылмаған тек
Майлыаяқ.
Ит сату қазақта болған кəсіп емес, Пəленше ит сатыпты деген сөзді
естігеннен де өлгем артық.
Адамдай емес, иттің өсіп-жетілуі жедел болады екен. Майлыаяқты осы
кезде күшік деп, айта алмайсың. Кəдімгі середей үлкен ит. Аяқтары сидам,
үлкен жарғақ құлақтары салпиған, жүні тықыр. Төбет иттен гөрі тазы
тұқымына көбірек ұқсас.
Байлау кермей, аула ішінде еркін шапқылап өскендіктен бе, Майлыаяқ
ызақор, қабаған емес. Əрі баладай шолжаң ерке. Үйден біріміз шыға
келсек, басымызға шапшып қарсы алады. Ұрсып, зекіп жатсаң тыңдамай,
беті, қолымызды жалап, ыза етеді.
Сырттан келсең жəне сол.
Тек өзіміздің үйдің адамдарына ғана өтпейді. Біздің қақпаға қарай бөтен
адам, бөтен мал келе жатса да, алдынан одыраңдап қарсы жүгіретін əдеті.
Жоқ қаппайды. Балалық шолжаң мінезі ұстап тек қорқытып, үркіткісі
келгендей басына шапшып секіреді. Немесе бірнеше рет айнала шауып
өтеді. Бар бітіретіні осы.
Мұнын бұл мінезін, қылжақбас екенін, бөгде жұрт қайдан білсін.
Майлыаяқ одыраңдап тұра - жүгірген кезде-ақ қабады екен деп ойлап,
қорқып шал баж болып жатқаны.
Өзі де бала болғандықтан ба, əсіресе, бала-шағаны қорқытып үркітуге
Майлыаяқ сондай құмар. Тіпті кейде біздің үйден аулақ сонау көшемен, өз
бетінше кетіп бара жатқан балаларды да тырқыратып қуып беретін əдеті.
Сол ерке, еркін өскен Майлыаяқ біраз күннен бері өзінің бұрынғы
бостандық өміріне зар. Байлаулы тұр. Біз оны шынжырлап байлап қоюға
мəжбүр болдық. Өйткені, кешедегі біз ілген хабарландыруларды оқып, үй
немесе басқа бірдеңе сатып алмақ болып келген жұртты оның шошытып,
жолатпайтын, қуалап бітетін түрі бар.
***
Taп бүгін бір сұмдықтың болатынын Майлыаяқ анық сезді. Таңертең
итаяққа құйған асты ішпей, легеннің шетінен тұмсығымен көтере қағып,
төгіп тастады.
Сосын, үйшігінің алдыңда шоңқиып отырып алып, тұмсығын көкке
созып, ұлуға кірісті. Бұдан бұрын болмаған əдет. Қиын-қыстау замандарда
иесінен айрылып, жұртта қаңғып қалған иттер өстетін еді.
— Əй, Еркін, мына ит бүгін біздің кететінімізді біліп, соған ұлып отыр.
Қандай аянышты! Өзін бірдеңе етіп, алып кетсек қайтеді. Жамалжаныммен
қатар туған ит еді, — дейді Зағипа.
Майлыаяқтың зарлы дауысы менің де жүйкемді босатқандай. Бірақ
жағдаймен санаспасқа лаж жоқ.
— Оу, қалай əкетеміз? Поезға бірдеңе етіп мінгенмен, Алматыға барған
соң өз үйіміз жоқ, қайда ұстаймыз. Əзімізбен бірге кеңсе - кеңсеге жетелеп
жүреміз бе? Əбекеңе тастаймыз. Əбекең бұл итті қор қылмайды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 19
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.