Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 19

Total number of words is 4146
Total number of unique words is 2345
33.8 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бұл айтып отырған адам осындағы қойшы. Біздің көрші, жақсы кісі.
Аңқылдаған ақ көңіл. «Інішек, кешер болсаң, Майлыаяқты маған беріп кет»
деп, қызығып сұрап жүр.
Қимасам да Майлыаяқты Əбекеңе қалдырдым.
Қорғанмен де, Майлыаяқпен де қош айтыстық.
Біріншісімен қуана қош айтыссақ, екіншісімен қоштасарда жүйкеміз
кəдімгідей босағандай болды.
Тағы да Алматыдамыз. Қайда жүрсем де, Алматы мен үшін өз үйім,
үлкен үйім секілді. Тап осы келгенде өзімді ұзатылып кетіп, жайы болмай,
төркініне қайта қайтып келген, қыз секілді сезінемін.
Барған жерің оңбаса, астыңнан су шықса, қайта қайтып төркініңді
таппағанда кімді таппақсың?
Мені ұзатқан қара шаңырақ ол — КазПИ. Төрт жыл оқып, тəрбие, білім
алған бесігім болғандықтан ол маған əрқашан ыстық. Көзіме анадайдан
жылы ұшырап тұрады.
Басқадай барар жер болмағандықтан КазПИ - дің Совет көшесіндегі
студенттер жатақханасына келіп түстік. Өзім бірнеше жыл тұрған, өмір
сүрген үй. Коменданты, есік баққан кемпірлері, бұлың - бұлыңы түгел
таныс. Сен кімсің деп, жат көзбен қарамас, қуып тастай қоймас.
Оның үстіне қазір оқу жылының аяқталған кезі. Студенттер жазғы
демалысқа тарап кеткен. Жатақхана бос. Қашап пəтер тауып жайғасқанша,
мүмкін бір бөлмесін бере тұратын шығар.
Бірінші іздегенім комендант Карпенко болды, О, бұл деген тамаша
адам. Студенттердің мынау деген досы. Майдангер ескі солдат. Мінезқұлқы кең пішілген, жақсы-жаман өмірді молынан көрген. Егер бар болса,
басқа бір жаққа ауысып кетпесе, онымен тіл табысуға болады. Баяғыда
талай рет бірге отырып стакан соғыстырып, тамақ жібітіскенбіз.
Қысқасы, өз адамым. Осында eң əуелі соған сенгендіктен келіп түсіп
отырмын.
Есік баққан кемпірден:
— Карпенко бар ма?
— Бар.
— Дені - қарны сау, істеп жүр ме?
— Істеп жүр.
Болды, бітті. Маған керегі əзірше осы.
Комендантты өз орнынан таптым. Туысқан адамдарша мəре - сəреміз.
Амандық, хал-жай, жөн сұрасып жатырмыз. Қысқашалап жағдайымды
айттым. Өзіммен бірге ере келген əйеліммен, қызыммен таныстырдым.
Пəтер тауып жайғасқанша тұра тұруға бізге бір бөлме баспана керек дедім.
Жақсылықты жақсылықпен қайтаратынымды ол көзімнен оқып, біліп
тұр.
— Сол да сөз боп па? —деді Карпенко екі қолын қанатша жайып
жіберіп.— Бір ай тұр. Тіпті, екі ай тұр. Бір бөлме аз болса, екі бөлме алып
тұр.
— Бір бөлме жетеді.
Үйдің екінші қабатындағы үлкен бір бөлме еркімізге берілді. Төсек -
орын, стол, орындықтар, бəрі жатақхананыкі. Дəл бір əкеміздің үйіне
келгендей еркінсіп, жырғадық та қалдық.
Біріншіден, кызмет, екіншіден пəтер іздеп, сандалудамын. Күн ыстық.
ЬІстық күнде терлеп-тепшіп, борсып қала кезу оңай шаруа емес.
Жалдайтын жекеменшік пəтер қала ортасынан табыла қоймайды.
Трамвай, троллейбус жолынан қашық шеттен табылады. Бұл арадағы
көшелер, əдетте асфальтталмаған. Толарсақтан шаң. Ыстықта бетіңе бір елі
боп қонған шан мен терді сүрте жүріп, өр қақпаны бір қағып, итті
абалатып, қаңғырып пəтер іздегеннен еткен азап жоқ - ақ.
Үй жалдайтындар:
— Жас балаларың бар ма?—деп сұрайды. Шынын айтсаң:
— Бар.
Болды, бітті. Үй жалдаушы сенімен будан əрі сөйлеспейді. Жас баланы
олар тажал кереді:
Оларға керегі қыңқылдап жыламайтын, мазаларын алмайтын баласыз
қу бас жандар. Келген-кеткені білінбесе, үндері шықпаса...
Кешқұрым шаршап шалдығып, өзімді өзім əзер сүйреп жеткен менен
Зағипа:
— Не таптың? Ештеңе таптың ба? — деп сұрайды.
— Бірнеше пəтер табылып еді. Жас балаларың бар екен деп, келіспеді.
Зағипа көзі аларып, шошып қалады:
— Тілеуің құрғыр, тілеуі жаман неғылған жандар. Баласы жоқ үй бола
ма екен?!
Институтта сабақ берген ұстаздарымның ішінде менің ерекше
сыйлайтын адамымның бірі профессор Жұмалиев еді. Нағыз ғалым міне
сол. Өз пəнін бес саусақтай біледі. Бұрынғы-соңғы ақын - жазушылардың
шығармаларынан сала құлаш үзінділерді жатқа соғады.
Бір күні көшеде сол кездесе кетті. Қайдасың? Қайдан келдің?
Демалысқа келдің бе деп, сұрап жатыр.
— Хажеке, мүлдем келдім. Үй ішіммен көшіп келдім, — деп жайжағдайымды айттым.
Ол менің əңгімеме аса мəн беріп, тағдырыма өзімнен бетер күйзеліп
тыңдады.
— О баста кетпеуің керек еді. Қате істедің. Қызмет осы арадан да
табылатын еді ғой, — деді.
— Менің де, өзімше, жоспарларым болып еді. Үйдегі ойды түздегі
нарық бұзады деп, ойлағанның бəрі жүзеге аса бермейді екен.
— Сөйтіп енді кызмет таптың ба?
— Жоқ ыңғайлы кызмет таба алмай жүрмін.
— Оқу құралдары баспасына редактор боласың ба?
— Болайын.
Онда мен сені Əбуге ертіп барып, айтайын,— деді Хажекең.
— Айтқаныңыз артық болмас.
Сол əлгі өзімнің тұңғыш кітабым — өлеңдер жинағым. шығатын баспа.
Директоры мені былай да жақсы таниды. Есіктен кірген бетте-ақ назар
тігіп, жылы қарсы алды.
— Оу, қайдан, ауылдан келдің бе? Дұрыс кепсің. Міне, кітабың шыққан,
— деп стол үстінде үйіліп жатқан бірнеше кітаптың арасынан жұқалтаң
сарғыш кітапты тауып алып, маған ұсынды.
Мен, əрине, қуаныштымын. Өзімнің тұңғыш кітабымның қалай болып
шығатынын ойлап, талай-талай тəтті қиялданғанмын. Сол енді міне
қолымда тұр. Мұқабасының сыртына суретім басылған. Фамилиям өзімнің
қол таңбам үлгісімен жазылған. Əдемі.
— Екі-үш күнде ақша болады. Қалған ақшаңды аласың, — деп директор
одан бетер қуантты.
Хажекең баспа директорымен дос еді. Оған өзімсінген сыңаймен менің
жайымды айта бастады. Еркінге қызмет тауып бер, редактор етіп қызметке
ал, мынау деген редактор болады деді.
— Редакторлық орым əзір жоқ. Бірақ соған деңгей басқа кызмет тауып
берейін.
Мəселе табанда шешілді. Оқу құралдары баспасынын қасынан айына
бір рет «Халық мұғалімі» атты педагогикалық журнал шығып тұрады.
Соған мені бөлім бастығы етті.
Осы ауланың ортасында белуардан жерге батқан, барақ тəріздес аласа
оқшау үй тұр. Үзын дəліз, екі жақта қатар - қатар есіктер. Соның сол қол
жақтағы біреуінің сыртына «Халық мұғалімі» журналының редакциясы»
деген жазу қағылған. Шаршылау бір ғана бөлме. Төрт стол. Соның босаға
жақтағы адам отырудан босына мен ие болдым.
Аты дағарадай журналда менен бұрын үш адам жұмыс істейді екен.
Редактор, жауапты хатшы жəне бір жас келіншек — бөлім бастығы. Мен
төртінші боп қосылдым.
Бөлмедегі бір ғана үлкен терезе батыс жаққа қараған. Əбден түс ауғанда
болмаса, күн сəулесі мұнда жоламайды. Сыз иісі еденнің астынан бұрқырап
соғады да тұрады. Таңертең қызметке сап-сау келген адамдар кешке қарай
үйімізге мұрнымыз бітіп, түшкірініп, пысқырынып, ауырып қайтамыз.
Соған да қарамастан біз журнал қызметкерлері тату едік.
Редактор Баттал ақылды, жуас кісі. Талай жыл мектепте сабақ берген
тəжірибелі педагог. Қатаң сөз, қатқыл мінез жат оған. Айтатынын жайымен
сылап-сипап айтады. Мақтауын да, ренжуін де солай жеткізеді. Редакцияға
келіп-кетуші жұртқа да, əз қызметкерлеріне де сондай жағымды. Жауапты
хатшы Ғарекең Батталдан да жуас, əрі ғажап қарапайым. Кішіпейілдігінде
шек жоқ. Жас шамасы қырықты мол орталаған бұл адам киімді тым қоңыр
киінетін еді. Пальтосы ескі үлгімен сонау соғыстан бұрын тігілген ұзын.
Екі иығына өркештей боп, екі кило мақта тығылған. Етек, жеңі, жағасы
қырқылып, кірлеп біткен. Оның бір түймесі қашан да, үзілген болады,
орнында жібі салбырап тұрады. Жəне бірі үзілуге тақау. Ғарекең киіп
жүрген шалбардың өтектелгенін, оған қыр түскенін көрген емеспін. Ол ақ
жейде кимейді. Кіл кір көтеретін қоңыр түсті жейделер киеді. Галстук
тақпайды, шаш қоймайды. Шаш күтуді де, сірə артық əуре көретін болса
керек.
Ғарекең бойшаң кісі. Сол бойшаңдығын да өзіме көпсінгендей ылғи
еңкіштеніп, тізесін бүге басып қорғаштанып жүргені. Біреу-міреу оқыстан
тəйт деп қалса, мықшиып шөге кетуге дайын.
Сырт бейне, жүріс-тұрысы осыншама жұпыны, елеусіз Ғарекеңнің бар
асылы ішінде. Оқыған - тоқығаны мол, орысша, қазақша бірдей сауатты
білімдар журналист. Мен одан көп үйрендім, көп тəлім алдым. Бойындағы
толып жатқан адамшылық қасиеттерін өзіме үлгі тұтуға тырыстым.
Ғарекең неге де болса адал, əділ еді. Қиянат атаулыға өз-өзінен кейіп,
күйзеліп отырғаны. Кітапты, əсіресе, классикалық əдебиет үлгілерін көп
оқиды. Гогольді өлердей ұнататын. «Шіркін-ай, Гоголь тіріліп келіп осы
қаланы бір аралап шықса! Данышпаным жазар еді ау! Оның қаламына
ілінгісі келіп, тіленіп тұрған нəрселер көп қой, кеп!» деп армандап
отыратын.
Жан дүниесі Ізгілікке толы осы абзал Ғарекеңде бір оғаш мінез де бар.
Жалақы немесе қаламақы алса, ертеңгі күні қызметке келмейді. «Ауырып»
қалады. Кейде екі-үш күн қабатынан ауыратын кездері болады.
Талай жыл қызметті бірге істескен Баттал оның бұл сырын жақсы
біледі. Əлгідей Ғарекеңнің қолына қарға тышқан күндері ол алдын ала:
— Сен əлгі қолыңдағы материалдарды реттеп, беріп кет. Өйткені ертең
ауыратын күнің, — деп əзілмен қағытып отырады.
Ғарекең бұған шамданып, ашуланбайды. Көзін төмен салып тыңдайды
да, редактордың айтқанын бұлжытпай орындайды.
Əлгідей мезгілсіз «ауырып» қызметке келмей
редактордың оған кейіп, ренжігенін көрген емеспін.
қалғаны
үшін
Ғарекеңнің денсаулығы қолдан бұзылуына бір күні мына мен себепші
болдым.
Педагогикалық тақырыпқа мен бір мақала жаздым. Ғарекең оқып
ұнатты. Өз қолымен біраз мұқият редакциялау жүргізді.
Ғарекең ұнатқан материалды Баттал қарамай да жібере береді. Ғарекеңе
ол сенеді. Мақала журналда басылып шықты.
Бұл менің педагог - журналист ретінде тырнақ алды енбегім еді.
Ғарекең мені ынталандыру ниетімен қаламақыны молдау етіп көтермелеп
қойды. Жарайды, ақша алғанда жақсылығыңыздың бəрін ескерермін деген
ойдамын.
Өзім қызмет істейтін журналдан тұңғыш тапқан қаламақыма ырым етіп,
Батталды да сыйламақ ойым бар. Бірақ ол дымкес адам. Ішімдіктің
ешқандайын татып алмайды. Тамақтың өзін шөкемдеп, талғап жейді.
Қызметтен Баттал ертерек кетіп қалды. Үндемедім. Ғарекеңнің орнынан
тапжылмауын ұнатып, ісім Ғарекеңмен болсын деген ойдамын.
Ғарекең де бұны сезетін тəрізді.
Əбден қызметтің соңына қарай, бухгалтерия оңашаланған кезде барып
қаламақымды алдым. Қайта кеп, жұмысымды істеген болып отырмын.
Ендігі күткенім екінші бөлім бастығы Күлəштің кетуі. Сосын Ғарекеңе
ниет білдірмекпін,
Бір кезде Ғарекең.
— Ақшаңды алдың ба? — деді,
— Алдым.
— Алсаң бар. Ақшаңды шығын етпей, келінге апарып бер.
Ішіме күдік кірді: Бұл несі? Сен мені сыйлағың келіп отырғанын білем.
Бірақ бармаймын дегені ме?
Осы кезде Күлəш алдындағы қағаздарын жинастыра бастады.
— Ғареке, маған айтатыныңыз жоқ па? Мен кеттім. Күндегі əдетімен:
— Сағат қанша болды? — деп сұрап алды да: — барсаң бар, — деді
оған Ғарекең.
Міне енді Ғарекең екеуміз ғанамыз. Сөзді неден бастарға білмей,
қиналудамын. Бұдан бұрын дəмдес болған адамдар емеспіз. Бірінші рет:
— Ғареке, қайтпаймыз ба? — дедім бір кезде үнімді басқашалау
мағынада шығарып.
Ол маған көзінің астымен қарап
— Қайтамыз ба?
— Қайтайық.
Бірімізді біріміз ұққан тəріздіміз. Кеңседен бірге шықтық.
— Ғареке, мына арадан сыра ішсек қалай болады?
— Ішсек, ішейік,— деп лып ете қалды.
Жасырынбақ ойнау осылайша аяқталды.
Тəйірі ақ түйенің қарны жарылған бүгінгідей күні құр сырамен кісі
тежелетін бе еді? Сыра жүрген жерде, арақ та жүреді...
Ертесі Ғарекең кызметке келмеді. Сезінгіш Баттал бəрін сезіп, біліп
отыр:
— Кеше сен қаламақы алған сияқты едің, Ғарекең содан ауырып қалған
ғой, — деді.
Мен жымиып, күлгенді ғана білдім,
Қабілеті бар жанға нағыз жазатын кез — жас кез. Бұрынғы - соңғы аты
мəлім жазушылардың көбі, негізінен, жасында жазып тастаған, Жас кезде
істеген іс, əрқашан да өнімді.
Жазу үшін, əрине, азды - көпті жағдай керек. Жұмыс істер бөлмең,
өзіңнің тиесілі оңаша столың болуы бірінші шарт.
Ал менде, əзірінше осынын бірі де жоқ.
Сонда да жазған болам. Жаза алмай тұра алмаймын. Бұл менің айықпас
ауруым, дертім тəрізді.
Мен түнде ел ұйқыға жатқан кезде, жазамын. Күндіз үстіме ас əзірленіп,
ас ішілетін жалғыз стол. Соны оңашалап, алдыма газет төсеп, жұмыс
жағдайын жасаймын.
Айналамда пыш-пыш қор-қор етіп, балаларым, əйелім ұйықтап жатады.
Бұл кезде қолымда енем де бар. Бір қора жанбыз. Зағипа Алматыға
келісімен босанып, жəне бір қырық жеті тауып берген. Атын Жамалға
ұйқастырып Жанар деп қойғанбыз. Күзден бастап КазПИ - ге оқуға түскен
Зағипаға əрі оқу оқып, əрі екі жас баланы бағу қиын соғатын болғандықтан
Павлодардан оның шешесін шақырып алғанбыз.
Кешегі педагог Зағипа — бүгін енді студентка.
Енем оншалық кəрі адам емес, елуді енді орталаған. Елде өзінің де үш
ұл баласы бар. Ең үлкені үйленген. Қалған екеуі мектеп жасында. Соларды
қалдырып Зағипаға жаны ашып, қимағандықтан ол мұнда біздің қолымызға
зор қиналумен келіп отыр,
Бір жыл болам да кетем. Жанарды алып кетем. Ал Жамал есейіп қалды,
қалай етіп бақсаңдар, бағыңдар өздерің. Балалар бақшасына бересіңдер ме,
болмаса адам жалдайсыңдар ма, еріктерің. Осы бастап айтып қояйын, —
дейді енем. Өйтпей қайтсын. Бауырмал ана жүрегі елдегі əлі есейіп
үлгермеген өз балаларын ойлап, алаған бола береді.
Біз ол не айтса да мақұл дейміз. Оның да тап қазір, біз үшін ең қиын
кезде келіп, қол үшін бергеніне де шексіз ризашылық білдіріп, сыйлаймыз.
Рас, магазиндерде, кейде, ет болмай қалады. Ет сөресінде құйқасының
жарым - жартысы күйіп кеткен, тістері ақсиған кіл қой бастары тұрады.
Сүйек мүжи білетін қазаққа бұл да тамақ. Енем əлгідей бастың екі - үшеуін
бір-ақ алып келеді. Жақсылап, тазалап жуады. Бабымен былбыратып асады
да, қамыр салады. Үй ішімізбен лықа тоюға жарайтын бір табақ ет боп
шығады.
Құйқаның сорпасы қандай сіңімді. Қолдан сойған малды еске түсіреді.
Миы не тұрады.
Мен кейде таңырқайтын едім: бастары бар да, денесі жоқ, бұл неғылған
қойлар? Тек бастарын кесіп əкеп, сатқаны ма?
Үйсіздіктің азабын, əй, бір кісідей-ақ тарттым - ау. Бас-аяғы бір ғана
жылдың ішінде үш үй алмастырдым. Жақсы, тұруға қолайлы болғандықтан
алмастырмайтының белгілі. «Үйі жоқтың, күйі жоқ» дейтін мақал да
шығарып алдым.
Ал күйсіз пенде қаңғыбас. Əр түрлі солақай, сырап жүрістерге бейім.
Қызметтің соңынан бірден үйге қайту сирек. Өйткені автобус,
трамвайда адам көп. Оңайлықпен отыра алмайсың. Отырсаң да итің
шығып, зорға отырасың. Түймеңнен түйме, жүйкеңнен жүйке қалмайды.
Одан да азырақ сергіп, көңіл көтергенді, демалғанды тəуір көресің.
Жападан жалғыз көңіл көтерілмейді. Жолдастар тауып аласың.
Жас адамға, ақшалы адамға жолдас көп.
Сен таппасаң олар сені іздеп табады. Үйсіздік - күйсіздігің бұдан соң
ұмытылады...
— Шыным осы.
— Ендеше сол барған жеріңде неге қонып қалмадың? Неге келдің?
— Ойбай-ау, қондыра ма?
Зағипа бұны да шын сөз деп ойламайды. Ойдан шығарып айтып тұр
деп, онша мəн бере қоймайды. Мəн бермегені маған жақсы.
Иə, бұным — бар шынымды айтып келуім дұрыс тəсіл екен деген ой
келді маған осы кеште.
Осыдан осылай дəнігіп алдым. Ылғи өстем: солақай жүрістерім болып,
кешігіп кетсем, əйеліме ешқандай қоспасыз, бар шынымды айтам. Өтірік
айтып, бұлтақтамаймын. Əйелім, бəрібір, сенбейді, шын айтып тұр деп,
ешуақытта да ойламайды. Əдейі менің қитығыма тие түсу үшін
қиыстырып, ойдан шығарып айтып тұр. Қалжың айтып тұр деп ойлайды.
Онысы маған жақсы. Сенбегені, кінəмді жоққа шығарғаны маған
жақсы.
***
Кешігіп, ішіп келсем де, ақшаны молдау етіп əкелсем, бұндайда əйелім
тез жадырайды. Маған деген өкпе, күдігінен тезірек айығады. Бүгін де
солай еді, қалтам тоқ.
Зағипа көңілденсін деп, іш қалтама қолымды салып келіп жіберейін.
Жүрегім су eтe қалды. О, сұмдық! Қалтам бос. Ақшам жоқ.
Екінші қалтамды сипалаймын жаңылыстым ба деп. Онда да жоқ.
Бес сомдықтан екі бума ақша алғам. Мың сом. Соның ішкен, жегеннен
қалғаны қалтамда түгел болатын. Жоқ! Дым да жоқ!
Алматыға келгеніме екінші жыл. Осы уақыттың ішінде бес үй
алмастырып үлгердім. Ол үйлердің əрқайсысы туралы, олардың нелері
туралы қайғы менен күлкіге лықа толы жеке - жеке повестер жазуға болар
еді.
Баспана болмаудың азабы тек жалдайтын үй тауып кірумен бітпейді.
Сосын, ол үйді жылытатын, ас əзірлейтін отын қажет. Оны да өзің тауып,
дайындайсың. Қала ол тезек теріп, құрай орып əкелетін ауыл іші немесе
қазақтың кең даласы емес.
Отын қалалық сексеуіл базасында сатылады. Кім болса соған еркін
сатыла салмайды. Кызмет орның беретін талон бойынша ғана босатылады.
Тамаққа, киім
жойылмаған.
-
бұйымға
карточка
жойылғанмен
отынға
əлі
Əлгі аталған сексеуіл базасына бір рет барып, отын алған адам енді оған
екінші рет оңайлықпен жолай қоймайды. Өйткені, заңды жолмен сексеуіл,
көмір алу деген — ол азаптың азабы. Мың түрлі қолдан жасалған
тосқауылға, мың түрлі машақатқа душар боласың. Бір тонна сексеуілдің
соңында қызметіңнен қалып, ең кемі, бір жеті сандаласың.
Отын алудың оңай да жолы бар. Əне, сайрап жатыр. «Coлақай» жол.
Амалсыздан сен де енді сорап түсесің.
Базаға келгендерді жымысқы көздерімен атып, ұры итше тіміскілеген
біреулер əлгі арада сумаң қағып жүр. ЬІңғай беpiп, оңашалана бастасаң,
қасыңа жетіп келеді. Саған не керек? Сексеуіл керек пе? Жоқ, көмір керек
пе?
Не керек, қанша керек айтасың. Болды, бітті. Машинаға тиеліп, дапдайын боп, ешқандай əуре-сарсаңсыз, үйіңе өзі домалап келеді. Тек бəсін
үш-төрт есе асырып төлесең, ақшаңды аямасаң болғаны.
— Қатын, бол! Жина жүкті. Көшеміз.
Тағы да танаурап, көшу үшін машина алып келіп тұрмын.
«Көшемізге» Зағипа үйреніп болған, Қайда, қандай үйге көшетінімізді
жобалап сұрап алды да, жүкті жинастыра бастады. Бұл ноябрь айы. Қыс
пен жаздың екі ортасы. Суық күз.
Жетісіп немесе ермек іздеп, көшейін деп отырған мен жоқпын. Дəл
кəзіргі тұрған үйіміздің едені бір күні, ойламаған жердей, гүрс етіп,
ойылып, түсті де кетті. Сөйтсек, сыз үйде саңырауқұлақ дейтін пəле болады
екен. Еденнің тақтайын сол шірітіп, жеп қойыпты.
Бірнеше күн қызметімнен қалып, зыр қағып, табанымды тоздырып
іздеумен жəне бір үй таптым. Бірінші жəне екінші Алматының аралығы. Бір
жақсысы, трамвай жолына тақау. Дəл қасында орыс, қазақтың аралас
моласы бар. Итшілеп жүріп, бір күні өле қалсаң, үй ішін машина немесе
арба жалдап, алысқа тасып əуреленбейді. Сирағыңнан сүйреп апарады да,
көме салады.
Кедей болсаң көшіп көр дейді казак. Рас сөз. Қанша түгім жоқ
дегеніңмен көшкен кезде дүние ит көбейіп кетеді. Біз жүк тиеп болғанша,
күздің қысқа күні түске айналды. Көшеде кез бола қалған машина еді.
Шофер: қожайын, бол! Тездет. Уақытым аз деп, қылқылдап, олдағы тықыр
салып қояды.
Сүйекті ауыр дейтін заттан бізде бары базарда қолдан сатып алынған
айналы сарғыш гардероб. Жəне басы мен аяғында жылтырауық əшекей
шариктері бар, екі кісілік зілдей шойын керует. Басқалары кіл ұсақ-түйек,
Соның өзінде де машина кузовы зат, мүлікке лықа толды.
Күн бүгін таңертеңнен бұлыңғыр. Алатауды жарым беліне дейін көміп
алған зілдей ауыр тұман бар. Сол тұман қалаға қарай біртіндеп жылжып
келеді. Əне, ызбар лебі де білінді. Суық жел шықты. Сірə, жауын-шашын
болмаса неғылсын.
Дүние көздің құрты. Анау қалып қоймасын, мынау қалып қоймасын
деумен жəне біраз бөгелдік.
Əне, күдігіміз іске асты, тысырлап əуелі жаңбыр жауа бастады. Қап,
гардеробтың сыры көшіп, бүлінетін болды-ау. Енді тез кету керек.
Енем осы кезде бұнда емес. Ол өзінің баяғы айтқанынан қайтпаған. Жаз
шығысымен кіші қызым Жанарды алып, Павлодарға еліне кеткен. Кəзір
мұнда мен, Зағипа, Жамал үшеуміз ғанамыз.
Зағипа мен Жамал кабинаға шофердің қасына отырды. Мен
кузовтамын. Арқамды гардеробқа тіреп, қалың жүктің ортасына жайғасқам.
Тек осыны — біздің жолға шығуымызды — күтіп тұрғандай, жаңбыр
одан бетер күшейіп, құйып кетті.
Шоферге адресті беріп қойғам. Қай жолмен, қалай алып баруды ол өзі
біледі. Бірақ, қалай еткенде де, қаланың ортасымен өтуіміз керек.
Жаңбыр басылудың орнына егескендей, арты қарға айналып барады
Қиыршық та қар емес, қыстыгүнгідей, жапалақ - жапалақ жабысқақ су кар.
Жаңа пəтерімізге тез жетіп, жүкті тез түсіріп, жайғасқаннан басқа арман
жоқ.
Отыз-қырық минуттың шамасында нысаналы жерге келіп те қалдық.
Машина тас төселген негізгі көшеден бұрылып, жабайы тар кешеге түсті.
Мен жалдаған жана пəтер, əне, анау арада. Екі-үш көше өтсек, қасына
жетіп те барамыз.
Бірақ, бұл аранын жолы жол емес еді. Толарсақтан келетін езілген қара
балшық. Əрлі-берлі күшеніп, əзер жүріп өткен машина дөңгелектерінің
айғыз-айғыз сойылған іздері. Мына бүгінгі жаңбыр мен қар өзі жаман
кешенің одан бетер миын шығарып жіберген.
Машинамыз тайғанақтап, оқтын-оқтын тұрып қала жаздап, əрең жүріп
келеді. Су аралас қара балшық екі жаққа быт-быт шашырайды. Əй, қауіп!
Жете алар ма екенбіз, жоқ...
Кенет машинаның арты оңға қарай қисаң ете қалды. Газ үстін-үстін
берілуде. Жоқ, алға емес, артқа кетіп барады машина. Қомпаңдап, бар
денеммен ұмсына қозғалақтап, оған мен де көмектескен болам. Жоқ,
ештеңе шықпады. Машина бір жамбасына ауып тұрды да қалды. Əлгі ара
беті көлшіктеніп байқалмайтын шұқыр екен.
Газ сөндірілді. Мотордың үні өшті. Шофер кабинаның есігін ашып,
маған мойнын созып дауыстайды:
— Қожайын, белшемізден баттық!
Батқанымызды ол айтпаса да көріп тұрмын.
Баратын үйімізге бүл кезде тіпті аз ғана, таяқ тастам жер қалған еді.
Діңкең құрғыр, соған жетіп те тығылмауын көрдің бе!
— Қожайын, ие істейміз?
— Қайдам? Сүйреп шығаратын машина іздеу керек болар?
— Студавеккерден басқа машина бұл араға келмейді. Келгенмен сүйреп
шығара алмайды. Немесе трактор табу керек.
— Трактор қайдан табылады?
— Олай болса, қожайын, екеуміз жолға шығып, студавеккер тосайық.
Бізді мына балшықтан сол ғана сүйреп шығарады.
Шофердің бұл сөзінің жаны бар. Америка одақтасымыз соғыс кезінде
көмекке берген əлгі аталған машиналар, шіркін, машина - ақ қой. Жол
талғамайды. Балшық демей, қар демей, кешіп - жарып жүре береді. Студент
кезімде бір рет қыстыгүні өзіміздің ауданға студавеккерге отырып барған
едім. Қайқы деп аталатын тау жотасын борам Сосын, қалың омбы қар
басып қалған екен. Жол дегеннен дым жоқ. Ар жақ, бер жақтан келген
машиналар өте алмай, аязда иіріліп тұр.
Мен отырған студавеккер əй - шайға қарамады. Өгізше өкіріп келіп,
омбы карды тұмсығымен қойды да кетті. Мұз жарғыш кеме дерсің
сойқанды. Тіліп - жарып, талқандап кетіп барады. Əбден сілелеп, күші
келмей қалғанда ғана тоқтап, кейін шегінеді. Сосын бар күшімен өшіге
екпіндеп келіп, тағы сүзеді. Осылайша жар болып бітелген омбы қарды қақ
жарып, өтті де кетті. Екі жақта иіріліп тұрған өзге машиналарға жол
ашылды. Студавеккердің ғажап машина екенін мен сонда көргем.
Қаланы аэропортпен жалғайтын үлкен тас көшенің бойында шофер
екеуміз кеш батып, қас қарайғанша тұрдық. Арлы - берлі ағылып,
машинаның түр-түрі өтіп жатыр. Бірақ бір де бір студавеккердің қарасы
көрінбейді. Соғыс кезінде, соғыстан кейінгі жылдары көп болушы еді. Енді
азайып, құри бастаса керек.
Жапалақ-жапалақ су қар əлі жауып тұр. Жер беті, үйлердің шатырлары
кəдімгі қыс келгендей ақ көрпеге оранды.
Машина кузовындағы жүктің де бұл кезде болары болды. Сары
гардеробтың болары болды. Енді аяйтын да, аянатын да ештеңе қалмады.
Шофер жуас жігіт көрінеді. Қаланікі емес. Қаскелеңнен осында зат
алуға келіп едім дейді. Өзі плащсыз. Фуфайкасының иығы дір-дір етіп, тона
бастағанын көріп, аяп кеттім.
— Осы маңнан бір жерден бірдеңе тауып ішіп, əлденіп, жылынып алсақ
қайтеді? Сосын көрерміз.
— С удовольствием!
Шофердің даусы тым қуанышты шықты.
Машинаға қайтып келдік. Бəрі қаз қалпында. Зағыш, Жамалжаным
екеуі екі көздері төрт болып, кабинада қамалып отыр. Бой жазып, сыртқа
шыға да алмайды. Шықса, айналадағы қара балшықтан аяқ басып, жүре
алмайды.
Бізге үй жалдамақ болғандар орыстың кемпір, шалы еді. Тұрмыстары
жүдеу, кедей жандар. Жылы үйде отыра тұру үшін біз Зағыш пенен
Жамалды сонда алып келдік. Олар біздің тап іргеге, жап-жақын жерге
келгенде мүшкіл болған халімізді білгенде, қап деп, жандары шынайы
ашып, қиналып өкінумен болды. Өзі қайғылы адам басқа біреудің
қайғысып тез түсінеді жəне оған ортақтасқыш келеді.
Пештеріне от жағып, Зағыш пен Жамалға ыстық шай ұсынып, кемпірі
де, шалы да жігі -жапар болды да қалды.
Əуелі бір жерден тамақ тауып ішіп əлденеміз. Сосын трактор немесе
студавеккер тауып алып, тығылған машинаны, қалай да, шығарамыз деген
сеніммен шофер екеуміз жөнеп отырдық.
Қарын аш, өзіміз мықтап тоңғанбыз. Енді күйленіп, жан шақырып
алмасақ, оған дейін басқа дүние қараң.
Бірінші Алматының вокзалынан бір-ақ шықтық.
Жаз. Демалыстамын. Жылына жалғыз рет берілетін демалысты, мүмкін,
болғанынша дұрыстап, пайдалы өткізу жөнінде көп ойлап, бас қатырып
жататын кез емес. Жаспын, күш - қуатым азаймаған. Денсаулығым мықты.
Курорт, санаторий деген сөздерді жүре тыңдаймын.
Тұруға, азын-аулақ жұмыс істеуге қолайлы баспанам болса, курорт
деген, мен үшін, міне сол.
Мезгілімен тойып тамақтансам, мезгілімен ұйықтасам, курорт деген
мен үшін, міне сол.
Дені сау, жас адамға басқа не қажет?
***
Өстіп демалысымды, өзімше тамаша өткізген боп, шалқып жүрген
кезімде, бір күні, жасы менімен тең - тұс, көңілдес Ақтақаш кездесіп
қалды.
Ақтақаш əскерде атақты 28 гвардияшы-панфиловшылар дивизиясында
қызмет еткен. Өмірдің ыстық-суығын бастан кешіп, ысылған алымды, өжет
жігіт. Олдағы əдебиетші. Əдебиетті терең де, нəзік түсінеді. Сын мақалалар жазады. Орыстың классик жазушыларының том-том кітаптарын
бұрқыратып аударып, ақшаны қап-қап етіп табады. Жолдастыққа берік, мол
қол, ақжарқын.
Амандықтан кейін:
— Не жаналық бар? — дедім..
— Жаңалық сол — дөй бастық болып кеттік, — дейді. Ақтақаш. Үлкен
беттері жалпиып бір түрлі қуана күлімсірейді. Тегі, өзіне өзі риза секілді.
Meн ынтығып;
— Қандай бастық?
— Киностудияның сценария бөліміне бастық етіп қойды.
— Құттықтаймын!
Бастық болғам соң өзіне жақын адамдарға шапағатын тигізуі қажет.
— Əй, сен журналды қойып, келсеңші бізге, — деді Ақтақаш. — Маған
бір редактор керек. Қазақшаға аударылатын фильмдердің текстін
редакциялайсың. Жұмысы жеңіл. Жылына, не бəрі, он шақты фильм
аударылады. Қаламақы дейтін бізде жетерлік. Өзің де аударасың. Сосын,
киностудия қаланың шетінде өзінің қызметкер, жұмысшыларына арнап,
финский үйлер салын жатыр. Содан үй алып берем.
Мейлінше ақкөңіл Ақтақашта бөсіңкіреп сөйлейтін мінез бар. Мен
өйтем, мен бүйтем деуінен сол байқалады. Дегенмен істеймін дегенін істей
алатын жігіт. Оның төбемнен үйіп - төккемн көп жақсылығының ішінен
«үй əперем» деген сөзі өте ұнап кетті де, ойланбастан:
— Мақұл,— дедім.
Орыстың мақалы бар емес пе: «человек ищет где лучше, а рыба где
глубже».
Сөйтін кино қызметкері болын шыға келдім.
Менің киноматографиямен істес болуым сонау соғыс кезінен, атақты
кинорежиссер Сергей Эйзенштейн Алматы маңында «Иван Грозный»
кинофильмім түсіріп жүрген уақыттан басталатынын оқушы ұмыта
қоймаған шығар. Міне енді дəм айдап, Ақтақаш себеп болып, киномен
жəне тоқайласып отырмын,
Арты немен тынатынын бір құдай өзі білсін.
Ақтақаш бастығым екеуміз бір кабинетте. отырамыз. Оның столы,
əрине, төрде. Менікі босағада.
Оның столы, əрине, екі тумбалы. Менікі бір тумбалы. Бастық пен оған
бағынышты қызметкерді бетпе-бет қатар отырғызып қою, немесе түр-түсі
бірдей столға отырғызып. қою — ол əбестік болар еді. Жұрт, сосын, бастық
кім? Бастық емес кім — қалай айырады?
Бастығым не жұмыс атқаратынында менің шаруам шамалы. Ал өз
міндетім қазақшаға аударылған фильмдердің текстін қарау. Соны
редакциялау.
Кино əр елде, əр тілде түсірілетіні белгілі. Кейіпкер басқа тілде
сөйлейтін сөз қазақшаланғанда дəл сол көдемде болуы шарт. Қазақ актер
айтқан кезде фильмдегі геройдың аузының қимыл - құбылысына, мүмкін
болғанынша, сай келуі қажет. Маған қойылатын бар талап міне, осы.
Ақтақаштың былай, былай ет деп көрсетуімен жəне режиссердің аздыкөпті жəрдемімен мен бұл жұмысты аз уақыттың ішінде дөңгелетіп
əкеттім.
Жазушылардың бірдей болмайтыны секілді аудармашылар да бірдей
емес.
Жақсы аудармашы аударған текстін редакциялау, əрине, жеңіл, тіпті
қызғылықты. Одан көп нəрсе үйренуге болады. Ал нашар аудармашы
аударса, азап.
***
Киностудияда бұрыннан келе жатқан, қалыптасқан бір қыңыр тəртіп,
дұрысы тəртіпсіздік бар екен. Дубляж жасалынатын фильмнің текстін кез
келген аудармашы аударуына болмайды, Кинематография министрлігі
бекіткен, ешкім қол сұғуғa болмайтын тізім бар. Аудармашылар тізімі. Он
шақты адам. Фильм текстін тек солар аударуға праволы.
Ол тізімдегілер кімдер? Кіл ығай мен сығай сұрыпталған таңдаулы
аудармашылар болар? Жоқ, олай емес. Шетінен кездейсоқ жандар.
Кейбіреулерінің мұрындарына көркем аударманың иісі барып та
көрмегендер. Ондайлар фильм текстін аударуды творчестволық еңбек деп
қарамайды. Оңай ақша табудың көзі ретінде қарайды.
Нантабар халтурщик кəдімгі.
Менің жүйкемді тоздыратындар міне солар. Олардың шатпырақ нашар
аудармасын бастан-аяқ талқандап, қайта істеумен болам. Азабын мен
тартам.
Нені де болса бұзып, қайта істеу, əрқашан, азап.
Егер билік менде болса, аударылатын текстін тек қолынан іс келетін
жақсы аудармашыларға берер едім. Билік, бірақ, менде емес. Кейде, тіпті,
Ақтақашта да емес. Аударылатын фильмнің текстісі біздің бөлімге
дирекция арқылы келіп түсе- ді. Бастықтардың бірінің қолымен «осыны
пəленге аударуға беріңіз» деген сəлем хат тіркеліп, қоса жетеді. Жүрегіңніц
түгі болса, сен оны тыңдамай көр. Нашар аудармалар дүниеге міне осылай
келеді.
Тас болып қалыптасқан, іске кесел əлгі тəртіпті мен бұздыра алмай
əлекпін.
Уақыт та, еңбек те зая кететін, ақылға сыймайтын бұдан басқа да артық
əуре-сарсаң дубляждың төңірегінде жетерлік.
Киностудияның директорына мен бірнеше рет кіріп, айттым осы
жайды. Жоқ, көнбейді.
Ақтақашқа айтсам, ол да қолды бір-ақ сілтейді:
— Құрсын, мен де талай айтқам. Тыңдамайды, — дейді.
Қалыптасып, орын теуіп қалған. бір келеңсіздікті өзгерту үшін, кейде,
он ақылды бастың əлі келмейтінін өз көзіммен көрдім.
Сол кезде жаңадан құрылған, аты дардай Казак ССР Кинематография
министрлігі дейтін болған. Бірақ ол көп жасамады. Біраздан соң жойылды.
Істейтін, тындыратын ісі болмаса, жойылмағанда қайтеді?
Министрлік болған соң дағарадай зор кеңсе, мол аппарат.
Министр Жақыпов.
Оның орынбасарлары...
Республикада жалғыз ғана көтерем киностудия бар. Ол — мен кызмет
істеп жүрген «Казахфильм». Жылына не бір, не екі толық метражды
фильмді күшеніп, əрең, жасап шығарады. Əлгі аталған дардай Казак ССР
кинематография министрлігі міне - осы жалғыз студияны басқару үшін
құрылғандай еді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 20
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.