Latin Common Turkic

Өлгендер қайтып келмейді - 05

Total number of words is 4142
Total number of unique words is 2424
32.3 of words are in the 2000 most common words
47.6 of words are in the 5000 most common words
54.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өттік. Міне енді екіншісінен өтпекшіміз. Бұл тұрғaн əскери эшелон екен.
Жүктерінің үстін кенеппен бүркеп, жауып алған. Автомат ұстаған
күзетшілері бар, Эшелонның астынан өтіп, əрмен шыға берген кезде кенет;
— Стой!—деген дауыс саңқ ете қалды,
Төбемізден жай түскендей болды.
Алдымызда жəне бір эшелон тұр.
Біз алға емес, артқа қарай қаштық. Составтардың астынан еңбектеп
өтіп, зытып келеміз. Былайғы жақ беті ашық, қараңғы. Бірімізден біріміз
кез жазбай, сол тұңғиық қараңғыға тезірек сіңіп жоғалғанша асықпыз.
Əлгі дауыстың иесі соңымыздан тасырлатып қуып келе жатқан тəрізді.
Мен алдамын, Ілияс менің соңымда.
Кенет, бір ылди жарқабақтан күмп етіп түстім де кеттім. Қараңғыда
ештеңені де көрмеймін. Сөйтсем, əлгі арада көлшік су бар екен. Былш етін
белшемнен кірдім де кеттім. Суық суды құшақтап жығылып барып, əзер
тежелдім.
Артымдағы Ілияс суға жетпей тоқтады.
Судан малшына сүйретіліп қайта шықтым. Арт жақтан қуғыншының
тысыры білінбейді. Əйтеуір сол абиыр болды. Енді аяқ басып жүруге халім
жоқ. Əрі қалшылдап тоңып бара жатырмын.
Ауыстырып киетін құрғақ қиім менде жоқ. Енді қалай еттім? Үсіп
өлемін -нау деген қорқынышты ой миымды шағып барады.
Əлгі арадан былай таман барып, су болған киімдерімді шешіп, сыға
бастадым. Сырт киімім мақталы шолақ пальто, оның етек жағы, алдыңғы
өңірі малшынған су. Ілияс құрғақ пальтосын маған берді. Менің пальтомды
қолына ұстап алды. Енді не істейміз? Вокзал жаққа баруға жүрегіміз
дауаламай - ды. Мына су-су болған түрімізді көріп, кім де болса сезік
ойлауы ықтимал.
Темір жолдың бұл жақ беті елсіз, станция үйлері вокзалдың ар жағында.
Бұл арадан бізге жарқыраған оттары көрінеді, иттердің əупілдеп үрген
дауыстары естіледі.
Оңтүстік-шығыс жағымызда қарайған бір шоғыр ағаш байқалады, соған
таман келдік. Ағаштың ірге шетінде сыртын тікенек сыммен қоршаған бір
мая шөп түр. Біз қоршаудан оп-оңай секіріп, ішке түстік. Шөп құп-құрғақ,
майда шеп екен, ой қуанғанымыз - ай. Өлмегенге елі балық жолығады
деген осы да. Біз енді осы шөпке түнеп шықпақшы болдық.
Маяның күнгей жағын үңгіп, екі адамдық қуыс орын жасадық. Су
болған киімдерімнің бəрін шешіп, жайып тастадым. Ілиястың құрғақ
киімдерін екеу ара жамылып, оның сыртынан шеппен бастырып,
қойындасып жатырмыз. Астымызда қалын шөп, əрі жылы, жұмсақ. Мөпмөлдір желсіз əдемі түн, таза ауа. Əлгіндегі тіліміз аузымызға сыймай
шөлдегеніміз, қарнымыздың ашқаны бəрі де ұмыт болған.
Қатып ұйықтап қалыппыз.
Оянсақ таң атып, күн шығып кетіпті. Төңірек жарқырап тұр. Жерге,
үстіміздегі жамылған шөпке шықтанып қырау тұрған. Маңайымыз иен
дала. Күн жылыныңқырасын деп, жылы төсекті қимай, біраз жата түстік.
Менің жаюлы жатқан киімдерім аздап дегдігенмен əлі кеппеген.
Күннің шұғыласы бірден бірге молайып, қызуы өтімді болып барады.
Шөпке қонған шық еріп, женіл ғана бу болып көкке көтеріледі. Станция
жақтан паровоздың ақырған, қозғалған дыбыстары естіліп, жата бермей,
тұруымыз керектігін, тіршілік қамын істеу қажет екенін еске салады.
Ашпыз, ішімізде түк қалмаған. Кепкен нанды қытырлата беруге тəбет
соқпайды.
Тым құрса, ыстық су боп, батырып жеуді арман етеміз.
Тұрып, киініп жатырмыз.
Аяқ жаққа шөпке көміп қойған бəтіңкелерімнің біреуі бар да, біреуі
жоқ. Міне жұмбақ. Əрі іздеп, бері іздеп, таба алсамшы. Қайда кетуі
мүмкін? Біреу келіп алса, екеуін бірдей алар еді. Ашықтан ашық жаюлы
жатқан киімдерімді қоса алар еді.
Ой тоба, жер жұтты ма, не болды?
Бəтіңке табылмады.
Бұл мен үшін өте бір киын жағдан. Жалан аяқ қалай жүрем?
Магазиннен сатып ала қоюға осы кезде ешқандай киім атаулы табылмайды.
Ал аяқ киім тіптен қат.
Менің бəтіңкем болса, ФЗО берген былғарысының қалыңдығы бір елі,
аяққа да сондай жайлы, су жаңа мынау деген жұмыскер бəтіңке еді. Жарты
жыл мойымай киіс беруге бар еді. Ол тəрізді аяқ киім бұл кезде өл, тіріл
оңайлықпен табылмайды.
Бəтіңкем табылмасына көзім жеткеннен кейін еңсем түсіп кетті.
Ілияс жолдастыққа жақсы бала. Менімен бірдей қиналып, іздесіп жүр.
Ақыры табылмаған соң:
— Мына станцияда базар бар шығар. Содан бір аяқ киім табылар сатып
алуға,— деп мені жұбатқан болады.
Одан басқа жол жоқ.
Станцияға қарай келе жатырмыз. Масқара болғанда, мен жалаң аяқпын.
Сыңар бəтіңкемен қалай жүрейін. Бір қажетке жарар деп тастауға кезім
қимай, дорбама салып алғам.
Біздің келе жатқанымыз жалғыз аяқ көнелеу соқпақ жол. Кенет дəл
алдымыздан жоғалған сыңар бəтіңкемнің кездесе кеткені! Жолдың үстінде
жатыр мені тосып. Тап сол! Қуанып кетіп, алып қарасам, қонышын бір
нəрсе мыжғылап шайнап тастаған.
Көп зиян келтірмеген,
Біз енді білдік, ит пе, түлкі ме, болмаса басқа бірдеңе ме, түнде біз
ұйықтап жатқанда, бұны ұрлап əкеткен. Тамақ етпек болған. Бірақ жеп
жарымаған.
Бəтіңкемнің табылғанына шешем ұл тапқандай қуандым.
Станцияға тура жүріп баруға батпай, арғы поселок жақтан айналып
келдік. Вокзалдың асханасында бұршақтан істелген буы бұрқыраған, əрі
ыстық, əрі қою көже бар екен. Екі-екі сыбағадан алып ішіп, несін айтасың
бір жетістік. Өмірі мұндай дəмді тамақ ішіп көрмеген тəріздіміз.
Ілиястың ұнжырғасы түсе бастаған.
— Алматыға, бəрібір, жете алмаймыз. Одан да Қарағандыға қайтып
барсақ,— деген сөзді айтады.
— Енді барғанымыз ұят емес пе?
— Несі ұят?
— Ұят түгіл, масқара емес пе? Шешінген судан тайынбайды. Не керсек
те енді шыдаймыз.
Станция үлкен станция болғандықтан ба, перронда əскери патруль мен
милиция қабаттасып жүр. Поезға мінетін жұртты билеттерін тексеріп
шығарады. Бейсауат ешкімді темір жолға жолатпайды. Кеш түсіп, қас
қараймай, поезға отыра алатын емеспіз.
Жолаушылар залында мелшиіп отыра беру жəне ыңғайсыз. Əлсін-əлсін
милиция келіп, шолып қарап кетіп жүр. Не поезға мінбей, не кетпей,
сарғайып не бағып отырсыңдар демей ме. Қашан түс ауғанша қалашықты
аралап жүріп қайттық. Əбден шаршап, қарнымыз ашқан кезде, вокзалға
кайта кайтып келдік. Манағы дəмді көжеден екі-екі сыбағадан жəне алдық.
Уақытты соза түсу үшін асықпай-саспай ішіп отырмыз. Халық асханада
онша көп емес, бір столда Ілияс екеуміз ғанамыз.
Қарны тойған адамның бей-жай келетіні белгілі. Тамақтан соң манаурап
ұйқымыз келе бастағандай. Жатып ұйықтар жер болса, қисайып, қор ете
қалу арманымыз.
Ондай рақат жағдай біз үшін қайда?
Маңдайымызды қолымызбен тіреніп, қалғып-мүлгіп отырмыз. Солай
отырып Ілияс та, мен де кезіміз ілініп, ұйықтап кетіппіз.
Кенет асхананың іші топырлап, қаптап кірген адамнан дүр ете қалды.
Біз шошып ояндық, Жолаушы поезы келіп тоқтаған болуы керек. Халық
лақ етіп қаптап түскен.
Мен нан салған дорбамды артыма орындықтың арқалығы мен екі араға
қойып, бөксеммен тірегендей болып отырғам. Сипап қарасам дорбам жоқ.
Жүрегім су ете қалды. Ұшып тұрып, алақ - жұлақ қараймын, жоқ. Қара
басып, ұйықтап отырғанымды көрген де, қақшып əкеткен.
— Дорба! Нан салған дорба көрдіңдер ме?—деп без-без еттім. Көрдік
деп, кім айтсын.
Өмір бойы жинаған мүкəмал — дүниемді ұрлатсам, дəл мұндай
өкінбеспін. Маңайымдағы топырлаған жұртты шетінен түтіп жеуге
дайынмын.
Қазіргі кезде біз үшін тамақтан қымбат не бар?
— Өй, ит екенсің, арт жағына кісі дорба қоя ма!—деп Ілияс күйіп пісулі.— Ал енді аштан аш жетіп кер ауылға, — деп табалағандай болады.
Ішім удай ашып, кімге ұрынарымды білмеймін. Кім алғанын титтей де
болса сезсем, қолында өлер едім.
Нан салған дорбаның біреуісі Ілияста. Мендей емес, ол ақылдылық
істеген. Дорбаны тамақ ішкен кезде де, қалғып отырғанда да алдына
тізесінің үстіне қойып, қарнымен басып, екі қолымен құшақтап отырыпты.
— Бəлем, тоқтап тұрсын, мен де біреуді зар қақсатармын! — деп,
ашынып, Ілиястың алдында ант беріп жатырмын.
Ұры итте ұят, нысап болмайтын көрінеді. Болса, осымен бір емес,
бірнеше рет жəукемдеді. Қоймай ма?
Бір жеті уақыт өтті.
Бір жетіден бері біз қашқынбыз. Бетке алған нысанамызға қарай
итшілеп жылжып келеміз. Омск, Томск, Новосибирск қалалары артта
қалды. Қазір енді Алтай өлкесінде келе жатырмыз. Бір күн, жарым күнде
Қазақстан шекарасына ілінуге тиіспіз. Əрмен қарайғы сапарымыз онша
киын болмас.
Алматыға жетсек, Қарасазға жеткеніміз.
Үйге жеткеніміз.
Еркін Мамырбаевты тосып тұрған айқас бар. Қазандай қайнаған ашуым
əлі сол қалыбында.
Тек жетейін Тұйыққа.
Біз көбінесе, жүк поездарына жабысып, түнде жүреміз.. Күндіз дем
аламыз, немесе үлкен қалалардан жаяу етеміз. Реті келген жағдайда
жолаушы поезына да жармасып, мініп аламыз.
Вагонның ішіне жоламаймыз. Біздің орнымыз тамбурда. Яки болмаса,
ашылмайтын есіктің сыртындағы басқыштың үстінде. Қонақтаған
торғайша жабысып алып, кете барамыз.
Вагонның төбесіне шығып алатын да кездеріміз болады. Бірақ бұл арада
пана жоқ, əлем-жəлем тым суық. Ұзақ шыдау мүмкін емес.
Кейде, түнде, жұрт ұйықтап жатқан кезде, ақырындап вагонның ішіне
де кіреміз. Ондайда біздің сағалайтынымыз дəретхана.
Соның есігі ашық болса, дереу кіреміз де, ішінен кілттеп аламыз.
Қашан есікті тақылдатып, қуып шыққанша кетпейміз.
Поездан поезға жабысып, «қоян» болып келе жатқан Ілияс екеуміз ғана
емеспіз. Ондайлар көп. Жол-жөнекей біз олардың біразымен жүз таныс
болып алдық. Милицияның немесе поезд қараушылардың қарасы
көрінгенде:
- Атанда! Атанда! Келіп қалды! — деп бірімізге біріміз хабар беріп,
тым-тырақай қашамыз.
Жылжи жөнелген поездың өн бойынан бірімізді біріміз жəне байқап,
барсың ба, бармын дегендей боп, бас изесіп, күлісіп, тас кенедей жабысып,
тағы да келе жатамыз.
Жол азық нанымыз таусылған. Қалтада бар ақшамызға біраз нан сатып
алдық. Соны үнем етіп келеміз.
Барнаулдан жаяу өттік. Алдағы разъезге дейін құм кешіп жаяу келдік.
Қас қарайған кезде əлгі арадан үстіне кіл бөрене ағаш, əр алуан тақтай
тиелген жүк поезына отырдық.
Адамша бел шешіп жатпағанымызға, адамша беті - қол жумағанымызға
табаны күректей бір жеті.
Үстіміздегі киімдеріміз бұл уақыттың ішінде мейлінше ластанып,
былғанған. Тас көмірдің күйесі бейне қара май жұққандай болады екен.
Қағып сүрткенге кетпейді, одан əрмен айғыздалып былғана түседі.
Біздің қазіргі кездегі түріміз қайыршының түріндей.
Түн бүгін ерекше суық болды, қалшылдап жөнді ұйықтай алмай
шықтық. Жуандығына құшақ жетпейтін нəн бөренелер тиелген вагонда
келе жатырмыз. Ең үске, екі бөрененің арасындағы қуыссымаққа бірімізге
біріміз жалғасып тізбектеле жатқанбыз.
Төбеміз бен төбеміз түйісіп жатырмыз.
Таң атып, күн шыққанын білеміз. Қазақстан шекарасына жақын қалған
болуға керек. Тағы біраз жата түскіміз келді.
Күн біртін-біртін биіктеп, жылуы молая түскен сайын бойымыз
жадырап, сүйсінеміз. Содан екеуміз бірдей қатып ұйықтап қалған екенбіз.
— Ей, вставай! — деп біреу иығымнан жұлқығанға көзімді ашып
алдым. Эшелон тоқтап тұр. Күн көтеріліп сəске болған. Станция басы.
Перронда əрлі-берлі жүрген адамдар.
Плащ, кепке киген біреу Ілияс екеумізді жұлқып оятып тұр.
— Түсіңдер!
Ұйқы шайдай ашылды. Біріміздің соңымыздан біріміз салбырап түсіп
келеміз. Перрондағы жұрт бізге сайтан көргендей таңырқап қарайды.
Станцияның аты Чепуново
Əлгі адам бізді вокзалдағы милиция бөлмесіне əкеп кіргізді.
— Отырыңдар.
Біз отырдық. Əкелуші сырт киімдерін шеше бастады. Біздің көздеріміз
атыздай болды. Өйткені, ертіп əкелуші жай ғана біреу емес еді. Милиция
формасындағы лейтенант. Кепка мен плащты сыртынан танытпас үшін
əдейі киген.
Ол енді бізбен сөйлесуге асығатын емес. Шашын баптап тарап,
белбеуін, жамбасындағы наганын түзеп, содан соң столдың ар жағындағы
өз орнына жайымен барып отырды.
Қармағына ілінген балықты кете алмастай етіп жіпке тізіп, көңілі жай
тауып, бипазданған балықшы тəрізді.
Біз желбезегінен ілініп, жіпке байланған балықтармыз.
— Ал, жігіттер, жөн білісе отырайық. Кімдер боласыңдар? Қайдан
келесіңдер?
Жаттанды жауап дайын. Қарағандыдан келеміз. Қолөнер училищесіне
оқуға барған едік, денсаулығымыз жарамай, қабылдамады. Документ пе?
Документіміздің бəрін чемоданымызбен қоса ұрлатып алдық... Поезға
алған билетімізге дейін сонда кетті...
- Жүк поезымен жүргені үшін соттайтын указ бар, сендер оны
білесіңдер ме?
Біз иығымызды қомпаң еткіздік, білмейтінімізді айттық.
Темір жолдан шалғай жатқан ауылдың балалары болғандықтан темір
жолға қатысты заң тəртіпке мүлдем сауатсызбыз.
— Білмесеңдер, енді білетін боласыңдар.
Лейтенант сыртқа шықты да, бір милиционерді соңынан ерте кірді.
Бізді нұсқап:
— Міне, мыналар — деді.
Кəдімгі қылмысты адамды айдағандай, əлгі бізді алдына салып, айдап
жөнелді.
Көше-көшенің арасымен əкеле жатыр. Қайда апарады, не істейді, біле
қоймаймыз.
Сырт аумағы биік етіп тақтаймен қоршалған оқшау бір үнге əкелді.
«Чепуново аудандық милиция бөлімшесі» деген жазуы бар. Істің насырға
шауып бара жатқанын енді айқын сезініп, жүрегіміз зу ете қалысты.
Кезекші бөлмесіне кіргізді. Тінте бастады. Қалған - құтқан
ақшаларымызды,
белбеулерімізді,
қағаз
қарындаштарымызды,
бəтіңкелеріміздің бауларына дейін сыпырып алды. Менің .шалбарымның
белі кең еді. Белбеуімді суырып алған кезде салқ етіп, аяғымның басына
бір-ақ түсті. Сасқанымнан мықшың ете қалыппын.
— Енді қайтем?— десем;
— Ышқырыңнан қолыңмен ұстап ал,— деп күледі,
Қораның ішіне алып жүрді. Үйдің асты жерден қазылып істелген
абақты екен, соған əкелді.
Темір есік, зор қара құлып. Саудырлаған кілттердің біреуімен аша
бастады. Қамағалы жатқанына көзіміз жетіп, жанымыз түршігіп, зəреміз
ұшып кетті.
Əуелгі кіргеніміз абақтының алдыңғы далан үйі. Кер секілді дымқыл да,
ала көлеңке. Екі жақта екі есік байқалады: бірі дəл бет алдымызда, екіншісі
оң қол жақта. Милиционер оң қол жақтағы есікті ашып қалғанда, ар жақтан
телміре қараған, сақал-шаштары өсіп кеткен, қуқыл жүзді біреулер көрінді.
Илеген терінін иісі тəрізді жыныққан қапырық иіс бұрқ ете қалды.
Камераға айдаһардың аузына кіріп бара жатқандай үреймен кірдік.
Тоқсан бес көрейін деген жасым ба еді,
Быламық ішейін деген асым ба еді...
Ес білгелі басыма неше алуан қиялдар, ойлар келгенмен түрмеге де
түсермін - ау деп, ешқашан ойлаған емес едім. Дəм айдап, оны да көрдім.
Жақсылық пен жамандық ұстара жүзінің екі қапталы тəрізді нəрсе екен.
Біреуінен аяғың тайып кетсе, екіншісінен бірақ барып шығасың.
Аты суық, түсі суық абақтының ішінде отырғаныма сенер - сенбесімді
білмеймін.
Жамандық адамға ал сақтан, мен келе жатырмын деп, тісін ақситып
келмейді екен.
КПЗ - да бір жетідей отырдық. Содан соң, сот болды. Ілияс екеумізді
сотқа айдап барды.
Мынау міне аудандық, соттың кеңсесі.
Біздің алдымызда біреулердің ісін қараса керек. Сот кеңсесінің алды
үйір-үйір адамдар. Көпшілігі қарттар, əйелдер. Сот мүшелері көрінбейді,
сірə, тамақтануға кетсе керек.
Бізді бос залға кіргізіп, ең алдыңғы қылмыскер отыратын скамейкаға
отырғызып қойды.
Бұл кезде Ілияс та, мен де əбден жүдеп-жадағанбыз. Көздеріміз
шүңірейіп, мойындарымыз қылқиып, дəл бір сал аурудан тұрғандаймыз. Əл
жоқ, қылжиып жата кеткіміз келеді. Өстіп қаздиып отырудың өзі ауыр.
Тезірек соттап, камераға қайтып алып баруын тілеп отырмыз.
Əлсіздіктен басымыз айналып, көзіміз қарауытады.
Жұрт бізге аянышпен қарайды.
Ана жүрегіндей мейірбан жүрек дүниеде бар деймісің. Түр - түсі
кедейлеу, қартаң орыс əйелдерінің біреуісі үйіне жүгіріп кетіп, жарты бөлке
нан алып келіп:
— На, миленькие, кушайте,— деп, Ілияс екеумізге бөліп берді.
Қарпып жеп жатырмыз.
Бет жүзі əжім-əжім сол əйелді, оның жақсылық қылығын мен еш
уақытта ұмытпаймын.
Сол көп сұрап, бас қатырып жатқан жоқ.
Жүк поезымен жолаушы жүргендерін рас қой?
— Рас.
Бұның қылмыс екенін мойындайсыңдар ғой?
— Біз білгеміз жоқ.
— Білген, білмегендерін қажет емес. Жүк поезымен жол жүру — ол
қылмыс. Сендер сол қылмысты істеген адамсыңдар осыны
мойындайсыңдар ма?
— Мойындаймыз...
Сот кеңесуге кетті. Қайтып келді. Бір-бір жылдан бас еріктерінен
айырылсын, жазаны еңбек түзеу колониясында өтесін деп, үкім
қабылдапты.
Болды, бітті. Заңның аты — заң. Статьяға тура келіп тұрған соң, кесті де
салды.
ФЗО - дан қашқандығымыз жайлы бір ауыз да сөз жоқ.
Тағы да КПЗ.
Екі үш күн өткенде, Барнаулға жөнелтті. Мұнда алып келген күші кенет
ыстығым көтеріліп, ауырып қалдым. Ауруханаға түстім. Бір жетідей жатып,
сақайып, қайта қайтып келсем, Ілияс досым камерада жоқ боп шықты.
Оны этаппен колонияға жөнелтіп жіберіпті.
Содан қайтып мен Ілиясты көрген емеспін. Мейірімсіз тағдыр
қасымдағы жалғыз серігімді де кеп көріп, бөліп əкетті.
Ғұмырымның бір жылын колонияға беріп, міне енді елге кайтып келе
жатырмын. Қоңыраудан қонырауға дейін тұра он екі ай отырдым. Қапаста
өткізген бір жыл мен үшін естен кетпес мектеп болды.
Құйрыққа жақын вагонның біреуінде, үстіңгі орында киімсымақ
бірдеңелерімді астыма төсеп, кенеп дорбамды басыма жастап, шалқамнан
түсіп жатырмын, Алматыға жеткенше бірнеше күн. Талайдан бері қанбай
жүрген ұйқымды əбден қандыруыма, бұл бір жылдың ішінде бастан
кешкендерімді қиялыммен көз алдымнан өткізіп, ақыл таразысына салуға
енді толық мүмкіндік бар.
Қапастың аты қапас. Жұртты оған демалсын деп апармайды. Оның
үстіне қиын кез — соғыс уақыты. Былайғы бостандық өмірдің өзінде де
жан бағу оңай емес.
Бұл бір жылдың ішінде мен аш та болдым, жалаңаш та болдым.
Қабырғам қайысқан неше түрлі ауыр жұмыстар атқардым. Бəріне де көніп
шыдай білдім.
Қапасқа кіл оңбағандар түседі деп қарау жаңсақ ұғым. Мұнда да əр
түрлі адамдар кездеседі. Біреуден жақсылық көрсең, біреуден жамандық
көресің.
Колонияға келген күні алты жүз елу грамдық паек нанымды бір тістеп
жеместен ұрлатып алдым. Күні бойы жаяу жүріп, өлермен болып келгенбіз.
Кереметтей аш едім.
— Наным! Наным! Кім алды?—деп, құр орнын сипалап, зарладым да
қалдым.
Ғұмырымның жартысы жоғалған нанмен бірге кетті.
Ішім удай ашып, жігерім құм боп, шешем өлгендей боздап жылап
жібердім.
Бірде - бір адам неге жыладың демейді. Мына сорлы сорлап қалды-ау
деп, жұбату айтпайды. Аянышпен қараған бір көз байқалмайды. Бəрі де:
шоқ, шоқ! Сол керек өзіне, əкеңнің үйінде емес екеніңді білуің керек еді.
Енді бұдан кейін ақылдырақ боларсың деп, табалайтын тəрізді.
Адам деп аталынатындардың қалың ішінде тұрып, біреуінен бір ауыз
адамшылық сөз естімегеніме одан бетер зəр жұтып, боздаған үстіне
боздадым.
Бір қолында сорпа құйған кружкасы, екінші қолында паек паны бар,
шинель киген, менен гөрі ересектеу жігіт қасыма келді:
— Не болды? Неге жылайсың?
— Нанымды ұрлатып алдым,— дедім.
— Қалайша?
— Төсегімнің үстіне қойып, енді сорпа құйғызып алуға былай бұрылған
едім...
— Ұлтың кім?
— Қазақпын.
— Не үшін түстің?
Айттым.
— Нанды қолдан шығаруға бола ма екен?
Жігіт осыны айтып, маған өз нанынан бір үзіп беріп жатыр.
Мен бұны еш уақытта күткен емеспін. Шыны ма, өтірігі ме деп ойлап,
алар - алмасымды білмедім. Мені мазақтауы болар.
Жоқ шын екен. «Мə, же» деп, шындап ұсынады..
Тəуекел деп алып жеп жатырмын.
Мұндай да адамшылығы күшті қайырымды жан болады екен-ау!
Жігіт маған барақтағы жайғасқан орным жұрттың жолындағы аяқ асты
нашар орын екенін айтты. Былай - былай өткендер үстінді басып өтеді
бірдеңеңді қақшып кетпей тұра ма?
Жүр, менің қасымда бір кісілік орын бар, соған жат. Бірімізге біріміз
серік боламыз деді.
Meн өзімнің туған ағайым табылғандай қуандым.
Осылайша екеуміз дос боп кеттік.
Адамшылық қасиеттері сом алтыннан құйылып жасалған бұл жігіттің
аты-жөні Александр Заславский, ұлты украин. ЬІндыны өте жуас биязы
ғажап адам. Соғыстан бұрын педагог екен. Армияға алынып, соғыста
болған, немістерге қолға түскен. Тұтқыннан қашып, партизан болады, одан
езімізге етеді. Мұнда келген соң əскери трибунал он жылға соттап жібереді.
Он жылды арқалаған арестант.
Саша керемет жаны нəзік, арманшыл, білім құмар жан еді. Менен қазақ
халқы, оның өткен-кеткен өмірі турасында көп сұрайтын.
Қазақстанда болуға, қазақ даласын аралауға құмартатын. Менен
қазақша сөздер үйренетін.
Мен болсам, Сашаның Украинасын көрмекке құштармын. Сашадан
украин сөздерін, украин өлеңдерін үйренем. Горбыль тақтайдан істеліп,
іші-сырты жай ғана сыланған үлкен барақтың іші азынап тұр. Терезенің
қырауы бір қарыс. Саша екеуміз киімдерімізді ортақ төсеніп, ортақ
жамылып, қойындасып жатамыз.
Тек тамақ ішуге ғана тұрамыз. Басқа уақыттың бəрінде бұйығып
жатқанды білеміз. Шешініп жату деген болмайды. Аяғымызды бүгіп,
бауырымызға тығып аламыз. Созсақ, жамылғыдан шығып кетеді де,
тоңады.
Он жамбасымыз талғанда, сол жамбасқа, сол жамбасымыз талғанда, он
жамбасқа бір мезетте аунап түсіп, біріміздің арқамызға біріміз жабысып
аламыз.
Саша бірер айдын ішінде күрт жүдеп кетті. Тұрып тамақ алуға да халі
келмейтін болды. Оның сорпа, нанын мен əкеліп берем.
Əлсіз адам сөзден де қала бастайды екен.
Бір күні баракқа бастығымыз келіп:
— Шұлық қолғап тоқуды кім біледі?—деп сұрады, Бұны еркектің кімі
кəсіп етті дейсің. «Мен білем» деген адам бола қойған жоқ.
— Гражданин начальник, қайтеді?—деп сұрадық.
— Біз сендерге жұмыс тауып бергіміз келеді. Майдандағы əскерге
жіберуге шұлық, қолғап тоқу керек.
— Үйретсе, тоқыр едік,— деп шу ете қалдық, Жұмыс істесек, нанымыз
көбейеді.
— Мақұл,— деді.
Əйелдер барағынан бірнеше қартаң əйелдерді ертіп əкелді. Олар бізге,
ынтасы барларға, ілмек бізбен шұлық, қолғап тоқуды үйрете бастады. Бір
біз бен бір домалақ жіпке мен де иемін.
— Мынаның қолы тым епті екен,— деп, үйретуші əйел мені көтермелеп
мақтап қойды.
Осылайша мен қолғап тоқуды үйрендім. Қолым қолыма жұқпайтын
шебер болып алдым. Норма бойынша күніне бір пар қолғап тоқып тапсыру
керек. Мен болсам, бір жарым, екі парға дейін тоқимын.
Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Енді менің алатын наным
көбейді.
Паек нанының үстінде қалайда бір кесім қосымшасы болады. Оны:
— Мə, жей ғой,— деп, Саша досыма берем.
Сашаның қолғап тоқуға халі келмейді.
Қарлығаштың қанатымен су сепкені тəрізді əлсіз досыма
осылайша ептеп те болса сүйеу болып жүрдім.
Күн көрістің жолын тапқан, жылы-жұмсақ орындарды жайлап алған
қулар мұнда да бар. Мəселен, Тончин мен Зенкевич.
Бұл аталған екі адам қоршаудың сыртындағы асханадан ертелі-кеш
тамақ тасып əкеледі. Барақтың түкпір жағында есігі сыртқа қарай шығатын
бөлек бөлмеде тұрады.
Тамақ таситын ыдыстарды жуып, таза ұстау, арестанттар ішетін суды
қайнату ол да осы екеуінің міндеті.
Бірақ бұлар ол тəрізді былғаныш жұмыстарды өздері істемейді, басқаға
істетеді.
Тончин мен Зенкевич тамақ таси жүріп, сорпаның қоюынан, ботқаның
майлырағынан өздеріне мол етіп, жымқырып алып қалады.
Сондықтан да бұлар тоқ.
Зенкевич қартаңдау, ұлты поляк. Тончин қылшылдаған жас жігіт.
Тамақты көп ішетіндіктен жұрт мешкей Тончин атап кеткен.
Тоқтықтан бұл екеуі кесір болып алған. Қолдарына балан біреуді
қызметші етіп ұстайды. Əлгі айтқан от жағу, су ысыту, тамақ таситын ағаш
бөшке, ағаш шелектерді жуу тəрізді лас жұмыстардың бəрін соған істетеді.
Арестант арестантты малай етеді.
Менің елгезек мінезіме қызықты ма, қайдам, бір күні Тончин:
— Бізге от жағушы боласың ба? — деді.
— Болам.
Барактан, Сашаның қасынан, енді кетуіме тура келді. Тончин мен
Зенкевичтердің бөлмесіне ауыстым. Осында жатып, осында тұратын
болдым. Қарын жағы тоғайды, мейлінше тоғайды. Бірақ оның есесіне
жұмыс ауыр.
Тончин мен Зенкевичтің жасырып қойған ботқа, көжесінен олар жоқта
каңылтыр кружкаға жымқырып салып, немесе, құйып алам. Барактағы
Саша досыма апарып берем. Саша шинелін бүркеніп жатып, ешкімге
көрсетпей соғып алады.
Бip құлдыраған адамның сергуі қиын болады екен. Сашаның осы күнгі,
көктем таяп қалған кездегі, халі тіптен аянышты. Қармаққа шаншыр ет
қалмаған. Бет жүзіне тіке қарау біртүрлі қорқынышты, көзі өлген малдың
көзіндей нұрсыз. Адамға меңірейіп, шала таныған көзбен қарайды.
Бой жазып жүре алмайды. Маймыл тəрізді төрт тағандап еңбектеп
қозғалады. Барақтың ырсиған еден тақтайының ара - арасынан күзде
молшылық кезде түсіп, кептеліп қалған шикі арпа, шикі бидай дəндерін
шұқып шығарып алып, жеп отырады.
Менің Сашаға жасырып тамақ тасып жүргенімді Тончин қу сезіп қалса
керек. Бір күні кешқұрым дəретханаға баратын сылтаумен сыртқа
шыққанымда, Тончин соңымнан қуа шығып:
— Тоқта!—деп, тоқтатып алды.
Тоқтамасқа лажым жоқ.
Тончин қалта - қалтамды, қойнымды тінтіп, қарай бастады. Менде зəре
қалмады. Қолтығымның астына тығып алған қаңылтыр кружка бар, іші
толы ботқа. Тончин əлгіні оп-оңай тауып алды.
— Мынау не? Кімге апара жатырсын? Менде үн жоқ.
— Ах ты, падло!
Тончиннің шоқпардан үлкен жұдырығы жарқ етіп, көтеріле берді. Мен
көзімді сескене жұмып, жасқануды білдім. Көзімнен былш еткізіп, бір
перді. Көзімнің оты жарқ етті. Жəне ұрды. Көзі етік киген добалдай ауыр
аяғымен ішімнен де тепкілеп жатыр. Meн қирап жығылып қалдым.
Жатқанды ұрмайды дейтін еді. Тончинге бəрібір. Кеудеме, арқама,
жамбасыма, басыма мыжғылап тебе берді. Тепкен сайым өл, өл дейді.
Қорғанбақ түгіл, мен енді сезінуден қалғам. Мылжа-мылжа болып, суық
қардың үстінде жата бердім.
Тончин мені өлтіре алмай қойды. Мен ыңырсып тағы біраз жаттым да,
сүйретіліп бараққа, Саша досымның қасына жеттім.
— Ой, Саша, өлдім, əрменірек жат,— деуге халім əрең келді.
...Көктемнің қызулы күндеріне Саша жете алмады. Мəңгілік ұйқыға
батып көз жұмды. Кеудесі толы арман еді, əн еді — бəрін өзімен бірге
əкетті.
Барақта төрт-бес адам жуан білек зорлықшыл топ бар. Атаманы Иван
Гольц дейтін. Асханадан жеткізілген ыстық ас осылардың қолынан өтеді.
Сорпаны да, ботқаны да Гольц өзі таратады.
Серіктері Гольцке «Арыстан» деп ат қойған. Арыстан десе арыстан.
Ұзын бойлы, жауырынды, құс тұмсық, шүңгіт көздеу, кісіге шүйіліп, төне
қарағанда түсінен адам қорыққандай. Сұп-суық көкшіл көздері өңменіңнен
тесіп өтеді. Ортасы шодыр болып сынып біткен құс мұрыны бетінің оң
жағына қарай жапырая қисайған. Асылы, тегін қисайыс болмаса керек,
керемет бір күшті ауыр соққының жапырып, сүйкеп етуінен болған
қисайыс тəрізді. Бет, шықшыт барлығы солай қарай ауытқып жапырылып
біткен.
Ешкімге тиіспей, ашуланбай жай жүрген кездің езінде де Арыстанның
бетіне тура қарау мүмкін емес. Жауырыны күдірейіп, күректей үлкен
қолдарының саусақтары өз-өзінен тарбиып, жан-жағына сұқтанып, ылғи да
əлдекімді бассалып, бүре түсуге əзірленіп жүргені.
Арыстан тамақтың бар дəмдісін өздеріне құйып алады. Біз телміріп,
сілекейіміз шұбырып, қараймыз да тұрамыз. Ешкім қыңқ деп бір ауыз
қарсылық сөз айта алмайды. Өздерінен қалғанын бізге таратады.
Арыстан күндіз пырылдап ұйықтағанды біледі, түнде жортуылға
шығады. Қашан оянып қарасаң, оның кіріп-шығып, түрегеп жүргенін
көресің. Біздің қоршауға қанаттас басқа бір қоршаудың ішінде əйелдер
барағы бар. Екі орта биік тақтай дуалмен бөлінген. Дуалдың үстінен
тікенек сым тартылған. Қалай өтетінін, Арыстан содан өтіп барып не бір
сұлу əйелдерді ертіп əкеп жүреді.
Арыстанның мінезіндегі бір ерекшелік — ол сауықшыл. Өлең айтып, би
билегенді сүйеді. Жата - жата жалыққанда, даусы жақсы жасөспірімдер мен
жігіттерді маңайына жинап алады да, өзі бастап əр алуан өлеңдер айтады.
Қолдарын шарт - шарт соғып, барақтың ішін дүрліктіріп жібереді.
Қапаста туған əр түрлі өлеңдер мен əндер бар. Арыстанның «ансамблі»
көбіне соларды орындайды. Əндерінің сазы, əдетте, қайғылы болып келеді.
Сөздері жүрек қылын шерткендей əсерлі. Тыңдаушының көзіне жас
əкеледі.
Музыкасы да, сөзі де былапыт, адамшылық ар-ұятты белден басып
қорлайтын да əн, өлеңдер бар.
«Ансамбльдің» əр мүшесіне Арыстан əртүрлі ат қойып, айдар тағып
алған.
— Көкқұтан, сен жөндеп айтпай отырсың!
— Қисық ауыз, көңілдірек шырқа! Басың
прокурордың алдында отырмысың?
салбырап,
немене,
— Əй, ешкібас, барқырама!
Ол осылай əркімге зекіп, ескерту жасаумен болады. Ескерту алғандар
əнді жанын сала айтып бағады. Ілмиген арық көбі көтерем. Сырт қараған
адам: өле алмай отырып əн айтқан несін алды дегендей.
Арыстан биле десе, билемейтін жан жоқ. «Цыганочка», «Лезгинка»,
«Гопак» секілді кілең құтырынған жылдам билер биленеді. Ілмиген арық
денелер көрден тұрған əруақ тəрізденіп селкілдеп бұраң-бұраң етеді.
«Музыканттар» құтырына қыздырмалатып:
— Уа! Уа!
— Ба, ба! — десіп жатады. Бишілер де есіріп жан таппайды. Бара-бара
олар естерінен танады. «Музыка» тоқтамайды.
Əбден қалжыраған бишінің бірі бір кезде гүрс етіп құлайды.
Құтырынып алған «музыка» сонда да тоқтамайды,.
— Ба! Ба!
— Уа! Уа!
Міне қазақ жері басталды. Қазақ ауасы. Станциялар басында қазақтар
көбірек кездесетін болды.
Жүрегі құрғыр туған жердің ауасын өзгеше сезініп қабылдайды. Ақ
жаулықты əйелдерді көрсем, өзімнің шешемді көргендей елеңдеймін.
Бір қызығы менің билетім Алматыға дейін емес. Алматының түбіндегі
Іле станциясына дейін. Соғыс уақытының заң - тəртібі бойынша түрмеден
босаған адамға астанаға кіруге рұқсат етілмейді екен. Маған Іле
станциясынан түсесің деді. Мен көрісіп жатпас үшін, мақұл дей салдым.
Іледе сүйреп түсірмесе, өздігімнен түспейтінім белгілі.
Іледе түсіп, жындымын ба? Қарасазға Іледен Алматы жақын, бұл бір.
Екіншіден, Іледен біздің ауылға тура қатынайтын жол да жоқ.
Алматыға жетіп, бір-ақ түспекшімін.
Алматыны айнала əскер қоршап алып, сырттан келген жолаушыларды
бір-бірлеп түстеп -түгендеп, тексеріп кіргізіп тұрса, онда амалым жоқ. Ал
олай болмаған күнде, менің енді Алматыға жетуіме ешқандай заң да, тəртіп
те бөгет бола алмайды.
Заң - тəртіптің қайнаған қазанынан шыңдалып, пісіп шыққан адамға,
тəйірі, бұл бөгет болып па?
Басым толған ой-қиял.
Бip жыл болды, үй ішіммен байланысым үзілгелі. Ешқандай хабар-ошар
білмеймін. Қайсысы қайда? Не істеп жүр? Аман ба, жаман ба?
Сəрсебектен хат, хабар келді ме? Келмеді ме?
Шешем қалай? Денсаулығы нашар, əрі уайымшыл еді. Сəрсебекке қоса
мен де хабар-ошарсыз кеткен соң қайғыменен қан жұтып, қаусап қалмады
ма?
Қаныша жеңгем не болды?
Бір жылдан бері менің қайда екенімді, не істеп жүргенімді олар да
білмейді. Білсе Қарағандыда, ФЗО - да оқып жүрген біздің ауылдың
балаларының жазған хаттарынан Ілияс екеуміздің қашып кеткенімізді
білер. Ал одан кейінгі тағдырымыз не болды? Немен тынды? Оларға бұның
бəрі тұңғиық.
Бір жылдың ішінде бір де бір хат жазған емеспін. Жазуға мүмкіндік
жоқ. Бір парақ қағаз табу қиямет.
Жұрт кепкаларының күнқағарындағы кардон қағазды алып, жұқалап
жыртып, темекі орап тартады.
Бір жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен адамды олар бірдеңеге ұшырап,
жазым болған шығар деп ойлаулары да əбден мүмкін.
Ғалия қайда? Ол не істеп жүр? Оныншыны бітірген болар.
Мен жөнінде Ғалия не ойлайды екен? Мына түріммен көрер болса
талып жығылады ғой,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Өлгендер қайтып келмейді - 06
  • Parts
  • Өлгендер қайтып келмейді - 01
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2294
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 02
    Total number of words is 4182
    Total number of unique words is 2363
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 03
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2306
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2373
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 05
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2424
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 06
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2376
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 07
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 08
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2343
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 09
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2374
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 10
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2350
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 11
    Total number of words is 4294
    Total number of unique words is 2313
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 12
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2276
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 13
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2243
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 14
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2331
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 15
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2370
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 16
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2253
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 17
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2393
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 18
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2359
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 19
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2345
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Өлгендер қайтып келмейді - 20
    Total number of words is 3089
    Total number of unique words is 1872
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.