Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 16

Total number of words is 4388
Total number of unique words is 2176
35.5 of words are in the 2000 most common words
51.5 of words are in the 5000 most common words
59.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ұнатады, осы жермен бірге өскен, енді сол қаланы қимай кетіп барады.
"Қош бол, тыныш мекен - жайым".
Ол үстіне қара сүр костюмін киді, чемоданын толтырды, енді тек
машинкасының қаптамасын кигізу қалды. "Енді тек хат жазу қалды, ол
Нюрнбергерштрасседегі жүрегіне жақын, коп жылдар бойы өзі тұрған
кішкентай бөлмедегі соңғы хат болмақ. Кетемен бір кездеспей
Германиядан кете алмайды ғой. Айналада қорқынышты істер белең
алуда, жағдай жуық арада жақсармайды, достарымен енді қайтып
кездесе ме, жоқ па жəне бəрі де кісі күлерлік нəрсе ғой: өзіне зəуімен
бір жаңа костюм тіктіріп еді, ал Кете оны əлі көрген де жоқ, бəлкім
көрмейтін де шығар. Жəне егер тіпті кеудеден итергендей қарсылыққа
ұшыраған күнде де, оған хат жолдауға міндетті, тағы да бір рет
кездесіп қалуға тырысу керек. Ол қарындасын бұған ашуланып кетіп
қалғаннан бері көрген емес. Ол өкінішті есуастық болды. Ол туралы
ештеңе білмейді, тіпті процеске қалай қарағаны да белгісіз. Бірақ осы
уақыт ішінде мұның істей алмағанын болып жатқан оқиғалар істеді.
Сол оқиғалар оның жынын басқан болар. Ол алаяқ Лаутензак
салдырған жын ойнақтың суретін көрді. Кеше сезімтал адам, ондай
жасанды жын ойнаққа ұзақ төзе алмас.
Пауль жаза бастады. Жанын қинап жүрген нəрсенің бəрін айтты.
Аздап жеңілдеп қалды. Қателерін түзетпеді, қисыны жоқ жерлерін
алып тастамады. Машинкасы өзінің əуеніне басып тарсылдай берді.
Кете хатты дер кезінде алар ма екен? Жалпы осы хат оның қолына
тиер ме екен? Сөзсіз тиеді. Жəне, соз жоқ, келеді. Бүл хат əңгімелесудің бастамасы.
Кете түзу басылмаған жолдарға назар аударды; машинка тағы да
бұзылыпты, ал Пауль, əрине, оны жөндемеген. Əр сөзден ағасының
сөйлеу өнерін, ақылды, батыл əрі шешімді мінезін көріп отырды. Ал
оның сəтсіз айтқан бір сөзіне тірелгенде бір рет реніш, бір қуаныш реңі
білініп қалды.
Ол көп күтіп тұрмастан, хатта жазылған телефонның нөмірін терді.
Ағасының даусын естіді. Бір терең қуанышты қорқыныш шаншып
өткендей болды. Оның сөйлегені қуаныш нұрын себелегені соншалық,
осы біз ертерек неге татуласпағанбыз деген өкінішке бөледі.
Ағасы бұған кездескісі келетіндігін айтып, бір шағын да болса
қымбат мейрамхананың мекен-жайын атады.
- Құрыған соң жөндеп құриық, - деді ол Сосын, ішіне сыймай жүрген
жаңалығын жасыра алмай. - Айтпақшы мен өзіме жаңа костюм тіктіріп
алдым, - деді.
Мейрамханаға олар бір мезгілде келді десе де болады. Киімдерін
шешті, үстел таңдап алды, дастарқан мəзірін қарады, кешкі асқа
тапсырыс берді. Бір-біріне бақытты көздермен қарады. Пауль,
əдеттегісінше, əр нəрсені айтып сөйлей берді, оберкельнермен
дастархан мəзірі туралы сөйлескен кезде де қарындасынан көз
алмады. Бөтен адамдар бар-ау деп қысылмай, қолын қарындасының
иығына салды.
- Біз екеуміз тіпті жынды екенбіз ғой! - деді ол
Мұнда, мейрамханада, олар бір-біріне айтпақ болган
жаңалықтарының тек жарым - жартысын ғана жеткізе алар еді,
бірақ тыныс алыстары мен дауыс ырғақтары көп сырдың бетін
ашқандай болды. Пауль, əдеттегідей, төгіп-шашып, асығыс ішіп-жеп
отырды, тіпті жаңа костюмнің өңіріне бір кесім балық етін түсіріп
алған кезі болды. Сонда да тынбай сөйлеп отырды. Кете түратын
көшеге есімі берілген Кейт деген кісі, егер Пауль білетін Кейт болса,
қызық адам болган көрінеді; Германияда ағайынды бірнеше Кейттер,
шотландықтар болған. Оларды шақырып алған бəріміз білместікпен
пір тұтып жүрген кəрі Фриц. "Ұлы Фридрих" деп аталатын жаман шал,
біле білген адамға, қазіргі болып жатқан алыс - жұлыстың арғы атасы
болып саналады, өйткені ол алғашқы нацист, бірақ қазіргілермен
салыстырғанда, əлдеқайда жұмсақ болған сияқты. Сосын Пауль
үстіндегі костюм қарындасына ұнаған - ұнамағанын білгісі келді,
өйткені мұны ол тігінші Вайцтың айтуынша өле-өлгенше тозбайтын
қара сұр жүн матадан таңдап алды ғой.
Кете оның бірді айтып, бірге кететін сандырағын ұйып тыңдады.
Осы ұсақ-түйектің бəрі ол үшін сылдыр сөз емес еді. Кете ағасын жақсы
көретін, оны мақтан ететін. Түр -тұрпатын айтсаңшы - биік маңдай,
атжақты келген нұрлы жүз, ойлы, ақылды аялы көз. Кетеге келсек,
біраз арықтаған, бұрынғысынан жіңішкере түскен. Оған ағасы
жартылай əзілдей отырып патшайымның өзісің дегенді айтты.
Қарапайым ғана қара қоңыр костюмі сарғыш шашына үйлесе
кеткендей, ал көңіл-күйіне байланысты құбылып түратын сүйкімді
жүзі бүгінгі қуанышын жасыра алмай бал-бұл жанады. Ол Паульдің
көзімен қарамасаң да сұлу болатын.
Оған мойын бұрып қарамайтын адам жоқ. Əсіресе нацистік форма
киген бір жас жігіт көзінің сұғын көп қадады; өзі де жап-жас болса да
аяусыз əрі сұсты көрінді. Тəрізі, Кете бұрыннан таныс көрінген, ол
ойланып барып, бір нəрсе есіне түскендей иіліп сəлем берді. Паульмен
де түсін жылытпастан, тəкаппарлықпен сəлемдесті. Бəлкім оның бет
əлпетін газеттерден кірген шығар. Паульге қарап тұрып, бір нəрсе
есіне түскендей, тіпті, қойын кітапшасына бірдеңелерді түртіп алды.
- Мына арсызың кім? - деп сұрады Пауль.
- Цинздорф деген біреу, - деп жауап берді Кете.
Паульге фамилия таныс, оған тек таңданды да қойды.
Кете одан хатта жазғандары мен телефон арқылы сөйлескен сөздері
жəне Нюрнбергерштрасседегі пəтерін қалдырып кеткені рас па? Өзі
ұзақ уақыт кетіп бара ма? -осының бəрін білгісі келетінін жасырмады.
Пауль мырс етіп күлді.
- Ұзақ деуге де болады, - деп жауап берді ол. Мен Берлиннен емес,
Берлин менен жеріді. Берлин мені бір-ақ түкірді. Иə, Кете, ағаң
астанадан кетеді. Ол басы ауған жаққа сапар шекпек. Белгісіз мерзімге.
Кете құп-қу болып кетті.
- Шын айтасың ба? Шынымен кету керек болды ма? - деп сұрады ол,
ағасына таңдана қарап.
- Мен саған бүл туралы бүге-шігесіне дейін айтып берер едім, - деп
балаша бұртиды ол Бірақ, қайда? Сенің үйіңде болмас па екен? Мына
мейманхана ыңғайлы болғанмен, ондай əңгіме айтатын жер емес.
Олар Кетенің пəтеріне келді. Оның шағын бөлмесінде бұрыннан
таныс жиһаздардан басқа үйдің жартысын тұтас алып жарқыраған
рояль түр екен. Паульдің қабағы түсіп кетті, ол Кетенің айналасына
ескі жауы Лаутензактың да кіріп кеткенін бірден сезді.
Ол отырды да өзінің басынан кешкендерін айта бастады. Өзінің
калиянын тарта отырып, бəрін қысқа да нұсқа қайыруға тырысып еді,
кенет жаппай тұтқындауға, көп адамдардың із-түзсіз жоғалып кетіп
жатқандығына, заңдылық атаулының аяққа тапталып, құқықтың
өрескел бұзылғандығына келгенде ызаға булығып, шамырқанып
кеткенін өзі де байқамай қалды.
Кете ағасының ашына айтқан сөздерін жүрегі толқи отырып
тыңдады. Мұның бəрінен ол бейхабар еді. Бүл оқиғалар тап осында,
көрші пəтерлерде болып жатса да, көп адамдар одан бейхабар еді. Тек
жапа жеккендер, тек нацистердің қарсыластары ғана білді, ал
миллиондаған немістердің ешнəрседен хабары жоқ болатын, тіпті
сенгілері де келмеді деуге болады.
Содан соң Пауль мұндай жағдайда неге тап болғанын өте
ұстамдылықпен баяндап шықты. Дұрыс аяқталғанда бір жыл түрмеге
қамайтындығын,
ал
қазіргі
жағдайда
оның
жеңіл
соға
қоймайтындығын əңгімеледі.
- Менің бүл елден кеткім келіп отырғаным сондықтан. Ертең
табанымды жалтыратамын, - деп аяқтады ол сөзін.
Сонымен, бүгін бар да ертең жоқ екен ғой. Қанша уақытқа кетері де
белгісіз, сағындырып ұзаққа кетеді десейші, тағы да жалғыз қалды.
Паульмен сөйлесу керек. Бұдан артық салмақ сала бергені қалай болар
екен? Шынына келгенде, ол менің кесірімнен қашып бара жатқан жоқ
па? Дегенмен сөйлесу керек, бүгін сөйлеспесе, ертең кеш болады.
Кете алыстап барады.
- Мен кінəлімін, - деді ол Пауль қарсыласқысы келіп еді, бірақ оны
Кете тоқтатып тастады. - Сенікі, əрине, дұрыс еді, - деп сөзін
жалғастырды ол, тап-таза, күміс бұлақтай сылдырлаған даусымен,
ағасының жүзіне қарамастан. - Ол жексұрын, іші бастан-аяқ қуыс адам.
Сонымен байланысып жүрген мен барып тұрған ақымақпын, нағыз
соқыр екенмін. Бірақ ондайға ұшыраған адамға ешқандай ақылпарасат та, айтқан кеңес те көмектеспейді. Мен шындықты көргім
келмеді. Шындықты тəрк еттім. Бірақ саған жасаған жамандығын
көргенде, кетіп қалғым келіп еді. Қолымнан келмеді. Қазір келер еді.
Қалай істерімді өзім де білмеймін. Мен одан екіқабатпын. - Ол өзімен
өзі сөйлесіп отырғандай ешнəрседен именбей, жасырмай бəрін жайып
салды, бірақ Паульдің бетіне қарай алмады.
Пауль зейін қоя тыңдады. Қозғалмады. Бірақ қарындасының соңғы
сөздерін естігенде, орнынан атып тұра жаздады. Тісінің арасынан
мүлдем басқа дауыспен:
- Хайуан, нағыз хайуан! - деп кіжінді.
Бірақ осы сот Кетеге қарап еді, қашан да байсалды қарындасының
жүдеп кеткен түрін көріп, қатты аяп кетті. Ол Кетеге жақындап келіп
иығынан құшып, аймалады. Осы қалпында үнсіз біраз тұрды.
Сол бір хайуанның, тереңнен ойлағыш сандырақтың, түкке алғысыз
жауыздың, адам бейнелі мақұлықтың бұған жиен сыйламақ болғаны
өзегін қарып өтті. Бүл Пауль Крамер үшін барып тұрған қисынсыз
ағаттық, жөн-жосықсыз қателік сияқты көрінді. Сондай малды
жақындатып жүрген Кетеге жыны ұстағандай ашуланды, əсіресе əлгі
адам терісін жамылған екі аяқты малға кегі кетті, жігері құм болды.
Бірақ бүл баяғыдан келе жатқан хикая ғой, ол Кетенікі - сол хикаяның
жемісі, сондықтан қарындасын жек көріп кетуге себеп бола алмайды.
Əрине, бəрінен дұрысы Лаутензактан пайда болған баланы дүниеге
əкелмеу болар еді; мұндай шешімге бару үшін сыртқы жəне ішкі де
негіздер жеткілікті болатын. Бірақ ол өзінің қарындасы Кетені жақсы
көреді, аяйды жəне оған басынан бастап дұрыс жол көрсете алмады,
енді келіп адастырмақ емес. Оған жол бере алмайды. Тек асықпау
керек.
- Апырай, не боп барады? - болды бар айтқан сөзі. - Тарихтың
доңғалағы кері айналған екен. Бұған зауал болмас, - деді тағы да.
Ол бөлмені ерсілі-қарсылы кезумен болды, амал таппай калиянын
алды, сасып қайта қойды. Кетеге таяп барды, оның нəп-нəзік əрі
салалы саусақтарынан сипады, содан соң:
- Өзі не айтады бұған? - деп сұрады.
- Білмеймін, - деп жауап берді ол, - мен оған айтқан жоқпын.
- Ал өзі байқар емес, - деп күйінді тағы да.
Паульдің мысы құрыды. Кетенің анаған ештеңе айтпағаны,
жəне оз қайғысын өзі жұтып, ағасына ғана айтып отырғаны, оның
қанағаттанғандық сезімін оятты, толғандырды, көз алдында көтеріп
тастады. Бəсе, шындығында да, Кете анау үшін - жат, ал Паульге - оз
адамы емес пе? Рас, ол, бүл жағына шорқақ адам, казіргі жағдайда не
істейтінін білмейді, қолдан келер айла да жоқ.
- Мен саған көмектескенше, соз жоқ, осында қаламын, - деді ол анық
шешіммен.
- Болмайды, - деп қарсы шықты Кете, бірақ іштей қуанып отыр, - кез
келген жағдайда ертең табанымды жалтыратамын деп əлгінде ғана
маған ұқтырған жоқсың ба. Мен үшін осының бəрін айтып бергеннің
өзі үлкен жұбаныш əрі жеңілдеу. Басқа ешнəрсенің қажеті жоқ жəне
қалай көмектесетініңді де коре алмай тұрмын.
- Əрине, - деді Пауль, қашанғы тіке сөйлейтін əдетіне басып, - мен
акушерка емеспін жəне нəрестені қабылдап аламын десем, қатты
қателескен болар едім; бірақ мен осында қаламын жəне бір баланы
екеулеп, өйтіп-бүйтіп өсірерміз.
Пауль өзінше балаға ат қойды; қандай да бір құпия себептермен ол
баланың атын Эмиль деп қойды.
Кете қарсы болғысы келіп еді, ол:
- Үндеме, - деп, сөйлетпеді. - Кішкентай Эмиль екеуіңді қалдырып
кетсем, жетіскен екенмін.
- Кім екеуіңді дедің? - деп таң қалды Кете.
- Сен мені білесің ғой, - деп жауап берді ол - Мен үшін адамның есімі
айшықты болуы керек. "Эмиль" деген жақсы ат сияқты көрінеді маған.
Егер сен қазір маған бір рюмка коньяк берсең, қатып кетер еді.
Кішкентай Эмильдің хикаясы жүрегімді қозғап кетті.
Кете оған коньяк құйды, ол ішіп салды.
- Түу, сайтан алғыр, - деді ол тыжырынып, - Нұх пайғамбардан бері
тұрған коньяк шығар бəтшағар, қарып кетті ғой. Қане, көрейінші, - деп
ол шишаға қолын созды. Бүл өте қымбат "мартель" деген коньяк
болатын. - Бұл да соныкі ме? - деп сұрады ол күйсандыққа көз тастап.
Бірақ қарындасы үндемеген соң, тағы да бір рюмка құйды.
Пауль Гроссфранкфуртштрасседе тұратын Альберт деген
жолдасына тартты, ол бұған бүгінше тұра тұруға уəде берген. Басына
шым-шытырық ой келеді. Кетенің оған айтпай, бұған айтқаны жақсы
болды. Бəлкім, мұнда қалу - жеңілтектік қылмыс шығар, бірақ Кетені
тағдырдың тəлкегіне тастап кете алмайды ғой. Бұл оны малғұнның
құшағына мəңгі итеріп тастағанмен бірдей еді. Ол іштей ескі солдат
əнін ыңылдап айта бастады:
Келші қалқам, жүр, жүр, жүр
Құшағыма ен, кір, кір, кір.
Əке болатын болдым, алақай!
Келе жатыр бір балақай.
Иə, біз əлі кішкентай Эмильді əлдилейтін боламыз.
Пауль Гроссфранкфуртерштрасседегі Альберттің үйіне келді. Ол
мұнда алғаш келгендіктен, тұрғындардың тəртібін білмейді. Альберт
бесінші қабатта тұрады, бірақ лифтпен көтерілу үшін кілт керек, ал
швейцарға қоңырау шалу қауіпті. Сондықтан басқышпен көтерілуге
тура келеді: ол үшінші қабатқа жеткенде жарық сөніп қалды. Пауль
электр айырғыштың қайда екенін білмейді. Қараңғыда сипалап жүріп
бір түймені тапты, бірақ бүл басқа пəтердің есігі ме деп қауіптенді, ал
онда екі-ақ тал шырпы қалды. Əбден шаршап, қара терге түскен ол,
ақыры, бесінші қабатқа да жетті - ау, шамалауынша. Бірақ мұнда үш
есік бар еді жəне ол Альберттің оң жағында ма, сол жағында ма, əлде
ортада ма - қайсысында тұратынын білмей дал болды. Ол кілтін салып
көрмек болды, дəл келер ме екен? Масқара болып басқа есікті ашып
жүрсе, мұны ұрыға немесе бір күдікті жанға балап, шу шығарып
жүрмес пе екен? Дəл қазір полициямен істес болу ниетінде жоқ. Ол
сіріңкенің соңғы талын жағуға тəуекел етті. Ақыры, бусанып терлеп
кеткен Пауль есіктен кірген бойда қарсы алдында тұрған Албертті
көрді. Пəтердің иесі артық сөз айтпай, Паульді жататын бөлмесіне
алып барды. Бөлме өте салқын екен, жоғарғы қабаттар нашар жылиды.
Иə, сонымен, кішкентай Эмильді қалай өсіреді?
Кенет, Пауль шешінгелі жатқанда, бір ой басына түсе кетті. Тамаша
ой. "Алақай, - деді ол - Эврика!" Ол, шамалауы бойынша, үндемес үй
иесі жатқан бөлменің қабырғасын қақты.
- Не боп қалды?
- Сізде телефон бар ма?
- Бар, дəлізде түр, - деп ренжи жауап берді Альберт.
Пауль Кетеге қоңырау шалды. Арғы жақтан қарындасының тап-таза
даусы естілді, таң қалғаны сезіліп түр: жарым түннен асқан уақыт
болды ғой. Шешім табылды, деп мəлімдейді Пауль. Асып-сасып,
сыбырлап сөйлеп тұрып, ол шешімнің табылғанын, егер мүмкін болса,
тап қазір барып хабарласуға əзір екенін мəлімдеді.
Бірақ ол айтуға ғана жеңіл. Бəрінен бұрын қауіпті баспалдақпен
төмен түсу керек. Кете алыста тұрады, автобустардың жүретін жүрмейтіні де белгісіз. Ақыры, əбден қалжыраған, бірақ қуанышты ол,
Кейтштрассеге, Кетенікіне қайта келді.
Пауль оған Анна Тиршенройт туралы, онымен барып əңгімелескені
туралы айтып берді. Оның нағыз кісі екені мүсіншінің жүзінен - ақ
байқалып тұр. Анна - жасы келген адам, бірақ үлкен жүректі кісі, ол
əлгі Лаутензактың іші - сыртын түгел біледі, өзі де оған адасқан ұлын
аңсаған анадай қарайды. Анна Тиршенройттың Кетені түсінетіндігіне,
оған ең пайдалы кеңес беретіндігіне Пауль шүбəсіз сенеді.
Кете үнсіз тыңдап отыр. Ол бірден жауап бермеді, бүл оның əдетінде
жоқ, оған ойлануға уақыт керек, бірақ жүрегінің түкпірінде Паульдің
ұсынысын алғашқы минуттардан бастап-ақ қабылдап қойған. Ол "иə"
немесе "жоқ" деген сұрақтардың бəріне жалғыз жауап беруден əбден
шаршаған болатын. Бүл мəселені өзіне шын жаны ашитын, тəжірибелі
адамның шешуіне қарсы емес. Керек десе, кейінге қалдыра бермей,
Анна Тиршенройтқа ертең-ақ барады.
Паульдің қуанышында шек жоқ. Оның басы істейді. Автомат секілді:
сұрақты тастап жіберіп, түймесін бассаң - жауабың дайын. Кетеге түн
ішінде осыны хабарлаудың өзі тамаша идея емес пе? Енді ол, əйтеуір,
тыныш ұйықтайтын болады.
- Бірақ саған менің қара сүр костюмімдегі дақты кетіруге тура
келеді, - дейді ол -Ылғи ұмытып кетіп жүрдім. Ақыры, қазір есіме түсті.
Кете пиджактың дағын кетіре жүре, оның мұнда бөгелуге
болмайтынын, ертеңнен қалмай, тіпті, бүгіннен қалмай жүріп кетсе,
ғайып болса, мүлдем жақсы болатынын ескертті.
- Анна Тиршенройтпен сөйлескеннен кейін, маған қалайда жеделхат
жолдайтын
бол,
деді
оған
Пауль.
Ол
оған
Гроссфранкфуртерштрасседегі Альберттің адресін береді. Кетенің өз
адамымыз екендігін куəландыратын парольді қоса берді. Бірақ
Альбертпен тек қысылған кезде ғана сөйлесуге болады. - Мюнхеннен
оралғаннан кейін, - дейді ол қарындасына, - сені менен хабар күтіп
жатады, менің шет елдегі мекен-жайымды содан білесің.
Сонан соң ол Кетені иығынан құшақтайды: туысқандық сезімді
сөзбен жеткізу бұларда қалыптаспаған, сондықтан Кетенің арқасынан
қағып-қағып қойды. Қарындасы да оның қолын құшырлана қысты.
- Қайта көріскеніміз қандай жақсы болды, - дейді ол - Рахмет саған.
Жортқанда жолың болсын. Көріскенше аман бол
Пауль қарындасының қолын ұзақ ұстады.
- Айтқаның келсін, - деп жауап берді ол жəне алғыс орнына:
- Үстімдегі дақ шынымен кетіп қалыпты, - деп қосып қойды.
Соны айтып, шығып кетті.
Анна Тиршенройт қарсы алдында отырған арықша, жұқа өңді жас
əйелдің жүзіне зейін сала қарап отыр. Ол нағыз неміс əйеліне тəн,
бірден ашыла қоймайтын тұйық адамның келбеті еді. Осы бір
бейтаныс қыз Пауль Крамердің хатын алып келген кезде, Анна
Тиршенройт оны сенімсіздікпен қарсы алған-ды. Өздеріне не керек
екен осы? Ол процесті əдейі барып көрді. Оскардың Пауль Крамерді
жер табандата жеңгеніне жүрегі сыздай отырып куə болды. Ол
шаршады, қасірет шегіп болды. Енді міне тағы да бір əйел қысыла қымтырыла отырып, өкінішін емеурінмен білдіріп, опынып қалғанын
айтып отыр. Оны білмейтін Анна Тиршенройт па екен? Адам сенің
жан-жүрегіңе кіріп, оның қандай адам екенін біліп болғанша біраз
уақыт керек, алданып қалғаныңды білмегенге не жетсін. "Жоқ, жоқ,
қателесуім мүмкін емес" - деп жұбатасың өзіңді, əйтсе де алданып
қалғаныңды бір-ақ білесің.
Бірақ мына жас əйел, Кете Зеверин баяндап отырған жағдай, Анна
Тиршенройт оз басынан өткерген жағдайдан да жаман екен. Ол
Кетенің бет-жүзіне қырағы көздерімен -мүсіншінің көзімен барлай
қарады. Жоқ, бүл жаман адам емес. Жалған айтып отырған жоқ.
Оскардан бала көретіні жақсылық екен.
Аннаның өзі болса Оскардан баз кешті. Сот залынан былық пен
пасықтықтың топан суы тасып өткен кезде-ақ түңілген. Бұдан былай
деп еді сол жолы, өз жолымен жүретін болсын. Енді, міне, алдынан
жаңа, ұлы мүмкіндік ашылғалы отыр. Жас əйелдің нақ өзіне келуі
неткен бақыт.
Кете əңгімесін доғарғалы біраз болды. Аннаның кесек бет - жүзінен
ол қаймыққан жоқ, бірақ əбден қажыған ақылды, ойлы көзіне қарап
отырып, болғанды болғандай қылып айтып шығу да оңай болған жоқ.
Ал енді, алдындағы кемпірдің мүлдем еңкейіп, əлсіз қолымен таяғына
сүйеніп, үндемей отырып қалуы Кетені езіп-ақ тастады.
Ақыры өлі тыныштықты Анна Тиршенройттың өзі бұзды.
- Мен доктор Крамердің маған сеніп, сізді осында жіберіп
отырғанына қуаныштымын, - деді ол қарлыққан бəсең дауыспен.
Бүл сөз Кетенің ойын қостағандай естілді. Кете оның көзіне үмітпен
қарады.
- Мен бұдан шығар жолды тапқан сияқтымын, - деп ойын
жалғастырды Тиршенройт, - бірақ мен асығыс шешкенді қаламас едім.
Маған біраз уақыт беріңіз, - ол қызды қалай деп атарын білмей, бір
минуттай кідіріп барып, - менің сүйкімді Кете Зеверинім, - деді. Меніңше, екі-үш күндей əлі ойланып алу керек жəне егер сіз осы уақыт
ішінде менің қонағым болуға қарсы болмасаңыз, мен қуанар едім, дейді толқи тұрып тағы да.
Кете қуанғаннан қызарып кетті. Ол мына əйелге толық сенеді.
Бір күн өткеннен кейін Анна өзінің жай сөйлейтін бəсең даусымен
қандай шешімге келгенін хабарлады. Əрине, Кетенің баланы алдырып
тастауы туралы сөз болуы да мүмкін емес. Бірақ оны қазіргі
Германияда жүріп дүниеге келтіру ақылға сыймайды. Егер жасының
ұлғайғаны, аяғының ауыратыны, шеберханаға байланып қалғаны
болмаса, өзі де елде қалмас еді. Сонымен, Кете оз нəрестесін шет елде
жүріп дүниеге келтірсін.
Анна Тиршенройттың тағы да екі сұрағы бар. Қазір Пауль Крамер
қайда? Ол қайда кетерін өзі де білмеді, деп жауап берді Кете,
Швейцарияға ма əлде Чехословакияға ма, бəлкім, бүл туралы Берлинге
қайта оралғанда білер.
Егер мүмкін болса, деп кеңес берді Анна Тиршенройт, Кете ағасы
қайда болса, сонда болуы керек.
- Доктор Крамер маған ұнап қалды, - деді ол. Жəне Кетенің
материалдық жағдайын сұрады.
Кете қысыла тұрып, əкесінің аздап ақша беретінін, Пауль де қарап
қалмайтындығын айтты. Оған қоса, жұмыс тауып алуға тырысады.
Əрине, мұның бəрі əзірге жоба ғана.
- Егер сіз қарсы болмасаңыз, - деді Анна Тиршенройт, - мен кешікпей
сізбен жолығармын. Ал сіздің ақша мəселеңізге келсек, - деп кідірді ол,
- ол жағына қам жемеуіңізді сұраймын.
Кете Берлинге Анна Тиршенройттай дос тапқанына сенімді болып
оралды. Ол ең маңызды жұмыстарын бітіріп береді, содан кейін
шекараның арғы жағында Паульмен де кездесер.
Інжу жасанды болып шықты. Ильза Кадерайт оған жасанды інжуді
сыйлаған болып шықты.
Міне, ақсүйектер деген қандай болады. Папасы дұрыс айтқан екен.
Папасы өмірді білген. Обер унтерді жеңеді. Жоғары топтағы
адамдармен бірге жүреді екенсің - жақсылық күтпе. Бірақ, ол, Оскар
халық даналығын көзіне ілмей, жоғары топтың адамдарымен
араласқысы келіпті, енді міне опық жеп отыр. Əлгі Кадерайт деген
салдақы мен Цинздорф деген хайуан екеуі миықтарынан күліп,
халықтан шыққан мұны шошқалық істеп алдап кетті. Жасанды інжу
жіберіпті жəне онымен де қоймай, мұның он мың маркасын қағып
алды. Топтасқан жексұрын өңкей!
Оскарды ашу буды. Ол мұның қалай жүзеге асырылғанын жақсы
біледі. Бəрі əлгі телефон арқылы сөйлескен ақымақтық əңгімеден
шықты. Ол салдақы болғанмен, сараң емес еді. Оны ашуландырған өзі,
шақырғанына бармады, сосын басына осындай ой келе қалды да, ол
қатын жасанды досына жасанды інжу жіберді. Сосын, Цинздорфпен
бірге отырғанда Оскарды қалай алдап соққанын əңгіме қылған. Жəне
құрметті граф, өзінің тонаумен күн көрген рыцарь аталарының
атакəсібі есіне түсіп, сол заматта - ақ Оскарға тартып отырған жəне
біліп алған құпиясынан он мың марка пайда тапқан. Міне, ақсүйектер
дегенің сондай болады екен.
Ол отыра қалды да, хат жазды.
"Жоғары мəртебелі граф, інжуге қатысты бəстесуде сіз жеңдіңіз.
Қолхат бойынша маған қарыз 32297 маркадан мен ұтылған он мың
марканы ұстап қалуыңызға рұқсат. Мені де қарыз қысып тұрғанына
байланысты, егер сіз өз қарызыңызды дереу төлейтін болсаңыз, тіптен
жақсы болар еді. Хайль Гитлер! Əрқашан достыққа берік Оскар
Лаутензак".
Айтпақшы, Цинздорф Оскардың жауларының ішіндегі оны жеңдім
деп мақтана алатын бірден-бір адам еді. Қалғандары, ол жоғарылаған
сайын, жол беріп отыруға мəжбүр болды.
Мысалға, ағартушы, профессор Томас Гравличекті алайық. Қазір,
рейхте германдық рух пен көзқарас тазалығы қайта орнаған соң, бүл
ергежейлінің жағдайы шайқалайын деді. Ол өзінің Чехословакиясына
қашып кетті. Қашса қаша берсін, мұнда оны еске алатын бір ит
табылар ма екен!
Процесс кезінде Оскарды қайсарлықпен алаяқ деп қараламақ болған
қаржы кеңесшісі Эдмунд Вернике де күйреп тынды. Сол жолы асау
шалдың өрескел қылығына залдағылардың бəрі күлген жəне ол бір
көзінің асты көгерумен ғана құтылып еді. Бірақ ол тулағанын қоймай,
жаңа Германия мен нацистік партияда бухгалтерлік есеп тексеруді
көтермейді, егер оны қаржы ведомствосының ұяты бар шенеунігі
қолға алар болса, талай-талай былықтың беті ашылған болар еді деп
мəлімдеген соң, оның да шаруасы бітті. Торкөздің арғы жағынан бір-ақ
шықты. Айқайлауың жетті, көкешім!
Не қағидаттарды, не өнер туындыларын саудаға салмайтын адам,
фон Обрист мырза да жоқ болып кетті - Оскар Лаутензак үшін бүл да
тағдырдың құнды сыйы. Өзінің қағидаттарын Обрист мырза өзімен
бірге ала кетті, өнер туындыларын жасырып үлгірмеді. Оның дүниемүлкін Рейх түп-түгел тəркіледі жəне бəрінен бұрын қамданған Оскар
"Сивилланы" сатып алды. Енді оның аты мен мəніне бірде - бір ашкөз
ақсүйек күдік келтіре алмайды.
Енді, міне, сол "Сивилла" Зофиенбургта, көптен бері бос цокольдің
үстінде түр; ол холдың орталық тұсынан орын алды жəне аса қуатты,
еркектің басына бергісіз бұйра шашты басы ғимараттың ғажайып
көркін аша түскендей. Сиқырлы Клингзор замогының құрылысы
аяқталған-ды.
Бірақ бақыт сыйын ақтарған шарап мүйізі шарасынан аса толған
болатын. Ағарту министрі оған жоғарыда отырғандардың бірі
оккульттік академия ашуға ынталы жəне ол академияның президенті
Оскар болады деп құдайдың өзі тағайындаған деген емеурін білдірді.
Бірақ, бүл орынға ұсынбас бұрын, оның ғылыми дəрежесі болуы керек.
Бүл бағытта қазірдің өзінде бірсыпыра жұмыс жасалып жатыр деп
қулана жымиып қойды министр.
Жəне айтқандай-ақ болды, бір аптадан соң Оскар Гейдельберг
университетінен хат алды, онда бұған психология саласындағы
сіңірген еңбегіне байланысты философия факультеті құрметті доктор
атағын беруді ұйғарғандығын хабарлапты. Университет ректоры мен
ғылыми кеңес онымен салтанаттың датасы мен басқа да мəселелерді
келісіп алғысы келетіндігін мəлімдепті; бұл салтанатқа ерекше мəн
беріліп отырғаны айтылған хатта. Күтпеген хабардан Оскар тіпті
отыра қалды. Мұғалім Ланцингер бір кезде оған сен сияқты мақұлық
басқаны қойғанда, тіпті латын грамматикасының ең қарапайым
ережелерін де үйрене алмайды деп ұрсатын еді; ал енді ең байырғы
университеттердің бірінің ректоры мен ғылыми кеңесі бұған ең
қарапайым латын грамматикасының ережелерімен докторлық атақ
беретін ниеті бар екенін хабарлап отыр. Ол, тіпті, осы салтанаттан
ойша лəззат алып үлгірді. Дəстүрлі киім киіп, ту ұстаған студенттік
корпорациялар, Гейдельберг замогының маңындағы алаулы шеру...
Оскар шексіз қуанышты. Ол өзін аспан астында қалықтап бара
жатқандай сезінеді.
Бала кезінде бірде герцог иелігінен əкесінің алма бағына дейін аш
ішекше созылып жатқан дуалдың қырымен жүріп өткені бар еді. Сонда
құлап өлемін - ау демейтін қандай сезім биледі десейші: осынша бас
айналатын биікте қабырғаның қырымен келе жатыр, келе жатыр! Екі
жағы құз, тайып кетсе - біткені. Бірақ бүл қорқыныштан қуаныш сезімі
басым еді.
Қазір де сондай сезімде отыр: кеудесін қуаныш кернейді, аздап басы
айналады.
Мемлекеттік кеңесші жəне бүкіл германиялық баспасөз агенттігінің
бастығы Гансйорг Лаутензак та шалқып-тасып өмір сүріп жатты.
Оның баронесса фон Третновпен достығы нығая түсті. Хильдегард
оны бұрынғыдан да жоғары бағалайтын болды. Əрине, сырт көзге ол
қораштау көрінеді, маэстро оны "балақай" деп атайды. Бірақ ол оз
мүмкіндіктерінің шегін білетін еді, өзін шектеп ұстайтын жəне ағасына
жасалған құрметті армандамайтын. Бірақ фон Третнов ханым, қалай
дегенмен, оның ағасына ұқсас жерлері коп деп білетін. Гансйорг пен
Хильдегард Моабит түрмесінде кездескелі бері көптеген ортақ
қуанышты да, ренішті де бірге көріп келеді. Бір сөзбен айтқанда,
Гансйоргпен бұрынғыдан да жақын бола түсуге бароннесса қарсы
болмады.
Осының өзі-ақ аз нəрсе емес еді. Бірақ Гансйоргтың тойымсыз
жүрегі кейбір ескі жауларына соққы беріп, көп жылдардан бері
кеудесінде жүрген кегін қайтаратын кез келгендігін қанағат етті. "Яко
же и мы оставляем должникам нашим", - деп үйретті ол Дегенбургтегі
пастор Руппердің сабағында. Бірақ қазір бұл аянышты еврей кодексі
алынып тасталған. Гансйорг үшін ендігі жерде өзінің жаңа, нағыз
германдық рухта тəрбиеленген жəне өзінің нағыз германдық есіміне
лайық адам екенін дəлелдеудің мүмкіндігі келді.
Атаққұмар əрі келбетсіз ол, өзінің көп жылғы өмірінде өзіне
жоғарыдан қараған, намысын қорлаған коп адамдарды көрді. Соғыс
кезінде унтер-офицер болып жəне Польшадан Германияға рояль əкеп
жүрген кезде, журналист болып, "Прожекторды" шығарып жүрген
кезде, "тыңшы" болып қызмет істеп, Карфункель - Лисси жəне суретші
Видтке ісіне араласқан кезде, оның дұшпандары мен көре
алмаушылары көбейіп еді. Олар əділет дегенді жиып қойып, өштерін
осы бір арықша адамнан алып жүрді; Сонда Гансйоргтың тепкі көріп,
талай рет шапалақ жеуіне тура келді. Енді оны молынан қайтаратын
мүмкіндік туды.
Мəселен, антрепренер Йозеф Манцты алыңыз. Зофиенбургтің
ашылу салтанатында көз бояушы Калиостроның бүкіл германдық
баспасөз агенттігінің бастығына жасаған амалына ол бекер күлді. Одан
да Манц мырзаның өзінің ащы да семіз, көңілді күлкісін Гансйоргтың
есіне салмағаны дұрыс еді; бұл күлкі бұрын да Гансйоргтың шамына
тиіп жүрген, ол қазір мемлекеттік кеңесші мырза өзі де əлдекімдердің
телпегін теріс айналдыра алады.
Бестен алтыға дейін Манц мырзаның "Батыс кафесінде" болатын
əдеті бар; онда оның достары жиналады - біреулері оз жұмыстарымен,
басқа біреулері иін қандыру үшін дегендей. Бір жолы екі танысымен
жайбарақат əңгімелесіп отырған, оның үстеліне қоңыр форма киген
адам келді де:
- Манц мырзасыз ғой? Солай ма? - деп сұрады.
Манц мырза өзінің тышқан көздерімен сығырая қарады: ол оның
сықпытын есіне түсіре алмады, бірақ кім болса да ұнамады.
- Біз сізбен таныс па едік? - деп сұрады Манц жəне жауабын да өзі
берді: - Жоқ, таныс емеспіз.
- Бірақ мен сізді білемін, Манц мырза, - деді қоңыр форма киген
адам. Менің білетінім, біз о бастан-ақ нацистердің жақтастары
болғанымыз. Солай емес пе?
Манц мырза не айтарын білмей састы. Басқа жақтан да қоңыр форма
киген адамдар келе қалып үстелді қоршап алды;
əңгімеге көршілері құлақ түре бастады. Ескі танысының жүзінен
абыржу байқалды.
- Кельнер, есеп! - деп айқайлады Манц.
Бірақ бейтаныс адам кетпеді.
- Бəлі, ескі таныс екенсіз ғой, - деп қоймады ол, сіз біздің ескі
досымызсыз, есіңізге түсіріп көріңізші, танып қаларсыз.
- Маған тыныштық беріңізші, - деп талап етті Манц мырза.
- Өзіңізбен сыпайы сөйлесіп тұрғанда, дөрекі сөйлеудің қажеті не.
Кейде біздің де ішіміз пысады. Сіз басқаларды билетіп, одан мол табыс
тауып жүретін едіңіз ғой. Ал енді, қане, бізге де сол өнеріңізді көрсетіп
жіберіңізші, көкетайым.
Манц мырза кетуге ыңғайланып, есікке қарай беттеді. Бірақ айнала
қоңыр жейделі адамдар; олар тіпті кірер есікте де түр екен, кафеден
ешкімді шығармайды.
- Кəне, үстелге шық! - деп бұйырды бейтаныс адам, - жəне билеп
беріңіз! "Бір" деген кезде, сол аяғыңызды, "екі" деген кезде оң
аяғыңызды созыңыз, "үш" деген кезде: "Хайль Гитлер!" деп
ұрандайсыз. Ұқтыңыз ба? - деп бұйырды ол. Оның көздері мен
қимылынан жақсылықтың нышаны байқалмады. Баскесерлер жуан
Манцты тығыз шеңбермен қоршап алды.
Манц мырза үстелдің үстіне ебедейсіздеу көтерілді.
- Бір, - деп бұйрық берді бейтаныс, Манц сол аяғын кетерді, - екі
дегенде, Манц оң аяғын көтерді, - үш дегенде: "Хайль Гитлер!" деп
айғайлады. Осылайша қайталай берді. Жұрт мұндай көрініске
жабырқай, ашына қарады, кейбіреулері қарғыс айта бастап еді, бірақ
тізіліп тұрған штурмовиктерден сескеніп, жым болды. Аузы-мұрнынан
шыққан кафеде тыныштық орнады, тек қана саптыаяқтар мен
табақтардың салдырлағаны, "бір", "екі", "үш" деген қатаң бұйрықтар
ғана естіледі. Манц мырза ақ мəрмəр үстелдің үстінде, толған
саптыаяқтардың ортасында мүсəпір болып түр: оның ебедейсіз
қимылынан саптыаяқтар еденге құлап түсіп, күл-талқан боп сынып
жатты.
- Қам жемеңіз, Обер мырза, - дейді бейтаныс кісі, - сынған ыдыстың
ақысын Манц мырза төлейді.
Ал Манц мырза бірде сол аяғын, бірде оң аяғын көтеріп, "Хайль
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 17
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.