Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 21

Total number of words is 3947
Total number of unique words is 1897
39.5 of words are in the 2000 most common words
53.7 of words are in the 5000 most common words
62.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
алды. Өзіне деген көңілсіз мақтау, "ақсүйектерге" деген көңілсіз айбат
оған ұнады.
Бірақ содан кейін, мақаланы екінші рет қарап шыққан соң ғана, ол
оның баспасөз бетіне əлдекімнің жаман пиғылымен шыққанын түсінді.
Мұның артында, əрине, Цинздорфтың тұрғаны белгілі. Жəне бұл енді
жақсылықпен бітпейді. Фюрердің сөздерін рұқсатсыз таратқаны үшін,
партияда үлкен сөзге қалады. Жəне Гансйоргтың алдында тағы да
ақталуына тура келеді.
Ол інісінің телефон шалуын асыға күтті. Мақаланың неге апарып
соғары оған əлі белгісіз еді. Тек Гансйоргпен түсінісіп алғаннан кейін
ғана ол болатын жамандықтың шама-шарқын мөлшерлей алады.
Бірақ Гансйорг телефон соқпады. Жəне мақала туралы ешкім
мұнымен сөйлеспеді.
Бақытына қарай, ол күні жұмыстан босамады. Таңертең ағарту ісінің
министрі шақырды жəне ол екеуі академияның ашылуына
байланысты мəселелерді талқылады, күндіз қиын консультация
өткізді, ал кешке көрсетілім қойылды. Көрсетілімнен кейін бір өте сұлу
итальян қызымен мейрамханаға барды. Қауіпті ойға берілуге уақыты
болған жоқ.
Алайда ол түнде үйықтай алмады, оны қалайда қауіп - қатердің
болмай қалмайтыны жеңді. Мақалаға байланысты мəселені партия
жəне, ең бастысы фюрер қалай қабылдайды? Ол мақаланың кейбір
жерлерін ойына түсірді, тіпті түн ішінде төсегінен тұрып,
кітапханасына барды, мақаланы тауып алып, қайта оқып шықты. Жəне
кенет мұның жақсылықпен аяқталмайтыны, бұл "ақсүйектер" жасаған
ойынның ішіндегі ең қауіпті ойын екенін ұқты.
Ол таңның атқанына жəне жұмысты қолға алатын мүмкіндік
туғанына қуанды. Бірақ күндізгі əбігерлік барлық ойын жұтып қойды.
Ол мақаланы ұмытты жəне төсегіне қатты шаршап келіп құлады да,
бірден ұйықтап кетті. Ұйқысы тыныш өтті жəне таңертең əбден
тынығып, сергіп тұрды. Жұмысты жапырып істеп, кешті қуана күтті.
Тағы да итальян қызымен кездеспек еді жəне оның жеңіспен
тынарына үміттенді.
Бірақ кейінше, көрсетілім мен кездесу алдында біраз тыныстап
алуға қисайған кезде, алаңдаушылық қайта жеңе бастады. Ол өзіне-өзі
ыза болды, өзін-өзі балағаттады. Осының бəрі қорыққанға қос
көрінедінің салдары. Нақұрыс қорқынышты біржола жеңе білу керек.
Жəне оның тек бір ғана амалы бар: Гитлермен сөйлесіп көру керек. Ол
сол заматта - ақ отыра қалып хат жазды да, фюрердің мұны
қабылдауын өтінді.
Көрсетілімнен кейін итальян қызымен кездесті жəне бəрі де өзі
ойлағандай болып шықты. Бүл бір есіңді алатын əрі адамды арбай
білетін ақылды əйел еді; махаббаттың мəнін білетін сорлаған қыз
Оскардың өзіне де, даңқына да құлады да қалды. Өзі де бір үлбіреген
нəзік жан екен, Оскар ойынан шыққан соң, түнді бірге өткізді. Бірақ
артынша қауіп-қатер мен қорқыныш қайта оянды: фюрермен əңгіме
немен аяқталар екен?
Бұл нақ Проэльдің Гансйоргқа таңдау мүмкіндігін берген кезі
болатын.
Келесі күні таңертең Оскар Гитлердің кеңсесінен жауап алды. Онда
рейхсканцлер мырзаның қазіргі кезде қолы тимейтіндігін хабарлапты.
Рейхсканцлердің
қолы
босаған
кезін
Лаутензак
мырзаға
хабарлайтынын сыпайылықпен жеткізіпті.
Хатты оқыған кезде Оскар оңған шүберектей болып бозарып кетті.
Бірақ ол мұндай жауап ештеңені де білдірмейтінін медеу етті. Оның
алғашқы күні-ақ Оскар үшін бос уақыт таба алмағанынан пəлендей
қорытынды жасауға болмайтын еді. Ол осы ойдан ұстап алды да
айрылмай қойды, бірақ бəрібір сабыр таба алмады. Ол фюрердің бұған
үкім шығарғанын жəне енді жеңілдік жасалмайтынын білді. Егер бұны
жазалайтын болса, қыңқ етпейтіндігін айтып, фюрерді сендірген өзі
болатын. Өзінің ішкі түйсігін сөз қылмастан, құлақ кесті күл болуға
уəде берген де өзі. Гитлер соны істеп отыр. Оскардың өлген жері де осы
болды.
- Сауда бітті! - деді ол, өзінің жас кезіндегі тілімен.
- Сандырақ! Бос үрей деген осы, жынданған шығар. Өзіңді - өзің
қолға ала біл - Бірақ он минут өтпей жатып өзінің қола мүсініне
жасқана карап теріс айналды. Ол өлер алдында өзінің тірі бейнесі мына
қола бейнеден кішірейіп кеткеніне ұялды. Өлер алдында. Өтірік.
Жалған. Бүл ойдан қалай болғанда да арылу қажет.
Ол жұмысқа басымен кіріп кетті. Бірақ жұмыстың дəл қызған
кезінде Альманы сағынғанын сезді. Ол мұның көңілін сабасына
түсіреді. Ол мұны қыр соңынан қалмай қойған үрейден арылтады,
əйтпесе шынында да жынданатын түрі бар.
Ол бірден соған қарай тартты. Оның жанға жайлы бөлмесінде ерсіліқарсылы жүрді, өзін еркін сезінді, академия туралы, алдағы
салтанатты ашылу туралы əңгіме қозғады. Кенет үндемей қалды жəне
тіпті не деп тұрғанын да білмей:
- Соған тірі жетер ме екенмін? - деді.
Тігінші Альма оған аңтарыла қарады.
- Бірақ ол екі аптадан кейін болады ғой, - деді қыз.
- Екі аптадан кейін не болады? - деп сұрады Оскар. - Менің айтқаным
ба?
Альма оның көңілсіз екенін көрді.
- Саған не боп тұр? - деп, шошына сұрады ол
Ол қолымен маңдайын сипады.
- Ештеңе емес, ештеңе емес, - деп міңгірледі ол, - ақымақтық əзіл ғой.
"Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес, - деп бұйырды ол өзіне. - Егер мен
жынданған болсам, ең болмағанда, басқалар оны сезбеуге тиіс қой.
Ойдан шығарылған қорқыныш, - деп қайталады ол іштей. - Өтеді,
кетеді. Өзіңді-өзің қолға ала біл Бəрі өтіп кеткенше, шыдай тұр".
Дегенмен, ертеңіне Алоизбен болған əңгіме кезінде, өзі есі
ауысқандық деп атаған сөз аузынан қайта шығып кетті.
Алоиз академияға ыза болып жүрген. Ол Оскар академияның
президенті болған соң екеуінің бірлесе атқаратын жұмысы аяқталады
деп қауіптенетін. Ол Оскардың ғылыми қызметін келемеж ететін
дөрекі əзілдерге жол берді, жеміссіз ғалымдықты Оскардың өзі де сан
рет əжуа еткендігін есіне салды. Бірақ бүгін Оскар досының кекесін
сөздеріне жауап берген жоқ, əдеттегі менменсуін де көрсетпеді.
- Иə, - деді ол, - мен өз өмірімде талай-талай жауапсыздықтарға жол
берген екенмін. Бірақ менің ісім оңбай түр, Алоиз, оған сенің
қосылмағаның дұрыс болар еді.
- Ол не мəселе? - деп, таңырқай сұрады Алоиз. - Бүл не жабырқау?
Алайда Оскардың қабағы ашыла қоймады, оның еңсесі түсіп,
күйзелгені сонша, Алоиз шыдай алмай:
- Саған бүгін не болған, айтсаңшы бізге? - деп сұрады.
Оскар жауап орнына досына қамыға қарады.
- Шынымды айтсам, сен өмір бойы менің көлеңкемде жүрдің. Бірақ
сен өз тарапыңнан маған адал болып қала бердің.
Алоиз ұялып қалды.
- Мынауың азанама секілді естіледі екен. - Жəне екі ойлы болып,
сөзін сабақтай түсті: -Бəлкім... академия ашып алған соң, менен
құтылайын деп жүрген шығарсың. Қарапайым көзбайлаушы тақияңа
тар келіп жүрген болар. Мақұл, мен саған екі рет айтқызбаймын. Біздің
келісімшартымыз бұзылды деп санаймын. Ондай келісімшартты мен
кез келген адаммен жасай аламын.
Оскар бұған бұрын болмаған жұмсақтықпен жауап қатты:
- Қайдағыны айтпа, Алоиз. Мен досымды тағдырдың тəлкегіне
тастамақ емеспін.
Оскар "мен" деген сөзге сəл-пəл екпін түсіре айтты, ал ойы өзін
сатып отырған фюрер жағында болатын. Ол бұдан артық өзін тежей
алмады.
- Жарайды, мен саған құпиямды ашайын, - деді, досына сенім
көрсетіп. - Мен нысанаға іліктім. Міне, қазір сенімен бірге отырғанда
да: осы соңғы отырыс болмас па екен? - деп сұраймын ішімнен.
Алғашқыда Алоиз бүл Оскардың оспадар қалжыңдарының бірі болар
деп ойлап еді, бірақ соңынан оның қалжыңдасуға құлқы жоқ екенін
сезді. Əрі шошып, əрі онысын білдіргісі келмей, көңілін ауламақ болды.
- Мұның - сандырақ. Шаршағансың ғой. Бəріне əлгі ақымақтық
академия кінəлі.
Бірақ Оскар:
- Жоқ, жоқ. Айтып отырмын ғой саған, мен құрыған адаммын. Олар
мені жайыма қалдырмайды.
- "Оларың" кім? - деп сұрады Алоиз, күдігі қоюлана түсіп.
- Нацистер, əрине, - деп ашулы жауап қайырды Оскар, - өзіміздің ескі
достарымыз.
Нацистер Оскар үшін ашқалы жатқан академия туралы барлық
газеттер жазып жатқанда, мұндай заттарды сөз қылу ақылға
сыймайды, əрине. Оскардың үрей ауруына шалдыққаны сөзсіз. Бірақ,
мүмкін бұл, бір жағынан жақсы да болар жəне Оскар жексұрын
бандымен, нацистермен арасын ашып алар? Алоиз досының жеңінен
ұстай алды.
- Алды-артымызға қарамай, тартып кетейік, Оскар - деді ол,
астыртын сөз байласқан қаскүнемдерше сыбырлай сөйлеп. Нацистермен тіл табыса алмайсың деп мен саған əлдеқашан айтып
едім ғой. Міне, енді көзің жетті. Гансль мен оның нацистік саясаты сені
ақылыңнан адастырды. Шетелге кетіп қалайық. Былғаныш
жұмыстарын өздері атқарсын. Келісімшарттан кенде болмаймыз.
Манц оны бізге кезде-ақ жасап береді. Шетелге кетіп қалайық та
бұрынғы кəсібімізбен айналысайық.
Ол асып-сасып, достық көңілмен үсті-үстіне бастырмалата сөйледі:
ол Оскардың қайғы-қасіретін көріп түр еді.
Досы үшін Алоиздың өзінің Мюнхеннен де бас тартуға дайын екені
Оскарды толғандырды. Риза болғандықтан, жымиып күлген болды.
Алоиз нацистердің қандай екенін білмегені ме? Олар өлімге
ұйғарылып қойған адамды шет елге жібере қоя ма? Бірақ ол ұзынсонар
əңгімеге беріліп, түсіндіріп жатпады.
- Жақсылығың құдайдан қайтсын, Алоиз, - деді ол. - Менің жағдайым
анау айтқандай жаман емес. Ештеңе етпейді, бəрі де орнына келеді.
Ол кетіп қалды.
Алоиз арықша келген ұзынша жағына қолын тіреп, тағы да ұзақ
ойланып отырды; оның мұңға толы қой көздері бұрынғысынан да
ойнақы əрі ойлы көрінді. "Аулақ, аулақ" - деп іштей қайталай берді ол,
ашудан гөрі сиынғаны басымдау болып. Досының ақымақтық сөзіне
пəлендей мəн бере қоймағанмен, Оскардың мұқалып қалғаны оның
жүрегін қамқорлық пен қорқыныш сезіміне бөледі.
Жұрт отырған жерде қорқынышты қуып тастау Оскардың қолынан
келетін, бірақ жалғыз қалған жерде осы қорқыныш оның кеудесіне
шығып алып, жан-жүрегін аямай езетін еді. Кейде ол өзін қуыс
кеудедей сезінеді, о дүниеде жүргендей елестетеді. Ол əлі қозғала
алады, сөйлей алады, бірақ үні тым бəсең шығатын болған, естілмейді
десе де болғандай. Оскарды біреу əйнек қалпақпен жауып тастағандай.
Бірақ, сонша қорқатындай, көзге көрініп тұрған қатер жоқ.
Оскарды барлық адамға деген күдік, сенбеушілік күннен - күнге
меңдеп алды. Бір бейтаныс жігіт мұның бағында бірдеңе істеп жүрген.
- Мұнда неғып жүрген жансың - деп, дүрсе қоя берді Оскар. - Бүл
жеке меншік иелігі.
Сөйтсе, бейтаныс дегені тапсырған жұмысты атқарып жүрген
бағбанның көмекшісі болып шықты.
Оскарға ағарту ісінің министрі телефон шалды, газеттер
академияның ашылатыны туралы шулап жатты. Бəрі де өз кезегімен
өте берді. Бірақ мұның бəрі Оскарды алдай алмады. Олар: оның
сақшылары, оның баскесерлері көзге көрінбейді. Бірақ оны алдай
алмайсың. Оскар олардың мызғымайтын көздерін сезіп жүр. Ол өлім
тұзағы көзге көрінбегенмен, біртіндеп тарыла түскенін санасымен
сезеді.
Бұдан əріге төзе алмаған ол, Гансйоргқа тартты. Бүл Гансйорг пен
Проэльдің арасындағы əңгімеден кейінгі үшінші күн болатын.
- Мен сенімен тап қазір, оңаша сөйлесуім керек, - деді Оскар.
- Сонша не боп қалды? - деп сұрады Гансйорг. - Не болды саған?
Академияға байланысты ма? Бұдан артық жар салуға, меніңше, еш
мүмкіндік жоқ.
Ол өзінің алаңдауын байқатпау үшін, сигаретін құшырлана сорды.
- Не боп қалды дейді, - деп ашына қайталады Оскар, - ол жағын
менен гөрі сен білетін шығарсың. Басыңды тікпей құтыла
алмайтынымды сен ескерткен болатынсың, демек, балтаның қашан
шабатынын да сен білесің.
- Сен сандырақтап тұрсың, сен əбден шаршаған екенсің, - деді
Гансйорг, Алоиздың айтқанын сөзбе-сөз қайталап.
Бірақ Оскар Гансйоргтың сөздерінен, бүкіл болмыс - бітімінен
сенімсіздіктің бір ұшқынын байқап қалды. Иə, ол, Оскар, өлген адам.
"Ақсүйектердің" кітаптарында оның өлетінінің айы, күні, сағаты
жазылып қойған. Ал мына балақай сол "ақсүйектер" жағында жəне не
ойластырылып жатқанын жақсы біледі.
- Демек, сен ештеңе айтқың келмейді ғой, - деді ол мұңын шаққандай
болып жəне ағасының жан айқайы қаттырақ шығып кетті білем,
Гансйорг өз кінəсін айқын сезгендей болып, қоса қайғырды.
- Жанталастың қажеті жоқ, - деді ол өтінгендей болып.
- Мен түсінемін, сенің ойлағаның академия: академияның
президенті болу оңай емес. Бірақ сен процестен де сүрінбей өтіп едің
ғой. Академияның ашылуында да сүрінбейтініңе сенемін. - Ол жымиып
күлген болды, темекі тартты.
Оскар оның жымиысына жауап берген жоқ. Ол тек Гансйоргқа
қарады да қойды. Тіпті қадала қараған да жоқ, бірақ сол қарастың
өзінен Балақай қаймығып қалды, оған Оскар бəрін білетін секілді
көрінді.
Енді Оскар мұңын шаға бастады. Ол айғайлаған да жоқ, балагаттаган
да жоқ - Гансйоргқа одан да ағасының балағаттағаны жақсы еді. Оскар
əдеттегі менмендігін қойып, булыға сөйледі, ақырын сөйледі жəне əр
сөзінен үмітсіздіктің суық желі аңқып тұрды.
- Сен мені неге саттың, Гансль? - деді ол - Саттың ғой, солай ма?
Əлде жоқ па? Сен бірдеңені білесің, солай ғой?
Көп нəрсені білесің. Сол мақала туралы маған неге айтпадың? Оның
мені құрту үшін жазылғанын білдің ғой. Жəне мені дер кезінде
сақтандыруың керек еді. Аман алып қалуың керек еді. Ол сенің
қолыңнан келетін еді. Сөз жоқ, келетін еді. Неге сен соны істемедің,
бауырым? Кейде саған қатал болған шығармын, оны мойындаймын
жəне сенің кек алуға да хақың болды. Бірақ, мені біржола құртуың жоқ, бүл шектен шыққандық. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі, ал мен
қырық беске де толған жоқпын. Мен мың өліп, мың тірілген соғыстан
да, от пен судан да өттім, ал сенің сигаретті тартып, жайбарақат
отыруың мынау жəне менің өлетінім ішіңе кіріп те шықпайды. Ал біз
бір-бірімізбен кіндігіміз байланған жанбыз, егер сен тұзаққа ілінсең,
мен сені дарға астырмас едім, сені сатпас едім, Гансль бауырым.
- Қайдағыны сандалма, - деп жауап берді Гансйорг. - Мүмкін
академияның ашылуын кейінге қалдыра тұрармыз жəне сен бірнеше
күнге теңізге немесе тау жаққа демалып қайтарсың, - деген ұсыныс
айтты ол Бірақ бүл қиналып айтылған сөзде сенімділіктің жоқтығы
сезіліп тұрған-ды. "Бұған да шыдау керек, - деп ойлады ол, - қалайда
шыдап бағу керек. Қазір Проэльге барып, мен оны жындыханаға
жіберуді қаладым демейсің ғой. Проэль енді мұндай қадамға бармайды,
мен тек оны қорғаймын деп, өзімді қоса құртамын".
- Сен ақылдан кенде емессің, - деді бұл кезде Оскар, - сен қашанда
менен ақылдырақ болатынсың. Жəне мені кек алу үшін тұзақта
қалдырып отырған жоқсың. Əркімнің өз жаны өзіне тəтті. Оның рас.
Өзім де солай ойлағанмын. Бірақ біреудің алмасын ұрлаған кезде ғана.
Ал егер сенің өміріңе қауіп төнсе, Гансль, мен саған: "Теңізге немесе
тауға барып, демалып кел" - демес едім - онда мен сені қорғап қалар
едім, оны жақсы білесің. Жə, оны айтқаннан не шығады. Бəрі бітті.
Жəне мен дəл сендей ақылды болмағаныма қуанамын.
Ол өлі мен тірінің арасында отырғандай, сөзді қинала айтып,
созбақтай сөйледі. Гансйорг ештеңе деп жауап қатпады, тіпті ағасына
қараған да жоқ.
Кешікпей Оскар кетіп қалды. Гансйорг оның шығып бара жатқанын
естіп отырды, бірақ қабағын көтеріп қараған да жоқ, қимылдаған да
жоқ. Оскар кеткеннен кейін ол екі-үш минуттай əлсіз, дəрменсіз күйде
отырып қалды.
Өмірінің соңғы торт күнінде Оскар, мейлі жалғыз болсын, мейлі
көппен бірге болсын, азапты қорқыныштан қашып құтыла алмады.
Қорқыныш зіл қара тастай болып кеудесін езе берді, алқымынан қыса
берді. Штурмовикті көрсе болды: "Ертең болмаса бүрсігүні балтасымен
басымнан бір перетін осы болар, бəлкім" - деп ойлайтын болды.
Яхтамен қол бетінде жүзіп жүргенде де: "Бəлкім, осы жерде суға
батыратын шығар" - деп ойлайды ол Зофиенбург замогына жақын
жердегі орманды кезіп жүргенде де ол: "Мені осы жерге көміп тастамас
па екен?" - деп ойлайтын болды.
Тіпті, "əне, келіп қалды" деп минут сайын зəресі ұшып отыратын
болды.
Оскар ұйқы шақыратын дəрі ішті, бірақ бəрібір жаман ұйықтады.
Бірде шошып оянып, бірде жаншылып, қара терге түсіп жатты. Ол
бөгде адамның аяқ дыбысын анық естігендей болады. "Бұл кім?" деп
айқайлайды қара түнекке қарап. Аяқ дыбысы басыла қалды. Бірақ
бөлмеге біреудің кіргеніне ол сенімді. Арқасын аяз қарып өткендей
болды, бала кезіндегідей тез-тез шоқынып алды.
Келесі күні кешке, бақтың есігін ашып жатып Оскар байлаулы
кілттердің арасында көп дауласып жүріп қолға түсірген Кетенің
пəтерінің де кілті бар екенін есіне алды. Сол арада-ақ оның Кетенің
пəтерін барып көргісі келіп кетті. "Бəлкім сол жерде байыз табармын,
өкініш пен қорқыныштан құтылармын" - деп ойлады Оскар.
Ол сонда барды, пəтердің есігін ашты. Пəтер бос болмаса да, Оскарға
ол қаңырап тырғандай көрінді. Кете бұл сыйлаған заттардың бəрін
жəне мұнымен байланысты заттардың бəрін тастап кетіпті.
Көшенің шамы бөлмені жап-жарық етіп түр. Оскар қаңырап қалған
бөлмеде роялға жалғыз сүйеніп түр. Əдетте өзіне соншалықты сенімді
адам енді мүсəпір болып, ролға сүйеніп əрең тұр еді.
Бұл кезде Тиршенройт ханым Кетенің Прагадағы бөлмесінде
отырған. Ол Пауль қалдырған қолжазбаларды қарап отыр - оны Кетеге
Альберт құпия жолдармен жеткізген. Мұнда "Сақтандырудың үлгісі
бола білген Рихард Вагнер" деген мақаласы, мұнда тіл тануға
байланысты мақалалары жəне неміс тарихы мен Германияның саяси
өмірін жаңаша түсіндіру туралы өткір очерктері бар еді. Оскар
Лаутензактың есімі бірнеше рет аталыпты.
- Оскар туралы бірнеше жол мынау, - деді Анна Тиршенройт жəне
қолжазбаны Кетеге ұсынды. - Пауль ержүрек əрі ақылды бопты, - деді
ол, - бірақ кемшіліксіз болмаған. Адамнан бəрін талап етуге болмайды
ғой.
Кете қолжазбаны қолына алды, бірақ оқыған жоқ. Бет əлпетінен
тұйықтық, тіпті ашу-ыза білінеді.
Берлиннен кеткеннен кейінгі алғашқы кезде ол керемет
жалғызсырап жүрді. Оскарды еске алғанда ол біртүрлі сезімге бөленіп
жүрді. Бейне мұның жанында алғашқыда жүн -жұрқаға толы, кейін
босап, қаңырап қалған бөлме болған тəрізді. Торезі, қолы немесе аяғы
кесілген əрі кесілген жері əлі де ауыратын адам өзін осылай сезінетін
шығар. Бірақ оның бəрі өтті, кетті. Енді оның Оскарға деген махаббаты
да, жеккөрушілігі де қалған жоқ, оны ойлап жатуға Кетенің уақыты да
жоқ еді. Ол өмірге келетін сəбиінен басқа ешкімді де ойлауды қойды.
Ол енді іштегі шаранасынан құтылу туралы ойға қалай келгенін де
түсіне алмайды.
Анна Тиршенройт Кетенің қолжазбаны ұстап тұрғанын, бірақ
оқымағанын көріп тұр. Бейшара қыз Оскарды ойлаудан қорғанады, деп
ойлады Анна, басқаша болуы да мүмкін емес. Онысы Оскарға əділдігі
емес. Оған бəрі де əділ емес. Кете баланың болатынына қуанады, бірақ
Оскар оның əкесі деген ойдан безе қашады. Алайда оның да жақсы
жақтары болды ғой, оның бəрі қолдан құйылған бет - бейнесінен анық
көрінеді. Ол тағдыр туралы ылғи терең толғаныспен айтатын, өзін
оның ерке ұланы санайтын, ал шындығында, оның өгей ұлы болатын.
Кейде ол бойына дарыған қасиетті ұстап калуга жақындап жүрді жəне
бұдан гөрі жолы болғанда, меңгеріп кетуі мүмкін еді.
Кете қолжазбаны үстел үстіне қойды.
- Сіз, əрине, түсінетін шығарсыз, Анна ханым, - деді од - осының
бəрін ұмытқым келеді. Мен тек баламды ойлауға тырысамын. - Ол
өзінің алдына тура қарап тұрып, сенімді шешіммен əрі қуана мəлімдеді.
Келесі күні Оскар келімсектерге лық толған, ішіп-жемі мол бай
мейрамханада отырды. Кенет оның көзі екі еркекке түсті де, бірден
түсіне қойды: солар. Оларды кеше де, бүгін күндіз де көргені ойына
түсті. Ол вестибюльге шықты. Екеуінің бірі мұның соңынан ілесті.
Оскар бүл мейрамханадан шығып, басқасына барды, бірақ олар да
сонда екен.
Оскар үйге қайтуға батпады. Гансйорг шығарып салған - бауырынан
көмек жоқ. Бірақ оны тағы да бір рет көруі қажет. Жендеттер келгенде,
біреудің етегінен ұстағысы келді. Ол Гансйоргқа тартты.
Мемлекеттік кеңесші мырза үйінде жоқ екен. Оскар бауырының
қайда екенін сұрап қоймаған соң, мемлекеттік кеңесші мырза фон
Третнов ханымға кеткендігін сенімсіздеу баяндады ондағылар.
Оскар баронессаға тартты. Түн ортасы болатын. Есікті ұйқылы-ояу
швейцар ашты. Оны таныған швейцар əрі таңданды, əрі ұялды. Оскар
інісінің осында екенін жəне дереу кездесуі керектігін мəлімдеді. Əлі де
ұялып тұрған швейцар күте тұруын сұрап, өзі жоғалып кетті. Бірқауым
уақыттан кейін қайта оралған ол, мемлекеттік кеңесші мырза осында
болғандығын, бірақ кетіп қалғандығын баяндады.
Гансйорг бауырынан бас тартты, Оскар өмірінде бірінші рет қатты
састы. Олар, əрине, мұны көшеде күтіп түр. Машинадан шыға бере ол
жақында тұрған басқа бір машинаны көрген. Мұнда, баронессаның
үйінде, ол қауіпсіз. Оскардың кеткісі келмеді. Не болса да бүгін болады,
бірақ əзірге оны əлгі адамдардан мына есік бөліп тұр, əлі де тыныстай
тұруына болады. Гансйоргтың кетіп қалғаны ғана өтірік. Ол осында,
ажалды сағатта мұны тастап кеткен інісі осы шаңырақтың астында.
Ыңғайсызданған əрі ренішті швейцар жұмбақ жүрісті адамның
кетуін күтіп қипақтап түр. Ауыр денелі, фрак киген Оскар да осында
түр жəне кету ойында жоқ.
- Мен ауырып тұрмын, - деді ол ақырында, - маған арақ əкеп
беріңізші. - Ол ақшаны швейцардың қолына ұстата салды.
Анау кідіріңкіреп барып таңырқай жауап берді:
- Егер осылай болса, Лаутензак мырза... - деді де кетіп қалды.
Оскар биік те қымбат креслода отыр, басындағы цилиндрін шешіп,
еденге қойды. Швейцар коньяк алып келді.
- Басқа тəуірлеу ештеңе таба алмадым, Лаутензак мырза, барлық
жер жабылып қалған, - деді ол
- Енді оның ешқандай мəні жоқ, - деді де, Оскар ішіп салды.
- Кешіріңіз, доктор мырза, - деді кенет швейцар, - мен сіздің құрметті
доктор болғаныңызды газеттен оқып едім.
Мен "Безендірілген газеттен" сіздің портретіңізді жəне
академияңыздың суреттерін көргенмін. Бұл жақсылық қой. Мен сізді
құттықтаймын.
- Рахмет, рахмет, - деді Оскар. - Енді мен жүретін шығармын.
- Мүмкін қалатын шығарсыз? - деп сұрады швейцар. - Мүмкін
осында түнеп шығарсыз? Дəрігер шақырайын ба?
Оскар ойланып қалды. Егер ауырған болып, дəрігер шақыртса, бүл
жерде, баронесса фон Третновтың үйінде, дəрігердің көзінше, олар
бұған басып кіре алмайды, ал егер басып кіріп, Гансльдің көзінше
өлтіріп кететін болса, ана оңбаған, бауырын өлтірген Иуде оны өмір
бойы ұмыта алмайтын болады.
Бірақ қала тұрғанда қандай мон бар? Бүл үйден бəрібір кетуге тура
келеді. Егер қалатын болса, өзін-өзі қолға алып, ауырған боп қиналу
керек. Жəне жүректі езген қорқынышпен тағы бір түн, мүмкін тағы да
бір күн артық өмір сүргеннен не мон шығады?
- Рахмет, - деді Оскар. - Жоқ, мен үйге қайтайын.
Сонымен, інісін коре алмаған күйі, ол баронесса фон
Третновтың үйінен ауыр қозғалып шыға берді.
Əлгілер əлі осында түр ма екен? Иə, тұрған сияқты. Оскар бұған
сенімді емес еді. Ол машинасына отырды. Бірақ қайда бармақ? Тағы да
бір түнгі мейрамханаға ма? Жарқыраған шамдар, даңғырлаған музыка,
у-шу, күлкісін тыймайтын, етек-жеңін жимайтын көңілді жастар оның
титығына тиіп болды. Біраз уақыт Оскар ешбір мақсатсыз көшелерді
бойлап жүре берді. Сонан соң "Табарин" мейрамханасына тартты.
Онда таныс жұрағаттарын, көңілдес əйелдерін кездестірді, ішті,
жеді.
Ол мейрамханадан шыққан кезде, швейцар оның машинасының
есігін ашып тұрған болатын, - əлгі екеу бұған жақындай берді.
- Менің ойымша, Лаутензак мырза, - деді екеудің біреуі, - енді сіздің
біздің машинамызға мінгеніңіз жөн.
Екіншісі сəл ғана байқалатын ишарамен таяуда тұрған бірнеше
жендеттерді көрсетті. Қараңғы түн болатын, бірақ таң да қылаң беріп
келе жатқан. Оскар жан-жағына қарады. Көшеде тірі жан жоқ. Бір
пəлені сезген швейцар білдірмей кетіп қалыпты: зым-зия. Оскар өзінің
еш кеткен өмірін жоқтап айқайлағысы келді. Бірақ, онда əлгілер мұның
шаруасын табанда бітіре салады, ал егер өзін дұрыс ұстай білсе, əлі де
бірнеше минут өмір сүреді.
- Мархабат, - деді біреуі, оның үнінде кекесіннің де, қорқытудың да,
бұйырудың да табы бар еді, - бүл сөздерді Оскардың өзі де бұдан артық
келістіріп айта алмас еді. Ол көрсеткен машинаға барып отырды. Бүл
бір жайлы машина еді. Өзінен басқа торт адам отыр екен.
- Қайда барамыз? - деп сұрады Оскар.
Оған жауап болған жоқ.
Машина елсіз көшемен заулай жөнелді. Оскар бұл көшелерді жақсы
білетін, ол осындай таң алдында бұл көшелермен талай рет жүріп
өткен; мұнда көрнекті жерлер көп, бұл кəдімгі өзі жаулап алған Берлин
еді. Мұнда талай - талай еске алатын хикаялар бар, ал қорқыныш одан да коп, жын қаққандай жүйткіген ойлар - одан да көп. Құтылу
мүмкін бе? Жалпы, сондай мүмкіндік бар ма? Бірақ осы естеліктерден,
қорқыныштан зымыраған ойлардан бір ғана сұрақ басым болып тұр:
ағарып атқан таңды, күннің алғашқы шұғыласын көре алам ба?
Машина батысты бетке алып, Зофиенбург ауданына қарай ұзап
барады.
Бұл ауданнан да өте шықты. Орманға бет алып, жіңішке жолға түсті.
Оскар бүл жерлерді біледі. Ал одан да тар жолға түскенде, машина əрең
жылжыды. Міне, тоқтады.
- Шық, - деп бұйырды ереуілдердің біреуі.
Оскар отыра берді. Таң əлі атқан жоқ. Ол қатты шаршағанын сезді,
дəрмені жоқ, қалтырай бастады.
- Шық деймін, - деп қайталады зілді дауыс.
- Қалпағым мен пальтомды алайын ба? - деп, балаша сауал қойды
Оскар. "Уақыт ұтуым керек, уақыт, уақыт, уақыт", - деп ойлады ол.
Машинада отырған төртеудің бəрі миықтарынан күлді.
- Қалпағың мен пальтоңды ала шықсаң да болады, - деді əлгілердің
біреуі.
Оскар машинадан сүйретіліп əрең шықты. Сирек өскен тоғайдың
ортасында ол фракпен түр. Жол осы жерден бітеді екен, айнала - тоғай,
орман; аспандағы қияқтай жіңішке ай батуға таяпты - ағаштардың
арасынан əрең көрінеді. Оскарда дəрмен жоқ, күн жылы болса да
қалтырап барады.
- Жүр, - деді штурмовик.
- Таң атқанша күте тұруға болмай ма? - деген жалынышты сөздерді
кекештене зорға айтты Оскар жəне қалтыраған қолымен əмиянын
алды.
- Жүр дедім ғой, - деп қайталады айдауыл жауап орнына. Оскарды
қоршап алды, жүруге мəжбүр етті. Орманға тереңдете алып барады.
Бұталарға, ағаш тамырларына сүрініп, жүріп келеді. Тоқтады.
- Енді қаш, - деген бұйрықты естіді ол, - былай қарай қаш. - Оған
қалың орман жакты көрсетті.
Оскар өзінің жендеттеріне жалынышты əрі сағынышты жүзбен
кезек-кезек қарады. Олардың міз бақпаған жүздерінен бұйрықты
орындауға байланысты салқындықтан басқа сезім белгісін көре
алмады. Таң əлі атқан жоқ еді, бірақ үміт те қалған жоқ. Ол барлық ерікжігерін таңға дейін жетуге бағыттап еді, бірақ, мына адамдардың суық
жүзін көргенде бəрін түсінді: оның соңғы тілегі, соңғы өтініші - үмітсіз,
тағы да қателесіпті.
Олардан амалсыз көзін тайдырып əкетті. Жан-жағына тағы да бір
рет қарады. Ағаштарды, бозарып келе жатқан аспанды, қияқтай
жіңішке айды көрді. Басына цилиндрін киді де, бетін орманға
бақилыққа қарай бұрды.
Ол ішінен əлдеқандай бір музыка, салтанатты əнұран шырқалса
екен деп тіледі. Бірақ бүл тілегі де орындалмады. Бірақ өзінің ақырғы
сапарына аттанып бара жатқанда, ешқандай музыка ойналмады.
Ол лакталған бəтеңке киген аяғын көтере берді. Кетті. Фрагын,
пальтосын жəне цилиндрін киіп алған күйі шоқ ағаштарға, мəңгілік
қараңғылыққа қарғи, тарс еткен мылтық даусы əне естіледі, міне
естіледі деп күтумен адымдап бара жатты.
Оккульттік ғылымдар академиясының ашылуына бір күн қалғанда
газеттердің бəрі бірінші бетіне үлкен қаріптермен Оскар Лаутензактың
айуандықпен өлтірілгені туралы хабарды басты. Оның бойынан
көрсетіліміне қатысқан мыңдаған адамдардың бəрі білетін үлкен
жүзік, қымбат заттар мен ақша табылды, бірақ ешкім тонамапты.
Қастандықтың саяси себептермен жасалғаны анық. Оскар Лаутензак
"қызылдар" үшін, ұлттық -социалдық идеологияның өкілі болды: олар
оны тасадан атып өлтірді.
Фюрер өзінің көріпкеліне мемлекет есебінен салтанатты жерлеу
ұйымдастыруды бұйырды. Табытты орасан көп адам алып жүрді,
көптеген тулар мен штандарттар көтерілді, оркестр азалы музыка
ойнап тұрды.
Оскар Лаутензактың моласының басында Гитлердің өзі сөз сөйледі.
- Бұл мен құрып жатқан жаңа Германияның аяғынан тұруы туралы
жан-жүрегінің музыкасы - қоңыраулы үнімен жалпақ елге жар салған
адамдардың бірі еді, - деп толғанды ол, толқып тұрып.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.