Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 03

Total number of words is 4421
Total number of unique words is 2130
36.0 of words are in the 2000 most common words
49.2 of words are in the 5000 most common words
57.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
отыр. Қысқасы - таң қаларлық нəрсе. Əйтсе де, мұндай - мұндай талай
рет болған-ды.
Оскар бұған қарсы, Гансйоргқа қарсы дау айтқан болар еді. Бірақ ол
мұны фюрермен кездестірді емес пе, сондықтан əріге бармай:
- Сен де қайдағы - жайдағыны еске алады екенсің, - деді ол. - Бірақ
сенімен ұрсысқалы отырған жоқпын. Мен саған өте ризамын. Бүгінгі
кеш мен үшін ұмытылмастай болды. - Ганстың ала көлеңкедегі көздері
шырақтай жылтырайды. Оскарға ол қасқырдың көзіндей боп көрінеді.
- Мен сені əлі талай айта жүретіндей кештерге алып барамын,
көкешім, сонда көрерсің қуырдақтың көкесін, - деп жауап берді ол Жəне сол жолы əкеме сабатқаның үшін өш алу қаперімде де жоқ. Мен
саған жамандыққа жақсылықпен жауап бермекпін. Бірақ қазір шаршап
жатырмын, бүге - шігесін еске ала бергім келмейді. Екеуміз де
демалайық, сонан соң сөйлесерміз. - Ол қараңғыда шоқтай қызарған
көздерін Оскарға тағы да аударды, ал бауыры болса осы көздерде не
бұғып жатқанын біле алмады: еркелік пе, əлде мысқыл ма?
Бірнеше күннен кейін, бұлар қонақ үйдің номерінде отырған кезде,
Ганс осы əңгімеге қайта оралды. Оскардың болашағы туралы
сөйлесетін уақыт жетті, деп мəлімдеді ол. Ол темекісін тартып,
ыңғайланып отырды да бауырының өз жағдайы туралы түп-түгел
айтып беруін сұрады.
Бөлменің қақ төрінде ашық тұрған қағаз қорап Оскардың көзіне
сүйел болды - онда жейде, шұлық, галстук секілді еркектердің киімкешектері жатқан, Гансйорг қазір ақшалы болды, мына киім толы
үлкен қорап та əлгінде ғана дүкеннен сатып əкелінгені көрініп түр.
Оскар оған ойлы көзбен қарап қойды, ал Гансйоргтың шеткерірек
жерге алып қояйын дегені қаперіне де кірген жоқ, ал Оскар қорапты
былай алып қоюды талап етумен əңгіменің желісін бұзғысы келмеді.
Сондықтан ол ешнəрсеге көңіл аудармауға тырысып, əңгімесін бастап
кетті.
Ол Калиостро аталып кеткен, Пранер деп аталатын көз бояушының
ұсынысы туралы, одан əке-көке деп əрең құтылғаны туралы
əңгімеледі. Өзімен профессор Гравличектің шартқа отырғысы
келетіндігін айтты, сол келісімшарт үшін Тиршенройт ханым өзінің
жүрегіне жақын "Философын" су тегін бағаға бергенін де жасырмады.
- Кеш оянған махаббатының өтеуі үшін ол ханым несін аясын, - деп
қалды Гансйорг.
- Мен сенің байқап сөйлегеніңді сұрар едім, - деп жауап берді Оскар
əдеттегі тік мінезділігімен. - Анна Тиршенройттың атына мұндай
қылжағың жараса қоймайды.
Гансйорг жайбарақаттана түсіндірген болды.
- Мен қалжыңды бір ғана мақсатпен: бар-жоғы екі жүз елу марка
үшін сені ғалым-педагогтардың қайдағы бір күдікті компаниясының
қолына түсіп қалмасын деген тілекпен айтып отырмын.
- Сен оны түсінбейсің, - деді Оскар, ашуланудың орнына айыпты
адамдай қысыла сөйлеп.
- Түсінемін, түсінемін, - деді Гансйорг, - сол келісімшартпен сен өзіңе
іштей тыныштық, жинақылық қабілетіңді өрістетуге мүмкіндік сатып
алғың келеді ғой. Мұны түсінуге болады. Бірақ екі жүз елу марканың
аты - екі жүз елу марка, онымен қай жыртығыңды жамамақсың? - Ол
орнынан тұрды; оның өң-түссіз бозарған көздері бауырына
кекесінмен, тіпті, қайғыра қарады десе де болады. - Біздің марқұм
əкеміз бен мұғалім Данцигер болса: "Оскардай кержалқауды көргеміз
жоқ" дер еді. - Сонан соң: -Келісімшарт дегендері бос сандырақ, əрине.
Мен дер кезінде келіп қалғаныма қуанып отырмын, - деді.
Үнсіздік орнады. Сонан соң Оскар:
- Сонда не істеуім керек? - деп сұрады. Өзінің осынша дəрменсіздік
көрсеткеніне ыза болған ол, шешімді түрде:
- Мен, əрине, Пранермен де қарым-қатынас жасай аламын.
Ақша жетерлік болар еді. Бірақ телепатияға сатқындық
жасай алмаймын, бүл шешілген мəселе, - деді сенімді түрде.
Гансйоргтың айызы қанып отыр. Демек, тағы да тұйыққа тірелген
ғой. Ерекше дарын, көріпкел деген сол Оскарың, міне, алдында отыр,
не істерін өзі де білмейді, өзін талай рет сатып кеткен інісінен көмек
сұрап отыр.
Ол іштей қыбы қанып отырғанымен, сыр бермеуге тырысты.
- Менде де осыған ұқсас идея бар, - деді Ганс. - Бəрін қайта баста.
Сахнаға шық. Бірақ "Варьетеге" емес. Сен өз дарыныңды партияға
беруге тиіссің деп ойлаймын.
- Солай де! Бар-жоғы осы ма? Гансйоргтың мақтаған жобасы, демек,
осы болғаны ғой? Оған қызығатындай не бар екеніне Оскар түсіне
алмады. Оның көңілі пəс болып қалды.
Гансйорг бүл кезде өз ойын дамыта түсті. О л Хильдегард фон
Третнов дейтін бароннесса туралы айтты. Осы Третнов - Берлиндегі
ықпалды ханымдардың бірі, өте бай əйел, көне Гогенцоллерлерден
шыққан; Берлиннің бүкіл бетке шығарлары соның үйіне жиналады, ол
- осындағы нацистік партияны жақтайтын ақсүйектердің бірі.
Айтпақшы, Гансйоргтың жанын аман алып қалған да нақ осы
бароннесса: ол болмаса, сол бір құрып қана қалғыр қайғылы хикаяттан
құтылып кету мүмкін емес еді.
- Жəне, сенесің бе, ол бірінші рет түрмеде отырған маған келген
кезде, маған: "Мынау - Оскар үшін жаралған əйел ғой!" деген ой келді ол екпіндей түсті. - Көз алдыңа елестетіп көрші: сен түрмеде отырсың,
мəселе өмір не өлім туралы. Міне, қазір саған бір əйел келмекші, соңғы
үмітің соған байланысты. Егер бұдан ештеңе шықпаса - біткенің. Сен
тор көздің арғы жағында келетін адамды күтіп тұрсың, ал келетін
адамың əйел болып шықты жəне бəрі де сонымен қалай сөйлесе
алатындығыңа, оған қандай əсер қалдыратындығыңа байланысты.
Осындай жағдайда Гансйорг не істер еді? Оны бір көрген жерде-ақ, əдемі келген, жұқа өңді, сары шашты, сүйрік мұрынды ақсүйек əйел, басыма төніп тұрған ажалға қарамастан маған: "Апыр-ау, мынау
Оскарға лайық адам екен-ау", деген ой келді. Жəне мұным бос əңгіме
емес, - деп мақтанды ол, - ол менің саған деген сыйластығымды
көрсетеді. "Құдайым бұл əйелді Оскар үшін жаратқан екен" деп
ойладым мен.
Оскар креслода отырған, түрінде өзгеріс жоқ, ашық тұрған қағаз
қораптан көз алар емес. Ганс қандай да бір ойға келмейтін жоба
ұсынатын шығар деп ойлаған-ды ол, сөйтсе ол мынандай сандырақты
ұсынбақ екен. Оскар мынадай қорлыққа əрең шыдап отырса да
барынша сыпайылық сақтағансып былай деп жауап берді:
- Мені түрмеде де ұмытпағаның жақсы екен. Əрине, сен бүл
жоспарыңды маған жаның ашығандықтан ұсынып отырсың ғой. Бірақ,
тəрізі, жалғыз қалған шағыңда мені ойыңнан шығара бастаған да
боларсың. Ал мен - ашық айтқаныма кешірім етерсің - мынау маған не
бере алар екен деген оймен əйел баласына жақындай алмаймын. Мен
үшін ешкінің аты - ешкі, қанша сүтті болғанмен. Ал енді түсініп ал!
Гансйорг бауырының ақтарыла сөйлеген сөзін ықылас қоя тыңдады,
оның еріндерінен сəл жымиғандық байқалып тұрды. Сонан соң былай
деді:
- Сен аумаған əкем сияқтысың; ол да сен сияқты лағып кететін.
Сонда да болса марқұм болған муниципальдық кеңестің хатшысы
біздің анамызға анау-мынауы, өзіңнің сөзіңмен айтқанда "сүттілігі"
үшін үйленген. Иə, иə, сен бұл дегенбургтік əдетіңнен жуырда арыла
алмассың. Мақұл, - деді ол кенеттен өз сөзін өзі бөліп, - бұл əңгімені
доғарайық.
Оскар бұған тұздықты сөздермен жауап береді - ау деп күтуге болар
еді, бірақ ол, тəрізі, ойланып қалса керек, өтініш жасағандай бəсең
дауыспен:
- Айта бер, - деді.
Гансйорг күлкісін тыя қойды да өзінің жоспарын жайып салды. Аса
сыпайы да кербез келіншек Хильдегард фон Третновтың түртұлғасын, оның жирендеу келген қолаң шашын, адамды баурап алатын
жалт-жұлт еткен көзін суреттеп өтті: ол қай кезде де əлдебір елеулі
істердің алдында жүреді əрі оған өзі бастап белсене кіріседі. Барлық
нацистік дөкейлер, тіпті дөкейлер ғана емес, барлық ықпалды адамдар
бас қосатын оның оқшаулау көрінетін үйін суреттеп берді. Егер фон
Третнов ханым мұның құрметіне кеш өткізетін болса, о л өзіне керек
адамдардың алдында өз өнерін паш егуге мүмкіндік алар еді жəне ол
Берлинге аяқ басудың басы болар еді. Мұндай кеш Берлиннің "Scala"
театрына əртістерді келісімшартпен қолқалап шақырудан кем болмас
еді.
Оскар осы бір көне ақсүйектерден шыққан сыпайы да сылқым
келіншекті, оның үйін, оған лықа толған өңкей ығай мен сығайларды
жəне олардың бұның өнеріне тəнті болып ауыздарын ашып қалғанын
ойша көз алдына елестетті. Ол жоқ жерден пайда бола кеткен осы бір
азғырушы сайтанның бойын меңдеп бара жатқанын сезді. Сонымен
қатар ол бұл қадамның қауіптілігін де түсінді. Тиршенройттың кесек
жүзді алаңдаулы пішінін көз алдына елестетті, профессордың жіңішке,
кекесін даусын естігендей болды.
"Жоқ, жоқ, бұндай іске барма" - деп ескерткендей болады ішкі
түйсігі. Бірақ азғыруға ере бастағандай ыңғаймен:
- Ал, əлгі сұлу келіншегін уəдемен ғана сусындатпай, жақсылығын
іспен көрсететініне қандай сенімің бар? - деп сұрады.
- Ол əйел сенің торыңа түспесе, басымды кесіп берейін, - деп
қарсыласты Гансйорг. -Мен əйел жағын білемін ғой. Ол сенің бетбейнеңді көрген, енді өзіңді көргісі келеді. Мен оған сені сырттай
таныстырған кезде өзің туралы құдайдың жоғын айтып, барып тұрған
көріпкел, пайғамбардың өзі дегенге дейін бардым. Сен ештеңе де
істеме. Алдына бар да көп мағыналы пішінмен үндемей тұра бер.
- Егер осы бір ақымақтық əзіліңді доғарсаң, маған жасаған
жақсылығың сол болар еді, - деді Оскар мұздай суық əдептілікпен. Одан да əлгі əйелдің үйінде мен не істеуім керек - соны айт, дұрыстап
түсіндір. Берлиннің бетке шығарлары шынымен-ақ менің сеанстарыма
қызығушылық танытады деп ойлайсың ба?
Гансйорг арманға үнсіз берілген адамша қораптан жейдесін алды,
жібек матасын қолымен ақырын сипалап көрді де орнына қойды.
- Əрине, жиналғандарды естерінен тандыратын шамалы
сенсацияны алдын-ала дайындап қойғаның артық болмас еді, - деп
ескертті ол, - қалғанына қиналмайсың, о дүниеге, аруақтарға сену,
пайғамбарлық көрегендік секілді бірдеңелерді соға бер.
Оскар Цезарьдай сазарып отыр.
- Мен бұдан былай дүмше пайғамбар болғым келмейді, оны саған
айттым ғой деймін.
Гансйорг үндемеді. Оскар сірескенді қойып, көпмағыналықпен
түсіндіре бастады:
- Ол менің құдай берген дарыным үшін зиянды. Оған баруға хақым
жоқ. - Гансйорг бұған қарсы лəм деп ауыз ашпағандықтан, енді
шынымен ашуланып: - Мен оған бара алмаймын дедім ғой, онда менің
құрығаным, - деп тұлдана қалды.
Бауырының бəлсінуі - жай сылтау екенін Гансйорг біліп отыр,
сондықтан кекесін сөздер көмейіне келіп қалса да айтпады.
- Табиғатыңа жақпайтын нəрсеге бара ғой деп мен сені қолқалай
алмаймын, - деді ол - Бірақ есіңде болсын, Оскар, мұндай сəттілік екі
рет келмейді жəне Третнов сияқты ханым да кездесе бермейді.
Оскардың ішінде алай-дүлей күрес жүріп жатқан-ды. Өзінің əкесі,
муниципалдық кеңестің хатшысы үшін бургомистр Обергубер немесе
нан сататын Эренталь секілді атақты бай адамдармен танысу
ұстатпайтын арман болса, Оскардың өзі де өзінің ең ұмытылмас
күндерінде, соғыс кезінде де, құлдырау кезінде де, өздерін "барон"
немес "құзырыңызға құлдық" , "жоғары мəртебелім" деп атауды
жарататын адамдармен жақын жүруді мəртебе санайтын. Əрине, ол
атақ деген - тек дақпырт, ең бастысы — жеке бастың даралығы, ішкі
сезім, басқаның ойын оқи білу екенін түсінетін; алайда ол санаңды
шырмамай қалмайтын жанға жайлы дақпырт еді жəне осы замат көз
алдынан өзі қабырғаға іліп қоюды армандап жүрген гобелен кілем
арман құсындай қалқып өтті.
Оның арманын інісінің даусы бұзып жіберді; қазір ол, тіпті, ұрлана
сөйлейтін сыңайлы.
- Былай ғой, Оскаржан, - деп іш тарта сөйледі ол, - кейбір театрлық
көрініссіз, жарнамасыз, алдап-арбаусыз тобырдың санасына ешнəрсені
де сіңіре алмайсың. Қалыпты дағдыдан ауытқитын нəрсенің бəріне
қарсы болатын адамдардың əдеті. Егер өзінің құдіреттілігін
жарнамалауға христиан дінін уағыздайтын апостолдарын жібермеген
болса, біздің құдіреті күшті құдайымыз Иисус Христос бір нəрселерге
қол жеткізер ме еді? Тіпті фюрердің өзі де кейбір көмекші
қимылдарсыз, асқақ сөздерсіз, өзің тап қазір ғана алдап-арбау деп
отырған қасиеттерсіз қалың елді қақ жарып шығар ма еді? Насихат,
өтірік, алдау секілді жалған нəрселердің қажеттілігі жөнінде өзінің
кітабында не айтатынын зер сала оқып көр. Оның ант - су ішпеген,
қорланбаған жері бар ма! Сен де өзіңді жеңе біл, Оскар. Көнбістікке бар.
Өзіңнің дарының үшін сен мұндай шегініске баруға міндеттісің.
Мынадай сөздер Оскардың жанына жағып барады. Бауыры өзінің
айтып отырған сөздеріне сенетін тəрізді. Ол қылымсып, ойын
жасырып, жорта істеп отырған жоқ, Ганстың алаяқтыққа бір табан
жақындығы өзінің терең сеніміне сəйкес келетіндігін басқа болмаса да
Оскар жақсы біледі. Ал, шынтуайтқа көшкенде, Ганстың айтқандары
теріс пе? Көпшілікті өзіңе қаратып алу үшін, оны қызықтыратын
қармақ жем керек, ал ол жағы Оскарда жетерлік. Ол өзін-өзі осыған
күштеп көндіруі керек. Əлгі ақсүйек əйелмен қапысыз араласуы, қажет
болса бірге жатуы, болашағына сəуегейлік айтуы, өлген адамдардың
аруағын шақыруы қажет. Бұл оның бұлтартпас міндеті. Өзінің дарыны
жолында осының бəрін оз мойнына алуға тиіс.
- Сен Берлинде көптен бері болған жоқсың, - деп сөзін жалғастырды
бауыры. - Өзің болмаған уақыттан бері қала танымастай болып
өзгерді.
Қазіргі
Берлиндіктер
ешқандай
ғылыми
айтыстартыстарыңды да, логикаңды да, ақылгөйсуіңді де тыңдағысы
келмейді. Оларға ақыл жетпейтін керемет керек. Ал, бұл нағыз сенің оң
жамбасыңа келетін жұмыс қой, сенің күшің де осында, бүл жағынан
сенімен тайталасар адам жоқ. Айтып отырмын ғой, бұдан артық көнбіс
халықты сен бүкіл жер бетінен іздесең де таба алмайсың. Қазіргі
Берлин жəне мына өзің - қолға арнап тіккен қолғаптай шап-шақ келіп
тұрсыңдар. Третнов ханым мен Берлин - сен өмір сүретін орта, міне,
осы. Ол сені күтіп тұр. Ақымақ болма, Оскар. Мұндай жағдай өмірде бірақ рет кездеседі, қайтып қайталанбайды.
Гансйорг айдай ашық күннің жарығында тап қарсы алдында отырса
да, Оскарға ол ашық -жасыл пижамасын киіп алып, төсекте жатқандай
əрі көздері қараңғыдағы қасқырдың көздеріндей от шашып тұрғандай
көрінді. Ол өзінің ағасына тамаша коғамды, шіріген байлықты, əлемнің
бар жақсылығын ұсынып отыр. Ганс ол жағынан алдына жан
салмайды.
Міне, ол ағасына таяна отырды. Өзінің дөрекілеу келген жымысқы
əрі қуақы жүзін тақағаны сонша, Оскар теріс бұрылып кете жаздады.
- Ойлап қарашы, - деді Гансйорг, - біздер, нацистер, халыққа жерде
жоқ кереметті тауып береміз деумен өмір сүріп келе жатқан жоқпыз ба.
Сен жəне біздің партиямыз -бөлінбестей біргесіңдер. Мен бүл жерден
ғаламат мүмкіндіктерді көріп отырмын. Барлық ұлы адамдар секілді,
фюрер де мистикаға өте сенгіш адам. Сен оған ұнап қалдың, Оскар.
Егер ақылмен іс қыла білсең, сен оның ақылшыларының біріне
айналасың. Басты ақылшысы боласың.
Оскардың жүрегінде билік пен ықпалдылыққа деген айтып
болмайтын қиял оянды. Музыка, Вагнердің шаттық музыкасы ойнап
қоя берді. Ол айналасынан тағдырлары мұның бір ауыз сөзіне қарап
тұрған толып жатқан адамдарды көріп отыр.
Бұл қиял болғанда да тамаша қиял еді. Кенет оның ойына бір күдік
келе қалды.
- Ал, бірақ, партия маған не үшін көмектесуге тиіс? - деп сұрады ол. Оған бұдан түсетін пайда қане?
- Мен, мəселен, Проэльдің фюрерге ықпалы бұралаң жолмен, сен
арқылы іске асқан болар еді деп ойлаймын, - деп жауап берді бұған
Гансйорг.
- Демек, бұл сенің Проэлің үшін тиімді болар еді демексің ғой? - деп
ойланып қалды Оскар.
- Партия дегенің - Манфред Проэль, - деп кесіп тастады Гансйорг
күтпеген жерден.
Бəлкім, мұндай батылдық Оскардың намысына тиген болар, əйтеуір
оның қаракөк көздері бауырына түнере қарады.
- Ал егер мен партиямен қолтықтасып кете берсем, одан саған түсер
пайда қайсы, бауырым? - деп сұрады ол
Гансйорг оның көзқарасынан қаймыққан жоқ.
- Өте дұрыс айттың, - деп жауап берді ол. - Мен бұл ұсынысты тек
бауыр болғандықтан айтып отырған жоқпын. Егер біз бұл істі
дұрыстап жолға салар болсақ, маған да аз олжа тимейді. Ағайынды
Лаутензактар бірлесе қимылдасақ, - деді ол, оның үнінен
бауырмалдықтың жылы лебі сезіліп тұрды, - əрқайсымыз жеке жүріп
тапқан табысымыздан əлдеқайда көп табысқа қол жеткіземіз.
Біріміздің артықшылығымыз екіншімізге ықпал етеді. Ал егер біз
одақтасатын болсақ, ол ең алдымен сен үшін тиімді болмақ. Саған
сирек дарын қонған. Оны мойындай қоюдың қиындығы да сондықтан.
Бүгінге дейін бірде-бір адам сенің қабілетіңді керек деңгейде көрсете
алған жоқ. Жəне саған тек мен ғана көмек бере аламын. Мұны айтқанда
мен тек фактіге жүгініп отырмын.
"Мұнда бір гəп бар, - деп ойланды Оскар. - Ағайынды Лаутензактар
бір-бірімен ықылым заманнан, қаны бір ата- бабадан бері араласып
келе жатқаны рас қой" .
- Дұрыс айтып отырсың, - деді Оскар ойлана келе. - Мен өзімнің
құдай берген дарынымды жер астына көміп тастамауға тиіспін. Мен
оны бүкіл əлемге əйгілеуге міндеттімін - ол менің де, сенің де мүддеңе
сай келеді.
- Міне, енді жақсы болды, - деп мақұлдады Гансйорг, - ақыры ақылға
келгенің дұрыс болды.
- Асықпа, - деп тежеді оны Оскар, - мұндай нəрсе аяқ астынан шешіле
салмайды.
- Тағы нең бар? - деп сұрады Гансйорг.
- Сенің Берлиндегі жоспарларың жүзеге асқанға дейін бірсыпыра
уақыт өтеді. Ал мен, өкінішке орай, күте алмаймын. Менің ақшам жоқ, деп ашығын айтты ол
- Əй, жын соққан - ай! - деді Гансйорг өзімсініп. - Ақша сенде болмаса
менде бар ғой, сенде де болады əлі-ақ.
Осындай қарапайым, кеңпейілді сөздерден - ақ Оскардың жаны
жылып сала берді.
- Жақсы, деді ол, - келістік, - Гансйоргқа қолын созды. Ағайындылар
арасында мұндай рəсім жүрмесе керек еді;
Гансйорг күліп алды да өзінің кішкентай қушықтау қолын Оскардың
күректей сүйекті алақанына ұстата салды.
- Жауабыңды сағыздай создың - ау! - деді ол. - Саған бірден жете
қоймайды. Демек, шештік. Менің ойымша, - деп ол өз жоспарын
сабақтай түсті, - мұндағы жұмыстар мені əлі үш аптадай кідіртетін
болды. Сонан соң біз Берлинге бірге тартамыз, Третнов ханымды
сенімен өзім таныстыратын боламын, əзірге ішіңде болсын. - Ол қағаз
қорапты қайта қолға алды, ішіндегі заттарды шығарып, шкафқа сала
бастады.
- Жоқ, жоқ жарқыным, - деп бірден тулап шыға келді Оскар. Мұнымыз асығыстық болады. Мен Берлинге баруым керек пе? Сенің
Третновыңның соңынан өзім жүгіруім керек екен ғой? Ол бола
қоймайтын шаруа деп айттым ғой саған. Сенің ақсүйегің алдында
алтын басымды төмендете алмаймын. - Ол інісінің алдына хас
батырдай қасқайып тұра қалды, - актер Карл Бишоф мұны көрсе
қуанар еді. - Егер мен керек болсам, ол қатын маған өзі келсін.
Гансйорг қазір ғана қораптан шығарған бір бума іш киімдерін
үстелдің үстіне қойды. Ол Оскарды дені сау адам ба дегендей бастанаяқ барлап шықты.
- Тағы да бастадың ба? - деді ол туыстық раймен. - Тап осың шектен
шығып кетті!
Алайда Оскар табандап тұрып алды.
- Егер бұл, өзің айтып отырғандай, ол үшін сонша маңызды болса деп қарсыласуын қоймады ол, - онда өзі келсін. Ал келмейді екен, оған
өкінетін ештеңе жоқ. - Ол теріс айналды да бірнеше қадам жасады.
Taп осы арада оған бірдеңе болды. Ол кенет бөлменің қақ ортасына
жеткенде тұра қалды. Оның жанары қабырғадағы, жоқ, дəлірек
айтқанда, ауадағы бір ноқатқа ауды, оған тесіле қарады, бірақ мұнысы
ұзаққа бармады. Сосын бет-жүзі солғын тартып, көңілі құлазып
қалғандай болып, иығы салбырап кетті де, қаз-қатар тізілген аппақ
тістерін ақсита көрсетіп еріндері ашылып кетті. Ол өзінің креслосына
тəлтіректеп жетті де, күмп етіп отыра кетті. Осылайша терең ойға
кеткендей, əлденеге құлақ тосқан меңіреу адамдай дүниенің бəрін
ұмытып, ес-түссіз жымия берді. Гансйорг бірден түсінді: Оскар трансқа
түсіп қалды, есінен айрылды.
Солай болып шықты да. Оскардың басында ма, əлде кеудесінде ме,
бейнебір жеп-жеңіл матаны жыртып жатқандай дыбыс естілді.
Айналадағы заттардың бəрі жоқ болып кеткен. Ол өзінен тек
əлдеқандай кеңістікте жүр жəне оны "көріп" отыр. Тап осылай бірнеше
минут отырды, ессіздіктің көлеңкесі түскен əлемтапырақ сықпыты
бейнебір кілтін бұрап жүргізіп қойған қуыршақтай мəнсіз, жансыз
лағып бара жатқандай. Содан кейін, нақ бір ұйқыдан оянған адамдай
маңдайын сипады да, жымиған бойы сенімді үнмен: - Қам жеме, ол
келеді. Мен оны "көрдім", - деді. Гансйоргтың сенбеушілігіне
қарамастан, ағасының айтқандары оған əсер етпей қалмады. Жəне
ылғи осылай болып келеді. Бір жағынан, Гансйорг бауырының "ақ
сайтанына" күлсе де, екінші жағынан, оған деген сенімі барған сайын
дендеп барады.
Жалпы егер дұрыстап ойлап қарасаң, Оскардың əлгі кербез əйел өзі
келсін деген шешімінде терең мəн бар. Əрине, ол Мюнхенге тек
Оскармен кездесу үшін ғана келеді деу шектен шыққан əбестік болар
еді - оны талап ету тіпті мүмкін емес. Бірақ жығылсаң нардан жығыл
деуге əбден болады. Taп сондықтан да Оскардың идеясы əрі
қарапайым, əрі батыл жəне дұрыс қадам. Тіпті фюрердің өзі де
жетістіктерге батылдығы мен оспадарлығының арқасында жеткен ғой.
Осының бəрін іштей салмақтай отырып, Гансйорг Третнов ханымды
Мюнхенге қалай келтірудің жолдарын ойластырды. Бұл оған бүгіннен
қалдырмай хат жазады. Бауырыммен көрісу бойыма жаңа күш-жігер
құйды деп суқытады. Оскардың Гитлермен қалай кездескенін жəне
ағасының фюрерге қатты эсер еткенін суреттеп береді.
- Сенікі дұрыс, - деп мойындады ол ақыры. - Ол мұнда өзі келуге тиіс.
Мен оған жазып жіберемін.
- Мен сенің осыны түсінетіндігіңе сенімді едім, - деп жауап берді
Оскар.
Гансйорг жымиып күлді:
- Иə, біз, ағайынды Лаутензак емеспіз бе, біз қашан да бірге болуға
тиіспіз. - Осыны айтып ол қайтадан киім - кешектерін реттей бастады.
- Онда мен кеттім, - деді Оскар. - Тағы да бір мəселе бар, - деп қосып
қойды ол батыл түрде. - Сен маған ақша беремін деген сияқты
болатынсың.
- Аһ иə, əрине! - деп қостай кетті Гансйорг. - Саған қанша керек?
Оскар үндемей, ойланып калды. Інісінде, тəрізі, ақша бар, өзі
айтатындай пети - метилері көбейген болар. Демек, Оскар дөпдөңгелек жүз марканы еркін сұрай алады. Ганстың сенімді кейпіне
қарасақ, одан да коп: екі жүз марка сұраса да болады.
- Маған қазір шамамен үш жүз марка керек, - деп салды Оскар жəне
мұндай батылдыққа қалай барғанын өзі түсінбей қалды.
Гансйорг қапшығынан үш көк қағазды суырды.
- Міне, ал, - деді ол
Оскар рахмет айтып шығып кетті. "Бес жүз марка сұрауым керек
еді", - деп ойлады ол, лифтпен төмен түсіп келе жатып.
Келесі күні таңертең профессор Гравличектен хат келді. Ол Оскарға
келісімшартын жіберіпті жəне қол қойған соң, бір данасын қайта салып
жіберуін сұрапты.
Оскар хатты таңертеңгі астың кезінде алды. Профессордың ап-анық,
əп-əдемі, бірақ аса тақуалықпен жазған қолтаңбасына ол
немқұрайлықпен қарады. Оған ергежейлінің түссіз көздері қалың
əйнекті көзілдіріктің арғы жағынан бұған қулана жымиып қарап
тұрғандай көрінді. Бүл оның шіңкілдек даусын естіп отыр, жирендеу
сақалы шошаңдап күлгенін де көріп отыр. Оскардың жыны келе
бастады. Ол көз алдындағы кешегі елесті - үйге кіріп келе жатқан
Третнов ханымның бейнесін есіне қайта түсірді. Бауырының булыға
əрі ышқына шыққан жан дауысын, алдап - арбаудың адам айтқысыз
əнұранын естіді. Ол тағы да мырс етті де, Гравличектің хатын қайта
оқып шықты.
- Түкірдім саған! - деді ол естірте сөйлеп. Сонан соң хатты итеріп
тастады да таңертеңгі асын жеуге кірісті.
Енді кешікпей Тиршенройт ханым телефон шалуға тиіс келісімшартты не істедің деп сұрайтын шығар. Мейлі. Ол оған бəрін де
жасырмай жайып салады. Шынтуайтқа келгенде, Гравличекке
"Философты" бергізген бүл емес. Ол оған бəрін қаз қалпында:
профессормен ешқандай байланысының жоқтығын, оған жұмыс
істегісі келмейтінін, кешікпей Берлинге кететінін, онда мұны ұлы
істер күтіп тұрғанын қалдырмай айтады.
Бірақ келесі күні Лехнер ханым бұған Тиршенройт ханымның
телефонға шақыратынын хабарлаған кезде, Оскар оған: "Үйде жоқ дей
салыңыз" деп жауап берді жəне бұл өтірік Тиршенройт ханым телефон
соғуын қойғанға дейін жалғаса береді.
Олар Гансйорг екеуі бірін-бірі жақсы түсіне бастады. Іс оңға басайын
деді. Інісі Оскарға фон Третнов ханымға байланысты өз жоспарын
баяндағаннан соңғы бірнеше күннен кейін, Гансйорг оған ойнақы да
тəкаппар əрі көпмағыналы жымиыспен ұлттық -социалистік
партияның мүшелік билетін тапсырды. Билетте 667 номері тұрған-ды.
Сонымен, Оскар бұл партияға оның негізі қаланысымен кірген адам
болып шыға келді -"ескі күрескер" болудың да артықшылықтары бар
еді əрине.
Оскар өзінің партиялық билетіне, ондағы əдемі əрі ірі етіп жазылған
667 цифрына ойлана қарады. Əй бір алаяқтың өзісің - ау Гансйорг!
Мұндай билетке қол жеткізу оңай болмаған шығар.
Қызық - ақ, осы номердің бұрынғы иесі қандай тағдырға тап болды
екен?
Егер бұл номердің құпия феманың үкімі бойынша өлім жазасына
кесілген бұрынғы иесі аянышты жағдайда мерт болғанын, қазір оның
асығыс жаба салған денесі Мюнхенге жақын жерде шіріп жатқанын
білсе, Оскар өзін бақытты сезіне қоймас еді. Бірақ көріпкел Оскар
Лаутензакқа бұл шындықтың бетін ашқан ешкім болмады, ешқандай
ішкі дүниесі де хабар бермеді жəне өзінің етінің тірілігі арқасында
ағасын бірден алға шығарған інісіне шексіз риза болды.
Өзінің Берлиндегі қызметін бастау үшін, Оскарға жан - тəнімен
берілген
қызметші
қажет
болатын.
Көзбояушылықпен
айналысатындардың бəрін дерлік, ерте ме, кеш пе, бəрібір, əйтеуір
түптің түбінде өз ассистенттері ұстап беретін. Оскар бір ғана адамға Калиостро атанып кеткен өзінің ескі досы Алоиз Пранерге ғана сене
алатын еді. Оскар оны сол жолы қоштаспастан, рахмет те айтпастан
тастап кеткен болатын, содан бері онымен бірде-бір рет хабарласқан
емес. Соған қарамастан, өзін тіпті де айыпты санамастан бірден
Габельсбергерштрассеге тартты: ол досының ашуды ақылға
жеңдіретініне сенімді болатын.
Жəне айтқандай-ақ, Оскар кіріп келген кезде Алоиздың əжімді
жүзінде көңілді күлкі пайда болды; оның бүл жымиысында аяушылық
та, аздаған табалаушылық та бар еді, ол Оскар кезекті сəтсіздіктен
кейін барар жер, басар тауы қалмағандықтан келіп тұр деп ойлаған ол:
- Пəлі, өзіңді көрмегелі қай заман! - деп өзінің ақкөңіл де
жарықшақтау даусымен қарсы алды Оскарды жəне оның арқасынан
өзінің ап-арық, ұп - ұзын қолымен қағып қойды. Сосын, бірден: - Кешкі
асқа қарайлайтын шығарсың? - дегенді қосып қойды.
- Əрине, қарайлаймын, - деді Оскар.
Алоиз өзінің Кати дейтін күтушісін шақырды.
- Лаутензак мырза кешкі асқа қарайлаймын деп отыр, - деді
кекесінді тəкаппарлықпен.
- Өзім де солай ойлап едім, - деді кемпір көңіліне қарамастан. Оскар
маңғаздана түсіп айтқан сөздерін тағы да қайталады:
- Иə, мен кешкі асқа қаламын, бірақ өзіңмен бірге тұруға келген екен
деп ойлап қалма. Менің жағдайым өте жақсы!
Кати кетіп қалды: бұған онша сене қойған жоқ.
Ол Оскарға өзінің жоспарларын əңгімелей бастады. Ақыры ол
көптен дайындап жүрген фокусын көрсетіп қалмақ болды. Бұл бір
көрген адамды еліктірмей қоймайтын жаңа номер, оны бүл келесі
маусымда көрсетпек: тұңғиық ойға берілу арқылы ол темір
шынжырды үзіп шығады. Ол миығынан бір күліп алды да досына осы
трюкті көрсетті. Бұл істің білгірі ретінде Оскар да Калиостроның
өнерін жоғары бағалады.
Сонан соң Оскар өзі туралы, Гансйорг туралы, партия туралы, басқа
да жаңалықтар жөнінде де сөйлеп кетті. Алғашқыда Алоиз қызыға
тыңдады. Бірақ бара-бара оның жүзінен немқұрайлылық, салғырттық
байқалды, ал шүңірейген мұңды қоңыр көзінен алаңдаушылықтың оты
жылт еткендей болды. Ол Оскарды басынан аяғына дейін тінтіп қарай
бастады. Тіпті, тесіле қарағаны сонша, бұған досы да ыңғайсызданып
қалды. Бейнебір өзін галстугын байлауды ұмытып кеткен немесе
киімінің бір жері келіспей тұрған адамдай сезінді. Ол үсті-басын
сипалап көрді де, тікесінен:
- Не болып қалды? Маған неге тесіліп қарай бересің? - деп сұрады.
Алоиз ойлана отырып жауап берді.
- Сен келген кезде пиджагыңа бірдеңе түйреулі болатын. Ол
свастика еді. Болғаны рас қой?
Оскар омырауын ұстай алды - свастикасы жоқ екен.
- Сен тағы да бірдеңені ойлап шығардың ба? - деп сұрады Оскар. Сиқырлап отырсың ғой?
- Свастика деген сондай болады, - деп философияға ауысты Алоиз. Ол бірде бар, бірде жоқ - қажеттілігіне байланысты. Баз біреулердің піл
сүйегінен тұрғызылған мұнара туралы, нацистік партияның тұғыры
туралы əрі өнер адамының мұндай күдікті саяси тұғырға табан
тіреуіне болмайтындығы туралы кеңірдектері жыртылғанша
дауласқандары есімде. Демек, сен сол тұғырға аяқ басқаның ғой?
Ол Оскар пиджагының жібек жағасына тағы да ойлана қарады. Анау
жағасын ұстай алды. Сватика орнына қайта келіпті. Басқа жағдайда
болса Алоиздың арзан көзбояушылығы мен балалық қылықтарын
жиіркенішпен сыбаған болар еді. Бірақ тап қазір оны ашуландыруға
болмайды, өйткені, шынын айтқанда, оған жасағалы отырған ұсынысы
- жан түршігерлік арсыздық. Алоиз Берлинге қоныс аударуға,
Мюнхендегі жылы орнынан бас тартуға, бұдан былай дұрыс театрда
өнер көрсетпеуге, бірақ тек өзі жек көретін нацистік партияның іс шараларында ғана өнер көрсетуге тиіс болады екен. Оскардың ішкі
түйсігіне сенемін деп ол күнделікті табысын, əртіс деген құрметті
атағын, өзінің барлық буржуазиялық тұрмыс-тіршілігін құрбандыққа
шалмақшы. Осының бəрін ойлады да, Оскар келе қалған ашу -ызасын
ақылға салып басты.
Кешкі астан кейін Оскар, ақыры, өзінің жоспарын айтып беруге
бекінді жəне өзінің ойларын баяндаған сайын, оның бəрі шындық
сияқты көріне берді. Ол мұның бəрі əзірге құр елес екенін ұмытып та
кетті.
Баронесса Третнов бұған телеграф арқылы сұрау салыпты,
Берлинге келіп кездесу өткізе ала ма депті. Партияның берлиндік
бірнеше басшылары өз араларында Оскардың тəжірибе жасауын
ұсынып үлгеріпті. Бүкіл нацистік аппарат бұған жол ашпақшы.
Ап-арық, еңкіштеу келген Алоиз мұның алдында үн - түнсіз отыр,
оның шот маңдайлы ұзынша келген жалтыр басы салбырап кеткен, ол
қалың ойдың қамауынан шыға алмай, иегін сипалай береді. Сосын,
ашудан гөрі мұңайған түрмен: жоқ, досымен бірге жұмыс істеудің
мұндай жолын қаламайтындығын айтты. Ол нағыз өнер сүйетін
қауымның алдында көрсеткен нағыз өнер, нағыз варьете туралы
қиялдаған болатын. Бірақ Ганс жəне нацистер дей ме - жоқ, Алоиз
Пранер оған бара алмайды. Мына əңгіменің түрі жаман, бұған оның
ықыласы
жоқ.Гансйорг
пен
нацистерге
Алоиздың
қандай
сенімсіздікпен қарайтынын Оскар білген. Сондықтан оның жұмсақ
тенорлы даусы бұрынғыдан бетер ұрлана шықты. Оскар бірге өткізген
ұмытылмас күндерді, бірге атқарған жұмыстар мен бірге бөліскен
жетістіктерді Алоиздың есіне салды. Рухын көтере түсті. Берлинде
алдарынан ашылғалы тұрған болашақ туралы əңгімеледі жəне
Гансйоргты тыңдағанда Оскарға бұлдырлау болып көрінген нəрселер
қазір қол созым жерге жақындай түсті.
Бұдан кейін алдарында тұрған міндеттерге байланысты
туындайтын аса қызғылықты техникалық проблемаларға қарай
ойысты. Берлин жобасы пайда болғалы бері, өзі көз бояушы болып
өнер көрсеткен кезден бері белгілі болып келген кейбір бас
айналдыратын күрделі көріністерге ол ойша дайындалып жүр.
Көрерменді жетелеп отыратын сұрақтар болады, оның көмегімен
клиентті кез келген құбылысқа нандыра аласың жəне аткөпір олжаға
батасың. Өте шеберлікпен ойластырылған шифр бар, оның көмегімен
телепаттың ассистенті күрделі мəліметтерді жеткізе алады: бұрынғы
кездерде қолданылып келген икемсіз айналар мен проекциялық
камералардың
орнына,
қазір
рухани
əлем
құбылыстарын
материализациялайтын күрделі электр аппараттары жасалған. Мұны
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 04
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.