Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 08

Total number of words is 4264
Total number of unique words is 2201
33.7 of words are in the 2000 most common words
47.5 of words are in the 5000 most common words
55.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Оскар оккультизм туралы тек рухпен ғана жазуға болады деп
шіренді.
- Рухпен ғана деймісің? - деп кекесін - кекпен қайта сұрады Гансйорг.
- Былшыл Сен барып тұрған еріншек малғұнсың. Ал ендеше. Мен,
қалай болғанда да, фон Третнов ханымның етегінен мықтап
ұстауыңды талап етемін. Сенің қаржылық жағдайың өз
қамқорлығыңды мансұқ етерліктей деңгейде емес.
Оскар даусын көтерместен:
— Сен не? Жынданғансың ба? Сен маған енді əйелдерге қалай қарау
керектігін үйретейін деп пе едің? - деп сұрады. - Мен дүмше балгер
емеспін. - Ол "мен" деген сөзді əдейі қадап айтты.
- Қолыңдағы жүзіктің əлі құны төленбегендігін есіңе салғым келеді, деп қойып қалды Гансйорг. - Егер Хильдхеннің етегінен мықтап
ұстамасаң, онда зергер Позенер кешікпей жүзігін қайтып алатын
болады.
Бүл ескертуді естігенде Оскар қорқыңқырап қалды. Бірақ бірден есін
жиып:
- Менің Гансйорг көгершінім, - деді ол, көңіліңді орнықтыратын
мамыражай үнмен, - Сен бүл жолы қатты қорқып қалған сияқтысың...
Ақша мəселесіне келгенде сенің қорқақтығыңды граф Цинздорф айтып
жүр.
- Қайдағыны айтып сандала берме деп ашуланды Гансйорг.
Цинздорфтың оның суқаны сүймейтін, сондықтан қаны қашқан
көкпеңбек беті дір ете қалды. Ульрих фон Цинздорф мұны мен
Проэльдің арасына жұлынқұрт болып түсті, енді сол найсап Манфредті
Гансйоргқа айдап салу үшін Цинздорфты пайдаланып жүр. Гансйорг
шектен шыға бастаса, Проэль күледі де қояды жəне екі-үш күн бойы
өзіне Цинздорфтан басқа ешкімді кіргізбейді; сонда Гансйоргқа
амалсыз көніп, оның алдына еңбектеп барудан басқа не қалады? Оған
қоса, Гансйорг Цинздорфтың əйелдер алдындағы беделін қызғанады.
Жас графқа əйелдер Оскарға жабысқаннан бетер үйірсектей береді.
Əйел біткеннің бəрін сымбатты, ер көңілді, қатал бет - пішіні жаулап
ала беретін, ал оның қолының қан саситыны ашыналарының жүрегін
одан бетер елжірететін еді. Жəне осы бір ақсүйек бала оны,
Гансйоргты, ағасының алдында қайдағы бір ұсақ əрі сараң етіп
көрсетпекші. Ал Оскар секілді барон оған құлағын тосады да отырады.
Жеккөрініштілігі сонша, түкіріп тастағың келеді.
- Менің ұсақ еместігім басқаға болмаса да, саған аян шығар, - деді ол
ашуын əрең тежеп. Бірақ Цинздорфтың берген сайын араны ашыла
береді. Жəне бəрібір ол қайсы -қайсымызды да мерез деп есептейді.
Біздің ағайынға деген жексұрындық жеккөрушілікті мен əлі
кездестірмеппін. Сен не, - оған ақша бердің бе? - деп сұрады Гансйорг,
именбестен төтесінен.
- Бердім, - деп қатқыл жауап берді Оскар.
- Əрине, - деді іші күйген Гансйорг. - Цинздорфтардың сұрағанын
бермеуге болмайды! Графтармен бірге жүргенің үшін төлеуің керек.
- Мен тек сенің ластап кеткен жеріңді тазарттым, - деп ақталмақ
болды Оскар.
- Бір тиынын да қайтармайды, - деп сөзін жалғастырды Гансйорг, басымды кесіп берейін. Сен одан қолхат секілді бірдеңе алмадың ба?
Оскар өзінің көрегендігін бағалай білетін адамша басын изеді.
- Нақұрыс, - деді Гансйорг, - Цинздорфтар өмір сүретін ортада ақша
тек уəдемен беріледі. Жəне қайтып ала алмайсың, ол бұрыннан - ақ
белгілі. Граф Цинздорфтан несие қолхат алу деген не масқара! Енді ол
сені оңбаған еврей жəне аспанды былғап неге жер басып жүр деп
байбалам салады, енді сенімен салыстырғанда менің өзім ақсүйек
болып шыға келемін! Ал енді ол қолхатты қайтпексің, жарықтық
əулием? Цинздорфтың сот орындаушысына жібересің бе? Жатып кеп
күлсін бəрі! Партия деген - ол саған əлдеқандай ар-иманы бар,
мещандық коммерциялық кəсіпорын емес! Біз бүл жерде Дегенбургте
жүрген жоқпыз, алғашқы қауымдық орманда жүрміз. Бүл жерде
құжаттар сөйлемейді, джунгли заңдары сөйлейді Ал қолхатыңмен
артыңды сүртесің деп кеңес беремін.
Оскардың есі шықты. Жүрегінің түкпірінде ол Балақайдікі дұрыс па
деп қорықты. Цинздорф қауіпті адам, Оскар оны сезген-ді. Өзі қалтқұлт жүрген Оскардан ақша сұрап алу деген мұндайға тек өзі үшін
ешқандай заң жазылмаған ақсүйектер ғана бара алады. Оскар сең
соққандай дел-сал болып отырып қалды.
- Күні бойы көргенім жамандық қана, - деп ашуланды ол. - Сенің
сайтандай азғыруыңа неге ердім екен! Мюнхенде қала беруім керек
еді.
- Сен үшін еңбек етудің де қажеті жоқ, - деді Гансйорг.
Кете ештеңе болмағандай ағасының пəтерінде тұра берді. Ағасы
түсінер деген үмітпен ол кейде өзінің Оскармен арадағы қарымқатынасын түсіндіруге талпынып көрді. Ағасының бұған көмектескісі
келетінін қыз түсінеді, бірақ оның оз сезімін тура айтатын əдеті
жанына қатты батады.
Ол Оскардың менмендігін кешіре салуға болатын кейбір қылықтары
туралы таусыла əңгімеледі. Күлдіргі Лаутензактың арғы жағындағы
кейде баланың ісіндей аңқаулық бұғып жататындығын қызықтыра
отырып айтты. Бірақ осының бəрі Паульдің миына эсер ете қойды ма
екен? Əй, қайдам. Бірде ол қарындасының əңгімесін əрі қарай
айтқызбай, дөрекілікпен тыйып тастады:
- Жетер енді! - деді о л - Тыңдағым да келмейді. Содан бері Кете
Оскардың есімін аузына алмайтын болды. Соған қарамай Пауль
қарындасы үшін қапаланып жүрді. Бірақ ол өзінің Кетеге деген
оспадарлығын іштей сезетін, сондықтан оның көзін ашпақ болган
талабынан бас тартты. Ол Кетеге бəлкім, азапты, ұзақ жолдан өтуге
тура келер, өзінің ессіз қылығын ол сонда ғана түсінер, жан азабынан
арылар деген ойдан шошитын.
Енді міне, екеуі де өздерін іштей жегідей жейтін ауыр ойдан арыла
алмай, ол туралы, тіпті, бір-біріне жақ ашудан қорқатын халге жетті.
Олар бірін-бірі жақсы түсінетін жəне екеуінде де шамшыл мінез барын,
айтқандарынан қайтпайтын туасынан қыңыр екендіктерін, бүйте
берсе аралары ашылып, іс насырға шабатынын жəне соның
нəтижесінде екеуі екі жаққа кетіп тынатындарын білетін. Бұған жол
беруге болмас еді. Пауль Кетеден айырылғысы келмейді, ал,
қарындасы ағасына қанша ренжісе де, кешірімді болатын, бір үйдегі
өмір, қалай дегенмен де, оған тірек болар еді. Ағасының бар
жаратылысы Оскарға қарсы, бар қылығы сынап-мінеуге шақырып
тұрады, қызға да керегі сол Ол соқыр сезімнің соңында батпаққа батып
өлгісі келмейді...
Пауль енді кез келген жерде нацистермен қақтығыса беретін болды.
Бүл жақсылыққа апармайтын жол еді, қайда барса да көзге шыққан
сүйелдей көріне берді. Бұған бел шешіп қарсы шығатын ешкім
көрінбеді. Бəрі де шегініс жасап, жалпақ шешей болуға тырысады.
Осының өзінен-ақ адамның құсқысы келеді. Баспагерлер мен газеттер
күші мығым бəсекелестерінің тезіне ұшыраудан сескеніп, егер
нацистерге қарсы шабуыл жасауын тоқтатпайтын болса, Паульдің
қызметінен бас тартуға мəжбүр болатындықтарын мəлімдеді. Ал Пауль
болса, бүл пасық тобырды бұрынғыдан бетер сынай бастады. Ол қорқу,
сақтану дегенді білмеді.
Гитлер сөйлейтін жиындарға қатысты, оның сөздеріне қағытпа
сұрақтар қойып, төбелестерге қатысты. Бірде оны үйіне өлімші халде
əрең жеткізді. Ағасының түрін көріп шошып кеткен Кете не болғанын
сұраған кезде, ол жауап берудің орнына томсырайып жатып қалды;
нацистердің оны қандай жағдайда көкала қойдай етіп сабағанын бөгде
адамдардан ғана білді.
Пауль мен оның баспагері Кипенрат мырза "Эдем" қонақ үйінің
залында отырды. Олар қабырғаға жақын текпішекке жайғасқан
болатын. Кешкі шайларын ішетін мезгіл Кипенрат мырза Паульға
"Рихард Вагнер" басылымын шығарудан неге бас тартқанын
түсіндірді.
Сосын, олар op қилы əңгімеге көшті. Өстіп отырғанда Паульдің көзі
əлгі Лаутензакпен бірге келе жатқан өзінің қарындасына түсті. Пауль
тепкішектің үстінде отырған, сондықтан қарындасы оны бірден
байқай қойған жоқ. Ал оған залдың жұрт билеп жүрген екінші жағынан
орын алған əлгілер жақсы көрінетін еді. Олар бір-біріне жараса
қалғандай екен жəне екеуінің арасында құдай ажыратпаса, адам
ажырата алмастай жақындық бар екендігі көрініп түр. Паульге бүл
көрініс қаншама ауыр тигенмен, ол ана сайтанның осында
отырғандардан əлдеқайда түлғалы азамат екенін мойындауға мəжбүр
болды. Ақыры жағымсыз жұмыстан құтылғанына қуанған Кипенрат
мырза, енді қайтуға бет алғанын мəлімдеді. Пауль қалып қойды. Міне,
енді ол өзінің қай-қайдағыны көретін сұрғылт көзін қарындасы мен
қасында отырған қас жауына қадаған күйі тепкішекте жалғыз отыр.
Оскар осы маңда бір дұшпанның отырғанын сезді. Жан - жағына
қарап, тепкішекте отырған арықша адамды көрді. Оның торсықтай
шекесіне, жақсүйектері шығыңқы беттеріне, қоңқақтау келген
мұрнына көз тоқтатты. Ол Паульдің бет əлпетін көрмеген болатын.
- Анау отырған сенің бауырың емес пе? - деді ол Кетеге,
немқұрайдылықпен сұрай салған адамның кейпімен.
Кете қызарып кетті.
- Саған ол бізге тым арсыздықпен қадала қарап отырғандай
көрінбей ме? - деп сұрады ол тағы да бірқауым уақыттан кейін.
- Осында, "Эдемде" отыруға Паульдің де хақысы бар, - деп қасақана
қыңырая жауап берді Кете. Бірақ үшеуіне де ыңғайсыздау жағдай туды.
Ал Пауль отыра берді; ол екеуіне көзін сескенбестен қадап отыр, көзін
сəл ғана тайдырады да қайта қадалады. Өзіне қарағанда Оскардың
əлдеқайда орнықты отырғанын байқады. Тіпті терлеп кетті. Өзінің
дəрменсіздігіне ыза болды. Өзі секілді күйректік мына еңгезердей
неме бұйым көрмейді. Оскар селқостық танытқан болып, көңілдене
бөсіп отыр.
Бірақ ол аса селқос емес еді. Түкке тұрмайтын бірдеңені судай
сапырып отырған ол, кенет əңгімесін кілт үзді де, уытты күлкімен:
- Ол арсыздығы үшін сазайын алады əлі, - деді жəне қыздың өзіне
шоши қарағанын байқаған соң, одан да жаман үнмен: - Қорықпа. Мен
бүл жерде ешқандай жанжал шығармаймын. Жаман ештеңе болмайды.
Бірақ маған бір ермек керек боп түр.
Осылайша олар ұзақ отырды: Оскар мен Кете - би алаңының
шетіндегі шағындау үстел басында, Пауль - тепкішекте. Ешқайсысы
бірінші болып кеткісі келмейді. Оскар мен Кете би билейді,
үстелдеріне қайтып келеді, қайдағыны айтып мəз болады. Ал Пауль
тепкішекте жайланып алып, газет оқиды: біреуін оқыды, екіншісін
оқыды, үшіншісін оқыды. Сосын қайтадан біріншісін оқи бастады.
Бір ғасырға жетерлік уақыт өткендей болды. Пауль даяшыны
шақырып, есеп айырысты. Осы сəттен бастап Оскар одан көз алған жоқ.
Алғашқыда ол тура Паульдің жүзіне қарады, сонан соң, анау бұрылған
кезде, оған қырынан қарады, сосын ту сыртынан қадалды. Оның бар
назарын аудара тесіле қарағаны өзінің қас дұшпанын бүкіл зал арқылы
- тепкішектен есікке дейін шығарып салды, ал бүл екі ара жақын емес
еді. Паульдің жүрісі ауырлай берді, ақырында ол жаңа аяқтанған
баладай тəлтіректей бастады. Оскар одан əлі де көзін алған жоқ жəне
түнере түсіп, тістенген бойы айызы қанғандай үнмен:
- Қазір сенің ағаң менің алдымда билейтін болады, қара да түр, деді.
Кете шығар есікке таяп қалған Паульға үрейлене қарады. Оның
жүрісінен əйтеуір бір ауырлық байқалады, ол бейнебір соқыр адамдай
жан-жағына қармана берді. Əне, енді айналмалы есікке жетті. Бірақ, бір
қызық жері, есіктен шыға алмай-ақ қойды. Жəне кісі күлерлік,
қолапайсыз, масқара күйде есікпен қоса айнала берді. Есікпен бірге
айналған бұл би ұзаққа созылған жоқ - минутқа да толмады. Бірақ
Кетеге, бəлкім Паульдің өзіне де солай көрінген болар, қашан швейцар
келіп, есікті ұстай тұрып, бейтаныс тұтқынды шығарып алғанша
білдей бір ғасыр өткендей болып көрінді.
Осы күннен бастап Кетенің Оскарға деген сезіміне, бір - біріне қанша
жақын болғанмен, оның бойындағы белгісіз күшке байланысты
қорқыныш ұялады.
Оскардың көріпкелдігі бойынша моласының басына тас қойылуға
тиісті Иоахим Тишлер мырза кейіннен мəселенің мəн-жайына көз
жеткізгісі келген кезде, Оскардың алдына əрең жетті. Ең алдымен одан
"Германдық көзқарасты насихаттау одағы" кеңес бергені үшін қыруар
қаламақыны сыпырып алады; сонан соң маэстроны алдамау, алған
мəліметтерді жария етпеу, оның берген кеңестерінің нəтижесінде
тартқан шығыны үшін Лаутензакты сотқа бермеу секілді толып
жатқан міндеттемелер тізіміне қол қойдырады.
Дегенмен консультация болмай қалған жоқ. Одан кейін екінші,
үшінші кездесулер өткізілді. Гансйоргтың нұсқаулары бойынша Оскар
Тишлерге көңіл көншітерліктей ақыл -кеңес беріп отырды. Тишлердің
экономикалық мүдделері Кадерайттың мүдделерімен шамалас
болатын. Алайда доктор Кадерайттың үйі өртеніп бара жатқан жоқ,
күте тұруына да болады, алысты көздейтін саясатты ұстана тұруға да
ерікті, бірақ Тишлер үшін осының бəрі қауіпті еді. Тишлер мырзаның
балансы теңселе бастады. Доктор Кадерайттың Тишлер мырзаның
ісіне араласуына заңдық құқығы бар екендігі анықталды. Доктор
Кадерайт концернінің құрамына кіретін компаниялар шеттете
бастаған Тишлер мырза кенет үмітсіз жағдайға тап болды.
Тишлер мырзаның беті қуарып кетті. Сонда ол барлық қаһарын
Оскарға төкті, алдағанын бетіне басып, көріпкелге тіл тигізді. Кейбір
газеттер осы хикаяны бастан-аяқ жазып жатты. Тишлердің өршелене
тиісуіне Оскар иығын қиқаң еткізумен жауап берді, "мен қайтейін"
дегендегісі. Бұған Гансйорг та шындап мəн берген жоқ. Сот талабынан
Оскар Тишлердің қойған қолының арқасында аман қалды;
репортерларға Гансйорг, тəрізі, Тишлер мырза көріпкелді түсінбей
қалған болуы керек деп жауап берді. Гансйоргтың пікірінше, бүл
жанжал Оскарға көл-көсір жарнама алып келуі мүмкін - бар болғаны
осы ғана. Ал жұрттың ойы басқада: егер өнеркəсіптің алыптары
Оскармен ақылдасса, оның тегін адам болмағаны.
Нəтижесінде Тишлер мырза атылып өлді.
Оның Оскарға да салқыны тиді. Ол бүл адамға ажалың жақын деп
сəуегейлік айтқанда, ол тек қалжыңдамақ болған. Бұл не кездейсоқтық па? Əлде əзілдеп айта салған сəуегейлігі шындыққа
айналғаны ма? Қалай болғанда да Оскардың көріпкелдігі нақ бір
топографиялық
дəлдікпен
орындалды.
Өйткені
ақшасының
жоқтығына тұлданған ұрпақтары марқұмның денесін отанына апарып
жерлеу жөніндегі соңғы тілегін орындамады - Берлиндегі Орман
зиратына жерледі.
Оскар бұл күйзелістен тез айықты; ол енді жазмыштың алдында
қалтырап қорқудан гөрі -өзіне-өзі риза болғандай рахатқа бөленді. Ол
газеттерге басылған Тишлер мырзаның фотосуретін іскерлік
мүддемен аударыстыра қарады, Лаутензак көріпкелдігіне емеурін
жасалған тұстарын қадала оқыды. Егер бұдан келер пəле болса, ол іш
пыстыратын бықсық емес, еріксіз өзіне тартатын сиқырлы, тылсым
құдірет болуға тиіс.
Ал, Кете, тəрізі, осының бəрін басқаша қабылдаған. Өздерінің келесі
кездесуінде ол тым тұйық, мұздай суық көрінді. Оскар оны өте жақсы
білетін, сондықтан түсіндіріп жатпады. Оның орнына "Германия
жұлдызына" арналған мақаласын бастыра бастады. Қазіргі дəуірге
байланысты бұлыңғыр ой-пікірлерге саяхат шекті, оны ертедегі
сауықтыру күшіне қарсы тұра алмайтын жасық жəне құлазу дəуірі деп
атады. Өрлеу жоқ жерде қайта тұру жоқ, өлтіру жоқ жерде
шығарушылық жоқ. Хауа анадан қуат алатын телепаттық сұрапыл
қызметі дəрменсіз гуманизмнің үйреншікті қарсылықтарымен
есептесе алмайды. Жасампаз адам қай дəуірде болмасын өліктерден
аттап жүре беруден қорыққан емес.
Ол сөзін бөліп, қыздың бетіне қарады. Жүзі əлемтапырық екен,
ашулы, кекесін күлкі сықпытын бүлдіріп жіберіпті.
- Сірə, менің айтқан пікірлерім саған ұнамады - ау деймін, - деді ол
зілдене қалып.
- Мен сенің көзқарасыңды ең жексұрын көзқарас деп есептеймін, деп жауап қайырды қыз.
- Несі бар, түсінікті болды, - деп көлгірсіді ол
Кете өзін-өзі зорлана тежеп, Оскардың ақталуына мүмкіндік берді:
- Сен əлгі Тишлерге кеңес берген кезде, оның зардабы қандай
болатынын ойладың ба?
- Тағдыр менің қолымда емес, - деп менменси сөйледі ол,
- мен тек оның шешімін хабарлаймын.
- Сонда сен өзіңе келген адамдардың ешқайсысымен мүлдем
санаспайсың ба? - деді оның қара жүректігіне қайран қалған Кете сөзін
жалғастырып.
- Мен оларды сақтандырамын, - деп жауап берді Оскар,
жауапкершілік өздеріне байланысты. Сосын, сол Тишлер мырза
дегенің кім өзі? - деп жирене сөйледі.
Бүл жолы "коре" білген Кете болды. Ол əлгі Тишлер мырзаны - тірі
болсын, мейлі өлі болсын - Оскардың өз санасынан мүлдем сызып
тастағанын көзімен көрді. Ал ол көрсоқыр көріпкел, дəл осы минутта
қыздың өзіне деген ықыласын біржола өшіргенін сезген жоқ. Пауль
Крамердің данышпандық сын семсері де мұны істей алмас еді.
Қашанғы кездегідей, Оскардың айтқаны келді, бұған күмəндануға
болмайтын еді. Тишлер мырза, оның бақытсыздығына тек қана
Лаутензак кінəлі деген лақаппен, Оскардың беделін көтере түсті. Оның
өлімі көріпкелдің пайдасы үшін нағыз насихат болып шықты. Бүл дəл
Кетені жиіркендіргендей ешкімді жирендірмеген шығар. Керісінше,
1932 жылы Берлинде қоғамның жоғарғы тобынан шыққан еркектерді
жəне əсіресе əйелдерді граф Цинздроф ғана емес, ендігі жерде Оскар
жағынан да шыққан қанның иісі қызықтыра бастаған.
Үйге келген хат-хабарлардың арасынан Оскар Кадерайттардан
келген шақыруды тауып алды. "Фюрерді күтіп отырмыз" деп ерекше
атап көрсетіпті. Ал Ильза Кадерайт өзінің əдемі жазуымен: "Аздап
көңіл көтергіміз келеді" дегенді қоса жазыпты. Ол өзінің бүл сөздерін
кімге - фюрерге əлде көріпкелге арнағанын ашып жазбапты.
Оскар
Ильзаның
шаншу
сөздер
айтатынын
сезгенмен,
Кадерайттарға үлкен үмітпен бармақ болды. Ол Ильзаны сол бір
кештен кейін көрген жоқ, əйел бұған өте ұнайтын жəне ақсүйек
əйелдер үшін Тишлердің өзін-өзі өлтіруі Оскарға тігінші Вайцтың
қолынан шыққан фрактан артық жарасатынын білетін.
Бірақ бүл жолы оны шаншу сөздермен ортаға алған Ильза емес,
доктор Кадерайттың өзі болды.
- Сіздің көріпкелдігіңіз, құрметті Лаутензак, - деді ақшыл жирен
шашты алып. -Жылқыларды емдеуді еске салады, дені сау адамға
жылқының дозасын берсең де мыңқ етпейді, ал əлжуаз адам мұрттай
ұшады.
Осы секілді қыртымбай
ұстамдылықпен қабыл алды.
сөздер.
Оскар
бүл
қалжыңдарды
Бүл күні фюрер ерте келді, ұзақ отырды. Жəне оның себебі де бар
еді: сайлау науқанының қызған шағы, кескілескен күрес жүріп жатты.
Қозғалысты қаржыландырушыларды жігерлендіру қажет болатын:
бүл Манфред Проэльдің ақылы.
Əйткенмен, Гитлер бүгін сергек көрінді, оны əбден қажып,
ыңыршағы шыққан адам деуге ауыз бармайды. Ол тағы да Оскарды
көріп қалды.
- Қалай ойлайсыз, Лаутензак мырза, бүл сайлаудың нəтижесі
қандай? - деп сұрады ол - Болжамыңыз жақсы ма?
Оскар фюрердің көзіне тура қарады жəне жұрттың бəрі құлақ түре
қалды. Ол даусын көтерместен, орнықты сеніммен:
- Бізді жеңіліс күтіп түр. Бірақ бүл таза германдық, құрметті жеңіліс
болмақ, - деп хабарлады.
Бір адам бір сөз айтпады. Фюрер түнерген əрі көп мағыналы
кейіппен үндемеді. Ақыры ол:
- Ашығын айтқаныңызға рахмет, - деді. - Шынын айтсам, бүл жерде
сіздің кінəңіз жоқ, Лаутензак мырза. Тағдырдың ісі ғой. Ол маған төзе
білудің батпан жүгін артып түр. Бүл турасын айтсақ, жəлептердің
сайлауы болды ғой.
- Байқасам, өзіңіз - ержүрек сайқымазақ екенсіз, - деп күле
сыбырлады Оскарға Ильза Кадерайт.
Гитлер бірнеше қадам жасады, ойланды да Оскарға қайта келді.
- Алдағы уақытта да осындай шыншыл болыңыз, - деді ол, Оскардың
көзіне тура қарап, тағдырдың айлалы соққысы үшін мен сізді жазғыра
алмаймын. Билікті қолға алысымен, мен құпия ғылымдардың жоғары
мектебін ашамын, сіз оның сенімді қызметкері боласыз.
Оскар оған шын жүректен алғыс айтты.
Сосын Гитлер кетіп қалды.
- Осындай құрметті топтың ортасында көп кідіре алмағаныма қатты
өкінемін, - деді ол - Зиг хайль!
- Хайль, Гитлер мырза! - деп жауап берді доктор Кадерайт.
Оскар қоштасар кезде, Ильза оған келесі аптада доктор
Кадерайттың Рур облысына, марқұм Тишлер мырзаның иелігіндегі
зауыттардың бірінде тəртіп орнатуға бара-тындығын - ол зауыт енді
бұлардың қолына көшкендігін хабарлады. Кадерайт жоқ кезде
көңілімді көтеруге жарасаңыз жақсы болар еді деген емеуріннің де
шетін шығарып қойды. Бүл жағынан Оскар өзін көрсете алды ғой.
Оскар мүсінші Анна Тиршенройттың кеше Томазини галереясында
ашылған көрмесін аралап жүр. Бүл оның туындылары толық
қамтылған Берлиндегі түңғыш көрме еді. Газеттердің бəрі қуанышты
рецензиялар беріп жатты.
Оскар бір туындыдан екіншісіне асықпай қарап келеді. Бұлардың
көпшілігі бұрыннан таныс. Мынау - "Тігінші" , мынау "Газет сатып
жүрген бала" , "Əділдік" , "Философ" атты барельефтерден батылдық
байқалады. Бұлардың ішінде Оскардың жиіркенішпен, тіпті
қорқынышпен қарайтын мүсіндері - оның əр қырынан алынған
қолдары да бар. Бүл мүсін каталогта "Əртістің қолдары" деп аталыпты.
Ол залды екінші рет айналып өтті. Иə, енді бүл бəрін де көріп
шықты. Бір затты ғана -масканы таба алмады. Ол газеттерді қарап
шыққан болатын, онда "Маска" кездеспеді. Кемпір оны екі рет жасап
шыққан-ды: біреуін - бұған берген, екіншісін - өзіне қалдырған. Бірақ
бүл көрмеде "Маска" жоқ болып шықты.
Бүл не? Оның хатына, ақталуға тырысқан талабына берілген жауап
па? Əлде мұның бет-бейнесін көргісі келмегені ме? Сонда осы
туындысына бар шеберлігін, бар сүйіспеншілігін, бар күш-жігерін
жұмсағаны жалған болғаны ма? Өлген адамды, қарғыс айтқан адамды
еске салады деп "Қолдарды" ғана айтса болады.
Ол үйге ашуланып келді. Үстелінің үстінде "Германия жұлдызының"
кезекті корректурасы күтіп жатыр екен. Онда Оскардың шағын
мақаласы бар, мəтіні ұзақ көрінсін деп жолдарын сиретіп басқан.
Гансйорг жұмысты мықтап қолға алуға қанша шақырғанымен, мойыны
жар бермей жүргені рас. Оскар қасақана жанын қинағысы келмейді. Ал
мынау не? Тиршенройттың көрмесі туралы хабар ма? Оқып шықты да,
өз көзіне өзі сенбеді, қайта оқыды. "Тиршенройттың шығармаларынан,
- депті мақалада, - аға ұрпақ интеллигенциясы тəуір көретін,
езілгендерге іш тарту секілді арзанқол қайғының желі есіп тұр. Бұл
əйелдің туындылары мəдениетке аударылған қаны шығып тұрған
большевизм ғана. Көрме - жаңа Германия қоқыс жəшігіне лақтырып
тастайтын құбылыстардың бірі." Мақала бастан-аяқ намысқа тиетін
жамандаудан тұрады.
Оскар ұятқа қалғанын білді, оны бұрын болып көрмеген ашу буды.
Егер мақала кемпірдің көзіне түссе, өзінің бет бейнесін көрмеге
қоймағаны үшін кек алып отыр деп ойлайды. Жоқ, мұндай ұсақ,
жауыздық өш алуға Оскар Лаутензак бармас еді ғой.
Ол Гансйоргқа телефон шалды. Дереу мақаланы алып тастауды
талап етті. Гансйорг осындай ұсақ-түйек үшін Оскардың шу
шығарғанына таң қалды.
- Мен мақаланы алып тастауды талап етемін! - деп буырқанды
Оскар.
- Егер ол менің қолымнан келген күнде де, - деп жауап берді
Гансйорг, - сенің қояншығыңды көтере беретін жағдайым жоқ. Нөмір
басылып қойды. Басқа мақаланың терімі өте қымбатқа түседі.
- Өзім төлеймін, - деп өрекпіді Оскар.
- Мен сенің орныңда болсам, ақшаны бүйтіп текке шашпаған болар
едім, - деген ақыл айтты Гансйорг. "Германия жұлдызы" біріне дейін
енді бір тиын төлемейді, - біліп қой осыны. Сен шығынның орнын
шынымен төлегің келе ме? Мұны сенен бір сағаттан соң қайта
сұрайтын боламын.
Оскар ойланып отырып қалды.
- Мені Тиршенройт ханыммен жалғастырыңдар, - деп бұйырды ол
Петерманға.
- Тиршенройт ханым телефонға келе алмайды, - деп баяндады,
бірнеше минуттан кейін хатшы.
- Онымен қашан сөйлесуге болатынын сұрамадыңыз ба?
- Тиршенройт ханым Лаутензак мырзамен сөйлесуден бас тартады,
- деді Петерман, айыпты адамдай жыбырлап сөйлеп. Дегенмен Оскар
оның үнінен айызы қанып, табалап тұрған адамның жымысқы
сыңайын таныды. Бірақ ол сұмырайдың тұмсығын қан жалатудан өзіөзі əрең тежеп қалды.
Оскар ауыр оймен "Бельвю" қонақ үйіне тартты. Тиршенройт ханым
үйінде екен. Оскар келгенін хабарлауды өтінді. Швейцар телефон
арқылы сөйлесті де, сыпайы түрде Тиршенройт ханымның қазір
қабылдай алмайтындығын жеткізді.
- Ешкімді де ме? - деп сұрап қалғанын Оскар өзі де білмей қалды.
Швейцар сəл мүдірді де:
- Ешкімді де қабылдай алмас деп ойлаймын, - деді.
Оскар қонақ үйден шыға берген кезде Тиршенройттың
қызметшісі Тереза кемпірмен есік алдында кездесіп қалды да басын
изей салды. Ол сəлемге сəлеммен жауап берген жоқ. Тек "Сенің күнің
бітті, бізде енді сен алатын дəнеңе жоқ" дегендей сыртынан
тыжырына қарап қалды.
Осыдан бір сағат өткенде əрқашан уəдесіне берік Гансйорг телефон
шалды. Ол Оскардың жаңа терімнің құнын төлеуге дайын немесе
дайын еместігін білгісі келетіндігін сұрады.
- Иə, əрине төлеймін, - деп кесіп айтты Оскар.
Сəлден кейін ол Петерман арқылы мұндай жұмыстың қанша
тұратынын сұрады. Сөйтсе оның төлеуге тиісті сомасы алдағы алатын
екі айлығынан асып түседі екен.
Терісіне сыймай ашуланған ол зергер Позенерге телефон соқты да,
жүзігі үшін алдағы екі айға жарна алмауды сұрады.
Көпшілік күткендей - ақ, рейхспрезидентті сайлау нацистердің
жеңілісімен аяқталды. Бұдан кейін болмай қоймайтын өзгерістер
басталды: партияның қарулы жасақтарына тыйым салынды,
партиялық кассалар қаңырап қалды. Басшылық үшін бүл күтпеген
жағдай емес еді, бірақ сонда да болса жол табу, шығындарды қысқарту
қажет еді.
Нацистік партияның барлық ұйымдары жəне бəрінен бұрын
"Германдық көзқарас" бұл үнемдеудің қандай болатындығын іс
жүзінде көрді.
Гансйорг Оскарға оның таусылмайтын талаптарын бұдан былай
орындай алмайтындығын жəне сондықтан, Ландграфенштрасседегі
шалқыған тұрмыстан бас тартуға тура келетіндігін мəлімдеуге мəжбүр
екендігін хабарлады.
Оскар сəтті күндер осылай үнемі жалғаса береді деп ойлаған. Жəне
алдағы жоспарлары ауыздық көрмеген құр аттай орнынан баса алмай
қойған болатын. Ол өзіне баспана əрі болашақта окультистер студиясы
бола алатын зəулім үй тұрғызуды армандайтын. Өзінің құтханасында
отырып алып, Оскар ол үйді ойша тұрғызып та қойған: ол шағындау
төбенің үстінде тұрмақ, сырттай қарағанда жинақы да қарапайым, ал
ішкі əлемі құпия бұралаңдар мен жиһаздарға толы болмақ, қысқасы,
сиқырлы Клингзор замогы осындай -ақ болар.
Ал қазір алдында Гансйорг тұр, ол бұған:
- Бітті сауда. Арманың адыра қалды. Айына əлі де болса екі мың
марка бере аламын, бірақ одан артық бір пфенник сұрама, - деп
сазарады.
- Екі мың марка дейсің бе? - деп қайталады Оскар, өз құлағына
сенбегендей түксиіп. - Сенің уəдеңнің бəрі неге татитыны енді түсінікті
болды.
- Өмірімде сендей рахымсыз хайуанды көрген жоқпын, - деді
Гансйорг. - Екі мың марка деген - министрдің жалақысы емес пе! Егер
саған біреу, Дегенбургте немесе, Мюнхенде отырған кезінде, менен ай
сайын осындай ақша аласың десе, сен оны ақылы ауысқан адам дер
едің.
Оскардың қарсы айтар дауы қалған жоқ. Ол пайдасыз егесті доғарды
да:
- Қысқасы, құдай атты десеңші, - деп отыра кетті.
Гансйоргқа да керегі осы еді.
- Солай болды, - деп ол абайлап сөзін жалғастырды. - Дегенмен мен
саған қаражатыңды түзетудің жолын айтайын.
Оскар оған үміттене қарады.
- Сенің "Германдық көзқараспен" жасасқан келісімшартыңда өзіңнің
тек осы ұйымның қол астында болатының көрсетілген, - деп бастады
Гансйорг. - Бірақ қалыптасып отырған жағдайға байланысты,
"Германдық көзқарас" , өзінің берік принциптері мен адалдығына
қарамастан, осы тармақты қайта қарауға келісуі мүмкін.
- Солай ойлайсың ба? - деп қуанып қалды Оскар.
- Əрине, кепілдік бере алмаймын, бірақ... - деп күмілжіді Гансйорг.
- Кепілдік бере аласың, - деп кесіп айтты Оскар. "Германдық
көзқарас" деген - сен емеспісің!
- Мақұл, солай-ақ болсын, - деп келіскен болды, мардымсып қалған
Гансйорг. - Егер сен "Германдық көзқарас" тарапынан көпшілік
алдында сөйлеймін десең, қарсылық жоқ. Рас, өзіңнің қол-аяғыңды
жерге тигізбей осынша насихаттаған "Одақ", комиссиондық табысқа
ортақтасып жүрмесе. Оның есесіне біз саған жол ашып береміз. Біздің
байланыстарымыз бар, біз "Scala" мекемесімен келісімшартқа қол
жеткізе аламыз.
Оскардың жан дүниесі дауыл соғып өткендей, алай-түлей болды.
Алоиз бұған қандай да бір көріністі ұсынған кезде, провинциялық
қалаларда ең ары кетсе - Мюнхенде өнер көрсететін шығармыз деп
топшылайтын еді. Ал қазір Оскар "Scala" залын, - елдегі ең үлкен
варьетені, - жарқ-жұрқ еткен жарнамаларды, кісі бойындай
хабарландыруларды бір кезде Тиршенройт келістіріп салған
қолдарынан көз алмайтын қаптаған адамдарды көз алдына келтірді.
Иə, фюрер сияқты мұны да көпшіліктің көңілі жігерлендіреді. Сол жігер
бойына қуат боп құйылмақ.
Рас, оның бағдарламасы бұрынғыдан да атышулы, қимылдарды күрделірек, ал маскасы -қол жетпестей биігірек болуға тиіс. Бірақ
осының бəрі құр елес болып шықса, бүл нағыз нақұрыстың өзі болмас
па еді? Жоқ, ол бар өнерін салады. Ол тек Гансйоргтың осы ұсынысын
күтіп жүр емес пе. Сонымен, пайда болган материалдық қиындықтар
бүл үшін табыс бұлағына айналмақ.
- Жарайды, - деді ол, қинала-қинала келіскен адамша. - Егер бұдан
басқа жолды таба алмасаң мен сахнаға шығуға əзірмін.
Алоиз бұл жоба туралы естігенде, одан бетер қуанды. Бөлмедегі
"Томаға тұйық" жұмысты келмеске жіберу. Өз өнеріңді нағыз сахнада,
нағыз көрермендердің алдында паш ету ол үшін кенеуі кепкен жерге
нөсер жауғандай эсер етті.
Алайда, кешікпей, "Германдық көзқарастың" бұл істі өз уысынан
шығарғысы келмейтіндігі мəлім болды. Гансйорг бірде ананы, бірде
мынаны талап етіп, барлық іске араласа бастады. Сонымен, Алоиздың
да көңілі құлазып қалды. Ол бұл сұғанақтыққа қарсыласып бақты.- Мен
бұдан əрі саяси сұрқия дəрежесіне дейін төмендегім келмейді, -деп
байбалам салды ол, өзінің қырылдақ даусымен.
- Мен əртіспін жəне нацистерге де, Оскарға да қол бала болғым
келмейді. Мен толыққанды қызметкермін. Екінші рет мені ақымақ
қыла алмайсыңдар. Менің келісімшартымды Манц жасайды, басқа
ешкім де емес. Ал сендер - шеттеріңнен зымиянсыңдар, мен сендерді
білемін.
- Бекер бұлқан-талқан боласыз, Пранер мырза, - деп ескертті
Гансйорг.
Берлиндік жаргонның бабарлық сөйлеуімен астаса былығуы енді
Алоизды мүлдем жындандыра бастады.
- "Германдық көзқарас" сізге "Scala" залында өнер көрсетуге
мүмкіндік беріп отыр, бұдан артық қандай құрмет керек! - деп сөзін
жалғастырды.
- Білеміз оның қандай құрмет екенін! - деп күйінді Алоиз.
- Сіздер жиырма бес пайызын сыпырып аласыздар жəне оны
өздеріңіздің жаңа герман тілінде "құрмет" дейсіздер, ə?
Тіпті мен бұған да қарсы емеспін: жиырма бес пайыздарыңызды ала
беріңіздер. Менің қанауға ұшырап отырғаным бір бұл емес. Бірақ
Калиостро деген атағы бар Алоиз Пранердің ешкімнің қол сұғуына жол
бере алмайтын жері - ол əртістік намыс. Тап осыған келгенде мен
ешкіммен келісе алмаймын. Бұл жерде мен Манцты көмекке
шақырамын. Менің əртіс деген атыма дақ түсіргендеріңізді Манц
тексерсін. Манц сендермен сөйлесе алады. Менің жарнамалардағы
атым жиырма екі сантиметрлік əріптермен жазылуға тиіс! Жəне одан
басқаны білгім де келмейді!
Алайда антрепренер Иозеф Манц көз бояушы Калиостроның
мүддесін қорғауға тура келетіндігіне онша қуана қойған жоқ.
"Германдық көзқарасты" айналып өтуге болмайтын еді - "Одак"
Калиостромен жасасқан келісімде өз шарттарын қойған болатын. Ал іс
нацистермен байланысты болған жерде оның, Манстың қолы
бақытсыз болды. Оны өз кезінде актер Гитлерге ангажемент жасай
алмағаны жөніндегі ой жегідей жей береді. Ал Адольф Гитлер ондайды
ұмыта қоятын адам емес. Егер ол күндердің күнінде рейхсканцлер
немесе рейхспрезидент бола қалса, Манцтың кесірінен актерлық
жолдан бас тартып, саясатқа араласуға мəжбүр болғанын оның есіне
салатын болады əлі-ақ. Сондықтан Манц пен Гансйорг арасындағы
келіссөз өте шиеленісті жағдайда өтті. Ақша жағына келгенде Гансйорг
ұсақтыққа бара қоймайтын, бірақ ол, - Манцтың күні бұрын
болжағанындай, - Алоизды шеткі жаққа ығыстыруға тырысты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 09
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.