Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 01

Total number of words is 4237
Total number of unique words is 2199
35.5 of words are in the 2000 most common words
47.9 of words are in the 5000 most common words
56.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БІРІНШІ БӨЛІМ
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ҮШІНШІ БӨЛІМ

БІРІНШІ БӨЛІМ
МЮНХЕН
1931 жылғы мамырдың алғашқы сəрсенбісінде Оскар Лаутензак
өзінің досы Алоиз Пранердің Мюнхендегі пəтерінде ауыр ойға батып
отырды. Сонымен, ол тағы да тақырға отырып қалды, жəне де осында,
Пранердің пəтерінде, қайтадан жасырына тұруға мəжбүр.
Оның орындықтың арқалығына қалай болса солай тастай салған
пальтосы еденге дейін сүйретіліп жатыр, үстел үстінде қалың қоңыр
қағазға оралған бір нəрсе көрінеді, көр-жер салынған көне былғары
чемоданын бөлменің ортасына тастай салыпты. Оскар Лаутензактың
қалтасында осы үйден пана іздеуге мəжбүр еткен зат Румфордштрасседегі екі бөлме үшін Лехнер ханымға берешек, бірақ
төлей алмай жүрген жүз отыз төрт марканың чегі жатыр.
Енді диванда жападан жалғыз отырысы мынау. Оның қалың қара
шашының астындағы түсіңкі қабақты етженді əлпеті əлемтапырық,
көңілсіз, жігерлі аузы жабулы, ашулы көк көздері қалың қара қастың
астынан торыға қарайды. Ол осынау бөлменің тоғышарлық тұрмысын
да, өзіне сəулесін шашып тұрған мамырдың мамыржай шуағын да
көзге ілгісі келмейді.
Көріпкел Оскар Лаутензактың қамығатын жөні бар. Ол міне, қырық
екіге толды, ал үмітін жалғайтын сəтті істердің бəрінен мүлдем
алыстап барады. Соғыс аяқталды, құнсыздану науқаны артта қалды,
ендігі жерде мұның өнері ешкімге керек болмай қалды. Оскардың ісі
оңбай қойғанына жеті айдың жүзі болды. Лашықтарда сөйлеп көрді!
Жəрмеңкелерде сөйлеп көрді! Өзін мазақ еткен қара халықтың
алдында да сөйлеп көрді! Ақыры мүсінші Анна Тиршенройт өзін осы
бір қиындықтан алып шыққанымен, тіпті мұның бет - бейнесін сомдап,
елге қайта танылуына ептеп жағдай жасағанымен, көз бояушы Алоиз
Пранердің үйінде зерігіп отырып, оның жамандығы жоқ сияқты
көрінгенмен, іс жүзінде уытты қылжағын тыңдау жанға батады - ақ.
Бəлкім, қалай дегенмен де кемпірге соққан дұрыс болар ма еді?
"Кемпір" деп отырғаны Анна Тиршенройт - мына көз бояушы Алоиз
секілді қайдағы бір дарынсыз пенде емес, елдегі мүсінші. Жəне де ол
Лаутензактың адам аярлық мүшкіл жағдайын қайдағы бір қағытпа
сөздермен бетке басып жатпайды. Рас, ол өзінің адам төзгісіз
қаталдығымен кісінің жынына тиеді; өзінің тас мүсіндей отырысыменақ, міз бақпайтын ірілеу келген бет бейнесімен - ақ келген
жұмысыңды, алға қойған міндетіңді -өз бет-бейнеңе жетіп алуыңды
міндетті түрде есіңе салады. Жасқану деген жоқ, бетің бар, жүзің бар
демейді.
Ол орнынан бұртия қозғалып барып, қағаздың орауын ашты. Онда
Тиршенройт ханым қоладан жасаған, аумайтын өз бейнесі жатқан
болатын. Ол досының қызметшісі, ұрысқақ Катарина кемпірден шеге
мен балға сұрады, ал анау оған бұлқан-талқан болғанмен, мұның өз
бейнесін қабырғаға іліп қоюына амалсыз көнгендей болды. Сосын
өзінің етженді əрі күтімді ақ саусақтарымен металдың бетін сипап
қойды. Оскар осы бейнесін көрмесе тұра алмайды, ал Алоиздың
бөлмесінде ілініп тұрған осы бет-бейненің жапсыру арқылы жасалған
көшірмесі мұның қасында көк тиынға тұрғысыз зат.
Оскар бірнеше қадам кейін шегінді. Ол бұған мың рет барлай
қараған шығар, қазірде оны жаңа көргендей қадалып түр. Осы
масканың арқасында келер ұрпақ оның ішіне не бүгіп жатқанын
білетін болады. Ал егер мұны қазіргі замандастары түсіне алмаса обалдары өздеріне. Қожайын əйел байқап қалып қайдағы бір пəтерақы
үшін шу шығарып жүрмесін деп əр жолы үйден жасырынып қашу
осындай аса дарынды адам үшін масқара емей немене! Бірақ ол бұған
емес, дəуірге жабысқан масқара.
Оскардың достары оның басын Цезарьдің басына теңесе, ал
дұшпандары сайқымазақтың басына теңегісі келеді. Ал өз пікірі
бойынша, Анна Тиршенройт сомдаған бет-бейне қандай нұр шашып
тұрса, өз жүзінен де сондай нұр төгіліп тұратындығына сенімді. Əрине,
кейбір жаны сірі, өзгермей келе жатқан жат əдеттен аман да емес
шығар. Бірақ оның бəрінен құтылады. Өзінің кейбір жалт етпе
қылықтарынан
тыйылып,
бар
өнерін
телепатияға
салуға
Тиршенройттың алдында сөз бергелі бері ол көп жетістіктерге қол
жеткізді. Сол антынан айнымағанына міне бір жылдан асты. Жəне де
одан бас тартпақ емес. Ол өзінің шын бет-бейнесіне жеткенше талпына
бермек.
Бұған көп адамдар сенеді, бұған əр түрлі қалалардағы көп ақыл қайрат жұмсамай - ақ жаулап алған əйелдер ғана емес, - олардың
мойындағандарында не түр дейсің, тəйірі, -жоқ, оған өзінің бауыры
Ганс та сенеді, ал Ганс дегенің - тасемен, ештеңеге нандыра алмайсың.
Оскарға өзінің досы, ақылды əрі ешнəрсеге сенбейтін көз бояушы
Алоиз Пранер де сенеді. Бірақ ең бастысы - бұған мүсінші Анна
Тиршенройт кемпір сенеді.
Осы сенімін ол мұның бет-бейнесіне сомдаған екен. Бет-бейне
Оскардың ішкі əлемін дəл бере білген жəне одан шығармашылықтың
туа бастағанын көзі бар адамның бəрі көреді. Əңгіме қандайда бір
сұрықсыз телепатия туралы болып отырған жоқ. Бетке ғана қалқып
шығатын шындық - Оскар көкірегінде буырқанып жатқан қуатты
өзеннің əлсіз жылғасы ғана. Өйткені ол, барлық өнердің көзі бола
алатын ұлы өзен, нақ осы Оскардың ғана жүрегін қақ жарып ағады.
Оскар ерекше түйсіктің иесі, оның кеудесіне Сократтың "демоны" ,
философ Каснер "физиогномикалық түйсік" деп атаған бірегей қабілет
қонақтаған.
Рас, бұл шығармашылық құпия дарын ақылы шолақ көрерменнің
аузына сала салатын шығарма дəрежесіне дейін өсе қоймаған.
Бірақ Сократ артына қандайда бір "шығармасын" қалдырып па еді?
Оның кеудесіне тек "демон" ұялады; оның "демоны" белгілі қалыпқа
түсе қойған жоқ. Бұған, Оскарға көкірегінде шығармашылықтың
ұшқыны бар екендігін білудің өзі жетіп жатыр. Ол лапылдап жанған
кезде, суреттеуге тіл жетпейтіндей рахатқа бөленеді. Əйелмен
жақындасу мұндай рахатпен салыстырғанда - айтуға да тұрмайтын
құмарлық ғана. Оның алдында жетістік, даңқ, махаббат дегендерің - түк
емес. Жүрегінде шығармашылықтың оты жоқ адам бақыт дегеннің не
екенін ұға алмайды.
Əйтсе де, ол сырттай жетістікке де қол жеткізеді. Ол неғұрлым
қиналған сайын, арманы да соғұрлым батыл да тойымсыз бола түсті,
жəне қашан да орындалумен болды. Оскар Баварияның Дегенбург
қаласындағы діни гимназияда оқып жүрген бала кезінің өзінде-ақ
туған қаласын жаулап алуға бекінді. Сосын, оны гимназиядан қуып
шыққан кезде, - ол екі рет екінші жылға қалдырылған, - Оскар
Мюнхенді жаулап алуға ант берді. Ал енді, Мюнхенді жаулап ала
тұрып, одан қайта айрылып, тағы да тақырға отырып қалған кезде, ол
Берлинді жəне бүкіл Германияны жаулап алмайынша көңілі
көншімейтіндігіне ант беріп отыр. Алоиз Пранер оны қанша əзілдеп
қағытқанымен, ол тағы да қалқып шыға келді, бұған өзі күмəнсіз
сенеді.
- Бұл менің мызғымайтын шешімім, - дейді ол тісінің арасынан
сыбырлап.
Оның көкшіл өжет көзі бет - бейненің қоладан жасалған əлпетіне
қадалып қалыпты. Ол оған кірпік қақпастан қарайды, өтінгені де,
қорқытқаны да, арбағаны да болар; тап қазір оның өзі де тас мүсінге,
жансыз бет-бейнеге айналғандай. Осылайша ол минут бойы өз
бейнесінің алдында мұқалмас жігері бар адамның кейпіне түседі.
Сосын, əбден қалжыраса да, сергіп қалған сыңаймен бүгінгі
болмысқа, ел арасында "Калиостро" атанған көз бояушы Алоиз
Пранердің асханасына оралады.
Келесі күннің таңында жоғарыда аты аталған Алоиз Пранер
дастарқан басында өзінің досын күтіп отырды. Кешегі ойын кеш
аяқталды жəне ол оралған кезде Оскар жатып қалған болатын.
Серейген ұзын бойлы əрі ап-арық Алоиз дастарқан басында шүңгіл
көзді, биік қабақты жəне əжім торлаған ер мұрынды қасқа басын
табақтың үстіне төндіре отырып, опыра ішіп-жеп, тынымсыз күйсеп
отыр. Түрінде сұс бар. Бірақ бірде кіріп, бірде шығып дастарқан жасап
жүрген кəрі Кати оның торығудан аман екенін жақсы білетін еді.
Өкінішке орай, Пранер мырза өзінің ескі досы əрі тұстасы əлгі бір
дөрекі, оңбаған, үйсіз-күйсіз қаңғыбас жəне жолы болмайтын
Лаутензак мырзамен кездескеніне сонша қуанды. Жəне Кати
қателеспеген екен: Пранер мырза Оскармен кездескеніне шынымен
қуанғанды. Өзінің ап-арық ақ саусақтарымен нанға бірде шошқаның
сүр етін, бірде ірімшік араластыра отырып, ол өзінің жан досының
жынына тиетін əзіл - мысқылдарын тұнжырай отырып ойластырады.
Иə, бірі Калиостро атанған көз бояушы Пранер, екіншісі көріпкел
Лаутензак - бір-бірін тауып қосылған жұп. Əрине, Оскар - қаңғыбас, кер
жалқау, суайт, мансапқор, қызғаншақ, сенімсіз - бір сөзбен айтқанда,
адамда болатын жаман əдеттің бəрі оз бойынан табылатын
сұмырайдың өзі. Алайда жүрегінде кей-кейде жылт ететін оты да бар,
Алоиз Оскарсыз өмір сүру дегеннің не екенін түсіне қоймайды.
Он алты жыл бұрын, соғыстың екінші жылы, Пранер Оскармен
Шығыс майданында кездесті. Оны Лаутензак бір көргеннен-ақ арбап
алғандай болды жəне Алоиз сол сиқырға мұрнын тескен өгіздей еріп
жүре берді. Ол кезде Алоиз ефрейтор еді жəне батальон жанындағы
поштаның цензоры болып қызмет атқаратын; хаттар арқылы ол тылда
болып жатқан анау-мынау жаңалықтарды елден бұрын біліп
отыратын. Осы арада Оскар оған бір қызғылықты ұсыныс айтады:
Алоиз жағымды жаңалықтар жазылған хаттарды сəл кідірте тұрсын, ал
Оскар бұл кезде əлгі жаңалықтарды хат иелеріне суға қарағандай
соғып отырады да көріпкел екендігін дəлелдейді. Осындай қызметтен
сөзсіз түсіп түратын пайдадан, əрине, Алоиз да құр қалмайтын болады.
Пранер келісімін берді, бəрі де ойлағандай болады, олар ешнəрсенің
жымын білдірмейді. Оскардың ерекше қабілетіне бастықтар жағы да
назар аудара бастайды жəне əскери биліктің көмегімен достар тылда
қайырымдылық кештерін өткізеді, əрі түскен пайда қайырымдылық
мұқтаждықтарға жұмсалып отырады. Осылайша олардың достары
майданда жоқшылық көріп, қырылып жатқанда, бұлар тылда алаңсыз
өмір сүреді. Сол кезде бұларды осындай бірлескен баукеспелік, өзара
ауыз жаласушылық жақындастырған еді.
Ұзақ жылдарға созылған достықтың кезінде олар қанша рет
керіспеді - санап болмайды! Қазір де, əсіресе Оскар "Варьетемен" қош
айтысқалы бері, олардың бірін-бірі жеті əкеден бері сыбамайтын
сағаттары жоқ. Бұл оларға ауадай қажет, ол екеуінің де жанын рахатқа
бөлейді. Жəне Оскар өзінің асқақ міндетін қаншама аспандата
мақтағанымен, достардың бір сахнада, бір жерде қандайда бір адам
нанғысыз нөмірмен көпшіліктің аузын аңқайта отырып қайта
табысатыны даусыз.
Ақыры Оскар да келді. Тұп-тура Алоиз жорамалдағандай, ол құдды
осы үйде жəне осы үйдің иесінің ақшасына тегін тұруға келісім бергені
үшін Алоизға зор жақсылық жасаған адамның кейпімен менменси,
міндетси кірді. Бүгін Оскар өзін өте-мөте оспадар ұстады. Ол Алоиздың
ірімшігін де, жұмыртқасын да, сүрлеген етін де бүйрегі бүлк етпей
сыпырып салды, сондай-ақ оның майлы печеньесін, үй иесіне қасақана
қыр көрсете отырып соғып алды.
Сондықтан іштей ыза болып отырған Алоиздың Оскарға тигізе
айтылатын əңгімеге көшкеніне таңдануға болмайтын еді. Асықпай
жаны ашитын адамның кейпіне түсе отырып ол:
- Ал, бауырың не істеп жүр? — деп сұрады.
Оскар оз бауыры Гансты жақсы көргенмен, Пранер мырза оны
өлердей жек көретін. Оскардың, ең болмаса кейде адам
қызығарлықтай қылықтары қылаң беріп қалатын, ал Ганс Лаутензакқа
келсек, ол нағыз арсыз, жексұрын əрі қылмыскердің өзі болатын. Оның
айлакерлігі сонша, осы күнге дейін ешнəрсесін айғақтау мүмкін
болмай келсе, ал қазір қанша бұлтақтаса да тұзаққа түсіп отыр.
Берлинде Франц Видтке деген біреу өлтірілген-ді, енді оны өлтірген
Гансйорг Лаутензак екені дəлме-дəл анықталып отыр. Ганс бұл істің
саяси астары бар, көз жұмған адам маған саяси сипаттағы араздықпен
қастандық жасамақ болды, сондықтан қорғану үшін атып салуыма тура
келді деп ақталуға тырысып бақты. Бұл оның саяси қуатты
партиялардың біріне, ұлттық социалистерге немесе, былайша
айтқанда, ұлтшылдарға қосылғандығынан айтқан сылтауы еді. Осы бір
жиіркенішті хикаядан оны аман алып шығуға бар күштерін салған да
солар болатын, бірақ одан нəтиже шықпаған сыңайлы - осы жолы ол
тап желбезектен іліксе керек. Айыптаушы жақ кісі өлтіруге
Карфункель - Лисси деген жеңіл жүрісті əйел себеп болған, ал əлгі
марқұм Видтке Ганс Лаутензактың жолын кеспек болған деген дəлелді
пікірден қайтпаған. Қалай болған күнде де қазір Ганс Берлиннің тергеу
түрмесінде отыр, ол осы бір даулы былыққа белшесінен батыпты,
əңгіме өмір мен өлім туралы болып отыр жəне Алоиз Пранердің Ганс
турасында əңгіме қозғалса, Оскардың жанды жеріне тиеді деген жаман
ойы негізсіз емес еді.
Ол жаңылмапты - Оскардың менменсіген жүзінен мардымсудың ізі
де қалған жоқ.
- Менің Ганс туралы хабар-ошар алмағаныма екі аптаның жүзі
болды,- деп сырғыта салды Оскар, - бірақ оның соңғы хаты өте жігерлі
болатын.
Алайда Алоиз мұндай жағымсыз əңгімені шолақ қайтара салғысы
келмеді.
- Қазір Ганстың орнында болмағаныма да мың мəрте шүкір, - деді
ол, осынша былыққа ортақтас адамша көлгірсіген қалпы қолындағы
бұрама тоқашын асықпай - саспай алдындағы кофеге матыра отырып;
бұл арықша келген адам алдына келген астың бəрін күйсей беруден
жалықпайтын, бірақ сонда да бойына шыр бітер емес.
Оскар досының сөздерін түксие отырып тыңдады. Мұндайда
бəрінен дұрысы - үндемей құтылу. Ақыр соңында Алоиз бұл туралы
əңгімені доғарды. Біраздан соң ол өзінің адамды ығыр қылатын
əңгімесімен Оскарға тағы да тиісе бастайды - "Варьетеге" қайта орал,
Гансқа қатысты айтылған қағытпа сөздердің қарымын сонда ғана
қайтара аласың деп мыжымаса не қылсын.
- Мен түсінемін, Оскар, - деп бастады əңгімесін Алоиз бір минуттан
соң, рабайсыз ұзын мойынды кісі күлерлік қасқа басын қайғылы
адамдай салбырата отырып, - саған жаға қоймас, бірақ мен сенімен
тағы да бір рет əңгімелескім келеді...
Сонымен ол ескі əуенге қайтадан оралды. Оскардың осынша
кедейлікпен өмір сүруіне не жетпей жүр. "Варьетеге" неге қайта
оралмасқа? Өзімен, Алоизбен жұптаса отырып қандай да бір
көрермендерді қырып салатындай қызғылықты көріністі неге
дайындамасқа? Оскар осындай сұрақтардың дəмін тата отырып
рахатқа бөленгендей болды. Ол досының аузынан мұның табандап
отырып көнбей қоюы өз өмірін өзгертуге деген қастандық - бұл оның
өзінің ерекше дарынын таза күйінде сақтап қалу жолындағы
құрбандығы деген сөздерді ынта қоя отырып тыңдайды. Ол досының
ешбір бүкпесіз ақтарыла сөйлеуіне мүмкіндік берді жəне тек сонан соң
ғана мұздай сыпайы мысқылмен жауап бере отырып, бүл ұсынысты
қабылдай алмайтынын айтты. Өзінің миссиясының ерекшелігін,
көзбояушылықпен айналысамын деп жүріп бойындағы дарынын
жоғалтып алуы мүмкін екендігін көлденең тартты. Дарынының
құпиялары туралы біраз көйітті.
Алоиз ақырын ғана ішінен күліп отырды да, бара-бара көңіліне
сыймаған соң жұқа ерінді аузының барлық ақ тістерін де, алтын
тістерін де ақсита қарқылдай күлді.
Бұл күлкіге Оскар өзімен жұптаса отырып нөмір дайындауға
Алоиздың неге құштар болып отырғанын білетінін айтып жауап берді.
Бұлардың бірлесе өнер көрсетуі Алоиздың қызметіне жоғары сипат
берген болар еді; мұнсыз, Оскарсыз, ол өз өмірінің аяғына дейін
сайқымазақ секілді дəрежеден əрі аса алмай өткен болар еді.
- Ал дегенмен, - деді ақпейілмен Алоиз, - егер мына сайқымазақ
болмаса, Оскар қазір, мəселен, көшеде қаңғып қалар еді.
Олар осылайша, түбегейлі əрі бірін-бірі жемір сөздермен тұздықтай
отырып тəжікелесіп алды. Бір-біріне бұдан өзге жаңалық айта алмады екеуінің арасында мұндай қақтығыстар қанша рет қайталанбады
дейсіз, сондықтан бірін-бірі əбден біліп алған-ды.
Қабырғада бет-бейненің астында отырған бұлар сəлден соң
шаршаңқырап барып орындарынан тұрды. Бет-бейне Оскардың
жынына тиеді, - ол мұның барынша күш жұмсауын талап еткендей
ылғи да көзін қысып қойып тұрғандай көрінеді, - сонымен қоса ол
өзінің ұлы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жаралғанын мақтан етеді.
Ал, Алоиз болса, - нағыз хайуан, - ақыры мұның жаңа көрсетілім
дайындауға көнетін сəтін күтіп насаттанады, сонымен бірге Оскардың
əлі де келісім бермей келе жатқанына, өз "данышпандылығын"
сатпағанына риза, өйткені осының өзі-ақ Алоизге алдағы уақытта да
досын қасарыспа мінезі үшін мақтан тұтуға мүмкіндік береді.
Ақыры екеуі де титықтап əрі жандары жай тауып барып таусылмас
текетіресті тəмамдады. Біраз уақыт болып қалыпты, бірақ үстел
үстінде таңертеңгі астың қалған - құтқаны əлі күтіп түр. Достар біраз
бой жазып, түскі асқа тəбеттері артқан кезде оралу үшін сыртқа
шықты.
Мүсінші Анна Тиршенройт сағатқа қарады. Үш минутсыз он. Ол
Оскардың онда келуін өтінген, оған əлдебір жаңалықтарды
хабарламақ.
Оның қарыздарынан қашып, үйінен безіп кеткенін жəне
Пранердікіне барып паналағанын білген соң, Тиршенройт ханым жаңа
қадамдар жасауға бекінді. Міне, енді, оның неге қол жеткізгенін сұрап,
емен-жарқын əңгімелесудің реті келді.
Етженді, ірі денелі əйел креслода отыр; ірілеу келген бет-əлпет,
тарбиған мұрын, сəл шаршаңқы қойкөз, оңа бастаған жирен шаш.
Əлденеге алаңдаушылықтың табы осы əлпеттен білінеді. Анна
Тиршенройт əлі алпысқа толмаған əйел; былайғы жұрт оның дарыны
шарықтаған кемел шақта екенін, шығармашылық биікке енді
шыққанын айтып мақтаныш етеді. Бірақ олар нені білуші еді! Бұл
болса кемпір, өмір өтіп кетті, өмір сүру де қиын болды, өзіңмен де,
өзгемен де алысуға тура келді; өзіңмен де, өзгемен де күресу жеңіл
болған жоқ. Енді қалғаны тек шығармашылық жəне ұлындай жақсы
көретін мына Оскар, ол бейнебір кемерінен асырсаң төгіліп қалатын
сыры жұмбақ ыдыс секілді.
Бөлмеге күннің жарығы молынан құйылып тұр, кемпірдің азалы
жүзін торлай бастаған терең əжімдер анық көрінеді. Терезеден
ағаштар сығалайды - үйді қоршап тұрған шағындау ағылшын саябағы
бар. Əйнектелген есік текше тастарға қарай бастайды, одан кейін
үлкен ағаштары мен бұталары қаптаған көк шалғын, ал одан əріректе бұлақ. Мынадай, қаланың тап ортасында өзіңді ауылда жүргендей
сезінетінің қызық, қаланың қарбалас өмірі қайтқан теңіздей алыстап
кеткен.
Сағат оннан сегіз минут өтіпті. Анна Тиршенройт əлі күтумен отыр,
жүрген кезде сүйенетін таяғы креслоға сүйеулі тұр. Кемпір əбден
шаршай бастаған, алға қарай еңкіштене береді. Əдетте Тиршенройт
ханым дұрыс əлде бұрыс істегенін қатесіз сезетін. Ал қазір ол Оскарға
жақсылық істегеніне сене алмай отыр. Ақыры өзара кеңесіп болған соң,
профессор Гравличек жанашырлық кейіппен жымиып қойды, ал
Гравличек дегенің ақылды əзəзіл
Міне, Оскар келді. Ол өзінің доғаша иілген қалың қастың астындағы
қаймықпас көкшіл көзді жігерлі жүзінен ұстамдылық пен
табандылықтың берік нышанын байқатпақ болатындай. Тиршенройт
ханым оған көмектесуге бекінді.
- Міне, сен де келдің, - дей салды ол барынша қарапайым үнмен.
Бірақ Оскар өзін бейнебір сабақтан қашып кеткен оқушыдай
сезінеді. Тап қазір кемпір одан сен неге маған келмей, Алоизға барасың
деп сұрасыншы - Оскар не деп жауап берерін білмей сасар еді. Бала
кезінде бірдеңені бүлдіріп қойғанда да ол тап осылай қамшысын
қолына қыса ұстап, қаһарын төккен қалың жирен мұртты əкесінің
алдында қорыққанынан қалш-қалш етіп тұрар еді.
- Мен профессор Гравличекпен сөйлестім, - деп бастады
Тиршенройт ханым. - Олар айлық жалақысы екі жүз елу маркалық
тұрақты жұмыс тауып беруге əзір.
Əйел ауыр күрсініп алды; бұл күрсіністің сыры демікпеде ме əлде
мына айтқан хабарында ма - неде екенін Оскар түсіне алмады.
Профессор Гравличек өте құрметті ұйым, Психологиялық қоғамның
президенті, ондай адаммен жақындасу деген Оскардың түсіне де
кірмейтін. Оны жұмысқа тарту туралы əңгіме бұдан бұрын да бірнеше
рет қозғалған болатын; алайда Гравличек - оңай адам емес жəне өте
тақуа - мұндай іспен басын қатырғысы келмеді, оған қоса Оскар да оған
аса ұнай қойған жоқ. Ал егер Анна Тиршенройт профессорды иліктіре
алған болса, онда бұл жерде бір сырдың бұғып жатқаны анық. Екі жүз
елу марка, егер Оскардың қызметі Психологиялық қоғамға айына үш
реттен аспайтындығын назарға алсақ - əрине, аз айлық емес. Қолына
мұнша ақша түсе қалса, пəтерден қуыламын - ау деп қам жемейтін
болады, Тиршенройт пен Алоиздың алдында тəуелді болатын
қорлықтан да құтылады.
- Бірақ саған, əрине, толығымен "психологтардың" қарамағында
болуыңа тура келеді, -деп түсіндірді Тиршенройт ханым. - Егер сен
оқта-текте жеке адамдардың ортасында қайтарымсыз тəжірибе өткізіп
тұрамын десең, Гравличек қарсы бола қоймайды. Бірақ ол сенің ақша
үшін телепатиямен айналысқаныңды қаламас еді. Өзінің сөзімен
айтқанда, олардың "ақжүректіліктері" сенің алдын ала болжам
жасамауыңа кесірін тигізеді.
Солай деңіз, деп ойлады Оскар, міне гəп қайда жатыр. Егер бұл
келісімге қол қоятын болса, онда Алоиз ойластырып жүрген
жоспарлар біржолата келмеске кетті дей беріңіз. Оның бəрінің де:
ақшаның да, атақ-абыройдың да, сенсациялық жетістіктердің де,
көпшілік мойындауының да басына су құйылды дей беріңіз. Онда
мұның есімі, арнайы журналдарда көп болса үш айда бір аталады да, ал
оның тамаша дарыны туралы ғалымдардың шағын тобы ғана білетін
болады.
- Сен енді ешкімге тəуелді болмайсың, - деген Тиршенройттың
бəсеңдеу шыққан дауысын естіді ол. - Сенің бұдан былай өз кітабыңды
қолға алуыңа мүмкіндік туады, - деп сөзін жалғастырды əйел - Мен
жуырда туған күніме сыйлаған қолжазбаңды тағы да бір рет қарап
шыққанмын. Тəп-тəуір, өте құнды кітап туғалы тұр.
Кемпір өз қабырғасымен кеңескендей, бұған көз қырын да
салмастан сөйлеп отыр.
Бірақ қазір кітап туралы да оның ешқандай оқушы тартпайтын
"Телепатияның ғаламат күші жəне оның шектелуінің шегі" деп
аталатын атауын да еске салудың қажеті жоқ. Ол жалпы
жаратылысынан бір нəрсені дəлелдеп жатқанды жаратпайды. Солай
бола тұрса да бұл конспекті де ол кемпірдің зорлығымен мүлдем
дүдəмалсыз тезистерді қағазға түсіруге өзін мəжбүрлей білген еді.
Нағыз телепат, деп жазады ол осы тезистерде, басқалардың пікірін
жұрт ойлағаннан гөрі дəлірек жəне толығырақ болжай білсе керек.
Осындай қабілетке ие болған адам əдетте иландыру қабілетіне де ие
болады. Жақсы телепат əрқашан жақсы гипнозшы да бола алады.
Алайда телепат аруақтарды шақыруға, келешекті болжауға қабілетті
дегенді ескі нанымға жатқызбау қате болар еді. Осының бəріне
қабілеттімін деп мəлімдегендердің қайсысы болмасын - шарлаған.
Осы тезистерді нақ қазір еске салу Оскарға ұнай қоймайды. Ол əлі
Алоиз санасына сіңірген арман жетегінде болатын, оның көз алдына
мұның асқан қабілетіне қайран қалған адамдардың шат көңілді жүздері
елестейді, ол шатырлай соғылған алақандардың дыбысын естиді.
Бірақ сонымен қатар, оның мұндай арманмен біржолата қоштасу
керектігі жəне профессор Гравличектің ұсынысын қабылдау дұрыс
болатындығы айдан анық. Қоғаммен келісім жасау арқасында
жүргізілетін өмір, əрине, бұл үшін ең дұрыс жол Ақырында əйтеуір өз
қабілетін дамытуға мүмкіндік туады.
- Рахмет сізге, Тиршенройт ханым, - деген өз дауысын естиді. Ол
оның қолын алып құшырлана қысады. Кемпір мүсіншінің сыншыл
көзімен бүл қолға барлай қарайды жəне жібергісі келмейді, өйткені
оның бет-бейнесін сомдағаны секілді осы қолды да сомдаған өзі ғой.
Бұл аппақ, күтімді, шебер, топ-толық əрі қиянатшылдың қолы.
Ал бұл кезде Оскар бұл əйелдің өзі үшін тағы да аса қиын əрі
маңызды іске барғандығын ойлап тұр еді.
- Сізге профессор Гравличекті көндіру оңай болмаған шығар? - деп
сұрады ол.
- Иə, оңай болмады, - деп келісті Тиршенройт ханым Оскарға
қарамастан.
- Бұл үшін не беруіңізге тура келді? - деп сұрады ол төтесінен: өзінің
де қанша тұратынын білу керек қой.
- Өзімнің "Философымды" беруге тура келді, - деп кемпір де бүкпесіз
жауап берді.
Оскар əдетте "Философ" тұратын жерге көз тастады. Үйге кіріп
келген кезде-ақ ол бөлмеде бір өзгерістің болғанын байқаған болатын,
енді түсінді - бар өзгеріс төменгі сөренің босап қалғандығында екен.
Ол қоладан құйылған мүсін болатын. "Философты" сатып алғысы
келгендер көп болды, бірақ Тиршенройт ханым өзінің осы туындысын
өте ұнататын еді жəне оны ешкімге бергісі де келмеді. Оскар текшенің
үстінде тұрған "Философтың" сұлбасын көріп тұрған сияқтанды;
қадала қарап еді - жоқ, əншейін елес екен.
- Ал мүсін үшін Гравличек қанша төледі? - деп сұрады ол, оның
тенор деп аталатын жұмсақ үні қысылып шықты.
- Маған бұдан да жоғары бағалаған адамдар кездескен, - деп жалтара
жауап берді Тиршенройт ханым. - Дегенмен ол да тəп-тəуір ақша
төледі, - дегенді асығыс қыстырып қойды кемпір.
Анна Тиршенройттың қолы ашық, Оскардың бұған талай рет көзі
жеткен-ді, ол бұған ешкімнің алдына жалтақтамай үш-төрт жыл емінеркін өмір сүре алатындай жəрдемақы тағайындай алар еді.
Бірақ оған оның өте қаталдығы мен тəлімгерлігі жол бермейді жəне
оның пікірінше мұндай жəрдемнің Оскарға пайдасы жоқ. Жоқ, мұндай
оп-оңай əрекетке ол бара алмайды, одан да бұған тұрақты жұмыс
тауып берген жөн, соның арқасында аз да болса тыныстап алуға
мүмкіндік туады. Сонымен, Анна Тиршенройт қиындығы мол
соқтықпалы жолды таңдады, өзінің тəуір көретін мүсінін құрбандыққа
берді.
Кемпірдің мұны жоғары бағалайтындығына Оскардың іші жылып
қалды. Оның асыра бағаламағандығын əлі талай рет ісімен дəлелдеп
беретіндігіне өзі де сенімді. Ендігі жерде, барлық тіршілігін өзінің
дарынын ұштай түсуге мүмкіндік туып тұрған кезде, ол өзінің табиғи
бет-бейнесін көрсете алады, кітап жазады, онда тек өзіне ғана мəлім
"Телепатияның ғаламат күші" туралы жан-жақты əңгімелеп беретін
болады.
Осындай темірдей берік шешімге келген соң, ол, Гравличекпен
алдағы
келісімшартқа
қол
қойылатындығына
байланысты,
бұрынғыдай жалтақтамастан Анна Тиршенройттан қарыз сұрады. Егер
ол бұған алдағы алатын айлығының шамасына сəйкес, екі жүз елу
марка бере түратын болса, ол Алоиз Пранермен бірге тұратын азапты
өмірден құтылып, өзінің Румфордштрасседегі тып-тыныш пəтеріне
қайта оралар еді.
Тиршенройт ханым сұраған сомасын берді.
Ол Габельсбергерштрассеге бірден жетті. Алоиз Пранердің келуін
күтпестен, өз заттарын асығыс буып-түйді.
Ескі пəтеріне қайта оралды. Қожайын қатын Лехнер жүгіріп келіп,
ескі қарыздарын төлемесе, үйге кіргізбейтіндігін айтып байбалам
салды. Бұл оған ақшаны салтанатты түрде тапсырды. Сосын, егер
"психологтармен" шартқа отыра қалғандай болса, бірнеше жылды
тыныш өткізуге болатын өз үйіне асықпай жайғаса бастады.
Тозығы жеткен чемоданын ашып, өзімен бірге ала кеткен киімкешектерін, үйде киетін лыпаларын шкафқа қайта салды. Бəрінен
бұрын астары жібек ақшыл көк курткасы мен соған түстес туфлиін
орналастырды. Мұны оған құрбы қыздарының ішіндегі ең сенімдісі,
ісмер Альма сыйлаған болатын, енді ойлап отырса, ол байғұсқа жөнді
көңіл аудармаған екен. Содан кейін сөредегі басқа кітаптармен қатар
Сведенборгтың томын қайта қойды; оны Алоиз оқысын деп ала
шыққан-ды, бірақ беті ашылмаған күйі қайта келді. Ақырында, қалың
қоңыр қағазға оралған буманы ашты, одан өзінің бет-бейнесін
шығарды да қабырғадағы қоңыр дақ көрінбейтіндей етіп орнына қайта
іліп қойды.
Осының бəрін бітірген соң, ол креслоға жайғасты да өз бөлмесін
барлай отырып ойға шомды. Гравличпен шартқа отыруға бел байлап
əрі соған байланысты өзінің сыртқы жетістіктері жөніндегі арманынан
бас тартқаннан кейінгі жерде, ол өзінің шағын патшалығына қайта
оралғандай сезінді.
Мейлі бұл бөлме қораш - ақ болсын, бірақ мұндағының бəрі оның
болмыс тіршілігімен ажырамастай байланысты. Мынау жазу үстелі. Ол
- Дегенбургтегі ата-анасының үйіндегі жиһаздардан қалған мұра,
Оскар оны сақтап қалды.Бұл үстелдің басында бір кездерде
муниципальдық кеңестің хатшысы, өзінің əкесі Игнац Лаутензак
отырған болатын; осы үстелдің басында отырып алып, ол кішкентай
Оскардың мектептегі күнделігін ерінбей тексеретін, бүл оның ұлының
нашар оқығаны үшін келесі жылға қалдырылғандығын айғақтайтын
күнделік еді; мұны сабап алу үшін əкесі тап осы үстелден орнынан
тұра бергені əлі көз алдында. Қабырғадағы мынау сурет - алабажақ
рамкаға салынған олеография, онда басына тəж киген Екінші Людвиг
Бавардың отырғаны бейнеленген, күміс сауытқа оранған тұлғалы кісі;
маңдайындағы көгілдір суда жүзіп жүрген аққу көзді арбайды. Оскар
Лаутензакқа бүл өмірдегі қуаттылықтың үлгісіндей, қиялдағы
ертегідей -өмірге ұмтылыстың сипатындай көрінетін; ол үшін бүл
арман, мұрат, дем беруші тылсым құдірет сияқты көрінетін. Бұдан
бөтен қабырғада өзінің бет-бейнесі ілулі тұр, бұл оның "менмін"
дегізетін Платондық идеясы, бірақ əуелі оған жетіп алу керек, оған өзі
сөз берген.
Ақырында, төртінші қабырғаға келсе, ол бос тұр, ешнəрсемен
безендірілмеген. Алайда бұл бос орынның оның ішкі əлемі үшін
алатын орны бет-бейнеден еш кем емес. Өз қиялы бойынша Оскар
оған суретті кілем, гобелен іліп қойған-ды. Оскар бала кезінде бүкіл
Дегенбургтегі ең бай адам, нан сатушы Луис Эрентальдың үйінде
бірнеше рет болған; кішкентай Фрациске Эренталь деген қыз
мектептен қайтқан кезде жолдың біраз бөлігін Оскармен бірге жүріп
өтетін жəне бірде ұялшақ, бірде өзімшіл түсініксіздеу бала оның
назарын аударған болатын; сол қыздың байлығы шалқыған атаанасының үйіндегі қабырғада осындай кілемнің ілулі тұрғанын көрген.
Онда барынша əдемі киінген салт атты жігіттер мен бикештер
бейнеленген. "Бұл соңғы фламанг дəуірінің түпнұсқасы" деп менменси
түсіндірген-ді Эренталь ханым. Сол гобелен бала Оскардың жадында
керемет байлық пен асқан жетістіктердің рəмізіндей болып мəңгі
сақталып қалыпты, ал ішкі бір дауыс бір кездерде өз үйіңді осындай
масаты кілеммен безендіру сенің де тағдырыңа жазылған деп
сыбырлап тұрғандай еді; езінің бейнесі ішкі міндеттерін еске
салғандай, мына бос тұрған қабырға да сол бір биік мақсаттарды еске
салып тұрған-ды.
Өзінің қайта табысқан бөлмесінің қақ ортасындағы креслода
жайғасып отырған заматта оны айнала қоршаған арман мен қиялдың
сұрқы осындай еді.
Қызғылт жүзін жирен сақалы көмкерген Профессор Томас
Гравличек есіктен кіріп келе жатқан Оскарға қалың əйнекті көзілдірік
астындағы шуақты кішкентай көздерімен барлай қарады.
- Отырыңыз, - деді ол. Бұл өтініштен гөрі бұйрықтай болып естілді.
Гравличектің өзі төбесіне дейін кітап қойылған үлкен қараңғы
кабинеттің ішінде ергежейлідей ғана көрінді. Оскар əдетте осы
ергежейлінің богемдік күлкілі диалектін, оның қайдағы - жайдағыны
шатып отыратын көп сөзділігін мысқылдап қалудан қашпайтын еді.
Бірақ Оскар, сонымен қатар, алдындағы рабайсыз кең креслода
бейнебір жабысып қалғандай болып отырған шүйкедей кісінің аса қу,
табанды əрі қауіпті адам екенін де білетін. Профессор ешуақытта, ауызша да, жазбаша да бұған ашықтан-ашық қарсы шыққан емес, бірақ
Оскар өзінің ішкі дүниесіндегінің бəріне: дарыны ғана емес, бүкіл
болмысына Гравличек күдікпен қарайтынын сезетін.
- Мен Тиршенройт ханымнан сіздің тиімді ұсыныстан бас
тартқаныңызды естідім, -деп сөз бастады профессор бірқауым
үнсіздіктен кейін; ал "Варьете" театрының сізді азғырғаны рас қой.
Жарайсыз, жарайсыз, - деп мақұлдады ол. Бірақ оның шіңкілдек даусы
мен Оскарға қадалған мысқылды көзқарасы бұл мақтауды кекесінге
айналдырды.
Əдетте Оскар сөзден тосыла қоймайтын, бірақ қазір не айтарын
білмей қалды, жауап бере алмады. Ол түксиген қалың қара қастың
астындағы өзінің жасқанбайтын көкшіл көздерін Гравличекке кектене
қадаумен ғана шектелді. Бұл ергежейліге ешқандай əсер еткен жоқ. Тек
қана ала кеуім бөлмеде қалың əйнекті көзілдірігінің жалт-жұлт еткені
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 02
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.