Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 10

Total number of words is 4346
Total number of unique words is 2213
35.0 of words are in the 2000 most common words
48.8 of words are in the 5000 most common words
56.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кедергі де осы. Ағасынан жирендіретін де осы. Ботендік. Еврейлік.
Оскар үнсіз, жайбарақат отырса да қыздың не ойлайтынын түсінеді.
Ол ақылды тентек жəне өзінің қуанышын бір сөзбен де сездірмейді.
Мақаланы оқып шыққан қыз да көпке дейін үндемеді. Сосын:
- Оскар, оның саған бүл істегені əділдік емес, - деді. Жəне дауысы да
бұрынғыдан ашық, таза естілді. Көптен бері түңғыш рет Кете оны өз
есімімен атады.
Ол бұдан терең қанағат алды. Жəне бəрінен жақсысы - бүл бақытты
минутты оған өз зұлымдығына өзі сүрінген дұшпаны сыйлады.
Бұрын Пауль Кетемен күн сайын бірге жұмыс істейтін, оған
мақалаларын бастыратын. Онымен дауласатын, қарсы пікірлерін
тыйып тастайтын, ол кейде дұрыстығын өзі де мойындайтын,
қағытатын жерде қағытатын - осының бəрі оны қамшылап отыратын.
Ағасына жиі ренжігенімен, бірге атқарған жұмысқа Кете де қуанатын.
Бірақ соңғы кезде Пауль мақалаларын өзі басатын болды. Оның
жазғандарының бəрі Кетеге қарсы жасалған қысастық болып көрінді.
Ағасы мен қарындасының бірге жұмыс істеуі қиындай берді.
Екеуінің арасын бұрын ешқашан айтылмаған, бірақ екеуі де іштей
түсінетін бір құпия алшақтата берді, əсіресе Кете мен Оскардың
арасындағы жағдай екеуін де толғандырып жүрді. Паульдің бет-жүзі
оның өзін ұстау қалыбы, оның ісі мен сөзі, ең алдымен ішке бүгіп
жүретін əңгімелері қызды ылғи кінəлап түратын сияқты көрінді. Кете
Нюрнбергерштрассеге көшіп алуды бірнеше рет ойланды. Алайда
"Эдем" қонақ үйіндегі көрініс - есікпен бірге айналған кездегі Паульдің
масқара болғаны қайта-қайта есіне түсе берді - оған тағы бір ауыр
соққы жасағысы келмеді. Ал енді, қыздың сенімін алдағаннан кейін
жəне Оскарға себепсіз тиіскеннен кейін қарайлайтын ештеңе қалмады.
Оның бойынан бөтендігі білініп тұрады. Анасынан дарымаған нəрсенің
бəрі бадырайып тұрады. Бұдан артық төзуге шамасы жетер емес.
Кетеге ол емес, Оскар жақын. Ол Паульден кетеді жəне неліктен
кететіндігін жасырмай айтады.
Кете сол күні-ақ Паульмен кешкі астың үстінде сөйлесті. Оны
мақаласы үшін айыптады, төменсің, оңбағансың деді. Оның сұрғылт
аялы көздері жарқ-жұрқ етті, жүзінен қатты толқығандық білінді.
Пауль үйде киетін жеңіл киіммен тамағын ішіп газетін қарап,
əдеттегідей əр нені сөз қылып жайбарақат отырған. Кете əңгімесін
бастаған кезде ештеңеге түсінбей қарындасының бетіне қарады. Бірақ
сөзін бөлген жоқ жəне сөзін бітіргеннен кейін де əдеттен тыс көпке
дейін үндемеді. Ол оның сөздерін мұқият тыңдады, ал қазір оған
таңдана қарап отыр. Аяулы қарындасы ашуланған кезде де əдемі екен.
Кетеге қатыгез əкесінен жұққан нəрсе коп; ол да əкесі сияқты
долданған кезде аузына келгенді айтады. Бірақ Пауль оның екі
қасының арасындағы сызықтар шот маңдайына барып тірелетін
кездегі шытынған сəтін жақсы көретін.
Сонымен бірге оның ішіндегі қысастық та оянып келе жатты. Пауль
не істей қойды? Өзінің əбден ойланып барып жазған мақаласын
оңбаған деу - бұл енді шектен шыққандық. "Эдем" қонақ үйіндегі
кездесу оның еріксіз есіне түсті. Ол сол жолы вестибюлден қалай
шыққанын білмейді, білгісі, қарындасынан сұрағысы да келмейді.
Тəрізі əлгі малғұн оны бір құлақ естімеген масқараға ұшыратқан болуы
керек жəне осы күнге дейін сол жағдай есіне түскен кезде, қан қысымы
көтеріліп, Лаутензакқа деген өшпендігі өршіп шыға келеді.
Сонымен қатар ол Кетемен қоса қайғыратынын сезеді - бүл қоса
қайғыру сол кештен кейін пайда болды, əлгі масқаралыққа өзінен гөрі
қарындасы көп қайғырғанын біледі. Қоса қайғыратын Пауль мен
ашулы Паульден басқа, тағы да үшінші Пауль бар, ол осының бəріне
сəл кекесінмен күле қарайды жəне тамағын тыныш отырып жеп бітуге,
құймақтың дəмділігін айтуға мұрша бермегені үшін ренжиді
қарындасына. Бірақ ашулы Пауль жеңеді.
- Сен немене, мені Лаутензагыңды мақтайды деп пе едің, саған ұнап
қалған екен деп? -деп сұрады ол Даусында ызғар бар. - Əлде менің
"рыцарлық сезімім" оянады деп пе едің? Мен рыцар емеспін,
жазушымын. Пауль қарындасының алдында жамаулы курткасын
желбегей жамылған күйі үйдегі шəркеймен түр; көңілі астан-кестен
толқығаннан тұтығып əрең сөйлейді. Бет əлпеті ашудан, - күрескердің
табанды ашуынан қызарып кеткен.
- Рыцарьмын, жазушымын, - дейді деп кекетті Кете. - Маған сенің
педанттығың ұнамайды. Сен өзіңе көрсеткен сенімді ақтамадың,
сатқындық істедің - мұны даулассаң да, дауласпасаң да жоққа шығара
алмайсың. Сен оған менің жақындасқаным үшін ғана тиісіп отырсың.
Əйтпесе тіл табысқан болар едің. Сен əліңе қарамай көкірегін көтере
беретін адамсың.
- Иə, дұрыс айтасың, сонымен байланысқаныңа өкінетінім рас, - деді
Пауль, ашудың арынды арғымағына енді мінгендей. - Лаутензагыңның
аса назар аударарлықтай адам емес екені де рас. Коп болса кең тараған
флюидтің шебері шығар. Флюид - жақсы ұғым емес. Ол көптің көзіне
топырақ шашу деген сөзді білдіреді. Ал оның флюиді - неше түрлі
сандырақпен адамның басын қатыру ғана. Жəне өзімен-өзі болып,
жөнімен жүрсе бір жөн ғой. Өздерінің мерезді саяси мақсаттары үшін
оның дүмше көзбояушылығын пайдаланатын алаяқтардың арасында
жүретінін қайтерсің! Өйткені ол сондай сілімтіктерге əдейі жол беріп
қойған. Осының бəрі бір жерге қосылғанда - зымияндық пен
дүмшеліктің шебер тоқылған торы болып шығады. Мен жазушымын.
Бірақ мені ақымақ дейсің бе, өркөкірек дейсің бе - өзің біл, егер содан
лəззат алсаң аузыңа келгенді айта бер, бірақ бүгін болмаса ертең
əлгілердің арамдықпен құрған торларына түсіп қалудан сақтандыру менің азаматтық парызым. Сенің Оскар Лаутензагың көз бояушы
дүмше ғана емес, сонымен қоса аса қауіпті адам. Жəне оны естіртіп
айту қажет. Ол əшкереленуі керек. Жəне оны орындау - менің
борышым.
Олар, ағалы қарындас екеуі, бір-біріне өшіге қарап, таластырған
иттердей айбат шегіп тұр. Паульдің бетке айтқан намысқа тиетін
сөздерінде шындық бар еді. Ол Кетені бұрынғыдан бетер
ашуландырды. Ол Оскардың арын ластауға, оған күйе жағуға жол
бермек емес. Кете соның арқасында ұлылықтың, шарықтаудың,
арманның, рухтың не екенін білді. Лəззаттың дəмін татты.
- Демек, сен оны тек орынды себептермен қаралап тұрмын дейсің
ғой? - деп сұрады қыз өзінің таза даусымен, онша түсіне алмай. Осыны маған тура карап айтып тұрсың, ə? Соған қалай аузың барды?
- Бармағанда, - деп жауап берді ол, қарындасының көзіне тура қарап
тұрып. - Жəне тағы да қайталап айтамын. - Əрине, ол қарындасының
көзін ашқысы келген, Паульде ондай да ой болған, бірақ ең бастысы ол
емес еді. - Мен оның көзін құртқым келеді, өйткені ол бəріміз үшін
қауіпті,
- оның даусы бəсең шықты, ал жүзінде илікпейтін айбар бар.
Əбден ашынған қарындасы да одан қалысар емес.
- Бұған дейін ең болмаса өтірік айтуды білмеуші едің, сенің жақсы
қасиетің сол болатын. Енді оны да үйреніпсің.
- Сосын, ширыға түсіп, кесімді сөзін бір-ақ айтты: - Енді мұнда
қалудың мəнін коре алмай тұрмын. Есіңде болсын, ол маған жақын
адам. Ал сен - жатсың. Сенің анауың... - Ол "еврейлігің" дегісі келіп
тұрды да "жаттығың" дей салды, - ылғи көрініп тұрады.
Алайда осы жұмсартып айтқан сөздің өзі қыз жүрегін қатты
жаралады. Айтайын деп айтқан жоқ, амалы таусылған соң айтты. Оның
жауабы одан да уытты болар, сонысының өзі жақсы деп ойлаған. Бірақ
олай болмай шықты.
Пауль, əрине, ол сөздің артында не тұрғанын түсінді. Түсінді де
түңілді. Жəне өршелене бергісі де келген жоқ. Керісінше, ашуы тарап
кеткендей болды. Бəріне таң қала қарап тұрған үшінші Пауль Крамер
анау екеуін жеңіп шықты. Ол аяғын сүйрете басып дастарқанға қайта
жақындағанда, шау тартқан кемеңгер болган адамдай көрінді, қасықты қолына алды да терең оймен: - Тап осындай жағдайда Ницше
бір
кезде
қарындасына:
"Байғұс
Лама
қарындасым-ай,
антисемитизмнің құзарынан енді сен де құладың - ау!" - деп жазған
екен. Қайтейін, өкінішті-ақ, - деп бөгелді де: - байғұс Кете, - деді.
Кете шаршаған адамша есікке қарай беттеді.
- Қош бол, Пауль, - деді ол
- Сен бүгін кетпексің бе? - деп сұрады Пауль.
- Иə, заттарымды жинаймын да жолға шығамын. - Ал Пауль қасығын
ойлана ұстаған күйі əлі сене алмай түр. - Өкінішті-ақ. Өте өкінішті.
Жалғыз қалған соң ол өзін-өзі сабырлық сақтауға шақырды. "Жə,
қойшы, бір минуттық ашу ғой, тəйірі. Екеуміздің ішімізден Кете анау
сайқымазақты таңдауы мүмкін емес қой. Таңертең əдеттегідей
таңертеңгі асқа шақырады. Ваннаның есігін қағып: "Пауль, ыстық суда
коп отыруға болмайды ғой" - дер. Мен оған: "Жарайды, айтқаның
болсын, сені сыйлағандықтан ғана шығармын, - дермін" .
"Жоқ, - деп шешті ол ақырында, - осы болмашы оқиғаға бола
қиналатын мен сонша ақымақ емеспін. Кете, əрине, келеді. Құймақтың
суып қалғаны обал болды" .
Қарсы бөлмеден Кетенің даусы естіледі, ол біреумен телефон
арқылы сөйлесіп отыр. Сөздері түсініксіз. "Шынымен такси шақырып
отыр ма? Шынымен-ақ кетуге бет алғаны ма? Сандырақ, олай болуы
мүмкін емес..."
Ол ойланып қалды. Бірақ өзін-өзі зорлағандай тағы да тамақ жеуге
кірісті. Бірнеше майлы қиқым шалбарына түсіп кетті. "Өзіме жаңа
костюм тіккізбесем болмас, - деген шешімге келді ол - Ол Кете үшін
жаңалық болады. Бірақ өзіңе жараспайтын костюмді Вайцқа неге
тіккіздің деп ұрсар. Ұрысса ұрса берсін".
Есік шылдырлайды. "Дəп өзі, бүл Кетенің чемодандарын алуға
келген шофер". Пауль есікке ұмтылды. "Кетені алып қалу керек, бүл
балалық қой, бостан-босқа жібере салуға болмайды ғой оны" жəне сол
замат оны ұстап қала алмайтындығын ол əбден түсінді: оны бүгінгі
жанжалдан гөрі күштірек сезім Лаутензакқа алып бара жатыр.
Ол мойны сорайып ұнжырғасы түскен күйі күтіп отыр. "Сандырақ.
Оның мұндай ақымақтыққа баруы мүмкін емес. Ол деген ақылды, есті
адам ғой. Ол кетпейді. Тіпті де кетпейді. Ол қазір, тап қазір ештеңе
болмағандай жайраңдап кіріп келеді". Ол мазасыздықпен күтіп отыр.
Бірақ қырсық қылғанда, шофердің жуан даусы мен Кетенің таза даусын
естіді; ешкім кірмеді; міне, олар ұзап барады... Міне, есік тарс жабылды,
құлып зың ете қалды.
Оның жүрегі зырқ етті. Тапжылмастан отыр. Бір сот жүрегін аяныш
сезімі тіліп өтті. "Байғұс гүлім - ай, сақ болшы, қалқам!" Кенет кеудесін
аласұрған жаңа, асау толқын кернеді, сол күш оны орнынан тұрғызды.
Жүрегі құрғыр алып ұшады, оны өзі де ап-анық естіп түр.
Кете мұның мақаласын "опасыздық" деп атады. Бəрі де керісінше, ол
өзінің қарсыласы үшін нағыз рақымшылдық көрсетіп отыр. Лаутензак
секілді мерезді қандай да бір санатқа жатқызу арқылы құрта алмайсың.
Мұндай адамдармен басқаша сөйлесу керек. Бақытына қарай ол, Пауль,
қажет болған жағдайда басқаша сөйлесе алады. Кете мұны күреске
шақырды. Бүл қарындасына да, əлгі Лаутензак мырзаға да əлі
көрсетеді қандай тілде сөйлесу қажеттігін.
Бірақ осы арада қашан да қасында жүретін үшінші Пауль сөз алды.
"Кетенің дұрыс айтқанына енді көзің жеткен болар. Сен бастан-аяқ
өтірік айттың. Былайша алғанда, саған Лаутензактың түк қатысы жоқ.
Ондай қуыс кеуде бейшара үшін осынша күш-қайратың мен қымбат
уақытыңды бекер сарп етесің. Саған олардың жақындасуы ұнамайды бар болғаны осы" . Пауль өзін мақала жазуға мəжбүр еткен не екенін
енді түсінді, ұяла отырып, анық түсінді. Ол өзінің қарындасы Кетені
əлгі адаммен бірге жатып жүр дегенге қимады.
Ол оз ісінен өзі ұялды, өзін-өзі жұбатты, тəртіпке шақырды. Жəне
сонымен қоса, Оскар Лаутензакқа қарсы жаңа уытты мақаланың
сұлбасын жасай бастады. Оны, əрине, үлкен газетке бастырмақ.
Екі күн өткенде, көп ойланып, көп толғанғаннан кейін, мақаланы
жазып шықты. Парасаттылықпен, асқан жеккөрінішпен, уытты
есеппен жазды. Көпшілікке дұшпаны қолданған əдісті қолдана отырып
ықпал етуді көздеді. Иə, егер қажет болса, Пауль Крамердің қолынан
дөрекілік те, парасаттылық та келеді. Тап қазір оған осы керек.
Лаутензактың əлемін, осы іріп-шіріген ласқа толы əсіреқызыл
былықты ол бояуын аямай суреттеді. Емеурін жасаумен шектелмеді.
Нақты деректер келтірді, цифрларды атады. Баронесса Третновтың
салонын
өңкей
көрсеқызарларымен,
арандатушыларымен,
мансапқорларымен, саятшысымақтарымен, жалдамалыларымен қоса
оңдырмай суреттеп шықты. "Германдық көзқарасты насихаттау
одағын" да аяған жоқ. Оскардың консультациясына төленетін
гонорардың сомасын корсетті. О дүниедегі аруақтардың күші
ағымдағы
есепшот
ретінде
қалай
пайдалы
материализацияланатындығын көрсетіп берді. Жоқ, бүл жолы Пауль
Крамер сыпайылықты жиып қойды. Ол қарсыласының өз істегенін
өзіне істеді; Оскар əйгілі батыр Бритлингтің аруағын шақырса, Пауль
əйгілі суретші Видткенің аруағын шақырды, ол Гансйорг айыпталған
кісі өлтіруді айдай əлемге алып шықты, Карфункель - Лисси мен оның
сайқалдық
коммерциясын
əшкереледі.
Жəне
Лаутензак
көрсетілімдеріндегі адал көз бояушы Калиостроның шынайы еңбегін
ерекше атап өтті, ал Оскар Лаутензакты - мансапқор, ақшаға арын
сатқан алаяқ əрі шарлатан, саяси күштерге сүйенген қауіпті адам
ретінде аяусыз айыптады.
Бүл мақаланы көптеген газеттер көшіріп басты. Көріпкелдің басына
қайтадан қара бұлт үйірілді, адам айтқысыз қиқу көтерілді.
Оскар өзін қалай ұстарын білмей састы. Ол бір жағынан, өзінің аты
шыққанына мақтанды, бірақ, екінші жағынан көптеген соққылар өзіне
дөп тиіп жатты, көп шабуылдардың бетін қайтару қиынға айналды.
Бұған не деп жауап бермек?
Гансйорг оны сабасына түсірді. Барлық нацистік көсемдер сияқты
ол да көпшілікті иттің етінен жек көретін еді.
- Газеттердің Оскар туралы не жазғанында емес əңгіме,
- деді ол, - атыңның шыққанында. Жаза берсін. Бүл байбаламның
ақыры Оскар Лаутензактың есіміне байланысты сенсация болмақ.
Дақпырт күшейген үстіне күшейе бермек. Жұрттың аузында тек
Лаутензактың аты қалады. Ең бастысы арандатуға берілмеу,
жекелеген фактілерді ешқашан теріске шырмау. Ең дұрысы - еш
нəрсені елең қылмау, дыбысыңды шығармау.
Оскарға мұндай кеңес майдай жақты. Алда көптен күткен жаз
келеді. Ол Алоиздың сүйікті Мюнхеніне кетуіне рұқсат етті əрі өзі де
дем алды. Ол күресуді көксемеді, жаз айларында оз еңбегінің жемісін
көріп, рахаттануды көкседі. Ол Пауль Крамердің мақаласы туралы
ойламауға тырысты жəне жаз бойы серуендеуге бекінді.
Хильдегард фон Третнов пен Ильза Кадерайттың Берлиннің
маңында иеліктері болатын: Хильдегардтың сарайы Мекленбургке
жақын, ал Ильзаныкі - Кладовта болатын; жəне ханымдардың екеуі де
жазды сонда өткізетін. Оскар оны өзінше қабылдады - екеуіне де жиі
барып тұрды. Достарын да ұмытпады. Кезек-кезек барып, көңіл
көтерді. Оскар яхтаға тапсырыс берген айлақтағыларды асықтырумен
болды; ол жұмыстың қалай жүріп жатқандығын күнара біліп тұрды.
Айлаққа апаратын жол Зофиенбург арқылы өтетін. Оскар онда жиі
қонақ болып, өзінің болашақ иелігін аралап көретін, сарайын қайта
құрудың ойша жобасын жасайтын.
Ал қайта құру ақшаны былай қойғанда, басқа да қиыншылықтарға
байланысты болатын. Оскар, басқа баварлықтар секілді салған соң келістіріп салғанды тəуір көретін. Ол Клингзорг замогын басқа емес,
тек сəулетші Зандерс салу қажет дегенді санасына сіңіріп қойған
болатын. Ал анау болса Оскардың қайдағы-жайдағы құрылысты салу
жөніндегі қиялын қолдай қойған жоқ. Ол ежелгі дəстүрді бұзуға
болмайтынын тұрпайылықпен қайтарып тастады. Ал Оскар
жобасынан да, сəулетшісінен де бас тартқан жоқ. Қане, енді шешіп көр барып тұрған шатпақ.
Дегенмен, Оскар Зофиенбургты аралай жүріп өте сəтті иелік сатып
алғанына көз жеткізді. Əңгіме шағын замок тұрған жердің оның
жоспарына сай келетіндігінде ғана емес, сонымен қатар, мұндағы
жердің əр пұшпағы тарихқа бай екендігінде болатын. Жер телімін
аралай жүріп, ол қасындағы сəулеткерге немесе басқа адамдарға тұра
қалып: "Тоқтаңдар. Осында, тап осы жерде қорқынышты оқиға болған
екен: мен қанның иісін сезіп тұрмын, мен зұлымдықты сезіп тұрмын"
дер еді.
Осы жер де, оған жақын орындар да қазір ұмыт бола бастаған
оқиғаларға, бір-бірімен қамшыдай өріліп бара жатқан адам
тағдырларына толы сияқты көрінетін. Оның əдеттен тыс алғыр сезімі
бұл жерде сұмдық оқиғалардың: қан төгістің де, опасыздықтың да, кек
қайтарудың да, сатқындықтың да, кісі өлтірудің де болғанын алдын
ала сезеді. Бұл жерде тұрғандар бірін-бірі жек көрген жəне бақыт
дегеннің не екенін білмеген. Ол иеліктің тарихын əбден зерттеп
шығуға Петерманға тапсырма берді. Хатшы Зофиенбургтегі болған
оқиғалар мен онда өмір сүрген адамдардың аты-жөндерін тізіп
шығумен ғана шектелді.
Бұл үйді король Фридрих Вильгелмнің тұсында сарай маңындағы
кандитор тұрғызған екен. Ол байғұс қартайған соң, қалған өмірін
осында алаңсыз өткізбек болса керек. Бірақ оның пешенесіне бүл
үйден рахат табу жазылмапты. Босағасы құтсыз болғандықтан ертерек
қоныс аударуға мəжбүр болыпты. Қысқасы, Оскардың іші сезгендей,
өткен жүз жиырма жылдың ішінде бүл үйді мекендегендердің тағдыр
тəлкегіне ұрынбағаны жоқ. Оскар, əрине, аңсаған арманына жету үшін,
Петерман тізіп берген деректерді білсе де білмеген болды.
Жəне осы жазда саяси жағдай да шиеленісіп кетті. Газеттер
үкіметтің тағы да құлағанын хабарлап жатты. Сайлау алдындағы
тартыс қайта қызды, оған нацистер белсене кірісті. Жəне нацистердің
президент сайлауында жеңіліс табатындығын сеніммен болжаған
Оскар, енді дəл сондай сенімділікпен олардың рейхстаг сайлауында
жеңіп шығатындығын алдын ала айтты.
Бірде ол фюрермен кездесті. Ол оған сайлаудың құлақ естімеген
жеңіспен өтетіндігін хабарлады. Бұған өте риза болған Гитлер, енді,
қысқа тыныштықтан соң, қозғалыс қайта қызатындығын қоса
қуаттады. Гитлермен болған нақ осы əңгімеден кейін Оскар оккульттік
ғылым академиясының ашылатынына көп қалмағанын жəне
Зофиенбургты қайта құру ісін кешеуілдетуге болмайтындығын
шындап түсінді.
Ол сəулетші Зандерстің көзін жеткізуге тағы да талап қылып көрді.
Анау ат тонын ала қашты. Зандерс оспадарлығымен аты шыққан адам
еді жəне Оскардың, тəрізі, оккульттік лашық салғысы келіп жүргенін,
ал егер олай болған жағдайда үйдің бұрынғы көркінен түк
қалмайтындығын ашық мəлімдеді. Бірақ Лаутензак өз дегенінен
қайтпады.
- Бай болып көргем жоқ, кедей болып өлгем жоқ, - деді ол. - Бəлкім,
менің ойымдағым тағылық шығар. Бірақ ол Рихард Вагнердің
ұлылығына көлеңкесін түсірмес. Мені дұрыс түсініңіз, - деді ол
сəулетшіге, - фюрер маған оккульттік академия ашып бермекші.
Академия президентінің үйі сол идеяның айнасындай болуға тиіс.
Нағыз көріпкелдің артында ұлы адамдардың бейнесі тұратындығы
секілді, Зофиенбург қамалының артында да Аполлон мен Дионис
арасындағы ұлы күрес қызып жатуға тиіс.
- Сандырақ, - деді Зандрес. - Мен салсам дұрысырақ бірдеңе
саламын, болмаса мүлдем салмаймын.
Оскар енді болмаса Цезарьдай сазарып қалмақ ойда еді. Бірақ қалай
болғанда да оған керегі Зандерс болатын. Клингзор сиқырлы замогы
тек Зандрес салғанда ғана айтулы ғимарат болмақ. Ол фюрер қолға
алғалы отырған ғаламат құрылыстың маңыздылығын түсіндіріп
сəулетшіні жыландай арбады, жалынды, жалпайды, жағымпазданды,
қорқытты, ақыры қоймай жүріп келісімін алды. Зандрес əрең дегенде
илікті жəне бүл Оскардың өміріндегі үлкен жеңістердің бірі болды.
Енді ол ұзақты күні Зандреспен бірге отыратынды шығарды.
Замоктың кескінін жасайды, іле-шала одан бас тартады, айтысады,
тартысады, кейде сəулетшінің айтқанына амалсыз көнеді. Ақыры
Клингзор замогы Оскар қиялдаған жобаға келе бастады. Рас, сметасы
жасалған кезде, жұмсалатын ақшаның сомасы бас айналдыратындай
цифрға жетті. Ол ойлануға жиырма төрт сағат мəулет сұрады. Сметаны
Гансйоргқа көрсетті. Анау басын шайқады.
- Сен не, жынданғансың ба? - деді ол
Бірақ Оскар:
- Көріп тұрмын. Мен сенемін, - деп жауап берді. Ол ақырын сөйледі,
бірақ сол ақырын сөйлеген сөзінің өзінен қайтпас қайсарлықты
байқағандықтан, Гансйоргтың бірден беті қайтып қалды да:
- Ештеңе айта алмайын, - дей салды.
Оскар Зофиенбургты қайта жасау туралы келісімге қол қойды.
Сайлаудан екі күн бұрын Ильза Кадерайт өзінің қала сыртындағы
үйінен Оскарға телефон соқты.
- Айтыңызшы, Оскар, - деді ол, - бүрсігүні əдеттегі сайлаудың бірі
бола ма, жоқ əлде нағыз үлкен жеңістің куəсі боламыз ба?
- Бүл бұрын-соңды болып көрмеген нағыз үлкен жеңіс болады, - деп
жауап берді ол
- Сіз оған сенімдісіз бе? - деп сұрады ханым ойнақы дауыспен.
- Біз жеңеміз. Өзіңізді құрметтейтінім қандай зайыр болса,
жеңетініміз де сондай зайыр.
- Жақсы, — деді ханым. - Онда мен сізбен бəстесемін. Егер шынымен
тамаша жеңіске жететін болсақ, өзіңіз таң қалған қара інжуге ие
боласыз. Егер жеңе алмасақ, сіз маған ағаш қобдишаңыздағы
əшекейлердің бірін бересіз.
Оскар шошып кетті. Бүл не - əдеттегі əзілінің бірі ме? Қара інжу баға
жетпес байлық қой: Ильза бұған баға жетпес байлық ұсынып отыр. Ол
сенерін де, сенбесін де білмеді. Демек, ол мұны сүйеді. "Алдыңда
жатып жастық болады" деуші ме еді баварлықтар?
- Мен оны қабылдай алмаймын, - дейді бүл сене алмай.
- Жоқ, қабылдайсыз, - дейді Ильза. - Фрагыңызға түйреуіш етіп
қадайсыз.
- Сіздің маған əлі сезбейтіндігіңіз ренжітеді.
- Сенемін деуіме де, сенбеймін деуіме де болады, - дейді Ильза
сыңғырлаған үнмен. -Сенбегендіктен сізбен бəстесіп отырмын. Жəне
сенетіндіктен бүгін шақыру таратпақпын. Сайлау аяқталысымен
жеңісімізді тойлаймыз. Сіз келесіз бе?
- Қуана-қуана барамын, - деп жауап берді Оскар.
- Бəсіміз күшінде қалады, - деді ханым сөзінің аяғында. - Мен сіздің
əшекейіңіз үшін күні бұрын рахмет айтқым келеді.
Қара інжу. Ильза, Зофиенбург. Сайлау. Академия. Байлық. Даңқ.
Билік. Оскардың арманы жүзеге тез аса бастағаны соншалықты, тіпті
ақылға сыятын емес.
Сайлау күні де келіп жетті. Оскар бүл күні тек жағымды хабарлар
күтті. Таңертең ол сəулетші Зандерспен жəне зергер Позенермен
кездеспек. Ал сағат он екіде кішкентай Альмамен бірге Шпандауға
барып, түскі астарын ішпек, сосын бітуге таяп қалған "Шағала"
яхтасын тамашаламақ. Ал кешкісін Кладтағы Ильзаға барады.
Бірақ таңертең дауыс беріп келген соң ол ешбір себепсіз кенет
көңілінің құлазығанын сезді. Қарап отырып өзінен-өзі қапаланды.
Оның кімді де болса қабылдағысы келмеді. Тіпті Зандерс пен
Позенерді ескертпестен, қабылдамауға əмір етті.
Сонымен қылуетін тарс жауып алды. Үстелдің суырмасынан
əкесінің сарғайып кеткен фотосуретін шығарды; муниципалдық хатшы
мұрты едірейіп бұған міз бақпастан қарап түр. Бірақ оған Оскардың
қылшығы қисаяр емес. Безірейген неме! Қателестіңіз құрметтім! Оскар
кез-келген бұрышта қаңғып жүріп өледі деп едің, сандалыпсың. Ол оз
жолынан ауытқымай келе жатыр. Бала кезінде - Дегенбургты, жігіт
болғанда - Мюнхенді, есейгенде - Берлинді жаулап аламын демеп пе
еді? Сол мақсатына жетті. Қазір, тап қазір, жүздеген сайлау
учаскелерінде партия үшін, партия үшін ғана емес, Оскар үшін де қара
халық дауыс беріп жатыр. Ал жеңіс жарияланысымен байлығы тасыған
ханым, өзінің сүйіктісі бұған қара інжуді беріп жібереді.
Жəне ол жеңіске сыртқы келбетімен ғана емес, ішкі рухани
байлығымен жетіп отыр. Ол Кетенің қарсылығын тойтарды, оны өзінің
торына түсірді. Ол өзінің ағасынан, мұның кекті жауынан біржолата
қол үзді; бүл оның: "Оскар, оның мұнысы əділдік емес" деген
сөздерінен терең нəр алды, Кетенің үлбіреген еріндерін, жайдары
жүзін, нəзік үнін иемденді. Жақында ол Кетені өзінің жаңа үйіне,
Клингзор замогына əрі ханым, əрі əйелі ретінде босаға аттатады. Ол
сонда бұған шаңырақ құрудан бұрын отауымызды сайлап алайық дер.
Ал, демесе ше? Ол бір тұрған бойы немістен жаралған иілмейтін,
бірбеткей бейбақ қой. Сонда да болса өзінің тəкаппарлығын жеңуге
тиіс. Зента да, Елизавета да құрбан болмай қалмаған. Бұның да құрбан
болуды талап етуге хақысы бар.
Бірақ ол талап етпейді. Ол ұлы жүректі адам. Бақыт адамды ұлы
жүректі етеді, мəрт қылады. Кете тəкапарлық көрсетсе, бүл-бүл бірінші
болып кішірейеді. Бүл оны Зофиенбургқа алып келіп, ал енді менің
Заңды əйелім ретінде босағадан оң аяғыңмен атта дегенде Кетенің
қандай күйге түсетінін көз алдына елестетеді. Бірақ бүл оның қолынан
келер емес. Сонда Кетенің жүзі қандай болмақ, мынадай мырзалыққа
не деп жауап бермек? Ол асыл тастар салынған қобдишаға қолын
салады да, жарқылдаған түрлі түсті əшекейлерді уыстап шығарады. Ол
"көруге" тырысады. Бірақ Кетенің бейнесі көз алдына жақындамай
қояды.
Енді, міне... Ол Кетенің даусын естіп түр. Бірақ дауыс болашақтан
емес, өткен шақтан, өкінішке орай, əлі де алысқа ұзай қоймаған өткен
шақтан келіп түр. Бүл оның "маған сенесің бе?" деген сұрағына берген:
"Білмеймін" деген жауабы.
Оскардың ұлы қуанышының ішінде бір жарықшақ бар, кішкентай
ғана жарықшақ, бірақ қуанышының бəрі сол жарықшақтан құмдай
сусып кетіп жатыр. "Дүниеден не пайда, рахаты болмаса..." - Інжілдің
сөздерін бұлжытпай айтатын əжесінің қарлыққан даусы бөлмеге анық
естіліп тұрғандай болды. Кенет өзін қылуетке қуып тыққан адамға
деген жеккөрініш Оскардың өз басына қара бұлт болып үйіріліп,
өкпесін қысып барады.
Кетенің даусы да, Інжілді жатқа айтатын əжесінің шаршаңқы даусы
да дұрыс айтып түр. Ал Оскар бүл өмірге тойып болған. Сайлау ғаламат
жеңіспен өтеді, Ильза бұған қара інжу сыйлады, кеудесіне ең асыл
əшекейді тағып жүретін күн туады, Зофиенбург замогынан басқа
көкшіл теңіздің жағасындағы "Монрепо" дей ме, басқа дей ме, тағы да
бір қамал сатып алатын күн туады əлі, ал ақсүйек əйелдерінің қатарын
тағы да бір герцогиня немесе эрцгерцогиня толықтыратын болады.
Түкіргені бар солардың бəріне.
Бөлмеге мысықтай басып Петерман кірді. Ол өзінің ұрлана
сөйлейтін əдетімен Гансйорг Лаутензак мырзаның телефон шалғанын
баяндады. Алдын ала жасалған мəліметтерге қарағанда, сайлаудың
нəтижесі біз күткендегіден де асып түсіпті.
- Сол үшін мені мазалау керек пе еді? - деп бас салды Оскар.
Кеудесінен бір кекесінді дыбыс шықты. Ио, міне, дүниенің байлығы,
толассыз ағып келіп жатыр. Демек, інжу мұныкі. Жоқ, əлі ие бола
қойған жоқ. Оны барып алу керек. Оның құнын төлеу керек. Бəлкім,
Кадерайт ханым мұны келемеждейтін шығар, мүмкін улы мысқылмен
шағып алар. Бəлкім, алдымен фокус көрсетуімді талап етер. Ал
Оскардың оған құлқы жоқ. Немене, бір кесім ет үшін артқы аяқтарымен
тұра қалатын ит пе екен бүл?
- Кадерайттарға бүгін кешке бара алмайтынымды хабарла.
Петерман қанша білдіргісі келмесе де, Оскарға таңдана қарап қойды.
- Себебін айтуым қажет пе? - деп сұрады ол
- Егер мен себебін айтқым келсе, бірден айтпас па едім, - деп дүрсе
қоя берді ол тағы да.
Үнсіз тыңдап тұрған хатшы Оскардың ту сыртынан жаман көзімен
бір қарады да, ұзай берді.
- Ақымақ кеще, - деп балағаттады оны Оскар, соңынан көз алмай
қарап тұрып. -Тыңшы сұмырай.
Бірақ Петерманнан оп-оңай құтыла алмады. Ол кешікпей қайта
оралды, сықпытынан айызы қанғандық анық байқалады.
ол
- Кадерайт ханым сізбен өзі сөйлескісі келетіндігін хабарлады, - деді
- Ауырып жатыр де оған, - деді Оскар ашуланып. - Жоқ, тұра түр, деп кідірді ол, -мен өзім сөйлесейін. Өкінішке орай, мен бүгін кеште
бара алмаймын, - деді ол телефон тұтқасын ала салып.
Ол оспадарлықпен ашулана сөйледі. Ханым қиылып сұрайтын
шығар деп ойлаған. Тапқан екен қиылатын адамды. Ол тек:
- Солай ма? Өкінішті-ақ, - деді де қойды - жəне қысқа үзілістен кейін
өзінің келемежді үнімен: - Сонда қандай себеп ойлап таптыңыз?
Сəуегейлігіңізге сайлау сай келмей жатыр ма? - деп сұрады.
- Сайлаудың қорытындылары біз күткендегіден де асып түсті, - деп
кекірейе жауап берді ол Сосын: - Мен бүгін кешке бара алмаймын, - деп
сөзін жалғастырды. - Оған ішкі түйсігім жол берер емес.
"Ал ендеше, - деп ойлады ол - Барғым келмейді - бітті, соны өзің де
түсінуің керек қой" . -Тағы да қысқа үзіліс орнады. Сосын ханым
кішіпейілдікпен:
- Ол, шамасы, қарсылықты қажет етпейтін себеп болды ғой, - деп
жауап берді.
Оскар жүрегінің түкпірінде ханымның жайдары əзілі өзінің
дегенбургтік топастығынан əлдеқайда жағымды естіліп жатқанын
мойындаса керек еді, оған тоңмойындығы жол бермеді. Бүл кезде
Ильза жайдары əңгімесін жалғастырып жатқан.
- Сонымен, келесі жолы кездескенше. Інжуіңізді алуға
келмейтіндігіңіз өкінішті болды, əрине. Мақұл, мен сізге оны өзім - ақ
салып жіберейін. - Ханым телефон тұтқасын қойды.
Сəл абыржып қалған Оскар телефонның қасында отыр. Ол көңілін
бір демдеп алды, асау əйелді бір үйретті. "Байлыққа біз де мақтана
аламыз. Біз дегеніңіз Біз - үлкен əріппен жазыламыз. Соның жаман
інжуі үшін сайқымазақ бола алмаймын. Осыны миына құйып алсын"
Əңгіме кезінде басына осындай ойлар келген-ді. Бірақ Ильза телефон
тұтқасын қойысымен, ішкі бүлігінен алған лəззаты сағым болып ұшты
да кетті. "Ханым инабаттылық көрсетті. Ол өте сүйкімді əрі өте
ықпалды əйел" - деп ойлады ол Осы ойды мұның миына Гансйорг
құйып тастаған болатын. "Мұндай ішірткіні ол əйел іше қояр ма екен,
мұның арты жақсылықпен бітпес. Мұндайда əкесі: "Обер унтерге тізе
батырады" дейтін еді ғой. Тегінде шегініс жасап телефон тұтқасын
қайта көтеріп: "мұның бəрі -түсініспеушілік, əншейін əзіл ғой, əрине,
барамын" - дегенім жөн болар.
Бармақ па? Тапқан екен ақымақты! Бүл ішіндегі туа біткен
қорқақтығы. Күштінің алдында өстиді. Бірақ бүл коммерциялық
кеңесші Эренталь мырза шақырса жүгіріп кететін əкесі секілді ынжық
емес қой.
Осылайша өзіне-өзі риза болмай, өзінен-өзі күбірлеп, дүниенің бəрін
жақтырмай күні бойы үйде отырды. Кешкі асын тəбетсіз, жалғыз ішті.
Тұздығы тым ащы болып кеткені үшін ұрыс шығарды. Бірақ оның да
көмегі болмады. Кітапханасына ауысты. Бір кітапты, екінші кітапты,
үшінші кітапты қолына алды. Бірақ оқыған жоқ. Оны бірнеше дүркін
телефонға шақырды, барған жоқ. Өзін шаршаңқы, өте өкінішті сезінеді,
бірақ ұйқысы да келе қоймады, қазір Кладовтағы Ильзаның үйінде, коп
адам жиналған көңілді топтың арасында болсам ғой деп армандады.
Ал енді өзіне - өзі жыны келіп, жалғыздан жалғыз отырысы мынау.
Ымырт жабылғанда ұры адамдай ақырын басып хатшысы Петерман
тағы да кірді.
- Мазаңызды алғаныма кешіріңіз, - деді ол, - шам жанып тұрған соң
кіре салып едім. Бірақ бүл хабарды сізге айтпасыма болмады: дауыс
саналып бітті. Жеңіс бəріміз күткендегіден де асып түсті. Рейхстагтағы
барлық орын бес жүз сексен алты, соның екі жүз отызын біз алыппыз.
Бізден кейін келе жатқан социал-демократтар жүз отыз үш-ақ дауысқа
ие болды. Бүл бұрын болып көрмеген жеңіс.
- Рахмет, - деді Оскар.
"Інжу біздікі дей беріңдер" - деп ойлады ол. "Обер унтерге тізе
көрсетеді" .
Ильза Кадерайт өзінің қала маңындағы үйінің тепкішегінде Прусты
оқып отыр. Күн қайнап түр. Осы орыннан Бранденбург табиғатының
аясында көз жасындай мөлдіреген көгілдір көл анық көрінеді.
Көл үстінде қоңыр салқын самал еседі, Ильзаға жақын маңайда
масалар ызыңдайды. Ильза Кадерайт жазды ұнатады, оның аптабын
тəуір көреді, Прусты сүйіп оқиды, кейде жалғыз қалғанды жаратады.
Бірақ бүгін осы рахаттың бəрінен лəззат табар емес. Кітапты да
оқығысы келгендіктен оқып отырған жоқ - қайта-қайта тізесіне қояды
да, қара торы жүзіндегі ренішін жасыра алмай, басын шалқайта береді.
Əйтеуір бір нəрсеге жыны ұстап отыр. Ол өзіне ренішті еді.
Ал бəрі де өтті - кетті емес пе? Бүл əзілдің немен аяқталары
Оскардың ойына келмейді, бəрінен қызығы сол ғой. Бір інжуді
екіншісінен - сейфте сақтаулы тұрған таза інжуді, Оскар таң қалған
жасанды інжуден Ильзаның өзі де ажырата алмайды. Оскар жасанды
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 11
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.