Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 19

Total number of words is 4430
Total number of unique words is 2103
34.7 of words are in the 2000 most common words
48.9 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бірге бол, Израиль!" - деп көз жұмады. Пауль үшін бүл сөздердің бір
ғана мағынасы бар: идея біртүтас, бөлінбейді де, ымыраға да
бармайды. Соңғы сөз үшін жарап жатыр.
Бірақ осы кезде камераға бір адам кіреді. Бүл əскери мундир киген
жоғары бастықтардың бірі.
- Сіз əлі отырсыз ба? - деп таң қалады ол - Өз қамыңызды өзіңіз жеңіз
деп айтпадық па? Біздің басқа жағынан да тəжірибеміз бар. Маған
сеніңіз, одан да өзіңіздің істегеніңіз жақсы. Мен пайдалы кеңес беріп
отырмын. Тағы да ойланыңыз. Қазір он екі жарым, сіздің үшке дейін
уақытыңыз бар. Сағат үште тағы да келемін.
Сыпайы адам кетіп қалды. Камера бос, аңырап түр, электр жарығы
көз қаратпайды, сонда да болса камераны бос деуге болмас, онда ілгек
пен арқан бар, сыпайы адамның сөздері де тірі жандардың барлығын
дəлелдейді. Сағаттың тықылы: "Үшке дейін уақытыңыз бар. Үште тағы
да келемін. Мұны өзіңіздің істегеніңіз жақсы, тағы да ойланыңыз"
деген сөздерді жөнді естіртпейді. Бүл сөздер аса қатты айтылған жоқ,
бірақ ол Паульдің тұла бойына аспан күркірегендей болып тарап
жатты.
Өз ойы осылайша бірте-бірте оралды. "Демек, маған таңдау жаса
дегені ғой, - деп ойлады ол, таңдау еркіндігін беріп отыр. Еркіндік,
еркіндік. Тұзаққа басымды өзім сұғамын немесе басқалар сұғады еркіндік осы. "Еркіндікті бүкіл елге таратыңдар". Бүл да інжілдік
сөздер. Өте төңкерісшіл естіледі. Университеттің екінші курсында
оқып жүргенде көне еврей тілімен танысқаны бар жəне осы бір
төңкерісшіл сөздерге кездескенде қалай қуанды десейші.
"Дероор" - інжілде бұл сөз еркіндік дегенді білдіреді. Шындығына
жүгінсе, бүл сөздер "бостандық дабылы" дегенді білдіреді. "Дероор".
Нақ бір күннің күркірегені секілді. Артынша селдетіп жаңбыр жауады.
Бірақ бүл оны естімейді.
Демек, үшке дейін мəулет беріліпті. Үш жарым сағат. Жоқ, үш сағат
жиырма жеті минут, түрмешілер тақуа келеді. Ауырғаны қайта қинай
бастады. Ол ойлануға мұрша бермей, санасын шайып кетіп жатыр.
Ауырған жерлері жанын көзіне көрсетуде. Əлі үш сағат бар.
"Мен, дегенмен, сол арқанға баратын шығармын. Мені өзіне
шақырып түр, сол үшін құрылған ғой. Бар да басыңды сұға сал, бəрінен
де құтыласың".
Пауль кереуеттен тұрды.
"Ауырып барады, сағат тық-тық. Тұзақ шақырып тұр. Бəрі де опоңай. Жақындап барсам, сағат тағы да жүз рет немесе екі жүз рет тықтық етер, басыңды тұзаққа кигізесің, азап та бітеді сонымен.
Ойла, ойла. Егер ойласаң, ой азабыңды ұмыттырады. Тұзақ өзіне
шақырып тұр. Ойлан. Ой ауруыңды жеңеді. Тұзақтың шақырғанына
қарамай ойлан. Тық-тық. Бағынба, тұзаққа қарама, ойлан. Бағынба,
мойынсұнба... Тық-тық. Тұзақ шақырады. Егер мен ерік берсем, сағат
əлі екі жүз рет тықылдайды. Егер мен алапат күшке қарсы тұра алсам,
сағат тықылдай береді, тықылдай береді - қанша рет тықылдар екен?
Ойлан. Құрулы тұрған тұзаққа қарамай ойлан. Бір сағатың - алпыс жəне
алпыс рет. Демек, бір сағаттың ішінде ол үш мың алты жүз рет
тықылдайды. Үш сағатта - үш мың алты жүз реттен үш рет. Қанша
болады? Ойлан. Құрулы тұзаққа қарамай. Үш жердегі үш мыңың тоғыз
мың болады, үш жердегі алты жүзің мың сегіз жүз болады.
Одан артыққа шыдамаспын. Бұдан артыққа ешкім де шыдай алмас.
Жоқ, шыдаймын, жүзге дейін санайын. Жүз секунді кем болар. Жетпіс
жеті, жетпіс сегіз, жетпіс тоғыз... тоқсан екі, тоқсан үш... демек, енді жүз
секундқа кеміді. Мен төзіп бағамын, ынтаң болса болғаны. Мен оларға
бағынбаймын. Бəрі де өтеді. Таяуда тоғыз мың секунд қалады. Сосын
сегіз мың секунд қана өтеді. Тұзақ шақырады, бірақ мен берілмеймін.
"Тұзақ шақырып тұр" дегенді ойламаймын, "берілме" дегенді ғана
ойлаймын.
Кешікпей бəрі де аяқталатыны неткен қуаныш. Бұл өзі бір толқын
секілді. Ауырғаны толқын - толқынмен соғады, мен оған төзіп
бағамын. Су тасығаннан кейін қайта қайтады. Мен оған шыдап
бағамын. Бəрін ақылмен істеу керек. Ақыл - ойыңды топтастыра біл
Кешікпей бəрі де тынатынын білемін. Бар күшіңді жина да, толқын
қайтқан кезді пайдаланып, ұйықтап ал. Сағат тықылдайды. Ол тықыл
ұйқыңды келтіреді. Тықылдақ сағатты іліп қойғандары - ақымақтық.
Дегенмен, дұрыс істеген. Мен Гитлерге немісше дұрыс сөйлей
алмайсың деген екенмін -ол да дұрыс. Жəне Оскар Лаутензакқа қарсы
шыққаным да дұрыс. Осының бəрі жалған екендігін əйтеуір біреу
айтуы керек еді ғой.
Бəрі де жалған. Бəрі өтірік. Бір нəрсеге ғана назар аударсаң тез
ұйықтап кетесің. Бері де -жалған. Жоғары, төмен. Тасу, қайту. Бəрі
өтірік! Қазір ұйықтап кетемін. Бүл нағыз тыныш ұйқы болмақ, тұяқ
серіппей ұйықтаймын, бұл саналы өткізген соңғы сағат болмақ. Бəрі жалған. Мен оған бағынбаймын. Мен тек ұйықтап кетемін, ұзақ
ұйықтаймын. Жоғары, төмен. Бəрі - өтірік. Толқын тасиды, қайтқан
кезде ала кетеді. Ол алып кетеді, тербетеді, сосын ұйықтап кетесің.
Бəрі - жалған. Бəрі - өтірік. Болды. Мен ұйықтап барам".
Оның ыңырси шыққан, ысқырып тұрған тыныс алуы бір қалыпқа
түсті, жүзіне қан жүгірді. Қан жоса болып, ісініп кеткен, азаптанған,
қиналған əлпетінде жымиыс бар.
Бəрі - өтірік. Ол ұйықтап кетті.
Сыпайы мырза тура сағат үште камераға кіргенде, ол №11783
тұтқынның қозғалыссыз жатқанын, бірақ асылмағанын көрді. Пауль
əлі кереуетте жатыр, демалысы ысқырып тұрғанмен, бірқалыпты.
Қорылға ұқсайтын сияқты. Бұл - қорыл Құдай біледі, қорылдап
ұйықтап жатыр. Ол ұйықтап кетіпті. Асылып өлудің орнына ұйықтап
қалыпты. "Бүл қарғыс атқан интеллигенттерді сайтан да біліп
болмайды", - дейді, сыпайы мырза ренжіп.
Кете өзінің Кейтштрасседегі пəтерінде ұзақты күн күтумен болды.
Ол болған жайды Тиршенройт ханымға хабарлау керек деп өзін - өзі
қайраумен отырды. Сонан соң, ең алдымен Паульдің хабарын білуді
жөн көрді. Ол Пауль бүл жоқта телефон соғуы немесе келіп қалуы
мүмкін деген ойдан қорқып үйден шықпады. Оның түрмеден
шығысымен, бір минут те кідірмей шет ел асып кетуін қалады ол
393
Кете Оскардың: "Фюрер Крамерді босататын болды" - деген
жеделхатын қолынан тастамады. Осы бір сағыныштан сарғайған
күндерде ол жеделхатты қайта-қайта оқып шықты. Тор ізі, ол Гитлерде
болған. Қалай болғанда да, жауларының
Паульді босатуына қол жеткізген. Осының өзі де жақсылық. Əрине,
ол үшін қарыз боп қалмайды. Осынау елес жайлаған Зофиенбург
замогында Оскармен бірге қалу оңай емес.
Ал ол Паульмен бірге шет елдердің бірінде тұрып, ағасымен
ақылдаса жүріп баласын тəрбиелеуді армандаған еді. Сол бір арманды
күндер ұзап бара ма, қалай?
Ол сарғая күтті. Оскардың жеделхатын алысымен, немесе содан
кейінгі екінші, əрі кетсе үшінші күндері келіп қалар деп үміттенді. Енді,
міне, төртінші күн болды, ал Паульден əлі хабар жоқ. Қалай болғаны?
Гитлер бұйрық берген екен. - Демек, барлық кедергіден өткені ғой.
Пауль неге оралмайды?
Оскар Гейдельбергтен телефон шалды, оның көңіл күйі көтеріңкі
екен, бұрынғы күндегідей өзінің жетістігіне балаша қуанды. Қандай
салтанат құрғанын айтып, Кетенің өзімен бірге болмағанына өкініш
білдірді. Кете Пауль туралы да бірдеңе айта ма деп күткен еді. Ол тек:
"Бауырыңды көрдің бе?" - деп сұрады. Кетенің жауабын естіген соң, ол
оған шамалы таң қалды да, аса қауіптенбестен: "Онда бəлкім, бүгін, не
ертең келіп қалатын шығар" - деп сеніммен жауап берді. Жəне тағы да
Гейдельберг туралы сайрай жөнелді, сөзінің соңында əлі бірнеше күн
кешігетіндігін
жеткізді.
Келесі
күні
Кетеге
Гроссфранкфуртерштрасседегі Альбертке қайта барып келсем бе екен
деген ой келді. Бірақ ол ештеңе айтпады. Сондықтан, ол бұл туралы
Тиршенройт ханымға хабарлауға бел байлады. Жоқ, тағы да бір күн
күте түру керек.
Келесі күні пошта оған пакет əкеп тапсырды. Бұл үлкен пакет
болатын жəне Кетенің екі жерге қол қоюына тура келді.
Бұл Оскардан немесе Тиршенройт ханымнан келген сəлемдеме екен
деп ойлаған.
Бірақ ол полицияның секретариатынан келген болып шықты. Онда
бірнеше орау бар екен, ал үстінде хат жатты. Кетеге тұтқын Пауль
Крамердің түрмеде өлгенін хабарлапты. Оған ең жақын туысы жəне,
тəрізі, мұрагері ретінде, біріншіден, өлген тұтқынның күлі салынған
ыдыс, екіншіден, одан тұтқындау кезінде алынған заттарын салып
жіберіпті. Заттардың тізімі қоса жүр. Осыларды жіберуге байланысты
шығындардың сомасын полиция тиісті жерге өздері хабарлайды, ол
мұрагерлік мүлікке салық төлеген кезде ескеріледі.
Кете қозғала алмай қалды. Бөлме құлазып қалғандай көрінді.
Заттардың бəрі буылып-түйілген. Абажадай үлкен рояль қаңырап
қалды, оның үстінде ұқыптап буылған заттар жатыр. Хат тізесінің
үстінде, конверт жерде жатыр. Осылайша ол тағы да біраз отырды.
Сілекейін қайта-қайта жұта берді. Болған жағдай туралы ол
біреулермен сөйлесуі қажет. Мұндай қайғыны ол жалғыз көтере
алмайды. Бұл оны Паульге хабарлайды.
Паульдің бүл
Көмейіне өксік
қалды. Бірнеше
қайта отырды.
лоқсыды.
жарық дүниеде жоқ екені сонда ғана санасына жетті.
келіп қалды. Ол қайтадан аңырап, бүрісіп отырып
рет талпынып орнынан тұрмақ болды да, сылқ етіп
Кенет келіп қалған бір нəрсені сезді. Құсық екен,
Біраз уақыттан кейін буылған "заттардың" алдына барып тағы да
отырды. "Мұны ашуым керек, - деген ой келді. - Бұл өлген тұтқынның
күлі мен киімдері". Ол тұрып барып, қайшы, пышақ əкелгісі келді. Бірақ
тұра алмады. Ол осы бірнеше минуттың ішінде сілесі құрып шаршады.
Қозғала алмады.
Кенет жан-дүниесін бұрын-соңды болмаған қорқыныш биледі. Ол,
жалпы, қорқақ емес еді, бірақ тап қазір "заттармен" бірге бір бөлмеде
қалғысы келмеді. Кенет ол Паульдің даусын естіді. "Бұл қызық емес", деді дауыс ап - анық. "Байғұс Кете" - деді дауыс тағы да жəне ол жігерін
құм қылды.
Бəріне кінəлі Кете.
Кете бұл азапқа бұдан əрі төзе алмады. Ол мына "заттармен" бірге
бір бөлмеде жалғыз қала алмады, отыра алмады, бұл пəтерде тұра
алмады жəне енді күтетін ешнəрсе жоқ еді. Ол пəтерден, үйден безіп
шықты, мұнысы қашу тəрізді көрінді, мұнысы шынында да қашу еді.
Ол аяғы аяғына тимей көшемен қашты, жүргіншілер таң қалысып,
соңынан қарап қалысты. Ол бəріне өзі кінəлі, енді мұның өзін ұстайды,
қашу керек.
Кенет қарны ашқанын, сілесі қатқанын сезді. Үлкен кондитер
кафесіне кірді. Мұнда адам коп екен, онысы жақсы болды. Ол бос
тұрған үстел таба алмады, басқалармен сығылысып бірге отыруға тура
келді. Тамаққа тапсырыс беру керек, бірақ өзінің даусын танымады,
басқаның даусы сықылды. Зал көгала түтін мен арзанқол музыкаға
толы. Бұған ол онша мəн берер емес - іші жалап барады. Алдына келген
тамақты тез-тез жəне коп жеді, бірақ не жегенін білмейді.
Ол бірдеңе істеуі керек, кейінге қалдыруға болмайды. Марианнамен
хабарласу. Жоқ, ол емес. Гроссфранкфуртерштрасседегі адаммен
хабарласу. Тағы да ол емес. Кенет есіне түсе кетті: Мюнхенге хабарлау
керек, Тиршенройт ханыммен сөйлесу қажет, тап қазір. Ол жедел
хабарласуға тапсырыс берді.
Мұның кірген кабинасы ыңғайсыз екен, есігі жабылмайды, əйтеуір
бүл оны жаба алмады. Залдағы у-шу, даңғаза музыка естіліп түр. Кете
телефон тұтқасын қолына алысымен Тиршенройт ханымның
қарлыққан бəсең даусы естілді.
- Қалың қалай? Жүретін болдыңдар ма? Қайда бармақсыңдар?
- Иə, енді өзім жүремін, - деді Кете бөтен дауыспен.
- Не боп қалды? - деп сұрады Тиршенройт, бүл жолы қауіптеніп. Айтыңызшы, - деді ол тағы да жəне мұнысы бұйрықтай естілді жəне
бұйыра сөйлейтін адамның табылғанына Кете іштей қуанды.
- Пауль мұнда жоқ, - деп хабарлады ол.
- Кетіп қалды ма? - деп сұрады Тиршенройт.
- Жоқ, - деп жауап берді Кете, - ол кеткен жоқ, бірақ ол жоқ. Оның өзі
жоқ, - деп түсіндірді Кете.
Ұзақ үнсіздік орнады.
- Сөйлесіп жатырсыздар ма? - деп сұрады телефоншы қыз.
- Ио, біз əлі сөйлесіп тұрмыз, - деп жауап берді Кете.
- Түсінемін, - деді ақыры Тиршенройт ханым. Оның даусы
бұрынғыдан да төмендеу естілді. - Мен дұрыс түсіндім бе?
- Иə, сіз дұрыс түсіндіңіз, - деп жауап берді Кете.
- Маған келгіңіз келе ме? - деп сұрады Тиршенройт ханым. - Əлде
мен сізге барайын ба?
- Мен енді кетемін, - деп жауап берді Кете. - Сіз түсінесіз ғой менің
енді кететінімді.
- Маған мекен-жайыңызды хабарлаңыз, - деп өтінді Тиршенройт
ханым.
- Иə, - деп жауап берді Кете. - Тағы да көп-көп алғыс айтамын.
Ол үйіне тартты, біреу қуып келе жатқандай асықты. Үй алыста емес
еді, бірақ ол таксимен барғанды жөн көрді. Ол енді "заттардан"
қорықпады. Бөлмеге кірісімен, ашулы шешімділікпен бумаларды аша
бастады.
Біріншісінде қағаздар, жазбалар, шағын мақалалар, Паульдің
калияны, өзі сыйлаған əмиян бар екен. Екіншісінде мұқият
тазартылған қара сұр костюм, үтіктелген шалбар. Үшіншісінде - төрт
бұрышты ыдыс, тəрізі Паульдің күлі салынған - ау.
Күл салынған ыдыс шап-шағын.
Адамнан осынша аз күл қалатыны ақылға сыймайды.
"Күл, - деп ойлады ол, - ғажап сөз екен".
Демек, Пауль осы болғаны ғой. Демек, ол бəрібір келді үйге, бірақ
күлі ғана. Ал Оскар ақырына дейін өтірік айтты. Мүмкін, алдайтынын
өзі де білмеген шығар. "Фюрер босатуға бұйрық берді". Мүмкін, оның
өзін алдап кеткен болар. Бəрі де өтірік қой. Олар бір-біріне өтірік
айтады. Ылғи сол Бірақ ол қызық емес? Кенет оған "заттардың"
рояльдің үстінде жатқаны оғаштау көрінді, ол оларды алып, үстелдің
үстіне қойды, бірақ үстелдің үсті тар... Ол күл салған ыдысты үстел
үстінде қалдырып, қалғандарын көрші бөлмеге апарып, төсегінің
үстіне қойды.
Келесі күні Кете тек қана қажет деген дүниелерін алып жəне
Оскарды мүлдем есіне алмастан, Германиядан кетті.
Дəл сол күні өзіне-өзі риза болып, бақытқа бөленген Оскар Берлинге
ұшып шықты. Оның Гейдельбергте өткізген күндерін сиқырлы
күндердің тізбегі десе де болады. Докторлық атақ, ректордың латынша
сөйлеген сөзі, өзінің латын тілінде берген жауаптары, студенттердің
алаулы шеруі, ақырында арнайы жағылған
қарсыластарының кітаптарын өртеумен аяқталды.
алауға
оның
Теммельхоф əуежайында оны Петерман мен Эли ғана қарсы алды.
- Ал Зеверин бикеш мұнда келмеді ме? - деп сұрады Оскар; ол оған
жеделхат жіберген-ді.
Бірақ келмепті. Неткен əдепсіздік! Бүл ол үшін ұлы адамдардың
алдына барып, жатып жалбарынып жүрсе, ол əуежайға келіп қарсы
алуды да білмейді. Əйелі болган кезде еріксіз үйренеді.
Зофиенбургке жетісімен ол Кетеге телефон соқты. Ешкім жауап
бермеді.
- Зеверин бикешке қаладан жеделхат жіберіңіз, - деп бұйырды ол
Петерманға. -Əлде, жоқ, үйіне біреуді жіберіңіз, не болып қалды екен,
біліп келсін. Мен онымен мүмкін болғанша тез көріскім келеді.
Дегенмен Кетенің осындай тарпан мінезі оған ұнайды. Бүл басқа
əйелдердің көлгірсігенінен жақсы. Ол оның төбесін көрсе қуанады,
мейлі тағы да даулассын, ашулансын, сөйтіп бірте-бірте басылады.
Бірақ Кетеден бұрын Гансйорг келіп қалды.
Ол ағасының оралуын күйіне күтіп жүрген-ді. Фон Третнов ханым
Оскардың Гейдельбергте болган күндері туралы хабарды
қырағылықпен тыңдап отырды. Өзінің бармағанына өкінді. Тəрізі,
Оскардың Гейдельбергтегі "қызметін", Гансйоргтың Париждегі
жұмысынан артық бағалағандықтан болар. Оскардың есімінің өзі
бұдан артық саналатындығына оның тағы да көзі жетті.
Сондықтан, Оскардың келгенін естіп, Проэльдің тапсырмасын
орындап, миын бұрап алу үшін, ызалы жолбарыстай ашуланып
келген-ді. Гейдельбергтегі салтанат туралы ағасының əңгімесіне
бірнеше кекесінді ескертумен жауап берді де, кіріспе сөзге ауысып,
созбақтатып жатпай, бірден Проэльмен болган əңгімеге көшті.
Оскар өз құлағына өзі сенбеді.
- Демек, Крамерді əлі босатпаған екен ғой? - деп сұрады ол.
Фюрердің бұйрығына қарамай, Проэль оны əлі түрмеде ұстап отыр ма?
Ол қасын жоғары көтерген күйі, ақымақтың кейпін киіп отыр.
- Сен немене, жынданғансың ба? - деп сұраққа сұрақпен жауап берді
Гансйорг. -Айтып отырған жоқпын ба, керісінше, кесірің тиді деп.
Гитлер сенің қайнағаңа сенімді тұмылдырық кигізуге бұйрық беріпті.
Күзет
полициясының
əдет-ғұрпын
білетінім
рас
болса,
тұмылдырықтан ол өмір - бақи шыға алмайды.
Оскардың бет-əлпеті əлемтапырақ болып кетті.
- Сендер оны құртасыңдар ма? - деп сұрады ол. - Фюрер маған оны
босатуға уəде берген болатын, ал сендер құртпақсыңдар ма?
- Ей, бір жетесіз екенсің - ау, - деп кейіді Гансйорг. - Сенің Пауль
Крамеріңнің қажеттігі мен үшін өткен жылғы қармен тең. Бірақ сен
тағы да жаза бастың. Егер сен менің келуімді күтсең, сосын ол істі
маған тапсырсаң, сенің Крамеріңнің бір тал шашына да ешкім
тиіспеген болар еді. Жоқ, оны істемейді. Өзінше білгішпін дейді. Бүл
есекке Манфред Проэльмен сөйлесу қажет болыпты. Оның жанында
сен - қай жағынан алсаң да -адам аяйтын бейшара екеніңді ойладың
ба?! Əлде сен үшін Гитлер өзінің Проэлінен бас тартады дедің бе? - осы
бір "сен үшін" - деген екі сөзде қаншама жек көру, мансұқ ету жатыр
еді.
Бірақ ол Оскардың миына кіріп шыққан жоқ.
- Ал Кете қалай? - деп сұрады ол үрейленіп.
Гансйорг иығын көтерді.
- Мен қайдан білейін? - деп жауап берді ол, ашуға булығып. Қатындарыңды күзеттіріп қойып па едің маған? Бұл ақылынан
ауысқан есек Кетесін іздеп сандырақтайды, - деп кекетті Гансйорг. Мені картаға салып отырғаныңды білемісің? Өз өміріңді. Проэль сенің
миыңды бұрауға маған тапсырма берді. Бұл соңғы ескерту, миғұла.
Оскар жауап орнына Петерманды шақырып алды.
- Ешқандай хабар жоқ па?
По, Петерман білді. Кете кетіп қалыпты. Чехославиакияға, деп
хабарлапты, жұмсаған адамға. Басқасын ешкім білмейді.
Демек, осында Балақайдың айтқандарының бəрі рас болды ғой.
Пауль Крамерді босатпаған - оны атып тастаған, ал Кете ол, Оскар
өтірік айтты деп бұдан біржола безген, құрсағындағы мұның баласын
алып қашқан. Енді бəрі де құрыды, көк аспаны құлап түсті.
Оскардың сықпыты бұзылды, жынданайын деді. Гансйорг оған:
- Есіңді жи. Гретхенінен айрылған Фаустай болмашы, - деп ақырды. Мен ойнап жүрген жоқпын. Ресми тапсырмамен келіп отырмын. Біліп
қой, егер өзіңді қолға алмасаң, - құрисың.
Кеудесі долылыққа толған Оскар жазу столының алдында жарылып
кетердей болып отыр; өзінін бет-бейнесі, маскасы бұған мазақтай
қарайды. Ол көздеген мақсатына жетіп-ақ қалып еді, Гейдельбергте ол
сырттай да, іштей де жарқырай көрінді жəне өз өмірінің ең гүлденген
шағына жетіп еді, енді, міне, соның бəрі бір сəтте қирады.
- Бəріне сен кінəлісің, - деп, Балақайға бас салды ол кенет шексіз
жиренішпен. Мені осыған сүйреген сенсің. Еген сен болмағанда мен
Мюнхеннен кетпес едім. Жұмысымды істеп, Гравличекпен
келісімшартымды орындап жүре беретін едім. Егер сен болмасаң,
менде Кете болмаса, басқа болар еді. Бəрі де жақсы болар еді.
Гансйорг өзін ұстай алатын адам, бірақ мына Оскар секілді
мұрынбоқ ұялмай ақыл айта бастаған кезде, тіпті құдайдың да төзімі
таусылады екен.
- Тіліңді тарта сөйле, - деп, тыйып тастады ол – алды - артыңа қарап
ал Дүниені де, атақ-абыройды да саған алып берген мен, маған
қарыздарсың. Мұның бəрі қанмен, термен келген нəрсе, ал оның
қайтарына мен сенің нақұрыстық балағатыңды тыңдап отырмын.
- Сенің бергенің менің бір түкірген түкірігіме татымайды, - деп
қарсыласты Оскар. Оны өзің де жақсы білесің. Осының бəрі үшін сен
менің ең қымбатымды, "көру" қабілетімді тартып алдың. Сен бұған
басында-ақ ұмтылғансың, оңбаған төбет.
- Естігенмін мұндай əнді, - деп, жиіркенішпен жауап берді Гансйорг.
- Ылғи осы, сəл ғана аяғың тайып кетсе, менен көресің. Дегенбургтегі
диірменді өртеген кім, қара бояуды ұрлап алған кім? Мен. Ал одан
лəззат алған кім? Сен. Ал сол үшін таяқ жеген кім? Мен. Ылғи осымен
келеміз. Сен тіпті болымсыз нəрседен де бас тартпайсың, ал соның
бəріне мен көмектесемін. Қайдағы бір түкке тұрмайтын нəрсе үшін, сен
басты байлықтан айырылып қаласың. Онда да сенің бүлдіргеніңді
түзеп беретін менмін. Енді келіп алғыс айтудың орнына, сен менің
бетіме түкіресің, оңбаған. Мен саған жиырма пфенниг қарызға
бергенде, - сен ол кезде үшінші сыныптасың, - маған жұмадан
қалдырмай əкеп беремін деп ант берген болатынсың. Ал сен қайтарып
бермек түгілі, өзімді сабадың. Жəне соның бəріне менен он сантиметр
биік болғаның ғана себеп болды. Сенің артықтығың осы ғана. Мен
Тереза Лайхтингерге онымен бірге мұз айдынына бармақ боп уəде
берген болатынмын, бірақ кіруге төлейтін жиырма пфеннигім
болмаған соң, үйде қалдым. Ол да бармады. Сонымен, біздің
махаббатымыз аяқталды. Ал сен сол жиырма пфеннигті неге
жараттың? Құлқыныңа жараттың?
Мұның бəрі Оскардың есінде. Ол маңыздысы бар, маңызсызы бар,
мұндай жүздеген жағдайды біледі жəне оған ептеп өзін айыпты
сезінеді. Бірақ ол ойынан табанда бас тартты. Демек, оның бəрі де
жаратушыдан: біреу - ұлық, біреу - кішік, - құдайыңа жыла, бұған
бұйырған нəсіп басқаға бұйырмайды.
- Енді бəрі де белгілі болды, - деп, насаттанды Оскар. Сен өзіңді өзің
əшкерелеп отырсың. Сен жолы болмаған адамсың. Сенің о бастан-ақ
əйел жағынан жолың болмаған, сондықтан ызалысың. Тереза
Лайхтингер менің соңымнан жиырма пфеннигсіз де қалмайтын. Сен
мені көре алмайсың. Сондықтан сəтсіздігіңнің бəрін менен көресің;
сондықтан бойыңдағы бар уыңды маған шашасың.
- Бір-ақ нəрсе айтайын саған, - деп жауап берді Гансйорг, асқақтаған сөздеріңе қарамастан, сен ұтылдың. Бос сандырақтарың,
көзбояушылығың бұдан былай эсер ете алмайды. Проэльге де, маған
да. Бұдан əрі сенің арсыздығыңды кешіре алмаймын. Бір айттым болды, егер осы арсыздығыңды маған тағы бір рет көрсететін болсаң
мен сені қолдамаймын. Сонда саудаң бітеді.
Ағайындылар ауыздарынан ақ көбік шашып, бір-біріне өшіге қарап
қалыпты, жынданған адамдар секілді бет - əлпеттері қисайып, көздері
алақ-жұлақ етеді. Сырттай қараған адамға, осы бір келісті
мырзалардың, мемлекеттік кеңесші мен құрметті доктордың,
Германиядағы ең ықпалды партия мүшелерінің неше түрлі жиһаздың
ортасында бір -біріне қарама-қарсы тұрып алып, сонша еңбекпен
үйренген əдеби тілді ұмытып, өрескел бавар тіліндегі балағатқа
көшкенін көру қайран қаларлық нəрсе еді.
- Қарай гөр мұны, - деді жасырын кегін ішке жиған Гансйорг
тістеніп, - осының бəрін Кете үшін, əлгі бір төсегі құр жатпайтын жəлеп
қатын үшін жасапты; қатынжанды мырза сайқалдың сөзін жерге
тастай алмапты. Жоқ енді, бітті, нүкте қойылды.
Оскар да сыздана сөйледі, даусында қорқыту бар.
- Қысқарт деймін мен саған!
- Қысқартпаймын, - деді Гансйорг. - Керек десең, тағы да
қайталаймын. Өзіңнің нақұрыстығыңмен сен өзіңді де, мені де
құртасың. Жəлебіңе де табылатын теңеу бар. Ол саған аспандағы айды
алып бер дейтін шығар əлі...
Оскар Гансйоргтың соңғы сөздерін тыңдап жатпады. Ол кімнен
айрылғанын енді білді. Ішін ит тырнап жатыр. Мына ақымақ Гансйорг
əңгіменің төркінін түсінбеді. Бүл түкке түсінбейтін мақұлық. Бəріне
кінəлі осы албасты, осы пері, осы арбағыш. Енді, міне, боп-боз боп,
тылтиып тұрысын, ұялмай мұның қайғысына күледі. Оскар оған алара
қарады. Ол тоқпақтай жұдырығын долдана жұмған кезде, томардай
жүзік алақанына батып кетті.
Гансйорг шошып қалды. Бірақ ол өзінің қорқынышын жеңе білді.
- Ақымақ көзіңді қадама маған, - деді ол, - бұл қарасыңмен сен кімді
қиратып аласың? Мені қорқыта алмайсың. Мен қорқудың не екенін
білмеймін.
Бірақ долылық Оскарды біржолата буып алған болатын, көзінің
алды қанталап, қара жəне қызыл дөңгелектер толып кетті; ол інісіне
бала кездегідей тұра ұмтылып, түйгіштей бастады. Бүл жеңілдеудің бір
түрі еді, бірақ əрбір соққысы өзіне тиіп жатқандай жанын ауыртты.
Гансйорг кірпідей жиырылды, бірақ қарсыласпады. Кенет Оскар
бауырының сақина сойып кеткен бетінен қан ағып тұрғанын көрді. Бұл
оның қояншығын тез басты. "Құрметті доктор басыммен бұл
неткенім? - деп ойлады ол. - Бірақ осыған мəжбүр еткен өзі ғой. Өзі
кінəлі. Жоқ, мен кінəлімін. Тіпті, бəрібір емес пе, кім кінəлі болса да?"
Ол алшаңдай басып, анадай жерге отырды.
- Жағдайым жаман, Гансль, - деді ол ақырын ғана мұңая отырып. Мен қиналып жүрмін. Сен тура жанды жеріме тидің. - Ол шындығын
айтты. - Ол əйелдің менен баласы бар, мен оған шынымен қуанып жүр
едім. Ал сендер оның ағасын атып тастапсыңдар. Енді ол менен
біржола кетті. Сендер менің бар қуанышымды тартып алдыңдар.
Оның алдында əбден сілікпесі шығып шаршаған Гансйорг бір уыс
болып бүрісіп отыр, бетінен қан ағады. Ол оны бет орамалымен
сүртпек болып еді, орамалы қып-қызыл қанға боялып шыға келді.
Алайда Гансйорг оған назар аударар емес, ол Оскарды қинап жүрген не
жағдай екенін бірден түсінді. Демек, мақтаншақ, даңғой пайғамбардың
да қайғысы бар екен. Демек, Гансйоргтың өмір бойы тартып келе
жатқан азабын ол да тартып жүр екен. Онда қалағанының бəрі бар,
бірақ ол əйел бұған бұйырмайды. Оскардың ол əйелге де қолы жетіп
еді той, бұдан бала көтеріпті. Оның одан да сұлу, одан ажарлы жүз
қатыны бар, бірақ сол əйелге ғана құмартады, бірақ нақ сол əйелге
қолы жетпейді, ол əйел мұның құшағынан құтылып кетті.
Гансйорг ағасын аяп кетті, бірақ ізінше, ойланбастан, "сол керек
өзіне", - деді. Сол бір тəкаппар қыздың, Кетенің, қай жері ұнап қалды?
Гансйоргқа ол ешқашан ұнаған емес жəне ол Оскардың сол əйелге неге
байланып қалғанына түсінбейді.
Бүл кезде інісінің жараланғанын көрген Оскар шошып қалған
болатын, оның жүрегі өкініш пен аянышқа толы еді.
- Жуынатын бөлмеге барайық, - деді ол Гансйоргқа. — Бетіңнен қан
ағып түр. Жуынып алуың керек. Мен сенің пəтеріңе телефон соғайын,
саған костюм, жейде алып келсін. Ауырып түр ма? Мүмкін, дəрігер
шақырармыз?
Гансйорг жарасының ауырғанын сезген жоқ жəне дəрігер
шақырғысы келген жоқ. Бірақ Оскардың айтуы бойынша жуыныпшайынып, үйінен таза киім алдыруға қарсы болган жоқ.
Ол себелегіш судың астында тұрып жуынып түр. Балақайдың
тырбиған арық денесін көргенде, Оскарды тағы да аяныш сезімі
биледі. Осындай бейшараны үру үшін батырлықтың керегі бар ма?
Бірақ Гансйорг соған неге жеткізеді?
Гансйорг та ойланып түр. Ағасын өзінің салқынқандылығымен
қызықтырған əлгі менменсіген тəкаппар Кете ақымақ Оскарды
уысынан шығармау үшін, бала туып алмақ болган той. Бірақ
асқақтаймын деп бəрінен құр қалды. Сол салдақыны жақтаймын деп
Оскар бүл жолы да өзінің жолы болғанын түсінбейді. Иə, бүл
ақымақтың жолы болғыш -ақ.
Проэль мен Цинздорф оны осы əйелден құтқарып, үлкен жақсылық
жасады. По, ақымаққа бақыт өзі қонады.
Осындай ойлармен қоса Гансйоргты белгісіз бір қорқыныш биледі.
Осы бір оңбаған, тойымсыз Оскар мұның, Гансйоргтың ішкі ойларын
"көріп" жүрмес пе екен? Гансйорг ағасынан қорқады. Бірақ себелеген
судың астында тұрғанда əзірге қорқатын ештеңе жоқ. Ол бетінің қанын
жуын болды, Кетеге келетін болса, ол қайғысына ортақтасқан болып,
ағасының көңілін аулауға тырысады.
Сосын ол ақ орындыққа барып отырды. Оскар оған қамқорлық
жасап, қанның ағуын тыятын дəрі-дəрмек, сүртінетін көлдей орамал
берді. Гансйоргтың тілі шығайын деді. Ол əзілдеген болып:
- Бұл семсерден қалған тыртық болады да шығады. Дуэльге шыққан
екен деп ойлайтын шығар жұрт. Өзі де солай болды емес пе?
Осыдан соң олар кітапханаға қайта оралды. Гансйорг Оскардың
жеңіл шекпендерінің бірін киіп алды. Шекпен кең екен. Оның ішінде
Гансйорг тоңған маймылдай болып бүрісті де қалды. Ол жайлап
ағасының көңілін аулай бастады. Бірақ анау қатулы.
- Баскесерлер мен қарақшылардың арасында жүрміз, - деп мұңын
шақты Оскар. -Фюрердің менімен ағайынды адамдардай қалай жылы
сөйлескенін көрсең ғой. Ал мына шошқалар фюрердің бұйрығына
қарамастан, түк көрмегендей боп, Крамерді өлтіре салған.
- Ақылға кел, Оскар, - деді Гансйорг. - Өмірді өзіндей қабылда. Мен
сенемін Гитлердің сенімен дос екендігіне жəне саған тек қана
жақсылық тілейтіндігіне сенемін. Бірақ ол Проэль секілді адамнан аса
алмайды. Жеме-жемге келгенде, осының бəрін, партияның аппаратын
басқаратын сол адам. Менің сөзіме сен, оған ешкім де - сен де, мен де,
тіпті, Гитлер де, ештеңе жасай алмайды. Мен саған жамандық
ойламаймын, Оскар. Ақылға көш. Бұл адамдар жолына көлденең
тұрғанша ғана ұсақ-түйекке бармайды. Сенің ие болғаның - ойыншық
емес. Зофиенбург, Дрезден банкіндегі қомақты есепшот, докторлық
дəреже аз олжа емес. Енді академияға президент боласың - оған дау
жоқ. Қатын керек пе? Кез келгенін ала бер. Амандық болса, Кетең де
қайтып келеді.
- Кете енді ешқашан келмейді, - деп ашынды ол, - сен оны білмейсің.
Ол - біткен іс. -Оскар жанын қоярға жер таппай қатты тарығып отыр. Бəрі де бітті. Сені кінəлап отырған жоқпын. Екеуміз де қатер
үстіндеміз, мен оны түсінемін. Олар бүгін Крамерге істегенін ертең
маған немесе саған істеулері мүмкін. Егер Проэльге немесе
Цинздорфқа менің көзім ұнамай қалса болғаны - ұнай қоймайтынын
өзім де білемін - күні ертең-ақ əлгі Крамер сияқты атады да тастай ды.
Гансйорг қорқып кетті. Оскардың айтқан сөздері үстіне зіл батпан
салмақпен құлағандай болды: Оскардың айтқандары қате кетпеуші еді.
Гансйорг одан ойша қорғанып, өзін - өзі қолға алуға тырысты.
- Бір кезде сен мұндайдан сескенбеуші едің, - деді ол, - енді
көлеңкеңнен қорқайын депсің. Ондай сəттер болады. Біз екеуміз де
кескілескен күрестің үстінде жүрдік. Күрес кезінде байқамайды
екенсің, ал қалай көздеген нысанаңа жақындадың, солай жүйкең сыр
береді. Есіңді жи, Оскар, қайғыра берме, болған іске болаттай бол, - деп
ағасының көңілін жұбатты. - Біз аларымызды алдық. Жоғарыға
көтерілдік. Енді екі-үш апта тыныштан, таптаурынға шөп өссін,
мұндай кезде ізіңді тез шоп басады. Ал сонан кейін Прагаға немесе
Кетенің кеткен жағына барасың да, қайта алып келесің. Əйелдің басын
сайтандай айналдыратын өнерің бар, несіне ойланасың? Қатының
өлгендей түнере берме. Лаутензак деген атымыз бар емес пе? Шырқау
биікке шығып алдық. Енді тек бір-бірімізді сүйеп жүрсек болды, ешкім
бізді құлата алмайды.
Оскар бұл күндері қаралы адамдай қабағын ашпай, қатты қамығып
жүрді.
Əрине, Гансйоргтың Кете қайтып келеді деген болжамы - былшыл
Ол ешқашан қайтып келмейді. Ол оны қайтып келуге көндірмек болып,
Прагаға баруды өзі де ойлаған, бірақ одан түк шықпайтынын түсінді де
райынан қайтты. Енді мəселенің бүге-шігесі белгілі болды. Кете бұған
тұрмысқа шығып, бірге тұрмақ болып, бауырын құтқару үшін ғана уəде
берген. Бұдан көп бұрын ол Крамер жағына шыққан болды, демек,
бұған қарсы əрекет еткен.
Гитлерге сеніп қалғаны да ауыр ойларға жетеледі. Оскар уағыз
айтқанды ұнатпайды, сондықтан сөзінен тайған Гитлерге өкпелеген
жоқ. Бірақ Оскар өзі мен Гитлердің арасында жетпіс жеті атадан келе
жатқан туыстық, қанның ортақтығы сияқты достық байланыстың бар
екендігіне күмəнсіз сеніп еді, онысы бекер екен, Гитлер мұны
алдаусыратып жүріпті.
Рейхсканцелярядан хат əкеліп тапсырған кезде, Оскар қалың ойдан
шыға алмай, қамығып отырған. Гитлер оны құрметті доктор атағын
алуымен құттықтапты жəне оккульттік академияның ашылуын
тездетуге тапсырма бергенін хабарлапты. Ол Оскармен кездесуге əзір
екенін оз қолымен жазыпты.
Оскар жадырап шыға келді. Басына үйірілген тұман сейіліп сала
берді. Түйсігінің түкпірінде ол фюрердің айнымас дос болып қала
беретініне қапысыз сенетін. Оны əйелі мен баласынан айырып
отырған ол емес, басқалар. Олар мұның ескі жаулары, Оскарға
сыйлаған жалған інжу секілді жалған "ақсүйектер". Кадерайттар,
Проэльдер, Цинздорфтар.
Жоқ, бүл жолы олар қателесті. Əрине, кейбір мəселеден дегендеріне
жетті: жақсы көретін əйелінен айырды. Бірақ мұны фюрердің
жүрегінен жұлып алып тастай алмады.
Ол Гитлердің хатын қолына қайта алып, айналдыра қарай бастады.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 20
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.