Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 02

Total number of words is 4204
Total number of unique words is 2152
34.3 of words are in the 2000 most common words
47.3 of words are in the 5000 most common words
54.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
байқалып қалды; Оскардың көзқарасын ол жеңіл, тіпті тілектестік
мысқылмен ғана қарсы алды. Екеуінің арасында үнсіз диалог жүріп
жатқан-ды. Оскар: "Сен əлі менің өзің ойлағаннан гөрі үлкендеу іске
қабілеттілігімді мойындауға мəжбүр боласың" деп тұрғандай. Ал
ергежейлінің көзқарасы бұған: "Жарайды, құлыным. Сенің неге
қабілетті, неге қабілетсіз екеніңді бес саусақтай білемін. Мені алдай
алмайсың. Сен бар-жоғы қалыптан шамалы ғана ауытқыған шектеулі
адамсың" деп жауап беретіндей.
Жəне үнсіздік адам төзгісіз халге жеткізген кезде ергежейлі естірте
сөйлеп былай деді:
- Сіз "Варьетенің" сахнасына бұдан былай шықпайтын болып дұрыс
істегенсіз, Лаутензак мырза. Əрине, телепатия деген - ойландыратын
іс жəне ондай құбылыстарды бақылап көру де қызғылықсыз емес.
Қалың көрерменнің алдында өнер көрсете отырып, басқаның ойын
таба білетін адам, тəрізі, жаман таппаса керек. Бірақ бұдан оның құдай
берген дарыны зардап шегеді. Мен, əйтеуір, жұрт алдында өнер
көрсеткен телепаттардың ішінен əсершілдікке еліктемеген ешкімді де
көре алмадым, ал мұндай əсер қуушылық сізді табиғилық пен
ақжүректіліктен айырады. Егер ол өзінің тəжірибесіне "өнерді" , алдын
ала құрылған болжамды енгізетін болса, қандай көріпкел болғаны?
Онда оның біреудің ойын оқығанында не қадір қалады? - Профессор
шəкіртке тəлім үйреткендей ғибрат айтты. Осынша данышпандықты
тыңдауға мəжбүр болған Оскар өзін қорланғандай сезінді: профессор
мұны жерден алып, жерге салып тұр ма деп ойлап қалуға болар еді.
Алайда ол бұл адамға тойтарыс беруге бата алмады. Гравличек
əпербақандау, кісімси беретін адам болатын жəне өзінің ешкіммен
сыйыспайтын қылығынан кафедрадан екі рет шығып кетуіне мəжбүр
болды. Дегенмен ол оккультизммен шектесетін парапсихология
саласының ірі маманы саналатын. Оскар оның эрудициясы мен
беделін мойындамай тұра алмайтын еді.
Гравличек шидей жұмсақ саусақтарымен креслоның қос
жақтауынан ұстады да, ауыр отырғышпен қоса Оскарға жақындай
түсті жəне оған бейнебір тəжірибе жасайтын қояндай немесе ерен
қабілет иесіндей барлап қарай бастады, оған қоса Оскарға ол
кекесінмен қарайтындай көрінді.
- Тиршенройт ханым маған сіздің кітап жазбақ ойыңыз бар екенін
айтқан еді, - деп шіңкілдек үнмен сөзін жалғастырды ол, богемдік
диалектісін араластыра. - Көптеген телепаттар кітап жазған - бірақ
жазғандарының бəрі түкке алғысыз сандырақ болып шықты. Бұл
мырзаларға кейде бөтеннің ойын оқудың сəті түседі, бірақ көріп
отырғанымыздай, өз ойларын саралауға келгенде шатаса береді.
Бəлкім, бұл жерде мəселенің мəні, телепатиялық қабілеті бар
адамдардың сол қасиетті асыра бағалайтындықтарында ма деп
ойлаймын. Егер сіз осыдан сақтансаңыз, егер сіз бəрін адалдықпен əлі
көлгірсімей жазатын болсаңыз, Лаутензак мырза, онда сіздің
кітабыңыз пайдалы болып шығуы мүмкін.
Телепатияға сенбеушілікпен Оскар талай рет кездескен. Профессор
Гравличектің теориясы бойынша, көріпкелдік қасиет - артықшылық
емес, кемшілік. Ол мұны адамзат дамуының неғұрлым ерте
сатысындағы ескіліктің сарқыншағы деп есептейді. Аппендикс пен
копчик секілді адамда оның ақыл-санасы əлі дамып жетілмеген
ауыспалы кезеңнен қалған көптеген атавистік қабілет, ақылдың
ырқына көнбейтін қажетсіз инстинктер, алдын ала сезу қабілеті
сақталған. Көріпкелдің сын көзімен ақылға салуы, профессордың
ойынша, тым əлсіз, телепаттың ақыл-санасы гипертрофияланған
саналы сфераның ағынына шыдай алмайтын сияқты.
Мұндай теорияны ұстанған адаммен айтысудан ешқандай пайда
жоқ болатын. Сондықтан Оскар тек түңілген адамның түрімен қасын
таңдана көтерді де, көзін профессордан тайдырып əкетті.
Тап осы кезде оның көзі бөлменің қараңғы бұрышында жатқан
"Философтың" қоладан құйылған мүсініне түсті. Неткен мерездік!
Міне, сол қарғыс атқыр профессор өзінің алдында отыр, өзінше
білгірсіп, намысыңа тиетінін қайтерсің; өте пайдалы істі қолға алғаны
Оскардың арқасында емес пе. Таусылмайтын қызыл соз Оскардың
ашуын келтірді.
- Айына екі жүз елу марка төлеуге дайын адам, - деді ол, нысанаға
доп тиетін сыпайы кекесінмен, - сол адамға оз пікірін ашық айту
құқығын сатып алып отыр, оның басқа былықтан айырмасы болмаса
да.
Алайда ергежейлі жирен сақалымен тек жайыла күлді де былай деп
жауап берді:
- Сыпайы ғылым деген болған емес, жарқыным. Ғалым үшін де, - ол
мырс етіп күлді, - телепаттың аты ... телепат.
Дөрекілікке ақылды адам сыпайылықпен жауап берсе керек-ті.
- Біз қалай болғанда да өйтіп-бүйтіп келісе жатармыз, профессор, деді Оскар, барынша жұмсақ сөйлеуге тырысып жəне келіскен
адамның кейпімен жымиып қойды. -Материалдық дүниенің білімпазы
мен аса дарынсыз емес телепат болсақ - жаман болмағаны, жұмыс
жүреді ғой деп ойлаймын.
Оскар əлгіндей құлаққағыстан соң, Гравличек ақша мəселесіне қарай
ойысар деп үміттенген. Келісімшарт оған ауадай қажет еді, əсіресе
аванс қажет болатын. Алайда профессор ештеңе айтпады жəне
ыңғайсыз үнсіздік қайта орнады.
Əлде əңгімені осы тақырыпқа қарай бұру керек пе? Оскардың
кеудесінде кенет Алоиздың ұсынысы хабар бергендей болды жəне
сахналық даңқ жөніндегі адыра қалған арман қайта қозғалды. Жоқ,
ергежейлінің осынша оспадарлығынан кейін, Оскар келісімшарт
туралы жақ ашпақ емес. Одан да тілін тістегені артық.
Сонымен, я бұл, я профессор бұл мəселені қозғамаған соң, Оскар
"Философқа" соңғы рет көз тастады да, түк бітірместен шығып кетті.
Бірнеше күннен кейін Оскар Берлиннен жеделхат алды. Бауыры
Ганс, немесе Гансйорг, -ол, "жаңа Германияның рухына сай" өзін
осылай атайтын, - өз ісіне байланысты тергеу аяқталғанын əрі
бостандыққа шыққандығын жəне бір күннен соң Мюнхенде
болатынын хабарлапты.
Бауыры туралы сөз қозғаған адамдардың қайсысының алдында
болмасын, əсіресе Алоиздың алдында, Оскар өзінің бауыры саяси
тартыстың кесірінен өзінің қарсыласын қорғанамын деп абайсызда
өлтіріп алыпты деген пікірден айныған емес. Бірақ ой түбіндегі сезімі
Гансқа қарсы қозғалған істің əділдігін мойындайтын: əлгі Карфункель Лисси деген əйел, тəрізі, тапқан табысын Ганспен бөлісіп жүрген,
сондықтан ол жолына көлденең тұрмақ болған суретші Виткені атып
өлтірген. Оскар Ганстың мүшкіл халін, мына құрып кеткір теріс
айналған дүниені ойлаумен түнімен ұйықтамайтын.
Енді міне, істің оңға басқанын хабарлаған жеделхатты оқыған соң,
жеңілдеп қалды. Егер Оскар өмірде бір адамды жақсы көрген болса, ол,
сірə, осы інісі Ганс болар.
Ал, Оскардың өзіне келсек - шабытты, көріпкел, бірақ мүлдем
қарапайым, нағыз Парсифальдің өзі жəне мына қатыгез сыртқы
дүниеден түк хабары жоқ. Ганстың тым оралымсыз Оскардан
айырмашылығы, фактілерді тез тексереді, оларды өмірдегі қалпында
өзгеріссіз алады, сеніммен шабуылдайды. Ол Ганс екеуі бірін-бірі
толықтырып отырады.
Жеделхат таң сəріде келді, Оскар тұруға бет алған болатын. Оның
жағдайға қарай ыңғайлана қоятыны бар, сондықтан Гансқа тағдырдың
оң қарағанының құрметіне, үстіне жарасымды көкшіл ақ курткасын,
аяғына сонымен түстес туфлиін киді. Міне, енді ол жаны жай тауып
креслода отыр, таңғы сəуле терезеден құйылып түр, Оскардың
салмақты басы креслоның арқалығына шалқайған əрі бұл бас інісі
туралы үмітті ойға толы.
Иə, бұлар қай жағынан да: "орфикалық, параметрлік, тереңдік"
жағынан да бір-бірімен ажырамастай байланысты. Бұлардың бірбіріне деген байланысы Дегенбургте, алдымен халықтық мектепте,
кейіннен діни гимназияда оқып жүрген ерте кезден-ақ қалыптасқан.
Олар бір-біріне шалқандай жабысып өсті, иттей таласып қалатын
күндері де аз болмады. Неше түрлі жүздеген қулықтар мен
қатыгездіктерді бірге жүзеге асырды, сыбайлас ретінде де бірге
қимылдады жəне бірін-бірі сатып жіберген кездері де болды, бірақ
ақырында бəрібір табысып кететін. Бірін-бірі айтпай түсінетін.
Адамның аузынан шықпайтын неше түрлі намысқа тиетін сөздерді
аяусыз, жанды жерлеріне тигізе айтатын. Əйтсе де тумысынан дін
дегеннің не екенін білмейтін Ганс, Оскардың бойындағы құпия
сезімталдықты, даралықты қадір тұтатын, ал Оскар болса Ганстың
өмірге бұлтарыссыз əрі сеніммен қарайтын шешімділігін бағалайтын.
Жəне, əгəрəкім, екеуінің біреуінің басына бұлт үйіріле қалса, екіншісі
оны құтқарып қалу үшін қолындағының бəрін беруге даяр тұратын.
Сондықтан тап қазір, Оскар інісі туралы ойланып отырған сəтте,
оның жүрегінде жылылық пен бауырмалдылықтың ізгі нұры
құйылғандай еді. Гравличекке келісімшарт туралы əңгіме қозғаудан
əуелі ішкі сезімі, сонан соң құдай сақтаған екен. Ганстың материалдық
жағдайы қандай, ақшасы бар ма, жоқ па - Оскар ол жағын білмейді. Бір
нəрсенің беті ашық: Ганс бостандыққа шыққан мынадай жағдайда
"психологтармен" келісімшарттың бұларға қолбайлау болатындығы
анық еді. Ол нені қолға алу керектігін Ганспен бірге ақылға салып
отырып шешетін болады. Жəне, əрине, ергежейлінің екі жүз елу
маркасына келісімшарт жасаудан гөрі маңыздырақ бір нəрсе ойлап
табатындарына сенімді.
Оскардың назары Бавария королі Екінші Людовигтен - бет-бейнеге,
бет-бейнеден - бос қабырғаға ауды. Ганс бостандықта жəне ендігі
жерде ол өзінің батыл үмітін іске асыруға бір табан жақындай түспек.
Ол өзінің кітабын жазып қана қоймайды, ол енді гобеленді де сатып
алады, əлемдік даңққа да бөленеді.
Екі күннен кейін кешқұрым Оскар əлгінде ғана Берлиннен келген
пойыздың вагондарын көзбен тінтіп перронда тұрды. Міне, "Балақай"
да шықты. Ол перронға жүктерін ала шықты, жəне қайдан дейсіз ғой, жұмсақ вагонның жайлы купесінен! Ганс Оскарға бұрынғыдан гөрі
əлсіздеу көрінді, жақ сүйектері қушиып, еріндері де жұқара түскен,
бірақ жайыла күлгені баяғыдай - бүл енді сыбайлас адамдардың өзінеөзі риза, ойнақы, сенімді, ешнəрседен тайынбас, айлакер күлкі еді.
"Батылын қара, нағыз көкжал, жеңісіне мақтанады, - деп ойлады Оскар.
- Иə, арықтығы мен түрменің азабына қарамастан, балақайдың сағы
сынбапты" .
- Келгенің мұндай жақсы болар ма! - деп қайталай берді Оскар.
"Балақайдың жазғы, ашық түсті пальтосы да жап-жаңа əрі жұмсақ
вагонмен келгені мынау ... Қарай гөр өзін!"
Ганс "Кайзергофқа" тоқтағанды жөн көрді. Бұл тəп-тəуір қонақ үй,
арзан да емес. Оскардың бауырының іскерлігіне деген ризашылығы
арта түсті. Қонақ үй қол созым жерде болатын, олар қаланың кешкі
қым-қуыт тіршілігін, көңілді у-шуын аралай отырып жаяу тартты.-Ал,
сөйле, - деді Оскар асықтырып, - айтатын жаңалығың көп шығар.
- Бар деуге де, жоқ деуге де болады, - деп жауап берді Ганс; ол
көшенің дабыр – дұбырынан асып түсу үшін, қатты дауыстап сөйлеп
келеді; оның оқта-текте өктем үні естіліп қалатын ащы даусы болатын.
- Оны өзің де жақсы білесің, көріпкелсің ғой, - дейді ол Оскардың
қытығына тимек болып. - Мен сені қатты сағындым, - деп сөзін
жалғастырды ол əңгіменің ауанын өзгертпестен жəне мұнысы шындық
еді.
Кей кезде сенің сүйемелің қандай керек болды десеңші, əсіресе
жаныңды қоярға жер таппай қысылған кездерде.
- Мен оны сезгенмін, - деп жауап берді Оскар бар шынымен. Дəлірек айтқанда, біліп жүрдім, - деп қайталады ол
Олар қонақ үйге дейін жүріп келді. Ганс жақсы номер берулерін
сұрады, келімсектердің кітабына қол қойды. Заттарын ішке кіргізді.
Балақай ең қажет деген заттарын шығарды да жуына бастады. Оскар
да осында еді, інісінің арса-арса болған денесін көргенде кенет көңілі
босап кетті.
"Құр сүлдері қалған екен" , - деп ойлады ол
Ганс жуынып болғанша сөз таусылмады. Ганс енді ашығын айта
бастады. Нацистік партия үшін жағдайдың бірде олай, бірде былай
ауытқыған кездерін суреттеп берді.
- Бірақ іс қаншама насырға шапқанымен, - деді ол, - мен қалайда
ақталып шығатындығыма сендім. Партия өз дегенін істейтіндігіне
күмəнім болған жоқ. Ақыры, ол мені алып шықты.
- Тым кішіпейіл бола бермесеңші, - деді Оскар, - партия кез келген
көк атты үшін жанын салмайтын шығар.
- Əрине, - деп қуаттай түсті Ганс, қызарып кеткен денесін
- сүлгімен ысқылап жатып, - əрине, менің еңбегім де бар,
байланысым да бар. Проэль мені ескерусіз қалдырмайды. Манфредпен
арадағы достығымыз бұрынғыдан да нығая түсті, - деп түсіндірді ол
мақтанышпен жəне мұны айтқанда арсыздықпен қулана жымиып
қойды; оның дөрекі даусы судың шолпылынан да асып түсті.
Партияның штурмовиктер жасағы деп аталатын өз əскері бар, ал
əлгінде Ганс айтқан Манфред Проэль сол армияның штаб бастығы.
Ағайынды екеуі кешкі асты номерге алдырып ішті, Ганс əңгімесін
жалғастырды. Ол нацистік партияның қаһарманына, маңызды
адамына айналыпты. Ол Мюнхенде тұрақтамақ, партияның
қаражатымен өмір сүретін болады əрі соның тапсырмасын орындайды.
Жаңа пальто мен жұмсақ вагонның сыры сонда.
Əңгіме бүгінгі өмірдің ағысына қарай ойысқан кезде, Оскар ненің
қалай екенін түсіне алмай шатаса бастады, ол үшін інісінің
айтқандарын бірден сіңіре қою қиындау еді. Демек, Балақай əлгі бір
қауіпті істің зардаптарынан құтылып қана қоймай, одан өзі пайда
тапқан болды ғой. Оскардың өзі болса сыртқы жетістіктерімен мақтана
алмайды, тек ішкі бұлқыныстарының өсе түскені байқалады.
Бауырының əлгіндей əңгімелерінен кейін мұның бəрі солғындау
естілді. Сондықтан ол Оскарға қарап ойланып қалды да мəселені
төтесінен қойып:
- Жарайды, сонда сенде пети - мети деген болып тұра ма? - деп
сұрады.
Оскарды сұрақтан гөрі осы жаргон ашуландыратын еді.
- Табылады, - деп жауап берді ол тым төмендегісі келмей,
- Румфордштрасседегі бөлмемді өзім төлеп тұрамын.
Сосын Ганс ертең "Кроне" циркіндегі үлкен партия жиналысында
өзін фюрерге таныстырмақ екендіктерін жəне мюнхендік партия
мүшелерінің құттықтауларын қабылдайтындығын айтып берді.
Манфред Проэль мұны фюрермен таныстыру үшін Берлиннен ұшып
келмекші. Ол жерде, əрине, Оскар да болуға тиіс. Осының бəрі Оскарға
қатты əсер етті.
Ол бауырының жетістіктеріне шын жүрегімен қуанды, бірақ
жуынып жатқан кездегі тырбиған ап-арық денесі көз алдынан кетпей
қойды: осынша азап шеккен інісінің аш түлкідей жүдеген түріне ол
қазір де көз салып отыр. Түр - тұлғасы келіскен Оскар ешнəрсеге қол
жеткізе алмай жүргенде, Ганстың осынша биікке көтеріліп кетуін
түсінудің mi қиын. Тəрізі, құдай беретін адамына аямай береді деген
рас екен-ау, осындай бір нақылды мектепте жүргенде естіген.
Ганс жатып ұйықтағысы келді, бірақ сонда да болса бауырын
жібергісі келмей:
- Кетпе. Қасымда біраз отыра тұршы, - деп өтінді. - Мұнысы тап бір
жас кездеріндегідей болып шықты. Оскар оның тілегін жерге тастай
алмады.
Ал Ганс кереуетке жатқан бойда рахаттанып есіней бастады.
- Олардың анау Моабит түрмесінде кереуеттер қабырғаға қағылған, деп түсіндірді ол. - Жату үшін алдымен түсіруің керек. Онша жаман
төсек-орын деуге келмес, казармадағыдай, бірақ ашығын айтсам, өз
басым онша үйықтай алмадым. Есесіне енді демалатын болдым, - деді
ол рахаттана керіліп. - Мына кереует те жаман емес сияқты, жалпы бұл
жаман қонақ үй емес. Əрине, қалаған болсам, "Жылдың төрт мезгілі"
тəрізді бай қонақ үйге тоқтауыма болар еді. Бірақ Ганс сияқты көрнекті
партия қайраткерлерінің жұрт көзіне түсе бермегені дұрыс қой.
Оскар інісі ұйқыға кеткенге дейін отыра тұрды. Ал өзі болса,
Румфордштрассеге оралған соң, Ганстың бас айналдыратын
жетістіктерін ойлап, көпке дейін ұйықтай алмады. "Балақайда ақша
бар, ол бірден байқалып тұр, партия оның аш жүруін қаламас. Тек бəрі
жақсылықпен аяқталса екен" - деп ойлады Оскар, бауырына деген
қызғанышын қамқорлығымен бүркемелеген болып.
Гансль баяғыдан - ақ өмір сүруді біледі. Оның есесіне ылғи қауіпқатерге тап болып жүреді. Соғыс кезінде Гансль Польшадан
Германияға алып кеткен қайдағы бір роялға байланысты процесс те
жақсы хикая болған жоқ. Құпия тірліктерін Гансль өзінің "Прожектор"
газетінде əшкерелегендердің бірі оны баукеспе, жемқор деп
айыптағаны білген адамға масқара болды емес пе? Қазіргі ісі де оңып
тұрған жоқ, қазір орындап жүрген партияның тапсырмалары Оскарды
мазаландырмай тұрмайды. Осынша көп шығынды партия, əрине,
бекерге шашып жатқан жоқ. Ганс тəуекелі көп қатерлі істермен
айналысып жүрген тəрізді.
Сонымен, Балақайды енді Гансйорг деп атайды. Ол Оскардан өзін
бұдан былай осылай атауды қиыла өтінді. Ол жалпы солтүстікке тəн
таза германдық сөздерге үйірлеу жүреді, өзіне ұнаса Гансйорг бола
қойсын. Бірақ Дегенбургтен шыққан кішкентай Гансль анадай дардай
есімді алып жүре алар ма екен?
"Кроне" циркінде өтетін, Адольф Гитлер шақырған үлкен
жиналысқа беттеген Лаутензактардың машинасы баяу жылжып
келеді. Тұс - тұстан асыққан адамдар, барлық жерлерге полицейлер
қойылған. Жер бетіндегі ауаның өзі алдағы болатын оқиғадан толқып
тұрған секілді. Нацистік партия соңғы сайлаудың өзінде-ақ екінші
орынға шыға алды: оның тарту қуаты барған сайын күшейіп келеді.
Осыдан бір ай бұрын Оскар оған кіруге талпынып көрген болатын.
Бірақ кешігіп қалыпты, кіргісі келетіндерде қисап жоқ, сондықтан
партия басшылығы мүшелікке қабылдауды уақытша тоқтата тұруды
жөн көрсе керек.
Ганс ағасына өзімсіне ұрсып келеді. Оскар осындай маңызды істен
ылғи шет қала береді: қазір ұлтшылдар партиясының мүшесі болу
оңай емес. Бұған тағы да өзінің, Гансйоргтың, күш салуына тура келеді.
Əрине, ол дегеніне жетеді. Оскар қабылданады. Егер Оскар өз бетінше
əрекет етсе, ол билетті кейінгі номермен алар еді де, оның партияға
өтуінен пəлендей пайда бола қоймас еді. Міне, Гансйорг осындайда
керек, ол Оскардың ертерек берілген номермен мүше болуына
көмектеседі. Осы арада Оскардың мырс етіп күлгенін көрген ол: Маған сенуіңе болады. Сенің бауырың партия жағынан қателесе
қоймайды, -деп сендірді.
Оскар қарсы болған жоқ, алайда онша нана қоймағандығы түрінен
көрініп тұр еді. Ганс қанша жылпос болғанмен, бір кездегі қалпынан
аса қойған жоқ, ол баяғы пайдақор саудагер, делдал, пəлеқор
баспасөздің қызметкері. Енді жоғары ақы алатын саяси агент болғысы
келеді. Əйтпесе оның: "Сенің бауырың партия жағынан қателесе
қоймайды" деген сөздерін қалай түсінуге болады? Жоқ, бұл жерде
Балақай тағы да бөсіңкіреп кетті білем.
Бұлар партия басшылары жиналған залға кірген кезде Ганстың
бекер мақтанбағанына Оскардың көзі жетті. Ол өзінің Гансы,
кішкентай ғана Ганслі, Дегенбургтен шыққан ұсақ шенеуніктің,
муниципальдық кеңестің бұрынғы хатшысының, марқұм Игнац
Лаутензактың ұлы осынау салтанатты жиынның басты назарында
болғанын өз көзімен көрді. Германиядағы ең ықпалды партияның
көсемдері оның жанына топталып жүрді, оны құттықтаушылар,
жақынырақ танысқысы келетіндер көп екен, кейбіреулер ағымдағы
саяси проблемалар туралы оның пікірін білуге тырысып,
кішіпейілділікпен сұрақтар қояды. Оскар аң-таң болды да қалды.
Алайда Оскарды өз бауырының осынша биікке көтеріле білгендігі
ғана емес, Балақайдың сол қошеметтің бəрін өзіне лайық көретіндігі
таңғалдырды. Ганс тіпті де қысылып -қымтырылған жоқ, ол осынау
ақыл жетпейтін болмыстың ортасында өзін суда жүзген балықтай
еркін сезінді. Бұдан былай Оскар оны "Гансль" емес, "Гансйорг" деп
атауға тас бекінді.
Мұнымен қоймай, Гансйорг бауырмал да болып шықты. Оскар өзінің
түр-тұлғасымен, ашық жүзді ірілеу тұрпатымен көзге бірден түсетін
еді, сондықтан партия басшыларының көбі жаңа тұлға осы шығар деп
ойлаған. Бірақ Гансйорг оған намыстану былай тұрсын, керісінше,
жолым болғандықтан партияға анау-мынау қызмет еткенім болмаса,
мұның жанында мен түк емеспін дегендей, бауырын алға сала берді.
Ал Оскардың бойында партияға өте қажет болатын туа біткен
таңқаларлық дарын бар еді, тап осындай дарын белгілі жағдайда
фюрердің бойында да бар болатын. Осындай сөздерді естігенде Оскар
ақылдылық көрсетіп, үндемей, өзін бұрынғыдан да көрнекті ұстауға
тырысады.
Жиналғандардың арасында Оскар бір ғана адамды - белгілі актер
Карл Бишофты ғана таниды. Карл Бишоф көпшілік арасында көңілді
абыр - дабырмен ерсілі-қарсылы жүйткіп жүр; ол кірген бөлменің бəрі
бірден театр сахнасына жиналады. Ол Оскардың қолын ерекше
ықыласпен қысып - қысып қойды. Өзінен бірнеше рет сабақ алған бұл
Лаутензак дарынсыз болмай шықты, бірақ жалқау болатын,
қарапайым сөздің өзі трагикалық ямбаға ие болатындай, əрбір қимыл
қасыңда қатар тұрған адамға айтылғандай эсер қалдыратын болымсыз
еңбекке ерінетін, ал білген адамға ұлы актердің міндетінің өзі осында
емес пе. Рас, Лаутензак, Карл Бишоф шəкірттерінің ішіндегі ең үздігі Адольф Гитлер секілді, сахнада емес, тек қана өмірде əрекет етеді,
дөрекі болмыс сахнадан гөрі дарын мен шеберлікті əлдеқайда аз талап
етеді.
Гансйоргтың ең жақын досы, тəрізі, Оскар жүзін газет беттерінен
жиі көріп жүрген адам -нацистік партия армиясы штабының бастығы
Манфред Проэль болса керек. Гансйоргтың оған деген қатынасында
жағымпаздықпен қоса, көз қысу тəрізді жақындық та байқалып
қалатын, бір қызығы, анау бұған қарсы болмастан, күліп қойып жүре
береді. Манфред ІІроэль аласа бойлы, жып-жылтыр, күтімді, қызғылт
жүзді əрі аздап тола бастаған адам. Оның доп-домалақ басы,
жалтыраған төбесі жəне ашықтау қуақы көздері бірден есте қалады.
Форма жараса кетеді екен. Ол Оскарға жұп - жұмсақ, бірақ қарулы
қолын ұсынды.
- Ə ... Ə ... демек, біздің Гансйоргтың бауыры сіз болдыңыз і ой, - деді
ол - Гансйорг сіз туралы маған коп айтқан.
Сөйтті де ол Оскарды айналдыра қарай бастады. Оскар болса
Манфред Проэльдің əлгі сөзін қалай түсінерін білмей қиналды. Тəрізі,
осы бір ықпалды мырза мен Гансйоргтың арасында достық
қатынастан да жақын араластық болғаны сой, сондықтан ол Оскарға да
сондай жылылық көрсетуге тырысты. Дегенмен, көзге қарапайым
көрінгенмен, оның бар болмысынан қандайда бір пасықтық сезіліп
тұрды. Ол осындағы басты тұлға жəне оны жасырғысы да келмей,
елден ерекше көрінуге тырысады; ал Оскар болса Проэльдің ұлы істер
үшін ғана жаралғанын иіскеп білді десе де болады. Бірақ, сонымен
қатар, одан жамандықтың хабаршысы да есіп тұрғандай көрінді, жəне,
Оскар үшін мұндай адаммен достық туралы ой қаншама тиімді
болғанмен, ішкі сезімі онымен жақындасудан сақтандырып тұрғандай
əсер қалдырды.
- Мен Мюнхенге бəрінен бұрын сіздің бауырыңызды фюрерге
таныстыру үшін келдім, -деп бастады сөзін Манфред Проэль. Гансйорг менің сізді де фюрермен таныстырғанымды қалайды; егер сіз
қарсы болмасаңыз, мен қызметіңізге дайынмын. -Осыны айтып, ол
жымиып қойды жəне оның ашық түсті көздері Оскардың көкшіл
күңгірт көздеріне көңілдене қарады.
Сосын бəрі цирктің дөңгелек залына қарай ойысты. Оскар
партияның өзін ең жақсы жағынан қалай көрсете білетіндігіне тағы да
таңданбай тұра алмады. Бəрі де бір деммен өтіп жатты: қан қызыл
матаның ортасындағы ақ шеңбердің ішінде қуатты да сұсты қара
свастикалар, қоңыр жейделер, бойды балқытқан музыка, жан-жақтан
естілген айқай-шу, герман көсемі фюрерді қарсы алу үшін "хайль" деп
бар дауыспен рух бере айқайлайтын сəт қашан келер екен деп
саптыаяқ толы сыраларын алдарына қойып отырған халықтың
қомағай үміті.
Міне, фюрер де келді. Тұп-тура Оскар екеуін Карл Бишоф
үйреткендей ол бірден мінбеге тартты, басқышпен көтерілді жəне
қаймықпас тұйық келбетпен өзіне қапысыз берілген жақтастарының
сəлемін қабыл алды.
Содан кейін кідірмей сөйлеп кетті жəне оның əбден жаттыққан үні
залды да, жүректерді де жаулап алды. Оскар оған маманның көзімен
қарады - өйткені оның да бойындағы бар дарын көпшілікті арбап алу
ғой; шешеннің қимыл - əрекетінің бəрін ол кəсіптік қырағылықпен
бақылап отырды. Фюрер секілді Оскар да бавар - богемдік шекаралық
облыстан болатын. Фюрер сияқты Оскар да диалекті араластырмай
əдеби неміс тілінде жəне неміс грамматикасының негізгі ережелерін
бұзбай сөйлеуге қиналатын, өйткені фюрер секілді ол да мектептен
қашып кеткенінде жəне неміс грамматик болатын, сондықтан білімнен
гөрі өзінің ішкі дүниесіне сенетін.
Қазір фюрердің сөзін тыңдай отырып, Оскар өзінің сол кезде дұрыс
істегендігіне көз жеткізді. Əңгіме сөздердің грамматика заңы бойынша
құрылғандығында немесе құрылмағандығында емес, жəне сөйлеген
сөзіңнің мəні барлығында немесе жоқтығында да емес; адамдардың
онсыз да жетпейтін ақылын емес, жүрегін жаулап алу керек. Істі
шешетін сөйлеген сөздің мазмұны емес, оны айта білетіндігін,
шешеннің өзін қалай ұстай білуі, өрелілік, бұлқыныс жəне даусының
күндей күркіреуі.
Оскардың алғыр түйсігі Гитлер сөзіндегі жекелеген техникалық
деталдарды қармап қалды жəне оларын іштей мақұлдады. Бірақ
Оскардың жүрегі жиналған топтың жүрегімен бірге соқты жəне бүл
адамның мінбеде не туралы сөйлегеніне сыншылдық тұрғыдан əділ
баға бере алмады. Шешен айтатын сөздерін өзі онша ойластырып
алмаған екен.
Ол қайдағы бір шыға алмайтын тұңғиыққа кіріп кеткен болатын.
Сөйлеп болғанша сөйлеген сөздеріне өзі де сеніп тұрды. Сондықтан
оған тобыр да сенді, Оскар да сенді. Əлгі адам албырттық қызулыққа
беріліп кетіп еді, Оскар да, тобыр да албырттыққа берілді. Əлгі адам
жек көрді, жиренді, қуанды - онымен бірге Оскар да, тобыр да жек
көрді, жиренді, қуанды.
Оскар бұл адамды жақсы көретін, оны анда, мінбеде тұрғанда
басқалардан гөрі тереңірек түсінді. Екеуіне де интуиция, "коре білу" ,
басқаның жанына терең бойлау қабілеті дарыған. Бұл оларды мінбедегі адамды да, залдағы адамды да бір адамға айналдырды.
Гитлер - сөйлеуші, ал Оскар - тыңдаушы, əлде бəрі керісінше: Гитлер тыңдаушы, ал Оскар - сөйлеуші ме? Оскардың алдында Гитлердің ең
терең түкпірде жатқан құпиясы -тілегі мен ұмтылысы, оның меңіреу
əрі долы күш-жігері айнадай ашылды.
Бүгін Гитлер қаһарына мінген екен, ол өзінің жын - перісінен де
асып түсті. Біреуді қорлады, қолды-аяққа тұрмады, біреуді жақтады,
біреуді жер табандатты, біреуді күйретті. Ол жиналғандардың
алдында жеңістің отты алауын жаққандай болды. Ал Оскарға бүл тек
өзі үшін жасалып жатқандай көрінді. Бұл адам осының бəрін, -
маңдайындағы тұлымы мен танауының астындағы қырма мұртынан
тер аққанша, - Оскар үшін жасап, Оскар үшін терісіне сыймай
ашуланып тұрғандай көрінді.
Оскар осынау мінбеде тұрған адамға белгі беруі керек жəне оның да
белгі бергенін көргісі келеді; міне, мұның да бет терісі тырысып,
жанары тарылып барады, мұның да долданған көзі қозғалмастан ой
шашып тұра қалды. Оскар ой тұңғиығына шомды, жігер-қайратқа
мінді. "Əй, анау жоғарыда тұрған адам, - дейді мұның ерік-жігері, - қара,
мен мұндамын. Сенің жетістікке қандай жанқиярлық еңбекпен
жеткеніңді жəне сол жеңіс сені қалай рухтандырып тұрғанын мен
басқалардан гөрі анығырақ ұқтым. Маған белгі бер. Менің саған қалай
қарап тұрғанымды көрбекпен жеткеніңді жəне сол жеңіс сені қалай
рухтандырып тұрғанын мен басқалардан гөрі анығырақ ұқтым.. ына
шомды, жігер -қайратрылып барады, мұның да долданған көзі
қозғалмастан ой шашып тұра қалды.ның " .
Кенет Гитлер бір сəтке іркіліп қалды - мұны тек Оскар ғана байқады.
Мінбедегі адам кенет залдағылардың ішінен біреуді іздеп тұрғанын
байқады. Демін ішіне тартып Оскар Гитлердің көзқарасын аңдыды.
Міне - бітті сауда. Ол Гитлердің жанары өзіне ауғанын жан-тəнімен
сезді. Осы сəттен бастап бұл екеуі бір-бірінен көз алған жоқ. Гитлер
құдіретті crescendo арқылы өзінен өзі асып түсті. Бұрқ-сарқ етті,
ысылдады, гүрілдеді, шаңқылдады, жағымпазданды, мысқылдады.
Жəне Оскардың жүзінде де осындай мысқылдау, жағымпаздану, жақсы
көру құбылыстары пайда болды. Гитлер мен Оскар біріне-бірі керемет
спектакль көрсетті.
Жиналыстан кейін партия басшылары фюрермен Барерштрасседегі
итальяндық шарап қоймасында кездесті. ІІроэль ағайындылармен
бірге қолтықтасып келді де, партияның жаңа қалаулысын фюрерге
таныстырды.
Гитлер Гансйоргке бірнеше салауатты əрі жігерлі сөздер айтты,
бірақ сол заматта оның жанары шеткеректе күтіп тұрған Оскарға ауды.
Сосын Проэль оны да таныстырды.
- Маған сіздің жүзіңіз таныс, - деді Гитлер. - Бет келбетіңіз келісті
екен.
Олар бір-бірінің қолын қысып, бір-бірінің көзіне ұзақ қарады. Үнсіз
одақтасты. "Егер мені сататын болсаң, - деді фюрердің көзі, - өлдім дей
бер. Ал егер сенімді боп қасымда қалсаң, онда менің тірегім боласың
жəне олжамды сенімен бөлісемін" .
Фюрермен кездесуден рухтанып шыққан Оскар інісін қонақ үйге
дейін шығарып салып тұрып:
- Жоғарыға бірге көтерілсек қайтеді? - деп сұрады.
- Онда тұрған не бар екен? - деп сұраққа сұрақпен жауап берді
Гансйорг əдеттегі əзілімен.
Ол шаршап келді де бірден жатып қалды. Үстінде жасыл - сұр
пижамасы бар. Оскар бала кезіндегідей оның төсегінің жанында біраз
уақыт отырды. Гансйорг шамның бəрін сөндіріп, біреуін ғана
қалдырды; Оскар жарыққа жақын жерде, ал Гансйоргтың кереуеті
көлеңкеде. Оскар қараңғыда інісінің көздері жылтырап жатқанына
еріксіз назар аударды. "Құдды бір жабайы аңның көздері сияқты" - деп
ойлады ол Гансйорг кеш бойы бауырын жер-көкке сыйғызбай
мақтанумен болған, ал қазір өзінен - өзі томсырая қалыпты.
- Сен барып тұрған ақымақсың, Оскар, - деді ол намысына тие
сөйлеп. - Егер мен араласпасам, шаруаң шалқайғалы тұр екен-ау,
көріпкелдігіңмен не таппақсың? Тиршенройт ханым жасаған бетбейнең жақсы-ақ қой, оған дау жоқ, бірақ адам тамақ жемей тұра ала
ма! Ал бет-бейнең не береді? Егер бауырың көмектеспесе, сен мына
көріп - келдігіңмен алысқа бара алмайсың.
Бауыры бұған тигізе сөйлеуін көпке дейін жалғастырды. Алғашқыда
Оскар төзімділікпен үнсіз тыңдап отырды, ақыры шыдамы таусылған
соң:
- Айтары жоқ, сен үлкен жетістіктерге қол жеткізіпсің, əлгі пəледен
де құтылдың. Бірақ қайдағы бір Карфункель - Лисси үшін кісі өлтіріп,
бопсалау туралы процестің батыры болу да мақтанарлық іс емес.
Гансйорг қатты бір есінеп алды.
- Саған мен осыны еске түсір деп пе едім, Оскар бауырым, - деп зілсіз
қарсылық білдірді ол - Жасың қырықтың екеуіне келсе де, құдай саған
ақыл бермеген екен. Баяғыда пастор Рупперттің сабағына қатысып,
емтиханға дайындалып жүргендей сөйлейсің. Жəне қит етсе ақталып
шыға келетін жаман əдетің бар. Бірақ, біліп қой: менің доңыздығым
тоқсан пайыз болғанда, сен нағыз жүз пайыз доңыздың өзісің.
Пфлейдердің бағынан алма ұрлағанымыз есіңде ме?
Оскардың есінде. Алма ұрлауға итермелеген Ганс болатын. Оскар
жоғарыға шығып, Ганс төменде күзетіп тұратын болып келіскен-ді
екеуі. Ал Пфлейдер бұлардың үстінен түскен кезде, Ганс қожайынның
келіп қалғанын бауырына хабарламастан тайып отырған. Пфлейдер
Оскарды ұстап алып аямай сабаған. Осының бəрін Оскар əкесіне айтып
барған, Ганс та сыбағасын алсын деп. Əкесі де оспадарлау кісі еді,
Гансты аямай сойып салды. Ал Оскар сол жерде қарап тұрды; ол
əкесінің жирендеу келген қалың мұрты едірейіп, көк шыбықпен
шықпырта сабағанын ұмыта қойған жоқ, əкесіне шағым айтқанына
өзінің сəл ыңғайсызданып қалғанын, ал мұны қысталаң кезде тастай
қашқан Балақайдың да өз сыбағасын алғанына іштей айызы қанғанын
да тап қазіргідей анық біледі.
Осының бəрі оның жадында ұмытылмастай болып қалып қойыпты,
əсіресе, содан бері ширек ғасырдай уақыт өтсе де Балақайдың мұны
ұмытпай, əлі күнге дейін бауырын жазғыратындығына таң қалады.
Ганс сөзін жалғастырды:
- Соның ешкімге қажеті жоқ еді, сенің мені əкеме ұстап бергенің
жауыздық болды.
Ол өзімсіне сөйлеген болады, бірақ
ұмытылмаған кек жатқанын Оскар түсінді.
оның
арғы
жағында
Гансйорг кеш бойы бауыры үшін бар өнерін салып бақты, ал енді
қойқаптағыны қозғап, неше түрлі ақымақтық сөздермен шамына тиіп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 03
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.