Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 18

Total number of words is 4316
Total number of unique words is 2121
33.7 of words are in the 2000 most common words
48.0 of words are in the 5000 most common words
55.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
берсін. Дұрыс - ақ, дұрыс - ақ. Мұны сіз анық көрген екенсіз жəне жақсы
айттыңыз, қымбатты Лаутензак.
Оскар əлдебіреудің соққысынан қорғанғандай, қолын еріксіз көтерді.
Өзі қатты сыйлайтын адамның ішінде қайнаған кектен сескеніп қалды
ол Оның бұрқылдап қайнап жатқан жан жүрегінен бұла күшпен
атқылаған долы дауыл, бұрын өзі көріп жүрген əрі оны иландырмақ
болған жынды күштен асып түсетін еді.
Фюрер қиялдауды қойды. Ол ішкі түйсігіне Гитлердің өзі де сенетін
адамның мақұлдағанын көріп отыр. Демек, ол Гитлер, күте тұруға
шешім шығаруды соза тұруға құқылы. Бұл оның ықылас - тілегіне сай
келетін еді. Оның əлгінде ғана қабарып тұрған қабағы жадырап сала
берді.
Ол Оскарға өте риза. Ол оның иығынан құшақтап, бөлмені əрі-бері
бірге кезіп жүр. Бергхоф замогы - шуақты əрі көңілді ғимарат:
абажадай терезелерден қатпар-қатпар қарлы таулар көрінеді. Бірақ
Бергхофта да Зофиенбургтегі сияқты, барлық жерде жаңа
конструкциядағы құпия аспаптар қойылған. Канцлер олардың
кейбіреулерін өзінің көріпкеліне таныстырады. Мұнда күрделі
киноаппарат, радио қондырғы, басқаның сөзін тыңдайтын аспаптар
ғана емес, дабыл беретін əр түрлі құралдар, канцлерді жаудан құтқару
үшін жақпар тастардың ішіне апаратын əр түрлі көтергіштер мен
шахталар бар еді.
Осының бəрін фюрер өзінің көріпкеліне мақтанышпен көрсетіп
шықты. Иə, ол Оскарға тым жақын.
Оскардың өзі де келгенім дұрыс болды деп ойлаған. Ал енді
фюрерге өз өтінішін айтатын шақ туды.
Ол өзін де фюрермен салыстырып көрді. Мұның өзі де тым асқақтап
кеткен достарынан тепершік көріп жүр.
Солардың бірі, мəселен, бірнеше ай бұрын өзіне тіл тигізген адамды
түрмеге қамап қойып отыр. Əңгіме Пауль Крамер деген біреу туралы
болып отыр, бəлкім бүл процесс фюрердің есінде болар. Бірақ оған
Оскарға осы бір немені тұтқындау шектен шыққан ұсақтық, пəле
қуушылық, шектен шыққан кекшілдік тəрізді көрінеді. Ол Паульді одан
да жаман қорлағанды қалар еді. Ол үшін оны түрмеден шығарып алу
керек. Сонда ол фюрер орнатқан жаңа Германияның рухани
кеңістігінде ол сабазбен күш сынасып көрер еді. Ол дұшпанның
денесіне емес, жанына жарақат салғанды қалар еді.
Гитлер өзінің қолақпандай, бізтұмсықты, үш бұрышты мұрнын
тыржитты. Кек алудың табиғаты туралы өзі де көп ойланатын.
- Кек қайтару, - деді ол, - германдық адамның бəріне тəн, ежелден
келе жатқан қасиет. "Нибелунг туралы жырды" еске алыңыз, бүкіл
өмірін кек алуға арнаған ұлы Рихард Вагнерді еске алыңыз. Менің
өзімнің де пешенеме кек aлy миссиясы жазылған. Ол сұмдық, сан
əлпетті кек алу болмақ. Тағдыр менің багыма тарих доңғалағын
француз революциясы бастап, большевиктер қостаған қисық жолдан
түзу жолға салуды жазған. Жəне мен оны істеймін, өзімнің миссиямды
орындаймын, бұған жарық дүние куə болады əлі.
Оның көзінде Оскарды əрі мақтанышқа, əрі қорқынышқа бөлеген
қауіпті сандырақтың ұшқыны сезіліп қалды. Оның, Оскардың дарыны
тек "көретіндігінде". Ал алдында тұрған адам "көрумен" қатар,
жұдырықтың да иесі. Оның тек ықыласы ауса болды - бүгін "көргені"
ертең шындыққа айналады.
- Біз, - деп одан əрі жалғастырды фюрер, - қанды кекті
дилетанттарша да, француздарша да, орыстарша да емес, немістерше
негіздете жүргіземіз. Бастар домалап жатады, - ол тағы да терең қиялға
кетті, - бірақ олар домалатқан бастардан əлдеқайда коп бастар.
Олардыкінен жеті есе көп бастар. Ол тау тұрғызатын бастар болады соңғы сөздерді ол сыбырлай айтса да, тырысқағы ұстағандай
жұлқынып жынданып айтты. Ол бір нүктеге қадалып қалды,
сықпытынан шешімділік, қанқұмарлық сезілді.
Оскар қуарып кетті. Алдындағы ұстамасы бар адамнан бір адым
шегініп кеткенін өзі де байқамай қалды. Оскардың өзі байлауын
шешіп, қоя берген жын тежеуді білмейді екен. Бұл оны бір жағынан қуантса, екінші жағынан - шошытты. Бала кезінде қауіпті биіктікте ұп ұзын қабырғаның қырымен қорқыныш арқалай, сонымен қатар
қуанышты көңілмен жүріп өткен кездегі басының айналуы, тізесінің
дірілдеуі айна қатесіз қайталанғандай болды. Өзінің қиялы
Лаутензакқа қалай эсер еткенін Гитлер көріп отыр. Қонағының
осындай эсер алғанына қуанып қалды. Əңгімесі достық, зілсіз əзіл
арнасына қайта түсті.
- Сізге оңай ғой, қымбатты Лаутензак, - деді ол - Сізге идеяны
ойнату түрінде кек алуға рұқсат берілген. Мен де соны қалар едім.
Бірақ, амалым бар ма?
Оскар фюрердің кең отырып еркін сөйлесуге пұрсат бергені үшін,
рахмет айтты. Бастапқыда даусы бəсеңдеу шығып еді, бірақ бара-бара
тынысы ашылып, көсіліп сөйлеп кетті. Ол неміс болмысындағы
маңызды түйткілдердің бірі болып есептелетін, кек алу инстинктінің
мəнін тапқыр теңеулер келтіре отырып түсіндіргені үшін фюрерге
алғыс жаудырды.
- Немістің жанындағы қирату күші жасампаздық күштен əсте кем
емес, - деді ол, Гитлердің сөздерін өз тіліне аударып. Неміс үшін жауын
күлге айналдырып, қарсыласын аяққа таптау арманды сəт.
- Мені дұрыс түсінген екенсіз, - деп мақтады оны Гитлер. - Сонымен,
- деді ол, əңгімесін аяқтауға жақындап, - мен сіздің əлгі қалай еді -
Крамеріңізді босатамын. - Ол өзінің қойын кітапшасына əлденелерді
түртіп алды. Жəне сізге, қымбатты Лаутензак, қайтқан кегіңіздің
қанағат сезім əкелуін тілеймін.
Оскар Гитлердің замогынан қанаттанып шықты. Ол Кетеге: "фюрер
Крамерді босатуға пəрмен берді" - деген жеделхат жолдады да,
Гейдельбергке қуанышпен аттанды.
Доктор
Кадерайттың
аяққаптай
мол
денесі
Проэльдің
"Колумбиахауздағы" тар кабинетін бір өзі толтырғандай болды;
Кадерайт ежелгі əдеті бойынша бөлмені қыдырыстап жүрмек болып
еді, бірден қабырғаға тіреліп, жайсыз орындығына қайта отыруға
мəжбүр болды. Жəне бөлмеде қыдырыстамақ болып қайта тұрып кетті
- бұрынғыдай ойнақы үнмен сабыр сақтай отырып сөйлеуге қанша
тырысқанымен, əлденеге ашулы екені көрініп тұрды.
Проэль оны қызыға тыңдады. Ол бар жүрегімен штурмовиктер
жағында болатын: ландскнехтер мен "ақсүйектер" арасындағы болмай
қоймайтын жəне ақырғы шайқас басталған кезде, ол жəне Кадерайт
баррикаданың екі жағынан табылатын болады. Сонда да болса ол
Кадерайтқа сүйсініспен қарады: шыққан тегі мен тəрбиесі жағынан өзі
де "ақсүйектерге" жататын еді жəне Кадерайттың жүріс-тұрысынан
партиялас жолдастарының жүріс - тұрысын көргендей болатын.
Қалай болғанда да, мұндай құдіретті адамның намысына тию
ақымақтық болар еді. Кадерайт осымен үшінші рет меңзеп отырған
бүл не қылған ғайбат? Кадерайт ол ғайбат туралы Проэль бəрін біледі
деп ойлайтын сияқты; бірақ ол ештеңе білмейді. Сосын, Проэль өзінің
қонағынан төтесінен сұрады.
Сөйтсе, доктор Кадерайт Гитлер мырзамен аса маңызды деген
кейбір экономикалық мəселелерді талқыламақ болыпты. Оның ішінде
қару-жарақ мəселесі де бар. Бірақ рейхсканцлер мырзаның бұған
уақыты болмапты. Оскар Лаутензак мырзаны қабылдауға уақыт
тапқанда, Гитлер мұны қабылдауға уақыт таппапты.
- Мыңжылдық рейх үшін оккультік ғылымның маңызы ерекше
екенін мен түсінемін, əрине, - деді Кадерайт. - Бірақ алдағы
онжылдықтағы экономика мен қару-жарақтың алатын орны одан кем
болмаса керек. Егер Гитлер мырза тек Лаутензак мырза үшін ғана
уақыт табатын болса, онда мен, өкінішке орай, оны айналып өтіп, оз
істерімді рейхспрезиденттің өзімен шеше аламын.
- Бұған өзім де аң-таңмын, қымбатты Кадерайт, - деп жауап берді
Проэль, жазу үстелін саусақтарымен тынымсыз тықылдата отырып.
Ол шынымен аң-таң еді. Ол Адольфпен кеше ғана телефон арқылы
сөйлескенде Кадерайтты қабылдаудан бас тартқаны жөнінде де,
Лаутензакты қабылдағаны жөнінде де тіс жармады.
- Сіз оның Лаутензакты қабылдағанына сенімдісіз бе? - деп сұрады
Проэль.
- Мен оны пайғамбардың өзінен естідім, - деп ойланбастан жауап
берді Кадерайт. -Мен оған Гейдельбергке телефон шалғанмын; онда
оған докторлық атақ бергелі жатыр ғой жəне барынша салтанатты
түрде - қоңыраулатып, əндетіп дегендей. Мен де құттықтамақ болдым;
ей, осы əдептілік деген қалмайды ғой бізден. Сонымен, əлгі əулиеңіз не
деп жауап берді дейсіз ғой? "Біздің кездесуіміз керек еді, қымбатты
доктор Кадерайт. Бірақ осы күндерде қолым тимей кетті; алдымен
Бергхофқа, фюрерге барып-қайтуға тура келді, енді міне Гейдельбергтемін. Бірақ Берлинге қайтып келісімен, сіз секілді ескі
досқа жарты сағатымды бөлуге əзірмін" - дегені.
Проэльдің зымиян, сұрғылт көзі Кадерайттың тұманды көзімен
кездесіп қалды. Проэль Оскардың Адольфтан не алмақ болып жүргенін
түсінбейді. Мүмкін əңгіме əлгі ақымақтық академия туралы болған
шығар. Қайдағы бір жаңа пайда болған шошақайдың Адольфтың
сеніміне кіргені жақсылықтың белгісі емес. Жəне сеніміне кіріп алғаны
сонша, оған Адольфтың өзі де қайран; əйтпесе көріпкелдің келіп
кеткенін Проэльден жасырмас еді. Шын мəнінде, енді өзінің мүддесіне
де кезек келгеніне Проэль қуанады, өйткені, бүл пайғамбарды құртуға
себеп болады.
Фриц Кадерайт, өз тарапынан, Ильза мен Лаутензактың
сүйіспеншілікті байланысы жанына қатты батқандықтан да, өзі
мойындағысы келмегенмен, іші құрғыр бəрін сезіп, сол бір сұмырайға
тəжірибелі жүректанушының сенбестігімен салқын қарап жүрген.
Тойымсыз Лаутензак ашкөздікпен фон Обриетің меншігіндегі тамаша
өнер туындысын сатып алған кезде, Кадерайт оған көз жұма қарағанды. Онымен достық қатынасын үзбей, өзін құттықтау үшін,
Гейдельбергке телефон шалған. Бірақ бүл неменің осының бəрі аз
болғандай саясатқа араласуы жəне Гитлердің сеніміне кіруге ұмтылуы
- шектен шыққандық еді. Иттің басын табаққа салсаң, шоршып
түседі деген осы.
Кадерайт пен Проэль бірін-бірі айтпай түсінеді. Олар біріне-бірі
қарап жымиды да, Оскарға қарсы одақ кұрды, əрине, əзірге емеурінмен
ғана.
- Ұлы адамның осал тұстарына кешіріммен қарау қажет,
- деді Проэль. - Осындай сұрақты өзіне Цезарь да қоймап па еді,
шешімге келмес бұрын.
- Бірақ ол өзінің болжамына сүйенді деп кім айта алады? Айта
алмайды, əрине, егер болжам экономика мүддесіне қайшы келіп жатса.
- Ол жағын маған беріңіз, қымбатты Кадерайт, - деді Проэль. - Біз,
бір кездегі ландскнехтер, мығым экономиканың не екенін түсінеміз.
Біздің кірістеріміз қайдан келер еді? Адольф Берлинге оралысымен,
сізді бірінші қабылдайтын болады. Ал сізге доктор Лаутензак мырза
уəде еткен жарты сағат туралы ештеңе айта алмаймын.
Екеуі де миықтарынан күлісіп, дос адамдарша түсінісіп тарасты.
Бүл таңертең болған оқиға. Ал күндіз Цинздорф штаб бастығына
Берхтеегаденнен берілген жеделхатты көрсетті. Фюрер штурмовиктер
тұтқынға алған Пауль Крамерді босатуды сұрапты.
- Мұның артында кім немесе не тұрғанын түсінетін шығарсыз деп
ойлаймын, бастық мырза?
Таңертеңгісін Проэль Гитлердің Лаутензакты қабылдағанын естіген
кезде əулие өзінің академиясы үшін фюрерден ірі қаражат сұрағалы
жүр екен деп ойлаған. Енді, жеделхатты оқып шыққан соң, ол бүл
барыстың шын себебін анықтады жəне өте қайран қалды. Проэльдің
ойына да кірген жоқ еді. Лаутензак Крамердің тағдырына осынша
мүдделілікпен
қарайды
деген
жəне
өзі
оның
өтінішін
орындамағандығы есіне түскенде, не дерін білмей дағдарды. Ал
Проэльді айналып өтіп, Гитлерден рахым сұрау деген, Лаутензак
тарапынан жасалған құлақ естімеген арсыздық еді.
- Менің ойымша, - деді ол, жеделхатты стол үстіне тастай беріп, - бүл
жерде мəселенің неде жатқанын білу үшін, Талейран болудың қажеті
жоқ.
- Бұл Лаутензактың Бергхофта осынша беделі бар деп кім ойлаған? деп ойлады іштей Цинздорф.
Проэльдің қызғылт жүзі өзінің ойнақы реңінен жұрдай болып шыға
келді. Крамерді босатуға тура келетініне қатты өкінді: егер бұған
қарсылық білдірсең, тағы да бір пəлеге қаларсың деп ойлады.
Цинздорф оның алдында əңгіменің артын күтіп, жайбарақат отыр.
- Қалай, доктор Крамер мырза босатылды ма? - деп сұрады Проэль.
- Мен алдымен сізді іспен таныстырайын деп едім, бастығым, - деп
жауап берді Цинздорф. - Сіз үшін қызықсыз болмас деп ойлаймын.
- Ойлағаның дұрыс - ақ, - деп қосыла кетті Проэль. - Бірақ нені күтіп
жүрсің? Адольф оны босатуға пəрмен қылды. Бұйрық түсінікті.
- Мұнда бір жағдайлар бар, - деп қарсылық білдірді Цинздорф. - Ол
сіздің сұрау салуыңызға мүмкіндік береді. Крамердің ісі əскери-саяси
көлеңкелі элементтер арасындағы күш байқасу. Фюрерді осы
көлеңкелі элементтерден сақтандыру керек.
- Əсіресе сен сол көлеңкелі элементке жиырма - отыз мың марка
бермек болғандықтан, - деп нақтылай түсті Проэль, - сенің оларға
əулие Георгий атынан қарсы шығуыңның себебі сондықтан.
Цинздорф еңкейіп келіп, Проэльдің көзіне тура қарап тұрып,
қаймықпас үнмен:
- Ио, дұрыс айтасың, Манфред, біз екеуміз де сол Лаутензактың
қандаласын басып өлтіре салуға қарсы емеспіз - менің мүддем үшін
ғана емес, партияның мүддесі үшін, -деді.
Проэль жымиған да жоқ, жауап та бермеді. Осы бір қарсы алдында
отырған, жүзінен арсыздық күлкісі əлі тарай қоймаған Улрих досы
сенімсіз адам ба деп қалады. Шешуші сағат келгенде мұны қорғап қала
ма, əлде "ақсүйектердің" штурмовиктеріне сатып жібере ме, оны құдай
біледі. Ондай күн туа қалса, бұл Ули шімірікпестен жымиып тұрып,
отыз күміс теңге салынған конвертті өз қалтасына тыға салудан
тайынбайды. Жəне де, бір қызығы, Проэль оған онша ашуланбайды.
Сонда қалай, өзінің де, Улидің де көңілін қалдырмау үшін, осылайша
бүл ойынды жалғастыра бермек пе? Егер Лаутензакпен қақтығыс тек
Крамердің ісімен шектелетін болса, ол, Проэль, ойланбас та еді. Бірақ
Оскар Лаутензакты білетіні рас болса, ол енді тынышталмайды.
Жағымсыз салдары болуға тиіс; ол мұнымен тоқтап қалмайды.
Мəселен, бұл мəселе жөнінде Гансйорг не айтады. Ол əлі Парижде, ол
Франко - герман қарым -қатынасын реттеуде; келісімен Проэль мен
бауырының арасында ашық жауласу басталғанын білгенде, бүл ол
үшін күтпеген жаңалық болары анық. Ганс пен Проэльдің арасындағы
достық Улидің кесірінен онсыз да ушығып тұрған болатын, ал енді ол
жаңа тартысқа ұласқалы тұр. Ули соған тати ма? Проэльдің көріпкелге
деген жеккөрініші соған тати ма?
- "Қандала Лаутензак" - деп қайталады ол Цинздорфтың сөзін,
бірқауым үзілістен кейін. -Философтар туралы ойың жаман екен, Ули.
Адам жаны дінді қажет ететінін түсінбейді екенсің. Жəне өзіңе не керек
сонда? Міне, Гитлердің жеделхаты. Roma Locuta, causa finita.
Егер шындап кірісетін болса, əлі де кеш емес екенін Проэль
санасының түкпірінде түсінетін. Ол Гитлердің оз бұйрығын қайтып
алуына эсер ететін бір амалдың бар екенін əу бастан-ақ білген, бірақ
сол амалға көшуге Цинздорф кеңес берсін деп күткен.
Жəне ойлағанындай, анау сол тұзаққа өзі келіп түсті.
- Пауль Крамердің ісі, - деді ол, - қомақты іс, бірақ сіздің
еңбекқорлығыңызды білетінім рас болса, бастығым, сіз оны зерттеп
шықтыңыз жəне Пауль Крамердің іске тігілген бір мақаласына назар
аударған боларсыз: Гитлердің жұмыс стилі туралы очерк. Біз кезінде
фюрерді қорғамақ оймен оны оған көрсетпеп едік. Енді, менің ойымша,
оны аяй берудің қажеті жоқ. - Ол жымиған болды, бірақ сықпыты адам
шошырлық еді, тіпті Проэльдің өзі де сескеніп қалды. - Фюрерге сұрау
салғанша бүл адамды босатуға болмайтынын ойламадыңыз ба,
бастығым? Егер мен Крамерді босатуды сұрауға жауап келгенше бөгей
тұрсам, сіз мені қорғайсыз ба? Адольфпен ашық сөйлесуге тəуекел
етесіз бе? - деп сұрады ол мүлəйімсіп.
Проэль терең тыныс алды.
- Біздің əрқайсымыз, тереңірек үңілсек - доңызбыз, - деді ол, - бірақ
сен Ули доңыздан да жаман шошқасың. Жылпос сайтанның өзісің,
балақай. Əй, жылпоссың-ау. -Ол Цинздорфтың иығынан қағып қойды.
Үш күн өткен соң Гитлер Берлинге келді. Проэль оған Пауль
Крамердің Гитлердің стилі туралы мақаласын көрсетті.
- Маған Пауль Крамерді босату керек деген хабар келді, - деді ол
Маған Оскар Лаутензак саған сілтеме жасайды дегенді айтады. Онысы
қызық екен. Меніңше, біреулер біреуге дұрыс ақпарат бермеген
сияқты. Тіпті болмағанда, бұл түсінбеушілік.
Гитлер өзінің стилі туралы мақаланы оқып шықты. Гитлер қызарып
кетті. Ол үш бұрышты мұрнынан ауыр тыныс алды. Гитлер өзінің
неміс тілі туралы айтылатын сын пікірлерді көтере алмайтын. Ал өз
стилін мақтан тұтатын. Жəне оны қайталанбас стиль деп
есептейтін.Ол журналды мақаласымен қоса үстелдің үстіне лақтырды.
- Бүл шектен шыққан арсыздық, - деді Гитлер, - сайтанның сапалағы.
Ол даусын көтермей сөйледі - мынадай жағдайда өзінің
жындылығын айқаймен айғақтау орынсыз болар еді. Ол ары - бері
адымдап жүріп алды. Қайтадан үстелге келді, журналды қолына қайта
алды. "Сөздері жауын құрттары секілді созыла беретін жабысқақ екен"
- деді де, басын бір сілкіп алды, еріндерін тістеледі.
- Осыны қалай басты екен? деп айқайлады. - Осындай нəрсені басуға
жіберген режимді əу бастан-ақ құрту керек еді. Мұның жемісін беретін
шіріген ағашты баяғыда-ақ қырқып тастау керек еді.
Проэль бөлмеде байыз таппай жүрген фюрерден өзінің жылт-жылт
жүгірген зымиян көзін алар емес. Ол оның сөзін бөлуден сақтанды. Ол
Гитлердің бұл мақаланы жайына қалдырмасын жақсы біледі.
Ойлағандай-ақ, Гитлер мақаланы қайта зерттей бастады.
- Ол менің тілімді қарабайыр тіл депті, - деп таңданды фюрер. Бейнелі тілді бұзып сөйлейтінімді, теңеулерім бір - біріне қарамақайшы келіп жататындығын сынапты. Иə, мен теңеуге бай, кестелі
тілді ұнатамын. Менің суретші палитрасымен таныстығым тілімнің
бояуын аша түседі.
Ендігі жерде Проэль қолайлы сəттің туғанын сезді.
- Байқадың ғой, - деді ол, - мен мұндай мақаланың авторын бұғаудан
босатуға болмайтындығын бірден ұқтым.
- Иə, - деп, ренішті жауап берді Гитлер. - Мұндай мерезді босатуды
сұрамас бұрын, Лаутензак алдымен оның қандай адам екенін біліп
алуы керек еді. - Ол ашулы болатын жəне Проэльді жанай өтіп,
айдалаға қарап отыр. Осындай шатпақтың иесін бостандыққа шығару
қауіпті болар деп қорықты. - Қайда барсаң - қорқыттың көрі, - деп
күңкілдеді ол -Қайда барсаң көз ашпайтын қиыншылық.
- Мен сенің кейде Лаутензактың пікірін тыңдайтыныңды түсінемін,
- деді Проэль. -Бірақ ол көріпкелдікке ғана құзырлы, ал саясатқа
тұмсығын тығуы тіптен түсініксіз.
- Олай емес шығар, - деді Гитлер. - Мəселен, "көру" қабілеті менде де
бар, алайда оның күнделікті жұмыспен сыйыспағанын байқаған
емеспін.
Ол Крамердің ісіне қайта оралды.
- Маған ғайбат айтса айта берсін, - деп мəлімдеді ол. - Бірақ Крамер
секілді адамның неміс тілін, ұлтымыздың асыл қазынасын былғауы,
барып тұрған көргенсіздік, - бұған мен жол бере алмаймын.
- Əрине, - деп қостады Проэль, - жол бере алмайсың.
- Екінші жағынан, - деп, күңкілдеуін жалғастырды Гитлер, - мен ол
мерезді босатамын деп Лаутензакқа сөз беріп едім.
- Бірақ сен ол кезде Крамердің қауіпті адам екенін білген жоқсың
ғой, - деп қарсы дəлел айтты Проэль. - Лаутензактың өзі де білмеген
шығар, бəлкім. Екеуіңді де адастырған жалған ақпарат.
Солай да шығар, - деді Гитлер, - екеуіміз де адасыппыз. Бірақ мен
Лаутензакты ренжіткім келмейді. Ол сирек дарынның адамы. Мен
осынау тамаша адамның қамқоршысы болуды өзімнің рухани міндетім
деп санаймын.
- A La bonne heure! - деп жауап берді Проэль. - Қамқоршы бол, жебей
жүр. Мəселен, академия ашып бер. Бұған қарсы бір ауыз сөзім жоқ.
Бірақ сенің неміс тілінің алдында да тарихи міндеттемең бар ғой. Оған
тіл тигізген адамның алшаң басып бостандықта жүруіне жол бере
қоймассың. Ол жағын өзің қорытындылаған жоқпысың?
- Дұрыс, Манфред, дұрыс, - деп қостады фюрер, ауыр да күмəнді ойға
батып. - Мен ол адамды босатуға уəде беріп едім, ал адамгершілік заңы
оны тордың арғы жағында ұстауды талап етеді. Мұндай қақтығыстан
адамгершілік борышпен шыға қою да қиын, -деп күңкілдеді Гитлер. Ол
бөлменің ол шеті мен бүл шетіне екі рет барып келді. Сосын тұра
қалды да шешімді түрде:
- Менің басқаша істеуге хақым жоқ. Мен Крамерге тұмылдырық
кигізуге міндеттімін, -деп мəлімдеді.
- Мақұл, - деп, əңгімені аяқтады Проэль шімірікпестен, тұмылдырық кигізейік. Қысқасы, мен оны əзірге шығармаймын.
- Басқа жолын коре алмай тұрмын, - деді фюрер. - Мен оған
тұмылдырық кигізуге міндеттімін. Лаутензак менің көзқарасымды
түсінеді деп ойлаймын.
- Əрине, міндеттісің жəне, əрине, түсінеді, - деп қостай кетті Проэль.
Ол үстел үстінен Крамердің ісін алды. - Демек, мəселе шешілді, - деді
де, ол басқа əңгімеге ойысты.
Гансйорг Парижден оралды. Онда оны салтанатпен қарсы алыпты,
құрметті легион орденінің кавалері атаныпты, республика президенті
қабылдапты жəне көптеген істің басын абыроймен қайтарыпты. Ол
осының бəрін Гейдельбергте жүрген ағасына айтқанша асықты.
Ол Оскар туралы толық ақпарат алды. Таң қалғанда, академияны
ашуға Проэльдің бел шеше кіріскенін естіді. Демек, Проэль Оскарға
қырын қарап жүр деген болжам өтірік болғаны ғой. Ол Петерманнан
Оскардың Гитлерге барып қайтқанын да естіді. Рас, бүл сапардың
себебі мен мақсатын Гансйорг біле алмады.
Оскар Гейдельбергтен келгенше Гансйорг көптеген жағымсыз
нəрселерді біліп алды. Проэль мұның бəрін Гансйоргпен ашық
сөйлесуге бекінді. Ағасының ақымақтығы үшін Гансйоргпен арадағы
достық қарым-қатынасын бұзғысы келмеді.
Сондықтан, Гансйорг Париж туралы баяндамасын аяқтасымен,
Проэль Оскар туралы əңгіме бастаған-ды.
- Оның ұлы болғысы келетін ауруы бар, - деді ол - Фюрердің
уағыздаушысы мен деуге сəл қалып жүр. Мұндай биікте ол көп жүре
алмай ма деп қорқамын. Осы іспен өзің айналыссаң қайтеді,
қымбаттым.
Гансйорг қуарып сала берді.
- Кешірерсің, Манфред, - деді ол, - бірақ мен ештеңеге түсініп тұрған
жоқпын. Мен Парижден келгенше не бүлдіріп қойды? Гейдельбергте
əлдеқандай қателікке жол берді ме? Бүл мəселенің төңірегінде шу
көтеруді газеттерге өзім тапсырғанымды айтуға тиіспін. Бəлкім,
академияға байланысты бір нəрсе шығар? Тым менменсіп кетті?
- Мұның бəрі сандырақ, - деді Проэль кекесінмен. - Гейдельберг,
академия. Докторлық қалпақты алды түгілі артына байлап алсын мейлі, өзін далайламамын десін -мейлі, оған мен батамды берер едім.
Бірақ Адольфтың мазасын алмасын. Одан да еңбегі сіңген адамдар бар,
олар да фюрерге жол таба алмай жүр жəне жуық арада таба алмайды.
Ал ол əліне қарамайды. Осынысы енді қайталанбасын!
Проэль барлық хикаяны баяндап болғанша, Гансйорг судан
шыққандай сүмірейіп отыра береді.
- Мүмкін данышпан - ақ шығар, - деді Проэль сөзінің аяғында, - бірақ
барып тұрған нақұрыс. Мені аттап кетіп, Адольфпен сөйлесуге
болмайтындығын емшектегі балаға дейін біледі. Жəне, əрине, өзінің
беймазалығымен ешнəрсе бітірген жоқ. Керісінше, Гитлер бұдан былай
Крамер туралы кіжінбей тура алмайды. Ол маған Крамерге берік
тұмылдырық кигізуді тапсырды. Мұрныңды бүйтіп тыржита берме,
балақай, - деді ол сөзін жалғастыра отырып. - Гансйорг одан сайын
бозарды. - Бұл арада сен қауқарсызсың. Бірақ сенің онымен
байланысың жақсы, сондықтан достықпен сақтандырғым келеді.
Өзіңнің ағаңмен оңаша сөйлес. Оның білетіні - таза оккульттік ғылым,
басқа ешнəрсе де емес. Миын бұрап ал. Жақсылап сөйлес.
Ұмытпайтындай болсын.
- Жалғыз қалған соң Гансйорг еңсесі түсіп ұзақ отырды. Басына
ешқандай ой келер емес. Сонан соң естігендерін жіктеп алуға тырысты.
Əрине, осының бəрінің артында Кете Зеверин тұрғаны анық. Бүл
Оскардың есі ауысқан. Қызының алдында кəрі қораздай қоқиланып,
көрініп қалғысы келді. Сосын мансапқорлықпен неше түрлі
ақымақтыққа барады.
Гансйоргтың санасында оған деген жек көру бас көтерді. Ол ағасы
үшін өмір бойы құл болып келеді. Оған барлық жағдайды жасап берді.
Мұндай жағдайды күллі əлемде бір де бір телепат көрген жоқ, ал ол
оңбаған, ешқашан түзелмейтін, қыңыр боп туған ақымақ қатыннан
басқаны білмейді. Кете үшін ол қандай ақымақтыққа болса да барады.
Ал Гансйорг - оның қайнатқан ботқасын жесін!
Мейлі Оскар - данышпан болсын. Мақұл Гансйоргтың мойындайтын
адамдары - Гитлер мен Оскар. Бірақ Гитлер оттан да, судан да өткен
адам, ал Оскар қарапайым ғана хайуанның өзі. Алаяқ əрі ақымақ.
Проэльмен арадағы қатынасын ақыры бүлдіріп тынған екен шіркін!
Бəлкім, консультация берген кезде бірдеңені бүлдірді ме екен? Проэль
оны жек көрді, онысы эр сөзінен байқалып тұр. Алдымен айтқанға
көнбей Цинздорфпен жауласты, ал енді Проэльдің ашуына тиіпті.
Мұны, Гансйоргты, ескеріп жүрген Проэльдің адамгершілігі бар
екен. "Оскардың миын бұрау керек", - деді ол жəне Гансйорг тап солай
істейді. Манфредтің ескертуін болдырмас. Ол Оскардың жер-жебіріне
жетеді əлі. Ағам деп аямайды. Тек Гейдельбергтен келсін малғұн.
Қоңыр жейде киген бірнеше жігіт ыңырсыған бір қап ет пен сүйекті
"Колумбиахауздың" дəлізімен сүйреп барады.
Мыж - мыжы шыққан күрең сұр костюмді тұтқынның ныспысы №11783. Бұрынғы аты-жөні Пауль Крамер.
Шала өлік Пауль Крамерді кабинеттердің біріне кіргізеді. Мұнда
шерудегідей киінген əскери адам отыр, жағасына жапырақ тəрізді
белгі жамалған, тəрізі, бүл маңызды сабазың ландскнехтердің бірі
болар. Бүл жапырақтың нені білдіретінін бұрын Пауль білетін еді:
есіне түсіре алмай отырғанына налыды. Шерудегідей форма киіп
отырған адам сыпайы, тіпті əдепті десе де болады. Тұтқынды "доктор
Крамер мырза" деп атайды. Отыруын өтінеді, отыра алмайтынын, бір
жағына аунай беретінін білген соң, алып келгендерге ым қағып,
диванға отырғызды.
- Доктор Крамер мырзаның жағдайы нашар екені көрініп тұр, - дейді
ол жəне тұтқынның су ішуін, тіпті коньяк ішуін сұрады. Жағаға
жапсыра тігілген жапырақтың нені білдіретіні Паульдің есіне енді
түсті, ол емен жапырағын бейнелейді жəне мына адам ландскнехтер
арасындағы полковник шеніндегі бастық.
Емен жапырақты адам, полковник айдауылдарға кетіңдер деп
бұйырады. Енді ол Пауль екеуі оңаша қалған соң, сыпайы түрде
əңгімелесе бастайды.
- Сіздің жағдайыңызда, доктор Крамер мырза, - дейді ол, - əділ болу
үшін бірсыпыра рух керек. Біз тек бір ғана нəрсеге - мынау сұрапыл,
қатал уақыттың қатесін түзеуге ұмтыламыз, ол тек қатал, сұрапыл
шаралар арқылы жүзеге аспақ. Сіз, əрине бізді көп дəрі-дəрмек береді
деп айыптауыңызға болады, бірақ бүл біздің емдеу əдісіміз екенін
түсінуге тиіссіз. Сіз мені тыңдап отырсыз ба, доктор Крамер мырза?
- Тырысамын, - деп қырылдады Пауль.
- Ал енді сіздің ісіңізге көшелік, - деді полковник. - Мен сіздің кейбір
мақалаларыңызбен таныстым жəне сіздей ақылды адамның о бастанақ билікті ұстап қалуға тырысатын партия ешқашан кейбір теориялық
ережелердің тарауына жол бермейтінін түсінбегеніңізге таң қалдым.
Осы бір қарапайым қағиданы түсіндіру үшін біз сізді толықтай
пансионға аламыз, яғни алдық. Мен мəселенің егжей - тегжейіне
кеңірек тоқталуға мəжбүрмін, доктор Крамер мырза, өйткені сіздің оз
жағдайыңызды айқындап алуыңыз мен үшін маңызды. Алдымен біз
сізге бірсыпыра сабақ бергенді жөн көрдік. Бірақ одан бері жағдай
өзгерді, ешқандай уəжге көнбейтін жоғарғы жақ сіздің ісіңізді алдырып
қарады жəне сізге "тұмылдырық кигізуге" ұсыныс жасады. "Сабақ" пен
"тұмылдырықтың" арасында айырмашылық бар. Сабақ алған адамның
ойлануына уақыт беріледі. Ал тұмылдырық кигізілген адам сөйлеу
мүмкіндігінен қалады. Сіз сияқты стилист адамға оны түсіндіріп
жатудың өзі артық болар деп ойлаймын. Сіздің тұмылдырығыңызға
келсек, доктор Крамер мырза, ережеге сəйкес, ол əбден берік болуға
тиіс. - Шерудегідей форма киген адам сол кідірді, сосын түсіндіре
бастады: - Мен бүл дəрісті сізге адамгершіліктен ғана оқып отырмын.
Сіздің ойлануыңызға бірнеше сағат беріледі. Жақсылап ойланыңыз да,
қорытынды жасаңыз. Біз ерік бостандығына сенеміз жəне сондықтан
да шешімге келуді өзіңізге қалдырамыз. Коньяктан тағы да ішесіз бе?
Пауль жантайып жатып тыңдайды. Коньяктың отты уыты тұла
бойын күйдіріп барады, бірақ ауырғаны басылмады. Ол шерудегідей
киінген адамның сөзін тыңдап жатыр, сөз алыстан естілетін сияқты,
сондықтан бəрі бірдей санасына жетпеді.
- Қандай тілегіңіз бар? - деп сұрады, шерудегідей форма киген адам
жəне осы сұрақ Паульдің жанына терең батты. Оның санасы бірден
оянды. Ол терең тыныс алды. -Ойланыңыз, уақыт бар, - дейді əдеппен,
шерудегідей форма киген адам.
Бірақ Паульдің ойлануына көп уақыт керек болған жоқ.
- Мен төсекке жатқым келеді, - деді ол, дірілдеген дауыспен, - жəне
тағы да коньяк берсеңіз.
Сəлден кейін Паульді алып барған камерада шынында да кереует
бар екен, одан басқа орындық пен тықылдаған сағат түр. Ал төбеге
қағылған үлкен ілгектен шам жарығына шағылысқан ұзын арқан
салбырайды.
Пауль ісіп кеткен көздерін жұмып төсекке жата кетті. Бірақ ілгек
пен арқанды көзін жұмса да көріп жатыр. Қызық. Өзіне қол салудың
қажеті не? Басына тұзақты олар кигізе ме, өзі кигізе ме, олар үшін бəрі
бір емес пе? Өзі асылып өлді деген сөзді бəрібір айтады. Сонда бұл
көрсетілімнің қажеті не?
Бірақ олар үшін бəрібір емес екен: бұлар құдайына қараған
шенеуніктер ғой. Гитлер Крамерге тұмылдырық кигізуге бұйрық
берді. Проэль: тұмылдырық сенімді болсын, -дегенді қосты. Цинздорф:
бір ғана сенімді тұмылдырық бар, - деп нақтылай түсті. "Бірақ, бізде
бүл адамның саудасын бітіру туралы бұйрық жоқ кой, - деп түсіндірді
ол - Біз тек бүл туралы он бір мың жеті жүз сексен үш нөмірлі тұтқынға
емеурін білдіре аламыз. Неғұрлым түсінікті етіп емеурін білдірсек,
соғұрлым бізге жақсы, ол өзін-өзі өлтіруге неғұрлым белсене кіріссе,
соғұрлым жақсы". Міне, бір қап ет пен сүйектің үстіне арқанды
салбыратып қойғандары сондықтан.
Пауль бəрінің мұқият, керемет білімділікпен дайындалып қойғанын
көрді. Тек қана орындыққа шығып, басыңа тұзақты кигізесің де,
орындықты аяғыңмен итере саласың. Мұны істеу көп жігер-күшті,
азаптануды қажет етеді, бірақ есесіне, мұны істесе, сағат ұзақ
тықылдамайтын болады. Ал егер мұны істемесе, егер кереуетте
жатып, басқалардың келуін күтсе сағат ұзағырақ тықылдамақ жəне
ауырғаны бір ғасырға созылмақ.
Орындықтың үстіне шығу керек. Соны істеу қажет. Оны істемеуде
ешқандай мəн жоқ.
Алайда ол мұны істемейді, бүл олар үшін тиімді болғандықтан да
мұны істемейді.
Ал осында жатып алып ауырғаны мен азапты ғасыр бойы
тартқаннан кімге пайда? Өзіне де, басқаға да пайда бермейді. Бүл
туралы ешкім де білмейді. Бүл батырлықтың мүлдем мəні жоқ. Гитлер
бүл адам ақымақтықпен өлді дей салады.
Фюрердің стилі есіне түскенде Пауль еріксіз күледі, иə, жанына
батқан азапқа қарамай, қан басқан, жырымдалған еріндерімен
жымияды. Шерудегідей форма киген адамның айтуына қарағанда
мұның түбіне Гитлердің стилі туралы мақала жетіп отыр жəне оның
есесіне, Гитлер мұны өлтіргелі отыр, Пауль оның стилі еске түскенде
қалай күлмесін!
Ал, шындығына жүгінсе, күлкілі адам - мұның өзі. Бір елі ауызға екі
елі қақпақ қоя алмағаны үшін, процесте қасарысқаны үшін, шет елге
уақытында кетіп қалмағаны үшін күлкілі. Бірақ ақтық жолында жан
пида болып бара жатқанмен, мұның сөзі дұрыс. Ұрпақ үшін сайқымазақ
болып қалатын - Лаутензак, ал қаһарман - Пауль.
Қара сұр костюмге келетін болсақ, тігінші Вайц əулие екен: өлгенше
киесің деп еді, айтқаны аумай келді, өлді деген осы емес пе.
Рахат өлім. Жаныңа батқаны болмаса, жақсы-ақ сөз. Өлім сағаты
соққанша ойланатын сөз. Ол аталарына аттанғалы отыр. Қай атасы
жақын? Еврей атасы ма, əлде көне германдық атасы ма? Аю терісін
төсеніп шарап ішіп шалқып жататын аталарына ма, əлде сүрелер
жазып, дін уағыздайтын аталарына ма? Еврейлерде жақсы дəйек сөз
бар. Міне екі жарым мың жыл болды, олар өлер алдында: "Мəңгі бақи"
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 19
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.