Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 17

Total number of words is 4316
Total number of unique words is 2111
35.2 of words are in the 2000 most common words
48.5 of words are in the 5000 most common words
56.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Гитлер!" деп, шиқылдақ, семіз даусымен ұрандап қояды. Оның
жымысқы тышқан көздері қорқыныштан дəрменсіз жылтырайды,
тақырлана бастаған асқабақтай басы бұрынғыдай үлкен көрінбейді.
Оның əлгі тышқан көздері қабырғаға қарсы жақтан тұрлаусыз жанның
бас изеп амандасқан сұлбасын байқап қалды. Ол - Гансйорг еді. Иə, ұп ұсақ, өткір, жыртқыш тістерін ақсита миығынан күліп тұрған Гансйорг
болатын. Бұл сайқымазақты кім ұйымдастырғаны Манц мырзаға енді
түсінікті болды.
Ми жоқ Манцта! Адольф Гитлер үкімет басына келісімен, тез ізін
суытудың орнына, осы жерге жабысты да қалды. Ал, басқаның болмаса
да оның тəжірибесі бар еді ғой: жарық дүниеде сəтсіз актерден кекшіл
адам жоқ. Ал енді сыбағаңды. Ал енді биле мына аузы-мұрнынан
шыққан кафеде "мемлекеттік кеңесші" деген атағы бар мұрынбоқтың,
оның қожасы - əлгі жаман канцлердің, "фюрердің", дүйім жұрттың
ысқыруымен қуылған күлдіргінің бұйыруымен.
Бір - сол аяқ, екі - оң аяқ, үш - "Хайль Гитлер!"
Манц мырза кафеден үйіне иығы түсіп, сүйретіліп əрең жетті де,
бірден төсегіне жатып қалды. Келесі күні елден тайып тұрды, бірақ
кетерінде өзінің досы Калиостраға бұл қашуының себебін айтып кетті.
Алоиз бен Оскардың арасында қызу айтыс өрбіді. Бүл жолы Алоиз
шындап бүлік шығарды, ол сахнаға шығудан біржола бас тартты. Сотта
жалған ант берген адамға, деп мəлімдеді ол түксиген кекті жүзбен,
келісімшартты бұзу деген түк емес. Оскар, өз кезегінде Гансйоргқа
тарпа бас салды; рас, "Эдем" қонақ үйінен шығатын жерді таппай,
Пауль Крамердің есікпен бірге айналғаны туралы оқиға есіне түскенде
ол біраз сабыр сақтағандай болган. Ақыры, антрпренер Манцқа,
Оскардың талап етуі бойынша, кешірім сұраған хат жазылды, ал екі
штурмовик жазасын алды.
Алайда Манц мырза шет елде қалуды жөн көрді. Ал, Алоиз
бұрынғыдан да түнеріп, тігінші Альманың үйінде отырып алып, өзінің
досы Оскарды көк есекке теріс мінгізді.
Жол киімін киген Кете өзінің Кейтштрасседегі пəтерінің есігін
ашты. Ол жол соқты болып шаршап келді, бірақ қанағаттанған терең
сезіммен оралды. Бəрі де ойлағандарындай болып шықты. Паульдің
мекен-жайын алысымен, шетелге ағасына кетпек.
Үйінде оны Оскардың тағатсыздана жолдаған жеделхаты күтіп
жатыр екен. Ол телефон жауап бермеген соң, қатты қорықса керек.
Басқа да жеделхаттар мен сəлемхаттар жиналып қалыпты, бірақ
Паульден - хабар жоқ. Бəлкім, ол сақтық жасап, бұған хабарды айналма
жолдармен жібермек болған шығар, немесе цензура ұстап қалған
болар. Одан хабар келгенше бір-екі күн күте тұруға тура келеді. Қайда
жүр ол? Швейцарияда ма əлде Чехословакияда ма? Қалай болғанда да
ол ертең заттарын буып-түйіп қояды. Оскар мен енді қайтып
көріспейді. Ал бала туралы ештеңе жазбақ емес.
Кете төсегіне жатты. Ең ауыры - артта. Көңілі тыншып, бақытты күй
кешті. Тез-ақ ұйықтап кетті. Əрі қатты ұйықтады.
Келесі күні Кете заттарын буып-түйді. Банкке барып, өзінің аздаған
салымын қайта алды. Үйіне оралды. Пошта келген екен, бірақ
Паульден хабар жоқ. Телефон қоңыраулатты, бірақ мұның бəрі келіпкетері жоқ əңгімелер еді. Кете кешкі асқа бірдеңелер сатып алмақ
болып, үйден шықты. Паульдің қоңырау шалуын өткізіп аламын ба деп
асықты. Бірақ Оскар телефон шалды. Кете Лигництегі əкесі шақырып
алды деп өтірік айтты. Ол бір жағымсыз əңгіме болды. Соңғы рет
əңгімелескен шығармын деп сенеді. Ертең, ең кешіксе - бүрсігүні
Паульден хабар келеді де, жолға шығады.
Кете роялына жақын отырды, қақпағын ашты. Бірақ ойнамады. Ол
екіұдай ойға батқанда ылғи осы рояльдің алдына барып отыратын.
Рояльді осында қалдырады. Оскармен ұрыс-керіссіз айрылыспақ, бірақ
рояльді осында қалдырады.
Кете бүл түнде де жақсы ұйықтады. Таңертең Марианна телефон
соғып, Паульден хабар жоқ па деп сұрады. Марианнаның өзі Паульден
бір аптадан бері хабар-ошар алмаған. Тор ізі, Пауль арғы жаққа өтіп
кеткен, бірақ бір хабарын беруі керек еді ғой.
Келесі түнде Кете үйықтай алмады жəне таң атысымен
Гроссфранкфуртерштрасседегі Альбертке баруға бекінді. Пауль Кетеге
оған тек қиын жағдайда ғана барарсың деп еді, бірақ таң атқанға дейін
не жеделхат, не сəлемхат келмесе, ол оған барады. Таң атты. Кете екіге
дейін күтеді. Сағат екіні соқты. Ол төртке дейін күте тұруға бел
байлады.
Сағат бесте ол Гроссфранкфуртерштарсседе болды.
Кете лифт шақырту үшін швейцарға қоңырау шалғысы келмеді,
одан да бесінші қабатқа жаяу көтерілгені жақсы. Есікті арықша келген
салқын жүзді адам ашты. Кете парольді айтты, ол əлі демін басқан жоқ
еді. Əлгі адам оны бастан - аяқ сақтықпен қарап шығады.
- Түсінбедім сізді, - деді ол
- Бірақ сіз Альберт мырза боласыз ғой, - деп қоймады ол
- Мұнда Альберт Шнейдор тұратынын осы үйдің кез- келген
тұрғыны айтып бере алады, - дейді ол
Кете өздерін сенімсіздіктің тас керең қабырғасы бөліп тұрғанын
сезеді.
- Əңгіме Пауль туралы болып отыр, - дейді ол сендіруге тырысып. Пауль Крамер туралы.
- Ондайды білмеймін, - деп ол қысқа жауап берді.
Не істеу керек? Ол бұған сенбей тұр, бұл түсінікті. Бірдеңені бүлдіріп
алмаса жарар еді. Онда бəрі бітті дей бер.
- Жоқ - а, сіз оны білуге тиіссіз, - дейді Кете жаны қиналып, - мен
оның қарындасымын, - дегенді асығыс қосады ол, - ол бəлкім, мен
туралы айтқан шығар. Менің аты-жөнім Кете Зеверин, мен сізге өтірік
айтып тұрған жоқпын, құдай атымен ант берейін, міне, мынаған
қараңыз. - Ол оған шет елдік паспортын көрсетеді, бірақ анау бұған
бұрынғысынша сенбестікпен қарайды.
Ақыры: "Кіріңіз" -дейді де, Кетені бір салқын бөлмеге алып келеді.
- Тағы да қайталаймын, мен ешқандай Пауль Крамерді де, басқаны
да білмеймін. Жəне сізді тек аяғандықтан кіргіздім.
Кете тез-тез сүрініп-қабынып түсіндіре бастады. Өзіне сенімді
көрінген деректерді келтіреді. Ол Берлинде болған жоқ, Мюнхенге
барып қайтты. Пауль бүл туралы біледі. Ол Паульмен осында,
Гроссфранкфуртерштрассеге қиын жағдайда ғана барасың деп еді, ең
қиын жағдай деген осы емес пе? Бұдан артық қандай қиын жағдай
болуы мүмкін? Егер ол аман болса, сөз жоқ, бір хабар берер еді ғой.
Қыздың айтып отырғанының бəрі дəлелді сияқты. Паульдің
шынында да қарындасы туралы айтқаны Альберттің есіне түсіп отыр.
Қызық қой бұл Пауль, түсіндіріп айтпас па еді. Альберт өзінің
сенімсіздігін жеңе алар емес, ол сөзге сараң, мынадай уақытта өте сақ
болмасаң болмайды.
- Мұнда ешқандай Пауль Крамер болған жоқ, - деп мəлімдеді ол Баяғыдан бері мұнда адам болған емес, сеніңіз маған, бикеш, кімнен
келсеңіз де - полициядан болсын, жоқ əлде басқа біреуден болсын,
бəрібір, - ол оның дəрменсіз, ашынған көзін көріп отыр.
- Егер ол сізге жеделхат жібермеген болса, - деп сақтықпен
түсіндіреді Альберт, -онда, бəлкім, қолға түсіп қалған шығар;
жасырынуына бір себеп болды ғой əу баста. - Ол қабағын түйе, ойлана
сөйлесе де сенімді сөйледі.
Кете қорқыныш пен дəрменсіздіктен дағдарып отыр.
- Тағы да бір минут отыра тұрыңыз, бикеш, - дейді Альберт, демалыңыз. - Полиция, -дейді ол, əлі де ойланып, қабағын ашпаған
күйі, - бəлкім, сіздің Пауль Крамеріңізді тауып берген болар еді. Бірақ,
оған барудың мəнін коре алмай отырмын, бүл күндері олардың
шаруалары бастан асады.
Кете əр сөзін шымшуырмен тартып алатын Альберттің дос екенін
түсінді, бірақ ол одан əріге бармайды, тəуекел етпейді, айтқысы
келмейді. Ол ақылды, сенімді адам сияқты эсер қалдырады. Айтып
отырғандары рас, Паульді тұтқындаған болуы мүмкін жəне, əрине,
оның жоғалып кеткендігін полицияға хабарлау ақылды адамның ісі
болмас еді. Ол Альбертке алғысын айтып, жөніне кетеді.
Күн жаңбырлы екен, ол үйіне жаяу барғанды жөн көрді. Жаулары
Паульді ұстап алған жəне бұған Кете өзі кінəлі. Егер бүл болмаса əлгі
құрып кеткір процесс те болмас еді. Егер бүл кедергі болмаса, Пауль
Берлиннен əлдеқашан кетіп, осы күні шет елде жүрген болар еді. Оның
инстингі əрқашан дұрыс жол сілтейтін - Оскарға да, қашуға да
байланысты.
Нацистік
қапастар
мен
түрмелерде
қандай
сорақылықтардың болып жатқанын ел тек емеурінмен білдіретін; Кете
оны түсіне алмайды. Жоқ, түсінеді, бірақ түсінгісі келмейді. Оны
ойласа болды, тынысы тарылып, көзін тұман басады.
Ол Паульді шығарып алуы тиіс.
Оның бір ғана жолы бар. Альберттің алғашқы сөзінен кейін-ақ
түсінді оны. Сол жолмен жүруі керек. Ол жиіркенішті, жаман жол, бірақ
Кете соның бəріне төзуі, қорлыққа бел байлауы керек. Бірақ қалайда
Паульді алып қалуға міндетті. Ол Зафиенбургке, Оскарға барады.
Кете Оскармен кездескен жерде-ақ келген шаруасын жайып салды.
Оның еңсесі түсіп кеткен, əрең сөйлеп отыр. Ол əрқашан да сұрауға
келгенде қатты қиналатын. Ал қазір өтініші талап еткенмен бірдей,
тіпті айыптаумен бірдей естілді десе де болғандай еді.
Оскар түксие бастады. Демек, ол ағасымен тағы да кездескен процестен кейін, оның нəтижесіне қарамастан. Бəлкім, ол Оскарды кім
болса сол іше беретін жайдақ су деп ойлайтын шығар, дұшпанын
шығарып алуға көмектеседі деп ойласа - жəне дұшпан болғанда қандай
дұшпан!
Дегенмен, Кетенің өтініш айта келгеніне риза. Дұшпандары мұның
сүйетін əйелін əр алуан өсек-аяңмен тұсап тастаған. Егер ол өзінің
əділетті ашу-кегін жеңе білсе жəне интеллектуалдар тобына кешірім
жасаса, мұның қайырымды жақсылығы Кетені əлгі топтың
жексұрындық ықпалынан құтқарады. Иə, ол Пауль Крамерді
құтқарады. Ол мүлде бейшара адам жəне ол лайықты жазасын тартуға
тиіс болса, Оскар оған қарсы болмас еді.
Оскар үнсіз. Өзінің келісімін қалай қымбаттатудың жолдарың іздеп
отыр. Кете бүл үнсіздікті дұрыс түсінбеді. Ол Оскардың бірден келісе
салмайтынын, ол үшін көп нəрсеге баруға тура келетіндігін жақсы
біледі. Жəне өзінің ашуын жеңе отырып, тап-таза даусымен, өзінің
өтініш айтуға бекінгені оңай болмағанын, бірақ солай істеуге мəжбүр
болып отырғанын ашық білдірді. Ол өзінің ағасы Паульға өтеусіз қарыз
жəне, сонымен қоса, оның осындай пəлеге ұшырауына тікелей кінəлі.
Егер бұл болмаса, Пауль Берлиннен уақытында кетіп қалған болар еді.
Оны бөгеген Кете. Бұл оның кеңесіне зəру болды.
Оскар қалың қара қасын жоғары көтерді. Демек, Кете оз бауырымен
осылай кездескен болды ғой.
- Егер сен кеңеске зəру болсаң, - дейді ол, - маған неге айтпадың?
Кете ашығын айтады:
- Бұл іске сенің де қатысың болғандықтан. Ал əңгіме менің екіқабат
болып қалғанымда.
Көріпкел Оскардың бет əлпеті əлемтапырық - Кете күлерін де,
жыларын да білмеді. Бірақ кенет - өзгере қалғанын көрді - өңі ағарып,
көздері жас балаша жайнап, қуаныш шарасына толды.
Кете өзін тежей алмай қалды: Оскардың аяқ астынан өзгере қалған
жылы ұшыраған өңін көргенде оны бұрынғы сезім қайта биледі. Бірақ
өзінің бет-жүзі сұсты, қамкөңіл күйінен өзгерген жоқ.
- Сен мұны бауырыңа несіне айттың? - деп жазғырды ол жəне
қуанышын жасыра алмай: - Мені шынымен-ақ өз баласынан бас
тартады деп ойладың ба? Ол ойымда да жоқ! Бүл дегенің тамаша ғой біздің баламыз болады! Енді біз əрине, үйленеміз. Сол қуаныш тезірек
болса екен. Дереу. Көрерсің, тойымыз керемет болады! Егер дұрыс
болып шықса, Гитлердің өзі де келеді. Бұған сен қуанбайсың ба?
Ол Кетеге жақындай түсіп, иығынан аймалайды жəне ірі бет келбеті
оның аяулы жүзіне жақындай түседі.
Кете дірілдеп, қайта ери бастады. Ол бəрінен де Оскардың балаша
қуанғанына мəз. Жан-тəнімен қуану дегенді соның ғана жүзінен көруге
болады. Кете өзіне таныс, ақылын адастыратын сезімнің жақындап
келе жатқандығын сезді. Ол оны болдырмауға тырысады. Ол Оскардың
ықпалына қайта түспеуге тырысады.
Бірақ осы сот иығының қатты ауырғанынан есін жияды. Оның
ортаңғы саусағында мақтанышпен жарқырайтын жеккөрінішті жүзігі
иығын жырып кетіпті. Кете оны ренжітіп алмау үшін, ақырын ғана,
Оскардың құшағынан босап шықты.
- Əрине, өте қуаныштымын, - дейді ол. - Бірақ Пауль онда отырғанда,
маған бір минут те тыныштық болмайды.
- Бос сөз, - деп, сенімділікпен мəлімдейді Оскар, - ол жағына қам
жеме. Бауырың аман-есен оралады - бүл істі өзім қолға аламын.
Кете бойын түзеді, сосын ауыртпалықтан құтылғандай болып,
иығын түсірді. Əбден қалжыраған, құр сүлдері қалған, бар күшін сарп
еткені көрініп тұр. Ол Оскарға қарады.
- Өтінем сенен, ендігісін маған бер, - деп жұбатады ол
қамқорлықпен. - Сенің жағдайыңда қайғыруға болмайды. Өтінем сенен,
Кете, өзіңді ойла.
Жəне бір минут өтпестен жадырап:
- Тыңдашы, Кете, енді қалай болады? Мүмкін, маған кілтіңді
берерсің? - деп сұрады.
Бұл баяғыдан бері келе жатқан дау. Оскар Кетенің пəтерінің кілтін
сұраумен келеді. Бірақ əйел əр түрлі сылтаумен əлі созып келе жатыр.
Кілтті берсе, бостандықтан мүлдем айырылатындай көрінеді оған.
Кете басын изеді. Енді істер қайла жоқ, енді ол кілтті беруге мəжбүр.
Оскар
шабуылшылар
жасағының
штабы
орналасқан
"Колумбиахаузға" телефон шалды, штаб бастығы Проэльді телефонға
шақырды. Біреуден бірдеңе сұрау оған ұнай қоймады, əрине, бірақ
Крамерді шығарып алудың басқа жолын таппады.
Проэль қашанғыдан көңілді болуға тырысып бақты, бірақ Оскар
телефон шалды деген хабардың өзі-ақ оның берекесін алды. Оны
мынау сайқымазақпен арадағы қатынасы əлі түсініксіз болатын. Ол
Оскар рейхстагтың өртенгенін көзбен көргендей қылып айтып берген
сол бір кешті ұмыта алмай жүр еді; бүл адам оның көңіліндегі
қорқыныш пен үрей сезімін туғызды. Проэль онымен есептескісі
келген. Ол академия ашу туралы Гитлердің есіне салған өзі, ағарту
министріне телефон соққан да өзі, бұның араласуынсыз Гейдельбергте
салтанат өткізу олардың ойына да келмейтін еді. Міне, сондай
адамның енді келіп өзі телефон шалып, тілек білдіруі Проэль үшін
жағымсыз болған жоқ.
- Бүл сіздің тарапыңыздан жасалған рақымшылдық болар еді, - деді
ол сықырлауық даусымен, - білмегенді біліп ұялт деген ғой. Бүл жерде
Проэль ағаңыз сізге қуана отырып көмектеседі. Мен сіздің, кім еді əлгі,
Пауль Крамеріңіздің ісін əкелуге бұйрық беремін жəне ауыр қылмысы
болмаса, ол сабазды босатамыз.
- Коп рахмет, штаб бастығы мырза, - деді Оскар.
- Жə, алғыс айтуға тұрмайды, - деп жауап берді Проэль.
"Сақтану шараларын" жүзеге асыруды Проэль
Цинздорфқа тапсырды.
- Былай ғой, балақайым, - деді ол, - біз өзіңе мəлім Пауль Крамерді
отырғыздық. Егер пəлендей себебі болмаса, мен сол субъектіні
босатқым келеді. Оны бір көрнекті партия мүшесі сұрап отыр; жəне,
менің түсінуім рас болса, қазір ондай интеллигенттер жанған
шырпыдан қауіпті емес.
Цинздорф бəрін де бірден түсінді. Көрнекті партия мүшесі, əрине,
Оскар Лаутензак. Ашыналардың арасында Паульді көрген жерде пайда
болған араздықтың арты осыған əкеп соғатынын күні бұрын біліп еді.
"Туыстардың" арасында болып түратын жағдай ол
Жəне ол, Цинздроф, Крамерді тұтқындау арқылы Оскар Лаутензак
секілді арсыздың қытығына тиген екен. Тіпті өзінің ұялмай-қызармай
қарызын сұрап хат жазатынын қайтерсің. Сондықтан Пауль Крамер
секілді олжадан айырылып қалу Цинздрофтың есебінде жоқ болатын.
- Сіз, əрине, дұрыс айтасыз, штаб бастығы мырза, - деді ол, - ол адам
қауіпті емес; бірақ егер бір көрнекті партия мүшесі оның босатылуын
қаласа, екінші бір көрнекті партия мүшесі бұған үзілді-кесілді қарсы.
Ол
Проэльдің
доңыздың
бауырындай
қызғылт
жүзіне
оспадарлықпен əрі сеніммен сығырая қарады; ол көрнекті партия
мүшесінің кім екені айтпаса да түсінікті еді.
Проэль өзінің Ульрихін жақсы білетін, оның асқан мансапқорлығын
да, шектен шыққан азғындығын да білетін.
- Оскар Лаутензак партияға саған қарағанда маңызды қызмет
көрсетті, балақайым, -деді ол мейіріммен.
- Есесіне мен одан адалмын, - деп қарсыласты Цинздорф, - солай
емес пе, бастық?
Проэль досына өзінің зымиян көздерімен үнсіз қарады. Ол
қарындашпен қасқа басын тықылдатты, ойланғанда істейтін əдеті.
- Лаутензак деген өте жаман адам, - деп сөзін жалғастырды
Цинздорф. - Жоғарылаған сайын жоғарылай беруге жанын салатыны
сонша - ылғи тер сасып жүреді. Одан бір жағымсыз иіс шығады. Оған
сіздің де дəл менше қарайтыныңызға сенімдімін, бастығым. Сол бір
шектен шыққан сұмырайдың шолжаңын неге көтере беруге тиіспіз?
- Ал оған сен қанша қарызсың? - деп сұрады Проэль, қасқа басына
қарындашымен тықылдата отырып.
- Жиырма-отыз мыңдай, - деп жайбарақат жауап берді Цинздорф.
- Оскар Лаутензак сияқты еңбегі сіңген адамның болымсыз өтінішін
жеткілікті дəлелдерсіз орындамау қателік болар еді, - деп ескертті
Проэль.
- Алдымен сізге Крамердің ісін көрсетейінші, - деді Цинздроф. - Бəрі
бірдей есімде жоқ, бірақ, менің ойымша ол қомақты іс жəне қасақана
көзді жұмып қарағысы келген адам болмаса, онда бұлтартпас дəлел
дегенің жетіп артылады. Шынын айтқанда, менің суқаным
сүймейтіндігімді былай қойғанда, Зофиенбург замогының иесін
тəубасына келтіруге партияның өзі мүдделі болып отыр. Тұмсығын
тым көтеріп кетті. Егер ежелгі христианның бəрі құдайдың
кешіргіштігіне ұшыраса, өзі біледі. Бірақ партияның көмегін талап етуі
- барып тұрған арсыздық. Мен Пауль Крамерді босатуға қарсымын, деп аяқтады ол сөзін.
- Сен өте сүйкімді жансың, - деді Проэль.
Ол Цинздрофтың жеккөрушілігін түсінетін жəне оның сөздері
дəлелсіз еместігін де біледі. Лаутензак шынында да менменсіп кетті;
егер оған адам жанына үңілу қабілеті дарыған екен, ол əлі білгеніңді
істей бер дегенді білдірмесе керек. Проэль "fairnes", парасаттылықты
талап етеді, оның алдында берешегін бүгін төлеуге дайын, өзіне
тəуелді қылып қойған соң, амалсыз оккульттік ғылымдардың
академиясын аштыртуға мұрындық болды, орасан шығынға
қарамастан. Мейлі академиясымен шұғылдана берсін керегінше. Бірақ
Проэль ондай қауіпті адамның саясатпен айналысқанын қаламайды, ал
Крамердің ісі - саясаттың тап өзі.
- Рахмет саған, періштем, - деді ол, - өзіңнің көзқарасыңды дəлелді
қылып түсіндірдің. Əкел мұнда Крамердің ісін.
Оскар Гейдельбергте доктор дəрежесін беруге арналған салтанатқа
арналған костюмін киіп көрді. Ол тігінші Вайцқа тапсырыс берген-ді.
Бүрмелі қара мантия иығынан төмен қарай салбырап түр; алқымға
тығылған бұғақтың үстінен алапат күштің шуағын шашып, Оскардың
қауындай сопақ басы көрінеді. Оның кесек келбетіне торт бұрышты
береті жараса қалыпты. Тігінші Вайцтың шебер қолы тігістерді
жатқыза сипалап жатқан кезде, Оскар айнаға қарап тұрған.
- Мантия деп осыны айт, - деп қуанды Вайц, - доктор мырза мұны
киген соң бұрынғыдан да айбатты көрінуге тиіс. Доктор мырза
монументке ұқсайды. Міне, осындай мүсінге тапсырыс берер болар.
Жаңа рейх өзінің ұлы ұлдарын бағалай білетіндігіне қуанады ол. Ал
доктор мырза ұлылардың ұлысы, бұл тіпті Вайцқа да түсінікті. Өйткені
Вайц адамдарды өзі де тани біледі, ол жағынан ептеп доктор мырзаға
ұқсаған. Киім өлшеген кезде дамбалшаң тұрған адамдардың ішісыртын түгел көресің. Оның үстіне клиент мырзалар қарап тұрмай,
сөйлей береді. Əрине, Вайц оларды ұстап берейін деп отырған жоқ,
бірақ айтпайтындары жоқ-ау! Мəселен, бұрынғы рейхсканцлер мырза
жаңа көк костюм тіктірді. Апырай, бір елі ауызға екі елі қақпақ деген
қағиданы білмейді - ақ екен, киім өлшейтін кабинада дамбалшаң
тұрып алып, көйітті дейсің! Таң қалмасқа лажың жоқ. Қазіргі министр
мырзаларды ол былапыт бұзақылар деп атады. Қанша шыдаймыз
дейді, барлық баскесерлерді қуып шығу керек. Жəне жай кіжініп қана
қоймай, шеберханамды басына көтере айқай салды. Дамбалшаң
адамның айқайлағаны ащы бола ма деп қалдым.
Оскар тыжырына еріндерін жымқырды: "Ақсүйектер!" Олардың
саудасы бітті, дəрменсіз балағат соның куəсі. Қалай айқайласа да,
оларды тыңдайтын адам жоқ. Сондықтан, таз ашуын тырнадан алады
демекші, бар қаһарын тігінші Вайцқа төгіп, дамбалшаң тұрып
айқайламағанда қайтеді. Ол, Оскар Лаутензак, мантиясы мен
докторлық беретін киген соң, Гейдельберг замогына жиналған
студенттерге оз көзқарасын айқайламай-ақ түсіндіріп беретін болады.
Ол өзінің қиялдай күліп, менменсіп жымиып тұрғанын айнадан көрді.
Кенет оның ойына Кетенің пəтерінің кілті қалтасында жүргені сап ете
қалды. Жаңа киімін неге көрсетпеске? Гейдельбергке барар алдында
осындай күтпеген сый жасауға бекінді.
Оған штаб бастығы Проэль мырзаның телефонға шақыратынын
баяндады. Пауль Крамер туралы Проэльмен болган əңгімеден кейін
Оскар мұны ұмытып та кеткен болатын.
"Демек, мəселе реттелген екен, Оскар - деп қуанды ол - Кете қуанып
қалатын болды".
- Мен қуана-қуана сізге қызмет етер едім, - дейді Проэль өзінің
сықырлақ даусымен. -Бірақ мен сіздің Пауль Крамеріңіздің ісін
алдырып қарап шықтым. Шынын айтуым керек, қомақты іс екен, оның
жуандығын біздің Германның жуандығымен ғана салыстыруға келеді.
Сіздің процесіңізден басқа, Крамер мырзамен біздің өз есебіміз бар
жəне ол аз емес. Қалай болғанда да мен оны жуық арада босата
алмаймын. Ортақ игілік жеке бастың мүддесінен артық. Егер басқа
бірдеңе сұрасаңыз, қымбаттым, мен əрқашан дайынмын. Мен сізге
қарыздар екенімді есімнен шыгарган жоқпын. Дəреже беру əлі тек алғашқы қадам ғана. Мен Адольфты əлі де қыса түсемін жəне
Зофиенбургте өзімізді таң қалдырған биік кафедрада атағы бар
адамның отыруына қол жеткізбекпін. Басқаға сенбесеңіз де, маған
сенуіңізге болады. Жақсылықта кездесейік. Жолыңыз болсын.
Оскар қуарып кетті. Олар Крамерді босатпайды. Бүл "ақсүйектердің"
жаңа зұлымдық əрекеті. Олар жауыздықпен өш алады екен, олар
кеткен кегін ұмытпайды; бүл əлгі інжуге
байланысты пасықтыққа ұқсайды. Алдында бұл Проэль, бұл хайуан
бəрін істеймін деп уəде берді, ал енді қалың іс пайда бола қалыпты.
Білеміз қандай іс екенін. Оскар Проэльге өтініш білдіргенде - ақ бір
пəленің боларын сезген. Ол жынданғаннан айтарға сөз таппады.
- Рахмет сізге, штаб бастығы мырза, - дейді ол қасақана маңғаздана
сөйлеп. - Сіз мен үшін фюрерге кірмексіз ғой. Бірақ əуре болмай-ақ
қойсаңыз да болады, фюрер маған өзі уəде берген. Сол жеткілікті. Жəне
мен партияға награда үшін қызмет етпеймін, оны да ұмытпаған жөн.
Менің өнерімнің табиғаты сонда, егер награда дəметсең, ойлағандай
болмайды.
Түсінемін, түсінемін, - деді топсасы босаған үнмен Проэль. - Lart pour
Lart. Піл сүйегінен жасалған мұнара. "Алтын шынжыр сыйлама маған"
жəне тағы басқалар. Əйтеуір ниетім таза, бірақ білуімше, Адольфты
аздап қыса түсуге болады.
Сонымен, көріскенше күн жақсы болсын.
уақытыңызды жақсы өткізуіңізге тілектеспін.
Гейдельбергте
Əңгіме аяқталды. Оскар отыр, жүрегі зіл батпан, тамағына тас
тығылғандай əрең тыныстайды, байсалды сөйлесу оңайға түспегені
көрініп түр. Ал енді бар Кетеге, қуанта бер. Оскар қалтасындағы кілтті
шығарып, айналдыра қарайды. Ол оған өзінің ықпалдылығы туралы,
газеттерде хабарланып жатқан Гейдельберг салтанаты туралы
мақтанып айтпағаны жоқ. Ал жеме-жемге келгенде, Крамерді босату
тəрізді түкке тұрмайтын іске де қауқары жетпеді.
361
1 Өнер өнер үшін (фр.)
Проэль оңбаған адам, түлкібұлаңға салып, Оскарды алдап кетті.
Бірақ алғашқы сөйлескен кезде шын көмектескісі келгені анық
байқалған болатын. Сабынша бұзылуына не себеп болды екен?
Гансйоргтың болмағанын қарашы; бұл іске кімнің тұмсық сұғып
жүргенін айна-қатесіз айтып берген болар еді. Бірақ Гансйорг тағы да
жол жүріп кеткен. Парижге. Жоқ, Гансйорг қажет емес. Онсыз да біліп
отыр кімнен болғанын. Бүл Цинздорфтың ісі. Проэльді бұзған сол.
Мынадай қатерлі əзілді ойластырып отырған да сол екеуі.
Бірақ бұл жолы қателесті бүл сүйкімді "ақсүйектер". Осымен қоя
салады деп ойлаған шығар бұл нақұрыстар. Тапқан екен қоя салатын
адамды. Ол Крамерді шығарып аламын деп Кетеге уəде берді. Сол
уəдесі уəде. Кенет бір ой келе қалды. Басқалар болса Проэльден əріге
бармас еді. Бірақ Оскар Лаутензак үшін басқа да жолдар бар.
Ол рейхсконцелярияға телефон шалды. Фюрер Берлинде емес,
фюрер бірнеше күнге өзінің Берхтесгадендегі замогына кеткен.
Оқасы жоқ. Оскар Гейдельбергке тек жұма күні барады. Оған дейін
Бархтесгаденге барып келетін уақыты бар. Пауль Крамердің ісін ол
Гейдельбергке барғанға дейін бітіреді.
Канцлер өзінің Бергхофтағы иелігінде шалқып жатыр екен.
Мазасыздау көрінеді. Бір жағына шығу үшін, таңдау жасауы қажет, ол
осындайды жаратпайды.
Гитлерді билік басына əкелген екі топ оны екі жаққа тартады:
шағын ғана "ақсүйектер" тобы жəне "қарт күрескерлер" тобы,
арандатушылар - ол оны "халық" деп атайды. "Халық" тобы Гитлердің
өзі уəде еткен əлеуметтік революцияны талап етеді. Он мыңдай "қарт
күрескерлер" кіріс келтіретін жерлерді сұрайды. Ал ондай жерлерді
бөліп беретін тек қана "ақсүйектер". Олар əр түрлі айла-шарғымен
"қарт күрескерлерді" табысты жерлерге жолатпайды. "Ақсүйектерді"
оп-оңай қуып шығуға болар еді, бірақ əлі партияның бұғанасы бекіп,
қабырғасы қатқан жоқ жəне "ақсүйектерге" арқа сүйейтін
рейхспрезидент Гинденбургтің Гитлерге қарағанда беделі күшті. Оған
қоса "ақсүйектерге" құрмет көрсету оның қанында бар жəне жаратпай
тұрса да оларды мақтаныш тұтады: оған олардың өздеріне сенімділігі,
тəкаппарлығы ұнайды.
Мəселен, фельдмаршал шалдың өзін алайық; Гитлер онымен
кездескісі келмейді. Жасы ұлғайған президент балдағына сүйеніп
алдында тұрған кезде жəне көрден шыққандай күңіренген дауыспен
үзіп - үзіп: "Гитлер мырза, мұныңыз жарамайды" деген кезде,
əзірейілді көргендей болады, құдды бір əкесінің алдында тұрған
баладай сезінеді өзін. Таяуда тағы да бір қателік жіберді, ойына түссе
қарап тұрып өкінеді. Потсдам шіркеуінде - бүл аруақтарды еске алу
күні болатын - шал Гогенцоллерлер сағанасына тəу етуге жер астына
түсті, ал Гитлер оған ермеуі керек еді. Осының алдында ғана шіркеуде
жиналған жамағаттың алдында сөз сөйлеген болатын. Сөзі көпшіліктің
көкейінен шықты. Бірақ абыройға президент ие болды, ал ол, Гитлер
зор денелі президенттің қасында таяқ жеген иттей боп, сүмірейіп
жүрді. "Ақсүйектердің" талабы, өкінішке орай, барлық жағынан дұрыс
болатын. Олар, мəселен, маңызды орындарға ие болған кейбір
достарын орындарынан алу қажет деп есептейді, өйткені олар өздерін
тым əдепсіз ұстайды. Жəне, шындығына келсе, ол достарын да мақтан
тұтатындай қасиет қалған жоқ. Бірақ, екінші жағынан, "адалдық ардың аты" жəне егер достары жауласқан "ақсүйектерді" концлагерьге
жабуды талап етеді екен - ол да ойланатын нəрсе.
Күн сайын шешім қабылдау, дегенмен əбден жалығып бітті! Өзінің
Бергхофына қашып кеткені де сондықтан. Біраз тыныштық берсе екен.
Бəрі де тығыз сөйлескісі келеді. Бір жағынан - Кадерайттар, Беренклау
жəне басқалар тықақтаса, екінші жағынан - өз жақындары, Проэльдер
мен Герингтер жан алқымнан алады. Бірақ мұның оларға зауқы
соқпайды. Ең болмаса, осы бір демалыс күндері мазаламаса екен,
қарғыс атқыр саясаттарын қоя тұрса екен.
Енді, міне, бүрісіп Бергхофта отыр. Фильмдер көреді, безендірілген
журналдарды аударыстырады, ешкіммен кездеспейді. Бірақ,
жасыратын не бар, іші пысады.
Оған Лаутензактың келгенін хабарлағанда, бір жеңілдеп қалғандай,
терең тыныс алады. Міне, ақыры, мемлекеттік жəне партиялық
істермен басын ауыртпайтын адам келді, онымен ақылға қонарлық
əлденелер туралы, жанның ішкі даусы туралы, маңдайға жазылған
тағдыр туралы жəне басқалар туралы емін-еркін сөйлесуге болады.
- Сіз нағыз ер адамдардың əңгімесі үшін дəл уағында келдіңіз, - дейді
ол, салалы қолымен Оскардың күректей қолын қысып тұрып.
Оккульттік академия туралы өзінің ұмытпағандығын баяндады
канцлер; Берлиннен аттанар кезде бұл жөнінде Проэльмен дұрыстап
сөйлескен болатын жəне Оскар ғылыми атакка ие болысымен,
академия ашылатын болады.
- Құпия ғылымдарды, - деді фюрер, - мен Александрдан, Цезарьдан,
Валленштейннен кем бағаламаймын. Мен нағыз тереңдеудің, өзіңді
танудың, өзіңді-өзің зерттеудің қуанышын да, қиындығын да өз
басымнан өткерген адаммын. Жарыққа ұмтылу - соқтықпалы жол.
Бірақ жүріп өтуің қажет. Ішкі хабар дегеніңіз - нағыз неміс адамының
арқа сүйер тұғыры, партия мен Отан деген ұғымның негізі де – сол.
Ол көзін алысқа қадады сосын, сəл үзілістен соң, қадау - қадау
маңызды сөздер айтты:
- Міне, сол үшін оңашаланып отырмын, Лаутензак мырза. Ішкі
дүнием қашан хабар береді екен деп күтудемін. - Соны айтып, ол
Оскардың көздеріне ұзақ қарады.
Оскарды қуанышты қорқыныш биледі. Бұл сөздердің мағынасы
түсінікті еді: Гитлер өзінің ішкі даусын естуіне Оскар себеп бола ма деп
күтеді, Оскар өзінің "көру" қабілетімен соған көмектессе деп тілейді.
Мұндай ұлы оқиғаға Оскар дайындалған жоқ. Бүгін ол өз басының
қайғысымен əуре, ол мұндай көріпкелдікке дайын емес, өзі эр кезде де
сезінетін батыл сенімділіктен ада. Ондай міндетті орындай алар ма
екен? Бірақ мынадай мүмкіндікті пайдаланып қалмауға болмайды ғой.
Тəуекелге бару керек.
Ол көзін жұмады, ашады жəне қайта жұмады. Фюрерге өзін еркін
ұстауды ескертудің қажеті жоқ - онсыз да ауа жайылып отыр,
қарсыласпайды. Бұл аты шыққан адам Оскарға қарағанда танымал,
бірақ біріне бірі жақын, бір ата, бір тайпадан өрбіген жəне бірін-бірі
емеурінінен түсінеді.
Оскар өзіне кедергі келтіретіндердің бəрін үстінен сілкіп тастайды.
Жəне оған қолы жетеді. Ол оның үстінен сырғып түскенін сезеді жəне
қандай да бір жамылғы енді-енді жыртылмақ. Оскар "көрді". Фюрердің
"ақсүйектерге" деген жеккөрушілігін, олардың алдындағы қорқыныш,
оларға құлдық ұруын əрі құлдық ұра тұрып олардың ортасында бірінші
болуын, Гитлердің өзінің адал достарымен жəне пікірлестерімен
байланысты екенін, бірақ іштей олардан құтылғысы келетіндігін
көрді.
Канцлердің
шешетіні
күрмеуі
қиын
мəселе.
Ол
татуласпайтындардың
өзін
татуластыруы
керек.
"Қарт
күрескерлердің" талабын қанағаттандыра отырып, "ақсүйектердің" де
мүддесін ойлау керек.
- Сізге, менің фюрерім, - дейді Оскар, - қасқыр да тоқ, қой да аман
қалатын амал ойлап табу керек. Жəне де, - деп, сөзін созбақтай түседі
ол сенімді түрде, - жүрегіңіздің біраз бөлігі қасқырлардікі. Дұрыс
айтып отырмын ба? - деп сұрайды ол, фюрердің бетіне тура қарап: бүл
сөздер əрі қорқынышты, əрі салтанатты естіледі.
- Ио, сүйікті Лаутензак, - деп қостады Гитлер, ойлана отырып. Дұрыс айтасыз. Менің күресім - тар соқпақ, оң жағыңда, сол жағың да
түпсіз шыңырау: аяғың тайып кетсе
- құрығаның. - Сосын мұнарланған көзін алысқа жіберіп, ақырын
ғана: - қасқырлар туралы да дұрыс айттыңыз. Менің жүрегімнің бір
бөлігі қасқырларға жататыны рас шығар.
Оскар қауіпті мəселелердің бетін ашты. Бірақ ол қозғалған мəселені
орта жолда тастап кете алмайтын еді. Осындай Гитлерден тараған
ойлар Оскарға толқын - толқынымен келіп жатты. Оскар фюрердің
кеңес беруді күтетінін жəне де қандай кеңес күтетінін білді.
Ол сөзді абаймен бастады:
- Тым асау достарыңыздың сөзін тыңдай бермеңіз, жəне əлі уақыты
жетпеген шешімдерді қабылдамаңыз, ішкі түйсігіңіз хабар бергенше
күте тұрыңыз. Ал уақыты жеткенде... - деп ол сөзін аяқтамады.
- Күту, күту - деп дегбірсізденді фюрер, əлденені армандағандай.
Бірақ оның армандағаны қауіп-қатерден гөрі, өзін де ұшырып əкететін
дауылға көбірек ұқсайтын еді.
- Күте түр, күте түр, - деп қайталады ол, - сол баяғы ызалы арманды
дауыспен. - Ал сонан кейін не?
- Сонан кейін дəл тұмсықтан ұрасыз, - деп иландырды оны Оскар,
құпия сыбырмен.
Фюрерге Оскардың сөздері ұнап қалды.
- Тұмсықтан ұрамын, - деп қайталады ол - Сонан соң, бастар домалай
берсін, кімнің басы - достың ба, дұшпанның ба - бəрі бір. Əйтеуір коп
бастар. Ішкі түйсігің ақыл берген екен - солай істе: бастар домалай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 18
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.