Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 07

Total number of words is 4295
Total number of unique words is 2186
35.3 of words are in the 2000 most common words
48.6 of words are in the 5000 most common words
55.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бірақ осындай қуаныштың өзі де оны Кете Зеверин туралы ойдан
сейілте алмады. Онда осы əйелді, осы Кетені өзіме қаратып алсам
деген арам ой пайда болды. Ол қыз жанымен де, тəнімен де бұныкі
болуға тиіс. Бұл оны өз торына түсіреді. Мұның қабілеті "адам
аулағыштар" қолданатын өнердің бір түріне жатады емес пе? Оскар
"адам аулау" өнерінің көнеріп қалмағандығын өзі үшін дəлелдеуі керек.
Бірақ бұған неге тек Кете керек? Ондай берлиндік қарапайым
қыздар қалада мыңдап кездеседі. Жарайды, басқаларға қарағанда
торсық шекелеу, күлім көзділеу шығар, бірақ бұл дандайсыңқырап
кеткен жоқ па екен, небір əдемі, небір атақты əйелдерді айналдырып
аламын десе де қолында түр емес пе!
Бұған не болды? Өзі қырық үшке келген көкшулан болса да, ойы
қылшылдап тұрған жас қызда! Бəрінен бұрын бұған қыздың шашын
түйген жердегі мойнының қаздай иілгені ұнайды. Ал желкесіндегі
балапан шаштары ше? Қыздың ту сыртында əрлі-берлі материал оқып
жүргенде, ол осы бір құс мамығындай үлбіреген балапан шашты
мойынды сипағысы келіп кеткен. Қазір, осыны ойлап отырған кезде
де, қолына түссе, сол мойынды аймалап, иіскей берер ме еді, қалай?
Ақыры үшінші күн де келіп жетті. Кете айтқан уағында келді.
Қызметші Əли оны кісі кіретін бөлме арқылы кең əрі сəулетті
кітапханаға ертіп кірді. Онда оны өзінің ақшыл көк түсті курткасын
үстінен тастамайтын Оскар күтіп отырған. Алайда пəтердің байлығы
қызға əсер ете қойған жоқ. Қарапайым, тіпті жұпынылау киінген Кете
осынша байлыққа көз қырын да салмастан өте шықты. Машинканы
дұрыстап қойып, орындығын үлкен үстелге жақындатып, көшіріп
басуға дайындалды.
Қызға да, өзіне де риза болмаған ол, ақыры, жеткізбек болған ойын
оқи бастады. Бүл жолы ол рационалистерге де, пасықтарға да бүйідей
тиді. Бүл кімді де болса толғандыратын тақырып; ол көз алдына
Гравличекті елестетеді, қызулыққа беріліп, лағып кетеді. Бірақ оның
бүгінгі құмарлығы Кетеге эсер етпейді. Бұның бəрі беталды
балағаттау, əлдекімдерге кіжіну ғана. Паульдің осындай жұмыстарды
қиналмай-ақ бітіретін əдептілігімен мұны салыстыруға болмайды.
Кете бұған өзі де түсінбейді. Осы Лаутензакқа несіне қызықты
алғашқыда? Енді бұған Паульдің сонша неге шүйілгенін түсінгендей
болды: иə, осының бəрі - оның өзі де, пəтері де, "жұмысы" да адам
күлерлік нəрсе.
Əрине, көңілі қала бастағанын сездірген жоқ. Оскардың əрбір сөзін
мұқият тыңдап, стенографияға түсіріп отыр, ал оның - өзі, ішкі түйсігін
қаншама білдірмеуге тырысқанымен, сиқырлықтың шаруасы
шалқайғанын ұқты. Бұған өзі де риза емес. Үш күн бойы сарғая күткен
əйел осы ма? Өзі де түкке түсінер емес.
Бəрінен бұрын оны қыздың немқұрайдылығы ызаландырады. Ол
жұмысын доғарды.
- Сіз бүгін маған сенбей отырсыз, - деді ол өкінішін жасырмай. - Мен
өзіме сенбейтін адаммен жұмыс істей алмаймын. Сіз арқылы
өшпенділіктің алды маған да тие бастады.
Кете қарсы болған жоқ. Ол сөйлеп отырған кезде ол ешнəрсеге
қатысы жоқ адамша сыпайылығын сақтаған күйі алдына қарап отыра
берді. Ол бар-жоғы машинкаға басатын адам жəне клиент үшін жұмыс
істейді. Кенет, оны осы бір қызды ешкімге де бермей, өз бауырыма
бассам деген ессіз құмарлық билеп кетті. Солайы солай-ау, бірақ ол қыз
алдында дəрменсіз еді.
Ол бөлменің ішін тағы да қыдырып кетті, қызға қарата айтпайды,
өзімен-өзі сөйлей береді, сөйлей береді, кейде даусы жұмсара қалып,
ұрлана шығады.
- Сіздің менен қашқалақтай беретініңіз өкінішті-ақ, - деді ол
ақырында. -Айналасында тіршілік тербелісін, өмір қуатын шашып
түратын адамдар сирек кездеседі. Менің міндетім оңай емес, қазіргі
өмір дүниеде дөрекі, жиіркенішті мансап пен байлықтан басқаны
мойындағысы келмейді.
Біздің сезім органдарымыз тікелей қабылдай алмайтын идеяның
рухын себуді міндетім деп санайтындардың əрқайсысы, басқаларға игі
ықпал етудің мейлі қандай түрінен болса да бас тартпауға тиіс, ондай
адам əрбір қол жеткен табысы туралы жалпақ елге жар салуға
міндетті.
Кетенің ақыл-ойы мұндай байламды қабылдай алмайды. Бірақ оны
алғаш рет бірге жұмыс істеген кездегі тəтті қиял қайтадан біртіндеп
меңдеп бара жатқандай, ол дел-сал күйде. Оның Оскар туралы пікірі
əділдік емес, ол Паульді Оскарға қарсы өшіктіруге себеп болды. Жəне
оның саусағындағы қымбат жүзік те, айналасындағы осынша
талғамсыз байлық та - оның нағыз жан - өзегі емес, ол еріксіз
қолданатын сыртқы көрініс қана. Осыны айтпай-ақ түсінуге болар еді
ғой.
Оскар қыздың жүрегіне жетер сенімді дауыс ырғағын тауып
алғанын, онымен арасындағы үзілген байланыс қайта жалғана
бастағанын іштей сезеді жəне ол мұны бұрынғыдан да бетер
жігерлендіре, қанаттандыра түседі. Кенет - О, жаратқан! - ол кенет
матаның дырр етіп жыртылғанындай жеңіл дыбысты естігендей
болады, міне, өзі де "көріп" түр. Жəне барлық назары оның бойындағы
қуатты күшке ауған Кете, іштей толқу үстінде Оскар Лаутензактың бет
əлпеті суалып, жағы салбырап, сиқы адам күлерліктей қалыпқа
түскеніне куə болады. Оның жанары қыздың көзін тесіп барады - көріп
тұрған адамның қарасы емес, сонымен бірге бүл өте терең көзқарас,
өңменіңнен өтіп кететін қадалыс. Еріксіз бақыт құшағына енгенін
сезген қыз, өзінің торсық шекесінде бұғып жатқан барлық сырын
бүкпесіз жайып салғандай күйге түседі.
Осы кезде Оскар үзік-үзік дауыспен былай деп мəлімдеді:
- Ал қазір мен сізді маған қарсы қойған адамды көріп тұрмын.
Ол өзін жек көретін, суқаны сүймейтін Паульді суреттей бастайды.
Иə, бүл ештеңеге сенбейтін, "көру" дегеннен хабары жоқ, ешнəрсені
түсінбейтін Паульдің өзі. Қыз оны үнсіз тыңдап отыр жəне тыңдаған
сайын өңі қашып барады. Иə, ол Паульдің ұнатпайтын нəрсесінің бəрін
көзбен көргендей етіп айтып отыр. Алғашқыда осының бəрін біреуден
естіп алды ма екен деген нанымды ой келген қызға. Алайда күдігі
ойланбай жатып сейіле бастады. Кетенің жүзінен сасқалақтау да,
қорқыныш та, мақтаныш та сезілгендей болды.
- Мен дұрыс айттым ба? Дұрыс айттым ба? - деп зіркілдейді ол,
сосын: - Сіз ол адаммен арақатынасыңызды үзуіңіз керек! Сіз ол
жұтқан ауаны бірге жұтпауыңыз керек! -деп үзілді-кесілді талап етті.
Душ қабылдап алған доктор Фриц Кадерайт жеңіл шапанын киіп
алып, диванда рахаттана темекі шегіп жатыр. Əлі бірнеше минут
қозғалмаса да болады, кешкі асқа дейін киініп алуға уақыт жетеді.
Бүгін Кадерайттар қонақ күтіп отыр, олардың арасында Гитлер жəне
нацистік партияның басқа да серкелері бар.
Иə, Кадерайт ұлтшылдармен өзінше келісімшарт жасасқан. Ол осы
партияға сүйенгенді дұрыс деп тапты. Ол оны материалдық жағынан
қолдап отырмақ, кейбір басшылар оның кəсіпорындарының
үлесшілеріне айналды, сол кəсіпорындардың көпшілігін ол əскери
өндіріске қоймақшы. Əрине, бүл қатерлі қадам; егер Германия, барлық
халықаралық келісімдерге қарамастан, жақын арада қарулана
бастамаса, онда мұндай қадам үлкен шығынға алып келуі мүмкін.
Бірақ, əр кездегідей, Le jeu est fait . Оны тамаша іскерлік болашақ
қана жетелеп отырған жоқ; ол өте бай адам жəне солар үшін осындай
орасан тəуекелге барудың да қажеті жоқ. Бірақ нақ осы тəуекел оны
қызықтырып отыр. Жаны жақсы көретін ірі ойын деген осы. Осынау
нацистік "саясаттың" оның ақыл-ойы мен есеп-қисабына қажеті
шамалы жəне ол тек гангстерлік бос романтика, соқыр сəттілікке бас
тігу. Жеңіл шапан киген мол денелі аққұба адам тақшада керіліп созылып жатыр, шошқаның бауырындай қызғылт денесі шапанының
шалғайынан ерсілеу сығалайтындай, ол рахаттана жымияды.
Сонымен, ол бүгін кешке өз үйінде əлгі мырзаларды - партия
серкелерін қабылдамақ. Əйтсе де, олар қайдағы "мырзалар"! Дегенмен,
кейде Ильза айтқандай, "пролетарийлер" де емес. Олар
арандатушылар мен жалаңаяқтардың үлкен тобы ғана; өзінің жəне
басқа да кəсіпкерлердің бас-көзге қарамайтын алаңғасар жүмысшылар
мен шаруаларға қарсы қою үшін жалдап алатын ландскнехтері ғана.
Бірақ мұндай жалдамалы армияны ұстап түру да қатерлі;
жүмысшылардың бетін қайтарғаннан кейін ол баскесерлерден қалай
құтылмақсың? Бірақ, біздің көрген құқайымыз бір осылар ғана ма,
өйтіп-бүйтіп жөнге салармыз.
Оның достарының көбі осы нацистік серкелермен кездескеннен
кейін алақандарын ысқылап шыға келеді. Ол, Фриц Кадерайт, белгілі
мағынада, қажет десеңіз, осы дарынды циркач, күлкілі сайқымазақ
Гитлерді жақсы көреді. Кадерайт Оскар Лаутензакқа да теріс
қарамайды. Лаутензактың бойына ерекше дарын мен сайқымазақтық
əрі дүмшелік дарыған, бүл кісі қызығарлық құбылыс. Былайша
айтқанда, тегін адам емес. Нацистер оны өздеріне тартқанда, бірдеңені
сезген екен; олар, əрине, оны барынша пайдалана алады. Тіпті
ештеңеге елең ете қоймайтын Ильзаға да ол əдеттегіден күшті эсер
еткен сияқты.
Фриц Кадерайттың екі езуі барған сайын жайылып барады. Оның
ақылды, іскер, бəрін есеппен істейтін тəжірибелі ұйымдастырушы
деген аты бар. Бірақ мұның бəрі бос сөз. Ол ақылды болса, нацистердің
қылмысты, арандатушы саясатымен ешқашан жақындаспас еді. Нағыз
епті адам əрі кішкентай, əрі кедей, əрі шамшыл, əрі қауіпті Ильза фон
Энгелькаға ешқашан үйленбес еді.
Доктор Кадерайт кеудесін кере бір тыныстап алды, орнынан тұрды,
киіне бастады. Айнаның алдына келді: фрак кисе жарасқандай екен!
Сосын Ильзаға қарай беттеді. Ол киініп алыпты. Көгілдір қара көйлек
киіпті.
- Мына көйлек саған өте жарасады екен, - деді ол, - құлпырып
кетіпсің, жабайы мырзалармен кездесуің жаман болмайтынын күн
ілгері білгенсің - ау деймін.
- Ішіміз пыспайтындығына сенімдімін, - деп жауап берді Ильза. Əйтеуір бір жаңалық болады. Қалай ойлайсың, кешкі астан соң əлгі
пайғамбардың өнер көрсетуін сұрасақ, артық болмас па екен?
Күйеуі оған тұманды көзбен сынай қарады.
- Осы Лаутензак саған ұнап қалған - ау деймін, - деп жымиды ол: Өзіңе де эсер етпей қалмаған шығар, шыныңды айтшы, - деді əйелі де
қоса жымиып.
- Иə, - деп мырс етті Фриц Кадерайт, - əйтеуір тегін адам емес.
Бірақ кім біледі.
- Аяқ астынан ақылды бола қалмасаңшы, - деп қарсы шықты əйелі.
Баронессаның үйіндегі сол бір кеш болмағанда, бəлкім, нацистермен
бүйтіп тез жұғыса қоймас едің. Құдайшылығыңды айтшы, сол кеш
сенің шешіміңді жеделдетпеді ме? Тіпті аз да болса?
- Егер менің шешімімді жеделдеткен бір адам болса, - деп шіренді ол,
- ол тек қана сенсің.
Сиқыры бар əлгі пəле бəрі саған байланысты екенін дұрыс түсінді.
Кадерайт осыны айтып, жұмбақ жымиысқа салғанда, күйеуінің шын
айтып тұрғанын, əлде кекетіп тұрғанын Ильза да біле алмады.
Қонақтардың алды келе бастағандықтан, олар үлкен бөлмеге шықты.
Гитлер сəл кешігіп келетіндігін хабарлап, онсыз да бастай берулерін
өтініпті.
Оскар Лаутензак ерте келді жəне өзіне-өзі сенімді көрінді. Оны
Гитлермен тағы да кездесетіні жəне мынадай ортада сұхбаттасатыны
толғандырып тұр еді. Бұған Гансйоргтың емес, өзінің арқасында қол
жеткізгендігіне ол аса риза болатын. Оскар Гитлермен осы кездесуге
дайындалып келді, ол Гансйоргтан ғана емес, оңбай кеткір
Петерманнан да қазіргі саяси жағдайдың бүге-шігесіне дейін түсіндіріп
беруді сұраған. Осындай дайындықтан кейін фюрермен шүйіркелесе
алмаса, құдайдың атқаны ғой.
Рас, алғашқы да ойда жүрген ұры арманның төбесі көріне қоймады.
Ильза Кадерайт бүл жолы алғашқы көрген кездегіден де құлпырып
кетіпті: ол бəріне де, əсіресе граф Цинздорфқа қатты ұнады жəне бүл
Оскарды да қамшылай түсті; бірақ Ильза бүл жолы енжарлау
сəлемдесті жəне кешкі астың кезінде дастарқанның басқа жағына
барып отырды.
Ақыры, фюрер де келді, бірақ одан кештің сəні кіре қоймады. Гитлер
тым шаршаулы əрі əлденеге алаңдаулы көрінді. Рейхпрезиденттің
сайлауы жақындап келе жатқан - ды, жуырда оның кандидатурасы
ұсынылмақ, маңызды шешімдер қабылдау қажет.
Оның көп мағыналы үнсіздігі ұзаққа созылды, сосын кенет сөйлеп
қоя берді жəне ұзақ сөйледі, сайлау туралы, парламентаризм туралы
айтты, қыза-қыза келе осынау азғана топтың алдында митингідегідей
тепсініп тұрып алды. Бірақ бүл митинг емес еді жəне Гитлердің
көпірме сөзі, жұрттың бəрін өзінің аузына қаратқанына қарамастан,
көпшілікті рухтандырғаннан гөрі, олардың ұнжырғасын түсіргендей
болды. Ол мұны өзі де түсінген болуы керек, себебі сөзін қалай оқыс
бастаса, солай шолақ қайтара салды да қайтадан терең ойға кетті.
Оскар фюрермен кездесуді көптен күткен болатын, ақыры сол
мақсатына жеткен кезде, оған жақындау мүмкін болмай қалды. Алайда
Оскарды тоқтату оңай емес. Ол осы бір жұмбақ адамның өзіне назар
аударуын іштей құдайдан тіледі, аруақтарға сиынды, жəне -о, құдірет Гитлер басын көтеріп алды да Оскарға қарап, қасына шақырды.
Оскар орнынан тұрып жанына барды. Гансйорг пен Петерманнан
естігендерін, атап айтқанда Гитлер өзінің жеңілетінін күні бұрын
білгендіктен
өзінің
кандидатурасын
Гинденбург
қарттың
кандидатурасына қарсы ұсынуға амалсыз келісім бергенін жəне оны
партияның беделі талап еткендіктен істегенін іштей қайталап шықты.
Фюрер бірден арыз айта бастады.
- Бізге оңай болмайды, қымбатты Лаутензак, - деді ол, - партияның
жүретін жолы -бұралаң жол.
Қалған қонақтар тына қалды. Фюрердің көріпкелмен əңгімесіне
құлақ түрді.
Оскар жауап бермес бұрын, алдымен айтатын сөздерін салмақтап
алды; сосын ұстамды түрде:
- Қорғаныс қабілеті идеясына терең берілген сіз сияқты адамның,
қанша айтқанмен əскери еңбегі бар қарт фельдмаршалмен
бəсекелесуге баруы қиын шаруа, - деді ол
- Сіз менің əрі-сəрі болып жүрген ішкі толқуымды дөп басқандай етіп
əдемі айттыңыз, қымбатты Лаутензак, - деп жауап берді фюрер.
Оскар оның көңілін серпілтуге тырысып бақты:
- Президент - қартайған адам, ал сіз, менің фюрерім, небəрі қырық
екідесіз. Бұл бəсекеде кімнің жеңетіндігінде күмəн болмаса керек.
- Иə, - деп келісе кетті Гитлер, əжептəуір көңілдене түскендей, - мен
де солай ойлаймын жəне үмітім негізсіз емес сияқты. Қателесу мүмкін
емес.
Олар бір-бірінің көздеріне тура қарады жəне мынадай мияттас
адамдардың арасында өздерінің - муниципалдық кеңес хатшысының
ұлы мен салық инспекторы ұлының іштей бір-біріне қаншалықты
жақын екендіктерін ұқты. Олар көпшіліктің қолдауына қол жеткізді.
Дүниені ауыздарына қаратқан мына топ бұларды қарсы алып қана
қоймайды, енді төңіректей бастайды жəне əрбір сөздеріне ықыласпен
құлақ салатын болады.
- Сіз мені өте дұрыс түсіндіңіз, қымбатты Лаутензак, - деп біраздан
кейін сөзін қайта жалғастырды фюрер. - Сіз егер менің қаусаған
фельдмаршалмен бəсекеге түссем оған амалдың жоқтығынан ғана
барып отырғандығымды дұрыс түсініпсіз.
- Мұндай жан азабын тарихымыздың басында ұлы немістердің бəрі
де бастан өткерген болатын, - деп жұбатты Оскар фюрерді. - Біз
Хильдебранд пен Хадубранд туралы көне неміс тақпақтарын мектепте
жүргенде зор толғаныспен оқығанбыз. Əкесі мен баласы бір-бірімен
сайысуға мəжбүр болады. Олардың бойларында ағып жатқан қан да
біреу, жүректеріндегі қаһармандық рух та біреу, бірақ олар жүзі қанға
малынған семсерлермен өлім мен өмір үшін сайысуға мəжбүр.
Неліктен солай болуға тиіс екені белгісіз, олардың сайысында еш мəн
жоқ сияқты көрінеді, бірақ жазмыш соны талап етеді.
- Иə, иə, - деп ойланып қалды фюрер, оған қыран қанатының
суылдағаны естілгендей болды. - Тағдыр соны талап етеді. Бүл жерде
саналы ойға орын жоқ. Жүректің асыл сыры əлі көрінбейді, - деп,
Гитлер бұрынғыдан да еліре түсті. - Бірақ, осының бəрі біздің
қанымызда бар, құрметті Лаутензак.
Өзінің пікірі қолдау тапқанына бір көтеріліп қалған Оскар:
- Иə, билік үшін жаратылған адам, көп нəрсеге төзуге мəжбүр, - деп
түсіндірді.
- Сіз менің ішкі күресімді сөзбен жеткіздіңіз, - деді Гитлер. Поэтикалық дəлдік деген осындай-ақ болар.
Тəрізі көріпкелмен арада болған əңгіме фюрердің жүрегін жібітті
білем, Кадерайттардың үйінде болған қалған жиырма минуттың
ішінде ол қонақтардың бірде - біреуімен, бірде -екіншісімен
жарқылдай жүріп сөйлесті, өзіне актер Карл Бишов үйреткен əртістік
күлкімен күліп алды. Қоштасар сəтте Гитлер доктор Кадерайтқа:
- Бүл бір тамаша кеш болды. Мың да бір рахмет, доктор Кадерайт, деді.
Ал, үй иесі оған:
- Отбасымның сізге ұнағанына дəн ризамын, Гитлер, - деп жауап
берді.
- Зиг хайль! - деді фюрер.
- Хайль, Гитлер мырза! - деп жауап берді доктор Кадерайт.
Көпшіліктің алдында Оскардың беделі асты - ол фюрердің
жабырқаулы көңілін көтере білді ғой. Бірақ Кадерайт ханым Оскармен
сайқымазақпен сөйлескендей сөйлесуін қасақана жалғастыра түсті:
- Көрдіңіз бе, - деді ол мысқылдап, - сіз тіпті фюрердің де көңілін
таба білдіңіз.
Алайда Оскар өзінің салқынқандылығын жоғалтқан жоқ. Ол əйелдің
көңілді жүзіне сабырлы қалпын сақтай отырып, қасақана қадалып
қарады, əдеміше бітімін, шағын денесін басынан аяғына дейін көзімен
тінтіп шықты. Ол өзіне де, оған да сенімді еді.
Пауль Крамер жұмыс үстінде. Ол өзінің төмендеу əрі нəрлі даусымен
жазатын материалын Кетеге оқып беріп отыр. Ол бөлмені əрлі-берлі
кезіп жүріп, айтатын əрбір сөзін сұрыптап алады. Кейде кідіріңкіреп,
тоқтап - тоқтап сөйлейді, кейде қолын сермелеп, түйдек-түйдек төгіп
жібереді. Асыққан кезде даусы да қаттырақ шығып кетеді. Кетемен
мүлдем жанасатын түрі жоқ. Қателесіп кетсе, табанда түзете қояды
жəне қарындасы бір нəрсені сұрамақ болса шыдамсыздана басын
шайқайды.
Пауль өзінің дуагерліктің пайда болуы туралы мақаласын бастырып
алмақ. Үстем таптар, деп түсіндіреді ол, дуагерлікті дамыта беруге
мүдделі. Қалың көпшілік осы бір жауыздықтан құтылған жақсы
болатынын түсіне бастады, ол үшін тек кейбір логикалық
қорытындыларды жүзеге асыру қажет. Магия мен мистиканы құлаққа
құя беру халықты қажетсіз пікір - түйсіктен ада етудің оңай жолы.
Ойлаудан гөрі үміттену мен армандау жеңілірек қой жəне ол үшін көп
қажыр-қайрат та керек емес, əрі барға қанағат ету, тоқмейілсу пайда
болады. Біздің өмірімізде ой тұжырымын келелі пайдалану үлкен
жігер мен ерлікті талап етеді. Бірақ адамның ежелден қалмай келе
жатқан еріншектігі ең қиын кезде қол ұшын созатын құдайға немесе
əлдеқандай кереметке сенуге итермелейді. Жамандықтан өзінше
арылудан гөрі, бар күш-жігеріңді салып ойлану əлдеқайда қиын
көрінетіні рас қой. Сондықтан да бүгінгі Германияда түсініксіз
бұлыңғыр нəрсенің бəрі адамды өзіне тартып тұрады. Сондықтан
қалың халықты өзіне қаратып алу Маркске қарағанда Гитлерге
жеңілдеу.
Кете құлықсыздау басып отыр. Ол ағасының алғыр да ашық ойын
жақсы бағалайды. Бірақ бəрін теорияға артудың арты неге алып келер
екен? Іс жүзінде ұсынатын ешнəрсесі жоқ. Осының бəрі жеміссіз
ақылгөйсу емес пе?
- Қане, түріңе бір қарап алайыншы, - деді кенеттен Пауль. - Менің
айтқандарым ішіңе жақпай отыр ма? Өзінің ішкі сезімі бетіне ойнап
шыға келетінін ол бұрын білмеп еді. Өзінің неге айыпты болатынын
сезбестен, ол құлазыған қу далаға енжар қарап отырған адамдай
көрінеді, бəрінен де таңғалысы басымдау тəрізді. Пауль жұмысын
доғарды; уақыт та кештетіп қалған екен.
- Мен "Əлеуметтік қоғамға" бармайтын шығармын, - деді Пауль. - Ал
егер біз екеуміз бір жерге - киноға ма əлде ресторанға ма тартып
кетсек қалай болар еді, Кете? -деген ұсыныс айтты ол.
- Мен Оскар Лаутензакпен кездесуге уəде бергенмін, - деп жауап
берді Кете; сəл қызарыңқырап кетсе де берік бекінгенін білдірді.
Паульдің арықша жүзінен реніш пен абдыраудың көлеңкесін байқау
қиын емес еді. Оған енді қарындасының махаббат жолында бас еркінен
айырылып, əлгі масқарапазбен əуейі болғанының куəсі болуына тура
келеді; Пауль оны мұндай ессіздіктен сақтап қалуға, көзсіздік
сырқаттан сауықтыруға тырысты. Бірақ ақылмен айтылған барлық
дəлелдер оның ессіздігінің алдында дəрменсіз болып шықты, ал сын
айту немесе мысқылдай ескерту жасау, қызды ессіздік құзырына
итермелей түсері анық еді. Егер ол қазір Лаутензакты балағаттай
бастаса, Кете оны өзіне тəн қыңырлықпен барынша қорғауға
тырысатынын Пауль түсінді. Ол қарындасының алдында айықпас əрі
дəрменсіз қайғыға батты. Жəне калиянының күлін түк қалдырмай төге
отырып, өз ақыл-парасатының қалтарыстарынан оның жанын
жаралап алмастан, сақтандыратын сөздерді бекерге іздестірді. Ақыры
дəру болатын ешқандай сөз таба алмаған соң, үнсіз қалды.
Паульдің жүрегінде қандай дауыл соғып жатқанын Кете түсінді. Ол
оған өз жүрегін жайып салудан да қашпас еді. Өйткені Оскарға деген
сезімі - махаббат, махаббаты -бақыт, жəне күйікті махаббат, қасіретті
бақыт, тап қазір жанын жегідей жеген осындай жан сырын кімге де
болса ақтарып салуға дайын. Пауль - оның ағасы, ең жақын досы, бірақ
іс Оскар душар еткен дертке шапқанда, Пауль орынсыз айтылатын
əзіл-қалжың мен уақытты сыннан басқа ешнəрсе таба алмас еді. Кетеге
керегі талдау емес, оған керегі қолдау, көңілін аулау.
- Онда мен "Əлеуметтік қоғамға" тарттым, - деді ақыры Пауль,
əншейін айта салған адамша; бірақ оның үнінен жұқарып тұрғанын
байқау қиын емес еді. Ол киінуге шығып кетті.
Кете жалғыз қалған соң Паульге əділетсіз болғандығын, оның өзіне
деген қамқорлығын бағаламайтынын іштей мойындады.
Оскар қыз жүрегіндегі осынша қарама-қайшылықтарға тереңдегісі
келмеді. Психология туралы мұның айтқандарының бəрі сандырақ
болып шықты. Бірақ ол, ойланып жатпастан көріпкелдік сеніммен қыз
көңілінің нысанасына дəл тигізе алатын қасиетке ие еді. Ол өзінің
жетістіктеріне де, айналасындағы байлыққа да мақтанған жоқ. Ол, өзі
іштей қалап тұрса да, қызға ақша бермек болып уəде берген де жоқ. Ол
оған қысылмай қабылдай алатын сый - музыка тарихының
партитурасы жөніндегі зерттеулерін ұсынды. Өзіне пəлендей қажет
бола қоймаса да кейде ағылшын тілінен аударма жасап беруін өтінді.
Оскар осында тұрған кезде, өзімен бірге болған кезде, одан өмірдің
ерекше бір қуат-күші есіп тұрғандай көрінеді қызға. Бейнебір жоқтан
бар жасай алатын сиқырдай ол өзінің қабілетімен қайта-қайта таң
қалдыра берді. Бірақ айтқандарын кейіннен ойлап қараған кезде,
саусақ арасынан төгілген судай жоғалып кетіп отырды жəне мұндайда
қыз оның сөзінің бəрі сандырақ екенін ұғатын. Оскардың көпірме
сөздерінің артында бос қуыс жататын.
Оскар Кетенің қашан өзіне құлайтынын сезіп жүрді. Өзін төсек
мəселесіне тартса да жаман болмас еді деп ойлады. Бірақ бүл оған
аздау сияқтанды. Ол қыздың өзіне бірнеше минут немесе жарты сағат
берілгендігін емес, өзіне біржола сенгенін аңсады. Жəне осыны күтіп
жүрді. Ол асығыстықпен бəрін бүлдіріп алудан сақтанды.
Бір жолы ол нақ сол сағат келіп жетті деп шешті.
- Тыңдаңызшы, Кете, - деп бастады ол, - мұны бұдан артық
жалғастыруға болмайды. Мен сізбен ашық сөйлескім келеді. Сіз
бейнебір мұз үстінде жанталасып шоршыған балық сияқтысыз, сіздің
машинка басу бюроңыздың жағдайы адам аярлықтай. Сізге неге тек
мен үшін жұмыс жасамасқа?
Оның осындай ұсыныс жасайтынын қыз көптен сезіп жүрген. Өзі
бұған бейіл де, бейіл емес те болатын. Екі бетінің қызылы ойнап шыға
келді, екі қасының арасындағы үш сызық қайта пайда болды.
- Маған садақаның қажеті жоқ, - деп жауап берді ол, өзінің таза
даусымен.
- Бұл қисынсыз тоғышарлық пікір, - деп мəлімдеді ол, əдеттегіден
тыс қатқыл үнмен. - Онымен құтыла алмайсыз.
- Сіз өз күшіңізді Мюллер мырза немесе Шульц мырза үшін жəне
сексен немее жүз маркаға олардың іс қағаздарын көшіру үшін
жұмсауға жаралған жан емессіз, өте əдемісіз. Мен үшін жұмыс істеңіз.
- Сіздің өз Петерманыңыз бар, - деп қарсыласты Кете.
- Оны қайтпекпін, - деп ашулы кекесінмен жауап берді Оскар.
- Маған сіз керексіз жəне оны өзіңіз де жақсы білесіз. Сіз осында
отырысыңызбен -ақ маған көмектесесіз, мені қанаттандырасыз.
Осының бəрі сіз үшін жаңалық екен деп қылымсымай-ақ қойыңыз. Мен
алғашқы күннен бастап-ақ сіз тек мен үшін ғана жұмыс істеуге тиіссіз
деп ұйғарып қойғанмын. Менің ұсынысым - садақа емес. Тіпті менің
ақшам болмағанның өзінде де, бəрібір мен сізден басқа жұмыстардың
бəрін тастап, бəрінен де бас тартып, өз уақытыңызды тек маған
жұмсауыңызды сұраған болар едім. Онда, əрине, ашығуыңызға тура
келер еді.
- Мен Паульдің жұмысын тастай алмаймын, - деп кесіп айтты Кете.
Оскар бұған қандай жауап берер екен деп тағатсыздана күтті ол
Оскардың орнында Пауль болса, ол бұған орынды əрі жеңіл
мысқылмен ғана жауап берер еді. Оскар, тəрізі, Пауль үшін жұмыс
істеуге тыйым салатын шығар. Бірақ бүл оның тыйым салғанын
тыңдай қоймас.Бірақ Оскар оған да, басқаға да барған жоқ. Ол былай
деді:
- Жарайды, өзіңіздің ағаңыз Пауль үшін жұмысыңызды жалғастыра
беріңіз, - ол ақырын ғана жымиыспен, зымиян да қатал əрі менменсіген
мысқылмен күліп тұрды. Осы күлкісі арқылы ол Пауль Крамерді
мұқаттым деп ойлады. Осы күлкісі ашумен де, кекесінмен де, ащы
мысқылмен де емес, қайта оралмастай кекшілдікпен мүлдем жойып
жібердім деп ойлады ол
Сосын қызға өзінің етженді, аппақ, əрі дөрекілеу сұп-суық қолын
созды. Оның көзіне үлкен гауһар орнатқан жаңа жүзігі етіне батып,
ауыртып жіберді. Мейлі қорқа тұрса да, мейлі жек көре тұрса да, мейлі
азап шеге тұрса да, қыз оның құшағына рахаттана енді, осы арқылы ол
Паульдің бар білген данышпандығын быт-шыт қылды.
Өзінің жұп - жұқа еріндеріне папирос қыстырған Гансйорг
былғарымен қапталған кең креслода отыр; оның ішінде отырғанда өзі
тым қораш көрінеді екен. Ақшыл сары қастары көтеріле қалыпты, өңтүссіз көздері қайдағы бір кітапшаның парақтарын тіміскілейді. Бүл ай
сайын шығып түратын "Неміс хроникасының" соңғы саны болатын, ол
сонда басылған Пауль Крамердің "Дуалау дəуірінің оралуы" атты
мақаласын оқып отыр. Доктор Пауль Крамер жаман жазбайды. Ол
Гансйорг, басқаны білмесе де, мұны жақсы біледі, өйткені өзінің
"Прожекторы" жарық көрген кезден бері ол өзін белгілі дəрежеде
кəсіпқойлар қатарына жатқызады. "Прожектор" "Неміс хроникасынан"
гөрі нашар жазатын, жəне "Германия жұлдызы" да нашар жазады.
Бірақ "Германия жұлдызының" бірінші санынан кейін бүгінгі күнге
дейінгі таралымы екі жүз мыңнан асыпты. Ал "Неміс хроникасының"
таралымы қанша? Өз арамызда қалсын, үш мыңнан аса ма?
Жоқ, мырзалар, бүгінгі əңгіме мақаланың тəуір немесе жаман
жазылғандығында емес. Мұны естеріңізден шығармағайсыздар. Əсерлі
сөз, əсем ырғақ, көтеріңкі рух - мұның бəрі апта соңында дем алуға
болатын мамыражай уақытқа жарасады. Əдебиет дегеніңіз, мырзалар ол пəтеріңіздегі қонақ күтетін бөлмемен тең. Ал бүгінгі Германияда бір
бөлмеде төрт адамнан жатады жəне қонақ күтетін бөлме деген атымен
жоқ. Əдебиеттің бұйрығы солай, мырзалар, - оның саудасы біткен requiescat in pace .
Көптеген мыңжылдықтардан кейін адамзат өзінің ішкі əлемінің
кішкентай ғана терезесіне рух сəулесін шашуға əрең дегенде мүмкіндік
алды. Осынау əрең қол жеткізген жарық бөлмемізді түн-түнек қайта
басуына жол бермекші. Гансйорг арсыздықпен күлген күлкісін жияр
емес, жаңа сигаретін тұтатады. Ал түн-түнекке қандай қарсылығыңыз
бар, Крамер мырза? Оның басып кіруіне біз неге жол бермеуге тиіспіз?
Бізде көздері жарықты жаратпайтын жандар көп. Адамның көпшілігі мыңнан тоғыз жүз тоқсан тоғызды -қараңғыда өздерін тəуірлеу
сезінеді. Сіздің тамаша стильмен жазған мақалаңыз бен сезімтал
ұраныңыз кешігіп қалды, Крамер мырза. Сіздің жаққан
"жарығыңыздың" күні өткен. Біз билік басына келген кезде - ал біз
билік басына, сөз жоқ, келеміз, - біз сіздерді, мырзалар, стилистикалық
мақалаларыңызбен, əсем ырғақтарыңызбен қоса қопарып тастайтын
боламыз. Бір соққымен, темірдей тегеурінмен бəріңізді де қопарамыз.
Тұқымдарыңызды құртамыз. Біз ешнəрседен де тайын- баймыз.
Кішкентай Гансйорг кең диванда рахаттана күліп қойып темекі
шегіп отыр. Бүл Крамер мырза - еш күмəн жоқ, еврей - уақыт талабын
тап басып жазыпты. Жəне мұның өзі, Гансйорг, бүл күнге дейін анық
біле алмай келген болжамдардың көбін тамаша тапқырлықпен
түсіндіріп берген. Бірақ, пəленің бəрі Крамер мырзаның жəне басқа да
еврей мырзалар мен интеллигент хайуандардың өздерінің мұқият
қалыптастырған жаңалықтарынан дұрыс қорытынды шығара
алмағандықтарында, ал ол, Гансйорг, жəне оның жақтастары өздерінің
бұлыңғыр сезімдерінен пайдалы қорытынды жасай алғандарында
болып отыр. Мұның бəрі ашық күндей анық нəрсе. Түн-түнек дəуірде
өмір сүреді екенбіз, шуақты дəуірде өмір сүріп жүргендей жарықты
аңсауға болмайды. Соған икемделуіңіз керек, доктор Крамер мырза,
жəне біз сізді осыған үйрететін боламыз.
Крамер? Пауль Крамер? Осы фамилия Гансйоргқа талай рет кездесті
ғой, осы Крамер, сонымен қатар... Ио, əрине, ол əлгі Кете Зевериннің
ағасы ғой.
Кете Гансйорг үшін - көзге түскен дақпен бірдей емес пе! Кей
кездерде Петерманды ығыстырып тастайтындығынан ғана емес, оның
пиғылында пері соққан шыншылдықтың бұғып жатқандығынан да
шығар, бəлкім, ол мұны ағасынан үйреніп жүрген болар. Ол саған
құдды құбыжық көргендей жиіркене қарайды. Əйтеуір, қалай болғанда
да, бұған, Гансйоргқа тап солай қарайды. Сонымен қоса, əрине,
Оскардың да толып жатқан қасиеттерін жаратпайды; əңгіме оның
"көргіштігіне" келгенде, онымен жұмыс істеу Оскарға оңай түсіп
жүрмеген болар. Əрине, қыз оны қойнына алуын алып жүр-ау, бүл
жағына келгенде Паульдің теориясының пайдасы тие қоймайды. Ол
салдақының əдемілігінде сөз жоқ, оны мойындау керек. Рас, мұның,
Гансйоргтың талғамына салсаң, ол қыз тым арықтау əрі ұзын тұра,
бірақ құлқын құртыңды қыздырған шөліңді бір қандыруын қандырады.
Өкінішке орай, осының бəрі - құр далбаса сөз. Əйел жағынан мұның
жолы болған емес, оған өзінің тамаша дəрежесі де көмек бола алмайды.
Ал əйел жарықтықтар керек-ақ, нағыз əйелдер керек жəне бір қайран
қалатыны, бұған ылғи Оскарға жабысып жүретін əйелдер ұнайды. Ал о
л құрғырлар бұған қарай қоймайды. Оскарға - оның көзі түссе-ақ
болғаны, қандай əйел болса да еріп қоя береді. Мұның, Гансйоргтың
маңдайына жазылғаны қайдағы бір Карфункель - Лиссилер ғана. Бұл
Оскардың, бұл оңбағыр пəлекеттің жолы болғыш - ақ. Əйтеуір жұрттың
бəрі соны жақсы көреді, тіпті шешесін былай қойғанда, өлшемі өзімен
кеткір марқұм əкесінің де оған емешесі езіліп түратын.
Дегенмен, Гансйорг құлағынан тартып əкелмегенде, қазір екі жүз
елу марканы малданып, Мюнхенде жүрген болар еді. Бірақ Оскар осы
жасаған жақсылығының бəрін тап-таза ұмытып кеткен сыңайлы. Кім
дейсің бе, жақсылықты білмейтін төбет ол!
"Алдағы аптада мен тағы да үш мың ала аламын ба?" Мұны саған
шұжық сататын дүкеннен паштет сұрап тұрғандай етіп айтады. Ол үш
мыңды табу үшін, көкешім, эр жолы миыңды қанша қатыру керек
екенін білесің бе? Партияның шығыны күн санап артып барады,
рейхспрезиденттігіне сайлауды насихаттау топан судай қаптаған
ақшаны талап етеді.
Сондықтан қалғанның бəріне, бəрінен бұрын мəдени шараларға
ақша үнемдеуге тура келеді. Ал мəдени шаралар дегеніңіз - ол бірінші
кезекте "Германдық көзқарасты насихаттау одағы", ол "Германия
жұлдызы", əр түрлі қосымша іс-шаралар, ол Оскар мен Гансйоргтың
өздері.
Оскар болса, осындай қам-қарекеттің бəрінен жоғары тұрғысы
келеді, ол барлық қиындықты Гансйоргтың мойнына артып қойып, өзі
түк шаруасы жоқ адамша алшаң басып жүруді ғана біледі. Бірақ енді
жететін шығар. Гансйорг Оскарға, рақымсыз төбетке нақ осылай деп
айтады. Көзіне шұқып тұрып айтады.
Ағасымен келесі жолғы кездесуде Гансйоргтың шиыршық атқан
себебі осы. "Германия жұлдызын" Оскарды насихаттау үшін ғана
аштық деп мəлімдеді ол Сондықтан ендігі жерде пайғамбар мырзаның
жұмысқа жегілуіне тура келеді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 08
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.