Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 04

Total number of words is 4232
Total number of unique words is 2226
33.9 of words are in the 2000 most common words
46.4 of words are in the 5000 most common words
53.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Оскар Алоизға маманға түсіндіргендей жеткізіп отыр. Енді міне,
алғашқыда Оскардың азғыруына ере қоймаған, өз ісін жанындай жақсы
көретін көз бояушы, оның жалынды сөздеріне еріксіз еріп, оның
идеяларын толықтыра отырып, өзі де бірсыпыра жаңалықтарды ойлап
тапты жəне бірге жұмыс істегендеріне мəз болып қуанды.
Бұлар осылайша бағдарлама сияқты бірдеңенің нобайын жасап
тастап, бір-біріне риза көңілмен қараған кезде, Алоиз кенеттен
томсырая қалды.
- Өкінішті-ақ, - деді ол, - мұның бəрі бос қиял! Мұның бəрін іске
асыру үшін, миыңды сыртқа шығарып, қайта ақтаруың керек. Егер
алдыңда нағыз сахна мен нағыз көрермендер тұрса ғана тəуекел етуге
болады. Сенің Берлиндегі сылқым бикештерің мен бір топ ақымақ
нацистерің үшін Алоиздың өліп-тірілетін жағдайы жоқ.
Алайда Оскар балықтың қармақты қапқанын сезді де, шабуылын
үдете түсті. Ал, Алоиздың қарсыласуы əлсірей берді. Рас, нацистермен
əрі Ганспен жұмыс істеу ұнамайды - ақ, жаныңды жейді ғой, оның
есесіне Оскардың əр сөзі қанаттандырады, ал онымен бірге жұмыс
істеу деген - жанның рахаты.
Ұзаққа созылған тартыстан кейін, олар бір пəтуаға келгендей
болды. Алоиз келесі маусымға бірсыпыра ұсыныстар қабылдады, ал
оның антрепренері, өз саласының маманы Манц Алоиздың науқан
алдында, яғни 1 шілдеге дейін біреулермен шарт жасаса тұруын талап
етті. Енді міне, Алоиз осындай ақымақтық достық сезім үшін Оскардың
ұсынысына тоқтауға мəжбүр болып отыр. Ол өте мардымсыз шарт
қойып отыр, деп мəлімдеді Пранер, ол бар-жоғы айына кепілді түрде
бар-жоғы мың марка табатын жұмыс ұсынады, онда да алты айға ғана.
Алоиз мұндай қайыршылық төлемге келісім бергенін білсе, Манц
шашын жұлатын шығар! Бірақ Оскар əлгі берлиндік сілімтіктердің
ініне су құйғысы келетіндіктен, Алоиз оған қарсы тұрғысы келмейді.
Бірақ, бір нəрсені үзілді-кесілді талап етеді: Оскар бос уəдемен оның
басын қатырмайтын болсын. Сенімді адам немесе мекеме қол қойған
берік келісімшарт керек, одан басқа түгілі тақуа антрепренер Манц та
кемшілік таба алмайтын болсын. Жəне бүл келісім шарт жоғарыда
айтылғандай, 1 шілдеге дейін алдында жататын болсын.
- Мен осының бəріне сенімді болуым керек, - деп сөзін аяқтады,
долдана түскен Алоиз. Мен өте тиімді келісімнен айрылып қалып,
дауылды теңізден шуақты күн күткен ақымақтай, тақырға отырып
қалмайын.
Мың марка жəне алты айға келісім шарт! Бірақ Алоизға осынша қиял
жетпейтін соманы табуға кепілдік беретін адамды Оскар немесе
Гансйорг қайдан таппақ? Алайда Оскар бір сəтке де қобалжыған жоқ.
- Келістік, - деді ол
Жуырда көрген елесі есіне түсті. Ол əйел келеді. Гансйорг Алоизбен
келісім жасайды. Ол, Оскар, Берлинге барады, Берлинді аузына
қаратады, ол əлі көрсетеді Тиршенройт пен Гравличекке кімнің кім
екенін.
Алоиздың қойған шарттары жөнінде Оскар інісімен бірге кеңес
құрды. Егер Третнов ханым келетін болса, келісімшартты рəсімдеуге
болатындығын айтты бауыры. Бірақ, осы бір "егер" деген Оскардың
шамына тиді. Ол Третнов ханымның келетіндігіне сенімді болатын
жəне бауырының оған күмəнданғанын жаратпайтын.
Апта соңынан апта өтті. Оскар кейде:
- Ханымнан хабар бар ма? - деп сұрап қойып жүрді.
- Əзірге жоқ, - деп тұйық жауап береді Гансйорг.
Оскар əлі де үш аптадай күте алатын еді, содан соң оның Алоизға
берген мерзімі аяқталады. Третнов ханымның өзін іздеп келетіндігіне
бұрынғысынша сенімді болатын. Бірақ оның түн баласына ұйқысы
бұзыла бастады жəне ұйқысы қашқан сағаттарда, тыныштық пен
сеніммен бірге қоса, күмəннің бұлыңғыр бейнесі де елес беріп
қалатындай көрінетін. Жəне егер Оскардың осынау арпалысқан ойын
қағазға түсірер болсақ, ол мынадай сөздерге айналған болар еді:
"Япыр-ау, ол ханымды мен ап-анық көрдім ғой. Жирен шашты,
аққұба өңді, қыр мұрынды, көздері жалт-жұлт еткен, өте кербез əйел...
"Қайырлы кеш, баронесса" , - міне ол осында, менің төсегімде жатыр,
жирен шашы төгілген ақ білегін күн шалмаған... Оскар секілді өмірде
оңбайтын кер жалқаудың тұқымдары Гогенсоллерндер əулетінен
тарайтын баронесса Хильдегард фон Третовпен əмпей-жəмпей
байланысы бар екенін өлшемі өзімен кеткір əкесі білсе не айтар еді?..
Келу деген оның ойында да жоқ, қу тізеңді құшақтап қалдың деп Ганс
та табалап жүр... Егер бұдан ештеңе шықпаса Тиршенройтқа баруыма
болады, мен əлі Гравличекке не "иə" , не "жоқ" деп жауап берген
жоқпын ғой... ал Ганстың көздері қасқырдың көздеріндей от шашып
тұрады, ол нағыз малғұн, жөлік, ібіліс, құдай бізді ондай жолға түсіре
көрмесін... Баронесса фон Третновтың үйі, фрак киген еркектер, етегі
жер сызған көрікті көйлек киген əйелдер, алды артыңды орап:
"қайырлы кеш, мəртебелі мырза" , "көңіл күйіңіз қалай, құрметтім" деп
амандасып жатқан адамдар, бəрі де менің аузыма қарайды, бəрі де
менің жанарымды бағады, ал менің келбетім келісті - ақ, қонақтар
жағы: "өз бет - бейнесінен аумайды екен" десіп сыбырласады. Иттің
баласы, жетесіз неме, сенен ешқашан да жібі түзу адам шықпайды...
Мюнхен, Берлин, люстралар, жалтыраған паркет, Алоиз, екі жүз елу
марка..." Оскар ұйқысыз жатқан түндерде оны билеп алған шымшытырық əрі бұлыңғыр бейнелер мен сезімдер осындай еді.
Баронессаны күтіп жүрген күндердің бірінде Гансйорг "Тангезейра"
ұлттық театрына билет əкелді. Оскар музыканы ұнататын. Əр жолы,
көкірегінде көріпкелдігі ояна бастаған кезде, оның жан-дүниесін
музыка, əсіресе Вагнердің музыкасы тербеп тұратын. Сол замат ішкі
əлемі неше алуан сызылған, талмаусыраған, сезімін арбаған əнге
толып кететін...
Билет авансценаның үстіндегі ложаға сатылыпты, сондықтан Оскар
мүмкіндігінше əдемі киінуге тырысты. Ол əкесінен қалған ұзын, қара
сюртукті қалады. Бұл əлі модадан шыға қоймаған, офицер мундирі мен
пастор сюртугінің арасындағы, денеге құйып қойғандай, түймелері
түгелдей түймеленетін, осындай салтанатты кешке лайық, "гейрок"
деп аталатын киім болатын.
Оскар Ұлттық театрдың фойесінде қыдырып жүр еді, кенет жүрегі
дір ете қалды: Адольф Гитлер: фюрер тұп-тура өзіндей болып киініпті.
Жан-жақтан келіп жатқан қалың топтың арасында ол алғашқыда
Оскарды байқамады. Бірақ Оскар фюрердің өзін байқап қалуына бар
өнерін салып бақты. Жəне - міне керемет! - фюрер бұған жанарын
аударды, бір сəт ойланып қалды, таныды, өзіне қарай жүрді, есі
шыққан Оскарға қолын ұсынды, ер адамға лайық жігермен амандасып
тұрып көп мағыналы уəжбен:
- Қалыңыз қалай, Лаутензак мырза? - деп сұрады. - Сізді, тəрізі,
жұмыстың қамы қажытып жүр-ау деймін? Ол біздің, партия
мүшелерінің бəрінің де басында бар қасиет. Иə, Лаутензак мырза, қиын
заманға тап келіп тұрмыз. Жəне одан туындайтын күш-жігер одан да
берік болуға тиіс.
Оскардан Адольф Гитлерге қарай жарасымдылық, түсіністік
толқыны жүріп өтті. Жуырда Оскар "Майн кампфты" қайта оқып
шыққан болатын; бұл кітаптан оның өз түйсік -түсінігінің лебі аңқып
тұрған-ды, ал қазір фюрер қалай жазса, солай сөйлейтіндігіне көзі
жетіп тұр. Олар бір - бірімен құдай қосып қойғандай байланысты екен бұлар, екі еркек, -біртұтас, бөлінбестей тұлғалар. Күмəнді, күдікті
фюрер де жеңуі керек. Оның сөздерінен Оскар осыны сезді. Фюрер де,
өзі сияқты, қара табан кедейден шыққан. Мектепте ол, Оскар сияқты
екінші жылға қалып отырған жəне қатыгез əкесі оны кешіре
қоймайтын. Оскар сияқты ол да Берлиндегі ықпалды адамдардың
қолдауына зəру екен. "Таңырқарлық ұқсастық!" Жартылай жетістікті
фюрер де қанағат тұтқысы келмейді, ол картаға бəрін салмақ - не бел
кетеді, не белбеу кетеді.
Музыка бүгін Оскарға əдеттегіден күштірек эсер етті. Жалынды,
бəрін жұтып қоярлықтай құштарлық иесі Венераның үңгірі мен
қасиетті əуез иесі Вартбургтың арфасы арасында өткір қарамақайшылықтар бар. Бұл - оның өз жанының қарама-қайшылықтары. Ол
өзі де Тангейзер; скрипкалардың жүректі тілгілеген ащы үні мен
Венера үңгіріндегі бірде қызыл, бірде көгілдір түске малынған сауық сайран құдайы Вакханалия - бұл баронесса фон Третновтың Берлині,
бұл еркектердің крахмалданған омыраушасы мен əйелдердің інжуге
бөленген жалаңаш тəні. Ал бақташының кінəратсыз сыбызғысы
Вольфрамның салтанатты үндеуі жəне Елизаветаның асқақ махаббаты
- бұл тап-таза телепатия, Гравличектің илікпес ғылымы мен
Тиршенройттың аналық қамқорлығы.
Музыка оны бірде аспанға көтереді, бірде жерге түсіреді. Ішкі
түйсігі түгелдей қалтырады, өзін артық бағалайтын жаратылысы
салтанатқа бөленді. Осылай қара сюртукке оранып, тұңғиық қиялға
беріліп, тіпті ішкі əлем-жəлем толғаныстан сықпыты да бұзылған күйі
музыканы тыңдап отыра берді. Жəне ол ложасында отырған фюрерді
де тап осындай түпсіз сұрақтар: өзінің суретшілік өнерінен бас тарту
азабы, билікті басып алып, Германияны құтқару, бұрынғы алым-салық
инспекторы, марқұм əкесінің аруағы алдында кім екенін көрсету
мазалап отырғандығына сенімді болатын.
Опера аяқталды, қаһарлы əрі сұрапыл дыбыстар тыныс алды.
Жан-дүниесін толқытқан терең күйзелістен кейін Оскардың тəбеті
тамаққа ауды, ол тап қазір аласұрған аш қасқырдай еді. Оскар, бəлкім
фюрерді тағы да бір рет көріп қалармын деген үмітпен, бір кезде өзі де
болған итальяндық жертөлеге барды. Осы бір оңаша шарап қоймасына
Гитлер де барған екен жəне ол көріпкелге осы кеште екінші рет көп
мағыналықпен басын иді.
Оскар тамаққа тойып алды, бірақ үйге қайтқысы келмеді - ол
музыкаға əбден елігіп алған болатын. Оның көз алдында кейбір
ашыналарының бейнелері көлбеңдей берді - соңғы кезде оларды
мүлдем ұмытыпты ғой - бəрінен бұрын оны киім тігуші қыз Альма,
оның жарқын нұр келбеті сағындырды. Түннің біраз уақыты болып
қалғанына қарамастан, ол оған телефон шалды жəне қыз біраз
қарсыласқаннан кейін келіскендей болды - жарайды, келе берсін.
Үстіне салтанатты сюртук киген Оскар қызды табалдырықтан
қарсы алды. Оскар оған əрі күлкілі, əрі айбарлы көрінді. Бұл кеш қыз
үшін де айта жүретін кеш болды.
Келесі күннің ертесінде терең əрі тəтті ұйқыдан əлі ояна қоймаған
Оскар телефонның, ұзақ соққан қоңырауын естіді. Ол тұтқаны ашулана
көтерді. Гансйорг екен.
- Бароннесса Третнов келді, - деп хабарлады ол - Ол сені мүмкін
болғанша тезірек көргісі келеді. Бароннесса "Жылдың төрт мезгілі"
қонақ үйіне тоқтады. Сенің қоңырауыңды күтеді.
Оскар тосыннан келген лəззаты қорқыныштан селк ете түсті. Міне,
басқаның ақылгөйсуін емес, өзінің ішкі түйсігін тыңдағаны үшін
тағдыр өзін жарылқағалы тұр. Бұл сый Хильдегард фон Третнов
бейнесінде келіп тұр.
"Сенің қоңырауыңды күтеді" . Байқау керек. Ол өзі көздеген
мақсатынан бір-ақ қадам жерде тұр, енді сол бір қадамды да шалыс
басуға болмайды. Қарым-қатынастарының алғашқы сəтінен бастап,
бұл Берлиндік бикешке кімнің кімге бағынатындығын көрсетіп қоюы
керек.
- Естіп тұрмысың? - деп сұрады сымның екінші ұшындағы Гансйорг.
- Ол сенің телефон шалуыңды күтіп отыр.
- Көп күтуіне тура келеді, - деп жауап берді Оскар. - Егер ол бикешке
менен бірдеңе керек болса, маған өзі келетін болсын.
Қысқа тыныштық орнады. Сосын сымның екінші ұшындағы дауыс
мұны балағаттай бастады:
- Нақұрыс, хайуан, піштірілген малғұн!
Бала кезінде он жасар Ганс бауыры өзін тағдыр тəлкегіне қалдырып,
тастап кеткен кезде осылай балағаттайтын.
Оскар телефон тұтқасын іле салды. Екі минуттен кейін Гансйорг
қайта телефон шалды. Ол өтінгендей болып:
- Сен енді фон Третнов ханым сияқты бекзатқа менің
Румфордштрасседегі үйшігіме кел деп талап қоя алмайтын шығарсың
деп ойлаймын.
- Мен одан соны талап етемін, - деді Оскар. - Көк есекше көки
бергенше, менің не ойлайтынымды білсеңші. Егер сенің Третновыңа
менің құным болмаса, ол тіпті маған келуге де ерінетін болса, онда бұл
істің бəрі көк тиынға да тұрмайды. Онда мен Мюнхенде қалып,
Гравличекпен келісімшартқа қол қоямын.
Айтпақшы, кешегі "Тангейзер" тамаша болды. Билет алғаныңа көп
рахмет.
Осымен ол телефон тұтқасын қайта іліп қойды. Оның кеудесінде
кешегі "Аллилуйя, аллилуйя" деген хор жаңғырығып тұрған-ды. Егер
бұл бекзада əйел Берлиннен Мюнхенге ат терлетіп жеткен болса, онда
"Жылдың торт мезгілінен" Румфордштрассеге дейінгі аралыққа аяғы
жетпей қалмайтыны айдан анық. Оскар рахаттана керіліп алды да, бір
жамбастай құлай кетіп, көңілі орнына түскендей қайта ұйықтап кетті.
Сəске түстің кезінде ол үйден шықты. Оның ықыласы "Жаңа
Пинакотекуге", қалалық үлкен сурет галереясына ауды. Ол суретші
Франс Ленбах салған кейбір портреттерді тағы да бір рет қарап
шыққысы келді. Олардың ішінде менменсіген əрі көркемдігімен көз
тартатын ақсүйек бикештер де, Мольтке мен Бисмарк та, принцрегент
Луитпольд пен Рихард Вагнер де бар еді. Бикештердің аппақ иықтары
асыл тастарға малынған көйлектерінен ұрлана қарап тұрар еді, ал
еркектер болса кирасалар мен ауыр киімдерге немесе өткен ғасырдың
бюргерлік киімдеріне жуықтау келеді; кейбіреулерінің үстінде кеше
Оскар театрға киіп барған сюртук бар, бірақ осы əйелдер мен
еркектердің бəрінен, қалай киінгендіктеріне қарамастан, Ренессанстың
рухы аңқып тұр, олардың жүздерінен жігер мен жетістіктің, барлық
пен жарқын өмірдің шұғыла - сəулесі жарқырайды. Фюрер жақсы
көретін картиналардың бірі Ленбахтың автопортреті де осында ілулі
тұр. Қарапайым алым-салық жинаушының ұлы, өз дəуірінің ұлы
суреткеріне айналды жəне өнерге де, өмірге де молынан сусындады.
Егер алым-салық жинаушының ұлы осынша биікке көтерілген болса,
онда муниципалдық кеңес хатшысының ұлы қандай дəрежеге жетпек!
Кешке таман Гансйорг телефон соқты.
- Ол келетін болды, - деді ол бұртия сөйлеп, тəрізі, тағы да Оскардың
айтқаны келгеніне тұлданып тұрса керек.
Оскардың жүрегін "Мейстерзингердегі" кернейлер мен мерекелік
фанфарлар үні кернеп кетті.
Келесі күні сағат он екіге аяқ басқан кезде, Гансйоргтың жол
көрсетуімен баронесса Хильдегард фон Третнов шынымен-ақ
Оскардың Румфордштрассе, 66- дағы қораштау бөлмесіне кіріп келді.
Қабырғаның бірінде жабыңқы жүзді, сұстылау келген келбеті келісті
бет-бейне, екіншісінде - үстіне күміс сауыт киген, аққу ұшқан жаққа
қарап тұрған Людвик екіншінің қаймықпас қайсар тұлғасы. Үшінші
қабырғада үстел жəне кітап сөрелері. Өз гобеленін күтіп тұрған
төртінші қабырға - бос. Оскардың өзі креслода отыр; ол үстіне не
киерін білмей ұзақ ойлана келіп, ақыры күлгін түсті кеудешесін киген
болатын.
Хильдегард фон Третнов Гансйорг суреттеп бергендей - ақ ажарлы
əйел екен; жирендеу келген ақсарының əдемісі, отыздар шамасында
болар-ау, қыр мұрынды жанары жалт -жұлт еткен жігерлі бикеш. Ол
бөлмеге кіріп келген кезде, ағайындылардың екеуіне де: осыны əкеміз
көргенде не айтар еді деген ой келген болатын. Баронесса фон
Третнов! Бұл сендерге шақырғанына зар болатын бургомистер
Обергубер немесе нан сатушы Эренталь емес!
Актер Карл Бишов үйреткендей, Оскар жарасымды сыпайылықпен
орнынан тұрды.
- Мен сізді көргеніме бақыттымын, маэстро, - деп сəлем берді, ашық
та жайдары дауысты фон Третнов ханым өзінің солтүстік германдық
акцентін араластыра — Гансйорг сіз туралы маған көп айтқан
болатын.
Оның ойнақы шуақ шашып тұратын көзі Оскардың маскасынан
өзінің жүзіне түсті.
- Маған Оскар Лаутензактың маскасын өзімен салыстыру бақыты
бұйырыпты, - деп сөзін жалғастырды бикеш. - Келмей жатып бəріне
көз салғаным сізге оғаштау көрінбей ме?
- Сіз менің інімді аман алып қалдыңыз, - деп сыпайы жауап берді
Оскар. -Сондықтан мен сізге терең ризашылығымды білдіруге тиіспін.
- Демек, сіз менің еркелігімді ініңіздің тағдыры үшін ғана көтеріп
отыр екенсіз ғой? -деп қылымси қалды əйел заты, тəрізі, өзіне тəн
сыпайылықты тілегендей.
Бірақ Оскар қошемет көрсетуді ертерек санап, əңгіме төркінін сенімнаным жағына бұрып əкетті.
- Кездейсоқтық деген болмайды, - деді ол. - Дүние деген шексіз тор,
өмірдегінің бəрі бірімен бірі өріліп жатыр. Маған келген нəрсе
кездейсоқ келмейді.
- Маған да, - деді фон Третнов ханым, даусын жұмсартыңқырап, сізден тағдырдың бұйығы тəрізді бірнəрсе сезілетіндей көрінеді. Сіздің
көрінбейтін торыңызға түскен адам қайтып шыға қоймас.
Оскар жауаптың орнына Цезарьдай сазара қалды.
- Мен түсінемін, - деп сөзін жалғастырды баронесса, - сіз əрбір
құбылыстан оның тұтас дүниемен байланысын іздейсіз. Гансйоргтың
айтуы бойынша мен сіздің дүниеге көзқарасыңыз туралы шамалы ойпікірге табан тірей аламын. Мен бұған ұлттық -социалистік
партиясының идеологиясы жағынан да дайынмын. Сіздің алдыңызда
мен фюрердің алдында отырғандай сезімге бөленіп отырмын. - Ол
үндемей қалды; оның ашық жанары маскадан Оскардың жүзіне, одан
қайтадан маскаға ауды.
Оскар да үнсіз, бірақ ол əйелдің жүзіне көзін аудармастан ұзақ əрі
зерттей қарады. Шындығын айтса, бүл өзі ойлағандай əйел емес, бірақ
сүйек сыны келісіп-ақ тұр, ал бұл бикеш баронесса фон Третнов,
ақсүйек Гогенсоллерндердің тікелей ұрпағы жəне қоғамдағы алатын
орны өте жоғары деген ойдың өзі-ақ керек кезде қаныңды ойнатып
жібермей ме! Баронесса Оскардың көзқарасынан қымсынды, толқыды,
ол қозғалақтай берді.
- Сіз дұрыс айттыңыз, - деді ақырында Оскар. - Менің əсер етуім
үшін, екінші жақ оны қабылдауға əзір болуы керек.
- Мен жағынан болатын дайындыққа күмəнданбауыңызға болады, деп қостай кетті баронесса. - Бұл дайындық мен алғаш рет сіздің
маскаңызды көрген сəтте-ақ пайда болған.
Қысқасы, бəрі де көздеген жоспар бойынша өрістеп келе жатты,
жəне ақыр соңында баронесса қысылып - қымтырыла отырып,
назданған үнмен, онымен, Оскармен қайта кездесудің мүмкіндігі болар
ма екен деп сұраған кезде ол өз бағасын кемітпестен əрі əйелден көз
алмастан, "иə" деген емеурін білдірді.
Кешкісін Гансйорг келді жəне ағасының өзін жақсы ұстағанын
айтты, ал сосын Алоиз Пранермен жасасатын келісімшартты əрі қарай
қалай жылжыту керектігі жөнінде оған нұсқау берді.
- Сен баронессаны пети - мети мəселесі туралы өзі сөз қозғайтындай
жағдайға жеткізуің керек, - деп ақыл айтты ол Оскарға. - Ал сөз қозғала
бастаған кезде, сен ол жағынан түк білмейтін болып шағасың да,
ұсынысының бəрін қабылдамай, бəрін маған жібересің, ең бастысы,
ақша туралы мəселені сен емес, ол өзі көтеретін болсын.
Екі күннен кейін Оскар "Жылдың торт мезгілі" қонақ үйінің
мейрамханасында Третнов ханыммен бірге кешкі асқа отырды. Дəмді
суп пен "Көгілдір Дунай" вальсінің арасында баронесса Оскар
Лаутензактың тұтас əлем туралы пікірі Адольф гитлердің пікірмен
үйлесімді келетіндігін айтты. Балық пен бұзау етінің арасында ол
Оскарды Берлинде күтіп тұрған ұлы міндеттер туралы əңгімеледі.
Қуырдақ пен суфле "сюрприздің" арасында ол мынадай ауыр
кезеңде Оскардың піл сүйегінен жасалған мұнарадан түсіп, қарапайым
халықпен араласуы қажеттігін құлаққағыс етті; Германияны құтқару
үшін өзінің суретшілік дарынын құрбан еткен фюрерді мысалға
келтірді. Тəтті жемістер мен ірімшіктің арасында Оскар неміс халқына
қызмет етуге шақыру тап бүгінгі баронессаның аузынан шыққандай
шыншыл əрі сенімді естілмегендігін айтты. Жəне, қонақтардан да,
даяшылардан да қысылмастан, ол алдындағы сүйкімді бикешке
телмірген еркек көзімен ұзақ қарап қалды.
- Мына алмұртты менімен бірге қақ бөліп жегіңіз келе ме? - деп
сұрады баронесса -рақым етіңіз, мен аршып берейін.
Кофені баронессаның салонында ішті. Сонымен, шешуші сəт те
жетті. Оскар өзінің көкшіл - қара арсыздау көзін əйелдің жүзіне, екі
қастың түйіскен жеріне қадады. Іштей оған өзімшіл өктемдікпен: "Пети
- мети жағын қашан айтасың, ақымақ!" - деп бұйрық берді. Оскар бүл
сөздерді Гансйоргтың жаргондары жатталып қалғандықтан ба, əлде
осылай десем берлиндік бикеш тезірек түсінеді деп ойлағандықтан ба
- неге айтқанына өзі де түсінбеді. Əйел түсінді де бағынды.
- Мен түсініп отырмын, құрметті маэстро, - деді ол, - егер сіз
Берлинге көшуге бел байласаңыз, сізге мұндағының бəрімен қоштасуға
тура келеді. Əрине, ол материалдық қиындықтармен байланысты.
Мүмкін сіз бұл істе менің көмектесуіме мүмкіндік берерсіз? Мен оны
қуана отырып жасар едім.
"Аллилуйя!" - деп қуанды Оскардың жүрегіндегі пилигримдер.
"Қармақты қапты!" - деп сарнай жөнелді "Мейстерзингерахтағы"
кернейлер мен мерекелік фанфарлар. Бірақ ол естіртіп айтқанда
қабағын түйіңкіреп:
- Мені істің практикалық жағы қызықтырмайды. Мен үшін бір ғана
заң бар: ол өзімнің ішкі түйсігім, - дей салды.
- Өзім де білемін, - деп сасып қалды, ұялшақ қыздай қып - қызыл боп
кеткен баронесса, - мұны мен сізге айтпауым керек еді. Біз Гансйорг
екеуміз ақылдасармыз.
Бетінің қызарғаны баронессаға жарасады екен, Оскар оған қызыға
қарады.
Партияның мені нақ сіз арқылы шақырып жатқаны, бəлкім,
кездейсоқтық емес шығар. Немістер қызық халық қой! Бізде идеал
əрқашан əйел бейнесінде көрініс береді. "Əйелжандылық" бəрімізде де
бар.
Баронесса бақытқа бөленгендей күй кешіп отыр. Қазір оған
жуықтасаң - ақ еріп кете беретінін Оскар біліп отыр. Шынын айтса,
соған өзі де кет əрі емес еді. Бірақ ол ақылсыздық болар еді. Сондықтан
ол қоштасар кезде қолын құшырлана қысып, көзіне ұзағырақ қараумен
шектелді.
Сонан соң, өзінің Альмасына кетті.
Екі күн өткенде Гансйорг оған бəрі де ойдағыдай өтіп жатқанын
жəне Алоиз Пранермен келісімшарт дайын екенін хабарлады.
Оскар інісін Цезарьдай сазарып отырып қарсы алды, бірақ мына
хабарды естігенде таза дегенбургше өз қуанышын жасыра алмады:
- Ол арамтамақ шынымен-ақ айына мың маркадан ала ма? Сен ол
əйелді келісімшартқа көндіре алдың ба?
- Маған көндірудің қажеті болған жоқ, - деп жауап берді, Гансйорг.
- Əй, жарайсың, балақай, əй, бір нағыз алаяқсың - ау! - деді Оскар
риза болғандықтан.
- Ақыры оны түсінгеніңе рахмет, малғұн, - деді інісі.
Оскар ендігі жерде партиямен де, оның уəкілі Хильдегард фон
Третновпен де өз келісімін жасайтын уақыт жетті деп шешті. Жəне
келесі кездесуінде баронессаның пішіміне телміре ұзақ қарап отырып,
оның əйелдік бейнесі өзінің жанын көкейқұрт болып жей бастағанын
мəлімдеді. Ол шешесін көріп талпынған баладай жақындай берді.
Бикештің қолын алып, аянышты жүзбен, мөлиіп иығына дейін сипалай
бастады. Хильдегард дірілдеп кетті.
Əйел қаптап келе жатқан топан суға қарсы тұра алмай, еркектің
ырқына берілген кезде, өзін басқа емес, фюрердің өзі, нацистік
партияның барлық еркектері аймалап жатқандай күйге шомды. Оскар
да оны аймалаған кезде, шындық пен идея бір жерге тоғысқандай
сезімде болды. Жаңа жолға түсті деген осы, көрегендік жолға түсудің
бастамасы да осы! Ұлы Германияның жолында ол өзінің қабілетін əр
түрлі көзбояушылықпен ұштастыруы керек. Хильдегард фон Третнов
ханым арқылы ол шау тарта бастаған ақ сазандай келіншекпен ғана
емес, өзінің жаңа, сүйікті əрі қиын міндетімен де қауышқандай болды.
Інісі Оскарға əкеп берген Алоиз Пранермен келісімшарт мөрі
басылған, тараптардың қолдары нотариалдық жағынан бекітілген,
жан-жақты жасалған құжат болып шықты; банктік кепілдемесі қоса
беріліпті. Оскар осының бəрімен мұқият танысып шықты.
Келісімшартта: "Германдық көзқарастың насихаттау одағы" əртіс
Пранерді жазушы Оскар Лаутензакпен бірге алты ай бойы осы Одақ
мүшелерінің алдында өнер көрсетуге міндеттейді" деп жазылған.
Психологиямен межелес салаларға қатысты құбылыстарды көрсете
отырып, баяндамалар ұйымдастыру да қарастырылған. Қол
қойғандардың қатарында өңкей ығайлар мен сығайлар жүр; атап
айтқанда, Оскар граф Ульрих Герберт фон Цинздорфтың да қолы бар
екендігіне қатты қайран қалды.
- Ал ақшаларың бар ма? Шынымен бар ма? - деген ақымақтың
сұрағын қойды Оскар.
- Ақша, өзің көріп отырғандай, құрметті мекеме болып есептелетін
Баварияның одақтық банкіне түсті, - деп төзімділікпен түсіндірді
Гансйорген. - Егер есіңде болса, біздің марқұм əкеміз осы банктің
дегенбургтік филиалына, шешеміздің атына біраз ақша салған
болатын, бірақ оны соңынан өзің жеп құртқансың.
Оскар келісімшартты парақтай бастады.
- Шынымен-ақ өкіндіретін кемшіліктері жоқ па? - деп сұрады ол
сеніңкіремей. -Алоизге алаңсыз көрсете беруіме бола ма? Сен оның
қазымыр екенін білесің ғой...
- Қажет десе, Алоизың бұл келісімшартты тұмсығымен иіскеп
тексерсін! - деп қылжақтай жауап берді Гансйорг.
Оскар Алоизге осынау салтанатты құжатты көрсеткен кезде, ол əрісəрі ойға қалып, қасқа басын сипалай берді. Оскардан келісім талап
еткенде, ол мұндай қиын іс оның қолынан келе қоймас деп үміттенген
еді. Рас, мынадай құдай атқыр доспен, өзімшіл суайтпен əрі жанып
тұрған отпен бірге жұмыс істеу жаман болмайтын тəрізді көрінді оған;
бірақ Алоизге асықпай жүріп істейтін өзінің Мюнхендегі жұмысы
Габельсбергерштрасседегі ескі пəтері, өзі үйреніп қалған күтушісі
Кати, мұндағы алаңсыз тыныштық көбірек ұнайтын еді. Гастрольден
оралғанда, ол Габельсбергерштрасседегі өзінің тыныш пəтеріне
жеттім бе, жетпедім бе, деп жаны жай табушы еді. Ал енді Оскар мұны
Берлиннің мазасыз даңғазасына, нацистік саясаттың иіріміне тартып
барады.
Ол келісімшартты өкінішті түрмен зерттей бастады. Сұқ саусағын
сілекейлеп алып, құжатты үнсіз парақтайды, мəтінін оқиды, қойылған
қолдарға шұқшияды, беттерді қайта-қайта аударыстырады. Ақыры
терең тыныстап алып:
- Дегеніңе жеткен тəріздісің, сұмырай. Бəрін де отырғызып кетіпсің.
Енді мені де отырғызасың, - деді ол, бөлмесіне ұзақ қараған күйде
мұңая отырып.
- Кешіре гөр, жылы ұям, - деді ол, өзінің жұмсақ диванымен,
серіппелері отырып қалған креслоларымен, тұрпайылау жасалған
үлкен үстелімен, онда тұрған ыдыс -аяқтарымен іштей қоштасқандай
болып.
- Біздің жаңа бастағалы отырған тамаша өмірімізге құлшына
кіріскелі отырғаныңа қуанамын, - деді Оскар жабырқаулы көңілмен. Жақын достың көтеріңкі көңілінен артық қолдау бола ма.
- Тоқта! - деді кенет Алоиз, соңғы үмітіне жармасып. - Мəселені
бұлай асығыс бітіруге болмайды. Алдымен Манц мына келісімшартты
қарап шықсын. Біз келісіп едік қой.
Антрепренер Манцқа жеткенше
əлденелерді сандырақтап келеді:
Алоиз
əлденеге
тұлданып,
- Германдық көзқарастың, - деп бұрқылдады ол, адал
көзбояушылықпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. - Ол "адал" деген
сөзді ажырата айтты. - сен тек өзіңді ғана ойлайсың, - деп тиісе түсті
ол, көрермендерді ылғи да ұнатпайтынсың, ал енді қайдағы бір
нацистердің алдында біздің ақ тер, көк терге түсіп тыраштануымызды
қалап отырсың.
Оскар Цезарьдің кейпіне түсіп, былай деді:
- Сен қорқып отырсың. Басқа түк те емес. Өмірлік нəрсенің бəрінен,
сəл қозғалудан қорқасың. Тоғышар сорлысың ал ендеше.
Алоиз Оскарға үнсіз қарады, мына сөз шымбайына батып кетсе
керек, ашуын тежей алмай:
- Мəселен, Гете де тоғышар болған. Ол да саясаттың маңына
жолағысы келмеген, -деп мəлімдеді.
Антрепренер Манц саясаттан мүлдем ат-тонын ала қашты.
Жаратылысынан сылбыр əрі етженді келген ол шашы түсе бастаған
қазандай басын салбыратып, сигарын қайта-қайта сорғыштап
алдарында отыр. Оның тышқан көздері Оскар мен Алоизға кезек
қарайды. Ол келісімшартты оқып шықты да, абайлап қана былай алып
қойды.
- Бұған менің миым жетпейді, - деді ол жай ғана. - Менің білетінім варьете. Ал мына келісім шарттан, менің ойымша, варьете мен
өнерден гөрі саясаттың иісі көбірек шығып түр. Бұл жағдайда мен
кеңес бере алмаймын. Бұл мəселені, мырзалар, менен сұрамай-ақ,
қабырғаларыңызбен кеңесе келе, өздеріңіз бір жайлы етулеріңіз керек.
- Сіз қозғалысқа қарсысыз ба? - деп сұрады Оскар.
- Қандай қозғалысқа? - деп таң қала жауап берді Манц - Ə, иə
нацистік қозғалысқа ма? - Ол Оскардың свастикасына бір қарап алды. Жоқ, - деп сылбыр жауап берді ол, -мен қарсы емеспін, бірақ "иə" деуге
де аузым бармайды. Мен нацистерді де, коммунистерді де
қолдамаймын, менің білетінім - варьете. Менің саяси бағдарламам осы,
мырзалар.
Жəне бейнебір кешірім сұрағандай үнмен: - басқа жағдайда болса
бұл құжаттың жарамды əлде жарамсыздығын жүз пайыздық дəлдікпен
айта алар едім. Бірақ мына келісімшарт туралы басқа біреумен
ақылдасқаныңыз дұрыс. Іске нацистер араласқан екен, менің ақылым
сіздерді жақсылыққа апармайды, дегенді қосып қойды.
Жəне де ыңғайсыз тыныштық орнағандықтан, ол былай деп
түсіндірді ойын:
- Бірде маған Карл Бишофтың ұсынысымен жас актер келді. Ол
"Орлеан қызынан" Раульдің монологын орындады. "Біз он алты ту
едік" деген сөздерді баварлық - богемдік акцентпен тым көтеріңкі
орындады. Мен қабылдамадым. Мұным қателік болды. Егер шынымен
ынтам болғанда оны əйтеуір бір жерге, тым болмағанда
Киферсфельдтегі шаруалар театрына орналастыруыма болатын еді, ал
егер онда жолы бола қалса, ол қазір осынан, Мюнхеннен, Халық
театрынан орын тапқан болар еді. Бірақ мен қайтарып жібергендіктен,
ол өзіне басқа мамандықты, тап қазір екеуің құштар болып отырған
кəсіпті таңдады. Ол саяси қайраткерге айналды. Ол жас актердің атыжөні - Адольф Гитлер. - Ол тағы да екеуіне ойлы жүзбен қарап алды.
Сонан соң, ұйқыдан оянғандай: -Гитлерді мен түсінген болар едім,
сахнаға дарыны болмағандықтан, саясатқа бет бұрды. Бірақ сіздер
екеуіңіз де - қабілетті адамдарсыз, сайтан алғырлар, саясатта нелерің
бар? -деген сөздермен толықтырды.
- Манц мырза, - деді Оскар. - Сіз менің досым Алоиз Пранердің
антрепренерісіз. Мына келісімшартты заңнамалық жағынан қарап
шықпас па екенсіз?
Оның бұл сыпайылығында зілдей ауыр мағына жатқан еді. Манц
мырзаның тышқан көздері Оскардың жүзіне жүгіріп өтті, сонан соң,
келісімшарттың беттеріне қайта қадалды.
Заңдық жағынан бұған қарсы ешнəрсе айта алмайсың, - деп жауап
берді ол іскерлікпен.
Оскар мен Алоиз қош айтысты. Манц оларды есікке дейін шығарып
салды.
ол
- Сіздер, мырзалар, ірі жəне қауіпті жолға түскелі тұрсыздар, - деді
ЕКІНШІ БӨЛІМ
БЕРЛИН
Оскар қараңғыда сипалап жүріп қоңыраудың түймесін басты. Өзінің
қызметшісі, ұлттық киім киген, түр-тұлғасы келіскен араб жігіті Əли
кірді; Оскар айналасына назар аударарлықтай адамдарды топтастыра
жүруді ұнатпайтын. Əли терезенің пердесін ашты, тамақ ішетін
үстелді кереуетке таман жақындатты.
Жаңа жылдың бұлыңғырлау шұғыласы сан түске бөленген ауыр да
əдемі жиһаздарды жайнатып жіберді. Қолындағы тамақ жейтін
шанышқысымен əр астың түрін бір түрткілей отырып, Оскар өзін
қоршаған заттардың əдемілігіне қызығып, рахатқа батты. Берлинде
тұра бастағанына бірнеше айдың ғана жүзі болғанымен, көп нəрсеге
қол жеткізіпті. Жəне жаңа, 1932 жылға аяқ баса отырып, өзіне дəн риза
екенін жасыра алмады.
Уақыт он бір жарым. Əлі ертерек деуге болады; Жаңа жылды фон
Третнов ханымның үйінде қарсы алғаннан кейін, сағат таңғы бесте
оралған-ды. Бəрі де өзі Мюнхенде жүргенде армандағанындай жəне
қазір, соғыстан кейінгі кезде қол жеткізген жетістіктеріндей жүріп
жатты: крахмалданған омырауша киген еркектер, көйлектерінің
арқасы тілік əйелдер өзін жер-көкке сиғызбай мақтап, топтасып
маңынан шықпай, төңіректей береді. Қазір ол өз дегеніне жетті,
қиындықтан тағы да шықты.
Оскарға массаж жасалды, ол душ қабылдады. Сондықтан бойы
жеңілдеп, денесі сергіп қалды; жетістік жанына жаққан - ақ екен,
Берлиннің думанды өмірі жасартып барады. Ол ақшыл көк шапанға
оранып, айнаның алдына барды; оның Цезарьдай салмақты келбетіне
шапан жарасып-ақ тұр.
Ол кітапханасына барды, үлкен əрі ап-ауыр жазу үстеліне жақын
отырды, алдында үйіліп жатқан хаттарға масаттана қарады. Балаша
қуана жымиып, конверттерді сұрыптай бастады. Көп адамдар табыс
тілеп жазады, жолын қуушылар да шыға бастады, қазір Оскар
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 05
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.