Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 09

Total number of words is 4189
Total number of unique words is 2194
35.1 of words are in the 2000 most common words
48.4 of words are in the 5000 most common words
55.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Тікенектей қадалатын кішкентай Гансйорг пен етженді əрі ебедейсіз
Манц бір - біріне лайықты қарсыластар болып шықты. Гансйорг
орынды, қайсар мінезді болғанда, Манц нағыз қыңырдың өзі еді.
Гансйорг келісімшарттың белгілі тармағын қанша залалсыз
қалыптастырса да, Манцтың қырағы көздері Калиостроның мүддесіне
нұқсан келтіретін бірдеңелерді көре қояды.
- Жоқ, көкешім, - деді ол, шиқылдаған дауыспен күлкіге көміліп - дəл
осыны жазбай-ақ қояйықшы. Гансйорг жомарттығымен көзге түсе
қоймайтын адам болғандықтан, сылбыр қимылдайтын Манцтың міз
бақпайтын қулығы əбден қитығына тиген соң, осы бір семіз
жексұрынды о дүниеге аттандыруға бірнеше рет оқталды. Бірақ əңгіме
Калиостро туралы болып отырған соң, бүл иттің күшігінен əлі кек
алатын күн туатын шығар деген оймен өзін-өзі тежеп, келіссөзді одан
əрі жалғастырды.
Ақыры, ымыралық келісімнің шешіміне тоқтады. - Көрдіңіз бе, көкешім, - деді Манц баварлық сыпайылықпен, - міне сіз бен біз
келісімге де келдік.
Гансйорг келісімпаз адамның кейпіне түсе қалғанмен, күлген кезде
жыртқыштың тістеріндей ақсиған азуын көрсетті. Бірақ Манц кіммен
істес болып отырғанын білетін, сондықтан мына сұмырайдың
алдаусыратқан достық лебізіне қарамастан болашақта Ганс
Лаутензактың қолына түспеуге тырысты.
Оскар мен Алоиз жұрттың аузын аштыратын көрсетілімге
дайындық барысында аянбай еңбек етті, бүл олардың өздерін хас
шеберлер ретінде көрсетіп қалатын сəт еді; олар əрбір ұсақ-түйекке
дейін қайта-қайта қайталады. - Ойластырып та, ауыстырып та, алып
тастап та көрді; бірде бірін-бірі жерге сыйғызбай мақтаса, бірде бірінбірі нағыз есексің деп даттады; олар бірде араларынан қыл өтпестей
дос болса, бірде бірін-бірі түк түсінбейтін доңызсың деп боқтады; жаңа
ой түйіндер ойластырды, жанжалдасып та, жақындасып та көрді.
Ақыры мынаған тоқтады: көрсетілім "Шындық пен қиял" деген
айдармен өтеді. Алдымен Алоиз өзінің тамаша фокустарын көрсетеді,
жəне де жұртқа бүл көретіндеріңіз фокустар деп ашығын айтады. Осы
арқылы
артынша
Оскар
көрсететін
эксперименттердің
нанымдылығына жол салынады. Оскар алдында
бірнеше
дайындалмаған телепатиялық жəне гипнотикалық эксперименттер
көрсеткісі келген. Осының бəрін ол өлгендерді шақыратын
"сенсациялық" номер мен жəне бір-екі сəуегейлікпен аяқтамақ болган.
Көп марқұмдар ұсынылып, көбісі жарамайтын болған соң, олар теңіз
шайқасының қаһарманы Бритлингті мұхит тұңғиығынан шақырып
алуға бекінді. Алоиз көрермендерге Бритлингтің елесін болмаса да,
кейбір белгілерін көрсетуді ұсынды: Алоиз мұндай нəрселерге шебер
болатын. Алайда Оскар бүл ұсынысты мүлдем қабылдамады. Ол
иландыру күшіне сүйенбек болды. Іштей мықтап дайындалу керек.
Сонда Бритлинг өзі арқылы сеніммен хабар береді жəне əрбір
көрермен марқұмды өз көздерімен көретін болады.
Алоиз батырдың көптеген фотосуреттерін, сондай-ақ оның даусы
жазылған гранпластинкаларды тауып əкелді. Оскар мен Алоиз дыбыс
өтпейтін есіктері мен қабырғалары бар бөлмеге кіріп алып
дайындалды. Марқұмның үні оны көзі тірісінде естіген адамдар
ұқсастығынан шошып кететіндей тереңнен булығып шығуы керек;
сонымен қатар бұл үнге моладан естілгендей бірдеңе қосу қажет.
Оскардың бұған төселіп алғаны сонша, тіпті өзін-өзі тежеп ұстауына
тура келді, əйтпесе қаза тапқан батырдың даусын байқамай орынсыз
жерде саламын деп масқара болуы мүмкін еді.
Бəрі солай-ақ болсын, бірақ сонда марқұм не хабарламақ? Оны мұхит
түбінен өзінің түп-тұқияныңды қалдырмай балағаттату үшін шығарып
алмайсың ғой. Оскар түк ойлап таба алмай дал болды. Өзінің қылуетіне
кіріп алып король Лютвигтің жүзіне, өзінің кескініне, өлі батырдың
суретіне ұзақ - ұзақ қарады, бірақ басына ешқандай ой келмей қойды,
кеудесі - бос, көкірегі - үнсіз.
Қапаланғаннан ол Гансйоргтан ақыл сұрады. Анау желкесін қасыды.
Оскар осыған дейін болашағын "көрген" жеке адамдардың өмірі
туралы мəлімет жинау онша қиын жұмыс емес. Енді Гансйоргқа
халықтың бəріне қатысы бар қандай да бір үлкен саяси жаңалық
туралы материал табу керек болды. Ол енді болмаса "мынауыңмен
өзің айналыс" деп айтуға оқталып жүрген, бірақ Оскардың көзінен
өзіне сенгендікті байқады да бауыры қиын-қыстау кезде арқа
сүйегеніне мəз болып, келісімін берді.
- Жарайды, мен саған болжам айтуға тұрарлық оқиға тауып беремін.
Айтулы кеш жақындап келе жатты. Болмашы техникалық майда шүйдеге дейін тексерілді. Бірақ осы уақытқа дейін аруақ о дүниеден
хабарлауға тиісті саяси жаңалықтың белгісіздігі Оскардың жанын жеп
жүрді.
Міне, сахнаның ашылуына екі күн қалғанда екі өкпесін қолына алып
Гансйорг та жетті.
- Таптым! - деді ол қуанышы қойнына сыймай. Оскар уһ деп бір дем
алғандай болды.
Бірақ сенбестік көрсете:
- Қойшы? - деді.
Бірақ білмегенси қалғаны үшін Оскардың тұмсығына қондыруға
Гансйоргтың мұршасы болған жоқ - ол жаңа ғана алған жаңалықтарын
ағасына тезірек хабарлауға тырысты; əртүрлі жауыздықтар
жасалғаннан кейін Гинденбург арқылы нацистік партияның қас жауы,
əскери министрді орнынан алуға келісім беріпті. Ал жаңа
тағайындалған министр шабуыл жасақтарына тыйым салу жөніндегі
бұйрықты алып тастамақ, бүл партияның өз қарулы күші қайтадан
болады деген сөз. Мұның бəрі жүзеге асқанша біршама уақыт өтеді.
Бірақ мəселе біржолата шешілді. Мұны адамдардың аз ғана тобы ғана
біледі.
Оскар ойланып қалды. Сосын кеңшілік көрсеткендей пошыммен: бүл хабарды маған жеткізуге асыққаныңа рахмет. Бүл тек менің ішкі
дауысымның дұрыстығын дəлелдейді.
Гансйорг мұндай шектен шыққан оспадарлыққа не айтарын білмей
бір сəт дағдарып қалды да іле-шала есін жиғандай болып: - сен менің
алтын ағамсың ғой, - деп иығынан қақты. - Иə, біз ағайынды
Лаутензакпыз, қолымыздан бірдеңе келетін шығар.
Прожекторлардың жарығы қойылған сахнаға шыққан кезде Оскар
қобалжыған жоқ. Керісінше төмендегі тобырдың қызығушылығы
бойына қайрат құйды, қанаттандырды, бақытқа бөледі.
Өзінің сергек сенімділігімен ол көпшілікті бірден өзіне қаратып
алды. Олар тұңғиық ойлы арманшыл адамның жұмбақ жүзін көруге
ұмтылған, ал мына тұрған адам сымбатты мырза ғана болып шықты.
Бет-бейнесі де келісті келгенімен, қулыққа толы. Ол, тəрізі, кез келген
адамға өзінің үстемдігін көрсетуге, кіммен болса да өнер жарыстыруға
дайын тұрған сияқты.
Оскар оз құрбандықтарының ойларын біліп қана қоймады, біліп
алған нəрселерін уытты тілмен жеткізе де білетіндігін көрсетті. Ол
көрермендердің біреуінен алған заттар бойынша олардың иесі ғана
білетін құпияларды ашқан кезде, жақын адамдардың арасында ғана
болатын ұсақ жасырын əрі күлкілі жайттарға көбірек тоқталатын.
Əсіресе гипнотикалық сеанстар кезінде көрерменге білгенін
істейтін. Осындағы белгілі адамдардың бірі муниципалдық кеңесші
Райдбергерге көбірек шүйлікті. Муниципалдық кеңесші бұрын Оскар
Лаутензакты біле бермейтін, ол театрға туған күнін тойлап жатқан
əйелінің көңілін көтеру үшін ғана келген-ді. Оскар гипноз қабылдауға
құлқы бар азаматтарды сахнаға шыгарган кезде əйелінің
қолқалауымен муниципалдық кеңесші Райдбергер де барып қалған еді.
Ол көңілді қылжақбастығы мен аты шыққан, кез келген ойын-сауыққа
қатыса беретін адам болатын. Бірақ Оскар кеңесшінің кескінінен
тоғышарлық өмірдің буына мас болған, мен муниципалдық кеңесші
Райдбергпін, айтқаным - алғыс, қайтқаным - қарғыс, не істесем де
қолымды қағар адам жоқ, оны мына жұрттың бəрі біледі деген
менмендікті байқады. Алоиз шифрлардың көмегімен Оскарға бүл
адамның кім екенін білдіретін белгі берді. Сондықтан Оскар
менменсіген шертік қарынды біраз терлетіп алайын деген ойда болды.
Жуан кеңесші бірден креслоға жантая кетті де, өзін тез ұйықтатуға
ырық беріп қойды. Оскар кеңесшіні ыстық, өте ыстық дегенге
иландырды. Райдбергер қызарып кетті, ыстықтады, сіңбіре берді,
терін сүртумен болды. Оскар оны Ванзеске суға түсуге бара жатырмыз
дегенге иландырды. Міне, олар көлдің жағасында. Муниципалдық
кеңесші шешінді де тек дамбалмен қалды, ал жұрт қыран-топан
күлкіге батты, қуанғандарынан қиқылдап, шиқылдап залды бастарына
көтерді. Райдбергер суға түсуге, яғни оркестр ойнайтын жерге сүңгуге
дайын. Бірақ ең соңғы сəтте оны Оскар ұстап қалады. Кеңесші
ұялғанынан тез-тез киіне бастады, театрға əкеліп масқара қылғанына
долданып отырған əйелінің жанына қайта оралды; кешікпей екеуі де
кетіп қалды.
Осының бəрі арзан күлкі - ау деген нəрсе Оскардың қаперіне де
кірмеді. Керісінше, оның адамдарға көрсеткен үстемдігі, олардың
əлсіздігін пайдаланып рахатқа бату, олардың алданғыштығына мəз
болу оны қанаттандырғандай болды. Тобыр айтқанын орындайды, бүл
білгенін істейді.
Ол бұдан гөрі күрделі эксперименттерге көшкен кезде де
көрермендер одан көз алмады. Олар əлгінде ғана іштерін басып
қарқылдай да, шиқылдай да күліп алған болатын, енді міне - бар
зейіндерін салып, маэстроның əрбір сөзіне құлақ тосады - ол осыны
қалайды.
- Соңғы кезде, - деп өзінің əңгімесін бастады, - маған бірнеше рет
капитан Бритлинг келді. Иə, иə, теңіз шайқастарының қаһарманы,
марқұм Бритлинг.
Рас, бұған дейін ол Оскар жалғыз отырғанда немесе достарының
арасында болғанда келіп жүретін. Сондықтан ол марқұмның Оскар
арқылы мынадай көптің алдында сөйлегісі келетін немесе келмейтінін
білмейді. Басқа жағынан алғанда, залда таным тылсымдарын білуге өз
еркімен ынтық болып отырған адамдардың да бар екенін біледі;
мүмкін өлген адам осыларға бірдеңе хабарлағысы келетін шығар?
Оскар оны шақыруға талпынады. Ол көрермендердің ешқайсысы бұған
қарсылық көрсетпеуін - өз скептицизмін былай қоя тұрып, үнсіз күтіп
отыра тұруын сұрайды.
- Өтінемін, менімен қарсыласпаңыздар, - деп ескертті ол - Кəне,
шиеленістің бəрін азайтыңыздар.
Бүл енді баяғы көңілді əзілқой емес. Сахнаға шағындау қара үстелді
алып шықты, ол оның үстіне пирамида тəрізді кристалл жəне ағаш
таспиқ қойды. Енді міне, Оскар өзінің ғана бетіне түсетін
прожектордың өлі сəулесінде жалғыз отыр, сахнаны қараңғылық
жабады. Бірақ мынау соның бет - жүзі ме? Қалың қастың астындағы
көк көздері шырағдандай жанады, қалың шашы қаптай өскен биік
маңдай, ер мұрынды. Міне, мұңды шуақ шашып тұрған осы əлпет
көмескі тарта бастайды, терілері жиырыла түседі, жанары сығыраяды,
қабағы көтеріле береді. Оскар кристалдың тұп-тура ұшына қадала
қарайды. Мынадай тасқа айналған пошымнан, Цезарьдің кейпіне
түскен адамнан ең сенбестің сенбесі күлкілі нəрсе күте қоймасы анық.
Өйткені Оскар Лаутензак бірнеше минут бұрын табиғаттан тыс
болатын тылсым құбылысты ашықтан-ашық көрсеткен болатын, нақ
сондықтан да ол осының алдында ғана көңілді көрініп, дөрекілеу
қалжыңдарға жол берген-ді, қазір енді залдағылар оның уəде берген
кереметіне шындап сенуге əзір отыр.
Оскардың өзі болса жаттап алған рөлін ойнап тұрғанын мүлдем
ұмытып кетіпті. Жəне ол өз көрсетілімінің əрбір егжей-тегжейін əбден
ойластырып алса да енді ол өлген адамның келетіндігіне, кеудесіне
енетіндігіне жəне мұның аузымен сөйлейтіндігіне шынымен сеніп
отыр. Ол қорқынышты күтуден түршігіп отырған көпшілікпен бір
адамдай болып астасып кетіпті. Үлкен залдағы қараңғылық оған о
дүниедегі қараңғылықтай көрінеді. Көкірегінде "ұшпа голландықтағы"
елестердің музыкасы күй шертіп түр. Жəне осы күй оны қараңғылық
патшалығына алып кеткен сияқты. Ол да қобалжулы, көргендер де
қобалжулы; оның толқуы көрермендерге ауысқан, бұған сенетін бір
денедей боп қауышқан. Жəне жаңа ғана көзі бал-бұл жанып тұрған
сахнадағы адамның жанары сөне қалғанда, əлгінде ғана өзі ұйықтатып
тастаған адамдарға ұқсап жақтары салбырап, тас мүсіндей болып
қалған кезде, көрермендер бүл адамның о дүниеде жүргендігіне, бəрін
"көріп" тұрғандығына сене бастады. Қазір, қазір елес пайда болады.
Шыдамы таусылған бір əйелдің аузынан аһ ұрған ауыр күрсініс
естілді жəне оған залдағылар да ауыр күрсініспен жауап берді.
- Келді, - деді кенет сахнадағы адамның үні.
Оскар жаңа ғана залға қарап тұрып əдемі, ашық тенормен сөйлеген
болатын - қазір əскери адамның бұйрық бергені сияқты белгісіз бір
қарлыққан дауыс естілді. Жəне осы дауыс естілген кезде, əскери-теңіз
флотының батыры, даңқты ұлттық қаһарман, марқұм капитан
Бритлингтің фотосуретін тым болмаса бір рет көргендердің алдында
оның дидары тағы бір рет ап-анық көрінді.
Қараңғы көрермендер залында өлі тыныштық орнады. Бритингке
сұрақ қоятын біреу бар ма деген ұсынысқа көрерменнің біреуі алдынала дайындап келген сұрағын қойды:
- Жақын болашақта жаңа Германияны не күтіп түр?
- Айтайын, - деді сахна жақтан əлгі қарлыққан дауыс. - Біздің
қаруымызды тартып алуға жан салып жүрген бір періште бар. Бірақ
салтанат отыз екінші жылы болады. Бүл мырзамен əңгіме қысқа. Оны
орнынан түсіреді...
Дауыс
сөйлеп
жатты.
Дөрекілеу
сөз
саптауына
бұлдырлау
хабарламасына қарамастан, əңгіменің не туралы екенін аңғаруға
болатын еді: шабуыл жасақтарына тыйым салу туралы Гинденбургтің
батасын алған, нацистерге жау министр жақында орнынан алынады
жəне партия өз армиясына қайта ие болады; қараңғы залда бүл
сəуегейліктің мағынасын түсінбеген жан болған жоқ.
Көрермендер ауыр тыныстап, үнсіз отырып қалды. Кенет осы
тыныштықты бұзған Лаутензактың:
- Күлмеңіз! Мен сіздің күлуіңізге тыйым саламын! Егер оның
айтқандары орындалмаса, сонда күлуіңізге болады, - деген өктем
дауысы естілді.
Бірақ күлген адам болған жоқ.
Тағы да тыныштық орнады. Кенет қараңғыдан жіңішке, сенімсіздеу
күлкі аралас дауыс естілді.
- Бүл атап айтқанда қашан болады? Сіздің сөздеріңіз қашан
орындалады? Министрді орнынан қашан алады?
Мұны Оскар білмейтін еді. Біраз уақыттан кейін - оған Гансйоргтың
хабарлағаны осы ғана.
Ал жіңішке дауыс өзінің сұрақтарын жалғастыра берді:
- Бір жылдан соң ба? Бес жылдан соң ба? Əлде он жылдан соң ба?
Оскар бұл арсызға жауап беруі керек жəне дереу əрі дəлме-дəл жауап
беруге тиіс, əйтпесе зал күдіктене бастайды.
Ол көзін жұмып, терең ойға кетті, жəне өзінің кəдімгі дауысымен о
дүниеден:
- Министр орнынан қашан алынады? - деп сұрады да жауапқа құлақ
тосты. Сосын, ұзақ үнсіздіктен кейін, ақырын ғана көмейінен сөз
суырғандай үнмен:
- Ол алдағы жиырма сегіз күн шамасында дейді, - деді.
Енді ол белгілі мерзімін айтып бергеннен кейін, тіпті ант
ұрған сенбестің өзі пайғамбардың болжамы бұлыңғыр болды деп
айта алмаған болар еді.
Көрермендер есеңгіреп қалды. Бəлкім, елес адамның даусында бір
таңданарлық құпия болған шығар. Алайда, шынтуайтында оларды
иландырған сөздің қарапайымдылығы еді.
Шымылдық түсірілді, залда жарық қайта жанды. Ойға батқан
көпшілік тағы бір минуттай үнсіз отырды. Сосын халық оянғандай есін
жиды, қол шапалақтады, алдымен бытыраңқы шапалақтады, өйткені
көпшілігі əлі естерін жия қойған жоқ еді, сосын барған сайын қаттырақ
шапалақтай бастады, ақыры Оскар көптен күтіп жүргендей құлақ
тұндыратын ду қол шапалақтауға ұласты. Ол мына екі мың көрерменді
жаулап алды. Олардың сенгісі келді. Олар сенді.
Оскар неліктен "алдағы жиырма сегіз күн шамасында" деп
айтқанын түсіндіре алмады. Тап осылайша "алдағы жиырма күнде"
немесе "алдағы алпыс күнде" деуіне болатын еді ғой. Мұны шынымен
де оған ішкі түйсігі сыбырлаған болуы керек.
Гансйорг қатты қорқып жүрді.
- Мен саған жүз пайыз да шындыққа сиятын мəлімет бердім, - деді
ол - Ал енді, мерзімі нақтыланған соң, бəрі де кездейсоқтыққа
байланысты болды да қалды.
Газеттер Оскардың көрегендігін күлкілі оқиға деп жазды. Екі апта,
үш апта өтті, бірақ сəуегейліктің төбесі көрінбеді, ендігі жерде газеттер
- бірі жарнамалап, екіншісі мысқылдап - келемеж етуге көшті. Алайда
Оскар өзіне де, басқаларға да шүбəлануға рұқсат бермеді. Ол өзін сол
сеніммен, сол көрегендікпен ұстай білді.
Жиырма үшінші күні күтпеген жерден əскери министр отставкаға
кетті деген хабар тарады. Бүл адам сенгісіз қарапайым əрі өте зымиян
зұлымдықтың нəтижесі еді.
Оскар Лаутензактың болжамын екі мың адам өз құлағымен естіген
болатын, ол енді шындыққа айналып отыр. Дəл сол адамдар ендігі
жерде оның даңқын аспандата бастады. Оны қолдаушылардың саны
екі мыңнан екі жүз мыңға бір-ақ өсті. Ал нацистік партияның насихат
аппаратын əдемі пайдаланған Гансйорг, бүл сенсацияны одан да
өршіте түсті. Жəне екі жүз мың жақтаушылар енді екі миллионға
ауысты.
"Германия жұлдызының" таралымы төрт жүз мыңға дейін өсті.
"Германдық көзқарасты насихаттау одағы" Оскардан кеңес алғысы
келетін сансыз коп адамдарды қабылдаудан бас тарта бастады.
Оскарды күн сайын ду қол шапалақтап қарсы алу дағдыға айналды.
Немістің барлық варьстелері "Шындық пен қиялдың" кезекті санын
алып қалуға тырысты.
Енді Ландграфенштрасседегі шалқыған тұрмыстан бас тарту
жөнінде əңгіме де болуы мүмкін емес еді.
- Қалай, таршылық көрмейтін болдық па? - деп көңілдене күлді
Гансйорг, тіпті ағасының ысырапшылдығын қолдап, өзі айтқандай,
"қалағанша өмір сүре бер" дейтін болды.
Ал Оскар ішінен: "Байи алмаған адам - кедей" деген қағиданы
қайталай жүріп, рахат өмірдің қызығын көре берді.
Оның қалағаны бірінен соң бірі орындалып жатты. Ол енді зергер
Позенердің тұрақты сатып алушысына айналды. Ол ашық түсті
бояуларды, асыл тасты əшекейлерді ұнататын. Оның жазу үстелінің
үстінде енді қымбат ағаштан жасалған тостаған түратын болды, ол
қымбат бұйымдарға толы, Оскар өзінің салалы саусақтарын осы неше
алуан бояумен құлпырған асыл заттарға салып жібергенді жақсы
көретін. Бернгеймердің мюнхендік галереясынан "Алхимиктің
зертханасы" гобеленін сатып алды. Пилотидің "Болжамшы Зени
Валленштейн денесінің қасында" картинасының нашар көшірмесінің
орнын енді оның кітапханасына ілінген, сан алуан бояуымен көз
тартатын көне фламан гобелені толтырып түр. Оскар сондай-ақ
тамаша яхтаға тапсырыс берді. Ол оны "Шағала" деп атай салды, бірақ
ол байлардың той өткізуіне арналған болатын, сондықтан іші - сыртын
Берлин яхталарында жоқ байлықпен безендірді.
Ол тоқтай алмады, бəрі де аз сияқты көрінетін болды. Потсдамға
жақын жерде оған бір оқшау жер - "Зофиенбург" деп аталатын шағын
ғана замок ұнап қалды. Ол жасыл төбешіктің үстіне орналасқан екен
жəне бірден көзге түсетін тартымды көрінісі Оскар қиялдап жүрген
студия үстіне қона кеткендей. Үйдің іші ескіше безендірілген, оған
қоса əбден тозған, күрделі жөндеуге қажет ететіндей еді; бірақ оған
керегі де осы болатын, Оскар Зофиенбург замогын сатып алды жəне оз
атына үлкен сомаға аудартты.
Замокты өзі ойлағандай қайта абаттандыруға Оскардың əзірге
шамасы жетпеді. Зофиенбургты тылсым көрініске айналдыратындай
етіп қайта жөндеп шыққанша жəне сиқырлы Клингзора замогына ғана
тəн байлықпен іші - сыртын аптап біткенше бірсыпыра уақыт өтеді.
Əзірге тек жобалармен шектелуге тура келеді. Зофиенбург ол үшін
алға жетелейтін арман, бөлмедегі тағы да бір бос қабырға іспетті
болып түр. Уақыты жеткенде бүл бос қабырғаны да жабатындығына
ол сенімді болатын. Ол тағдырдың қолынан жүзікті де, "Алхимик
зертханасын" да, Оскар Лаутензакқа деген миллиондардың сенімін де
тартып алды емес пе? - Клингзор сиқырлы замогын да тартып алады.
Ол табыс толқынында сенімді жүзіп келе жатты. Күн сайын
кездестіретін ду қол шапалақтаулардан лəззат алды. Қуана жазған
газет мақалаларынан басы айналды, ақшаны судай шашты, əйелдердің
нəзіктігінен нəр алды. Сəттілік майдай жақты: қаны бетіне шығып
жасарып кеткендей болды. Ұйқысы алыптың ұйқысындай, жаны
тыныш, жағасы жайлауда. Ол кейде өз басының артықшылығын
тағдырдың өзі дəлелдеп отыр, өйткені сырттай жетістік дегеннің өзі
ішкі байлықтың айнасы емес пе деген ойға қалады. Ол рухани бастауға
илануға жүздеген мың адамды тарта білді - ішкі байлық деген осы да.
Мұнсыз өмір бойы дөрекі материалдықтан өзге ештеңе коре алмай
өтетін өзінің сансыз жаңа жақтастары, енді Оскар Лаутензак арқылы
жер мен көктің арасында, мектепте оқыта бермейтін көптеген
құбылыстар бар екенін ұқты. Оскардың өзіндік даралық сенімін
нығайта түсуіне Алоиз Пранер де үлес қосты - ол өзі көріпкелдік
техникасын жаңа үйреніп жүргенмен, Оскардың дарынына қапысыз
сенді. Антрепренер Манц Оскарға бұрынғысынша сенімсіздікпен
қарады, бірақ Алоиз досына ылғи сенетін. Көрермендер алдында
Оскардың үлкен табысқа жетуіне нақ осы сенім көмектесті. Бірақ бүл
Алоиздың оз басы үшін де үлкен жетістік болды. Көрсетілімнің
техникалық көркемделуінің өзі -əсемдігімен таң қалдырды,
көрермендер Алоиздың жұмысынан лəззат алды жəне оған
алғыстарын жаудырды, оның аты-жөні жарнамаларда таяқтай
əріптермен жазылды. Алайда антрепренер Манц бəрібір өзінің
сенімсіздігін жеңе алмады. "Актер бола алмаған Гитлермен жəне оның
бандасымен алысқа бара қоймассыңдар, кімнің кім екенін уақыт
көрсетеді əлі" - дейтін ол Бірақ бүл тиісудің сылтауы ғана еді. Алоиз
Оскармен жанжалдасқанның өзінен лəззат алатын, ал жеме-жемге
келгенде қанша ренжіссе де оған сенетін. Əрі оны мақтан тұтатын.
Алайда, Оскардың жан-жүрегі оның қол жеткізген сыртқы
жетістіктеріне толық сай келе бермейтін. Оны көпшіліктің қошаметі
де, Алоиз бен Гансйоргтың өзіне деген сенімі де қанағаттандыра
алмады. Ол Тиршенройт пен Гравличектің дұрыс істемегендігін
дəлелдеуі қажет, міндетті түрде дəлелдеуі қажет. Ол ылғи да бұған
дəлелдер іздейтін жəне болымсыз дəлелдің өзіне қуанып қалатын.
Жəне ол неғұрлым қарадүрсін болса соғұрлым көп қуанатын-ды.
Осы кезде кішкентай ғана тігінші Альманы таң қалдырғанда, атақты
досы оның үйіне жиі баратын болған. Қыз оған аш-жалаңаш, атақдаңқтан жордай кездің өзінде төменнен жоғары қарай тамсана да
тамашалай қарайтын, шама - шарқынша көмектесіп түратын, одан
ешнəрсені аямайтын, өзі ешнəрсе талап етпейтін, ал Оскар назарына
ала қалса таң қала қабылдайтын əрі шексіз бақытқа бөленетін.
Осындай таза жүректен шыққан алғысқа Оскар да риза болатын. Ол
оның кішкентай, сүйкімді, нəп - нəзік, баладай аңқау жүрегін ашылған
кітаптың беттеріндей оқи алатын жəне одан алған нəріне өзі де балаша
мəз болатын.
Бірақ кішкентай Альманың бұған деген шексіз сенімі де жеткіліксіз
болып шықты - ол мұның ішкі дертіне дəру бола алмады, бұған жанын
сауықтырар күшті дəрі керек болды. "Жаныңа демеу болмаса дүниенің
барлығынан не пайда?" деуші ме еді? Осы бір періштелік тақпақ
жүрегін жегідей жейді, кітап сөздерін қайталай беретін əжесінің даусы
құлағына талып жеткендей болады. Əрине, ол өлеңнің бұған қатысы
жоқ, жаны бұрынғыдан əлдеқайда жадыраңқы, бірақ, шын мəнінде, ол
өзінің барлық өнерімен, жетістігімен, дарындылығымен, ешкімді өз
торына түсіре алған жоқ.
Шындығын айтқанда, бүл торға əлі Кете де түсе қойған жоқ.
Тишлердің өзін-өзі өлтіруіне байланысты туындаған реніштен кейін,
онымен əлі бірде-бір рет шындап түсініскен емес. Ол бұған
түсіністікпен қарайды, кездесуден қашпайды, қабағына қарайды,
көбінесе айтқанынан шықпайды, кейістік білдірумен, қызғанышпен,
жанын жегідей жемейді, өзін жанындай жақсы көреді. Осы бір жаны
кіршіксіз періштедей қызды Оскар да ұнатады. Бірақ Оскарға бұл да
аздық етеді. Бұл онымен өмірін теңдей бөлісіп, оны өзінің əйелі еткісі
келеді. Алайда, қанша батыр болғанмен, бүл ойын ашық айта алмайды,
оған батылы бармайды. Ол алдымен қыздың өзі емеурін білдіріп
алғашқы қадамға баруын күтеді. Ал тап осыған ол қыз бара қоймайды.
Тор ізі, оны бұлардың осы күнгі қарым-қатынасы қанағаттандыратын
сыңайлы. Қыз мұны сүйеді, бірақ біржолата берілмейді. Оның барлық
достығынан, еркелігінен ол сенбеушілікті, сезіктілікті, секем
алушылықты сезіп тұрады. Мұның дарыны мен бүкіл болмысы оның
күдігін тудырады.
Күндердің бір күнінде ол бұған шыдай алмады.
- Сен менің дегеніме жететіндігіме, бетпердемдей əйгілі
болатындығыма сенесің бе? - деп тіктеп сұрақ қойды ол - Бұл босқа
айтыла салған сөз емес екендігіне сенесің бе?
"Сене көр" деп жалынды ол ішінен, өтінді де, бұйырды да. "Сен
маған" , - деді де ол қыздың көзіне тура қарады, одан үстем болу үшін
бар ерік-жігерін салып бақты.
Кете бұл сұрақтан қорқатын, не деп жауап берерін білмеді. Қыз оған
сенерін де, сенбесін де білмейді. Бір қызығы, соңғы кезде анасы туралы
коп ойлайтын болып жүр. Бұрын ол шешесі бастан кешіп жүрген оның
жан күйзелісін түсінбейтін. Кете ол кезде тым жас еді, бала десе де
болғандай, бірақ анасының кейбір қимылы, жекелеген сөздері, кейбір
кездегі бет-бейнесі жадында өшпестей болып қалып қойыпты. Жəне
сол кезде түсінбеген нəрселерді Кете қазір түсіне бастаған сияқты.
Қатал да жауыз, кейде тіпті ақыл сөзге тас керең əкесінің ырқына
көніп, шешесінің неліктен күңдікке көнгеніне Пауль екеуі түсіне
алмай-ақ қойды. Күйеуінің дөрекі екенін шешесі қалай көрмеген?
Онымен бірге түру мүмкін емес екенін шешесі білмеген бе? Əрине,
білген. Əрине, бірден таныған. Бірақ əкесінің адамды тартатын бір
қасиеті болған. Адамды табындыра алатын бір ұшқыны болған шығар,
бəлкім ондай ұшқын басқа ешкімде болмаған шығар. Оны тұтқында
ұстаған осы ұшқын. Шешесі бəрін көре тұра, бəрін біле тұра, басқаның
бəріне де көнген. Осыны Кете қазір ғана түсінді.
- Сен мұның бекер талап емес екендігіне сенесің бе? - деп сұрады
тағы да.
Ол жауап күтті. Ол оз жүрегінің соққанын сезіп отыр. Жарты минут
бойы шыдады. Ақыры қыздың алқызыл гүлдей еріндері ашылды да,
жүзіне шуақ ойнады.
- Білмеймін, - деді ол өзінің тап-таза даусымен. Осы бұлтара
сөйлеген бір ғана сөз оны біржолата жазғырғандай болды, ұзақ
оқылатын айыптау сөзі де мұндай ауыр болмас.
Жоқ, жоқ, бұлай тез беріле салмайды. Ол Кетеге қарата тағы бір
шабуыл ойластырды.
- Мен сенің жаныңды коре алатыныма өзіңнің де көзің жетті ғой, деп қоймады ол Министрдің кететінін алдын ала болжағанымды өзің
де көрдің ғой. Ал мұны еш адам күні бұрын айта алмас еді. Менде
ерекше күш барын сен білесің ғой.
- Əңгіме онда емес, - деп жалтара берді қыз. - Істің мəні онда емес. Ол
қызықтырмайды, - деп шешімді сөзін айтты. Бүл - Паульдің жиі
қолданатын сөзі еді, қалай айтып қалғанын өзі де білмеді.
Қыз үкімі - қайта қаралмайтын үкім еді. Оскардың үні өшті. Кете
зілді сөзін əзілмен жуып шаймақ болып:
- Ойланбай сөйлеу түгіл саған қараудың өзі қорқынышты. Сені осы
қалпыңда сүйетінімді қанағат ет. - Жəне мұңды түрде: - мен де соны
қанағат етемін, - деген сөздерді қосып қойды.
Оскар өзінің жазу үстелінен Петерман сызғылаған көп оқыла
бермейтін, бірақ белді журналдың санын тауып алды. Мақаланың аты "Дүмшелер" , авторы - Пауль Крамер. Оскар оқып шықты. Байсалды
жазылған очерк екен. Доктор Крамер оянбапты. Алдымен дүмше
Оскар Лаутензак қызметінің симптоматикалық мəніне тоқталыпты.
Бүл жетістіктің саяси жəне экономикалық себептерін көрсетіпті.
Шешен əрі кереметтердің иесі Лаутензакты шешен əрі кереметтерді
жасаушы Гитлермен салыстырыпты. Мұндай көз бояушылардың
атақты болуына немістік ұлттық мінез жағдай туғызатынын
дəлелдеуге тырысыпты. Германияның өткендерінен мысал келтіріпті,
доктор Эйзенбардт, доктор Фаустың прототипі - Агрипп
Неттесгеймскийді атапты. Ыза кернеген, бірақ бұған да риза болған
Оскар кектене жымиды. Нағыз диссертация. Мына неме шындап
кірісейін деген екен, ештеңе айта алмайсың, айналасындағылар да
тегін адам емес.
Одан əрі автор Оскардың өміріне, былайша айтқанда психологиялық
гəптерге байланысты егжей-тегжейлерге ауысады. Доктор Крамер
Оскардың өмірбаянымен жақсы таныс, көріпкелдік техникасын жақсы
біледі, Гравличекті терең зерттеген жəне Оскардың өнерін оның
өмірімен шебер байланыстыра біледі.
Айлалы Петерманның мақаланы неге сызып отырып оқығаны енді
Оскарға түсінікті болды. Оның қабағы түсе бастады. Іскерлікті
жамылған жауыздық айламен - Оскарға қатты батқаны осы болды Крамер мырза Оскардың өткеніне көбірек үңіліпті. Осы
материалдардың бəрін ол қайдан алды? Ол тіпті Оскардың мектептегі
жылдарын, өмірінің дегенбургтік кезеңін де қалдырмай тексеріпті.
Жəне уытты каментарийлермен тұздықтай отырып, бір анекдоттық
жағдайды айтып беріпті.
Он торт жасар Оскар мектепте жазған шығармасында өзінің бір
даулы ойларын дəлелдеу үшін Гетенің сөздерін келтіреді; алайда бүл
нақыл сөз Гетенікі емес, Оскардың өз сөздері еді. Бұған онша
сеніңкіремеген мұғалім Гетенің қай шығармасынан алғанын сұрайды.
Бірақ Оскар ешқандай қысылмастан: "Вильгельм Мейстерден" деп
қойып қалады. Оның ойынша, осы бір қалың кітапта Оскардың ойына
келетін нақылдар болуы мүмкін жəне сол нақылды іздеп табу үшін
мұғалім ұзақ романды оқып жатпайды ғой.
Пауль Крамердің нақыл сөздердің тарихын айтып бергеніне Оскар
дау айта алмайды - оны өзі де талай рет айтып берген болатын. Бірақ
тек осы жерге дейін ғана. Алайда Пауль Крамер бұдан əрі мұғалімді
алдап соға тұрып, оның көзіне тура қарап: "Сөзіме сене көр, сөзіме сене
көр" деп жалбарына тілегенін сөз қылады. Пауль Крамердің байсалды,
егжей-тегжейлі, келемеждей отырып ап-анық баяндаған оқиғасы енді
баспасөз бетінен көрінгені Оскарды қатты ашуландырды.
Ол өзінің ішкі дүниесін қанша əспеттегенімен, қанша мақтағанымен,
осы бір құпиясын жасырып жүруші еді. Ол өзінің басқалардан
үстемдігін сол жолы алғаш рет түсінген, бүл оның алғашқы жеңісі, ұлы
құпиясы болатын. Сол құпияны ашудан неге қорқатынын өзі де
түсінбейді, бірақ əйтеуір қорқыныш соңынан қалмайтын. Сондықтан
ол оқиғаның тек бастапқы жағын - мұғалімді қалай алдап соққанын
ғана айтып жүрді, бірақ аяқ жағын, Оскардың алдында алғаш
ашылған сырдың
тырысатын.
терең
мағынасын
ол
ешкімге
айтпауға
Тек бір-ақ адамға айтты. Жандары жақындасқан кезде бұл туралы
Кетеге ғана сыр қылып айтқан болатын.
Енді сол Кете мұның құпиясын, ең құнды қазынасын қорлап отыр,
оны жауларының бəріне, ең қауіпті дұшпанына байлап беріп отыр.
Кете "білмеймін" деп жауап беретін əңгімеден кейін, Оскар оның
алдында өзін айыпты санап жүрген. Қыз мұны сыйламағанмен, жақсы
көреді, дарындылығы үшін емес, өзі үшін жақсы көреді. Сондықтан да
қыздың алдында қарыздар. Бірақ қазір достық сырласу кезіндегі сеніп
айтқан құпиясын қас дұшпанына сатып кетіп отыр. Енді мұның
Кетемен есебі түгел. Пауль Крамер жасаған арамзалық шабуылдың өз
жақсы жағы бар. Оскардың жүрегі зəрлі қуанышқа толы: енді оның
Кетеге қарсы қаруы бар.
Ол Паульдің мақаласын қызға сол күні-ақ көрсетті жəне көзінше
оқып шығуын өтінді. Анау оқып болғанша Оскар оның сопақтау келген
əдемі жүзіне қарап отырды жəне қыздың өңі ашу мен ұяттан өртеніп
бара жатқанын көрді. Бірақ оның ашуы мен ұятына Оскар оңашада
балалығы туралы сыр ашқан кездегі естеліктер араласты. Осыны
айтып отырған кезде қандай сүйкімді, қандай қарапайым, қандай аңқау
еді десейші. Ол барлық қылығы үшін, барлық аңғалдығы үшін өзі
сүйген сол кездегі Оскар болатын. Ол бала кезден бастап-ақ біреуге
өкімін жүргізуді үйренген бала қораз болатын. Қыз да оны сол үшін,
оның мүмкіндіктері мен кемшіліктерінің жеткен жерін біле отырып
сүйген болатын.
Бұл эпизодты — Оскармен арада болған тəтті минуттар жайлы
əңгімені Паульге осындай көтеріңкі көңіл күй үстінде айтқан-ды. Бірақ
Пауль қарындасының сенгіштігін басқаша пайдаланыпты. Ашық
əңгіме үстінде жəне Оскарды ақтау мақсатында айтылған жан
құпиясын уытты түсініктемелер келтіре отырып журналға бастыру
оңбағандық еді. Иə, Пауль осындай: аяусыз төзімсіз өз сөздерінің
дұрыстығын дəлелдеу үшін бəріне де барады. Араларындағы басты
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 10
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.