Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 20

Total number of words is 4444
Total number of unique words is 2095
35.6 of words are in the 2000 most common words
50.8 of words are in the 5000 most common words
58.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Өз қолымен жазған -айдақ-сайдақ тірі əріптермен жаза салыпты.
Əріптері қағаз бетінен тұра қашқандай ентелей беріпті; фюрердің ойы
да, сезімі де, қалауы да содан білінеді. Фюрер мұның досы екенін Оскар
сезеді, енді міне, сол досы мұны шақырыпты, сөйлесуге мүдделі екен.
Оскардың жүрегінде фюрердің неміс мінезінің кекшілдігі туралы
айтқан сөздері қайта оянды, сол-ақ екен, Гитлердің де, өзінің де өмір
бойы еңсесін көтертпеген "ақсүйектерге" деген жек көруі қайта
тұтанды. Асу керек оларды, асу керек - Тиргартеннің əр ағашында
асулы тұратын болады əлі олар. Гитлердің ең қымбат сезімдері
Оскарға белгілі - өзінде қандай болса, онда да сондай. "Ақсүйектер"
Оскар дан гөрі фюрердің қыр соңынан қалмай келеді жəне табыссыз да
емес. Олар оның қабылдау бөлмесінде қаскөйлік ұйымдастырып қана
қоймай, сонымен қатар жүрегін жаралауда. Оскар Гитлердің жүрегі
дауыл соғып өткендей алай-түлей екенін жақсы біледі, оны өзі де
"көрген" жəне мына хат соның куəсі. Оның көз алдына сол сурет келе
қалды: "ақсүйектер" фюрердің жүрегіне бұғалық тастап, табандап
тартып тұр. Ол, Оскар, Гитлерге керек, ол сол бұғауды быт-шыт қылып
үзуі керек. Фюрердің хаты - оның көмекке шақырған жан айқайы.
"Ақсүйектерден кек алу, олардың кекірейген бастарын домалату міне, Гитлердің көксегені; бірақ соған итеретін біреу керек, оған көмек
керек, оған Оскар керек.
Жан-жағына сан алуан байлық жиналған бөлмедегі үлкен үстелдің
басында Оскар отыр ойланып, оның үлкен жүзік салған қолында Гитлердің хаты. Еріндерінде баланың күлгеніне ұқсайтын ақымақтық
пəк күлкі. Гитлер бекер шақырып тұрған жоқ. Оскар Проэльдей
дарынсыз адамның, өз жауының ішіне үңілгенде, Гитлердің, осы бір
дос көңілді, данышпанның, ұлы адамның қалауын таба алмас деймісің?
Фюрер мұнымен кездесуді бүл жолы да кейінге сырғытқан жоқ.
Келесі күні-ақ Оскардың рейхсконцелярияға келуі белгіленіпті.
Гитлер өзі мен көріпкел арасындағы қатынасқа көлеңке түсіруі
мүмкін оқиға туралы -Пауль Крамер туралы достық ниетпен ашық
əңгімелесті.
- Өзіңіз де естіген шығарсыз, қымбатты Лаутензак, - деді ол, тілегіңіздің орындалуына тағдыр жазмышы кедергі болды. Мен
босатуға уəде берген адам қорқақтығымен бəрін бүлдірді. Бізге қаны
жат бұл адам өзін босатпас бұрын асылып өлді. Онымен қоса, ол адам
сізге ғана емес, бүкіл герман рухына қарсы, атап айтқанда, өзім
жанашыры болып табылатын неміс тіліне қарсы қылмыс жасады. Егер
мұны білген болсаңыз, менен оны босату туралы өтініш
жасамайтындығыңызды білемін. Қалай болғанда да, бұл жерде рухани
қарумен күрес туралы сөз болуы мүмкін емес. Ол үлкен ағаттық болар
еді. Бірақ уəденің аты - уəде, мен, əрине, ол сабазға тұмылдырық кигізу
арқылы сізге берген сөзім мен неміс халқының жəне неміс тілінің
алдындағы міндеттемелерімді үйлестіргім келген. Бірақ сіздің Крамер
мырзаңыз бəрімізді отырғызып кетті. Менің түк қатысым жоқ жəне сіз
сияқты досыма қызмет ете алмағаныма қатты өкінемін.
Фюрердің өзінің алдында мұнша ақталғанына Оскар өте риза болды.
Бəріне өзі, Оскар кінəлі екендігіне сендірді ол Гитлерді. Осының бəрін
бұрын ойлау керек еді. Сол оңбағанды босату туралы фюрерден
өтінуге де хақысы жоқ еді мұның. Жəне, əрине, фюрердің істеген ісін
"уəдеде тұрмағандық" деген тұрпайы сөздермен жақындастыру
қаперіне де кірген емес.
- Менің миссиям кей-кейде досын ренжітумен байланысты
болатындығын түсінетін адамның бірі екеніңізге қуанамын мен, - деді
Гитлер. Саясаттың сөзсіз даму шеңберінде сөз бен іс бір жерден шыға
бермейді. Тарихты тағдыр жасайды, бірақ сөздер мен сөйлем біздің
аузымыздан шығады. Ал əңгіме уəденің орындалуы туралы болып
отырған жерде ондай сөздің құны көк тиынға татымайды. Сол сөздер
біздің ішкі дауысымызбен айтылса ғана берілген уəдеге адалдық
немесе уəдені бұзу туралы айтуға болады.
Ол адалдықтың мəні туралы тағы да біраз лағып кетті. Крамердің
өлімі нəтижесінде Лаутензактың; алдына қалыптасқан жағдай,
өкінішке орай, онда жиі болып тұратын. Талай-талай сыннан сүрінбей
өткен, алтын жүректі достарының алдында фюрер басымен берген
уəдеден тайқып шығу дегеніңіз ол үшін күнде болатын оқиға. Осының
бəрі Германия тағдыры алдындағы ар-ожданға кір келтірмесе болғаны
да.
- Берген уəдеге адалдықтарын айтып мещандар - ақ мақтана берсін,
- деді ол - Сіз мені түсінесіз ғой, қымбатты Лаутензак.
Иə, Оскар оны түсінеді жəне тағы да сенім көрсетіп, Гитлерді өмір
бойы толғандырып келе жатқан проблемалардың мəніне терең
үңілуіне мүмкіндік бергені үшін алғыс айтады. Өйткені кімдердің
басын домалату керек екендігін Гитлердің өзі айтқан болатын. Басқару
əдісі жағынан өзіне жақын "ақсүйектерді" құрбандыққа шала ма, жоқ
əлде у - шуы көп өз достарынан құтыла ма?
Оскардың жүрегін өзіне тереңде жатқан ең киелі құпиясын ашқан
осы адамға деген шексіз берілгендік сезімі биледі. Бүл баварлық
король Екінші Людвигтің Рихард Вангерге тартқан достық сыйынан
кем болмады. Оскар фюрерді ерекше құрметпен сыйлады жəне
қайткенде де оның ойынан шығуға тырысып бақты.
- Менің фюрерім, - деді ол ағынан жарылып, - егер сіз өзіңіздің ішкі
дауысыңызды тыңдайтын болсаңыз, сізге ішкі сəтсіздіктерден де,
сыртқы сəтсіздіктерден де қорқудың қажеті жоқ.
Ал Гитлер оған ойлана əрі сынай қарағандықтан, ол ерекше
құлшыныспен:
- Егер сіз маған тап қазір: "Лаутензак, сіз өліммен ғана жуылатын
күнəға баттыңыз", - десеңіз, мен ешқандай ішкі қарсылықсыз əрі не
үшін деп сұрамастан өліп кетуге бармын.
Жəне осы сот Оскар өзінің айтып тұрған сөзіне сенімді еді.
Мұндай ақ жүректікке толқыған Гитлер Оскардың иығынан
құшақтады жəне онымен бірге терең ойға беріліп, бөлмені əрі-бері
аралаумен болды.
- Билік пен достық, - деді ол, - бүл екеуі екі полюс, кейде одан кісі
өліміне душар ететін ұшқын шығады. Егер жұрттың бəрі дəл өзіңіздей
данышпан болса, құрметті Лаутензак, онда билік басындағы адамға да
жеңіл болар еді. Бірақ, адалдығыңа қарамай, ішкі дауысыңды мансұқ
етпек болатын достар да бар жəне оларға қайтпек керек? Амалсыз үнін
өшіруден басқа жол бар ма? Мені осы қинайды. Əңгіме ұлттық
революция туралы болып отырғанда, мен ең қатал жазаны қолданбай
тұра алмаймын. Бəлкім, бүл қасірет шығар, бірақ амалым бар ма,
жалтақтайтын жер бүл емес.
Фюрердің түсінігі өте қарапайым, алайда одан қауіп азаймайды.
Одан бірбеткей шешімділік байқалады жəне Оскар оны түсінді:
фюрердің жолына, - ерікті ме, еріксіз бе, -қарсы тұрған адам өлуге тиіс.
Бірақ осы адамнан ескен нақ осы қауіп-қатер Оскарды оған
жақындастыра түсті.
- Сіз достарыңыздан көп нəрсені талап етесіз, - деді ол, ал өзіңізден
одан да көпті талап етесіз.
- Валгаллаға апаратын жол - втострада емес, - деді Гитлер. - Неміс
болу деген сөз -қауіп-қатердің арасында өмір сүру деген сөз. Неміс болу
деген сөз бəрін де термен емес, қанмен табу деген сөз. Екі созбен
айтқанда, менің көзқарасым осы.
Ол Оскарды өзінің жазу үстеліне ертіп келді де, үстелдің суырмасын
тартып, револьверін корсетті.
- Міне, жатыр, - деді фюрер. - Оқталған. Əр сағатым шешімділікке
толы екенін ескертіп жатыр: жеңіс немесе өлім.
Ол суырманы қатты жапты.
Оскар фюрердің жан-жүрегінен қаптап келе жатқан нажағайлы
бұлтты көрді, ол кез келген сəтте жасын боп соғады, бірақ кімге қарсы
соғады - əңгіме сонда ғана. Енді сол нажағайды нағыз жауларына,
"ақсүйектерге" қарай бүру Оскардың қолында еді. Гитлердің көңіл-күйі
де соған жетелеп тұр: Оскар неғұрлым қарадүрсін сөйлесе, соғұрлым
нысанаға дөп тиеді.
- Ио, - деп бастады ол, - op сағатымыз қауіп-қатерге толы.
Дұшпандар қалғымайды, олар тек қолайлы сəтті күтіп отыр. Олар
ұяттан ада жəне өздерінің жымысқы ойларын жасырмайды.
- Жəне бұрынғы рейхсканцлердің Вайцтың киім өлшейтін
бөлмесінде бүл банданың тəлкегіне ендігі жерде шыдай
алмайтындығын, жақында түп-тамырымен құртатынын айтып
айқайлағанын бастан-аяқ баяндап берді.
Оскар Гитлердің сезім пердесін дəл тауып басты. Фюрер бұрынғы
рейхсканцлерді жек көретін. Сол адамның кесірінен мұның билік
басына келуі айларға, жылдарға созылды. Бұрынғы рейхсканцлерде
бір құпия құжат болды. Онда 1077 нөмірлі агентке, Адольф Гитлер
атқарған жұмысы үшін қанша ақы төленгені жазылған. Ол өзі бір
сақтықты білмейтін адам, ылғи Гитлерді жамандап отыратын, оны
мазақ ететін. Лаутензак бүл туралы Гитлерге баян етіп отырған
бірінші адам емес.
Бірақ Оскар айтып отырған үрейлі айқай шындыққа жақын болатын.
Гитлер құп-қу болып кетті, үш бұрышты қолақпандай мұрынында қансөл жоқ. Оны ұстамалы жын буды. Фюрердің аузынан ақ көбік көрінді.
- Ол нағыз ит, - деп айқайлады ол, - коре алмайтын малғұн! Мен оны
таптап өтемін, мемлекеттік сатқындығы үшін, атқызып тастаймын!
Гитлер өз-өзіне əрең келді. Бірақ іскерлік қалыпта сөйлей бастаған
кезде-ақ Оскар өзінің көздеген нысанасына жеткенін сезді.
- Иə, бүл оған ұқсайды, - деді фюрер жайбарақат қана. - Құсты
ұшқанынан біл деген; тіпті, бұл қауқарсыз қоқан - лоқының қай жерде
айтылғанынан - ақ біле бер. Бұл сұмырай киім киіп көретін жерде
дамбалшаң тұрып доңайбат көрсетерін қайтерсің! Менің осында
отырғанымды коре алмай өтіне қабынады ғой бейшара. Құрту керек
деуін! Көрерміз əлі, кімді кім құртатынын. Бұл мырзалар менің
көнбістігімді пайдаланып, басынайын деген екен. Бірақ мен шешім
қабылдадым жəне тек ыңғайлы минутін күтемін - ішкі түйсігім қашан
хабар береді, солай əрекет етемін. Сол кезде мен қылмыскер бастарды
шабудан тартына қоймаспын...
Оскар өзінің тағдыр тамыршысындай көздеген жерге дөп тигізіп,
Гитлердің ерік-жігерін керекті бағытқа бұра білгеніне рахаттанды.
Бұрынғы рейхсканцлер "ақсүйектердің" серкесі əрі арқа сүйері
болатын. Егер ол құлайтын болса, онымен қоса басқалар да, мəселен,
Проэль мен Цинздорф та құлайды.
Мақтаныш ішіне сыймағанмен, Оскар фюрермен сөйлескені туралы
ешкімге тіс жармады. Оның құлағынан Гансйоргтың сақтандырған
сөздері кетпей жүрген болатын. Ол ұстамды болады. Тек оз жауларын
аяғымен басып кеткен сəтте ғана: "Сізді таптап кеткен менмін" -деуі
мүмкін.
Қанша ойламайын десе де, Кете мен баласының тағдыры ойына
орала берді оның. Олардың Прагада екенін білді. Бірнеше рет ұзақ
жеделхаттар жазды, бірақ жіберуден жасқанды. Ол мағынасыз əрекет
болатынын түсінді. Сосын Прагаға гастрольмен баруға бекінді де, бірақ
келісімшартқа қол қоятын сəтте одан да бас тартты.
Бақытына қарай, ойлануға уақыты да болган жоқ. Академия үшін
қат-қабат жұмыс істеуге тура келді, оған қоса кеш сайын консультация
беруге тура келді, қалаулылар алдындағы міндеттемелері көп
уақытын алды, сонымен күн демей түн демей дамыл көрмеді. Бір жолы
жогаргы жақта граф Цинздорфпен кездесіп қалды. Крематорияда қыпқызыл пеш күтіп тұрған жауыңмен кездесу қандай рахат.
Тірі өлік - Цинздроф Оскармен түк болмағандай иіліп сəлемдесіп,
сыпайылықпен əңгіме-дүкен құрды. Ол Оскардан бұрынғыдай жамағат
алдында өнер көрсете ала ма, əлде академия президентінің орын тағы
оған мүмкіндік бермей ме дегенді білгісі келетінін айтты.
- Жамағат алдында өнер көрсетудің несі жаман? - деп сұрады Оскар
тəкаппарлықпен.
- Мен сіздің орныңызда болсам,- деп сөзін жалғастырды Цинздорф
достық пейілмен, - ол туралы фюрермен ақылдасып алар едім. Сіз
оның өз адамысыз ғой.
- Фюрер кейде менен кеңес сұрап, зор құрмет көрсетеді,- деді Оскар
ұстамды қалпын сақтап, ішінен Цинздорфқа күліп тұрса да.
- Жəне ақылыңызды тыңдай ма?
Оскар оған қарап қойғаны болмаса, жауап бермеді. Тек еріндері ғана
сəл дір еткендей болды. Фюрер Оскардың ақыл - кеңесін тыңдай ма,
тыңдамай ма - оны мына хайуан кешікпей өзі де көретін болады. Ол
бет аузы жымиған салқын жігіт, онысын теріске шығара алмайсың,
əйелдерге де көбірек ұнайды, бірақ оның көмегі болмайды. Бүгін оның
бір аяғы жерде, бір аяғы ...
- Оскар, осы сіз жуырда маған ескерту жасаған қолхат жібердіңіз - ау
деймін, - деп, сөзін жалғастырды Цинздорф. Əдетте мен ондай
қолхаттарды оқымаймын, қағаз тастайтын себетке тастай саламын,
бірақ бүл хатты сіздің қолыңыз тұрған соң, көз жүгіртіп шықтым. Жəне
мен сияқты кішігірім шенеунікке бола Шейлоктың кебін кигеніңіз
маған онша ұнамады. Партия үшін менің қанша жұмыс істейтінімді сіз
білесіз ғой. Ал өзіңнің қамыңа бір минут та уақытың қалмайды. Рейхтің
қауіпсіздігін қорғау -ауыр міндет жəне рахымы да жоқ. Бұл іске кім
көрінген араласады. Ал борсыған етті сылып тастайын десең,
гуманистердің ордалы тобы жан - жағыңнан ойбай құтқара гөр деп
айқай салады.
Мына оңбағанның өз тағдырын өзі қарсы алуға сонша асыққанын
көре тұрып, Оскар өзінің ызалы қуанышын жасыра алмады.
- Кейбіреулер біреуге белгі қойдым деп ойлайды, - деді ол - ал өзінің
əлдеқашан белгілі болып қалғанын біле ме екен?
- Апокалипсилік сөз, - деп іліп əкетті Цинздорф. - Бұл Інжілдің сөзі
ме, əлде өз сөзіңіз бе?
Ашу қыса бастаған Оскар ызалы жауап қайырды.
- Бұл Інжілдің сөзі емес, тек жартылай ғана өз сөзім. Бұл оз
айтқандарын іске асыра алатын адамның сөзі. Мұны кейбіреулер өз
түбіне жеткенін білмей тұрып, біреудің түбіне жетемін деп ойлайды, деп түсінуге болады.
- Сіздің дəйексөздеріңіздің бəрі де інжумен тең, сүйіктім, - деді
Цинздорф. - Соның бəрі табиғи інжу ме?
Оскар оның сымбатты, арсыз əрі менменсіген сықпытынан бір
пергісі келді де, өзін əрең тежеді.
- Дəл қазір кейбіреулердің басын алудан қаймықпайтын адам бар,
тіпті олар камердинер болып таранып, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
жоғарғы таптан шықса да. Міне, бүл шын дəйексөз жəне оған қатысы
бар адамдардың аяқтарын тарта сөйлегені жөн болар еді, граф
Цинздорф, - деп жауап қайтарды ол
- Ио, - деді Цинздорф, мына дəйексөзіңіз түпнұсқасына жуықтайды.
Ол бастапқы қитұрқы əңгіменің ауанын сақтауға тырысып еді, бірақ
ол қолынан келмеді. Цинздорфтың арсыз бетінен Оскар бірінші рет
абыржығандықты аңғарды.
Оскар жөніне кетті. Ол өзінің қанағаттанғанын біліп кетті. Ақыры,
осы мұрынбоқтың сазайын берді.
Шынында да Оскар дəйексөз етіп келтірген Гитлердің сөздері
Ульрих Цинздорфты орып түсті. Бірақ бір сəтке ғана. Өйткені
ақсүйектер мен қара халықтың арасындағы тартыс əлі алда болатын
жəне ақырғы күрес кезінде қояншық Гитлердің қай жақты қолдайтыны
да белгісіз.
Бір нəрсе анық: көз бояушының алдында фюрер салтанатты сөз
сөйледі. Лаутензак айтқан Гитлердің сөздері күмəн келтіруге
жатпайды - оның көпірме сөзін оңай ажыратуға болады.
Бірақ қалай болғанда да, Гитлердің бүл айтқан сөздерін таратуға да
болмайды ғой, -осындай ой келгенде Цинздорфтың қабағы ашылып
сала берді. "Сіз менен бір шертпек алдыңыз ғой, сүйкімді Оскар, солайақ болсын. Бірақ мақтанарлық нəрсе емес, сіз жіберген қателіктің ең
үлкені".
Цинздорф аяғын аяғына асып креслоға жайланып отырып алып, коп
ойланды. Бүл дəйексөздерді газеттерде жариялау керек. Оны
Кадерайт, бұрынғы рейхсканцлер секілді мүдделі адамдар оқысын.
Олар бірден қозғала бастайды, шу көтереді.
Егер бұл адам фюрер сеніп айтқан сөздерді ұқыпты сақтай білмеген
екен, онда ол отан алдында опасыздық жасағаны, ал Гитлер
мемлекетке опасыздық жасағандардың көзін тез жояды. Иə, шешім
қабылданды деген осы.
Түпнұсқалық дəйексөздерден басқа айтары жоқ мақаланы жариялау
оңай міндет емес. Бірақ Цинздорф бір нəрсенің соңына түскен екен,
жеріне жеткізбей тынбайды - неше түрлі айла-шарғыны қолданады.
Мақала жарық көрді. Жұрт оқыды да түсінді. Ақсүйектер ашуға
мінді.
Өкінген адамның кейпімен Цинздорф мақаланы штаб бастығы
үстелдің үстіне қойды. Проэль оқып шықты. Проэль ойланды.
- Бəрін түсінемін, - деді ол, оз ойын қорытындылай келіп,
түсінбейтінім бір ғана нəрсе: бүл мақала газетке қалай шықты? Біздің
Циркач данышпан емес, нағыз ақымақ екен. Бірақ ол мұндай нəрсені
жалпақ елге жар салып, бес жүз мың данамен тарататындай ақымақ
емес еді ғой.
- Мұның қалай жарық көргенін түсіне алмай, баспасөз агенттігінің
бастығы да аң-таң,- деді Цинздорф мүлəйімсіп. - Ол осындай
мақаланың жарық көруіне жол берген газет редакторын концлагерге
отырғызу керек деп шала бүлінді. Мен, əрине, солай істедім де.
Проэль өзінің Цинздорфына ұзақ қарады. Оның күтіммен ұстап келе
жатқан аппақ ұзын қолын қатты қысты.
- Осы ойынға сенің де қатысың бар, Ульрих, - деді ол - Осының бəрін
ойлап тапқан сенсің ғой. Олай емес деші?
- Қайдағыны айтады екенсіз, бастық! - деп жауап берді Цинздорф,
бірақ дауыс ауанында: Ульрих өтірік айтады, бірақ осының бəрінен өзі
қатал да болса терең лəззат алады дегенді ұқсын деген емеурін бар еді.
- Оскар Лаутензак есінен адасқан болар, - деп сөзін жалғастырды ол Кадерайт маған бұдан былай мұндай ақымақтыққа төзе
алмайтындығын мəлімдеді, "марқұм" болған канцлер де терісіне
сыймай отыр. Болған жағдай Гинденбургқа баяндалады. Зигфид
аузына ие бола алмады. Зигфидті құтқарып қалу қиын бола ма деп
қорқамын.
- Мен де содан қорқамын, - деді Проэль.
Қарай гөр бұл баланың ойлап тапқан ойынын. Оскар соншама жек
көреді екен-ау?! Проэльдің жүзі сыздана қалды. Ол қасқа басын
қарындашпен тықылдата бастады. Ол Гансйоргты аяды - ол ағасынан
айрылды жəне Гитлерді аяды - ол досынан əрі көріпкелінен айрылды.
Ал Оскар Лаутензак тым аңғал жан болып шықты. Ол құдай берген
дарынды сақтықпен пайдалана алмайды екен. Өзіне коп жау тауып
алады. Алдымен ол өзіне, Проэльге ауыз салды, енді Адольф Гитлер
сеніп айтқан құпияны жария етіп отыр. Ол партияны тағы да бір
пəлеге қалдырып жүруі мүмкін. Жок, оны қорғап қалу мүмкін емес.
Осы жағдайлардың бəрін таразыға салып отырған кезде, Проэльдің
жүрегінде тағы да бір сезімнің, Лаутензактың алдында отырған кездегі
жағымсыз сезімнің жаңғырығы қайта оянды. Ол жолы көріпкел мұның
қолын ұстап отырып, көкейінде жүрген құпиясының бəрін біліп қойып
еді. Енді оның ақыры мынадай болды. Кешікпей, таяу арада бүл адам
мұның жанына үңілу мүмкіндігінен мүлдем айрылады. Проэль бір сəт
жеңілдеп қалды: осы бір ықпалды жау енді өзінің қолында. Оның
кеудесін жүген, құрық көрмеген асау қуаныш кернеді: бүл оны
құртады, жер бетінен жоғалтады.
Бірақ бұл оның санасына толық жеткен жоқ, ол Цинздорфқа мүлдем
байқатпады. Керісінше, анау алдында ойланып отырған жоғары
дəрежелі шенеунікті ғана көрді. Тəрізі, Манфредке мұндай шешім
қабылдау Цинздорф ойлағаннан гөрі қиынға соқса керек; тіпті ол
Манфред маған ашуланып отыр ма деп ойлаған. Бірақ Проэль жемежемге келгенде келісім беретініне Цинздорф сенімді еді.
Проэль қарындашын орнына қойды.
- Сенің жүрегің суық, көкешім Ульрих, жүрегің суық. Маған,
байқаймын, Адольфқа барудан басқа ешнəрсе қалған жоқ.
Манфред Проэль фюрерге мақаланы көрсетті.
Мақала Гитлерге ұнады.
- Жаман емес, - деді ол. - Бұл қатерлі бұлт енді "ақсүйектердің"
басына төнеді.
- Кешір, Адольф, - деді Проэль, келіп қалған ашуын сездірмей. - Егер
мұны көңіл-күймен ғана бағалау мүмкін болса, мақала оқыту секілді
болымсыз іспен мен сенің уақытыңды алмас едім ғой. Дұрыс түсінуіңді
өтінемін, бүл мақала - саяси іс.
- Біліп тұрмын, - деді Гитлер, - "ақсүйектердің" басына əңгіртаяқ
ойнату пайдалы іс.
- Бүл олар үшін пайдалы болғалы түр, - деп жауап қатты Проэль
өзінің сықылық даусымен. - Бірақ мүлдем басқа
мағынада. Біз олармен одақтаспыз. Қол аяғымыз келіссөздермен
байланған. Мынадай сес көрсету - екі арадағы келісімшартты
бұзғандық болады. Доктор Кадерайт əскери кеңсе тəрізді жиын
өткізіпті. Бұрынғы канцлер мен оның сыбайластары мұндай
жолсыздыққа бұдан əрі жол беруге болмайды деп байбалам салуда.
- Сонда бізге не істей қоймақ екен, бұл доңыздар? - деп сұрады
канцлер. - Немен келіспейді екен?
- Сенің сес көрсетуіңмен, - деп жауап берді штаб бастығы. - Бұл істі
жеңіл шаруа екен деп, алданып қалма, Адольф. Бізді келіссөзді бұзды
деп "ақсүйек" мырзалар үстелді тоқпақтап байбалам салып жатыр.
Олар Генденбургті пайдаланулары мүмкін.
- Мақалада менің атым аталмаған ғой, - деді Гитлер ренжіп.
Лаутензактың да аты аталмаған, - деп жауап берді Проэль. - Бірақ
қауіп-қатерге толы сенің соз саптауың, сенің қайталанбас неміс тілің
өзіңді ұстап беріп отырған жоқ па? Оны таратып жүрген Лаутензак
екенінде дау жоқ. Адольф, сен одан құтыла алмайсың, саған ашық
мəлімдеуіме тура келеді.
- "Ашық мəлімдеуіңнің" жабық мəні не сонда? - деп сұрады Гитлер
жақтырмай. -"Ашық мəлімдеуің" - неміс тіліне жат нəрсе екен. Гете
"ашық мəлімдемей-ақ" түсіндіре алатын.
- Ол ақын ғой, - деп іле жауап берді Проэль.
- Ол əpi министр болған, - деп қоймады Канцлер.
- Адольф, - деп, ішке тарта сөйледі Проэль, - өзіңді - өзің алдама.
Мəселенің мəніне жүгін. Сен ол көк ауыздан құтыл Шешімді түрде.
Біржола құтылғын.
Фюрер не айтарын білмеді. Аузына ие болмау - Лаутензак
тарапынан болған жауапсыздық, осыны басқа біреу істесе, əңгіме
қысқа болар еді. Бірақ Лаутензак -көріпкел Оған моладай мылқау бол
деп талап қоюға болмайды. Көріпкелдік пен еспе сөз бір-бірімен
байланысты, екеуі қатар жүреді - мұны ол кімнен болса да артық
түсінеді. Жүрегі толы жанның аузына тыйым жоқ. Басқалар үшін
мемлекет алдындағы опасыздық болып көрінетін нəрсе - Лаутензак
сынды көріпкел үшін кешірімді күнə. Осындай болмашыға бола
досынан безбек пе? Бұлар қуанышының бəрін тартып алуға ылғи
дайын тұрады. Жо, жоқ болмайды. Ол өз досын рақымсыз күштің
жолына құрбандыққа шала алмайды.
- Мен Лаутензакпен бірге пайымдау сағаттарын өткіздім,
- деп қырсықты ол. - Оған басқалардан жасыратын мендегінің бəрі
аян.
- Сенің оған бүйрегің бұратынын білемін, - деді Проэль.
- Оның ақ сайтаны бар екені рас, оны мен де оз басымнан
өткізгенмін. Бірақ ол өте аңғал адам жəне мемлекеттік қайраткер үшін
оның достығы - ауыр жүк. Аузында сөз тұрмайтынын өзің де көріп
отырсың ғой, ертеңгі күні өзіңді ұятқа қалдырады, - деп ол
Цинздорфтың дəлелін қайталады.
- Сен одан безуің керек.
Гитлердің жүрегінде сұрапыл арпалыс жүріп жатты.
- Мен көндім, - деді ол ақырында. - Лаутензактың пəлендей кінəсі
болмаса да, одан бас тарттым. Мен Кадерайт мырзаға мұнда бір
түсініспеушілік болған деп мəлімдеймін.
- Бұл жерде құр сөзбен құтыла алмайсың, - деді Проэль, - сенің
түсініктеме беруіңді Гинденбургтің өзі талап ететін болады. Осының
бəрін жұрттың алдында, ашық прожектордың жарығында тұрып
қайталауыңды сұрайды. Егер сен Лаутензакты қорғамақ болсаң,
шалмен шекіспей тынбайсың.
Гитлер - Проэльге керегі де осы еді - Гинденбургтің алдында сүтке
тиген мысықтай боп сүмірейіп тұрған қорлық сағатын еске алды. Жоқ,
екінші рет ондай қорлыққа шыдамақ емес.
- Маған маза беріңдерші, - деп тулады ол - Құлға да бір сауға демеуші
ме еді? Ал сендер күндіз-түні менің жанымды жейсіңдер. Бұл өмір емес,
өмір бойы құрбандыққа шалу болды ғой. Одан да талап етсеңдерші.
Проэль досының азапқа түскенін көрді. Ол жақын барды да оның
иығына қолын салды.
- Саған қиын болды, Адольф, - деді ол, - оны түсінемін. Бірақ ойлап
қарашы, сен Лаутензак үшін Гинденбургтің алдында қор болған күннің
өзінде де, ол бəрібір екі-үш айдан кейін бір пəлеге тағы да ілінеді жəне
тағы да жауап беретін өзің боласың. Сен партия үшін баруың қажет бүл
шешімге. Дəл осы айғай-шудың бізге қазір түк қажеті жоқ, оны мен
айтпасам да түсінесің. Қазір бір ғана шешім бар. Ол адам жоғалу керек.
Оның мүлдем жоғалуы ғана сені ақтап алады.
Ол жер бетінен жоғалуы тиіс. Онымен қоса осы жағымсыз хикая да
өзінен-өзі құриды.
Гитлер "бас тарту" - деген сөздің артында не тұрғанын жақсы білді.
Оның шынымен-ақ досын аман алып қалмақ ниеті болды. Бірақ Проэль
бұлтартпас дəлелдер келтірді. Тіпті, көз көрмеген қорлыққа барып,
аман алып қалған күннің өзінде де - бүл жерде Проэльдікі дұрыс Гитлер мен Лаутензактың арасындағы одақ біржола бұзылады. Оны
бұзған Лаутензактың өзі. Мұны, фюрерді күнəден арылтқан өзі емес пе
еді? "Егер сіз мені айыптайтын болсаңыз, орынды айыптаңыз" - дегенді ол "Сіздің жүрегіңізді қорқаулар билейді" - деген еді ол тағы да.
Көріпкел өз тағдырын өзі болжаған екен, оның, фюрердің қандай
құрбандыққа баратынын күні бұрын білген екен. Тағдырдың тəлкегі
қандай қасіретті еді!
Проэль қолын Гитлердің иығынан жайлап қана түсірді. Ол қамыға
ойланып тұрған досына қарады, оның ішкі арпалысын көзімен көрді.
Тореза, ол енді өлшеусіз қайғы - мұңға батады. Мұндайда ең дұрысы оны оңаша қалдыру. Кенет Проэльге осы қасіретті көріністің кейіпкері
көріпкел емес, өзі сияқты көрінді. Бірақ ол бүл ойдан лезде арылды.
Қарғыс атқыр Лаутензак. Атын атағаннан - ақ қай-қайдағы ойға
оралады.
- Қалай, Адольф, бүл адам жоқ болуға тиіс пе? - деп қайталады ол
сұрағын.
Гитлер оған қараған жоқ: ол үстел үстіндегі тасбақа сүйегінен
жасалған кішкентай пышағын жайлап қана қолына алды. Бұл
пышақпен ол хаттарды ашатын еді, оны күтімді əрі қуатты
саусақтарымен басып қалды. Тасбақа сүйегінен жасалған пышақ күрт
етіп сынды.
- Рахмет, - деді Проэль.
Гансйоргқа Проэль телефонға шақырады дегенді айтқанда, анау
қоңырауды күтіп отырса да, селк ете қалды.
Əлгі мақаланы оқыған кезде-ақ ол бір пəленің боларын сезген.
Телефон арқылы сөйлескен Цинздорфтың күле сөйлесе де, жұбатпақ
болған мүлəйім сөздері мұның болжамын қапысыз дəлелдей түсті - бұл
ажалды ойынның авторы - Ульрих.
Оскар құрыды. Оны аман алып қалуға тырысудың ешбір мəні жоқ;
Гансйорг қанша күш салғанмен, ол өз күшігін қорғайтын Проэльді
жеңе алмайды жəне ол өзіне-өзі қастандық жасау болып шығар еді.
Енді Оскармен сөйлесудің де мəні жоқ. Оскарды оз тағдырымен жекпежек қалдыруға мəжбүр болғаны Гансйоргқа қатты батты, бірақ бұдан
былай данышпан бауырының көлеңкесінде өмір сүрмейтін боласың
деген бір ұры көңіл атой салады.
Ол Проэльдің қоңырауын осындай қауіп-қатермен, толқу үстінде
күтті. Проэль телефон шалуын шалғанмен, оны белгісіздік азабына
салды. Ол əдеттегі ойнақы үнмен қайдағы -жайдағыны айтып,
алдарқатқан болды. Əңгімесінің соңында кешкі асты бірге ішуге
шақырды жəне: "Қам жеме, екеуміз оңаша боламыз" - деп, уəде берді.
Кешкі ас кезінде Проэль өзін еркін ұстады, ғалам мен адамның
ақылы жетпес сөздерді шешендік бояуымен қанықтыра түсіп, желдей
есіп отырды.
Ол Гансйоргтың алдында өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысты.
Оскардың ақымақтық істері үшін жауапкершілікті Гансйоргқа
артпайтындығын білсін. Бірақ ол Оскардың өлімі үшін Гансйоргтың
кек сақтамайтындығы жөнінде уəде беруін қалайды. Кімнің жағына
шығатынын Гансйорг өзі шешсін: ағасы жағына ма əлде досы жағына
ма?
Кешкі тамақтан кейін оны Проэль кабинетіне ертіп барды, онда
бұларға кофе мен коньяк құйды. Үстел үстінде бəлелі мақала
жарияланған журналдың саны жатқан болатын. Проэль ашылған бетін
қолымен түртіп корсетті.
- Ио, қымбаттым, - деді ол, - бүл жерде ағаңның ессіздік ісіне
қынжылыс білдіргеннен басқа айтарым жоқ. - Жəне ол қолын
Гансйоргтың иығына салды.
- Сен оған не істемексің, Манфред? - деп сұрады Гансйорг. Даусы
қатаң естілді.
- Мен ештеңе істемек емеспін, - деп көлгірси жауап берді Проэль. Оның маған ұнайтынын өзің білесің ғой, ол оз саласының білгірі əрі
тамаша адам еді ғой. Тіпті, маған да қол ұшын берген жері бар.
Адольфқа да жағатын.
Гансйоргтың қуарған еріндері дір ете қалды. Манфред Оскар туралы
о дүниелік адам секілді айтып отыр. Оскардың саудасы біткен екен.
Гансйорг оны бірден түсінді. Əйтсе де сенгісі келмеді.
- Ол өлуге тиіс пе? - деп сұрады Гансйорг балаша.
- Адольфқа тасбақа сүйегінен жасалған пышақты сындыру оңай
болған жоқ, - деп жауап берді Проэль.
- Нені сындыру? - деп таң қалды Гансйорг.
- Сен Адольфты білесің ғой, - деді Проэль. - Ол ештеңе айтпады, тек
қана тасбақа сүйегінен жасалған пышағын сындыра салды. Бүл сөзі
айтпай-ақ он салу дегенді білдіреді.
Проэльдің қарсы алдында бүрісіп отырған бақытсыз Гансйоргтың
жүрегі айныды. Бүл оның өміріндегі ең сұмдық минуттар еді. Оның
ниеті жақсы-ақ болатын, бірақ ағасын дұрыс жолға бастамапты.
- Шынымен басқа амалы болмағаны ма? - деп сұрады ол
жалынғандай болып.
Проэль кофеге коньяк құйып, ішіп салды.
- Гитлер тасбақа сүйегінен жасалған пышағын сындырды, - деді ол
- Оскар - дана адам, - деді Гансйорг, біраз үнсіздіктен кейін əрең
дегенде. - Даналық пен ессіздік қатар жүретін қасиет. Біраз уақытқа
дейін ауруханаға салып, емдеп көруге болмас па екен?
Проэль темекі тартты, ішті. Ішті де темекі тартты. Енді ол
Гансйоргқа таңдауын алатындай амал тапты. Ол көпке дейін сазарып
үндемей қалды. Гансйоргқа Проэльді ашуландырып алдым ба деген ой
келді жəне ол енді қайтып мүлдем сөйлемейтіндей көрінді.
Бірақ Проэль күтпеген жерден орнынан тұрды. Гансйорг та тұрмақ
болып еді.
- Отыра бер, отыра бер, балақай,- деді Проэль.
Қызғылт жүзді, қасқа бас, толық адам қонағына таяп
келді, таяғаны соншалық, ақырын тыныс алғаны Гансйоргқа білініп
тұрды. Оның ашық -сұр түсті зымиян көздері Гансйоргқа өмірінде
кездеспеген ең суық көз сияқты көрінді.
- Былай ғой, қымбаттым, - деді Проэль, оның сықырлауық даусы
мүлдем ақырын естілді. - Мен əділ адаммын жəне шынын айтсам, сенің
ұсынысыңды іске асыруға болар еді, мен шынында да сенің
бауырыңды ауруханаға жатқыза аламын. Бірақ мен жартыкеш
шешімнің адамы емеспін, сен оны білесің. Мен өзіме жауапкершілік ала
тұрып, Оскар секілді тынымсыз əрі қауіпті адамның інісін партияда
жəне жоғары орында қалдыра алмаймын. Оскар тірі тұрғанда, мейлі
қай жерде жүрсең де, ол сені жолдан тайдырмай тұрмайды.
Сондықтан, біз не сенің айтқаныңды істейміз де, оны ауруханаға
жібереміз, онда ағаңа қарау үшін сен де сонда барасың - партиядан
кетуіңе тура келеді - немесе ол өледі, жəне онда сен өзіңмен өзің
қаласың. Таңдау өз қолыңда, балақайым. Иə, сенің таңдау жасауыңа
тура келеді. - Ол сəл үнсіздіктен кейін сөзін сыбырмен аяқтайды: - не
ол, не мен.
Гансйоргтың тышқанша жүгірген кішкене көздері Проэльдің зəрлі
көзіне қараудан жасқанды, сасқалақтаған сопақша беті құп-қу болып
қисайып кетті.
- Мені қиын жағдайға қалдырдыңыз, Манфред, - деп сыбырлады ол
- Ішіп жібер. - Проэль оған коньяк құйды. - Иə, мен сені қиын
жағдайға тап қылдым, - деп келісті ол
Гансйорг ішіп салды. Ол иығынан "Оскар" деген ауыр жүк түскен
кезде, өмірінің қалай жақсаратынын көз алдына елестетті. Енді, бүгін
Проэль өткізген адалдық сынағынан кейін, Цинздорфты біржолата
ығыстыру қиын болмайды. Ал Хиллден үшін Оскар алдағы уақытта
тарихи тұлға болып қана қалады жəне Гансйоргтың жетістікке жетуіне
ешқандай кедергі қалмайды.
Ол терең демалды.
- Мен сенімен қаламын, Манфред, - деді Гансйорг.
Бірақ əлгі сөздерді айтуы мұң екен, өзі ойша суреттеген
болашақтың сəнді көріністері өзгеріп сала берді; оның орнына ол
ағасының тұздай көк өткір көздерін көрді жəне ол көздер өңменінен
өтіп бара жатқанын кəдімгідей сезді. Жəне сол мезет жаны қатты
қиналды.
Проэль қолын оның иығына қойып:
- Мұны мен ұмытпаймын, - деді.
- Мен оны тағы да бір рет коре аламын ба? - деп қинала сұрады
Гансйорг сəл ғана үнсіздіктен кейін.
- Неге көрмейсің? - деді Проэль. - Маған салса - академияның
ашылуына дайындықпен əлі бірнеше күн қуана тұрсын. Бізден қашып
құтылмайды жəне асығатын да ештеңе жоқ. - Проэль өзіне тағы да
коньяк құйды. - Дарынды жігіт еді ғой. Дарынымен қоса, тым болмаса,
тамшыдай сан асы болса, алысқа кетер еді.
Оскар да фюрер сияқты, мақаланы оқып шыққанда, терең лəззат
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 21
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.