Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 15

Total number of words is 4209
Total number of unique words is 2203
34.0 of words are in the 2000 most common words
47.0 of words are in the 5000 most common words
55.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
алаң деп сұрауы мүмкін, бірақ ол оның сырын ешкімге түсіндіріп
жатпайды. Алаң деп отырғаны - соңғы "бос қабырға", өнер туындысы.
Оскар оны неге жарататынын əзірге өзі де білмейді. Ол Кадерайттың
досы Обрист мырзаның иелігінде. Ол ерте дүние мүсіні, еркекке
бергісіз мығым, бұйра шашты əйел, Оскар оны Тиршенройттың
мүсініне ұқсатады. Ол, Оскар, оны əйел патшайымның мүсіні деп
есептейді. Рас, фон Обрист мырза мұндай ұғыммен келіспейді, ол үшін
бүл жауынгер əйел жəне оны өзінше дəлелдемек болады. Жалпы фон
Обрист мырза жағымсыз субъект. Оскар одан осы мүсінді шығарып
тастасаңыз қайтеді деп сұраған кезде, анау:
- Бүл үйде, аса сүйкімді Лаутензак мырза, өнер туындылары
сатылмайды, - деп жауап берді.
Бұл мырза - нацистердің қарсыласы жəне өзінің өрескел сөздерін ол
оспадарлық жымиыспен кекете отырып айтады. Оскар кейде
"ақсүйектердің" сықпытынан осындай кекесіннің нышанын байқап
қалады, бүл оның намысына тиеді. Фон Обрист мырзаның осы бір
кекесінді күлкісі Оскардың осы мүсінді сатып алуға деген ынтықтығын
оятқан. Ол бос алаңға сеніммен қарайды.
Оскар холдан өтіп, төменгі қабатты аралап көрді. Бұл бөлме өзін-өзі
пайымдауға, өзін-өзі тереңдетуге, интимдік танымға, оңашада еш
кедергісіз жұмыс істеуге арналған. "Алхимик шеберханасы" деп
аталатын кітапхана да, "қылует" те осында болатын. Сонан кейін ол
зертханаға, консультация беретін кішігірім залға өтті. Барлық жерде
фильм көрсететін аппаратуралармен дыбыс жазғыштар түр - оның
əрбір қимылы, əрбір сөзі кейінгі ұрпақ үшін сақталуға тиіс. Үйдің қай
бұрышында болмасын сыбыр еткен сөзді естуге мүмкіндік беретін
құрал-жабдықтар да бар; ал пайдаланудың жолдарын өзі ғана білетін
тегершіктер мен сөндіргіштер қаншама. Оскар осының бəрін аралап, өз
қолымен жүргізіп, іске қосып көрді. Сонан соң үлкен басқышпен
жоғарыға, салтанатты бөлмелерге көтерілді. "Таңдаулылармен"
тəжірибе өткізу үшін жабдықталған залға кірді. Бөлме ортасында
тұрған, əйнектен жасалған дөңгелек үлкен столды сүйсіне қарап
шықты. Оның бетінде Зодиак белгілері болатын, ал оған түсетін жарық
ерекше қондырғылардың көмегімен бірде əлсіреп, бірде күшейіп
тұрады екен. Ол үстелді айнала отырып жекелеген адамдардан
мистикалық жолмен хабар алуға жəне дəл сондай мистикалық жолмен
оларды таратуға арналған. Жəне осы бөлмедегі қалған басқа заттары
оның көзінің жауын алды. Кемпірқосақтай сан алуан түспен құбылған
балықтары бар аквариумнің алдында ұзақ тұрды; əлемнің əр
түкпірінен əкелінген жыландар мен басқа найсаптар қамалған торкөз
үйшіктерді қарап шықты.
Сосын ол қонақ қабылдайтын "мансаптық залына" қарай аяқ басты.
Оскар жалғыз болғанмен, актер Карл Бишоф үйреткен салтанатты
жүріспен жылжып отырды. Бүл зал Зофиенбург замогының сəні мен
мақтанышы болатын. Ол шіркеу секілді қаңырап түр, тек
орындықтары ғана бар. Биікте көріпкелдің орындығы түр. Оскар оған
өзі отырып көрді -жарап жатыр. Осы жерден ол фюрер сияқты
қонақтардың алдында қандай түспен көрінгісі келсе, сондай түспен
жарық түсіріп отырады.
Залда терезе жоқ, мұнда күндіз де қараңғы түнек. Оскар төбеге
жарық берді. Иə, əсерді айтып жеткізу қиын. Жұлдызды аспанның
астында тұрғандайсың. Ол осы залды саларда пайда болған идеясына
мақтанды. Мінəжат етушілер мен жұлдыздар - мұның мағынасын
саңылауы жоқ, ой- санадан жұрдай адамдар да түсінеді. "Менің
жанымды мəңгі жаңа екі мақтаныш: төбеміздегі жұлдыз бен ішіміздегі
адамгершілік заңы толтырады" - деген еді Кант. Осында,
Зофиенбургте, "мансаптық залда" ол, Оскар Лаутензак, канттық
əлемтанудың осы негіздерін жұрттың бəріне түсінікті болатындай
түрде іске асырыпты. Ол осында, өзінің міндетін атқарып отырған
кезде əркімге де: бүгінгі ұрпаққа да, үшінші империяға да
"практикалық сананың", интуицияның иесі - өзі, Оскар Лаутензак екені
түсінікті болады.
Ол өз туындысының рахатын көріп, жасанды аспанның астында
жалғыз отыр. Бүл үйді ол барлық кедергілерге қарамай өзі салғызды,
тағдырдан тартып алды. Сəулетші Зандерс Оскар ойластырған жобаға
қарсылық көрсетіп бақты. Ол пасық оккульттік лашық, стильді
араластыруға болмайтын үлгі туралы қазбалап, əбден басты ауыртты.
Бірақ Оскар алған бетінен қайтпады. Ол Клингзор сиқырлы сарайын,
өзінің жеке дара əлемін салғызды жəне енді, біткеннен кейін қарап
көрсе, тамаша екен. Пастор Рупперт, əрине, осының бəрін құдайға тіл
тигізгендік деп бағалары хақ - ертелі-кеш бір өлетін өзекті жан
Інжілдің осы сөздерін өз басына тілер ме еді? Оскардың бойын кенет
қорқыныш билегендей болып еді, ол мұндай балалық босаңдықты
бірден сілкіп тастады.
Ол, өзі ниет еткендей, бүкіл бір күнді Зофиенбургте жалғыз өткізді,
ешкім мазасын алған жоқ. Кешкісін өзінің қылуетіне кетті. Ол өзінің
киетін күртешесімен жалғыз отыр. Қабырғадан күміс сауытты бавар
королі Екінші Людвиг қарайды, қасында жүзіп жүрген аққулары бар.
Оскардың есіне Гансйорг екеуінің бала кезінде, каникулды
пайдаланған əкесі осы корольдің ертегідей замогына ертіп апарғаны
оралды. Геренхимзе қамалының кереметтігіне қалай таң қалғандары,
осынша байлыққа астрономиялық цифрмен ақша жұмсалғанын
естігенде, қалай ауыздарын ашып қалғанын есіне алды. Енді замоктар
мұражай жəдігерлеріне айналды, ал оның, Оскардың үйі оз басында.
Корольдің портреті де бəз-баяғы қалпында.
Оскарды өзінің бет-бейнесі де күдіктендірмейді. Ол жетер жеріне
жетті, өз қабілетін толық мойындатты. Проэльге жасаған тəжірибесі
бұған толық дəлел болды. Тиршенройттың айтқаны келмеді, оның
жетістіктері оның "көру" қабілетіне кесірін тигізген жоқ, керісінше,
оның дамуына түрткі болды.
Ол Кетенің саусақтарын, қазір ағаш табақта алдында жатқан асыл
тастарды қалай сапырылыстырғанын есіне алды. Жоқ, ендігі жерде
сəтсіздік оны абыржыта алмайды. Енді ол сəтсіздік - сирек
кездейсоқтық екенін біледі. Енді ол өзінің көріпкелдігін дəлелдеуді
қажет етпейді.
Дегенмен Кетенің бірге болмағаны өкінішті-ақ. Оның орны үңірейіп
тұр. Бүл оны сағынып отыр. Сағынғанда өзегі өртенеді. Жаңа үйден
алған бар қуанышы Кетенің алдында түк те емес.
Кенет ол бірден бəрін түсінді: Өзінің даналығы туралы осында
ойдан шығарғандары -бастан-аяқ өзін-өзі алдау. Ол Кетені сүйетінін
енді білді.
Ол аздап абыржығандай болып отыр. Ұялып отыр. Қырық торт
жасқа келген екен, көп əйелдерге құмартыпты, оның əйелдері көп
болған - тартымдысы бар, қылықтысы бар - көп қой құрғырлар, енді
бір шүйкебас қызды сағынып, жас гимназист құсап отырғаны мынау.
Иə, мына отырысына ақымақ гимназист дегеннен басқа лайық баға
жоқ: ол Кетені сүйеді.
Оскар ұйқыдан оянғандай дүр сілкінді, өзіне-өзі ренжиді. Бірақ
ізінше ренжу де, ұялу да ғайып болды. Қарама-қарсы құбылысқа
айналды. Демек, оған қайғыру да дарығаны ғой. Ол жанкешті махаббат
деген - бəтуəсіз сандырақ, махаббат деген жоқ, ол ақымақ ақындардың
ойлап тапқаны, шындығына келгенде, өзіңнен өзге ешкімді сүйе
алмайсың дегенді айтудай-ақ айтып келе жатқан жан. Ал қазір сол
қызды сағынғаннан ындыны құрып отыр. Оны санасынан сызып
тастай алмайды. Бүкіл өмірі - сол əйелге арналған алаң екен. Оны
сүйеді.
Ол оған қол жеткізеді. Бəрін жаулап алғандай, оны да жаулап алады.
Оның Лигницте кешігуі əлі ешнəрсені білдірмейді. Ол берілгісі
келмейді, бұған сенетінін мойындағысы келмейді. Оны ешқашан да
айтпақ емес, тілін тістеп алуға бар, бірақ айтпайды. Ол өте намысшыл
Нағыз неміс қызы. Бүл оны сондықтан да сүйеді.
Бөлмеге ұрлана кірген біреудің тықыры білінді. Бұған дейін
Петерман ешқашан себепсіз кірмейтін еді. Бұл қандай қылығы тағы да?
Бұл тіміскі мұнда қайдан жүр?
Оның өзі ала келген жаңалыққа еліріп алғаны сонша, тіпті баса
көктеп кіргеніне кешірім сұрар емес.
- Рейхстаг өртеніп жатыр.
Оскар басын жұлып алды. Көріпкелдігі аумай келді. Ол, Оскар
Лаутензак, тағдыр сағатының тілін жылжытты, Германияның
болашағын айқындады. Кеудесіндегі бақыт шарасынан асып, сыртқа
шығар жол іздейді. Ол екі езуі жаялықтай болып жымияды.
Петерманның иығынан қағып:
- Ал енді не айтасыз бұған, Петерман? - деп сұрайды. - Енді не
айтасыз? - Жəне де өз кеудесінде де бірдеңе өртеніп жатқандай:
"Уохохо! Иохохо!" - деп ұрандайды. Бұл Зигфридтің оттан өтердегі
ұраны. Оскар өзін-өзі билей алмай, аңырайып қалған Петерманның
алдында айқайлай күліп, санын шапалақтап, қарғып - қарғып алады.
Кете Лигницке жеткенше əкесі тəуір болып қалыпты, бірақ қатты
қартайып кетіпті. Бөлмелерді аралап, томсырайып жүріп алды.
Отставкаға ерте шыққанына налыды. Ол əлі əл - қуатты екенін сезеді
жəне жалғыз зейнетақымен күн көру де қиын - ау.
Процесс туралы хабар да жетті. Осы күндерде Оскарды көрмегені
жақсы болды, бірақ жалақор Пауль Крамердің жеңіліс табуына
байланысты əкесінің айтқан сөздері миын шұқып жеп қойды.
Кете өзінің туған қаласынан өзі ойлағандай тыныштық таба
алмады. Екіқабат екені енді анық байқалды жəне жағдай күннен-күнге
шатысып бара жатты. Ол жас кезіндегідей сенімнен айрылды жəне
өзінің дəрменсіздігін Берлиндегі кездесуден де жаман сезініп жүрді. Ол
таныс көшелермен жүріп көрді, бірақ ол мұның көңілін көтермеді,
қуанышқа бөлемеді. Əулие Иоанның шіркеуі, замок, көне ратуша, атты
əскер академиясы, иезуиттер тұрғызған ғимарат, өзі оқыған мектеп,
достары мен құрбыларының үйлері - бəрі де бұрынғы əдемілігінен
айрылған, бəрі де ұсқынсыз, алыстап кеткендей көрінеді.
Лигницте ол өзін мүлдем жалғыз қалғандай сезінді, бірақ қайтуды
кейінге қалдыра берді. Оған Оскардың ірі əрі жыртқыштық сықпытын
қайта көру қорқынышты тəрізденді. Оған деген ынтықтығы
бұрынғыдан да арта түсті, бірақ өзінен-өзі қорқатын болды.
Бірақ кенет өзінің қорқақтығынан ұялды. Жəне ашық сөйлесуге бел
байлады. Оған жеделхат жіберді. Берлинге бет алды.
Оның Кетеге деген барлық ашу-ызасы оның жеделхатын алғанда
тарады да кетті. Ол оны күтіп алуға вокзалға тартты. Кетені
тағатсыздана күтті: қазір қандай болды екен? Ол бұрынғыдан да
байсалды, аздап шаршаулы көрінді, бірақ бұрынғыдан да əдемі
көрінгені тағы бар. Үстіне кигені қарапайым қоңыр костюм,
қалпағының астынан қоңыр - сары, аздап ұйпалақталған, қалың шашы
қобырайды. Оскардың жүрегі нəзіктікке толы еді, ол Кетені сүйеді, ол
оның бойындағының бəрін ұнатады.
Кете оған қарап қалыпты: Міне, ол алдында тұр, зор денелі, бойы
тіп-тік, тентек жел мол пішілген пальтосының қаусырымын ала
қашады. Қыз оның жігерлі жүзінен шынайы қуаныш белгісін көріп тұр.
Ашылып кеткен еріндерін көрді, балаша күлген күлкісін естіді, өзін
кұшағына алған əлеуетті қолдарының қаруын сезді. Көңіліндегі
барлық күдігі сейілді де кетті. Ол оған бар ықыласымен ұмтылды.
Екеуі бір адамдай болды да қалды.
Оскар оның бірден үйіне кетуіне рұқсат етпеді. Оның бірден
Зофиенбургқа жүруін қалады. Көл жағасында бұларды яхта күтіп
тұрған-ды; олар жағамен жүзіп барды. Міне, шағын жарты арал Қалың
шалғын жапқан төбешік, төбенің үстінде келісті қылып салған,
қарапайым əрі əсем аппақ сарай. Бүл "Зофиенбург" замогы - деп
таныстырды Оскар оны Кетеге мақтанышпен. Екеуі де қуаныштан мəзмайрам күліп алды. Кетенің мұндай қуанбағанына көп болған. Жол
бойы басына не келіп, не кетпеді?
Олар жағаға шықты. Үйге аяқ басты.
Жəне бірден, көптен күтіп тұрғандай, бұрынғы күдік кайта оралды.
Осынау тағылық байлық, моланың үстіндегі зілмауыр тастай
қисынсыз жерде үстінен басты да қалды. Кете өзін осынша асыптасқан мол дүниенің арасында адасып кетердей сезінді. Мұнда неге
келді? Ол, Кете Зеверин, осындай ортада өмір сүре ала ма?
Ол өзін барынша достық райда сөйлетуге тырысты, таң қалғаны да,
мақтаныш тұтқаны да шынайы көрінуін қарастырды; бірақ Оскар оның
бүл жасанды қылығын, шынайы ойын байқатпауға тырысатындығын,
мақтау сөздерді амалсыздан, қиналғаннан айтып тұрғанын байқап
қалды. Ол қыз қуаныштан бал-бұл жанған көзін бұған шаттана қадап,
бірге қуанып, бірге күлетін шығар, сол кезде оған өмірдің қызығын
бірге көрейік деп ұсыныс айтатын шығармын деп үміттеніп еді. Енді,
міне, қасында вокзалда қарсы алған көңілді, шат-шадыман Кетенің
орнына, қайсар да тұйық, түсініспеген ең ауыр кездегіден де жат Кете
келе жатыр.
Онда бір жаңалық бар, сол бұларды бөліп тұр. Не болды екен? Өткен
процесс пе? Жоқ, басқа бірдеңе. Онда не? Жоқ осыны ол Кетеден
іркілместен сұрайды.
Өзінің екіқабат екенін оған тап қазір айтуы керек еді. Ол осы
жаңалықты хабарлауға тас түйін бекініп келді ғой. Бұдан артық сəт
болмайды. Оскар өзі сұрап тұр ғой, басына түскен қиындықты
жеңілдетудің бұдан артық қандай жолы бар?
Иə, қазір айтады. Бірақ, Кете:
- Алаңдайтын ештеңе жоқ, - деп жауап берді.
Осыны өзі айтып түр ма? Қандай жат, əдеттегіден де сараң дауыс
еді?
Оскар аң-таң, иығын көтереді. Зофиенбург мынау. Өзі сүйетін əйел
анау. Өзінің шешімге келгенін, Кетеге үйленгісі келетінін неге
айтпайды. Байғұс əйел соны ғана күтіп түр ғой.
Жоқ - а, ол мұның меселін қайтарды. Ол адамның қуанышын улауға
келгенде шебер - ақ. Жоқ, енді айтпайды. Енді айтқызып көрсін. Егер
осының бəрі ойынан шықпаса - əңгіме басқа. Ал себепсіз қырсығудың
қажеті қанша?
Олар əлі келіп-кетері жоқ, бірін-бірі алдарқататын сөз - тағы да
жарты сағатты өткізер. Сосын Кете үйіне кетеді, бүл оны ұстамас.
Кете өзінің Кейтштрасседегі пəтеріне жеткенде əбден шаршағанын
сезді. Алайда жатуға құлқы жоқ. Ол Оскар сыйлаған үлкен рояльдің
алдында отыр. Кете шынтақтарын күйсандықтың қақпағына тіреп,
иегін қолына сүйеп ұзақ отырды. Ойынан кетпей тұрғаны бір-ақ нəрсе.
Екіқабат екенін неге айтпады. Тастай бекініп келіп еді ғой. Кете
онымен бірге Зофиенбургты аралаған минуттарды қайта - қайта
қинала еске түсіре берді. Жүрегінің түкпірінен шығатын "жоқ, жоқ"
деген сөзге қайта-қайта тіреле берді. Ол анадай қорқынышты, жабайы,
елеске толы үйді ойлап тапқан адаммен бірге тұра алмайды. Ондай
адаммен Кетенің ортақ ешнəрсесі жоқ.
Түсіністікке сеніп жүргенімен, Оскардың да мұнымен ортақ
ешнəрсесі жоқ. Ойлайды -ойлайды да басы қатады, өзінің жүкті екенін
көріпкел де тап басып айта алмайды. Томардай аппақ, дөрекі қолына
шоқпардай жүзік салып алған сылқым қандай аянышты əрі күлкілі
көрінеді. Іші елес жайлаған замогы одан да күлкілі. Оңбаған інісі екеуі
ойлап тапқан сот процесі де күлкілі нəрсе. Күлкілі, ызалы жəне қауіпті
адам.
Осының бəрін Кете бұрын да білетін, алайда онымен сөйлесуге
бекінді ғой. Оның күлкілі əрі нашар адам екенін білгеннен не пайда?
Одан бəрібір айрыла алмайды. Оны вокзалда көргенде қуанғаннан
жүрегі жарылып кете жаздады. Ол қолын иығына салған кезде
безгектей қалтырап кетті.
Бірде дəлізден бірнеше еркектің ақ тер, қара терге түсіп, ауыр
демалып, таң қалғанда, өз пəтеріне абажадай үлкен рояльді əкеп
кіргізгені Кетенің еріксіз есіне түсті. Күйсандықты мұның
қарсылығына қарамай сыйлағаны бір жағынан жынына тисе, екінші
жағынан қуанышқа бөлеген - ді. Міне, содан бері бүл тамаша аспап
бүкіл бір бөлмені алып түр.
Ол жатын бөлмесіне беттеді. Жайлап шешіне бастады, бір кесе шəй
құйды, бірақ ішпеді, жалаң пижамасымен ешбір мақсатсыз мең-зең
болып отыр, ақыры, үйықтай алмайтынын білсе де, төсегіне жатты.
Баладан құтылғаны дұрыс болар ма еді? Бүл туралы Оскар мен сөйлесе
алмайды. Егер айтар болса, ол бұған маған тұрмысқа шық, бала тауып
бер деп басын айналдырады, содан соң амалсыз көнеді, жəне бəрі де
баяғы таз қалпына түседі, оның жəне оның сиқырлы сарайының өмір
бойы тұтқыны боласың.
Ең дұрысы - ертең дəрігерге бару. Сондай мекен-жайды біледі.
Ол дəрігерге бармайтынын жақсы біледі. Ақыл-ойдың адам
əрекетіне ықпалы аз болатындығын Пауль талай рет ұқтырмақ болған.
Адам əрекетінің бəріне дерлік əуестік себеп болады.
Бұдан да Паульға барса қайтеді? Бірақ ол Оскармен біржола
айырылысуға əкеп соғады. Былай барсаң - арба сынады, олай барсаң өгіз өледінің кері келеді.
Екі күннен кейін Оскар жаңа үйінде алғашқы қоныс тойын өткізді.
Зофиенбургтің ашылуына бүкіл Берлин жиналды - ертең газеттерге
осылай деп басылатын болады.
Салтанат пен өзінің атақ-даңқына мас болған, күш- қайраты
толысқан үй иесі қонақтарды аралап жүрді. Үйдің іші жап-жарық. Ақ
жағалы еркектер мен арты ашық көйлек киген əйелдер баспалдақпен
жоғары-төмен шұбырып жүр; рейхсвер мен нацистік партияның
мундирлері əр жерден қылаң береді; "Мəртебелі тақсыр",
"құзырыңызға құлдық" деген сөздер жиі естіледі. Ал қонақтардың
арасында көңілі көтеріңкі Оскардың қиялымен шақырылған, көзге
көрінбейтін елестер босып жүр: муниципалдық кеңестің хатшысы
Игнац Лаутензак, жылауық əже, профессор Ланцингер, пастор Рупперт,
Дегенбург қаласының құрметті азаматтары жəне басқа да толып
жатқан тірілер мен өлілер - бұған сенбегендердің, оны тілдегендердің,
кемсіткендердің бəрі бар.
Жаңа қонақтар келген үстіне келіп жатыр. Олар: Гансйорг,
Хильдегард фон Третнов, Кете, Алоиз, антрепренер Манц, Проэль,
Зандерс, Петерман жəне басқалар бөлмелерді асықпастан аралап жүр.
Мұнда, тəрізі, мыңға тарта адам болған шығар - ау.
Граф Цинздорф доктор Кадерайттың қасынан кетпейді. Алғашқысы
үстіне нацистік қоңыр форма, соңғысы - ордендер мен ерекше
белгілерсіз фрак киген. Оскарды процеске тап қылған Ильза аз уақыт
Цинздорфпен дос болып жүрді, содан бері Цинздорф доктор
Кадерайттың тұрақты қонағына айналды, тіпті Ильза əлемді шарлап
кеткен кезде де. Ол доктор Кадерайтқа жақын болашақта сізге пайдам
тиіп қалуы мүмкін дегенді қысыр сөз арасында емеурінмен білдірді.
Əңгіме ауыр өнеркəсіп алпауыттары мен нацистік партия арасындағы
қарым-қатынастың
шиеленісе
бастағандығында
болатын.
Зауыттықтар
баскесерлерді
жұмысшылар
мен
шаруаларды
ауыздықтау үшін жалдады. Өз ісін тындырған баскесерлер ақыларын
алған соң, өз жөндеріне кетті, бірақ əзірге кімнің кімді ығыстыратыны
белгісіз болатын. Рейхстагты өртеу тəрізді арсыздық қадам ешқашан
жақсылыққа апармайтыны белгілі еді. Ескі жəне жаңа күштердің əбден
ойластырылған тепе-теңдігіне қауіп төне бастаған. Бүкіл мемлекеттік
аппаратта, жоғарыдан төменге дейін, заңдылықты ашықтан-ашық
жүргізілген террор ығыстырып шығарды. Доктор Кадерайт пен сол
сияқтылардың өздерін тағылардың тегеурінінен қорғап қалуы қиынға
соғады, сол баскесерлердің нығайып алуына жағдай жасаған да өздері
еді. Сондықтан, олармен де, бұлармен де ұялмастан байланыс жасап
жүрген Цинздорф секілді адам шынынан да пайдалы болуы мүмкін.
Көппен бірге бөлмеден бөлмеге баяу жылжыған Кадерайт пен
Цинздорф əңгімелерін жалғастыра берді. Зофиенбург əдемі əрі тыныш
жер болатын, кезінде оны сатып алуды Кадерайт өзі де ойластырып
жүрген-ді. Зымиян көздерін сығырайтып, ол сол замокты аралап жүр.
Оскар оны сауық орнына айналдырыпты. Сəулетші Зандерс ығыса ығыса отырып, Кадерайт пен Цинздорфтың қасынан табылды.
Зауытшы қалжыңдаған болып, өзінің жіңішке даусымен:
- Сіз жаңа стильге жүгінген екенсіз, қымбатты Зандерс, бүл не,
дегенбургтік əлеміш пе? -дегенде, көңіліне алған жоқ.
Сəулетші өзінің тапсырыс берушісін табанда сыртынан сатып
жіберді де, селкілдеп күле тұра оккульттік паноптикум мен
мистикалық хайуанаттар жылыжай туралы уытты сөздердің тиегін
ағытты - ай келіп.
Гансйорг үйді аралап коре келе қарама-қайшы сезімге батты. Оскар
тым шектен шығып кеткен екен. Ағайынды Лаутензактардың бас
айналдыратын табыстары партия серкелерінің арасында көптеген жау
тауып алуына себеп болды, ал Оскардың өз байлығын жайып салған
жүгенсіздігі дұшпандарының санын көбейте түсті. Оскар - данышпан,
бірақ ақымақ. Оның айналасындағы тілектес еместер оның тек
сүрінгенін күтіп жүр. Егер Оскар сақтанбаса, олар оның ғайыптан хабар
беретін киелі "киіз кітапшасын" тартып алуы мүмкін.
Гансйоргтың өзі, Оскарға қарама-қарсы, ашық мақтаныштан аулақ
жүреді. Құдай сақтансаң сақтайды. Ол тіпті өзіне ұсынған министрлік
лауазымынан да бас тартты, бүкіл германдық баспасөз агенттігінің
бастығы дəрежесін місе тұтты. Оған қоса оның баронесса фон Третнов
сияқты ықпалды қамқоршысы бар. Ол қазір Хильденнің - өз адамы.
Баронесса онымен ақылдаспай қадам баспайды. Əрине, өзін - өзі
алдаудың қажеті не, ақсүйек əйел үшін ол тек Оскардың орнын
жоқтатпаушы ғана.
Бірақ ол да ақымақ емес, ол кейде екеуін салыстырып отырады жəне
бүл салыстырысы кейде Ганстың пайдасына шешіледі. Мəселен,
Хильдегард Оскардың жаңа үйіне қызығудан гөрі таңдана қарағанына
Гансйоргтың өзі куə болды. Зофиенбургтің қазіргі қожасына қарағанда,
Румфордштрассе де өмір сүрген Оскар оған көбірек ұнайтын.
Гансйорг пен оның ағасының арасындағы қарым-қатынас та
күрделене бастады. Ганс Оскардың тынысын ашқан сот процесінен əлі
айыға алмай жүр. Ағасы өзінің арбауымен басқаны айтпағанда
жымысқы арам Проэльдің өзін таң қалдырды. Алайда, содан кейін Ганс
оған қатты ренжіді. Проэльге жасаған консультациясы кезінде
айтқанының аумай келгені үшін Оскар өзін құдайдан кем санамайтын
астамшылыққа
ұрынды,
мансапқорлық
дертіне
шалдықты.
Гансйоргтың байқауынша, осы кездесуден кейін, Манфредтің Оскарға
деген ықыласы, жұмсартып айтқанда, суыңқырап қалды. Бүгін де штаб
бастығы бірнеше минут қана болды да, фюрердің келетіні
жарияланғандығына қарамастан, оның келуін күтпестен кетіп қалды.
Проэль келген кезде Оскар осы бір ыңғайлы сəтті пайдаланып қалудың
орнына əйтеуір бір қателікке жол берген - ау шамасы деген
қорытындыға келді Гансйорг.
Оскардың ойластыруы бойынша бірінен бірі əдемі жасалған
бөлмелерді көппен бірге көріп жүрген Гансйоргтың басына оралған
ойлар осылар. Ол ағасының байлығын, жолы болғыштығын қызғанды -
өйткені Оскар ешкімнен жасырып - жаппай, өзінің атаққұмарлығын
батыл көрсете білді. Бірақ осының арты не болар екен деген күдігі де
жоқ емес еді.
Оның ойын көз бояушы Калиостро бөліп жіберді. Ол қалың топтың
арасынан антрепренер Манц пен тігінші Альманың сүйемелдеуімен
асықпай жақындап келе жатқан.
- Тұра қал, достым, - деді ол Гансйоргқа бұрылып, - сағатыңыздың
шынжыры салбырап кеткен бе?
Гансйорг жилетінің қалтасын сипай беріп, қолын тартып алды:
қалтасынан кішкентай жылан салбырап тұр екен; мына сайқымазақ
террариден алған болды ғой, - ондайлар бұл жерде толып жатыр сосын дуалап жіберген де, жылан Гансйоргтың қалтасына жабыса
қалған. Антрепренер Манц қарқылдай күлді, ал жамандық ойламайтын
тігінші Альма саңқылдай күлді, көз бояушы Алоиз жымиып қойды.
Гансйорг ренжіп қалды. Ол бүл адамдарды жақтырмайтын еді:
Калиостроның Оскарға керек болатыны өкінішті-ақ, əйтпесе...
Алоиз бүл кешке дəн риза. Клингзор замогы оған өте ұнаған-ды. Ол:
"Па шіркін!", "Үй деп осыны айт!" - деген таңданыстан танбады. Ол
сəулетші Зандерске сұрақты қарша жаудырып, өзінің таңданысын да
жасырмады: "Иə, құдай беретін адамға береді", "Қолынан келген
қонышынан басады" деген осы екен той" - деді. Сырықтай ұзын,
сүйекті келген ол қазандық басында жүріп алды жəне бос жүрмеді,
өзінің алтын тістерімен дəмді тамақтарды опыра жеді. Ішімдіктен де
тартынбады. Бірақ кейінше, Альма екеуі бос үстелге жайғасқан кезде,
оның көтеріңкі көңіл-күйі кенет іріген сабындай бұзылды. Ежелден
бұғып жататын Оскарға деген өшпенділігі қайта оянды.
- Айта қойшы, көгершінім, - деді ол Альмаға, - дегенбургтік жаман
балаға қырық екі мың марка түратын мынадай жасанды аспан неге
керек болды екен?
Оскардың көптеген достары Зофиенбургке байланысты уытты
қалжыңдарын аямады. Дегенмен, ешқандай ғимаратқа ұқсамайтын
сиқырлы замок оларды таң қалдырмай қоймады.
"Керемет екен", "Ғажап екен" десті олар. Тас қамалда бейнеленген
Оскардың жетістігі рейхсканцлер тағына тағайындалған Гитлердің
жетістігінен кем болмады жəне əдетте осындай жетістіктен
туындайтын
сенімділікпен
олардың
бəрі
оккультизмді
жақтаушылардың қатарына қосылып жатты.
Бірақ граф Цинздорфқа мұның бəрі ұнаған жоқ. Лаутензак
пайғамбардың мақтаншақтығы оның қытығына тиді; ол Оскармен
біраз ойнап алғысы келді. Ол Оскарды қолтығынан алып, оңаша алып
шықты да, достық лебізбен құпия сөйлескен болып:
- Қымбаттым, осындағы алтын жəне басқа да байлықтардың бəрі
нағыз қымбат заттардан жасалған ба? - деп сұрады.
- Сізді түсінбедім, Ульрих, - Оскар оған таңдана қарады.
- Айталық, мына галстугыңыздағы інжудей қымбат тастан жасалған
ба дегенім ғой, -деді ол қулана жымиып.
- Менің галстугымдағы інжу сізге неге ұнамады? - деп сұрады Оскар.
- Жоқ - а, ұнауын ұнады, - деп түк білмегенсіп жауап берді Цинздорф.
Бірақ байлар тойда нағыз қымбат затты сирек тағады, ақылды
адамдар қымбат заттарын сейфте сақтайды.
- Сіз мені бүгін жасанды інжу тағып келді деп ойлап тұрсыз ба? - деп
сұрады Оскар.
Цинздорф жауап орнына зымиян күлкісін жалғастыра түсіп:
"Жасанды, жасанды" - деп əндетті. Тəрізі, қызып қалған - ау.
- Былай ғой, Оскар, - деді ол ақырында, - мен көріпкел емеспін, бірақ
шынашағым айтып тұр: мына інжу таза емес. Бүгін көңілді күн болды
ғой. Біз де көңілденейікші. Екеуміз бəстесейік. Сіз мұны таза інжу деп
есептейсіз, ал мен, өзімнің шынашағыма сене отырып, бүл інжу таза
емес деп мəлімдеймін.
- Шынымен солай ойлайсыз ба, Ульрих? - деп қатаңдау сұрақ қойды
Оскар. -Жасанды інжу деп ойлайсыз ба?
- Мен ештеңе ойламаймын, ештеңе білмеймін де, - деп жауап берді
Цинздорф, -бірақ дəл сіз сияқты, мен де ішкі инстингке сенемін. Жə,
қасарыспаңызшы, - деп қоймады ол
- Бəстесейік. Айталық, он мың маркаға. Егер інжу таза болса, мен
сізге он мыңға артық қарыз боламын. Ал егер, - ішкі түйсігім алдап
көрген жоқ, - жасанды болып шықса, сіз маған он мыңды санап беретін
боласыз. Келістік пе? - Ол Оскарға қолын созды.
- Бірақ ол менің тарапымнан жасалған тонау болады ғой,
- деп қарсыласты Оскар. - Мен оның таза інжу екеніне сенімдімін.
Оны маған кімнің сыйлағанын біле тұра, күдіктенуімнің өзі ұят.
- Байқаймын, түлкібұлаңға салып тұрсыз, - деп қоймады Цинздорф. Бүйтіп мың құбыла бермеңізші. Одан да "Иə" деңіз. - Ол созған қолын
түсірмеді.
Гансйоргтың сақтандырғаны Оскардың есіне түсті. Цинздорфтың
өзіне отыз екі мың марка қарыз екенін де ойлады, дəлірек айтқанда,
отыз екі мың екі жүз тоқсан жеті (онда ақшаға келгенде дегенбургтік
дəлдік бар). Егер ол қырық екі мыңға айналса, ішін тесіп бара ма?
Гансйорг дұрыс айтады: Оскар ол ақшаны ешқашан ала алмайды. Ал
Цинздорф мастығынан айыққан соң, бұған өкінетін болады əлі жəне
өкініші Оскарға тиеді. Екінші жағынан, оңбаған графты үйретіп алған
теріс болмас еді.
- Келістік, - деді ол
Цинздорфтың оны басынан аяғына дейін сүзіп шыққан арсыз
жымиысы Оскардың күдігін күшейтті. Кейде Ильза Кадерайттың
аузынан байқаусызда шығып кететін кекесін күлкі, өзінің қорланған
сəті есіне түсті.
Бірақ ойлануға уақыт жоқ. Фюрер келді. Мемлекеттік істерден
қаншалықты қолы босамаса да, Гитлер қалай болғанда да өзінің
көріпкелінің салтанатына қатысуға тырысыпты. Оскар Гитлерді
салтанатпен қарсы алу үшін сыртқа жүгірді. Замок иесінің еріп
жүруімен, қаз-қатар тізілген қошамет көрсетушілердің "Хайль!" деп
қарсы алуымен Гитлер кілем төселген жолмен алға жылжыды. Ол
Зофиенбург иелігін қайта салудағы Оскардың еңбегіне оң баға берді.
Өйткені оның өзі де бір кезде сəулет өнерімен айналысқан болатын.
Талай-талай тамаша үйлерді өзі де тұрғызған болар еді, бірақ өкінішке
орай, жаңа Германияны құру уақыт қалдырмайды.
- Иə, иə, - деді ол, - мына сіздің жаңа үйіңізден машиналардың
заманында да неміс рухындағы романтикалық өрнектерді салуға
болатындығын көріп тұрмын.
Сонан кейін ол Оскармен бірге көріпкелдің орындығы тұрған сəкіге
көтерілді. Мұнда олар, фюрер мен пайғамбар, жасанды жұлдызды
аспанның астында тұрды. Аяқтарының астында шіркеу, Валгалла жəне
зертхана арасындағы "жоғарылау залы" көсіліп жатты. Бұл залға
жиналған жандар оларға төменнен қарап тұрды.
- Енді, - деді фюрер, төменде тұрған адамдар ақын айтқан мынадай
сөздерге өздері-ақ куə болады:
Жыршы корольден темен емес. Екеуі де Адамзаттың биік сəкісінде
тұр, - деген екен ол
Кейінше, үйді аралауын аяқтап, Оскармен бірге сыртқа бет алған
фюрер:
- Нағыз нəсілдік сезімнің жұдырығы нақ осы үйдегідей тас
түйілгенін жаратамын, -деді.
Тиімді сəтті табанда пайдаланып қалуға тырысқан Оскар бұған:
- Менің қиялым сіздің көмегіңізбен ғана шындыққа айналмақ, менің
фюрерім, - деп жауап берді. - Жеке адамдар сіз салып жатқан мемлекет
ғимаратының қабырғасын ғылымның бар құпиясын меңгермей жатып
көтеруге қауқарсыз.
Фюрердің есіне енді түсті.
- Міне, міне, - деді ол, сіз оккульттік ғылым академиясын айтасыз
ғой? Мен оны құрамын. Онда тұрған ештеңе жоқ. Уəде - уəде.
Гитлер кеткен соң, қонақтардың көңілі қоңылтақсып қалды. Олар
Горхер мейрамханасы дəмді əзірлеген буфеттен тойғандарынша ішті,
жеді. Жыландар мен əр түрлі көрікті құстар қамалған торкөздерді
аралай жүріп, ойнады, күлді, жасанды аспанның астында биледі.
Əбден шаршаған əрі өлшеусіз бақытқа кенелген Оскар соңғы
қонақтарын шығарып салған кезде, көл бетінде таң атып келе жатыр
еді.
Берлинде Пауль Крамер өзін қауіпсіз сезінуден қалды.
Гитлер бұдан көптеген жылдар бұрын-ақ билік қолына тиісімен
"бастардың домалайтынына" уəде берген болатын. Енді, рейхстаг
өртенгеннен кейін, Проэльдің ландскнехтері, штурмовиктер сол уəдені
орындауға кірісті. Нацистік партияның талап етуімен оларға елдегі
полиция қызметі тапсырылды. Олар үйлерге басып кіріп, тінту
жүргізді, тонады, тұтқынға алды. Ұсталғандарды нацистердің
казармаларына алып барды. Олардың одан арғы тағдырлары туралы
жантүршігерлік сыбыстар тарап жатты, ұсталғандардың кейбіреулері
біржола жоғалып кетті. Тұтқындалғандар мен жоғалып кеткендердің
арасында Паульдің достары да бар болатын. Оның өзі де нацистердің
қаһарына ұшырады. Пəтерден жəне тіпті Германиядан да дереу кетіп
қалу керек болды.
Ол мұнда қалып, мемлекетті басып алған баскесерлерге қарсы оз
еркімен күресер еді, бірақ оның саяси жақтастары бүл ойын айтқан
кезде, мұның өзін күлкі қылды. Олар бұның оз саласында аз жұмыс
істемегенін, енді алдағы күресте тек қана қолбайлау болатынын
айтып, иландыруға тырысты. Олар: жүмысшылар, кəсіподақ
қайраткерлері, саяси басшылар бұған түсіністікпен қарады,
интеллигенцияға көрсететін сенімсіздіктерін көрсетпеді. Оған мұнда
бітірер шаруа қалмағанын өзі де түсінді. Мұнда ашықтан-ашық
зорлық-зомбылық белең алды, оған қарсы ерекше ептілікпен ғана
күресуге болатын еді, ал ондай ептілік мұның қолынан келмейді. Егер
əрекет ете алған күннің өзінде, тек шет елде жатып əрекет ете алады.
Достарының айтқандары дұрыс. Мұнда аяқ басқан сайын қауіп-қатерге
ұшырайды - жасырыну керек жəне тезірек жасырынбаса болмайды.
"Қош бол, тыныш мекенім" - деп əндетті ол ішінен, ең қажетті деген
заттарын сандығына тықпалап жүріп. Бүгін Гентинерштрасседегі
Вилли
дегеннің
үйіне
түнеп
шығады,
ертең
Гроссфранкфуртерштрасседегі Альберт дегеннің үйіне түнеп шықпақ.
Екеуін де сырттай ғана біледі, бірақ сенімді жолдастар екені анық. Ал
бүрсігүні, яғни үш күннен кейін, ол біржола жоғалады, аздап ақша
тауып алса болғаны - баспа мен газеттердің əлі де берешектері бар
болатын. Тастап шықпақ болып отырған жерлері сонша қимайтындай
жерлер емес. Берлиннен де əдемі жерлер бар, ал Бранденбург алаңына
келетін болсақ, ол əлде біреу тауып айтқандай, "зорлықшыға
таптырмайтын жер". Бірақ бұл елді жақсы көреді, ұсқынсыз Берлинді
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 16
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.