Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 06

Total number of words is 4355
Total number of unique words is 2188
35.6 of words are in the 2000 most common words
50.1 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сеніңкіремей,
бірақ
- Мүмкін, Штокманды айтып отырған шығар? - деді бəсеңдеу үнмен.
- Осыдан екі-үш апта бұрын Штокманмен партия туралы сөйлестім
демеп пе едің?
- Шашын жара тараған мырза, - деп сөзін жалғастырды Оскар. Партия туралы тұрлаулы ештеңе айтпады. Рас қой? - Жəне жауап
күтпестен сөзін жалғастырып əкетті: -Сіз, бəлкім, партияны қарамақайшылық рухымен ғана жақтайтын шығарсыз. Жəне сөзден гөрі ойша
көбірек жақтайсыз. "Шынтуайтына келгенде, деп ойлайсыз сіз, пиғылы теріс сол жігіттер бəріңнен де артық" .
Доктор Кадерайт қарқылдай күлді.
- Осың рас па? - деп сұрады ол жіңішке дауыспен жəне оз сұрағына
өзі жауап бергендей: - Бəлкім, рас та шығар, сен Штокман туралы
ондай ойға баруың əбден мүмкін, - деді.
Оскар шабуылды үдете түсті.
- Фрицтің олармен емес, бұлармен қызметте болуын сіз алғаш рет
сол кезден бастап қаладыңыз. - Ол көзін мүлдем ашып алды жəне
ұйқылы-ояу дауыспен емес, кəдімгі сергек дауыспен, сенімді түрде: Мен сізден солай ма? - деп сұрап тұрған жоқпын. Тап солай екенін өзім
де білемін, - деп мəлімдеді.
Алоиздың жүрегі əріптесі үшін кəсіптік мақтанышқа толы еді.
Доктор Кадерайт қол шапалақтаған болды.
- Жаман емес, - деді ол, - тіпті де жаман емес, - соны айтып, ол
қасында қам көңіл түрмен, қайта-қайта ернін жалап қойып отырған
зайыбына жымия қарады. Оскар маңдайын сипады.
- Мен бүгін осымен тамамдасам деп тұрмын, - деді ол жұмсақ үнмен,
бейнебір айыпты адамдай: бар назарыңды бір жерге шоғырландыру
адамды шаршатып тастайды деп түсіндірді ол Жəне эстрададан түсті.
Ильза Кадерайт анау-мынауға "сене қоятын əйел емес еді жəне оның
таным - түйсігіне эсер ете қою да оңай болмайтын. Ал енді, Оскардың
ықпалынан шығып алған соң, оның қорғанысқа көшуі əбден мүмкін еді.
Кесек жүзді мына батыл адамның жеке штрихтардан тұтас көріністі
құрастырып шығаруы əбден мүмкін, Тегін адам емес екені ешқандай
дау туғызбайды, ханым қазірге дейін өзіне-өзі келе алмай түр; сол
жолы Альберт Штокманмен не туралы əңгімелескені қанша
тырысқанмен есіне түспеді. Əрине, əлдекім ойыңдағыны оқып қояды,
былайша айтқанда, ішіңдегіңнің бəрін біліп, басыңнан аяғыңа дейін
шешіндіріп тастайды дегенді мойындаудың өзі онша жақсылық емес;
мұндай ойдың өзінен денең мүздап сала береді. Бірақ, сонысымен де
толғандырады ғой, жоқ, ол мұнда келгеніне өкінбейді.
Оскар басқа адамдарға да ықпал ете білді жəне олар да мұны
сырттан торып, қорқақтай жүретін болды.
- Мен сіздерге берген уəдемді орындамадым ба? - деп сұрады фон
Третнов ханым, мақтанышын жасыра алмай.
Оскар Лаутензак мырзаның ұстаз əрі пайғамбар екені өтірік пе?
- Таңқаларлық жайт, - деп қостаған дауыстар естіліп жатты қонақтар
жағынан. -Қайталанбас құбылыс! Сіз Штокманды солай атайтыныңыз
рас па еді, қымбаттым? -десіп, Ильза Кадерайттың есін шығарды.
Алайда Ильза жалтара жауап берді.
- Мүмкін, - дейді ол, сосын аяқ астынан өзгере қалып; - ал, шынымды
айтсам, өзім де білмеймін, - деп қылымсиды.
Арықша келген Тишлер мырза бір топ қонақтардың арасынан
сытылып шығып, Оскарға жақындаған. Ол оның бүйірінен ақырын
түртіп қалып, күлкісін тия алмаған күйі:
- Қылжақбас екенсіз, маэстро! Taп енді маған істегеніңіз бар ма,
əрине, күлкі үшін, рас па?
Оскар иығын көтерді.
- Бірақ мұның бəрі шындығында да қызық! Өйткені көпшілігін
дұрыс айттыңыз ғой. Ал кішкентай Кадерайттың ойын дəл
тапқаныңыз – тамаша - ақ болды. Бəрі рас екені жүзінен - ақ көрініп
тұр. Мен сізбен ұзағырақ сөйлесем бе деп едім, Лаутензак мырза, -деп
сенім білдіре сөйледі ол, - кейбір мəселелер жөнінде ақылдассам ба
деймін.
- Менің хатшыммен сөйлесіңіз, - деп жауап берді Оскар салқын ғана.
Тишлер мырза өз ұсынысын Алоизға айтқан кезде, анау оған:
- Сізге, мырзам, алдымен "Герман көзқарасы" бюросымен келісіп
алуға тура келеді, -деп жауап берді.
Бүл кезде Ильза Кадерайт Оскармен сөйлесіп тұрған-ды. Ол өзінің
қорбаңдаған күйеуінің қасында ешкінің асығындай көрінеді.
- Бəрін де қисынды жасадыңыз, маэстро, - деп мəлімдеді ол, - əсерлі ақ. Құпия түрде айтайын өзіңізге, мен сіздің ойымды тапқан таппағаныңызға сенімді емеспін. Біздің үйге қонақ көп келеді, əрине,
олардың ішінде шашын қақ жара қайырған қараторының да болуы
мүмкін, ал, əңгіме сіздер, нацистер туралы болса, ол да шындыққа
жуықтайды, бұған өзіңіз шақырып тұрсыз ғой; ал қысқы баққа келетін
болсақ, тəрізі, ол жақында "Иллюстрирте" журналында басылған əдемі
суретке ұқсайды. Дегенмен сіздің асқан аңғарымпаздығыңызға
қуанбасқа болмайды, барлық деректі тез таба қоясыз.
Əйелдің даусы бүл жолы күлкі аралас естілген жоқ, ол құстардың
шықылықтағанын еске салғандай еді, ал ап-ашық, тап-таза көздерінен
ақылдылықтың нұры шұғыла шашып тұрғандай, сүйкімді - ақ əйел
Бұның айтқан сөздерінің бəріне күмəндана қарауы Оскардың ашуына
тиді, бірақ дегенмен де, ол өзіне ұнап қалды. Өн бойының бəрі:
абажадай күйеуінің қасында қуыршақтай көрінетін əдемі келген дене
бітімі де, баланың албырт жүзіндей қараторы əлпеті де, қысқа қиылған
қара шашы да, ителгінің тамағындай жұмсақ иегі де, түзу біткен
жарасымды мұрны да өзіне құйып қойғандай келісіп тұр. Бұған күлсе, -
күле берсін. Ақыры, бəрі бір үстем болып шығатындығына сенімді, ол
қазірдің өзінде-ақ басымдығын сезеді.
- Қалай болғанда да, - деді ол, ешқандай өкпе-назсыз сыпайы үнмен,
- сіздің қараторы жігітпен əңгіме кезіндегі ойыңызды "
Иллюстриртеден" біліп алмағандығымды мойындайтын шығарсыз,
ханым.
Доктор Кадерайт достық раймен қарқылдай күлді.
- Сен тым қаталсың, қымбаттым, - деді ол Ильзаға қаратып, - əрі
əділетсізсің. Лаутензак мырзаның сенің ойыңды оқи алатыны сияқты,
өзіммен істес адамдардың ойын біліп отыратын əйтеуір бір мекеме
менде де болғанын өзім де қалаған болар едім. A La bonne heure ,
қымбатты Лаутензак мырза!
Алайда Ильза берілгісі келмеді.
- Қалай болғанда да, - деді ол, өзін ұстамды көрсетуге тырысып, фон Третнов ханымның қолдайтын танысы тегін адам болмады жəне
онымен жиірек кездесіп тұрған жөн шығар.
Сосын ол Оскардың көзіне тура қарап тұрып, жарастықпен жымия
күлді де басын изеп, қонақтардың басқа тобына барып қосылды. Бүл
көріпкелдің ызасын келтірді. Тұра тұр, бəлем, фон Третнов ханымның
қолдайтын адамы қандай болатынын бұл əлі көрсетер ақсүйек
ханымға.
Алайда оның ашуы көп ұзамай тарап кетті де, Алоиз екеуі үйге
көңілді қайтып келе жатты. Ол əйел қанша қарсыласқан сайын, жеңіске
деген дəме соғұрлым дəмдірек бола түсті. Доктор Кадерайттың бұған
деген ілтипаты да реніштен гөрі қуаныш ұялататындай ықыласты
болған еді. Сондықтан болар, ол өзі алдарында өнер көрсеткен
адамдарды Алоиздың көзінше іліп-шалумен болды.
- Бұларға сонда не керек екен? Сенерін де, сенбесін де білмейді!
Эксперимент сəтті шықты не, құлап тынды не - оларға бəрібір.
Олардың ақымақтықтары бəрінен де асып түседі. Олар көріпкелді
күлкіге айналдыруға бар, бірақ оның өз эксперименті неге сүйеніп
құратындығын, оның тетігі қандай екендігін тексеріп жатқылары
келмейді. Сəл қысым көрсетсең болғаны, қарсыласудың орнына жақтап
шыға келеді, өз еріктерінен тыс. Ең бастысы - қоятын сұрақтарыңды
ептілікпен құра білу, сонымен естерін тандыру. Былай істедіңіз,
былайша ойладыңыз деп сенімділікпен мəлімдей бастасаңыз болғаны олар өздерінен - өздері сене бастайды.
Алоиз машинаның артқы бұрышында бүрісіп отырған.
- Кімге айтып отырсың мұны? - деп бұрқылдады ол. - Маған ба?
Сенің данышпандығыңның бəрі менен тарайды емес пе. - Ол есінеп
алды. - Мына Берлиндегі өмірің - жын соққанның өмірі. Дүйсенбіде
Мюнхенге кетемін.
Кете Зеверин "Рихард Вагнер үлгі тұтады жəне ескертеді" деген
қолжазбаны машинкамен көшіріп басып отыр. Қыздың салалы
саусақтары қаріп түймелерін автоматты түрде басқанмен, ойы басқа
жақта еді. Тəрізі, аса жағымды ойға берілмесе керек, сопақша келген
ашаң жүзінде реніштің көлеңкесі бар: екі қастың ортасынан түскен үш
əжім маңдайға жеткенде айқыш-ұйқыш таралып кетіпті.
"Кете Зеверин, стенография жəне машинкамен көшіріп басу" .
Төмендегі кіреберісте ілулі тұрған маңдайшада осылай деп жазылған.
Осы жарнама бойынша бір адамның келмегеніне міне, бір айдан асты.
Егер осылай жалғаса беретін болса, бүл ермекті доғару керек шығар.
Сұңғақ бойлы, ақсары шашты Кете машинкасының алдында отыр.
Оның арықша келген салалы саусақтары қаз қатар тізілген түймелерді
жағалай жортады. Кете жұмыссыз отырып қалмасын деп, алыстан
қосылатын бауыры Пауль өзінің "Рихард Вагнер" деп аталатын үлкен
қолжазбасын көшіріп басуға берген болатын, əйтпесе қолжазбаның
көшірмесі оған керек те емес. Бүл кітап - Рихард Вагнер туралы бірденбір сыни еңбек; бірақ мұндай зерттеуді басып шығаратын осы кезде
баспагер таба алмайсың.
Оның ішінде мұны ашуландыратын жерлер де бар. Кетенің туысы,
Пауль Крамер, өте ақылды адам, қыз оны жақсы көреді, ол Кетенің арқа
сүйер жалғыз адамы. Бірақ нацистердің ондай адамды неліктен
жақтырмайтынын қыз жүрегі сезеді. Коп жағдайда Паульдің көзқарасы
дұрыс та шығар - Кетенің музыкадан хабары бар - сондықтан оның
көзқарасын жақсы түсінеді. Бірақ ол өзінің тезистерін маманның
көпшіліктің қытығына тиетін өзім білерлігімен жеткізеді, басқа да
көзқарастардың болуы мүмкін-ау деген ойға жоламайды.
Қыздың онымен келісе қоюы қиындап барады. Ең бастысы,
нацистер туралы мəселе. Əрине, нацистік принциптердің ішінде
ақылға сыймайтын, мүлдем оғаш пікірлер де бар. Нацистермен
сөйлескен кезде, Кетенің де дауласа кететін тұстары жетерлік. Бірақ
Паульмен сөйлескен кезде ол нацистердің қозғалысын, олардың
фанатизмінің шыншылдығын, жан пида ұмтылысын жақтайды.
Паульдің осы қозғалысты теріске шығармақ болган менмендігі
онымен дауласуға мəжбүр етеді.
Кете ағасын жақсы көреді. Ол салмақты, аса ақылды жігіт, күлдіріп
отыратын қасиеті де бар, ал өз ойын дəлелдеуге келгенде, оған қарсы
тұра алмайсың, өзіңді де еліктіріп əкетеді. Дегенмен, бауырының
қаражатымен күн көру қыз үшін ауыр-ақ, ал бүл тəуелділіктің қашан
аяқталары əлі белгісіз.
Кете өзінің əдемі еріндерін өкінішпен тістелейді. Мұның жалғасып
келе жатқанына көп айлар болды ғой. Осы ұзақ уақыттың ішінде
қыздың жолы болмай-ақ қойды. Ал бəрі де жақсы-ақ басталып еді-ау!
Ол бұдан былай əкесімен бірге тұра алмайтынын біліп, Лигництен
Берлинге, Паульдің қолына көшіп келгенде, Кете үшін жаңа, нағыз өмір
басталғандай болып еді. Алғашқы кезде тіпті, табыс дейтіндей табыс
та тапқан жоқ. Сосын біржолата көз тиді білем.
Кете жиырма төрт жаста, сырт пішімі де ешкімнен кем емес. Пауль
оны ақылды қыз деп санайды. Ендеше, осындай адамға 1932 жылғы
Германияда өмір сүру неліктен осынша қиын болып кетті? Ол жұмыс
іздеп ертеден кешке дейін қала кезді. Бірақ бүл да, бұл секілді
миллиондаған басқалар да неліктен жұмыс таба алмайды?
Паульдің еркіне салса, осы бір машинкамен материал басу секілді
ақымақтық жұмысты тастап, өзі сүйетін өнерді қуғаны - музыка
зерттегені, қолайлы уақыт келіп жеткенше мұның əдебиеттен табатын
азғантай айлығымен күн коре тұрғаны, қандай да бір музыкалық
баспадан орын тауып алғанша барға қанағат еткені дұрыс болар еді.
Бірақ ол бауырының мойнына масыл болғысы келмейді, аз да болса
өзінше бірдеңе тапқысы келеді. Ол Пауль екеуі екі басқа адамдар, бірақ
екеуінде де шешесінің қайсарлығы бар, шотмаңдайлығы да айнымай
тартқан.
Енді міне, өзіне де, Паульге де, дүниедегінің бəріне де лағнет
айтқандай
болып
машинка
басып
отыр.
Соншалықты
зарықтыратындай бүл құдайдың жоғын сұрап отыр ма? Ақылға
қонымды бір жұмыс табылмағаны ма? Ал егер ол да болмаса, өзі
ұнатқан бір жігіт бұйырмағаны ма? Қыздың бірнеше жігіттері болған,
бірақ олар да көпке ұзамай, жұлдыздай ағып өте шықты. Бір рет
тұрмыс құрудың орайы келіп-ақ еді, бірақ ол арманы да орындалмады
- жігіт күмəнді саяси тапсырмамен мұхит асып кете барды. Бұған жігіті
де, оның қызметі де қауіпті əрі дүмбілездеу көрінді; сондықтан бірге
аттанудан бас тартты.
Ең болмаса бір оқиға болса екен-ау! Əйтеуір қазіргіден жаман
болмас. Нацистердің бағдарламасында ақымақтық, бос айғай,
варварлық басым. Бірақ ешқандай да утопиялық жоқ, бүл болашаққа,
ертеңгі күнге құрылған бағдарлама. Ол өмірді алға итермелейді жəне
əйтеуір бір өзгеріс болуға тиіс. Ал олар билік басына келген кезде,
айғай-шу да, варварлық та өзінен өзі басылатын болады.
Кете машинкасына жаңа бетті - үш жүз он тоғызыншы бетті
қыстырды. Қолжазба жеті жүз елу алты беттен тұрады. Осы жеті жүз
елу алты бетте ағасының бар бітіргені - ұлы адамның осал жақтарын
сынау болыпты. Вагнер музыкасында у татыған тəтті сəттің көп болуы,
дейді ағасы, қоғам үшін қауіпті, медальдің екінші бетін көретін уақыт
тууға тиіс қой. Кете осы ұлы адамның ұлылығын жоққа шығару үшін
Паульдің неге осыншама арамтер болатындығына ашуланады.
Дегенмен, Паульдің еңбегін көшіріп басып отырған кезде, оның кейбір
тапқырлығы мен ойының əсерлілігіне езу тартпай қала алмады. Иə,
оның пиғылында болмаса, жазуында кемшілік жоқ.
Қоңырау. Кете асықпастан есік ашады. Ол клиенттерден үмітін
үзген. Бүл кім болды екен? Сырттан келген біреу ме? Жоқ, клиент үстіне кең пішілген қымбат пальто киген келбетті кісі. Ол босағадан
аттасымен-ақ кішкене бөлме одан бетер тарылып кеткендей болды.
Ол материалды ауызша айтып отырып бастыруға болар ма екен
дегенді білгісі келеді.
- Бүл əзірге бастамасы ғана, - дейді ол - Егер келісетін болсаңыз,
қазір-ақ бастаймыз.
Осының бəрін үстемдікпен əрі сендіре айтады.
- Жарайды, мырза, - деп Кете сəл ғана кекесінді үнмен жауап береді.
- Егер тез бастыру аса қажет болса, қазір-ақ бастауға болады.
Бейтаныс қыздың жүзіне барлай қарайды.
- Иə, - деді ол, - алдымен бастырып көрейік. Менің материалым үшін
басатын адам мен айтып отыратын адамның арасында түсіністік
болуы шарт, ол өте маңызды нəрсе.
Енді міне, жаңа клиент жұмысқа кірісті, ал Кете стенографиялап
отыр. Ол Кетенің бірде алдына, бірде артына шығып, бөлменің ішін
кезіп жүр. Айтқандарын аузынан қағып алып отыру онша оңай жұмыс
емес екен. Ол кейде араға тыныс сала отырып, əр сөзін байыппен
сөйлесе, кейде қуа жөнеледі. Сөздерінің мағынасы Кете үшін əрі
түсініксіз, əрі жұмбақ сияқты көрінеді; оның есесіне музыкадай
жағымды естіледі жəне Кете оны рахаттана тыңдайды.
Бейтаныс адам бұрын қызға кездесе қоймаған қайдағы бір құбылыс
туралы сөйлеп жүр жəне онысын бірде телепатия десе, бірде ойыңды
оқу немесе метафизика деп атайды. Тəрізі, бүл ұғымның айқын
шекарасы болмаса керек; бейтаныс адамның сөйлей бастағанына көп
болды, ал Кете əлі ештеңені түсіне алар емес. Бірақ ол бейтаныс кісінің
бұлыңғыр сөздерінің астарынан ешқандай жадағай сынға жол
бермейтін қаталдықты байқады.
- Біздер, қазіргі адамдар, - дейді бейтаныс адам, - жанымыздың ең
бір асыл қасиетін -рухты қабылдай білу жəне оны жұтаң жазба жəне
ауызша тілдің көмегінсіз басқаларға дарыта білу қасиетін жоғалтып
алдық.
Ондай қасиеттер біздің ата-бабаларымызда болған, олар адамның
бар болмысын - оның ойын, сезімін, жігер-күшін біртүтас құбылыстай жердің жаңбырды өзіне сіңіріп алатындай, тікелей қабылдай алатын
еді. Біздер, қазіргі адамдар, бəрінен де жұрдаймыз, нағыз
қайыршымыз, өйткені сондай асыл қасиеттен айырылып қалдық.
Қазір ондай қасиеті бар адамдар некен-саяқ. Оның есесіне сол бір
некен - саяқ адамдарға басқаға бұйыра бермейтін жақсылықты сезіну
лəззаты дарыған, сол өнерді танып, "көре" отырып, жерге қайта түсіру
қасиеті бұйырған.
Бюроның иесі Кете Зеверинге бейтаныс адамның айтып берген
əңгімесінің мазмұны осындай. Ол өзінің жұмсақ даусымен сөйлеп жүр
жəне əр сөзі жанға жағымды естіледі. Оқта-текте кідіріңкіреп:
- Үлгеріп отырсыз ба? Мүмкін мен өте тез сөйлеп кеткен шығармын,
мүмкін анық естілмейтін шығар? - деп сұрап қояды. - Со л кезде оның
үнінен үкімді қамқорлық нышаны сезіледі. Кей кезде ол шынында да
тез сөйлеп кетеді. Бірақ Кете - тəжірибелі стенографист, ол өзін қолға
ала біледі, айтушының сөздерін бөлмеуге тырысады.
Бейтаныс кісі ұзақ уақыт сөйледі. Кете оның жүзіне көз тастау үшін,
əрбір үзілісті қалт жібермейді - жүзінен ой тұңғиығына шомған
адамның бейнесі көрінеді. Əлгі адам сөйлей бастаған кезде, оның
толқып тұрғаны бұған да беріледі, Кете дайын отырады, еңбектің
осынша жауапкершілікті болған кезін ол əлі көрген емес. Ол сөйлеген
кезде, бейнебір фюрер сөйлеп тұрғандай, əрі күшті, əрі жайлы жан
тебіренісін сезесің. Теңізде жүзіп жүріп, толқында тербелгендей
боласың. Айналаңда болып жатқан үмітсіз шым -шытырықтың бəрін
ұмытасың; өзіңді бір жұмбақ күш, бірақ залалсыз күш жетелеп келе
жатқандай көрінеді.
Бейтаныс адам үзіліс жасауын жиілетті. Міне, енді аяқтаған секілді.
- Бүгінге жетер, - деді ол, сосын сөзін жалғастырып: - Жүзіңізден
реніш біліне ме, қалай? Мұндай жұмысты бірнеше сағат қатарынан
көшіріп шығу оңай емес. Сіз осыны білуге тиіссіз.
Ол ешнəрседен қысылмастан қыздың сопақтау əдемі жүзіне, қыпқызыл еріндеріне, ашық сұрғылт көздеріне, қалың қасы мен торсиған
маңдайына, модаға қарамай, желкесіне түйе салған, жапсыра тараған
қоңырқай шашына ұзақ қарады. Иə, тіміскі Петерманға қарағанда
мынадай қызбен бірге жұмыс істеу шынында да рахат екен.
- Сізбен жұмыс істеу жақсы екен, - деді ол - Сіз адамның көңіл-күйін
бөлмейсіз.
Бейтаныс кісі жымиып күлді; бір қарағанда қабағы салыңқы, бірақ
жымиған кезде Кете жадырап сала береді.
- Рахмет, - дейді қыз, бақыттан өртене жаздап.
- Сіз менің ойымды ұстап қалуға тырысасыз ба, əлде назарыңызды
техникалық жағына көбірек аударасыз ба? - деп сұрады ол.
- Мен əрең ілесіп отырдым, - деп мойындады Кете. - Бірақ
көмейіңізден шыққан сөздер адамды қызықтыратыны сонша, оған
құлақ түрмеу мүмкін емес.
- Сіз "көмейден шыққан сөздер" деп, менің қызметімді əділ
бағаладыңыз, - деп мақтай түсті ол Кетені. - Бірақ қайта оқып көріңізші,
"көмейімнен не шыққанын" тыңдап көрейін.
Қыз өзінің сыңғырлаған даусымен оқи бастады. Стенограмманы
сыдырта оқып шығу тəжірибелі адамға да оңай емес. Бірақ қыз
барынша тырысып, оның айтқандарын айна қатесіз, тыныс белгілерін
сақтай отырып қайталап шықты; сүрінетін кездері сирек, түзетулері де
аз.
- Сезімталдықпен оқиды екенсіз, - деп мақтады ол "Сезімталдықпен"
деген сөзді Пауль арзан мақтау деп
бағалаған болар еді, Кетеге мұндай мақтау ұнап қалды, тіпті
қысылғанынан қызарыңқырап кетті. Ал, бейтаныс адам бұған тағы да
елжірей қарайды.
- Біздің жұмысымыз жиілейтін шығар, - дейді ол Өзінің етек-жеңі
мол қымбат пальтосын киіп жатқанда
бейтаныс кісі:
- Ал сіз менің кім екенімді білесіз бе? - деп сұрады. Бүл оны білуге
міндетті секілді сұрақ қояды; иə, Кете бұл кісіні бір жерден көрген
сияқты, бəлкім, газет беттерінен көрген болар, бірақ фамилиясын есіне
түсіре алмады. Қыз қызарыңқыраған күйі басын шайқады.
- Білмегеніңіз жақсы, білмегеніңіз жақсы, - дей берді ол өзінен-өзі.
Сол
күннің
кешінде
доктор
Пауль
Крамер
өзінің
Нюрнбергерштрасседегі Кетемен бірге тұратын кішкене пəтерінің
асханасында калиянын тартып, кешкі асын күтіп отырды. Ол ұзын
бойлы, арықша келген адам; дөңес мұрынды, ат жақты, бүйрек бетті,
ашық сұрғылт көзді, торсық шекелі жігіт ағасы. Ескі кең креслоға
жайғасып алған. Оның зымыраған жүйрік ойы жазып отырған
мақаласынан ас үйде тамақ пісіріп жүрген Кетеге ауысты.
Қыз бүгін ұзақтау кідіріп қалды, бірақ бір дəмді тағам əзірлеп
жатқаны анық. Ac үйден дəмді тамақтың иісі шығады. Өткен апта бойы
кешкісін үйде болған жоқ - бірде театрда, бірде лекцияда, екі кеш, жоқ,
үш кеш бойы өзінің Марианнасымен бірге дегендей босамай-ақ қойды.
Сондықтан осылай емін-еркін, шапанын желбегей жамылып, үйде
отырғанды теріс көрмейді.
Өзі жазып жатқан мақала өте қиын жұмыс. Ол бұл мақаласында
немістер нацизмге неге үйірсек: сыртқы жағдайларға байланысты ма,
жоқ əлде ұлттық ерекшелігіне байланысты ма деген сұрақ қояды.
Мұндай бір мақала да жақсы мен жаманның ара жігін ашып беру -оңай
жұмыс емес. "Немістерге тəн қателік - аяғының астындағыны аспаннан
іздеу" деген екен Шопенгауэр. Пікірлес адамның сөздерін өз пайдаң
үшін куəге тарту дұрыс болмас еді; бүл мақалада мұндай "ressentiment"
адамға сілтеме жасауға болмайды.
Пауль ас үй жақтан келген иісті рахаттана жұтып отыр. Кетемен
бірге тұрғаннан бері өзін тəуір сезінеді. Осылай бірлесе өмір сүруге қол
жеткізу оңай болған жоқ. Кетенің əкесі, округтік соттың кеңесшісі
Зеверин өзінің жартылай еврей, өгей ұлы Паульді өлердей жек көретін.
Əкесі қызымен бірге Лигницке қайта оралып, сол арқылы Паульді
өзінен аулақтату үшін ғана отставкаға мерзімінен бұрын шыққан - ды.
Бақыттарына қарай, ол мырзаның құрған жоспары іске аспады, Кетені
зорлықпен алып қала алмады. Енді өзі армандаған Лигницінде
еврейлерді жеті атадан бері жіберіп жалғыз отыр. Ал Кете қазір ас үйде
сол зымиян кəрі қақпас үшін емес, Пауль үшін ас пісіріп жүр.
Пауль калиянының күлін қақты. Оның Кетемен байланысуға құлқы
жоқ. Əңгіме қауіпті тақырыпқа қарай ауа бастаса болғаны, ол өзін-өзі
тежеп, тілін тістей қояды. Олар осы нацистік теориялар үшін талай рет
керісіп алды. Кетенің көзқарасына, сөз жоқ, өз өмірінің сəтсіз сəттері
теріс ықпал етпей қалмады. Ақыл-ойды сезімге қарсы қоюдан шығар
пайда жоқ. Бəрі оз орнына келгенше күте тұрудан басқа амал жоқ.
Көптен күткен суп та келді. Пауль оны сүйсіне отырып ішті. Пісірген
балықпен сары май қосқан картопқа да тəбетпен кірісті. Тамақ ішуі аса
мақтарлықтай емес, асып - сасып, төгіп-шашып, қомағайлана асап,
көңілдене сөйлеп отырып ішіп-жейді.
Жаңа клиенттің келу қуанышына Кете ағасының сүйікті тамағын
əзірлеген екен. Ол беймəлім адам туралы айтатын сəтті күтіп отыр.
Ақыры ондай сəттің реті келе қалды. Пауль оны суреттеп шыққан
сəтте-ақ тани кетті - ол атақты Оскар Лаутензак қой, басқа кім болсын!
- Нацистер кейпінің коллекциясына тағы да бір сұмырайды қосқан
екенсің, - деді ол, лекілдей күліп. - Сенің мың жылдық тарихы бар
рейсіңнің бір артықшылығы бар. Əлгіндей оңбағандар бостандықта
жер басып жүр жəне ол аз болса, сенің сегіз марка табыс табуыңа
мүмкіндік береді. Осыдан бес жыл бұрын болса, бүл Оскар
Лаутензакты алаяқтығы үшін түрмеге жауып тастар еді. Қазір оған
тиісуге болмайды жəне ойына келгенін істеп жүре береді.
Кете ағасына бейтаныс адам туралы айтуға асыққан. Ол барлық істі
Паульмен ақылдасып істейтін. Олар жастайынан бірге өсті жəне
қуанышты да, қайғыны да, барды да, жоқты да бірге бөлісуге үйренген.
Аналары екінші рет тұрмысқа шығып, күйеуіне қарсы сөйлей
алмайтын жағдайға көшкен кезде, біріне бірі сүйеу болды. Шешелері
қайтыс болып, кəрі Зеверинмен қатынас біржолата үзілген кезде,
Пауль кішкентай Кетені өгейсітпеудің барлық амалын жасады. Мұның
сəтті қадамдарына бірге қуанып, сəтсіздіктеріне бірге қайғыратын
қарындасы да сол адалдығынан айнымады. Паульдің өгей əкемен
арасы жараспады. Өгей ұлды Берлиннен аулақтату үшін, əкесі оны
Паульдің Лигництегі нағашысы Бернград Крамердің заңгерлік
кеңсесіне түсуге жанын салып бақты. Алайда Пауль одан үзілді-кесілді
бас тартты. Ол заңгер емес, жазушы еді. Сонымен, əкесімен көрместей
болып ажырасты. Лигницте азды-көпті баршылықта тұрғанша, Пауль
атадан қалған азғантай ақшамен, кейде анда-санда алып қалатын
шамалы қаламақымен Берлинде өмір сүргенді артық көрді. Иə, Кете
мен Пауль көптеген қиындықты бірге көрді.
Енді ағалы-қарындасты екеуінің жағдайы енді дұрыстала бастаған
кезде, бұлар бір-бірін айтпай-ақ түсінетін болып алды. Пауль
Марианамен келіспей қалса, бəрін Кетеге айтып береді, ал Кете
бірнеше марка табыс таба қалса, ағасы қуанады. Кете ішіндегісін
Паульге түгел айтып бергенде ғана өмірден бірдеңе түсінгендей
болады.
Өзінің Лаутензакпен кездескеніне Паульдің жүре қарауы оны
ренжітті, əрине. Бүл бір пəлеге айналды: əңгіме саясатқа жанасса
болды, екеуі бірін-бірі түсінуден қалады. Тап қазір бауырының
төзімсіздігі Кетенің жаңа клиенттің келуіне байланысты бар
қуанышын су сепкендей басты.
Бүл кезде Пауль тамағын алаңсыз ішіп-жеп, көңілді əңгімесін көйітіп
отырған. Ол қарындасын ренжітіп алғанын сезер емес.
- Қалай болғанда да сен оның айтып отырып жаздырған сөздері
үшін жауап бермейсің ғой, - деп, бітімгерлікпен аяқтады ол Оскар
Лаутензак туралы ойын.
Қызда үн жоқ, Пауль тамақты соғып отыр. Ақыры, қарындасының
ренжіп қалғанын аңғарды.
- Мен бірдеңені бүлдіріп алдым ба? - деп сұрады ол, шошып
кеткендей болып. - Балықпен үстімді былғап алдым ба?
- Түк білмегенси қалатының не? - деп тұнжырай жауап берді Кете, оның сүйкімді жүзі іштегі толқынысын бұлжытпай көрсетіп тұр. Саған бəрі де жақпайды. Сəл де болса өзін-өзі көтергісі келетін
адамдардың бəрін сен ақымақ санайсың. Адам адамға тек қана
логикамен емес, басқа да жолдармен ықпал ете алатындығын білгің
келмейді, сен тек жамандықты ғана көресің.
Пауль қауіпті əңгімеден аулақ болуға сөз берген жоқ па еді?
- Жарайды, - деді ол, - егер менің дұрыс қабылдауым саған қуаныш
сыйлайтын болса, мен теріс нəрсенің өзін дұрыс дейін де, балығымды
жей берейін. - Сосын ол қалған бірнеше түйір картопты майға батырды
да: - мен саған көп нəрсенің жақпайтынын жəне одан шығар жол іздеп
қиналатындығыңды түсінемін, Кете. Мен ішіме сыймаған удың бəрін
қағазға құямын. Одан өмірде ешнəрсе өзгермегенмен, өзің үшін жақсы,
жеңілдеп қаламын, - деді. - Ал енді картобыма қайта ауысайын. - Соны
айтып, ол табағына қайта шұқшиды.
Бауырының күле сөйлегеніне қарамастан, бүл сөздердің кешірім
сұрау секілді еркелету, көңілін табуға тырысу екенін Кете қалай
болғанда да түсінді. Оскар Лаутензакты сыбап алғанда Пауль
қарындасын ренжітемін деп ойлаған жоқ еді; бəлкім ағасының
айтқандарының көпшілігі рас та шығар. Бірақ қарындасы оны білгісі
келмейді. Шектен шыққан білгішсу арқылы қаншама байлықтан
айырылып қалып жүрміз!
Кейінірек, Кете табақтарды ауыстырған кезде, Пауль Бреславль
радиостанциясы өзінің көпшілік психологиясы туралы очеркін
беретіндігін хабарлады.
- Оны бірсыпыра газеттер көшіріп баспақ, - деді ол сөзін
жалғастырып. - Жақында ағылшын тілінде жарық көрген "Фашизм
жəне тіл" атты мақаласы үшін қаламақы келмек. Сондықтан бүл айда
ақшадан қысыла қоймаспыз. Оған қоса сенің клиентің бар. - Ол
жымиып күлген болды.
Ол жымиып күлген кезде, арықша келген жүзінде ойнақы əрі
ақылды жайдарылықтың нұры ойнап шыға келеді. Кете өзін мазақтап
жатса да бауырына өкпелемейді.
Ол ағасының алдына үстіне кілегей құйған алма самсасын əкеп
қойды.
- Егер бізде ақша бола қалса, сен алдымен костюм тіктіріп киюің
керек. Қоңыр костюмің тозып бітті. Жағасы жыртылған, шалбары
алқам-салқам, шынтақтары айнадай жылтырайды. Мариана ұялмай
сенімен қалай қыдырып жүретініне таң қаламын.
- Ол менің ішкі сұлулығыма қызығады, - деді Пауль аузындағы
тамағын жұтып жатып. - Ал егер ақша түсе қалса, - деді еліктей түсіп, алдымен саған бірдеңе тіктіру керек шығар.
- Ақымақтық, - деп жауап берді Кете, - менде қажетті киімнің бəрі
бар. Ал сенің қоңыр костюміңді киіп жүрудің өзі ұят. Ертең Краузеге
барамыз, - деп кесіп айтты қарындасы.
- Ол бола қоймас, - деп қарсыласты Пауль. - Егер жазушы Пауль
Крамер өзінің киімін жаңартқысы келсе, онда ол тігінші Краузеге
бармайды. Оның жаңа костюмі нағыз классикалық еңбектің өзі болуға
тиіс.
- Мақұл, - деді Кете, - онда Вайцқа барамыз.
- Чехтың тігіншілері басқалардан кем емес, бірақ мен киімімді
Вайцқа тіктіре алмаймын. Ал Вайцқа бара алмайтын, ал Краузеге
барғым келмейтіндіктен, əзірге қоңыр костюммен жүре тұруыма тура
келеді. Жəне жаңа костюмнің түсі қандай болуы керек?
- Əрине, сұр болады.
- Сұр деймісің? - деп ойланып қалды Пауль. - Ал жасыл түске қалай
қарар едің?
- Құдай үшін, керегі жоқ! - деп шошып кетті Кете.
- Неге керегі жоқ? - деп Пауль қалаған түсіне ара түспек болды. Жасыл Генрих үнемі жасыл киіммен жүрді емес пе, ал кітабы бəрібір
тамаша болып шықты. Келісіп алайықшы, Кете: мол ақша қолымызға
түскен кезде, маған да, саған да костюм тіктіреміз. Вайцқа. Сенің
құрметіңе сұр түсі - ақ болсын. Шортан түсті дегенің жақсылыққа
жетелейді. Келістік пе? - деп сұрады ол - Шортан түсті костюм əлгі
Лаутензактың аузын айналасындағылармен қоса аңқитып кететін
болады əлі.
Үш күннен кейін жаңа клиент Кете Зевериннің машина бюросына
тағы да келді.
- Сіздің тағы да келгеніңізге өте қуаныштымын, Лаутензак мырза, деді қыз қуанышын жасыра алмай.
Ол ескі танысындай, жайланып отырған соң, өткен жолғы
мақаланың қайта өңделген мəтінін ауызша айта бастады. Бірақ егер
Пауль өзінің мақалаларындағы əрбір сөзді аса ыждағаттықпен сүзгіден
өткізіп, өз ойын дəл жеткізе алмайтын бірде-бір сөзді қалдырмайтын
болса, Оскар Лаутензак дəл əрі қажетті сөздерді таба алмай қиналады
екен. Керісінше: сөйлемдерді неғұрлым ұзақ айналдырған сайын,
соғұрлым мағынасы бұлдыр тарта береді. Кенет, ол сөйлемнің
ортасына келгенде бұлқан-талқан ашуланып, тіркестерді кілт үзді де,
бəрін де бұрынғы қалпында қалдырды.
Тар бөлмеде қыдырыстай жүріп, ойланып келген сөздерін дауыстай
жеткізіп отырды. Жақында оқымақ болып жүрген жаңа мақаласы
туралы айтты, өзінің ішкі қабілеті - ол табиғаттың құдай берген сыйы
ғана емес, сонымен қатар ауыр жүк екенін мұқият түсіндірді. Кете
оның көбінесе мұнымен емес, өзімен-өзі сөйлеп кететінін аңғарды;
тəрізі, ойы бір сыдырғы жатық болып шығуы үшін, басқа адамның
қасында тұруы шарт секілді.
Оскар жаңа мақаласын екі-үш күннен кейін бастыратындығын
айтып, кетуге жинала бастады. Сосын, есікке таяп қалғанда, үйден
басқа жерде жұмыс істей аласыз ба дегенді сұрады. Əңгіме өзі сияқты
адамның пəтерінде, үйреншікті ортада жұмыс істегені дұрысырақ
болар еді дегенге келіп тірелді.
Бұған қыз бір жағынан қуанса, екінші жағынан қорқыңқырап қалды.
Кетеге үйіне шақырып тұрған бұл адам ұнайтын тəрізді, бірақ
ағасының ол туралы айтқан жаман сөздері алыстан сақтандырып
тұрғандай болады. Қыздың əрі-сəрі ойға кетіп, толқып тұрғанын сезген
Оскар Лаутензак мұның себебін былай түсіндірді:
- Былай ғой, фрейлейн, менің тұрақты хатшым бар, бірақ мен оз
жанымның түкпірінен шығатын сөздерімді оған айтқым келмейді.
Мұндай материалды өзіңді түсінетін адаммен бірге дайындаған дұрыс
болар еді.
— Қашан барайын? - деп сұрады қыз.
Ол " ертең" деп жауап беруге де дайын тұрды. Бірақ өзін - өзі тежеді
де, үш күннен кейін келуін сұрады.
Осы үш күннің ішінде ол бұрынғысынан да жаман ашушаң болып
алды.
Алоиз өз айтқанынан қайтпады - Мюнхенге кетті. Қасында
сабырсыздана күтуін біреуден көретіндей ешкім жоқ. Біраз сейілдеп
алғысы келіп, ол Унтерден Линдендегі зергер Позенерге барып,
өткендегі көзінде гауһар тасы бар жүзікті көрсетуін өтінді. Жүзік үшін
аткөпір ақша шығару ақымақтық, əрине. Бірақ осыған аңсары ауды да
тұрды. Жүзікті ай сайын өте көп ақша төлеп түратын ұзақ мерзімдік
несиеге сатып алды.
Үйде, кітапханада отырып, ол саусағынан фон Третнов ханым
сыйлаған мөрлі жүзігін алып, орнына оз ақшасына алған гауһарлы
жүзікті салтанатпен салды. Ол өз қолының тым үлкен, қолапайсыздау
екенін кейде іштей сезінетін жəне сондайда Тиршенройт құйған бейне
азапты ескерткіш секілді көз алдынан кетпей қоятын. Жаңа жүзік
саусағына шап-шақ екен: əрі қымбат, əрі салмақты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 07
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.