Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 12

Total number of words is 4200
Total number of unique words is 2261
32.5 of words are in the 2000 most common words
45.0 of words are in the 5000 most common words
52.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бойынша сөйлей бастайды. Ұлттық үкімет құруды қалай түсінетіндігін
ежіктеп түсіндіреді. Жəне ол Гитлер күткендей кабинет емес, жеңімпаз
фюрерге екінші қатарлы орын ұсынылады, онда ол кісі күлерлік
екінші скрипканы ойнауға тиіс екен.
Алданған екен. Гитлер алданыпты. Ол қара терге түсіп түрегеп түр.
Дəстүр, ғұрып, салтанатты қарсы алу дегеннің бəрі сылтау болып
шықты. Оны мұнда қарттың шапалағын жегізу үшін алдап əкелген
екен.
Сорайған алып фельдмаршал бұған өзі тұрған биіктен гүрілдеген
дауыспен сұрақ қояды:
- Қалай, Гитлер мырза, осындай ұлттық үкіметке қатысуға ниеттісіз
бе?
Қауқарсыз, алданып қалған Гитлер кекештеніп, айтар ойы бытырап,
жауапкершілікті өз қолына алатын үкімет құрамына ғана кіруге ниетті
екенін айтады. Мұны ол президенттің өкілдеріне түсіндірген болатын.
- Мен басшы қызметте болуға тиіспін! - деді ол
- Басқаша айтқанда, бүкіл билікті өз қолыңызға алмақсыз ғой,
Гитлер мырза? - деп гүрілдеген дауыспен қорқыта сұрақ қояды
фельдмаршал
Гитлер түсіндіруге тырысады. Мүмкін əлі де болса сөйлеудің,
шалдың көзін жеткізудің, билікке ие болудың реті келер деп
үміттенеді.
- Революциялық қайта құрудан бас тарту, - дейді ол үміттене сөйлеп,
- сіздің өкілдеріңіз менен нақ осыны талап етіп отыр, - сатқындық
болар еді. Жауапкершіліктің ауыр жүгі жетелеген мен, сайлауда
жеңіске жеткен ұлт көсемі ретінде одан гөрі үлкенірек қызметке
келісер едім. Жəне де менің берген уəдем - уəде. Екінші жағынан, мен,
мемлекеттегі ең күшті партияның жетекшісімін, сондықтан кейінге
қарай ығыстыруға көне алмаймын, бұл нағыз неміс саясаткерінің
талаптарына сай келмейді. Мұндай жағдайда мен... - Оның намыс сезімі
оянып, өз сөздерінен өзі рухтана бастады.
Бірақ шал өзіне-өзі: "Отыруына мүмкіндік берме, сөйлеуіне мұрша
берме" деп бұйыруда.
- Бəрі түсінікті, Гитлер мырза, - деп ол қонақтың сөзін бөледі. - Сіз
бар билікті маған бер дегелі тұрсыз ғой. - Еңгезердей əрі қатал қарт
қағазына қарайды. - Шындығын айтсам мен мұндай жауапкершілікті
оз мойныма ала алмаймын, өйткені сіз қолыңызға тиген билікті
біржақты пайдаланбақсыз.
Фюрер қарсы дау айтпақ болады. Бірақ шал оған мүмкіндік
бермейді. Аузын ашсақ болды, Гинденбург сөзін бөліп жібереді.
- Мен сізге, Гитлер мырза, күресті тым болмаса нағыз еркектерше
жүргізуді ұсынар едім, - деп ескертеді ол. - Сосын қағазына қарап ең
соңғы қаруын жұмсайды. - Əйтсе де, Гитлер мырза, - деді ол, - сайлау
алдында өзіңіз маған уəде бергеніңіздей, ұлттық кабинеттегі менің
сенімімді қолдаудан бас тартқаныңызға өкінбеске амалым жоқ.
Шындықтың шынар ағашындай болып шаншылған шал тас
мүсіндей болып таяғына сүйеніп түр.
Ал осынша жекіруді тыңдауға амалсыз мəжбүр болған Гитлердің көз
алдына салық инспекторы болып істеген өлшемі өзімен кеткір əкесінің
бейнесі келе қалады. Бүл оның өміріндегі аса ауыр минуттардың бірі
еді.
Ол үнсіз басын иеді. Актер Бишоф үйреткендей шұлғып қалуды да
ұмытқан жоқ, бірақ есікке еңсесі түсіп əрең жетеді.
Осыдан дəл тоғыз минут бұрын ол есіктен герман рейхінің
канцлерлігінен дəметіп аттаған еді. Енді масқара күйде, құр қол шығып
бара жатыр. Ол қауқарсыз ызадан атша тулаған жүрегі жарылып
кетердей халде еді.
"Ақыры жетер жеріңе жеткіздім бе, бəлем, - деп қуанды Пауль,
қолына Оскар Лаутензактың арызын алған кезде. - Ақыры жауап
беруіңе тура келді". Ол бұл іске жауапкершілікпен кірісуге бекінді.
"Алаңға енді біздің жауынгерлер шығады, ал қорғанып көр мықты
болсаң" деп масайрайды ішкі əлемі. Бірақ өзінің көңіл күйін сабасына
түсіре алмайды. Қанаттанып кеткендей. Қиықша келген сұрғылт
көздері ұшқын шашып, ашаң жүзіне қуаныш ұялаған.
Оның Лаутензакпен арадағы егесі - жемісті егес. Оны Кетенің көзін
ашу үшін Пауль бастағанымен, бұл егес жеке адамдар арасындағы
қақтығыстан гөрі əріге кетеді - о л ғылым мен адам ақыл-ойының
наным-сеніммен күресіне алып барады.
Бұл күндері Пауль Крамердің жүзіне күлкі үйірілді де жүрді, бірде
қулана жымиса, бірде қуана жымияды. Ол кезегі келсе де, келмесе де
мысқылдай сөйлейтін болды. Кетеден қол үзгелі бері ашынасы
Марианнамен сирек кездесетін болған, тіпті бейшара қыз біржола
көріспеуге бел байлап жүрген болатын. Енді ол қыз алдында сүйкімді
де рақымшыл жігіт болып шыға келді, сондықтан Мариана іштей күле
де, күрсіне де отырып оның барлық кемшіліктерін кешті. Тіпті, оған
келіп-кетіп жүретін аула сыпырушыға дейін доктор мырзаның кейінгі
кезде кенет өзгеріп, əңгімешіл болып кеткенін айтып жүрді.
Пауль өзіне кезінде Кете армандай беретін костюм тіктіруге
тапсырыс берді. Ол процеске тозығы жеткен қоңыр костюммен қалай
бармақ - шыттай киінетін Оскар Лаутензактың қасында тым қораш
көрінер еді ғой. Сонымен ол тігінші Вайцке барсын. Ол оған құдайдың
қай-қайдағы жоғын айтып əзілдесе жүріп, əр түрлі материалдарды
көрсетті. Олардың арасында қолда бар материалдардың ішіндегі ең
қымбаты деуге келетін жүннен тоқылған қара сұры да бар еді.
- Бұл костюмді кигенде, - деп сендірді тігінші Вайц, - доктор мырза
жұрт көзіне нағыз парасатты азамат болып көрінеді. Ал мұндай
материалды бір жыл емес, екі жыл емес, егде тартқанша киюге
болады. Қысқасы, тігінші Вайцты еске ала жүріп, ұзақ киіп тоздырасыз.
Алдағы процесті ойлай отырып, - о л туралы ойламауға бола ма, Пауль Крамер ойша көз алдына дүмше (шарлатан) Оскар Лаутензакты
ғана емес, осы адамның алдына түскен, енді соның сойылын соғуға əзір
тұрған қара нөпір халықты көрді. Енді мұның, Паульдің осындай қара
күшпен жалғыз алысуына тура келетіні оның күш-жігерін тасытып,
жүрегіне нұр шуағын құйды.
Осы күндерде Пауль Крамер əдебиетші ретіндегі Гитлер туралы
мақаласын жазды. Онда Гитлер кейінгі толқын алдында бар
сұрқиялығымен шынайы бейнеленеді. Барлық жағдайда адам
болмысы оның іс-əрекетінен көрінетіндігіне құдайдай нанатын Пауль
Крамер Гитлердің бұлдыр жаны оның бұлдыр сөздерінен-ақ көрініс
беретіндігін тап басып айтады. Өзінің толымсыздығына шамданып,
ашуын бүкіл əлемнен алуға ұмтылып жүрген шала Наполеон, шала
Ницше, шала Вагнердің жынды сүрей бейнесін бейнелі штрихтармен
суреттеп береді.
Мақаланы жирен сақал Томас Гравличек те жымия отырып оқып
шықты. "Сауап болған екен!" - деп ойлады ол өзінің ана тілінде.
Мақаланы Манфред Проэль де оқып шықты. Ол мұртынан күле
отырып: "Мұндай нəрселерді біздің бауырларымыздың түсінбейтіні
жақсы" - деп ойлады. Мақаланы оқып шыққан ақылды адамдар аз
болған жоқ. Олар да: "Тамаша талдау, енді бүл дүмшенің шаруасы
бітті" - деп қуанды. Мақаланы Гансйорг те оқыды. Ол сəл ойланды да:
"Асықпасаң, осы интеллигентсымақтардың бəрі ауыздарын біржолата
жабады" - деп бір-ақ кесті.
Мақаланы Оскар Лаутензак та оқыды. Ол толысып болған өзінің бетбейнесі туралы ойлады да, ашу мен реніштен қалтырап кетті.
Мақаланы қатыгез əрі сом бейнелі жас жігіт граф Цинздорф та
оқыды. Ол оны зейін қоя отырып оқыды, миығынан күлді. Сосын
сырғыта салып, көп қағазының арасынан əлдеқандай бір тізімді тауып
алды. Оған Пауль Крамерді кіргізіп, астын сызып қойды.
Мақаланы фюрерге көрсетпеді. Кейде мұндай нəрселерді оқығаннан
кейін оның "жыны" ұстап қалатын талмасы бар.
Долылықтың арты құтырған бурадай есалаңдыққа ауысуы кəдік,
шайнап тастауы мүмкін. Сондықтан оны мұндай елеусіз нəрсемен
алаңдатпаған жөн десті.
Мақала жазылғанша Пауль Крамердің қуанышы қойнына сыймай
жүрді. Бірақ жазып біте сала сол қуанышы су сепкендей басылды: ол
өзін аса шаршаулы, далада қалғандай сезінді.
Міне, ол тəп-тəуір мақаланы жазып тастады, оны бірнеше мың адам
оқиды, жүздеген адамның айызы қанады, іштей мақұлдап бас изеседі.
Ал сонан соң ше? Сонан соң түк те болмайды. Көк тиындық пайдасы
жоқ. Гитлердің жəне оның Лаутензагының эмоциясын ақылмен емес,
тағы да сол эмоциямен жеңе аласың. Бүл адамдардың ақымақтық
қулықтарына сондай қулықпен жауап бере білу қажет, яғни оз
қаруларын өздеріне қарсы қолдану керек. Біз оны істей алмаймыз.
Соңымыздан көпшілікті ерте алмайтындығымыз да сондықтан.
Гитлер мен Лаутензакқа шамамыз жетпейтіндігі де сондықтан. Олар
тоқтамайды жəне түбінде түбімізге жетеді.
"Енді өтірік айтатын да болыпсың", - деген еді оған Кете. Ол қыздың
келбетті келген əдемі жүзін көз алдына елестетті, сөйтті де баяғы
əніне тағы да басты: тағы да ашу, тағы да қоса күйзелу, тағы да өзінің
ақтығын дəлелдеу. Дегенмен Кетенікі дұрыс, бұл тек өзін-өзі алдаумен
жүр. Мұның ойлайтыны принцип қана емес, Кетенің қамы.
Кейде ол "Эдем" қонақ үйіндегі сол бір кездесуді еске алады. Жəне
не істеп, не қойғанын өзі де білмегендіктен жиі еске алады. Ол неге
жынданды? Лаутензакқа деген жек көру неден пайда болды - өзі де
білмейді.
Дегенмен бұл жақсылыққа бастайтын игілікті күрес. Оскар жəне сол
сияқты сілімтіктер елді былғап болды. Олар өтіріктің ұрығын себеді,
елді батпаққа батырады. Олар жұтқан ауаны жұтуға болмайды. "Бұл
тек сандырақ емес, бұл факт", - дейді мұндайда Марианна.
Бұл факт жəне Кетенікі дұрыс емес. Кенет аяқ астынан пайда болган
ынтызарлыққа ерік берген ол отыра қалып Кетеге хат жазады.
"Мен өзіме костюмге тапсырыс бердім, - деп жазды ол - Вайцтың
қолындағы қара сүр материал. Сол классиктің айтуынша, "өле өлгенше киеді" екенмін. - Одан əрі Кетемен сөйлесіп отырғандай
күнделікті өмірді сөз қылады; кенет əңгіме Лаутензакқа жетеді, ойтолғамға беріледі, Гетеден дəйексөз келтіреді: "Əсіресе кейбір
адамдарды демондық сезімнің дендеп алғанын көрген қиын. Ондай
адамдар басқалардан ойы жағынан да, дарыны жағынан да биік тұра
алмайды. Бірақ олардан ғаламат күш тарайды, олар тірі жанның бəрін
аяусыз билеп-төстейді. Одан гөрі нұрлы ақыл - ой олардың алданған
немесе алдаушы адамдар екендігін дəлелдеуге тырысады - мұндай
адамдар көпшілікті өздеріне тартқыш келеді". Мен сенің барлық
қуанышыңа өзіңмен бірге қуанамын, Кете, - деп сендіреді ол, - бірақ
əлгі түксиген сайқымазақ сені қуанышқа бөлей қояды дегенге
сенбеймін. Басыңды айналдыруға ырық берме. Қайта орал, Кете, бəрін
де ұмытайық".
Ол осы арадан іркілді. Өйткені эмоцияға қарсы ақылдың айнасымен
күресуге болмайтындығын қазір ғана түсінді. Ол Оскардың металдан
құйылған, тас мүсіндей, романтикалық ерліктің бейнесіндей келбетін
көз алдына келтіреді. Осындай адамға ол Гетеден алған
дəйексөздермен ғана қарсы шықпақ па? Иə, тəрізі, бұның өзінің де есі
ауысқан шығар.
Ол хатты ұп - ұсақ қып жыртып тастады. Бірнеше жыртындысы
еденге түсті. Пауль оларды ерінбей жинап алып, себетке тастады.
Пауль процеске қызу дайындала бастады. Мюнхенге барды.
Профессор Гравличекпен кездесті. Оны сараптамашы ретінде сотқа
шақыруға болатын - болмайтындығын сұрады.
Мұндай ұсынысқа ергежейлі онша қуана қойған жоқ. "Алаяқты
əшкерелеу - ғылымның емес, полицияның ісі", - деді ол богемдік
диалектімен шіңкілдей сөйлеп. Бəлкім бұл, адамгершілікке жатпас,
бірақ медиумдардың адамдық жақтары оны қызықтырмайды. Ол
Пауль Крамерге өзінің тышқан көздерімен барлай ұзақ қарады. Жас
жігіт оған ұнап қалды жəне Паульдің ашаң жүзінде реніштің табы
білінгенін көріп, Гравличек өзінің ойын əрмен қарай дамыта түсті.
- Адамдардың көпшілігіне, - деп мəлімдеді ол, кішкентай
саусақтарымен жирен сақалын тарақтай отырып, - өкінішке орай,
табиғаттың өзі надандықтың қараңғы қапасында өмір кешуді жазған.
Қазіргі Германияда, осы кезде айтуға болмайтын себептер бойынша,
таным мүмкіндігі өте-мөте шектелген, сондықтан əр түрлі ем домшылар мен көріпкелдердің санасына эсер етулері оп-оңай: Егер біз
екеуміз Лаутензактың сеанстарда арсыздық тəсілдерді қолданатынын
дəлелдегенімізден жағдай бір мысқал да болса өзгереді деп шыныменақ ойлайсыз ба, жігітім? Онда сіз адам жанын түсінбейді екенсіз... -ол
қонақтың визиттік карточкасына қарап алды, - Крамер мырза.
Ергежейлінің адамды шағып алатын ашық əңгімесі Паульге ұнап
қалды.
- Лаутензак пен менің арамдағы тартысқа сіздің бүйрегіңіздің бүлк
етпейтінін түсінемін, - деп жауап берді ол. - Бірақ осы мəселеге
байланысты өршіген дау-дамайдың кесірінен көпшілік бүл процесті
ғылым мен наным-сенім арасындағы шешуші айқас ретінде
қабылдағалы отыр. Менің сізбен жолығуымның себебі де сондықтан.
Томас Гравличек іштей жақын тартқан раймен ақырын ғана мырс
етті. Тəрізі, мына жас жігіт өзі айтып отырған əңгіменің маңызды
себептеріне сенетін сияқты, бірақ шынын айтқанда, қарапайым
сезімнің жетегінде жүр. Жəне профессор Гравличек осы бір
Лаутензакты жақсылап тұрып үйретіп алуға өзінің де делебесі қозып
тұрғанын іштей мойындады.
- Былай ғой; жарқыным, - деді ол, - оның қызғылт жүзіндегі күлкінің
ізі бұрынғыдан бетер біліне бастады. - Мен біржолата бас тартып
отырған жоқпын. Ойлануыма уақыт беріңіз. Жақын күндерде жауабын
алатын боласыз.
Пауль Гравличекке алғысын жаудырды. Қартая бастаған профессор
мен жас журналист осылайша, бір-бірімен түсініскен жағдайда қош
айтысты, оларды біріктірген қарсы жақтың үнсіз бұғып жатқан қулығы
еді.
Гравличекпен болған əңгіме Паульге оңай соққан жоқ, бірақ Анна
Тиршенройттың табалдырығының қасында басына келген ой одан да
ауыр сезімге орады. Ол бүл əйелдің махаббат пен зұлымдық арасында
аласұрып жүргенін жақсы білетін. Ол Лаутензакқа жан-тəнімен берілді,
басқалар секілді өзі де оның торына түсті, бірақ содан кейін оңбай таяқ
жеді. Шешесіндей адамның күйзелісін пайдалануға тырысу оның
тарапынан жасалған көргенсіздік емес пе?
Кейінше ол бетін əжім торлаған мұңды жүзіне қараған кезде, ерлік
пен өжеттігінің ізі де қалған жоқ. Ол айтатын сөздерін күні бұрын
ойланып алған болатын, бірақ осы əйелдің ойлы да шаршаңқы ақылға
толы сұрғылт көздерін көргенде, өзінің жадағай себептерін айтып
жақындаудың өзінен сескеніп қалды. Ол тұтыға, күрмеле тұрып əрең
сөйледі.
Оскар Лаутензак қоғам үшін тым қауіпті болып барады деп
түсіндірді ол. Ол адамның жұртты қалай азғыратындығын оның
"Маскасын" жасаған суретшіден артық ешкім білмейді. Бірақ содан
бері суретші оның басқа да зиянды, зұлымдық істерін көрген болуы
мүмкін. Əйтпесе ол өзінің көрмесінен "Маска" тəрізді құнды
шығармасын алғызып тастамас еді. Сондықтан Пауль бұл кісінің оған
қарсы куə ретінде сөйлеуін сұрайды.
Анна Тиршенройт тыңдап отыр. Ол Паульға өзінің мүсіншілік ойлы
көздерімен қарайтын сияқты. Оның үлкен шындығын да, шамалы
өтірігін де, терең жиренішін де түсінді. Бүл жігіттің келіп тұрғанын
хабарлаған кезде, бүл əйел, əрине, оның неге келгенін бірден түсінген
болатын. Ол тек бұл жігіттің, Оскардың жауының, қандай адам екенін
көргісі келген.
Оскардың барған сайын төмендеп, арсыз көз бояушыға айналып
бара жатқанын ол қынжыла да қайғыра байқап жүрген болатын. Оны
алаяқ деп айыптап, - ал алаяқтығында сөз жоқ, - үстінен шағым
айтқандарға қарсы іс қозғауды талап еткенін көргенде, оның
əдепсіздігіне əбден көзі жеткен еді жəне өзіне-өзі ор қазып отырғанын
ойлап қайғырғаны қайғырған. Сонымен қатар, бəлкім, осы жеңіліс
Оскарды қайтадан сабасына түсірер, қатарға қосар, ақиқат жолына
қайта түсірер деген үміті де болған.
Осының бəрін ол Паульдің əңгімесін тыңдай отырып қайта басынан
кешірді, қайта сезінді. Суретші Паульдің сөздерін салғырт тыңдайтын
тəрізді. Ау, жарқыным, сенің дəлелдемек болып отырған нəрсеңнің
бəрін бұл əйел баяғыда-ақ түсініп, зерттеп қойған.
Сонда бүл жігітке не керек, тегі? Иə, жұрт алдында Оскарға қарсы
сөйлесін дейді. Пауль Крамерді қабылдамауы керек еді. Ашу мен
ызадан жарылуға сол қалған мүсінші көпшілік алдында Оскарға қарсы
сөйлегісі келген күннің өзінде де, түбінде мұндай қадамға бара
алмайтынын баяғыдан - ақ білген.
Паульді тыңдай отырып Анна таяғымен еденді тықылдатумен
болды. Мына жігіттің қызынуын қарашы! Мұның онда қандай шаруасы
бар екен? Бұған не себеп болды? Оскар өзіне көмектескен адамдардың
бəрін қара жерге отырғызып кеткенін бүл жігіт біле ме екен? Пауль
Оскарды көпшілік алдында айыптауды талап етеді. Бірақ одан
Оскар үшін де, басқалар үшін де, өзі үшін де келер пайда жоқ қой.
Пауль сөйлеп болды. Ол жауап беруге мүсіншіні асықтырмады,
жүзіне қарап еді, əбден қажыған, қиналған адамның кейпін көрді.
Ақыры əйел селт етіп оянғандай болды -үнсіздік тым ұзаққа созылған
екен. Қырылдап ақырын сөйлейтін қалпымен, демікпесімен арпалыса
отырып мүсінші былай деді:
- Ашық айтқан əңгімеңіз үшін сізге мың да бір рахмет. Бəлкім сіздікі
дұрыс шығар, оның қандай ит адам екенін жұрт алдында айғақтау
керек те шығар. Бірақ сол үшін нақ мен керекпін бе? Оскар Лаутензак
туралы не айту керектігін өзіңіз де білесіз. Ал айтатын сөз көп. Оған
қарсы дəлел де жеткілікті. Мен - қажыған, қартайған адаммын. Жоқ,
менсіз кіріскендеріңіз жөн болар.
Оскар өзінің көріпкелдігіне күмəн келтірген адамдарды сотқа
шақырып жатыр деген хабар жұртқа төбеден түскендей эсер етті.
Партия тұтастай соның жағына шықты. Ол қашан жəне қай жерде
сөйлемесін, жамырай қолдаумен, қиқулап қошаметтеумен аяқталып
отырды. Қол шапалақтауға келгенде, алақаннан алақан қалмады. Ол
осының бəрін кекірейген кейіппен қабылдады. Енді, сот алдында
қарсыласымен күш сынасар шақ жақындағанда, ол жеңіске
жететіндігіне нысапсыздықпен шəк келтірмеді, имену дегенді білмеді.
Сот болар алдындағы 1932 жылдың жазы мен күзінде ол туралы
айтылмаған сөз қалмады. Оның "Шағала" деп аталатын яхтасында
өткізген дүрмектері туралы алып қашты дақпырт елден елге тарап
жатты. Ол енді граф Цинздорф болған жердің тұрақты қонағына
айналды; Гансйоргқа қасақана көрсету үшін, графпен достығын қайтақайта паш етумен болды. Рас, Ульрих Цинздорфпен достығы арзанға
түскен жоқ еді.
"Варьетенің" актрисасы, атақты сұлу туралы да алып қашты əңгіме
аз болмады. Ұзынқұлақ сыпсың сөздерге қарағанда оның лəззатын
Оскар мен Цинздорф қатар көреді -мыс. Ол сұлусыз яхтада бірде-бір
той өтпейді-міс. Бірде Оскар ол сұлуға, қонақтардың алдында, "сен
еркектің құшағындасың" дегенді иландырыпты; ар жағы əлемтапырық
-əйелдің не істеп, не қойғанын көрген адамдар басқаларға сыбырлап
қана айтады екен.
Бірақ бəрінен көп өрбіген əңгіме Зофиенбург замогын қайта салу
турасында болатын. Сəулетші Зандерс сілесі қатқан күлкісін əрең тыя
отырып, тапсырыс берушінің хикметтерін достарына сыр қылып
айтады екен. Əдетте, мұндай əңгімелердің аяғы "есі дұрыс емес",
"нағыз пері соққан қысталақтың өзі" деген секілді теңеулермен
тамамдалып отырады. Зандерс болса қожайынның тісіңнен шығарушы
болма деген ескертуі бойынша, бүге-шігесін баяндай алмағандықтан,
Зофиенбург туралы əңгіме мүлдем өршіп кетті. Оскардың өзі
құрылысқа бөгде адамды кіргізбейді екен; жаңа тұрағы туралы сұрақ
бергендерге ол құпия жымиыспен кекірейе жауап беретін болыпты.
Ол Зофиенбургке жиі-жиі ат басын тіреп, алдағы процесске
қамданудан гөрі, құрылыспен көбірек айналысатын болып алыпты.
Процеспен айналысу мəселесін ол Гансйоргқа тапсырған сыңайлы.
Бүл тартысқа толы, ауыр іс болатын. Тартыстың нəтижесі, сөз жоқ,
нацистік партияның одан əргі табыстарына тікелей байланысты еді.
Нацистердің билік басына келуін күтуге тура келді.
Бірақ, қас қылғандай, 1932 жылдың екінші жартысында олардың
ықпалы құлдыраумен болды. Бұл партияның шілдеде сайлаудағы
жеңісінен шошып қалған "ақсүйектер" өз бағдарламаларын қасарыса
жүргізумен болды. Олар Гинденбургтің беделі мен рейхсверге арқа
сүйей отырып бүкіл елді басқарды, ал жеңген партияны шеттетіп
тастады. Нацистерге келгенде қаржыгерлердің пейілі тарылып,
сайлаушылар суынып қалды. Партия ішінде ыдырау басталды,
көптеген адамдар мен топтар олардан сырт айналды. Үлкен жеңістен
кейін өткізілген жаңа сайлауда нацистер өз мандаттарының алтыдан
бір бөлігінен айырылды.
Жоқ, процестің тап осындай кезде өткізілуіне жол беруге болмайды.
Гансйорг пен оның жолдаған адвокаттары сотты осымен үш рет
кейінге қалдырды. Төртінші рет кейінге қалдыруға сот ырық берген
жоқ.
Гансйорг Проэльге қамшыны басатын жерге енді келдік дегенді
емеурінмен білдірген кезде, анау оған сараңдау ғана жауап берген-ді.
Өмірді ойыншыққа айналдырып алған адамша, соңғы кезде ноқта,
жүген дегенді білмейтін, адамдықтан ада əрі арсыз Цинздоровқа
бауыр басып алыпты. "Қазіргі кезде мен ондай қосалқы жұмыстармен
айналыса алмаймын, - деп Проэль Гансйоргқа ашығып айтты. - Жағдай
тым күрделі, мен ұсақтана бергім келмейді. Осы жолы тұйықтан
өздеріңнің шығуларыңа тура келеді ".
Мынадай қиындыққа тап болған Гансйорг енді Хильдегард фон
Третновтан көмек сұрамақ болды. Ол бұл қадамнан үлкен үміт күткен
жоқ. Ұяттан безген Оскар, оның, Гансйоргтың, ескерткеніне қарамай,
кейінгі кезде Хильдегардты көзге ілмейтін болган. "Екінші жағынан, деп ойлады Гансйорг, - Хильдегард сияқты текті əйел өз бағасын
түсірмеу үшін, бір кезде өзі көмектескен адамның рухани
құлдырауына жол бермеуі мүмкін".
Гансйорг Оскар туралы сөз қозғай бастаған кезде бітімі дұрыс
əйелдің жүзінен таңқалғандық пен реніш белгісі қатар байқалды. Бірақ
Гансйорг та қарап қалған жоқ, неше түрлі бұлтаққа салып, сезімге тиер
перделерін доп басып, ар - намысын оята отырып, сайтандай
айналдырды. Оскардың оянуы үшін қу жанын шүберекке түйген
Хильдегард фон Третнов емес пе? Оның Берлинге қоныс аударуына
түрткі болган да өзі емес пе еді? Егер Оскар өзіне жат сыртқы
күштердің тегеурініне төтеп бере алмай, кейде осының бəрін ұмытқан
күннің өзінде де, ол Хильдегард фон Третновтың туындысы емес пе?
Гансйорг келбеті келіскен, тұла бойы тіп-тік, бойшаң келіншектің
жүзіне қаймықпай қарады. Ол оның сарғыш жирен шашын да, сол
дөңестеу келген сүйрік мұрнын да, жалт-жұлт еткен ерке көзін де
жақыннан көріп түр. Осындай келіншекке қарамай жүрген Оскарда
иман жоқ. Ашына керек болса алдыңда түр, əттең, осыны түсінбейтін
əйелдер -ай!
Хильдегардтың өзіне ұнап қалғанын Гансйорг төбесі көкке
жеткендей болып, тебірене айтқан еді. Оскар бетімен кеткен, бұзылған
адам, əйтпесе осындай əйелден теріс айналар ма еді? Мұндай айналып
кетейіннен жерігенше желкесі неге үзілмейді екен? Осындай бесікке
тербетіп, баланы тыншытқандай арбаулардан кейін, көкірегін
кернеген кегін əйел де біртіндеп ұмытайын деді. Гансйоргтың жылан
арбағандай қылып, "біздің Оскар" "ол сұмырай", "құдайдың атып
кеткен есерсоқ баласы" деген секілді сөздерді араластыра сөйлегені
əйелдің кешірімді жүрегін сəл де болса жібітейін деді жəне əңгіменің
одан ары өрбуін жеңілдетті.
- Біздің Оскар осының бəрін кеш түсініп жүр, - деді ол сұхбаттасына.
- Нацистердің жауыздық пиғылдары бір басына үйірілген соң, достың
кім, дұшпанның кім екенін енді ажырата бастады. Процесс басталған
кезде, судьялардың шоқпары ең алдымен оз басына тиетінін түсінді.
Хильдегард мынадай буынға жұлын құрт боп түскен əңгімені
тебірене тыңдады. Бəрі де рас. Оскар Лаутензак үшін шашылған
ақшада қисап жоқ. Сол үшін қанша уақыт, қаншама күш-жігері сарп
болды. Енді оның бəрін қайтаруға еш қайла жоқ. Бірақ соның бəрі желге
ұшып кете бермек пе? Оданда кайта шығынданса қайтпек? Қалыптасып отырған мынадай жағдайда, - деп сендірді Гансйорг, - оны
құтқаратын тек қана сіз, сізден басқа ешкім де емес. Оскардың ісі сіздің ісіңіз. Басқаның оған қимасы да қисаймайды. Процестің
дұшпандық ауанда өтуіне жол беруге болмайды. Сіз барлық
байланыстарыңызды пайдаланып, соттың кейінге шегерілуіне қол
жеткізуге ғапылсыз.
Гансйорг əйелдің жүзіне тап қазір үзіліп кетердей мөлие қарады. Бүл
пошымы Хильдегардқа ұнамады деуге де келмес. Келіншек желіні
сыздаған сиырдай иіді, күйіс қайырмады демесеңіз, басқасы сол
Баронесса өзінің Гансйоргпен Моабит түрмесінде кездескенін еске
алды. Бұлардың араларын бөліп тұрған темір тордың қалай
ашылғанын, осы адамның бойынан сол кездің өзінде сезіліп тұрған қан
иісін, күштеп жүргізілетін отаншылдық белгілеріне өзінің де ішпей мас
болғанын көз алдына келтірді. Шытырман оқиға іздеген жүрегі сол
кездің өзінде өртеніп кетудің алдында тұрмап па еді? Əрине, майға от
қойып жіберетін Оскардыкіндей шырпы Гансйоргтан табылмады.
Бірақ ағайынды Лаутензактарға ортақ бір нəрсе даусыз еді, ол - бір
көзқарас, бір қалып.
- Қымбатты Гансйорг, - деді əйел, - мен сізді түсінбей тұрмын, сіз
сияқты көпті көрген, ақыл тоқтатқан адамның күндіз күлкіден, түнде
ұйқыдан қалып, азып-тозып, жүдеп - жадап, көшке ерген жұлма
тайлақтай болып, табанынан таусылуы қалай? Бірден маған
келмедіңіз бе?
Ол өзі кітапшасына бірдеңелерді жазып қойды.
- Сотты кейінге шегеру мəселесін шешіп беремін, - деді ол сенімді
түрде. - Маған сенуіңізге болады, қымбаттым. Ұйқыңыз тыныш
болсын.
Ол өзінің мүмкіндігін асыра бағалаған жоқ еді. Процесс кейінге
шегерілді жəне Гансйорг қиялдай алмайтындай ұзақ мерзімге кейін
шегерілді. Егер оған дейін ұлттық - социалистер билік басына келе
қалмаса, бүл əйелге ешкімнің қолы жете қоймайды.
Гансйорг бірден баронессаға тартты. Жақсылық жасауға ылғи бейім
тұратын, алтын шашты келіншекке алғысын жаудырды. Оның келісті
келбетіне бұрынғыдан бетер сұқтана, телміре қарады, шешесін танып
талпынған баладай жақындағысы келді, ал Хильдегард болса бұның
сықпытынан ағайынды Лаутензактардың ұқсастықтарын көрді.
Оскардың жеңілтектікпен бүлдіре жаздаған ісін қайта жолға қоюға бел
байлаған Гансйоргтың, кейінгі кезде айналшық жегендей басқа
əйелдердің жанынан шыға алмай, айналсоқтап жүрген ағасына деген
қамқорлығы оны Хильдегард фон Третновпен жақындастыра түсті. Ол,
Гансйорг, осы бір аяулы əйелмен қайта ұғысқан жалғастықтың үзілуіне
ешқашан жол бермек емес.
Сəтсіздік əлі де болса нацистердің соңынан қалмай жүрген-ді, бірақ
бұған фюрердің қылшығы қисаймайды. Оның алдында сызып
қойғандай жол жатыр: тек қана дер кезінде не оңға, не солға бұрылып
отыру керек. Ол үстелдің жəшігін ашып, жақын адамдарына онда
жатқан револьверін көрсететінді шығарды.
Мұндайда: "Жеңуге, не өлуге бекінген адамның Германияның
болашағына деген сенімі соңғы минутқа дейін шайқалмақ емес" дейтін,
көп мағыналы оймен.
Ал бұл кезде нацистік партияның қарсыластарының арасында,
"ақсүйектердің" арасында алауыздық басталған болатын. Əскерилер,
аграрлар, банкирлер, зауытшылар бірімен бірі қырқысып, бірін-бірі
əлсіретіп жатты. Жəне əрбір топ өзіне таяқ тиген кезде нацистерді
іздейтін, жəне əрбір топ басқалардан үстем болу үшін, ұлтшылдардың
баскесерлерін қайта жалдауға болмас па екен дегенді ойлай
бастайтынды шығарды.
Рейхсканцлер мен əскери министрдің лауазымын қоса иеленіп
отырған адам болса, нацизм сияқты мұндай сорақылықты біржолата
жоюды ойластырды. Гинденбург оның еркін əрекет етуіне қуана
отырып жол берген болар еді; ол пруссиялық əскери дəстүрді, адалдық
пен күш- қайраты бар жүрегімен кұрметтей білетін. Екінші жағынан,
кəрі фельдмаршал, ақылды достары мен аграрлар оған Нойдектегі жер
иелігін сыйға тартқаннан кейін, ауыл шаруашылығына бет бұрайын
деді. Ал əскери министр тентек юнкерлерді жүндеп алу үшін, бүл
мырзалардың шаруашылыққа қырсыздығын, мемлекет көмегін жəне
оның қазынасын теріс пайдаланатындарын айтып, оларды осымен
қорқытты. Бірақ əскери министрдің қаптың аузын сəл ғана ашуы мұң
екен, сасық иіс мүңк ете түсті жəне ол аграрларға ғана емес, Нойдек
иелігінің иесі Гинденбургке де қатер төндіре бастады. Бұл жағын
министр ойламаған екен.
Енді, міне, кəрі фельдмаршал өзімен-өзі əлекке түссін. Қай жағына
тартады? Өзін қорғайтындар жағына ма, əлде өзін асыраушылар
жағына ма? Қайсысы маңызды - герман семсері ме, əлде герман наны
ма?
Ақылды адамдар фельдмаршалдың ымыраға келуіне кеңес берді.
Богемдік ефрейтор, əлгі баскесер фюрер егер оны канцлер етіп
тағайындаса, əлгі қаптың аузын иісшіл ит те таба алмайтындай етіп
тарс жауып тастайтындығына уəде берді. Бұған қоса о л билікті теріс
пайдалануға жол бермейтін
кейбір
шектеулермен
де
келісетінін
білдірді.
Осылайша
төңкерістердің мүддесімен қоса əскери кастаның мүддесі қорғалатын
болады, ал əскери биліктің əдепсіз өкілдері ластамақ болып отырған
фельдмаршалдың намысына ешкім қол сұға алмайды.
Сексен бестегі фельдмаршал мұндай шым - шытырықтың себептері
мен салдарын түсіне бермейтін, бірақ оны оған ұқтырып отыратындар
жетіп артылатын еді. Ол өзінің екі қызметінің арасындағы қарамақайшылықтарды шешуге барынша күш салып бақты жəне ақыры
жағдай өзгерген екен деген қорытындыға келді; енді ол ешбір
ұялмастан билікті Гитлер мырзаға бере алады. Ал егер ол кейбір
шектеулермен межеленсе жəне богемдік ефрейтор сол шектеулердің
шеңберінен шықпауға уəде берсе тіптен жақсы, онда мүлдем қам
жемей-ақ қоюға болады. Осыған келісті. Жəне де фюрер қарт
фельдмаршалға қайтадан аттанды. Айлакер қарсыласының ту
сыртынан пышақ салғаннан бері жарты жыл да өткен жоқ. Бірақ бүл
жолы Гитлер сақтық шараларын ойластырып алды. Бүл жолы мəселе
бүге-шігесіне дейін қарастырылды. Жəне сюртук киюдің де еш
артықтығы болмады.
- Сізді барлық билікті талап етпейтін болды жəне менің
өкілдеріммен келісілген шектеулердің шеңберінен шықпауға уəде
берді деді ғой, Гитлер мырза, - деді фельдмаршал. Сіз бұған шынымен
келісесіз бе? Маған салтанатты түрде уəде бере аласыз ба?
- Бергенде қандай, - деп жауап берді фюрер. - Бұған құдай куə. Бар
ұжданыммен сөз беремін, рейхспрезидент
мырза. Егер мен "иə" деп сөз берген екем, уəдем өлсем сүйегіммен
бірге кетеді.
Президент кəрі емендей қақиып тұр.
- Жарайды, уəде құдайдың аты деген бар, - дейді фельдмаршал
жарықшақ дауыспен жəне сюртук киген адамның көзіне салтанатпен
қарайды.
Анау да салтанатты түрде оң қолындағы қолғабын сол қолына
ұстап, оң қолын шалға қарай ұсынады да көп мағыналы жұмсақ
дауыспен:
- Ант етемін! - дейді.
Сол күні кеште штурмовиктер - бүл нацистердің армиясы рейхскеңсе ғимаратының алдынан салтанатты шерумен жүріп өтеді.
Терезелердің бірінен Гинденбург, екіншісінен Гитлер қарап түр.
Фельдмаршал еріксіз музыканың ырғағымен таяғын еденге тық-тық
ұрады. Ал Гитлер жеттім бе, жетпедім бе деген адамша құты қашып,
дірілдеп, сабыр сақтауға тырысып, терезеге бір келіп, бір кетеді.
Бірақ қанша білдіргісі келмегенмен, жүрегі "ой хой дүние!" деп алып
ұшып түр еді. Зигфридтің семсері осылай шабады!
Демек, процестің нəтижесі күні бұрын шешіліпті. Оскар мұны күні
бұрын болжамады ма? Қарсыластарының бұған қазбақ болған көрі
жеңіспен аяқталатын болды; байлардың зұлымдығы масқара болды,
жолы болғыш жігіттің дарыны жеңіп шықты.
Процеске дейін бір аптадай ғана уақыт қалған. Қуанышты күтумен
өтетін осы аптада Оскар ылғи өзі жалтарып келген бір шаруаны
реттеп алуға тиіс. Алоизбен сөйлесу керек. Алоиз процесте куə ретінде
сөйлеуге тиіс, қарсыластар осыны қалап отыр. Егер оны жақсылап
тұрып дайындамасаң, анадай мінезімен дүниенің бəрін бүлдіруі
мүмкін. Оған адвокаттар арқылы нұсқау беруден нəтиже шықпайды одан бетер қасарысып қалады. Оскар бұл жұмысты да өз мойнына
алуға мəжбүр.
Алоиз жазғы демалыс кезінде Мюнхенде армансыз тынықты. Туған
жерінің топырағын басу бойына жаңа күш- қуат құйды. Ол күз демей,
қыс демей досына деген махаббатын отанына деген сүйіспеншілікпен
ұштастыра білді. Ол ақшаның бетіне қараған жоқ, қолы қалт еткенде ең
болмаса бір түнге болса да Мюнхенге тартып отырды. Онда мұны
Габельсбергерштрасседегі пəтері, күтуші Кати, ескі шапаны мен
жұлығы шыққан туфлиі сағына күтіп түратын. Əрине, мұндай асығыс
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 13
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.