Latin Common Turkic

Ағайынды Лаутензак - 14

Total number of words is 4269
Total number of unique words is 2219
33.4 of words are in the 2000 most common words
47.9 of words are in the 5000 most common words
56.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
емес, нақ осы болашақты болжауды, көріпкелдікті алаяқтық деп біледі.
Əрине, өлгендердің аруағын шақыру жəне болашақты болжау
Оскардың ойына да келген жоқ. Бірақ барша əлемге өзінің
телепатиялық өнерін көрсетіп қалу үшін, сот мінберін пайдаланып
қалу секілді тамаша мүмкіндіктен бас тартпады. Оның адвокаты Оскар
Лаутензактың мінез-құлқы, бойына даналық ұялаған кезде, оның
еркіне байланысты еместігін мəлімдеді. Тірілер мен өлілер туралы ой
пайда бола ма, жоқ па, өткендегі, қазіргі немесе болашақтағы оқиғалар
туралы айта ма, жоқ па - ол оны күні бұрын айта алмайды. Ең дарынды
деген композитордың өзі белгілі мəтінге құрылған əуен қашан жəне
қай жерде тұратынын тап басып айта алмайды. Бірақ бойындағы
құпия күш оянған кезде, маэстро өлгендердің ойын жеткізе білген, ал
кейін оның айтқандарының бəрі дұрыс болып шығып отырған.
Сенімсіздеу сылтаумен сот алдында оз өнерін көрсетуге алдын ала
тыйым салудың мəні жоқ дегенді айтты.
Судьялар адвокаттың дəлелдерімен келісті жəне Оскардың өз өнерін
көрсетуіне рұқсат етті.
Оскар қуана бір тыныс алды. Енді ол қалаған нəрсесіне қол жеткізді бүл оның өміріндегі керемет мүмкіндік. Енді оған осы залға
жиылғандар ғана емес, бүкіл əлем, бүкіл планета қарап отыр. Табыс
өзінің біліктілігіне ғана байланысты. Осы ой оның ерік-жігерін он
еселеп арттыра түсті, қанағаттандырды. Оған айналасындағы
адамдардың жаны мен қаны мүлдем ғайып болып, дененің бəрі
əйнектей мөлдір жəне сана сезімді кітапқа қарағандай оқи алатындай
көрінді.
Ол өзінің тəжірибелеріне кірісті. Ең қарапайымдарынан бастады.
Судьялардың жəне қарсы жақтың адвокатының залдағылардың ішінен
екі-үш адамды таңдап алуларын сұрады, олар ішіне сұрақтар жазып,
аузы желімделген конверттерді бұған беріп тұрулары керек, ал бұл
сосын конверттерді ашпастан оларға жауап беретін болды. Оның
батылдығы мен сенімділігі өзгелерге бірден эсер етті. Енді ол ілгері
кетті. Судья мен қарсы жақ адвокатының бірнеше адамды көрсетуін
қайта өтінді жəне олардың ойларын оқып берді. Ол сахнадағыдай асыр
салды, серіктестерімен бірге ойын көрсетті, ойларын тапты,
иландырды. Ара-тұра: "Дұрыс па? Дұрыс па?" - деп сұрап отырды жəне
дұрыс емес деп жауап бере қоятын адам табылмады.
Осының бəрі айдың, күннің аманында, берлиндік сот залдарының
бірінде өтіп жатты. Əбігерсіз жұмыс істеп тұрған осы бір жанға
мыңдаған адам барған сайын қызыға қарады. Бəрі де көз алдарында
болған жағдай: біреу хатты оқиды. Бірақ ол хатты емес, сұраққа
жығылған адамның миына жазылған нəрсені оқиды; алайда əлгі адам
ақ қағазға жазылған хат алдында жатқандай қылып оқиды.
Таңқаларлық құбылысқа берілген көрермендер мен судьялар оған
қызыға қарайды, тіпті олар мұның іске қатысы жоқтығын ұмытып
кетті. Паульдің адвокаты бірнеше рет ескерту жасауға талпынып көріп
еді, оны ешкім елемеді, оны сөйлетпей қойды десе де болады. "Дұрыс
па? Дұрыс па?" - деп сұрайды Оскар Лаутензак жəне тағы да
мақұлдаған жауап алады. Жұрт əр жолы театрдағыдай дүркірете қол
шапалақтауға сəл қалып отыр.
Осының бəріне қайран қалған Гансйорг ағасының ұлылығына
сүйсіне қарайды. Оскар қазір жұртқа жағалай ішкізе бастаған сусынды
ол өзі əр алуан қитырқұлықпен əзірлеген болатын. Осы триумфқа
себеп болған сенімді ол өзі дайындаған-ды. Бірақ Оскардың көрсеткен
хикметтері əзірленген өнерден де асып түсті жəне актерлық əсерден
ада еді. Оскардан тараған ток басқа қуат көздерінен, "анасының
анасынан түпсіз, тұңғиық сулардан" тарап жатты. Гансйорг ағасын тап
өзін білгендей біледі. Ол оның осал жақтарына жек көре қарайды. Ол
Оскардың шектен шыққан мансапқорлығын, тойымсыздығын,
жалқаулығын, еріншектігін, кісі күлерлік ындынын жақсы біледі; ал
қазір осы адамның кесек келбетіне қарай отырып, Гансйорг өзінің
ағасына деген сыни көзқарасының, жеккөрінішінің мақтанышқа
айналып бара жатқанын сезді. Ол ағасының бала кезден бастап-ақ
айналасындағыларды - ата-анасын, мұғалімдерді, əйелдерді, мұның
өзін неліктен еліктіріп əкететінін түсінді; жəне ол, Гансйорг,
басқалармен бірге өзінің де елігіп отырғанын енді байқады, ағасының,
осы бір ұлы адамның еркіне бағына бастады, оны іштей мақтаныш
тұтты. Оскардың кереметтеріне тіпті Паульдің өзі де бей- жай қарай
алмады. Ол оған бар ынтасын сала қарады жəне өзінің де
қарсыласының эксперимент сəтті аяқталуын тілейтінін сезді. Иə,
жасампаз Пауль ендігі жерде залдағылардың бəріне Лаутензактың
сенімділігі жұғатынын білді. Олардың əрқайсысы Лаутензактың бір
бөлігі сияқты көрінді жəне эксперимент ойдағыдай болып шықса, оны
олар өз табыстарындай қабылдады. Бүкіл зал, тіпті қарсыластары да
оған табыс тіледі. Бəрі де күнделікті күйбеңнен кетіп, қалыптан тыс
кереметтің болуын күтеді екен, сондықтан бəрі де сол кереметтің іске
асуын аңсады.
Бақытқа кенелген Оскар жұмысын жалғастыра берді. Қатысушылар,
скептиктік Берлиннің ешнəрсеге сенбейтін тұрғындары көріпкелдің
шырмауынан аяғына дейін шыға алмады, олар оған қызыға əрі
қорқынышпен қарады жəне одан жаңа кереметтер күтті.
Бəрі де көрсетілімнің тез аяқталып қалғанына өкінді. Оскар көздеген
мақсатына жетті. Тілшілер дүниенің төрт бұрышына: "Оскар
Лаутензактың көріпкелдігі алаяқтық емес, оны герман соты дəлелдеді"
- деген хабар таратып жатты.
Өзінің шешімін дəлелдермен түсіндіре келе сот: талапкер Оскар
Лаутензак айыптаушы Пауль Крамер жоққа шығармақ болған
қабілеттілігіне көзімізді жеткізді. Крамер ең жоғары жазаға - он мың
марка айыппұлға жəне бір жыл түрмеге қамауға кесілді деп
жариялады. Жарқ-жұрқ еткен киноаппараттардың, бір топ
репортерлардың, ду қол шапалақтап қарсы алған, таңданысқан,
сескенген, мақтан тұтқан көрермендердің ортасында жаңа германдық
рухтың жаршысы Оскар Лаутензак сот ғимаратынан Берлин қаласына
шығатын басқышта тұрды.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ЗОФИЕНБУРГ
Процестен кейінгі күндерде Оскар төтеннен келген бақыттан қайда
сыярын білмей жүрді. Осының бəрін аярлықпен ойлап тапқан Ильза
Кадерайт тіпті процестің аяғын күтпей кетіп қалды. Ол Берлиннен
ғайып болды, алыс жерлердің бірінде жиһангер болып жүр, ол өзінің
даналығын біржолата мойындатқан Оскармен кездесуден қашады.
Оскар сот шешімі қалай жəне неліктен шығарылғанын жақсы білсе
де, ол бұдан былай өзінің даналығын тағдырдың өзі, рух дəлелдеп
берді деп есептеді. Оған жаратылыстан тыс күш дарығаны тайға таңба
басқандай етіп жазылып, мөрмен бекітілді. Кетеге тəжірибе жасамақ
болып отырып масқара сəтсіздікке ұшыраған кеш санадан сызылды.
Гравличектің тақуалық сынын ол енді қыстырмайды да: секемшіл
богемдік бекер-ақ əуре болған екен. Ал Тиршенройт – құдайым - ау
оның мұны пайдаланатын мүмкіндігі болды ғой, бірақ пайдаланбады,
енді өз обалы өзіне. Оскар өзін-өзі тексеріп көреді: Жоқ, жоқ, оның
кесек келбетіндегі күмəнді ойдан із қалмаған. Сенбестердің қарсылығы
теріске шықты. Тағдыр өз кесімін айтты, ол қалаулыға айналды.
Ұлылық үшін туғандықтан ғана бақытсыз болып жүрген адамдар
бар. Бүл олардың санына жатпайды. Оған ішкі ұлылықты сыртқы
тұрпатпен ұштастыру жазылған, сондықтан өз бақытының рахатын
көруді мақсат етеді. Бірен-саран адамдар ғана бақытты бола біледі;
рахаттанудың шаттығы ұшпалы нəрсе - бірнеше сағаттан соң
айырылып қалуың мүмкін. Оскар болса одан апталар бойы
айрылыспаудың əдісін де, күшін біледі. Көпшілікке оның өнерінен гөрі
сөзі қатты эсер етті, ол өнердің мəнін он есе аспандата түсті. Егер
фюрер жұртқа көрінуімен - ақ көпшіліктің мақтанышына бөленсе,
Оскар көрінсе жұрттың зəресі кетеді; оның есімінің өзі бір көлеңкелі,
қараңғы, жаратылыстан тыс құбылысты елестете бастайды. Əсіресе
оның маңына əйелдер үйірсек келеді, ол жұтқан ауаны бірге
жұтқанына мəз, бір қарағанына бақытты олар. Ол жаңа ортаның, жаңа
əлемнің пайғамбарына айналды.
Ол оз жетістігіне разы. Бақыт оның басына кездейсоқ қонған жоқ, ол
оны тағдырдан тартып алды, өзі қолдан жасады.
Оскар "Германия жұлдызы" журналы үшін бақыт туралы мақала
жазды. Бақыт деген сыртқы жағдайларға тəуелді емес, деп дəлелдеді
ол, бақыт - ішкі қасиет. Бір рет жарқ етіп көрінген жұлдыздан айрылып
қалмау үшін, ғаламат күш-жігер қажет, ол тіпті көрінбей кетсе де
соңынан қалмау керек. Ол hybris үшін, дөрекілік үшін, көнелердің пікірі
бойынша ажалды пенденің басына кек шақырады. Жəне германдық
адам мен ерте дүние адамының арасындағы айырмашылық осында
ғана, неміс ержүрек, ол тағдырдан қорықпайды, ол бір ғана құдайды өзінің кеудесінде жатқан құдайды ғана мойындайды, ол бір ғана дінді өзіне-өзі сену, өз күшіне сену, өз жұлдызына сену дінін ғана
мойындайды.
Ол салтанаттың қапаста қайсар əнін осылай шарықтатты. Ол өзінің
құдіреттілігінің шырқау биігінде тұрғанын сезді. Бұл жаңа Оскар
Лаутензак еді; жуырда ғана өзінің масқаралығы мен банкроттығын
сыраға тоғытпақ болған Оскар бұл емес.
"Колумбия" үйіндегі өз кабинетінде отырған Манфред Проэль
буфеттен қарапайым тамақ əкеліп, столына қоюды жəне жарты
сағаттай мазаламауды бұйырды. Ол алдына қойған міндеттерді тағы
да бір рет оңашада ойланып алып, бір шешімге келуі керек.
Мəселе мынада болатын: Германияның бұрынғы əміршілері,
Гинденбургтың айналасындағы тобыр, "ақсүйектер" партияға жанжағы жүз жерден шектелген билікті беріп, маңызды орындарды
өздеріне алып қалып отыр. Партия үшін бүл күтпеген жаңалық болған
жоқ, бұл бұғауды сыпырып тастау үшін партия көптен бері өзінің
күшін топтастырып отырған болатын. Сол жақтан мемлекеттік
төңкеріс жасаған болып, сосын оны басу үшін төтенше өкілетті өкіл
талап ету ойластырылған. Бүл нацистердің əдеп сақтай отырып-ақ,
өздерінің шексіз билігін орнатуына мүмкіндік берген болар еді.
Осындай "большевиктік қастандықты" ойлап табуды фюрер
Манфред Проэльге тапсырған болатын. Солшыл бүлікті алғашқы
"дабылдан" кейін-ақ жатырында "тұншықтыру" керек екендігі өзіненөзі түсінікті. Алайда ондай "дабылдар" адам сенерліктей болуы қажет.
Проэль аузына бір турам етті салып жіберіп, тамақ жеп отырғанын
сезбестен шайнай бастайды. Ұсынылған "дабылдардың" ішінде бұлар
үшеуіне тоқтаған-ды. Біріншіден, қызылдар Гитлердің өміріне
қастандық жасауы мүмкін еді. Екіншіден, Мюнхендегі "Қоңыр үйді"
жару. Үшіншіден, осында, Берлинде, отырып-ақ отпен "дабыл" қағуға:
мəселен, биржа, рейхстаг немесе арсенал секілді қоғамдық
ғимараттардың біреуін өртеп жіберуге болады.
Міне, үш күн өтті, ал Проэль орнынан жылжыр емес. Əдеттегі
жинақылығына қарама-қарсы, ол біржола шешім қабылдауға асығар
емес. Қайсысы сəтті болады - Адольфқа қастандық жасау ма,
Мюнхендегі үйді қопару ма əлде Берлиндегі өрт алдын ала айту қиын,
бəрі де кездейсоқтыққа байланысты. Үш "дабылдың" үшеуі де ақылға
қонымсыз, бірақ болуы мүмкін, бəлкім тіпті, өзінің осындай ақылға
сыйымсыздығымен халыққа күштірек ықпал етуі мүмкін.
Проэль табағын қалған қуырдағымен қоса ысырып қойып, тəтті
асты - шайқаған кілегей қосқан шоколад тортын алдына жақындатты.
Бір кесегін аузына салып жіберіп, бір жұтым кофемен қоса асқазанына
аттандырды. Ал енді, Манфред, осы бір ақымақтық "дабылды" бір
минутқа ұмыта тұрайық, оларды сайтан алсын, сосын шаршамаған сау
баспен бір шешімге келерміз. Үстел үстінде үйілген газеттер мен
журналдардың қолға ілінген бір санын алады - ол "Германия
жұлдызы" екен. Керегінің өзі де сол болатын. Ол Оскар
Лаутензак - "Бақыттың мəні туралы" деген тақырыпқа көз жүгіртеді.
Жарайды, көрелік бақыттың мəні неде екенін. "Бақыт деген - ... қасиет.
Мен батылдық жағындамын, ол көнелердің пікірі бойынша..." Басқаша
болып жүрмесін! Көнелердің: ақымақтар қашан да табылады деген
пікірі дұрысырақ болып жүрмегей.
Əй, су жұқпастың өзі - ау осы Оскар Лаутензагың! Пəлендей алып
бара жатқан қасиеті жоқ, ештеңе де білмейді, қолынан келер хикметі
тағы жоқ, тек өзіне "мен бəрін білетін киіз кітаппын" деген жарнаманы
жапсырып алып еді - солай болды да шықты.
"Бақыттың мəні туралы" - дейді. Үш "дабылдың" қайсысын таңдау
керек? Ол бақыттың мəні емес пе? Бақыт
- қасиет. Жаман естілмейді, бірақ, жақсылап ойланған адамға
- терең мағыналы сандырақ қана, түк те емес. Алайда жағдайлар да
болады, болады. Мəселен, "дабыл" туралы мəселені қалай шешер едің?
Бүл жерде ақыл, сана дəрменсіз. Үш "дабылдың" əрқайсысын дұрыс
дейтін қанша дəлел болса, бұрыс дейтін сонша себептер бар. Иə, кейде
Манфред Проэльдің өзі ақылдың көмегімен ештеңе шығара алмай,
балалық инстингке ерік беретін кездер болады. Бірақ, өкінішке орай,
бұл жолы инстинг те судағы балық секілді үн-түнсіз.
"Бақыттың мəні туралы" - дейді-ау. Қымбатқа түсетін көріпкел
секілді ысырапшылдыққа партия неліктен жол беріп отыр? Оның
кəсіптік мамандығының мəні де осында - ол үндемес инстинкті оята
біледі. Проэль бұған өзі де куə болған жəне достары да талай рет бұған
айтып келген болатын - Лаутензак өзінің эксперименттері кезінде
бұлардың бұлыңғыр ғана сезетін, бірақ сөзбен жеткізе алмайтын
нəрселерінен керегін алып отырған. Егер осы Лаутензактан сұраса
қалай болар екен? Мұнымен, Проэльдің өзімен шұғылданып көрсін де
инстингке қамшы бассын. Сонымен, шешілді. Тұңғиық тереңге,
аналарыңның анасына тура тарт!
Проэль Оскар Лаутензакқа кешкі асты соныкінде ішетін ниеті
барын хабарлады.
Штаб бастығы көңілді болып көрінгісі келгенмен, ішінде есек өліп
жатыр еді. Ол ірі ойынды ұнататын. Ал мынау нағыз ірі, батыл ойын
болатын. Осындай аса маңызды мəселені, бəлкім тіпті, партия
тағдырын шешу жеңілісті білмейтін дегенбургтік көріпкелдің аузынан
шыққан бір ғана сөзге тəуелді болып түр.
Оскар штаб бастығымен алғаш рет оңаша қалып отыр. Ол Проэльдің
ойланбастан көп сөйлейтін сандырағының артында жасқаншақтық,
жүйкені шаршататын шамырқану тұрғанын сезді, оған кеңес
сұрағандардың бəрі осы солқылдақтығын байқаса да, байқамағансып
жуып-шайып кетуге тырысатын. Оскардың өзі де тебіреніп отыр. Ол
өзінің күшін нақ осы құдіретті əрі қауіпті адамға көрсетуге ынтық
болып жүрген-ді.
- Менің ойымша, қымбаттым, - деп сөз бастады Проэль кешкі астан
кейін, - сіздің ішкі үніңіз менің неге келгенімді сізге сыбырлап та
қойған шығар. Партия тағы да тəуекелге бас тіккелі отыр, əңгіме
ауқымы үлкен. Манфред Проэль не істеді дейсіз ғой? Ол бірден біздің
құрметті Калхасқа тартты, енді сол тағдыр тереңіне сүңгуді ұсынады.
Штаб бастығының алыстан басталған сөзінің түйінін ұқты Оскар.
Мына адам өзінен-өзі келіп қолға түсті, бұдан артық сəт болар ма!
Ол Оскардың алдында құдды бір дəрігерден көмек сұраған сырқат
секілді. Ол өзіне бағдар бола алатын сөз сұрағалы келіп отыр.
- Егер қажет деп тапсаңыз, - деп сыпайы жауап берді Оскар, - мен
сізбен қуана отырып сеанс өткізер едім.
- Бір ондыққа тигіздім дей беріңіз, - деді Проэль, - менің де күтіп
отырғаным осы болатын. Маған тереңірек үңіліңізші. Менің интуициям
оңбай жүр. Бəлкім сіздің қолыңыздан келетін шығар, ішімде жатқан
нəрсені сыртқа шығарыңызшы.
- Қолымнан келеді деп ойлаймын, - деп жауап берді Оскар жəне
өзінің міз бақпайтын көкшіл көздерін қонағына жебедей қадады. Оның
мынадай қыс ортасында да кетпей жүрген күнге күйген ірі бет əлпеті
кеңседен шықпайтын сұхбаттасының шикі өкпедей бозғылт жүзімен
үйлесіңкіремейді.
- Бірақ ескертіп қояйын, - деп сөзін жалғастырды ол, - қатты ұйқыға
бату кейде қауіпсіз де емес.
- Сонша қорқынышты емес шығар, - деп жауап берді Проэль өзінің
топсасы босаған есіктей сықырлақ үнімен. - Қорқыта бермей, бастап
жіберіңіз, пайғамбарым. Валяйте "демоныңызға" ерттемей мініңіз.
- Бастайын, штаб бастығы мырза, - деп жауап берді Оскар.
Бұл адам неғұрлым батылданған сайын, оның соғұрлым сорлап
жүргені байқалды жəне Оскардың сенімі соғұрлым нығая түсті.
- Өзіңізді еркін ұстауға тырысыңыз, - деді ол Проэльге.
- Еркін сезініңіз, түйілмеңіз, қарсыласпаңыз.
- Немене? - деп таң қалды Проэль. - Ал əлгі құпия кабинетіңіз қайда?
Кристалыңыз қайда? Осылай, салған жерден бастай бермексіз бе?
Поштаның терезесінен жауап бергендей айта салмақсыз ба?
- Мен бүгін құр атқа мінгендеймін, - деп жауап берді Оскар. - Маған
қосымша көмекші құралдардың қажеті жоқ.
- Ол қонаққа қадала қараумен болды.
- Тым болмаса аздаған бұлтаққа салу керек қой, - деді Проэль
беталды сөйлеген болып, - əйтпесе сізге кім сенеді?
- Қолыңызды беріңіз, - деді Оскар жауап орнына.
- Мінеки, егер сізге қандай да бір көмегі тиетін болса, - деді де,
Проэль өзінің топ-толық, аппақ алақанын Оскардың күректей
алақанына салды.
Ол əлі сандалып отырған, бірақ Оскар енді оны тыңдаған жоқ.
Ақыры, Проэль де аузын жапты. Оскар оған көз алмай қарады жəне
оның қараған көзінен, ұстаған қолынан Проэльдің бойына бір ғажайып
толқын тарады. Ол өзін матап, өзіне тартып барады. Тартады да кері
тебеді. Ол балбыратып ұйықтатып барады. Қорғануға мəжбүр ететін
жылымшы жаман нəрсе, бірақ күштірек эсер еткенін қалайды жаның.
Оскардың қолын ұстап тұр, бірақ көзбен арбағанын қойған жоқ,
қармаққа түскен балықтай қылды. Бір-біріне жабысып қалғандай.
Оскар күтіп отыр. Жəне күткен кереметі жақындап келеді, міне келіп
те қалды. Оған матаның жыртылғанындай дыбыс естілді, өзін
қоршаған заттар зым-зия жоғалыпты, өңінде тірі жанның белгісі жоқ,
салбыраған жағы ғана қалыпты. Ол Проэльдің қолын қоя берді. Өзінен
тыс кеңістікке шыққанын сезді. Ол "көре" бастады.
Бірақ оның көргені əрі азапты, əрі қуанышты нəрсе, ол өзі мен
Проэль есімді адамның арасындағы аспа көпір тəрізді.
Оскар Лаутензак бала кезінен-ақ отты жақсы көретін. Кішкентай
кезінің өзінде дегенбургтіктер айтпақшы "отпен ойнайтын". Өзінің
мектептес достарымен бірге император Нерон болып ойнағанды,
Римнің "өртенгенін" ұнататын. Кейбір үйлердің қабырғасына, қала
маңындағы жерлерге ұрлап алған қара бояумен "Рим" деген сөзді
жазып қоятын. Сонан кейін қираған диірменді өртеп жіберді; ол, Оскар,
скрипкасын алып, сатыға шығатын да, жан-жағын жалмап жатқан отқа
қарап тұрып: "Жүрегім менің араның үясындай..." - деп əндететін.
Сөйтіп жүріп үйді өртеп жібере жаздаған, абырой болғанда, жанжақтан жүгірген адамдар өртті дер кезінде өшірді. Гансйорг жақсылап
сыбағасын алды. Сол кездің өзінде-ақ бүл баланың ойынынан гөрі
қомақтылау нəрсе еді, ал кейінше Оскар от қоймаса жүре алмайтын
нағыз сотқар болып алды. Егер бір жерде өрт басталатын болса, оны
жақыннан барып көру үшін, қандай жолдан болмасын өтуге пейіл
болатын. Ол əрқашан жалынға құмарта қарайтын. Жуырда, осы таяуда
ғана ол Сесиль де Мильдің Римнің от - жалынға оранғанын
бейнелейтін фильмін екі рет көрді. Оны үшінші рет барып көрмек
болып жүрген болатын. Оның отқа құмарлығы немістік құмарлық еді.
"Жалындай бер, отты алау". Вагнердің жазғандарының ішіндегі ең
күштісі де отқа арналған гимн болатын.
Ол өзінің партиялас əріптесі Проэльдің ішкі жан дүниесінен
алаулаған жалынды көргенде қуаныштан шошып кеткені сондықтан.
Оның тұла бойы өртеніп барады екен, оның миында да өрттің суреті.
Алдында Оскар кішкентай ғана оттарды көрген.
- От, - деді ол өз еркінен тыс естірте сөйлеп əрі одан өзі лəззат
алғандай; бірақ əлгі кішкентай оттар ұлғая келе қызыл тілдерін
сумаңдатып билей бастады, аспанға шапшып, өрт теңізіне айналды.
Асықпай, астарлы сөздерін іздей отырып, ол Проэльге көрген
нəрсесін айтып берді.
- Жаман емес, жаман емес, - деп қайталай берді Проэль.
Оның əдеттегі жымысқы, ойнақы сөздерін айтуға мұршасы келмей,
таңдайы кеуіп қалды. Өрт қою жобасын бірнеше адам ғана білетін.
Жобаның өзі де əлі жасалып бітпеген, өрт қою туралы ыммен,
емеурінмен ғана сөйлесіп жүрген. "Егер большевиктік көтеріліс бұрқ
ете қалар болса,
- деген-ді бірде ойлана отырып, партия басшыларының бірі,
- онда ұлттық социалистер ондай өртті дереу өшіруге мүмкіндік
алар еді. "Өрттің бұрқ ете қалуы үшін, - деді ойлана отырып, Герман
деген жуан, - бір тал сіріңкенің шиі де жетіп жатыр. Əлі жабулы қазан
жабулы қалпында тұрған, оны ағайынды Лаутензактардың білуі
мүлдем мүмкін емес еді. Бірақ бəрінен қызығы мынада: ол, Проэль егер
дұрыстап ойлап қарасаңыз, əу бастан-ақ болмаған большевиктік
революцияны басуға - дабыл болатын ең қолайлы нəрсе "өрт" деп
қақсаумен келеді: қазір, Лаутензактың сөзінен кейін, оған ешбір күмəн
қалған жоқ. Мына адамның басқаның терең жасырылған уайымы мен
ойына осынша жақындай алуы таң қаларлық нəрсе болатын. Мұнда бір
өте қауіпті, өте жаман, аса қорқынышты жəне сонымен қатар өзіне
тартып тұрған бір күш бар.
- Жаман емес, жаман емес, - деп қайталады Проэль, жарықшақ
даусын сол бəсеңдетіп. - Əрі қарай, əрі қарай, - деп асықтырды ол
Оскарды. Проэль даусын дұрыстап алу үшін, жөтеліп алды. - Жалын от,
- деп сөзін сабақтады од - бүл рəміздік дерлік былайғы сөздер ғой.
Ақыр көрген соң, нақты нəрселерді көрген жақсы. Анықтап
айтыңызшы, кім немесе не өртеніп жатыр? Қайда өртеніп жатыр? Ақ
сөйлеңіз.
- Шыдамсыз екенсіз, - деді Оскар, оны өз сөзінің ырғағымен
келемеждей жаздап. -Егер сіз өзіңізді еркін ұстап, қарсыласпай,
қасарыспай жайбарақат отыратын болсаңыз, менің де жұмысымды
жеңілдетесіз.
Ол қабағын түсіріп, өткір көздерін жұмды. Ішінде "от арбауы" жүріп
жатты. Жəне əлденені іздеген, бəсең үнмен ол сөйлеп кетті.
- Мен көріп тұрмын. Анық коре бастадым. Бір үлкен қоғамдық
ғимарат өртеніп жатыр. Əне, мынау алтын күмбез. Біз оны екеуміз де
білеміз. Ол рейхстаг.
Проэль əдеттегіден ауыр тыныс алды.
- Жаман емес, жаман емес, - деді ол, амалсыз мойындаған адамның
ұсқынымен.
- От кездейсоқ пайда болған жоқ, - деп сөзін жалғастырды Оскар. Бұл қылмысты от, бірақ жақсылық əкелетін, тазартушы от.
- Мүмкін, мүмкін, - деді Проэль. Ол өзін-өзі қолға алып, есін жия
бастады. - Бірақ сіздің баға беруіңіздің маған керегі жоқ, - деп сөзін
келте қайырды ол - Фактілер керек.
- Басқа фактілерді коре алмай отырмын, штаб бастығы мырза, - деді
Оскар шешімді түрде əрі ізетпен. - Баға беру ғана бар.
- Сөзден сүрінбейтін адам екенсіз, - деді Проэль.
Оскар ақырын ғана:
- Дұрыс айтпадым ба? - деп сұрады.
- Мұныңыз жаман шыққан жоқ, - деп келісті Проэль. - Коп рахмет.
Оскар əлдененің байлауын шешкендей маңдайын сипады.
- Мен сіздің қажет нəрсеңізді алғаныңызға қуаныштымын, штаб
бастығы мырза, -деді ол
Олар бір-біріне қарсы отыр. Проэль ойланып қалды, ол Оскардың
жанарынан тайсақтай береді, есер күлкіге салғысы келді. Бірақ ол
қолынан келмейді.
Ол Оскардың есеп айырысуын күтіп отыр. Сомасы аз болмас деп
шамалаған. Солай істегенін қалайтын секілді. Лаутензакқа қарыз
болғысы келмейді.
Бірақ есептесу деген Оскардың ойында да болған жоқ. Ол ақшалай
сый қабылдап, өз көріпкелдігінің құнын түсіргісі келмейді. Ол өзінің
өнерін өнер үшін пайдаланды. Ол өзіндей бай əрі құдіретті адамнан
сый дəмететіндей кедей емес жəне ондай сыйды Проэльдің өзіне
тартқанын мақтан етеді.
Ал Проэль болса Лаутензактың, есеп талап етуін күтті. Бекер күткен
екен. Бүл оның шамына тиді. Мына Лаутензак өзіне жəне ұлттық
социалистік партияға қызмет етті, ə? Манфред Проэль сондай сыйға
зəру ме еді? Ол қызмет ақысын төлегісі келеді, ол өзінің есепшотын
тəртіпті ұстағысы келеді. Бірақ Оскар Лаутензак күрделі неме болса
керек. Жəне, шамасы, жағымсыз адам - ау. Проэль ендігі жерде қай
"дабылды" таңдайтынын біліп алды, онысы жақсы болды. Бірақ
мынадай адамның ішіңе кіріп алып, рентген аппаратымен аралағандай
сайран салуы естір құлақтан ұят. Бөтен адамға жан сарайыңды
аралатып қоятындай, кімнің іші таза, кімнің іші оңып түр дейсің. Жоқ,
жоқ, мұның Проэльге қажеті жоқ... Сезімі өткір, бірақ мына орындыққа
ол, Манфред, енді қайтып отырмас.
Тəрізі, көріпкел ақы алуға шынымен-ақ ықылассыз. Пайғамбар
мырза менмендіктен құралақан емес екен.
- Сонымен, - деді Проэль қоштасарда, - сізге көптен - көп рахмет
айтамыз. Қызметіңізге əзірмін.
Қонақ сонымен жөніне кетті. Содан бері ол Оскар Лаутензактың
жауына айналды.
Сол түні Оскар кеудесін кернеген қуаныш пен мақтаныштан
үйықтай алмады. Əрине, өрт салу туралы шешім Проэльдің миында
жетіліп болған еді. Бірақ Оскар болмаса ол ой жабулы қалпында қала
беруі де мүмкін болатын. Сағат тілін бұрау жəне тарих жолын соған
қарай бағдарлау аз ғана таңдаулы адамдардың ғана маңдайына
жазылған. Бұл теңеу өзіне ұнайды: ол - тағдырдың жол сілтеушісі.
Таңертең оянғанда оны осының бəрін өз тұстарына хабарласам ба
екен деген құмарлық билей бастады, ал дегенбургтік санасы егер
мұны істейтін болсаң, штаб бастығы Проэльмен ара қатынасың
бұзылады деп ескертіп тұрғандай болды.
Бірақ бақсының моласындай жалғыз қалғысы келмеді. Өзінің
бақыты туралы ең болмаса жақын адамдарына айтуға ынтықты.
Кетенің жоғы өкінішті. Ол тумысынан ұстамды адам, бірақ бұл оны да
селт еткізген болар еді. Өзінің сенбестігіне қарамастан, Проэль секілді
суық адамды бағындыру дегеннің не екенін Гансйорг те түсінген
болар еді. Бірақ Гансйорг Берлинде емес. Балақтай тауға кеткен, ол
рейхспрессешеф, мемлекеттік кеңесші лауазымына ие болған, ал қазір
іссапармен біраз уақытқа Римге кеткен: тəрізі, ерекше тапсырмамен.
Сенімді адамдардан тек Алоиз қалады.
Ал Алоизбен процестен кейін сөйлесу тағы да қиын. Рас, оны, маман
ретінде Оскардың сот залында сөйлеген сөзі, "қырғын" номері таң
қалдырды жəне содан бері өз досының қабілетіне құлай берілетін
болды. Бірақ Оскардың күдігі оның қытығына тиді, өзінің досы үшін
жалған ант беруі де Алоиздың жанын жегідей жейді. Ол бұрынғыдан
бетер ұрысқақ болып алды, əсіресе саясат туралы əңгіме болса, безе
қашады. Сондықтан Проэльмен кездесу туралы əңгіменің немен
аяқталатынын Оскар күні бұрын білді.
Дегенмен, Алоизбен сөйлескісі келді. Бірақ, бəрі де Оскардың
ойлағанындай болып шықты.
- Саясатыңмен қоса құры, алға баспайтын көк есек, - деді ол бар
болғаны. Тағдырдың жол сілтеуші болғысы келген Оскарға берген
бағасы осы ғана.
Дегенмен, іштегі қуанышын біреумен бөлісу үшін, ол тігінші
Альмаға барды. Ол қазір тамаша тұрмыс құрып жүрген-ді. Берлиндегі
Оскар орналастырған ателье гүлденіп тұрған болатын. Оның əлі де
болса айына бір-екі рет келіп түратын досына деген алғысы өлшеусіз
еді.
Өзінің жеңісі туралы хикаясын Оскар соған айтты. Сырттай
қарағанда, алдыңғы сапта басқалар жүргендей көрінгенмен, іс жүзінде
бағыт-бағдар мұның қолында жəне партия мен мемлекеттің өмірі оған
тікелей байланысты екен. Оскар Проэльмен бірге ойластырған
ғаламат жоспар туралы, өрт туралы, дабыл туралы, дұшпанның
талқандалатыны туралы айтты. Ол бөлмеде кезіп жүріп бəрін айтып
шықты. Альма зейін сала тыңдады, оның ұлылығына мақтана отырып,
сондай ауыртпалықты жалғыз өзі арқалап жүргеніне аяныш білдірді,
бетегеден биік, жусаннан аласа əрі инабатты бола білді - Оскар оның
тап осы қылығын ұнатады. Ол оны өте қадірлейтін. Əрине, оны
ақсүйек деуге болмас, бірақ Гетенің өмір бойы елеусіз əйелдерді артық
көргені тегін емес шығар.
Тігінші Альманы көз бояушы Калиостро да бағалайтын. Ол
қойылымға барар алдында оған жиі барып түратын. Оның
айналасындағылардың
бəрі
асықпайтын
жүріс-тұрысы,
ауылдағыларша еркін сөйлеуі Алоиздың туған жерін еске түсіретін.
Қыз оның алдына сыра, шұжық, шалқан қоятын, ал о л Оскар туралы
əңгіме соғады. Алоиз Мюнхенге келгенде "Францисканец"
мейрамханада көк ала түтіннің арасында бір саптыаяқ сыра ішіп, ауыр
тірлігіне налыс айтуға қалай үйренсе, бұған да солай үйренген.
Оскар Проэль, алапат от туралы əңгіме айтқаннан бері Алоиз өзінің
досын жақтырмайтын болып алды. Оскардың нацистік саясатқа
тереңдей түскені оның жынын келтіреді, осының бəрі баскесер, малғұн
Гансйоргтың ісі екенін ол жақсы түсінеді. Оны еске алғанда сыраның
ақ көбігін аптыға ұрттап, оны күректей алақанымен бір сипап тастап,
шалқанды алтын тісін ақсита отырып соғатын.
- Сөзіме сеніңіз фрейлейн Альма, - дейді ол, - Оскардың саясатпен
шатысуы бекер-ақ, ол одан сайтанның сапалағын да түсінбейді.
Суреткер партиядан жоғары тұрса керек, оны ол менен артық біледі.
Бірақ əлгі соттан кейін сөйлесу мүмкін болмай қалды. Өзінен-өзі
бұртиып жүр, өзін бəрінен ақылдымын деп ойлайтын болса керек.
Маған сеніңіз, нацистермен шатысу - барып тұрған ақымақтық. Мен
Оскардың орнында болсам, ондай оңбаған баскесерлермен
байланыспас едім. Олардың жүріс-тұрыстары күдікті.
- Сіз ылғи көлеңкелі жақты көресіз, Алоиз мырза, - деп жауап берді
Альма, сырадан бір ұрттап қойып. - Мамандығыңыз сондай ғой.
Алоиз оған жабырқай қарады, бірақ көзқарасы біртіндеп жылы
ұшырай берді. Альма əйелге тəн əдемілігімен жайбарақат отыр. Ол
саптыаяғын қолына алды да сырасын бірден ішіп салды. Кенет
үстелдің үстіне қойған ақсұрлау саптыаяқ қарайып шыға келді.
- Міне, көрдіңіз бе, фрейлейн Альма, - деді ол, - басқа адамдарда да
қабілет бар.
- Мəселен, сізде, Алоиз мырза, - деп қостады оны тігінші Альма.
Сосын Алоиз тағы да күңкілдей бастады. Ол, əрине, өзінің Оскармен
достығын мақтан ететін, бірақ қызғаныштан да cay емес еді. Əсіресе,
мəселен, Альманың сол бір мақтаншақ мақұлықты жерге сыйғызбай
мақтағанын көргенде, терең өкінішке бататын.
- Саясат жаныңды жейді, - деп ашулана мəлімдеді ол, - саясат
адамның өзін бұзады. Əйтсе де, өзінің болмысы жағынан алғанда
Оскар онсыз да оңып тұрған жоқ. Ол -айналасындағыларды рухани
жағынан тонайтын оңбаған. Мəселен, менің сіңірімді шығарды.
- Олай демеңіз, Алоиз мырза, - деп, оны тыйып тастады Альма, - мен
мұндай сөзді əзіліңіз болса да естігім келмейді. - Бірақ Алоиз
қыңырлығынан танбады.
- Көрерсіз əлі, фрейлейн Альма, - деді ол тағы да, өзінің қарлыққан
даусымен. - Сізге де кезек келеді, сеніңіз маған, Оскар сізді де опынтып
кетеді. Ол адамның қанын сорып алады, ал сорып болған соң, итке
тастай салады. Сақтаныңыз, күндердің күнінде сізді де шұжықтың
қабығындай қылып тастай салады.
Бірақ енді Альма шындап ашуланайын деді. Қонағына үйден тайып
тұрыңыз деуге таяу қалды. Алоиз оны əрең дегенде əзер жұбатты.
Зофиенбург замогының құрылысы аяқталды. Оскар оған Кетемен
бірге көшіп барғысы келген. Бірақ ол Лигництен əлі оралған жоқ;
əкемнің жағдайы қайтуыма мүмкіндік бермей жүр деп жазыпты ол
хатында. Гансйорг та Берлинге оралған жоқ. Ал Оскар одан артық күте
алмаған соң, Зофиенбургқа жалғыз көшіп алды.
Ол сəн-салтанаттан, шалқыған байлықтан қашпайтын адам еді,
сондықтан салтанатты көшіп баруын кішігірім тойға айналдырды.
Үй өзінің үйлесімді фасадымен əсіресе көл жағынан əдемі көрінетін
болғандықтан, Оскар өзін ешкім көрмейтін көл жағасына аттанды.
Онда мұны яхтасы күтіп тұрған болатын, желмен жарысқан яхта оны
көктемгі күннің шуағына алды да жоғалды. Қайық мүйісті айналып
өтті. Мүйіс жақтан зəулім үйі мен мұндалап тұр. Қарапайым əрі сəнсалтанатты замок шағын жарты аралдағы төбенің үстіне орналасқан,
жаңадан салынған сəнді үй ескі ғимаратпен жарасымды жымдасыпты.
Оскар екі жақтағы кіреберістің ортасындағы басқыштармен жоғары
көтерілді. Мұнда оны қызметшісі Əли күтіп отыр екен. Қос қанатты
қапсырмалы есік ашылды да, Оскар төменгі қабаттың басым бөлігін
алып жатқан холға кірді. Бұл айналасы атшаптырым салтанатты
бөлме болатын. Қабырғаларды жағалай мысырлық жəне халдейлік
кескіндемелер салынған фриз.
Ортадағы бос тұрған алаң (цоколь) холды біртүрлі жалаңаштап
тұрғандай. Оскар жымия күлді. Келушілер бүл не қылған бос тұрған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Лаутензак - 15
  • Parts
  • Ағайынды Лаутензак - 01
    Total number of words is 4237
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 02
    Total number of words is 4204
    Total number of unique words is 2152
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 03
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2130
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2226
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 05
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2214
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 06
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2188
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 07
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2186
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 08
    Total number of words is 4264
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 09
    Total number of words is 4189
    Total number of unique words is 2194
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 10
    Total number of words is 4346
    Total number of unique words is 2213
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 11
    Total number of words is 4338
    Total number of unique words is 2128
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 12
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2261
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 13
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2217
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 14
    Total number of words is 4269
    Total number of unique words is 2219
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 15
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2203
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 16
    Total number of words is 4388
    Total number of unique words is 2176
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 17
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2111
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 18
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2121
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 19
    Total number of words is 4430
    Total number of unique words is 2103
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 20
    Total number of words is 4444
    Total number of unique words is 2095
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Лаутензак - 21
    Total number of words is 3947
    Total number of unique words is 1897
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.