Latin Common Turkic

Мартин Иден - 26

Süzlärneñ gomumi sanı 1408
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 943
42.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
62.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Мартин ұйқыдан бас көтерген жоқ. Таңертеңгі астан кейін қолында журналы, жезлонгыда отырады да қояды, бірақ ешнәрсені ақырына дейін оқып шыққан емес. Көзі талады, меңзең болады, шаршайды. Бұл жұрттың қай-қайдағыны тауып алып, жаза беретінін қайтерсін деп таңырқайды, тағы ұйқыға батады. Сәскелікке шақырған дағыраның даусын естігенде көзін ашып, ұйқысын бұзғанын жаратпай, тыжырына түседі.
Бір күні әбілеттей басып, еңсесін көтертпей жүрген қалың ұйқыдан құтылам ба деп, Мартин матростардың кубригіне түсті. Бірақ олар баяғы өзінің матрос кезіндегісіндей емес, бір түрлі өзгеріп кеткенге ұсады. Өңшең топас, көңілсіз, хайуан іспетті жандар екен, ешқайсысымен тіл тауып шүйіркелесе алған жоқ. Қынжылды. Сонау жоғарыда Мартиннің ешкімге керегі жоқ еді, ал бір кезде жақсы білетін, жақсы көретін осынау өз табына да енді қайта орала алатын емес. Оралып та керегі жоқ. Бірінші кластағы мисыздар сияқты титығына бұлар да тиеді.
Көзін қарытқан адам жарықтан безірейді, сол сияқты Мартин де өмірден безіреген. Жарқ-жұрқ етіп, жүз құбылған жарық дүниеге қарай алмайды. Көзі түйіледі, кесіледі. Шыдатпайды.
Бұл Мартин Иденнің өмірінде тұңғыш рет бірінші класқа отырып, саяхатқа шыққан сапары-ды. Бұрын мұндай зәулім кемемен мұхит жүзуге шыққанда ол не вахтада немесе қара терге шомылып, лаулаған көмір қазанның аузында тұратын. Қайта-қайта люктен басын қылтитып, палубада қаптап жүрген, әсем киінген кісілерге қызыға қараушы еді; жолаушылар серуендеп, өзара әңгіме-дүкен құрысып, әзілдесіп, күлісіп, сеңдей соғылысып жүретін де қоятын. Палубаның үстіне көлеңке үшін керген кенеп қалқа оларды желге-күнге қақтырмайды, жылмаңдаған стюардылар айтқандарының бәрін қалт еткізбейді. Күңірсіген қапырық көмір апаннан шыққан Мартинге осының бәрі жұмақтай көрінуші еді. Ал бүгін өзі капитанның оң жағында, құрметті қонақ дәрежесінде отырғанда, көруге ынтыққан жұрт көз алмай қарап отырғанда ол баяғы кубригі мен көмір қазанын аңсап, нағыз жұмағынан айырылған адамдай енжар отыр. Иә, ол жаңа жұмақ тапқан жоқ, ескі жұмағынан айырылды.
Аз да болса көңіл сергітейін деген оймен ол кеме қызметкерлерінің арасынан да мархабат іздеді. Механиктің көмекшісімен сөйлесті, ол бір зиялы адам екен, салған жерден социалистік насихат айтып, қойны-қонышын социалистік памфлет пен үндеухатқа толтырды. Оның құлшылдық мораль жайлы айтқандарын естігенде Мартиннің ойына бір кезде өзі уағаздаған Ницше философиясы келді. Осының бәрі кімге керек? Қияли Ницшенің бір қияли қағидасы ойына оралды. Сол қағидасына сүйеніп, Ницше әмменің бәріне, тіпті шындықтың өзіне де шәк келтіреді. Бәлкім, Ницшенікі дұрыс та шығар. Мүмкін, шындықтың түбі қисынсыз бірдеме болар. Бірақ Мартиннің миы тез шаршады. Ол креслосына қайтадан жантайып, қалғып бара жатқанына қуанды.
Кемедегісі аздай алдындағы азабы онан да ауыр болатын түрі бар. Кеме Таитиге барғанда не жасауы керек? Қаншама машақат, қандай азап десеңізші. Тауар қарастыру керек, Маркиз аралдарына баратын желкеме табу керек. Анаусы-мынаусы, кәкір-шүкірі тағы бар. Өзін-өзі зорлап, алдағы шаруасы жайлы ойлануға тура келген сайын ол өзіне қандай хауіп төніп келе жатқанын айқын сезеді. Иә, ол қазір Көлеңкелер Аңғарында жүр, ең жаманы көңілінде қорқыныш жоқ. Егер аз да болса қорықса, сескенсе, бәлкім, өмірге қайтып оралар ма еді. Бірақ сектену, сақтану деген жоқ. Сондықтан ол қараңғылыққа қарай кетіп барады. Сүміп барады. Ешнәрсе, тіпті, бір кезде жанындай жақсы көргендері де, жүрегін жібіте алар емес. Мінеки, «Марипозаның» қарсы алдынан көптен таныс солтүстік-шығыс пассаты есті, бір заманда бал шарабындай мас қылатын күбірлеген қоңыр самал бүгін денесін тітірентті. Өткен күндері мен түндерінің мамықтай жұмсақ мейірбан досы еді ғой ол. Қазір инедей тигені несі. Мартин тосын келген осы әулекіден аулақ болайын дегендей отырған орнын ауыстырды.
«Марипоза» тропикке таянған шақта Мартин өзінің өте бақытсыз екенін сезе түскендей еді. Ұйқысы қашты. Бұрын езіліп, тым көп ұйықтай берген ғой, енді көбінесе ояу жүреді, сондықтан көруге көзі шыдамаса да, өмірге, жарық дүниеге қарауға мәжбүр. Палубада безек қағып жүреді де қояды. Ауа дымқыл, тығыз, тымырсық, әрі бұл жақта жиі құйып тұратын нөсер — бәрі қосылып, кең тыныс бермейді. Мартин тіршіліктен безіреді. Кей-кейде қалжырап, дүниеден түңіліп келіп, креслосына құлайды, біраз мүлгіп отырып, тағы тұрады, тағы да ілгері-кейін жүреді. Өзін-өзі қамшылап, бір журналды ақырына дейін оқып шықты, кітапханадан барып екі-үш том өлең алды. Бірақ зейін тоқтатып, оқи алған жоқ. Қайтадан жүріп кетті.
Кешке Мартин каютасына жұрттан соң түсті. Кеш жатқанымен ұйықтай алған жоқ. Жалықтырған өмірден жанын сақтап келген ең соңғы емі де қонбағаны ғой. Шараң болса жасап көр! Шам жағып, кітап алды қолына. Суинберннің томы. Кітап бетін аударып, шолып отырған Мартин бір жеріне қызыққандай болды. Өлеңді аяғына дейін оқып шықты да келесі өлеңге түсті. Оны тастай беріп, жаңағы оқығанына қайта оралды. Кітапты кеудесіне қойып, ойға шомды. Иә! Міне! Тап өзі! Ғажап, бұрын есіне қалай келмеген. Іздегені табылды. Көптен бері қараңғыда қармалап жүріпті. Міне Суинберн ең жақсы жол нұсқады. Тыншу керек. Тыныштық мінеки, қасында тұр. Мартин иллюминаторға қарады. Ол әжептеуір кең, сиымды көрінеді. Көп-көп күндерден бері торығып жүрген жүрегі тұңғыш рет қуанғаннан лүпілдеп қоя берді. Апырай, ауруына ақыры ем табылғаны ма. Кітапты көтеріп, дауыстап оқыды.
Дүние — үміт
Аралап жүріп,
Әркім әрне жоқтайды.
Арман мәңгі,
Жүрек жанды,
Күні жетсе тоқтайды.
Әр тараптан
Сулар аққан
Бір деңгейге құйылар,
Ағын асау,
Теңіз түпсіз
Құйылар да тыйылар.
Мартин иллюминаторға тағы бір көз тастады. Иә, Суинберн құтылар жолын нұсқады. Өмір қажытады екен. Дұрысы, қажытты ғой, төзгісіз, көңілсіз болып кетті.
Арман мәңгі,
Жүрек жанды,
Күні жетсе тоқтайды.
Иә, бұл үшін тәңіріге рақмет. Оның бұ дүниеде бендесіне көрсетер қайырымы осы ғана. Өмір азабы төзбестей болып бара жатса, онан құтылу, мәңгі тыншу табу оңай.
Күтетін нең бар? Күнің жеткен.
Иллюминатордан басын шығарып, Мартин судың сүттей ағараңдап, көпіршіген көбігіне қарады. «Марипоза» тереңдей жүзіп келеді екен, тегі, қолымен жақтаудан ұстап асылса, аяғы суға жететін. Бірақ шалп етпейді. Ешкім естімейді. Бетіне су шашырады. Ерініне тиген тұзды судың дәмін рахаттанып татты. Тіпті, ең соңғы қоштасу өлеңімді жазып кетсем қайтеді, деп ойлады. Бірақ бұл ерсі көрінді. Уақыт та жоқ. Ол тезірек ойына алғанын орындауға асықты.
Сақтық үшін каютаның жарығын сөндіріп, Мартин иллюминатордан әуелі екі аяғын шығарды. Иығы кептеліп қалған еді, бір қолын жанбасына жапсыра басып, салмағымен ырғалды. Сол сәтте толқын соғып, солқ еткен пароходтың екпінімен сытылып сыртқа шыға келген Мартин екі қолымен жақтаудан ұстаған қалпында салақтап асылып тұрды. Созылып суға аяғы тиген кезде қолын жазып жіберді. Ағараңдаған жылы су құшағына ала жөнелді. «Марипоза» қасынан зәулім қара қабырғадай жылжып өтіп барады. Оның әр жерінен жарқыраған иллюминатор үңірейген, дөңгелек қуыс тесік іспетті көрінді Мартинге. Кеме қатты жүзіп келеді екен, ә дегенше Мартин алыстап қала берді. Ол кеме толқытып, шымырлаған мұхит суының бетінде жайымен жүзіп келеді.
Судағы ирелеңдеген ақ денені көре сала бонита да шаншып өткен. Мартин күлді. Денесі шым еткенде ғана суда неге жүргені есіне caп ете түсті. Алғашқы арпалыста негізгі мақсаты ойынан шығып кетсе керек. Алыстап кеткен «Марипозаның» оттары көрінбейді. Мартин осы арадан жүздеген миль жердегі жағалауға жеткісі келгендей әлі жүзіп келеді, жүзіп келеді.
Бұл санадан тыс өмір инстинкті. Мартин жүзбей де қарады. Аузына су толып бара жатса, тағы да тыпырлап, екі қолын ербеңдете түседі. «Өмірге құштарлық»— деп ойлады. Әлдекімді кекеткен адамдай ызғарлана күлді. Иә, оның да қазір бір құштары бар, ақтық күшін аямай жұмсаса өз болмысын өзі қырқуға шамасы жетеді.
Мартин суда тік жүзді. Аспандағы үнсіз жұлдыздарға қарады. Өкпесіндегі демінің бәрін сыртына шығарды. Тез шым батып кету үшін әлуетті қол-аяғымен әуелі қатты бұлқынып, белуарына дейін сорайып судан шықты. Ойы ешбір қимыл жасамай, осы қалпында, ақ мүсіндей тереңге тікесінен батып кету. Ол сүңгіп бара жатқанда, тезірек талықсып кету үшін дәрі иіскейтін ауру адамдай, демімен ішіне су таттты. Су өңешіне толып, тұншықтыра бастаған кезде санасынан тыс, тек соқыр инстинктінің әмірі бойынша жан таласып, су бетіне қалқып қайта шықты. Тағы да көзіне жарқ етіп аспандағы жұлдыздар көрінді.
«Өмірге құштарлық»,— деді ол шымырқанып, қабынған өкпесімен түннің салқын ауасын жұтпауға тырысып. Жақсы, ендеше ол өзге амал жасайды! Бірнеше рет кеудесін керіп дем алды. Ауаны өкпесіне толтыра сіміріп, бар пәрменімен тағы сүңгіді, басымен сүңгіді. Мұхиттың түбіне қарай тіке жүзіп, тереңдей берді, тереңдей берді. Көзіне көгілдір тартқан жасыл оттар көрінді. Ол елестей шұбырған бониталар. Бониталар тимесе екен деп ойлады, тисе ширыққан жүйкесін босатып жіберуі мүмкін. Тиген жоқ. Өмірде көрген ең соңғы қайырымым осы екен деп, іштей оларға алғыс айтты.
Тереңге екпінімен құлдилап сүңгіген сайын қол-аяғы ұйып бара жатқанын сезді. Тым тереңге түскенін байқады. Екі құлағы ине сұққандай шаншып, басы қақ айырылып кеткендей көрінді. Барша жігерімен, ерік күшін аямай, өзін-өзі қинап тереңдей түсті, осы тұста ауаның қалдығы өкпесінен ытып шыққан еді. Бұрқыраған көпіршік бетін, көзін жыбырлатып, жоғары қарай зымырай жөнелді. Булығып, тұншыға бастады, қиналды. Бірақ сөніп бара жатқан санасы қиналу әлі өлім емес екенін аңғартқандай болды. Өлім қинамайды. Қиналу, жанталасу тіршілік белгісі, тіршілік азабы. Өмірдің бұл ең соңғы соққысы.
Қол-аяғы қалтырап-дірілдеп, әлсіз қимыл жасады. Бірақ тым кешіккен еді! Өйткені, Мартин ертерек ойлап, өмір құштарын алдаған! Тым тереңдеп кетуінен енді қалқып қайта шығу мүмкін емес. Қаптаған әлдебір елес теңізінде бір қалыпты, жайымен қалқып келе жатқандай. Мынау не? Маяк сияқты ғой өзі! Миында сүттей жарық сәуле жанып тұрған секілді. Ол жарқырай түседі, жарқырай түседі. Әлдеқайдан жан түршігерлік күңіренген гуіл естілді. Мартинге зәулім биік баспалдақтан төмен қарай түпсіз тұңғиыққа жұлым-жұлым құлап бара жатқандай көрінді. Мұны ол жақсы түсінді. Құлдырап әлі құлап келеді. Осы халін анық сезген сәтте ол санасынан мәңгі айырылды.

Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
  • Büleklär
  • Мартин Иден - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4101
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2156
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4078
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4045
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4155
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4064
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2210
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4133
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2203
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4105
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4065
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2242
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4148
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4023
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4082
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2170
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3973
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3916
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3936
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4038
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2255
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3965
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4043
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2148
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2269
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 1408
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 943
    42.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.