Latin Common Turkic

Мартин Иден - 04

Süzlärneñ gomumi sanı 4045
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
— Мархабат, мархабат,— деді ол. Әдетте қыздармен атүсті танысқанда айта беретін осы бір ойнақы сөздің аузынан қалай шығып кеткенін аңғармай қалды. Бірақ Мартин тонның ішкі бауындай, ақкөңіл, аңқылдақ адам ғой. Ол қыздарға, бәлки, өзге ишарат білдірген де болар еді. Қаракөз дәмелі көзімен күлімдей қарап, қасындағы қыздың қолтығынан тежеп, тоқтатқысы келгенін аңғартты. Екінші қыз түсіндім дегендей мырс етті. Мартин осылармен әмпейлескенімді Руфь көріп қала ма деп сасып қалды, ойы бір амалын таппақ. Ол сыр бермей қаракөзге қарсы жүріп, қасына ере кетті. Бұл тәрізді қыздармен бірге жүргенде ол олақпын деп те, долаңмын деп те тартынбайды. Өз ортасы, аузына түскен әзіл сөзді қайырмай айта салады. Кездейсоқ, жүре танысқан жағдайға жараса беретін күлдіргісымақ арзан сөздерді соға береді. Көшенің бұрышына жеткенде, ол қыздарды тастай беріп, кішкене орамға қарай жалт бұрылған еді, қаракөз шынтағынан шап беріп ұстай алды, әрі серік қызының қолтығынан айырылмай:
— Тұра тұршы, Билл, қайда барасың асығып, шынымен-ақ бізді тастап кеткенің бе?— деді.
Мартин кілт тоқтап, күліп жіберді, кері бұрылды. Бұлардың артынан жарық көшенің бойымен көп адам ағылып келеді екен. Тұрған жері қараңғылау бой таса жер еді. Егер қыз өте қалса, сездірмей сыртынан көріп қалуы мүмкін-ді. Қыз сөзсіз өтуге тиіс, өйткені үйіне баратын көше осы.
— Аты кім?—деп сұрады ол қаракөзді нұсқап, қасындағы күлегеш қыздан.
— Өзінен сұраңыз,— деп ол тағы да мырс етті.
— Иә, есіміңізді білуге бола ма?—деді жігіт бұрылып қаракөзге қарап.
— Өзіңіз кім боласыз, әуелі сіз айтыңыз.
— Менің аты-жөнімді сұраған да жоқсыз ғой әлі,— деді жігіт күлімсіреп,— бірақ үстінен дәл түстіңіз, өзіңіз айтқандай, менің есімімнің Билл екені рас.
— Қойыңызшы!—Қыз мөлиіп, сұқтанып, ұзақ қарады.— Рас па? Шыныңызды айтыңызшы!
Тағы қарады. Әзелде жаратылмыш нәзік әйел нәсілі жаудыр көзінен көрініп-ақ тұр. Мартин мұнан әрі не боларын біледі: қыз енді бәлдемсиді, сынықсып шегіне бастайды, ал қуғыншының құмары қайта бастағанын сезсе, қайтадан бұлаңдайды. Дегенмен еркек емес пе, Мартин қыз қылығын ұнатты, оның сұқтана қарағанына сүйсінді. О, мұндай қыздарды ол жақсы біледі, ар жақ-бер жағын түгел түсінеді! Жап-жақсы, әп-әсем ғана қыздар, өз табында мұнан артық не болсын. Тырбанып, ауыр еңбегімен күнелтіп, еркекке деген мейірін саудаға салуға ары бармай, өмір сахарасынан аз да болса бақыт табам ба деп жүрген жандар ғой. Бұл халінде олар болашағын ойламауға тырысады, өйткені алдарында екі тарау жол жатыр: бірі, өле-өлгенше үмітсіз мехнат кешу, екіншісі, алар құны аз болмағанымен, жан азабы өлшеусіз ауыр, арсыз, ұятсыз өмір кешу. Олар осы екінің бірін таңдатпай қоймайтын тар кезең тез келіп жетпесе екен деп қана тілейді.
— Билл,— деді жігіт тағы да.— Құдай ақына! Менің атым Билл екені рас.
— Қылжақтап тұрған жоқсыз ба?
— Аты Билл емес, әншейін алдап тұр бізді,— деді екінші қыз.
— Алдағанымды қайдан білдіңіз көрмей жатып?
— Көрмесем ше! Өтірік екенін онсыз да біліп тұрмын!
— Жә, Билл екеніңіз рас қой, сонымен?— деді бірінші қыз.
— Жарайды енді, Билл дей берсеңізші,— деді жігіт қуланып. Қыз оның иығынан ұстап, сілкіп-сілкіп қойды.
— Бәсе, өтірік екенін сезіп ем-ау. Сонда да сізді жек көрмеймін.
Уысына осылай орала кеткен қыздың Мартин қолын қысып еді, қолы тастай, алақаны айғыз-айғыз екен.
— Консерв заводынан босағаныңызға көп болды ма?
— Оны қайдан біле қойдыңыз? Сыбыршыңыз бар ма, әлде?— деп екі қыз қосарлана кетті.
Қыздармен тұрпайы әзіл-оспақ айтысып келе жатқанда, Мартиннің есіне ғасырлар даналығының қазынасы іспетті кітапхананың астылы-үстілі сөрелері, қатар-қатар кітаптары түсті. Бейуақта елес берген осы бір көрініске ол өкінгендей езу тартып күлді, көңіліне бағанағы түйткілі тағы оралды. Әлденені әңгіме қылып, әр саққа ой жүгіртіп келе жатқанымен, көшеде ағылған халықтан да көзін алған жоқ. Міне, бір кезде көше панарларының жарығымен қызды да көзі шалып қалды: ағасы мен көзілдірікті жігіттің ортасында кетіп барады. Көптен күткен кезеңі еді бұл. Жүрегі дір етіп, тына қалды. Қыздың патша баласына лайықты тәкәббар басын, торқадай үлбіреген шашын, сұңғақты сұлу бойын, кербез жүрісін, көшеден өтерде юбкасын көтерген сүйріктей саусағын көрді. Қыз көшеден өтіп те кетті. Мартин қасындағы көн етік жұмысшы қыздармен қала берді, олардың жоқты-бардан құрап-сұрап, өздерінше әшекейлеген болған жұпыны киіміне, арзан бәтеңкелеріне, арзан ленталарына, сағал саусағына салған арзан сақиналарына көзі түсті. Біреудің түртіп қалып:
— Ояныңыз, Билл, ашыңыз ұйқыңызды. Сізге не болған?— деген дауысын есітті.
— А, не, не дедіңіз?
— Жоқ, жай әншейін,— деді қаракөз басын кекшең еткізіп,— бір нәрсе келіп тұр ойыма...
— О не?
— Мына қызға жігіт тапсаңыз, бәріміз барып, бір жерден кофе ішіп, балмұздақ жалар едік.
Жігіттің әлдебір рухани жиіркеніш сезімінен жүрегі айнығандай болды. Руфьті көргеннен кейін өзгеге көңілі толар емес. Қасындағы келсең кел көзденген қыздарға қарағанда, Руфь көзінен нұр төгілген періште емес пе, тазалық дүниесінің аспанынан әлемге мейірін шашқан әулиенің өзі емес пе. Кенет ол бойындағы күш-жігерін сезді, ширығып, арқаланып кетті. Күйкі өмірден көп жоғарымын деп ойлады. Бұл қыздардың аңдығаны жігіт, арманы балмұздақ. Ал дүние деген кең, өрісі ұлан-ғайыр. Бұрын Мартин қиял әлемінде ерекше сырлы өмір сүруші еді. Оны айтқанда сөзін ұққан әлі күнге не бір әйел, ешбір еркек ұшыратқан емес. Айта бастаса бәрі де түсіне алмай аң-таң қалысады. Мұбада, түсінуге олардың өресі жетпейді екен, олай болса өзінің артық болғаны-дағы. Бүгін ол күшін сезді, насаттанды, қуанды. Егер өзі үшін өмір өрісі кең деп білсе, өмірге қояр талабы да зор болмақ. Сұмпайылардың қатарында жүрсең биік мақсатқа орын да жоқ. Мына қаракөздердің берері шамалы. Оның не дәметіп тұрғаны белгілі — балмұздақ немесе тағы сондай ұсақ нәрселер. Ал ана қыздың көзінен ойындағы арманының бәрі табылады, өзге де қызық дүние аз емес. Оның берері кітап пен сурет, сұлулық пен жарастық, сән-салтанаты мол, жақсы тұрмыс. Мына қадалған қара көздерде қалтырап тұрған ой сәулесінің төркіні түсінікті. Сағаттың механизмі тәрізді оның әрбір шығыршығының қалай қозғалып тұрғанына дейін біледі. Бұл көздер күйсіз, ибасыз көңіл алдауға шақырады, оның алды тояттау, түбі тойдыру, ақыры үңірейген көр.
Ал ана қыздың көз нұры мәңгі өшпес өмірдің түпсіз тұңғиығы мен ғаламаттарының сырын түсінуге шақырады. Руфьтің көзі жан сәулесі, жан айнасы, оның мөлдірінен өзінің жанын да көргендей болады.
— Программада бір қателік бар,— деді ол дауыстап,— бүгін қолым бос емес.
Қыз өкінішін жасырған жоқ.
— Немене, ауырып жатқан досыңыздың көңілін сұрауға барайын деп пе едіңіз?—деді кекетіп.
— Жоқ, неге... Жолығатын кісім бар...— деп ол сәл мүдіріп қалды,— бір қызбенен кездесуім керек еді...
— Өтірік айтып тұрған жоқсыз ба?
Мартин қыздың көзіне тура қарап:
— Жоқ, рас айтам. Тағы бірде кездесерміз. Есіміңіз кім? Қайда тұрасыз?—деді.
— Менің атым Лиззи,— деп ол жігіттің қолтығынан ұстап, асыла кетті.
— Лиззи Конолли. Мен Маркет-стрит пен бесінші көшенің бұрышында тұрамын.
Қоштасар алдында олар тағы біраз әлденені шатып тұрды. Мартин сол күні үйіне тура қайтқан жоқ. Үйреншікті ағашының саясында қыз үйінің терезесіне көзін сатып, ұзақ тұрды.
— Мен сізге келіп тұрмын, Руфь. Өзге ешкімнің керегі жоқ маған,— деді сыбырлап.
Жетінші тарау
Мартиннің Руфьпен танысқанына бір жеті өтсе де, баруға бата алмай жүр. Ауық-ауық тәуекел айтқанымен, шүбәлана береді. Жаңа танысқан қызға екінші рет неше күн өткеннен кейін бару жөн, мұның лайығын айтар ақылгөй адамы жоқ, ол өзі білместікпен өкінішті іс жасап қоям ба деп жүрексінеді. Мартин ескі достарының бәрінен қол үзген, бұрынғы әдетінен арылған, бір ғана кітаптан өзге дос тапқан жоқ. Кітапқа тым көп үңілетіні сонша, анау-мынау кісінің көзі шыдамас еді оған. Бірақ Мартиннің көзі мен құрыштай денесі көнтерілі. Ол әрі кітаби, дерексіз ой дегенді бүгінгіше білмей өскен, миы таза, білім ұрығын себуге тың сақталған адам ғой. Ғылым іздеп, миы әлі ашымаған, кітаптағы өнер-білімге құныққан үстіне құныға түсті.
Бір жетінің ішінде Мартин өзін алуан ғасыр өмір сүрген адамдай сезінді — өткен тіршілігі мен өмірге бұрынғы көзқарасының алыстап кетуі соншалық. Бірақ, әзірлігінің аздығы аттаған сайын бөгет бола береді. Ол күні бұрын көп жыл арнайы әзірленуді керек ететін кітаптарды тосын оқып жүр. Бүгін көне заманның, келесі күні қазіргі дәуірдің философиясын оқып, басы қатты. Экономикалық ілімдер жөнінде де солай. Кітапхана сөресінде қатар тұрған Карл Маркс, Рикардо, Адам Смит, Милль шығармалары табылды, бақса, бұлардың түсініксіз тұжырымы бір-бірінің пікірін бекерге шығармайды екен. Сөйтіп алуан салалы білім қуып абдыраса да білуден бейілі қайтқан жоқ. Ол экономика, өнеркәсіп, саясат мәселелерімен шұғылданды. Бірде Сити-Холл-парк арқылы өтіп бара жатып, тәрізі өзара қызу пікір таластырып тұрған бес-алты кісіні анталай қоршаған бір топ адам көрді. Таяна бергенде халық философтарының бұрын естілмеген жат сөздерін құлағы шалды. Айтысып тұрғандардың бірі — кезбе, екіншісі — кәсіп одағының үгітшісі, үшіншісі — студент-юрист, қалғандары дискуссияға жаны құмар жабайы жұмысшылар екен. Ол анархизм, социализм, бірыңғай салық деген сөздерді тұңғыш осылардан естіді, әлеумет философиясының бір-біріне жау түрлі бағдары барын байқады, өзінің жартымсыз білім қорына енбеген ғылымдар саласынан жүздеген тың термин естіді. Сондықтан айтыс өрбуін ажырата алмағанымен, беймағлұм сөздердің мағынасындағы идеяларды өзінше топшылады. Сөзуарлар арасында ресторанный, бір қаракөзді даяшысы болды, өзі, — теософ, наубайшылар кәсіподағының мүшесі, агностик көрінеді; бардың бәрі ғаделет деп дүйім жұртқа бой бермей жеңіп шыққан бір шал, космос туралы, атом-ата, атом-ана жайлы ұзақ сөйлеген тағы бір шал болды.
Мартин Иденнің басы қазандай боп кетті. Есінде қалған он шақты сөздің мағынасын білмекке кітапханаға жүгірді. Онан қолтығына қысып, Блаватская ханымның «Құпия доктринасын» және «Прогресс һәм қайыршылық», «Социализмнің мән-мазмұны», «Дін мен ғылым айқасы» деген қалың-қалың төрт том ала шықты. Бақытына қарап, оқуын «Құпия доктринадан» бастаған. Бұл кітаптың әрбір томы түсініксіз қиын сөздерге толы екен. Ол кітаптан гөрі сөздікке жиі қарап, керуетінде отыр. Сөз сонша көп, бірін жаттаса, бірін ұмытып, сөздіктен қайта-қайта іздейді. Ақыры, түсініксіз сөздерді бөлек дәптерге тіркей бастады. Аз уақытта жиырма шақты бетін толтырды. Сонда да түк түсінген жоқ. Таңғы сағат үште оқығанының бәрі быж-тыж болып бытысып, есінде түйір қалмады. Басын көтеріп жан-жағына қараса, толқын соққан кемедей үйдің қабырғасы мен төбесі теңселіп барады екен. «Құпия доктринаны» балағаттап атып ұрып, шамын сөндіріп, ұйқыға кетті. Өзге үш кітаптың да білімге жарытқаны шамалы. Ақылының аздығынан немесе зердесіздігінен емес — кітап сөзін жадына тоқи алар еді, бірақ әлі ойға олақ, сөз қоры шамалы екен. Осыған көзі жеткеннен кейін ол естімеген сөзін түгел жаттап алу үшін кілең ғана сөздік оқымаққа ұйғарды.
Мартиннің жалғыз жұбанышы поэзия, шөліркеніп оқиды, әрбір жолы көкейіне қона кетеді, сұлулықтың мөлдір бұлағынан су ішіп, мейірін бір қандырғандай болады. Музыкадай әсер еткен поэзия ой-санасын алдағы ауыр жұмысқа әзірлей түсті. Оқыған өлеңдері шумақ-шумағымен жадында қала берді, кей өлеңді түгел жатқа айтып, тасқа басқан жазуға жан бітіргендей оның сиқырлы үнінен ләззәт алатын да. Күндердің бір күні Гэйлидің «Классикалық мифі» мен Булфинчінің «Миф ғасырына» кезіккен. Бұлар өз басындағы надандық түнегіне түскен жарқын сәуле-ді. Сонан бері оның поэзияға құмары артқан үстіне арта түсті.
Стол басында отырған кісі Мартинді таниды, келген сайын ізетпен басын изейді. Сондықтан, бір күні Мартин тәуекел етті. Екі-үш кітап алып, кітапханашы картішкесіне штемпель соғып жатқанда:
— Сізден бір жайды сұрауға бола ма?— деп күбір етті.
Кітапханашы күлімсіреп басып изеді.
— Егер жас ледимен таныссаңыз, ол сізді үйіне шақырса... демек... қай уақытта барған жөн?
Мартин қыбыжықтап қара терге түсті.
— Қалаған уақытыңызда бара беруге болады, меніңше,— деді кітапханашы.
— Жоқ, сіз түсінбей тұрсыз,— деді Мартин,— Ол... үйінде болмаса қайтесіз. Университетте оқиды ғой.
—Олай болса, екінші рет барыңыз.
— Мәселе онда емес,— деді ақырында Мартин неде болса осының талқысына түсейін дегендей,— мен жабайы матроспын, дегдар, сыйлы кісілермен араласып көргенім жоқ. Қыз мен сияқты емес, мен ол сияқты емеспін... Қылжақтап тұр деп ойламаңыз, шыны осы,— деді ол өз сөзін өзі бөліп.
— Жоқ, жоқ, ол не дегеніңіз,— деді кітапханашы.— Рас, сұрағыңыз анықтама бөліміне жатпайды. Сонда да көмектесіп көрейін.
Мартин оның бұл сөзіне риза болды.
— Эх, мен де осылай жосыта жөнелсем, тамаша болар еді-ау,— деді ол.
— Ғафу етіңіз...
— Сіз секілді мен де сыпайы сөйлеп үйренсем жақсы болар еді деймін.
— Ә!— деді кітапханашы.
— Сонымен қай уақытта бару лайық! Күндіз бе? Бірақ түскі астың үстіне бару ұят болатын шығар? Әлде кешке таман барсам ба екен? Тіпті, жексенбі күні барсам қайтеді?
— Менің ақылымды алсаңыз, телефон соғып, осының бәрін қыздың өзінен сұраңыз,— деді күлімсіреп кітапханашы.
— Рас-ау!—деп Мартин кітаптарын ала сала есікке қарай беттеді.
Есік алдына барғасын, жалт бұрылып:
— Жас ледимен, айталық, мисс Лиззи Смитпен сөйлескенде, мисс Лиззи деу керек пе, жоқ мисс Смит деген жөн бола ма?— деді.
— «Мисс Смит» деңіз,— деді кітапханашы беделді үнмен,— танысып алғанша «Мисс Смит» дей берсеңізші.
Сонымен бұл мәселе шешілді.
— Қалаған күні келіңіз. Түстен кейін үнемі үйдемін,— деді Руфь телефон арқылы Мартиннің сызылып, кітабыңызды қашан апарып берсем екен деген сөзіне.
Өзі есік алдына шығып, Мартинді күтіп алған қыз шалбарының қырын, тағы бір жақсы өзгерістер барын бірден байқады. Әсіресе, ажары өзгерулі. Жас жігіттің жігері бойына сыймай тасып төгіліп, толқыны Руфьті тербетіп әкеткендей. Қыздың бұл жолы да құшақтағысы келді. Көрген сайын осылай, бұл не ғажап деп таң қалды. Қыздың қолын қысқанда, жігіттің де тәні шымыр еткен. Екеуінің бір-бірінен айырмасы қыз сырттай сыр бермесе, жігіт құлақ-шекесіне дейін қызарып кетті.
Мартин ырғаң-ырғаң басып, бикештің соңына ерді. Қонақ бөлмеге жайғасқаннан кейін бұл жолы бұрынғыдай емес, еркін сезінді. Оның қысылмай кең отырғанын тәуір көрген қыз да әдеппен үйіртпектеп жүр. Бұл қылығы Мартинге өте ұнады, жанындай жақсы көріп кетті. Әңгіме кітаптан басталды, Суинберн мен Браунинг сөз болды. Әңгімені бағыттай отырып, Руфь жігітке қалай жәрдем көрсетемін деп ойлады. Мартинді алғаш көргеннен бері осы ой жиілей бастаған. Қалай да қол ұшын бергісі келеді де тұрады, аяйды, жаны ашиды. Ниетінде жігіттің намысына тиерліктей астамшылық жоқ. Ол — бұрын өзі сезбеген ана мейірі сықылды бір нәрсе-ді. Бірақ осы сезімді жай аяныш деуге болар ма? Оны оятқан жігіттің нашарлығы емес, ер адамға лайықты күші еді ғой, жанына жақындап кетсе, көңілін қобалжытып, ой түсірген, жас жүрегін тайдай тулатқан керемет еді ғой. Бүгін де оның жігітті мойнынан қысып, құшақтағысы келді немесе қос білегін иығына артқысы келді. Бұл ойына қапелімде ұялағанымен, бірте-бірте еті үйренгені рас. Мұның жаңа оянған сүйіспеншілік екенін, тұл бойын дел-сал қылған осы сезімнің шын есімі ғашықтық екенін қыз қайдан білсін. Мартин сирек кездесетін, болашағы бар адам, мен оған қызығып жүрген жоқпын, әншейін қызық көріп жүрмін, адамның әлдеқалай ықыласы ауа бермей ме, деп ойлады ол.
Жігітке ынтығып жүргенін ол түсінбеді. Мартин олай емес. Руфьке ғашық екенін, өмірінде ешкімге ешуақытта мұндай іңкәр болып көрмегенін біледі. Ол бұрын да өзге сұлулық сияқты поэзияы аса қастерлеуші еді, бірақ қызбен кездескеннен бері ғана ғашықтық лирикасының шын сырын сезіне түскенддей. Оның Булфинч пен Гэйлиден берері де мол екен. Егер бір жеті бұрын «Жары үшін жаны құрбан, бір құшақтап бір сүйссе» деген сөзді елей қоймас еді, ал қазір ол есінен кетер емес. Бұл зор жаңалық. Руфьке қарап отырғанда, расында да бір ғана сүйіп, үзіліп кетсем, арманым болмас еді деп ойлады. Ол өзін «жары үшін жаны құрбан» шаһбазбын деп білді және оны сері деген атаққа айырбастамас та еді. Иә, өмір сырын, тіршілік мақсатын жаңа түсіндім, деп түйді ол.
Қыз көркіне көзін суарып, сөзін тыңдап отырғанда, ойына әлдене келді. Қолын қысқаны, сондағы алған рахаты есіне түсті, тағы бір қыссам деп ойлады. Мезгіл-мезгіл уылжыған ерніне көзі түсін, елжіреп отыр. Бірақ өжданында ешқандай фәнилік ерсі ештеме жоқ. Сөйлеп отырған қыз ернінің әрбір қимылы айтып жеткісіз әсер етеді, ол ер-әйелдің ешбіріне ұсамайды. Ол қан да емес; тән де емес; тәнсіз рух лебі, лебізі, оны өбуге құмары өзге әйелдер оятатын сезімге ұқсамайды. Әрине, осы аспан лебінен ернін тигізгісі келетіні рас, бірақ бұл қасиетті дұғаға маңдай тигізгенмен бір есеп. Асылы, ол құмарлығының табиғатын түсінген де жоқ, сондықтан, қызға қарағанда, көздері сүйгенін аңсаған әрбір еркектің көзіндей шынын айтып, жайнаңдап тұрғанын байқамады. Қадалған отты көзі қыздың көкейінен өтіп бара жатқанын сезбеді. Жас қыздың күнәсіз тазалығы жігіттің ынтығын әдептен оздырмай, салқын жұлдыздың санатына жеткізгендей еді. Бірақ көзінен ұшқындаған осы сиқырлы нұр қыздың жан жүйесін тербеп, ішіне от салғанын байқаған жоқ, байқаған шақта бұған өзі таң-тамаша болды. Жігіттің көзқарасынан пысы жеңіліп, ұялып отырған қыз да неше рет сөзінен жаңылды, бытырап кеткен ойларын қайтадан қабыстыра алмай қынжылды. Бұрын кісімен еркін сөйлесе беретін еді ғой, бұл жолы не болған? Түсінсе бұйырмасын. Әлде бұған дейін еркек адаммен кеңеспегендігінен бе? Сезгіш, нәзік жан ғой, өзге дүниенің келімсегін тосырқап отырған жайы бар.
Бұған қалай қарассам екен деп, әңгімені осылай қарай бұрмақ боп отырғанда, сөзді Мартиннің өзі бастады.
— Сізден кеңес сұрағым келіп отыр,— деді ол; қыз қолымнан келгенін аямаспын дегенде, қуанғаннан құмығып қалды.— Есіңізде бар шығар, өткен жолы айтып едім: кітап туралы пікір айтуға білімім жетпейді деп. Сонан бері көп ойландым. Кітапханаға бара бастадым, әртүрлі кітап алып жүрмін. Алғанмен бар-бәріне ақылым жететін емес. Әлде бәрін де басынан бастасам ба екен? Бұрын жөнді оқу оқымаған адаммын ғой. Қаршадайымнан қара жұмыста болдым, енді ғана кітапханаға барып, кітап алып қарасам — бұрын керек кітаптарды оқымағанымды байқаймын. Өзіңіз білесіз, әлдеқайдағы бір фермада немесе пароходтың кубригінде сіздің үйдегі кітаптардай кітап бола бермейді. Ондағы дүние әлдене. Соны оқып, жаман үйреніп кеткенмін ғой. Мақтанбай-ақ айтуыма болады, мен өзім қатарлы серіктерімдей емес едім. Басқа матростар мен ковбойлардан, ковбой да болғаным бар, асып кеттім деп айта алмаймын, жоқ, бірақ кітапқұмар екенім рас еді, қолыма не түссе, соны оқи беретін едім, меніңше, жолдастарымнан ойым да бөлек еді. Мәселе онда да емес. Мынада. Мен бұрын сіздің, үйдей үйлерге бас сұғып көргенім жоқ. Өткен аптада осында болып, өзіңізді, мамаңызды, аға-інілеріңізді, мына дүние-жасауды көргенде бәрі де ұнаған. Мұндай тұрмыс туралы бұрын кітаптан ғана оқитынмын, байқасам, кітап сөзі рас екен. Маған шын ұнады. Сонда осындай дүниеге менің де қолым жетер ме екен деп ойлағам, қазір де осы ойдамын. Мен де сіздің үйдегідей үнемі таза ауамен дем алсам деймін, айналам толы кітап, сурет тәрізді өңкей әсем нәрселер болса, жұрттың бәрі сабырмен биязы, байсалды сөйлессе, таза киінсе, ой-ниеті де сондай пәк болса деймін. Менің өмір бойы дем алып келе жатқан ауам арақ-шараптың буы, ас үйдің иіс-қоңысы, естігенім былапыт сөз, пәтер ақы туралы ұрыс-керіс. Сіз әнеугүні анаңыздың алдынан шығып, бетінен сүйдіңіз, маған ол керемет көрінген. Дүниеде мұнан асқан жарастық болмас деп ойлап ем сонда. Ал менің өмірден көргенім аз емес, тіпті, кімнен де болса түйгенім көп деп айта алар едім. Дүние көруге өте құштар жанмын және көрген сайын құмарта беремін.
Бірақ, айтпағым бұл емес. Арманым — тұрмыста сіздердей биікке көтерілу. Ішкілік, төбелес, ауыр жұмыс — өмір емес. Енді қайтпек керек? Неден бастауым керек? Жұмыстан мен тартынбаймын, қолдап жұмыс істеуге келгенде маған ерер ешкім жоқ. Бір бастасам күндіз-түні дамыл көрмеймін. Әлде, менің сөзім сізге ерсі көрініп отыр ма? Жоқты-барды сұрап, мазаңызды алмауым керек екенін түсінемін, бірақ ақылдасатын сізден өзге адамым жоқ. Артур болмаса? Әлде сонымен ақылдасуым керек пе? Егер мен...
Мартин мүдіріп қалды. Шынында да Артурдан ақыл сұрауым керек екен ғой, босқа ақымақ болдым-ау деп састы. Руфь те жауабын тез айта қойған жоқ. Жігіттің үйлесімсіз сөздері мен тұрпайы ойын көзінен байқаған ишаратына ұқсата алған жоқ. Қайтпас қауметтің айнасы сияқты мұндай да көз болады екен. Бұ жігіт айтқанын орындамай қоймайтын қайсар болар, көзінен көргені осы, бірақ, сөзге неге шорқақ? Қыздың айлалы ақылы бұлталақсыз тура айтылған пікірді дұрыс бағалай алған жоқ. Әйтсе де, добал сөздерінен жігері байқалғандай. Мартин оған бұғаудан босанам деп бұлқынған дәу-перідей көрінді. Қыз қайтадан сөйлей бастағанда, жүзі жылып кеткен еді.
— Кемшілігіңіз өзіңізге мәлім,— деді Руфь.— Біліміңіз аз. Бәрін қайтадан бастауыңыз керек — әуелі мектеп бітіріп алып, сонан кейін университет курсын өткен жөн.
— Оның бәріне қаражат керек қой.
— О! Бұл жайды мен ойламаппын! Туыстарыңыздан ешкім көмектесе алмай ма?
Мартин басын шайқады.
— Әке-шешем қайтыс болған. Екі апам бар: біреуі тұрмысқа шыққан, екіншісі таяуда күйеуге тимек. Ағаларым көп, бірақ ешқайсысы қараспайды. Бәрі де бақыт қуып, дүние кезіп жүр. Үлкен ағамыз Индияда өлді. Екі ағам Оңтүстік Африкада, енді бірі кит аулайтын кемеде қызмет етеді, оған тетелес ағам ел аралаған кезбе, циркте істейді, акробат. Мен де сол сабаздардың бірімін. Он бір жасымнан бастап, шешем марқұм қайтыс болғаннан бері өз еңбегіммен күнелтіп келем. Маған мектепті қойып, өз бетімше өнер іздеуім керек. Сонда неден бастасам екен.
— Ең алдымен дұрыс сөйлеп үйреніңіз. Кей-кейде («сорақы» деген сөз ауызынан шығып кете жаздады) қате жібересіз.
Жігіттің маңдайынан тер шып-шып шықты.
— Ара-тұра ауызымнан сіз түсінбейтін сөздердің шығып кететіні рас. Бірақ, сол сөздердің қалай айтылатынын білемін. Ал кітаптан оқыған көп сөз бар жадымда, міне, соның қайсысы қалай айтылатынын білмеймін, сондықтан, қолдана алмай жүрмін.
— Мәселе жеке сөзде ғана емес, жалпы сөз құрылысында. Сізбен ашық сөйлесуге болады ғой. Турасын айтсам, көңіліңізге алмайсыз ба?
— Жоқ, жоқ!—деді ол дауыстап, іштей қайырымды қыздың қылығына риза болып.— Зуқыта беріңіз! Өзге біреуден естігенше, өзіңізден естиін!
— Ендеше былай. Сіз көбінесе сөйлемді дұрыс құрмайсыз. Әдеби тілде қолданбайтын сөз тіркестерін талғамай айта салатыныңызды талай байқадым, осынан арылуыңыз керек. Ең әуелі грамматикадан бастаңыз. Қазір оқулығын әкеп берейін.
Руфь орнынан тұрған кезде есіне әдеп туралы оқыған бір ереже түсе кетіп, атып тұрды да, қыз мені кеткелі жатыр деп ойлады ма дегендей сасып қалды.
Руфь грамматика оқулығын алып келіп, стулін Мартиннің стуліне жақындатты, ол осы арада қызға қолғабыс етуім лайық еді ғой деп қынжылып қалды. Қыз кітап бетін ашты, екеуі де кітапқа үңіліп, бір-біріне жақындай түсті. Руфьтің айтқандары жігіттің құлағына кірген жоқ — қыз жақын отырғанға көңілі қобалжып кетсе керек. Руфь жіктеудің мәнісін түсіндіре бастағанда, ол өзге жарық дүниені мүлдем ұмытты. Бұрын жіктеу дегенді естімеген ғой,— сөз сиқырының құпия заңдарын тұңғыш жүйелей жөнелгенде, елти тыңдады. Кітапқа үңіле түсіп еді — қыздың шашы жігіттің бетіне тиді.
Мартин Иден өмірінде бір-ақ рет есінен танған, бүгін екінші кезегім келген шығар деп отыр. Демі бітіп, жүрегі алып-ұшып, кеудесінен ыршып түсетіндей. Қыз бұған дейін қазіргідей уысына үйіріліп көрген емес. Екеуінің арасындағы түпсіз тұңғиық лезде өткел берген тәрізді. Бірақ жігіт әдептен озған жоқ. Көктегі мекенінен қыз төмен түскен жоқ, қайта бұлттан асып, биікке өзі көтерілгендей. Жігіттің ғашықтық сезімі тәңіріге мінажат еткен діншіл адамның ниетіндей еді. Ол ел бас ұрып, тағызым ететін храмның қасиетіне қолы енді жеткендей көрді. Электр тоғындай денесін дір еткізген бұл киеге қолымды тигізе көрмейін дегендей басын ептеп көтеріп алды. Руфь ешнәрсе байқаған жоқ.
Сегізінші тарау
Арада көп күн өтті. Мартин Иден әмен грамматика оқумен, әдеп сақтау ережелерін жаттаумен, көңілі ұнатқан кітапты құмарта оқумен болып жүр. Бұрынғыдай дос-жарандарымен араласуды қойды. «Лотостағы» қыздар Мартинге не боп қалды деп, Джимді көрсе, жапырласып қалады, ал жас жігіттердің көпшілігі оның Райлидегі жарысқа мұқым келмеуіне тілектес. Кітапхананың асыл қазыналары ішінен ол тағы бір керемет тапқан. Тіл негізіне көзін ашқан грамматика сықылды бұл поэзияның негізгі қағидаларын баяндайтын құрал еді. Осы құралдан ол өлеңнің өлшемі, формасы, өлең шығару заңдары жөнінде көп тәлім алды, өзін әрқашан қайран қалдыратын сұлулықтың қалай түзілетінін түсінді. Ең жаңа деген трактаттардың бәрінде поэзияны бейнелеу өнері депті және осы теорияны дәлелдеу үшін таңдаулы әдеби шығармалардан толып жатқан мысал келтірілген. Мартин ешбір романды да мұндай қызыға оқып көрген емес. Жиырмаға келген жігіттің әлі ақау түспеген, әрі білім аңсаған тұнық ақылы студенттердің де зердесі жетпейтін зор алғырлықпен оқығанының бәрін көкейіне тоқи берді.
Мартин өткендегі өміріне — сонау алыстағы елдер мен теңіздер, кемелер мен матростар және жезөкшелер өміріне көз жібергенде, соның бәрі енді сұмпайы, күйкі сияқты көрінеді; дегенмен оның да бір қыры көз алдында жаңада ашылған мына үлкен өмірмен қабысып жатқан сияқты. Оның ақылы өз түйсігінше әмме құбылыстың түп негізгі бірлігін таппақта. Осы екі дай дүниенің арасында әйтеуір бір байланыс барлығын алғаш анықтағанда — ол таң болды. Кітаптан алған әсері, онан туған ізгі ой-сезімі өзінің адамдық қасиетін арттыра түскендей. Руфьтің өзі мен оның семьясы жататын дегдарлар қауымындағы еркек, әйелдер де осылай тәрбиеленген екен ғой деп түйді. Бұған дейін нас тұрмыста ғұмыр кешсе, енді кітап оқу арқылы соның былғанышынан арылып, өзінің де биік мәртебеге қолы жете бастағандай көреді. Бала кезінде, жас шағында ол үнемі алағызып, әлденені аңсайтын да жүретін; Руфьке кезіккенге дейін бұл дүниеде не қуып жүргенін өзі де түсінбеуші еді. Сол арманы бұрынғыдан бетер еліктіріп, елеуретіп, тағатын кетіріп, жанын жай тапқызар емес. Өзінің аңсап жүргені сұлулық, парасат, сүйіспеншілік екенін енді ғана түсінді ол.
Соңғы жиырма шақты күн ішінде ол Руфьпен әлденеше кездескен, және көрген сайын көңілі бір тасып қалады. Қыз оған тіл үйретіп, сөзді дұрыс айтуға жаттықтырып, арифметикадан сабақ беріп жүрді. Бірақ, екі жас бірыңғай сабағымен ғана болған жоқ. Мартин өмірден көргені көп, ақылы толықсып, есейген жігіт қой. Ол бөлшек сандарды, куб түбірін, грамматикалық талдаулар мен жіктеулерді қанағат ете алмады. Кей-кейде екеуі мүлде басқа жайларды әңгімелеп кетеді, жаңа оқып шыққан бір өлең туралы немесе Руфь сабағында оқып жүрген ақындарды сөз етеді. Қыз өзі ұнатқан өлеңнің кейбір жолдарын дауыстап оқи қалса, жігіт айтып жеткісіз рахатқа батады. Бұл дүниеде ешбір әйелден әлі күнге мұндай сұлу лебіз естіп көрген емес. Оның әрбір сөзі түшіркендіріп, әрбір сөзінің әуені ғашықтық отын лаулатады. Қыздың ерке, назды үні, дауысының сан құбылған нәзік ырғағы оның мәдениетті, асыл жанды адам екенін көрсеткендей еді. Сөзіне құлағын салып отырғанда, бір жағынан, тағы тайпа әйелдерінің көмей кернеген қоңыр дауысы құлағына келеді, порттарды маңайлайтын көргенсіз бейбақтардың шіңкілдеген дауысы, өз табына жататын фабрика жұмысшылары мен өңге әйел, қыздардың құлаққа түрпідей тиетін дөрекі сөздері естілгендей болады. Заматта ұшқыр қиялы алып ұшып, толып жатқан әйелдер бейнесін көз алдынан тізбектеп ала жөнеледі. Солармен салыстырып қараса, Руфьтің жарқын нұры бұрынғыдан да бетер жайнай түседі. Руфьтің кітап оқығанын өте ұнатады. Оның не оқыса, соның мән-мәнісін терең ұғынып, ақынның әсем қиыстырған ойын сым пернедей дөп басқан ырғақты үнін жан-тәнімен ұнатады. Қыз «Шаһизаданы» жиі оқушы еді және сұлулықты сезгіштігі сонша, оқыған сайын көзінен жас алатын. Осындай минуттарда қызға қарап, әуезін есітіп отырған шақта Мартин көкірегіне тәңірінің сәуегейлігі орнаған адамша өмірдің өзін, астарын көріп, оның құпия сырларын оқығандай болушы еді. Ол сезімнің осындай асқар биігіне көтерілгеп мезетте ғашықтық дегеннің осы екенін және ғашықтық дүииедегі ең ұлы сезім екенін түсіне бастайды. Оның көкірегіндегі көзі бір кезде басынан кешкен қуанышының бәрін — мастығын, жақсы көрген әйелінің қылығы мен қызығын, күш сынасқан күрес желігін елестетер еді де, оған осының бәрі қазіргі күйіне қарағанда жексұрын, пәс нәрсе сияқты көрініп кетер еді.
Руфь бұл оқиғалардың байыбына барған жоқ. Сүйіспеншілік дегеннен әлі бейхабар ғой, оның бар білетіні кітаптан оқығандары, ал кітапта автордың суретшіл қиялы үйреншікті қарапайым нәрселердің өзін-ақ шындықтан алыстатып, бір дерексіз бұлдыр тамашаға айналдырып жіберетін әдеті. Сондықтан қыз мынау доғал матрос жүрегіне ұшқын тастағанын, ол бара-бара бір күні өрт болып, өртеп кететінін білмеді. Руфьті бұл оттың жалыны әлі шарпып көрген емес. Оның ғашықтық туралы топшылағаны құрғақ пікір және «ғашықтық» деген сөзді естісе, қиялына жымыңдаған көп жұлдыз, теңіз айдынында діріл қаққан майда толқындар, тамылжыған жазғы түннің таң алдындағы қоңыр самалы мен шығы келеді.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Мартин Иден - 05
  • Büleklär
  • Мартин Иден - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4101
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2156
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4078
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4045
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4155
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4064
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2210
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4133
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2203
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4105
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4065
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2242
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4148
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4023
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4082
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2170
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3973
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3916
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3936
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4038
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2255
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3965
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4043
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2148
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2269
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 1408
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 943
    42.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.