Latin Common Turkic

Мартин Иден - 24

Süzlärneñ gomumi sanı 4043
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2148
33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Ең соңғы қолжазбасын орналастырғанда Мартин уһ деп демін бір алды. Құрақтан өрген кең сарай, ақ желкенге қолы жететін болды. Бриссенденнің нағыз көркем шығармаға журнал бетінен орын жоқ деген пікірін Мартин бекерге шығарды. Өз тәжірибесі Бриссенденнің бұл тұжырымы қате екенін тамаша дәлелдеп бергендей. Сонда да досының айтқаны рас екенін іштей сезеді. Әуелде шығармаларының сәті түсуінің басты себебі «Күн масқара болдының» жарық көруі еді. Қалғандары соның ізімен кездейсоқ кете берді. Көп жылдар бойы соның бірде-бірін ешкім керек қылмаған. Бір күні әлдеқалай «Күн масқара болды» жарыққа шыға қалды да у-шу пікір таласы көбейіп, Мартиннің атағы жайылып кетті. «Күн масқара болды» шықпаса, айтыс-тартыс тумас еді. Тегі кітап ғажап нәрсе. Мұны «Синглтри, Дарнлей һәм К°»-де мойындаған. Олар алғашында жүрексініп, бір мың бес жүз данадан артық баса алмаған-ды. Кейін жырынды болған баспашылар да кітаптың өтімді боп шыққанына таң қалды. Бұл бір керемет сияқты көрінді. Олар осы сезімнен әлі күнге арылған жоқ. Өйткені, Мартинге жазған әрбір хатынан бұл айқын сезіліп тұрады. Себебін ешкім білмейді. Олардың ойынша бұл ешқандай жорамалға, есеп-қисапқа үйлеспейтін сиқыр сияқты ерекше оқиға.
Мартин даңқы жайылуына дандайсымады. Кітабын оқып, қапшығын алтынға толтырып жатқан буржуазия. Оның сылайы өзіне мәлім. Бірақ шығармаларынан буржуазияның не қызық, не бархадар тауып жүргенін түсінбейді. Әлбетте елге атағын жайған, кітабын таласып таратып әкеткен жүздеген мың адамның шығарманың сөз сұлулығы мен мазмұнында жұмысы жоқ. Мартин әншейін тағдырдың еркесі, құдайлардың қамсыздығын пайдаланып, абайсызда Парнасқа өтіп кеткен пысықсымақ. Бриссенденнің «Фани дүниесіне» бір кезде бәрі жабылып, кейін тамтығын қалдырмай құртып жіберетін жүздеген мың хайуан енді бәрі бірдей Мартиннің кітабына үңіле қалыпты, түгіне түсінбесе де есі кетіп, еліріпті. Күштінің алдында құйрығын бұлғап, әлсізді көрсе өңешіне шошқа тісін қадай түсетін өңшең аш бөрі! Тек істің әлдеқалай сәті түсуі біледі! Мартин бұрынғысынша «Фани дүние» өзі жазғандарының бәрінен жоғары деген пікірде. Ол болашақта қаламынан шығатын қандай еңбегінен де жоғары тұрмақ. Өйткені ол — дәуір поэмасы. Олай болса жуырда сол «Фани дүниені» аяққа басқан тобырдан не рақым күтуге болады? Мартин үстінен ауыр жүк түскен адамдай бой жазып, арқасы кеңіп, тыншу тапты. Ең соңғы қолжазбасы сатылды. Енді көп ұзамай ісін бітіруі керек.
Қырық төртінші тарау
Мистер Морз Мартинмен «Метрополь» мейманханасының вестибюлінде ұшырасып қалды. Мұнда ол жай келіп жүр ме, әлде Мартин Иденмен жолыққысы келді ме — осы арасы күдікті, бірақ Мартин ішінен әдейі келді-ау деп ойлады. Қысқасы, мистер Морз, Руфьтің әкесі, Мартинді үйіне маңайлатпай, қызымен байласқан уағдалы сөзін бұзатын Морз Мартинді үйіне қонаққа шақырды!
Мартин кейіген жоқ. Намысы да келген жоқ. Қайта сөзін төзіммен тыңдады, үлкен басын кішірейту өзіне де оңай соқпаған шығар деп ойлады. Бармаймын деген жоқ, тек рахмет дей салды да, үй-семьясының амандығын, ең алдымен миссис Морз бен Руфьтің саулығын сұрады. Руфьтің есімін атағанда мүдірген жоқ. Сабыр сақтады. Басына қан теуіп, жүрегі тайдай туламағанға іштей таңырқады.
Соңғы кезде Мартинді қонаққа шақырушы көбейді. Үйінен дәм татқызу үшін жақындасуға әркім-ақ сылтау іздейтін тәрізді. Осы болмашы нәрсеге Мартин аң-таң. Тіпті, барабара бұл маңызы зор мәселеге айналып кетті. Бір күні ойда жоқта Бернард Хиггинботам да үйіне шақырған. Мартин онан сайын абдырады. Япырай, аштықтан іші бұралып, көзі қарайып жүргенде қонаққа ешкім шақырмаушы еді. Бір шақырса, шақыратын кезі сол еді ғой, күн санап жүдеп, қан-сөлі қашып, әлі бітіп, әрең жүретұғын. Бұл бір болмаған парадокс. Апта бойы асқа жарымай отырғанда тірі жан шақырып көрген емес. Енді бүгін жүз мың түрлі тағам алдырамын десе де мол жететін қаражаты бар тұрғанда, асқа тәбеті тартпай, шепік болған шағында, оңды-солды шақыруды көбейтіп, мына жұрттың істеп жүргенін-ай! Мұнда әділдік те, құрмет те шамалы. Өзі өзгерген жоқ — баяғы Мартин Иден. Шығармасының бәрін аш жүрген күнінде, мистер һәм миссис Морз қаңғыбас, жалқау неме деп айдар тағып, араға Руфьті салып, конторға клерк етіп алмақ болатын уақытта, әлдеқашан жазған. Жазғандары оларға сол тұста-ақ мәлім-ді. Мартиннің Руфьке оқуға берген қолжазбасының бәрін олар да көрген. Енді сол шығармалары мен есімі газетке шығуына байланысты, тек қана есімі газетке басылуына байланысты құрметті қонақ бола қалыпты.
Бір жағдай анық — Морздардың Мартин Иденде де, оның жазушылығында да һеш шаруасы жоқ. Қонаққа шақырса өз басын, шығармаларын құрмет етуінен емес, атағы үшін шақырып отыр, мүмкін, бұған банкіде жатқан жүз мың долларының де себеп болуы. Буржуазия қоғамының бұл дағдылы әдеті, әлбетте, онан өзге қылық күтуге де болмайды. Бірақ Мартин намыскер, тәкаббар адам. Енді өзін бұлай бағалағанын намыс көреді, өз басын немесе жазушылығын сыйласа екен дейді. Сайып келгенде, бұл екеуінің сабағы біреу. Лиззи оның осы қасиетін бағалайды. Айта берсе, шығармасына да айрықша мән бермейді; бір ғана өз басын қадір тұтады. Джимми де, оның серіктері де солай. Олар риясыз, адал көңілін бұрын талай көрсете білген, оны жексенбі күні Шелл-Моундпаркте тағы бір дәлелдеді. Мартиннің жазғандарын олар түкке санамайды. Бірақ өзін, Мартин Иденді тамаша жігіт, өз адамымыз деп жанындай жақсы көреді, ол үшін отқа да, суға да түсуге әзір.
Руфь олардай емес. Руфьтің де Мартиннің өз басын ұнататыны рас. Бірақ оның буржуазиялық соқыр сенімі басым болып шықты. Мартиннің кәсібін ол олжа келтірмейтін бос ермек деп, мақұл көрмейді. «Сүйіспеншілік туралы сонеттерді» де осы тұрғыдан бағалаған. Руфьтің өзі де қызметке орналас деп талай дігірлеген. Рас мұны ол «ел қатарына қосылу» деп атайды. Бірақ не дегенмен де сөз мәнісі өзгермейді, тек «қызмет» дегенге Мартиннің құлағы үйреніп кеткен. Мартин Руфьке шығармасының бәрін оқыды: поэмаларын, әңгімелерін, мақалаларын, «Вики-Викиді», «Күн масқара болдыны»— бәрін оқып берген. Сонда да қыз қызметке кір, жұмысқа орналас деуден жазған емес. О, раббым! Мен Руфьке лайықты серік боламын деп, жарғақ құлағым -жастыққа тимей, бойымдағы бүкіл күш-қуатымды аямай, өгізше жұмыс істеген жоқ па едім!
Болмашы нәрсе осылай үлкен, мағыналы іске айналды. Мартин дені таза, бойында қуаты бар екенін сезеді. Тамағы тоқ, ұйқысы қанық. Сонда да болмашы бір нәрсе маза бермейді. Әлдеқашан жазған едім ғой!—деген ой миын бұрандалайды. Оның жексенбі күні, түскі ас үстінде Бернард Хиггинботамның қарсы алдында отырғанда былай деп айғай салғысы келді:
«Осының бәрін әлдеқашан жазып едім ғой! Сен мені бүгін қонақ етіп отырсың. Бір кезде аштан өлейін деп жүргенде де қараспап едің, үйіңнен қуып шығып, қызметке кірмесең қарамды көрме деп едің. Мен шығармаларымның бәрін сол кезде жазып бітіргенмін. Енді бүгін мен сөйлесем алақтап аузыма қарайсың, қошемет етесің, күлтектейсің, алдымда аузыңды аша алмайсың, әр сөзімді құлағыңа құясың. Мен саған сыр түйіскен серігіңнің бәрі сұрқия, парақор, сұм десем, сен намыс көру орнына сөмпиіп, сөзімді қостап, бас изеуге бейілсің. Неге олай? Олай болатын себебі, мен қазір атағым шыққан адаммын! Ақшам көп! Сендер мына мені, Мартин Иденді, жақсы жігіт екен, ақылсыз адам емес екен деп отырған жоқсыңдар! Егер мен аспандағы айды көгеріп кеткен сүзбеден жасаған екен десем де нана бересіңдер, қарсы келер біреуің жоқ. Өйткені, менің алтыным көп. Сол алтынға айырбастаған еңбегімді әлдеқашан жазғанмын, сендер мені адам санатына қоспай, бетіме түкіріп жүрген шақта жазғанмын».
Мартин іштегі айқайын сыртына шығармады. Сызданып, сонда да түсін бермей, сыпайы күлген болып, отыра берді. Ол үндемей отырғасын Хиггинботам сөз бастады. Бернард Хиггинботам осы дәрежеге өз еңбегімен жеткен. Оған мақтанатын көрінеді. Маған ешкім қол үшін берген жоқ, шүкір, азын-аулақ өзім құраған дәулетім үшін ешкімге де міндетті емеспін деп қойды ол. Қазір ол көп семья бағып отырған пәтуалы азамат. Ал мынау «Хиггинботамның бөлшек саудасы» деп аталатын дүкен — еңбегі мен кісілігінің кепілі, қолы жеткен биігі, кәсібі емес, ғашығы. Ол Мартинге бар сырын төкті, осы дүкенді қалай салдырып, кәсіп ұйымдастыруға қанша ақша жұмсағанына дейін айтты. Ал енді болашақтан, шүкір, үмітім мол, үмітім мол деді ол. Кварталда халық саны көбейіп келеді. Дүкеннің көп ұзамай олқы соғатын түрі бар. Кеңірек үйім болса, кейбір жаңалық енгізіп, табысымды көбейтер едім деп салды. Осы ниетін ол көп ұзамай орындамақ, іргелес жер учаскесін сатып алып, сол араға екі қабат тағы бір үй тұрғызбақ. Үстіңгі қабатын жалға беріп, астын дүкен етпек. Астылы-үстілі осы үйді белдеулейтін жаңа маңдайшаның әшекейлі жазуын айтқан кезде екі көзі ежірейіп кетті.
Мартин оның сөзіне құлақ асқан жоқ. «Әлдеқашан» деген екі ауыз сөз құлағында күңгірледі де тұрды. Осы бір сарынның қайырмасы жанын жегідей жеп, жындандырар болды, қалай да бұл бәледен құтылуы керек.
— Қанша тұрады дедің?— деді ол кенет.
Жездесі квартал бойындағы сауда-саттықтың болашағы туралы айтып отырған әңгімесін кілт үзіп, Мартинге бажырая қарады. Дүкенінің қаншаға түсетіні жайлы әлі айтқан жоқ еді ғой, бұ қалай, бірақ Мартиннің білгісі келсе айтуға әзір. Есебі дайын.
— Қазіргі нарық бойынша, төрт мыңға түседі.
— Маңдайшасын қоса есептедің бе?
— Жоқ. Маңдайшасын есепке кіргізгенім жоқ. Әуелі үй болсын, үйі болса маңдайшасы ешқайда қашпайды ғой!
— Жер ше?
— Үш мыңдай болады.
Мартин чек жаза бастағанда, Бернард Хиггинботам тобарсыған ерінін жалап, қолдары қалтырап, кірпік қақпай қарап отырды. Мартин оны Хиггинботамға ұсынды. Жеті мың доллардың чегі екен.
— Мен... мен саған алты проценттен артық өсім төлей алмаймын, жарқыным,— деді сасқаннан дауысы қырылдап қалған Хиггинботам.
Мартиннің күлкісі келіп еді, сыр берген жоқ.
— Ал өсімі қанша болады?—деді.
— Есептейік. Алты процент... Алты жердегі жетің — төрт жүз жиырма.
— Олай болса айына отыз бес доллардан келеді екен ғой?
Хиггинботам басын изеді.
— Жарайды, егер қарсы болмасаң былай етелік.— Mapтин осы сөзді айтты да, Гертрудаға қарады.— Негізгі сома басыбайлы өзіңде қалсын. Ал сен үйде ас пісіретін, кір жуатын екі әйел жалдауға айына отыз бес доллар жұмсап тұрамын деп уәдеңді бер. Қысқасы, мұнан былай Гертруда үйдегі ауыр жұмысты істемейтін болса, жеті мың доллар сенікі. Көнесің бе осыған?
Мистер Хиггинботам мұрнын шуылдатып ауыр күрсінді. Әйеліне қара жұмыс істетпе деуі намысына тигендей. Мол сыйының қайыруы да шымбайына бататын түрі бар, қатты бататын түрі бар. Қатын қара жұмыс істемесін деген не сұмдық! Бернардтың ашу қысып, түгі сыртына шығып кетті.
— Жә, мейлің,— деді Мартин.— Сен көнбесең айына отыз бес долларды өзім-ақ төлеп тұрайын, бірақ...
Мартин чекке қолын тағы соза берген еді, Бернард Хиггинботам алақанымен үстінен баса қойды.
— Жарайды, көндім! Көндім!
Трамвайға отырғанда Мартин шаршағанын сезді, жиіркеніш сезім пайда болды. Маңдайшадағы мақтаныш жазуға көзі түскенде: «Доңыз, не қылған доңыз!» деп ойлады.
«Макинтош журналы» «Балашарды» жақсы суреттермен безеп, басып шығарғанда Герман Шмидт ол өлеңді бір кезде әдепсіз деп тілдегенін ұмытты. Бұл өлең менің әйелімнің құрметіне жазылған деп кім көрінгенге айтумен болды, газет хабаршысының құлағына да салды. Хабаршылар қарап жатсын ба, фотограф, суретшілерін ертіп келіп жетті. Жексенбі күнгі қосымшаның бір бетінде Мартиннің тым ажарлап жіберген портреті, Мартин Иден мен оның семьясының хикаясы басылып шықты, журналдан арнайы рұқсат алып, «Балашардың» текстін де түгел беріпті. Бұл хабар ел құлағына ілініп, жақын маңайдағы көрші-қолаңның әйелдері ұлы жазушының бауырымен таныспыз деп мақтанатын болды. Әлі танысып үлгірмегендері танысуға асықты. Герман Шмидт қуанғаннан алақанын үйкеледі, тіпті, шеберханасына тағы бір жаңа станок қондырды.
— Рекламаның көкесі осы,— деді ол,— әрі ақшам шығып жатқан жоқ.
— Қонаққа шақырсақ қайтеді?— деді Мэриен.
Мартин қонаққа келгенде ет сатып, ірі сауда жүргізіп тұрған бір жуан қасапшы мен оның өзінен де жуан зайыбымен сыпайы сөйлесті. Өйткені, бұлар Герман Шмидт сықылды еті тірі талапкер жас жігітке пайдасы тиетін беделді кісілер тәрізді көрінді. Үй иесі қонаққа атақты жазушы келеді деп ескертпегенде олардың келуі де неғайбыл-ды. Тынық мұхит велосипед компаниесі агенттігінің аға басқарушысы да осы жемге түскен болу керек. Герман Шмидт агенттіктің Оклендтегі өкілдіктен дәмесі бар, аға басқарушының алдында құрдай жорғалайды. Бір сөзбен айтқанда, Герман Мартин Иденмен туыстығын тіршілік мүддесіне пайдаланып қалмақ. Бірақ бұрын жағдай осылай болып қалар деп ойлаған емес. Мартиннің қалайша атаққа ие болғанын түсінбейді. Ол түн ортасында, әйелі оянып кетпесін деп жасырынып, Мартиннің шығармаларын талай оқып көрді. Оқыған сайын осыны ақша төлеп алып жүрген кісіде мұқым ес жоқ деп ойлайтын.
Мартин күйеу жігіттің өзі туралы не ойлап жүргенін жақсы біледі: орындықтың арқалығына сүйеніп, шалқайып отырып, ол Герман Шмидтке сынай қарады, іштей кіжінді — менменсіген пасық неміс!—деп ойлады. Алайда бір мінезін ұнатады. Қанша кедей болғанымен, қаншама байығысы келіп жанталасқанымен Мэриенге үй жұмысына қолғабыс ететін қызметші әйел жалдапты. Түскі астан кейін Мартин велосипед компаниесінің басқарушысымен сөйлесті де, Германды оңаша шығарып алып, Оклендте велосипед және велосипед жабдығын сататын ең жақсы магазин салдыруға қаражат бергісі келетінін айтты. Тіпті, мырзалығы ұстап, тағы бір автомобиль шеберханасы мен гараж қарастыр, сенің екі бірдей кәсіп басқару қолыңнан келеді деп қойды.
Қоштасарда Мэриен Мартинді құшақтап, көзіне жас алды, жақсы көремін, бұрын да жақсы көруші едім деп сыбырлады. Соңғы сөзін мүдіріңкіреп айтуы рас, бірақ оның есесіне көз жасы мен сүюін көбейткен. Мартин Мэриеннің бір күндері күдік айтып, қызметке орналас дегені үшін енді кешірім өтініп тұрғанын түсінді.
— Е-е, бұған ақша құтаймайды екен,— деді кешке Герман Шмидт әйеліне.— Процент туралы айта бастап ем, бұлан-талан болды! Не дегенін айтайын ба? Процент түгілі капиталыңның да керегі жоқ. Егер тағы айтар болсаң, сен немістің «келдеңді қырқамын» дейді.— Сөзі осы. Жарайды, іскер адам болмағанымен, жігіт екен. Бір көмегі тиді!
Тұс-тұстан қонаққа шақыру көбейді. Көбейген сайын Мартин қобалжи түседі. Бір күні ол ертеден келе жатқан іргелі клубтың құрметті қонағы болған. Банкетте өмір бойы есімін не сыртынан естіп немесе газеттен оқып білетін кісілердің ортасында отырды. Олардың бәрі де: «Трансконтиненталь айлығынан» «Қоңырау күмбірін», «Көбелектен» «Пері мен меруертті» оқығанда-ақ дүниеге ұлы жазушы келгенін түсінгенбіз десті. «Жасаған-ау,— деп ойлады Мартин тағы да,— сол күндері мен ішер асқа, киер киімге жарымай жүруші едім ғой! Сонда неге шақырмаған бұлар? Тарығып, арып-ашып жүрген адамды шақырып алып, бір тойдырған қандай жақсы. Ал бұлар мақтап отырған дүниенің екеуін де мен әлдеқашан жазғам. Егер мені бұрын, бір кезде жазғандарыма бола қонақасы беріп отырсаңдар, соны тарығып жүргенде неге бермедіңдер? Сонан бері «Қоңырау күмбірінің», не «Пері мен меруерттің» бір сөзін өзгерткенім жоқ. Жоқ, сендер менің еңбегімді бағалап отырған жоқсыңдар. Бұл күндері мені қонаққа шақыру абырой саналады, сондықтан ғана шақырып отырсыңдар, айуанның ұяластық сезіміне әлі күнге бағынышты болғандықтан шақырып отырсыңдар. Мартин Иденді қонаққа шақырттырып отырған осы топас, тұрпайы сезім. Ал Мартин Иден мен оның еңбегінде ешқайсыңның ісің жоқ»,— деп кейіп, көңілі жабырқап отырса да, ол ақылды, орынды тосқа ақылды да орынды жауап қайтармаққа орнынан ұшып түрегелді.
Қашан да осы. Қайда барса да осы: сәулетті клубтарда, сыпайы қонақ үйлерде, әдеби кештерде,— айтылатын сөз біреу-ақ: «Қоңырау күмбірі», «Пері мен меруерт» шыққанда ұлы жазушы пайда болғанын білгенбіз деседі бәрі де. Осы сөзді естіген сайын Мартиннің көкейіне «қонақ асыларыңды сол кезде неге бермедіңдер?» деген беймаза, жабысқақ ой орала кетеді. Бұл дүние әлдеқашан жазылған. Сонан қайтып «Қоңырау күмбірі», «Пері мен меруерт» түк өзгерген жоқ. Сол кезде-ақ шебер жазылған жақсы шығарма болатын. Бірақ, сендер мені ол үшін, тіпті өзге шығармаларым үшін де сыйлап отырған жоқсыңдар. Қазір мені қонақ ету сәннен саналады, сондықтан желіккен тобыр Мартин Иденді үйіне шақыруды бәсеке қылып алған.
Осындай минуттарда, өңшең ығай мен сығайлардың ортасында отырғанда, көз алдына үстіне қаусырма куртка, шекесіне стетсон киген, ойын-жиын десе қалмайтын желөкпе жігіт елестейді. Оклендте әйелдер клубы ұйымдастырған әдеби кеште де осылай болған. Эстрадаға жаңа шыға бергенде көз таныс курткасын иығына жамылып, басына стетсон қалпағын баса киген желөкпе жігітті анадайдан, залдың арт жағынан көріп қалды. Мартин Иден неменеге қадалып қарады екен деп таңсық көрген бес жүз әсем әйел де кейін қарай жапырыла қарады. Бірақ ештеме көрген жоқ. Жігіт басындағы қалпағын алар ма екен деп, Мартин әлі қарап тұр. Елес эстрадаға беттеді, эстрадаға көтерілді. Жастық дәуренінің көлеңкесін көріп, кім болмағын және кім болғанын ойлап, көңілі бұзылып, жылап жібере жазады. Елес эстрданы көктей өтіп, Мартинге таянып келді де, ғайып боп кетті. Бес жүз әйел перчатка киген сүйріктей сұлу қолдарын соғып, ду ете түсті. Әлдеқалай именіп қалған атақты жазушыға дем берді. Сонда барып ширығып, елестен әрең арылған Мартин ыржия күліп, сөзін бастады.
Бір күні көшеде Мартинге мектеп директоры кезігіп қалды. Аңқылдақ, ақ көңіл адам еді, ол Мартин баяғыда балалармен төбелесіп, сотқарлық жасағаны үшін қуылғанда кеңсесінде болған жайларды айтты.
— «Қоңырау күмбірінің» ең алғаш басылуын оқығам,— деді ол.— Өте жақсы жазылған! Эдгар Поның жазғандарынан кем түспейді. Сол кезде-ақ өте жақсы деп бағалағанмын.
«Солай ма? Мені көшеде сол күндері екі рет көріп, танымаған едіңіз ғой,— дей жаздады Мартин.— Онда аштық айдап, мен иығымдағы жалғыз костюмімді закылетке беруге жүгіріп бара жатқанмын. Таныған да жоқсыз! Шығармаларымның бәрін мен сол кезде жазғанмын! Ал қазір қай белгімнен, қалайша тани кеттіңіз?»
— Жақында ғана жұбайыма: Мартин біздің үйге кіріп шықса қандай жақсы болар еді деп едім, шақырсайшы деді. Иә, шақыр деп өтініп еді.
— Қонаққа ма?—деп Мартин барқ етті.
— Иә... иә... саған қонақ асы берейік деп едік, қымсынбай, қымтырылмай келе беріңіз... қарт ұстазыңызбын ғой...— деп дәбдірлей түсті ол. Ұялған тек тұрмас дегендей:— Әй, шайтан-ай,— деп Мартинді иығынан қағып, сасып қалғанын сездірмеу үшін өзімсінгенсіді.
Мартин жүре түсіп, кілт тоқтады, бұрылып кетіп бара жатқан қартқа қарады.
— Апырай! Мынаның зәресін алдым-ау, ә!—деді.
Қырық бесінші тарау
Осы қарсаңда Мартинге Крейз келді — баяғы нағыз адамдардың бірі. Мартин оның келгеніне қуанды, адам айтса нанғысыз қиялдан туған бір керемет кәсіп ұйымдастырмақ екен, онысы жазушыға болмаса, есепқой тақыс финансиске қолайсыз шаруа көрінді. Дегенмен Мартин сөзін ықылас қойып тыңдады. Сөз арасында Крейз «Күн масқара болдының» хикаясына түсіп кетіп, оны қияли адамның сандырағы ғой деп қойды.
— Бірақ мен мұнда философияны сөз ету үшін келгенім жоқ,— деді де тағы өз сөзін өзі бөліп.— Менің білейін деп келгенім кәсібіме бір мың доллар үлес қосасыз ба, жоқ па?
— Жоқ, бұл шаруаға үлес қосатын мен қияли емеспін,— деді Мартин,— бірақ өз ойымды айтайын. Сіз өмірімде ең бір қызық кеш өткізуіме себепші болған едіңіз. Сол кеште сіздерден естіген сөзді ақшаға сатып алуға болмайды. Ал қазір мен үшін ақшаның қадірі жоқ. Естен кетпестей сол отырыстың құрметі үшін бір мың долларды жай-ақ берейін. Сізге ақша керек, менде ақша көп. Алғыңыз келсе анау-мынау деп алдарқатпай ала қойыңыз!
Крейз бұған таңданған жоқ. Чекті алып, қалтасына сала салды.
— Бүйтер болсаңыз, жеті сайын бір кеш өткізіп тұрайын.
— Жоқ, кешіктіңіз,— деді Мартин басын шайқап,— ол менің ең бірінші және ең соңғы айрықша кешім екен. Өзге дүниеде болғандай әлі қайранмын. Сіздер үшін онда елеулі ешнәрсе болған жоқ. Маған бәрі ғажап көрінді. Ол сәт енді қайтып оралмайды. Философияны жауып қойдым, естігім де келмейді.
— Өмірімде философиядан олжа түсіргенім осы еді,— деді Крейз есікке қарай кетіп бара жатып,— ол да болса ұзағынан болмады-ау.
Бір күні көшеде миссис Морз жарқырауық жеңіл арбамен Мартиннің жанынан зыр етіп өте шыққан; көзі түсіп кеткенде ол кісі ізетпен бас иіп күлді. Мартин де жымиып, қалпағын көтерді, бірақ бұл кездесу оған ешқандай әсер еткен жоқ. Егер бір ай бұрын ұшыраса, бәлкім, тіксінер ме еді, әлде күлер ме еді, миссис Морз не оймен олай етті екен деп, делдал болар ма еді. Қазір бұл оқиға санасына жеткен жоқ. Әлгінде ғана өзі қасынан қаперсіз өткен орталық банк немесе ратуша сықылды миссис Морзды да тез ұмытты. Бірақ миы тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Бәз-баяғы «әлдеқашан» деген сөз миын шағып барады. Ертемен ояна кетсе есіне келеді, ұйықтаса түсіне кіреді. Көргені, естігені, сезгені — әммесі санасында «әлдеқашан» деген сөзбен мидай араласып жатады. Логикалық түйсігі Мартинге: сен қазір ешкім де емессің, түк емессің деп ой тұйығына қамайды. Сауықшыл, жел өкпе Мартин Иден, жаһангез теңізші Мартин Иден өмірде бар тірі адам еді. Ал ұлы жазушы Мартин Иден өмірде ешуақытта болмаған құр лебіз. Ұлы жазушы Мартин Иден жалғаншыл тобырдың ойдан шығарған өтірігі, оны жел өкпе, сауыққой теңізші Мартин Иденнің тәніне әкеп теліген солар. Осының бәрі алдамшы дүние екенін ол жақсы біледі. Тоқмейілсінген өңшең тобыр бас иіп, алдына ас тартып, құлқынын алдаймыз деп әлек болып жүрген ертегінің қаһарманы өзі емес, ол нағыз Мартин Иден емес. Мұны жақсы біледі.
Мартин журналдардың өзі туралы жазғанын оқып жүр, басқан суреттерін көріп жүр. Бірақ соның бәрін шындық деп ойламайды. Ол қала шетінде, жұмысшылар арасында туып өсті, солармен бірге өмір сүрді, өз қадерінше қызық көрді. Ол кісіге қайырымды еді, тұрлаусыз тағдырдың тепкісін талай көрсе де мойыған жоқ, сағы сынған жоқ. Ол жат елдерді де көп аралаған, күн райына қарамастан, қалшиып талай-талай вахтада тұрған, бір кезде өзі сияқты тентектердің сойқанды сүрегін бастаған. Ол кітапхананың тұңғыш табалдырығынан аттағанда тізіліп тұрған көп кітапқа қайран қалып, қайтерін білмеген. Кейін соның бәрін оқып, түсінетін болды. Ол түн ортасы ауғанша шамын сөндіріп көрген емес, ұйықтап кетем деп төсегіне шеге сеуіп жатты, ақыры бір кезде өзі де кітап жазды. Бірақ қазір жұрттың бәрі қонаққа шақырып жүрген ынсапсыз обыр өзі емес.
Бұл елдің кей мінезі қызық. Журналдың бәрі қазір Мартин Иденді біз таптық деп таласатын көрінеді. «Уоррен айлығы» өзінің оқушыларын Мартин Иденді елден бұрын көрген біз, яғни әрқашан да жас талант іздеуді өзіне мәшһүр етуші біздің журналымыз еді деп сендірмек болған. «Ақ тышқан» бұл атаққа біз иеміз депті. «Солтүстік барлаушысы» мен «Макинтош» журналы да ешкімнен қалысар емес. Ақыры оларға «Глобус» дау айтып, сөзін растау үшін баяғыда борша-боршасын шығарып, бірақ бірінші болып басатын «Теңіз толғауларын» дәлел етіпті. Борышынан әрең құтылып, жарық дүниені жаңа көрген «Жастық һәм балиғат» журналы да Мартин Иденге правосы барлығын білдірген. Бір тәуірі, бұл журналды фермер балаларынан өзге ешкім оқымайды. «Трансконтиненталь айлығы» атақты авторды қашан, қалай ашқаны туралы арнайы мақала жазды. «Көбелек» редакциясы «Пері мен меруертті» бәрінен бұрын өзі басқанын хабарлап, «Трансконтиненталь айлығының» сөзін бекерге шығарды. Ал осы у-шудан кішіпейіл «Синглтри, Дарнлей һәм К°-ның» үні естілген жоқ. Өйткені, өзінің журналы болмауынан ол Мартинге хұқы барын елге естіртіп айта алмады.
Ал газет атаулы Мартиннің қаламақысын есептеумен әбігер. Сондықтан кей журналдың мырзалығы елге естіліп қалса керек; Оклендтің уағызшылары Мартиннен қайыр-садақа дәмететін болды, толып жатқан сұғанақ сұраншылар ауызша да, хат арқылы да өтініш айтып, маза бермейді. Бәрінен беймаза әйелдер екен. Мартин Иденнің фотографиясы елге тарап кеткен ғой, ал газет хабаршылары оның «қоладан құйған мүсіндей кескінін», «қақпақтай жауырынын», «сабырлы ашық көзқарасын», «дүниені тәрк қылған тақуадай ашық жүзін» айтып жете алмайды. «Ашаң жүзді» естігенде желікті жастық шағы есіне түсіп күлді, ол кезде әйелдердің осы қалай деп сұқтана, сынай қараған сөзден өткір, оттан ыстық көздерін талай көруші еді. Бриссенденнің сақтандырғаны есіне түскенде де бір күлді. Жоқ, әйел заты енді азапқа сала алмайды. Оларға бұрынғыдай қайырылмайды.
Бір күні Мартин Лиззиді кешкі мектебіне ертіп бара жатқанда әдемі киінген бір сұлу әйелдің екеуінің қасынан өте беріп, Мартинге жалт қарағанын Лиззи байқап қалған. Көзі Мартинге болар-болмас қана кідіргенімен соның сырын сезе қойған Лиззи қалтырап, қатты ашуланды. Лиззидің ашулану себебін кейін білген Мартин ондайдың талайын көріп жүргенін, бірақ әйел қылығы өзіне әсер етпейтінін айтқан еді.
— Мүмкін емес!—деді сонда қыз көзі жалт етіп.— Әлдебір ауруыңыз бар ма?
— Денсаулығым өте жақсы. Тіпті семіріп, салмағыма бес қадақ қосыппын.
— Тәніңіз ауырады демеймін, жаныңыз ауыратын болар. Сізде бір нәрсенің салқыны бар екені анық. Оны мен екеш мен де сезіп жүрмін!
Мартин ойланып қалды.
— Құрысыңыз тезірек тарқаса екен деп тілеймін!— деді тағы да қыз кенет.— Сіз сияқты еркек әйел назары түскенде елең етпей қалмаса керек еді. Егер көңіліңіз шын селт етпейтін болса, бұл табиғатқа жат әдет екен. Сіз бала емессіз ғой. Оллаһи, сізді сергітетін әйел табылса қуанар едім.
Лиззиді шығарып салып, Мартин «Метропольге» қайтып оралды.
Қозғалмай, ойланбай алдына түйіле қарап, креслода отырды. Тек мезгіл-мезгіл көз алдына өткен өмірінен бұлдыр елес келеді. Түс көрген адамдай сол елеске ойсыз қарайды. Бірақ өзі ояу. Бір уақытта селк етіп, сағатына қарады. Аттай сегіз. Бітіретін жұмыс жоқ, ұйықтауға ерте. Ойы тағы шырматылып, бытыса бастады, көз алдынан қалықтап, тізбек-тізбек болып тағы елес өтті. Бірақ есте қалар еш көрініс байқалмайды. Үнемі қалың жапырақтың арасынан селдіреген күн сәулесі көз алдынан кетпейді.
Біреу есік қағып, оятып жіберді. Бірақ ол ұйықтаған жоқ-ты. Есік қаққан мезетте ойына телеграмма, хат, жуылған кір әкелген қызметші түсті. Қиялына әлдеқалай Джо оралды. Қазір ол қайда жүр екен...
— Кіріңіз!
Джоны ойлап отырған Мартин келген кісіге бұрылып қараған жоқ. Есік өте ақырын ашылған, біреудің әлгіде ғана есік қаққанын ұмытып кеткен Мартин ешнәрсе көрмесе де ілгері қадала қараған қалпында отыра берді. Бір кезде булығып жылаған әйел даусы естілді. Мартин ұшып түрегелді.
— Руфь!— деді ол таңырқап.— Өзі әлденеге шошып кетті.
Қыздың жүзі қуқыл да қайғылы екен. Бір қолымен есікке сүйеніп, бір қолын кеудесіне басып тұр. Әлден уақытта ол жалбарынған адамдай қолын созып, ілгері ұмтылды. Мартин Руфьті креслоға апарып отырғызды. Саусақтарының мұздай екенін сезді. Тағы бір кресло жақындатып, жанына өзі отырды. Сасқанынан не айтарын білмеді. Руфьке деген сүйіспеншілігі жүрегінде көптен бері көмулі жатқан. Өзі «Метропольда» емес, бір жетіден бері жиылған кірі ыбырсып, үйіліп жатқан «Қайнарбұлақтың» кірханасында тұрғандай сезінді. Сөйлескісі келіп, бірнеше рет оқталып еді, бата алмады.
Менің мұнда келгенімді ешкім білмейді,— деді ақырын Руфь жалынышты адамдай қипақтап күле қарап.
— Не дейсіз?
Өз даусына өзі таңданып қалды Мартин.
Руфь бір айтқан сөзін қайталап тағы айтты.
— О!—деді ол, аузына түскені осы болды.
— Қонақ үйге кіргеніңізді сыртыңыздан көрдім де, сәл кідіріп, мен де кірдім.
— О!—деді ол тағы да.
Ешуақытта тілі мұндай күрмеліп көрген емес. Ақыл-зердесі қайда кеткен. Үндемей қалу ерсі сияқты, бірақ біреу өлтіремін десе де үндейтін дәрмен жоқ. Расында да қазір «Қайнарбұлақтың» кірханасында болғаны жақсы еді, екі жеңін сыбанып жіберіп қызу жұмысқа алаңсыз араласар еді ғой.
Руфь қулана күлді, кеудесін жапқан шарфын шешті.
— Түнеугі қызбен кетіп бара жатқаныңызды бүгін тағы көрдім...
— Иә, кешкі мектебіне шығарып салдым.
— Немене, мені көргіңіз келмей отыр ма?—деді қыз біраз кідіргеннен кейін.
— Жоқ, көргім келеді, әрине, қуанып отырмын,— деді Мартин сасқалақтап,— бірақ мұнда жалғыз келуіңіз лайық па?
— Мен ешкімге білдірмей жасырынып өтіп кеттім. Мұнда екенімді ешкім білмейді. Сізді көргім келді. Зердесіз екенімді түсіндім деп өзіңізге айтқалы келдім. Төзе алмағасын келдім. Жүрегім әмір еткесін келдім... келгім келгесін келдім!
Руфь орнынан тұрып, Мартинге жақындады. Қолын иығына салып, жүрегі лүпілдеп, жиі-жиі дем алып, бір мезет тұрды да Мартиннің кеудесіне басын иді. Жаратылысынан рақымды, кісі көңілін жықпайтын Мартин қыздың бетін қайтару қиын екенін түсінді, қылығына қылық көрсетпесе қыздың намысына, өжданына тиетінін білді. Бәрін білгенімен, түсінгенімен құшағының қызуы, көңілінің ықыласы жоқ еді. Қолдарымен тек қапсыра құшақтағаны болмаса. Бірақ қыз іші-бауырына ене түсті, алақанын мойнына салды, әттең, осының бәрі бұрынғыдай Мартиннің бүткіл денесін дір еткізген жоқ, бұл халді қолайсыз көрген ол іштей ұялды.
— Неге қалтырайсыз?—деді ол.— Тоңып тұрған жоқсыз ба? Камин жағайын ба?
Мартин қыздың құшағынан босағысы келгендей болған еді, Руфь қатты қысып, жібермеді.
— Нервінікі ғой,— деді ол тісі сақылдап.— Кәзір басылады. Басылып келеді.
Қалтырағаны бірте-бірте бәсеңдеді де. Жігіт оны әлі құшақтап тұр, бірақ таңырқаған жоқ. Неге келгенін түсінді.
— Мамам Чарли Хэпгудке күйеуге шыққанымды тәуір көретін еді ғой,— деді Руфь.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Мартин Иден - 25
  • Büleklär
  • Мартин Иден - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4101
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2156
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4078
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4045
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4155
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4064
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2210
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4133
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2203
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4105
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4065
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2242
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4148
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4023
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4082
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2170
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3973
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3916
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3936
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4038
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2255
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3965
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4043
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2148
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2269
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 1408
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 943
    42.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.