Latin Common Turkic

Мартин Иден - 14

Süzlärneñ gomumi sanı 4096
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2170
34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
— Жарайды, жарайды. Айтыңыз.
— Яхшы.— Әйел өзінің ең ардақты, ең асыл арманын айтар алдында балаша күрсініп қойды.— Маған кирак ферма — сүт ферма. Көп сиыр, көп шабындық, көп-көп пішен. Сан-Лианның маңынан. Сан-Лианда апам тұрады. Оклендке сүт сатам. Ақша көп болады. Джо мен Ник сиыр бақпайды. Жақсы школға барады. Үлкен инженер болады жол салатын. Иә, сүт ферма кирак маған.
Мария сәл кідіріп, екі көзі жайнап, Мартинге қарады.
— Бұл да болады.
Мария ыржиып күлді, уәде еткен дүниесін ешқашанда бере алмасын білсе де дарқан мырзаның құрметіне бір ішіп қойды. Бірақ, Мария Мартиннің шын ықыласына разы еді, бермесе де — бергендей көрді.
— Иә, солай, Мария. Ник пен Джо сиыр бақпайтын болады. Жыл бойы сабақ оқиды, әдемі башмақ киеді. Үй-қорасымен үлкен фермаңыз болады. Шошқа, тауық, бау-бақшаңыз — қысқасы не керек,— соның бәрі болады; бір қызметкер, тіпті, екі қызметкер ұстауға да қаражатыңыз жетеді. Бала тәрбиелеуден өзге түк істемейсіз. Егер қолайлы кісі кездессе, қосыларсыз, ол фермада жұмыс істер, сіз бейнеттен босарсыз.
Сонымен, Мартин болашақтағы мол игілігінен береген қолымен біреуге зор сый тартып, өзі бір киер жалғыз костюмін закылетке беруге алып кетті. Бұл оған оңай соққан жоқ, бір киерінен айырылса, Руфьті де көре алмайды. Мартиннің өзге тәуір костюмі жоқ, жамау түскен матрос курткасымен ет, нан сататын дүкеншіге, оқта-текте апасынікіне ғана бармаса, Морздардың үйіне қарай аттап баса алмайды.
Мартин бұрынғысынша тырбана берді, бірақ қайғы-қасірет жеңіп, арманынан күдер үзуге жақын еді. Екінші ұрыста тағы жеңілдім деген ой жиі келетін болды, қайтадан жұмыс іздеу керек. Бұған дүкеншілер, апасы, Руфь, тіпті, тағы бір айға борышты болып қалған Мария да — бәрі разы болар еді. Жалға алған жазу машинасының ақысын төлемегеніне екі ай болған, енді магазин: не төле, не машинаны қайтар деп отыр. Тағдырға мойын ұсынып, күресін қолайлы күн туғанша тоқтата тұруға ұйғарған Мартин темір жол почтальоны болу үшін емтихан тапсыруға барды. Өзі бірінші болып өткеніне таң қалды. Рас, орынның қашан босайтыны белгісіз екен.
Осындай қысылтаяңда баспа машинасы жүрісінен бір жаңылды. Тегершігі тайып кетті ме, жоқ майы таусылды ма, кім білсін, бір күні таңертең почтальон желімдеген кішкене конверт әкелді. Мартиннің конверт бұрышындағы «Трансконтиненталь айлығы» деген штампына көзі түсіп кеткен еді. Жүрегі алып ұшып, дір етіп, кілт тоқтай қалды. Бүкіл денесі, екі тізесі қалтырап қоя берді. Бөлмесіне барып, әлі ашылмаған конвертті ұстаған күйі керуетіне отыра кеткен кезде қуанышты хабар естіген адамның жүрегі қалай жарылып кететінін анық білгендей еді.
Әрине, мұнан артық қуаныш хабар жоқ. Мынадай кішкентай конвертке қолжазба сыймайды, Мартин «Трансконтиненталь айлығына» «Қоңырау күмбірі» деген бec мың сөзден тұратын «үрейлі» әңгімесін жібергенін біледі. Жақсы журналдар қалам ақысын қолжазбаны алысымен төлейді дейді ғой, сонда мына конверттің ішінде чек жатқан болар-ау. Әр сөзіне екі центтен есептегенде, ғазіретіңізге мағлұм, мың сөзіне жиырма доллар; демек, мынау жүз доллардың чегі екен ғой. Жүз доллар! Мәссаған! Конвертті бұзып жатып, қиялында борышының бәрін есептеп үлгірді: бақалшыға 3 доллар 85 цент; қасапшыға— 4.00; наубайшыға—2.00; овощқа—5.00; жамғысы – 14.85. Хош, бөлмеге – 2.50, бір айының ақысын бұрын төлеу үшін – 2.50; машинаның екі айлық ақысы — 8.00, бір ай бұрын төлеу үшін – 4 00; барлығы 31.85. Тағы, зақылеттегі нәрсе-қараны алу үшін: сағатқа—5.50; велосипедке — 7,75, костюмге 5.50 (60 процент өсімқорға — мейлі бәрі бір ғой!). Нe бәрі— 56.10. Осы цифр көз алдында жарқырауық әріппен жазылып қойғандай жайнап тұр. Қалған 43 доллар 90 цент зор байлық, оның үстіне бөлме мен машинаға алдын ала төленіп қойылмақ.
Осы кезде конвертті ашып жіберіп, ішінен машинаға басылған бір жапырақ қағаз алды. Чек жоқ. Конвертті сілікті, көзіне сенбей жарыққа тосып қарады, жыртты. Чек жоқ. Сонан кейін хатты алып оқыды, редактордың мақтау сөздерінің астарында жатқан шындықты, не себепті чек жібермегенін білгісі келді. Себебін айтпапты, бірақ бір жерін оқығанда төбесіне найзағай түскендей болды. Қолынан хат түсіп кетті. Көзі бұлдырап, сылқ етіп жастыққа құлай кетті де, қалтыраған қолдарымен үстіне одеялын тартып жамылды.
«Қоңырау күмбірінің» құны бес-ақ доллар бопты. Бес мың сөзге – бес доллар! Әр сөзіне екі цент емес, жоқ, он сөзінe бір-ақ цент! Баспашы өзін мақтаған. Әңгіме басылып шығысымен чегіңізді, іле-шала жібертемін деген! Демек, әрбір сөзіне кемінде екі цент төлейді, қолжазбаны қабылдаса-ақ ақшасын кідіртпейді дегендері жалған екен ғой. Шылғи өтірік болып шықты ғой, қап, қармаққа түскен екен. Мұндайын білгенде жазбайтын еді. Руфьтің көңілін алдау үшін — жұмыс істейтін еді ғой. Жазуға кеткен есіл уақыты есіне түскенде, жүрегі тас төбесіне шықты. Сонда, ақыр аяғында, осылай он сөзіне бір цент алу үшін итшіленіп, арамтер болғаны ма! Айтпақшм жазушы дәулетті, құрметті кісі болады деген лақап емексіту үшін айта салған газетшілердің сандырағы екен ғой. Жазушы мансабы туралы жұрттан естігендері былшыл боп шықты: дәлелі мінеки. «Трансконтиненталь айлығының» бір саны жиырма бес цент тұрады, әшекейлі әдемі мұқабасына қарағанда ең жақсы журнал болуға тиіс. Бұл ертеден келе жатқан, Мартин Иден дүниеге келмей тұрғанда шыға бастаған қадірлі журнал. Оның мұқабасына «Трансконтиненталь айлығының» биік мақсатын көрсететін дүние жүзіне әйгілі бір жазушының нақыл сөзі әрдайым басылып тұрады, ол данышпан жарықтық мансабын осы журналдан бастаған екен. Міне, сол биік мақсатпен рухтанған журнал бес мың сөзге бес-ақ доллар төлепті! Осы арада жаңағы киелі нақыл сөз айтқан автордың жуырда ғана шет жұртта қайыр тілеп жүріп, қайтыс болғаны есіне түсе кетті де, бұған, сірә, таң қалуға болмас, деді.
Иә, тотитқан екен. Қармаққа іліккен екен. Жазушылардың қаламақысы туралы газеттердің жазғаны бекер болды, солардың сандырағына ерем деп, қайран екі жыл ғұмырын босқа сарп етіпті. Енді осы да жетер. Мұнан былай бір ауыз сөз жазсам ба — көрерсіз! Ол Руфьтің өтінішін, өзге жұрттың тілеуін орындайды — қызметке кіреді. Мартиннің есіне Джо түсті. Ол қазір ешбір әрекетсіз сандалбайлап жүр. Мартин де қызыққандай күрсініп қойды. Күн сайынғы он тоғыз сағат жұмыс титығына жеткен екен — енді сезіп отыр. Бірақ Джо ғашықтықтың, ол жүктейтін жауапкершіліктің не екенін білмейді ғой, сондықтан ешбір еңбек етпей дүние ақтап кетуіне хақы бар. Ал Мартин жұмыс жасауға тиісті һәм жасайды да. Күні ертең ол қызмет іздейді, күні ертең Руфьке: тұрмысымды мүлде өзгертемін, енді әкейіңіздің конторына қызметке орналасамын деп хабар етеді.
Бес мың сөзіне бес доллар, он сөзіне бір цент — міне, көркем өнердің базар нарқы осы! Мұның алдау екені, әділетсіздігі, оңбағандығы жаныңды күйдірмес пе. 3.85 цифры — бақалшыға бересісі, жұмулы жатқан көзіне оттай басылды. Мартин тоңды, сай сүйегі сырқырады. Әсіресе, белі қозғалтпайды. Басы зырқылдайды — төбесі ойылып кеткендей, көк желкесі шаншып, бүкіл бас сүйегі мен миы солқылдайды; әсіресе, қабақ сүйегі кеміріп, шыдатар емес. Көз алдында бәз баяғы 3.85 цифр жарқырап тұр, жанын жеп барады. Осы беймаза пәледен құтылсам екен деп көзін ашып, күндізгі күн жарығына көзі түйілді, қайта жұмды, 3.85 тағы да жарқ ете түсті.
Бес мың сөзге бес доллар, он сөзге — бір цент. Міне, осы бір ой миын бұрандалап тесіп барады, бұл да көз алдынан кетпей қойған 3.85 цифры сияқты ойынан кетер емес, құтылуға дәрмен жоқ. Ақыры бір кезде цифр бүлкіл қағып, бұзыла бастады, қайтер екен деп Мартин де қарай қалды, бірте-берте өзгере келіп, ол 2.00 болып шықты. А,— деді Мартин,— наубайшыға бересі борышым екен ғой. Онан кейінгі цифр 2.50. Өмірі мен өлімін осы цифр шешетіндей Мартин керемет қызығып кетті оған. Ойпырау, осы кімге екі жарым доллар берешегім бар еді, кімге? Осыны анықтау керек, қалай да анықтамай болмайды. Осыған жауап іздеп ол қатерінің ұзыннан ұзақ қараңғы коридорын аралап кетті, жадында қалған әртүрлі керексіз ой үзігі мен мәліметтің бәрін қопарды, бұлың-бұлың қуыс-тесігінің бәрін ақтарды. Осылай маталумен әлденеше ғасыр уақыт өткендей болды оған. Бақса, ол Марияға беретін борышы екен ғой. Осы бір шым-шытырық шатпақты ажыратып алғаннан кейін Мартин: уһ, енді тынығайыншы деді. Жоқ, тыным көрер емес. 2.50 сөніп еді, орнына 8.00 цифры жарқ ете түсті. Иә, бұл сегіз доллар қай қарызым? Ой шытырманын аралап, тағы да азапты ауыр сапар шекпек керек.
Қанша уақыт қаңғырғанын Мартиннің өзі де білмейді (түпсіз шыңырауға түсіп кеткендей). Бір кезде есік қағып, Марияның: немене, сырқаттанып қалдыңыз ба, деген дауысынан оянып кеткен екен, сәл есін жинап, әлдебір танымайтын жат кісідей, жай, көзім ілініп кетіпті, деп күңк етті. Бөлме қараңғы екен, таң қалды. Хат күндізгі сағат екіде келген, қазір қас қарайыпты. Тегі, ауырса ауырған да шығар.
Мінеки, 8.00 цифры тағы пайда болды, тағы ойланды, тағы да зорланды. Ендігі ойы қулық жасамақ. Ой шытырманын аралаудың қажеті жоқ. Бұрын бұл қалай есіне келмеген! Қатерінің доңғалағын айналдырып жіберсе болып еді ғой, ол айналды да — зыр айнала жөнелген доңғалақ өзін де ілестіріп, қараңғы қуысқа алып кетті.
Мартин өзін бір кезде кірханада көргеніне таңырқаған жоқ, каток астына крахмалдаған манжеттерді жазып салып тұр екен. Манжеттердің бәрі цифрмен таңбаланған. Тегі, киімге жаңа белгі соққан-ау деп ойлап, таңбасына қараса 3.85 цифры тұр. Осы арада бақалшының счеты есіне түсе кеткен Мартин: жарайды, счеттардың бәрін катоктан өткізу керек деді. Бірақ зымиян ой сап ете қалды оған. Счеттардың бәрін ол еденге шашып жібереді, түк төлемейді. Айтты — бітті. Манжеттерді мылжалап-мылжалап, лас еденге лақтыра берді. Үйінді таудай болды, бақса, счеттың әрқайсысы өз-өзінен екеу, он, мың болып көбейіп кетіпті. Тек Марияның екі жарым долларлық счеты көбеймеген. Олай болса, Мария өзіне қысым көрсетпейді екен ғой. Ол соған ғана қарызын өтемек болды да едендегі дода-дода жатқан қағаздың арасынан Марияның счетын іздеді; ол көп ғасыр бойы ылғи іздеумен болды; бір кезде кенет қонақ үйдің иесі — әлгі жуан голландиялық жетіп келді. Ашудан түтігіп кеткен, дүниені күңірентіп айғай салды. «Манжеттердің құнын жалақыңыздан ұстап қаламын!»—деді ол. Үйінді кенет тауға айналды. Мартин оның құнын төлеу үшін бір мың жыл жұмыс істеуі керек екенін түсінді. Ендеше өзге ылаж жоқ, қонақ үйдің қожасын өлтіріп, кірхананы өртеу керек. Сол кезде жуан голландиялық желкесінен ұстай алып, сілкіп-сілкіп, үтік тұрған столдан, плита, каток, кір жуатын, кір сығатын машиналардан асыра лақтырып кеп жіберді. Мартин ауада шырқ үйірілді, тістері сақылдап, екі шекесі дыңылдады, голландиялықтың мұншама қайратына қайран қалды.
Енді бір қараса, жуылған, катоктан өткен манжеттерді қабылдап, өзі тағы да катоктың қасында тұр, оның ар жағында айлық журналдың редакторы манжеттерді катоктың табанына төсеп, бері қарай өткізіп тұр екен. Байқаса, әрбір манжет чекке айналып кетіпті. Мартин бәйек болып, чектерге үрейлене қарайды, ешбірі толтырылмаған. Мартин соның ішінен өз есіміне жазылған жалғыз чекті көрмей қалам ба деп қорқып, катоктың қасында миллион жылдар бойы чек қабылдап тұрды. Бір заманда күткен чегі шыға келді. Мартин қалтыраған қолдарымен оны жарыққа тосып қарады. Бес доллардың чегі. Сол кезде «Ха-ха-ха!»—деп баспашы катоктың қалтарысына тығыла қоймасын ба. «Жарайды, тап қазір өлтірейін сені»,— деді Мартин. Балта іздеп, көрші бөлмеге кірсе, қолжазбаларды крахмалдап, Джо тұр. Қап, қолжазбаны құртады-ау деп, Мартин қолындағы балтасын Джоға сыбап кеп жіберді. Балта қалт етіп, ауада тұрып қалды. Мартин енді кері жүгіріп катокка келсе — алай-дүлей ақ боран. Жоқ, ол ұйытқыған қарлы боран емес, әрбіреуі мың долларлық қисапсыз көп чек. Чектердің бәрін жинап, жүз данадан дестелеп, әр дестесін лентамен байлады.
Бір уақыт Джо жетіп келді. Ол жонглерше үтіктерді, сырт көйлектер мен қолжазбаларды кезек-кезек атқылап, қақпақыл қылып тұр. Кейде дестелеген чектерді ала сала аспанға ырғытып жібереді, чектер төбеден өтіп, зым-зия жоқ болады. Мартин тұра ұмтылып еді оған, Джо қолындағы балтасын жұлып алып, аспанға атып жіберді. Іле-шала Мартиннің өзін де лақтырды. Мартин үйдің төбесінен тесіп өтіп, әуеде айнала қармалап жүріп, қолжазбаларын жинап алып, бір құшақ қағазымен жерге қонды. Бір кезде әуеге тағы көтерілді, шырқ көбелек айналып аспанда жүрді де қойды. Жырақтан әлдебір ән салған баланың дауысы естіледі: «Билеші, Вилли, менімен, тағы бір рет билеші!»—дейді.
Кілең чек, крахмалдаған көйлек пен қолжазбалар ағараңдап аспандағы Құс Жолы боп кетіпті, балта да сонда тұр. Мартин жерге қайтқасын Джоны дереу өлтірейін деп, балтаны алып алды. Бірақ ол жерге қайтқан жоқ. Түнгі сағат екіде Мария Мартиннің ыңыранып, ыңқылдап жатқанын қабырға арқылы естіді де, бөлмесін ашып кіріп, айналасына ыссы үтік, ісініп, қанталаған көздеріне сулы орамал қойып кетті.
Жиырма алтыншы тарау
Мартин Иден келесі күні жұмыс іздеуге бара алған жоқ. Түс ауа көзін әрең ашып, есін жинап, бөлмесіне айнала қарады. Сильваның сегіз жасар қызы Мэри басында отыр екен, Мартин көзін ашқан мезетте ол шыр етіп, тұра қашты. Ac үйде тамақ әзірлеп жатқан Мария келді. Мартиннің ыстық маңдайына күс-күс қолын басып, тамырын ұстады.
— Тамақ ашайт?—деді.
Мартин басын шайқады. Асқа зауқы соқпайды, тіпті, бір кезде тамаққа тәбеті шауып, қарны ашқанына таң қалды.
— Мен ауырып жатырмын, Мария,— деді ол. Әлсіз дауысы әрең естіледі.— Нендей сырқат екен? Білмейсіз бе?
— Грипп. Сүле. Үн күннен яхшы болады. Тамақ кирак жоқ. Кейін ашайт. Ертең.
Мартин ауырып көрмеген адам еді. Мария қызыменен бөлмеден шығып кеткесін, киінбек болды. Ара-тұра көзін жұмып-жұмып алмаса, түйіліп, ауыра беретін болған. Ол зорға дегенде керуетінен тұрып, столға барып отырды, әлі құрып, еңкейіп, столға басын сүйеді, сол қалпында қозғала алмай біраз жатты. Жарты сағаттан кейін әрең-әрең төсегіне жетіп құлады, көзін жұмып, қимылдамай жатып, аурудың әсерін байқамақ болды. Мария маңдайына қойған салқын компресті бірнеше peт ауыстырып кетті. Бірақ ләм деген жоқ, әлдене айтып, мазасын алмайын деп естиярлық жасады. Мұнысына разы болған Мартин:
— Мария, сүт фермаңыз болады, яхшы сүт ферма,— деп күбірлеп қойды.
Сонан кейін әлденеге тым алыстап, бұлдырап кеткен сонау кешегі күн есіне түсті. «Трансконтиненталь айлығынан» хат алғанына және өзінің адасқанын біліп, бұрынғысынан тыйылып, енді өмір кітабының тағы бір бетін аударғанына бүтін ғасыр өтіп кеткендей көрді. Садағының адырнасын тым қатты тартып жіберген ғой — үзіліп кетіпті. Ашаршылық пен жоқшылыққа өзін-өзі қамамағанда, ауру да ала алмайтын еді. Денесіне дарыған микробпен күресуге күшінің жетпегені-ау. Енді ұзынынан түсіп, көтеріле алмай жатқаны мынау.
«Өміріңді еш қылып, өліп-тіріліп, бір кітапхана кітап жазғаннан не мағына?—деп ол өзіне өзі сауал қойды.— Жоқ, бұл маған лайық іс емес. Әдебиет менен, мен әдебиеттен аулақ! Енді контор кенегесін жүргізетін болам, ай сайын жалақы алып тұрам, қауашақтай ғана тар үйде Руфьпен өмір сүрем — жазмыш солай екен».
Екі күннен кейін Мартин бір жұмыртқа, екі тілім нан жеп, бір стакан шай ішіп, келіп жатқан почтаны алдырды. Бірақ көзі ауырып, ешнәрсе оқи алған жоқ.
— Маған мына хаттарды оқып беріңізші, Мария,— деді ол.— Үлкен, қалың конверттерді ашпай-ақ қойыңыз. Стол астына тастай беріңіз. Кішкене конверттегілерін ғана ашып оқыңыз.
— Мен білмей,— деді Мария.— Тереза біледі, ол мектепке барады.
Тоғыз жасар Тереза Сильва тілдей конвертті ашып, оқи бастады. Жазу машинасының ақысын төлеңіз деп дігірлеген екен біреу. Мартин оған құлақ асқан жоқ, есіл-дерті жұмыс іздеп табуда. Бір кезде құлағына мына бір сөз caп ете түсті:
— «Қырық доллар төлейміз, егер әңгімеңізді жариялауға айрықша право берсеңіз бізге,— деп оқыды Тереза,— әлбетте, біз ұсынған қысқартулар мен өзгертулерге келісім беруіңіз керек...»
— Бұл қайдан, қай журналдан? Кәні, бері берші,— деп Мартин дауыстап жіберді.
Көзінің ауырғанын ұмытып, ентелей оқыды. «Иірім» деген ертеректе жазылған бір «үрейлі» әңгімесіне «Ақ тышқан» қырық доллар ұсыныпты. Мартин хатты қайта-қайта оқыды. Редактор айтайын деген негізгі ойыңызды анықтап айта алмағансыз, бірақ сол соны пікіріңіздің өзі бізге ұнады, әңгімеңізді жариялауға әзірміз, деп турасын айтыпты. Егер «Иірімнің» үштен бірін қысқартуға рұқсат етсеңіз, қырық доллардың чегін кідіртпей жібереміз, депті тағы да.
Мартин қағаз, қалам алып, редакторға әңгіменің төрттен үшін қысқартсаңыз да рұқсат, тек чегіңізді тезірек жібере көріңіз, деп жауап қайтарды.
Тереза хат салуға жүгіріп кетті. Мартин жастыққа шалқайып жатып, ойға шомды. Демек, өтірік емес екен ғой, «Ақ тышқан» қолжазбаны қабылдасымен ақшасын төлейміз деп отыр.
«Иірім» үш мың сөзден тұрады. Үштің бірін шегерсе, екі мыңы қалады, Сонда әр сөзіне екі центтен келгені ғой. Қолжазба қабылданса ақша береді және әр сөзіне екі центтен төлейді деген газет сөзі рас болды! Өзі «Ақ тышқанды» төмен қол журнал көретін. Тегі, журнал турасынан хабары жоқ екен-ау.
«Трансконтиненталь айлығы» ең жақсы журнал деп санаушы еді, ол он сөзге бір-ақ цент төлейді! Қомсынып жүрген «Ақ тышқаны» онан жиырма есе қымбат төлейтін болып шықты және ақшасын басылып шығуын күтпей-ақ жібере бермек! Мәссаған безгелдек!
Қысқасы, бір жағдай анықталды: енді ауруынан айыққан соң жұмыс іздеудің керегі жоқ. Қиялында жүз қаралы әңгіме дайын жүрген, ешқайсысы «Иірімнен» кем түспейді, әрқайсысына қырық доллардан қойғанда да табысы қай қызметкерден кем бола қояр екен. Ұрыстан жеңілдім деп жүргенде жеңіп шыққанын қарашы. Үміті ақталды. Жол ашылды. «Ақ тышқаннан» кейін әңгімелерін басатын журнал көбейе бермек. «Табысты» деген кәкір-шүкірді енді тоқтатады. Бәрібір ешкім көк тиын төлемес еді оған. Ол жұмыс жасайды, нағыз жұмыс жасайтын болады, бойындағы бар асыл қасиетін осыған салады. Шіркін, қазір осында Руфь келіп, қуанышына ортақ болар ма еді, деп ойлады Мартин. Бір кезде төсек үстінде шашылып жатқан хаттардың арасынан Руфьтің хатын тауып алды. Ол үшті-күйлі жоқ болып кеттіңіз ғой, хабарласпағаныңызға көп күн болды, қайда жүрсіз, деп наз айтыпты. Мартин қатты қуанып, хатты қайта-қайта оқыды, жазуының әрбір әрпі ыстық көрінді, қойған қолын сүйді.
Жауабында тәуір деген жалғыз костюмін залогқа беріп, енді ешқайда шыға алмай отырғанын жасырған жоқ. Ауырғанын айтты, қазір сауығып қалдым, екі жетіден кейін (Нью-Йорктан чек келетін шама) костюмімді алып, сол күні сіздің үйге барамын, деді.
Руфь ғашық жары сырқаттанып, төсек тартып жатқанда, екі жеті күтіп, үйінде отыра алар болмады. Келесі күні солқылдақ арбаға отырып, Артур екеуі келді, бұған Сильваның балалары, сол маңайдағы күллі бала-шаға мәз-мейрам болды. Марияның зәресі ұшып кетті. Таң қаларлық қонақтарына аңырая қарап, айнала қоршап алған балаларын шапалақпен шартылдатып, Мария өзінің алқам-салқам болып жүргеніне сөз білмейтін сақау тілімен кешірім өтінді. Сабын көбігі қатқан салтақ-салтақ қолдары, алжапқыш орнына мойнына іле салған су-су жөке оның не жасап жатқанын айтпай-ақ білдіріп тұр. Әсем киінген жастар әдемі арбадан түсе қалып, үйіндегі кісісін сұрағанда жүрегі жарыла жаздаған Мария кісілерді кішкентай қонақ үйіне кіргізуді де ұмытқан. Мартиннің бөлмесіне бару үшін қонақтардың әуелі кір жуылып, буы бұрқырап, абыр-сабыр болып жатқан ып-ыссы ас үй арқылы өтуіне тура келді. Абыржыған Мария бөлменің есігі мен шкафтың қақпағын қалай ашып-жабудың ретін біле алмай, бөлмеге сабынды су мен кір иісін, бұрқыраған буды қаптатты да жіберді.
Руфь бұлаң етіп оңға, сылаң қағып солға бұрылып, оң жағына қарай тағы ойысып барып, Мартиннің керуеті мен столының арасындағы тар каналдан өтті. Артур епдейсіз екен, бұрыштағы куршек пен табаны салдыр-гүлдір аударды да кетті. Бірақ бөлмеде ол көп кідірген жоқ. Жалғыз стулде Руфь отырғасын, ағасы мен міндетімді орындадым дегендей, далаға есік алдына шықты. Сильваның толып жатқан балалары тамаша көріп, дереу қоршап алды оны. Осының бәрі тегін емес, бүгін бір сұмдық болар дегендей бүкіл квартал бойындағы балалар арбаның айналасында топырлап жүр. Мұндай әсем арба қыз ұзату тойында не біреуді жерлегенде ғана көрініп қалатын. Бүгін бұл маңайда үйленген, қайтыс болған ешкім жоқ-ты. Ендеше тамашалауға тұратын әдеттен өзге бір сұмдық болуға тиісті.
Мартин бұл күндері Руфьті сағынып, сарғая күткен. Махаббатшыл жүрегі жанашыр жан іздеді, жанашыр ғана емес, хал-ахуалын терең түсінетін сезімтал серік күтті. Бірақ ол Руфьтің мұратына ортақ болуынан емес, тек табиғатынан өбекшіл, күйрек кісі болуынан ғана жаны ашып жүргенін әлі ұққан жоқ. Мартин қыздың қолынан ұстап, әңгімесін айтып отырғанда, Руфь те елжіреген, ақырын қолын қысып, көзіне жас алып, жүдеу кескініне қарап, дәрменсіз, бақытсыз байғұс-ай деп те ойлаған.
Бірақ Мартин «Трансконтиненталь айлығынан» хат алғанда торығып қалғанын, «Ақ тышқанның» ұсынысына қатты қуанғанын асығып-аптығып айтқан кезде, Руфь сөзін селқос тыңдады. Айтқандарын естіп, сөз мағынасын жақсы түсінгенімен, қуанышына да, қайғысына да ортақ болған жоқ. Қыз, тегі, бұрынғы пікірінде екен. Журналдар мен редакторлар туралы әңгіме ешқандай әсер етпеді оған. Тек, Мартинмен қосылатын күн қашан туады деп ойлады да қойды. Бұл көмескі ойын өзі де анық ажырата алған жоқ. Мартинді «орналастырсам» дегізіп жүрген де осындай күңгірт, бірақ аналық инстинкт екенін ол байқамады. Әрине, бұл ақиқатты біреу өзіне тура айта қалса, ол, ең алдымен, ұялар еді, екіншіден, ашуланар еді және жоқ, олай емес, мен тек ғашығымның қамын ойлап жүрмін, деп жанға сөз бермес еді. Қысқасы, Мартин өзі түскен жолдан тұңғыш мархабат тапқанына қуанып, Руфьке сырын егіле шертті. Қыз тыңдаса да, сөзіне құлақ аспай, тек айналасына көз жүгіртіп, көргендеріне таң-тамаша болып селсоқ отыра берді.
Руфьтің бүгін қайыршылықпен бетпе-бет бірінші кезігуі.
Бұрын ол ғашықтық пен аштық қатар жүрсе, – романтиканың өзі деп ойлайтын, бірақ, сол романтиканың өмірдегі кейпін әлі көрген емес. Қалайда тап мынадай көрініс күткен жоқ еді. Ас үйден кірген күлімсі кір иісінен жүрегі айныды. Анау сүмелек әйел күнде кір жуатын болса, қоңыс иіс Мартинге де сіңіп кеткен шығар деп ойлады. Қайыршылық жұқпалы дерт сықылды. Руфь айналаның кірі де Мартинге жұққандай көрді. Оның сақал-мұрты өсіп кетуін жаратпады (қырынбағанын көріп тұрғаны осы). Иегі мен самайындағы үрпиген түгі Сильва үйінің кірі сияқтанды, жігіттің өзі жаратпайтын тағы кейпін есіне түсіргендей болды. Ойпырай, Мартиннің екі әңгімесін қабылдай қоюын қарашы! Енді ол өзімдікі дұрыс деп ұғады-ау. Сәл кідіргеңде — көніп-ақ еді, қызметке кіретін еді. Қазір ол жазуына тағы отырар, мына кісі төзбестік жағдайда аштан-аш тұра беретін болар.
— Не иіс бар осы үйде?—деді Руфь.
— Кірдің иісі. Мария кір жуып жатыр ғой. Мен өзім бұл иіске үйреніп кетіппін, – деді Мартин.
— Жоқ, жоқ, онан өзге тағы бір кілкіген жаман иіс бар!
Мартин ауаны иіскеді.
— Темекі иісінен басқа түк сезбеймін.
— Е, бәсе, тап өзі. Бұ не сұмдық! Темекіні осыншалық неге көп шегесіз, Мартин?
— Өзім де білмеймін. Қайғы ойлап, қасірет шексем, темекіні де жиі тарта бастаймын. Ескі әдет. Бала кезімнен тартам.
— Жақсы әдет емес. Мынау бөлмеде тіпті адам дем ала алар емес қой.
— Бұған темекі кінәлі. Мен ең арзан темекі тартам. Аз ғана сабыр етіңіз, қырық долларға чек келсін, сонан кейін періштенің алдында да именбей шегетін шылым аламын. Қалай көресіз, жағдай жаман емес қой деймін! Үш күн ішінде екі қолжазбам өтіп отыр! Сол қырық бес доллармен берешегімнен түгелге жақын құтылатын шығармын.
— Екі жылдық еңбегіңіз ғой ол?
— Жоқ, бір аптаға толмайды. Анау сұрғылт тысты кітапшаға қол жалғап жіберіңізші. Әне, ана жерде стол бұрышында жатыр.
Мартин кітапшаны ашып, ақтара бастады.
— Иә, дұп-дұрыс, айтқандай екен. «Қоңырау күмбірін» төрт күнде, «Иірімді» екі күнде аяқтаппын. Жетісіне қырық бес доллардан келген. Айына жүз сексен доллар! Мұншама жалақыны маған кім төлейді. Және бұл тырнақалды ғана. Сізге жасау сатып алу үшін кемінде бір мың доллар ақша керек. Сонда бес жүз доллардың жалақысы да жетпеген болар еді. Әрине, беташарға қырық бес доллар аз емес. Бірақ жазыққа бір шығып алайыншы. Тұрбаның бәрін будақтатам ғой.
Бұл сөз Руфьке бағанағы әңгіменің жалғасы сықылды көрінді.
— Түтініңіз онсыз да аз емес көрінеді. Мәселе темекінің сапасында емес. Шылым шегу жалпы жаман әдет. Сіз аяғы бар тұрба немесе жүгіріп жүрген жанартау сияқтысыз. Сұмдық-ай! Осының сұмдық екенін, Мартин-ау, өзіңіз де білесіз ғой!
Руфьтің көздерінде махаббат мейірі мөлтілдеп толып тұрғандай еді, Мартин оның мөлдіреген көгілдір көздеріне, сүйкімді сұлу көркіне қарап, баяғысынша оның қасында өзін сөлекет көрді.
— Темекіні тастасаңыз деймін, мен үшін,— деді Руфь сыбырлап.
— Жарайды, тастаймын!—деді ол.— Мен сіздің қай тілегіңізді орындамаймын, сүйіктім-ау, қымбаттым-ау!
Осы арада Руфь жігітті тағы бір ырықтағысы келіп, қобалжыды. Оның елбеңдеп, ыңғайына жығыла беруін көріп, жазуыңызды таста десем де — тастар еді деп ойлады. Бірақ тілінің ұшында тұрған бұл сөзін айта алған жоқ. Бата алмады. Оның орнына басын төмен тұқыртып, жігіттің омырауына тигізіп, сыбырлады:
— Мартин, сүйіктім, мен мұны өзім үшін емес, сіз үшін, бір сіздің қамыңызды ойлап айтып отырмын. Шылым шегу сізге зиян. Ешкімнің, тіпті, әдеттің де құлы болмаңыз.
— Сіздің ғана құлыңыз болайын,— деп күлді Мартин.
— Олай болса, әмірімді тыңдаңыз.
Руфь зымиян көзімен қарады оған, бірақ негізгі өтінішін айтпағанына іштей өкінді.
— Бағынуға әзірмін, патша ағзам.
— Жақсы. Олай болса, бірінші парыз: күн сайын қырыныңыз. Қараңызшы, екі бетімді тікеніңізбен шиедей қылып тастадыңыз.
Сонымен сөз аяғы көңілді әзіл-күлкімен тынды. Бірақ, бүгін Руфь құр алақан емес, бір кезекке бұл да жетер деп отыр. Руфьтің заты әйел емес пе. Мартинге темекі тартуын тастатқанына масаттанды. Келесі бір жолы қызметке орналасуға көндірмек: айтқаныңды екі етпеймін деген өзі ғой деп ойлады.
Руфь орнынан тұрып, бөлмені қарап шықты. Кір жаятын жіпке қыстырып қойған жазулы қағаздарға назар аударды, төбеде асулы тұрған велосипедті қалай сыйқырлап іліп қойғанын барып көрді, стол астында үйіліп жатқан қолжазбаны көзі шалғанда: босқа кеткен есіл уақыт-ай деп ойлады. Керосинкаға қатты қуанды, бірақ азық қоятын текше бос екен.
— Мына жерде түйір жоқ қой! Ах, байғұс-ай, аштан аш жатыр екенсіз ғой.
— Азық-түлікті Марияның үйіне қоюшы едім, маған сол қолайлы,— деп Мартин өтірік айтты.— Қорықпай-ақ қойыңыз, аш емеспін. Нанбасаңыз — қараңыз!
Мартин шынтағын иген еді, жең астында дөгеленген тастай қатты бұлшық еті тырсия қалды. Мұны көрген Руфь жиіркенді, сезімін қорлағандай көрді. Бірақ жүрегі, қаны, жантәні сол бұлқынған бұлшық етті аңсағандай жалт беру орнына жігітке жақындай түсті ол.
Мартин қысып құшақтағанда, өмірдің сырт көрінісіне ғана мән беретін қыз безірегендей болған еді, бірақ өмір лебі жүрегіне жылы тиген кезде жеңдім деп қуанды да. Осындай бір сәтте Руфь Мартинді өте жақсы көретінін түсінуші еді, себебі Мартин әлуетті қолдарымен айқара құшақтап, құмарын баса алмай тұншықтыра қатты қысқан кезде бақыты тасып, басы айналып кетеді. Сол мезетте әдеп бұзуы, мұраттан безуі, тіпті, ата-ананың сөзін үнсіз аттауы дұрыс сияқты көрінетін. Әкесі мен шешесі бұл жігітпен қосылуына қарсы еді ғой, оған ғашық болуын тіпті ар көруші еді. Жігіттен жырақ сабыр сақтап, ақыл тоқтатып отырған шақта мұны Руфьтің өзі де ар көреді. Бірақ Мартин жанына жақын келсе жадырап сала береді. Ара-тұра көңілі толқып, торыққанымен, ғашық екені рас, сол сүйіспеншіліктің тілсіз күші әрдайым ырықсыз жеңіп кете береді.
— Грипп түк емес,— деді Мартин,— рас, шамалы басым ауырады, денем тітіркеніп тоңамын да, бірақ тропик безгегінің қасында бұл түк емес.
— Тропик безгегімен ауырып па едіңіз?—дей салды Руфь құлықсыз, жігіт құшағынан шаттық ләззатын ала бергісі келгендей.
Ол Мартиннің жауабын енжар тыңдады, бірақ тропик безгегімен Гавайя аралдарының бірінде алапестердің жасырын колониясында ауырып едім дегенде, құлағы елең етті.
— Онда қалай барып едіңіз?—деді Руфь. Өз өміріне осыншама немқұрайды қарауы қылмыс сияқты көрінді оған.
— Абайламай барып қалыппын. Алапестер ойымда да жоқ. Бір жылы мен желкемеден қашып шыққам. Сол бойы жағалауға жүзіп жеттім де, жасырынатын жер іздеп, арал аралап кеттім. Үш күн ұдайымен гуава жемісін, тағы өсетін алма, банан сияқты джунгли миуасымен жан сақтадым. Төртінші күн дегенде алдымнан жалғыз аяқ жол тап болды. Тауға апарады екен ол, жуырда жүрген адам ізі бар. Сол соқпақ бір жерде таудың пышақ жүзіндей қыр жотасынан асады екен. Ені үш футтан аспайды, екі жағы құлама терең жар. Жақсы қаруланған жалғыз адам бұл арада тұрып, жүз мың әскердің жолын бөгер еді. Арал төріне апаратын бір ғана жол осы екен. Үш сағаттан кейін тар аңғарға жеттім, оның айналасы тау-тау болып шөккен лава. Осы аңғарда қамыстан өрген жеті-сегіз лашық, жеміс ағаштарын көрдім. Адамдарын көре сала қайдан келіп шыққанымды білдім. Бір көргенде-ақ түсіне қойдым.
— Не істедіңіз?—деді Руфь шошынған Дездемонадай кірпігін түріп, елти тыңдап.
— Не істеуші едім? Олардың бастығы тұла бойын алапес құрты жеген бір мейірбан қарт боп шықты, бәріне корольша әмірін жүргізіп тұрған сол екен. Осы аңғарды тауып, колония ашқан да сол көрінеді. Мұнысы заңға қайшы. Бірақ олардың заңға қарсы тұратын мылтығы, патроны бар, канактар шетінен мерген келеді. Қабан мен тағы мысық атып үйренген ғой. Қашу ойыма да келген жоқ. Сонымен, Мартин Иден табаны күректей үш ай сонда тұрған.
— Қалайша құтылдыңыз онан?
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Мартин Иден - 15
  • Büleklär
  • Мартин Иден - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4101
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2156
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4078
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4045
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4155
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4064
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2210
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4133
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2203
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4105
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4065
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2242
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4148
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4023
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4082
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2170
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3973
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3916
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3936
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4038
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2255
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3965
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4043
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2148
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2269
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 1408
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 943
    42.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.