Latin Common Turkic

Мартин Иден - 23

Süzlärneñ gomumi sanı 3965
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Осы мезетте біреу қапылыста құлақ шекесінен қойып жіберген еді, Мартин есеңгіреп барып, есін әрең жиды. Кім де болса жұдырықпен соқты, шықшыттан дәлдеп ұрам деп, ашулы адам асығыста жаза басқанға ұқсайды. Жалт қараса, біреу құлаштап тағы ұрмаққа төніп келеді екен, жалтарып қалды, жұдырық бұл жолы да дәл тиген жоқ. Сол сәтте Мартин қапысын тауып, сол қолымен ұшыра соқты оны, сүріне жығылған жігіт орнынан ұшып түрегелді. Қараса, ашудан түсі бұзылып кеткен бейтаныс біреу. Бұған мен не жаздым, деп таң қалды Мартин. Бірақ тағы ұмтылған сотқардың қолын көз ілестірмей қағып үлгірді де, екінші рет оны мұрттай ұшырды. Осы кезде Джим де жарандарымен жапа-тармағай жүгіріп келіп жеткен.
Құмары тарқамаған Мартин қалтырап тұр. Өтіп кеткен бақытты өмірі бүгін қайта оралғандай: би, сауық-сайран, төбелес! Жауын көзінен таса қылмастан, Лиззи Коноллиге де бірде көз тастап қалды. Мұндайда қыздар баж-баж етіп, байбалам салады ғой, Лиззи Конолли сыр берген жоқ. Демін ішіне тартып, еңсесін сәл ілгері ұмсынып, бір қолын кеудесіне басып, екі беті оттай жанып, таңырқаған көздерінің жанары нұрланып, қалшиыпты да қалыпты.
Мартинге тиісетін жігіт тағы түрегеліп, Джимнің жолдастарымен бірге арашалағанына бой бермей, жұлқынып жүр.
— Қыз мені күтіп отырған,— дейді ол айғайлап.— Мені күтіп отырған қызды мынау көргенсіз ертіп әкетіпті! Жіберіңдерші! Көрсетейін мен оған көресіні!
— Өй, есің дұрыс па өзіңнің!—дейді оған Джим.— Сен оның Март Иден екенін білемісің? Байланыспа. Бәрша-бәршаңды шығарады ғой сорлы-ау.
— Е, ол неге менің қызымды ертіп әкетеді?
— Дауылпазды да ұрып жыққан ол. Дауылпаздың кім екенін білесің ғой. Бесінші раундыда-ақ жұмысын бітірді. Сен бір минутке де шыдамайсың. Түсіндің бе?
Осы сөз сұлқын басқан болу керек, жігіт жуасып қалды. Мартинге біраз сынай қарап тұрды да бұрынғыдай шатынамай, бірақ айбат шеккенсіп:
— Қой, шанбаймын,— деді.
— Дауылпаз да әуелі иланбаған,— деді Джим.— Жүр, кетейік! Таста! Басқа қыз жетпей ме саған?
Жігіт көнді. Бәрі павильонға қарай беттеді.
— Бұ кім?—деді Мартин Лиззиге.— Осыншама тас-талқан болғаны несі?
Дегенмен бұрынғыдай емес, Мартиннің де төбелестен құмары қайта бастапты. Өзінің әр қылығын ақылға салу әдетінен қит етсе ой-сезімі түрлі саққа жүгіріп, қолма-қол қимыл жасаудан қалып бара жатқанға ұсайды.
Лиззи Конолли кекілін бір қағып:
— Жай бір жігіт қой, соңғы қыдырып жүрген жігітім еді,— деді.
Сәл ойланып:
— Көңілімнің хошы болмай жүрген соң... бірақ сізді көрген сағатты ұмытқаным жоқ, әлі есімде...— деп дауысын бәсеңдетіп, көзі қыдырып, айдалаға қарады — Қасымда сіз болсаңыз қарамас едім оған!..
Мартин қазір қызға тек қолын созуы керек екенін түсінді; бірақ оның риясыз сөзін естігенде кітап сөзіне мән бере беріп қайтемін деген ой түсті де... қыз сөзіне жауап қайтаруды ұмытып кетті.
— Сіз оның сазайын бердіңіз ғой жақсылап тұрып,— деді қыз күліп.
— Мықты жігіт екен. Аналар ертіп әкетпегенде, біраз әурем шығатын еді.
— Түнеугі күні қасыңызда жүрген жас әйел кім еді? — деді Лиззи.
— Жай таныс біреу ғой.
— Талай заман өтіп кетіпті-ау,— деді қыз ойланып.— Мың жыл өткендей көремін.
Мартин жауап қайтармады, әңгімені басқа жаққа бұрды. Екеуі ресторанға барды. Жігіт тәтті шарап, қымбат тамақ бұйырды, қыз қашан шаршағанша би биледі. Мартин жақсы билейтін еді, Лиззи ұршықтай үйіріліп, рахатқа батты; басын жігіттің иығына сүйеп, іштей өмір бойы осылай кетсем-ау деп армандады. Биден кейін екеуі қайтадан паркке барды. Бұрынғы әдеті бойынша қыз көк шөптің үстіне барып отырды, оның тізесін жастанып, Мартин де жата кетті. Көп ұзамай қалғи бастаған Мартиннің шашын сипап, Лиззи аза бойын билеген бір рахат сезіміне беріліп отыра берді.
Мартин әлден уақытта көзін ашып жіберсе, қыз елжірей қарап, емексіп отыр екен. Қапелімде именіп қалған қыз демде өжетсіне қойды.
— Соңғы жылдарым сізді күтумен өтті,— деді ол сыбырлап.
Мартин солай екенін сезді. Бұл таң қаларлық тамаша шындық еді. Жігіттің қызға ынтығы арта түскендей болды, оны бақытты ету қазір толық өз еркінде. Егер бақыт өзіне бұйырмаса, қыздан қызғана ма? Үйленіп, Маркиз аралдарына алып кетуіне болады ғой. Бір сәтте оның құмарына жеңдіргісі де келген, бірақ іштегі үн олай жасаушы болма,— деп әмір етті. Мартин өз еркіне өзі қарсы келіп, ғашықтық сезіміне опасыздық жасай алмады. Жігіттіктің, жеңілтектіктің дәурені өткен. Ол енді қайтып оралмақ емес. Өзі де мүлде өзгерген екен ғой, өзгеріп кеткенін енді ғана сезіп отыр.
— Лиззи, мен ешкімге ер бола алмаймын,— деді ол күліп.
Қыздың болар-болмас дір етіп, тиыла қалған саусақтары қайтадан қалтырап, жігіт шашын сипап, аялай түсті. Кескінінде кенет пайда болған қаталдық көлеңкедей жүзінен жылжып өтті де, екі беті лезде алмадай болып қызарды, көз жанары нұрлана түсті.
— Менің айтайын дегенім ол емес еді...— деп қыз мүдіріп қалды.— Маған бәрібір. Иә, иә, бәрібір. Маған бір ғана ықыласыңыз жетіп жатыр. Сіз үшін бәріне де әзірмін. Тегі, жаратылысым сондай бір сорлымын ғой деймін.
Мартин басын көтеріп, орнынан тұрып отырды. Қыздың қолын қысты, қолының қызуы жоқ, дәртсіз екен, бір түрлі салқын леп келгендей болды.
— Жарайды, бұл сөзді осымен тоқтаталық,— деді қыз.
— Сіз адамгершілігі бар жақсы баласыз,— деді Мартин.— Достық ықыласыңызды қайта менің қадір тұтуым керек шығар... Қастерлеймін. Иә, иә! Менің тымырсық, қараңғы өміріме түскен сіз жылы, жарық, нұр болдыңыз. Маған деген адал ниетіңізге менің де адал жауап қайтаруым керек.
— Адалсыз ба, адал емессіз бе — маған бәрібір. Не жасасаңыз да ықтиярыңыздамын. Осы арада батпаққа батырып, аяқ асты етем десеңіз де мейліңіз. Бірақ билігімді өзгеге емес, бір ғана сізге беремін,— деп қыз такаббар басын кетеpiп, қасқая қарады.— Мен қаршадайымнан осылай өзімді өзім билеп үйренген адаммын.
— Сондықтан да менің сізге өте адал болуым керек,— деді Мартин жылы лебізбен.— Сіз сондай тамаша таза адамсыз, алдыңызда менің де абыройлы болғым келеді. Мен сізге үйлене алмаймын және... аз күнге ашына болып қайтеміз. Бұрын ондай-ондай болған, қазір тыйылдым. Тап бүгін сізді кездестіргеніме өкінемін. Ылаж жоқ, жағдай солай. Бұлай болады деп ойлағаным жоқ. Мен сізді керемет жақсы көремін, Лиззи, айта берсе, сізге қайран қаламын, алдыңызда бас иемін. Тамаша, таптырмайтын адамсыз! Бірақ мұны айтқаннан не пайда? Бір ғана тілегім бар. Тұрмысыңыз өте ауыр. Сізге аз да болса көмек көрсетіп, қарасуыма рұқсат етіңіз!— Қыздың көзі жарқ етіп, демде сөне қалды.— Жуырда көп ақша аламын. Өте көп ақша аламын!
Осы сәтте ол сонау сұлу аңғарды да, шығанақты да, қамыстан өрген үйшікті де, ақ яхтаны да ұмытты. Керегі не? Қаласа, қайда барам десе де, қандай кемемен жүзем десе де өз еркінде емес пе.
— Сол ақшаны сізге берсем деймін. Курске оқуға түсіп, бір мамандыққа үйреніп шығар едіңіз. Мүмкін стенографистка боларсыз. Мен жәрдемдесем ғой. Әке-шешеңіз әлі тірі ме? Тірі болса, бақал дүкен сатып әперейін. Әйтпесе көңіліңіз не қалайды,— айтыңыз, қалағаныңызды орындайын.
Лиззи ілгері қарап, сазарып, үнсіз отыр. Ләм деген жоқ. Алқымына тірелген бір түйнек дем алғызар емес. Қыздың не халде отырғанын түсінген Мартиннің де көңілі бұзылайын деді. Бұл әңгімені бастамай-ақ қоюы керек еді ғой. Жігіттің ұсынғаны қыздың қимасына татымайды. Оның ұсынғаны өзіне керегі жоқ, артылып қалған дүниесі. Ал қыздың ұяттан, күнәдан, өле-өлгенше сүйегімен кететін өкініштен қорықпай ұсынғаны өзі еді ғой.
— Жарайды, бұл сөзді осымен тоқтатайық,— деді де қыз алқымында булыққан ызадан құтылғысы келгендей бір жөткіріп қойды.— Қайтатын уақыт та болған екен! Шаршадым!
Серуен аяқталып, жұрт тарапты. Мартин мен Лиззи ағаш арасынан шыға келсе, бұларды күтіп бір топ адам тұр. Мартин сезе қойды. Бұл тәбелеске әзірленіп жүргендер, сыңайы соған ұсайды. Мынау ұрысушылардың қорықшылары. Бәрі бірге қақпаға қарай беттеді. Әудем жерде тағы бір топ келе жатыр, бұлар Лиззидің жігіті мен жігіттің жолдастары. Тегі, олардың ниеті Мартиннен кек алу. Бірнеше полисмен сойқан боларын сезіп, шоқырайысқан екі топты Сан-Францискоға баратын поезға дейін шығарып салды. Мартин Джиммиге мен он алтыншы көшедегі аялдамада түсіп қалып, Окленд трамвайына отырайын, деп ескертіп қойды. Осының бәрі құлықсыз Лиззиді еліктірген жоқ.
Поезд он алтыншы көшеге тоқтады. Онда тұрған трамвайдың кондукторы елді асықтырып, қоңырауын дыңғырлатып жатыр екен.
— Ал, қызды ал да жөнел!— деді дауыстап Джимми.— Тез! Біз аналардың жолын тосайық.
Бұл әдісті күтпеген өшіккен топ қапылыста аңырайысып қалды, іле-шала топырлап, вагоннан түсе-түсе қалып, қашақтарды қуа жөнелді.
Жүгіріп келіп трамвайға мініп, бұрыштағы бос екі орынға отыра кеткен қыз бен жігітке вагондағылар назар аударған жоқ. Трамвайдың басқышына секіріп мінген Джимми вагон жүргізушіге:
— Әйда, әйда, жігітім, қимылда, тездет!— деп айқай салғанда да бұл шудың екі жасқа қатысы бар деп ешкім ойлаған жоқ.
Бір кезде ентелеп келіп трамвайға жармаса берген қуғыншыларды Джимми жұдырықтап жолатпады. Іле-шала қалғандары да келіп жетті. Жұдырықтары жарқ-жұрқ етіп, Джиммидің жолдастары есігі ашық вагонның басқышына қазқаз-қатар тұрып алып, сілтеп жатыр. Қоңырауы даңғыр-дұңғыр етіп, трамвай орнынан қозғала бергенде Джиммилер де секіріп-секіріп түсе қалды. Апалаң-топалаң ұрыс алыстап артта қалып барады. Пассажирдің ешқаусысы бұл жанжалға себеп болған сонау бұрышта отырған сырбаз жігіт пен сұлуша қыз деп ұйғарған жоқ.
Төбелес алғашында Мартиннің де делебесін қоздырған. Бірақ көп ұзамай қайғысы жеңе бастады. Қартайған екен, паруайсыз жастық өмірінің осынау дарқан, риясыз достарынан бір ғасыр бұрын қартайған екен. Олардан тым алыстап,қарасын үзіп кетулі. Кері оралу мүмкін емес. Бір кезде басынан өткен өмірге енді қызықпайды. Бұрынғы достары қазір бөтенсіген. Жаңа аузына тұшымаған сыра секілді олардың тіршілігі де жексұрын көрінеді. Тым шығай боп кетулі. Өмірінде оқып шыққан сан мың кітабы солар мен өзінің арасына соғылған биік қорған тәрізді. Иә, ол өзін-өзі жалғыздыққа әкеліп қамаған. Ақыл-ойдың ұлан-ғайыр теңізін аралап, шығаннан шығып кетіпті. Енді сонау артта қалған, алыстап кеткен дүниеге оралашақ емес. Әйтсе де адам болған соң адам баласын емсейді де.
Бірақ ол жаңа жұрт тапқан жоқ. Өзін әлі ешкім ұққан жоқ: достары да, туғандары да, буржуазия ортасынан тапқанжаңа таныстары да, тіпті, тым жоғары санап, кереметтей қадірлейтін қасындағы қасындағы қыз да түсінген емес. Көңіліне осы ой оралса, Мартин ренжиді, жабырқайды, жалғызсырайды.
— Табысыңыздар,— деді Мартин Лиззиге қоштасарда, қызды жұмысшы орамының Атыншы көшесі мен Маркетстрит аралығындағы үйіне апарып салып.
Оның ойы бүгін өзі әлдеқалай орнын басқан жігіт пен қызды табыстыру еді.
— Құрсыншы... Енді қайтып қалай табысамын.
— Кәп емес!—деді Мартин күлімдеп.— Бір ысқырсаңыз өзі-ақ жетіп келер.
— Ой тәйірі-ай,— дей салды қыз.
Мартин қыздың ойындағысын түсінді.
Лиззи кенет керіліп, жігітке қарай бой ұсынды. Ойында қылымсу, қызықтыру немесе әдепсіз еркінсу ниеті жоқ еді. Қайта бұл бұйығы, ибалы ишараты болатын. Мартиннің жүрегі елжіреп кетті. Табиғатынан рақымды жігіт қызға қайырылды, қысып құшақтап, ұзақ сүйді, қыз ернінің қайтарған жауабы бұл дүниенің ең таза, ең қылықты ләззәті еді.
— Жасаған-ай,— деді қыз өксіп жылап.— Сіз үшін жаным пида!.. Бір ғана сіз үшін шыбын жаным садаға!
Лиззи жалт бұрылып, қақпаға кіріп, жоқ болды. Мартиннің де мөлт етіп көзіне жас келді.
— Мартин Иден,— деді ол былдырлап өзіне-өзі.— Сен айға шапқан арыстан емессің, түкке арзымайтын ницшешіл мүскінсің. Осы қызға үйленуің керек еді, хұзыры қолыңда тұрғанда арманына жеткізуің керек еді. Ол қолыңнан келмеді. Мұның ұят, масқара! «Қарт кезбе қайғы жұтып, зар шегеді»,— деді ол Гэнлидің сөзі есіне түсе кетіп;— «Күллі өміріміз өкініш. Масқарашылық!» Иә, өміріміз өкінумен, ұят, қате іс жасап, масқара болумен өтіп келеді.
Қырық үшінші тарау
«Күн масқара болды» октябрьде басылып шықты. Почтадан келген бандерольды ашып, ішінен баспашы жіберген авторға тиесілі алты дана кітапты көргенде қуану орнына Мартиннің жаны күйзелді. Егер осы оқиға бірнеше ай бұрын болса, төбем көкке жеткендей қуанатын едім деп ойлады. Қазір ол сазарып, сұлық отыр. Кітабы, өзінің тырнақ алды тұңғышы, міне алдында, стол үстінде жатыр. Бірақ жүрегі селт еткен жоқ, қайта қамыға түсті. Қазір еш қызығы жоқ сияқты. Ең мықтағанда, алатыны ақшасы ғой. Енді соның да қажеті бар ма?
Бір кітабын ас әзірлеп жүрген Марияға апарып сыйлық ретінде ұсынды.
— Мына кітапты жазған мен едім,— деді ол абдырап қалған Марияға.— Мынау құйтақамдай бөлмеңізде отырып жазғам, оны жазуға сорпаңыздың да септігі аз болған жоқ. Алыңыз, көзімдей көріп сақтаңыз.
Мартиннің ойында Мария алдында мақтанайын деген күпірлік болған емес. Тек қуантайын, көп жылғы ақ ниетін адалдайын деп ойлады. Мария кітапты тауратының қасына апарып қойды. Өз үйінде тұрған пәтершісі жазған кітап қой, Мария үшін ол қасиетті дүние, татулық белгісі. Мартинді ол бұрынғыдай кір жуған қара жұмысшы деп қорашсынуын, қомсынуын қойды. Кітаптың бір ауыз сөзіне түсінбесе де, оның әрбір жолында зор мағына жатыр деп сенді. Ысылмағaн, қарапайым, қара жұмысқа көндігіп кеткен сары табан әйелдің бір қымбатты қасиеті бар еді, ол — адамға сену, адамнан күдер үзбеу.
Мартин қиынды бюросы апта сайын жіберіп тұратын өзінің жазғандары туралы баспасөз пікірін де кітабы сияқты елең қылмады. Кітабы үлкен шу көтерген, бұл хақ. Олай болса ала қапшығы алтынға тола береді. Мейлі, Лиззиге қарасар, әркімге берген уағдасын орындар, ақыры бір күні құрақтан өрген кең сарайдай лашығына барып, орын тебер.
«Синглтри, Дарнлей һәм К°» сақтық жасап, әдепкіде кітапты бір мың дана етіп басып шығарған. Алғашқы рецензияның лебізіне қарай, компаиие оны екінші рет — үш мың дана етіп таратты. Көп ұзамай үшінші рет — тағы бес мың данасын басты. Ал Лондондағы бір фирма оны ағылшын қауымына арнап басып шығармаққа келіссөз жүргізіпті, Франция, Германия, Скандинавия елдерінен де аударар едік деген өтініш келсе керек. Метерлинктің сын мектебі әлі ел көкейінде екен. Үлкен талас туды. Силиби мен Геккель бірінші бірінші рет пікірі жарасып, екеуі бірдей «Күн масқара болдыны» жақтапты. Крукс пен Уоллес қарсы шыққан. Ал сэр Оливер Лодж өзінің космос философиясына осы арадан ымыра тапқан тәрізді. Метерлинкті жақтаушылар мистицизм туы астына жиналған Честертон ел әуес көретін тақырыпқа деп бірнеше мақала жазып, күллі жұртты мәз-майрам қылды. Ал Бернард Шоу тиген жерін ойып түсетін өткір сөздерін селдей қаптатып, пікір таластырушыларды да, талас тудырған кітапты да тұншықтыра жаздады. Бұл екі жарқын жұлдыздан өзге майданға түскен майда-шүйделер де аз емес — қысқасы, пікір таласы өршіп кетулі.
«Бұл бұрын болмаған кеп,— деп жазды Мартинге «Синглтри, Дарилей һәм К°» фирмасы,— сын-философия кітабы романдай өтіп жатыр. Тақырыбы тым сәтті болса керек, оның үстіне өзінің лайым жолы болып тұр. Жағдайды біз де пайдаланып бағармыз, күмәніңіз болмасын. Құрама Штаттар мен Қанадада кітабыңыздың қырық мың данасы тарады. Қазір тағы жиырма мыңы басылуда. Жұрт тілегін түгел орындап үлгіре алатын емеспіз. Елдің кітапқа назарын аударуға біз де аз еңбек сіңіргеніміз жоқ. Рекламаға бес мың доллардан астам ақша жұмсалды. Бұл кітап рекордтың бәрінен асып түсетінге ұсайды.
Осымен бірге сіздің мұнан былай жазылашақ шығармаларыңызды басуға жасайтын шарт жобасын ұсынып отырмыз Және есіңізге сала кетейік, қаламақыңызды жиырма процент өсірдік,— бұл біздің фирма сияқты іргелі фирма үшін де ең көтеріңкі баға. Егер ұсынысымызды мақұл көрсеңіз, бланкеге кітабыңыздың атын жаза салыңыз. Мазмұны туралы ешқандай шарт қоймаймыз. Қалаған тақырыпқа жазылған қандай кітабыңыз болса да қабыл етеміз. Егер даяр дүниеңіз бар болса — бек жақсы. Тек кешіктіре көрмеңіз. «Темірді қызған кезде соқ» деген.
Қол қойған шарт қағаз келісімен бес мың доллар аванс жібермекпіз. Көріп отырсыз, сізге кәміл сенеміз һәм тәуекел етуден қаймықпаймыз. Нәубет болса, шығармаларыңыздың бәрін басып шығаруға белгілі мерзімге — айталық, он жылға — бізге айрықша право беру хақында келісім жасасып қоюды қалай көрер едіңіз? Ләкин, бұл мәселеге кейін оралармыз».
Хатты былай қойып, Мартин есепке отырды. Он бес центті алпыс мыңға көбейтіп, оның тоғыз мың доллар болатынын анықтады. Шартқа қолын қойды, кітап атын «Бақыт түтіні» деп жазды да оған газет фельетондарына қаламы төселмей тұрғанда жазылған жиырма қаралы ұсақ әңгімесін қосып, баспашыға жөнелтті. Көп ұзамай Американың ең ұшқыр почтасымен бес мың доллардың чегі де келіп жетті.
— Бүгін қалаға барайық, Мария, сағат екіде,— деді Мартин чек алғаннан кейін, – әйтпесе, сағат екіде он төртінші көше мен Бродвейдің бұрышында кездесерміз.
Уағдалы сағатта Мария келді; бұл не екен деп қайран қалған Марияның дәмесі қат-мұқтаж жаңа башмақтан әрі оза алмаған. Сондықтан Мартиннің аяқ киім магазиніне кідірместен, бір конторға ертіп әкелгеніне сағы сынып қалды.
Бірақ сонан кейінгі оқиғалар Марияның есінде жақсы түстей мәңгі сақталашақ. Өңшең сырбаз джентльмендер Марияға жымия қарап, Мартинмен және өзара сөйлесіп жатты. Шырт-шырт еткен жазу машинасының дыбысы естілді. Асылы бір аса маңызды қағаз басылған болу керек, әркімдер соған қол қойысты. Мария пәтерде тұрған үйдің иесі де осында екен, қағазға ол да қолын қойды.
Көшеге шыққаннан кейін үй иесі:
— Ал, Мария, бұл айға сен маған жеті жарым доллар төлемейсің,— деді.
Мария аң-таң.
— Онан арғы айларда да пәтер ақы төлемейтін боласың,— деп қойды ол тағы да.
Мария өзіне бір зор қайырым еткендей үй иесіне бар алғысын айтып жатыр. Тек үйіне келгесін, көрші-қолаңмен, ең әуелі дүкенші португалмен ақылдасып, бай-жайды түсініскеннен кейін ғана пәлен жыл пәтер ақы төлеп тұрған кішкене үй мұнан былай өзінің басыбайлы меншігіне айналғанын түсінді.
— Менен азық алмай кеттіңіз ғой?— деді бір күні португал жік-жапар болып, трамвайдан жаңа ғана түсіп үйіне карай келе жатқан Мартинге.
Мартин оған бұрынғыдай үйінде ас пісірмейтінін айтты, сонан кейін дүкенші келіңіз, бір бөтелке шарап жұтып кетіңіз, деді. Ол дүкенінде бар шараптың ең тәуірін тауып әкеліп, сол арада қонағын аяқ үсті сыйлады.
— Мария,— деді Мартин сол күннің кешінде,— мен бұл үйден енді шығамын. Көп ұзамай өзіңіз де кетуіңіз керек. Үйді біреуге жалға беріп, ай сайын пәтер ақысын алып тұрыңыз. Сіздің Сан-Леандрода ма, Хэйуордсте ме, сүт ферма ұстайтын ағаңыз бар сияқты еді ғой? Жұрттың кірін жумай, түсіндіңіз бе? Жумай, сол күйінде өздеріне таратып беріп, Сан-Леандроға немесе Хэйуордскске, әйтеуір ағаңызға барыңыз... Менің онымен сөйлесетін шаруам бар, соны айтыңыз. Мен мұнан былай Оклендте «Метропольде» тұратын болдым. Біле келсін, сол маңайда сатылатын сүт фермасы жоқ па екен.
Сонымен Мария әрі үй иесі, әрі ферма қожасы болды; ауыр жұмыс атқаратын екі қызметші жалдады, балалары аяқ киімге молығып, мектепке де қатынап жүргенімен Марияның банкідегі счеты өсе берді. Өмірде ертегінің бекзадасы жиі кездесе бермейді ғой. Бірақ ауыр бейнеттен миы ашып, ешқандай бекзаданы ешқашан арман етпеген Марияның бұрынғы кірханада істеген жұмысшы сипатында бекзадаға ұшырағаны анық.
Халайық осы тұста Мартин Иденнің кім екенін білуге құштар бола бастаған. Ол баспа орындарына өзінің өмірбаяны туралы ешқандай мәлімет берген жоқ-ты, бірақ газеттерден көз таса қалу қиын екен. Мартин Иден Оклендте туып-өскен адам еді, газет хабаршылары осында оны бала жасынан білетін таныстарының талайына жолығыпты. Сонымен, газет бетінде Мартиннің кім болғанын, не істегенін өтірік-шыны аралас толық баяндайтын хабар жариялана бастады. Осы мақалалармен бірге суреті, фотографиясы басылды. Бір кезде Мартинді суретке түсірген талапты пысық фотограф табылып, ол Мартиннің карточкаларымен қызу сауда жасады. Журналдар мен буржуазия қауымын жек көретін Мартин осындай у-шуға жүре бара көнді, жан тынышын ойлады. Алыстан арнайы келген тілшілермен сөйлеспей қоюды да қолай көрген жоқ. Оның үстіне жазу мен кітап қарауын қойғалы бос уақытын қалай өткізуге білмей, зерігіп те жүрген. Сондықтан сәл баптаныңқырап кеткені рас: ол журналистермен әңгімелесті, оларға өзінің әдеби-философиялық көзқарасын түсіндірді. Катте қонаққа шақырған бай буржуа үйлеріне қатынап тұрды. Бұрын басында болмаған тамаша тыншу тапты. Ешнәрсені елең қылмайтын болды. Жұрттың бәріне, барша қылығына кешірім етті, тіпті бір уақытта өзін қатерлі социалист етіп суреттеген жас хабаршыға фото суретімен бірге бір полосаға жетерлік әңгіме айтып берді.
Оқта-текте Мартин Лиззиді көріп қалады. Ол Мартинді елдің ұлық тұтуын жақтырмайтын сықылды. Себебі, осыған байланысты екеуінің арасындағы ор тереңдей түскендей көрінді оған. Әлде осы орға көпір болсын деді ме, Лиззи Мартиннің ақылын алып, кешкі мектепке, стенография оқуына түсті, таңдаулы шебер тігіншіге қыруар ақша төлеп, сусылдаған әсем көйлек тіктірді. Лиззидің талпынып, тез көтеріле бастауы Мартинге ой түсірмей қойған жоқ. Ойпыр-ау, менің осы қылығым жөн бе,— деп ойлады ол. Лиззи не істесе де өзі үшін істейтінін жақсы біледі. Қыздың Мартинге ұнағысы келіп жүруі анық. Ол өзінше Мартинге осы жағады-ау деген әдетке бой ұра береді. Бірақ Мартин оған үміт еттірерлік ешбір сылай көрсеткен жоқ. Сирек кездеседі, қарындасындай ғана сыйлайды.
Мартиннің атағы шығып, дүрсіп тұрған шағында Мередит Лоуэл баспасы «Кешіккенді» басып шығарды. Және бұл повесть көркем туынды болуынан «Күн масқара болдыға» қарағанда елге ұнаңқырады. Сонымен Мартиннің екі бірдей кітабы ең өтімді дүниеге айланып кетті. Бұл бұрын болмаған оқиға. Тақырыбы қызық, жеңіл әңгімелерді ұнатушылар да, «Күн масқара болды» сияқты қиын кітапқа құштар байсалды оқушылар да повесті құмартып оқитын болды, шығарманың күшті жазылуына, автордың айырықша шеберлігіне бәрі де риза боп, таң қалысты. Мартин Иден таяуда ғана мистицизмге теория жүзінде шабуыл жасаса, енді әммеге өнеге боларлық нағыз әдебиет үлгісін ұсынды. Сонымен бір өзі екі түрлі талант иесі екенін — әрі білімді сыншы, әрі шебер жазушы екенін дәлелдеді.
Мартин ұлы әдебиет аспанының құйрықты жұлдызындай болды. Даңқы жер күңірентіп, ақша деген ағылып келіп жатты. Бірақ азғана ермек еткені ғана болмаса, бұған ол қуанған жоқ. Осы тұста бір болмашы нәрсе Мартинді таң қалдырған. Естісе әркім-ақ таңданарлық оқиға. Бәлки, өзге жұрт оқиғаның өзіне емес, Мартиннің оған түсінбегеніне қайран қалар. Оқиға былай болған. Бір күні судья Блоунт Мартинді қонаққа шақырды. Түкке тұрмайтын осы факт көп ұзамай Мартин үшін маңызы зор оқиғаға айналды. Бір кезде ол судья Блоунтты жұрт алдында масқаралап, тіл тигізген еді. Енді сол мырза көшеде көре сала Мартинді үйіне қонаққа шақырды. Мартиннің Морз үйінде судьямен талай жолыққаны есіне түсті. Ол кезде Мартинді үйіне шақыру Блоунттың ойына да келген емес. «Мені мырза болса сол уақытта неге шақырмаған?»— деп ойлады Мартин.— Сонан бері не өзгерді? Ештеме де өзгерген жоқ. Мен баяғы Мартин Иденмін. Бұ қалай? Әлде жазғандарының жарық көруі себеп болды ма? Соның бәрін баяғыда жазып еді ғой. Онан бері қалам тартқан жоқ. Өзінің ең таңдаулы деген туындыларын судья Блоунт жұрт сөзіне еріп, Мартиннің дүниеге көзқарасы мен Спенсерді дәріптеуін мазақ ететін кезде жазған. Олай болса судья Блоунт Мартинді адал еңбегін қадірлегендіктен шақырып отырған жоқ, еңбегінің жаңғырығын естіп, дақпыртқа еріп жүр.
Судья қонаққа шақырғанда Мартин жымиып, күле қарап, ризалық білдірді де, оп-оңай ере кеткеніне өзі таңырқап қалды. Түскі асқа оның үйіне әйелі мен қыздарын ертіп, алты-жеті игі жақсы жиылған екен, бәрінің ықылас-назары Мартинге ауды. Судья Блоунт және оны қызу қолдай кеткен судья Хэнуэл: «Стикс» атты клубымыз бар еді, соған сізді жазып қойғымыз келіп отыр деп Мартиннен рұқсат сұрады. Оған өзі дәулетті болуының үстіне ерекше көзге түскен адамдар ғана алынады екен.
Мартин онан сайын таңырқай түсті де, ұсынысты құптамады.
Мартин қазір бұрынғысынша қолжазбаларын орналастыру қамында. Баспашылардан хат келіп жатады. Бәрі де Mapтин керемет стилист екенсіз, шығармаларыңыздың түрі көркем, мазмұны терең деп дәріптейді. «Солтүстік барлаушысы» «Сұлулық бесігін» енді осы тәрізді тағы бірнеше мақала жіберуін өтінген. Мартин бұл тілекті орындамаққа кірісіп жатқанда тағы бір хат келді. Бәсекенің қызығына ерген «Бэртон журналы» әр біреуіне бес жүз доллар қалам ақы төлеп, бес мақаласын басуға ұсыныс жасапты.
Мартин оған хат жазып, келісімін білдірді, бірақ әр мақаласына мың доллар сұрады. Өйткені, қазір мақалаларына таласып жүрген журналдар бір кезде соның бәрін керек қылмаған. Өтінішіне қайтарған бір сарынды салқын жауабы да есінде. Кезінде олар аяған жоқ қой, ендеше Мартин де аямайды «Бэртон журналы» саудаласпай сұрағанын беріп, бес мақаласын алды. Тағы сондай төрт мақаласы қалған еді. Оның бәрін әрқайсысына мың доллардан төлемек болып, «Макинтош айлығы» алып кетті. Ал «Солтүстік барлаушысы» кедей болуынан, бұл журналдармен тайталаса алған жоқ. Сонымен «Керемет абыздары», «Қиялшылдар», «Меніміздің өлшемі», «Бұлдыр қиял философиясы», «Құдай мен айуан», «Өнер һәм биология», «Сын және үлдірік», «Жұлдыз тозаңы», «Өсімқорлардың өр зорлығы» жарық көрді. Бұл шығармалардың төңірегінде тағы үлкен шу көтерілді.
Баспашылар қаламақы хақында енді өз шамаңызды айтыңыз дейтін болды. Мартин айтудан тартынған жоқ. Бұрын жазғандарының бәрін бастыруға беріп жатты. Жаңа шығарма жазбады. Қолына қалам алайын десе жаны безірейді. Себебі, Бриссенденнің тағдырын ұмытқан жоқ. Ол марқұм тобырдың құрбандығы болды. Сондықтан қошеметшіл тобыр қол соққанымен жүрегі жібімейді, жек көреді. Тіпті, өзінің атағы шығуын ол Бриссенденнің аруағын қорлағандық деп білді. Бірақ жиіркенсе де, шегінген жоқ, қапшығын алтынға толтыруға белін бекем байлады.
Ара-тұра Мартин баспашылардан мынадай хат алып қояды:
«Мұнан бір жыл бұрын лирикалық өлеңдеріңізді қабыл көрмей қайырсыз іс жасағанға ұсаймыз. Сол тұста-ақ өлеңдеріңіз бізге үлкен әсер еткен еді, бірақ кейбір жағдайларға байланысты пайдалана алмадық. Егер әлі еш жерде басылмаған болса және қайырым етіп, қайта жіберер болсаңыз, бәрін дереу басар едік те өзіңіз атаған қалам ақысын төлер едік. Сізге мейлінше пайдалы шарт жасасып, өлеңдеріңізді жеке кітапша етіп шығаруға да әзірміз».
Мартиннің есіне өлеңмен жазылған трагедиясы түсті де өлең орнына соны жіберді. Жіберер алдында оқып шыққан еді, тым нашар жазылған екен, таң қалды. Бірақ жіберді, журнал басып шығарды. Бұл ісіне Мартин артынан өкінді де. Өйткені, ұнатпаған оқушылар наразылық білдіріп, мына шалағай дүниені жазған айтулы Мартин Иден дегенге кім сенеді деп сенімсіздік айтты. Бұл бояма нәрсе немесе Мартин Иден Дюма-әке сияқты өз атынан бөтен біреуге жаздырған деп шуылдасты. Мартин бұл шығарманы әдебиетке әлі шорқақ кезімде, жас шағымда жазған едім, оның жарық көруіне себеп — қиылып сұраушылардың көңілін жықпағандығым, деп түсінік бергенде, ел күлді. Сонан кейін журнал редакторы орнынан алынды. Трагедия жеке кітапша болып шықпаса да Мартин шімірікпей, алған авансын қайтармады.
«Колмэн апталығы» Мартинге ұзақ-сүре телеграмма жіберіпті. Кемі оған үш жүз доллар жұмсаған болуға тиіс. Жиырма шақты очерк жазып беріңіз, әрқайсысына мың доллардан төлейміз деген. Оны жазу үшін баспа есебінен Құрама Штаттарды аралап, өзіңізге қызық көрінген тақырып табыңыз, депті. Онан кейін баспа, ойы әріде жатқанын байқату үшін, мысалға бірнеше тақырып атаған. Мартиннің алдына қойған бір ғана шарты очерк Құрама Штаттар өмірінен болсын.
Мартин баспаның өзі төлеп алатын етіп, телеграмма соқты: мәртебелі сеніміңізді ақтауыма жағдайым болмай тұр деп зор өкініш білдірді.
«Уоррен айлығында» басылған «Вики-Вики» повесі ерекше сәтті болды. Көп ұзамай көркем кітапша болып қайта шыққан повесть бірнеше күнде тарап кетті. Сыншылардың бәрі бір ауыздан бұл туындыны «Бөтелкедегі рух», «Шегірен былғары» сияқты классикалық шедеврдің қатарына қосуға болады десті.
Алайда, «Бақыт түтіні» жинағына жұрт қапелімде түсіне алмай, теріс ыңғай көрсетті. Буржуазия қоғамы оның тым батыл айтылған моралі мен ескішілдікті қырнауын жақтырмады Ал кітап француз тілінде басылып шыққанда күллі Париж есінен танған. Сонан кейін Англия мен Америка да жинаққа қызыға бастайды. Мартин «Синглтри, Дарнлей һәм К°»-ден үшінші кітабына жиырма бес процент үлес сұрады. Бұл екі жинаққа Мартиннің түрлі журналдарда басылған әңгімелері енген. «Қоңырау күмбірі» мен «Үрей» әңгімелері бірінші томға енді де, екінші томға —«Оқиға», «Қазан», «Өмір шарабы», «Иірім», «Көңілді көше» тағы бірнеше әңгіме кірді. Мақалалары өз алдына бір том болып шықты. Өлеңдер жинағы — оның ішінде «Теңіз толғаулары» мен «Сүйіспеншілік туралы сонеттер» — жеке том боп басылды. Бұл екі поэма әуелі «Әйелдер серігінде» басылған, оған журнал қыруар көп ақша төлеген.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Мартин Иден - 24
  • Büleklär
  • Мартин Иден - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4101
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2156
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4078
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4045
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4155
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4064
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2210
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4133
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2203
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4105
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4065
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2242
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4148
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4023
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4082
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2170
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3973
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3916
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3936
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4038
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2255
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3965
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4043
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2148
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2269
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 1408
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 943
    42.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.