Latin Common Turkic

Мартин Иден - 21

Süzlärneñ gomumi sanı 3936
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Судья Блоунт өзін-өзі тез билеп, бет-дидарын түзеп, әңгімесіне тағы кірісті. Тіпті, Мартинге де бірер ауыз сыпайы сөз тастап қойды. Мартин мұны судьяның сыйлағандығынан емес, әдейі әйелдерге мінез көрсету үшін жасап отырғанын түсінді де онан сайын ызаланды. Япыр-ай, бұл дүниеде адалдық дегеннің шынымен-ақ болмағаны ма?
— Спенсер хақында менімен сөз таластырып қайтесіз?— деді ол дауыстап.— Оның өзге отандастары тәрізді сіздің де Спенсер жайында айтарыңыз шамалы ғой. Рас, бұған сіз кінәлі емессіз! Қазіргі жаппай надандық кінәлі. Соның бір мысалын бүгін де көрдім! Осында келе жатып, Герберт Спенсер туралы Салибидің мақаласын оқығам. Сіз де оқып көріңіз. Жеңіл жазылған, түсінікті. Кез келген магазин мен кітапханадан тауып алуға болады. Салибидің Спенсер сынды ұлы адам жайлы жазғандарын оқығанда өзіңіз де ұяларсыз. Ол тоғышар неменің қасында сіз қайта сыпайы көрінесіз. Спенсердің қапталына да келмейтін сол академиялық философ оны «жетілмеген философ» депті. Өзіңіз ғой Спенсер шығармасының он бетін де оқыған жоқсыз. Сізден ақылды сыншылар да оқып жарытқан емес. Сонда да олар Спенсердің жолын ұстаған адамдарға оның идеясы жалған деп даурығуын қоймайды! Түсінесіз бе? Ғылыми танымның күллі саласын қамтыған данышпан адамды олар осылайша қор етеді. Спенсер психологияның атасы еді; педагогика саласында да зор төңкеріс жасаған еді. Қазір Францияның деревнясындағы жастары да Спенсердің әдісімен оқу оқып, жазу жазып, есеп шығарып жүр. Оның есімін қорлаушы бишара сорлы адамдардың өзі де осы күні Спенсердің идеясын тәжірибеде қолданып, нан жеп жүр. Басында түйірі болса, сол үшін Спенсерге борышты екенін біле ме екен олар? Егер Спенсер шықпаса, тоты құстай жаттап алатын да түгі болмас еді ғой. Ал Оксфордтың ректоры Фэрбэнкс мырза,— судья Блоунт, есіңізде болсын, оның қызмет орны сіздің орныңыздан жоғары,— Спенсерді кейінгі ұрпақ ойшыл адам деуден гөрі қиялшыл ақын деп атайды депті. Шәуілдеген иттер кілең! Енді біреуі «Негізгі бастамалар» әдеби көркемдіктен де құр алақан емес деген болады, оған қосыла тағы бірі ол ақыл еңбеккері, соны пікір айтқан ірі ойшыл адам емес деп зар қақсайды. Иттей үрген шәуілдектер! Шәуілдеген өңшең ит!
Мартин долырып, үндемей қалды. Үй іші жым-жырт. Руфьтің семьясы судья Блоунтты сыйлайтын. Енді Мартиннің мына сөзі бәрінің де жер-жебіріне жетіп кеткендей. Түскіліктің ақыры кісісі өлген үйдің қонақ асындай болды. Судья мен мистер Морз ғана ақырын әңгімелесіп отыр, өзгелері тым-тырыс.
Мартин мен Руфь астан кейін оңашада біраз сөзге келісіп қалды.
— Сіз өрескел, ағат кеттіңіз,— деді Руфь көз жасын бұлап.
Бірақ Мартиннің ашуы әлі басылмаған.
— Хайуандар! Неткен мақұлық, ә!..
Руфь судьяға тіл тигіздіңіз дегенде, Мартин:
— Қалайша? Шындықты айту тіл тигізгендік бола ма?— деді.
— Шын ба, өтірік пе, маған бәрібір, бірақ әр нәрсенің шегі болмақ керек. Кісіні қорлауға, тілдеуге қандай правоңыз бар?
— Олай болса сіздің Блоунттың шындықты қор етуіне кім право беріпті?—деп Мартин шаңқ етті.— Бишара адамға тіл тигізуден гөрі ақиқатқа тіл тигізу анағұрлым жаман. Судья Блоунт мұнан да сорақы іс жасады! Ол опат болған кіршіксіз данышпан адамды қаралады. Ах, неткен хайуандар еді! Неткен хайуандар еді, ә!
Мартиннің ызақорлығы Руфьті шошындырайын деді. Қатты кейігенін бірінші көруі-ді, өз ойынша, осыншама ағат кету себебін түсінген жоқ. Бір жағынан, жігітке ықыласы да ауып, тағаты қалмай тұрған қыз күтпеген жерде Мартиннің мойнына қос білегін арта салды. Сөзі намысына тигенімен, басын кеудесіне тақап, қысып-қысып құшақтады.
— Хайуандар-ай, ах, хайуандар-ай!— деген сөзін де естігенімен елең қылған жоқ.
Ол тіпті:
— Мен мұнан бұлай қонақ асыңыздың шырқын бұзбай-ақ қояйын, қымбаттым. Достарыңыз мені жаратпайды екен, менің де оларға жалбақтағым келіп жүрген жоқ. Мені жек көрсе, мен де оларды жек көремін. Фу! Жексұрын! Бұрын дәрежесі жоғары, жасаулы жақсы үйде тұратын, университет дипломы мен банкіде счеты бар адамдарды әлдеқандай көріп жүретінмін, өзімді қор, оларды зор тұтатынмын. Аңқау басым, оларды сыйласуға татиды деп жүріппін ғой,— дегенде де Руфь басын көтерген жоқ.
Отыз сегізінші тарау
Социалистердің клубына барайық!—деді бір күні Бриссенден. Ол соңғы үш күн ішінде екінші рет қан түкіріп, жарты сағат бұрын ғана есін әрең жиғанымен бір стакан вискиін қалт-құлт етіп, қолынан әлі шығармай отыр еді.
— Онда барып не бітірмекпін?—деді Мартин.
— Көлденең кісілерге де бес минут сөз сөйлеуге рұқсат етеді, мүмкін сөйлерсіз. Социализмге не себепті қарсы болып кеткеніңізді айтыңыз. Олардың өзі туралы, пақыршылық этикасы жайлы сөйлеңіз. Ницше хақында ортасына бір домалақ пікір тастаңызшы — апалаң-топалаң болып жатсын. Оларға һәм өзіңізге де пікір таластыру пайдалы! Көзім тірісінде социалист болғаныңызды көрсем деп ем. Өйткені, бұл хал тіршілігіңізге ерекше мән берер еді. Өмірден түңілген шақта тарыққан көңіліңізге демеу болар еді.
— Сіздің қалайша социалист болғаныңызға таңым бар, қара тобырды жек көресіз,— деді Мартин.— Расында да өзіңіз сынды эстеттің қаймана халықтың мүддесі мен мұқтажында не шаруасы бар?—Мартин вискиді азарлай нұсқап:—сізді социализм мынадан арашалай алмапты ғой,— деді.
— Мен қазір қатты ауырып жүрмін. Сіздің жөніңіз басқа. Жассыз. Деніңіз сау, тілеуіңіз алда, болашағыңыз бар, сізге алдыңызға белгілі мақсат қою абзал. Маған қалайша социалист болып кеттіңіз деп таң қаласыз. Айтайын себебін. Социализм сөзсіз орнайды. Өйткені, қазіргі қоғам құрылысы шіріген, тозған, күні санаулы. Ал өзіңіз айтқан ат ойнатқан ерлердің дәурені өтіп кетті. Құлдар қазір ондайлардың соңына ермейді. Құл деген қара-құрым. Еріңіз аяғын үзеңгіге сала бергенде-ақ қағып түсіреді. Амалсыз құлдардың мораліне мойын ұсынуға тура келешек. Әрине, оңай емес. Бірақ өзге ылаж бар ма. Ницшенің идеясын жақтаушы мына сіздер үңгір мекендеген тағыларсыңдар, Мартин. Болар іс болған, өткен дүние енді қайтып оралмайды. Тарих қайта оралады деу жалған пікір. Сіз дұрыс айттыңыз, мен тобырды жек көремін, өйтпегенде ше? Ат ойнататын азаматтан үміт жоқ. Ал қоян жүрек буржуазиялық доңыздардың билеуіне бас кессе де көне алмаймын. Қой, кеттік. Енді сәл кідірсек, мен көп ішіп, қатты мас болам! Доктордың не айтқанын білесіз бе? Әй, докторы құрсыншы! Солардың былшылын бекерге шығарып, тотитып кете алсам жарар еді.
Күн жексенбі. Социалистердің Оклендтегі ықшам клубы ығы-жығы лық толы. Көпшілігі жұмысшылар. Мартин сөз сөйлеп тұрған ақылды еврейдің айтқандарына салған жерден іштей қарсы болса да, өзін ұнатты. Шешеннің екі иығы солбырайып, еңсесі түсіп кетуіне қарағанда, гетто перзенті болу керек. Соған қарап, Мартин көз алдына адам аяғандай әлсіз құлдар мен ел-жұртқа әмірін жүргізуші ат төбеліндей алпауыттардың арасындағы мәңгі арпалысын елестетті. Иә, деп ойлады ол, ежелден құл билеп қалған шонжарлар өмір бақи билеп-төстей берешек. Мына алдымда тұрған сүлде соның символы. Ол сорлы бұлжымайтын биологияның заңына бағынып, азабы мол өмір сапарынан өлімін таппай қоймайтын өзі сықылды өңшең тіршілікке бейімсіз аш-арықтар бұқарасының жиынтық бейнесі іспетті. Олардың бәрі құруға мәжбүр. Айлалы да әккі философиясы мен құмырсқадай ұжымшыл болуына қарамастан, олардан табиғат өңшең әлді мен күштінің несібесі болсын деп, теріс айналған. Әлбетте, өлер алдында социалистер секілді жан таласып, тыпыршуы ықтимал, жиналысып, шуылдасып, өмір тарыншылығын қалай жеңілдетеміз, қалайша әлемді алдаймыз деп әурешікіре болуы да мүмкін.
Бриссенден сіз сөз алып сөйлеңіз, мына жиналған жұртты қыспаққа бір алыңызшы деп қояр да қоймай көндіргеннен кейін Мартин осы ойларын ортаға салған еді. Әуелі ол мінберге шығып, дәстүр бойынша председательге қарап тұрып, сөз бастады. Жай бастап, еврей сөзінен туған қалың ойын рет-ретімсп ағытып айтып бере алмай, тұтыға сөйледі. Мұндай митингіде әр шешенге бес минуттан сөз берілетін. Тиісті уақыты біткен кезде Мартин жаңа-жаңа қызып, социалистердің қисынын мінеуге енді ғана кіріскен. Сөзін қызыға тыңдаған жұрт тағы берілсіп деп бір ауыздан өтіл айтты. Халайық көлденеңнен келген көк аттының тегін жау емес екенін сезгендей әрбір сөзін елти тыңдап отырған. Мартин де арқаланып, құлдардың моралін тілдеді, құлдар деп осындағы жиынды атайтынын тұспалдамай тура айтып салды. Спенсер мен Мальтустың сөздерін мысал етіп, дүние дамуының биологиялық заңын дәріптеді.
— Сонымен,— деді ол сөзін қорыта келе,— бірыңғай құлдардан құралған мемлекет баянды болмайды! Эволюцияның негізгі заңының құдіретін, міне, осыдан аңғаратын болсақ керек! Өмір сүру үшін сұрапыл күресте, менің жоғарыда сіздерге дәлелдеп бергенімдей, күші ғана, күштінің ұрпағы ғана жан сақтан қалады, өмір сүреді. Әлсіз бен әлсіздің ұрпағы тоз-тоз болып құрып бітеді. Ал осынан кейін әлдінің үрім-бұтағының әрбір буыны әлдене берешек. Эволюция дегеніміз осы! Сіздер, құлдарсыздар, әрине, құл екеніңді мойындау оңай емес,— сіздер эволюцияның осы ұлы заңына бағынбайтын қоғам армандайсыздар. Өмірге бейімсіз, берекесіз, өңшең аш-арық құрымаса екен дейсіздер. Әлсіздер де әлділер секілді семья құрып, үбірлі-шүбірлі болса екен дейсіздер. Сонда ақыры не болмақ! Ақыры адам баласының өмірге деген жігері мен күш-қуаты буыннан буынға өспей, өркендемей, кеми бермек, жасымақ, әлсіремек, кері кетпек. Міне, бұл «құлдар философиясының» зауалы. Қоғамыңыз, яки құлдар орнатқан, құлдар үшін орнатылған, құлдар есімінен орнатылған қоғам, бірте-бірте күйзеліп, шөгіп, ақыры бір заманда құрып бітпек. Естеріңізде болсын, мен мұны жаным ашығандықтан, өсиет ретінде емес, биология заңына сүйеніп айтып тұрмын. Құлдар мемлекеті өмір сүре алмайды.
— Құрама штаттар ше?—деді біреу айғайлап.
— Құрама Штаттар дейсіз бе?—деді Мартин.— Он үш отар ел бір заманда арасынан билеушілерін аластап, республика дегенді құрыпты. Құлдар өзіне-өзі қожа болыпты. Елде найзаның ұшымен, білектің күшімен билеуші күштілер қалмапты. Бірақ құлдар қожайынсыз отыра ала ма, жаңа билеуші тағы пайда болады, баяғы білегі жуан, адамгершілігі бар ерлер емес, өрбіген өрмекшідей өңшең саудагер, өсімқор дегендер шықты! Сөйтіп, олар мына сіздерді тағы да құл етті, күш көрсетіп, ақырып, айтып келген жоқ, бүкшеңдеп, бұғып келді, айла-амалымен, қулық-сұмдығымен, өтірік-өсегімен қол-аяғыңды матады. Судьяларыңды сатып алды, заң-жобаны бұрмалатып, өңін айналдырып жіберді, ұл-қыздарыңды езгісіне салды. Мұның қасында бұрынғы заңды түрде құл иеленушіліктің сұмдығы ойыншық болып кетті. Бүгін таңда әлі буыны бекімеген екі миллион бала дірдек қағып, Құрама Штаттардың өнеркәсіп олигархиясына еңбек етіп жүр. Он миллион құл ешбір баспанасыз, нансыз отыр. Жоқ, құлдар мемлекеті өмір сүре алмайды, бұл эволюцияның биологиялық заңына қайшы. Құлдар қоғамы орнаған күні кері кетушілік, азғындық пайда болашақ. Сіздер эволюция заңын мансұқ етесіздер ме? Жақсы! Олай болса арқа сүйерлік өзге, жаңа заң тапқан боларсыздар? Кәне, айтыңызшы, ол қандай заң? Тыңдайық.
Мартин орнына барып отырды. Жұрт азан-қазан. Жиырма шақты кісі сөз сұрап, орнынан өре түрегелді. Бірінен соң бірі шығып сөйлеп, қолдарын оңды-солды сермеп, бәрі де Мартинге бас салды. Залдағылар бұған қол шапалақтады. Нағыз қырғын ұрыс, идеялар шайқасы басталды. Шешендердің біразы жалпылама сөйлегенімен, көпшілігі Мартинге шүйлікті. Көптеген жаңа, соны пікір айтылып қалды. Ескі биология заңын жаңаша қолдануға жағдай туды. Әбден қызынып алған шешендер, әдеп сақтау дегенді ұмытып, председательдің әлденеше араласуына да тура келді.
Жиналыста газет хабаршысы да бар-ды. Ол бір ел құлағын қайтсем елеңдетемін деп, ізденіп жүрген жас талап болар ма. Ақылы мен тәжірибесі аздау жігіт-ті. Газет қызметкері ғой, ұяттан да үш күн бұрын туған еді. Өте надан болуынан айтылған пікірді ол аңдамай қалыпты. Сөйте тұра, мынау жұмысшы табынан шыққан, оның ойынша өршеленген өңшең мылжыңнан өзін артық санап, шікірейіп кеткен түрі бар. Оның үстіне ел-жұртқа әмірін жүргізуші, газеттер мен ұлт саясатына бағыт сілтейтін сонау үлкен орында отырған дөкейлерді ол керемет сыйлайтұғын да. Арманы — жоқты бардай, барды дардай қылатын айтулы хабаршы болмақ.
Ол сөйлеушілердің не айтып, не қойғанын ұқпай қалды. Айта берсеңіз, оған түсінудің қажеті де жоқ. Оған керегі «революция» деген сияқты жеке сөздер ғана. Бір сүйек тапса, соған қарап отырып, бүтін бір мақұлықтың қаңқасын жасап беретін палеонтолог сияқты бұл хабаршымыз да, мысалы, «революция» деген есінде қалған жалғыз ауыз сөзге сүйеніп, сөйлеушінің күллі сөзін сол айтты қылып, өзінше заулата жөнелер еді. Оның бүгінгі кәсібі де осы. Тіпті, тігісін білдірмей жылмитып жібергені де рас. Әйтеуір, елдің көбі Мартин туралы шуылдасқандықтан, жазғандарының бәрін «сол айтты» қылып, оның өзін анархист етіп шығарды да, кертартпа дарашыл пиғылын нағыз әсіре қызыл солақай социализм деп түсіндірді. Жас хабаршының әдеби дарыны жоқ емес-ті. Сондықтан ың-жың, азан-қазан болып жатқан ашулы тобырдың ортасында екі қолын кезек-кезек сермеп, ызғарлы, ащы дауысымен құлақты тесе жаздайтын, шашы жалбыраған кілең бір қаһар жандарды, өңшең күйгелек, шәңгірлеген азғындарды жақсы суреттеп берді.
Отыз тоғызыншы тарау
Келесі күні таңертеңгі кофе үстінде Мартин дағдылы әдеті бойышна газет оқып отырған. Өмірінде тұңғыш рет газеттің бірінші бетінен, ірі әріппен жазылған өзінің ат-есімі көзіне жарқ ете түсті. Оқыса, Мартин Иден Оклендтегі социалистердің көрнекті көсемі деп жазып қойыпты. Қайран қалды. Жас хабаршы жазған өзінің жалынды сөзін көзімен тез шолып өтті де арсыз неменің қайдағы жоқты ойдан шығарып, сырттан телігеніне қатты ашуланды. Бірақ бітегенеден кейін күліп, газетті лақтырып жіберді.
— Мынаны не мас болып отырып жазған немесе қасақана қастық ниетпен жазған,— деді Мартин, түстен кейін шаршап-шалдығып, әзер жетіп, Мартиннің жалғыз орындығына жаңа ғана отыра берген Бриссенденге. Өзі әдеті бойынша керуетінде отырған.
— Бәрібір емес пе?—деді Бриссенден.— Газет оқитын буржуазия доңыздарының пікіріне шынымен-ақ мән бергеніңіз бе?
Мартин сәл ойланды.
— Әрине, оларда менің ешқандай шаруам жоқ. Тек Руфьтің семьясымен арамыз бұзылып кете ме деп қорқамын, Руфьтің әкесі мені социалист дегенге әбден нанып кетулі. Мына шатпақ соның сөзін расқа шығарып отыр. Мейлі, айта берсін, айылымды да жимаймын. Дегенмен... Әй, құрсыншы, бәрібір емес пе? Онан да сізге бүгінгі жазғандарымды оқып берейін. Баяғы «Кешіккен» ғой. Жартысынан көбін бітірдім.
Мартин оқи бергенде Мария есік ашып, бөлмеге тәуір киінген бір жас жігітті енгізді. Ол кіре сала жан-жағына қаранып, керосинка мен ас құятын жәшікке сәл көз тоқтатты да Мартинге қарай бұрылды.
— Отырыңыз! — деді Бриссенден.
Мартин қонаққа ығысып орын беріп, сұраулы кескінмен бетіне қарады.
— Кейінгі жиында сөйлеген сөзіңізді естіген едім, мистер Иден,— деді жігіт жайғасып отырғаннан кейін.— Енді өзім іздеп тілдеспекке келіп отырмын.
Бриссенден қарқылдап күлді.
— Социалисті-ежеттесіңіз емес пе мынау?—деді хабаршы Бриссенденге бір қарап, ішінен: осы тірі өлікті суреттеп берсем, елге әсері қандай болар еді, деп қойды.
— Мына мақаланы жазған осы бала шығар-ау,— деді Мартин ойланып.
— Өзін сілейтіп тұрып сойып жіберсеңіз қайтеді, — деді Бриссенден.— Қазір өкпеме бес минутке саулық берген кісіге бір мың доллар төлер едім.
Жас журналист көзін бақырайтып қойып, мына екеуінің әлдене айтып отырғанына абыржып қалды. Бірақ социалистер митингісі турасында газетке жақсы мақала жазып бергені үшін ол редактордан жаңа ғана мақтау естіп, қазіргі қоғам тәртібіне қарсы ұйымдасқан жаулардың көсемі Мартин Иденмен ауызба-ауыз сөйлес деген тапсырыс алған.
— Әуелі суретіңізді түсіріп алуға қарсылығыңыз жоқ па?—деді ол.— Фотограф ала келіп ем, тездету керек деп тұр ол. Күн батып барады ғой. Артынан әңгімелесе жатар едік.
— Е-е, фотограф деңіз?—деді Бриссенден даусын созып. Не күтіп отырсыз, Мартин? Сабап-сабап жіберсеңізші мына немені!
— Қартайып барамын ғой деймін, сірә,— деді Мартин.— Сабап жіберуім керек екенін біліп отырмын-ау, зауқым жоқ соған. Не керегі бар, не үшін?
— Сорлы шешесінің ана хақы үшін,— деді Бриссенден.
— Міне, осы дәлеліңіз орынды. Бірақ маған бұл да әсер ететін емес. Зауқым жоқ. Біреуді ұру үшін күш жұмсау керек. Күштеніп жатам ба соған?
— Рас айтасыз, керегі жоқ,— деді қуанып хабаршы, әйтсе де есік жаққа көз қиығын бір тастап қойды.
— Әрине, жазғандарының ішінде бір ауыз шын сөз жоқ,— деді Мартин Бриссенденге қарап.
— Тәйір-ай, жалпылама жаза салған нәрсе ғой...— деп жігіт өзінше жағдайын жеңілдетпек болды.— Бір жағынан, сізге бұл жап-жақсы реклама ғой... Өзіңіз айтыңызшы, солай емес пе?
— Есіңізде болсын, Мартин, бұл сіз үшін реклама!—деді Бриссенден.
— Иә, иә!.. Онысы рас.
— Мистер Иден, туған жеріңізді білуге бола ма?— деді хабаршы бар ықыласымен тыңдауға әзір адамша Мартинге мөлие қарап.
— Байқайсыз ба, ештеме жазып отырған жоқ,— деді Бриссенден қосарланып,— жадына тоқып отыр.
— Мен ылғи өстемін.— Жігіт сасып отырғанын сездіргісі келмеді.— Тәжірибелі хабаршы жазбайды ғой, тыңдайды.
— Бәсе, сондай жігіт екеніңізді көріп отырмыз... кешегі мақалаңыздан.
Бриссенден зұлымдыққа зорлық жасама дейтін идеяны қолдамауынан дауысын кенет өзгертіп, қатуланып:
— Мартин! Мынаны сіз сабамасаңыз, мен-ақ сабайын! Өлсем де бір ұрып өлейін!— деді.
— Шапалақ берсек те жетпей ме?—деді Мартин.
Бриссенден сәл ойланып, басын изеді.
Сол сәтте хабаршы Мартиннің тізесіне етпетінен жалп ете түскен.
— Тістеуші болма,— деп ескертіп қойды Мартин.— Әсем тұмсығыңды быт-шыт қылсам, обал болар.
Оң қолымен хабаршыны шапалақпен шықпырта бастады ол. Жігіт баж-баж етіп, тыпырлап, балағаттап жатса да тістеген жоқ. Бриссенден жайымен қарап отыр. Бір шақта шыдай алмай ол да бос бөтелкені ала ұмтылды.
— Кәне, мен де ұрайыншы!
— Мен шаршадым, қолым салдырап қалды,— деді де Мартин хабаршыны желкесінен бүріп алып, сілкіп-сілкіп, орнына отырғызды.
— Айтамын полицияға! Қаматтырамын!— Ызаланған жігіттің көз жасы оттай жанған бетіне сорғалады.— Жауапқа тартқызамын. Көрерсіңдер!
— Мәссаған безгелдек, мынау тайғанақ жолға түскенін әлі түсінбепті ғой,— деді Мартин.— Өзіңдей адам баласына опасыздық жасау еркекке жараспайтын әдепсіз, оңбаған, оғаш қылық екенін мұғайым түсінбеген.
— Соның үшін де түлен түртіп сізге келген ғой,— деді Бриссенден.
— Маған әуелі жабар жаласын жауып, масқара қылып келіп отыр емес пе. Дүкенші енді маған несиеге тіріде азық берер ме? Ең жаманы мынау сорлы бала өзі түскен теріс жолдан шыға алмай осы бетімен кетіп, ақыры, бір күні маңдай алды журналист, аты шулы сұмырай болып шығады ғой.
— Уақыт бар әлі тәрбиелейтін,— деді Бриссенден.— Мүмкін бұл шіркінді дұрыс жолға енді өзіңіз саларсыз.
— Әттеген-ай, тым болмаса бір ұрғызбадыңыз-ау. Игілікке менің де үлес қосуым керек еді!
— Екеуіңді де абақтыға жаптырам!—деді кемсеңдеп адасқан ұл.— Мә-мә-мәлғұндар!
— Беті жылтыраған неме ғой,— деді Мартин басын шайқап,— еңбегім зая кететін шығар. Бұл жігітті жөнге салу мүмкін емес. Көрерсіз, түбінде қаламы жүйрік журналист болып шығады. Ұяттан безген, арсыздықпен-ақ алға түсіп алар.
Осы кезде жігіт орнынан атып тұрып, қолындағы бөтелкесін әлі тастамай, шоқырайып отырған Бриссенденге сескене қарап, бөлмеден шыға жөнелді.
Келесі күні Мартин өзі туралы тағы бірсыпыра қызық жаңалық естіді. «Иә, біз қоғам тәртібінің жауларымыз,— депті-міс ол баспасөз өкіліне,— бірақ та анархист емеспіз! Социалиспіз!» Хабаршы бұл екі ағымның арасында айырмашылық жоқ қой дегенде, Мартин басын изепті. Журналистің байқауынша, Мартиннің бет-аузы омсырайып, азғындай бастаған адам, әсіресе, мұны буылтық-буылтық болған қолдары мен қанішер адамша кісіге тесіле қарайтын обыр көздерінен аңғаруға болады-мыс.
Мартин мұнан кейін газеттен өзі жайлы мынадай жаңалықтар оқыды: «Сити-Хол паркте ол күн сайын дерлік жұмысшы митингілерінде сөз сөйлейді. Халықты азғырып жүрген анархистер мен үгітшілердің ішіндегі ең өтімдісі және ең революцияшыл сөз айтушысы осы». Хабаршы мұнан әрі Мартиннің үйшігін суреттеген, керосинка мен жалғыз орындығына дейін қалдырмаған; жолдасын да келістіріпті: «Ол өлікке ұсаған, қаңғырып жүрген кезбе, ұсқынын көре қалсаңыз, жиырма жыл түрмеде отырып, жуырда ғана шыққан зәнталақ дер едіңіз»,— депті.
Жас хабаршы ширақтығын да көрсеткен. Мартин Иденнің күллі семьясының тарихын біліп алған. Мистер Хиггинботамның дүкені мен оның есігінің алдында тұрған мистер Бернард Хиггинботамның суретін тауып алған. Аталмыш джентльменді өзі есебін жақсы білетін қадірмен коммерсант, балдызының социалистік көзқарасына қосылмауы былай тұрсын, қарасын көргісі келмейді екен деп жазыпты. Оның айтуына қарағаида Мартин Иден еңбек етпейтін, жұмысқа қыры жоқ, жалқау адам, талай рет жақсы орынға шақырғанда бармаған, әлбетте, ерте ме, кеш пе, нағыз түрмеге түсетін адамның өзі депті. Герман фон Шмидтпен де әңгімелескен. Ол Мартинді: «Семьядағы шіріген жұмыртқа», онымен туыс ретінде ешқандай араласым жоқ»,— депті. «Менің желкеме мінгісі келген еді, маңыма жолатпадым»,— деген Герман Фон Шмидт: «Самтырап осында келе беретін еді, тыйып тастады. Ондай босқа сандалған адамнан қайыр күтуге болмайды!»
Бұл жолы Мартин шын кейіді. Бриссенден осының бәрі кісі күлерлік нәрсе ғой, көңіл бөлмей-ақ қойыңыз десе де Мартин ашуын баса алған жоқ. Руфьпен түсінісу қиынға айналғанын білді. Ал қыздың әкесі болса, мынау өрескел өтірікті пайдаланып, енді екеуінің арасын бұзуға тырысады. Мартиннің өзі де күтіп жүрген жаманат ақыры алдынан шыққандай. Келесі күні Руфьтен хат келді. Мартин бір сұмдықтың болғанын сезіп, қолма-қол конвертті ашып жіберіп, оқи бастады, хат әкелген поштабайдың ашық қалдырған есігін де жапқан жоқ.
Хатты оқып тұрып, Мартин ойланбастан, ескі әдеті бойынша, қалтасын қайта-қайта қармалап, темекі, қағаз іздеді. Қалтасы көптен бері бос екенін, тіпті не іздеп тұрғанын да сезген жоқ
Хат жазғанда Руфьтің сабыр сақтағаны байқалады. Ешқандай кейістік білдірмеген. Бірақ хаты басынан аяғына дейін өкпе мен өкінішке толы. Үмітімді ақтамадыңыз депті Руфь. Ғашық екеніміз рас еді, дөрекі, оғаш мінезі түзелер, нәубет болса жарасып, ел қатарлы тұрмыс құрып кетерміз деп ойлаушы едім. Енді әке-шешем берген уәдеңді бұз деп отыр. Сөздерін дәлелсіз дей алмаймын. Бәрібір арамыз түзеліп, ақыры жақсы бола қоймас. Әуел баста өзім қате жасағанмын, депті. Мартиннің бетіне салық қылған бір ғана кінәсі жанына батты. «Қызметке орналасып, өмірден орныңызды табу керек еді ғой!— деп жазыпты Руфь.— Бірақ бұл мүмкін емес. Сіз ырду-дырду, бейберекет өмірге үйреніп кеткен адамсыз. Бұған кінәлі емес екеніңізді білемін. Табиғатыңыз, тәрбиеңіз солай ғой. Сізді айыптап отырғаным да жоқ, Мартин, бұл есіңізде болсын. Папам мен мамамның айтқаны рас екен: екеуміз бір-бірімізге лайық емеспіз. Мұны іс насырға шаппай тұрғанда білгеніміз үшін қуанайық... Жүздесемін деп үміт етпей-ақ қойыңыз,— депті ол хаттың соңында,— екеумізге де, мамама да ол оңай соқпас. Онсыз да мамам байғұсқа артқан ауыртпалығым аз емес, оның алдында кінәмді кешіру үшін әлі көп уақыт керек болар».
Хатты Мартин аяғына шекте оқып шықты, жақсылап тағы бір рет оқыды. Сонан кейін жауап жазуға отырды. Ол ең алдымен социалистік митингіде сөйлеген сөзін толығымен келтіріп, газетті осыншама арсыздыққа барып, өсек таратқаны үшін кіналады. Осының бәрі жала екенін, шылғи өтірік екенін, өз басы ақ екенін айтумен басталған хаты ғашықтық шерін шерткен тоқсан түрлі толғаумен аяқталды. «Маған қалай да бір жауабын беріңіз, мені жақсы көресіз бе, жоқ па — осыны ғана айтыңыз»,— деп бітірді хатын.
Күн өтті, тағы бір күн өтті, жауап келмеді. «Кешіккен» ашық қалған күйі әлі жатыр. Қайтып оралған қолжазбаларға стол асты толды. Мартиннің ұйқысы қашты. Бұл бұрын болмаған оқиға. Морздікіне үш рет барған, үшеуінде де қызметші есігіне жолатқан жоқ. Бриссенден төсек тартып, ауырып жатқан еді. Ара-тұра бара жүргенде, Мартин оған бұл қайғысын айтпады.
Иә, Мартиннің қайғысы қалың. Хабаршының қитұрқысы күтпеген жерде қырсық болып жабысты. Бақалшы-португал несиеге азық бермей қойды, тегім асыл, мен американмын деп бөсе беретін көк сатушы отанымызға опасыздық жасадың деп Мартиннің бересісін жазып жүрген қағазын көзінше быт-шыт қылып жыртып, өзің де құры, ақшаң да құрысын деді. Көршілері де күңкілдей бастады, күн-күн сайын өшіге беретін сыңайы байқалды. Опасыз-социалист деп, ешкімнің араласар түрі жоқ. Мария байғұсты да күдік пен күмән азабы қинаулы. Бірақ Мартинге деген адалдығынан айныған жоқ. Бір кезде Мартиннің үйіне келген сыйлы қонақтарының, әсем тарантасының әсерін ұмыта бастаған көрші балалары да оны көрсе, сыртынан «әй, жалқау», «сандалбай» деп айғайлайтын болды. Беріспей жүрген тек Марияның балалары ғана. Мартиннің намысын жыртып, қыран-жақпан болып, төбелесіп, бет-аузы жара-жара болып келген балаларын көргенде Мария онан сайын ренжиді.
Бір күні көшеде Гертруданы кездестіріп, Мартин бұрыннан күтіп жүрген бір жағдайды білді. Бернард Хиггинботам қатты ашуланып, Мартин семьямызды масқара етті, енді үйіме жоламасын депті.
— Бір жаққа кете тұрсаң қайтер еді, Мартин,— деді Гертруда.— Тәуір қызмет тауып ал. Мына у-шу басылғасын қайтып келер едің.
Мартин басын шайқады, бірақ ләм деген жоқ. Не деуге болады! Өзі мен туыстары арасында өтпес ор жатыр. Онан енді өзі өте алмайды! Ницшешіл адам ретінде социализм туралы пікірін Гертрудаға түсіндіріп жатса, күлкі болар еді! Олай етерлік сөз де жоқ. Бәрінің білетіні: бір жақсы орын тауып ал. Өзге сөз жоқ. Ойлары осынан озбайды. Орын тап! Қызметке кірсейші! Бишара, топас, тобан аяқ құлдар, деп ойлады Мартин Гертруданың сөзін тыңдап тұрып. Күштілердің бүкіл дүниені билеп-төстеуі тегін емес! Құлдар құлшылықтан ұзап кете алмаған. «Қызмет» олар үшін табынатұғын пұт, соның алдына жата қалып, жалбарына беру керек.
Гертруда ақша берейін деп еді, Мартин енді бірнеше күннен кейін костюмін закылетке беретінін біле тұра, басын шайқады.
— Әзірше Бернардтың көзіне түспей тұр,— деді Гертруда.— Бірер ай өтсін, ашуы тарқасын. Сонан кейін қолай көрсең оған көлікші болып жалданарсың. Егер мен керек боп қалсам, кісі жібер, бара қоям ғой, білдің бе?
Гертруда көзінен жас алып, бұрылып жүріп кетті. Әбден қалжыраған апасының аяғын балп-балп басып, кетіп бара жатқанын көргенде, Мартиннің жүрегі елжіреп сала берді де, ницшешілдіктің ғимрасы кенет дір етіп, теңселе жөнелгендей болды. Құлдардың қайдағы бір берекесіз қисыны туралы анау-мынау деу оңай болғанымен, оны өз туғаныңа қолдану қиын екен. Асылы, әлдіден езгі көрген қорғансыз жан іздеген кісіге Гертрудадан артық ешкім табыла қоймас. Бұл парадоксқа Мартин тұнжырай күлді. Ет-жүрегінің дір еткен сайын пікірлеріңнен тая бастасаң, ницшешілдігіңе болайын. Осы арада өзің де құлдардың мораліне жеңдіріп тұрған жоқсың ба, апаңды аяуың да құлшылдық, бишаралық қылық емес пе? Нағыз күшті адам кісіні аяудан, біреудің қайғысына ортақ болудан жоғары тұруы керек. Мұндай ынжық сезім құлдар зынданында туған, әлсіздер мен пақырлардың еншісіне тиген күйректік, деп ойлады Мартин.
Қырықыншы тарау
«Кешіккен» өнбей қойды. Редакцияларға жіберген қолжазбаның бәрі стол астынан келіп орын тепті. Келмей жүрген Бриссенденнің «Фани дүниесі». Велосипеді мен қара костюмін Мартин закылетке берген, ал жазу машинасының ақшасын төлемегелі не заман. Бірақ Мартин бұған абыржыған жоқ. Мақсат ең алдымен өмірден мұрат табу. Осындай көңілге демеуі болмауынан да тоқырап жүрген жоқ па.
Арада әлденеше апта өтті. Күндердің күні Мартин көптен бері күтіп жүрген бір жағдайға душар болды. Көшеде Руфьке кездесіп қалды. Рас, жалғыз емес екен. Норман бар екен қасында. Екеуі де көрмеген кісі болғансыды. Мартин жақындай түсіп еді, Норман дес бермей жолын бөгеді.
— Қарындасыма жармаса беруді енді қойсаңыз деймін, қоймасаңыз қазір полисмен шақырамын,— деді ол.— Сізбен сөйлескісі келмейді, жұрт алдында абыройын төгіп, намысын келтіріп, босқа жалбақтамағаныңыз жөн.
— Жанжал шығармаңыз, жігітім,— деді Мартин түсін суытып,— әйтпесе, расында да полисмен шақыруға тура келер де, есіміңіз газетке шығып жүрер. Былай тұрыңыз кес-кестемей. Руфьпен сөйлесетін сөзім бар.
— Өз аузыңыздан бірауыз сөз естігім келіп тұр,— деді ол Руфьке қарап.
Қыз қалтырап, бозарып кетті, тоқтап, сұраулы кескінмен қарады.
— Хатымда айтқан өтінішіме жауап беріңіз,— деді Мартин.
Норман шыжбалақтап еді, Мартин бір қарағанда меселін қайтарып тастады.
Руфь басын шайқады.
— Өз ықтиярыңызбен осылай ұйғардыңыз ба?
— Иә, өз ықтиярыммен,— деді Руфь ақырын, бірақ батыл үнмен.— Сіз мені масқара еттіңіз, қазір таныстарыммен кездесуге ұяламын. Екі кісінің басы қосылса, әңгімесі мен. Бар айтарым осы. Мені бақытсыз еттіңіз, енді қайтып сізді көргім келмейді.
— Таныстар! Сыпсың өсек! Газеттің өтірігі! Осының бәрі ғашықтықтан күшті емес! Сіз мені ешуақытта сүймеген екенсіз.
Руфьтің сұрғылт өңі қызарып кетті.
— Мына масқарадан кейін де сүйе бер дейсіз бе? Мартин, өзіңіз әуелі не айтып тұрғаныңызды білесіз бе?! Кім деп тұрсыз мені?
— Көріп тұрсыз ғой, міне, жарықтығым-ау, сізбен сөйлескісі келмей тұр ғой!—деп дауыстады да Норман қарындасын қолтығынан сүйеп, алып кетті.
Мартин олардың артынан қарап, ойланбастан, қалтасында жоқ темекі, қағаз іздеп, қарманған қалпында қала берді.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Мартин Иден - 22
  • Büleklär
  • Мартин Иден - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4101
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2156
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4078
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4045
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4155
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4064
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2210
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4133
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2203
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4105
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4065
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2242
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4148
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4023
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4082
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2170
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3973
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3916
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3936
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4038
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2255
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3965
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4043
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2148
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2269
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартин Иден - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 1408
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 943
    42.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.