Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 20

Total number of words is 2843
Total number of unique words is 1812
29.9 of words are in the 2000 most common words
41.6 of words are in the 5000 most common words
48.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
мансапқор төрешіл мен алға қойған мақсатына жету жолында ештеңеден тай-ынбайтын
бейшара жанның парқын пайымдатады. Сырт жұртқа қой аузынан шөп алмайтын момын, ақ
дегені алғыс, қара дегені қарғыс, әйелінің айтуынан шығуға дәрменсіз көрінетін Оспан (артаст
Төребек Аралбаев) әдепсіздікке, ардан безген имансыздыққа жаны қас. Кемішікті бетке
айтатын турашылдығы да бар. Өзін партияның адал солдаты санайтын Оспанның ұғымынша,
әркім өз іс-әрекетіне жауап беріп қана қоймай, тағдырының тәлкекке ұшырамауына қарсы
күресе білуі керек. Алайда, Оспанның образы тым жалпылама болып кеткен бе деген күдіктің
көкейімізде болғаны да рас. Өйткені бетпақ әйелге, Балқия, Әлім сияқты кулық-сұмдығына
құрық болмайтын пысықайларға қарсы жалғыз тұратын Оспанның бойында қайрат-жігер аз
және оның қайта-қайта «Мен коммунистпін, мен партияға сенемін» деп қайталай беруі тым
нанымсыз. Шындап келгенде еліміздің қазіргідей күрделі экономикалық дағдарысқа ұшырап
отыруының өзі осындай ондаған, жүздеген коммунистердің жігерсіздігінен туған жоқ па еді.
Бәлкім, актер кейіпкерін қарапайым етіп көрсеткісі келген болар. Дегенмен
қарапайымдылықтың кейде қарабайырлыққа апарып соғатынын да ұмытпаған жөн шығар.
Бұған қоса тағы да айта кететін бір мәселе, Тәттігүл жиі-жиі күйеуінің мойынына галстуктағып,
өзіне ұнамаған жағдайда сол галстуктен сүйреп кұмардан шығып жататын көзі де бар. Әрине,
ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда дейтін әйелдің мінезін сомдауда бұл сәтті-ақ
табылған шешім шығар. Ал, спектакльдің финалында Зәуренің (актриса Г.Қалыбаева) болашақ
жары Ерланның мойынына түрлі галстукті өлшеп көре бастауы мүлдем түсініксіз жай. Әлде
бұл режиссердің «анасын көр де, қызын ал» деген қағидаға басқаша реңк бергісі келгені ме?
Жалпы, спектальді қойған Елжан Қасиманов автордың түпкі ойына қиянат жасамай, оқиғаны
үнемі тартыс үстінде өрбітуге ден қойған. Біздіңше, Зәуре мен оның сүйген жігіті Ерланның
кездесетін тұсының қажеті де шамалы сияқты. Өйткені, спектакльдің шырқау шегі екеуінің
Тәттігүлдің алдына келуімен аяқталатындықтан көрермен жұртшылық Ерланның
жатақханасындағы кездесуге соншалықты ынтызар-ықылас білдірмейтіні аян.
Сөйтіп, қазақ теледидары арқылы жамбылдық драматург Әлдихан Қалдыбаевтың адам
жанының, оның психологиясының терең иірімдеріне жетелейтін, адамгершілік проблемаларын
ту етіп көтеретін туындысы ұзақ жылдардан кейін тұңғыш рет көрерменімен жүздесіп отыр.
Бұл - облыс шығармашылық өміріндегі оңды құбылыс.
«ӘКІМНІҢ ТУҒАН КҮНІ»
Дәулет Төлендіұлы.
Белгілі жазушы, драматург жерлесіміз Әлдихан Қалдыбаевтың «Әкімнің туған күні» атты
трагикомедиясы Түркістан театрында сахналанды.
Бүгінгі күннің аса өткір мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бүкіл халық
болып күрескенде ғана нәтижелі болатыны кім-кімге де белгілі. Демек, «жұмыр жердің бір
түкпіріне сызаттүссе, ол, сөз жоқ, жүрегінен өтеді» делінетін қаламгерлерді де бүл жағдай бейжай қалдырмапты. Бәлкім, шығарманың атының да жарнама сұрамай-ақ менмұндалап тұруынан
болар, қойылым премьерасына көрермен сыймай кетті.
Шымылдық сырғи ашылып, жарық сахна төріндегі мемлекеттік Елтаңбаға түсті де дыбыс
күшейткіштен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауындағы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған:
«...Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да
қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек» деген сөзімен спектакль басталып кетті.
Шығарманың сюжеті, әдеби беру тәсілі қарапайым болғанымен, жалпы жұрт үшін ішін бере
бермейтін жоғары лауазым иелерінің өмірі Әлдекең шығармасында аса күрделілігімен
ерекшеленіпті.
Облысқа жаңа тағайындалған жас әкімнің сол сәтке дөп келген туған күні туындының әдемі
арқауына айнала отырып, бүгінгі күннің кейбір жең ұшынан жалғасуда алдына жан салмайтын
жексұрын келбетін аса шеберлікпен ашып-ақ тастайды. Мәселе өткір айтылады. Тіпті кейбір
көлеңкесінен қорқатьмдар үшін үрейлі де шығар. Бірақ, қалайда кімнің болса да аузынан
әйтеуір бір айтылуға тиіс еді бұл. Егер бұл істегі сілкіністі түбі бір тарих талқылайтын болса,
қаламгерлер арасынан Қалдыбаев айтты, өнер ордасынан Түркістан театры қаймықпай барды
бұған.
Алғашқы көрініс. Бір қарағанда жүзіктің көзінен өтетіндей, ылдым-жылдым жайдарлы жан аппарат жетекшісі Қасым Хасенович (артист Бағлан Төлендиев) кіріп, әкімді туған күнімен
қудтықтайды. Түлкідей бүлаңдаған қызметкерінің мінезінен тіксініп қалған әкім сәл сырт беріп
терезеге жақындайды. Кенет, құшақ-құшақ гүлдермен сыртқы есіктен кіріп жатқан адамдарды
көріп таң қалады.
- Бұл не? Қасым Хасенович,- дейді көзі шарасынан шыға.
- Бұл аудан әкімдері, облыстық департамент, басқарма басшылары, сізді құттықтауға келді,дейді аппарат жетекшісі қалыпты кейіпте. Одан ары жағымпаздыктың, жылпостықтың
жексұрын түрін автор: «Мынау, машина қорабы толы не нәрсе?»,- деп түкке түсінбейтұруымен,
аппарат жетекшісінің: «Бұл қала әкімінің сыйы, сізге ешкімнің ойына келмеген осындай
сюрприз жасамақ»,- деп әкімнің төбесінен жай түскендей етіп риза болып тұруымен беруі
оқиғаны бірден алай-дүлей шиеленістіріп әкетеді. Шығарманың басты кейіпкері облысқа жаңа
келген жас әкім Қасқабай Төреқұлович (артист Сырым Әбдразақов) жаны таза, жан-жақты
сауатты, оның ішінде заң жағынан да ешкімге есе жібермейтін адал азамат кейпінде берілген.
Тығырыққа тірелген аппарат жетекшісінің қипақтап; «Бұл бұрыннан келе жатқан үрдіс,
бұлай етпесеңіз алақарға боласыз, бұрынғы әкім...», деп қайта-қайта қайталауы, көп нәрсені
аңғартса керек. Аппарат жетекшісінен соң кабинетке кіріп келген үш аудан әкімінің бірінің
«Мен аудан әкімдерінің төрағасымын», деп әкімді туған күнімен құттықтап, 30 мың доллар
ұсынуы оқиғаны тіпті ушықтыра түседі. Әкім қабылдау бөлмесіндегі қызға шұғыл түрде облыс
прокурорын шақыруды тапсырады. Сөйтсе, қыз прокурордың осында, қабылдау күтіп
отырғанын айтады. Аса көңілді кірген облыс прокуроры (артист Шәкен Амантуров) әкімді
туған күнімен құттықтап, төс қалтасынан қомақты конверт шығара бастағанда әкім тіпті не
істерін білмейді. Дереу телефонды көтеріп хатшы қызға бірден: «Облыстық ішкі істер
басқармасының директоры Нұрхат Асылович қабылдау күтіп отырған жоқ па?» - дейді, енді
бәрі түсінікті болып. «Иә, осында», дейді хатшы қыз. Кабинетке еркінси кірген генерал (артист
Айдар Наурызбаев) әдемі жымиып келіп, әкімді туған күнімен құттықтап, ол да конверт ұсына
береді. Әкім илікпейді. Сыйлығын алудың орнына біріне 30 мың доллар тастап кеткен аудан
әкімдерін күдікті ретінде ұстауға келісім беруге, біріне оларды шұғыл түрде қамауға алуға
тапсырма береді. Одан ары қарай түрлі қоңырау шалулар, қорқыту-үркіту, әр түрлі қысым
жасау сияқты жоғары - төменгі көкелер «күресі» басталып жүре береді. Бәлкім, пара күнделікті
өмірде қалыпты жағдайға айналып кеткендіктен пьеса кейіпкері - облыс әкімі Қасқабай
Төреқұлович бейнесі тіпті ақылға сыймайтын ақымақ болып көрінуі де мүмкін. Алайда, бұл
түбі сабаға түсетін, сазайын тартатын, әділеттілік, адамдық үстемдік құратын автордың
түйсігіндегі шындық. Автор шығарманың өн бойында олай болмаған жағдайда ел болып
қалуымыз да екіталай дегенді ұқтырады.
- Бұл пьесаны Жамбыл театрының 70 жылдық тойына келген режиссер Ерғали
Оразымбетовке берген едім. Ерғали Қазақстанға белгілі, өзіндік айтары бар әрі батыл суреткер.
Сондықтан бір қойса, осы қояр дегенмін. Неге екенін, өзгеге түсініксіздеу, тікмінез, шорт кесіп,
тіке айтатын адам көрінетін осы Оразымбетовты әйтеуір Құдай маған келгенде салымды қып
қойды. Осыдан бірер жыл бұрын Қызылорда облыстық драма театрында бас режиссер болып
жүріп, менің «Сәлім - Сәлима» атты пьесамды сахналады, дейді автор.
Театр - ұжымдық өнер. Автордың шығармасын ары қарай сахна тілінде өмір шындығына
айналдыратын режиссер, суретші, му-зыкамен көркемдеуші және актерлер.
Пьеса Таразда туған тағы бір талантты режиссер Әскер Құлдановтың қолына түсіпті. Әскерді
әріптестерінің таусыл-майтын режиссер дейтінінің осы жолы тағы да куәсі болдық.
Қойылымның режиссері Ә.Құлданов спектакльдің өн бойына Елбасының портреті, Елтаңба,
Туды мызғымас сенім етіп ала отырып, олар барда нық мемлекет бар, мемлекет барда тәртіп
болатынын нығарлап отырады. Осылайша мемлекеттік нышандарды алдыңғы планға шығара
отырып, қойылымның аякталуын облыс әкімінің оң қолын көкірегіне қойып тұрып, әнұранды
орындауымен бітіруі де өте әсерлі шешім дер едік.
Жеке-жеке әртістердің ойынына тоқталып, уақыт оздырып жатпай-ақ жалпы, Түркістан
театры кілең біркелкі, бойлары да, ойлары да биік, көрнекті де тұлғалы таланттар топтасқан
театр екенімен таң қалдырғанын айтсақ та жеткілікті болар еді. Бұндай көрініс, әрине, бүгінгі әр
театрдың арманы. Қазақ театр өнерінің ертеңін құрайтын кіл жастардан құралған Алматыдағы
Атабаев театрына тағы бір тың жаңалық Түркістан театрын қосып қайттық өз көңілімізбен.
- Спектакльдің көркемдік идеясы - сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл пьесаны театрдың
қоюдағы мақсаты сахна арқылы бүгінде қоғамдағы кең тараған парақорлық, жемқорлық деген
індетті көрерменнің көз алдында әшкерелеу. Айызын қандыра айту. Сол арқылы қоғамға ой
салу. Арғы түбі тамырына балта шабу. Театр қоғам дамуындағы кедергілерді көрсетіп, ой
салуда, пікір тудыруда, батылдық танытуда қашанда алда аванградттық міндет атқаруы тиіс.
Демек, бұл шығарманы алып, сахналауымыз - уақыт талабы, заңды құбылыс, - дейді Түркістан
сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі және бас режиссері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,
ҚРХалықәртісі, профессор Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов.
ӨМІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМ КӨШІРМЕЛЕРІ
Әлдихан Қалдыбаевтың төрт томдың
таңдамалы шығармаларына алғысөз
Бақытяр Әбілдәұлы, жазушы-тарихшы.
Осы кітап баспаға тапсыру үшін дайындалып жатқан кездетараздық үш жазушы
Құдай айдап Өзбекстан астанасы Ташкентке бір жиынға бара қалдық. Сол жиынға келген
жүздеген адам ішінен бір кісінің жүзі жылы ұшырап, өзіне тарта берді. Абайлап қарасам,
Өзбекстанда туып ескен, сонда тұратын белгілі қазақ ақыны, айтыскер, әдебиетші әрі
журналист Мекембай Омаров екен. Онымен Қазақстан мен Өзбекстан тәуелсіздік алып, өз
алдына мемлекеттің шаңырағын қайта көтерудің алғашқы жылдарында-ақтанысқан едік. Онда
Мекембай Омаров Ташкентте қазақ тілінде шығатын республикалық «Нұрлы жол» газетінде
еңбек ететін. Бұдан соң да бірнеше рет кездескен болатынбыз. Бұл жолы да жай
сұрасқанымызда әңгіме арнасы өзінің шығармашылығына бұрылғанда қандасымыз
Өзбекстандағы қазақ мектептері үшін «Ана тілі» және әдебиет оқулықтарын құрастырып
шығарғанын, сол кітаптарға тараздық жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың да шығармаларын
енгізіп, оны қазіргі қазақ балалар әдебиетінің классигі ретінде атап көрсеткенін айтып қалды.
Басқа қазақ жазушыларын, ақындарын емес, тек Әлдихан Қалдыбаевты ғана атағаны Мекембай
Омаровтың менің тараздық екендігімді ескергені болуы керек. Ташкентке бірге барған Әлдихан
Қалдыбаев таяу жерде басқа кісілермен әңгімелесіп тұр еді, сөздерін амал-сыз беліп, Мекембай
екеуін таныстырдым. «Иә, кітаптарындағысуретіне ұқсас екен» деп күлді күтпеген таныстыруға
риза болған ташкенттік бауырымыз...
Осы кездесу мен үшін белгілі жазушымыз Әлдихан Қалдыбаевтың өзін танымаса да
жарияланған шығармалары арқылы жақсы білетін қалың оқырман қауым ғана емес, кәнігі
кәсіпқой әдебиетшілердің өздері қаншалықты жоғары да әділ бағалайтынын айқын көрсеткен
еді. Біздің қазақта «Алтын ердің батқанын иесі емес, ат білер» деген ұлағатты мақал бар. Сол
айтқандай, Өзбекстанда түратын Мекембай Омаровтың да қазақ әдебиетінің төл перзенті
болғанымен, ол бұл заманда жақын шетелге айналған Өзбекстан қазақтары атынан жазушымыз
Әлдихан Қалдыбаевтың шығармаларын басқа елге үлгі-өнеге етіп көрсетуі үлкен ғибрат.
Қүдайға шүкір, қазақ әдебиетінде балалар үшін жазған, жазып жүрген айтулы жазушылар,
ақындар шағын болса да бір шоғыр. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай ша-бады» демекші,
олардың қазақ көркем әдебиеті деген ғажайып ғимаратқа кірпіштей қаланып, әр түрлі реңк, әр
беріп тұрғандықтан ешкім де толтыра, алмастыра алмас, тек өздеріне тән орында-ры бар.
Сөйтсе де сол шоғырдың ішінде көркем сөздің шебері Әлдихан Қалдыбаевтың жөні бөлек.
Мұны балалар әдебиетінің «Сен тұр мен атайын» дейтін хас суреткерлерінің талайы жар салып,
бағасын берген. Әлдихан әдебиет деген таңғажайып әлемге алғаш келгенде оның дара дарын
екенін бірден танып, ақ батасын бергендіктен ұстаздары іспетті әйгілі Бердібек Соқпақбаев пен
Машқар Ғұмардың бағамдары жарамсақтану, жағыну емес, шын жүректен шыққан адал сөздері
екендігіне ешкім де күмәнданбайды.
«Алпысыншы жылдардың бас кезі болатын. Бір күні «Жазушы» баспасының балалар
әдебиеті редакциясына орта бойлы, қара торы, жылы жүзді бір жігіт келді. Аты-жөні - Әлдихан
Қалдыбаев, өзі университеттің студенті екен. Бұйымтайы: кішкене балаларға арналған «Көк
дөңгелек» атты үш-төрт беттік әңгіме әкеліпті. Ондай шағын шығарманы табан астында оқып
тастайтын әдетіміз барды. Әлгі әңгіме баспа қызметкерлеріне ұнады да, келесі жылы жеке
суретті кітапша болып шыкты...
...Меніңше, кішкентайлар мен төменгі сынып оқушыларына, жалпы балаларға арнап
прозалық шығарма жазатындардың ішінде... аса шебер қаламгерлердің бірі де, бірегейі де
Әлдихан Қалдыбаев» - деп жазыпты белгілі балалар жазушысы Машқар Ғұмар. Ал, балалар
әдебиетінің классигі саналатын Бердібек Соқпақбаев: «Балалар дүниесін әдемі меңгерген және
балауса ұрпаққа ғажап әңгіме, ертегі, хикаяттар берген Әлдихан біздің әдебиетімізге
қайталанбас жарқын беттер қосты» дейді. «Балықшыны балықшы алыстан көреді» дегендей,
зер қадірін білетін зергерлердей осы екі жазушының бірі Әлдихан Қалдыбаевтың
шығармаларын «ғажап» деп тамсанса, екінші «аса шебер қаламгерлердің бірі де, бірегейі де»
деп оған ешкімді де теңгермейді, қарасөзде тыңнан жеке дара оза шыққан балалар жазушысын
өрен жүйрік тұлпардай қастерлейді.
Әлдихан Қалдыбаевтың шеберлігін жоғары бағалағандардың арасында қазақ әдебиетін бүгін
дүние жүзінің көптеген елдеріне шығармаларымен танытқан Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин,
Сансызбай Сарғасқаев, Сатыбалды Нарымбетов сияқты атақты жазушыларымыз, Рымғали
Нұрғалиев сияқты әдебиетші-ғалымдарымыз да жазғандарын, айтқандарын еске алудың өзі-ақ
талай жағдайды аңғартады.
«Өнер алды - қызыл тіл» деп білетін халқымыздың осындай өрге озған өрен жүйрік
қаламгерлері өзара келісіп қойғандай Әлдихан Қалдыбаевтың шығармашылығын неліктен
осыншама бірауыздан әспеттейді, тіпті асқақтата бағалайды? Қазақ оқырман қауымы, әсіресе,
сөздің де тәттісін ғана талғап, тек өздері ғана ұнататынын таңдайтын балауса балалар
Әлдиханның әңгімелерін, ертегілерін, хикаяттарын, тіпті қалыңдығы кірпіштей дерлік романын
неге құныға оқиды, көрермендер сахналаған драмаларын неге соншама күліп те, жылап та
қызыға көреді? Әлдихан Қалдыбаевтың қандай суреткерлік сыйқыры бар? Мұндай тылсым
тартымдылық тек шынайы өнер құдыретін мықтап меңгерген табиғи шеберде ғана болады.
Көңіл ауаны тез құбылтып, тек өзін қызыктырған нәрсеге ғана кенедей қадалып, сүліктей
жабысып, ұнамаған нәрселерін сынаптай сырғыта итере салатын бүлдіршіндер мен өмірдің
шексіз құпияларын енді-енді біртіндеп аңғара бастаған жас балалар үшін көркем шығарма жазу
өте қиын болғандықтан ғана ақын-жазушылардың көбісінің бұл тақырыпқа қалам тербеуге
батылы бара бермейді. Балалар назарын аудара білу үшін жазушыға қызықты етуге тікелей
араласатын кейіпкер, балалардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері жас оқырмандарды баурап
алатындай сүйіндіруі, не күйіндіруі, жирендіруі қажет. Оқиғаны, кейіпкерлерінің әрекет істерін
болбыр тіл мен немесе алыстан сермеп, ұзақтан тербеп қызыл сөзбен мылжыңдай созып
суреттеу де бүлдіршіндерді жалықтырып жібереді. Ең дұрысы - шығарма тілі түсінікті де
айшықты, кейде тапқырлықпен білімге білім қоса, сезім қылын шерте тартып, жетектеп
отырғанға не жетсін?! Балалар құрғақ ақылды, ділмарсуды ұнатпайды. Балауса оқырмандарға
әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы ой салу, сөйтіп, солардың өнегесі арқылы санаға
сыздықтатпай, тіпті білдірмей отырып, тәрбиелеу әрі әдеби, әрі педагогтік, психологиялық
шеберлікті қажет етеді. Міне, бұл шарттардың барлығы да жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың
Құдайдың өзі үйіп-төгіп бере салған табиғи дарынымен мен мұндалап тұр.
«Бала тілі - бал» дейді халқымыз. Әлдихан - сол балалардың балдай тәтті тілін де, қылығын
да көңілмен танып, жүрек көзімен көре білетін бақытты жазушы, кейіпкерлерінің жүрістұрысын, іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін өмірдің өзінен табиғатын білдірместен ойып алып,
көркемдей өрнектейтін шынайы суреткер. Мәселен, «Рахима» атты хикаятында екі жасқа толартолмас, тілі әлі жөндеп те шыға қоймаған сәби бейнесін соншалықты қызықты, жан тебірентер
жылумен жеткізіп, адамгершілік, туыстық сезімді оқырман жүрегіне көрінбейтін нәзік инемен
білдіртпей сала білгеніне еріксіз тәнті боласың. Кітап бетіндегі Рахимамен оқырмандар да
қимай қоштасады.
Әлдихан Қалдыбаев жазған жетпістен аса әңгіме, ертегінің бәріндегі екі жас пен он жас
арасындағы кейіпкерлердің, тіпті сайып келгенде өмірдегі адамдардың өздерін еріксіз еске
түсіретін ертегілік бозторғай мен жыланның, қарақұрттың, Қызғалдақ пен Бәйтеректің
образдары да кәнігі суреткердің өліге де жан бітірерліктей шебер қолының таңбасын танытады.
Кез келген шығармасы жас оқырман түгілі егделерді де өзіне қызу лебімен тартып, еліктіріп
әкетеді.
Әлбетте, Әлдихан шығармаларындағы балалар, ересектермен тұрмыс-тіршілік деген дүниеде
біте қайнаса өмір сүреді. Әке-шеше немесе ата мен бала, ағайын-туыс, көрші-қолаң, сыныптас,
мектептес, ауылдас жандардың тағдырлас тыныс-тіршілігі, қызығы мен тауқыметі жазушы
шығармаларының тың өзегі болып келеді. Осы орайда прозаиктің «Шаншар атай» хикаяты оның шығармашылық өміріндегі кезеңдік, әрі шекаралық шығарма. Бұлай дейтініміз - балалар
мен ересектер өмірінің ғибраттық, тәрбиелік мәндері барынша табиғи ұштасқан, жалғасқан,
сондықтан да сан ғасырлық тарихы бар қазақы философияның, халықтық педагогиканың шебер
қиюласқан әдеби көріністері дәл осы хикаятта өте нәзік беріледі. Бұлай дейтініміз - дәл осы
хикаят балалар әдебиетінің ғана емес, үлкен әдебиеттің де хақ төрінен алшая орын алады. Оның
үстіне жазушы дәл осы хикаят негізінде жазған комедия қойылымының тақырыбы барша
адамзатқа қымбатты ең асыл қасиеттер үшін күреске құрылғандығында, шығарма
кейіпкерлерінің барынша қызықты, шебер де шынайы сомдалуында. Міне, осы комедияны
жазу арқылы прозаик Әлдихан Қалдыбаев драматургия саласында да ылдиға салса, төске озар
талант екенін тағы танытты. Осы жеңіске қанаттанған драматург «Балалардың махаббатында
неміз бар?» комедиясын, «Сәлім-Сәлима» драмасын жазып, сахналатып, хас суреткерде мін
болмайтынын республикамыздың көрермендер қауымына және мойындатты. Бұл драмалық
шығармалардағы замандас кейіпкерлер характерлерінің қақтығысынан туындаған тағдырлар
ешкімді де бейжай қалдырмайды. Драматург қай шығармасында болса да жұрт кейде айта
бермейтін, тіпті айта алмайтын қоғам, адам дерттерін көрермендерін ойландырта, толғандыра,
кейде күлдіре, кейде еңірете жылата отырып, мінез-құлықтары сан түрлі кейіпкерлерін ісәрекеті үстінде өте шебер танытады.
Әлдихан Қалдыбаевтың қазақ әдебиетінде бейбіт әскери өмір тақырыбына жазған
шығармалары да өте сапалы әрі әлі күнге дейін теңдессіз. Кешегі Ұлы Отан соғысы
майдангерлерінің ерлік өмірі жөнінде қалам тартқан аға буын ақын-жазушылар дәстүрі қазір
саябырсып қалғаньі белгілі. Соғыстан көп кейін әскер қатарына шақырылған жігіттердің,
әсіресе, тәуелсіз Қазақстан сардарлары мен сарбаздарының Отан қорғауға даярлық тіршілігі
туралы көркем шығармалар жоқ десе де болады. Осы олқылықтың орнын толтыруға да
алдымен және сәтті қалам сілтеген Әлдихан Қалдыбаевтың «Сағындым сені, інім», «Солдат
болу оңай ма?» хикаяттары, «Ата» әңгімесі басқа қаламгерлер тарапынан жалғасын
таппағандықтан ба, әзірше бір қолдың саусақтарынан да аз санаулы, бірақ сүбелі, көркем де
шебер жазылған шығармалар. Сондықтан да Әлдихан Қалдыбаев сарбаздар өмірін көркем
суреттейтін қаламгерлердің де көшбасшысы болып отыр.
Жазушының тағы бір шығармашылық биігі - оның «Мен - апамның баласымын» атты
романы. «Жұлдыз» журналында қысқартыла жарияланған және жеке кітап болып шыққан бұл
роман оқырмандар да тарапынан жоғары бағалануда. Оны оқыған жаста, жасамыс оқырмандар
айызы қанып, жазушы шеберлігінің барған сайын шыңдала түскеніне ризалықтарын білдіруде.
Бұл романды автобиографиялық десе де болады. Оның басты кейіпкері Алданыш бейнесінен
автордың балалық шақтағы кезін жазбай тануға болады. Әйтсе де бұл шығарма емір
шындығының: сол қалпындағы натуралистік көшірмесі емес. Шын жазушының әр кейіпкері
типтік бейнеге көтерілуі тиіс болса, Әлдихан бұл романын бұрынғы хикаяттары мен
әңгімелеріндегі, драмаларындағы көркемдік биігін одан әрі асқақтата түспесе, еш
төмендетпепті. Сонысы сүйсіндіреді. Атақты француз жазушысы Гюстав Флобердің «Мадам
Бовари менің өзім ғой» дегені сияқты, Әлдихан Қалдыбаев та шынайы шебер суреткер
болғандықтан, кейіпкерлерін, олардың басынан өткен тағдырлы оқиғаларды өзінің, әкешешесінің, апасының (әжесінің), бауырларының, жора-жолдастарының, ауылдастарының,
әріптестерінің өмірінен алып, соларды эстетикалық тәсілдермен шебер бере біледі.
Әлбетте, қай жазушының болса да басты құралы - көркем тіл. Абай айтқандай, «Өткірдің
жүзі, кестенің бізі сала алмайтын өрнектерді» Әлдиханның сөздік қорамсағындағы әр түрлі
жебелері нысанасына лайықты суырылып, көздеген жеріне дәл жатады. Шебер жазушы өз
оқырманын ретіне қарай әдемі юмор-мен күлдіре де, қыл қобыздың шегіне лайықты
ысқышындай сызылтып, көңіл пернелерін дәл басатын сөздер арқылы жылата да, ең бастысы толғанта, ойланта да біледі. Жазушы, қандай оқырманын болмасын бейжай қалдырмайды.
Мен бұл алғысөзде осы қос томның болашақ оқырмандарына «Тісі шыққан балаға шайнап
берген ас болмайды» деген қазақы қағиданы ескере отырып, жарияланған шығармалардың
тақырыптарына, шебер сомдалған кейіпкерлер образдарына тоқталып, талдап жатуды артық
көрдім. Көзі қарақты оқырмандар, білікті мамандар, хас суреткердің ел мақтаған романын да,
хи-каяттарын да, әңгімелерін де, ертегі-мысалдарын да ешкімнің делдалдығынсыз өздері-ақ
оқып, қорытынды жасайтынына, риза болатынына сенімдімін.
XX ғасырдың 39-жылы қасиетті Шу бойында өмірге келіп, бұл күндері зейнет
демалысындағы жазушы-драматургтің бүкіл өмір жолын шығармаларынан-ақ әбден білуге
болады. «Ақынның сыры - жырында» демекші, әр оқырман осы бірегей жазушы-драматург
өмірінің өнегелі жолдарына дес қоятыны сөзсіз. Әлдихан Қалдыбаевтың кейбір шетел тілдеріне
аударылған шығармалары алдағы уақытта жанашыр қамқоршылардың, шебер
аудармашылардың көмегімен талғамы жоғары қабырғалы қалың оқырмандарының қолдарына
тисе, дүниежүзіне танылатындығына еш күмән жоқ.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.