Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 11

Total number of words is 3907
Total number of unique words is 2235
28.9 of words are in the 2000 most common words
40.9 of words are in the 5000 most common words
48.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жайлар - өмірдің езі. Соның бәрін мен көргенмін. Ел сенбес деп баланың жасын өсіріп
жазғанмын. Міне, біздің балалық шағымыз. Машқар аға осыны біліп айтып отыр жоғарыдағы
сөзді.
Жазушының ең басты объектісі – өзі. Жазушы өзі көрген, білген жайдан асырып ештеңені
жаза алмайды. Ең шыншыл дүние шындықтан туындайды. Бұл, өсіресе, балалар жазушысына
тән болса керек. Балалар жазушысы тек шындықты жазуы тиіс. Баланы алдау - қиянаттың
үлкені, тіптен, мен айтар едім, баланы алдай алмайсың.
Мен осыны мұрат тұтқан қаламгермін. Хикаят жазайын, әңгіме, ертегі, мысал жазайын,
бәрінде өмір шындығы бар. Ал мен сол өмір шындығын көркем шындыққа айналдыра алдым
ба, ол -үлкен әңгіме.
Отызыншы жылдардың сарқындысында туып, балалығы қырқыншы жылдары, елудің
басында өткен біздің балалығымызды бал-балалық деу қиын. Хемунгуэйше «бақытсыз» деуге
де келмейді, бірақ дәл қазіргі балалардікінен ауыр, анығьірақ айтқанда, мағьіналы болды. Біз
жоқшылықтыңда, тоқшылықтыңда дәмін әбден таттық. Осының өзі-ақ бізге емірдің ащытұщысының бағасын ерте білгізді. Ал, бұл жазушы үшін аса қажет.
Сонымен мен бұл сұрақтың жауабын былай түйіндейін: балалар жазушысы балалығы
мағыналы болған адамнан шығады.
- Мектепте қалай оқыдыңыз?
-Жақсы оқыдым. Алғыр болдым. Бірақ оқуға жағдай болған жоқ. Ол бір үлкен әңгіме. Менің
әкем Қалдыбай ұжьімшардың барлық жұмысын атқарған адам, ғажап темір ұстасы, диірменші
болды, мал бақты, алыс мал жайылымдарында отырды. Шешем Әміржан он бір құрсақ
көтерген, соның сегізі - үш ұл, бес қыз тіріміз, есіп-өніп отырмыз. Мен нағашы апам Айшаға
тән болып, сол кісінің бауырында өстім, бірақ бәріміз бір отбасы едік. Осы шиттей жан, шикі
өкпелерді асырау, өсіріп, жеткізу әке-шешеме керемет қиын болды. Әкем ауыл орталығынан
алыста, қияндағы ескі жұртта диірмен ұстады, мал бақты. Мен кісі есігінде жүріп оқыдым. Он
жылдың төрт жылында ғана өз үйімде жүріп оқыппын. Сонда да мектепті жақсы бітіріп, Қазақ
мемлекеттік университетінің филология факультетіне бірден түсіп кеттім. Сондағы ой - ақын
болу еді, балалар жазушысы болдым.
- «Ұланның» мыңдаған оқырманының арасында өзіңіздей жазушы болуды армандайтыны да
жоқ емес. Оларға не дер едіңіз? Жалпы, жазушы болу қиын ба?
- Бір үлкен жазушының айтқаны бар емес пе, «Жазушы болу үшін аздаған талант, көп-көп
еңбек керек», - деп. Менің де айтатыным осы. Жазушы болу - кімге қиын, кімге оңай. Бұл
тарапта көп әңгіме айтуға болар еді, біздің әңгімеміз оны көтермейді. Жазушы болу Мұхтар
Әуезовке қиын болды, халтурщикке оңай. Ұлы Әуезов халқының ұлы шежіресін жасады,
халтурщик жоқты-барды бірдеңе жазған болды. Әрқайсысы бір романға татырлық «Қыр
әңгімелерін», тас түйін драмалық шығармаларын, теңдегі жоқ «Абай жолын» жазған кезде алып
Әуезов қаншама қиналды екен, ойлаудың өзі қиын. Міне, жазушы боламын деген бала осыны
білсін. Халқына қандай да бір пайдасы тиетін, ғибраты бар шығарма жазсын. Әне, сол адам
жазушы, әйтпесе, тыныш жүрсін.
Неге дәл балалар жазушысы бояуды қаладыңыз?
- Әуелде ақын болғым келген. Әлбетте, батырлар жырларынан, қазақ ертегілерінен
сусындап өстік. Кейін балаларға арналған шығармаларды сүйсініп оқитын болдым. Джек
Лондон, Марк Твен, Мұхтар Әуезов, Бердібек Соқпақбаев шығармалары менің ерекше
қызықтаушылығымды тудырды. Олар «Ақ азу», «Том Сойердың басынан кешкендері», «Кек
серек», «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа». Мен осылардың алдын 4-5, соңын 2-3
реттен оқыдым. Осылардағыға үқсас қызық жәйттар өз басымнан да өткен еді. Ұлылардан
үйрендім, сөйтіп өзім де жазуды бастап кеттім.
Біз университетке түскен 1958 жылы «Балдырған» журналы жарық көрді. Онда қазақ
балалар әдебиетінің алыптары Мұзафар Әлімбаев, Бердібек Соқпақбаев, Қадыр Мырзалиев,
Әнуарбек Дүйсенбиев қызмет ететін. Үшінші курста оқып жүргенде дәптерге әдемілеп
жазылған төрт әңгімемді қолыма үстап «Балдырған» журналы редакциясының табалдырығын
жасқана аттаған сәт естен кетер ме?! Әңгімелерімді Бердібек Соқпақбаев оқып шықты да
қуанып кетті. Сөйтті де Бекең:
- Әй, бала, сен жазушы екенсің. Мыналарыңның бәрі - әңгіме. Қымыз, жоқ, қымыран.
Бұларды әлі сапыра түсу керек. Сен бұлардың әрқайсысын әлі екі-үш реттен қайта кешір. Сөйт
те әкел, «Балдырғанға» басамыз. Сен балалар жазушысы болатын бала екенсің, - деді.
Редакциядан екі бетім от боп жанып, тәлтіректеп шықтым. Алматының көшесіне сыймай
келемін. Айналадағы адамдардың бәрі әншейін біреу, мен - жазушымын.
Мен Бекеңнің айтқанын істедім, әңгімелерімді қайта-қайта көшірдім, құлпыра түсті.
«Балдырғанға» басылды. Содан бері «Балдырғанға» үзбей әңгіме жазып келемін. «Ұланды» да
ренжіткен емеспін. Мен бұл газетте 1965 жылы күзде аз уақыт қызмет те істегенмін. Ол кезде
газет редакторы Сейдахмет Бердіқұлов болатын. Әскер қатарынан оралған мені Сейд-ағаң
ауылда жатқан жерімнен жеделхат жіберіп жұмысқа шақырып алып еді. Аз уақыт істеп, отбасы
жағдайыма байланысты ауылға қайтып кеттім. Сейд-ағаң да, Бердібек аға да, қаламдас
достарым да бұған қатты өкінді. Өмірдің аты өмір, мен содан бері Жамбылда, Таразда тұрып,
қаламымды қолдан тастамай жазып келемін. Балаларға арналған 12 кітап, 1 пьеса жаздым.
Менің «Шаншар атай» атты комедиям бойынша Жамбыл облыстық драма театры қойған
спектакль балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдардың В.И.Лениннің 110 жыл
толуына арналған Бүкілодақтық байқауында бірінші орын алды. Егер сол байқауда Михаил
Шатровтың «Именем революции» спектаклі екінші, грузиндердің спектаклі үшінші орын
алғанын айтсам, менің қаншалықты абыройға бөленгенімді анық байқуға болар еді. Бірақ, амал
қайсы, алматылықтарда басқа авторды да, шығармаларды да көрмейтін, көре алмайтын театр
сыншылары, әдебиетшілер мұны өлең қылмаған болды. Қайта мені «жерден жік шықты, екі
құлағы тік шықты» еткісі келгендер де болды. Ал, мен одан кейін де екі комедия - «Қайран
Ынтықбай ағай-ай» мен «Сәлім-Сәлиманы» жазып, драма жанрында кездейсоқ қаламгер емес
екендігімді дәлелдедім. Бүкілодақтық байқауда мен құсап бірінші орын алған қазақ драматургы
жоқ.
Ал, «Шаншар атай» балаларға арналған шығарма ғой. Шаншар атай жөнінде мен әңгіме,
хикаят, комедия жаздым, енді киносценарий да дайын болды. Оған киногерлер қызығып отыр.
Құдай қаласа, менің шалым бір күні балаларға экран арқылы ақыл айтып тұруы да ғажап емес.
Балалар жазушысы болу - бақыт. Атам қазақ: «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне
бер» - деген. Балалар жазушысы - міне, осы принципті ұстанған адам.
- Аға, соңғы рет оқырман қауымды «Ата» атты кітабыңызбен қуантқан едіңіз. Ендігі
жоспарьщыз қандай?
- «Ата» - менің біраз жылғы еңбегімнің ең таңдаулыларынан түзілген кітап. Оқығандар
жақсы пікір айтады, олар мені керемет қуанышқа бөлейді. Тараз мемлекеттік университетінде
студенттеримен кездестім. Сонда оқу озаты Райхан Елубаева деген қыз: «Құдайым-ау, біз Бердібек
Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаевтан басқа балалар жазушысы жоқ екен деп жүрсек, нағыз
балалар жазушысы Әлдихан ағай екен ғой. Мен ертең мұғалім боламын, сонда балаларға тек
осы кісінің шығармаларын оқытатын боламын», - деді.
Айналайын ақылды қыз түсініп айтты. Көзіме жас келді. Жуырда ақын Жақсылық Сәтібековтің
жары, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, әдебиетші-ұстаз Әзиза Халықова:
- «Атаны» оқып шықтым. «Ата» -- «Ана тілі» оқулығы екен. Бастауыш сынып мұғалімі «Ана
тілінің» орнына осыны оқытса, жетіп жатыр. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» - деген,
Әлдихан - сұмдық жазушы екен. Бала тілін, психологиясын осыншама білетін жазушыны мен
білмеймін, - деді.
Айналайын әкпей, біліп айтып отыр. Мерейім есті.
«Ата» әлі талайды таңдандырады.
Менің қазір балаларға арналған романымды аяқтап отырған жайым бар. Романды үш рет
көшірдім. Бұл менің ұстазым Бердібектің өсиетіне - адалдығым. Әлі де бір рет кешірсем, екшей
түссем, толықтыра берсем, деймін. Әбден илеуін жеткізіп барып ұсынамын. оқырманға. Бұл
кітап - менің баяалығым, аяулы ауылым, үш бәйтерегім - әкем, апам, шешем, отбасымыз, өзім
туралы көлемді дүние. Оның бір тарауы «Ұланда» жарияланды да. Осы бір белесті кітабым
болады-ау, деп отырған жайым бар.
- Қазір дүкендерде балаларға арналған мұқабасы әсем безендірілген орысша кітаптар көздің
жауын (ал қазақша осындай кітаптар аз) алады. Осыны көргенде «балалар әдебиеті кенжелеп
бара жатқан жоқ па» деген ойга қаласаң.
- Бұл - бізде баспа ісінің қожырап кеткенінің көрінісі. Қазақ балалар әдебиеті кенжелеп
көрген емес. Құдайға шүкір, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Машқар Ғұмар, Сұлтан
Қалиев, Ескен Елубаев, Құрманбай Толыбев, Ермек Өтетілеуов, Пернебай Дүйсенбин, тағы
басқалар бапаларға жазудан танған жоқ. «Балауса» баспасы біздің бәрімізден қол үзіп отыр.
Баспалар бизнесті қуып кетті. Тіптен, «Балалар - әдебиетіңің антологаясын» басуды
токтатқанын қайтерсің?! Тегінде, «Балауса» балалар әдебиетін басса, көркейеді. Баспаның өзі,
үкіметіміз осы жағын мықтап ойластырғаны жөн болар еді. Балалар кітаптарын өгейсітуге
болмайды. Мұны билік басындағылар білуі тиіс. Осындай игі іске нарық заңы да қайшы келмес,
деп ойлаймын.
- Сіз облысымыздағы қара шаңырақ «Ақ жол» газетінң бас редакторысыз. Осынау жауапты
қызметіңіз әдеби шығарма жазуға кедергі келтірмей ме?
- Бұл - бір күрделі сұрақ. Қазақ кеңес жазушыларының барлығы дерлік қандай да бір жұмыс
істеп жүріп жазған. Әлбетте бірен-саран бірыңғай шығармашылықпен айналысқандары да
болған, бірақ олар - некен-саяқ. Мен де өмір бойы қызмет етіп келемін, Жамбыл облыстық
газетінің кіші әдеби қызметкерінен бас редакторлығына дейін өстім. Бұл - айтар ауызға оңай,
әйтпесе қиямет-қайым тірлік. Газет - қаламгерді сығып алатын машина. Бұл жұмысқа барыңды
сарқа жұмсамасаң, әшейін біреу болып жүресің. Менің жақсы жылдарым газетке кетті. Қазір де
бар қажыр-қайратымды жұмсап еңбек етемін. Бас редактор болу оңай емес. Мен басқарған газет
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сара саясатын, оның облыс тізгінін сеніп тапсырған адамы,
әкіміміз С.Ә.Үмбетовтің атқарып отырған жұмысын халыққа жеткізіп отырады.
Тәуелсіздігіміздің он жылы бедеріндегі барлық тірлігіміз газет тақырыбы болып отыр. Мұның
бәріне мемлекеттік тұрғыдан қарап, көрсетіп отыру, шығармашылық ұжымды осындай өркенді
іске жұмылдыру - менің міндетім. Әлбетте, бірыңғай шығармашылықпен айналысса болар еді,
оған жағдай қайда, атам қазақ айтатын «қара қазан, сары баланың қамымен» жүрген жай бар.
Бірақ шығармашылықтан қол үзіп көрген емеспін, ерте тұрып жазамын, жылына бір рет тиесілі
демалысымды босқа өткізген емеспін. Барға, шүкір, дейік.
- «Ұланның» жас оңырмандарына не дер едіңіз?
- Бүгінгі ұланға айтар сөз көп, ең әдемісі - ол ертең жақсы азамат болсын! Баланың кесегесін
көгертетін, көкжиегін кеңейтетін күш-әдебиет. Осыны білсін. Әбеди шығарманы көп оқысын.
Менің ұстазым Бердібек Соқпақбев: «Қазақ баласын оныншы сыныпты бітірген соң қолына
Абайды беріп, үш күн қамап қою керек жеке үйге. Абйды оқысын, жаттасын. Содан кейін жібер
өмірге, адаспайды», - деп еді. Осы сезде керемет мағына жатыр. Бір Абайды ғана емес, «Абай
жолын», тағы-тағыларды оқы. Қайта-қайта оқы. Айталық, мен өзім жаным жабырқап, тарықсам,
«Абай жолының» бірінші кітабын қолыма аламын. Біраз оқыған соң сауығып жүріп беремін.
Әдебиет - жанның емшісі.
Әдебиет - ұланның ұлы ұстазы.
Сұхбатты жүргізген Қуат ӘУЕСБАЙ.
«АҚ ЖОЛ» - БАҚ ЖОЛ
«Соңғы түйенің жүгі ауыр», - дейді атам қазақ. Өте дұрыс айтқан. Қазақ әуелгі түйелерге
әдемі дүние-мүлкін артқан, оны-мұнысы соңғы түйеге іркіліп қалған. Оны-мұны көбейіп кетіп,
соңғы түйенің үстіне белі қайысарлық жүк салынған.
«Ақ жолдың» көзі тірі бұрынғы редакторларының соңғысы ретінде мен де сол соңғы түйенің
күйін кешкелі отырмын. Екі ағам Баттал Жаңабайұлы мен Арғынбай Бекбосын сөздің әуелгісін,
әдемісін айтты, мен қалғанының басын қайырып көрейін.
Мен сиякты қара шаруаның баласына жұмыссыздық қамыты Кеңестік кезең тұсында да
кигізілген, оны мен өз басымнан өткізгенмін.
1963 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітіріп, одан
соң екі жыл Кеңес әскері қатарында азаматтық борышымды өтеп, туған жерге оралдым.
Жұмысқа тұрайын десем, не аудандық оқу бөлімі, не бір мектеп, аудандық газет маңайына
жолатсашы. Жамбыл педагогикалық училищесінің орыс бөлімін бітірген, екеуміз жаңа ғана
жұп құрып үлгерген Бануға қайда барсақ та орын табыла кетеді.
Содан ел арасында:
- Оқу бітірген Қалдыбайдың баласындай болса, оқу құрысын!
- деген сөз тарады.
Әкем де, мен де мұны намыс қылдық.
Туған жерді тастап, Жамбылға тартып кетуге тура келді.
Мен университеттің соңғы курсында оқып жүргенде «Көк дөңгелек» атты суретті-кітапшам
шығып, Жазушылар одағына «Қос тентек» атты әңгімелер жинағымды тапсырған, оным өзім
әскерде жүргенде жарық керген жас жазушы едім. Осыларымды бетке ұстап, облыстық «Еңбек
туы» газетінің редакторы Баттал Жаңабайұлының алдына бардым, жағдайымды айтып,
қызметке қабылдауын сұрадым.
Журналист ағаның жауабы қысқа болды:
- Жазушының бәрі журналист бола алмайды. Жұмыс жоқ. Мен тағы да талай есікті қақтым,
сөйтіп жүріп облыстық телевизия және радио хабарларын тарату комитетіне штаттан тыс тілші
болу мүмкіндігіне ие болдым. Жазушының журналист бола алатынын мен осы жерде көрсеттім.
Журналистиканың барлық жанрында жазған материал-дарым облыстық, республикалық
эфирлерден күн сайын дерлік беріліп, «Еңбек туы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан»
газеттерінде жариялана бастады. Көп ұзамай штатқа қабылдандым, енді тіптен үдей түстім,
көзге іліктім.
«Еңбек туының» бір лездемесінде мен жазған материалдар мақталыпты.
- Бұл кім өзі? Қаламының желі бар екен, көп жазады, - дейді редактор.
Менің кім екенім айтылады. Қашан да елгезек Бақытяр аға:
- Ол - былтыр сіздің алдыңызға келген жігіт. Сіз алмай қойғансыз, - дейді.
- Жазғыш жігіт екен. Біреуің сұрап біліңдерші, келер ме екен, қызметке алайын, - дейді
үлкен Бәкең.
Келеді, - дейді кіші Бәкең.
Онда шақыр, - дейді редактор.
Бүгін шақырамын, - дейді бөлім меңгерушісі.
Шақырды. Бардым. Редактор сөзді созып жатпады, қызметке қабылдайтынын айтты.
Мұнда қуанбағанда қайда қуанбақсың, жүрегім алып-ұшып келіп, кабинетіме кіргенім сол
еді, телефон шылдырады. Тұтқаны көтердім. Мені іздеп, телефон соғып отырған Шу аудандық
«Шу өңірі» газетінің редакторы Б.Байсақалов екен. Қысқа амандық сұраудан соң Б.Байсақалов:
«Былтыр сені қызметке алмағаныма өкініп жүрмін. Жазуың жақсы екен, ауылыңа келгің келсе,
кел, қызметке алайын», - деп Шуға шақырды.
Мен рахметімді айттым.
Сөйтіп, 1966 жылы тамыздың 5-інде «Еңбек туына» баспасөз атаулының сол кездегі ең
төменгі шығармашыл қызметі - кіші әдеби қызметкер болып қабылдандым. Содан 2004 жылғы
қазанның 4-інде «Ақ жолдың» бас редакторы қызметін атқарып жүріп зейнет демалысына
шықтым. Ұзақтығы отыз сегіз жылға созылған қызметім тікелей (бесжыл облыстық партия
комитетінде баспасөз жөніндегі нұсқаушы болғанымды есептемегенде) «Ақ жол» газетімен
байланысты. Мен оның қызмет сатысының бәрінен өттім. Бұл күнде өткен өміріме кейде бір
үңіліп қойып, он сегіз жыл «Еңбек туының», кейін «Ақ жолдың» редакторларының
орынбасары, бірінші орынбасары, он жыл бас редакторы болғанымды мақтан тұтамын.
Белгілі сатирик ақын, «Ақ жолдың» бел баласы Толымбек Әлімбеков басқа жаққа қызмет
ауыстырып бара жатқанда айтыпты деген мынадай бір сөз бар: «ішімде екі арманым кетіп барады, біреуі - Әбілдаевтан бұрын айлық, екіншісі - Байтуовтан көп қаламақы ала алмадым». Бұл
сөзде аңғарғана өмір шындығы жатыр. Бақытяр Әбілдаев, шын мәнінде, ғажап ылдым-жылдым,
қай шаруаны болса да демнің арасында опырып істеп тастайтын талант. Ал, Қыстаубай
Байтуов"- газеттің ең қысқа жанры - хабардан, бастап көлемі көлдей материалдарға дейін
жалықпай жаза беретін еңбек торысы.
Билік жұмысқа араласқанша мен де қаламақыны ең кеп таба-тын журналистердің бірі
болғанымды мақтана еске алсам болады. Сол жылдары марқұм Әкпарбек Доспамбетов екеуміз
қаламақы табудан кезек-кезек кеш бастаушы едік. Айтпаса да, түсінікті, көп жазған, көп
еңбектенген адамның қаламақысы да көп. Бастысы - сан емес, сапа, әлбетте. Шүкір, ол жағынан
ақсап керген емен. Сол ғой мені көтерген, әйтпесе, қолтығымнан демейтін жанашыр-сыз өстім
емес пе.
Құдай маған әріптестерімнен салды, кілең бір сайдың тасындай, білімді, жазғыш жігіттер
газет жұмысына жарыса құлшынатынбыз. Өң отыз жетінші жылғы Арғынбай Бекбосын,
Бақытяр Әбілдаев, Рахметілда Құдабаев, Жақан Сатаев, Кеңес Рахметуллаев, Базар Қилыбаев,
олардың екшесін басып келе жатқан Жанайдар Бұралқиев, Қасықбай Асаубаев, Қыстаубай
Байтуов және мен, біздің інілеріміз Әбдуәлі Әлиев, Елен Әлімжан, бәріміздің ағамыз Мейірхан
Қуаышбаев, бейнелеп айтқанда, «Ақ жолдың» «Алтын ғасырын» орнаттық-ау деп ойлаймын.
Бұл бір ұрпақ алмасу жылдары болған. Бұрын журналистиканы жағалағандар бірен-саран
болса, есімдерін мен атап отырған жігіттер бұл іске арнайы кәсіптік білім алып кіріскен
керуеннің басы болатын.
Қазір ойлап отырсам, «Ақ жолда» сол бір жылдары әрқайсысы бір өзі күніне газеттің бір
нөмірін шығарса, қабырғасы қайыспайтын, өңшең «сен тұр, мен айтайын» жігіттер еңбек еткен
екен. Ал, олардан кейінгі жігіттер менің тәрбиеммен әсті десем, әрі артық айтқандық, әрі дәл
айтқандық болады. Бұлай дейтінім, мен орынбасары болған екі редактордың тұсында да
редакция жанындағы жас журналистер мектебі мен әдебиет бірлестігінің жұмысына жетекшілік
еттім.
Іс тетігін қашан да кадр шешеді. Меніңше, кадрлармен жұмыс жүргізуде коммунистік партия
керемет мол тәжірибе жинақтаған. Кадрлармен жұмыс үш қағидаға негізделетін. Олар - кадрды
іріктеу, орналастыру, тәрбиелеу. Редакцияда бұлардың бәрінің тоқайласатын жері - редактор.
«Ақ жолдың» маған бастық болған редакторларының екеуі де - кадрлармен жұмыстың майын
ішкен, екеуі де облыстық партия комитетінде шыңдалу мектебінен еткен, мен де сейткенмін.
Ендеше, олардың жас журналистер мектебінің жұмысын жүргізуді маған тапсыруының сыры,
меніңше, осында. Ал, енді әдебиет бірлестігі туралы айтпасам да түсінікті, ол -менің меншігім.
«Мен - пәленшенің шәкіртімін», - деп ыздиған шығармашыл адамнан мандымды ештеңе
шықпайды. «Мен оған ұстаздық еттім, ол сондықтан мықты болды», деу - әбестік. Талантты
адамға Құдай береді. Дегенмен мен жетекшілік еткен жас журна-листер мектебі тыңдаушылары
мен әдебиет үйірмесі мүшелерінің қатарында кейін есімдері облысты былай қойғанда
республикаға да жақсы мәлім болған Мұса Рахменбердиевтің, Мұрат Сыздықов, Толымбек
Әлімбектің, Доқтырхан Тұрлыбектың, Асқаржан Сәрсектің, тағы басқалардың болғанын
ойлағанда әжептәуір әсерленемін, кемінде кәделеріне жараған бір ауыз ақылды сөз айтқан
болармын-ау, деп қоямын.
«Ақ жолда» жақсы бір үрдіс болған, ол - Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті
журналистика факультетінің өндірістік тәжірибеден өтуге келген студенттері арасынан
келешегінен үміт күттіретіндеріне шақырту қағазын беру. Студенттердің өндірістік
тәжірибеден өту кезіндегі жұмыстарына да мен басшылық жасайтынмын. Сондықтан да
жастардың қайсысы шақыртуға лайық екеніне түрткі болатын да мен едім. Мұрат, Толымбек,
Қуаныш менің осындай сүзгімнен өткен жігіттер еді, кейін үшеуі де сенімді ақтады, бесаспап
қаламгерлер болды.
Тәжірибе де, қабілет те жеткілікті жағдайға жеткенде 1994 жылы маусымның 29-ында
ұстадым мен газет тізгінін.
Қайта құру, сөз бостандығы, пікірлер алуандығы дейтін шіркіндер баспасөз атаулыны бір
қиырдан бір қиырға заулатқан. Тісің, қолың қышып бара жатса, сары запыран алқымыңа
тығылса, тұлыпқа айналған компартияға тиіс, жер-жебіріне жет.
Елімізде орныға бастаған демократиялық үдеріс құры желігуді қойып, басалқалы, байыпты
болуға бастағандай еді. Мұны дер кезінде түсінген бұқаралық ақпарат құралдары аяғын нық
басып қатарда қалды, ал түсінбегендері тәуелсіз, биресми деген сияқты атау жамылып, адасып
кетті.
Мен «Ақжолды» салиқалы газеттер санатында ұстадым. Бірақ ешкімді бетінен қаққаным
жоқ.
Менің редакторлық қызметімді жеңілдеткен бір жай - облыстық газет редакторларының
облыс әкімі аппаратының кеңесіне қатысуы болды. Дүйсенбі сайын ертеңгілік өтетін бұл
кеңесте облыста өткен аптада атқарылған істер бүкпесіз ортаға салынып, жаңа басталған аптада
жүзеге асырылатын шаруалар нақтыланатын. Басқаны қайдам, өз басым сол кеңестерден
газеттің алдағы апталық нөмірлерінің нобайын бағдарлап шығар едім Редакцияға келе салып,
кімнің немен айналысатынын ортаға салатынмын. Бұл әдісім - газеттің әкімиятпен үндестігіне
қол жеткізетін. Содан да болар «Ақ жолдың» ұстанған бағытына, оның бас редакторы менің
қызметіме көз алартқан облыс басшысы болған емес. Ал, мен, Құдайға шүкір, облыстың осы
уақытқа дейінгі бес әкімінің кезінде де бас редактор болдым ғой.
Мен редакторлық қызметімді бастағанда ең басты пробле-ма қаржы болды. Редакцияның
қаржы көзі екеу, бірі - таралым, екіншісі - дотация. Таралым құлдырап кеткен, одан түсетін
қаржымен қыр аса алмайсың, мемлекеттің қалтасының түбі тесік. Күнелтудің бір-ақ жолы
демеушілер іздеу еді.
Облыстың сол кездегі әкімі Өмірбек Байгелдиевке осы жайды білдіргенімде ол кісі ғажап сөз
айтты: «Демеушілер іздеу- мәдени қайыршы болу. Қаржы тауып беремін, газетті шығара бер».
Солай болды. Өмекең қаржыдан тарықтырған жоқ.
Сөз орайы келгенде сәл шегініс жасайын. Газетті газет ететін күш - сын және проблемалық
жарияланымдар. Біз мұны жақсы біліп, оларды аз жарияламайтынбыз. Бірақ біздің сынымызды
елең қылған адам азайып бара жатты. Әлімсақтан газет бұқаралылығымен және
ықпалдылығымен күшті. Газет сынын бюроға дейін шығаратын коммунистік партия жоқ,
қайтпек керек? Осы жайлы Өмекеңмен ақылдастым. Өмекең орнықты жауап берді:
«Коммунистік ұстындар келмеске кетті, қоғамдық қатынастар басқаша өріс алды, нарық
өмірімізге ендеп те, бой-лап та еніп келеді. Газет бұрынғыдай сыпыра сынай беретін өндіріс,
шаруашылық басшылары, партия ұйымының хатшыла-ры, кәсіподақ ұйымының төрағалары
жоқ. Жеке кәсіпкерге тиістің не, тиіспедің не, олар сыныңды құлағына іледі, ілмейді, өзі біледі.
Сендердің ендігі сындарың - ардың ісі. Сынаңдар. Сыналғандар бала-шағасынан,
әріптестерінен, көрші-қолаңынан ұялатын бола-ды. Біз оларға басқа ешқандай шара қолдана
алмаймыз».
Рас-ау! Газеттің енді шопанды 100 саулықтан 150-200 қозы алмадың, директорды күздікті
уақтылы сеппедің, хатшыны үгіт-насихат жұмысын ақсаттың, төрағаны социалистік жарысты
дұрыс ұйымдастыруға қол жеткізбедіңдеп сынай алмайтыны анық болды. Барлық баспасөздің
айналдыратыны руханият мәселелері, қайта оралған дініміз, діліміз, тіліміз болды. Бұл
бағыттағы жұмыстарды мен шашау шығармай жариялап отырдым.
Жұмыстағы ең қиын мәселе қаржы болып қала берді. Әкімдер жомарттық танытқанымен,
қаржыны тікелей қолына ұстап отырғандар түрлі бұлтаққа салар еді. «Алашаққа алтау - аз,
берешеккке бесеу - көптің» кері жүйкені жұқартатын. Сол жылдары мен облыстық
мәслихаттың депутаты болып сайландым. Мәслихаттың бюджет қаралған тұрақты
комиссиясының отырыстары мен сессияларында сараң мырзаларға мемлекеттің ақшасы ғана
емес, астындағы атын түсіп берерлік ащы сөздер айтатынмын.
Қаржы үшін небір шешуші қадамға бардық. Облыстық баспахананың, поштаның қызметін
арзандату жөнінде жанкешті жұмыс атқардық. Айталық, пошта қызметін арзандатып, артық
алып қойған 3 миллион 400 мың теңгесін қайтардық. Олар бізбен соттасып еді, жеңіп шықтық.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде газет дер кезінде шығып, қызметкерлер айлығын
уақытылы алып тұрды. Рас, елде жүрген жаппай штат қысқарту «Ақ жолды» да айналып өткен
жоқ. Реніш те, көз жасы да болды, қайтейін, амал жоқ барған қадам. Маған, әсіресе, қатты
батқаны шығармашыл әлеует әлсіреңкіреп қалып еді. Мен қыбырымызға дейін қалт жібермей
қадағалап отырған облыстық қаржы қызметкелерінің көзін ала беріп, қандай да бір себептермен
редащиядан шеттеп қалған Елен Әлімжанды, Рахметбек Өзбековті, Қуаныш Иембердиевті
қызметке шақырдым және де олардың қажеттілігін, іскерлігін ескеріп, бөлім меңгерушілері етіп
тағайындадым. Олар менің өздері үшін отқа түскенімді білді ме, білмеді ме, қайдам, маған
қажеті осылардай нағыз журналистер еді.
Мен редакцияның ұйымшыл, іскер ұжымын қалыптастырып, соны зейнет демалысына
шыққанға дейін шашау шығармай, ұстап тұрдым-ау, деп ойлаймын. Бұл - ең бастысы. Қалған
шаруаны көптеп-көмектеп атқарып отырдық.
Осы жерде мына бір жай ойға оралып отыр. Облыстың бір басшы қызметкері жақын адамын
жұмысқа қабылдауымды сұрады.
Қабылдайын. Бірақ ініңізге обал болады, - дедім.
- Неге? - деп шошып кетті әлгі кісі.
- Біздің журналистер - автомат. Солардың екпініне ілесе алмай ініңіз жүнжіп кетеді.
Басшы аға түсінді де қайтып мазалаған жоқ. Шыны солай еді, «Ақ жолдың» журналистерінің
екпініне шыдау екінің бірінің қолынан келе бермейтін.
Редакцияда екі қария: Бақытяр Әбілдаев пен Рахметілде Құдабаев еңбек ететін. Сол екеуінің
қатарда жүргенін кере алмай, қыржыңдап-тыржыңдайтындар кездесетін. Сондай рай байқатқан
облыстық әкімияттың бір жауапты қызметкеріне былай дегенім бар:
- Сол екі қарияның әрқайсысын мен жүз жас жігітке айырбастамаймын. Маған қызметкердің
жасы емес, жұмыстың сапасы керек. Әрі-беріден соң олардың адамның ең басты
конституциялық
құқығы - еңбек ету құқығын кім тартып алыпты? Бұл шын сөзім еді.
Секретариат - редакцияның штабы. Жауапты хатшы - штаб бастығы. Ол жұмыстың қыры
мен сырын білетін адам - некен-саяқ. Рекең-сондай бірегей қызметкер. Әрі анда-санда
мөлдіретіп очерк жазып тұрады.
Бақытяр Әбілдаевты біздің бұрынғы редакторымыз Баттал Жаңабаев: «К-700» деп атайтын
едім», -дейді. Бұл үлкен Бәкеңнің кіші Бәкеңнің қажыр-қайраты мен қабілет-қарымына разы
болып айтқаны, әрине. Мен мұның үстіне Бәкеңді білгір ғалым, қарымды қаламгер, ұшқыр
журналист, елгезек азамат дер едім.
Жүйрік аттың ерен шабыс шығаратын, қаламгердің ерекше ша-быт шақыратын кезі болады.
Журналистиканың қара жұмысына шаршаңқырап жүрген Бәкеңе мен шығармашылықпен
армансыз айналысуына жағдай жасадым. «Сарыағаш», «Меркі» Т.Рысқұлов атындағы
шипажайларда айлап жатып жазды, Алматы, Ташкент мұражайларында он күндеп отырды. Сол
уақыттарда редакцияның барша шығармашылық жұмысына басшылықты жалғыз өзім
атқаратын едім.
Бәкең тарихи тақырыптарды толығырақ игеру жөнінде тапсырма берген облыс
басшыларының да, басқамыздың да үмітімізді ақтады. Облыс орталығына өзінің ежелгі Тараз
есімінің қайтарылып, оның екі мың жылдық мерейтойының аталып өтуінің бастауында Бақытяр
Әбілдаевтың тұрғанын, оның өзінің және ұсынысын қолдаған материалдар ағынының «Ақ
жолда» жедел жарияланғанын менің де осы ұлы іске қосқан азды-көпті үлесім-ау, деп
ойлаймын.
Кешегі тоталитарлық жүйе кезінде қағажу көрген немесе ерліктері жете айтылмаған
Қойгелді, Өтеген, Саңырақ, Жауғаш, Қосы, Рысбек, Байзақ, Сыпатай, Биназар батырлар,
Ноғайбай би, т.б. туралы тың деректер жариялап, оларға ескерткіш, кесе-нелер тұрғызуға
мұрындық болғанымыз игілікті іс еді. Төле би, Өтеген, Наурызбай батырлар туралы бұрын
тиіп-қашып айтылатын жырлардың негізінде тарихи деректер бар екенін де «Ақжол»
республикада алдымен жариялады. Сондай-ақ, Қазақстанңың ең ежелгі қаласы Тараздың,
Аңырақай шайқасының, Атлах шайқасының терең тарихын, ұлы ғұлама бабамыз Дулат
Мұхаммед Хайдардың шығармашылығы мен өмір жолын танытуда біздің газет көшбасшы
болды.
Осы материалдардың бәрін дерлік Б.Әбілдаев жазды, Кім не десе, о, десін, Бәкең газетке
керек болатын. Өзім зейнет демалысына кеткенше ол шабысынан жаңылған жоқ.
Мен тарихи танымдық шығармалар жазуда Бақытяр Әбілдаев бір өзі бір ғылыми-зерттеу
институтына пара-пар жұмыс атқарды деп емін-еркін айта аламын.
Бұл, әлбетте, басқа тарихшылар ештеңе бітірмеді деген сөз емес. Біз К.Рыспаеватың,
Ә.Жургеновтің, С.Байтіленовтың, т.б. жазғандарын тоқтатпай жариялап тұрдық.
Мен «Ақ жолдың» тізгінін ұстап тұрған жылдары Таразға бірнеше, атапайтқанда Ислам
Жеменей, Әлімғазы Дәулетхан, Дархан Қыдырәлі тәрізді талантты шәкірттерін ертіп, аты бүкіл
түрік әлеміне әйгілі профессор Мекемтас Мырзахметұлының келуі елеулі оқиға болды. Біз
атакты ғалыммен және оның шәкірттерімен тығыз шығармашылық байланыс орнаттық, тіптен,
бұл іспен бір қызметкеріміз - Елен Әлімжан тікелей айналысып отырды десе болады.
Мекеңнің де, Исламның да мақалалары мен сөздері тым өткір болатын. Мекең - бүгінгі
тірлікке сын көзбен қарайтын адам. Ғұлама ғалым ғылым-білім, дауы бітпейтін, алға
жылжымайтын қазақ тілінің проблемалары жөнінде кесімді материалдар ұсынды. Мен бір де
біреуінің мұртын бұзбай, жарыққа шығардым.
Мекең «Ақ жолдың» оқырмандарына тарихты әдебиет арқылы тану женінде ой салды. Алып
Ер Тоңа, шығыс әдебиетінің жауһарлары туралы терең зерттеулері, нақты да дәл ғылыми
тұжырымдары тұшындырып қана қоймай, таңдандыратын да.
Мекеңмен, Исламмен пікірлесе жүріп, Елен Әлімжаи қазақ халқының өткені, ертеңі туралы
аса терең ойлы мақалалар жазды.
Сол жылдары «Ақ жол» қазақстандық патриотизмді, ұлттық идеологияны қалыптстыру
жөніиде өлшеусіз жұмыс атқарды десем, еш артық айтқандық емес.
Қашаннан газет таралымы - халық тұрмысының айнасы. Шындық көз алдымызда, халықтың
әл-ауқаты артса, таралым да өседі. Осыны жақсы білген мен езім де, қызметкерлерім де
таралым сұрап ешкімге алақан жайған емеспіз.
А.Қ.Тшанов селекторлық кеңеске әуес еді, көбіне өзі өткізетін. Бір кеңесте «Егемен
Қазақстанға» осыншама, «Казахстанская правдаға» мұншама деп тапсырма беріп жатты аудан
әкімдеріне. Естуімше әлгі газеттердің қызметкерлері келіп сұрапты осыншама таралымды. Бізге
қарап:
Сіздер не айтасыздар? - деді әкім.
- Әбеке, білсеңіз керек, мынадай бір әңгіме бар. Бір байқұстың пісіріп отырған сүті
өзіне бұйырмапты. «Көбелек келіп, көлк етіп, көбігін ішіп, ол кетті. Қарға келіп, қарқ етіп,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 12
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.