Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 18

Total number of words is 3868
Total number of unique words is 2160
29.2 of words are in the 2000 most common words
40.8 of words are in the 5000 most common words
48.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Болатын балаға-жанашыр,
Шарты да, батыл-ақ.
Ақылмен, шертеді аға сыр.
Балауса жырларын талқылап.
Әттең-ай, талант ед,
Пәленше қайда жүр - «ақымақ»,
Деп бәрін сыртынан
Жүргені, үнемі бақылап.
Әлдекең осындай,
Отырар жауапты, сауапты,
Баржүкті,
Мойнына артып-ап,
- деп жырлаппын. Айтпақшы түйіні қалай еді. Иә, былай еді-ау...
... Әлдеке!
Біз дағы өсерміз,
Өтер күз, қайтар құс.
Кәрібоз атанар
Біздегі бүгінгі,
Өрекпе, Өр талант-Сайтан қыз.
Сол кезде байқармыз.
Біреуміз басты көп шайқармыз,
Біреуміз ақ жолдан тайқармыз.
Дегенмен,
Өткенге бас ұрып,
Жақсыны асырып,
Сабылып, жабылып
Бұл күнді сағынып,
Жыр қылып айтармыз...
- Қанат, тоқта, көпір тұсынан бұрылып бір ыңғайлы жеріне тұра қалшы. Жарықтық Шудың
суына жуына кетейік, - деген Әлдекеңнің сөзі ойымды бөліп жіберді. Ерке - Шу, асау - Шу
кемерлене толқиды. Әлдекең бізден әудем жерде асыға жөңкіген ағыстан көз алмай тұр. Кенет:
- Болат, біздің Шу сенің Таласыңнан қалай екен? - деп тосын сұрақ тастады. Мен өзеннің
көлденеңіне, ұзындығына ары-бері біраз қарап тұрдым да:
- Бірдей, - дедім нық сеніммен.
Әлдекең рахаттана күлді.
- Әй, сәл кіші шығар, - деді тағы да, не дер екен дегендей маған күлімдеп, сынай қарап
тұрып.
Мен келіспедім.
Жоқ, Әлдеке бірдей, - деп қасырыса түстім.
Әлдекең одан ары еш уәж айтқан жоқ. Өзінің аса қымбат, аса сүйікті Шуын жағалап сәл
жүрді де сәл ғана көтеріңкі жарқабақтың үстіне шығып өзенге қайта көз салды. Мен, енді
астынан қызыл қошқыл толқындар буырқанып жатқан көпірге көз салдым. Шынында да біздің
Таластың көпіріне қарағанда қомақтылау көрінді.
Әлдеке, - дедім кенет. Әлдекең ойланып тұрған күйі басын әнтек маған бұрды.
- Үлкен. Сіздің Шу біздің Таластан үлкендеу екен, - дедім мәмілеге келген үнмен.
- Ә-ә, бәсе, солай де! - деп Әлдекең риясыз күліп қойды.
Иә, Әлдеке Егіз өзен - сіздің Шу мен біздің Талас заңғар шыңдарын мәңгілік мұзарт мекен
еткен сонау алып таулардан бастау алып, сайын далаға жан беріп жүйтки ағады. Кезенесі кепкен боз даланы нәрлендіреді.
Демек, Әлдеке!
Сіздің өзеннің де, біздің өзеннің де мақсат-мүддесі ұқсас. Әйтеуір, игі мұрат.
Ағысымыз талмасын, Әлдеке!..
Тараз-Қордай-Тараз.
ҰЛТ МӘЙЕГІН БОЙЫНА ЖИҒАН ҮЗДІК ШЫҒАРМА
Жазушы Ә.Қалдыбаевтың
«Мен - апамның баласымын»
атты романының тұсаукесеріне
қатысушылар оған бірауыздан осындай баға берді
Қуаныш ИЕМБЕРДИЕВ, журналист.
Өтпелі кезең әлеуметтік-экономикалық салаларға ғана емес, көркем әдебиетке де өз
салқынын тигізді. Соңғы он жылдың көлемінде қоғамдық салмағы бар тұшымды дүниелердің
сиреп кеткені жасырын емес. Ілуде бір жарқ етіп, өмірге келген осындай туындылардың
қоғамымызда үлкен резонанс туғызып жатқаны да сондықтан болса керек.
Бұрыннан кенжелеңкіреп келе жатқан қазақ балалар әдебиетінде сондай резонанс туғызып
отырған жаңа шығармалардың бірі - белгілі балалар жазушысы, Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қызметкері, Жамбыл облысыньің Құрметті азаматы, облыстық «Ақ жол»
газетінің бас редакторьі Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен - апамның баласымын» атты романы.
Астананың «Фолиант» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен 2000 дана таралыммен жарық
көрген бұл кітап оқырмандар тарапынан аса жылы қабылданып отыр.
Жақында Тараз қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханасында осы ұйым
мамандарының ұйымдастыруымен аталмыш кітаптың тұсаукесері болып өтті. Оған
қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандарымен қатар мектеп
мұғалімдері, оқушылар, жазушылар, журналистер, тіл мамандары қатысты. Сондай-ақ,
аталмыш кітапханада Әлдихан Қалдыбаевтың шығармаларынан «Шынайы да шырайлы
шығармалар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тұсаукесер рәсімі алдында облыстық мәслихаттың депутаты Әлмұқан Исақ ұзақ жылдарғы
жемісті еңбегі және 50 жасқа толуына байланысты облыстық мәслихаттың Құрмет
грамотасымен марапатталған осы қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапхананың
әдістемеші-консультанты Сәбила Хамитқызы Жадановаға Құрмет грамотасын тапсырды.
Бұдан кейін жиналғандар Ә. Қалдыбаевтың жаңа кітабы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
БҰЛ КІТАПТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚУ КЕРЕК
Бақытяр ӘБІЛДАҰЛЫ, жазушы.
- Мен Әлдихан Қалдыбаевпен бірге жұмыс істеп жүргеннен кейін әрі орынбасары
болғандықтан жазушының жақсы жақтарын айтсам, кейбіреулер жағымпаздық деп
қабылдамасын. Кезінде қылышынан қан тамған кеңес өкіметінің кезінде коммунистік
идеология мен әдебиетінің негізгі догмаларына ашық қарсы шыққанмын. Құдайдың шындығын
айтуда ешкімнен қорықпаймын. Әлдихан Қалдыбаевты қазір қазақ балалар әдебиетіндегі ірі
тұлға деп жүр. Мен айтар едім: ірілердің ішіндегі ірісі, бұл салада оған теңкелетін қазір ешкім
жоқ. Егер осы пікірімді жактырмағандар болса, іші күйсе, тұз жаласын.
Әлдихан Қалдыбаевтың бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған жаңа туындысы - «Мен
апамның баласымын» романын әлі оқымағандар болса, міндетті түрде оқуға кеңес берер едім.
Оқысаңыздар, көресіздер, Әлдихан кейбіреулер сияқты лепірме қызыл сөзге құмар емес,
сөздері сондай шұрайлы, көркем.
Мен осы кітап туралы жазған рецензиямда бір ғана үзінді келтірдім. Әлдихан Ұлы Отан
соғысы кезінде өзінің әке-шешесі тірі болса да, сол соғыстың рухани зардабын көріп өсті. Оған
туған әкесін - жезде, туған анасын әкпе дегізіп өсірген сол соғыстың кесірі. Нағашы атасы ерте
қайтыс болып, нағашы ағасы соғыс зардабынан қаза тапқан соң марқұм Ыдырыс атасының
мұрагері ретінде тәрбиеленіп, ұрпақ жалғастығы үшін «Ыдырысов» аталып, 6-7 сыныптарға
дейін «Ыдырысов» болып келді. Кітапқа Қалдыбай әкесінің атын «Қалқабай» деп көрсетеді,
басқа кейіпкерлер өз есімдерімен берілген.
Балалық шақты бейнелейтін М.Горькийдің «Менің университеттерім», С.Мұқановтың
«Менің мектептерім» атты романдарын бәріміз де оқып өстік. М.Горкий - орыс әдебиетінің,
С.Мұқанов - қазақ әдебиетінің классиктері деп есептеледі. Олардың жазу стилі бөлек те,
Әлдихандікі бөлек. Олар да, Әлдихан да балалық шағын жазады. Бірақ Әлдихандікі әлдеқайда
көркем. Мен де тарихи тақырыпқа жазамын, Әлдихан да бұл романын тарихи тақырыпқа
жазды. Әлдиханның артықшылығы - деректер келтірмейді, бәрін көркем жазады.
Бұл жаңа роман туралы өзімнің пікірімді жақында жарияланған рецензиямда жан-жақты
айтқандығымнан ол туралы кең тоқталып жатпаймын. Айтарым, романды оқыңыздар, оның
қадір-қасиетіне сонда анық көз жеткізесіздер.
КЕМШІЛІПМІЗ ЕМЕС, ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІПМІЗ
Әлмұқан ИСАҚ,
облыстық телерадионың төрағасы.
- Бәкеңнің айтқаны дұрыс. Кітап туралы пікір айту үшін алдымен оны оқу керек. Абай
атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханада осындай шараның өтіп жатқаны бір
ғанибет. Қазір біздің өмірімізде, қоғамымызда көптеген өзгерістер бар. Сол өзгерістердің бірі,
әрі жағымсызы - кітапқа, кітап оқуға деген құмарлықтың бәсеңсуі. Қазіргі жастар да, жастары
біразға келіп қалған азаматтар да көркем әдебиетті көп оқымайды.
Шын мәнінде көркем әдебиетті оқу белгілі бір топтың – зиялы қауымның бос уақытын өткізу
үшін ғана ермек ететін дүниесі емес. Ол өмірді тану үшін, қоғамның тыныс-тіршілігін жақсы
білуі үшін, адамның, түптеп келгенде, өзін өзі тануы үшін аса қажет нәрсе. Біз қазір өркениетті
жолға түстік, өркениетті ел боламыз деп жазып жатырмыз, айтып жатырмыз, көрсетіп
жатырмыз. Дегенмен, өркениеттілік дегеннің не екенін әлі ешкім тап басып айқындап берген
жоқ. Өйткені өркениет туралы түсініктің өзі өте ауқымды дүние. Соның қайсысына көбірек
көңіл бөлсек, сол болады. Әрі- берден кейін сол тұста өмір сүрген адамдардың кескінкелбетімен бейнеленсе керек. Осы тұрғыдан алғанда қазақ ұлты, жасыратыны жоқ, өзіміздің
ұлттық негізімізден ажырап бара жатқандаймыз. Ал, енді Әлдекеңнің осы кітабын оқығанда
алған әсерім әртүрлі. Біріншіден, кітап - панорама сияқты дүние. Онда өмірдің көп са-ласы
қамтылған. Бір қарағанда онда сонау 50-ші жылдардағы бір қазақ ауылының бейнесі, сонда
тұратын адамдардың психология-сы, тұрмыс-тіршілігі, қарым-қатынасы бейнеленген сияқты
болып көрінеді. Шын мәнінде, зер салып қарасаңыз, сол адамдардың әдет-әдебінен, сөйлеген
сөздерінен сол заманның күрделі пано-рамасын көруге болады.
Мәселен, мен соның ішінен мынандай біраз мәселелерді бөліп көрсетер едім. Елуінші
жылдардың басы. Сталинизм әлі дәуірлеп тұрған кез ғой. Кітаптан адамдардың жүйкесін,
адамдардың мінез-құлқын, өмір тіршілігін - бәрін-бәрін албастыдай басып, езіп тұрған
сталинизмнің табы сезіліп тұрады. Адамдардың бір-біріне сенбестікпен қарауы, қорқақтығы,
бірін-бірі сатып жіберуі, көреалмаушылық сол арқылы бірбіріне жапа шектіруі дәл берілген.
Біреуге артық жылқы бітсе, тиісті жерге айта қойып, тартып алғызып жататын. Әлдекеңмен
қатарлас болғадықтан ол кезде біз де бала едік. Бәріне де өзіміз куә болғанбыз. Кітапты оқып
отырғанда соның бәрі елестегендей болды. Яғни, автор сол кездегі өмір шындығын дәл де
шынайы бере білген. Сол үшін де оқырман ретінде Әлдекеңе қатты риза болдым.
Екінші, кітапта біздің ұлттық менталитетіміздің өзіндік ерекшеліктері өте жақсы
суреттелген. Оны кітаптың атының өзінен-ақ көруге болады. «Мен - апамның баласымын»
деген өзге ұлттарда кездесе қоймайтын ерекшелік, этнографиялық ерекшелік деп айтуға
болады.
Тереңдетіп айтатын болсам, жиенін асырап алу, болмаса немересін бала етіп алу, ағайынның
баласын бауырына басу өзінен ұрпақ болмағандықтан, немесе соғыстың зардабынан ғана емес,
ол ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан біздің ұлттық ерекшелігіміз. Мен өзім де
бірнеше немеренің атасымын. Үлкен немерем, жасы 18-19-ға келіп қалды, өзінің әкесін осы
күнге дейін әке деп мойындамайды. Бұл басқа ұлттарда бола бермейтін нәрсе.
Иә, жазылмаған ата салтымызда ұлдан тараған немеренің үлкені қашанда атасы мен
апасының баласы, атасы мен апасының қызы болып өскен. Өзім де әкемнің жалғыз ұлы болсам
да, әжемнің баласы болып өсіп, шешімді 17 жасқа келгенше «шеше» деп айтпай, «жеңеше»
дейтінмін. Он жеті жасқа толып, оныншы сыныпты бітіргенімде әжем маған өзі: «Мынау сенің
шешең, енді «шеше» деп ата, сен оның жалғыз ұлысың» - деді. Сонда шешем бірінші рет ана
ретінде құшақап, бетімнен сүйді. Бұл да біздің ұлттық бір ерекшелігіміз. Оны кемшілік,
жөнсіздік деуге болмайды. Өйткені ол - ұлтты сақтау, ұрпақты көбейту, балаға деген
қамқорлық. Біз - көшпелі өркениетті бастан кешкен елміз. Біздің қоғамда түрме, жетімдер үйі
деген болған емес. Әке-шешесінен айрылған баланы туыстары, тіпті алыс жамағайындары
асырап алып, жетім қалдырмуға тырысатын. Мұның бәрі де қатал заманда ұлт жалғастығын
сақтап қалу үшін жасалған амал-әрекеттер еді. Осынау ұлттық ерекшелік Әлдекеңнің кітабында
өте тамаша көрініс тапқан. Оннан жаңа асқан жас баланың өмірге деген көзқарасының
қалыптасуы, қоғамға деген көзқарасының қалыптасуы көп жағдайда әженің көзқарасы, әжесінің
тәрбиесі арқылы жүреді. Әрине, әжесі Макаренко да, Крупская да емес, қазақтың қарапайым
кемпірі. Бірақ, оның жас баланың әділ, шыншыл, адал, бауырмал болып өсуіне қаншама еңбек
сіңіргені көрініп тұрады.
Менің өз басымда бір қорқыныш бар. Осындай тәрбиені көрмеген, осындай кітаптарды
оқымаған кейбір жастарымыздың бойында космополиттік көзқарас қалыптасып келе жатыр.
Ұлтын білмеу, ұлттық қасиетті бойына сіңіре алмау осыған әкеліп соғуда. Ал, ұлттық қасиетті
бойға сіңірудің екі жолы бар: бірі - отбасындағы осындай тәрбиені көру; екіншісі - осындай
тәлімі мол кітаптарды оқу.
Мен ұлтымызды бөліп алып, «біз - керемет ұлтпыз» дегелі отырған жоқпын. Бірақ, біздің
ерекше ұлттық қасиеттеріміз бар. Ең біріші, ол - үлкендерді сыйлау. Екінші, бауырмал болу.
Қазір оны өздерінің жеке мүддесі үшін рулық, тайпалық бірлестікке дейін жіктеп әкетіп жатқан
алаяқтар бар. Шындығында бауырмашылдықтың мәні басқада. Жақсылық жасайтын болсаң, ең
алдымен туыстарыңа, одан кейін жақындарыңа жаса деген қағида, тіпті, шариғатта да бар.
Міне, осындай ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өспегендерден өз басым толыққанды
адам шығады деп ойлаймын. Осы тұрғыдан алғанда Әлдекеңнің жаңа романының танымдық
қасиеті өте мол. Дүние танудың, қоғам танудың, табиғат танудың түрлі жолы бар. Бірі көркемдік жолмен тану, яғни осындай тағлымды кітаптарды оқу арқылы көзқарасын
қалыптастыру. Екіншісі - ғылыми жолмен, сарапшылық жасау, ой қорыту арқылы тану.
Бұлардың анауы жақсы, мынауы нашар деп бөліп-жаруға болмайды. Олардың екеуінің де адам
өміріндегі мән-маңызы бірдей. Сондыктан да кітапхана қызметкерлері Әлдекеңнің бұл кітабын
мектеп жасындағы жастарымызға кеңінен насихаттаулары керек. Осындай кітаптарды көбірек
оқытсақ, жастарымыздың ұлтжанды болып өсуіне игі әсер ететін боламыз. Тағы бір айтайын
дегенім, Әлдекең күшеншек жазушы емес. Жасынан өз тақырыбын тапқан бақытты жазушы.
Тілі өте қарапайым. Баланың дүниеге көзқарасы өз тілімен, өз ой өрісімен беріледі. Өсіп келе
жатқан баланың бейнесі оның үлкендермен, қатар құрбыларымен диалогы, қарым-қатынасы
және өзінің ішкі монологы толғаныстары арқылы сомдалады.
Мен де ептеп жазатыным бар. Ең алғашқы «Көршілер» деген әңгімемді балалар тақырыбына
арнағанмын. Кейін өзім оны қайта-қайта оқып, «жоқ, балалар туралы жазу менің қолымнан
келмейді екен» деген тұжырымға келіп, басқа тақырыпқа ойыстым. Осынау қиын тақырыпқа
талмай қалам тартып келе жатқан Әлдекеңнің ойында әлі де неше түрлі тамаша тақырыптар бар
деп ойлаймын. Соларды жазуға Құдай Сізге қуат берсін. Шығармашылық табыстар тілеймін!
СЫЙЛЫҚҚА ЛАЙЫҚ
Кәрім БАЯЛИЕВ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
- Мен Әлдиханның өзін танымай тұрып, оның «Көк дөңгелек» атты тұңғыш кітабын
оқығанмын. Балаларға арналған өзге де кітаптарды оқып жүрміз ғой. Бірақ, әлгі кітап бірден
баурап алды. Кітапты оқып отырғанда өзімнің ұмытыла бастаған балалық шағым көз алдыма
елестеді. Тілі де шұрайлы екен. Бір тәнті еткені, автор қарапайым тілмен-ақ сырлы, әсерлі
нәрселерді бейнелеп бере алдған. Кітапты оқып шыққан соң «Мұны Алматының бір мықты
жазушысы жазған шығар» деген ой келген. Сөйтсем, авторы Әлдихан Қалдыбаев осы өзіміздің
жамбылдық азамат екен. Күндердің күнінде «әскерден оралдым» деп бізге қызметке келді. Ол
кезде мен облыстық радиода жұмыс істейтінмін. Міне, содан бері, қырық жылдан астам уақыт
Әлдиханмен қызметтес болып, қаламгер ретінде, азамат ретінде, ағайын ретінде араласып
келеміз.
Жуырда Әлдиханның «Мен - апамның баласымын» атты жаңа кітабы қолымызға тиді. Бұл ерекше дүние. Оның әдеби әсерлілігі өз алдына, қазақ балалары үшін тәрбиелілігі өте зор. Кітап
екі мың дана таралыммен жарық көрген екен. Осындай елеулі дүниеге сусап отырған қалың
оқырман қауымға бұл жетпейтіні анық. Сондықтан кітаптың қосымша даналарын шығарып,
республика көлеміндегі барлық кітапханалар мен оқу орындарына тарату керек. Жай ғана
таратып қоймай, бастауыш сыныптарда қосымша сабақ ретінде оқытса, өскелең ұрпақты
ұлттық тәрбиеге баулу ісіне қосылған үлкен үлес болары даусыз.
Кезінде М.Горький: «Балалар жазушысы болу оңай ма?» деп сұрағанда жазушы: «Балалар
үшін сәл жақсырақ жазу керек» деп жауап берген екен. Әлдиханның жаңа романы осы талапқа
толықтай жауап береді.
Осы орайда ойымда жүрген бір пікірді айта кетсем деймін. Қазір елімізде әдебиет
саласындағы түрлі сыйлықтар бар. Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен - апамның баласымын» атты
жаңа кітабын қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік жаңа туынды ретінде сондай беделді
сыйлықтардың біріне ұсыну керек. «Алаш» сыйлығына ұсыну биыл кеш көрінеді. Олай болса,
Мемлекеттік сыйлыққа ұсынайық. Меніңше бұл кітап қандай сыйлыққа ұсынсақ та ешкімді
жерге қаратпайды. Даналар тек Астана мен Алматыда турады деу, дұрыс емес. Олар бізде де
бар. Оны Әлдихан өзінің жаңа кітабымен тағы бір дәлелдеп отыр. Ендеше соларды көтере
білейік.
РОМАН МЕНІ КЕРЕМЕТ СЕЗІМГЕ БӨЛЕДІ
Рахметілда ҚҰДАБАЙ
облыстық «Ақ жол» газетінің жауапты хатшысы.
- Мен бүгінгі әңгімеге арқау болып отырған роман оқиғалары өрбитін Кербұлақ өңірін сан
рет аралаған адаммын. Әрине, бүгінгі Кербұлақ романдағы елуінші жылдардағы Кербұлақтан
өзгеше. Қазір онда ел жоқ. Дегенмен, ол Кербұлақ Әлдекеңнің кітабы арқылы қайта жаңғырып
отыр.
Романды оқып шыққанда керемет сезімге бөлендім. Бас-аяғы тап-тұйнақтай, өзі қысқа, өзі
нұсқа жазылған. Көтерген жүгі мол. Әсіресе, автордың табиғатты суреттеуі, тұлпарды
сипаттауы керемет. Шығармада романға қойылатын талаптардың бәрі қамтылған. Баланың
мінезі, ересектердің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы қарапайымтілмен-ақасқан шеберлікпен
беріледі. Оған мысал ретінде екі баланың кекіліктің жұмыртқасын әкелуге баратын эпизодты
айтуға болады. Балалардың пионерді, Ленинді айтып анттасуы, «Менің атам балапан болған
жұмыртқаны жей береді» деп атасына әкеліп беріп, таяқ жеуі өзінің шынайылылығымен, жеңіл
юморымен баурап әкетеді. Оқып отырғанда алыста қалған балғын балалықтың әдемі елестері
көз алдыңнан етіп тұрады.
Мен қиялға қанат бітіретін осындай тамаша өлкеде туып, ескен авторды, осындай
жазушының шығармасына арқау болған Кербұлақ та бақытты деп ойлаймын. Республикамызда
Кербұлаұтай жерлер көп, бірақ, олардың Әлдихан Қалдыбаевтай авторы жоқ. Жаңа роман ұлттық тәрбиеміздің бар асылын бойына жинаған бірегей шығарма. Еврейлер балаларына: «Сен
өскенде ұлы боласың, ғалым боласың, батыр боласың» деп тәрбие береді екен. Жасыратыны
Жоқ, біз кейде ұлттық үрдісімізді ұмытып, баламызға «Сен адам болмайсың», «Сен
анандайсың», «Сен мұнандайсың» деп жігерін жасытып жатамыз. Ал, романда ондай жоқ.
Оқыған бала қанаттанып отырады. Бір айта кетерлігі, кітаптың балаларға ғана емес, үлкендер
үшін де тәлімі, берері мол.
ОҚУШЫЛАР РОМАНДЫ АСА ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Күмісбай АСАНҚЫЗЫ,
Қазақ КСР-не еңбек сіңірген ұстаз.
- Мен жарты ғасырдан астам өмірімді ұстаздыққа арнаған қарт педагогпын. Бала тәрбиесін
пәрменді жүргізу үшін көп ізденуге тура келетін. Бұл орайда көбінесе көркем әдебиетке
жүгінетінбіз. Сондықтан да Әлдихан Қалдыбаевтың шығармашылығымен ерте таныстым.
Нақтырақ айтсам, оны студент кезінде жарық көрген алғашқы кітабы - «Көк дөңгелектен» бері
білемін. Содан бері Әлдихан үлкен жазушылық жолдан өтті. Балаларға арналған 14 кітапты
өмірге әкелді. Шығармалары бастауыш сыныптарға арналған. «Ана тілі» кітабына енді. «Мен апамның баласымын» кітабы еліміздің ең үздік жазушыларының туындыларын топта-стырып
жатқан «Отырар» кітапханасы сериясынан жарық көріп отыр.
Әлдихан шығармашылығының тәрбиелік мәні зор болғандықтан мен кезінде оларды
балалардың жүрегіне жеткізуге тырыстым. «Шаншар атай» хикаятын мектеп сахнасына
лайықтап, сахналағанымыз әлі есімде. Көптеген әріптестерімнің өз еңбектерінде Әлдихан
Қалдыбаевтың шығармаларын кеңінен пайдаланғанын жақсы білемін.
Мен Әлдиханның жаңа кітабын өзінің қиыншылығы да, қызығы да көп жастық шағына
арналған нағыз автобиографиялық шығарма деп есептеймін. Кітаптың тілі бай, оқиға желісі
тартымды.Автордың тамаша суреткер екенін, Кербұлақтың түнгі аспа-нын суреттеуінен, ай,
аспанмен тілдесуінен айқын байқауға болады. Оқырман өзін роман кейіпкерімен қатарласып,
Кербұлақта жүргендей сезінеді. Ай, жұлдыздармен тілдесуінің аса әсерлілігі сонша,
кейіпкерлермен бірге тебіренесің.
Роман балаларды адамгершілікке, бауырмашылыққа баулиды. Бас кейіпкер Әлдештің: «Апа,
апатайым, мен сен үшін өмір сүруім керек» деп тебіренуі, жездесі (әкесі) қайтыс болғанда
облыс орталығынан өмірене жетіп, үйге келгенде не «әке» деп, не «жезде» деп жылай алмай,
төргі үйге озып, егілуі оқырман-бала жүрегінде ерекше бір тебіреніс, ерекше бір сезімдер
туғызары даусыз.
Романда, сондай-ақ, имандылық, әдептілік тәрбиесі де мол орын алған. Аяғы сынып жатқан
баланың: «Қап, қара лақтан үлгі алуым керек еді-ау» деп қапа болуы, бір нәрсені бүлдіргенде
жездесінің бір қарағаны-ақ жетіп жататыны тәрбиенің нағыз өзі емес пе?
Ал, ел-жұрт Кербұлақтан көшкенде кейбір үлкендердің бір-бір уыс топырақты дорбаға салып
алуы, малының бұйдасын бермеуі, сынған аяққа қалтқы салу - халқымыздың әдет-ғұрып, салтдәстүрлерінен хабар береді.
Бір сөзбен айтқанда, «Мен - апамның баласымын» романы - ұлттық тәрбиенің қайнар көзі.
Осындай дүниені өмірге әкелген Әлдихан Қалдыбаевты бүгінгі балалар әдебиетінің классигі
деуге толық негіз бар. Сондықтан да мен Кәрім Баялиевтің романды Мемлекеттік сыйлыққа
ұсыну туралы пікірін толықтай қолдаймын.
САХНА АЖАРЫ - САПАЛЫ ПЬЕСА
Яхия ШЫНӘСІЛҰЛЫ.
Облысымызда пьеса жазу үрдісі 60 жылдары басталды. Бұл кездегі драма үйірмелері мен
«халық театрларының» кең өріс алуы драмалық шығармалардың тууына себепші болды.
Олардың репертуарын байытуға жұмылған облысымыздың жазушылары мен ақындары,
журналистері мен өнер қайраткерлері алғаш бір актілі, одан кейін күрделірек пьесалар жаза
бастады.
70 жылдары өмір айдынына жаңа есімдер шығып, олардың пьесалары халық театрларына
көптеп қойыла бастады. Сол кезеңде көзге түсіп, жақсы бағасын алған авторлар - Б.Қилыбаев,
Д.Шалқарбаев, Т.Ізбасаров, С.Әлімқұлов сияқты талантты жастар болды. Солардың ішінде,
әсіресе, ерекше көзге түсіп, назарға іліккені Базар Қилыбаевтың «Ана тағдыры» атты пьесасы
еді. Қазір біздің облыста драма жазумен айналысып жүрген 5-6 драматург бар. Олар өмір
құбылысын жан-жақты зерттей отырып, тәрбиелік маңызы бар, мазмұны терең күрделі
пьесаларды да дүниеге алып келді. Ондай драмалық шығармалар халық театры ғана емес, Абай
атындағы облыстық қазақ драма театрында да қойылып жүр. Демек бір емес, бірнеше
пьесалары сахнада табыспен қойылып, көрермендерінен жоғары баға алған пьесалардың
авторларын енді кәсіпқой драматург деуімізге әбден қақымыз бар.
Облыстық театрда алғаш қойылған пьесалардың бірі - балалар жазушысы Ә.Қалдыбаевтың
«Шаншар атай» комедиясы болды. Автор өзінің алғашқы осы пьесасында-ақ комедия жанрына
керекті ерекшеліктер мен шарттарды жақсы білетіндігін байқатты. Әсіресе ол - диалог құруға
шебер. Оның повестері мен әңгімелерін немесе ертегі желісінде жазған шығармаларының кез
келгенін оқып көрсеңіз оқиғаны баяндаудан гөрі диалог құру жағы басым. Бұл, сөз жоқ, оны
драмалық жанрға бет бұруға итермелесе керек. Оның үстіне балалар жазушысы болғандықтан
ба, өмірде кездесетін күлкілі жәйттерді дұрыс байқап, өз бүлдіршіндеріне ұсына қоятыны тағы
бар. Онсыз жас балғындар Әлдиханның шығармаларына қызықпас еді.
Өмірдегі күлкілі жәйттердің бәрі бірдей комедияға материал бола бермейді. Міне, сондықтан
Әлдихан өмірде кездесетін ұсақ-түйек күлкілі жәйттерге бара бермей, адамның адамдық
қасиеттеріне нұқсан келтіретін, қоғамымыздың ілгері басуына кедергі жасайтын, сиықсыз
кертартпаларды әжуалауға күш салған. Қаламгер өзінің «Шаншар атай» комедиясында аса
маңызды мәселелердің бірі - жас ұрпаққа тәрбие беру проблемасын көтереді. Бұл тақырып
бұрындары да көтерілген, бүгін де, ертең де көтерілмек. Өйткені, бүл - өшпейтін, өлмейтін
мәңгі тақырып. Жаңа ұрпақ дүниеге келуімен жаңа проблема, жаңа мақсат-мүдделер пайда
болып отырады. Сондықтан автор бала тәрбиесі жөнінде жаңа проблема көтереді. Ол
жастарымызды «Халықтық педагогика» негізінде, ата-баба дәстүрлері рухында тәрбиелеу
мәселесі.
Бұл жерде автордың көрегендігін айтпасақ тағы болмайды. Комедия, шын мәнінде, 78-79
жылдары, одақ әлі ыдырамай, коммунистік идеология бәрімізді бір идеяға бағындырып тұрған
кезде жазылған. Большевиктік партия «барлық жақсылық ба
лалар үшін, оларды коммунистік рухта тәрбиелеу керек» деп ұрандатса да ұлтымызға тән небір
қасиетті дәстүрлерімізден ажырап," әдептілік пен имандылық, тіліміз бен ұлттық сезімімізден
жұрдай бола жаздаппыз. Әлдихан, міне, бала тәрбиесіндегі осы кемшілікті көре білген. Сол
кездің өзінде астарлай жазып, бала тәрбиесіне басқаша көзбен қарау керектігін ескертіп өтеді.
Ол бұл жөніндегі үлкен проблеманы ешбір әсірелеусіз көркем бейнелеу арқылы көрермендеріне
ой салады.
Пьесаның негізгі арқауы яғни көтерген проблемасы адалдық, отаншылдық, азаматтық
борыш, ұлттық намыс, жастарды кішіпейіл, иманды болуға, еңбексүйгіштікке шақыру. Автор
осы айтайын деген ойын шымыр өрнектелген Шаншар атай образы, жасөспірімдердің жанды
бейнесі арқылы жүзеге асырады.
Спектакль шағын прологпен басталады. Жеңіл ойналған музы-ка сазы мен жалт-жұлт еткен
электр жарығының арасынан көңілді де ойнақы ән айтып, би билеген әртістер тобы шыға
келеді. Олар Санатбай (Б.Бекжанов), Бекен (Қ.Оразбаев), Әшірбек (Д.Аюпов), Мұсатай
(С.Ысқақов). Осы жерде Шаншар атай -Т.Ізбасаров та өз есегін қырдыңдатып, өрелі сөзбен
өзгелерден оқшау көзге түседі.
Пьесада да, спектакльде де жарқын тұлға - Шаншар атай. Ол - өткен ата-бабаларымыздың
жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, миына құйып өскен қарт, көпті көрген, көп нәрсені білетін,
айтқанынан қайтпайтын турашыл кісі. Әсіресе, жас балалардың үлкенді сыйламай, еңбектен
қашып, әке-шешесінің тілін алмай, бетімен кетушілігі қартты қатты күйіндіреді. Шаншардың
бұл қасиетін терең түсінген әртіс - Т.Ізбасаров оны көптің қамын ойлайтын, жарқын да ақкөңіл,
әділетті де бірбеткей адам етіп көрсетеді.
Өмірден көргені мен түйгені көп еңбек ардагері, жасының 70-тен асқанына қарамастан өз
жүрегінің әмірімен жас ұрпаққа қамқорлық жасап, еңбекке, адамгершілікке, адалдыққа,
тазалыққа, имандылыққа тәрбиелейді. Жұмыстан қашқан, тентектік жасауға бейім балалардың
бәрі атасының шертпегінен сауығып кетеді. Ол жалғыз шертпек емес, балаларға әсер-ететін
тәрбиенің неше алуан түрлерін қолданады. Мысалы, 8 сыныпты бітірген Бекен, Әшірбек,
Санатбайлармен кездескенде сынай қараса да, балаларға деген ықылас мейірімі төгіліп тұрады.
Әсіресе, Әшірбекке Мұсатайдың жасаған қиянатына шыдай алмай қатты толқиды. Ашуы бетіне
шығып, кебісін де асыға киіп тұра ұмтылады. Қамқоршы қарттың бұл қылығына қалтқысыз
сенесің, сенесің де еріксіз қол соғасың.
Дегенмен, жас әртістердің ойынында әттеген-айлар да баршылық. Әсіресе, Оразбаев пен
Аюповтың ойынында ширақтық жоқ, сылбырлығы басым. Мысалы, Шаншар атайға арыз айта
келгенде кейіпкерінің ішкі толқуын жеткізе алмайды, сөз мағынасыз, міңгірлеп шығады. Сол
сияқты Оразбаев та шиыршық атқан қызықты сәттерін жеткізе алмайды. Спектальдің тағы бір
кемшілігі жанры комедия екен деп әртістерің оғаш қимыл жасап, жұртты күлдіруге
тырысатыны дер едік. Сол сияқты шағын прологты қайталаудың да қажеті жоқ еді.
Қорыта айтқанда, бала тәрбиесі қазіргі таңда қай кездегіден болса да өткір қойылып отыр.
Өйткені, қазіргі кезде еңбектен қашатын да, бас салып кісі тонайтын да, адам өміріне қастандық
жасайтын бұзақылар да, маскүнем мен нашақорлық та көбейіп кетті. Міне, сондықтан да
Ә.Қалдыбаев бұған қарсы күресті көп болып қолға алуға, пәрменді тәрбиені күшейту арқылы
жас урпаққа заманымыздың асқан рухы мен жақсылық атаулының бәрін дарыта беруге
шақырады.
Ә.Қалдыбаевтың екінші комедиясы: «Балалардың махаббатында неміз бар?» деп аталады.
Автор халқымыздың биік талабына жауап беру үшін өзінің бүл комедиясын бірнеше рет өңдеп
түзетулер жасады. Оның алғашқы варианттары - «Өз теңі», «Алдыңнан шығар әр күнің»,
«Сүйген болсаң, білерсің» деп аталады. Өз шығармасын бұлай 3-4 мәрте қайта өңдеп,
өзгерістер енгізулерін Әлдиханның әлсіздігі деп түсінбеу керек. Керісінше, оның
еңбекқорлығын, өмір фактілерін қызықты етіп беруде тапқырлық жасап, пайымды өзгерістер
енгізуге шебер екендігін көрсетсе керек. Мысалы, бірінші вариантында завод жатақханасының
вестюбилі мен политехникалық институттың ректорының қабылдау бөлмесінде өтетін
оқиғаларды әдемі қысқартса, одан кейінгі варианттарында екінші, үшінші көріністерді тегіс
алып тастайды. Осыған байланысты Шәріп, Нұрила, Мүсілім, ректор, вахтер сияқты басы артық
эпизодтық кейіпкерлер сахнадан түсіп қалады. Бұдан Әлдихан ұтпаса, ұтылған жоқ. Себебі
бұдан тартыс бәсеңдемейді, қайта заңды қозғалысқа түсіп, өмірлік, көркемдік, әлеуметтік
шындық бір-бірімен қабыса, әрекеттері бұрынғыдан да күшейе түседі.
Қаламгер негізінен оқиға желісін махаббат төңірегінде өрбіткенмен, ол кеңес өкіметінің
тұсында етек алған жағымпаз-жалтақтарды, дәреже-мансапқорлық пен дүние - құмарлықты
аяусыз шенейді әрі көрермендер алдында әшкере етеді. Егер Әлдихан «Шаншар атайда»
жұмсақ әзіл, ажуалы күлкілерді көбірек қолданса, бұл комедиясында өткір сатира, зілді сықақ
басым. Өз алдымызға ел болып, еркіндік алған дәл осы кезеңце қалтасын қампитуға тырысқан
ашкөз жұлқарларды да, бұрын партия басшылығында болып, сол биіктен түскісі келмейтін
мансапқорларды да, қара басының қамын ойлап баю жолына түскен адамдарды да естіп те,
көріп те жүрміз. Сондықтан мұндайлармен қарсы күресуге осындай өткір сын бізге керек-ақ.
Ә.Қалдыбаевтың үшінші психологиялық драмасы «Сәлім-Сәлимасы» да облысымыздың
театрында үлкен шабытпен қойылды. Оның басты себебі автор өзінің басты екі кейіпкері
Сәлима мен Сәлімнің өмірлері арқылы көптің көкірегін кернеп, ойын тербеп жүрген мәселесін
батыл көтереді. Мысалы, Сәлиманың атақ-даңққа құмарта құныққаны сонша елпілдеген жеңіл
жүріспен некелі тұрмыс құрып, бақытты ана болудан айырылады. Бұл оның өміріне өшпес із
қалдырып, қайғы-қасіретке ұшыратады. Сол сияқты Сәлім де әскерде жүрген кезінде
жастықтың буымен орыс қызына үйленіп, одан туған ұлы мен қызы қазақ тілін білмей мәңгүрт
болып өседі. Автор өмірден адасқан осы екі кейіпкерінің жандүниесіндегі күйзелісті, оның
әлеуметтік астарын дәл тауып, көрермендерінің ойы мен сезіміне қатты әсер етеді.
Шындығында да, біз басқа ұлтпен некелесуді достықтың белгісі, интернационализмнің
көрінісі деп келдік. Бұл әркімнің өз еркі ғой. Әйтсе де басқа ұлтпен некелескен қазақтың
балаларының ұлтсыз, дүбәра болып қана қоймай, оның тілі мен түрінде де, психологиясы мен
санасныда да қазақи белгі қалмайтындығын автор әдемі жеткізеді.
«ШАНШАР АТАЙ» пьесасы туралы пікірлерден
Қалихан ЫСҚАҚОВ, жазушы.
Бұл өзі бір тәуір тақырып екен. Тәуірлігі - мектеп балаларының тәрбиесіне, оларды еңбекке
баулуға арналған. Бала тәрбиесі болғанда, стандартты педагогиканың параграфы емес, көпті
көрген кәриенің немерелерге деген қарым-қатысы, жылы шырайы, жанашыр қолдың мәпесі.
Шаншар қарттың балалардың басынан алып жүрген кертұқылы - жаза емес, сабақ Маман
БАЙСЕРКЕНОВ,
режиссер, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Пьесаның негізгі арқауы, яғни көтерілген проблемасы -адалдық, азаматтық борыш, жастарды
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 19
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.