Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 12

Total number of words is 3733
Total number of unique words is 2126
29.1 of words are in the 2000 most common words
42.5 of words are in the 5000 most common words
49.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қалғанын ішіп, ол кетті, Сауысқан келіп, саңқ етіп, сарқып ішіп, ол кетті», - дейді күлкілі
әңгіме. Біз де сөйтіп жүрмейік, таралым сұраушылар көбейіп барады екен, - дедім.- Біз
алдымен өз газетімізді жарылқаймыз, - деп күлді Әбекең.
Солай болды да. Таралым мәселесін түгелдей облыстық әкімият шешетін. Экономика даңғыл
жолға түсуге бет алған соң таралым да есе бастаған. Қазір тіптен жақсы қарқын алған сыңайлы.
«Ақ жолға» мен өзімдегінің бәрін: білімімді, білігімді, талантымды түгел бердім. «Ақ
жолдан» мен онда бардың бәрін алдым, олар - адамдармен жұмыс істеу, ел өмірімен тыныстау,
тапсырылған істі абыроймен атқару, ең бастысы - адам тану ғылымын игердім.
«Ақ жолда» мен іштей жазушы, сырттай журналист болып жүрдім. Көрген-білгенімді
жазушылық сүзгіден өткізіп, көкейіме тоқыдым, журналист ретінде газет бетіне шығарып
отырдым. Қайсысының салмағы ауыр, сорабы көп? Алдағы уақытта оны оқырмандар көріп
қалар.
Бәріміздің ақ жайлауымыз - «Ақ жол» 85 жылдығын тойлағалы жатыр, бұл - үлкен оқиға.
Оны ме жақсы білемін. Өйткені, осы газеттің 75 және 80 жылдық мерейтойлары кезінде оның
бас редакторы болғанмын. Екі мереке кезінде де редакция қызметкерлері мемлекеттік наградаға
ие болды, облыстық әкімият тарапынан сый-сияпат көрді. 85 жылдық мерейтой кезінде осы
жақсы дәстүр жалғасса деймін.
Ақжолдықтарға айтарым: ақжолдарың алысқа апарсын!
Екінші бөлім
Қаламдастар қорамсағынан
ТАТЫМДЫ ТАЛАП
Рамазан ТОҚТАРОВ.
Әлдихан Қалдыбаевтың балауса балдырғанға арналған «Қос тентек» атты жинағының
алғашқы бетінен-ақ біз әуелі өзімізді, өзімізден алыстай бастаған, күмбірлеген былдыр тілді бір
әлемді көз алдымызға әкеліп, жас баладай мұңсыз қуанышқа бөленеміз. Ойлап қарасаңыз,
осыған жететін не бар? «Шан-шар атайдың шертпегі» балаға да, үлкенге де түсінікті, екеуіне де
ғибрат ұқтырар әңгіме. Шаншардың балаларға деген аталық мейірі қандай кіршіксіз таза еді.
Оның артық, жалған қимылын, үлкендердің кейбіріне тән тәкаппар, қуақы қылықтарының бірін
де аңғармайсың.
Автордың балалар дүниесін жақсы білетіндігі әрбір әңгімесінен айқын сезіліп тұр. Ол
бүлдіршін жас кейіпкерлерін өз ыңғайымен жүргізе бермей, қалаған бағытына шығарып сап,
соңдарынан қатал тәрбиешідей бағып, бақылап отырады. Бұған «Қос тентек» желісі толық куә.
«Қос тентекте» жаман бала, жаман тәрбие де жоқ. Автор ешкімді секпейді. Жалғыз-ақ адамның
болашақтағы үлкен ғұмырына өзек болатын жағымды қасиетті іздейді, соған шұқшия үңіледі.
Жинақтағы «Дөңгелек стол», «Бүлдірген тере барғанда» атты әңгімелер көңілде әдемі әсер
қалдырады. Бұлар қай жастағы баланың ұғымына болсын, қонымды, қысқа, ұршықтай
зырқыраған жеңіл ырғақпен жазылған.
Бірақ, қандай әдемі көрініс болсын, әлде бір мазмұнды ұғындырып жатпаса, әдемілік
қасиетінен жұрдай болады, есте де қалмайды. Есте қалмайтын осындай әңгімеге «Бір арқа
отынды» жатқызуға болады. Ел аман, жұрт тынышта балтырын итке қапқызған баланың ісі
балдырған оқушысының өзін қызықтыра қоймас деп ойлаймыз. Алайда, ішін-ара кездесіп
отыратын мұндай кемшіліктер жинакты әлсіретіп тұрған жоқ. Бәрінен де жалған әшекейсіз, сауатты, таза тіл сүйсіндіреді. Барлық гәптің өзі тілде ғой. Қалдыбаев осы қасиетін ілгері дамытып,
алдағы уақытта татымды талабын ұштай берер деп сенеміз.
«Қазақ әдебиеті». 31 шілде, 1964 жыл.

 
БАУЫРМАЛДЫҚ
Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ.
Әңгіме былай басталған:
«Шаншар атай қызық өзі...»
Несімен қызық? Әрі қарай автор соны дәлелдеуге кіріседі. Қолындағы қаламға
көңілшектікпен иек артудан аулақ, бірден осылай сырласа бастаушы еді. Бұл тұста оның
сиынары - айқын идеяның мінсіз көркемдікпен қабысуы.
Оқушың - о да бір өзіңнің көңілдесің. Ә дегенде Ә.Қалдыбаев бауырмалдығын сездіріп
қалды, оқырман жүрегін барлап, бас-аяғыңды сүзіп шығып, көргенін қағылездікпен көз алдыңа
тоса қойып, ашық, жарқын сыршылдығын танытты.
«Шаншар атайдың шертпегі» осы жинақтағы ең жылы әңгіме екен. Бірден байқағанымыз,
автор еркін баяндап, оқушысын тезірек үйіріп алуға тырысады. Адамға деген ілтипатын
кішкене жүректің дүрсілімен бермекші. Аңғарып қарасақ: өзіміз күнде көріп жүрген әлдебір
қуақы қарт бейнесі қағаз бетіне қалықтап көтеріліп келеді. Сығырая жымиған кәрі кездері
мейірімге қаныққан. Еңкіш болсадағы, еңсесі биік. Ондай шалдан бәріміз де қашқанбыз.
Шертпегіне талай рет қынжыла, қызарақтай тосып ек басымызды. Сонда ол кеңкілдеп, көзінен
жас аққанша күлетін. Соны, сол қартты көремін бе деп оқыдым:
«...Атайдың біздің шекемізді тырсылдатуға неге құмар екенін бірде-біріміз білмейтін едік.
Тіпті, үлкендер де білмейтін, бір «еріккен» шал дейтін де қоятын. Сол құрғыр шертпектен
құтылудың бір-ақжолы бар. Ол үшін дойбы ойнап атайды ұтуың керек...».
Бірде Бекен шалды ұтып, шертпек сырын ашып береді:
Шертпегімді беріңіз.
- Әй, жаман неме, мен сендерден қай бір қолым қышығаннан алып жүр дейсің. Осылар
намыстансын таза жүрсін деп алам да». Табиғи қалпы.
Балалар шертпекке ыза боп жүретін. Сөйтсе атай еш жамандық ойламапты. Сондай абзал
атайдың қайта-қайта жеңіле бергеніне біртүрлі іші-бауыры елжіреп кетті Бекеннің:
- ...Ата, сіз қазір жеңетін шығарсыз, жүріңіз..
- Сен мені алдаусыратпа. Мен жеңгеніме қуанбаймын. Жеңілгеніме қуанам, - деді атай
кеудесін рахаттана бір көтере түсіп». Бұл да табиғи. Неге? Егер Қалдыбаев Шаншар атайды:
«Балалар таза жүріңдер, тіл алғыш болыңдар» дегізіп жалаң ақылға салса, сөзсіз ұтылар еді.
Мінеки, бірнеше диалог балаусаның мөлдір сезімін де, жаны балауса Шаншар атайдың
характерін әр қырынан жайып тастады. Мейлінше қарапайым.
Әлдихан бөбектің ішкі монологін әдемі беруге төселіп келе жатқандығын алғаш «Көк
дөңгелегінде»-ақ көрсетіп еді. Ол кез келген әңгімесін қысқа жазады да, көп айтып, көп қамтуға
ұмтылады. Жинақылық бар. Әлдихан әңгімелерінде керемет бір шытырман оқиға, шиқан қызыл
сюжет жоқ. Тек қана кішкентай адамның характері, кішкентай пайымдау түйсігі. Әңгімедегі
әрбір деталь, әрбір сөйлем осы характерді өрбіту, өркендету маңында автордың айтпақ ойымен
астасып жатады.
Жинақтағы «Қос тентек» деген бөлімі цикл ме, повесть пе? Белгісіз. Айдар тағылмапты.
Кітапшаның тең жарымы соған арналған екен. Өзі ұзақ та, бейберекеттеу. Анда-санда жүрдімбардым жылт ететін «Терезенің қақпағы», «Өлең жаттау» сияқты тараулары болмаса, терт
аяғынан тік басып тұрған жоқ, көркемдік бояуы солғын.
Әдебиеттің қасиетті қақпасына таудай талаппен келген Ә.Қалдыбаев көксеген көкжиегіне
сеніммен аяқ басуы үшін бұл салда көбірек ізденгені жөн деп білеміз.
«Жұлдыз» журналы. маусым, 1965 жыл.
СЕНІҢ ТӨЛ ЖАЗУШЫҢ
Бердібек СОҚПАҚБАЕВ.
Менің байқауымша, алғаш бастап жазатындардың көпшілігі әуелгі кезде балалар, жастар
баспасөзін жағалайтын тәрізді. Содан бәрі бірдей балалар жазушысы болып қалмайды, әрине.
Ес біліп алған соң кейбірі әдебиеттің басқа саласына ауысып, өз жөнін табады, «Тас түскен
жеріне ауыр» деп, дәм татқан босағадан табан аудармай, осы салада жемісті еңбек етіп,
балалардың төл жазушысы болып қалатындар да бар. Осындай «сөзіне берік» автордың бірі Әлдихан Қалдыбаев.
Мен ол кезде «Балдырған» журналында қызмет істеуші едім. Аяғын салмақпен басқан, орта
бойлы, толық қара торы жігіт әңгіме алып келеді. Қолжазба машинкаға басылмаған, тек тазалау
етіп көшірілген. Көлемі шағын. Бір түрлі жеңіл оқылатын еді. Тілі де, оқиғасы да қарапайым.
Автор өзінің көрген-білгенін осы осылай деп, алдыға жайып салып отырғандай. Тек қалам
ұстаған қолдың әлі тәжірибесіз екені, дірілі басылмай тұрғаны байқалатын. Сын айтсаң, мінезі
ауыр жігіт былқ етпей қабылдайды. Мактасаң, және ісіп-кеппейді. «Жарайды, жөндеп әкелейін»
дейді де, сыпайы қоштасып, салмақты қалпынан айнымай кете барады.
Сол Әлдихан осы кезде Жамбыл облыстық газетінің бөлім бастығы, салуатты журналист.
Балаларға арналған бірнеше әңгімелер жинағының авторы. Оның жаңа жинағы «Жазушы»
баспасында оқушыға ұсынылуға әзірленіп жатыр.
Өмірдегіні байқауы, толғанысьі көп автор әдебиеттегі жүрер жол, кешер сапарыың әлі
бастапқы шағында жүргенін, қалам ұстаудың мойынға жүктер жауапкершілігін өте жақсы
сезінеді. Шабыттың тұлпарына оның қамшыны әлі аямай баса түсер көзі алда.
«Қазақстан пионері». 4сөуір, 1970 жыл.
ҚАДАМЫ ҚҰТТЫ ҚАЛАМГЕР
Машқар ҒҰМАР.
Алпысыншы жылдардың бас кезі болатын. Бір күні «Жазушы» баспасының балалар әдебиеті
редакциясына орта бойлы, қара торы жүзді бір жігіт келді. Сейтсек, аты-жөні Әлдихан
Калдыбаев, өзі университеттің студенті екен. Бұйымтайы: кішкене балаларға арналған «Көк
деңгелек» атты үш-төрт әңгіме әкеліпті. Ондай шағьін шығарманы қолма-қол оқып тастайтын
әдетіміз барды. Әлгі әңгіме белім қызметкерлеріне түгелдей ұнады да, келесі жылында «Көк
дөңгелек» деген атпен жеке суретті-кітапша болып басылып шықты.
Тырнақалды әңгімесінің бірден жеке кітапша болып басылуы - Әлдиханның балалар
әдебиетіндегі қадамы сәтті басталғандығының белгісі. «Көк дөңгелек» атты әңгіменің оқиға
желісі тартымды, тікелей бөбек балалардың күнделікті ойы-ны төңірегінде өрбиді. Соны автор
кішкентайлар түсінетіндей өтіп, жатық та әдемі тілмен суреттеп береді. Оқиға бірте-бірте
шиеленсіп барып, ең соңында өзінің заңды шешімін табады. Ең басытысы: әңгімеде Серікбек
пен Марат есімді екі баланың, әсіресе, алғашқысының жанды бейнесі өшпестей болып
оқырманның есінде қалады. Бұл әңгіме кейін де талай рет жалпы жинақтарда басылды.
Кейбір жазушылардың кейін алғашқы шығармаларында шыққан биікке жете алмай тұралап
қалатыны кездессе, кейбір қаламгерлердің сол алғашқы еңбектерінің деңгейінен аса алмай
әуреге түсетіні тағы бар. Әлдихан осының екеуінен де аман. Әдебиеттегі қадамы құтты болып,
ол «Көк дөңгелекпен» тең түсетін, көп жағдайда одан асып та түсетін көптеген шығармалар
жазды.
Мектеп жасына дейіні балалар мен төменгі класс оқушыларына арнап өндірте әңгіме жазып
жүрген жазушылар саусақпен санағандай аз. Сол аздың бірі де, бірегейі де Әлдихан десем,
басқалар ренжи қоймас деп ойлаймын. Астанадан алыстау жүріп, уағыздалуы кемдеу соғып
жатқаны болмаса, балалар оның шығармаларын сүйіп оқитыны күмәнсіз. Оқырман ретінде де,
жұмыс бабымен де республикалық балалар кітапханасына жиі баруға тура келеді. Шынын айту
керек, уағыздауымыз да кемшін, теледидар жарықтықтың «кесірі» де орасан зор,
кітапханаларда талай алтын кітаптардың онша кеп оқылмай жаңа күйінде сақталатынын байқап
жүрмін. Бірде Әлдиханның «Солдат болу оңай ма?» деген кітабының оқыла-оқыла
мұқабасының тозып қалғанын керіп қатты қуанғаным бар.
Әлдихан университетті бітірген соң, жұмысқа Қызылорда облысына жолдама алды.
Мектепте ұстаз болып жүргенінде әскерге шақырылды. Ол әскери қызметін Түрікменстанда
атқарды. Ауыл балаларының бастан кешкен әр алуан қызықты оқиғаларын жақсы білетін
қаламгер енді әскери емірді де ез кезімен керді. Сондықтан оның әдеби еңбектерінде әскери
емірді суреттейтін шығармалар да бірталай. Солардың кепшілігі («Мишка - менің досым»,
«Ата», «Менің ағам солдат», т.б.) тікелей балаларға арналып жазылған. Жазушы әскери өмірдің
бала қабылдауына тән романтикалық жағын суреттеумен қатар, ефрейтор Хамидов сияқты аса
дерекі, мінезсіз адамдардың кездесетінін де жасырмай ашып айтады. Соған бола кезінде
«Мишка - менің досым» атты кітаптың қиындықпен зорға жарық кергенін де айта кеткен жен.
Ол кезде әскери командирді сынауға мүлдем рұқсат етпейтін..Жалпы, қаламгер өз
шығармаларында балаларды тек қана жақсылыққа тәрбиелейді. Бұл жерде оны тәптіштеп айтып
жатудың қажеті де шамалы. Өйткені оқырманын жақсылыққа тәрбиелеу қай жазушыға болса да
тән қасиет қой. Алайда, автор өмір шындығын боямалап көрсетуден аулақ. «Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен» деген сияқты, өмір шындығынан ауытқымауға күш салады. Әлдихан
Қалдыбаевтың шығармалары қалың оқырман үшін со-нысымен танымды.
«Қазақ әдебиеті». 29 қыркүйек, 1989 жыл.
ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАНЫ ІЗГІ ДОСЫ
Мақаш ҒҰМАР.
Әңгіме, ертегі, хикаят (повесть), роман секілді көркем шығарма жазатын кісілерді «жазушы»
дейтінін балалардың көпшілігі-ақ білетін шығар, әрине. Әдетте қаламгерлер отыра қалып, не
болса соны жаза бермейді. Өмірден көрген-білген, өзіне әсер еткен, зердесіне түйген
оқиғаларды екшеп, ой елегінен өткізіп барып қана қағаз бетіне түсіре бастайды.
Әр адамның бітімі, түр-түсі, мінез-құлқы әр түрлі болады. Мінез-құлқына сәйкес олардың
қимыл-қозғалысы, сез саптауы, өзгелермен қарым-қатынасы және басқадай әрекеттері де бірбіріне ұқсамай, оқшаулана дараланып тұрады. Қай танысыңның аты аталса да, бірден оның
өзіне тән өзгешіліктері еске түсіп, бүкіл болмысымен көз алдыңа елестейтіні бар емес пе. Сол
әр алуан өзгешеліктер жинақтала келіп, адамның (көркем шығармада кейіпкердің) образын,
яғни бейнесін құрайды. Көркем шығармаға қойылатын басты үш шарт бар: бірінші - тартымды
оқиға желісі, екінші - кейіпкерлердің есте қалатындай жанды бейнесі, үшінші - айшықты тіл.
Әр жазушы өз шығармасынла әл-қадарынша осы үш шарттың орындалуына кеп күш жұмсайды.
Меніңше, кішкентайлар мен теменгі сынып оқушыларына, жалпы, балаларға арнап прозалық
шығарма жазатындардың ішінде әлгіндей шарттарды орындауға аса шебер қаламгерлердің бірі
де, бірегейі Әлдихан Қалдыбаев. Ол әдебиетке өзі университеттегі оқуын тамамдаған 60жылдардьің бас кезінде келді. Аз уақыт Қызылорда облысындағы бір мектепте ұстаз бола
жүріп, әскер қатарына шақырылды. Әскерден қайтқан соң табан аудармай туған облысының
орталығы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында журналистік қызмет атқаруға кірісті. Әлі сонда.
Соңғы жылдары облыстық газеттің бас редакторы. Ауылда туып-өскен, студенттік әм әскери
өмірді басынан кешкен, журналистік қызметіне орай елмен қоян-қолтық араласқан Әлдихан
Қалдыбаев - хикаят, әңгіме, ертегілерден құралған ондаған кітаптың авторы. Шығармаларының
тілі жатық. Ол қызыл сөзге салынып, беталды ұзақ сонар суреттеуден аулақ. Сөзді өлшеп-пішіп,
керегінше ғана қолданады, сөйлемдерін шолақ қайтарып отырады. Мұның оқиға желісінің
ширап дамуы үшін, бала-оқырманды жалықтырып алмау үшін маңызы зор.
Автор кейіпкерлерінің бейнесін даралап көрсетуге шебер дедім. Оның шығармаларындағы
Шаншар атай, Шәкір, Қамау, Бибіайым, Рахима, Арал, Бауыржан және басқа көптеген
кейіпкерлері тек өздеріне тән кескін-келбет, мінез-қүлқымен есте қалады. Барлығы да қазақ
балалар әдебиетіндегі өзгелер айтпаған тың, жаңа бейнелер.
Әлдихан қай шығармасында болса да, өз оқырмандарын ізгілікке, мейірімділікке баулиды.
Ол құрғақ уағыз айтудан аулақ, әлбетте. Идеясы шығармаларының өн бойынан табиғи түрде,
өз-өзінен туындап жатады.
Байқатпай зымырап өтіп жатқан өмір-ай десеңші! Мінеки, күні кешегі жап-жас жігіт,
балалардың сүйікті жазушысы Әлдихан Қалдыбаев 60 жасқа келіп те қалыпты. Рас, өткен
өмірдің өкінішінен гөрі үзақжасаған қуанышы мол. Әлдихан осы жылғы қазан айының бас
кезіндегі алпысына қүр қол келмей, балаларға арналған романын аяқтап, шығармашылық зор
табыспен келіпті. «Алпыс» деген биік асудан асқасын да, оның талай тартымды шығарма
жазатынына өз басым сенімдімін. Әлдиханды мүшелді жасқа келген мерейтойымен,
шығармашылық табысымен қултықтаймыз! Қажымас қайрат, зор денсаулық тілейміз!
«Ұлан» газеті. 21 қыркүйөк, 1999 жыл.
МӨЛДІР СЕЗІМ
Белгілі жазушы-драматург Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ - 50жаста
Кәрім БАЯЛИЕВ,
СССР Жазушылар одағының мүшесі,
Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Алпысыншы жылдардың басында «Көк дөңгелек» атты суретті кітапшамен ойда жоқта
танысқаным бар. Шығармада балалардың жан дүниесі нанымды да шебер суреттелгені сонша,
мен өзімнің ұмытылып кеткен балалық шағымның кейбір бедерлі беттерін көз алдыма қайтадан
елестеткен едім.
Содан, бірер жыл өткенде сол кітапшаның авторы мен қызмет ететін радиокомитетке
жұмысқа орналасуға келгенде, бір-бірімізді тұңғыш рет көріп тұрсақ та, екеуміздің ежелден
таныс-біліс жан-дардай шүйіркелесе сыр ақтарысып кеткенімізді де байқамай қалдым. Адам
жанының жұмбағы таусылған ба, біреулермен ондаған жылдар бойы бір бөлмеде қызмет
атқарсаң да бөтен жандай, тосырқап тұрасың, ал енді біреулерді бір көргеннен-ақ жанына
жақын тартасың. Міне, содан бергі ширек ғасырдай уақыт ішінде, тіпті жас
айырмашылығымызға да қарамастан, Әлдихан Қалдыбаевпен сырлас, мұңдас жандардай өмір
кешіп келеміз.
Екеумізді жақындастыруға Әлдиханның биік адамгершілік қасиеттеріне қоса әдебиет атты
әлемде бірге сапар шеккеніміз де себепші болды, әрине.
Жас жазушының балаларға арнап жазған екінші кітабы «Қос тентек» атты жинағын да
әдебиет сүйер қауым жылы қабылдады, баспасөзде жарияланған мақалаларда қазақ балалар
әдебиеті қаламгерлерінің қатарына жаңа талант иесі қосылғаны атап көрсетілді. «Қазақ
әдебиеті» газетінде басылған рецензияда былай деп жазылды: «Әлдихан Қалдыбаевтың балауса
балдырғанға арналған «Қос тентек» атты жинағының алғашқы бетінен-ақ біз әуелі өзімізді,
өзімізден алыстай бастаған, күмбірлеген былдыр тілді бір әлемді көз алдымызға әкеліп, жас
баладай мұңсыз қуанышқа бөленеміз... Автордың балалар дүниесін жақсы білетіндігі әрбір
әңгімесінен айқын сезіліп тұр. Ол бүлдіршін жас кейіпкерлерін өз ыңғайымен жүргізе бермей,
қалаған бағытына шығарып сап, соңдарынан қатал тәрбиешідей бағып, бақылап отырады».
Әлдиханның алғашқы аяқ алысынан талантты балалар жазушысын таныған
республикамыздың белгілі қаламгерлерінің осындай болжамдарын жас жазушы өзінің кейінгі
творчестволық жолында толығынан ақтады.
Ширек ғасырдан астам уақыт Әлдихан балаларға арнап шығармалар жазып келеді. Бұл
жылдар ішінде ол жас оқырмандарына он кітап сыйлады. Оның сегізі әңгімелер жинағы да
екеуі повесть кітаптары. Қазақстан Жазушылар одағының Балалар мен жастар әдебиеті
жөніндегі советі биылғы июль айында өткізілген өзінің кеңейтілген мәжілісін түгелдей
Әлдихан Қалдыбаевтың творчествосын талқылауға арнады. Онда пікір айтқан белгілі
әдебиетшілер Әлдиханның республикамызда балалар әдебиетін дамытуға қосып келе жатқан
елеулі үлесіне лайықты бағаберді.
Осы мәжілісте сөйлеген жазушылар Әлдиханның балалар өмірінен әңгіме жазудың көпке
танылған шебері екенін атап айтты. Оның қаламынан туған алпысқа тарта әңгімеде бүгінгі ауыл
балалары бейнесінің тұтас бір галереясы жасалған. «Бүлдірген тере барғанда», «Жаңа дос», «Бір
арқа отын», «Әліппе», «Су тасушы Әшірбек», «Автобус аялдамасы», «Рахима», «Сабыр ағай»
тәрізді әңгімелері жазушының ез кітаптарында ғана емес, балаларға арналған көптеген
коллективтік жинақтарда жарық керіп, оқырмандар жүрегіне жылы ұялады. Жазушының
әңгімелері алғашқы сөйлемдерінен бастап-ақ оқушыларын баурап алады, аяғына қалай тез
жеткеніңді байқамай қаласың, қызықты, бояуы қанық, шебер өрнектеліп өрілген дүниелер.
Ә.Қалдыбаев балаларға арналған шығармалардың тақырыбын таңдауда да білгірлік пен
сезімталдық танытып келеді. Осы күні жастарымыздың мінез-құлқында жағымсыз
қылықтардың пайда болуы бір жағынан біз олардың бойына халқымызға ежелден тән
мейірбандық, қайырымдылық, бауырмалдық, өзара сыйластық, кішіпейілдік секілді асыл
қасиеттерді дарыта алмағандығымыздан шығар. Халқымыздың осындай қасиеттерін қанына
сіңіріп өскен аға ұрпақтың бейнесін жас ұрпаққа көркем сөз құдіретімен үлгі етіп тарта
білмейтіндігімізден болар.
Осы тақырыпта да Әлдихан тың ізденістерге барды. Ол жасаған ауыл қарты Шаншар
атайдың бейнесі - қазақтың балалар әдебиетіндегі жаңалық деп қабылданды. Адам психологиясын, қарттар қасиетін жетік білетін, олардың тілін алып, ақылын ардақтап, қамқорлығын
көріп ескен жазушы Шаншар атайдың бейнесін әңгімеде де, повесте де, пьесада да әсерлі етіп
айшықтаған, балалардың сүйікті тұлғасын сомдай білген. Біздің Абай атындағы облыстық
драма театрымызда қойылған «Шаншар атай» спектаклі балалар мен жастарға арналған
спектакльдердің В.И.Лениннің туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырған Бүкілодақтық
байқау-конкурсында бірінші орынға ие болды.
Әлдиханның балалар әдебиеті ғана емес, жалпы қазақ әдебиетіне елеулі үлес болып қосылған
дүниелері - оның солдат өміріне арнап жазып келе жатқан шығармалары, «Ата», «Байнаш солдат», «Мишка - менің досым», «Менің ағам - солдат», «Көк қозы» әңгімелері, «Солдат болу
оңай ма?» повесі жалпы қазақ әдебиетінде сирек жазылып жүрген тақырыпты автордың жетік
меңгергенін дәлелдейді, жас ұрпаққа әскери-париоттық тәрбие берудің көркем құралы болып
табылады.
Осы жарты ғасырлық ғұмыры ішінде өмірдің сан алуан селді ағыстары Әлдиханның мөлдір
сезімін ылайлай алмағанына өз басым таңданам да, сүйсінем де. Ол қай сәтте де ішкі
пендешілік есепсіз, амал-айласыз, қулықсыз, сәби көңілмен ағынан жарыла отырғаны.
Кейбіреулердің бірер кітап шығармай жатып, кеудесіне нан пісетінін, қоғам алдындағы, қызмет
бабындағы негізгі міндеттерін мансұқ етіп, «маған тарихтан орын беріңдер!» деп жар
салатынын да көріп жүрміз. Ал Әлдихан болса пәлендей бір іс тындырдым деп міндетсінбей,
журналистиканың зейнетінен гөрі бейнеті көп «қара жұмыстарын» шәкірт баладай «ләппай!»
деп шапқылап атқарып жүргенін, жұмысқа ерте келіп, қажет болса түннің бір уағына дейін көз
майын тауысып, ертең газет бетінде жарияланатын жолдардың әріп қателеріне дейін шұқшия
үңілетінін керіп жүрміз. Шағын мақалада біз оның журналистиканың алуан жанрында сіңірген
еңбегін айтуға орын таба алмай отырмыз. Ол өз алдына үлкен мәселе.
Әлдиханның оқырманға ұсынар ой-толғаулары әлі де ұшан-теңіз. Қазір «Жалын» баспасы
оның келемді жаңа кітаптарын қазақ және орыс тілдерінде көп мың дана етіп басып шығаруға
әзірлеуде. Оның сәбидей мөлдір сезімінен қалың оқырманға, әсіресе, біздің болашағымыз - жас
қауымға мол рухани қуат беретін талай-талай жаңа шығармалар туатынына біз кәміл
сенімдіміз. Ол қазір жазушылық талантының әбден толысқан шағында.
«Еңбөк туы» газеті. 3 қазан, 1989 жыл.
БАЛАЛЫҒЫН ҰМЫТПАҒАН БАЙЫПТЫ ҚАЛАМГЕР
Мәдина КӨБЕЕВА, ақын.
Литвалық ақын Эдуардас Межалайтис: «Қолына қалам алған әрбір қаламгер не жазамын?
Қалай жазамын? Не үшін жаза-мын?» - деп өзіне өзі үш сұрақ қоюға тиіс» - дейді. Солай деп
құптар болсақ, біздің жамбылдық жазушы-драматургіміз Әлдихан Қалдыбаевта өзінің не
жазатынын, қалай жазатынын, не үшін жазатынын ерте айқындаған қаламгер. Оның әр
шығармасында балаң балалықтың үні, жастық шақтың жыры, соғыстың сұрапыл ізі, ерте
есейген көңілдің сызы және ең бастысы асқақ адамгершіліктің жаныңа қуат берер нұры
бар.1939 жылы Шу ауданының Кербұлақ ауылында дүниеге кел-ген Әлдихан Қазақ
мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, 1963 жылы еңбек жолын мұғалім
болудан бастайды. Еңбек ете жүріп өзінің балғын балалық шағының көңілде қалған көгілдір
суреттерін көрікті оймен қағазға түсіре білген. Өйткені Әлдихан ағаның балалық шағы өзі
айтқандай, «көп оқиғаларға толы, суретке бай» болып өткен. Өмірінің үзіктеріндей әр сәт өзінің
қилы-қилы қызықтарымен есінде сақталған.
- Балалығым Ұлы Отан соғысына түспа-түс келді. Бұл сұрапылға біздің отбасымыздан екі
адам қатысты. Біреуі менің туған ағам Бекет болса, екіншісі нағашы ағайым Әлдижан еді. Бекет
ағам өте бір батыл, өжет, қайырымды болып өскен еді. Ол соғысқа өте ерте, әкемнің орнына
кеткен. Әкем аурушаңдау болған. Соғысқа алып жатқандарды түгендеп «Смағүлов Қалдыбай»
деп шақырса Бекет ағам: «Сіз тұра беріңіз, мен барам» - деп сапқа тұрып кете барған екен, дейді өткен өмір белестерінің бір сәтін еске түсірген Әлдекең - содан соғысқа кеткен екі
ағайымның, біреуі ауылға келіп қайтыс болды, біреуі қайтпай қалды.
Міне, осы оқиғаның бәрі жазушының «Шаншар атай» повесінің желісі болған.
Әлдихан Қалдыбаевтың тұңғыш кітабы «Көк дөңгелек» 1962 жылы жарық көреді. Содан бері
талантты жанның жылдармен қанаты да қатайып, қаламы да марқайып, талай-талай таңдай
қаққызар шығармаларды тудырды. Атап айтсақ, «Қос тентек» (1964), (Су тасушы Әшірбек»
(1969), «Байнаш - солдат» (1969), «Мишка - менің досым» (1973), «Өзен жағасында» (1975),
«Солдат болу оңай ма?» (1975), «Менің ағам - солдат» (1980) секілді көптеген дүниелерді
дөңгелетіп, оқырмандарына ұсынып, жүрегінен жол таба білді. Ал кейіндері драматургияға
құлаш ұрып «Сәлім-Сәлиманы» дүниеге әкеліп, оқырмандарын тағы бір қуантып,
көрермендерін таңдандырды. Өзінің қаламы қарышты, тереңнен тербейтін, адамгершіліктің ақ
туын биік көтеретін қаламгер екендігін тағы да бір танытты.
Иә, қазіргі таңда Жамбыл қаласында он алты Жазушылар Одағының мүшесі тұрады десек,
солардың көш басында келе жатқандардың бірі - Әлдихан Қалдыбаев. Өзінен кейінгі
ізбасарлары, жас ақын-жазушыларға ағалық қамқорлығын, жазушылық жанашырлығын
танытып жүрген де осы Әлдихан ағай. Міне, осы тұрғыда жазушыны жастардың, мектеп
оқушыларының арасынан жиі көруге болады. Оқушыларға ақыл-кеңесін айтып, кейбір шешімін
күтер істерге облыстық мәслихаттың депутаты ретінде қолұшын беріп те отырады. Дәл осы
мәселені №48 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп туралы айтуға болады. Мектептің қазақ
мектеп болып қайта құрылуына Әлдихан Қалдыбаев редакторлық ететін «Ақ жол» газетінің
үлесі аз болмады десек, оның негізінде жазушының жанашырлығы жатқаны да анық.
Міне, жақында осы аталмыш мектеп ұжымы, оқушылары өздерінің сүйікті жазушылары
Әлдихан ағаларымен кездесу өткізді. Оны мектеп директоры Ұлбала Баялішқызы ашып,
жазушының өмірбаяны, шығармашылығы, өздерінің мектептеріне қосқан үлесі жайында айтып
етті. Кездесу қалалық балалар кітапханасы қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылып,
кітапхана қызметкерлері кешті жүргізіп отырды. Сөз алған кітапхананың бөлім меңгерушісі
С.Орманова, мұғалімдер жазушыға шығармашылық табыс тілесе, оқушылар «Шаншар атай»,
«Көк дөңгелек», «Қисық шыбық» атты шығармаларынан сахналық көрініс көрсетіп, көптеген
сұрақтар қойды.
Кездесуде жазушы балаларға жазудың қыр-сырын ақтарыла әңгімелеп, өткен өмір жолына,
әсіресе, балалық шақтың жадында қалған бал суреттеріне кеңінен тоқталды. Кездесу қызықты
да есте қаларлықтай әсерлі болып өтті. Соңында жазушы-драматург Әлдихан Қалдыбаев
оқушыларға қолтаңба берді. Ал мектеп ұжымы болса, ағаларына ескерткіш сыйлықтар
тапсырды.
«Жамбыл-Тараз» газеті. 30 мамыр, 1996 жыл.
ТАБИҒИ ТАЛАНТ ИЕСІ
Жорабай МОЛДАҚҰЛОВ, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің
оқу саласындагы озық қызметкері, әдебиетші.
Әлдихан Қалдыбаев 1939 жылы Жамбыл облысының Шу ауданындағы Кербұлақ ауылында
дүниеге келген. Ол орта мектепті бітіргеннен кейін, 1958 жылы Қазақтың мемлекеттік
университетінің филология факультетіне оқуға түседі. 1962 жылы сол факультетті бітіруге
жақындағанда «Көк дөңгелек» деген суретті кітапшасы жарық көреді. Сол жылы «Қос тентек»
атты жинағы баспаға әзірленеді. Жинақ жайлы қазақ-совет балалар жазушылары Бердібек
Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаевтар бір ауыздан қазақ балалар әдебиетіне тағы бір талантты
жас қаламдас келді, деп жылы пікір білдірген.
Әлдиханның алғашқы аяқ алысынан талантты балалар жазушысын таныған жоғарыда
есімдері аталған қаламгерлердің ешқайсысы да жаңылған жоқ.
Әсіресе, Әлдиханның жазушылық талантының жарық сәулесін көре білген, оның бағасын
дұрыс айтқан жазушылардың бірі - Бердібек Соқпақбаев. Ол былай деді: «Менің байқауымша,
алғаш бастап жазатындардың көпшілігі әуелгі кезде балалар, жастар баспасөзін жағалайтын
тәрізді. Содан бәрі бірдей балалар жазушысы болып қала бермейді, әрине. Ес біліп алған соң,
кейбірі әдебиеттің басқа саласына ауысып, өз жолын табады. «Тас түскен жеріне ауыр» - деп,
дәм татқан босағадан табан аудармай осы салада жемісті еңбек етіп, балалардың төл жазушысы
болып қалатындары да бар. Осындай сөзіне берік автордың бірі - Әлдихан Қалдыбаев».
Әлдихан балалар өмірінен шығарма жаза бастаған кезде Бердібек Соқпақбаев қазақ
әдебиетіндегі ең мықты балалар жазушысы болатын. Оның «Менің атым Қожа» атты
классикалық дүниесі республика балаларының сүйіп оқитын шығармасы. Оны кітап та, кино
ленталары арқылы да оқып, көріп әбден мәз-мейрам болғанбыз. Ол - сондай биік сұраныстан
әлі де түспеген шығарма.
Осындай керемет кітап жазып, шығармалары еле танылып жүрген үлкен Аға жазушының
пікірі бәрімізді қуантты.
Мен Әлдиханмен бірге қатар өмір кешіп келе жатқан адаммын. Сондыктан
шығармашылығына қанықпын.
Әлдекеңнің қаламынан әр жылдарда «Шаншар атай», «Қос тентек», «Рахима», «Оқуды
аңсаған Арал», «Бауыржан деген бала бар», «Сағындым сені, інім» атты повестерімен бірге
көптеген өңгіме, ертегілері дүниеге келді.
«Шаншар атай» - Әлдиханның келемді де қызғылықты, шытырман уақиғаларға толы
шығармаларының бірі.
Ол Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Сапарғали Бегалиннің «Сәтжан», Мұқан
Иманжановтың «Алғашқы айлар», Сәуірбек Бақбергеновтың «Бір кешенің бойында» атты
шығармаларының деңгейінде, кей жерінде олардан биік те тұрған туынды.
Повестің сюжеттік желісі Шаншар атайдың кемпірі Әлипаны Шәкір мен Әлденнің көк
сиыры сүзіп, өлтіре жаздауынан басталады. Шаншар атай кек сиырдың мүйізін арамен кесіп
тастамақ болып, байлатады. Әлден сиырды шалға білдірмей босатып жібереді. Сөйтіп біріненбірі туып, туындап отырған уақиғалар өрби береді. Өрби береді.Әлдиханның көк сиырының
қимыл-әрекеті ертегілердегі ғажайып дию, перілердей үрей туғыза отырып оқылады. Арасында
Тұрсынмен болған күлкілі оқиғалар баяндалып, көк сиырдың сүзегендігімен бірге ақылдылық
танытатын шақтарын да әдемі, әсерлі етіп суреттейді.
Долданған көк сиырдың астына түскен Тұрсын ой тоқтатады:
«... осы пәлені жұрт ақылды деуші еді, жалынсам, бір септігі тиер ме екен, қой не де болса,
жалынайын».
Тұрсын енді зердесіндегі барша әдемі сөзін айтып жалына бастайды:
- Ананайын көк сиыр! Жәкетай көк сиыр! Құлдық қылайын, көк сиыр! Бұл сөздер маңқа
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 13
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.