Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 01

Total number of words is 3763
Total number of unique words is 2285
26.6 of words are in the 2000 most common words
38.9 of words are in the 5000 most common words
46.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
МАЗМҰНЫ
Бірінші бөлім
Өз қоржынымнан
Көңіліміздің көгіндесің, Жамбыл ата
Ән мен жырдың кені
Бала жанының бағбаны
Пионер жазушысы
Өмір жыршысы
Жақсы аға
Өрелі өнерші
«Күміс қоңырау» сыңғыры
Өмір-өзенді өрнектеген
«Көктебедегі кездесу» - Жамбыл сахнасында
Сөйленбеген сөз
Азамат. Ақын
Ар-аға
Біздің Бәкең
Өнерің өрге жүзсін Сәке!
Әбекең-бір әлем
Тұнық талант еді
Ақпейіл
Жазаберіңіз, Әлеке
Еңбекқор қаламгер
Аяз ақын
Жаны ізгі іні
Ауыл адамын асқақтатқан
Жастар қызыға оқитын шығарма
Сауытбектанудың сауаташары
«Ұшқан ұя» - ұлттық шығарма
Абайтанушы аға
Айна-қатесіз
Екі дүние айырығында
Мұратты мен енді таныдым
Әдебиет - ұланның ұлы ұстазы
«Ақ жол» - бақ жол
Екінші бөлім
Қаламдастар қорамсағынан
Рамазан Тоқтаров «Татымды талап»
Сатыбалды Нарымбетов «Бауырмалдық»
Бердібек Соқпақбаев «Сенің төл жазушың»
Машқар Ғұмар «Қадамы құтты қаламгер»
МақашҒұмар «Жас ұрпақтың жаны ізгі досы»
Кәрім Баялиев «Мөлдір сезім»
Мәдина Көбеева «Балалығын ұмытпаған бақытты қаламгер»
Жорабай Молдақұлов «Табиғи талант иесі»
Көсемәлі Сәттібайұлы «Балалық шақтың бал дәмі»
Мұрат Сыздық «Шынайы да шырайлы шығармалар»
Есенбай Дүйсенбайұлы «Бердібекберген батасын»
Елен Әлімжан «Қазіргі балалар әдебиетіндегі ең ірі тұлға»
Ғабит Тұяқбаев «Балалық шақтың көркем шежіресі»
Айша Мұсахан «Танымын балалардың дөп басқандай»
Кәрім Баялиев «Өмір жыры»
Мекемтас Мырзахметұлы «Шындықтұнған шығарма»
Бақытяр Әбілдаұлы «Балалық шаққа ескерткіш»
Әділ Балта «Өмірдің өзі»
Қаржаубай Омарұлы «Нағыз балалықшақ»
Болат Үсенбаев «Шындықты шырақеткен»
Үшкемпір Сәдібекұлы «Өткеннің өзінен өрілген»
Рахметілда Құдабай «Кербұлақ толғауы»
Болат Бекжан «Ақбасты Алатау, Айқаракөз, ауыл-жұрт»
Қуаныш Ембердиев «Ұлт мәйегін бойына жиған үздік шығарма
Бақытяр Әбілдаұлы «Бұл кітапты міндетті түрде оқу керек»
Әлмұхан Исақ «Кемшілігіміз емес, ұлттық ерекшелігіміз»
Кәрім Баялиев «Сыйлыққа лайық»
Рахметілда Құдабай «Роман мені керемет сезімге бөледі»
Күмісай Асанова «Оқушылар романды аса жылы қабылдады»
Яқия Шынәсілұлы «Сахна ажары - сапалы пьеса»
«Шаншар атай» пьесасы туралы пікірлерден
Нина Давыдова «И невольно...»
«Большая советская энциклопедия». Ежегодник
Яқия Шынәсілұлы «Ашық айтылған ащы шындық»
Мақұлбек Рысдәулет «Замана запыраны»
Яқия Шынәсілұлы «Қайран Ынтықбай ағай-ай!»
Мұрат Сыздық «Парасат пен парықсыздық»
Дәулет Төлендіұлы «Әкімнің туған күні»
Бақытяр Әбілдаұлы «Өмір шындығының көркем кешірмелері»

Өз қоржынымнан
КӨҢІЛІМІЗДІҢ КӨГІНДЕСІҢ, ЖАМБЫЛ АТА!
Жамбыл - ақындықтың шыңына шыққан шайыр, жыр алыбы. Жәкең жырлары бір жарым
ғасыр тыңдаушысын да, оқушысын да тамсандырып, таңдандырып келеді, әлі де солай бола
береді.
Жамбыл - қанша оқысаң да тауыса алмайтын қазына, азаймайтын ақыл, өшпейтін өнегеөсиет. Ол - халқымыздың аса бай ауыз әдебиетінің үлкен арналы дариясы.
Жамбыл - халқымыздың ұлы перзенті.
Адам ұлылыққа халқына қалтқысыз қызмет көрсетуі арқылы жетеді.
Ақиық ақын мұны жақсы білген, білген де былай деген:
- Менің тамырларым - туған халқым, менің бұтақтарым - жырларым, менің жапырақтарым ұл-қыздарым. Мен - бар болғаны жүз жылдық терекпін, қартайғанда тапқан жарқын күнімді,
халқымның бақытын, ұл-қыздарымның бақытын жырлаймын.
Жамбыл өлеңмен ерте жолдас болған. Он жасында «Шағым» деген өлең шығарып,
келешекте от ауызды, орақтілді ақын болатынын аңғартқан.
Оқымаймын молдадан,
Не оқытпақ ол маған?
Бала келсе сабаққа,
Жем дәметкен дорбадан.
Ақ сәлдесін төңкеріп,
Көзін жұмып теңселіп,
Күн ұзынға боздаған.
«Дін - апиын» делінген коммунистік идеология тұсында жер-көкке сыйғызбай мақталған,
бүкіл молда атаулыны аямай сынаған делінген бұл өлең, әлбетте, бала Жамбылдың белгілі бір
молдаға көзқарасы еді.
Құлынында көкірегінен осындай өлең өрген балаға атақты Сүйінбай ақын былай деп батасын
береді: «Балам, өлеңің жүректің түкпірінен жарып шығатын болсын. Жырларың жекелеген
адамдарға ғана емес, бүкіл халыққа жағатын болсын. Сенің өлеңдерің адамдарға ақиқат пен
әділдікті айтатын болсын. Жырларың ел ішіне кең жайылып, ауыздан-ауызға таралып жүрсін.
Сенің өлеңдерің өзіңнің айналаңда болып жатқан оқиғалар жөнінде болсын. Басқалардың әбден
жауыр қылып, таптап кеткен жеңіл жолын іздеуші болма».
Жамбыл - ұлы ұстазының осы өсиетінің үдесінен шыққан ақын. Бата дарыған, болашағына
арналып айтылған осы асқақ, аяулы ойды өмір бойы ұстанып өткен адам ол.
Айырылдым арманымнан, қайран Бұрым,
Айдай ең толықсыған шапақ нұрың.
Алдандым, аяғымды шалыс бастым,
Білмедім жан ашымас аға сырын.
Бір-ақ ауыз өлең. Осында өмірдің ащы шындығы жатыр, ғашықтардың зары бар, ру намысын
жыртып, жас жүректі қан жылатқан би ағайын бар.
Өзі ақын, өзі айдай сүлу қыз Бұрымды Жамбыл алып қашады.
Сарыбай би екі ел татулығын желеу етіп, Жамбылдың махаббатын аяққа басады.
Мен Жәкеңнің екі шағын өлеңін оқырмандар есіне неге салып отырмын? Мұндағы айтпағым
- ақын өлеңдеріне өмір шындығы өзек болған. Жамбылдың бір де бір өлеңі «жоқ, барды,
ертегіні термек үшін» жазылмаған. Бұл - Жамбыл шығармашылығының ең басты, ерекше
қасиеті.
Жамбыл - алдына қара салмаған айтыскер ақын, ғұлама шежірелі жыршы.
Жамбылдың көркемдік палитрасы өте бай,
Ол өлеңнің жыр түрін жетік меңгерген, оны жаңа, Жамбыл белесіне көтерген. Оның
жырлары көлемді, халықтың дана сөздеріне, мақалдары мен мәтелдеріне мейлінше бай.
«Көрұғлы», «Манастың» бір тарауы, «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандарын
жырлаған. Соңғы екеуін Сүйінбай да жырлаған. Бірақ екеуінікі екі түрлі. Бұл - бір тақырыпты
бірнеше ақын жырлай беретін шығыстық үлгі көрінісі.
Жәкеңнің ел тарихының елеулі оқиғаларын кең қамтитын ұзақ жырлары өте көп.
Жыр - қазақтың батырлық эпосына тән өлеңдік үлгі. Өлеңнің бұл түрін Жәкең жақсы
меңгерген, әркез ұстанған. ¥лы ақын төгіп жырлағанда ұйқас түйдек-түйдегімен ағылған, ой
маржандары келісім тауып төгілген. Қазақтың кәдімгі он бір буынды қара өлеңін де қаға беріс
қалдырмаған. Дәл осы өлең түрінде әр сөзді орны-мен қолданған, шеберліктің үлгісін
көрсеткен.
Жамбылды жаттау керек. Абайдың «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегенін
Жамбыл да мұрат тұтқан дерсің. Тілімізді қазіргі мүшкіл халінен құтқаруға Жамбыл
жырларының қосар үлесі -өлшеусіз.Ұлы Жамбыл - ұлы Махамбет пен ұлы Абай тәрізді
өлеңмен бірге ән, күй де щығарған, кәдімгі қазақ мақтан тұтатын «сегіз қырлы, бір сырлы»,
«Жігітке аздық ететін жеті өнерге» жетік талант
Жамбылды оқу керек. Алып ақынның мол әдеби мұрасын игеріп, көркемдік тәсілдерін
меңгеріп, тілінің байлығына қанығу керек. Түйіп айтқанда, Жамбылды тану керек.
Шашасына шаң жуытпаған ақиық ақынды тану - ұлтының, оның өлеңін, өнерін тану.
Жамбылды қазақ қана емес, бүкіл әлем таныған, білген. Қызыл империя тұсының өзінде
Жамбыл Қазақстанның баламасы ретінде жер-жаһанға мәшһүр болған.
Бұл ретте қазақ халқының, әдебиетінің досы, белгілі орыс жазушысы Леонид Соболевтің
мына бір сөзін келтірген жөн болар.
- Жамбыл түсінде де өлең шығаратын болуы керек, бұл ғажап екен! Мен үш күнде Жамбыл
университетінен өттім, Жамбыл «тайниктерінің» көзін аштым. Жамбыл өнері - импровизация
өнері, өзі сол өнердің, поэзияның данасы екен, бұл расында жаны тірі, бізге керініп тұрған
Гомер екен, мұны көрген кісіде арман жоқ.
Жамбылмен үш күн бірге болғанда Л.Соболев осындай ой түйеді. Ал, біз Жамбылмен өмір
бақи біргеміз. Жамбыл - біздің абыз ақсақалымыз, ұлы тауымыз,
Жамбылтану - ешуақыт үзілмейтін, халқымызбен бірге жасайтын ілім, өнеге.
Бұл өркенді істі өрге бастыруда «Жамбыл» журналының көп іс тындыруы керектігі айтпаса
да түсінікті. Журналдың шығармашыл ұжымына бұл тұрғыда Тараздың жоғары, орта оқу
орындарының ғалымдары мен оқытушылары, мұғалімдері көп көмек бергені жөн болар еді.
Мен соңғы кездері өткізілген ғылыми-теориялық конференцияларда оқылған ғалымдардың
сөздерінің кітаптық нұсқаларына редактор болып, облыстағы ғылыми күштің жеткілікті әрі
әлеуетті екендігіне әбден көз жеткіздім. Бірақ, өкініштісі, олардың бір де біреуі Жамбыл
жөнінде жұмған аузын ашпапты. Бұл - үлкен олқылық. Конференциялар тақырыптары басқа
дерсіздер, иә, солайы солай, алайда оларда әдебиеттің бұрынғы, кейінгі, қазіргі өкілдерінің
шығармашылық қырларына талдау жасалынған, ал, Жамбыл ауызға алынбаған.
Жамбылдың өзі, оның айналысы, ақындық мектебі, ізін қуған шәкірттері - толып жатқан
тақырып. Осылардың бәрін ғалымдардан артық кім ашып көрсетпек.
ӘН МЕН ЖЫРДЫҢ КЕНІ
Ақын, жыршы, композитор, әнші Кенен Әзірбаевтың өмірі мен творчествосы - аса сирек құбылыс.
Бір басына осыншама өнер қонған және сол өнердің әр саласында ересен мол із қалдырған адам кешегі сахараның ұлы дарындары Біржанның, Ақанның, Мұхиттың, Балуан Шолақтың, Әсеттің шын мұрагері, әмбебап өнерпаздардың бірегей өкілі.
Кенен - талай алқа топта жыр төккен жүйрік ақын, бұлбұл көмей әншілігімен елді тамсандырған
айрықша талант иесі. Ұзақ өмірінің арқауы болған өнер жолына ол ерте түсті.
Жасымнан-ақ қиялшыл, ойшыл болдым,
Қарамай ат-тоныма тойшыл болдым, - дейді ақын.
Тағы бір өлеңдерінде айтылатынындай, ол он жасынан қолына домбыра алып, суырып салып өлең
айтқан, ән салған.
Кененнің әкесі Әзірбай ән салып, домбыра тартса, шешесі Ұлдар әншілігімен жақсы танылған
адам болған. Ол шешесінен ерте, жеті жасқа келгенде жетім қалады.
Жас өмірін жалшылықта, жоқшылықта, жетімдікпен өткізсе де, өнерінің арқасында Кенен ел
қатарына ерте қосылады. Ақындықты ардақ тұтатын, әншілікті айрықша бағалайтын халық сұңғақ
бойлы, ер мұрынды, қырғи тілді, бұлбұл үнді Кененге төрінен орын берген, жас балапанды
бүркіттей баулып, балақ жүнін түлетіп, алтын ұясынан ұшырған.
Атақты «Бозторғай» әнін шығарғанда Кенен он бір жаста екен. Ал «Ри, қойым» одан да бұрын шыққан.
Осыншама жас дарынның өзі сияқты жалшы бала өмірін соншама шыншылдықпен, соншама
тапқырлықпен, өлендік кестелік жүйемен, жүрек шымырлатар әсем әуенмен ғажап жеткізіп бере
білгені - біздің ғана емес, әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында да сирек кездесетін құбылыс.
Ол - туа біткен талант, феномен. Бала Кененнің тырнақалды туындылары сол кездің өзінде-ақ
сырлас, мұңдас, тағдырлас жалшы-малшылардың арасына тез тарап, қалың қауымның сүйікті
әніне айналады.
Ақынның қызық та аянышты тарихы бар, тапқырлығымен, өткірлігімен, шыншылдығымен
ерекшеленетін шығармасының бірі - «Көкшолақ» әні. Жал-құйрығын сүзілтіп жорға мініп, қалың
нөкерімен сән түзеп бара жатқан бай қызы, Көкшолағын тепеңдетіп жанаса беріп шырқай жөнелген
қойшы бала-жігіт - сол кездің ащы шындығын бейнелейтін керемет сурет емес пе! Бай қызынан
сескенбай, өрлеп сөйлеуі Кененнің өнер құдіретін ерте түсінуі болса, өсіп тұрған көңіліне демеу
бола алмаған шабан көкшолаққ арнаған сөздері ақынның өз тағдырына, өзі тәрізділердің
тағдырына айтылған ащы әзілі, кедейлікке кегі еді. Әрі күлкі, әрі драма. Бұл айтыс, ән-өлеңнің
ішкі мазмұны, сыртқы формасы кінәартсыз қабысып, үлкен-дарынды танытып еді. Осыдан
кейін-ақ Кененнің ақындығы мен әншілігіне жұрт тәнті болып, ол жиын-тойдың қызығы,
алқалы топтың базарына айнала бастайды.
Кенен 1900 жылы қырғыздың атақты манабы Шабданның асына барады:
Бұл асқа қатар жатқан бауырлас, ауылы аралас екі халықтың небір топ жарған жыршылары,
ақындары жиналады. Олардың арасында Жамбыл, Тоқтағұл, Қалмырза, Арқабай, Төкпе сынды
үлкен ақындар болады.
Әнші, жыршы, күйшілердің осы думанды жарысында Кенен сыйлықпен қоса Жамбылдың ақ
батасын алады. Ал Жәкеңнің өзі бас бәйгеге ие болады. Міне, осы оқиғадан кейін Кенен бай
малын бағуды біржола тастап, ақындық, әншілік, сазгерлік жолға түседі.
Ақ патшаның 1916 жылғы жарлығы Жетісу өңіріне келіп жеткенде Кенен өз алдына отау
тіккен, қазақ, қырғызға қатар танылған талант болатын. Ауылнай мен болыстар он тоғыз бен
отыз бірдің арасындағыларды хаттай бастағанда, «Қара жұмысқа адам бермейміз» - деп халық
бұқарасы көтерілді. Жетісу жерінде болған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын Бекболат
Әшекеев пен Әли Нұрғожаевтың бастағаны тарихтан жақсы мәлім. Сол жасаққа үгітші-ақын
болып Қордайдың қос ақыны Кенен Әзірбаев пен Есдәулет Қандеков қосылады. Кенекең үгітші
ғана емес, Әли батырдың сенімді серігі болған адам.
Кенен Әзірбаев бұл тұста патшаның жазалаушы отрядтарымен болған талай қанды
қақтығыстарға қатысады, қолға түсіп, құтылып та жүрді. Кейін Әли батыр бастаған көтеріліс
жеңіліс тапқанда Кенекең қатты күйзеледі. Туысқан қырғыз еліндегі достарын паналайды. Осы
бір қасіретті оқиғаларды реалистік тұрғыда бейнелейтін «Әли батыр» поэмасын жазды. Әйгілі
«Ой, бұлбұл», «Он алтыншы жыл» атты ән-жырларын шығарды.
Совет өкіметі орнағаннан кейін жерлестері оны ауылдық Советтің төрағасы етіп сайлайды.
Бұл жылдары Кенен ақын «Қосшылар одағын» ұйымдастырушылардың алдыңғы қатарында
жүрді. Туған халқына ән мен жырдан шашу шашқан ел қазақ ауылдарын советтендіру
жұмысына белсене араласты.
1921 жылы Кенен Әзірбаев Қордай болыстық революциялық комитетінің төрағасы болып
тағайындалады. Ревком бола жүріп және одан кейінгі жылдары ол Қазақстанның белгілі
басшылары Ораз Жандосов, Жұбаныш Бөрібаев, тағы басқаларымен жиі кездесіп тұрады.
Кенен Әзірбаев сол жылдары ауылды советтендіру жүмыстарын ойдағыдай білгірлікпен
жүргізумен қатар, халықтың бірден-бір сенімді үгітші ақыны болады. Бұл кездерде оның «Он
сегізінші жыл», «Октябрь», «Шырқа, даусым», «Шаңқ етпе», «Батырақтар әні», «Соқ-соқ
байларды» тәрізді белгілі өлеңдері жарық көреді.
Кенен Әзірбаев ел өміріндегі әрбір оқиғаға сергек үн қосьіп отырды. 1928 жылы арнаулы
тапсырмамен Шу өңірін аралап жүргенде ақынның отбасы үлкен қайғыға душар болады. Базар,
Назар деген үйелмелі-сүйелмелі екі бірдей баласы қапияда ше-шектен қайтыс болады. Егде
тартып, ел ағасы болған ақын бұл қасіреттен белі бүгіліп, қайғырып, көпке дейін үйінен
шықпай қалады. Атақты «Базар-Назар» әні осы кезеңде дүниеге келеді. Қатты қапа болып
жүрген Кененге қырғыз-қазақ ақындары, қалың халық егіліп көңіл айтады, қайғысының
жеңілдеуіне ықпал етеді.
1936 жылы ол республикалық ақындар слетіне қатысады. Кененнің слет кезінде шығарған
жаңа жырлары республиканың творчестволық өмірінде жаңа серпін туғызды. Және бұл өлеңдер
қазақ әдебиетінің алтын қазынасына үлкен үлес болып қосылды. Кенен сол 1936 жылы қазақ
әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен алғашқы он күндігіне барады.
Ұлы Отан соғысы жылдары Кенен Әзірбаевтың патриоттық әндері мен өлеңдері ел ішіне
Жамбылдың отты жырларымен бірге тарап жатты. Ақын бастаған мәдени-үгіт бригадасы
колхоз, совхоздарды тынымсыз аралап, өзінің отты жырларымен ауыл еңбеккерлерін
қанаттандырып отырды.
1943 жылы Жетісуда жасақталған үгіт бригадасының құрамына енген Кенен Әзірбаев
фашистермен арпалысып жатқан совет жауынгерлеріне барып, сәлем-сауқат тапсырды.
Концерт қойып, ән шырқады, күй шертіп, жыр тасқынын нөсерлетті. Совет солдаттарының
жеңістерін, қаһармандығын мадақтады. Жауды тезірек жеңіп қайтуға үндеді. Ал, ұлы Жеңіс
күні Кенен Әзірбаев Москваға шақырылды. Қызыл алаңдағьі Жеңіс құрметіне берілген
қызылды-жасылды салют астында тұрып, әуелете ән шырқады. Жеңіс жырын бар даусымен
жырлаған ақын үні кейін бейбітшілік тақырыбына ұласты. «Бейбітшілік - асыл сез», «Нұрлы
жаз», «Сенеді өз күшіне совет халқы», «Бейбітшілк ұраны» деген ән-жырлар шығарды. Бейбіт
өмірдің жаршысы, жыршысы болды.
Кенен творчествосының сан қырлы сыры мен сыйпатын айтқанда оның асқан айтыс ақыны
болғанын ерекше атап етуіміз керек. Айтыс - табан астында ойдан өлең өрбітетін өрен
жүйріктердің ғана үлесі. Кенекең мұндай өнерге жетік болған. Шәлипамен, Ләтипамен,
Кенжеқожамен, Әбдіғали Сартиевтер-мен айтыстары бұл айтқанымыздың анық дәлелі. Оның
үстіне Кенекең сәлемдесу, қақтығысу түрінде де біраз мұра қалдырған.
Кенен атамыздыңт ворчествосының өнімді бір саласы-дастандары. Ол оқиғалы-сюжетті
дастандар шығарып, оларды өзі әсем мақаммен жатқа айтатын болған. Халыққа кең тараған
«Шөпке барғанда», «Құдыяр», «Қырғызбай», «Әли батыр» дастандары бар.
Ұстазы Жамбыл сияқты Кенен де күлдіргі, көңілді аңыз, әңгімені майын тамызып, қисынын
келтіріп айтады екен. Ол, әсіресе, Жетісу өңірінің сал-серілерінің күлдіргі, қуақы, әзіләңгімелерін көп білетін шежіре кісі болған. Сонымен қатар Кенен жырларын, оның
орындаушылық қабілетін ой елегінен өткізіп, қарайтын болсақ, онда жыршы-жыраулықтың да
нышаны байқалмай қоймайды. Кенен атамыз өзінен бұрынғы және өз замандастарының өлеңжырларын жатқа айта білетін жырау да, Сүйінбай, Сарбас, Шөже, Шашубай өлең-толғауларын,
қырғыз ақындары Қалмырза, Оспанқұл, Әлімқұл жырларын өз әуен-мақамымен орындап
беретін тамаша жыршы да еді. Кенекең 1960 жылы Москвада өткен халықаралық
этнографиялық конгреске Лениндік және СССР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты,
заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовпен бірге барып қатысып, тама-ша өнерімен
конгреске қатысушылардың таңдайын қақтырған. Ұлы Мұхаңның: «Кенеке, мен Сізді әнші ғана
деуші едім, осыған дейін анық танымаған екенмін. Сіз күміс-көмей әншілігіңіздің үстіне әрі
ғұлама жырау, әрі әбжіл шешен, байтақ шежіре екенсіз. Халқымыздың аяулы өнерін шет
жұртқа жеткізген талантыңызға дән ризамын» - деген сөзі сол сапардан кейін айтылғанын еске
алу - біз үшін бүгінде зор мақтаныш.
Кенен Әзірбаев ақындық өнерде, жырда ұстазға кенде болған кісі емес. «Жетісу
ақьіндарының алтын діңгегі» атанған Сүйінбай мектебі, сол мектептің шашасына шаң
жұқпайтын дүлдүл жүйрігі Жамбыл Жабаев Кенекеңнің ет жақын бауыры, кемеңгер ұстазы
болды. Көрші қырғыз елінің төкпе жыраулары мен таңды-таңға қосқан манасшылар Кенен
өнеріне қосымша қыр, соны сипат қосты. Ал енді Кененнің сазгер, әнші, күйші болып
қалыптасуы өз алдына үлкен әңгіме. Анасының әлди әуенімен ән өнердің әліппесімен
жүздескен, халықтан, табиғаттан осынау мөлдір бұлақтардан жалғызсыраған көңілдің емін
тауып, алғашқы әндерін шығарған Кенен ат жалын тартып мініп, елмен араласа бастаған
шағында Арқаның ақ иығы Балуан Шолақтың Жетісуға келуі оның творчествосына үлкен әсер
етті. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай сияқты Арқаның ардақты ардагерлерінің
әндеріЖетісуға осы Балуан Шолақ арқылы жеткен. Бұл жөнінде ұлттық әдебиетіміздің
мақтанышы Сәбит Мұқанов өзінің «Балуан Шолақ» атты повесінде кең суреттеген. Сол жолы
Кенен және басқа да Жетісу ақындары Балуанның қасында бір жаздай болады. Құйма құлақ жас
Кенен Балуан Шолақтың оншақты әнін үйреніп алады. «Ыңғай көк», «Діңкілдек», «Сегіз
келін», «Қос барабан», «Қос пер-не», «Сұрша қыз», «Құлан кісінес», «Жайқоңыр»,
«Кенжеқоңыр», «Ғалия» әндері Кененнің орындауымен бүкіл Жетісу өңіріне, одан кейін
қырғыз еліне кеңінен жайылады. Міне, мұның барлығы жас Кененнің сазгерлік, әншілік
жолындағы алғашқы баспалдақтар, тағылымы мол мектеп болғаны сөзсіз.
Кененнің сазгерлік творчествосы сан қырлылығымен ерекшеленеді. Жиырмасыншы
жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың бас кезінде сазгерлер, музыка мамандары Кенен
әндерін ден қоя зерттеп, нотаға түсіре бастайды.
Кенекең барлық шығарған ән-күйлерін өзі тамаша орындаған. Өнердің санымен емес,
сапамен өлшенетіні - белгілі шындық. Кенен Әзірбаевтың творчествосы санына сапасы сай
болған. Тозу білмес, тотықпас туындылары Кенекеңді қазақ халық поэзиясының, сазгерлік,
әншілік өнерінің ең көрнекті өкілдерінің бірі ретінде бүкіл елімізге, одан тыс жерлерге де мәлім
етті.
Жылдар жылжып, тарих керуені алға тартқан сайын өзінің үлкен ақыны, композиторы,
әншісіне деген халықтың құрметі арта бермек. Мұндай ілтипаттан Кенекеңнің ешуақыт кенде
болмай-тынына біз анық сенеміз. Өйткені өзі айтқандай, ол - «халықтың бұлбұлы», ән мен
жырдың кені.
БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ
Қазақ жазушыларының ішіндегі балаларға арнап жазған, әрі ең нәрлі жазған жазушы
Бердібек Соқпақбаев десек, артық айтпаймыз. Бердібектің бұл қасиетін мойындаушы тек біз
емес, академик жазушымыз Сәбит Мұқанов Б.Соқпақбаевқа ашық хатында былай дейді:
«Құрметті Бердібек!
Мен сені қалам ұстаған күніңнен білем. Сен, сөз жоқ, қазақ прозасында соңғы оншақты жыл
ішінде көрінгендерінің ең таланттыларының бірісің. Әдебиет майданында сенің ерекше бір
еңбегің - қазақ тілінде балалар әдебиетін жасауға белсене ат салысып келе жатуың».
Бұған қандай сөз қоспақпыз. Тек бас изеу ғана керек. Бердібек - әдебиеттің әр саласында қаламы
жүрдек, сауатты, мәдениетті, талантты жазушы. Әдебиетімізге алғаш өлеңмен араласқан Бердібек ірілі-ұсақты оннан аса кітаптың авторы. Б.Соқпақбаев көптеген әңгіме, очерк, пьеса, бірнеше
повесть жазды. Мұның ішінде біз тек балаларға арналған шығармаларын ғана сөз етеміз.
Бердібек Соқпақбаев творчестволық жолын өлеңмен бастаған. Бұл еңбегінің жемісі - 1950
жылы жарық көрген «Бұлақ» деген өлеңдер жинағы. «Бұлақ» жинағына қырыққа таяу өлең
енген. Соның дені балаларға арналған.
Кіп-кішкентай кітапты оқып шыққанымызда аңғарғанымыз - Бердібек сол алғашқы
жинағымен-ақ балалар тілін, балалар психологиясын тамаша білетіндігін айқын көрсетеді.
Өлеңдерінің бәрі сорғалап тұрған поэзия деуден аулақпыз. Әйткенмен, «Шынықсын денеміз»,
«Шалғынбай», «Сауысқан» сияқты өлеңдері күні бүгінге деиін балалардың аузынан түспей
жатталып келеді. Ол неліктен? Өйткені Бердібек не жазса да нағыз балаларға түсінікті ойнақы
тілмен жазады. Бас-аяғы екі-ақ ауыз «Сауысқанды» оқып шығайық:
Ала қанат сауысқан, Қутыңдаған сауысқан. Құлақ түріп жалтаңдап Тыңтыңдаған сауысқан.
Екі қарап, бір шоқып,
Секеңдеген сауысқан.
Құс ішінде қусың-ау
Жауыр көрсе жабысқан.
Мейлі бала, мейлі үлкен жаттап әуре болатын емес. Өзі жатталып тұр. Сауысқан дәл алдында
секеңдеп жүргендей сезіледі. Тұрған бойы динамика.
Бердібек өлеңдерінің көбін сюжетке құрып жазыпты. Бұлар болашақ прозаиктің сюжетті
шығармаларға жасаған алғашқы қадамдары іспетті. Сюжетті өлеңдері: «Мұқаш», «Жағал ешкі»,
«Ақылды бала», «Оқиға», «Жүзгіш Жолдыбек», «Мұғалім», «Москваға саяхат».
Бұлардың әрқайсысының-ақ кезінде балаларға тәрбиелік мәні болғаны мәлім. Бірақ пәлендей
өміршең өлеңдер емес. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын жазушы мұны өздігінен сезген
де, осы тәуір-ау дегендерін жеке әңгіме яки повестеріне эпизод қылып жіберген. Сөзіміз жалаң
болмас үшін «Жүзгіш Жолдыбектің» «Балалық шаққа саяхат» повесінде жеке эпизод екенін,
«Мұғалімнің» «Жекпе жек» повесінде ұшырайтындығын, «Москваға саяхаттың» «Бақыт жолы»
деген әңгіме боп қайта жазылғанын айтсақ та жетіп жатыр.
Бір ескеретініміз Б.Соқпақбаев бұл аталған өлеңдерін сол бойында қара сөзге түсіріп қана
қоймаған, кейбірінің идеясын ғана алған, ал кейбірін ысылған қолмен илеп тұрып жұтындырып
жіберген.
Аталған өлеңдер нағыз шешімін таппаған. Өмірде болған оқиғаларды айна-қатесіз көшірген
де қойған. Бәрі дағы жеріне жетпеген. Ол заңды да болса керек. Өйткені жас жазушы жаңа
бастағанда тек өмір фактілеріне жүгінетін сияқты. Мұны жас жазушылар кеңесінде М. Горький
де айтқан болатын, «Өмір фактілерін көп жинау керек» деген. Ал соны қорыту жағының
жетіспеуі, әрине, тәжірибесіздіктен. Қуанарымыз сол - Бердібек өмір фактілерін аяққа баспай
қайта оралып тамаша шығармалар өте білді.
Балаларға нағыз қажетті сатиралық өлеңдер де аз да болса бар. Олары сәтсіз де емес.
«Әлемге аты әйгілі» Шалғынбай бала талай Шалғынбайларды қып-қызыл етіп беттерін
дуылдатқан өлең. «Шалғынбайды» жаттап алып, керексіз жерге атын жазған балаларды
әжуалаушы ек.
Бүгінгі санасы, ой-өрісі, қиялы - романтикасы өскен балаларға бұл өлеңдер төменде қалған
шығар. Жазушының бір кезде жүріп өткен жолы ғой. Сол тұрғыдан ғана сөз еттік.
***
«Хат» бас-аяғы екі параққа толмайтын шағын әңгіме. Осы титтей әңгімеде әдемі жарастықты
шындық бар. Жоғарғы сынып оқушыларының бір сәт жылт еткен махаббат сезімі бар. Бұл сезім
Шолпанды өжеттендіріп жібереді. «Не жазғанын білем» деп қутындаған Әріпбайға былай
дейді:
Білсең, біле бер!
Осы үш сөз әңгіме түйіні. Қандай тамаша аяқталған. Осы үш сөзде алғашқы махаббатты
мойындаушылық қуанышы асқақ айтылып түр.
«Жолда» жинағына енген «Нағашы», «Бекең», «Аналар мен балалар» әңгімелерінің үшеуі
дағы төрт аяғын тең басқан шығармалар. Ал «Бекең» әңгімесін қазақ балалар әдебиетіндегі
ерекше туынды деу керекБекең - еңбек адамы. Орденді қарт коммунист. Зейнетке шығудан ат
тонын ала қашады. Бекеңді ірге тасын өзі қалап етене боп араласып кеткен сүйікті заводынан дәрігерлік
комиссия еріксіз тайдырып отыр. Бекең үйге бір-ақ күнде қартайып келді. Бекеңнің сондағы күйіппісіп, әбігер боп жүргені - зейнетке шығарған дәрігерлік комиссия. Бұған разы болған кемпіріне:
- Мен жұмысты аштан өлермін деп істеп жүр ғой деймісің?
Жоқ, елде, байлық іздеп жүрмін бе?
- Сонда жөні сенің қасыңда қазан күзетіп қарап отыру екен ғой,
-деп жатып кейиді.
Бекең қояр да қоймай жүріп цехтың құрылыс материалына күзетші болады. Сүйікті цехын көріп,
жаңалығын біліп кетуге келіп, Бекең үлкен қуаныш үстінен шығады. Осы қуанышын айтқанда
кемпірі сыйлық дәметіп қуанып қалады, (Сірә, Бекең талай рет сыйлық алып дәндеткен болуы
керек).
Үзінді келтірейік:
- Жақсы болған екен, - деп жайнаңдап кетті Күлсім, - немене, бәйгі, бірдеңе алдың ба?
- Әй, кемпір-ай, сенің көкейіңді «алдың ба» теседі де тұрады.
Ештеңе де алған жоқпын. Әлгі бір Николай деген шәкіртім жөнінде өзіңе айта беруші едім ғой. Сол
темір кесудің жаңа бір әдісін ойлап тауыпты... Енді, кемпір, әлем еңбек үнемделіп, енім пәлен есе
артпай ма. Ал сен мұны түсінбейсің, өмірден артта қалып барасың дейтінім де осындайдан ғой...
Бекең - үлкен гуманист, патриот, рптамист. Өмір ағымынан қара үзгісі келмейді. Біздің елімізде
еңбек - қуаныш, бақыт. Міне, осыны паш етеді жазушы.
Үлкен герой-шығарманың идеялық, интеллектуалдық өзегі. Ол оқушыға жазушының идеясын
поэтикалық ойға бөлеп жеткізуші. Сол үлкен геройдың өзі ете сүйкімді, мінезі қызық болғаны жөн.
Балалардың Алдаркөсе, Қожанасырды сүйетінінің өзі осында емес пе. Бізде мұндай шығармалар
жоқтың қасы. «Бекең» әңгімесін ерекше атап отыруымыздың сыры осы.
«Бекең» сиякты шығармалар көбейе түссе шіркін!
Мектеп жасына дейінгі және төменгі класс оқушылары үшін Бердібек алғаш қалам ұстаған
күннен жазған. «Жол», «Саша», «Колхоздан келген қонақ», «Шал мен бала», «Жасырынбақ»,
«Компас» әңгімелерін сәбилерге ертеде тарту еткен. Бәрі де өмірден ойып алып жазылған,
дөңгеленіп тұрған шығармалар. Сәбидің тәтті қылықтарына ойнақы қан жүгіртіп тамаша әңгіме
еткен.
Бірақ, осыларда бір ақау бар. Ол - оқиға қуушылық. Балаларға қызықты қылып әңгімелеп беруге
келсек, Бердібек қазақ балалар әдебиетінде алдына жан салмайды. Сол ойнақы тілімен
балдырғанның кішкентай қылықтарын әңгіме дәрежесіне жеткізіп жібереді.
Бердібек Соқпақбаев кейінгі кезде «Балдырған» журналында қызмет істеді. Бұл жылдары
жазушы балақайларға бірнеше қызықты шығарма тарту етті. «Балапан торғай», «Ағаштар неге
ашуланды?», «Жексен», «Жалғыздық» әңгімелері, «Аяжан» повесі - осы жылдар жемісі.
«Аяжанды» повестерін талдағанда сөз етеміз. Әңгімелерінің алғашқы екеуі балаларды табиғат
байлығын сүюге, жасыл бақтың досы болуға шақырады. Сол идеясына романтикалық ғажайып
сюжет құрған.
«Жексен» мен «Жалғыздықтың» айтары - біреу. Ол «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп
адас». Жоғарыда өзіміз айтқан ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Дараланған
геройсымақтарды түрлі әдістермен бармағын тістетіп өкіндіреді.
Бердібек негізінде шебер әңгімеші. Әңгімелері созылып жатып алмайды. Бас-аяғы жұп-жумыр,
уақиғаны шашыратпай, бір идеяның төңірегіне жымдастырып жібереді. Әңгімелерінің қай-қайсысы
да үлкен жүрек әмірімен жазылғандығы сезіледі.
* * *
Жазушылық жолын өлеңмен бастағанмен Бердібек қазақ балалар әдебиетінің проза жанрына үлкен
үлес қосты. Бұл саладағы сүбелі шығармалары - повестері. Жалпы, Бердібек - өндіріп жазатын
жазушы еді. Бақандай-бақандай бес повестің авторы.
Жазушының «Менің атым Қожа» повесі тек қазақ балаларының ғана емес, бірнеше одақтас
республикалар балаларының сүйікті шығармасына айналғаны бәрімізге аян. Повесть оншақты тілге
аударылды. Бердібекті повесть жазудың асқан шебері деуге болады. Алғашқы повесі «Он алты жасар
чемпион» жазылғаннан кейін он жыл ішінде бес повесть жазуы жәйдан-жәй емес.
«Жекпе-жек». Осы алғашқы повесін жалықпайтын жазушы түгелдей толықтырып қайта жазды.
«Жекпе-жек» спорт тақырыбына арналған шығарма. Повестің бас кейіпкері Мұрат Батырбаев бокстан халықаралық студенттер жарысында дүниежүзінің чемпионы атағын алған қарапайым қазақ
баласы. Міне, осы Мұраттың өсу жолын, оған ұстаздық етуші бапкер украиндық Денисенконың
қажырлы еңбегін, спорттан ныспы, тоғышар Тоқмолда директордың қиямпурыс қылықтарын жанжақты баяндайды.
Мұрат әуелі өткінші жаңбырға төзбей ауырып қалған нәзік,
16
қатпа бала. Спорт Мұратты болаттан берік етіп шыңдап, қайта жасаған. Повестің соңында
дүниежүзі чемпионы. Мұраттың есу жолын көрсетуге Бердібек әдемі бір өлшем тапқан. Ол білек күшке мыкты, едірең Садық.
Директордың баласы айбынды Садық әркез жасытпақ болып Мұратқа тиісіп жүреді.
Бойында жігер оты бар, қоңаштауға төзбейтін Мұрат алғаш боксты осы Садықтың көп
қорлығынан құтылу үшін үйренеді. Ата-ананың аясында ілмиіп нәзік өскен Мұратты алғаш
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 02
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.