Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 16

Total number of words is 3951
Total number of unique words is 2327
29.3 of words are in the 2000 most common words
41.7 of words are in the 5000 most common words
50.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сені «әке» демей, кімді «әке» дейін?!
Ұрмай, ұрыспай, бір қарасыңмен-ақ шексіз-шетсіз тәлім берген, тереңім-ау, сені «әке» демей,
кімді «әке» дейін?!
Өзіңді ұмытып, біздің тілеуімізді тілеп отыратын қамқорым-ау, сені «әке» демей, кімді «әке»
дейін?!
«Әлдеш, абайласаңшы», - дейтін ақылдым-ау, сені «әке» демей, кімді «әке» дейін?!
Әкемді ақтық сапарға шығарып салып келіп, жұрт аяғы саябырсыған кезде күйеу бала Бағдаштың жолдасы Жақсылық айтты:
Аға, тура атамның айтқаны болды.
Не айтып еді?
- Өлердің алдында атам: «Қап, қайран балам қор болатын болды-ау! Мен өлемін, Алданыш
келеді. Ел-жұрттан ұялып «әкем-ау!» - деп жылай алмайды. «Жезде» - деп айтқысы келмейді,
солқылдап жылайды», - деді. Дәл солай болды».
Осы жолдарды оқырманның бей-жәй қабылдамайтыны сөзсіз. Өмірдің шындығын ойып
алып көркем берген шеберлік деген осы болар. Шынайы психологизм деген осы болар. Ес біліп,
етек жапқалы өз әкесін біле тұра амалсыз «жезде» деп өскен баланың елуді еңсергенде де
шындықты дәл атай алмай еңіреген, талай оқырманын да еңіреткен жазушының
адамгершілігіне, сөз сараптау жөнінен ұсталығына, кейіпкерінің мінез-құлқын, түр-тұлғасын,
бүкіл әрекет болмысын, туған жерінің табиғатын қағаз бетіне сомдап құя салғанына еріксіз
елжірейсіз. Романды оқыған үлкен де, кіші де басты кейіпкер Алданыш - Әлдештің өсе келе кең
пейіл, зерделі ойшыл адам, мал, жер танығыштығы ерен, Отан деген үлкен ұғымға жетектеп
апаратын отбасын, туған ауылын, туған елін жанындай жақсы көретін бауырмалдығы, ең
бастысы - адамгершілігі үлкен, шын мәніндегі Адам болатындығын бүкіл ет жүрегімен сезінеді.
Романның эстетикалық қуаты да, тәрбиелік мәні де, құндылығы да осында. Бұл даусыз. Қазақ
әдебиетіне орны бөлек, бітімі ерек-ше бірегей көркем туынды келді. Ұлы орыс ақыны
Александр Пушкин жазғандай, Әлдихан Қалдыбаев өнер алды саналатын көркем сөзбен өзінің
балалық шағына, ата-анасына, бауырларына, ауылдастарына, сол кездегі өміріне куә
болғандардың барлығына қолдан келмес ескерткіш орнатты.
ӨМІРДІҢ ӨЗІ
Әділ БАЛТА, жазушы.
Балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевтың басты кейіпкері «Мен - апамның баласымын»
деп айғайлап тұрған романы қолыма тигенде, таң қалдым. Бұрын-соңды балалар туралы
жазылған романды, шынын айтсам, оқып көрмеппін. Балалар жазушыларының көбі роман
жанрына бара бермейді. Неге екені белгісіз. Мәселен, балалар әдибиетінің ауыр жүгін арқалап
жүрген Тынымбай Нұрмағамбетов, Шәкен Күмісбай, Қаржаубай Омаров, Құрманбай Толыбай
ағалардың ешқайсысы бұл жанрға қалам тартпаған. Атақты Бердібек Соқпақбаев та солай.
Повестен әрі аспады.
Ал Әлдихан аға роман жазыпты. Роман болғанда қандай... 15 баспа табақ. «Отырар
кітапханасы» сериясымен 2002 жылы жарық көріпті. Редакторы - белгілі ақын Несіпбек Айт.
Астанадағы «Регис Ст-Полиграф» баспасында басылған. Қаламгер ағамыздың мұнысы - ерлік,
әрине.
Тек бір қарын ашатыны - кітаптың таралымының тым аздығы. 2000-ақ дана. «Республика
бойынша миллиондаған баланың қайсысына жетеді?» деп ойлайсың.
Енді романға келейік. Бас кейіпкері - Алданыш дейтін бала. Жетінші сынып оқушысы.
Романдағы бар оқиға сол Алданыштың төңірегіне жинақталған.
Алданыштың басқалардан ерекшелігі - намысқойлығы, өз ар-намысы үшін жан беретіні.
Өтірікке, екі жүздікке жаны қас. Айта берсек, мысал көп. Ертең оқуға жүрем деп отырғанда
аяғын сындырып алып, төсекке таңылады. Оған бірден-бір себепші - жоғарыда айтқан
намысқойлығы. Вовамен атпен жарысады. Вова бұдан көш ілгері озып кетеді. Алданыш
намысқа тырысып, атқа қамшы салғанда, аты тайып жығылады.
Екінші... Шәкен екеуі өзенге тас домалатып ойнап жатады. Ар жағын автордың өз сөзімен
берейік. «Мен қанша тас домалатсам да бірде-біреуі өзеннің өзі тұрмақ маңайына да жолай
алмады. Ызам келіп, жан-жақтан жақсы домалайтын тас іздей бастадым. Үлкендігі үйдей қой
тастың дәл ернеуінде жатқан бір әдемі домалақ тасқа көзім түсті. итеріп едім, қозғалмады. Қу
намыс сақтықты ұмыттырыпты. Тасты екі қолыммен мықтап ұстап, қатты итеріп кеп қалдым...
Тас лып етіл домалап кетті. Екпінімді тоқтата алмай мен де ұштым тас басынан. Ылдиға тас та,
мен де домалай жөнелдік...» Нәтижесі белгілі, әрине. Алданыштың бет-аузы қызыл-жоса қан
болуымен аяқталады.
Шағын мақалада қалың романның бар оқиғасын сүзіп шығу қиын. Әйтсе де мынау оқиғаны
айтпай кетуге болмас. Оршыбек ағайлары оқушыларға «метрикенің» көшірмесін әкелуді
тапсырады. «Кім әкелмесе, оқудан шығарамын» дейді ол. Алданыштың метрикедегі фамилиясы
басқаша. Енді қайтпек? Әлібек оны тығырықтан құтқармақ болады. Өтірік көшірме жазып,
«селсоветке» мер бастырып әкеп береді. Алданыш оны жыртып тастайды. «Мен өтірік өмір
сүре алмаймын. Өтірік өрге баспайды» дейді ол.
Кітап Алданыштың аяғының жазылуымен, оқуға баруымен аяқталады. Ролмандағы бар оқиға
- Алданыштың екі көзі төрт болып, төсекке таңылып жатқандағы болып өткен оқиға. Еске
түсірулері...
Жалпы бұл шығарма - балалар әдебиетіне қосылған елеулі жаңалық. Жазушы сезімен
айтқанда, «бүл кітап - өмірдің өзі...» Еліміздің Мемлекеттік сыйлығына әбден лайықты
шығарма.
НАҒЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Қаржаубай ОМАРҰЛЫ,
(Қаржау Айтолқын),
Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты.
«Бұл кітап-менің алыста қалған аяулы шағым-балалығымның жаңғырығы. О баста
жазғанымдай, бұл кітап - өмірдің өзі».
Мен де бұл кітапты толық оқып шығып, соңғы бетін жапқанымда автордың ойына
қосылдым. Маған таныс-бейтаныс ауылды, ондағы алыста оқшау отырған екі-үш үйді көз
алдыма елестеттім. Сәл-пәл өзгешілігі болмаса, балалық шақтың бәрі бірдей екен. Бірақ барлық
ғажайып дүние осы сәл-пәл өзгешілікте жатыр. Сәл-пәл өзгешілік дегеніміз, ол -тағдыр, ол әр
ауылдың, әр үйдің, әр адамның өзгеше өмірі, тіршілігі. Ол да адамдардың ДНК-сы сияқты бірбіріне ұқсамайды. Адамдардың тіршілігі сырттай қарағанда бір-біріне ұқсастау болып
керінгенімен, іштей ол бір-біріне еш ұқсамайтын ерекше бірбір әлем.
Белгілі жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен - апамның баласымын» атты романын оқып
шыққанда осындай ойға қаласың. Жазушыға тән бір қасиет адамды табиғаттан бір сәт те бөлежара қарамайды екен. Қайта табиғат пен адам оның қаламында егіздей қауышып, біртұтас әлем
болып сомдалады. Анау Шатыртөбе, Кербұлақтың тау-тасы, Тасқайнардың суы, мына Жайсаң
жайлауы, Қиынсай, Нарқызыл жайлауы, айта берсең көп, осының бәрі «Мен - апамның
баласымын» кейіпкері Әлдештің жанындай жақсы көретін жерлері.
«Кербұлақгың ұшар басы - Шатыртөбе. Ол, шынында да, алып шатыр тәрізді биік төбе.
Оның етегінен тараған майда жыралар құлдаған сайын тереңдеп, табанындағы жылға-жылға су
Кербұлаққа барып құяды. Кербұлақтың кең қарын саздарына шықпайтын шөп жоқ». Жазушы
туған жер табиғатын суреттегенде шабыттанып кетеді екен. Көзбен көріп, қолмен ұстаған
дегендей, бәр-бәрін көз алдыңа елестете алады. Бұл суреткерлік, сонымен бірге туған жер
табиғатына деген сүйіспеншілік. Сол сүйіспеншілік табиғатты сұлуландырып, таңғажайып етіп
жібереді.
Романның басты кейіпкері Алданыш аттан жығылып, аяғын сыныдырып алып, төсек тартып
жатқанда өскен ортасы, ауыл-аймағы, туған жер табиғаты туралы ойлана бастайды. Ортадан
бөлініп, оңаша қалған балаға, шынында, ой үйір келеді. Жазушы роман сюжетін құру
барысында Әлдештің осы аяғы сынып, оңаша қалып ойлана бастау кезеңін шебер пайдалана
білген. Сондықтан да оқиғаның даму барысы, оны жымдастыра баяндау тәсілі табиғи шыққан.
Шындап келгенде, Әлдештің балалықшағы – бақытсыз балалық шақ емес. Ол - өмірді
жастайынан боямасыз, табиғи қалпында көрген, айналасындағы адамдардың мінез-құлқын ерте
аңғарып, ерте есейген, түсігі, өзіндік пайымы бар, сана-сезімі сергек, зерделі бала. Адамдардың
жақсылығын да, жамандығын да аңғарғыш. Тұрмыс тауқыметіне ерте араласқан, әке-шеше
тәрбиесін көрген, ауылдың тұрмыс-салтын, тіршілігін ойына түйе білген бала. Осы тұрғыдан
алғанда Әлдештің балалық шағы - бақытты балалық шақ. Ал, ештеңе көрмей, білмей, зердесіне
ештеңе тоқымай, тым еркетотай, шолжаң, барға мәз, жоққа шыдамайтын, ештеңені пайымдап,
парқына бара бермейтін, құр ойын, селтеңге құмар балалар да бар емес пе? Міне, бұлардың
балалық шағы нағыз бақытсыз балалық шақ дер едім. Ертеңгі күні нағыз масылдар осылдардың
арасынан шықпайды деп кім айта алады.
Демек, жазушы Әлдештің образын ойдағыдай аша білген. Оның кім екенін білу
арқылы біз оның өскен ортасын біліп отырмыз. Роман бірінші жақтан баяндалғандықтан
шығармадағы үлкенді-кішілі кейіпкерлерді Әлдештің пайымдауы, түсінік-түйсігі арқылы
танимыз. Әлдештің әкесі кім? Адал, еңбекқор, үй қамын, бала-шаға қамын ойлаған шаруаторы
адам. Анасы ақкөңіл, бала тәрбиесіне, адамдармен қарым-қатынасқа көп көңіл бөлетін адам. Ең
бастысы, олар - бала бойына ұлттық тәрбиені сіңірген адамдар. Әлдештің өз әкесін жезде деп,
өз анасын әкпе деп атауында көп мән жатыр. Бұл қазақтардың біреудің баласын бауырына
салатын әдет-ғұрпын айғақтап тұр. Жарымжан көңілді демейтін ұлттық дәстүр. Романдағы
Бекежанның кіндік шешесі - Әселге байланысты эпизод есте қалып қояды. Мұнда қазаққа тән
бауырмалдық, ағайындық, абысын-ажындық байланыстар жақсы көрініс тапқан. Әлдештың
әкесінің бата беруі ше? Мұхтар төре, Ысқақ төреге бата бергенде жай бере салмайды. Екеуі екі
түрлі адам. Мұхтар адал, Ысқақ - зорлықшыл. Бата да адал адамға қонады екен. Дуалы ауыз
адам болады екен. Ол - Әлдештің әкесі Қалқабай. Іс-әрекет, ұтымды эпизодтар арқылы, міне,
осы кейіпкерлердің, тағы да басқалардың бейнелері есте қалып қояды. Жазушы кейбір
қаламгерлердей мынау менің жақсы кейіпкерім, мынау жаман кейіпкерім деп емеурін
білдіруден аулақ. Ондайды кей шығармаларды оқып отырғанда аңғарып, күлкің келетіні бар.
«Мен - апамның баласымын» кітабында шынайы балалық шақ бар болмысымен көрінген.
Кітапта бала тілі, бала ойы, бала іс-әрекеті өз жасына лайықты көрініс тапқан, оның дүние
танымы, адамдармен қарым-қатынасы нанымды. Егер бұл кітапты, жалпы балалық шақ туралы
шығарманы о баста балаларға тамаша туындылар берген балалар жазушысы Әлдихан
Қалдыбаев жазбаса, мұндай әсерлене алмас едік деп ойлаймыз. Өйткені балалар шығармасының
өз ұстасы, өз зергері болады. Балаларға арнап балалар жазушыларынан басқа жазушылар еш
уақытта тұшымды дүние бере алған емес.
Ал бұл кітап бастан-аяқ балаларға арналған шығарма ма? Жоқ. Автор өз кейіпкерлерін,
ересек адамдар образын бала көзімен, таным-түйсігі арқылы сомдап, белгілі бір кезеңнің
тыныс-тіршілігін кеңінен қамтыған. Ал баладан байқағыш, баладан сезімтал адам жоқ дүниеде.
Жазушы шығармасын бірінші жақпен, баланың аты-нан баяндау арқылы үтып тұр.
Осы романды басынан бастап, аяғына дейін оқыған адам бір нәрсені айқын аңғарар еді. Ол
Әлдештің - бас кейіпкердің жылқы арасында өсуі. Автор жылқы жайын, малшылар өмірін өте
жақсы біледі. Қазақтың ат жаратуы, бәйгеге қосуы, аңшылығы - бәр-бәрі роман беттерінің
ажарын ашып-ақ тұр. Оның бәрін тізбелеп жатудың қажеті жоқ, тек оқу керек.
Балалар өмірінен романдар сирек жазылады. Санаулы-ақ шығармалар бар. Міне, «Мен апамның баласымын» романы солардың қатарына қосылған сүбелі шығарма, үлкен полотно.
ШЫНДЫҚТЫ ШЫРАҚ ЕТКЕН
Болат Үсенбаев, ақын.
Әлдихан Қалдыбаев - қазақ балалар әдебиетінде ойлы да нәрлі, татымды әңгіме,
повестерімен оқырмандар құрметіне бөленіп келе жатқан қаламгер. Ол өзінің жаңа
шығармасына жас жеткіншектердің өмірге көзқарасын, дүниетанымы мен азамат болып
қалыптасуын өзек етіпті. Автордың күрделі жанрдағы алғашқы туындысын автобиографиялық
роман десе де болады.
Кез келген жазушы өмірден көргенімен түйгенін жазады. Әсіресе, көгілдір көктемдей қамсыз
да мұңсыз, қиял қанатына мінген, ертерек есейсем деп жас жүрегі алып ұшқан бейқам балалық
шақтан асқан қызықты не бар? Бұл бір қарағанда ғана. Балалықтың өзіне тән тәтті мұңы,
қуанышпен бірге құйттай жүректеріне жүк артып қамығатын шақтары да болады. Біз,
ересектер, бала ғой деп соны ескеріп елемейтін сәттеріміз қаншама? Олардың көкіректеріндегі
қуаныш пен мұңды біреу жалт еткен жанарынан, сәл емеурінінен түсінсе, біреу түсінбейді.
Балалықтың өткелінен өтпеген пенде бар ма, сірә? Әр адамның тағдыр - талайы өзінше бір
әлем. Бірақ оған балалық шағынан ыстық ешнәрсе жоқ. Дарияға талпынған бұлақтай балалық
шақ өмір атты жұмбақ ғаламды тануыңа түрткі болып, оң-солыңа бағыт сілтейді. Шыр етіп
дүниеге келгеннен үлкен өмірге ара-ласып кеткеніңді өзің де сезбей қаласың. Бала жүрек
жаман-жақсыны екшеуге тырысады. Бірде қуанып, бірде қынжыласың. Арайлап атқан таңды,
батқан күнді қарсы алып жүріп, уақытпен бірге есейіп, тіршілік дүрмегінде балалығыңның өте
шыққанын білмей де қаласың. Тәтті түстегі балалық шақ жадыңда мәңгілікке сақталады. Күні
кешегідей бәрі кез алдыңда. Кейіннен қат-қат хикаялары жадыңа сәт сайын тіріліп, қиялыңда
ойнақ салып, көлбеңдейді, сарқылмас сағынышқа айналады. Бал дәуреннің сол бір сәулелі
сәттері қарымды қаламгер Ә.Қалдыбаевқа еріксіз қалам ұстатқан.
Романда екі кейіпкерлердің кескін-келбеті шоқтықты, нанымды әрі табиғи бейнеленген. Бірі
- он төрт, он бес жас шамасындағы бала Алданыш, екіншісі - әкесі бола тұра жездесіне айналған
Қалқабай.
Бір шаңырақтың отын өшірмеуге бел байлаған, тағдырдың талқысына мойымауға бекінген
ана жиенін бауырына басты. Әкесін жезде, анасын әкпе етті өмір. Ата-анасының жүрегі қанша
елжіресе де, Алданыш үшін апасының орны бөлек. Бұл шындықты мойындағысы
келмегендіктен емес, жаралы, жарым кеңілге сүйеу болуды кексеген, адам баласын
алаламайтын қазақтың туыс пен бауырға деген айрықша мейірімі мен ықыласынан туындайтын
жайт. Алданышты Қалқабайдың баласы десе шамданып, бұртиып қалатыны да сондықтан.
Бала балалық жасамай тұра алмайды. Ойын үстінде жазым болып, аттан жығылып аяғын
сындырып алды. Оқуға барсам деп алып-ұшқан кеңілі су сепкендей басылды. Осы бір күтпеген
оқиға Алданышты ой тұңғиығына шомдырады. Оқуға бара алмай қалған бір жыл оны әжептәуір
есейтін жібереді. Алданыштың басынан еткен оқиғалар өмірдің өзінен алынған, автор
шығарманы ширақтыру үшін қиялдан жанама іс-әрекеттер, әсірелеу, артық бояу қоспастан бәрі
де шынайы болуына күш салған. Біз сондыктан Алданыш басынан кешкен жайларды ежіктеп
жатуды басы артық дүние санадық.
Алданыш үлкендердің іс-әрекетіне сын көзімен қарайды. Әр құбылысқа толқиды, тебіренеді,
аңғал да адал бала жүрекпен зерделеуге талпынады. Сүйінетін де, күйінетін де, түңілетін де,
күрсінетін де кездері мол. Бірақ үмітін үзіп, жігер отын жасытқан емес. Алданыш - ақылды да
алғыр бала. Бала болса да жаман-жақсыны салмақтап, өзінше ой қорытып, тұжырым жасап
отыра-тын өресінің өрісі кең жас өрен. Ер бала әкеге үйір. Оқиғаның көбі әкесінің айналасында
етуі де өте нанымды. Алданыштың апасы, ата-анасы, бауырлары, көрші-келем, достары туралы
пайымдау-лары, қилы-қилы ой кешулері, туған өлкенің тау-тасы, әр төбесі, өзен-көлі туралы
толғанысы, еңбексүйгіштігі мен малсақтығы, білімқұмарлығы, елге-жерге деген шексіз
сүйіспеншілігі әр сәт сайын сүйсіндіріп отырады. Тіпті иті Қарауызға дейін қимасыңа
айналады.
Қалқабай - тілеуі ақ, өзгеге қылдай қиянаты жоқ, басы артық әңгімеге бара бермейтін,
шаруасына мығым, малға да, жанға да бірдей, қолының епсектігі бар ұста, маңдай терін тірек
еткен, болашақ ұрпақ қамын ойлайтын азамат, әке. Өзінің пейілінің кең, жан дүниесінің адал
екендігін ісімен де, сөзімен де дәлелдейді. Қалқабай образы арқылы тіршілік қамын күйттеген
момын ауылдың болмысын сезінеміз. Соғыстан кейінгі еңсе көтерген жұтаң ауылдың тірегі
Қалқабайлар болды ғой деген ойға қаласың. Қалқабай - шаруасын күйттеп қана қоймайды, ұлқызының саналы азамат болып өсуі, балаларының қамы іштей толғандыратын тұлға. Пәлсапа
соғып, көсемсуге жоқ. Бәрін қабағымен ұқтырады. Өмір университетінен алған сабақтарын іс
үстінде сіңіріп, балаларын жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирендіреді. Оның айтары:
«Адал бол, кісінің дүниесіне қызықпа, өтірік айтпа, үлкенді сыйла, еріншек, өтірікші болма,
жұмыстың кез келгенін үйрен, ең бастысы сабағыңды жақсы оқы». Қалқабай қай жұмыста да
әмбебап. Ұсталық па, диірменшілік пе, мал бағу ма, аңшылық па, бәрінің жөн-жосығына жетік.
Ағайын-досқа, көрші-көлемге қол ұшын аямайтын мейірбан. Алаяқтар мен ұры-қары,
берекесіздерге зілді, қатулы. Ешкімге есесін жібермейді. Әйтсе де жүрегі жұмсақ. Оның
бойындағы имандылық пен игі адамгершілік қасиеттер шым-шымдап Алданыштың бойына
сіңеді. Жездесі - Алданыштың темірқазығы, идеалы.
«Мен - апамның баласымын» романында психологиялық иірімдер көп. Жазушы балалардың
жан дүниесі мен мінез-құлқын жетік біледі. Сондықтан да шығармада мектептегі қызықты
қылықтар, ауыл адамдарының әрқилы тағдыры, құлынтайдай тебіскен достарының ісәрекеттері жүйелі әңгімеленеді. Осының бәрі Алданыштың жүрегіне өшпес із қалдырып, оның
қаламгер болсам деген асыл арманына қанат бітіреді.Шығарманың композициялық құрылымы
тұтас, тілі жатық, сюжеті балаларға лайық. Бұл романның жас жеткіншектер үшін тәрбиелік,
тағылымдылық мәні зор. Ә.Қалдыбаевтың жаңа туындысын шындықты шырақ еткен сүбелі
шығарма деп айтуға болады.
ӨТКЕННІҢ ӨЗІНЕН ӨРІЛГЕН
Үшкемпір СӘДІБЕКҰЛЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі, зейнеткер-ұстаз.
Жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың «Отырар кітапханасы» сериясымен Астанадағы «Фолиант»
баспасынан шыққан «Мен - апамның баласымын» романын, бейнелеп айтқанда, бас алмай оқып
шықтым. Алған әсерім - керемет. Бәлкім, бұл шығарма кейіпкерінің көпшілігі, оқиға болған
жерлер маған таныс болғандықтан шығар. Бәлкім, шығарма авторы менің алғашқы
шәкірттерімнің бірі болуынан...
Мен ұстаздық еңбек жолымды 1954 жылы Шу ауданы Шоқпар теміржол бекетіндегі №30
орталау (кейін орта) мектепте мате-матика мен физика пәнінен дәріс беруден бастағанмын.
Сонда алдыңғы қатарлардың бірінде тып-тыныш есебін шығарып отыратын қараторы бала
Ыдырысов есімде қалып қойыпты. Кейіндеу, көп жылдардан кейін бір жүздескенде: «Әй, сен
басқа фамилияда едің ғой» дегенім бар облыстық газеттің бас редакторының орынбасары
Әлдихан Қалдыбаевқа. «Е, Үшеке, оның себеп-салдары көп қой» деген де қойған шәкіртім
сонда. Менің ол себеп-салдарда шаруам шамалы, бойымды үлкен мақтаныш сезімі биледі.
Кешегі шәкіртің бүгінде ел таныған үлкен азамат болса, неге мақтанбасқа. Сол Әлдихан бүгінде облыстық газеттің бас редакторы, республикаға танымал жазушы. Жазушы болғанда да
балалар жазушысы. Мен өзім өмірімді бала тәрбиесіне арнаған ұстаз болғандықтан ба, балалар
жазушьшарын өте жоғары бағалаймын. Балалармен жұмыс істеу, бала жүрегіне жол табу оңай
емес. Ал, өмірге бала көзімен қарау, айналадағы тіршілікті бала жүрегімен сезіну, мына өмірге
бала көңілмен баға беру, болған оқиғаны бала тілімен баяндау хас шебердің ғана қолынан келсе
керек. Сондықтан Әлдиханның әр шығармасын іздеп жүріп оқимын.
...Шығарма. оқиғасы баяндалатын Кербұлақ өңірі таныс екенік оқырманға айттым ғой.
Сондықтан романды оқып отырып, өмірімнің қимас шақтары өткен, жастық жалындаған
сәттерімнің куәсі болған, автор үшін ғана емес, мен үшін де жер жәннәті саналатын өңірге
көңілмен саяхат жасап, сергіп серуендеп қайтқандаймын. Шәкіртім Ыдырысов-Қалдыбаевтың
да жанын ұққандаймын.
Шығармадан, ең алдымен, сезінгенім - туған жерге деген махаббат. Автор оны шынайы да
шұрайлы тілмен суреттеген. Табиғатқа, оның аң-құсына деген аяушылық аңғарылады.
Ауылдың әрбір суреті, үлкендердің ғибарт аларлық сөздері, ата-ана тәрбиесі, отбасылық
оқиғалар кім-кімге де сабақ болғандай. Үйелменімен жүйрік ат, құмай тазы, сырттан ит баптауы
үлкенге де, кішіге де үлгі демей көріңіз. Ата-ананың балаға қамқорлығы, олардың ата-ана
парызын орындауы неге тұрады? Бұл - нағыз өмір мектебі. Адамдардың пейілі, діні мен ділінің
тазалығын да осында кездестіреміз. Қарапайым ғана Қалқабайдың Мұхтар төреге берген батасы
Алланың тарапынан қабыл болуы баяндалған тұсты толқымай отырып оқу мүмкін емес. Мейлі
автор қиялынан тусын, мейлі шындық, бұл оқиға жетпіс жылдан астам «кеңестік» тәрбиемен
уланған ұрпаққа ой салса керек. Сондықтан бұл кітапты балаларға ұлттық тәрбие беруде ата-
ана да, мұғалімдер де басшылыққа алса, ұтылмайды. Бұл жағынан роман мектептерде оқу
құралы ретінде оқытуға да тұрарлық. Әсіресе, қала мектептерінде.
Қазіргі көркем әдебиетте балаларға арналған шығармалар баршылық. Бірақ бәрі де бүгінгі
заманға бейімделмеген. Асфальтта өскен балалар, ғылым мен техникаға құштар жастар
өмірінен алынған. Заманына қарай ол да керек шығар. Дегенмен, балаға ауыл өмірі туралы,
қазақы тәрбие беретін шығарма керек-ақ. Өйткені қала тәрбиесін уақытына қарай балалар
өздері-ақ үйреніп алады. Керісінше, қалада ескен баланың далаға көндігуі, қазақи тәрбиені
табиғи түрде бойына сіңіруі қиын. Әлдиханның «Мен-апамның баласымыны» осы жүкті
көтеріп тұр. Шығармада әсіре суреттеу жоқ, тілі жеңіл. Оқып отырып оқиға ортасына еніп
кетесің.
Қазақ кино өнерінде балаларға арналған фильмдерден менің жүрегімнен орын алғаны «Менің атым - Қожа». Ұлы балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың қазақ балалар
әдебиетінің алтын қорынан орын алған осы шығармасын киноға айналдырып көп ұттық.
Өйткені бала біткен кітапты шұқшиып көп оқи бермейді. Ал, кино көретіндері сөзсіз.
Әлдихан Қалдыбаевтың мына романы да киноға сұранып-ақ тұр. Тек оқуы ғана емес, тоқуы
да терең режиссердің қолына түссе болғаны! Романдағы әрбір оқиға - өмірдің өзінең өрілген
шындық. Автор оны өз атынан баяндай отырып шебер жеткізе білгең. Шіркін, киноға түсірілер
болса, дәл солай баяуы өзгертілмеген калпында бейнелесе ғой!
КЕРБҰЛАҚ ТОЛҒАУЫ
Рахметілда ҚҰДАБАЙҰЛЫ.
Шулықтар жазушы Әлдихан Қалдыбаевқа тәнті. Бұл оның осы өңірдің түлегі болғанынан
ғана емес, тума таланттың жалпақ елге кеңінен танылғандығынан да болар. Шу ауданынан төрт
прозашы-жазушы шыққан. Бек Тоғысбаев, Қарауылбек Қазиев, Мұрат Сыздықов және...
Әлдекең. Бірақ Әлдекеңнің өлшемі бөлек. Өйткені, тырнақалды шығармасын балаларға
арнапты. Содан бері қырық жыл өтсе де сол үрдістен айнымай, талмай, танбай қалам тербеп
келеді.
Әдетте біраз жазушылар алғашқыда балалар өмірін шығармаларына өзек етеді де, кейін
ересектер тақырыбына көшеді. Бұл шыңдалып шымырланғаннан емес, тоқырап
құлдырағандықтан. Өйткені, балалар үшін жазып, олардың жүрегіне жол табу қиынның қиыны
екені даусыз. Ол үшін жазушының балалардың тыныс-тіршілігін танып білуімен қатар өзі де
жаны таза, мөлдір, бала көңіл болуы шарт. Міне, сондай қасиеттің Әлдихан Қалдыбаевтың
бойына дарығаны әлімсақтан белгілі. Сол ерекшелік оны Сапарғали Бегалин, Бердібек
Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев сияқты балалар әдебиетінің аса ірі өкілдерінің қатарына
қояды.
Ел мұны білмейді дейсіз бе. Білгенде қандай. Керекдесе, қазіргі ұрпақ алғаш ана тілі
кітабының бетін ашқанда Ә. Қалдыбаевтың шығармаларынан алынған үзінділермен
тамызықтап болса да танысқан, өсе келе әңгімелері мен хикаяттарының тереңіне бой-лап,
жазушымен тілдесіп, оның ой сорабына ілескен. Сондықтан Әлдекең - баршаға танымал.
Әсіресе, оның шулықтарға есімі етене таныс. Әйткенмен, жерлес жазушымен кездесудің сәті
түсе бермейді. Сондықтан өткен сәрсенбіде аудан орталығындағы мәдениет үйінде
ұйымдастырылған жазушының биыл жарық көрген «Мен - апамның баласымын» атты
романының тұсау кесеріне жиналған оқырмандар көп болды. Рәсімнің алғашқы сөзін аудандық
«Шу өңірі» газетінің бас редакторы Ахметжан Қосақов айтты. Ол жазушының шығармалары
оқырмандардың айрықша ілтипатына бөленіп отырғанын, өйткені олардың өмірдің жалаң
көшірмесі емес, нағыз көркем көрінісі екенін атап көрсетті.
Бір ғажабы, Ә.Қалдыбаев шығармаларының бәрін дерлік қызметтен қол үзбей жүріп жазды.
Бұл - ілуде біреудің қолынан келетін шаруа. Біраз жылдардан бері облыстық «Ақ жол» газетін
басқарып келеді. Соның өзінде шығармашылық пен қызмет тізгінінің екі ұшын тең ұстап жүр
десек, екеуінде де абыройға ие. Ол - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері,
облыстың Құрметті азаматы.
Мұнан соң Шу ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев кұттықтау сөз сөйлеп,
халық дәстүрі бойынша сыйлы қонақтың иығына зерлі шапан жапты. Құттықтау хат тапсырды.
Ол өз сөзінде жас ұрпаққа тәлім-төрбие беруде Ә.Қалдыбайұлының шығармаларының зор рөл
атқаратынын атап айтты.
«Шу өңірі» газеті бас редакторының орынбасары, әдебиетші Жақан Қожағұловтың «Мен апамның баласымын» романына жасаған талдауы оқырмандардың көңілінен шыкты. Өйткені,
ол романға нысана болған Кербұлақ аймағын бес саусақтай біледі. Автордың кейіпкерлерінің
бәрі - өмірде болған адамдар. Олардың басынан өткен оқиғалар айна-қатесі жоқ шындық. Соны
жарты ғасырдан кейін оқырмандарға бір мүлтік жібермей, жаңылыспай айтып беру екінің
бірінің қолынан келе бермейді. Және ол жай баяндау емес, қызғылықты етіп көркем баяндау
ғой. Жазушы қай кейіпкері туралы әңгімелесе де, ол өзінің тұлғасымен, ерекшелігімен елестеп,
ұмтылмастай болып есте қалады. Тіпті жылқының да, иттің де болмыс мінезі бар. Солардың
бәрінің басы қосылғанда бір-бірімен шебер қиюласқан өмір көріністері жан-дүниеңді қозғайды,
керемет әсерде қалдырады.
Атап айтарлық жәйт, романда үш-төрт кейіпкердің болмаса, басқаның аты өзгермеген, - деді
Ж.Қожағұлов. - Өмірде шын болған адмдар туралы олардың басынан өткен оқиғалар туралы
айтқанда жазушы еркін көсіле алмай, қиындыққа душар - болуы мүмкін. Мұнда ондай
селкеулік мүлде байқалмайды. Бұл үлкен шеберлікті талап етеді. Автор сондай талаптың
биігіне емін-еркін шыға білген.
Мұнан соң сөз алған Әлдихан Қалдыбайұлымен үзеңгілес бірге өскен белгілі композитор
Әбдімомын Желдібаев та романға байланысты өз ойларын ортаға салды. Кербұлақтан ұшып,
қияға қонған талантты түлектер аз емес. Олардың ішінде жазушылардан басқа композитор да
бар. Әбдімомын сөзінің соңында қонақтың құрметіне екі күйін арнады. Кездесуде Ә.
Қалдыбаев сөйлеп, оқырмандардың көптеген сұрағына жауап берді.
Жалпы, кездесу салтанатты жағдайда өтіп жатты. Гүлге малынған сахна, оның төріндегі
кітаптың мұқабасынан көшірілген сурет жиналғандарға көңіл көзінің көркіндей әсер етті. Әр
сөз әдемі әндермен әдіптеліп жатты. Бұл да - шулықтардың музыка мәдениетінің биіктегеніне
айғақ.
Бір сәтте ақындар Ахметжан Қосақов, Тампылбай Молдақұловтар кітап авторына арналған
өлеңдерін оқыды.
Кеш әсерлі өтті.
АҚ БАСТЫ АЛАТАУ, АЙҚАРАКӨЗ, АУЫЛ-ЖҰРТ
(Жолжазба-очерк)
Болат БЕКЖАН.
Сағыныш прологы
Тараздан шығып, шығысты бетке алып таң қараңғылығымен токтаусыз көсілген жеңіл көлік
жер әпшісін куырып келеді.
Күрең күздің дымқыл табы білініп қалғанымен, бүгінгі таң қарсы алдымыздан рауандап
ерекше тамылжи атты.
Ғажап. Бейне бір бізді құдырет қошымен қарсы алып жатқандай түу сонау маңдай
тұсымыздағы Хан тәңірінің арғы бөктерінен мың-миллион алтын ине кірпіктерімен себездеп,
шапағын шашыратып, нұрлы күн көтеріліп келеді.
Зады адам мен табиғат егіз деген ұғым бек рас-ау.
Қала тіршілігінен құмығып, әбден кіреуке тартқан көңілдер желпініс іздейтіндей ме, әйтеуір
өзгеше бір сезім, көтеріңкі күй кернейді кеудені.Осынау ғажайып көрініс ұзын жолдың
бойындағы көз жетер көкжиек пен көңілдерді қоса дөңгеленткен ұшқыр көлік, бәрі-бәрі
қосылып бізді бір әдемі әлемге бастап келе жатқандай.
«Біз» деп отырғанымды әдейі әдеби салдармен қалыптасқан үрдісті бұзып, үлкеннен емес,
өзімен бастасам: Ол - осыдан тұп-тура ширек ғасыр бұрын өнер деген ұлы өлкеге үрпие қарап,
үрке басып келіп «Шаншар атай» деген спектальдегі ерке де қиқар бала бейнесі - Санатбаймен
үмітін үкілеген - мен, яғни, сол кездегі театр әртісі, қазіргі жуналист - Болат Бекжан да,
қасымдағы кісі - сол жылдарғы Бүкілодақтық фестивальде лауреат атанып, республика, қала
берді одақтың театр әлемін бір дүрілдеткен сол «Шаншар атай» пьесасының авторы, еліміздегі
қадау-қадау балалар жазушыларының көш басшысының бірі, көрнекті жазушы-драматург,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, облыстың Құрметті азаматы, облыстық
«Ақ жол» газетінің бас редакторы Әлдихан Қалдыбаев.
Ол - бас редактор. Мен - қатардағы қызметкер. Дегенмен, мына ұядай автокөлік салоны бүгін
кабинет те, ұзақты күн қым-қуыт бет қатталып, арпалысып жататын компьютер бөлімі де емес.
Тар. Дегенмен - еркіндік.
Цирк аттарындай шеңберді шиырлап жүрген сайыпқыран қазақ баласына самалды есіп, сайын
дала төсінде еркін бір көсілгенге не жетсін. Осыны үнсіз ұққандай жүргізуші Қанат та еркін
көсілген екпінімен қанаттандыра түседі.
Табиғат ананың әр мезгілінің өз бояуы, өз сазы, өз құпиясы болады-ау.
Бірде жалатып қана, енді бірде қоюлай жаққан хас шебер -табиғат суретшінің сары бояулары
жалпақ дала тесіне күз суретін оп-оңай-ақ ернектей салыпты.
Сары күздің сағыныш шақыратыны не екен осы?..
...Иә, иә, сағыныш... Дәл сол, сонау бір жетпісінші жылдардың аяғында тап осы ұлы дала
жолымен дәл осы ауылдарды бетке алып, бір топ әртіс ішінде жұдырықтай ғана қара бала кетіп
бара жатқанды...
Ол - сол кездегі азуы алты қарыс өнердің қара шаңырағы облыстық қазақ драма театрының
негізін қалаушылардың бірі, тума талант, тамаша актер марқұм Тұрар Ізбасаров бастаған
театрдың бір труппасы болатын.
«Қашанда қаламгердің шығармасы өзінің ғұмырнамасынан алыс кетпейді» деген қағида бекер
айтылар ма еді. Біз сол жолы осы Әлдекеңнің «Шаншар атайын» әкеліп, жазушының драмасына
арқау болған нағыз кейіпкерлерінің өзімен қауышып, қауқылдасып, ой бөлісіп, ойын көрсетіп
қайтқан едік. Әлдекең бізді сонау тұстағы өзінің туып ескен ауылы Шу ауданына қарасты сол
кездегі Жамбыл колхозында күтіп алған болатын. Жазушының құшақтары осы даладай салқар
ауылдастары, сол кездегі аудан басқарған атпал азаматтар бізді кұшақ жайып, хан көтеріп
қарсы алған. Күнді құр қалдырмай әр ауылда ойын алдында кездесулер өткізіп, өздерінің
Әлдештеріне, бізге сан түрлі сұрақтар қойып, мауқын басқан, марқайған.
Әдетте әдемі қиялға берілуге осындай ұзақ жол, сәтті сапардан артық оңтайлы уақыт табыла
қоймас, сірә. Ғажап - деймін мен іштей. - Өмір деген де қызық-ау. Сен оны алдын-ала ешқашан,
еш уақытта жоспарлай да, әдейі тап осылай етейін деп иіп те келтіре алмайсың. Менің сол
кездерде тап осылай жиырма бес жыл өткен соң осы өңірге, дәл осы Әлдекеңмен бірге және де
әдеби кездесуге келе жатамын деп үш ұйықтасам түсіме кірді ме екен...
Күн көтерілген сайын төңірек дүрбі салғандай айшықтанып бедерлене түсті. Оң
қанатымыздан көлбеп, үшар басын мәңгілік мұзарт, ақ, қар басқан айбынды да әйбат
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 17
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.